Глоссарий Антициклон



бет1/4
Дата02.12.2022
өлшемі2,63 Mb.
#54279
  1   2   3   4
Байланысты:
глоссарий



Глоссарий


Антициклон (грекше anti– қарсы, cyclon- айналым) - біркелкі қысым сызықтарыментұйықталған, атмосфералық қысымы жоғары аймақ, яғни жоғарғы қысым жүйесі.
Қысым орталығынан шетіне қарай төмендей береді. Соған сәйкес жел антициклонның орталығынан шетіне қарай және Жердің өз осінің айналуының ықпалымен Солтүстік жарты шарда оңға, Оңтүстік жарты шарда солға қарай бұрыла соғады
Ауа массасы - көлем жағынан құрлық пен мұхиттардың бөліктерімен салыстырылатын, көлденең бағытта біртұтас бүтін тәрізді ауысатын және біртектес метеорологиялық элементтерден тұратын тропосфераның төменгі қабатыңдағы ауа аумағы.
Ареал - (лат. area – алаң, кеңістік) - өсімдіктер мен жануарлар түрінің, туысының, тұқымдасының құрлықта не судағы таралған аймағы; берілген таксон таралып және оның дамуынын толық циклі өтетеін жердің немесе теңіздің беті (түр, топ, қатар және т.б.). Ареал онда ағзалар соның бойымен немесе бірқалыпты орналасса ол тұтас болады, егер ағзалардың таралуы екі немесе бірнеше бір-бірінен оқшауланған аймақтармен шектелсе онда бөлінген болады.
Архипелаг - бір-біріне жақын орналасқан аралдар тобы. Бір архипелагқа кіретін аралдардың шығу тегі мен геологиялық құрлысы бірдей болып келеді. Осыған қарай оларды материктік, маржандық, вулкандық деп үш түрлі атайды.
Абсолюттiк биiктiк (лат. толық, тәуелсіз) - жер бетінің кез келген нүктесінен теңіз деңгейіне дейінгі аралықтың тік бағытта өлшенетін қашықтық мөлшері;өлшеу нүктесі теңіз деңгейінен жоғары болған жағдайда абсолюттiк биiктiк көрсеткіші оң мағыналы, ал төмен болған жағдайда теріс мағыналы болып шығады.
Атмосфера - жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийдентағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты.
Ауа массалары - тропосфераның көлбеу бағытта біртұтас болып қозғалатын ірі, біртекті бөліктері. Белдемдік орнына байланысты: арктикалық (Оңт. жарты шарда – антарктикалық), қоңыржай белдеулік, тропиктік және экваторлық болып негізгі 4 түрге бөлінеді.
Бұғаз - құрлықтың екі телімін бөліп жатқан және жеке мұхиттар мен теңіздерді немесе олардың бөліктерін жалғастыратын айтарлықтай тар су кеңістігі. Әдетте, бұғазға өзіндік ерекше гидрологиялық жүргі (режім) тон.
Биосфера – тірі ағзалар өмір сүретін, өзара байланыс, қарым- қатынас жасайтын табиғи орта – атмосфера, гидросфера, литосфера қабаттарының түйісуіндегі ерекше қабат. “Биосфера” терминін 1875- жылы Э.Зюсс ұсынған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет