Б. Майлин шығармашылығы



Дата18.01.2022
өлшемі20,02 Kb.
#24096

Б. Майлин шығармашылығы.
Б.Майлин XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі. Ол поэзия, проза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, өз дәуірінің шындығын, қазақ елінің, әсіресе ауыл адамдарының санасындағы өзгерулер мен жаңаруларды, халықтың бастан кешірген күрделі оқиғаларын, әлеуметтік өмірдің шытырман қайшылықтарын көрсетті.

Бейімбет «Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин бұрынғы Торғай облысының Қостанай уезіне қарасты Дамбар болысының 8 ауылында дүниеге келген. (қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Жалшы ауылы)

Атасы Майлы, әкесі Жармағамбет кедей адамдар болған. Әкеден жастай жетім қалып, шешесі Гүлғизар мен әжесі Бойдастың қолында өседі. Әжесі Бойдас есті, сөзге жүйрік, дарынды, өлеңге әуес болған.

Алғашқыда ауыл молдасынан, Арғынбаев Әбдірахман деген кісінің медресесінен(1910) оқиды. 1913-14ж Тройцкідегі «Уазифа» мектебінде сабақ алып, одан кейін «Ғалия» медресесінде оқиды. Бұл жерде ол татар халқының белгілі жазушылары ҒАлымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафуримен танысады. Медреседе шығатын «Садақ» деген қолжазба журналда алғашқы туындысы «Шұғаның белгісі» әңгімесі шығады.

Бейімбет 1916-21 ж ауылда мұғалімдік қызмет атақарады. 1916 жылдары қазақ халқының ұлт-азаттық тақырыбына «Қанды тұман», «Съезд», «Әкесінен хат», «Садақбайға» деген өлеңдер жазады. 1922 ж С.Сейфуллин Бейімбетті «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясына шақырады. Мұнда ол 1923ж жазына дейін болады. 1923-25 жылдары Қостанай қ. Губерниялық «ауыл» газетінде редактордың орынбасары әрі хатшысы болып істейді. Бұл газетте жазушының «айранбай» деген әңгімесі, «Раушан коммунист» повесі жарық көреді.

Б.Майлин –аса өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол 1923-37 жылдарда елуге жуық кітап, жинақ жариялаған. Олар: «Бейімбеттің өлеңдері» (1923), «Шұғаның белгісі» (1926), «Раушан коммунист» (1929), «Майдан» (1933), «Азамат Азаматыч» (1935), төрт томдық шығармалар жинағын жазған.

Бейімбеттің ақындық шығармашылығы 1912 жылдан басталады. Онда ол қазақ халқының өміріндегі маңызды оқиғалар, қоғамның алдындағы зәру мәселелерді көтереді.

Өлеңдерінің тақырыбы: кедейлер мұқтаждығы, қазақ халқының жағдайы, әйел теңсіздігі, еркіндікке қолы жеткен жастар жайлы жырлайды.



Абайдың қара сөздеріндегі – адамзат баласына ортақ сөзі.

Қазақ балалар әдебиетінде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының да көрнекті орны бар. Балаларға арнайы еңбек жазып, өзі педагогтік іспен шұғылданбаса да, Абай бала тәрбиесіне, оның келешек қоғам үшін пайдалы адам болып шығуына үлкен зер салған. Ұлы ақын 1845 жылы Бұрынғы Семей(қазіргі Шығыс Қазақстан) облысындағы Шыңғыс тауларында туған. Өзінің туған даласының ақындары мен әншілерінің толып жатқан бай шығармаларының бәрін – түрлі хикая, әңгімелерді, ертегілерді, батырлар жырларын, тарихи өлеңдерді ауылында жүргенінде талай рет зейін сала тыңдап, жаттайды. Абай қара сөздері арқылы қазақ арасындағы ел билеу тәртібіне, сыйымсыз тәлім-тәрбиеге, керітартпа әдет-ғұрыпқа қарсы шығады. Ақын надандықтан құтылудың жолын қарастырады. Халықты өнер-білімге, адал еңбекке, адамгершілікке үндейді. Қазақ жастарын адамға жат мінез-құлықтан сақтандырады. Мәдениетті елдерден өнер үйренуге шақырады. Абай қарасөздерінде ғылымдық, философиялық, моральдік, діни мәселелер өлеңдерінен гөрі айқын көрінеді. Ақын қарасөздерінің тіл жағынан да, стиль жағынан да өзіндік ерекшелігі бар:


жеке қарасөзінде бір мәселені әңгімелейді;


жеке қарасөзінде бірнеше мәселені қамтиды;


әр қарасөзінде қорытынды жасайды, жасаған қорытындысы негізінде адамға пайдалы ақыл айтады;


бір сөзінде әңгіме қылған мәселеге екінші бір сөзінде қайта соғып, оны толықтырады.




әр сөзінен өзіндік пікір өзгешелігі байқалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет