Гротескілік әңгімелер



Дата02.12.2022
өлшемі48,55 Kb.
#54395

Гротескілік әңгімелер

Орындаған : ҚТ-19-1 Мәді А.

Гротеск – фантастикалық формада қорқыныш пен күлкіні, сұрықсыздық пен асқақтықты байланыстыратын, үйлеспейтін жайларды үйлестіріп, нақтылық пен жүзеге аспайтын нәрселерді, қазіргі мен келешекті араластырып, қайшылықтырды ашып көрсететін күлкі тудыру тәсілдерінің бірі. Гротескіде сырттай шындыққа сәйкессіздікпен қатар, фантастикалық бейнелеудегі маңызды өмірлік құбылыстардың терең көркем жинақталуы болады.

  • Гротеск – фантастикалық формада қорқыныш пен күлкіні, сұрықсыздық пен асқақтықты байланыстыратын, үйлеспейтін жайларды үйлестіріп, нақтылық пен жүзеге аспайтын нәрселерді, қазіргі мен келешекті араластырып, қайшылықтырды ашып көрсететін күлкі тудыру тәсілдерінің бірі. Гротескіде сырттай шындыққа сәйкессіздікпен қатар, фантастикалық бейнелеудегі маңызды өмірлік құбылыстардың терең көркем жинақталуы болады.

Т. Шапай «Тарғыл», «Сайтан», «Ауыз бен құлақ» шығармаларында да түрлі деңгейде гротескілік ұлғайту тәсілін пайдаланып, қоғамдағы, адам болмысындағы келеңсіздіктерге, мәнсіз тірліктерге көңіл аудартып, әжуалайды.

  • Т. Шапай «Тарғыл», «Сайтан», «Ауыз бен құлақ» шығармаларында да түрлі деңгейде гротескілік ұлғайту тәсілін пайдаланып, қоғамдағы, адам болмысындағы келеңсіздіктерге, мәнсіз тірліктерге көңіл аудартып, әжуалайды.

Мысал формасында жазылған «Тарғыл» әңгімесінде қалаға жаңадан келген мысық туралы баяндайды. Оның қайдан келгенін ешкім білмейді, жүрмеген жері жоқ, ақыры осында келіп тұрақтайды. Жұрт ол туралы әңгімені сан-саққа жүгіртеді. Тарғылдығына қарай біреулер оны жабайы екен дейді, енді біреу «бұл мысық жолбарыстың күшігі екен» деген сөз таратады. Өзі де жұртпен солай танысады. Сөйтіп оған надан мысықтар табынады. Қартайған, беделді жолбарыстар Тарғылды қызық көріп, еркелетіп, ойнатып жүреді. 

  • Мысал формасында жазылған «Тарғыл» әңгімесінде қалаға жаңадан келген мысық туралы баяндайды. Оның қайдан келгенін ешкім білмейді, жүрмеген жері жоқ, ақыры осында келіп тұрақтайды. Жұрт ол туралы әңгімені сан-саққа жүгіртеді. Тарғылдығына қарай біреулер оны жабайы екен дейді, енді біреу «бұл мысық жолбарыстың күшігі екен» деген сөз таратады. Өзі де жұртпен солай танысады. Сөйтіп оған надан мысықтар табынады. Қартайған, беделді жолбарыстар Тарғылды қызық көріп, еркелетіп, ойнатып жүреді. 

Ал Тарғылдың арманы, дәмесі – жолбарыс болу. Оның абыройы күннен-күнге өсіп, кесек толғап, ірі сөйлеп, көзге түседі. Жұрт оны мойындай бастайды. Тарғыл мысықтардың абыройын көтеріп, жолбарыстарды кішірейтуге жұмыстанады, «Біз мысықтарша көбеюіміз керек, дене тұрқымызды мысықша шағындап, кішіреюіміз керек. Сонда қалаға бәріміз сиямыз» дейді. Тіпті «аралас некені» насихаттап, өзі бір сұлу «жолбарысшамен» көңіл қосып та үлгереді. 

  • Ал Тарғылдың арманы, дәмесі – жолбарыс болу. Оның абыройы күннен-күнге өсіп, кесек толғап, ірі сөйлеп, көзге түседі. Жұрт оны мойындай бастайды. Тарғыл мысықтардың абыройын көтеріп, жолбарыстарды кішірейтуге жұмыстанады, «Біз мысықтарша көбеюіміз керек, дене тұрқымызды мысықша шағындап, кішіреюіміз керек. Сонда қалаға бәріміз сиямыз» дейді. Тіпті «аралас некені» насихаттап, өзі бір сұлу «жолбарысшамен» көңіл қосып та үлгереді. 

Алайда, бұл әрекетінен түк шықпайды: «жас, сұлу жолбарысшамен екі ай қара тер боп алысқан Тарғыл, ақыры шаршап, «мінезіміз жараспады» деген сылтаумен ажырасып тынады» [6, 127]. Енді жолбарыстардың бұрынғыдай зор дауыспен арылдап, күркіреуінің орнына мысықша мияулауын салт етеді. Бұрынғы өлген жолбарыстарды «мысық» деп жариялайды. Арада бірнеше жыл өтсе де, мысық өспейді. Алайда жолбарысша ішіп-жеп, жолбарысша қи тастайды. Оның нәжісінен үйіліп, тау түзіледі.

  • Алайда, бұл әрекетінен түк шықпайды: «жас, сұлу жолбарысшамен екі ай қара тер боп алысқан Тарғыл, ақыры шаршап, «мінезіміз жараспады» деген сылтаумен ажырасып тынады» [6, 127]. Енді жолбарыстардың бұрынғыдай зор дауыспен арылдап, күркіреуінің орнына мысықша мияулауын салт етеді. Бұрынғы өлген жолбарыстарды «мысық» деп жариялайды. Арада бірнеше жыл өтсе де, мысық өспейді. Алайда жолбарысша ішіп-жеп, жолбарысша қи тастайды. Оның нәжісінен үйіліп, тау түзіледі.

Тарғылдың қоңсығына шыдамаған бір сақа жолбарыс жиналыс өткізіп:

  • Тарғылдың қоңсығына шыдамаған бір сақа жолбарыс жиналыс өткізіп:
  • «Бұл не? Тарғылдікі – мешкейлік пе, әлде жолбарыстық па?» деген мәселе көтереді. Мысықтар қауымы оған наразылық білдіреді. Тарғыл қатты ашуланып, сақа жолбарыстың тұмсығына тырнағын салып жібереді. Шошып кеткен жолбарыс
  • қағып қалғанда, байқаусызда қата тиіп, Тарғыл көз жұмады. 

Бүкіл шаһар аза тұтады. Бәрібір Тарғылдың кім екенін ақыры анықтай алмайды. Осы шағын мәтінде автор гротескімен қоғамдағы өз әлін білмей, жоғары билікке ұмтылған, елдің көзін алдап, «аңқау елге арамза молда» болмақ кейбір адамдарды әжуалайды. Қазіргі қоғамда мұндай дүмшелер аз ба?! Олардың опа бермейтіні, алайда шамалыға алдырмай, қулықпен талай сұмдықтарға апарып соқтыратыны, ақыры «көп асқанға бір тосқан» табылары мысалдың түйіні арқылы әйгіленеді.

  • Бүкіл шаһар аза тұтады. Бәрібір Тарғылдың кім екенін ақыры анықтай алмайды. Осы шағын мәтінде автор гротескімен қоғамдағы өз әлін білмей, жоғары билікке ұмтылған, елдің көзін алдап, «аңқау елге арамза молда» болмақ кейбір адамдарды әжуалайды. Қазіргі қоғамда мұндай дүмшелер аз ба?! Олардың опа бермейтіні, алайда шамалыға алдырмай, қулықпен талай сұмдықтарға апарып соқтыратыны, ақыры «көп асқанға бір тосқан» табылары мысалдың түйіні арқылы әйгіленеді.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет