Сабақтың тақырыбы: Ежелгі адамдардың өміріне саяхат Бөлім



бет1/4
Дата26.12.2023
өлшемі32,58 Kb.
#143742
түріСабақ
  1   2   3   4


«Қазақстан тарихы» пәні бойынша
Қысқа мерзімді жоспар
5– сынып, 1-тоқсан
14-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі адамдардың өміріне саяхат

Бөлім:

5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі



Педагогтің аты-жөні

Сейілхан Жұлдыз

Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ежелгі адамдардың өміріне саяхат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс- тіршілігін шығармашылық түрде көрсету

Сабақтың мақсаты

Сабақта оқушылар алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін түсіндіреді. Оқушылар осы кезеңді шығармашылықтарын тарихи әңгімелеу, тарихи бейнелеу, тарихи көрініс және тарихи макет құрастыру арқылы көрсетеді.

Бағалау критерийлері


Тас дәуірінің ерекшеліктері мен адам өміріндегі өзгерістерді айтады
Тас дәуіріндегі Қазақстан территориясында қалыптасқан алғашқы адамдардың өмір сүру жағдайын әр салалар бойынша талдап береді
Ежелгі адамдардың өмір сүру жағдайының даму барысын анықтайды

Тілдік мақсаттар



Тарихи терминологиялар:Ру, алғашқы қауым, тобыр, аналық және аталық ру, абыздар, анимизм, тотемизм, фетишизм, магия, өнер, петроглифтер, гравюра, тері өңдеу, пиктография, археология, терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек, жеке меншік, өндіруші шаруашылық, қолөнер, кен өндірісі, тоқымашылық, керамика, көзе т.б.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Адамның жануарлар әлемінен басты ерекшеліктері...
Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің ескерткіштері...
Алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінде келесі өзгерістер орын алды...
Ежелгі адамдар өмірінде орын алған өзгерістерге келесі факторлар әсер етті...
Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың өмірі, дүниетанымы туралы келесі ақпараттарды береді...
Біздің анықтағанымыз...
Қорытындысында...
Біздің тобымыздың ойынша...
Келесі себептер/факторлар......
Тілдік мақсат
1. Алғашқы адамдардың өмірі туралы әңгімелейді (айтылым дағдысы);
2. Оқушылар адам эволюциясы туралы бейнелеген сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады (жазылым дағдысы);
3. Алғашқы адамдардың өмірі, қола дәуірінің ерекшеліктері туралы интерактивті түсіндірмені тыңдап, көрініс көрсетеді (тыңдалым дағдысы, айтылым дағдысы);
4. Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасап, макет құрастырады (оқылым дағдысы).

Құндылықтарға баулу

Патриотизм, ұлттық сана-сезім мен ел алдындағы азаматтық жауапкершілікті дарыту. Туған жерге деген құрмет және де атадан мұра болып қалған жерімізді сақтаудағы басымдылықтар айтылады. Себебі өтілетін тақырып бойыншаалғашқы адамдардың қалыптасып, осы уақытқа дейін қалыптасып келе адамдардың эволюциялық қалай дамығанын түсінуіне мүмкіндік тудырамын.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет