Канада мемлекеті



бет1/3
Дата27.02.2023
өлшемі1,32 Mb.
#70265
  1   2   3
Байланысты:
Канада

Канада мемлекеті

Орындаған: Балпекова Даяна

Тексерген: Шыныбек А.Ұ.


Жоспар:

Канада — Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет, жер аумағы бойынша дүние жүзіндегі 2-ші ең ірі мемлекет (Ресейден кейін). Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Алтант, Тынық және Солтүстік Мұзды мұхиттары шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер және Микелон аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Аляскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды.
  • Канада мемлекетіне жалпы шолу

Ертеректе канада жерінде өмір сүрген аборигендердің ирокездік әулие Лауренция тілінде “KANATA” деген сөз болады. Бұл сөздің мағынасы “қоныс”, “мекен” деген мағынаны білдіреді. Француз саяхатшысы Ж. Картье өзінің еңбегінде «Каната» деген атауды тек қана бір қалашықты атау үшін емес, сол аймақтағы адамдар мекендеген қоныстарды атау үшін қолданады. Сол кезден бастап Канада жері бір атаумен аталды. 1545 жылдан бастап еуропалық кітаптар мен карталарда Канаданы ”Канада” деп атау бастау алады.
XVII ғасырдың басында әулие Лаврентий өзенінің бойы мен Ұлы Көлдердің солтүстік жағалауындағы жерлер “Канада” деп аталған. Британдық отаршылдар келіп, ол жерді Жоғарғы және Төменгі Канада етіп екіге бөліп алады. 1841 жылы екі Канада қайта қосылып, “Канада провинциясы” болып аталады. 1867 жылы Канада жерінде жаңа мемлекет құрылып, бүкіл елді КАНАДА деген ресми атаумен атау жайлы шешім қабылданады. Канада деген сөзбен бірге Доминион деген сөз де қосылып айтылды.
1950 жылға дейін “Канада Доминионы” атауы қолданыста болды. Кейіннен Канада үкіметі Ұлыбританиядан өзінің саяси тәуелсіздігін алғаннан соң ғана “Канада” сөзі қазіргі Канада елінің ресми атауы болып қабылданды. Сол кезден бастап Канада атауы барлық құжаттар мен мемлекетаралық келісім-шарттарда ресми түрде қолданылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет