Филология институты



бет1/3
Дата03.10.2022
өлшемі21,54 Kb.
#41169
  1   2   3
Байланысты:
Үйлену фольклоры сөж1


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ


СӨЖ ____
Әдебиеттануға кіріспе

Орындаған: 108-топ студенті: Дәуренбек Әсел
Тексерген: аға оқытушы __________________

Алматы, 2022 ж.

Үйлену фольклоры
Отбасылық ғұрып фольклорының бір түрі – үйлену ғұрыпының фольклоры. Қазақтың ғұрып фольклорының ішіндегі күрделі, өте көркем және адамды ерекше тәнті етіп, ынтықтыратын түрінің бірі – үйлену ғұрпына қатысты фольклор үлгілері.
Үйлену ғұрпына қатысты фольклордың зерттелуі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан В.Радловтың зерттеулерінен басталады. Ғалым «Алтын сандық» еңбегінің «Ұзатылған қыздың өлеңі» тарауына үйлену ғұрып фольклорының «Жар-жар», «Беташар», «Сыңсу» үлгілерін енгізген.

«Жар-жар» — қазақ тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Оны қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындайды. Күйеу бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жабықты ашып өлең бастайды.


Айтыс түрінде орындалатын жауаптасу өлеңінде қыздар жағы оң жақта еркелеген қыз ғұмырдың өтіп бара жатқанына, өмірдің өткіншілігіне өкініш білдіреді. Жат жұртқа барғанда ата-анасы мен туған-туысқандарының, құрбы-құрдастарының орыны толмайтындығын өлеңге қосып, әлі де болса ойнап-күліп жүре тұруға мұрша бермей аттандырып жатқан ата-анасына наразылығын білдіреді. Өз кезегінде жігіттер жағы ерге шығып, бала сүйіп, түтін түтетудің атадан қалған жол екендігін айтып, ол жаққа барғанда қайын жұртының туған-туыстарын жоқтатпайтындығын айтады.
Жігіттер жағы:

Алып келген базардан қара насар,


жар-жар-ау,
Қара мақпал сәукеле шашың басар,
жар-жар-ау,
Мұнда әкем қалды деп қайғырмаңыз,
жар-жар-ау,
Жақсы болсаң,
қайын атаң орын басар
жар-жар-ау” десе,
қыздар жағы:

Есік алды қара су майдан болсын,


жар-жар-ау,
Ақ жүзімді көргендей айнам болсын
жар-жар-ау.
Қайын атасы бар дейді осы қазақ,
жар-жар-ау,
Айналайын әкемдей қайдан болсын,
жар-жар-ау”, — деп сызылта әндетіп айтатын өлең мәтіні, көбінесе, бір-біріне ұқсас болып келеді. “Жар-жар” сөзі дағдылы қайталанып келіп отыратындықтан да өлең осылай аталып кеткен.
Жар, жұбай — ерлі-зайыпты адамдардың бір-біріне жақындығын білдіретін туыстық атау. Ал зайып сөзі, көбінесе, әйелге қатысты айтылады.

Беташар жыры — келін түсіру тойында айтылатын ғұрыптық жырлардың бір түрі. “Беташар” ғұрпын, негізінен, жыршы-жыраулар мен ақындар, өлеңшілер атқарады. Өйткені ол өзіндік сазды әуені бар өлеңмен орындалады. Беташар екі түрлі мақсатты көздейді, оның бірі — келіннің бетін ашып елге таныстыру болса, екіншісі — түскен елін келінге таныстыру. Осыған орай, беташушы әрбір өлең шумағы аяқталған сайын қолындағы қамшының немесе домбыраның ұшымен ақ желекті көтеріп келіннің бетін жұртқа ашып көрсетіп отырады, келін де өз тарапынан ілтипат танытып, оң тізесін бүге сәлем етіп тұрады. Дәстүрлі “Беташарлар”:




Айт, келін-ау, айт, келін,
Атыңның басын тарт келін.
Сауысқаннан сақ келін,
Жұмыртқадан ақ келін,
Атаң менен анаңның,
Айтқызбай көңілін тап келін — сияқты дәстүрлі жолдармен басталып, инабатты, ибалы жақсы келін болуға үндейтін өсиеттермен, дәстүрлі қоғамның отбасылық қарым-қатынас тән әдеп негіздерін тәптіштеумен жалғасады. Одан әрі келінге жаңа жұрты ата-енесінен басталып рет-ретімен таныстырылады:


Келін, келін, көріңіз,
Көрімдігін беріңіз.
Ала-құла демеңіз,
Түсін айтып қойыңыз.
Жылқы берсең, көктен бер,
Өзі жорға беріктен бер.
Қайын атаға бір сәлем, — деп әрқайсысына сәлем еткізіп, көрімдік сұралады. Мұндайда жеңіл әзіл, шымшыма мысқыл да араласып отырады. “Беташар” соңы келінге тату-тәтті, балалы-шағалы бақытты ғұмыр тілеумен аяқталады. Ақын-жыршылар “Беташар” мәтінін өздерінше түрлендіріп, жаңа әуенмен құлпырта айтады. Мұндай кезде келін түсірген ауыл адамдарының аттары аталып, жөндері түгелденіп, тыңдаушыларды ерекше әсерге бөлейді. Кейде “Беташарды” ақындарға арнайы жаздырып алып айту үрдісі де бар. Бұл дәстүр кейінгі жазба әдебиеттен де жарасымды жалғасын тауып келеді.
Халқымызда тұрмыс-салт жырларының ең көп тарағандарының бірі – сыңсу. Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанар алдында ағайын-туғандарын аралайды. Былайша айтқанда, қоштасады (бірақ бұл дəстүрлі қоштасу емес). Жеңгесін ертіп ағайындарын аралап жүрген қыз жəй жүрмейді. Ол өзінің балалық дəуренінің, оң жақта бұлғақтап өскен бақытты күндерінің өткендігін, аяулы ата-анасының, туысқандарының өзін мəпелеп өсірудегі еңбегін өлеңге қоса жүріп қоштасады. Ондай өлең-жырды сыңсу дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет