1. Білім беру процесінің субъекттері Субъект категориясы



Дата06.01.2022
өлшемі44,5 Kb.
#14709

1. Білім беру процесінің субъекттері

2. Субъект категориясы

3 Білім беру процесінің субъекттеріне тән ерекшеліктер

Қазақстан қоғамы өміріндегі демократизациялау үдерісі білім беру жүйесіндегі өзгерістерді талап етеді, ал ол өз кезегінде адамдардың жоғары қажеттіліктерін қанағаттандырып, оларды  өзгерте  отырып  білім  беру   жүйесінің жаңаруына   ықпал   етеді.   Өмірдің    сапасы   ең бірінші тұлғаның білімділік сапасымен анықталады. Білім берудің сапасы жəне оның тиімділігі – білім берудің өзекті мəселелерінің бірі. Білім берудің сапасын анықтауда сараптама жүргізу тиімді əдістердің бірі болып табылады.

Қазіргі таңда білім жүйесіндегі сараптама мəселесініңмаңызыартыпкеледі. Педагогикалық тəжірибенің əртүрлілігі білім саласындағы болып жатқан үдерістердің, білім жүйесі мен педагогикалық қызметтің нəтижелігін талдауды талап етеді. Сараптама дегеніміз – əртүрлі салалардағы арнайы таным, білім мен білік талап ететін қандай да бір мəселеге зерттеу жүргізу. Сараптаманың ғылыми-зерттеуден айырмашылығы, ол құбылыстарды емес, болып кеткен жағдайды жəне оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Білім жүйесіндегі сараптама, сарапшылар тарапынан жасалынатын педагогикалық жүйелердің белгіленген нормалар мен стандарттарға сəйкес келу деңгейін зерттеуді меңзейді. Жалпы алғанда, білім беру жүйесіндегі сарапшы  білім  беру  бағдарламасындағы   өзара байланысты сақтайды жəне білім беру қызметінің барлық субъектілерінің сабақтастық байланыстарын ескереді.

 Білім беру жүйесіндегі сарапшылардың орны мен рөлі Осыған байланысты түрлі  авторлар  сарапшының  орны  мен  рөлін,  сарап-  тама субъектілері мəселелерін көптеген методологиялық, кейде саяси ұстанымдар тұрғысынан анықтауға тырысады. Мəселен, Б.Н. Пойзнер мен Э.А. Соснин сарапшы жұмысының мазмұны мен қызметін синергетика мəтінінде талдау негізінде мынадай қорытынды шығарады: сараптамаға білім беру тəжірибесінің дамуының құралы ретінде қарап, сарапшының «орны»білім беру жүйесі бас-  тан кешіріп отырған бифуркацияның (бифуркация латынша «bifurcus» – екі жүзділік деген мағынаны білдіріп, түрлі объектілердің тəуелді көрсеткіштері өзгерген кезде, əр алуан сапалы қайта құрулар мен метаморфозаны айқындау үшін қолданылады) дағдарыстық нүктесінде екендігін байқамауға болмайды. Осы жерде сарапшының белсенділігі мен қабылдағыштығы арқасында, жүйенің кейінгі кездегі баламалы жолдардың қай түрімен дамуын меңгеруге болады. Сондықтан да қазіргі жаһандану заманында білім жүйесінің түрлі өзгерістерге жəне толықтыруларға ие болуы, білім беру саласын сараптамадан өткізуді талап етеді.

Білім беру жүйесіндегі сарапшының орны мен рөлі зор, əрі келешекте аталмыш саланың дамуына     сараптамалық     зерттеулер   өзіндік әсерін  тигізуі  мүмкін.  Сарапшының  белгілі  бір ұйым жəне жобадағы алатын орны мен рөліне тоқталатын болсақ, сырттан айтылған көзқарасты білдіреді. Алайда көп жағдайда гуманитарлық құраушыға бағытталған білім берудегі сараптама, аталмыш көріністі біршама өзгертті. Соған қарамастан, сарапшының кəсіби ұстанымының мағыналық мазмұны өзгеріссіз қалды. Осылайша, əртүрлі елдердегі кəсіби сараптамалық ассоциациялардың мүшелері, тіптен білім беру саласындағы сарапшының тиімді ұйымдардың сыртқы агент болуына көңіл бөледі. Олар ақиқаттан қашпай, нақты тенденцияларды, қорытындыны ескеруге тырысады.

Ю.В. Громыко сарапшының арнайы ұстанымын жəне оның қоғамдағы білімнің миссиясын, аймақтың əлеуметтік-экономикалық, саяси дамуына, білім берудің дамуының ішкі жəне сыртқы əлеуметтік-мəдени жағдайларының өзгерісіне ықпалын нақтылайды.

Атақты əлеуметтанушы Н.Е. Покровский сарапшының ұстанымын саяси-экономикалық ұстанымдар тұрғысынан қарастырады. Н.Е. Покровский өз зерттеулерінде: «Қазіргі əлемде бейімделу стратегиясы немесе «екі жақты ойын» ұсынылатынын айтады». Сарапшылар ірі бизнес пен мемлекеттік құрылымдардың ережелері бойынша ойнап, олардың сұраныстарын жақтау керек. Алайда корпорациялар мен үкімет қаржыландыратын зерттеулердің түбінде, сарапшылар ғылыми қағидаларға сүйеніп, тапсырыс берушіге емес, ғылымға керекті жұмысты жүргізуді жалғастырады. Н.Е. Покровскийдің сарапшы ұстанымына қатысты пікірлерін саралай келе, ол сарапшының тапсырыс берушінің мүддесін емес, ғылымға қажетті жұмыс жүргізуіне ерекше мəн беретіндігін анықтадық.

Сараптаманың негізін  жəне  басқа  зерттеу жұмыстары түрлерінен айырмашылығын қарастырсақ,    көптеген    авторлар    тапсырыс беруші мен сарапшы арасындағы ұстанымдарының міндетті түрде бөлінуі туралы қорытындыға келетіндігін байқадық. Осы орайда, С.Л. Братченконың ойын айта кеткен жөн. Оның пікірі бойынша, шешім қабылдайтын тұлға мен сарапшы əртүрлі адамдар болуы тиіс. Сарапшыдан ешкім іс-қимыл мен шешім күтпеуі керек. Сараптама – сұраққа жауап қайтару үдерісі. Ең қиыны, сұрақтардың субъектілерін анықтау болып табылады. Осылайша, сараптама жағдайында бір-бірінен тəуелсіз, міндетті белгілеудің негізі болып табылатын тапсырыс беруші мен сұрақтарға жауап қайтарушы сарапшы ерекшеленеді. Ғалымның тұжырымдамасы бойынша, сарапшының жұмысын атқару барысындағы тапсырыс берушіден тəуелсіздігі, əрі шешімді қабылдағанда объективтілік, субъективтілік жəне шынайылықтың болуы.

Бұл мəселе  бойынша  В.И.  Слободчиковте өз пікірін айтып өтті. Ол əрбір əлеуметтік қауымдастық өздерінің мүдделері мен ісқимылдарының субъектілері ұстанымынан мынадай қорытындыға келеді:

əрбір əлеуметтік топ өзінің мүдделерін ескере отырып, сараптамаға тапсырыс беруге құқылы;

əрбір сараптама тапсырыс берушімен міндетті түрде жобаланбайтын, негізгі мақсаты мен құндылықтарына ие болады;

сараптама жоғары деңгейдегі төзімділікті қажет етеді, себебі көп жағдайда сарапшының жұмысы тапсырыс берушінің мүдделерінің қорғалу көрінісімен сəйкес келмей жатады;



сараптаманың нысаны түрлі болуы мүмкін: білім беруді құру, оқу бағдарламалары мен методикалары, даму бағдарламалары, конкурстар жəне т.б.

Білім беру жүйесіндегі сараптама субъекті мəселесінде субъектілік қатынастардың сызбасы, тапсырыс беруші мен орындаушының өзара іс-əрекетімен шектелмейді. Онда міндетті түрде үшінші жақ – сарапталатын тарап болады. Əдетте, сарапталатын тарап, сараптамалық қызметтің нысаны ретінде қарастырылады. Алайда білім саласында көбіне гуманитарлық сараптама туралы айтылатындықтан, талдаудың нысаны белгілі бір жағдайда оның субъектісіне айналады. Шын мəнісінде, сараптамалық қызметтің субъектілік ұстанымдары физикалық немесе заңды бір тұлғада сəйкестенуі ықтимал. Жоғарыда айтылып кеткендей, көп жағдайда сараптамаға   тапсырыс   беруші   сарапталатын субъектіге айналады жəне сараптаманың атқарушысы болуы мүмкін. Мұндай ұстанымдардың өзара бітісуінің күрделі жүйесі, сараптаманы жүзеге асыру барысында, əсіресе оның гуманитарлық аспектісінде белгілі бір қиыншылықтарға əкеліп соқтыруы  мүмкін.

Білім беру саласында сараптамалық қызметтің жүзеге асырылуының басты факторына əкімшіліктің, оқытушылар, оқушылар мен ата-аналардың сараптамалық топ мамандарымен конструктивті ынтымақтастыққа дайын болуы жатады. Бір жағынан, қажетті ақпаратты жинауға жан-жақты ықпал етуге дайын болу. Екінші жағынан, сараптамалық топтың шешімдері  мен нұсқаулықтарына көңіл салып, сеніммен қарауға деген əзірлік.

Сараптамалық қызметтің субъектілерін зерттеу бойынша ауқымды жұмыстар сарапшының кəсіби жəне жеке сипаттамасына арналған. Аталмыш қызығушылық, сарапшымамандарға сұраныстың артуымен жəне осындай мамандандырылған кəсібилерді дайындайтынинститутционалдықұрылымныңболмауымен түсіндіріледі. Сарапшының негізгі сипаттамасын белгілеу үшін, зерттеу авторлары сараптамалық жұмыстың түрі мен деңгейі бойынша түрлі классификацияларды келтіреді. Мысалы, Н.Г. Алексеев сараптамалық қызметтің негізгі екі бағытын көрсетеді: пəндік бағытсарапталатынинновациялықсаладағытəжірибесі бар маман; қызметтік бағыт қызметтің талдаулық тəжірибесіне, инновациялық жұмыстың құралдары мен мақсаттарын анықтауға қабілетті маман.

Н.Г. Алексеев басқа авторларға қосылып, сараптамалық жұмыстың үш деңгейін бөліп көрсетеді: бағалаушылық, кеңес берушілік; алынған мазмұнды пайдалану бойынша, қимылдардың стратегиялық басқарылуы мен келісілуі .

Осы екі ұстанымнан, білім беру  саласындағы сараптаманы жүргізуге,  соны-  мен қатар қазіргі таңдағы білім жүйелерін жобалау мен ұйымдастыруға дайын маманның бейнесі қалыптасады. Сөзсіз мұндай маман философиялық, əлеуметтік, басқарушылық, педагогикалық, психологиялық білім мен технологияларды синтездейтін, сəйкес методологияға ие болуға міндетті.

Білім беру жүйесіндегі сараптамадағы негізгі жайт білім берудегі баланың, оқытушының, басқарушының, ғалымның санасы мен тұлғасының өзгеруіне байланысты, білім беру тəжірибесінің антропологиялық өлшемі өзгеруде. Осындай өзгерістерді сезу үшін сарапшы тұлғалық даму мен сана-сезімнің өсуі үдерісіне қосылуы тиіс. Кері жағдайда, сарапшы орын алып жатқан өзгерістерге сезімсіз қалады. Сонымен қатар сарапшының кəсіптік деңгейіне қойылатын талаптар жоғары бола-  ды. Белгілі бір саладағы нақты адамды сарапшы ретінде анықтауға мүмкіндік беретін төрт белгі бар: кəсіптік деңгейінің мерзімі, кəсіби қызметінің күрделілік деңгейі, кəсіби қызметінің көпқырлылығы, кəсіби қызметінің жетістігі.

Негізінен, сарапшының кəсіби біліктілік саласы нақты сұрақ қойылып  отырған  саладан болуы міндетті емес, ең бастысы оның тəжірибесі  сараптаманың  міндетін  орындауда құндылыққа ие болуы тиіс. Зерделеу барысында байқағанымыз, соңғы кездері білімнің көлемі мен құрылымының өзгеруінің екпіні соншалықты, тіптен қарапайым адамға қол жетімсіз болып отыр. Сондықтан да сарапшы тек мамандық иесі ғана болмай, кəсіби зиялы болуы абзал. Яғни жобалардың мүмкін болар салдарларын кең көлемде болжай алатын қабілетке ие болуы қажет.

Сарапшыға қойылатын талаптардың бірі – олар зерттеу жəне тəжірибелік жұмысты жүргізуде зор тəжірибеге ие болуы қажет. Сараптаманың нысандарын бағалауда қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді, соның ішінде инновациялық жобаларды пайдалану-сарапшылар жұмысының тиімділігін айтарлықтай көтереді. Кəсіби тəсіл, тəуелсіздік, қатаң халықаралық стандарттарға сəйкес келу сараптамалық бағалардың жоғары сапасының кепілі болып табылады.

Осы салаға өз үлесін қосқан ғалымдардың бірі – Д.А. Иванов. Ол сарапшының позициясын анықтайтын төмендегідей құнды құраушыларды атап өтті:

сарапшы педагогикалық ұжымның ниеті, мақсаты мен міндеті бағытындағы позитивтік өзгерістерді қамтамасыз ету;

сараптамамен белгіленген жүзеге асулардың өзгеруі жағдайында қолдауды қамтамасыздандыру;

бақылаушы қызметті нормаларға сəйкес бағаламай жəне өзінше түсіндірмей, жағдайды анықталмаған ретінде қабылдау;

педагогикалық ұжымды өздерінің жеке қызметін сараптаудың жүзеге асырылу үдерісіне қосу. Мəселен,  нəтижелердің  барысы   туралы хабарлау жəне сараптаманы ұйымдастыру мəселелерін талқылау;



педагогикалық ұжым мүшелеріне өзінің сараптамалық қызметі мен шешімдерінің негізін хабарлау.

Сараптаманың тым субъективтілігі, бірінші жақтан сарапшылардың өзіне тиімсіз. Осы үдерістің қиыншылықтарын жеңудің басты құралы сарапшының креативтілігі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет