Геоақпарат жүйелер ұғымы туралы Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (гаж)



бет1/3
Дата30.09.2023
өлшемі20,78 Kb.
#111945
  1   2   3

1 дәріс ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР


1. 1 Геоақпарат жүйелер ұғымы туралы


Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (ГАЖ) – бұл кеңістіктік мәліметтерді және олармен байланысты кеңістіктік емес мәліметтерді жинауды, сақтауды, өңдеуді, талдауды және көрсетуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе, сонымен қатар олардың негізінде географиялық кеңістік туралы ақпараттар мен білімдерді алу.
Географиялық немесе кеңістіктік мәліметтерді әртүрлі қызмет түрлерімен айналысатын ұйымдар қолданатын айналымдағы барлық ақпараттардың жартысынан астамы құрайды, мұнда объектілердің кеңістіктік орналасуын есепке алу қажет. ГАЖ кеңістіктік мәліметтерді талдау негізінде тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау мүмкіншілігін қамтамасыз етуге бағытталған.
ГАЖ анықтамасындағы басты түсінік – кеңістіктік мәліметтерді талдау немесе кеңістіктік талдау. ГАЖ төмендегі сұрақтарға жауап бере алады:
– аталмыш салада не болуы мүмкін екендігіне?
– берілген шарттар жинағын қанағаттандыратын саланың қайда екендігіне?
Қазіргі заманғы ГАЖ жекелеген тақырыптық қабаттар түрінде сызбалық мәліметтерді сақтау арқылы, сонымен қатар оларды құрайтын мәліметтер базасы түріндегі объектілердің сапалық және сандық сипаттамасын сақтау арқылы карталарды қолдану аясын кеңейтті. Басқарудың ыңғайлы механизмдері болған жағдайда мәліметтерді бұлайша ұйымдастыру түбегейлі жаңа сараптамалық мүмкіншіліктерді қамтамасыз етеді.


1.2 Географиялық жүйелердегі «мәліметтер», «ақпараттар», «білімдер»
Ақпараттық жүйедегі операцияларға қатысты «мәліметтер», «ақпараттар», «білімдер» терминдерін нақтыласақ, бұлардың ортақ түсініктеріне қарамастан, олардың бір-бірінен ерекшеленетіндігін де байқауға болады.
Мәліметтер дегеніміз – объектілер туралы мәлім фактілердің жиынтығы немесе осы объектілерді өлшеу нәтижелері. Мәліметтер – ақпараттар құру процесіндегі құрылыс элементі сияқты, себебі ол мәліметтерді өңдеу барысында алынады.
ГАЖ қатысты қолданылатын ақпарат дегеніміз – объекті туралы біздің біліміміздің мөлшерін анықтайтын мәліметтердің жиынтығы.
Мұндай түсінікте білімді ақпараттың интерпретациясы нәтижесі ретінде қарастыруға болады. Ең жиі таралған анықтама: білім – тәжірибеде расталған шынайылықтың танымдық нәтижесі. Ғылыми білім өзінің жүйелілігімен, негізделушілігімен және жоғары құрылымдық дәрежесімен ерекшеленеді.
Ақпараттық жүйелерді білім алудың тиімді құралы ретінде қарастыруға болады.
«Мәліметтер», «ақпараттар» және «білімдер» терминдерінің арасындағы айырмашылық техникалық жүйелердің даму тарихында байқалады, өйткені бастапқыда мәліметтер банкі пайда болса, кейіннен ақпараттық жүйелер, содан кейін білімге негізделген жүйелер – зияткерлік жүйелер (сараптамалық жүйелер) пайда болды.
Қазіргі уақытта бағдарламалық өнімдер нарығында кеңістікпен бөлінген ақпараттармен жұмыс істейтін жүйелердің бірнеше түрлері ұсынылған, оларға көбінесе автоматтандырылған жобалау, автоматтандырылған картография және ГАЖ жүйелері жатады. ГАЖ басқа жүйелермен салыстырғанда кеңістіктік мәліметтерді талдаудың дамыған құралдарына ие.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет