Геодезиялық және картографиялық өндірістік қызметтің түрлері мен процестері СТ КЗ тауардың шығу сертификаты
Практикалық жұмыс №3
Геодезиялық қызметтің негізгі міндеттері
Қазіргі индустральды құрылыс әдістері кезінде, құрылыс жүріп жатқан жер монтаждау алаңына айналып, ондағы істелетін геодезиялық жұмыстар технологиялық үрдістің айырылмас бір бөлігіне айналады. Сондықтан геодезиялық жұмыстардың (өлшеулерге) дәлдігіне қойылатын талаптар арта түседі. Бұл талаптар жалпы құрылыстық, монтаждау және арнаулы жұмыстарға, яғни алаңда істелетін жұмыстардың барлығына бірдей келісілген графикпен атқарылады.Барлық құрылыстық, монтаждау және арнаулы жұмыстарды геодезист орындайды және оны геодезиялық өндірістік қызмет деп те атауға болады.
Құрылыс ұйымы геодезиялық қызметінің негізгі міндеттері мына талаптамен анықталады.
Геодезиялық қызметтің негізгі міндеттеріне:
.
құрылыс өндірісін жобалау, дайындау және геодезиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру кезеңдеріндегі жоба авторларымен жобалау және құрылыс шешімдерін талқылау және келісу
геодезиялық бөлу жұмыстарын жүргізу және бақылаудың технологиялық карталарын талқылау және келісу
жобалау ұйымдарынан объектінің бөлу негіздері мен техникалық құжаттамасын акті бойынша қабылдау, оларға далалық тексеріс жүргізу
топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау, техникалық құжаттаманы есепке алу және сақтау, өлшеу құралдарының жағдайын бағалау
жаңа геодезиялық әзірлемелерді, спутниктік, навигациялық жүйенің инновациялық технологиясын, электрондық тахеометрияны, аэро және жер беті фотограмметрияны сандық фотограмметрияның автоматтандырылған жүйесін пайдалану арқылы енгізуге көмек көрсету(1,2-сурет)
1-сурет. Спутниктік навигациялық жүйе
2-сурет. Электрондық тахеометр
.
.
топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізу кезінде еңбекті қорғау;
(3-сурет. Геодезисттің геодезиялық жұмыс жүргізу барысы)
құрылыс ұйымына замани геодезиялық жүйе мен аспаптарды (электрондық тахеометр, теодолиттер, лазерлік қашықтық өлшеуіштер, объектілер, нивелирлер, ротациялық нивелирлер) енгізу;
өлшеу жүргізудің және топографиялық-геодезиялық жұмыстарды бақылаудың жаңа әдістемелер мен техникалық карталарды құрылыс процесіне енгізу және құру
геодезиялық аспаптар мен қосымша құралдардың орташа мерзімін ескерумен оларды жөндеу және тексеруді бақылау
3-сурет
Геодезиялық қызметтің негізгі қызметтері
Геодезиялық қызметтің функциясына:
а) құрылыстың барлық сатысындағы инженерлік-геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
б) бөлу негіздерін тапсырыс берушіге қалпында бекіту туралы акт бойынша өткізу;
в) координаталардың және қада белгілері, құрылыс торлары, сұлбалар мен абристер орындарының биіктік катологы, олардың орналасуы, жоспарлары мен профилдері, негізгі коммуникация жолдары, құрылыс басталғанға дейін геодезиялық іздестіру туралы қысқаша есеп беру;
г) бас жоспар мен бөлу сызбаларын жобалау ұйымдарының сапалы және дұрыс құрастыруын бақылау;
д) атқарушы түсірілім мен есептік құжаттама құрастыру кіреді.
Сертификаттау
Сертификаттау латын тілінен аударғанда «дұрыс жасалған деген» мағынаны білдіреді. Өнімнің «дұрыс жасалғанын» білу үшін, оның қандай талаптарға сәйкес келетінін және осы сәйкестіктің сенімді дәлелдемесін қалай алу керектігін білу қажет. Халықаралық тәжірибеде осындай дәлелдеу әдісі – сертификаттау болып табылады.
Өнімді тұтыну немесе қолдану үшін жасайды. Өнімнің өмірлік кезеңінің тізбегінде дайындаушы «бірінші жақ» болып есептелінеді, және ол өзінің жақсы өнім шығарғанына сенімді болады.
Осы тізбекте «екінші жақ» тұтынушы болып табылады. Шығарылатын өнімнің болашағы тұтынушының бағасына байланысты.
Осы тізбекте «Үшінші жақ» дайындаушыға да, тұтынушыға да тәуелді емес орган болып есептелінеді. Халықаралық тәжірибеде өнімнің сәйкестігін бағалауда үшінші жақ өткізетін сынақ ңәтижелері объективті және сенімді болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Техникалық ретттеу туралы» заңына сәйкес сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, қызметтің, нормативтік құжатттарда көрсетілген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.