Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С


Антуан де Сент-Экзюпери (



бет77/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   155
Антуан де Сент-Экзюпери (1900-1944) – әскери ұшқыш әрі жазушы. Ол өзінің «Адам­дар планетасы» балалар мен ересектерге арналған «Кішкентай ханзада» атты философиялық ертегінің авторы ретінде танымал болған.
Жазушы Лиондағы дворяндар тегіне жататын отбасында дүниеге келген. Екінші дүние­жүзілік соғыста фашистермен шайқаста қаза тапқан. Бала кезінен ұшқыш болуды арманда­ған. Жазу­шы адам ұшақпен әуе жолдарын бағындыра отырып, түрлі философиялық сұрақ­тар­ға жауап іздейді деп ойлаған. Ол әуеге көтерілген сайын бостандық мен еркіндікті сезінген. Өзінің мамандығы жайлы, көрген білгенде­рін төмендегі кітаптарында әңгімелеген: «Оңтүстік пошта» (1929); «Түнгі ұшу» (1931); «Адамдар планетасы» (1939).

Ол журанлист ретінде газеттерге репортаждар жазып отырған. Сент-Экзюпери ғарыш пен кеңістіктің әдемілігін шебер суреттеп, бүкіл жер шары мен адамзаттың, әсіресе бала­лардың өмірі үшін өзін жауапты сезінеді. Ол кейбір шығармаларында үлкендер мен балалар­дың қарым-қатынасы туралы жазған. 1944 жылы фашистік басқыншылардан Франция жерін босатуға үш ай қалғанда, кезекті жорықтан Антуан де Сент-Экзюперидің ұшағы базаға оралмайды.


ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Франция әдебиетін бірнеше кезеңге бөліп қарас­тыруға болады. Соғыстан кейінгі бірінші онжыл­дықта әдебиет ел ішінде орын алған түрлі жағдайлар мен қоғамдық-саяси оқи­ға­ларға тікелей байланысты болады. 50 жылдардың соңынан бастап «антидра­ма» мен «жаңа романды» жасаушылардың шығармаларында постмодер­низмнің белгілері көрініс табады. Постмодернизм дәуірі 70 жылдары да, одан кейін де жалғасын тапқандықтан ол әдебиеттану мен әдеби сында да ерекше күшке ие болады.
Соғыстан кейінгі француз поэзиясы Луй Арагон, Поль Элюар, Эжен Гильвик, Рене Шар, Пьер Эмманюель, Жак Превер сынды көптеген жарқын есімдермен байи түседі. Бұл ұрпақтың басты ерекшелігі ретінде олардың шығармаларының нақты тарихи жағдайлармен және өзекті мәселелермен байланысты болғанын айтуға болады. Аталған ақындарының басым көпшілігі әдебиеттегі өз бастауларын сюрреализм арнасынан алған. Оған мысал ретінде Арагон мен Элюар, Шар мен Преверді айтуға болады. Поль Элюардың (1895-1952) «Саяси өлеңдер» (1948) атты жинағына енген өлеңдерінен әлемде жақсылық орнату идеясы көрінеді. Элюар­дың «Мораль сабақтары» (1949) деген поэтикалық циклі жақсылық пен жаман­дықтың, өлім мен өмірдің диалогы ретінде құрылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет