«философия» пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет18/67
Дата31.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#22291
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67
Позитивизм  –  бұл  принципке  негізделген,  яғни  барлығы  шынайы  дейтін 

философиялық бағыт. Позитивтік білім жеке арнайы ғылымның және олардың синтетикалық 

бірігуінің  жемісінен  келіп  тууы  мүмкін,  сонымен  қатар  философия  ерекше  ғылым  ретінде 

ақиқатты өз бетімен іздеуді ұсынуға, ешқандай құқығы жоқ. 

Позитивизмнің  бірінші  тарихи  формасы  Х1Х  ғасырдың  30-40  жылдарында  етек  алды. 

Оның  негізін  салушы  француз  философы  О.Конт  (1798-1857ж.)  болды.  Конт  бойынша, 

ғылымның ісі затты түсіндіріп беруде емес, бейнелеп беруде. Ғылым “Неге?” деген сұраққа 

жауап беруге дәрменсіз, ол барлық фактіні “Қалай?” деген сұрақтың маңайында өрбітуі тиіс. 

Тек  осы  жағдайда  ғана  ғылым  позитивті  болалады.  Бұл  тек  ғылымдарға  ғана  тиісті  емес, 

философияғада  қатысты.  Философияның  оңды  міңдеті  нақты-ғылыми  білімдерді, 

ғылымдардың рационалды классификациялық негізінде  жүйелендіру болып табылады.  

Позитивизмнің  екінші  тарихи  формасы  -  эмпириокритицизм  –  шетелде  Х1Х-ХХ 

ғасырда пайда болды. Оның алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі австрия физигі Э.Мах (1838-

1916ж.)  және  швейцар  философы  Р.Авенариус  (1843-1896ж.)  “Бірінші  позитивизмнен” 

“екінші  позитивизмнің”  ерекшелігі  ғылымның  басын  таным  теориясына  тіреп  таным 

процесінің  теориялық  моделін  құрастыруға  тырысты.  Эмпириокритицизм  “әдісті  сынау” 

дегенді  білдіріп  және  метафизикалық  табиғатты  иеленген  әдісті  барлық  жағдайларынан 

“тазартуды”  ұсынды.  Мах  бойынша,  әдіс,  “әлемнің  элементі”  болып  саналатын  түйсіктен 

тұрады деді. 

Позитивизмнің  үшінші  тарихи  формасы  неопозитивизм  –  ХХ  ғасырдағы  философия 

бағыты  болып  саналады.  Философиялық-методологиялық  актуальды  мәселелерді  шешуді 

және  талдауды  ұсынып,  қазіргі  ғылымдардың  дамуымен  қатар  алға  жылжыды:  ғылыми 

ойланудың  таңбалық  құралын  атқаруға,  ғылымның  теоретикалық  аппараты  мен 

эмпирикалық 

базисінің 

қатынастарын 

арттыруға, 

білімнің 

формалдануы 

мен 


математикалануының  табиғаты  мен  функцияларында    көріне  бастады.  Неопозитивизм 

ошақтары  Х1Х  ғасырдың  20-жылдарында  бір  сәтте  Австрияда,  Англияда,  Польшада  пайда 

болды.  Олардың  көрнекті  өкілдері:  М.Шлик,  Р.Карнап,  Г.Рейхенбах,  Л.Витгенштейн. 

“Үшінші  позитивизмнің”  өкілдері  философияның    не  қандайда  бір  ақиқат  жөніндегі,  не 

таным  теориясы  жөніндегі  ғылым  еместігін  айтады.  Философия  –  табиғи  және  жасанды 

тілдерді  логикалық  талдаумен  байланысты  қызметтің  ерекше  түрі.  Сондықтанда 

непозитивизмнің бірінші варианты логикалық позитивизм деген атқа ие болды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет