«философия» пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет17/67
Дата31.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#22291
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67
Феноменология  –  бұл  философиялық  бағыт,  сірескен  натурализмнен  философиялық 

сананы  азат  ете  отырып,  рефлексивтік  сананың  өзіңдік  әрекеті  мен  ондағы  мазмұндардың 

төркіні туралы философияның өрісін кеңейтіп, танымның негізгі көзін адамзаттың өмір сүруі 

мен  мәдениетінен  іздейді.  Бұл  бағыт  өз  бастамасын  неміс  философы  Э.Гуссерльден  (1859-

1938)  алады.  Оның  түсінігінше  феноменология  жаңа,  қатаң  философиялық  ғылым  ретінде 

яғни таза мән күйіндегі әлемді идеалды болмыс ретінде бейнелейтін сана феномені, сананы 

жекеленген  нақты  эмпирикалық  мазмұндарынан  тазартуға  мүмкіндік  беретін  өз  өзіне  аян 

логикалық  принцип.  Бұл  көп  сатылы  “феноменологиялық  редукция”  методының  көмегімен 

жүзеге асып, нәтижесінде керек емесін тысқары тастап немесе  “жақша ішіне алып” барлық 

қоршаған  әлемді,  барлық  өмір  сүруші  көзқарасты,  ғылыми  теорияларды  және  зерттелудің 

пәніне айналып, отырған өмір сүру жөніндегі сұрақтың өзін қоса қарастырады. Осылайша біз 

реальдылық  пен  қатынастан  босап,  өз  мазмұнының  барлық  байлығын  сақтай  отырып, 

сананың сферасындағы заттың өзіне қайта ораламыз. Бұндай редукция, яғни мәлімет, өзімен 

бірге  негіздеу  мен  идеализациялау  тәсілін  ала  жіреді.  Демек,  осы  тұрғыдан  қарағанда 

феноменология  барынша  байытылған  және  идеализацияланған  ғылыми  факта  болалады. 

Гуссерлдің өзі оны дескриптивтік, не болмаса суреттеп беретін ғылым деп атаған болатын.  




40 

 

Феноменология  таза,  яғни  затқа,  таңбаларға  дейінгі  сананы  бөлуге  ұмтылады,  немесе 



“субъективтік ағым”, және оның ерекшелігін анықтайды. Оның осылай болу себебі, сананың 

әртүрлі функциялармен күрделі қалыптасуында жатыр. “Таза” сананы бөле отырып, сананың 

жалпы  мәнін  түсінуге  болады.  Сананың  басты  сипаты  жалпы  оның  әрдайым  затқа  деген 

бағыты, яғни қарқындылығы. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет