Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):
|
10.3.1.15 - функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын білу және қолдану;
|
Сабақтың мақсаты:
|
• Туындының көмегімен функцияның өсу және кему аралықтарын тауды меңгерту;
• функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын білу ;
• оқушылардың математикалық сөйлеу мәдениеттерін дамыту, есептер шығару барысында ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
|
Тілдік мақсаттар:
|
Пәнге тән лексика мен терминология:функцияның өсу (кему) аралықтары; туындысының таңбасы оң (теріс) болатын аралықтары.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Өспелі (кемімелі) функция деп...
Функцияның өсу (кему) аралықтары деп...
Функцияның өсу (кему) аралықтарын анықтау ережесі...
Функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шарты...
|
Күтілетін нәтиже:
|
-монотонды функциялардың анықтамасын білу және ажырата алу;
- функцияның өсу, кему аралықтары мен туындысының арасындағы байланысын анықтау;
-функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын білу;
|
Бағалау критерийлері:
|
Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:
- функцияның өсу, кему аралықтары мен туындысының арасындағы байланысын анықтау;
-функцияның туындының көмегімен өсу, кему аралықтарын табу алгоритімін білу;
-функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын білу және қолдану.
|
Құндылықтарды дарыту:
|
Құрмет, ашықтық құндылықтары, топта және жұпта жұмыс жасау ережелерін орындау арқылы және өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады;
серіктестік – топта жұмыс жасау;
еңбексүйгіштік және шығармашылық жаңа материалды өз бетімен үйрену арқылы, есептер шығару және өзара талқылау арқылы
|
АКТ-ны қолдану дағдылары:
|
Оқушылар жаңа заманауи құрылғылармен жұмыс жасауды үйренді;
Оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік берді;
АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, жаңа материалды жеңіл меңгеретін болды;
оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысы артты.АКТ құралдарымен жұмыс істей отырып оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттейді, қажеттісін таңдайды;
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік берді;
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиеледі;
Тіл байлығын жетілдірді;
Жан - жақты ізденушілігін арттырды;
|
Бастапқы білім:
|
Интервалдар тәсілі арқылы теңсіздіктерді шеше алу; туындының анықтамасы; функциялардың туындысын таба білу; туындыны табу ережелері, формулалары.
|