1. Физикада зерттелетін табиғат құбылыстарының атауы. а). Физикалық аспаптар
б). Физикалық құбылыстар
в). Физикалық заңдар
г). Физикалық шамалар
д). Физикалық тәжірибелер
2. Табиғатты бақылау барысында жинақталған ғылыми деректер бойынша ұсынылған тұжырымдардың атауы. а). Физикалық шама
б). Тәжірибе
в). Гипотеза
г). Физикалық өлшеу
д). Физикалық эксперимент
3. Физикалық теорияның негізгі мәселесі а). Құбылысты түсіндіру
б). Физикалық эксперимент
в). Физикалық өлшеу
г). Болжау ұсыну
д). Физикалық шаманы есептеу
4. Физиканың ғылыми тілін игеру кезінде пайдаланылатын арнайы тірек сөздің атауы а). Физикалық аспаптар
б). Физикалық терминдер
в). Физикалық заңдар
г). Физикалық шамалар
д). Физикалық тәжірибелер
5. Физика сөзін ғылымға енгізген ғалым а). Галилей
б). Декарт
в). Аристотель
г). Ньютон
д). Демокрит
6. Уақытты өлшейтін аспап а). Барометр б). Сызғыш в). Секундомер г). Спидометр д). Манометр
7. Ұзындықты өлшейтін аспап а). Барометр б). Сызғыш в). Секундом г). Спидометр д). Манометр
8. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі ұзындықтың негізгі бірлігі а). Миллиметр б). Сантиметр в). Метр г). Спидометр д). Километр
9. Салмағы 9,8 Н дененің массасы неге тең? а). 9,8 кг
б). 98 кг
в). 0,98 кг
г). 1 кг
д). 10 кг
10. 10 м3 ауаның салмағы неге тең? Ауа тығыздығы 1,3 кг/м3 а). ≈ 1,3 Н
б). ≈ 13 Н
в). ≈ 130 Н
г). Салмағы жоқ ауа
д). ≈ 1300 Н
11. Массасы 20 кг денеге әсер ететін ауырлық күші неге тең? а). 19,6 Н
б). 196 Н
в). 0,49 Н
г). 1960 Н
д). 0,196 Н
12. Деформация салдарынан серіппе сығылып, ұзындығы қысқарды. Мұндай жағдайда серпімділік күші қалай өзгереді? а). Кемиді
б). Өзгермейді
в). Жауабы жоқ
г). Артады
д). Басыңда өсіп соңында кемиді
13. Денелердің жер бетіне құлауы қандай күштің әсерінен болады? а). Үйкеліс күші
б). Дененің салмағы
в). Серпімділік күші
г). Ауырлық күші (тартылу күші)
д). Архимед күші
14. Білеушеге горизонталь бағытта 1,5 Н күшпен әсер ететін білеушеге бірқалыпты қозғалады. Үйкеліс күшінің шамасы неге тең? а). 0
б). 0,5 Н
в). 1 Н
г). 1,5 Н
д). 2 Н
15. Төмендегі формулалардан Гук заңының формуласын көрсетіңдер а). F = mg
б). F = kΔl
в). u = s/t
г). F = µ · N
д). p = F/S
16. Дененің пішіні мен өлшемінің өзгеруі а). Инерция б). Диффузия в). Деформация г). Жылдамдық д). Масса
17. Күштің әсері тоқтағаннан кейін, дененің өзінің пішіні мен өлшемін толығымен алғашқы қалпына келтіретін деформация қалай аталады?
а). Нөлдік
б). Нақты
в). Пластикалық
г). Серпімді
д). Формалды
18. Дененің тіреуге немесе аспаға әсер ететін күші а). Дене массасы
б). Тірек күші
в). Ауырлық күші
г). Серпімділік күші
д). Дененің салмағы
19.Мыстан жасалған білеушенің ұзындығы 4 м, ені 1,5 м, қалыңдығы 25 см болса, оның массасы қандай болады? М8900 кг/м3.
20.0,5л өсімдік майының массасы қандай? М900 кг/м3.