Философия мәдениеттің барлық элементтерімен тығыз өзара байланыста болады. Мәдениеттің жүйелілік сипатамасы өзінің элементтеріне қатынасы бойынша біріктіруші болып табылып, ондағы компоненттерінің болуын болжайды. Мәдениеттегі осындай біріктіруші байланыстар біріншіден, осы қоғамда үстем ететін құндылықтар жүйесі арқасында, екіншіден, адамзаттың интеллектуалдық дамуы мен ғылым жағдайының нақты кезеңдеріне тән дүниенің бейнесіне, және де үшіншіден, ғылыми ойлау стилі арқасында пайда болады. Мәдениеттің рухани жүйесіне ене отырып философия оның барлық компоненттерімен өзара байланысады, әсіресе зерттеу пәні болып адам табылатын ғылымдармен байланысы өте зор.

Медицина ғылымындағы қазіргі кездегі зерттеулер медицина теориясының тек табиғи ғылыми білімдеріне ғана сүйенбейтінін сипаттайды. Жүйке психикасының бұзылуының көбеюі, соматикалық аурулардың психогендік механизмін айқындау, терапевтік әсерлердің тұлғалық факторлерге тәуелділігі және басқа факторлар адам ағзасы өмірі мен оның патологиясының мәндерін түсіну барысында кең ауқымды тәсілдерді қажет етті. Сондықтан да медицинаның базисін кеңейту үшін, оны жаратылыстану және гуманитарлық білімдермен қатар түсіндірме құрылыстарға енгізуге заңды беталыс айқындалды. Осылайша, қазіргі жағдайларда медициналық теорияның философиялық білімдерге тәуелділігі артады. Бүгін медицинаның барлық мәселелерін шешу үшін табиғи ғылыми негіздер жеткіліксіз. Сондықтан да, біріншіден, табиғи ғылыми негіздер шегінен медицинаның когнитивтік негізін кеңейту қажет, және екіншіден, аксиологиялық (құндылықтық) мәселе медицинада ерекше орын алады.