Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет12/50
Дата06.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#7753
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50

Әлқожаева Нұрсұлу Сейіткерімқызы
п.ғ.к., доцент, ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті деканының орынбасары
+77074300432, nalgozhaeva nalgozhaeva@mail.ru
Жантеева Ақбота Болатқызы
ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің магистранты
+77078966891, bota_zhan.05@mail.ru 
ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ 
СТУДЕНТТЕРДІҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН 
ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Түйін. Соңғы жылдары жаһандану әлемде түрлі әлеуметтік, қоғамдық өзгерістер туындатты. Соның негізін-
де, әр ұлттың өзіндік құндылықтары жойылып, жалпыадамзаттық құндылықтарға нұқсан келді. Әсіресе, жастар 
арасындағы рухани-адамгершілік құндылықтарының әлсіреуі өзекті мәселеге айналып отыр. Берілген мақалада, ав-
торлар, заманауи технологиялардың тәрбие үдерісінде студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын дамы-
ту әлеуеті жайлы айтып өткен. Өзекті мәселелердің шығу тегін қарастыра отырып, өзіндік ұсыныстарын, шешу 
жолдарын көрсеткен. Әсіресе, педагогикалық технологияны тәрбие үдерісінде қолданудың артықшылығы, жолдары 
көрсетілген.  Сондай-ақ, оқу орындарында осы мәселені шешуге бағытталған ұйым құру маңыздылығы айтылып 
өткен. Жоғары оқу орындарында осы ұсыныстар негізінде жұмыстар атқарылса, салдары қандай болатыны жай-
ында  болжамдаған.  Мақалада  авторлардың  пікірінше,  Блум  таксономиясын  студенттердің  рухани-адамгершілік 
құндылықтарын дамытуда қолдану тиімді нәтиже беретіні жайлы жазылған.
Кілт сөздер: құндылық, рухани-адамгершілік құндылықтар, Блум таксономиясы, ақпарат, педагогикалық техно-
логия.
Резюме. Глобализация, в последние годы, несет с собой социальные и общественные изменения в мире. От этого, 
есть угроза исчезновения национальных и общечеловеческих ценностей. В особенности, актуальна проблема духов-
но-нравственных ценностей студентов. Авторы хотели раскрыть потенциал современных педагогических техноло-
гии в развитии духовно-нравственных ценностей студентов. В данной статье рассмотрены причины актуальных 
проблем. Показано эффективность использования педагогических технологии в воспитательном процесе. А так же, 
предложено, создать организацию для решения данной проблемы. Авторы предполагают хорошие результаты, если 
будут проводиться работы в высших учебных заведениях, на основе их рекомендаций. В статье обоснована эффек-
тивность использования таксономии Блума в развитии духовно-нравственных ценностей студентов.
Ключевые  слова:  ценность,  духовно-нравственные  ценности,  таксономия  Блума,  информация,  педагогическая 
технология.
Summary. The potential of modern pedagogical technologies in improvement of students' spiritual and moral wealth
Annotation: In last years globalization has made different social changes. Because of this, every nation self wealth and 
humanity wealth has been suffered. Especially, the weakening of spiritual and moral wealth between the young people becomes 
very important. In the given article authors discuss about the potentials to improve the students' spiritual and moral wealth. 
There is written about the advantages of using pedagogical technology and importance of creating of the  centers in the 
educational institution. How would be results if these discussed methods will used in a high school. 
Keywords : spiritual and moral wealth, Bloom's taxonomy, information, pedagogical technology. 
Мемлекет  саясаты,  соның  ішінде  азиялық 
өңірде  орналасқан,  білім  беру  саласындағы  жүл-
дегер-елдердің білім беру саясаты ұлттық басым-
дылықтарды,  өзінің  дәстүрлі  мәдениетін  Шығы-
стың  дәстүрлі  құндылықтары  мен  бағдарын 
сақтауға,  шығармашыл,  бірегей  ойлайтын,  үй-
лесімді және рухани бай жеке тұлғаны тәрбиелеуге 
әрі оқытуға бағытталған. Білім беру саласындағы 
басқа да жүлдегер-елдер осы қағидатты ұстанады. 
М. Дулатовтың: «... тәрбиеші баланы ұлттық тәр-
бие  рухында  тәрбиелеуге  міндетті,  себебі  әрбір 
бала  өзінің  ұлттық  ортасында  өмір  сүреді  және 
өз ұлтына қызмет ететін болады», - дей келе, ру-
хани-адамгершілік  құндылықтарын  дамытуда 
ұлттық тәрбиеміздің орнын ерекшелей түседі. Біз 
жастарды тәрбиелеуде және оқытуда ғасырлық та-
рихи тамыры бар дәстүрлі қазақ халық тәрбиесінің 
негізгі  идеялары  мен  құндылықтарын  қалпына 
келтіріп, кеңінен пайдалануымыз керек. [1] 
Жаһандану  –  әлемге  тұтыну  қолжетімділігін, 
мобильділік,  ақпарат  ауқымдануын  ғана  емес, 
мәдениеттердің  араласып,  рухани-адамгершілік 
құндылықтардың  жойылу  қаупін  ерте  келді.  Бұл 
жағдай, әсіресе, жастар, студенттер арасында көп-
теп байқалуда. Студент – (латын. studens – еңбек-
тенуші, іс атқарушы) белгілі бір салада, білім ала 
отырып, мамандық алу мақсатында жан-жақты ең-
бек етіп жүрген ізденуші. Студент үшін ең маңыз-
ды біліктердің бірі – ақпаратты талдай, таңдай алу. 
Себебі,  ізденушіге  түрлі  ақпарат,  таңдау  кезігеді. 
Әр  түрлі  мазмұндағы  ақпараттар  ауқымы,  ненің 
дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата алмай, қателік-
тер  жасауға  алып  келуде.  Бұл  ақпараттарға:  БАҚ 
жаңалықтары, әлемдік сән өнеркәсібі, кино, музы-
ка, тұтынушылық идеологиясы т.б. жатады. Ұлттық 
менталитеттен ауытқу, тұтынушылық мәдениеттің 

80
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
төмендеуі,  түрлі  мазмұндағы  ақпараттарға  қарсы 
иммунитетті  әлсірете,  тіпті,  жоя  түсуде.  Өскелең 
жас ұрпақ – ұлттың болашағы болғандықтан, олар-
дың бойында, сол иммунитетті қалыптастыру ке-
зек  күттірмейтін  мәселе  болып  отыр.  Сондықтан 
да,  білім  ордаларының,  осы  мәселені  шешудегі 
әлеуетін  анықтауымыз  қажет.  Анализ  жасай  ала-
тын,  сыни  ойлай  білетін  студент,  алынған  ақпа-
ратты  тиімді  пайдалана  білсе,  қоғамға  пайдалы 
тұлға  болып  қалыптасады.  Осы  орайда,  «жоғары 
оқу орындары, студенттердің бойында, ақпаратпен 
дұрыс  жұмыс  жасау  білігін  қалай  қалыптастыра 
алады?» - деген сұраққа жауап іздеп көреміз.
Ақпаратпен  дұрыс  жұмыс  жасай  алу  білігінің 
астарында  –  студенттің  жан-дүниесі,  өмір  сүру 
салты, ұстанымы, білім алу қайнары, тәрбие дең-
гейі  жатыр.  Рухани-адамгершілік  құндылықта-
рын сақтап, дамытып отырған тұлға үшін, сыртқы 
факторлардың  әсер  ету  күші  азая  түседі.  Ондай 
тұлғаны тәрбиелеу, ең бірінші, ұлттық ерекшелік-
терге  сай,  менталитетті  ескере  отырып,  ертеден 
жинақталып, сыннан өткен құндылықтар негізінде 
жұмыс жасау өте маңызды. Мемлекет саясаты, со-
ның ішінде азиялық өңірде орналасқан, білім беру 
саласындағы жүлдегер-елдердің білім беру саяса-
ты ұлттық басымдылықтарды, өзінің дәстүрлі мә-
дениетін, Шығыстың дәстүрлі құндылықтары мен 
бағдарын  сақтауға,  шығармашыл,  бірегей  ойлай-
тын, үйлесімді және рухани бай жеке тұлғаны тәр-
биелеуге  әрі  оқытуға  бағытталған.  Білім  беру  са-
ласындағы басқа да жүлдегер-елдер осы қағидатты 
ұстанады. Ұлттық тәрбиесін сақтаған елдер, білім 
саласында да озық нәтиже көрсетеді. Әсіресе, Жа-
пон мемлекетін үлгі етуге болады[1].
Рухани-адамгершілік  құндылықтарының  әл-
сіреуі,  ақпаратпен  тиімді  жұмыс  жасауына  кері 
ықпал  ететіндіктен,  көптеген  мәселелер  шығып 
жатады.  Мысалы,  экстремистік,  терористік  т.б. 
теріс ағымдарға еріп кету осының бір көрінісі. Со-
нымен  қатар,  ішкі  жан  дүниесі  таза  болғанымен, 
білім мен ізденудің болмауы әсерінен, дұрыс ақпа-
раттанбағандықтан  секта  құрбандарына  айналу 
жағдайлары  да  байқалады.  Осыларды  негізге  ал-
сақ, сапалы білім үшін терең тәрбие қажет болға-
нындай, тәрбиенің дұрыстығы үшін тиісті білімді 
игеру  қажеттілігі  анықталады.  Рухани-адамгер-
шілік  құндылықтарын,  ұлттық  дәстүрді,  мұсыл-
маншылық  әдептерін  студенттерге  оқыту,  оларды 
сіңіруге үлкен септігін тигізеді. 
Студенттер  –  жоғары  мектептің  білім  алушы-
лары  болғандықтан,  білім  беру  үдерісі  күрделене 
түседі  де,  арнайы  сала  ретінде  –  Жоғары  мектеп 
педагогикасы болып бөлінеді. Жоғары мектеп пе-
дагогикасы  қоғамдағы  өзгерістер  әсерімен  теори-
яға,  яғни,  өсіп  келе  жатқан  тұлғаны  дамыту  мен 
тәрбиелеу туралы ғылымға айналды. [2] Студент-
тік  кезеңде,  тәрбиенің,  рухани-адамгершілік  құн-
дылықтардың  негізі  қалыптасып  болғандықтан, 
жоғары оқу орнында, оны одан әрі дамыту үдерісі 
белсенді  түрде  жүреді.  Жоғары  мектеп  педаго-
гикасына  тереңінен  үңілетін  болсақ,  мақсат-мін-
деттері,  ұстанымдары  т.б.,  білім  алушының  адам 
ретінде  қалыптасуын  аяқтап,  өмірге  бейімделіп, 
дами түсуіне негізделген. Қазіргі таңда кредиттік 
технология, білім алушылар мен білім берушілерге 
жаңа талаптар қоюда. Оқу-тәрбие үдерісінің басым 
пайызы студенттердің өзіндік жұмысына бағытта-
лады. Білім алушылардың өзіндік жұмысы логика-
лық  ойлауды,  шығармашылық  белсенділікті,  оқу 
материалын  меңгерудегі  зерттеушілік  бағыттың 
дамуын  қамтамасыз  ететін  практикалық  тапсыр-
маларды  іске  асыруымен  байланысты.  [3]  Демек, 
студенттердің  рухани-адамгершілік  құндылықта-
рын дамыту да, практикалық тапсырмалар негізін-
де жүзеге асырылса тиімді нәтиже береді деп айта 
аламыз. 
Қоғамның жаңарып өзгеруіне байланысты өзек-
ті мәселелердің бірі – жастардың шығармашылық 
қабілеттерін  қалыптастыруда  жаңа  дидактикалық 
әдістер  мен  жолдар  іздестіру.  Осы  ізденістердің 
нәтижелері  педагогикалық  технологиялардың 
маңыздылығын  айқындайды.  [4]  Оқу-тәрбие 
үдерісінде педагогикалық технологиялар негізінде 
рухани  тәрбие  беру,  немесе  рухани-адамгершілік 
құндылықтарын  дамытудың  арнайы  педагогика-
лық  технологиясын  құру  маңыздылығы  айқында-
лып отыр. Өйткені, студенттердің шығармашылық 
қабілеттері  рухани-адамгершілік  құндылықтарын 
одан  әрі  дамуда  өте  маңызды.  Сондай-ақ,  тәрбие 
берудің  нәтижеге  бағытталмауы  қиындық  туды-
руда.  Себебі,  студенттер  –  рухани-адамгершілік 
құндылықтар  жайлы  мәліметті,  қандай  істе,  қан-
дай  шара  қолдану  керектігін  білгенімен,  сөзден 
іске  көшкенде  нәтиженің  көңілден  шықпайтыны 
көрініп отыр. Демек, тәрбие беру үшін де, педаго-
гикалық технологиялар кепілдік беретіндей, нәти-
жеге бағдарланған жүйе қажет. 
Жоғарыдағы  мәселелерді  саралай  келе,  келесі 
тұжырымдарға тоқталамыз оқу-тәрбие үдерісінде-
гі рухани-адамгершілікті дамыту:
1.  Ұлттық идеологияның негізі;
2.  Білім сапасының маңызды көрсеткіші;
3.  Нәтижеге бағытталған арнайы әдістемені, 
технологияны қажет етеді.
Ендеше,  «оқытушы,  өзінің  тәрбие  үдерісінде 
не жасауы тиіс?» деген орынды сұрақ туындайды. 
Осы орайда, ең алдымен, студенттермен тығыз қа-
рым-қатынас орнатып, тереңінен таныстық жұмы-
сын атқаруы шарт. Ол үшін, В.С. Сухомлинскийдің 
берген кеңестерін ескеру тиімді:
1.  Студенттердің ақыл-ой күштері мен мүм-
кіндіктері бірдей емес.
2.  Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын 
қолдануға  болатын  абстрактілі  студент  жоқ:  сту-
дент әрқашан дара, өзінше ерекше.
3.  Оқуда  барлық  студенттер  үшін  табысқа 

81
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
жетудің бірыңғай алғышарттары жоқ.
4.  Оқу  қызметінің  берілген  сәтінде  әр  сту-
денттің неге қабілетті екенін анықтаудың маңызы 
зор.
5.  Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай да-
мытуға болатындығын анықтау да маңызды.
6.  Студенттен мүмкін еместі талап етпеу.
7.  Бағдарламада  қаралған  деңгейге  әр  сту-
дент  қандай  жолмен,  қандай  кідірістермен  және 
қиыншылықтармен келетінін анықтап алу керек.
8.  Әрбір  студенттің  ақыл-ой  еңбегінде 
бағдарламаны нақтылы жүзеге асыру керек.
9.  Әрбір  студенттің  күші  мен  мүмкіндігін 
ашып, оны ақыл-ой еңбегінде қуанышқа кенелту.
10.  Қиын студенттерге шамасына қарай ақыл-
ой жұмыстарын беру.
11.  Әрбір  студенттің  оқудағы  және  ақыл-ой 
еңбегіндегі  дара  сүрлеуін  анықтау.  Осы  сүрлеуді 
және жақсылық жалынының қызуын сақтау. [2]
Келесі  кезекте,  оқытушы  өз  пәні  аясында 
қандай  құндылықтарды  дамытуға  болатынын 
анықтап  алуы  шарт.  Сабақтың  тәрбиелік  және 
дамытушылық  міндетінде,  рухани-адамгершілік 
құндылықтарын  дамытуды  қамтып  өткені  абзал. 
Айта  кететіні,  оқытудың  педагогикалық  техноло-
гиялары  секілді,  арнайы  тәрбие  технологиялары 
жоқтың  қасы.  Егер  де,  нәтижеге  кепілдік  беретін 
арнайы әдістер жиыны берілген әдістемелік құрал-
дар  сабақта  пайдаланылса,  тәрбие  беру  тиімді 
жүреді.  Тәрбие  үдерісінде  рухани-адамгершілік 
құндылықтарын  дамыту  жеткіліксіз  зерттелінген-
діктен, бұл мәселе жайы кенде қалып отыр.
Үшінші кезекте, жоғарыда айтып өткеніміздей, 
теорияны  практикамен  байланыстылығы  ұстаны-
мына  сай,  студенттерге  арнайы  тапсырма  беру. 
Тапсырмалар,  нақты  оқу  материалын  бергендегі-
дей, яғни, «студенттің өзіндік жұмысы» негізінде 
беріледі.  Тек  жалпы  мазмұнында  көптеген  айыр-
машылықтар бар. Әсіресе, нақты бір істі атқаруға 
негізделе  отырып,  машықтандыру  әрекеті  болып 
табылады. Тапсырмалар, мамандық, студент ерек-
шелігін ескереді. Мәселен: әлеуметтік жұмыс ма-
мандығы  студентіне,  белгілі  бір  мектепке  барып, 
әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыда тәрбиеленіп 
отырған  бір  немесе  бірнеше  оқушыға,  мүмкінді-
гінше өз біліктілігін қолдана отырып көмектесуді 
тапсыру. Осы секілді әр студентке жекелей тапсы-
рма  бере  отырып,  олардың  теориялық  білімін 
практикада  қалай  тиімді  қолдануға  болады  деген 
сұраққа жауап алу мүмкіндігі туады.
Төртінші  кезекте,  кез  келген  пән  тақырыбын 
ашу  барысында,  ұлт  тарихы,  ұлттық  ерекшелі-
гімізді  насихаттай  отырып,  елге  деген  сүйіспен-
шілікті  арттыруға  болады.  Мұның  да  берері  мол. 
Себебі,  сол  білімді  еске  алған  сайын,  бейсаналы 
түрде Отанға деген жылы сезімі ояна түседі. Мұн-
да психологиялық әдістердің рөлі ерекше. Шебер 
педагог мұны да тиімді пайдалана алады. Сонымен 
қатар,  студенттерге  арналған  оқулықтар  жазатын 
ғалымға қойылатын негізге талап: еңбекті оқу ба-
рысында,  өз  ұлтына  деген  ерекше  құрметті  оята-
тын мысалдар, фактілер, көрнекіліктер т.б. болуы 
абзал. Егер оқулықта жеткіліксіз болса, оқытушы 
өзі іздене отырып, кез келген сабақты ұлттық рух-
ты  көтеретін,  рухани-адамгершілік  құндылықта-
рын дамытушы үдеріске айналдыра білу біліктілі-
гін игергені абзал.
Осы  негізге  сүйенетін  болсақ,  рухани-а-
дамгершілік  құндылықтарын  дамыту  үшін,  Блум 
таксономиясын  қолдануды  ұсынамыз.  Өйткені, 
адамгершілік  тәрбиесінің  өзі  белгілі  бір  сатылы 
заңдылықпен  берілсе,  тиімділігі  арта  түсетіні 
анық.  Блум  таксономиясын  –  америкалық  психо-
лог,  оқыту  әдістерін  зерделеген  Блум  Бенджамин 
(ағыл. Benjamin Bloom) (1913-1999) құрған.  Таксо-
номия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп 
және nómos — заң) – белгілі бір сатылық бірізділік 
арқылы өзара жүйелік байланыс құру. Блум таксо-
номиясы 6 деңгейді құрайды.[5] Сол алты деңгей 
негізінде білім алушыға оқу және тәрбие үдерісін-
де  қажетті  біліммен  қатар,  дағды,  білікті  сіңіру 
тиімділігі жоғары.
Студенттердің 
рухани-адамгершілік 
құн-
дылықтарын  дамыту  үшін  Блум  таксономиясын 
қолдану  мүмкіндіктеріне  –  мазмұнына,  сұрақтар 
мен тапсырмалар үлгісіне тоқталып өтейік.
Білу – таным мен ойлау деңгейі, төмен деңгей. 
Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану 
арқылы  есте  қалай  сақталғанын  тексеруге  бағыт-
талады,  мағлұмат  пен  деректердi  еске  түсiредi. 
Білу деңгейіне сәйкес келетін сұрақтар мен тапсы-
рмалар  түрлеріне  мыналар  жатады:  Не?  Қашан? 
Қандай?  Қайда?  Формуласын  жазу,  атап  көрсету, 
жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен бел-
гiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атаулар-
ды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту. Мыса-
лы: Құндылық ұғымы дегеніміз не? Біздің ұлттық 
құндылықтарымызға  нелер  жатады?  Сіз  үшін  ең 
маңызды құндылық?
Студент  осы  сұрақтар  және  тапсырмалармен 
жұмыс жасай отырып, келесі нәтижелерге қол жет-
кізеді: 
-Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтай-
ды және қайталайды);
-Негізгі ұғымдарды біледі;
-Ережелерді, қағидаларды біледі;
-Нақты фактілерді біледі;
-Жұмыстың орындалу ретін біледі.
Түсіну – таным мен ойлау деңгейі, орта деңгей. 
Оқу материалын түсінгендік ретінде келесідей әре-
кеттерді  атқаруды  атауға  болады:  бір  тілден  өзге 
тілдерге  аудара  алу,  интерпретациялау,  жорамал-
дау. Тапсырмалар мен сұрақтар түрі: Қалай? Нелік-
тен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара 
байланысын  түсіндіріңіз;  айырмашылығын  көр-
сетініз;  өз  сөзіңізбен  айтыңыз;  графикті,  суретті 

82
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
түсіндіріп беріңіз. Мысалы: Қазіргі таңда ең өзекті 
құндылықтарға нелер жатады деп ойлайсыз? 
Түсіну  деңгейінің  тапсырмаларын  орындауы 
және  сұрақтарына  жауап  беруі  нәтижесінде  сту-
дент:
-Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
-Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, гра-
фиктер, диаграммаларды түрлендіреді;
-Сөзбен  келтірілген  материалды  математика-
лық ұғымдарға өзгертеді;
-Берілген ақпарат бойынша болашақта туында-
луы ықтимал салдарын сипаттайды.
Қолдану – таным мен ойлау деңгейі, орта дең-
гей.  Бұл  деңгей  оқу  материалын  нақты  жағдай-
да  және  жаңа  жағдаяттарда  қолдануды  меңзейді. 
Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдар-
ды,  қағидаларды,  теорияларды,  практикалық 
тұрғыдан  қолдану  кіреді.  Оқу  нәтижелері  түсіну 
деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеру-
ді  талап  етеді.  Қолдану  деңгейінің  тапсырмалар 
түріне  мыналар  жатады:  жасап  көр;  кесте,  сызба 
жаса;  қолдану  мақсатын  түсіндір;  жағдаятты  бір-
неше  тәсілмен  шеш,  берілген  болжамды  тексер. 
Мысалы:  ҚР  заңдарында  рухани-адамгершілік 
құндылықтарына қарастырылған ба? Біздің еліміз-
де  құндылықтарды  сақтап  қалу  үшін  қандай  заң 
енгізер едіңіз? 
Қолдану деңгейінен студенттің алатын нәтиже-
лері:
-Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда 
қолданады;
-Заңдар  мен  теорияларды  практикалық  тұрғы-
дан нақты жағдайларда қолданады;
-Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатын-
дығын көрсетеді.
Талдау  –  таным  мен  ойлау  деңгейі,  жоғарғы 
деңгей.  Оқу  материалының  құрылымы  анық 
көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтін-
нің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің ара-
сындағы  өзара  байланыстарды  анықтау,  бүтіннің 
қалайша  ұйымдастырылғандығын  сезіну.  Бұл  ка-
тегория  оқу  материалының  мазмұнын  сезінумен 
қатар оның ішкі құрылысын қалайша құрылатын-
дығын  меңзейді.  Бұл  деңгейдің  сұрақтары  мен 
тапсырмалары: Құрылымы қандай? Салдары неде? 
Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз. 
Мысалы:  Тастанды  балалардың  көбеюінің  басты 
себептерін  топтастырыңыз.  Құндылықтардың  өз-
геруі қандай салдарға алып келеді?
Осы деңгейде студент:
-Жасырын  (көзге  көрінбейтін)  жағдайларды 
ашады;
-Ойдың  өрбуінен  қателер  мен  олқылықтарды 
айқындайды;
-Фактілер  мен  олардың  салдарының  арасын 
ажыратады;
-Ұсынылған  фактілердің  маңыздылығын  ай-
қындайды.
Жинақтау – таным мен ойлау деңгейі, жоғарғы 
деңгей.  Оқу  материалының  элементтерінен 
жаңашыл  сипаттан  бүтінді  (нәтижені)  құрастыру. 
Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем 
өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс 
жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу 
нәтижелері  жаңа  мазмұн  мен  жаңа  құрылымдар-
ды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді 
қолдануды талап етеді. Жинақтау деңгейінің апсы-
рмалар түрі, кейс жасау, жоба қорғауға ұқсайды: өз 
шешіміңізді  табыңыз,  алгоритм    құрастырыңыз, 
баламасын  табыңыз,  бөліктерден  құраңыз,  жүйе-
лестіріңіз, зерттеңіз.
Бұл деңгей негізінде студент:
-Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма 
(эссе) жазады;
-Тәжірибе  жасаудың  өзіндік  жоспарын  ұсына-
ды;
-Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін 
өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.
Бағалау  –  таным  мен  ойлау  деңгейі,  жоғарғы 
деңгей.  Оқу  материалының  маңызын  анықтау,  ол 
туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл дең-
гей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне 
қол жеткізуді меңзейді.
Ең соңғы деңгейде студент келесі нәтижелерге 
жетеді:
-Мәлімет  құрылымының  логикасын  жазбаша 
түрде бағалайды;
-Ішкі  немесе  сыртқы  көрсеткіштерге  сүйеніп, 
оқу материалының маңыздылығын айқындатады;
-Жасалған  шешімдер  мен  қорытындылардың 
берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
Осы негізде, студенттерге арнайы, сатылы түр-
дегі  тапсырмалар  бере  отырып,  рухани-адамгер-
шілік  құндылықтары  жайлы  тек  қана  теориялық 
білімді  ғана  игеруі  емес,  сондай-ақ,  практикалық 
тұрғыдан өздерін сынап көруге мүмкіндік береді.
 Өйткені, адамгершілік тәрбиесінің өзі белгілі 
бір  реттілікпен  берілсе,  тиімділігі  арта  түсетіні 
анық.  Сонымен  қатар,  БАҚ,  әлемдік  кино  өнер-
кәсібі т.б. қолданатын «25 кадр»[6], адамгершілікке 
қарсы  идеологияны  насихаттаушы  әдістердің  не-
гізгі бағыты, көзге жиі көрсете отырып, бейсанаға 
кері  әрекеттерді  сіңірту  және  т.б.  болғандықтан, 
жақсылықты санаға сіңіртуші тиімді әдістерді қол-
дану өзектілігі артты. Осының бірі – Блум таксо-
номиясының тиімділігі, мұндағы басты ерекшелік, 
рухани-адамгершілік  құндылықтарын  жіктеп,  та-
ныстыру. Және оларды іс-жүзінде орындап, содан 
алған  нәтижені  талдауға  үйрету.  Жақсы  істерді 
атқару да, белгілі бір дәрежеде үнемі дайындықты, 
сабақтастықты, үздіксіздікті талап етеді. Сол ісінің 
салдарынан алған жағымды эмоция, оның жасаған 
ізгілігін есте ұзақ сақтауына, сәйкесінше, осындай 
істерді  тағы  да  жасауына  итермелейді.  Рухани-а-
дамгершілік құндылықтарына сай әрекеттерді жиі 
орындау әдетке, одан әрі мінез-құлыққа айналып, 

83
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
жақсылық жасауға бейім тұратын жағдайда жетеді. 
Ал, бұл өз кезегінде, адамның игі істерді атқару қа-
білетін дамытып, қоғамдағы ішкі рухани ахуалды 
қалыпқа келтіреді.
Соңғы  онжылдықта,  агрессияға  берілу,  ұстам-
сыздық белгілері жастардың бойында да жиі бай-
қалуда.  Төзімділіктің  азаюы  –  түрлі  қылмыстар-
дың бастауы болып отыр. Мысалы, асығыстықпен 
орын  алған  көлік  апаттары,  ЖОО-дағы  қақтығы-
стар,  жас  отбасылардағы  зорлық-зомбылықтар, 
ұрлық,  тонаушылық  т.б.  қылмыстар  ұстамсыздық 
пен  төзімсіздіктің  салдары  болып  келеді.  Кейбір 
зерттеулерге  сүйенсек,  өсіп  келе  жатқан  жастың 
жеке ерекшелігіне мән бермеу, жеке тұлғаны мой-
ындамау  - агрессияға алып келетін бірден-бір жол 
екені  анықталған[7].  Аталып  өткен  тұжырымға 
сүйенетін болсақ, мүмкіндігінше, жастардың жеке 
тұлғалық қасиеттерін, қабілеттерін дамытуға көңіл 
бөлініп, әлеуметтік қоғамға бейімделіп кетуін қа-
дағалауымыз тиіс екенін ұғамыз. Осы мәселеге қа-
тысты, ЖОО-да көптеген мүмкіндіктер бар. Деген-
мен, эдвайзер, куратор қадағалауы емес, дербес бір 
ұйымның болуы тиімді болады. 
Бұдан бөлек, тастанды балалар, жасанды түсік 
жасатуға  жүгінуші  қыздар  саны  қауырт  көбейе 
түсті.  Бұл,  жастарға  ортақ  жауапкершілік  болуы 
керек. Осындай факт – өсіп келе жатқан ұлдар мен 
қыздардың  тәрбиесінде  үлкен  нұқсан  бар  екенін 
дәлелдейді.  Бұл  мәселені  барлық  сала  маманда-
ры  біріге  отырып  шешуі  тиіс.  Және,  мемлекеттік 
сенім телефонынан бөлек, ЖОО өзінің ішінде, тек 
студенттерге арналған сенім телефоны қызмет ет-
кені дұрыс деп ұсыныс білдіреміз.
Сонымен  қатар,  ата-ана  мен  ұстаздарға,  үл-
кендерге  деген  сый-құрмет  төмендеп келеді.  Осы 
тұрғыдан,  Оңтүстік  Корей  елін  үлгі  тұтуымызға 
болады.  Бұл  мәселеге  байланысты,  Құсайынов 
А.Қ. ерекше назар аудара отырып, айтуы бойынша, 
әрбір ЖОО-да, «Сіздің зиялылығыңыздың дейгейі 
–  ата-анаңызға  деген  сый-құрметпен  өлшенеді» 
деген тақтайша ілініп тұрады екен. Ал, кез келген 
мұғалімнің  мәртебесі  биік.  Әрине,  бұл  мәселеге 
мемлекет саясаты да әсер ететіні де белгілі, деген-
мен, ЖОО-да осыны насихаттау үздіксіз жүргізілуі 
тәрбие  саласында  өте  тиімді  нәтижелерді  көрсе-
теді.  Студентті  тәрбиелеуде,  танымдық,  шығар-
машылық,  рухани  дамуы  үшін  тиімді,  қоғамның 
әлеуметтік және мәдени ортасының бөлшегі ретін-
де  қызмет  ететін  көркем-эстетикалық  орта  өте 
маңызға ие[6]. Осыған орай, рухани-адамгершілік 
құндылықтарын  дамытуға  бағытталған  ұйымның 
мақсаты, студент үшін өзекті жеке дамуын қамта-
масыз ететін орта құру болып табылады.
Қорытындылай келсек, студенттердің рухани-а-
дамгершілік  құндылықтарын  дамытуда  педагоги-
калық  технологиялардың,  әсіресе,  Блум  таксоно-
миясының тиімді болатынын тағы да негіздегіміз 
келеді. Тәрбие үдерісі білім алушының әлемді та-
нудағы өте белсенді танымдық іс-әрекеті жүретін 
уақыты. Осы уақытты өте тиімді пайдалану – оқы-
тушының басты міндеті, әрі өте өзекті мәселе. Оқу-
лықтар мазмұны ұлттық құндылықты насихаттаса, 
оқытушылар әрбір сабағында рухани-адамгершілік 
құндылықтарын дамытуды ең бірінші орынға қой-
са,  әрі  арнайы  әдістемелік  құралдар  көмегімен 
жүйелі  жұмыс  атқарса  студенттердің  ұлтжан-
дылығы артып, рухани тұрғыдан дами түсері анық. 
Сондықтан  да,  бұл  мәселені  өзектендіре  отырып, 
үлкен  зерттеулер  жүргізу  маңыздылығы  зор  Ал-
дағы уақытта, тәрбие үдерісінде өз ұсынысымыз-
ды  сынап  көру  мақсатында  университет  студент-
терімен жұмыс жасап көреміз. Себебі, оқу-тәрбие 
үдерісінде  пайдалануда  жоғары  деңгейлі  нәтиже-
лер  көрсетіп  отырған  технология,  тәрбиеге  қаты-
сты  рухани-адамгершілік  құндылықтарын  таны-
тып, игертуде де оң нәтиже береді деген ойдамыз. 
Пайдаланған әдебиеттер:
1. 
Құсайынов А.Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы – Алматы, 2013. – 196 б.
2. 
Жоғары мектеп педагогикасы: оқу құралы / Ш.К. Беркімбаева, А.Қ. Құсайынов, А.Қ. Рысбаева, М.К. Бұлақ-
баева. – Алматы, 2009. – 168 б. (13-73 б.)
3. 
Жоғары мектепте студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру жолдары: Оқу әдістемелік құрал / Ж.Р. 
Баширова, Н.С. Әлқожаева, Қ.Б. Жұмабекова. – Алматы: Срочная типография, 2010. – 117 б. (4 б.)
4. 
Білім берудегі жаңа технологиялар: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 162 б. (4 б.)
5. 
Huitt,  W.  Bloom  et  al.'s  taxonomy  of  the  cognitive  domain.  Educational  Psychology  Interactive.  Valdosta,  GA: 
Valdosta State University, 2009.
6. 
From Wikipedia, the free encyclopedia. Subliminal stimuli // https://en.wikipedia.org/wiki/Subliminal_stimuli#Images
7. 
Джахпараева Д. Ю., Омаров О. А., Омарова Н. О. Факторы, усиливающая экстремистские чувства среди 
молодежи в социоинтенсивной обстановке.// Образование. - Москва, 2013. - № 9. - Р. 59-62.
8. 
Яницкий М.С. Ценностные ориентации личности как динамическая система. – Кемерово: Кузбассвузиздат, 
2000. – 59 с. 

84
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет