Газет 1936 жылғы 16 наурыздан



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата09.01.2017
өлшемі1,31 Mb.
#1509
  1   2   3   4

E

-m

ai

l:

  k

ar

at

ob

e_

on

ir

i@

m

ai

l.r

u

 Газет 1936 жылғы 16 наурыздан  

шығып келеді

   АудАНдЫҚ ҚОҒАМдЫҚ-сАЯсИ ГАЗЕТ

Жұма, 13 наурыз  2015 жыл №10 (7129) 

Алдымен аудан әкімі Асхат Шахаров ауданның қыз-

келіншектерін  айтулы  мерекелерімен  құттықтап,  жүрек 

жарды тілегін арнады.

-  Шуағын    шашқан  көктеммен  бірге  қыз-

келіншектердің мерекесі 8 наурыз да келіп жетті. 

Қазіргі қоғамда әйел – тек отбасының береке-бірлігін 

ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өміріне және 

саяси  мәселелерге  белсене  араласатын  қоғам  мүшесі. 

Қоғамдық  сана  «әйел  –  кәсіпкер»,  «әйел  –  саясаткер», 

«әйел  –  қоғам  қайраткері»  деген  жаңа  мәртебемен, 

бай  мазмұнмен  толығып  отыр,  -  деді  аудан  басшысы 

құттықтауында.

Қаратөбе өңірінде 257 «Батыр ана», 257 «Күміс алқа» 

иегері,  6  I,  II  дәрежелі  «Ана  Даңқы»  орденінің  иегері 

болса,  3  аудандық  мәслихат  депутаты,  21  басшылық 

қызметтегі әйел азаматшалар, 150 жеке кәсіпкер бар. 

Мерекелік шараға қатысушылар назарына «Қыз жаны 

көктем гүліндей...» атты сазды бағдарлама ұсынылды.

Кеште өнерпаздар Асхат Кереев «Анашым», Махамбет 

Әжіғалиев  «Көктем-қыздар»,  «Барыс»  триосы  «Ана, 

сен  бақыттысың!»  әндерін  шырқап,  нәзік  жандыларға 

мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сонымен қатар, балғын күйші Қайрат Байғұттының 

орындауындағы  Т.Момбековтің  «Салтанат»  күйі,  Ернар 

Биялиевтің  «Композициясы»  көрерменге  ерекше  әсер 

сыйлады.

Ертай БИМҰХАНОВ,

«Қаратөбе өңірі»

Ана 



 өмір шуағы

Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз 

– Халықаралық әйелдер күні мерекесіне 

арналған мерекелік салтанатты шара 

оздырылды.

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  26 сәуірде  өтетін 

президенттік сайлауға қатысады. 

Мемлекет  басшысы  «Нұр  Отан»  партиясының 

XVI  съезінде осындай шешімін жұртқа жария етті. 

Сондай-ақ  Президент  елдігімізді  бекемдейтін  5 

институционалды реформа жасауды ұсынды. Күрделі 

кезеңде бабаларымыз да құрылтай шақырған еді. Ел 

үшін сын сағат туғанда нұротандықтар бірігіп, ортақ 

шешім шығаруды ұйғарды. 

Жер-жердегі халықтың аманатын арқалай келген 

бұл азаматтардың ойы бір жерден шықты. 



Астанада «Нұр Отан» 

партиясының кезекті 

ХVІ съезі өтті

-  Батыс  Қазақстан  облысы  әкімдігі  мен 

түркиялық  «Аккюн  групп»  компаниясы 

арасында индустриялық аймақ құру туралы 

меморандумға қол қойылды.

Осыған  орай  өңірге  арнайы  келген  аталмыш 

компания  басшысы  Юсуф  Аккюнды  облыс  әкімі 

Нұрлан Ноғаев арнайы қабылдап, олардың осынау 

қадамын  қолдайтындығын  жеткізді.  Бұл  ретте 

түркиялық  компанияның  индустриялық  аймақ 

құрудағы  мол  тәжірибесі  ескерілді.  Көп  ұзамай 

аймақтың  техникалық-экономикалық  негіздемесі, 

содан  кейін  жобалау-сметалық  құжаттамасы 

жасалады.   Индустриялық  аймаққа  Самара-

Шымкент  автожолы  бойынан  1  мың  гектар  жер 

телімі  бөлінген.  Құрылыс  жұмыстары  бастапқыда 

300  гектардай  жерге  жүргізілмекші,  сосын 

кәсіпкерлер  мен  инвесторлардың  сұранысына  сай 

ұлғая бермекші. Жалпы, Батыс Қазақстан логистика, 

инфрақұрылым  жағынан  қолайлы.  Ең  бастысы, 

жоба  барынша  қысқа  мерзімде  жүзеге  асып,  екі 

жаққа да тиімді болуы керек. 



ҚазАқпарат

Жәңгір  хан  атындағы  БҚАТу-да  облыстық 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  «Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  дағдарысқа  қарсы 

шаралары  және  алдағы  сайлаудың  мәні» 

тақырыбындағы дөңгелек үстелі өтті. 

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының 

орынбасары Ғайса Қапақов жүргізген жиынға этномәдени 

бірлестіктердің төрағалары және аталмыш университеттің 

оқытушылары мен студенттері қатысты.

  Дөңгелек  үстелге  жиылғандар  тақырыпқа  қатысты 

ой-пікірлерін ортаға салды.

Дөңгелек  үстелде  сөз  алған  Жәңгір  хан  атындағы 

БҚАТУ-дың  студенттері  -  Президенттік  шәкіртақы  ие-

гері Әйгерім Ерланова және Кирилл Денисов өз ойларын 

елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу қоғамда 

тұрақтылық  пен  бірлікті  сақтаудың,  мемлекетіміздің 

кідіріссіз дамуының кепілі деп түйіндеді.

  -  Дағдарыс  -  әркімнің  миында  орын  алған  шарт-

ты  дүние  ғана  деуге  болады.  Егер  оның  бәрін  ойы-

мыздан  алып  тастап,  ел  Президенті  туғызған  қолайлы 

жағдайларды  іс  жүзінде  шындап  қолға  алар  болсақ, 

әлемдік  экономикалық  дағдарыстың  біздің  еліміз  үшін 

ешқандай қаупі жоқ, - деді отырыста сөз алған облыстық 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  төрағасының  орынбаса-

ры,  «Вайнах»  шешен-ингуш  мәдени-ағарту  қоғамының 

төрағасы Данильбек Саратов.



www.zhaikpress.kz

Өнер мен спорт жолында талай белестерді 

бағындырып,  толағай  табысқа  жетіп  жүрген 

жетістік  иелерін  құттықтаған  аудан  әкімі 

Асхат  Берлешұлы  өнер  мен  спортқа  қашанда  қолдау 

болатындығын жеткізді.

Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру,  бұқаралық 

спортты  дамыту  мен  рухани  құндылықтың  басты 

нышаны  –  өнер  болмақ.  Спорт  пен  өнерге  жете  көңіл 

бөлу – адамның жан-дүниесін байытады. Сіздерге алдағы 

уақытта зор табыс, шығармашылық жетістіктер тілеймін, 

- деді аудан басшысы құттықтауында.

Жылы  шырайлы  қабылдауда  сөз  алған  аудандық 

мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт 

бөлімнің  басшысы  Бақытжан  Жүсіпқали  спортшылар 

мен өнер өкілдеріне ықылас танытып, қолдау білдірген 

аудан басшысына рақметін айтты.

Айшықты  шарада  жеңімпаз  спортшылар  мен  өнер 

майталмандарына дипломдар табыс етілді. 

Тоты АсҚАРҚЫЗЫ,

«Қаратөбе өңірі»

Жетістік ел мерейін өсіреді

Таяуда аудан әкімі Асхат 

Шахаров салауатты өмір салтын 

берік ұстанған жас спортшы 

өрендермен қатар үш жүзге ән 

оздырған сал Мұхит пен жезтаңдай 

әнші Ғ.Құрманғалиевтің ізін 

жалғастырушы өнер өкілдерін 

қабылдады. 


қоғам

Жұма

13 наурыз 2015 жыл  

Мұхит  атындағы  тарихи-

өлкетану мұражайы мен Қаратөбе 

балалар  мен  жасөспірімдер 

саяхаты 

және 


экология 

орталығының ұйымдастыруымен 

өткен 

шараның 


мақсаты  

Қаратөбе  өңірінен  ел  қорғауға 

аттанған  жауынгерлер  туралы 

іздестіру-зерттеу  жұмыстарын 

жүргізу,  Ұлы  Отан  соғысына 

қатысқан  майдангерлер  туралы 

деректер жинақтау. 

Мұрағат 


деректеріне 

сүйенсек,  Қаратөбе  ауданы 

бойынша  3752  азамат  майдан 

даласына аттанса, олардың 1027-

сі елге аман-есен оралып, өңірдің 

гүлденуі мен өркендеуі жолында 

түрлі  салада  абыройлы  қызмет 

атқарған.  

-  Елім  деп  өткен  майдангер 

ағалардың 

бірі 

Кенжебай 



Мәденовтің  есімі  жұртшылыққа 

етене таныс.  

ҰОС ардагері, подполковник 

К.Мәденов 1905 жылы 19 ақпанда 

Қаратөбе  ауданы  Қаракөл  ауыл 

кеңесінде дүниеге келген. 

1943  жылы  әскер  қатарына 

шақырылып,  майдан  шебінде 

жүріп, 

Украина, 



Польша, 

Германия,  Берлин  жеріндегі 

ұрыстарға қатысқан.

К.Мәденов  1945  жылдың 

29 

сәуірінде 



Германияның 

«Империя  кеңсесі»  атанған 

Ратушаға  алғаш  ту  тіккендердің 

бірі.  Маршал  Жуков  мақтаған 

қазақ  осы  Кенжебай  Мәденов 

екендігін ел-жұрт жақсы біледі.   

Жерлесіміз  соғыстан  кейін 

1948-74  жылдар  аралығында 

Қазақ    КСР  МҚК-нің  Атырау 

облыстық басқармасында қызмет 

еткен. 

Ағымдағы  жылы  Кенжебай 



Мәденовтың  туғанына  90  жыл 

толатындығы  Ұлы  Жеңістің 

70 

жылдығымен 



тұспа-тұс 

келіп  отыр,  -  дейді  аудандық 

мұражай  меңгерушісі  Ажар 

Берікқалиқызы.

Ата-баба  мұрасын  жинақтау 

мақсатында жол сапарға шыққан 

экспедиция мүшелеріне сәт-сапар 

тілеп,  сөз  алған  аудан  әкімінің 

орынбасары  Сатқан  Өмірзақов, 

Қаратөбе  ауданының  құрметті 

азаматы, өлкетанушы Қайыржан 

Хасанов,  К.Мәденовтың  туысы 

Сағима  Далабаевалар  ауқымды 

шараның 


маңыздылығын 

ықыласпен атап өтті.

Экспедиция  мүшелері  Орал 

қаласына  аялдап,  облыстық 

тарихи-өлкетану 

музейіндегі 

көрменің  ашылу  салтанатына 

қатысады. 

Одан  соң  көш  Атырау 

қаласына 

сапарлап, 

шаһар 


төрінде  ҚР  Ұлттық  Қауіпсіздік 

комитетінің 

республикалық 

ардагерлер 

қоғамдық 

бірлестігінің  Атырау  облыстық 

филиалының  төрағасы  Әділхан 

Ақботинмен және К.Мәденовтың 

ұрпақтарымен кездеспек.

Топ  Атырау  қаласындағы 

ҚР 

Ұлттық 


Қауіпсіздік 

комитетінің  және  де  орталық 

мұражайға  экскурсия  жасап, 

мұрағат 


материалдарымен 

жұмыстанады. 

Экспедиция 

жоспарына 

«Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын 

қою,  қаланың  көрікті  жерлеріне 

саяхат  жасау,  подполковник 

К.Маденовке арналған іс шараға 

қатынасу енген. 

Ертай сАҒЫНдЫҚҰЛЫ,

«Қаратөбе өңірі»

Экспедицияның Атырауға сапары

Ұлы Отан соғысының ардагері, подполковник 

Кенжебай Мәденовтың 90 жылдығына арналған 

«Ерлікке толы ұлы жол» ұранын ұстанған аудандық 

туристік-өлкетану экспедициясы мүшелері Атырау 

қаласына аттанды.

8  наурыз  –  Халықаралық 

әйелдер күні мерекесіне арналған 

мерекелік  шарада  алдымен 

бүлдіршіндер  ақ  жаулықты 

әжелерге шуақты өлең жолдарын 

арнап, ал-қызыл гүлдер ұсынды.

Дәстүрге  айналған  сайыс 

«Мен 

анамын 


ұрпағын 

әлдилеген... 

(таныстыру 

рәсімі),  «Білгенге  маржан» 

(үй 

тапсырмасы), 



«Сыр 

сандық»  (сұрақ-жауап  сайысы), 

«Әжелердің таңсық тағамы-ай!» 

(ұлттық  тағам  түрлерін  әзірлеу) 

шарттарынан тұрды.

Ауданның 

ауылдық 


округінен 

келген 


әжелер 

белгіленген  шарттар  бойынша 

өнер 

көрсетіп, 



білім-

біліктіліктерін ортаға салды. 

Қазақтың  қанына  біткен 

ұлттық 


өнер 

дәстүрдің 

озығын  насихаттап,  сахналық 

көріністер қоюмен қатар, қазақы 

дастарқанның  сән-салтанатын 

келтірген  әжелердің  өнері  мен 

шеберлігі көпшілікке ой салды.

Әсіресе, 

үшағаштық 

Әлия 


Жұбашеваның 

өзін-


өзі  таныстыруы,  егіндікөлдік 

Қырмызы  Уашеваның  ұлттық 

дәстүрге  сай  келін  түсіру 

көрінісін бейнелеуі көрерменнен 

өз бағасын алды. 

Кеште 


мәдениет 

қызметкерлері 

Нұршат 

Исламғалиев, 



Тұрсынбек 

Ахметов,  Альфия  Исламова, 

Ернар 

Биялиевтер 



сазды 

сәлемдер жолдады.

Сайысты 

қорытындылап 

сөз  алған  қазылар  алқасының 

төрайымы  Сәния  Сәндібекова 

барша  нәзік  жандыларды  төл 

мерекелерімен 

құттықтап, 

марапаттау салтанатын жүргізді.

Байқауға 

қатысушыларға 

аудандық  мәдениет,  тілдерді 

дамыту, 


дене 

шынықтыру 

және  спорт  бөлімі  атынан 

арнайы  дипломдар  мен  бағалы 

сыйлықтар табыс етілді.

Ертай БИМҰХАНОВ,

«Қаратөбе өңірі»

Жиынның  басты  мақсаты   

мүмкіндігі  шектеулі  балаларды 

заманауи  үрдістерге  сай  оңалту 

және тәжірибе алмасу.

Семинарға Бөрлі, Шыңғырлау, 

Теректі,  Сырым  аудандарынан 

және 


Қаратөбе 

ауданының 

ОЖББ  мектептерінен  логопед, 

дефектолог мамандары қатысты. 

Шара        ППТК  меңгерушісі  

А.Зейнуллиннің  кіріспе  сөзімен 

ашылып, 

аймақтық 

ПДПК 

меңгерушісі А.Сағынғалиеваның 



және  аудандық  білім  беру 

бөлімінің әдіскері К.Наукееваның 

құттықтау сөздерімен жалғасты. 

Кабинеттің  қызметі  туралы  

шағын  бейне  ролик  көрсетіліп, 

психолог,  ЕДШ маманы, логопед, 

әлеуметтік  педагог,  дефектолог, 

Саз  ритмика  мамандары    түзеу-

дамыту сабақтарын өткізді.

Қатысушы 

әріптестер 

тәжірибе  алмасу  мақсатында 

өздерінің    шеберлік  сағаттарын  

көрсетіп, өз ой-пікірлерін ортаға 

салды.  Семинардың  соңында 

кабинетте 

тәрбиеленуші 

балалардың әзірлеген концерттік 

бағдарламасын тамашалады.

сағат ТЕМІРҒАЛИЕВ,

ППТ кабинетінің әдіскері

Ислам 


құндылықтары, 

мұсылманның  көркем  мінезі  мен 

салиқалы  сипаттары  арқау  болған  

«Имандылық  –  басты  құндылық» 

тақырыбында рухани шара өтті. 

Кездесу  барысында  аудандық 

ішкі саясат бөлімінің басшысы Абат 

Зейнуллин  сөз  алып,  ислам  дінінің 

асыл  құндылықтарына  тоқталып, 

ислам діні адам баласына тура жол-

ды насихат ететін дін екендігін жет-

кізді. 


Одан  кейін  сөз  алған  аудандық 

жастармен 

жұмыс 

жөніндегі  



ресурстық 

орталығының 

тео-

лог  маманы  Әмірбек  Жәнібеков 



жас 

ұрпақты 


имандылыққа, 

отансүйгіштікке  тәрбиелеу,  көркем 

мінезді болуға, салиқалы ілім алуға 

шақырды.  Мектеп  оқушылары 

көкейде  жүрген  сауалдарын  жол-

дап, сұрақтарына нақты жауаптарын 

алды. 

Сөз  соңында  Қаратөбе  мектеп-



гимназиясының директоры Берікжан 

Ғарапшиев  сөз  сөйлеп,  тәуелсіз 

еліміз  егемендігін  алғаннан  кейін 

ата дініміз бен салт дәстүрлерімізге 

қайта  қауышып,  жастарға  үлгі 

боларлықтай  істер  атқарылып,  өз 

нәтижесін беріп жатқандығын тілге 

тиек етті. 



Өз тілшіміз

4 наурызда Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс 

орталығының бастамасымен ұйымдастырылған 

аудандық «Қайран біздің әжелер арды ойлаған...» атты 

байқау мәреге жетті.

Әже әлдиі 

көңіл тербеді

Имандылық – басты құндылық

Аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық жастармен жұмыс 

жөніндегі  ресурстық орталығының теолог маманы Әмірбек 

Әлібекұлы Қаратөбе мектеп-гимназиясының 10-11-сынып мектеп 

оқушылармен кездесті. 

Мерейтой  

қарсаңындағы жиын

  Қаратөбе ауданының  психологиялық-

педагогикалық түзеу кабинетінің  құрылғанына - 10 

жыл толуына орай 27 ақпан күні «Арнайы білім берудің 

даму жолы » атты аймақтық семинар оздырылды.

Дөңгелек  үстел  барысын-да 

қазақ хандығының      құрылуы, 

қазақ  хандарының  жүргізген 

саясаты  жөнінде  әңгіме  өрбіді.

Жиын 

барысында 



қазақ 

хандығының  тарихына  шолу 

жасап  “Қазақ  елі”,  “Ұлы  дала 

дүбірі”  -  атты  бейне  баяндар 

көрсетілді.        Мектебіміздің 

8-сынып  оқушылары  Ақбота 

Сафиуллина  Қазақ  хандығының 

құрылуы 


туралы 

айтып 


кетсе,  Асылай  Алтай  “Қазақ 

хандығының аумағы мен халқы” 9-

сынып оқушысы Айнұр Кәрімова 

“Қазақ  хандарының  жүргізген 

сыртқы 

саясаты”жөнінде 



баяндады. 

Сонымен 


қатар 

оқушылардың 

пікірін 

білу 


үшін, 

олардың 


ойларымен 

бөлістік.  Қазақ  хандығының 

550  жылдық  тарихымен  танысу 

кезінде  жалпы,  қазақ  жерінде 

мемлекеттің басталғанына 3 мың 

жылдай  уақыт  өткенін  байқап 

отырмыз.  Елбасы өзі “Ғасырлар 

тоғысында”  деген  еңбегінде 

“Қазақ  хандығы  бүкіл  Орталық 

Азиядағы ең алғашқы құрылған 

ұлттық сипаттағы мемлекет”деп 

айтқан  болатын.  Мемлекеті  бар 

халық бақытты халық. Мемлекеті 

жоқ  халықтың    территориясы, 

экономикасы, тілі, діні мәдениеті 

мен  рухани  өмірі  болмайды. 

Тіпті ондай халықтың болашағы 

да 


бұлыңғыр. 

Сондықтан, 

биылғы  мемлекеттік  мейрам  

қазақ    мемлекетін    ұлықтайтын  

мереке. 

Осы 


іс-шараны 

ұйымдастыруға    атсалысқан 

Гүлнұр  Қайыржанқызы  мен 

тәлімгерді  атап  өтуге  болады. 

Бұндай    шаралар  әлі  де  өз 

жалғасын табады.   



                                    

 Асылай  АЛТАй, 

Қаратөбе  мектеп-

гимназиясының

 8-сынып оқушысы

Жұма

13 наурыз 2015 жыл 

3 бет

Жеңіс

Майдангердің 

әкесі 

Ынтағали  ақсақал  заманында 



ауданға  танымал  бақшашы 

болған. Егіндікөлдегі бұлақ басы 

маңынан  жары  Айсұлу  екеуі 

бақша  салып,  қауын-қарбыз, 

картоп,  асқабақ  еккен.  Қиын-

қыстау  кезеңде  ел-жұртты  бау-

бақша  өнімдерімен  қамтамасыз 

еткенге ұқсайды.

Балалық  кезде  аға  тәлімін 

көрген  майдангердің  туған 

қарындасы,  Орал  қаласының 

тұрғыны,  сексеннің  сеңгіріне 

шыққан ақ жаулықты әже Назым 

(Ынтағалиева) Ахатова:

-  Біздің  туып  өскен  жеріміз 

– Қаратөбе ауданының Егіндікөл 

аймағы. Руымыз – Сейтек. Әке-

шешеден  Қамия  (1914  жылғы), 

Есалы  (1924  жылғы),  Нұралы 

(1927  жылғы)  және  мен  (1935 

жылғы)  төрт  баламыз.  Бүгінде 

солардан  қалған  көзі  тірісі 

жалғыз мен ғана.

Ағам  Есалы  ақ-сары,  ұзын 

бойлы,  талдырмаш  келген  кісі 

болатұғын.  7  кластық  мектепті 

бітірген.  Кейіннен  Қаратөбе 

ауданы  орталығында  әртістер 

құрамында жұмыс жасаған.  

Ол 


1942 

жылдың 


қыркүйегінде 

Ұлы 

Отан 


соғысына  аттанады.  Ол  кезде 

менің  мектептің  1-сыныбына 

қабылданған  кезім.  Қолымнан 

жетектеп,  мектепке  тоғыз  күн 

қатарынан  арқалап  барғаны 

есімде. 


Майдан 

даласына 

аттандырып, жылап-сықтап қала 

бердік... 

1942 

жылы 


жауынгер 

Е.Ынтағалиев  майданға  кетіп 

бара  жатып,  соқыршегі  ұстап, 

Челябинск 

қаласында 

ота 


жасатады.

Ауруханадан 

шыққан 

бойда  елге  хат  жолдайды. 



«Операциядан  шыққаныма  жеті 

күн  болды.  Ішім  әлі  ауырып 

тұр.  Алайда  Отан  үшін  соғысқа 

кетіп барамын, - деген алғашқы 

хатында. 

«Подвиг 


народа» 

сайтында 

Е.Ынтағалиевтің 

соғыс  даласында  көрсеткен 

ерлігі 

туралы 


марапаттау 

парақшасының  бірінде:  «1943 

жылғы  шілде  айындағы  ұрыста 

Ынтағалиев  жолдас  ерекше 

батырлық 

пен 


өжеттілік 

танытты.


1943  жылдың  23  шілдесінде 

Е.Ынтағалиев  жолдас  Орлов 

облысының 

Васильевка 

ауылын  жаудан  азат  ету  кезінде 

Неручь  өзені  арқылы  бір  топ 

жауынгерлермен  бірге  өтіп, 

ержүректілігімен 

жаудың 

бетін  бері  қаратпай,  жеке  өзі  4 



немістің  көзін  жойып,  12  неміс 

басқыншысын тұтқындайды. 

1943 жылдың 26 шілдесі күні 

аталмыш  облыстың  2  Братское 

ауылын  жаудан  қорғау  кезінде 

Ынтағалиев  жолдас  ротаны 

алғашқы  боп  алғы  шепке  алып 

шығып,  неміс  қару-жарағы 

жасырынған  бекініске  жасырын 

еніп,  6  неміс  басқыншысының 

көзін құртқан» - деп жазылған.

Ефрейтор Есалы Ынтағалиев 

48-армияның 

137-атқыштар 

дивизиясының  624  атқыштар 

полкінің 1 атқыштар ротасының 

бөлімше командирі болған. 

Майдан 


даласында 

жауынгерлік  кескін-келбетімен 

ерекше көзге түскен ол лейтенант 

шеніне дейін көтерілген.

Ал, 

екінші 


марапаттау 

парақшасында:  «1944  жылдың 

30 наурызында Могилев облысы 

Быхов  ауданы  Сутаки  ауылын 

жаудан  қорғауда  Ынтағалиев 

жолдас жау жасағы шоғырланған 

бекініске 

алғашқы 


болып 

взводты шабуылға қосып, жауға 

қарсы оқ боратып, жау бекінісін 

бұзады.  Осы  ұрыста  ол  6  неміс 

басқыншысының  көзін  жойып, 

бір  неміс  офицерін  тұтқындап, 

одан құнды мәлімет алады.

Неміс 


басқыншылары 

қарсылық көрсеткен кезде взвод 

түгелімен  дерлік  жауға  қарсы 

тұра  білген.  Осы  кескілескен 

шайқаста  ержүрек  жауынгер 

ерлікпен қаза табады.

Майдан даласында көрсеткен 

жауынгерлік  өжеттілігі  мен 

батырлығы 

үшін 


жоғары 

наградаға  лайық  деп  танылды» 

- делінген.

Басшылық  марқұм  болған 

жауынгер ерлігін жоғары бағалап, 

«І  дәрежелі  Ұлы  Отан  соғысы» 

орденіне  ұсынады.  Алайда  оған 

«ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы» 

ордені беріледі.

Қаратөбе аудандық қорғаныс 

істері 

жөнінде 


бөліміндегі 

тіркеу  кітабында:  «42-атқыштар 

корпусы 

137-атқыштар 

дивизиясы  3-атқыштар  полкінің 

6-атқыштар  ротасының  взвод 

командирі  Есалы  Ынтағалиев 

1942  жылдың  9  қыркүйегінен 

Кеңес  әскері  қатарына  алынған. 

1943  жылдың  15  мамырында 

майдан  даласына  аттанған. 

1944  жылдың  30  наурызында 

қайтыс  болған»  -  деген  дерек 

келтірілген. 

Ал, 

Батыс 


Қазақстан 

облысының  «Боздақтар»  зерде 

кітабының  5  томының  293 

бетінде  Есалы  Ынтағалиев 

жөнінде  «Ынтағалиев  Есалы 

–  1924  ж.  Егіндікөл  селосында 

туған.  Қазақ.  Лейтенант.  1944 

ж.  сәуірде  ұрыста  қаза  тапқан. 

Могилев 

обл. 


Быховский 

ауд.  Красная  поляна  дер-да 

жерленген» - делінген.

Соғыстан  елге  оралмаған 

боздақтың 

есімі 


Қаратөбе 

ауданы  орталығындағы  Ұлы 

Отан  соғысынан  оралмаған 

жауынгерлерге 

арналған 

«Мәңгілік  алау»  ескерткішінің 

тақтасында жазылған.

-  Ұмытпасам,  1944  жылдың 

күзінде  елге  ағамың  қайтыс 

болғандығы  жөнінде  қарақағаз 

келеді. Ал, 1945 жылы шешемізді 

Қаратөбеге  шақыртып,  ағам 

Есалының  ерлікпен  қаза  тауып, 

орденмен  наградталғанын  айтса 

керек,  аудан  басындағылар. 

Содан жәрдемақы тағайындалып, 

анам  дүниеден  озғанша  ақша 

алып тұрды. 

Бүгінде 

ағам 


Есалыдан 

қалған  естелік  –  суреті  ғана. 

Бұл - ағамның майдан даласына 

аттанбас  бұрын  түскен  суреті. 

Төрімде  ілулі  тұрған  аяулы 

ағамның 


бейнесіне 

қарап, 


шүкіршілік  етемін,  -  дейді 

майдангердің қарындасы Назым 

әжей жанарына жас алып.

Соғыс 


жылдарының 

қиындығын  бір  кісідей  басынан 

өткерген  Назым  Ынтағалиқызы 

да  кезінде  аянбай,  тер  төгіп, 

еңбек  еткен.  Еңбегі  еленбей 

қалған  жоқ.  Елге  сыйлы  тыл 

және еңбек ардагері. 

Әйтсе  де  Назым  әжей 

ағасы  Есалы  Ынтағалиевтің 

жауынгерлік  «Қызыл  ту»,  «ІІ 

дәрежелі  Ұлы  Отан  соғысы» 

ордендерімен  наградталғанын 

бізден естіді. Ал, қалың көпшілік 

бұл  жөнінде  мүлдем  бейхабар 

болуы  ықтимал.  Сол  себепті  де 

біздің мақсат Ұлы Отан соғысы 

кезінде  ерлікпен  қаза  тапқан 

жауынгер  Есалы  Ынтағалиев 

есімін ұлықтау болды. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет