Неофрейдистер – А.Адлер (1870-1937), К.Хорни (1885-1952), Э.Фромм (1900-1980)
осы философияның түп негізгі идеялары арқылы адамдардың өмірінің әлеуметтік
құрылымын түсіндіруге тырысқан. А.Адлердің ойынша тұлғаның жүріс тұрыс мотивтерін
түсіндіру үшін оның ұмтылыстарын «санасыз өмірлік жоспарын» соңғы мақсатын білу
қажет. Осылардың арасында адам өмірінің қиыншылығын немесе өзінің сенімсіздігін жеңуге
тырысады.
Адлерге сәйкес, индивид өзінің денесінің мүшелерінің дамуындағы ақаулары үшін
толымсыздық немесе аз толымсыздық сезімінде болады. Осы сезімді асып өтуге және
басқалар арасында өзіндік негізделуге ұмтылғанда, ол өзінің шығармашылық потенциясын
белсендетеді. Бұл белсенділік компенсация немесе жоғарғы компенсация деген атқа ие.
Жоғарға компенсация ол толықсыздық сезіміне деген реакцияның ерекше формасы. Оның
негізінде ерекше қабілеттерімен ерекшеленетін көрнекті тұлғалар, ұлы адамдар шығады.
Неофрейдизмнің көрнекті өкілі болып Э.Фромм саналады. Ол психоанализ, марксизм,
экзистенциализм идеяларын біріктіруге тырысты. Ол тұлғада туа біткен ештеңе жоқ деді, ал
барлық психикалық көріністер – ол тұлғаның әртүрлі әлеуметтік ортаға берілуінің салдары.
Фромм тұлғаның әрбір түрінің қалыптасу сипатын әлеуметтік ортаның тікелей ықпалынан
еместігін, ал адамзаттың өмір сүруінің екі жақтығын, яғни экзистенциалды немесе
теоретикалықтан шығарады. Фромм тарихи қайшылықтарды жоюды жаңа гуманистік қоғам
тудырумен байланыстырды.
Достарыңызбен бөлісу: |