Геронтология, ал жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім гериатрия



бет1/4
Дата14.09.2023
өлшемі24,24 Kb.
#107103
  1   2   3   4

 Дүние жүзінде қарт адамдардың абсолюттік саны күннен күнге өсіп бара жатқандықтан, олар туралы мәселелер де өте тереңдеп бара жатыр. Осы мәселені зерттейтін ғылым «геронтология» деп аталады, яғни ол термин «герон» — қарт, «логос» — ғылым деген екі сөздің тоғысуынан шыққан. Поль де Кюридің айтуы бойынша, бұл терминді алғаш рет Илья Мечников ойлап тапқан. Геронтология қартаю процесін ғана зерттемейді, ол сонымен қатар қартаю кезеңіндегі адам денсаулығын және өмір ұзақтылығына да мән береді.
Қартаю барлық табиғи ағзалар әлеміне тән, тек адам үшін ол экономикалық, әлеуметтік және психологиялық процестермен сабақтасады. Геронтологияның қазіргі кезде жеке дамыған бөлімі — әлеуметтік геронтология. Ол өмір ұзақтығын және өмірдің салтын зерттейді.
Геронтология ғылымының мағынасын түсіну үші, оның дамуының сатыларын қысқаша болса да білу қажет. Қартаю заңдылықтарын зерттейтін ілім геронтология, ал жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім гериатрия деп аталады.
Геронтология ұғымының қай кезеңде пайда болғаны туралы әртүрлі пікірлер айтылады. Бір зерттеушілер геронтология ерте заманда пайда болған ғылым деп айтады, яғни ол ерте замандағы медицина ғылымының атасы Гиппократ және Ибн-Сина, философтар Цицерон және Сенеки аттарымен байланысты деген. Ал кейбіреулерінің пайымдауы бойынша геронтология өз бастауын кейінгі жүзжылдықтың екінші жартысында, қарт адамдардың саны едәуір өскен шағында пайда болды дейді. Осы уақытта ең алғаш геронтологияның ғылыми-зерттеулік институттары құрылған. Осы айтылған екі пікір де дұрыс деп айтылады, яғни геронтология – жас ғылымдардың ішіндегі ең көнесі және көне ғылымдардың ішіндегі ең жас ғылым болып саналады.
Қоғам мәдени дамыған сайын, адам өмір тарихында өмірді ұзарту және өлімді ысырып тастауға әр уақытта әр түрлі амал-тәсілдер іздеген, бірақ оның нақты эксперименталдық жұмыстары мен практикалық қорытындысы XX ғ. ғана қолданыла бастады.
Геронтологияны мәдениеттің құрдасы деп те айтуға болады. Ерте ғасырлардан бері ғалымдар қартаю кезінде жастықты артқа қайтару үшін көптеген амалдар іздеген. Әр ғасырда қартаю ғылымы жаңа білімдер жинай бастады, әрине ол әр түрлі бағыттағы мамандармен байланысты, яғни олар: дәрігер – физиологтар, филологтар және биологтар, психологтар және социологтар, демографтар және этнографтар, тарихшылар және құқықтанушылар.
Бірақ бұл ғылымның пайда болуына өз үлестерін қосқан ғылымдардың қатары бұдан да көп. XX ғасырда геронтология жаңа, өте жас ғылымдардың жетістіктеріне байыды: биохимия, биофизика, психоаналитика, психофизиология және т.б. Негізінен геронтология – комплекстік тәртіпаралық зерттеулер негізіндегі ғылым болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет