«философия» пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет47/67
Дата31.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#22291
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67
Шіркеу және секта

Вебер  шіркеуді  сектадан  универсалдылық  критерийлері  бойынша  айырады.  Шіркеу 

жалпылыққа жақындайды, ол өзін дүниеге қарсы қоймайды, оның мәдениетін мойындайды, 

сакральды және прфанды құндылықтар арасындағы қайшылықты жоюға ұмтылады. Оған сол 

канондық  территорияда  туылған  адамның  қатыстылығы  міндетті  түрде.  Шіркеу  өзінің 

құрамына  сенуші  адамды  туылғаннан  бастап  оның  еркіне  қарамастан  енгізеді.  Сонымен 

қатар шіркеуде қатаң бағаланатын мүшелік жоқ. Шіркеу бюрократиялық ұйымның бір түрі, 

священник административті түрде бекітіледі. 

Шіркеуге  секта  қарама-қарсы  тұрады  (лат.  secta  ойлар  образы,  іс  әрекет  образы,  ілім, 

мектеп,  бағыт).  Секта  сенушілердің  аз  және  жабық  тобы,  олар  өз  еріктерімен  ұйымдасады 

және  де  олар  саналы  түрде  шешім  қабылдайды.  Секта  аскетизмді  жақтайды,  дүниелік 

тәртіптерді  сынайды,  барлық  мүшелердің  теңдігін  қолдайды;  рухани  қайта  жаңғыруға 

ұмтылады. Сектаны харизмалық лидер басқарады.  



Конфессионализм.  Сенушілердің  өздерінің  шіркеулеріне  қатынасы  тең,  қатаң  және 

либералды  болуы  мүмкін.  Конфессионализм  (көңіл  ақтарылу)  ойлардың  және  мінез-

құлықтың  қатаң  образы  суреттелінеді,  ол  өз  шіркеуінің  барлық  догмаларға,  бекітулерге 

жауап  береді.  Конфессионализмнің  ортодоксальдығы  және  консервативтілігі  либерализмге 

қарама-қарсы,  ол  кейде  дін  саласында  модернизм  немесе  индифферентизм  формасына 

көшеді.  Шіркеуден  тыс  және  конфессионализмнен  тыс  дінилік  ол  діннің  бір  түрі  болып 

табылады. Қазіргі кезде ол дүниеде көп тараған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет