Глоссарий аграфия (гр т. grapho – жазу) – сөйлеу қабілетінің түрлі кемшіліктеріне байланысты жазу қабілетінің бұзылуы. Алексия



бет1/3
Дата23.09.2023
өлшемі21,41 Kb.
#109942
түріАнализ
  1   2   3

ГЛОССАРИЙ 

Аграфия (гр.т.grapho – жазу) – сөйлеу қабілетінің түрлі кемшіліктеріне байланысты жазу қабілетінің бұзылуы. 
Алексия (грек тілінен leis-оқу)- бас миының зақымдалу салдарынан оқу қабілетінің жойылуы. Ол жазу қабілетінің жойылуымен (аграфиямен) және сөйлеу тілінің бұзылуымен тығыз байланысты. 
Анамнез (грек т. anamnesis- еске түсіру)- ауру адамның тұрмыс жағдайы және оның сыртқатының басталу себебі мен даму барысын білдіру туралы мағлұмат. 
Анартрия ( гр.т.arthroo-буын) – сөйлей алмау. Анартрия дизартрияның ауыр түрі. Дыбыс жарғақтарын қозғауға қатысатын еттің салына байланысты сөйлеу қабілетінен толық айырылу. 
Анализатор- сыртқы және ішкі дүниенің күрділі тітіркендіргешерін жеке элементтерге ажыратып, яғни талдау (анализ) жасайтын нервтік механизм. 
Аппарат (гр.т. apparatus) – адамның, жануар мен өсімдіктің организмдеріндегі ерекше бір қызметті атқаратын мүшелердің жиынтығы (мысалы, ас қорыту аппараты, артикуляциялық аппарат). 
Артикуляция (лат.т. articulare - бөлшектеу, айықындап анық айту) – сөйлеу тілі мүшелерінің дыбыстарды айтқан кездегі қажетті орнымен іс-қимылдары, атқаратын қызметтері. 
Афазия (гр.т. phasis - сөйлеу тілі) – жартылай немесе толығынан сөйлеу қабілетінен айырылу. Мидың жарақаттануынан, мидағы абсцесс, энцефалит ауыруларының негізінде пайда болады. 
Белсенді сөз қоры- сөйлегенде жиі пайдаланатын сөздер. 
Билингвизм ( лат.т.-lingua- тіл) – екі тілде бірдей сөйлеу. 
Брадилалия (гр.т.-lalia -сөйлеу) –cөйлеудің баяулауы. 
Брока орталығы – сөйлеу тілінің моторлық жағын ұйымдастыруын қамтамасыз ететін, бас миының сол жақ жартысында орналасқан бөлігі. 
Вернике орталығы – ми қыртысындағы сөзді қабылдау орталығы. 
Дизартрия – сөйлеу барысында көбінесе сал ауруына, түйілуге, гиперкинезге байланысты сөзді анықтап айта алмау, яғни артикуляцияның бұзылуы 
Дисграфия- жазудың қабілетінің жартылай бұзылуы. 
Дислалия (гр.т. dis- бұзылу, lalia - сөйлеу тілі) – тіл мүкістігінің ең көп тараған түрлерінің бірі. Дислалаия адамның есту қабілеті дұрыс дамыған кезіндегі және сөйлеу тілі аппаратының нервтенуі сақталған жағдайындағы дыбыстардың бұзылып айтылуымен айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет