Гистология және цитология кафедрасы


Физиологиялық регенерациясы



бет5/11
Дата27.04.2022
өлшемі24.43 Mb.
#32547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Физиологиялық регенерациясы


Сүйектің физиологиялық регенерациясы периосттың остеогенді жасушалары арқылы өтеді, бірақ өте баяу жүреді. Сүйектің жарақаттанып сынғаннан кейінгі регенерациясы, егер сынған сүйектің ұштары ығысып кетпесе тез жүреді. Бұл процеске- остеогенезге қатысатын жасушалар: остеобласттар мен остеокласттар қатысады. Алғашқы сүйектену кезеңінде дәнекер тінді шеміршек аралшықтары пайда болып, одан кейін екіншілік остеогенез процесі жүреді.

СҮЙЕКТІҢ ҚАЙТА ҚҰРАСТЫРЫЛУЫ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР


Сүйек тінінің қайта құрылуының мәні- остеокластардың сүйекің ескі бөліктерін бұзуымен бір мезетте – синхронды, остеобласттар мен остеоциттердің үздіксіз жаңа сүйек табақшалар мен остеондарды жасауы. Сүйек тінінің қайта құрылуы арқасында сүйектің үздіксіз физиологиялық регенерациясы және минералдық гомеостазы қамтамасыз етіледі.Остеокласттар сүйек затын бұзып, онда резорбциялық каналдар жасайды. Оның ішіне остеогенді ізашар-жасушалармен қортын өндіретін остеобласттарға дифференцияланады.

Сүйек тінінің қайта құрылуына әсер ететін сыртқы факторларға механикалық күш-салмақ жатады. Ол артқан жағдайда остеоблаттардың белсенділігі күшейеді, бұл өз ретінде остеондар мөлшерінің көбеюіне, сүйек тінінің тығыздалына және беріктігінің ұлғаюына әкеледі.

Сүйек тінінің қайта құрылуына тағы пьезоэлектрлік эффект- сүйекке механикалық жүктеме түскен кезде онда пайда болатын электр құбылыстары әсерін тигізеді. Сүйектің деформациясы кезінде, қысылу әсерінен сүйек табақшасының ойыс беті- теріс, ал дөңес жағы оң зарядталады.

Сүйек тінінің қайта құрылуына әсер ететін ішкі факторларға қалқанша бездің, қалқанша маңы бездің, жыныс бездерінің және гипофиздің гормондары жатады. Әсіресе, паратирин және кальцитониннің рөлі өте маңызды. Олардың антагонистік әсері қанда кальций иондары деңгейінің

тұрақтылығын қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет