Пәнді оқудың нәтижесінде магистрант төмендегідей қабілеттерге ие бола алады:
Лингвистикалық стилистика мен әдебиеттану стилистикасының айырмашылықтарын білетін болады; тілдік норма мен стилистикалық норманы ажырата алатын болады; сөз таңдаудың шеберліктерін үйреніп алады; тілдік құралдарды көркем әдебиетте қалай қолдануға болатындығын іс жүзінде зерделей алады; тілдік бірліктердің тілдің бейнелеу – мәнерлеу құралдарына қалай айналатындығын түсінеді; филология мен әдебиеттануға ортақ мәселелерді стилистика мен бейнелеу-мәнерлеу аспектісі тұрғысынан анықтап бере алады; тілдік құралдардың жеке тұрғандағы және қолданыс кезіндегі ерекшеліктерін тілдік фактілер негізінде көрсетіп бере алады; тілідк құралдардың қолданылу кезіндегі үстеме мағыналарын нақты фактілер арқылы анықтап, түсіндіре алады; тілдік бірліктердің тілдің бейнелеу-мәнерлеу құралдарына қалай айналатындығына мысалдар келтіре алатын дәрежеге жетеді.