Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы



бет111/120
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#13772
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   120
Атом және атом ядросы

Жоспар

  1. Резерфорд тәжiрибесi. Атомның ядролық моделi

  2. Бор постулаттары. Бор жасаған сутегi атомының моделi

  3. Шығару және жұтылу спектрлерi. Спектр түрлерi. Спектр аппараты

  4. Табиғи радиоактивтiлiк. αβγ – сәуле шығару

  5. Радиоактивтiлiк ыдырау заңы. Ығысу ережесi

  6. Атом ядросының құрылысы. Атом ядроларының байланыс энергиясы

  7. Уран ядросының бөлiнуi. Ядролық реакцияда энергияның бөлiнуi

  8. Ядролық реактор. Термоядролық реакциялар


Мақсаты: Атом ядросының құрамы, ядролық күштер, оның қасиеттері, нуклондардың ядродағы байланыс энергиясы, меншікті байланыс энергиясы,радиоактивтілік туралы түсінік қалыптастыру.
Түйін сөздер:Резерфорд тәжірибесі,Бор постулаттары,радиоактивтілік ыдырау заңы,атом ядросының құрылысы,уран ядросының бөлінуі,термоядролық реакция

Резерфорд тәжiрибесi. Атомның ядролық моделi

Барлық заттар бөлiнбейтiн аса ұсақ бөлшектерден – атомдардан тұрады деген ұғым ерте қалыптасқан болатын. Егер атом шындығында заттың бөлiнбейтiн алғашқы кiрпiштерi болса табиғаттағы кездесетiн сан алуан заттарға сан алуан атомдар сәйкес қойылуы тиiс. Бұлай болуы бiр жағынан күмән туғызады.

Физика ғылымының дамуы барысында ХIХ ғасырдың аяғына қарата атомның қасиеттерiне байланысты жаңа тәжiрибелiк деректер жинала бастады. Мысалы М.Фарадей 1833 жылы электролиз құбылысын зерттеу барысында электролит ертiндiлерiндегi ток иондардың реттелген қозғалысы екенiн анықтады. Ал 1897 жылы Дж.Томсон сиретiлген газдардағы электр разрядын зерттеу барысында қыздырылған немесе ультракүлгiн жарықпен сәулелендiрiлген кез-келген химиялық элементтiң атомы өзiнен терiс зарядталған бөлшектердi шығатынын анықтады. Осылай алғашқы элементар бөлшек – электрон ашылды. Атом құрлысының күрделiлiгiне нұсқайтын тағы бiр бұлтартпас факт 1869 жылы орыс ғалымы Д.И.Менделеев ашқан химиядық элементтердiң периодтылық заңы. Атомдық масса өскен кезде элементтердiң қасиеттерiнiң қайталануын атомның құрамына кiретiн бөлшектердiң саны өскен кезде оның iшкi құрылымының қандай да бiр ерекшелiгiнiң қайталануымен түсiндiруге болатындай.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет