Геометриялық ұғымдарды оқытуда интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдану Кіріспе



бет1/8
Дата01.05.2023
өлшемі63 Kb.
#88670
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Геометриялық ұғымдарды оқытуда интерактивті тақтаны қолдану


МАЗМҰНЫ
Кіріспе…………………………………………………………………………3
1. Математика сабағында ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі
1.1. Интерактивті тақта түсінігі, ерекшеліктері……………………………..5
1.2.Интерактивті тақтаны қолдану негіздері…………………………………8
2.Геометриялық ұғымдарды оқытуда интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдану
2.1. Геометрия сабағын оқытуда интерактивті тақтаны қолдану жолдары……………………………………………………………………...13
2.2. Геометрия сабағын оқытуда интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін кеңейту ……………………………………………………………………….18
Практикалық бөлім……………………………………………………………25
Қорытынды…………………………………………………………………....27
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………….29


(Геометриялық ұғымдарды оқытуда интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдану)
Кіріспе
Ақпараттық коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.
Тақырыптың өзектілігі: ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі бағдарламалық-техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады.
Оқыту программасы жоғары сапасының негізгі көрсеткіші - білім берудің тиімді болуы. Компьютерлік жүйенің бейнелеп көрсету мүмкіңцікгері мен оның интеракгивті түрде сабақ өткізуді ұйымдастыру деңгейі өздігінен оқыту программасының пайдалылығын өсіреді деп айтуға болмайды. Программа тиімділігі оның жақынға немесе кейінге жоспарланған сабақ мақсаттарын қандай деңгейде орындауды қамтамасыз ете алатынымен, мысалы, олардың компьютерде жұмыс істеу мүмкіндіктерін дамыту сияқты істермен анықталады. Кез келген мәселені шешу жолында - графиканы пайдаланудан бастап, оқушыларды жекелеп оқыту ісін жүргізуге дейін басты шарт болып оқу мақсатын орыңдау есептелуі тиіс. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика түрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай пайдаланылуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет