Фонетика сессия. 8-18 билеттер



Pdf көрінісі
Дата16.05.2023
өлшемі86,85 Kb.
#93897


8-билет.
1. Орфографиядағы фонетикалық құбылыстар.
2. Дифтонг вокализмдер ерекшеліктері.
1. Эпентеза – екі дауыссыз+дауысты қыстырылуы. кровать-кереует.
2. Диэреза - жеке дыбысты шығарып тастау. класс-класқа, грамм-грамы.
3. Апокопа–сөз соңында дауысты түсіп қалуы. орыс: секунда-секунд, пара-пар.
парсы: бахт-бақ, тахт-тақ, дуст-дес.
4. Элизия-контактсіз. дауыстының түсіп қалуы. орын-ны, ерік-еркі, мұрын-мұрны.
2. Дифтонгтар - дауыстылардың айрықша бір түрі. Дифтонг деген термин екі дауысты
деген мағынаны білдіреді. Оның артикуляциясы да күрделі болады. Əрбір дифтонг
дауысты дыбыстың элементінен басталып, дауыстының элементімен аяқталады да,
екі дауыстының тіркесінен құралады. К. Аханов дифтонгтар жайлы мынадай пікір жазады:
“Дифтонгтың табиғаты, əдетте, буынмен байланысты болады. Қатар келген дауысты
дыбыстардың да əрқайсысы өз алдына дербес буын құрай алады (те-о-ре-ма,
зо-о-ло-ги-я). Екі дауыстыдан дифтонгтың жасалуы үшін олардың бір буынның ішінде
кірігуі шарт. Екі дауысты дыбыс бір буынның ішінде кіріккенде, біреуі дауысты дыбыстың
болу қалпын сақтайды да, екіншісі редукцияланып, буын құра алмайтын дыбысқа
айналады ”
9-билет.
9 билет
1)Төл зерттелім кезеңі:
ХХ ғасырдың басы қазақ тіл білімінің дамуы кезеңі болды.Алғашқы əлібиінің қазақ
грамматикасының дамуына үлес қосқан ұлт ұстазы,қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы
болды.Халықты тез сауаттандыру мақсатында Ахмет Байтұрсынұлы қолданыстағы араб
графикалық реформа жасап, ондағы артық дыбыстарды алып жеңілдетті.«Төте жазу»
•1928 “ Дыбыстарды жіктеу туралы” деген мақаласында жіктеуде акустикалық
айтылым,артикуляциялық қасиеттерін ескеріп жіктеген. Ғалым В.Радлов
классификациясына сүйенген.Ғалымның “Тіл туралы”атты еңбегінде тілдің дыбыстық 
жүйесі мен грамматикалық құрылымын бірлікте қарастырған.
•Ғалым Қ.Жұбанов зерттеулерімен фонетикасын жаңа сатыға көтерді.Ғалым “Фонетика-тіл
дыбыстарының тілдік ұқсас қасиеттерін тексеретін ғылым” деп нысанды жан-жақты талдап
түсіндірді.
2. Орфографиядағы регрессивті ассимиляция
Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа
артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивті ассимиляция дейміз.
Орфографиядағы регрессивті ассимиляция - толық регрессивті ассимиляция деп аталады.
Егерде сөз қатаң қ,к,п дыбыстарына аяқталса қосымша дауысты дыбыстан басталаса қ-
ғ,к-г,п-б немесе у дыбысына алмасады.Мысалы:жүрек-гі


10-билет.
1)Қазақ фонетикасыеың алғашқы зерттелім кещеңдері……….Естілім-зерттелім кезеңі
(1845-1900)
Бұл кезең қазақ тілі зерттелімінің бастауы.
XIX ғасырдың орта тұсы мен II жартысын қамтиды.
Бұл зерттелімнің мақсаты:қазақ тілінің қарапайым оқулықтарын жазып,сөздіктерн
құрастыруы болып табылады.
Бұл дəуірдің зерттеушңлер:Н.И.Ильминский,М.Мелиоранский,В.Радлов
Бұл кезеңнің осылай аталу себебі,естілм дəуірінің жазба мұрағаттары қалай естілсе,солай
жазылған күйінде бңзге жеттіі..
Төл зерттелім кезеңң (1920-xx ғ бірінші жартысы)
Келесі зерттелм Төл зерттелм дəуірі деп аталады
Атауын ашар болсақ ,өйткені қазақ тілінің өзіне ғана тəн фонетикалық құбылыстардың
басы ашылып,қазақ жазуының өзін үлгісі қалыптастырылды.
Бұл зертелім кезеңі XX ғасырдың басы болып табылады. Зерттеуге атсалысқан ұлт
өкілдері:А.Байтұрсынұлы,Х.Досмахамедұлы,Қ.Жұбанов
Екпін - фонемалық зерттелім
дəуірі Үшінші
(1950-1990)
Үшінші дəуір - екпін - фонемалық зерттелім дəуірі.Негізгі зерттеу əдісі ретінде, екпін мен
фонемалық талдау алынғандықтан осылай аталады.Қамтитын кезеңі XX ғасырдың 50- 70
жылдары.Зерттеушілері: І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, Т.Талипов.
4-кезең. Үндеспе зерттелім кезеңі (1990- қазірге дейін)
Бүгінгі кезеңде қазақ тілі фонетикасын экспериментальды түрде зерттеулер өз
нəтижелерін көруде. Ж.Аралбаев, Қ.Бейсенбаева, Ə.Жүнісбеков, С.Мырзабеков сияқты
зерттеуші– ғалымдар өзіндік пікірлер айтып, ғылыми тұжырымдарымен байытып келеді
2)Вокал.жақтың қатысына қарай……..
Ашық дауыстылар:а,ə,е, о, ө
Қысаң дауыстылар:ұ,ү,і,ы,и,(у)
Ашық дауыстыларды айтқанда астыңғы жақ(үстіңгі жақ қозғалмайды) барынша төмен
түседі де қысаңдарды айтқанда жоғары көтеріледі.Басқаша айтқанда, ашықтарды
айтқанда екі жақ бір бірінен қашықтай түседіде, қысаңдарды айтқанда бір біріне жуықтай
түседі .Алайда ,ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды.
11- билет
1)Протеза (грек‚ prothesіs – алдында тұру) – сөздің алдынан басы артық дыбыс қосылуы.
Бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін қажет. Қазақтың төл сөздері й‚ у‚ р‚ л
үнділерінен басталмайтыны белгілі. Тілімізге енген кірме сөздер осы дыбыстардан
басталуы əбден мүмкін. Оларды бастықтырып өзіндік ету (игеру) үшін алдарынан
дауыстылардың бірін қойып айту керек болады.
Элизия (лат. elіsіo – ығыстыру) – көрші буындар арасында қатар келген екі дауыстының
алдыңғысы түсіп қалуы. Мысалы: қарала (қара ала)‚ алалмады (ала алмады)‚ айталмады
(айта алмады)‚ жоғаріл (жоғары іл)‚ жақсөнер (жақсы өнер)‚ жақсөлең (жақсы өлең)‚
жыйырмалты (жиырма алты)‚ екайғыр (екі айғыр)‚ мынадам (мына адам)‚ алешкі (ала
ешкі). Мұны контактілі элизия дейміз. Ал осы уақытқа дейін редукция түрінде танып келген


орны (орын-ы)‚ ерні (еріні)‚ мұрны (мұрыны)‚ қарны (қарыны) сияқты құбылысты контактісіз
элизия дейміз. Өйткені дауыстылар арасында дауыссыз бар.
2. Қазіргі кезде əлемдік лингвистикада дауыссыз дыбыстар былайша жіктеліп жүр:
1. Ерін дауыссыздары: п, б, м, (у) (билабиаль);
2.Тіс пен ерін дауыссыздары: ф, в (лабиаденталь);
3.Тіс дауыссыздары: т, д, ц, с, з (денталь);
4.Тіл ұшы дауыссыздары: ч, ж, н, л (альвеоляр);
5. Тіл алды дауыссыздары: ш, р, и, щ (палаталь);
6. Тіл ортасы дауыссыздары: к, г (препалаталь);
7. Тіл арты дауыссыздары: қ, ң, х, ғ (веляр);
8. Көмей дауыссызы: һ
Сонымен бірге айтылу жолына қарай шұғыл (эксплозив): п, б, т, к, г, д, ч, ң, ызың
(фрикатив): ф, в, с, ң, ш, х, з, ж, һ болып екіге бөлінеді. Шұғыл дауыссызсыздарды
айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне жабысады да, бірден кілт ажырасып кетеді,
осының нəтижесінде ауа үзіліп шұғыл шығады. Ал ызың дауыссыздар дыбыстау
мүшелерінің жымдасуынан емес, тек өз ара жуысуынан, соның нəтижесінде, ауаның
сүзіліп шығуынан жасалады.
Дауыссыздар артикуляциялық орнына қарай мынадай топтарға бөлінеді
1) ерін немесе лабиаль дауыссыздар. Ерін дауыссыздары астыңғы еріннің үстіңгі ерінге
немесе үстіңгі тіскетиюінен жасалады. Лабиаль дауыссыздар өз ішінде екі топқа бөлінеді:
а) астыңғы еріннің жоғарғы ерінмен жуысуынан ерін-еріндік (губно-губные) немесе
билабиаль дауыссыздар жасалады. Мысалы: б, п, м; ə) астыңғы еріннің үстіңгі тіспен
жуысуынан ерінді-тіс (губно-зубные) немесе лабиоденталь дауыссыздар жасалады.
Мысалы: в, ф.
2) Тіл алды дауыссыздары. Тіл алды дауыссыздарының жасалуында тілдің алдыңғы
бөлегі активті қызмет атқарады. Ол өз ішінде екіге бөлінеді. а) тіс дауыссыздары немесе
денталь дауыссыздар: т, д, с, з, н, л; ə) тіл ұшын немесе альвеоляр дауыссыздар: ч, ш, р,
ж.
3) Тіл ортасы дауыссыздары. Тіл ортасы дауыссыздары тілдің орта шенінің үстіңгі жағынығ
қатты таңдайға жуықтасуынан жасалады. Бұған орыс тілі мен қазақ тіліндегі й дыбысы
жəне неміс тіліндегі графикалық жақтан сһ əрпімен таңбаланатын дыбыс (мысалы, ісһ –
«мен» деген мағынада қолданылатын сөздегі дыбыс) жатады.
4) Тіл арты дауыссыздары. Тіл арты дауыссыздары тілдің артқы шенінің жұмсақ таңдайға
жуықтасуынан жасалады. Тіл арты шенініңдарына орыс тіліндегі к, г, х дыбыстары, қазақ
тіліндегі қ, ғ, ң дыбыстары жатады.
5) Көмей (фрингаль) дауыссызы. Дауыссыздың бұл түрі жұтқыншақ қуысында тілдің артқы
шенінің кейін шегіну жəне жұтқыншақ қуысының тарылуынан жасалады. Бұған һ дыбысы
жатады.
12-билет.
1. Сингармонизм категориясын да, ассимиляция категориясы да – дыбыстар үндесуінің
басты екі түрлі тарауы деп білуіміз керек. Дыбыстар өзгеруінің тілде басты екі түрлі жолы
бар: бірі – комбинаторлық өзгерістер (игерулі өзгерістер), екіншісі – спонтандық өзгерістер
(игерусіз өзгерістер).
Комбинаторлық өзгерістер – көршілес дыбыстардың біріне-бірі тигізген ықпалымен


байланысты болады; белгілі бір дыбыстың екінші бір дыбысқа алмасуы да, кейде
дыбыстың түсіп қалуы да немесе жаңадан бір дыбыстың пайда болуы да сөздегі өзге
дыбыстардың əсерімен байланысты болады. Сондықтан дыбыстар үндесуі категориясы
(оның ассимиляция, сингармонизм саласы) дыбыстардың комбинаторлық өзгерісіне
жатады.
Ал, спонтандық өзгерістерде көршілес дыбыстардың бір-біріне тигізген ешқандай ықпалы
болмайды. Мысалы, жүсіп – түсіп – нүсіп, Айша – Хайша. Демек, спонтандық өзгерістер
бойынша бір дыбыс екінші дыбысқа тəуелді болмайды, бір дыбысты өзге дыбыс игере
алмайды. Бұндай өзгерісті игерусіз өзгеріс деп атайды.
2. Дауыс шымылдығы=дауыстың қатысына қаоай.
Қатаң, ұяң, үнді. Тербелімді, тербеліңкі, тербеліссіз. Үнсіздер мен үнділер.
13-билет.
1) Регрессивті ассимиляция-бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында кейінгі
дыбыстың алғашқы дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивті
ассимиляция дейміз. Жиі кездесетін əсерлері:
1. Қ,к, п дыбыстарының біріне біткен сөздерге жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы
дауысты дыбыс болса, бұл үшеуі ұяңданып кетеді: жүрек+ім (жүрегім), қақ+у (қағу),
шап+а+ды (шабады).
2. Регрессивті ассимиляцияға ұшырайтын бұлардан басқа н дыбысы: күн+ге (күңге),
кейін+ге (кейіңге), жанпейіс (жампейіс).
Ұяңдардан қазақ тілінде з жəне ж дыбыстары ғана сөзді аяқтай алады. Оның өзінде ж
санаулы ғана түбір морфеманың құрамында ұшырайды. Ал з дыбысы одан əлдеқайда
актив.
2) Қазіргі қазақ тілінде тоғыз (9) жалаң дауысты дыбыстар (монофтонг) бар. Олар
мыналар: а, о, ə, е, ө, ы, і, ү, ұ. Сондай-ақ екі қосынды дауыстылар да бар (дифтонг). Олар
мыналар: и жəне у дыбыстары. Дауысты дыбыстардың халықаралық термині вокализм
деп жүргізіледі. Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар еріннің қызметіне қарай екіге
бөлінеді:
1. Еріндік дауысты дыбыстар: о, ө, ұ, ү, у.
2. Езулік дауысты дыбыстар: а, ə, е, ы, і, и, ( э).
Езулік дауысты дыбыстарға қосарлы и дыбысы да кіреді. Сондай-ақ
орыс тіліндегі э дыбысы да енеді. Дауысты дыбыстардың былай бөлінуі еріннің
артикуляциялық ерекшелігіне байланысты болады. Дауысты дыбыстар еріннің қызметіне
қарай бөлінгенде, оның мынадай екі түрлі ерекшелігі ескеріледі:
- еріндік дауыстыларды айтқанда ерін алға қарай сүйірленеді.
- еріндік дауыстыларды айтқанда ерін дӛңгеленіп барып бітеді. Осы екі артикуляциялық
қызметтің нəтижесінде о, ӛ, ү, ү, у
дыбыстары жасалады.
Езулік дауысты дыбыстарды айтқанда езудің мына сияқты
артикуляциялық қызметі айқындалады:
- езулік дауысты дыбыстарды айтқанда ерін кейін тартылады; - езулік дауысты
дыбыстарды айтқанда езу жиырылады.
Соның нəтижесінде мынадай езулік дауыстылар жасалады: а, ə, ы, і, е (э) и.
Біз жоғарыда дыбыстау мүшелерінің қимылына қарай дауысты дыбыстар үш топқа


бӛлінеді дедік:
1. Дауысты дыбыстар еріннің қатысына қарай бөлінеді.
2. Дауысты дыбыстар иектің (жақтың) қатысына қарай бөлінеді.
3. Дауысты дыбыстар тілдің қалпына қарай бөлінеді.
Дауысты дыбыстар тілдің қалпына қарай жуан (гуттураль) жəне
жіңішке (палаталь) болып бӛлінеді.
Жуан дауыстыларға: а, о, ы, ұ, (и), (у) дыбыстары жатады;
Жіңішке дауыстыларға ə, ө, і, ү, (и), е, э, (у) дыбыстары жатады.
Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліп жатуынан жуан
дауыстылар жасалады. Ал, тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жуықтай айтылуынан
жіңішке дауыстылар жасалады.
Біз жоғарыда жақтың ашылуына байланысты дауыстылар екіге бөлінеді дедік, яғни жақтың
ашылуына қарай ашық жəне қысаң дауыстылар болып екіге ажыратылады.
Ашық дауыстыларға: а, ə, о, ө, е, (э) дыбыстары енеді;
Қысаң дауыстыларға ы, і, ұ, ү, у, и дыбыстары енеді.
Ашық дауыстылар жақтың кең ашылып, иектің төмен түсуінен
жасалады. Ал, қысаң дауыстылар жақтың тар ашылуынан жасалады. Сондай-ақ
дауыстылардың аралық белгілері де бар.
Ашық дауыстылар мен қысаң дауыстылардың аралығындағы дыбыстар о, ө, ы
дыбыстары. Дауысты дыбыстардың кӛбі ашық дауысты мен қысаң дауысты дыбыстардың
арасынан орын алады. Бұл сияқты аралық дыбыстар не ашық, не қысаң дауысты дыбысқа
бейімделуіне қарай екі топтың біріне шартты түрде бөлінеді. Дауысты дыбыстар еріннің
қатысына қарай да бөлінеді.
14-билет.
1. Регрессивті ассимиляция
Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа
артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивті ассимиляция дейміз. Жиі
кездесетін əсерлері:
1. Қ,к, п дыбыстарының біріне біткен сөздерге жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы
дауысты дыбыс болса, бұл үшеуі ұяңданып кетеді: жүрек+ім (жүрегім), қақ+у (қағу),
шап+а+ды (шабады).
2. Регрессивті ассимиляцияға ұшырайтын бұлардан басқа н дыбысы: күн+ге (күңге),
кейін+ге (кейіңге), жанпейіс (жампейіс).
Ұяңдардан қазақ тілінде з жəне ж дыбыстары ғана сөзді аяқтай алады. Оның өзінде ж
санаулы ғана түбір морфеманың құрамында ұшырайды. Ал з дыбысы одан əлдеқайда
актив.
Тоғыспалы ассимиляция
Морфемалар аралығында қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі
дыбысқа акустикалық жағынан, ал кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа артикуляциялық
жақтан ықпал етуінің де алмасуға ұшырауын тоғыспалы ассимиляция деп атайды.
Мысалы, қан қызыл, қайран қалды, айдын көл.(МЫНАУ ОРФОГРАФИЯДАҒЫ РЕГРЕСИВТІ
АССИМИЛЯЦИЯ)шатаспаңдар
2. Еріндік пен езулік.
Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай еріндік жəне езулік болып екіге
бөлінеді: 1) еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у. Еріндік дауыстылар еріннің алға қарай


созылып, дөңгеленуі арқылы жасалады. 2) езулік дауыстылар езудің кейін тартылуы
арқылы жасалады. Олар: а, ə, е, и, э, ы, і. Тек еріндік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер:
қосу, өру, ұлу, күлу, т.б. Тек езулік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: ақыл, əдемі,
отырықшы, егінші, еңбекшіл, т.б.
15-билет.
1. регрессивті ассимилияция.
2. қазақ дыбыстар жүйесі.
Қвзақ тілінде 42 əріп, 37 дыбыс.
Классификация полный вроде.
16-билет.
1.Жартылай прогрессивті ассимиляцияның кездесетін орны.
Ассимиляция:
•Жартылай түрде ұшырайды: басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дəл өзіндей
етіп еліктірмей, бір жақты ұқсатады: қыз+ға, тас+қа. Жартылай түрдегі ассимиляция
тілімізде өте жиі қолданылады. Ал, толық түрдегі ассимиляция қазақ тілінде де, басқа
тілдерде де тым сирек кездеседі.
Жартылай ассимиляцияның кездесетін орны:
1)Түбірдің соңғы дыбысы ш болып, қосымшаның басқы дыбысы с болса, айтылуда
қосымшаның бұл дыбысы ш дыбысына айналады: жазуда ескерілмейді шаш+са (шашша),
қаш+са (қашша).
2)Алғашқы сөздің соңғы дыбысы дауысты, үнді, ұяң болып, одан кейінгі сөздің алдыңғы
дыбысы қ,к болса, айтылуда ұяңдап ғ,г дыбыстарына айналады: жазуда ескерілмейді,
атың кім?(атың гім?), ала көйлек (ала гөйлек). Сондай-ақ, с+д, т+д, ш+д келгенде д
қатаңданып, т-ға жуықтайды: тас дəуір (тас тəуір), төрт дəптер (төрттəптер).
2.Консананттардың жасалу тəсілі.
Консанантизм-өкпеден шыққан фонациялық ауаның кедергіге ұшырап шығуы.
Жасалу тəсіліне қарай: І.Кеңесбаев 2ге бөлді. Шұғыл(эксплозив):п,б,т,д,к,қ,г
Ызың(фрикатив): в,ф, х, һ, ғ, с,з, ш, ж
Ə.Жүнісбеков тоғысыңқы: п,б,т,д,м,н,ң,қ,к,ғ
жайылыңқы: ш, ж, р, й
жинақы: с, з, г, у
діріл: р
жанама: л
жабысыңқы: ж
А.Байтұрсынов жабысыңқы: п, б, т, д, к, қ, г
жуысыңқы: ш, ж, с, з, в, ф, ғ, х, һ
І.Кеңесбаев ауыз жолды: р, л, й, у
мұрын жолды: м, н, ң
А.Байтұрсынов ауыз шығысты: р, л, й, у
мұрын шығысты: м, н, ң
17-билет.


1)Төл зерттелім кезеңі:
ХХ ғасырдың басы қазақ тіл білімінің дамуы кезеңі болды.Алғашқы əлібиінің қазақ
грамматикасының дамуына үлес қосқан ұлт ұстазы,қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы
болды.Халықты тез сауаттандыру мақсатында Ахмет Байтұрсынұлы қолданыстағы араб
графикалық реформа жасап, ондағы артық дыбыстарды алып жеңілдетті.«Төте жазу»
•1928 “ Дыбыстарды жіктеу туралы” деген мақаласында жіктеуде акустикалық
айтылым,артикуляциялық қасиеттерін ескеріп жіктеген. Ғалым В.Радлов
классификациясына сүйенген.Ғалымның “Тіл туралы”атты еңбегінде тілдің дыбыстық 
жүйесі мен грамматикалық құрылымын бірлікте қарастырған.
•Ғалым Қ.Жұбанов зерттеулерімен фонетикасын жаңа сатыға көтерді.Ғалым “Фонетика-тіл
дыбыстарының тілдік ұқсас қасиеттерін тексеретін ғылым” деп нысанды жан-жақты талдап
түсіндірді.
2. Регрессивті ассимиляция.
18-билет.
1)Лингвальді аттракция
2)Орыс түркітанушылардың еңбектерін саралаңыз.
1)Лингвистикалық əдебиеттерде дауыстыларға байланысты үндесуді сингармонизм
немесе буын үндестігі не тіл нндестігі деп атайды. Еңбегімізде “тіл үндестігі”терминін
пайдаланамыз. Себебі бұл заңдылық дауысты дыбыстардың жуан жіңішкелігіне
байланысты, ал дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігі тілдің қызметіне қатысты
анықталатыны белгілі. Сондықтан бұл заңдылықты тіл үндестігі деп атаудың өзіндік себебі
бар.
Дауыстылардың бір сөз көлемінде не бірыңғай жуан,не бірыңғай жіңішке болып
ыңғайласып,үндесіп келуін тіл үндестігі деп атап жүр. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай
жуан буынды немесе жіңішке буынды болып келеді.
1. Басқа тілден енген қосымшалар тіл үндестігіне бағынбай жуан түбірге де,жіңішке түбірге
де жалғана береді .
Олар:-бан,-гер,-кер,-дар,-еке,-жан,-кент,-кеш,-көй,-гөй,-күнем,-қой,-қор,-мар,-маш,-паз,-ста
н,-тал,уар,-хана
2. Кейбір төл қосымшаларымыз жасалу ерекшеліктеріне қарай буын үндестігіне бағынбай
қалданылады.Олар: -нікі,-дікі,-тікі,-мен,-бен,-пен. Мысалы:
аға-нікі,бала-нікі,жолдас-пен,бала-мен,қағаз-бен.
3. Екі түбірден не одан да көп түбірден құрылған жалқы есімдер,кейбір термин сөздер де
буын үндестігіне бағынбайды.
Мысалы:Екібастұз,Жезқазған,Айгүл,Ербол,жерқосақ,көртышқан.
4. Қазақ тілінің орфографиялық ережесіне сəйкес х əріпінен біткен сөзге үнемі жуан
қосымша жалғанады. Бұл жерде түбірдің жуан-жіңішкелігі ескерілмейді.
Мысалы:цех-тар,тарих-тың.
5. Қазақ тілінің орфографиялық ережесіне сəйкес рк,рг,нк,нг,кс,кт,ск,лк,нкт,кль,нкт,брь,бль
дауыссыздар тіркесіне біткен сөздерне əрқашан жіңішке қосымша жалғанады.
Мысалы:банк-ке,прак-ке,бокс-ке
6. Тілімізде соңғы кезде қалыптасқан кейбір ауытқылар болғанымен,тіл үндестігі қазақ
тіліндегі ең күшті фонетикалық заңдардың бірі болып табылады.
7.


8) Қазақ тілінің фонетикасы жайлы тұңғыш пікір миссионер Н.И.Ильминский еңбегінде
айтылды. »Материалы к изучению киргизского языка» деген еңбегінің (162-бет) 140 беті
қазақша-орысша сөздіктен тұрады, ал сөздіктің кіріспесінде автор қазақ тілі, оның
дыбыстық жəне грамматикалық жүйесі жөніндегі пайымдауларын келтірген.
Н.И.Ильминский қазақ тілінің дыбыстық құрамы 8 дауысты жəне 19 дауыссыздан
тұратынын жазады.
Сөздікте келтірілген мысалдардан (бүлдірген, мұрындық) ерін үндестігінің ықпалы зор
болғандығын көруге болады. А.В.Старчевскийдің «Спутник русского человека в средней
Азии» деген 1878 жылы жарық көрген еңбегі өзбек, қазақ, татар, тəжік тілдерінің
грамматикасына арналған. Еңбекте қазақ тілінде 9 дауысты, 17 дауыссыз бар екендігі
көрсетілген.
Түркі тілдерін зерттеудің жаңа кезеңі А.В.Радлов еңбектерінен басталды. Радловтың
«Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» деп аталатын еңбегінің маңызы ерекше. Бұл
еңбекте қазақ тілінің дыбыстық жүйесі біршама дұрыс жүйеленген. Түркітанушы еңбегінде
қазақ тілінің дыбыстық жүйесін 9 дауыстыдан жəне 20 дауыссыздан тұратынын анықтаған.
Доуыстыларды ашық, қатаң, жуан, жіңішке, еріндік, езулік деп жіктейді. Ал дауыссыздарды
іштей қатаң,ұяң, үнді жəне аралық немесе у, и жарты дауысты дыбыстар деп
бөлген.Түркітанушы Радлов көп буынды сөздерде негізгі екпін сөздің соңына түсетінін
көрсетеді. Дауыстылардың сингармонизмін, дауыссыз дыбыстардың тіркесу
заңдылықтарын анықтаған.
Зерттеуші П.Мелиоранский «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деп аталатын
екі кітаптан тұратын еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық құрылымы біраз
баяндалған. Аталған еңбекте қазақ тілінің түркі халықтарының ішіндегі ең таза, ең бай тіл
екенін айта келе, араб жазуы, оның дыбыстық жүйесін дұрыс өрнектей алмайтынын,
сондықтан орыс графикасын қолдану керектігі туралы пікір айтылады. Дауыстыларды
жуан, жіңішке, ашық, қысаң деп жіктейді. Сонымен қатар, қазақ тілінде сингармонизм заңы
жақсы сақталғанын, еріндік дауыстылардың үшінші буыннан кейін əлсірейтіндігі туралы
пікір айтады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет