Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары "Елтаным баспасы"



Pdf көрінісі
Дата01.04.2022
өлшемі3,63 Mb.
#29587


ҚР БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ  
А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ 
ҚР ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫ 
 
 
 
 
 
 
Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы:  
зерттеу, жүйелеу жəне насихаттау 
 
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
"Елтаным баспасы" 
Алматы, 2017 
 
 


ƏОЖ 821.512.122.0 (063)  
КБЖ 83.3 (5қаз) 
А 94 
 
Жалпы редакциясын басқарған: 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филол.ғ.д., проф. Е.Қажыбек   
ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов   
 
Пікір жазғандар: 
филол.ғ.д., проф. М.Қойгелдиев,  
филол.ғ.д., проф. А.Ісімақова  
 
Редакция алқасы: 
ҚР ҰҒА академигі Ə.Қайдар, ҚР ҰҒА академигі Р.Сыздықова,  ҚР ҰҒА академигі Ө.Айтбаев, 
филол.ғ.д., проф. Ə.Жүнісбек, филол.ғ.д., проф. З.Базарбаева, филол.ғ.д., проф. К.Хұсайын, 
филол.ғ.д., проф. Ж.Манкеева   
 
Жауапты редактор:  
филол.ғ.д. О.Жұбаева  
 
Жауапты шығарушылар:  
А.Шормақова, Ə.Əбсаттар  
 
 
 
 
 
 
А  94      Ахмет  Байтұрсынұлы  мұрасы:  зерттеу,  жүйелеу  жəне  насихаттау.  Халықар.  ғыл.-теор. 
конф.  материалдары  /  Жауапты  редакциясын  басқарған  –  Е.Қажыбек,  Ж.Сейдуманов.  – 
Алматы: Елтаным баспасы, 2017.  – 396 бет. 
 
ISBN 978-601-7849-23-8 
 
Жинаққа  мемлекет  жəне  қоғам  қайраткері,  көрнекті  ғалым,  қазақ  тіл  білімінің  негізін 
қалаушы,  əдебиет  зерттеуші,  түркітанушы,  ақын,  публицист,  педагог,  аудармашы 
А.Байтұрсынұлының  өмірі  мен  шығармашылығына  арналған    «Ахмет  Байтұрсынұлы 
мұрасы:  зерттеу,  жүйелеу  жəне  насихаттау»  атты  халықаралық  ғылыми-теориялық  
конференция материалдары еніп отыр. Кітап қазақ тіл білімінің тарихы, алаштану, ахметтану, 
қазақ тілі мен əдебиеті мəселелерін зерделеп жүрген мамандарға, филология факультеттерінің 
докторанттарына, магистранттары мен студенттеріне, сондай-ақ көпшілік қауымға арналған.  
 
 
 
 
ƏОЖ 821.512.122.0 (063)  
КБЖ 83.3 (5қаз) 
 
 
 
 
 
 
 
© А.Байтұрсынұлы атындағы  
ISBN 978-601-7849-23-8                                                                             Тіл білімі институты, 2017
 


 
 
 
АЛҒЫ СӨЗ 
 
 
Е.З.Қажыбек  
 Ахмет Байтұрсынұлы атындағы  
Тіл білімі институтының директоры,  
филология ғылымдарының докторы, профессор  
 
Бүгінгі  таңда  тарихымызды  таразылап,  рухани  болмысымызды  айқындауға  жол  ашылып  отыр. 
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Əлем 
бізді  қара  алтынмен  немесе  сыртқы  саясаттағы  ірі  бастамаларымызбен  ғана  емес,  мəдени 
жетістіктерімізбен  де  тануы  керек...  Əжептəуір  жаңғырған  қоғамның  өзінің  тамыры  тарихының 
тереңінен  бастау  алатын  рухани  коды  болады.  Жаңа  тұрпатты  жаңғырудың  ең  басты  шарты  –  сол 
ұлттық  кодыңды  сақтай  білу»,  –  дей  келіп,  ұлттық  бірегейлікті  сақтау,  ұлттық  сана-сезімнің 
көкжиегін  кеңейту  қажеттігін  баса  айтты.  Осыған  байланысты  ұлттық  кодтың  негізі  болатын  
Ə. Бөкейхан, М. Тынышбаев, Х. Ғаббасов, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы сынды ғалымдарымыздың 
ғылыми  мұрасын  жаңа  заман  тұрғысынан  қайта  зерделеп,  шынайы  бағасын  беретін,  болашақ 
зерттеулердің бағыт-бағдарын айқындайтын кез туды.   
Елбасымыз  «Тарих  толқынында»  атты  еңбегінде  ХХ  ғасырдың  басында  ұлттық  бірлікті  нығайту 
идеясын  алға  тартқан  рухани-зерделі  игі  жақсылар  қазақтың  ұлттық  идеясын  жасау  міндетін  өз 
мойнына алғанын атап өткен еді. Сондықтан алаш зиялыларының еңбектерін жаңа заман тұрғысынан 
қайта  зерттеп,  жасампаз  идеяларын  болашақ  ұрпақтың  санасына  сіңіру  жастардың  бойында 
қазақстандық патриотизм қалыптастыруға негіз болмақ.  
Үстіміздегі жылы тарихымызда рухани жаңғырудың бастауы болған Екінші Жалпықазақ съезінің 
өткеніне, «Алашорда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Осы үкіметтің төрағасы болып 
сайланған Ə. Бөкейханның 150 жылдығы былтыр ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді.  
Тəуелсіз  мемлекет  құруды  көздеген  алаш  зиялылары  ұлттық  бірегейлікті  сақтап  қалуды  мақсат 
етті.  ХХ  ғасырдың  басындағы  ұлт  көсемдерінің  мақсаттары  мен  бүгінгі  таңдағы  даму 
бағдарымыздағы  сабақтастық,  Президентіміздің  ұлттық  салт-дəстүр,  тіліміз  бен  музыкамыз, 
əдебиетіміз,  жоралғыларымыз,  бір  сөзбен  айтқанда,  ұлттық  рухымызды  бойымызда  мəңгі  қалуға 
шақырған  елдің  ертеңін  терең  зерделеген  сарабдал  саясаты  ұлт  зиялыларының  ғылыми  мұрасын 
қайта зерттеуді, дендей пайымдауды қажет етіп отыр.  
Мемлекет  жəне  қоғам  қайраткері,  көрнекті  ғалым,  қазақ  тіл  білімінің  негізін  қалаушы,  əдебиет 
зерттеуші,  түркітанушы,  ақын,  публицист,  педагог,  аудармашы  А.  Байтұрсынұлының  еңбектері 
ешқашан  тарихи  маңызын  жоймайды.  Бүгінгі  таңда  ғалымның  ХХ  ғасырдың  басында  жазған 
еңбектерінің  қазақ  тіл  біліміндегі  жаңа  бағыттармен,  инновациялық  парадигмалармен  сабақтастығы 
анықталып  отыр.  Жалпы  тіл  білімінде  ХХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХІ  ғасырдың  басында  ғана  сөз 
болып, қолға алына бастаған көптеген жаңа бағыттар қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы еңбектері 
арқылы ХХ ғасырдың басында жан-жақты сараланып, жүйеленген. Бұл – ұлтымыздың мақтанышы.  
Ахмет  Байтұрсынұлына  арналған  өмірбаяндық  еңбегінде  Міржақып  Дулатұлы  Ахмет 
Байтұрсынұлының  Кеңес  үкіметі  орнаған  соң  ағартушылықпен  қатар  түрлі  жауапты  қызметтер 
атқарғанын  ескертеді.  Атап  айтқанда,  Ахмет  Байтұрсынұлы  1920-21  жылдары  Қазақ  АКСР  халық 
ағарту комиссары қызметінде болған (яғни, Ахмет Байтұрсынұлын «білім-ғылым саласының алғашқы 
министрі»  дегеніміз  жөн),  1922  жылы  Өлкелік  халық  комиссариаты  жанындағы  Академиялық 
орталықтың,  1922-25  жылдары  Халық  ағарту  комиссариаты  ғылыми-əдеби  комиссиясының,  Қазақ 
өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болған.  
Ғалым  еңбектерін  жаңаша  зерттеу,  идеяларын  толыққанды  саралау  еліміз  тəуелсіздік  алғаннан 
кейін  ғана  мүмкін  болып  отыр.  Тоқырау  жылдары  А.  Байтұрсынұлының  еңбегін  бағаламақ  түгілі, 
инициалдарының алғашқы əріптерін бергені үшін ғалымдарымыз қудалауға түсіп, еңбектері туралып 
кеткен. Алаш зиялыларының еңбектерін жинақтап, жүйелі түрде зерттеуге тəуелсіздігіміздің, ұлттық 
дербестігіміздің  арқасында  қол  жеткізіп  отырмыз.  Бұл  бағыттағы  ізденістер  алдағы  уақытта  да 
жалғасын тауып, ғалым мұрасы ел игілігіне айналмақ. А. Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы ұлттық 
санамызды кемелдендіру жолындағы рухани азық болары сөзсіз.  
3


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚТЫҢ  
ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ  
 
 
Сыздықова Р. 
ҚР ҰҒА академигі, филол. ғ.д., профессор  
 
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлттық ғылымының көшбасшысы 
 
Оқу-ағарту  идеясы  –  А.Байтұрсынұлының  қоғамдық  қызметінің  арқауы,  азаматтық  борышының 
негізі, идеологиялық платформасының тіреуі болды. Бұл платформаны мықтап ұстауға алып келген – 
оның өз халқының тағдырын ойлаған қам-қарекеті. А.Байтұрсынұлы – ұлттық рухымыздың ұлы тіні. 
Ұлттық  рух  дегеніміз  –  ұлттық  намыс,  қазақ  екенін  сезіну.  Соны  бастап  берген,  сары  маса  болып 
ызыңдап, бүкіл халықты «қазақпын» деп көтерілуге шақырған – Ахмет Байтұрсынұлы.  
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлттық ғылымының көшбасшысы, ұлттық ғылымының арқауы. 
Неге? Басқа ұлттың ғалымдары (орыс ғалымдары): «Қалайша мектеп оқулықтарын ғылымның басы 
дейсіз?»  –  деп  таңғалады.  Əрине,  бұрыннан  оқу-жазуы  бар,  ғылымы  бар,  университеттері  үш  жүз, 
төрт  жүз  жыл  бұрын  ашылған  халықтар  үшін  ғылымның  негізін  мектептен  бастау  оғаш  көрінетін 
шығар. Шындығында, қазақтың нағыз ұлттық ғылымы – қазақ тілі туралы ғылым, қазақтың əдебиеті, 
қазақтың тарихы туралы ғылым.  
Бұл пікірді бүгін ғана айтып отырған жоқпын. 60-жылдары Душанбеде конференция болды. Онда 
одақ бойынша түрлі ғалымдар бас қосып, коммунизм кезіндегі тілдер туралы сөз етті. Сонда сөйлеген 
сөзімде  осы  ойды  айттым.  А.Байтұрсынұлын  атай  алмадым,  бірақ:  «Қазақ  тіл  білімі  –  қазақ 
ғылымының  басы  болды.  Қазақ  лингвистикасы  бастауыш  мектептің  оқулықтарынан  басталды»,  – 
дедім. Кейін Ермахан Бекмахановтың жұбайы – Халима Адамовнамен кездескенімде: «Ерекең сіздің 
сол тұжырымыңызға қатты риза болып қайтты: «Рəбиға Сыздықова ғажап нəрсе айтты, жаңа, ешкім 
айтпаған,  тың  пікір  айтты:  «Қазақтың  ұлттық  ғылымы  мектеп  оқулықтарынан  басталады»,  –  деді. 
Ғаламат пікір, дұрыс пікір!» – деп сүйсінгенін жеткізгенде көтеріліп қалдым.  
Осы  тұста  тағы  бір  пікір  таласына  тоқталуға  тура  келеді:  мектеп  оқулықтары  жай  ғана  білім  бе 
əлде ғылым ба, дəлірек айтсақ, белгілі бір тілдің құрылымын таныстырған алғашқы мағлұматтар сол 
тіл  туралы  ғылым  саласының  бастапқы  көрінісі  бола  ма,  жоқ  па?  Əрине,  тіл  туралы  ғылымның 
мазмұны  мен  сипаты  барлық  кезеңде  бірдей  болмақ  емес,  оның  тіл  таныту  мақсаты,  зерттеу 
ұстанымдары,  əдістері  тұрғысынан  қарағанда,  алғашқы  кезеңі  мен  қазіргі  кезеңінде,  тіпті  орта 
тұсында айтарлықтай өзгешеліктердің болуы заңды əрі даусыз. Қазіргі кезде нағыз лингвистикалық 
талдауларды ғылым деп танысақ, сол талдаулардың көзі, бастауы болу керек қой. Осы орайда біз «тіл 
туралы  ілім  тілдің  жалпы  жəне  тұрақты  белгілерін  баяндаудан  қалыптасады»  деген  тұжырымды 
ұстанамыз, яғни,«мектеп грамматикаларында ғылыми сипат жоқ» деген пікірді қостамаймыз. 
«Ғылым»  деген  сөздің  негізгі  мағынасы  –  «наука»  емес.  Ұлы  Абайда  бірнеше  рет  кездесетін 
«ғылым»  сөзі  «оқу-ағарту,  білім»  мағынасында  қолданылған,«наука»  мағынасында  емес.  «Ғылым 
таппай мақтанба» дегенде ол:  «Ғылыммен айналысып, Эйнштейн сияқты ғалым бол!» – деп тұрған 
жоқ қазаққа, «оқып алмай, сауаттанып алмай, хат танымай тұрып, мақтанба!» деген ой айтады. Сол 
ғылымды бастаған, білімді ғылым түрінде бастаған – Ахмет Байтұрсынұлы болды.  
А.Байтұрсынұлының  қазақ  тілі  туралы  білім-ғылымның  негізін  салуына  ағартушылық 
идеясысебеп болды. Ол ағартушылықты өзінің азаматтық міндеті, дүниетанымының кредосы(негізі) 
деп  санаған.  Бұл  ұлттық  сананы  көтерудің,  өз  сөзімен  айтсақ,  қазақты  «өзге  жұрттар  өрге  қадам 
басқанда  қатарынан  қалыспайтын»халық  етіп  ілгері  бастырудыңалғашқы  арнасы  –  оқу-ағарту  деп 
білді.  Қазақтың  қалың  бұқарасының  сауатсыз  қараңғылығы  рухани-мəдени  дамуының  бірден-бір 
кедергісі  екенін  бейнелі  тілмен  қазақтың  намысына  тигізе:  «надандық,  өнерсіздік  ата  жолдасымыз 
болған  соң  олжалы  жерде  үлестен  қағылғанымыз,  ордалы  жерде  орыннан  қағылғанымыз,  жоралы 
жерде  жолдан  қағылғанымыз  –  бəрі  надандық  кесапаты»,  –  деп  ашып  айтты.  Ағартушылықты 
үгіттеген  өзге  қайраткерлерден  Ахаңның  үлкен  айырмасы  –  ол  өнер-білімге  шақырумен  қатар  осы 
жолда  нақты  іске  көшті:  оқулықтар  жазды,  оқыту  əдістерін  көрсетті,  1913-1929  жылдары  газет-
журнал  беттерінде,  мəслихат-жиындарда  қазақ  даласындағы  оқу-ағарту  жайын  кеңінен  сөз  етті, 
ұсыныстар  жасады,  13-14  жыл  бойы  (1895-1909  жылдары)  бала  оқытты.  Міне,  бұл  –  ағартушы 
Байтұрсынұлының бейнесін танытатын нақты іс-əрекеттер. 
А.Байтұрсынұлы қазақ балаларының сауатын ашуда бұрынғы ескі сүрлеу,тар соқпақпен жүрудің 
ендігі жерде XX ғасырдың басындағы қазаққоғамына қол еместігін көреді. Қазақ баласы енді сауатын 
4


бөгде  тілде  емес,  яғни,  араб,  татар,  орыс  тілдерінде  емес,  ана  тілінде  ашуы  керек,  білім-ғылыммен 
қазақ тілінде сусындауы тиіс деп табады. Қазақ мектептерінің болуы, бүкіл оқу-тəрбие жұмысы қазақ 
тіліне  жүруі  қажет  екенін  ашып  айтып,  күн  тəртібіне  қояды,  өзі  де  қазақ  мектептерінің  болуы,  ана 
тілінде  оқытылуы  үшін  күреседі.  А.Байтұрсынұлының  бұл  тұжырымдарын  қазіргі  кезде  де 
жадымызда ұстауымыз керек. А.Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған халықтың өзі де жоғалады», – дейді. 
Тіл  –  алты-жеті  қамалдың  ішіндегі  ең  соңғы  құлайтын  қамал.  Тіл  құласа,  ол  тіл  қызмет  еткен,  сол 
тілмен  бірге  аталып  келген  халық  та  құриды.  Адамдар  болғанмен,  олар  қазақ  болмайды.  Сол 
халықтың  аты  жойылады.  Президентіміз  Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Қазақстанның  болашағы  –  қазақ 
тілінде»,  –  дейді.  Шынында,  қазақ  халқының  сақталуы  тілінің  сақталуына  байланысты.  Қазақ  тілін 
сақталуы  қазақ  мектептерінің  сақталуына  байланысты.  Мектеп  табалдырығын  аттаған  баланың 
сөйлеген  тілі  –  ана  тілі  болады.  Баланың  ең  алғашқы  көбірек  сөйлейтіні,  үй  ішінде  сөйлейтіні, 
ойлайтыны, түс көретіні бір тілде болуы керек, үш тілде емес. Сол – ана тілі болуы керек.  
Мектепте ең болмағанда бастауышта орыс тілінде де емес, ағылшын тілінде де емес, тек қана ана 
тілінде  оқыту  керек!Балаға  ана  тілін  бастауыш  мектептен  меңгертіп,  кейін  басқа  тілді  қосу  керек. 
Айналасын  ана  тілінде  танып,  əр  заттың  қазақша  атауын  білген  соң  ғана  оның  орысшасын, 
ағылшыншасын  үйренуі  оңай  болады.Ана  тілі  болмаған  адамнан  ешқандай  ақын  да,  жазушы  да, 
суретші де шықпайды. Ғалым шығар, маман шығар, тіпті атақты адам да шығар. Бірақ онда ешқандай 
мəдени  азық  болмайды. Ағылшын  тілінде  тамаша  жазсын,  орыс  тілінде  өлең  шығарсын,  бірақ  ол – 
ана  тілі  емес.  Сондықтан  үкімет,  басшылар, оқу-ағарту  саласындағылар қазақ  мектебін  қолға алып, 
қамқорлық көрсетуі керек. Қазақ мектебіне немқұрайдылықпен қарайтын болсақ, үш ұрпақтан кейін 
ол тіл құриды... 
Ахмет  Байтұрсынұлы  қазақ  мектептерін  ашып,  оқуды  қазақ  тілінде  жүргізу  үшін,  ең  алдымен, 
ұлттық жазуы (ғылым тілімен айтсақ, графикасы, сол кездегі терминмен айтсақ, əліпбиі) болуы қажет 
деп біледі. ХХ ғасырдың 10-жылдарына дейін қазақтың өз жазуы болмаған еді. Бұл кезге дейін өзге 
көршілес  түркі  халықтары  сияқты,  қазақтар  да  араб  таңбаларын  қолданып  келді,  бірақ  ол  –  қазақ 
жазуы  емес,  араб  жазуы-тын.  Халқымыздың  əрі  қарайғы  мəдени-рухани  дүниесінде  жат  жұрттық 
жазуды қолдана берудің өмір  талабына сай еместігін,  яғни,  араб алфавиті сол күйінде қазақ  тілінің 
дыбыстық  жүйесіне  сай  келмейтінін,  бұл  таңбалармен  қазақ  сөздерін  дұрыс,  сауатты  жазуға 
мүмкіндіктің  аздығын,  оқыту  ісінде  келтіретін  қиындығын  анық  байқаған  қазақ  зиялылары  ана 
тіліміздің өз жазуын жасау керектігін сөз ете бастайды. Бұл əңгіме əсіресе ХІХ ғасырдың соңы мен 
ХХ ғасырдың басында күшейе түседі. Əлеуметтік пікірге «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті де үн 
қосып, мақалалар жариялайды.  
Əрине, ешбір құбылыс, оның ішінде ұлттық жазу сияқты ауқымды əрекет бірер жылда жүзеге аса 
қоймайтыны  белгілі.  Ұлттық  əліпбиді  жасау  қолдан  келгенмен,  бұған  ғалымның  (түзушінің)  білім-
танымы  жеткенмен,  оның  қажеттігін,  жөн-жосығын,  дұрыстық,  түзулігін  дəлелдеу,  өзгелерге 
түсіндіру сияқты қыруар шаруа жасау керек. Сондықтан Ахаң 1912 жылдан бастап ғалым, зерттеуші 
ретінде  қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесі  мен  таңбалайтын  əріптер  жайындағы  пікірлерін  білдіре 
бастайды.  «Айқаптың»  1912  жылғы  9-10-нөмірлерінде  «Шаһзаман  мырзаға»  атты  үлкен  мақала 
жазып,  онда  қазақ  дыбыстарын  білдірмейтін  кейбір  араб  таңбаларын  қазақ  алфавитіне  енгізбеу 
керектігін,  сөздің  тұтас  жіңішкелігін  білдіру  үшін  алдына  «дəйекше»  дейтін  таңба  қою  қажеттігін 
дəлелдейді. Осы мақалада  «дыбыс»,  «əріп»,  «дəйекше»,  «жуан дыбыс»,  «жіңішке дыбыс»,  «қағида» 
т.с.с.  қазақша  лингвистикалық  терминдерді  тұңғыш  рет  кездестіреміз.  Ахаңның  үлкен  жаңалығы  – 
əліпбиге  дəйекше  енгізгені.  Сөздің  оң  жақ  шекесіне  қойылатын  дəйекше  белгісі  сол  сөздің  тұтас 
жіңішке  оқылатынын  көрсетеді,  ал  бұл  –  алфавитті  қазақ  тілінің  ерекшелігі  болып  саналатын 
үндестік  заңы  –  сингармонизмге  икемдеу  амалы  екенін  көреміз.  Мұндай  икемдестіру  өте  қажет, 
өйткені қазақтың төл сөздері тұтасымен не жуан, не жіңішке дауысты дыбыстармен келетіндігін осы 
дəйекше  арқылы  көрсетуге  болады.  Дəйекше  тұрса,  сөз  ішіндегі  дауыстылар  жіңішке  болғаны.  Бұл 
ретте  Ахаң  əр  тілдің  ұлттық  ерекшелігі  болатынын  жақсы  білген  нағыз  фонолог  ғалым  ретінде 
көрінеді, қазақ тіліндегі 43 түрлі дыбысты 25 əріппен таңбалауға болатынын дəлелдейді.  
«Қазақ»  газетінің  1913  жылғы  34-інші  жəне  əрі  қарайғы  сандарында  «Жазу  мəселесі»  деген 
көлемді  мақала  жариялап,  кейбір  дауысты  дыбыстарды  таңбалауға  байланысты  өз  пікірін  айтады. 
Сөйтіп,  əрі  қарайғы  ізденістерінде  араб  графикасын  пайдаланған  қазақ  жазуы  үшін  мынадай 
ұсыныстарын  айтады:  1)  қазақ  жазуы  үшін  араб  алфавитіндегі  жуан  т,  с,  з,  д,  ғ,  xдыбыстарының 
таңбаларын алмау,2) қазақ тіліндегі ы, і, и, ұ, ү, у дыбыстарының əрқайсысына таңба белгілеу, 3) к, г 
дыбыстарынан  басқа  дауыссыз  дыбыстармен  келген  сөздердің  жіңішкелігін  (яғни,  қазіргі  ə,  i,  ү 
дыбыстарымен  айтылатынын)  білдіру  үшін  сөздің  алдынандəйекше  таңба  қою.  Бұлайша  түзілген 
алфавит  сауат  ашудың  дыбыс  жүйесіне  сай  келетіндігі  байқалады.  Ғалым  өзгелермен  айтысып,  өз 
5


жобасын  ұсынады,  оны  түсіндіреді.  Кезінде  мұны  өзге  түркі  халықтарының,  орыстың білімпаздары 
мен қазақ қауымы «Байтұрсынұлы жазуы» деп атаған еді, ал Ахаңның өзі оған «қазақ жазуы» деген 
айдар тақты. «Қазақ жазуы» деуінің орны бар еді. Бұл əліпбидің негізі араб таңбалары болғанымен, 
ол «араб жазуы» деп атала алмайды, өйткені қазақтың жазба дүниесіне арналған бұл алфавит қазақ 
тілінің дыбыстық жүйесіне сəйкестендіріліп, жаңаша түзілген, яғни, қазақ тілінде жоқ дыбыстардың 
таңбалары  шығарылып  тасталған,  араб  алфавитінде  жоқ  кейбір  таңбалар  қосылған,  мүлде  жаңа 
əліпби болды, қазақ əліпбиі (алфавиті) болып шықты. Демек, көрсетілген екі атаудың екеуі де дұрыс 
еді: «Байтұрсынұлы жазуы» деп аталуы ғалымның осы əліпбиді түзуде, қазақ тіліне икемдеуде, оның 
дұрыстығын  дəлелдеуде  сіңірген  қыруар  еңбегін, «маңдай  терін»  бағалау  болса,  «қазақ  жазуы»  деп 
аталуынан  оның  ұлттық  мəдениеттің  көрсеткіші  екендігі  танылады.  «Байтұрсынұлы  жазуы»  1912 
жылдардан бастап қолданыла бастады.  
А.Байтұрсынұлы  түзген  əліпбиді  оның  алғашқы  ұсынылған  кезінен  бастап  қазақ  жұртшылығы, 
əсіресе  сол  кезеңдегі  мұғалімдер  қауымы  еш  талассыз,  бірден  қабылдады,  оны  іс  жүзінде  қолдана 
бастады. Мысалы, 1915 жылдың бір өзінде бұл жазумен (жəне емле тəртібімен) 15-тей кітап басылып 
шығыпты. Сондай-ақ Ахаң ұсынған  «жаңа емле»  (жаңа қазақ əліпбиін кезінде осылайша да атаған) 
1913  жылдардан  бастап  мұсылман  медреселерінде  де,  қазақ-орыс  мектептерінде  де  қолданыла 
бастайды. Бұған оңды ықпал еткен жайттардың бірі – А.Байтұрсынов 1910 жылдары жазу таңбаларын 
түсіндіретін  «Баяншы»  атты  құрал  мен  кейінірек  «Əліпби  астары»  атты  əдістемелік  еңбектерді 
жарыққа  шығаруы  жəне  1914-1915  жылдардан  бастап  қазақ  мектептері  үшін  «Оқу  құралы»  (қазіргі 
«Əліппе»), «Тіл – құрал» (қазіргі грамматика оқулықтары) атты құралдарды қоса ұсынуы болды. 
Ахмет  Байтұрсынұлы  өзі  түзген  əліпбиін  əрі  қарай  да  қырнап,  түзетеді,  оның  полиграфиялық 
жағынан  қолайлы-қолайсыз  жерлерін,  оқытубарысындағы  тиімді-тиімсіз  тұстарын  салмақтайды. 
Сөйтіп, араб таңбалары негізінде түзіліп, қазақ тіліне лайықталған жазу 1924 жылы Орынборда өткен 
қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланып, ресми түрде қабылданады. 
А.Байтұрсынұлының  бұл  тəжірибесін  өзге  түркі  халықтары  сол  кезде  үлгі  тұтып,  олар  да  өз 
жазуларына  өзгерістер  жасай  бастайды.  1929  жылы  «жаңа  дəуірдің»,  «советтік  мəдениеттің», 
қысқасы, коммунистік саясаттың тепкінімен латын жазуына алмастырылған қазақ əліпбиінің тарихы 
қалың жұртшылыққа аян. Ол əліпби (графика) араб таңбаларын пайдаланған, бірақ араб жазуы емес, 
ұлттық қазақ жазуы болатын.  
Ресейдің қол астындағы түркі халықтары жаппай латынға көшкенде оны қабылдау барысындағы 
жиын-жиналыстарда  А.Байтұрсынұлы,  М.Дулатовтардың  араб  таңбалы  қазақтың  ұлттық  жазуын 
сақтап қалуға күш салғанын, айтыстарда дəлелдеп шыққандарын білеміз, бірақ саясат тоқпағы күшті 
болып,  ұлттық  дербестік,  ұлттық  мəдениет  сияқты  киіз  қазықтар  жерге  кіргенін  де  ұмытқанымыз 
жоқ.  
Түркі  халықтардың  жазуын  латындандыру  сияқты  «қызыл»  саясатқа  сүйенген  күрестің 
салдарынан қазақтың араб таңбалы тұңғыш ұлттық жазуы тарих төрінен кетті. КСРО-ны мекендеген 
аз  ұлттардың  сан  ғасырлардан  бері  қолданып  келген  жазуларын  тастап,  латынға  көшу  керек  деген 
мəселе  1926  жылдан  бұрынырақ  басталған-ды.  Мерзімді  баспасөз  беттерінде,  жиын-жиналыстарда 
алдын ала пікір айту, пікір таластар жүргізілді. Ақырында 1926 жылы Баку қаласында Бүкілодақтық 
бірінші  түркологиялық  съезд  өткізіліп,  түркі  халықтарының  жазуы,  орфографияның  негізгі 
принциптері, терминология мəселелері, түркі халықтарының тарихы, типографиясы, ана тілін оқыту 
əдістемесі  т.б.  көптеген  мəселелер  күн  тəртібіне  қойылды.  Солардың  ішінде  талас-тартысы  көбірек 
болғаны  –  түркі  халықтарының  тегіс  латын  алфавитіне  көшуі  жайындағы  мəселе  болды.  Съезге 
Қазақстаннан  Ахмет  Байтұрсынұлы,  Елдес  Омаров,  Əзиз  Байсейітов,  Білəл  Сүлеев,  Нəзір 
Төреқұловтар  қатысты.  Қазақстаннан  съезд  президиумына  А.Байтұрсынұлы  сайланды,  ол  съезде 
жұмыс  істеген  бірнеше  комиссияның  құрамына  енді.  Съезде  түркі  халықтарының  бұрыннан 
қолданып  отырған  алфавиттерін  тастап,  латынға  көшу  жөніндегі  пікір  таласында  екі  топ  бөлініп 
шықты.  Бірі  –  «бұрыннан  пайдаланып  келген  əрі  нақтылы  ұлт  тіліне  лайықталып  реформаланған, 
ресми  қабылданған  араб  не  орыс  графикасын  (мысалы,  сол  кезде  якуттар  қолданып  отырған) 
латыншаға  ауыстырудың  ешқандай  не  саяси-идеологиялық,  неэкономикалық  тиімділігі  жоқ,  сауат 
аштыру,  оқыту  ісінде  де  лайықталған  араб  графикасы  мен  қабылданбақшы  латын  жазуының  бір-
бірінен  артық-кемдігі  шамалы,  керісінше,  жазу  таңбасын  өзгерту  сан  ғасырлық  жазба  дүниеден, 
жазба дəстүрден қол үзу қаупін тудырады» дегенді айтты. Екінші тобы – «араб жазуы түркі тілдерінің 
фонетикалық  жүйесіне  сай  келмейді,  латын  алфавиті  түркі  тілдерін  Еуропа  мəдениетіне 
жақындастыра  түседі»  дегендерді дəлел  етті.  Алғашқы  пікірдегілердің бірі А.Байтұрсынұлы болды. 
Бұл жерде Байтұрсынұлының концепциясынан ұлтшылдық, пантюркистік немесе советке қарсылық 
іздеу  мүлде  қисынсыз:  ол  араб  жазуы  арқылы  ислам  дінін  уағыздауды  көздеген  жоқ,  өйткені 
6


Байтұрсынұлы  реформалаған  қазақ  жазуы  «Құран»  жазуынан  мүлде  алшақ  екені  айдан  анық. 
«Пантюркистік  пиғылда  болды»  деу  де  орынсыз,  керісінше,  А.Байтұрсынұлы  қазақ  тілінің 
дербестігін  қолдаған;  үшіншіден,  бұл  жердегі  ғалым  əрекетінен  антисоветизм  іздеу  де  нанымсыз, 
себебі  жазу  таңбасының  түрі  идеологияның  мазмұны  мен  бағытын  өзгерте  алмайтынын 
Байтұрсынұлы  да,  өзгелер  де,  біз  де  жақсы  білеміз.  Бірдей  графика  халықтар  мəдениетін 
жақындастыратындығы  сөзсіз,  бірақ  латынға  көшкен  түркі  халықтары  ол  күнде  отандас  орыс 
халқының  емес,  капиталистік  қоғамда  өмір  кешіп  отырған  Еуропа  жұрттарының  мəдениетіне 
жақындай түскен болар еді. Демек, ғалымның араб жазуын жақтаудағы мақсаты – 12-13 жыл бойы 
қолданылып,  орнығып  қалған  қазақ  тілінің  дыбыстық  табиғатына  лайықталып  өзгертілген,  ресми 
түрде  қабылданған  алфавиттің  қазақ  мұқтаждығын  толық  өтеп  отырғандығы,  оның  дыбыс  əдісімен 
оқыту ісінде айтарлықтай қолайлы болып шыққандығы, полиграфиялық мүмкіншіліктер жағынан да, 
экономикалық  мүмкіндіктер  тұрғысынан  да  бұрынғы  алфавитті  сақтау  пайдалырақ  екендігі.  Əрине, 
қазіргі  тұрғыдан  келгенде,  оның  үстіне  совет  үкіметі  тұсында  қолға  алған  шараларымыздың  бəрі 
дұрыс,  бəрі  прогрессивтік  болды  деп  сан  жылдар  өзімізді  өзіміз  шатастырып  келген  дəстүрімізге 
бассақ,  мүмкін,  сол  кезде  латынға  қарсы  шыққандардың  пікірін  дұрыс  емес  деуге  де  болар,  бірақ 
«айналасы 14-15 жылдың ішінде қазақ, өзбек, татар т.б. сияқты көне мəдениетті ірі халықтардың үш 
түрлі графиканың бірінен соң біріне көшірудің қаншалық қажеті болды, əсіресе бас-аяғы 13-14 жыл 
ғана қолданылған латын жазуы қаншалықты ұтымды болды?» деген сауал туады. 
А.Байтұрсынұлы  түзген  «Қазақ  жазуы»  Қазақстанда  17-18  жылдай  жақсы  қолданылып,  енді 
тұрақтай бастағанда, күшпен тарих сахнасынан түскенмен, мүлде құрдымға кеткен жоқ: ұлттық араб 
жазулы мол мұра қалды, қолданылған кезеңінде қазақ халқының сауатын кеңірек ашуға қызмет етті, 
бірнеше жүздеген кітап, өзге де жазба дүниелер жарыққа шықты, қазақ баспасөзін дамытты, қысқасы, 
бұл жазумен  қалдырылған  мол  жазба  дүние  қазіргі  мəдениетімізге  де орасан  зор  қызмет етіп  отыр. 
1930  жылдарға  дейін  хат  танығандардың  күнделікті  қолданысында  орын  алып  келді.  Мысалы, 
Мұхтар  Əуезов,  Сəбит  Мұқанов,  Ғабит  Мүсірепов  т.с.с.  ілгергі  буын  ақын-жазушылары 
қолжазбаларын ең соңғы күндеріне дейін осы жазумен жазып қалдырды.  
Қытай  Халық  Республикасындағы,  Иран  мен  Ауғанстандағы  қандастарымыздың  күні  бүгінге 
дейін «Байтұрсынұлы жазуын» қолданып отыр. Шыңжандағы бауырларымыз да саясаттын салқыны 
тиіп,  он  шақты  жылдай  латынға  көшіп,  араб  таңбаларынан  арылмақ  болғанмен,  тиімді-тиімсізді 
салмақтай  білген  өмір  талабы  қазақ  халқының  маңдайына  біткен  бірден-бір  ұлттық  жазуы  – 
«Байтұрсынұлы жазуына» алып келді. Бұл күнде Шыңжандағы қазақ туыстарымыз бүкіл оқу-ағарту 
ісін, баспа дүниесін осы графикамен жүзеге асырып отыр. Ахаң түзген əліпби мен ол жасаған емле 
тəртібі  мұнда  өте  жақсы  қызмет  етіп  отыр.  Қытайдағы  қандастарымыздың  еңбегімен  жарық  көріп 
жатқан  қаншама  дүние  бүгінгі  қазақтың  тұтас  жұртшылығының,  яғни,  қазақстандық,  монғолиялық, 
ресейлік, түркиялық, өзбекстандық қазақтардың да баға жетпес байлығы, жоғалмас қазынасы, алдағы 
рухани-мəдени  азығының  мол  қоры  болып  табылмақ.  Осындай  қазынаның  иелерін  бір-бірімен 
таныстырып,  жалғастырып  отырған  құралдың  бірі  –  Ахаңның  тер  төккен  еңбегі  –  араб  таңбалы 
«қазақ  жазуы»,  ұлттық  жазу.  Бұл  графиканың  ғылым  үшін  де  маңызы  зор:  алфавитті  тілдің 
табиғатына  сай  етіп  түзудің  дұрыс  үлгісін  бергендігімен  құнды.  Бүгінде  қазақ  тілінің  дыбыстық 
жүйесін  ғылыми  негізде  əрі  техникалық  аппараттармен  зерттеуші  Ə.Жүнісбек,  М.Жүсіпов,  Н.Уəли 
сияқты  ғалымдар  А.Байтұрсынұлының  бұл  табысын  өте  жоғары  бағалап  отыр.  Олар  Ахаңды 
бұрынды-соңды  қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесін  зерттеушілердің  ішіндегі  тіл  табиғатын  дұрыс  сезген 
күшті  ғалым,  ана  тіліміздің  дыбыс  заңдылықтарын  дұрыс  танып,  жазуын  сол  заңдылықтарға 
бағындырып жасаған зерттеуші деп біледі.  
А.Байтұрсынұлы  өзіне  жүйелі  бағдарлама  қойғанға  ұқсайды:  ол  əуелі  қазақтың  ұлттық  жазуын 
(графикасын)  жасауды  мақсат  еткен,  бұл  үшін  араб  алфавиті  негізіндегі  қазақ  жазуын 
(«Байтұрсынұлы  жазуын»)  түзген,  екінші,  сол  жазумен  сауат  аштыруды  ойлаған,  бұл  үшін  «Оқу 
құралы» атты оқулығын жазған. Одан соң қазақ тілінің грамматикалық құрылысын ана тілінде талдап 
беру  мақсатын  қойған,  мұны  орындау  үшін  «Тіл –  құралды»  жазған,  төртінші,  тілді  дұрыс  қолдана 
білу  тəртібін  көрсетуді  көздеген,  бұл  үшін  «Тіл  жұмсарды»  ұсынған,  бесінші,  сауат  аштыру,  қазақ 
тілін оқыту əдістемесін жасауды міндетіне алған, бұл үшін «Баяншы» мен «Əліп-би астарын» жазған. 
Міне,  бұлар  –  Ахмет  Байтұрсынұлының  қазақ  тілін  зерттеудегі  жəне  оқу-ағарту  майданындағы 
істеген істері мен жасаған еңбектері, осы салалардағы орнын көрсететін үлесі, Ахмет Байтұрсынұлы 
қазақтың ұлттық білім-ғылымының көшбастары дегізетін тарихи мұра. 
А.Байтұрсынұлы мектепте ана тілінде оқыту қажеттігіне ерекше ден қойған. Мектепте ана тілінде 
оқыту үшін алдымен қазақша жазу таңбаларын, яғни, алфавитін жасап шыққан. Содан соң балаларға 
осы  таңбаларды  танытып,  сауатын  ашатын  əліппеден  бастап,  сол  тілді  пəн  ретінде  үйрететін 
7


грамматика оқулықтарын жазу керек болды. 1912 жылы мектеп балаларын қазақша сауаттандыратын 
«Оқу құралын» жазғаннан кейін көп ұзамай мектепте қазақ тілін пəн ретінде үйрететін оқулық жазуға 
кіріседі.  Бұл  оқулықтың  фонетикаға  арналған  1-бөлімі  «Тіл  –  құрал»  деген  атпен  алғаш  рет  1914 
жылы жарық көреді. Олəрі қарай бірнеше рет басылған, 1927 жылғы Қызылордағы басылымы 7-нші 
деп көрсетілген. «Тіл – құралдың» қазақ тілінің морфологиясына арналған II бөлімі бұдан да бір жыл 
бұрын  1914  жылы  баспадан  шыққан,  оның1927  жылғы  басылымы  6-ншы  деп  көрсетілген. 
Синтаксиске  арналған  III  бөлімі  де  бірнеше  басылым  көрген.  Оның  6-басылымы  1928  жылы 
Қызылорда-Ташкенттегі  «Казгосиздаттан»  шыққан.  «Тіл  –  құрал»  –  қазақ  мəдениетінде  бұрын 
болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін автордың өзі де 
ескертеді.  Оқулықтың  «Сөз  басы»  деп  аталатын  алғы  сөзінде:  «Тіл  –  құрал»  деген  аты  қандай  жат 
көрінсе,  ішкі  мазмұны  да  əуелгі  кезде  осындай  жат  көрінер,  өйткені  бұл  –  қазақта  бұрын-соңды 
болмаған  жаңа  зат.  Халықта  бұрын  болмаған  нəрсе  жат  көрініп,  бірте-бірте  бойы  үйренген  соң 
қалатын», –деп жазады. 
«Тіл – құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, 
«Қазіргі қазақ тілі» атты ғылым саласының іргетасы болып қаланды. Қазақ тілін зерттеп, танып білу 
тарихымызда А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл – құралдарының» орны айрықша. Кезінде 
қазақ қауымы Байтұрсынұлы десе, «Тіл – құралды», «Тіл – құрал» десе, Байтұрсынұлын – Ахметті – 
Ахаңды танитын болған. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ фонетикасы мен грамматикасы жайындағы 
оқулықтары осы ғылым саласының бастамасы, іргетасы деп батыл айта аламыз. 
Ғалым  қазақ  тілінің  құрылымын  жүйелеуде,  біздің  байқауымызша,  орыстың  лингвистикалық 
ілімін  негізге  алған.  Бірақ  оның  қағидалары  мен  жіктеулерін  дəлме-дəл  көшірмеген.  Бұл  жерде 
А.Байтұрсынұлының  ғалым  ретінде  шығармашылыққа  барғанын  баса  айтамыз.  Оның  ғылыми 
концепциясы – əр тілді өз табиғатынан шығарып сипаттау. Атап айтқанда, қазақтілінің фонетикалық 
жүйесін айыруда ол орыс тілінің схемасына бармады, түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің өзіне 
тəн  ерекшеліктерін  ескерді.  Ғалым  етістіктің  етіс  түрлерін  қазіргі  салт,  сабақты,  ортақ,  өздік, 
өзгелік,  ырықсыз  дегендерден  басқа  (бұл  терминдер  де  Байтұрсыновтікі),  дүркінді,  беделді,  өсіңкі 
етістер деп  тарамдауы да  орыс  тілінде етістіктер  қалай жіктелсе, қазақ  тілінде де  солай жіктеуден 
аулақ  болғанын  көрсетеді.  Міне,  осы  сияқты  мысалдар  жалпы  лингвистикалық  мектептің  негізі  бір 
болғанмен, көптеген таным-принциптерінде Ахаң қазақ тіл білімінің өзгешеленетін тұстарын дұрыс 
көрсетті. Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынұлын, бейнелі сөзбен айтсақ, қазақ тіл білімі деп аталатын үлкен 
ғимараттың  іргетасын  өруші,  қабырғасын  қалаушы,  көп  ретте  есік-терезесін  шығарып,  төбесін 
жабушы деп білеміз. 
Орыс  тіл  білімінде  ХХ  ғасырдың  соңғы  он  жылында  айта  бастаған  дүниелерді  А.Байтұрсынұлы 
ХХ ғасырдың басында айтып кеткен. Айтып қана емес, біліп, танып кеткен. Қазіргі кезде рай төртеу, 
етіс  төртеу  деп  жүрміз.  Ал  А.Байтұрсынұлы  райдың  15  түрін,  етістің  10  түрін  атайды. 
А.Байтұрсынұлы 
когнитивті 
грамматика, 
коммуникативті 
грамматика, 
функционалды 
грамматиканың  қазіргі  кездегі  терминдерін  қолданған  жоқ.  Бірақ  ғалымдық  интуициясымен, 
ғалымдық  сезінуі,  ғалымдық  талантымен  жаңа  бағыттарды  бастап  берген.  Етісті,  райды  қазақтың 
ұлттық тілін негізге ала отырып талдаған.  
Қазақ тіл білімінің басталар тұсындағы ізденістері мен табыстарын, жетістіктері мен кемшіндерін 
дұрыс  тауып,  мұқият  зерттеу  –  алда  тұрған  міндеттеріміздің  бірі.  Əзірге  көзіміз  əбден  жеткен  бір 
ақиқат:  ана  тіліміздегі  ғылым  саласы  ХХ  ғасырдың  10-жылдарынан  басталғандығы  жəне  оның 
іргетасын  қалаған  –  Ахмет  Байтұрсынұлы  екендігі.  Н.И.  Ильминскийдің  1861  жылы  Қазанда 
басылған  «Материалы  к  изучению  киргизского  наречия»  деген  кітабы  қазақ  тілінің  грамматикалық 
жүйесін  танытқан  тұңғыш  еңбек  болды.  Бұл  «Материалдар»  орыс  тілінде  жазылды,  онда  қазақша 
лингвистикалық терминдер жасалған жоқ. Бұл жұмыс – атынан-ақ көрініп тұрғандай, оқулық та емес, 
жүйелі  түрі  де  баяндалған  грамматика  құралы  да  емес,  –  шығыс  тілдерін,  оның  ішінде  өзге  түркі 
тілдерін  зерттеушілерге  арналған  еңбек  болатын.  Оның  өзінде  де  бұл  «Материалдар»  қазақ  тілінің 
өзге  түркі  тілдерінен  (автордың  жазуынша,  татар  тілінен)  ерекшеленетін  тұлғаларын  көрсету 
мақсатымен жазылған-ды.  
П.М.Мелиоранскийдің  «Краткая  грамматика  казак-киргизского  языка»  деген  атпен  I  бөлімі 
(фонетика  жəне  этимология)  1894  жылы,  II  бөлімі  (синтаксис)  1897  жылы  шыққан  құнды  еңбегі  – 
қазақ  тілінің  грамматикалық  құрылымын  ғылыми  негізде  жүйелі  түрде  баяндаған  тұңғыш  зерттеу 
екендігі мəлім. Бірақ бұл да – түркі тілдерін зерттеушілерге арналған, орыс тілінде жазылған ғылыми 
сипатты  еңбек  болды.  Сондықтан  мұнда  да  қазақ  тіл  білімінің  ұлттық  терминологиясы жасалмады. 
Бұл ғылыми жұмыс та ана тіліндегі қазақ лингвистикасының басы болып таныла алмайды.  
8


Осы  орайда  «А.Байтұрсынұлы  нені  зерттеді,  қалай  зерттеді,  мақсаты  қандай  болды?»  деген 
мəселелерді  тереңірек  зерделеуіміз  керек.  Оқулық  жазудағы,  графика  жазудағы  мақсаты  қандай 
болды? Совершенный, несовершенный вид т.б. дүниелердің қазақ тілінде жоқ екенін дəлелдеу үшін 
А.Байтұрсынұлы  кімнің  еңбектеріне  сүйенді,  қалай  пайдаланды?  т.с.с.  мəселелерді  жан-жақты 
зерттеу  керек.  Қазақша  айтқанда,  қазақ  ғылымының,  тіл  білімінің  көгенбасын,  ең  басты,  ең  негізгі 
танымын көрсетіп кеткен А.Байтұрсынұлының ғалымдық тұлғасын əлі түгел айтып болған жоқпыз. 
1920  жылдардың  басында  А.Байтұрсынұлы  ағартушылық,  ғалымдық  қызметтерімен  қоса, 
мемлекеттің  басқару-ұйымдастыру  жұмыстарын  атқарды:  1922-1925  жылдары  Қазақстан  Халық 
Ағарту  Комиссариаты жанындагы  Ғылыми-əдеби  комиссияның  председателі,  Қазақ өлкесін  зерттеу 
қоғамының  құрметті  председателі  болды.  Советтердің  Бүкілресейлік  7-съезі  мен  8-съезіне  дейін 
ВЦИК  мүшесі  жəне  Советтердің  Бүкілқазақстандық  І  съезіне  дейін  Кирвоенкомның  мүшесі  болып 
қызмет етті. Советтердің Бүкіл қазақстандық 1-съезінен 2-съезіне дейінгі аралықта Қазақ АССР Оқу-
ағартунаркомы  жəне  ҚазЦИК  мүшесі,  сонымен  қатар  Өлкелік  Халық  Комиссариаты  жанындағы 
Академиялық Орталықтың председателі болды. Кісілік тұлғасы ретінде үлгі алатын ерекшелігі – қай 
нəрсені қолға алса да, бəріне жауапкершілікпен қараған. Халық комиссары болған кезде оқулықтар 
жазған:  М.Жұмабаевқа  педагогика,  М.Дулатовқа  есеп  құралын,  Х.Досмұхамедұлына  сингармонизм 
жазуды тапсырады. А.Байтұрсынұлының осы қырлары түбегейлі зерттелуі керек. 
А.Байтұрсынұлының  ғылыми  мұрасын  зерттеуде,  танытуда  жаңа  белеске  көтерілу  қажет.  Ғалым 
еңбек  еткен,  ғылыммен  айналысқан  тұстағы  саяси,  тарихи  ахуалды  негізге  ала  отырып, 
А.Байтұрсынұлының  ғалым,  қайраткер,  ғылымды  ұйымдастырушы  т.с.с.  ретіндегі  ғылыми  бейнесі 
жан-жақты зерттелуі керек.  
 
 
Айтбаев Ө.  
 Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының  
президенті, ҚР ҰҒА академигі,  
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі  
институтының бас ғылыми қызметкері  
 
Ұлт мəдениетінің Хантəңірі 
 
Ел  басына  төнген  кешегі  қара  түнектің  көбесі  сетінеп,  əділеттің  ақ  жалауы  көтерілгелі  бері 
қазақтың  ұлттық  мəдениеті  аспанында  шуақты  нұрын  төгіп  жарқырай  жайнаған  рухани  көсемдер 
туралы,  олардың  өмірі  мен  шығармашылық  өнері  жайлы,  азаматтық  болмысы  мен  қайраткерлік 
қарымы  туралы  біраз  дүниелер  жазылып,  көпке  беймағлұм  көмескі  жайлардың  көзі  ашылғандай. 
Өлгеніміз  тіріліп,  өшкеніміз  жанғандай,  рухани  қазынамыздың  олқы  тұсының  орны  тола  бастады. 
Негізгі  тақырыпқа  көшпес  бұрын,  тарих  тұңғиығына  батып  мəңгі  жоғала  жаздаған  Ахмет 
Байтұрсынұлы  сияқты  арыстарымыздың  асыл  еңбектерін  көздің  қарашығындай  сақтап,  осы  күнге 
жеткізген  жеке  адамдарға,  архив  қызметкерлеріне  жəне  бұларға  жабылған  жаланы  жұлып  тастап 
ақтауға атсалысқан еліміздің естияр азаматтарына жұрт риза екенін айта кеткіміз келеді.  
Қазақ  халқы  –  архив  жинау  ісін  дағдыға  айналдырмаған  ел.  Соған  қарамастан  өзімізді  де, 
шетелдерде  де  халықтың  тарихына,  мəдениетіне,  тіліне,  əдебиетіне,  өнеріне  т.б.  кəсіп,  тіршілік 
жоралғысына қатысты дүниелердің сақталғаны – қандай олжа?! Осыдан ойға түседі: 1988 жылы күз 
айында сапардың сəті түсіп, осы жазба авторы Америка Құрама Штаттарына барып қайтты. Бір күні 
Мадисон  қаласындағы  университетке  соғып,  кітапхана  қорымен  таныстым.  Сонда  біз  таңғаларлық 
жағдайға  тап  болдық:  əлгі  кітапханада  қазақ  мəдениетінің,  ғылымының,  өнерінің  бұрынғы,  қазіргі 
өкілдерінің бар дүниесі жинақталып, жайнап тұр. Өзімізде жоқтың бəрі осында. Компьютер арқылы 
бар  сұрағымызға  жауап  алдық.  Əл-Фарабиден  М.Шахановқа  дейін  түгел  жинақталған.  Бір  мезгілде 
Ахаң  туралы  мағлұматтар  көзімізге  оттай  басылды.  Əйгілі  «Қазақ»  газетінің  топтамасы  сонда  тұр. 
Оныңбірнеше санын көшірме жасап ала келдік. Ол өзінше бір мұражайлық ескерткіш болып «Қазақ 
тілі» қоғамында сақтаулы тұр.  
Қазақ  –  қағаз  жинамаған,  сөз  жинап  дағдыланған  халық  қой.  Ахаңның  көп  дүниесі  көңілде 
жатталып, көкейде түйіліп қалған. Соның бəрі кейін шығып жатыр. Мұның үстіне ата мұрасын індете 
іздеп,  көп  шындықтың  бетін  ашуға  атсалысып  жүрген  жастар  (Ғ.Əнесов,  А.Мектепов)  əкелген 
деректер  бар.  Ахметтану  ғылымының  негізін  кешегі  Мұхтар  Əуезов,  Сəкен  Сейфуллин,  Смағұл 
Сəдуақасов, Міржақып Дулатов сынды қазақ мəдениетінің тарландары қалады десек, сексен сегізден 
бері қарай ол толыға түсті. Бұл – күн өткен сайын ауқымдана бермек.  
9


Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ мəдениетінің тарихында үлкен бір дəуірді алып жатқан алып тұлға. 
Ол  –  Құдай  берген  талантын  туған  халқына  деген  сүйіспеншілікпен  суғарып,  толассыз  еңбекпен 
шыңдаған  қайсар  да  қаһарман  ғалым.  Ол  –  қараңғылық  тұңғиығынан  жарық  жұлдыздай  жарқырап 
шығып,  айналасына  нұр,  шуақ  себумен  өткен  ағартушы.  Не  оқыту  жүйесі,  не  өзіндік  жазуы 
қалыптаса қоймаған, мал соңына ерген, малмен бірге ұйықтап, малмен бірге жусаған қалың ұйқыдағы 
халқының  қамын  жеп,  сауатын  ашпақ  боп  сары  масадай  ызыңдаған  үлкен  ақын,  талантты  тілші, 
шебер  аудармашы,  түркі  тілдес  халықтар  үлгі  тұтқан  түрколог,  қоғам  ісіне  араласқан  мемлекет 
қайраткері.  Бұл  санамалап  отырған  атақ,  дəреже,  лауазымдардың  өзінен  өзі  келмегені  мəлім.  Ол 
талмай ізденіп, тамаша туындылар берген. Өмірдегі басты мақсатын – туған халқына қызмет ету деп 
түсінген Ахаң (Ахмет Байтұрсынұлы) – небір тар жол, тайғақ кешулерден өте келе тамаша еңбегімен 
қазақ халқының ары мен ұятына айналған өте күрделі де, көсем тұлға.  
Оның  дүниеге  келер  тұсы  патша  ағзамның  бұратана  елдерді  билеп-төстеудің  айла-шарғыларын 
емін-еркін  іске  жаратып  жатқан  кезі  болатын.  Қазақтың  əлденеше  ғасырға  ұласқан  хандық,  билік 
құрылымының быт-шыты шығып, «күштілерім сөз айтса, бас изеймін шыбындап» деп тұрған сəті еді. 
Ахметтің  дүниеге  келуі  –  қалыптаса  бастаған  халықтың  тұтастығының  береке-бірлігінің  сəні  кетіп, 
ел-жұрты «балапан басымен, тұрымтай тұсымен» жүріп жатқан дəуір еді.  
Торғай  уезі  Тосын  болысына  қарайтын  Ақкөл  жанындағы  Сарытүбек  деген  жерде  Байтұрсын 
шаңырағында  Ахмет  есімді  сəби  келеді  дүниеге.  Текті  тұқым,  жақсы  тəрбие  құнарлы  топыраққа 
түскен дəн тəрізді, жемісін молынан береді емес пе? Ахмет те тумысынан зейінді зерек бала болып 
өседі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, Ахаң ең алғашқы тағылымды, жөн-жосықты 
өз  шаңырағынан алады. Өз  əкесі  – Байтұрсын,  оның  əкесі  – Шошақ –  Үмбетей  еліндегі көзі  ашық, 
көкірегі  ояу,  пікірін  ашық  та  айқын  айта  білетін  өте  батыл  жан  болғанға  ұқсайды.  Əуелі  Шошақ, 
кейін  Байтұрсын  балаларын  Араб  елдерінің  мəдениетінен  сусындатқысы  келген.  Иран,  Түркияға 
жіберіп оқытуды да ойлаған.  
Сонымен  бірге  Шошақ  əулеті,  əсіресе  Байтұрсындар  ешқандай  əділетсіздікке  төзбейтін  қайсар 
тұқым  болса  керек.  Осы  аймаққа  билігін  жүргізіп  тұрған  ояз  Яковлевтің  оспадар  қылығына, 
озбырлығына  шыдай  алмай,  Байтұрсынның  қарсылық  білдіргені  көпшілікке  аян.  Яковлевтің 
шабармандары Байтұрсынның əділ талабына құлақ асудың орнына таяқтың астына алады. Сол кезде 
ол  Яковлевтің  өзіне:  «Мына  бассыздық  пен  заңсыздықты  тоқтатыңыз!»  –  дейді.  Сөйтсе  ояз:  «Сен, 
киргиз  ит,  жөніңді  біл!»  –  деп,  оның  бетіне  түкіріп  жіберсе  керек.  Бұл  қорлыққа  көне  алмаған 
Байтұрсын Яковлевті аттан жұлып алып, басын жарады да жандайшаптарына тұра ұмтылады.  
Бұл  оқиғаны  бүкіл  ел  біліп,  дүрлігеді, іс  насырға шабады.  Дереу жазалау  отрядтары  ойда  жоқта 
шыққан  қару-жарақсыз  қарсылықты  аяусыз  жаншып,  Байтұрсын  Ақтас  жəне  Собалақ  дейтін  екі 
інісімен  бірге  ұсталып,  кісенделіп,  патша  үкіметі  25  жылға  итжеккенге  айдатты.  Білімсіздіктің,  тіл 
білмеудің зардабын əбден тартқан сол Байтұрсын айдалып бара жатқан сəтінде үміт етері – Ахметке: 
«Аш-жалаңаш бол, қорлық көр, бəрібір, оқы, балам. Тым болмаса, артымда маған хат жазып тұратын 
халге жет!» – дегенін қайсыбір қариялар аңыз қып бертінге дейін айтып жүріпті.  
Бүкіл  елге  əсер  еткен  бұл  сұмдық  оқиға  көпке  дейін  ұмытылмайды.  Ахмет  онда  12-13  жас 
шамасында  екен.  Естияр  баланың  көз  алдында  болған  бұл  сурет  оның  жадында  мəңгілікке  қалып 
қояды.  Сондықтан  да  болар,  ол  1909  жылы  Семей  түрмесінде  отырғанда  жазған  «Анама  хат»  деп 
аталатын өлеңінде:  
 
 
...Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,  
 
 
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.  
 
 
Алданып тамағыма оны ұмытсам,  
 
 
Болғандай жегенімнің бəрі харам.  
 
 
Адамнан туып, адам ісін етпей  
 
 
Ұялмай не бетіммен көрге барам?!  
(Өлең 1911 жылы Орынборда жарық көрген топтамасынан алынды). Осы бір-екі шумақ өлеңнен 
балаң Ахметтің өмір бойғы ой-арманын, мақсат-мүддесін аңғаруға болатын сияқты.  
Оқуды арман еткен зерделі жас алдымен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесін үздік 
бітіріп, одан соң Орынбор қаласындағы мұғалімдер даярлайтын қырғыз (қазақ) мектебін 1895 жылы 
тəмамдайды. Ахаңның ресми алған жүйелі білімі осымен шектеледі. Алайда Ахаң көтерілген биіктен 
оның  тағылымы  мол  тамаша  өміріне  көз  жіберіп,  байқасақ,  білімдар  ұстаз,  ғұлама  ғалым,  қоғам 
қайраткері  т.т.  болу  үшін  институт  бітіріп,  үлкен-үлкен  атақ-лауазымды  болу  тіпті  де  қажет  емес 
сияқты.  Табиғат  сыйлаған  дарынның  арқасында  Ахаң  онсыз  да  бір  адамның  қолынан  келер 
кереметтей  істер  тындырды.  Ол  істері  сан  салалы,  сан  алуан:  ағартушылық,  оқу-білім,  ғылым, 
əдебиет,  мəдениет,  тарих,  тағылым  т.т.  Мұның  бəріне  тоқталып,  саралап  айту  тұрмақ,  санамалап 
10


шығудың  өзі  –  қиын  шаруа.  Дегенмен  Ахаң  туралы  сөз  болған  соң  оның  өмір  жолының  ұрымтал 
тұстарын аттап өтуге болмайтын сияқты.  
Ахаң өмірінің алғашқы қадамдарын бала оқытудан бастайды. Ол өз мақсатын:  
 
 
Адамдық диқаншысы қырға шықтым,  
 
 
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.  
 
 
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,  
 
 
Көңілін көтеруге құл халықтың, –  
деп, бейқам жатқан халқын сауаттандырып, өнер-білімге, мəдениетке жетектеу деп біледі.  
Əрине,  бұл  тұста  Ахаң  тəрізді  оқыған,  білім  алып,  əлгіндей  мектептерді  бітірген,  орысша  сауат 
ашқан өзге де қазақтардың қарасы көріне бастаған-ды. Бірақолардың көбі халық, ел мүддесінен гөрі 
ұлыққа  жағынып,  сол  халықты  қанап,  пайда  тапсам  дейтіндер  болатын.  Олар  тілмаш  болып, 
губернатордың  кеңселерін  жағалап  жүргенде  Ахаң  ағартушылық  жолына  түсіп,  «Қайтсем  халқыма 
пайдамды  тигізем,  қалай  көзін  ашам,  ұйқысынан  қалай  оятам?»  –  деп,  күндіз-түні  соның  амалын 
қарастырады.Осы  орайда  қазақтың  бірен-саран  да  болса  да,  көзі  ашық  оқыған  жастарын  жинап, 
елшілдік  ұранын  үдетіп,  ел  мұңы,  халық  қамы  жолындағы  мақсаттарының  іске  асуын  көздейді. 
Жалғыз ағартушылық жолмен аса алысқа ұзап кете алмайтынын сезген Ахаң біртіндеп күрескерлік 
жолға түседі. Жан-жақты əрекет етуге талпыну, ізденіс 1896 жылы Ахаңды Алекторовқа алып келеді. 
Оған  барудың  да  өзіндік  сыры  бар  еді.  Алекторов  ол  кезде  Омбыда  отырып  Ақмола,  Семей  оқу 
жүйесін басқарып тұрған болатын. Онымен қазақ даласындағы бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Бұл 
кездесу оған екі түрлі əсер қалдырып, көп нəрсеге көзін аша түскендей болады. Ол жайында Мұқаң 
(М.Əуезов): «Біреуі – Алекторовтың қазақ турасындағы отаршылдық саясатының бəсі біліп, көздеп 
жүрген  мақсатын  сезген  болар,  атақты  Ильминскийдің  жолымен  қазақтың  көзін  ашу  үшін  осы  оқу 
керек деген саясатты тұтынып жүргендігін сөздерімен білдірген Алекторовтың ниетімен жақын келіп 
танысқан  соң  Ахмет  қазақ  халқының  халінің  ауырлығын  ұғып,  ел  турасындағы  түкпірлі  ойы  сол 
кезде ояна бастаған. Алекторовпен танысудың екінші əсері – Ақаңның жолы ашылып, пікірі ашылып, 
бұрынғы білім-өнер жүзіндегі шала білініп, көмескілеу түсініп жүрген нəрселерін таза білуіне себеп 
болған».  
Бұл жерде Мұқаңның өз кезінде ашып айтуға аузы бармай, астарлап отырған бір жайы бар сияқты. 
Ол  –  орыс  оқымыстыларының  миссионерлік  мақсатының  Ахаңның  зердесіне  жетуі,  содан  тіксінуі. 
Олар  қазақтарды  орысша  оқыту  арқылы  орыстандыруды  көздеген  ғой.  Осыдан  секем  алған  Ахаң 
ширыға  түседі.  Қазақты  өнер-білімге  жетектеу  –  өзгелердің  емес,  өзі  тектес  оқығандардың  халық 
алдындағы парызы деп түйеді.Ахаңның осындай мақсатты көздеп, саяси көзқарастарын шыңдай түсуі 
Қарқаралыда өмір сүрген 1896-1907 кезеңімен байланысты. Осы кезде Ахаңның айналасына əлеумет 
өміріне зер сала бастаған көзі ашық, оқыған қазақ зиялылары топтана бастайды.  
Қазақ  жерінің  талан-таражға  түсуі,  қараңғы  халықты  орыстандыру  саясаты  т.  т.  сол  кездегі  ең 
дертті мəселелер болатын. Ахаң бастаған зиялы қауым бастарын бəйгеге тігіп, Ресей империясының 
Министрлер  Советі  председателіне  петиция  (тілек  арыз) жазады.  Дəл  осы  тұста  ол  И.А.Крыловтың 
мысалдарын  аударып  жүрген  болатын.  Төңкеріс  рухында  айтылған  мұндай  сөзді  қазақ  жұртының 
тұңғыш  естуі  болатын.  Осыдан  соң  Ахаңның  аты  шартарапқа  тарап  кетеді.  Алайда  жұртты 
саналылыққа,  еркіндікке  үгіттейтін  «Қырық  мысалды»  берген,  патшаға  қарсы  петиция 
ұйымдастырған  адамдардың  бəрі  де  полиция  режімінің, үкімет адамдарының  қырын  қабағына  іліне 
бастайды.  1905  жылғы  қырғыннан  кейін  патша  үкіметінің  жер-жердегі  жандайшаптары  құтырына 
түскен кезде өз елін, өз жерін шен мен шекпенге сатып, ардан безген кейбір тілмаштар мен болыстар: 
«Елді бүлдірер іс-əрекеттерге барды», – деп Ахаңдардың үстінен шағым жазып, дегендеріне жетеді. 
1907  жылы  Ахаң  алты  жолдасымен  тұтқындалып,  абақтыға  жабылады.  Он  екі  жылдай  өмір  сүрген 
Қарқаралысымен  қоштасып,  Семейге  айдалғанда  бүкіл  қазақ  баласының  бойындағы  арылмас  дерт, 
арсыздық пен арамдық атаулыға сес білдіргендей, мынадай жолдарды түзеді:  
 
 
Қош, сау бол, Қарқаралы жуылмаған,  
 
 
Айдай бер қалса адамың қуылмаған.  
 
 
Əдепті, сыпайы елдің қалпында жоқ,  
 
 
Жасырын дыбыс шықты шуылдаған.  
 
 
Бүркеніп, арсыздардың шайнауына  
 
 
Жем тапты пісірмеген, қуырмаған. 
 
 
Шыққан соң талғамайтын доңыздарың  
 
 
Қасыңа қиын болар жуу маған.  
Семейде сегіз айдай ешқандай тергеусіз, сотсыз тас қамауда жатқан Ахаң ақыры қазақ өлкесінен 
бір  жарым  жыл  мерзімге  Орынборға  жер  аударылады.  Сол  кеткеннен  мол  кетеді.  Ол  онда  1917 
11


жылдың аяғына дейін тұрады. Жазалы адам ретінде айдалған Ахаңның бұл сапары оның өміріндегі 
ең  нəтижелі  де  өнімді  еңбек  еткен  жылдар  еді  деуге  болады.  Ол  ғылым,  білімге  бұрынғыдан  да 
тереңірек  үңіліп,  əділетсіздік  жайлаған  мына  қоғамды  бұрынғыдан  да  бетер  ащы  тілмен  түйрей, 
шеней  түседі.  Қазақ  балаларын  оқытудың  əдістерін,  қазақ  тілі,  əдебиеті,  өнері,  тарихы,  мəдениеті 
туралы  өрелі  ойлар  айтып,  бастауыш  мектептерге  арнап  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  жаза 
бастайды.  Халық  мұраларын,  ауыз  əдебиет  үлгілерін,  эпос,  ертегі,  жұмбақтар  жинап,  бастырады. 
Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.  
А.Байтұрсынұлының қазақ елінің жоғын жоқтап, санасына сəуле құюға байланысты жасап жүрген 
еңбектері елге тарай бастайды. Əсіресе сол кезде Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген қазақ 
жастарына  Ахаңның  туындылары,  елдік  істері  қатты  əсер  етеді.  Сол  жастардың  ұйғаруымен  елден 
қаржы  жиналып,  газет  шығару  мəселесі  қозғалады.  Ол  бейресми  газет  «Қазақ»  деп  аталады  да 
редакторлыққа А.Байтұрсынұлы шақырылады. Міне, сол 1913 жылдың басынан 1918 жылға дейін бас 
редактордың  міндетін  мүлтіксіз  атқарған  Ахаң  елге  жеткізсем,  ұқтырсам  деп  жүрген  көкейіндегі 
көптеген мəселелерді енді хатқа түсіріп, жария етеді.  
Қазақтарды  надандықтың  шырмауынан  шығарудың  бірден-бір  жолы  –  ғылым-білімге  ұмтылу, 
оқу-ағарту жұмысымен айналысу деп ұққан Ахаң енді осы идеясын нақты істермен дəлелдей түседі. 
Сол  кезде  шығып  тұрған  қазақ  баспасөзіносы  мақсатта  пайдаланады.  Əсіресе«Қазақ»  газетінің  рөлі 
айрықша  болғаны  мəлім.  Бірақ  ел  билеушілер,  бəлеқорлар,  полицейлер  Ахаңның  соңына  түсуін 
қоймайды. Газет бетінде жарияланған материалдардың бəрін цензурадан өткізіп, үнемі ақшалай айып 
салыпотырады. Салынған айып ақының мөлшері тым асқынып кеткен кезде Ахаңның үш ай мерзімге 
абақтыға өз еркімен отыруға келісім берген кезі де болған. Мұны естіген газет оқырмандары тиісті 
ақшаны жинап төлеп, Ахаңды шығарып алған. Газеттің мұндай мүшкіл жағдайға ұшырауын күйіне 
отырып Ахаң:  
 
 
Қалтылдап қайық мініп еспесі жоқ,  
 
 
Теңізде жүрміз қалқып кемесі жоқ. 
 
 
Жел соқса, құйын қуса, жылжи беру 
 
 
Болғандай табан тіреу еш нəрсе жоқ. 
 
 
Кіреді тентек есі түстен кейін,  
 
 
Мүшкілін халіміздің жаңа білдік, – 
деп өлең жазады. Шынында, білімсіз ел теңізде жүзіп келе жатқан ескексіз қайық сияқты емес пе?! 
Сол кездегі қазақ елінің халі дəл осындай мүшкіл еді. Сауатсыздық салдарынан өзін, елін, жерін кім 
қалай саудалап, қалай иемденіп жатқанын түсіндіруге де мұршасы жоқ сорлы халық. Бұл аз дегендей, 
өз  жағдайын  таразылап  тығырықтан  шығу  жолын  бірлесе,  қауымдаса  ізденудің  орнына  алтыбақан 
алауыздықты  өрбітетінін  қайтерсіз?  Ахаңды  күйзелткен  –  қазақтың  осы  жағдайы  еді.  Осыдан  да 
болар,  ол  үш  ауыз  өлеңмен  халқымыздың  бір  дəуірден  бір  дəуірге  жалғасқан  қылығын  ащы 
əжуалайды.  
1911  жылы  Орынборда  басылған  «Маса»  жинағы  халықты  өз  тағдыры  үшін  күреске  шақырған, 
жұртшылықты  шырт  ұйқысынан  оятқан  дабылды  топтама  болатын.  Ақын  қалғыған  халқын  тым 
болмаса маса боп шағып оятайын, ойландырайын деген мақсат көздейді. Ол бұл жолда талай қаққы 
жеп, тауқымет шегерін де, тіпті өліп те кетерін білген. Бірақ біле тұра, ол алған бетінен қайтпайды:  
 
 
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,  
 
 
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша. 
 
 
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен  
 
 
Қоймастан құлағына ызыңдаса?!  
Сары  маса  болып  ызыңдаған  өзі  екенін  Ахаң  1909  жылы  Петербургте  басылған  «Қырық 
мысалындағы»«Малшы мен маса» деген туындысында жасырмай, ашық айтады:  
 
 
Мысалы, қазақ – малшы ұйықтап жатқан,  
 
 
Жыланды пəле делік аңдып баққан.  
 
 
Пəленің түрін көрген мен – Сармаса  
 
 
Халықты оянсын деп сөзбен шаққан.  
 
 
Ойлаймын: «осы сөз де жетеді!» деп,  
 
 
«Қатты айтсам, сөзім батып кетеді» деп,  
 
 
Ұйқысы ашылмаған жұрт өзіңді  
 
 
Қорқамын сармасадай етеді деп.  
Өз тағдырының түбі не боларын алдын ала болжап, көрегендікпен айтып кеткен Ахаңның түбіне 
жеткен, шынында да, өзіміз емес пе едік? Халықтың басына төнген қатерден қорғанудың амалын тым 
болмаса сауат ашу арқылы үйретпек болған асылымызды ұйқылы-ояу халімізбен аяқ-қолын байлап 
12


бердік  қой.  Осыны  бір  ойлап,  сабақ  алсақ  етті!  Ұлттықсана  мен  ұлт  мəдениеті  жолындағы  күресте 
опасыздық  пен  алауыздық  салқыны  əлі  де  жетерлік-ау  деп  сезіктенесің.  50-70-80-жылдар  лаңы  не 
ойлатпайды  кісіге?  Тəуелсіз  ел  болған  қазіргі  күйіміздің  өзі  көп  жағдайда  көңілге  жұбаныш  əкеле 
қоймайды. «Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бəрі бос» (Абай) екенін түгел ұғып біттік пе?!  
Жаңадан  тəй-тəй  басып,  Ахаң  сияқты  бірен-саран  оқыған  саналы  азаматтардың  арқасында  оң-
солын танып, енді-енді ес жиып келе жатқан қазақ елі үшін «Қазақ» газетінің атқарған қызметі ұшан-
теңіз  екенін  тағы  да  айтсақ,  артық  емес.  Бес  жылға  таяу  уақыт  үзбей  оқырманымен  қауышқан  бұл 
газет  кезінде  көкейтесті  мəселелерді  жариялап,  жұртшылықтың  мағлұматын  кеңейтумен  болды. 
Қазақхалқы  Қазан  төңкерісіне  өзінің  санасын  ғана  емес,  қоғамға,  əлеуметтік  өмірге  деген  саяси 
көзқарастарын  да  недəуір  қалыптастырды  десек,  ондай  күрескерлік  қасиет  осы  «Қазақ»  газетінің 
арқасында  айқындала  түскенін  айту  керек.  Кезінде  бұл  газетке«ұлтшыл-буржуазияшыл  орган»  деп 
жала  жауып,  тыйым  салып  тастамағанда,  талай  тарихи  шындықтың  көзін  ашып,  халқымыздың 
революцияға  дейінгі  рухани,  мəдени  өмірінен  мол  мағлұмат  беретін  еді.  Газеттің  игі  мақсат-
мүдделері бірінші санындаашық айтылған. Яғни, негізгі мақсаты – жұрт пайдасына тиімді шаруамен 
айналысу,  қазақ  арасына  ғылым,  өнер  жайылуына  басшылық  ету,  басқа  жұрттардың  халінен  хабар 
беріп,  таныстыру.  Сол  мақсаттарды  орнына  келтіру  үшін  закүндерді,  хакімдердің  бұйрық-
жарлықтарын  білдіріп  тұру.  Государственная  дума  һəм  Государственный  совет  жұмыстары 
турасында жете хабар беру, ішкі һəм сыртқы хабарларды жазып тұру, қазақтың бұрынғы жəне бүгінгі 
жайын  жазу,  күнелту,  сауда,  кəсіп,  жер-су,  егін-тарап,  мал  шаруасы  жайынан  кеңесу;  оқу,  оқыту, 
мектеп, медресе, школа, ғылым, өнер, тіл, əдебиет турасында жөн көрсету, адам һəм мал дəрігерлігі 
жайын жазу («Қазақ» №1, 1913, 2 ақпан).  
Газет  əлденеше  рет  жабылып,  шығынданып,  сотталып  жатса  да,  «көздеген  мақсатын  түгелімен 
орындады» деп тұжырым жасауға болады. Тіпті кейде бұдан да шығыңқырап, əлемдік ой-пікірге азық 
болар мəселені де қозғап кеткен сəті бар.  
Айта  кететін  бір  жайт:  осы  газет  жəне  оның  редакторы  А.Байтұрсынұлы  жайында  жазылған 
материалдарда тіпті кейінгі уақытқа дейін «ұлтшыл, буржуазияшыл» дейтін ала таңба қалмай келеді. 
Бұрынғысы бір сəрі, ал Ахаңның ақталғанынан кейін де есімі дұрыс аталмауы, газеттің бағасы кешегі 
коммунистік идеология тұрғысынан қаралуы түсініксіздеу. «Газеттің олқылықтары мен кемшіліктері 
болып еді», – деп баяғы жалтаққа баспай, мəселенің ақиқатын ашық айтатын уақыт жеткен сияқты. 
Өйткені Ахаңның о бастағы рухани өмірінің қалыптасуы осы газетке тікелей байланысты. Сонда ғана 
біз Ахаң сияқты алыптардың ұстанған бағыт-бағдарын, оның өз халқын прогреске алып шығар дұрыс 
жол болғанын айқындай түсеміз.  
А.Байтұрсынұлының  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  өмір  жолының  қайсыбір  тұстары,  міне,  осындай. 
Бұл жолдың тіпті де оңай болмағанын баяндаған азын-аулақ деректерден-ақ байқауға болар. Қит етсе, 
түрмеге жабу, бостандықта жүргенінің өзінде де үнемі аңдуда, тексерісте болу, тіпті басқан қадамын 
былай  қойып,  ашқан  аузын,  жазған  сөзін  бағып, қия  бастырмай тұншықтыруға  шыдау  үшін  адамға 
қандай күш, жігер, қайрат керек? Өстіп жүріп, тығырықта өмір кешсе де, Ахаң елім, жерім, халқым 
деп тыныстауын бір сəтке де тоқтатпаған, ол ел мүддесіне жарарлық, халық санасын ашарлық қыруар 
дүниені берді. Бұл – ел деп соққан үлкен жүректің ыстық махаббатынан ғана туындайтын қазына.  
Ахаң  өмірінің  төңкерістен  кейінгі  бөлігі  де  тіпті  күрделі,  тіпті  қайғылы.  Жантүршігерлік  азапқа 
бола  туылған  жан  дерсің!  Аз  уақыт  жаңа  үкіметтің  мүшесі,  Қазақ  автономиялық  республикасының 
халық ағарту комиссары, ғылыми-əдеби комиссияның председателі, Бүкілресейлік ВЦИК-тің мүшесі, 
Кирвоенкомның  мүшесі,  КазЦИКмүшесі,  сондай-ақ  Академиялық  Орталықтың  председателі 
ретіндегі шуақты күндерді басынан кешіргені болмаса, ең ауыр, ең қасіретті, шегінен асқан сұмдық 
пен зұлымдықтың тақсыретін тартқан қаралы кезең – бұл.Төңкеріске дейінгі өзі айқасқан надандық 
пен  қараңғылық  жыл  өткен  сайын  құбылып,  тəсілденіп,  əлденіп  алғандай  Ахаңның  қыр  соңынан 
қалған  емес.  Қайта  зұлымдық  пен  қорқаулық,  арызқойлық  пен  алауыздық  дертін  індеттей  үдетуші 
қаскүнемдер  жаңа  заманның  терісін  айналдырып  киген  бөрісіндей  боп,  жақсылықтың  ұрығын 
шашушы  жандардың  соңынан  шам  алып  түскені  мəлім.  Ахаң  Қазан  төңкерісін  саналылықпен 
қабылдап, Кеңес үкіметіне үлкен үміт артқан. Жаңа үкіметтің бағыт-бағдары өзінің ел мұңы, халық 
қамы  жолындағы  мақсат-мүддесімен  сəйкес  келіп  жатқандай  көрінген  соң  ол  Кеңес  үкіметіне 
қолғабыс  етуге  тырысты.  Армандай  болып  алғызбай  жүрген  көп  шаруаның  бағы  енді  жанар  деген 
үмітпен ол іске аянбай-ақ араласты. Жоғарыдағы санамалап шыққан қызметтің бəрі соны дəлелдейді. 
Бірақ  Ахаңның  ақ  ниетінен  арамдық  іздеп,  іс-əрекетінен  контрреволюциялық  бүлік  күтуші  қара 
ниеттілер  оған  аттап  қадам  бастырған  жоқ.  Басқан  ізін  аңдумен  болды.  Ол  бұрын  патша 
чиновниктерінен,  болыстардан,  тілмаштардан,  жандармнан  қаққы  жесе,  енді  бостандық  туының 
13


астында  бірге  жүрген  жерлестерінен,  большевиктерден,  қызыл  жағалылардан  көрді  көресіні! 
Аңдыған жау алмай қоймайды. Ол бір емес, бірнеше рет алды.  
«Мылтықтың  басуына  –  құланның  қасуы»  тура  келгендей,  дəл  осы  кезде  қазақтардың  сорына 
Қазақстан  тарихының  қаралы  беттерін  толтырып  кеткен  Ф.И.  Голощекиннің  «кіші  октябрі» 
басталады. «Кіші октябрьдің» қазақ халқына қандай қасірет əкелгені тарихтан мəлім. «Асыра сілтеу 
болмасын,  аша  тұяқ  қалмасын»,  –  деп  зіркілдеген  Голощекиннің  жендеттері  негізгі  күнкөрісі, 
тіршілігі,  тынысы  мал  болып  саналатын  халықтың  жанды  жеріне  қанжар  сұқты:  малын  сыпырып 
алды. Тігерге тұяғы, ішерге тамағы болмай қалжыраған қарапайым шаруа адамы басы ауған жағына 
кетіп, жол-жөнекей қырылып жатты. Ахаң сияқты көреген адамдар бұл сұмдықтың боларын алдын 
ала  сезіп,  дабыл  қаға  бастаған.  Бірақ  олардың  сөзіне  құлақ  асудың  орнына  «төңкеріс  рухына  кері 
əсерін тигізіп, кедергі жасап отырған байшыл-ұлтшыл «Алаш» партиясының бұрынғы көсемінің бірі 
бұрынғысын  көксеп  жүр»  деген  жаламен  ақыры  ол  1929  жылдың  4  маусымында  30  адаммен  бірге 
қамауға  алынады.  Солардың  басы  болып  қара  тізімге  алдымен  Ахаң  ілінеді.  Мұның,  əрине,  өзіндік 
себебі  де  жоқ  емес.  Голощекин  əлгіндей  жаппай  қыру  саясатын  емін-еркін  жүргізу  үшін  халықтың 
санасын  оятып,  көсемдік  көрсетіп  жүрген  осындай  ірі  тұлғалардың  көзін  алдымен  жоюды  көздеді. 
Ахаң  –  бүкіл  қазақтың  ақыл-ойы  мен  ар-ұятының  символына  айналып  кеткен  қоғам  қайраткері  əрі 
рухани  көсемі  болатын.  Ахмет  Байтұрсынұлы1929  жылғы  шілдеден  1931  жылдың  қаңтарына  дейін 
Мəскеудің бутыркасында отырады да содан соң Архангельск облысының барған адам жол басшысыз 
қайтып  шыға  алмас  алыс  түкпіріне  жер  аударылады.  Бұдан  ол  «Қызыл  крест»  ұйымы  арқылы 
(М.Горькийдің  жұбайы  Е.Пешкованың  араласуымен)  мерзімінен  бұрын  босап,1934  жылы  қайтып 
оралады. Бірақ бұл бостандық та қысқа болды. Небəрі үш жылға жетер-жетпес уақыттан кейін 1937 
жыл 8 қазанда қайтадан қамауға алынып, ақыры атылады.  
Жоғарыда ескерткеніміздей, Ахмет Байтұрсыновтың азаматтық болмысын, қайраткерлік қарымын, 
ағартушылық, ғалымдық қызметін,  энциклопедиялық  білік-білімін  негізінен  үш  түрлі  салаға  бөлуге 
болатын сияқты. Əрине, мұның ең бастысы əрі сол кезеңдегі ең қасиеттісі де – ағартушылық қызметі 
болатын. Ол өзін бұл жұмысқа мектепте оқып жүргенде дайындаған тəрізді. Неге десеңіз, əр нəрседен 
хабарланып,  батыс,  шығыс  мəдениетінен  мағлұматы  молая  түскен  жас  жігіт  өз  халқының  қалың 
ұйқыда,  бейқам жатқан күйін  көріп, күйзелетін.  Оны  оятудың,  сергітудің амалын іздестіретін.  1895 
жылы  оқуын  тəмамдап,  елге  келгеннен  бастап  ол  бұл  іспен  түбегейлі  айналысады.  1905  жылы 
жазылған петиция халық тағдырын ойлап, үздіксіз толғанудың серпіні сияқты шешім еді.  
Елдіңсанасын көтеруден бұрын сауатын ашу қажет екеніне мектепте сабақ бере жүріп əбден көзі 
жетеді. Сауат ашар «Əліп-би» мен тіл үйретер  «Тіл–құралын» жазу үшін графика мен қазақ тілінің 
дыбыстық  жүйесін  дұрыстап  алу  қажеттігін  сезінеді.  1912  жылдан  бастап  «Айқап»  журналымен 
«Қазақ»  газеті  арқылы  осы  жайындағы  өзінің  нақты  пікірлерін  жұртшылыққа  ұсынады.  «Айқап» 
журналының  1912  жылғы  9-12-сандарында  жарияланған  «Шаһзаман  мырзаға»  деген  мақаласы  осы 
мəселелерді  қозғайды.  Сондай-ақ  «Қазақ»  газетінің  1913  жылғы  34-інші  жəне  содан  əрі  қарайғы 
сандарында «Жазу мəселесі» деген көлемді мақала жариялайды. Осының бəрінде оның қазақ жазуын 
бір жүйеге түсіруге түбегейлі кіріскенін байқалады.  
«Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті бетінде көптен бері көтеріліп келе жатқан жазу мəселесіне 
Ахаң  20-жылдары  жіті  кіріседі.  Ол  əу  бастан-ақ  араб  графикасына  бейіл  береді.  Оның  мұнысынан 
кезінде  «панисламдық»,  «арабшылдық»  сарын  ізін  іздеп  сарсылғандар  болды.  Сондықтан  да  ол  ең 
алдымен  айыпталды  да.  Ғылыми  принципті  негізге  ала  отырып,  қазақ  жазуын  қалыптастырудың 
алғышарты ретінде: 1) қазақ тілі дыбыстарына қажеті жоқ араб таңбаларын алфавиттен алып тастады; 
2) сөздің жіңішкелігін білдіретін «дəйекше» деген белгіні енгізді.  
Қазақ  ұғымына  икемделген,  барынша  қарапайым  да  түсінікті  А.Байтұрсынұлының  бұл  жазуын 
жұртшылық,  əсіресе  мұғалімдер  қауымы  бірден  қабылдап,  іс  жүзінде  қолдана  бастады.  Ол  Еуропа 
мен  Азия  халықтары  алфавиттерінің  жасалу,  қалыптасу  тарихын  едəуір  тексеріп  шыққан  өте  зерек 
лингвист  болатын.  Мəселен,  мына  ұсыныс  пікірлеріне  зер  салалықшы:  1)  қазақ  жазуы  үшін  қажеті 
жоқ  араб  алфавитіндегі  жуан  дыбыстарының  таңбаларын  алмау;  2)  қазақ  тіліндегі  дыбыстарының 
əрқайсысына жеке  таңба белгілеуді  ұсыну.  Міне, осының  бəрі қазақ  тілінің  алфавиті өз  табиғатына 
орай  түзіліп,  тіліміздегі  сингармонизм  заңына  лайықталып  жасалуының  нəтижесінде  қазақтың  төл 
жазуы болып тез қалыптасты.  
Бұл  жазу  1912  жылдан  1929  жылға  дейін  сол  кездегі  қазақ-орыс  мектептерінде,  мұсылман 
медреселерінде  қолданылды. Баспасөзде  жарияланған  қайсыбір  материалдарда  1915 жылдың  өзінде 
осы  жазумен,  яғни,  осы емле  негізінде  15-тей  кітап  басылған көрінеді.  Ахаңның  аталған  терминдік 
қызмет  атқара  бастаған  еңбектерінде  жəне  шыққан  қазақша  кітаптардан  тұңғыш  бастаған  əріп, 
14


дəйекше,  дыбыс,  жуан  дыбыс,  жіңішке  дыбыс,  қағида,  түбіршек  тіл,  жалғамалы  тіл,  қопармалы 
тіл, түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы сөз, қосымша тəрізді байырғы сөздерді табамыз.  
Біртіндеп  өмірге  жолдама  алған  қазақтың  ұлттық  графикасын  А.Байтұрсынұлы  іс  барысында 
үнемі  жетілдіріп  отырады.  Оның  баспа,  полиграфия  талаптарына  байланысты  кейбір 
сəйкессіздіктерін реттей келе ұлттық жазуға айналдырды. Сөйтіп, бұл жазу 1924 жылы ресми түрде 
қабылданды. Біздіңше, бұл жазудың ең басты екі маңызын айта кеткен жөн сияқты. Біріншіден, бүкіл 
қазақтыұйымдастырып,  ұлттық  жазу  жүйесі  бойынша  жаппай  сауат  ашу  шарасы  жүргізілді.  Осы 
арқылы ұлттық сана мен ұлттық мəдениетіміз арналы даму жолына түсті деп айта аламыз. Екіншіден, 
дендеп еніп бара жатқан орыстану саясатына тосқауыл қойылды. Осыдан былай қарай орыс тілінде, 
орыс  қарпімен  оқытылып  келген  мектептердің  бəрінде  өзіміздің  ұлттық  төл  жазуымыз  қолданыла 
бастайды.  
Айта  кету  керек,  1926  жылы  26  ақпан  мен  6  наурыз  аралығында  Баку  шаһарында  өткен 
түркологиялық съезде А.Байтұрсынұлының араб алфавиті негізіндегі жаңа жазудың артықшылығын 
дəлелдеп,  латынға  қарсы  шыққандағы  бір  себебі  –  бұл  жазудың  Қазақстанда  іс  жүзінде  қолданыс 
тауып, жаппай сауатсыздықты жоюдағы атқарған нақтылы қызметі болатын. Кейін халық жауларын 
аулаушы  «қырағылар»  Ахаңның  бұл  əрекетіне  жерден  жеті  қоян  тапқандай  қуанып,  оны  керемет 
пайдаланғанын  да  білеміз.  Əңгіме  бұл  жерде  Ахаңның  латын  жазуын  мүлде  іске  алғысыз  деп 
тануында  емес  еді.  Мəселенің  түп  себебі  –  сауаты  жаңа  ашылып,  білімді  ел  қатарына  енді-енді 
қосылып  келе  жатқан  қазақ  сияқты  қауымға  жазуын  қайта-қайта  ауыстыра  берудің  мүлде 
тиімсіздігінде  болатын.  Мұның  үстіне  бүкіл  жұрт  тез  қабылдап,  өзге  де  түркі  тілдес  елдер  үлгі  ете 
бастаған  бұл  жазуды  ауыстырып,  латынға  көшуді,  ол  түптің  түбінде  кириллицаға  ауыстырудың 
баспалдағы екенін сезген болатын. Ақыры солай болып шықты.  
Оқу-білім,  мəдениеттің  бүгінгі  жеткен  биігінен  көз  тастап  байқағанда,  «айналдырған  14-15 
жылдың  ішінде  үш  жазуды  ауыстырып  қандай  мұратқа  жеттік?»  деген  сауал  туындайды.  Əрине, 
соңғы  елу  жылдан  астам  уақыт  бойы  қажетімізді  өтеп  келе  жатқан  орыс  графикасына  негізделген 
жазуымызды  мүлдем  тиімсіз  болды  деп  айта  алмас  едік.  Сонымен  бірге  біздің  халқымыз  үш  рет 
сауатсыздық шырмауында болып, үш рет қайта сауат ашқанын жасыра алмаймыз. Сонда бұл қайта-
қайта  жазу  ауыстыру  кімге  тиімді,  кімге  тиімсіз  болды?  Əңгіме  –  осында.  Бұл  жағын  қазір  зиялы 
қауым түгел шамалайды деп білеміз.  
Сол  отызыншы  жылдар  соңында,  одан  кейін  де  қазақ  халқының  тіліне,  мəдениетіне,  тарихына 
қаншалықты нұқсан келтірер кінəраттың бірі ана тілінде оқытуға байланысты екенін алдын ала сезген 
Ахаң  бұл  іске  де  жанын  сала  кіріскен  болатын.  Кейінгі  (80-90-жылдардағы)  үш-төрт  жыл  бойы 
жүргізіліп келе жатқан тіл үшін күрес Ахаңның сол бір көрегендігін дəлелдей түскендей. Өз тілімізді 
ұмытып,  орыстанудың  аз-ақ  алдында  қалған  бір  сəтте  Ахаңның  арамызға қайта оралуы  үлкен  олжа 
болды емес пе?  
Барымызды ұмытып, керегімізді іздеуден қалған 70 жылдан аса мерзім ішінде бүкіл бір ұрпақты 
қағынан жерінген құлан сияқты еткен екенбіз. Ана тілін білмейтіндер саны бұл күнде 25 пен 40 пайыз 
арасында ауытқи беретіні – кеңестік дəуірдің жемісі.  
Енді, міне, заман түзелгендей, ел есін жиғандай болып отырған кезеңде Ахаң қалдырған мұраның 
мөлдірінен  сусындап,  əлі  де  мейіріміз  қанар  емес.  Бір  ғана  осы  ағартушылық  іс  саласында  жазған 
кітаптарының  өзін  игеру  оңайға  түсіп  жатқан  жоқ.  Өйткені  «өзімізде  ештеңе  жоқ!»  деп,  өзгеге 
жүгініп, əбден еңсе түсіріп үйренген халықпыз ғой. «Апырай, мұндай да бар екен-ау» деп аң-таң боп 
жүрген ағайын да арамызда. Иə, Ахаңның істері таңдай қақтырардай. Сонау 1912 жылы Орынбордан 
шыққан  «Оқу  құралы»  халық  сұранысын  өтегені  сонша:  ол  əлденеше  рет  баспа  жүзін  көреді.  1925 
жылы ол «Əліп-бидің» жаңа түрін жариялайды. Бұл да бірнеше рет басылады. Кезінде оған:«Мынау 
жаңа  «Əліп-би»  бұрынғысынан  қай  ретте  болса  да,  аса  артық.  Бұл  «Əліп-бидің  мазмұны  қазақ 
жағдайына  қарай  Мемлекеттік  білім  кеңесінің  жаңа  программасына  үйлесімді  болып  шыққан. 
Əңгімелері  балалар  үшін  қызық,  жеңіл,  заманға  лайық»,  –  деп  баға  берілген  екен.  Десе  дегендей, 
Ахаң  замана  ағысынан  қалыспай,  қатар  жүріп  отырады.  Əлгіндей  құралдарын  үнемі  жетілдіреді. 
Осындай құралдың ересектер үшін де аса қажет екенін ескеріп, «Əліп-биді» жазады. Ол оқулық əуелі 
1924 жылы Орынборда, 1926 жылы Семейде басылып шыққан.  
«Оқу  құралы»  арқылы  балаларды  сауаттандырып  алғаннан  кейін  ол  енді  қазақ  тілін  жеке  пəн 
ретінде оқытудың құралын ойластыра бастайды. Бірнеше бөлімнен тұратын бұл оқулықтың əр бөлігі 
жеке-жеке  «Тіл  –  құрал»  деген  атпен  жариялана  бастайды.  1914  жылы  морфологияға  арналған  ІІ 
бөлімі,  1915  жылы  фонетика  арналған  І  бөлімі,  содан  кейін  синтаксиске  байланысты  ІІІ  бөлімі 
жұртшылыққа ұсынылады. Мұның қай-қайсысы да кемінде 6-7 рет баспа жүзін көрген.  
15


Аталмыш  оқулық  қазақ  мəдениетінің  тарихында  бұрын-соңды  болмаған  мүлде  соны  құбылыс 
болды. Мұның тосын дүние екенін А.Байтұрсынұлының өзі де ескертіп, кітап кіріспесінде мынадай 
түсініктеме береді: «Тіл – құрал» деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да əуелгі кезде сондай 
жат көрінер, өйткені бұл – қазақта бұрын болмаған жаңа зат».  
Қазақ  тіл  білімінің  қалыптасуында  айрықша  рөл  атқарған  бұл  еңбектерді  саралағанда,  жалпы 
лингвистика  ғылымының  өрістеуіне  даңғыл  жол  ашқан  термин  жасау  мəселесін  тіпті  де  аттап  өте 
алмаймыз.  Əлгіндей  оқулықтарды  түзу  барысында  Ахаң  əрбір  ұғым,  түсінік,  нəрсе,  затқа,  əсіресе 
грамматикалық  категориялардың  бас-басына  қазақша  термин  береді,  атау  телиді.  Сол  кезеңде 
жасалып,  қазір  мүлде  қалыптасып,  тұрақтанған  зат  есім,  сын  есім,  етістік,  есімдік,  бастауыш, 
баяндауыш,  пысықтауыш,  дыбыс,  əріп,  қағида,емле  т.т.  толып  жатқан  терминдер  –  тіл  ғылымын 
дамытудағы  зор  үлес.  Əрбір  грамматикалық  категорияның  өзіне  тəн  атауын  дəл  тауып,  жіліктеп, 
жіктеп,  саралап  беру  оқу  жүйесіндегі  ісімізге  айрықша  əсер  еткенін  білеміз.  Мəселен,  сөздерді 
тұлғасына,  мағынасына  қарай  бөліп,  саралап,  қолмен  қойғандай  етіп  көрсетуді  мамандардың  қай-
қайсысын  да  таңғалдырған.  Ол  жасаған  терминдер  жүйесі  бүгінге  дейін  тілімізге  мүлтіксіз  қызмет 
етіп  келеді.  Мұның  сыры  неде?  Оның  сыры  –  Ахмет  Байтұрсынұлы  ұстанған  принциптің  ғылыми 
негізділігінде,  табиғи  заңдылығында.  Ол  –  қандай  принцип?  Біріншіден,  А.Байтұрсынұлы  термин 
жасау  процесінде  қазақ  тілінің  өз  мүмкіндігін  барынша  пайдаланады.  Əлгі  терминдердің  əрі 
қарапайым,  əрі  түсінікті,  дəл  болуы  қазақ  тілінің  байырғы  сөз  байлығын  сарқа  пайдалануға 
байланысты.  Сондықтан  да  олар  өміршең.  Сонымен  бірге  интернационалдық  терминдерді  де  реті 
келгенде  қолданғанын  байқаймыз.  Бұған  көп  дəлелдің  қажеті  бола  қоймас.  Фонетика,  морфология, 
синтаксис, грамматика тəрізді ұғымдардың Ахаң қолданысында сол күйінде қалуы – осыған дəлел.  
Сонымен  бірге  А.Байтұрсынұлының  қазақ  тілі  морфологиялық  тұлға-тəсілдерін  мүлде  басқаша 
қарап  түсіндіруге  тырысқанын  байқаймыз.  Ол  тілдің  типологиялық  ерекшеліктеріне  аса  зор  мəн 
береді.  Əсіресе  қазақ  тілін  зерттеген  орыс  ғалымдарының  тілдің  табиғи  тегін  аршып,  ашып  түсіне 
алмауынан  кеткен  қателіктерін  анықтап,  түзетіп  талдай  келе,  өзіндік  анықтамаларын  береді.  Ана 
тілінің  даму  ерекшеліктерін  барынша  ескеру  принципін  ұстанады.  Орысша  оқып  сауаттанғанмен, 
əрбір  ізденісін  қазақ  тілінің  өз  табиғатынан  тартып,  қазақ  тілінің  өз  заңдылықтарына  сүйеніп 
отыратыны көрінеді.  
А.Байтұрсынұлының  тағы  бір  аса  маңыз  берген  мəселесі  –  ол  қазақ  тілін  оқыту  əдістері.  Бұл 
жайында ол жиырма жылға таяу уақыт бойы дерлік талмай ізденіп, сол кездегі баспасөз беттерінде 
түбегейлі  толғамдарын  үздіксіз  жариялап  отырған.  1910  жылдан  басталған  тəжірибесін  жинақтап, 
1920  жылы  Қазанда  «Баяншы»  деген  атпен  шағын  кітапша  етіп  шығарады.  1921  жылы  осы 
тақырыпты сөз ететін тағы бір əдістемелік құралын Ташкентте бастырады.  
А.Байтұрсынұлының  еңбек  жолын  қарап  отырсаңыз,  ылғи  да  жүйелі  мақсат  көздеп  отырғанын 
байқайсыз.  Басты  да  əуелгі  мақсаты  –  қазақ  баласының  сауатын  ашу  болса,  соны  іске  асыру  үшін 
алдымен  «Оқу  құралы»  («Əліп-биді»)  жазады.  Тілді  тереңірек  түсіндіріп  баяндау  үшін  «Тіл  – 
құралын»  түзеді.  Ал  «Тіл  жұмсарын»  алсаңыз,  өзінің  аты  көрсетіп  тұрғандай,  ана  тілін  дұрыс 
қолданып,  дұрыс  тұтыну  жолдарын  қарастырады.  «Баяншыны»  оқысаңыз,  тіл  үйренудің  жүйелі 
əдістері  баяндалады.  Осындай  мəселеге  жүйелі  келудің  нəтижесінде  сауат  ашу  процесі  əлдеқайда 
шапшаң, анағұрлым жедел жүргізілгені мəлім. Сонда өзінің алдында таза қазақ тілін оқытудың үлгі 
етерлік ешбір нұсқасы болмаған жағдайда тілді оқыту жайын осыншама терең біліктілікпен, барынша 
сауатты  жүйелегеніне  таңғалмауға  болмайды.  Басқа  еңбектерін  былай  қоя  тұрып,  осынысының 
өзімен-ақ ол қазақ халқының мəдени тарихында өшпес із қалдырары даусыз еді.  
Қазақ тілі жайында А.Байтұрсынұлынан бұрын да зерттеулер болған. Бірақ олардың бəрі де орыс 
тілінде  жазылған  еді.  Олардың  бірде-бірін  де  (Н.И.  Ильминский,  П.М.  Мелиоранский  т.б.)  қазақ 
тілінің  өзіне  тəн  табиғаты  жүйелі  түрде  ашылған  емес.  Жəне  олар  орыс  тілінде  жазылғандықтан, 
қарапайым  халықтың  сауатын  ашуға  пайдасы  аз  болды.  Міне,  сондықтан  да  біз  Ахаңды  қазақ 
лингвистикасының бастауында тұрған басты тұлға деп есептейміз.  
Ахмет  Байтұрсынұлы  –  қазақ  тілінің  ғана  емес,  əдебиеттану  ғылымының  да  негізін  салушы. 
Осыдан-ақ  оның  халықтың  бай  ауыз  əдебиетін,  ертегі-аңыздарын,  эпостық  жырларын,  шешендік 
сөздерін,  мақал-мəтелдерін,  нақылдарын  да  үнемі  жинап-теріп,  бастырып  шығарғанын  көреміз.  Ол 
бұл жұмысты  1895 жылдан  бастайды.  Бұған  «Тургайская  газетінің»  бетінде  бастырған  «Киргизская 
приметы  и  половицы»  деген  материал  куə.  1923  жылы  А.Байтұрсынұлы  қазақтың  айтулы  эпостық 
жырының  бірі  –  «Ер  Сайынды»  Мəскеуде  бастырады.  1926  жылы  Ахаң  қазақ  халқының  басында 
болған  қайғылы  оқиғаларды  сипаттайтын  өзгеше  бір  жыр  өрнегі  23  жоқтаудың  басын 
құрастырып,«Жоқтау»  деген  атпен  жариялайды.  Бұл  –  халқымыздың  ауыз  əдебиетінде  жанрлық 
сипаты  басқашалау  туынды  қатарына  жатады.  Мұны  жинағанда  да  ғалымның  ең  алдымен  назар 
16


аударатыны  –  жоқтау  жырының  тіл  шеберлігі  мен  көркем  сөз  қоры.  Əдебиеттің  осындай  сан  түрлі 
нұсқаларын  жинап,  зерттеп,  бастыра  келе  А.Байтұрсынұлы  енді  оның  тарихына  үңіліп,  теориясын 
түзуге кіріседі. 1926 жылы жарық көрген «Əдебиет танытқыш», міне, осындай жүйелі ізденістер мен 
барлаудың əрі жалғасы, əрі жиынтығы іспетті. Аталмыш еңбек Ахаңды нағыз теоретик ғалым ретінде 
танытты.  
Бұл  кітап  əлденеше  жылдар  бойы  əдебиетсүйер  қауымның  қолынан  түспейтін  құрал  болған. 
Өйткені  мұнда  ол  əдебиеттің  барлық  жанрына,  көркемдік  құралдарына  қалыптаса  бастаған 
еуропалық  дəстүрден  кетіп,  таза  қазақша,  соны,  жаңа  анықтама  беріп,  бəріне  терминдік  балама 
телиді.  Қараңыз:  арнау(зарлай  арнау,  жарлай  арнау)  ауыстыру,  əсірелеу,  бүкпелеу,  бейнелеу, 
дамыту, көрнектеу, кекесіндеу, мегзеу, теңеу, түйдектеу, теңдестіру, үдету тəрізді жеке сөздерді, 
өлең айшықтары, шумақ түрлері, тармақ толғаулары, тармақ кезеңдері, заман хат, тарихи əңгіме, 
саясат,  шешен  сөз,  билік  шешен  сөз,  қошемет  шешен  сөз,  көсем  сөз,  айтыс  өлең,  үгіт  өлең,  үміт 
өлең тəрізді тіркесімдер Ахаң қолдауында тұңғыш рет терминдік мəнге ие болған. Ғалымның атылып 
кетуіне  байланысты  еленбей  қалған  ғұрыптама,  зауықтама,  қалыптама,  сарындама,  сауықтама 
сияқты қолданыстар терминденуге өзі сұранып тұрғандай. «Əдебиет танытқышта» өзінің терминдік 
өрісін  таппай  жатқан  мұндай  сөз  үйірлері  молынан  кездеседі.  Оны  игеріп,  ел  игілігіне  жарату, 
терминдер  қатарына  қосу  –  ендігі  ұрпақтың  міндеті.  Сонымен  осы  қысқаша  шолудың  өзінен-ақ 
А.Байтұрсынұлының  əдебиеттану  ғылымының  да  негізін  салған  тұңғыш  əдебиет  теориясын 
жазған үлкен ғалым екенін танимыз.  
Туған  халқын  сауаттандырып,  мəдениетке  жетектеу  идеясы  Ахмет  Байтұрсынұлын  ақындық 
əлеміне де алып келеді. Қалдырған мұрасын қарап отырсаңыз, көркемдікпен көмкеріліп ой арқалаған 
сөз  орындарына  тəнті  боласыз.  Бір  қарағанда,  бұл  кісінің  ақындығынан  гөрі  қайраткерлігі  мен 
ғалымдығы  басымырақ  боп  көрінуі  де  ықтимал.  Кезінде  солай  деп  те  бағаланған  (С.Сəдуақасов). 
«Қырық мысал» мен «Маса» жинақтарын сүзіп шыққанда, Ахаңның тек қана ғалым, тек қана қоғам 
қайраткері  немесе  ағартушы  ғана  емес,  керемет  ақын,  шебер  аудармашы  екеніне  де  көзіңіз  жетеді. 
Тіпті керек десеңіз, барлығы да қазақтың поэзиялық мұрасын тереңірек үңілуден туған тəрізді.  
Жалпы  оның  ағартушылық,  ғалымдық,  қайраткерлік,  ақындық,  аудармашылық  қасиетін  саралай 
түскенде  еріксіз  мынадай  ой  жетегіне  еруге  тура  келді.  Ахаңның  алдында  қазақ  халқы  үшін  оның 
болашағы  үшін  өлшеусіз  мол  қазына  тастап  кеткен  үш  алыптың  –  Абай,  Ыбырай,  Шоқанның 
болғанын  білеміз.  Бір  ғажабы  –  осылардың  мұрасын  терең  зерттей  отырып,  олар  көтерген 
мəселелерді бар жанымен ұға отырып, ол осы үшеуінен тартылатын үш арналы жолды бір өзі бойға 
сіңіріп  таңдап  алғандай.  Шынында,  қараңыз:  Шоқанның  ғалымдығы,  Ыбырайдың  ағартушылығы, 
Абайдың  ақындығы  мен  ағартушылығы  А.Байтұрсынұлының  өмірлік  мұратына  айналған.  Жəне 
бұларды заманға лайықты нақты істермен жалғастыра, дамыта түскен. Сондай-ақ тыңдаушысы мен 
оқытушысы аз болған үш алыптан гөрі ол – азын-аулақ болса да, өз еңбегінің нəтижесін көрген адам.  
Сөйтіп, Ахаңның ақындығы мен ағартушылық өнерінің орны мүлде бөлек. Ол – өз алдына ғибрат 
алар  ерекше  бір  мектеп.  Бұл  жолда  да  Ахаңның  белгілі  мақсат  көздеп  отыратынын  байқаймыз. 
Өлеңін  Абайша  түрлеп,  адам  бойындағы  надандықты  шенейді,  саналылыққа,  ел  болып  бірігуге 
шақырады.  «Сауатың  ашылмай,  басың  бірікпесе,  ел  болып  оңбайсың»  дегенді  уағыздаудан 
жалықпайды.  «Қалғып-мүлгіп  күн  кешкен  қайран  қазақты  қайтсем  оятамын,  қалай  ел  қатарына 
қосамын?» деп сары маса боп ыңылдауы да содан. Төл туындысы болсын, аударма дүниесі болсын, 
ол осы бағытынан жаңылмайды:  
 
 
Бұл неткен жұрт ұйқышыл?!  
 
 
Болсын кедей, болсын бай,  
 
 
Жатыр бейқам, жым-жырт, жай  
 
 
 
 
(«Жиған-терген»)  
Қазекеңнің  ұйқыдан  бас көтерген  кезінде  бітірері  өзді-өзі шен-шекпенге  таласып,  өзгелерге жем 
болып жататынына күйінеді. Мұндай күйге:  
 
 
...Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз  
 
 
Алалық алтыбақан дертпен кірдік 
немесе:  
 
 
...Жан-жақты Жаратқанға күзеттіріп,  
 
 
Жақынмен ырылдастық, иттей үрдік, –  
 
 
 
 
 
(«Қазақ қалпы»)  
деуінде  ащы  шындық  жатыр.  Бұл  –  қазіргі  біздерді  де  толғандырып,  үлкен  міндет  жүктеп  тұрған 
жолдар.  Абайша  күңіреніс,  Абайша  толғаныс.  Абай  шыншылдығы,  Абай  сыншылдығы  оның  əрбір 
17


өлеңін  де  осылайша  жалғасын  тауып,  өзіндік  жаңаша  өрнектермен  өзекжарды  мəселелерді  қозғап 
жатады.  
Абай  бірде-бір  өлеңін  өткен  уақыттың  жайын  ғана  жырлайтын,  кезеңдік  дүние  деп  қарай 
алмайтынымыз сияқты, Ахмет туындыларының да шеңбері бір ғана сəттің ауқымымен шектеліп қала 
алмайды.  Оның  əрбір  сөзі  біздер  үшін  де  əсерін  жоймаған  барынша  көркем,  мейлінше  мағыналы. 
Тіпті көп өлеңі бүгінгі тіршілігіміздің айналасындағыдай көрінеді.  
Мысалы:  
 
 
Тықылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп  
 
 
Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған.  
 
 
Бос белбеу, босаң туған бозбала көп  
 
 
Киіздей шала басып қарпылмаған, – 
 
 
 
 
 
(«Қазақ салты»)  
деген шумақ бүгінгі біздерді айтып тұрғандай емес пе?! Бас пайдасынан басқа уайымы жоқ, «халық», 
«ұлт мүддесі» деген ұғымға миығынан күліп қарайтындар аз ба қазір? Мына екі жол соларды нұсқап, 
дəл басып көрсеткендей: 
 
 
...Жаны ашып, жақын үшін қайғырар ма  
 
 
Жаны – мал, жақыны – мал, малдың құлы? 
 
 
 
 
 
 
(«Досыма хат») 
Ал «Жұртыма» деген өлеңінде қазақтың тағы бір тиімсіз мінезіне қадалады:  
 
 
...Келгенде өзді-өзіңе мықтымсыңдар,  
 
 
Қайтейін өзге десе, көнгішіңді!! 
 
 
Сықылды сынық бұтақ төмендесең,  
 
 
Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?!  
Бұл  –  «Күштілерім  сөз  айтса,  бас  изеймін  шыбындап»-ты  (Абай)  нақтылай  ұластырып  жатқан 
шумақтар.  «Қолда  барда алтынның  қадірі жоқ,  қолдан  шығып  кеткен  соң өкіндім-ай»,  –  деп  халық 
өлеңінде  айтылатын  ежелгі,  дəстүрлі  өлең  табиғатына  жаңаша  нəр  беріп,  неге  болса  да  тəубе  етіп, 
неге  болса  да  «Құдай  ісі»  деп,  еш  əрекетсіз  қарап  отыратын  мінез-құлықтағы  дертті  аямай  сынға 
алады.  
Ахмет  Байтұрсынұлының  аудармашылық  қызметінде  мысал  жанры  өзгеше  орын  алады.  Басқа 
емес,  дəл  осы  жанрға  баруының  өзінде  үлкен  мəн  жатыр.  Қазақ  бойындағы  ежелден  қалмай  келе 
жатқан  əлгіндей  ездік  пен  бойкүйездік,  намыссыздық  пен  жігерсіздік,  алааяқтық  пен  алаауыздық, 
жалқаулық  пен  жағымпаздық  т.б.  толып  жатқан  ес  жиғызбас  əдетті  сынау,  шенеуге  келгенде  ақын 
осы  жанрды  дұрыс  таңдайды.  Оның  сыншылдығы  да,  сыршылдығы  да  осы  мысал  өлеңдерінде 
барынша  ашыла  түседі.  Əсіресе  шымшыма  əзілмен  əспеттелетін  пəлсапалық  түйін  мен  тағылым, 
тəрбиелік  мəні  зор  тұжырымдары  естен  кетпей  көңілде  жатталып  қалады.  Мұның  бəрі,  біздіңше, 
өлеңдегі ой мен сөздің, мазмұн мен түрдің өзара жымдасып, қабысып жатуынан.  
Сонау Эзоп пен Лафантеннен бастау алатын И.А.Крыловтан баян табатын бұл мысал əңгімелерге 
Абай да, Ыбырай да қызыққан. Олар да бұларды қазақша сөйлетудің керемет жолын тапқан. Ол – əлі 
игеріліп  бітпеген  тағылымдық  өнегесі  таусылмайтын  өз  алдына  бір  мектеп.  Ахмет  бұл  дəстүрді  де 
əдемі жалғастырып, көркем аударманың дамуына зор үлесін қосып кеткен.  
Əрбір  өлеңі бір қарағанда  аударма  дейтіндей  күдік  шақырмайды.  Ал,  екінші жағынан,  тереңірек 
үңіле  қараған  адамға  аударма  екенін  жəне  оны  өте  шебер  жасалғанын  мойындауға  тура  келеді. 
Аударма  екенін  кейде  байқамай  қалатыныңыз  өлеңдегі  бүкіл  айтылмыш  ой,  мазмұнның  қазақы 
ұғымға ешбір жаттығы жоқтығынан. Ал олай болу себебі – Ахаңның қазақ сөзінің парқын мейлінше 
терең  түсініп,  оны  орнымен  қолдана  білуінде.  Өлең  сөзге  осыншама  шеберлікпен  балама  табу  кез 
келген  ақынның  қолынан  келе  бермесе  керек.  Мысалдың  мазмұн-мағынасын  ашып,  көркемдік 
сапасын  төмендетпей,  шебер  қаланған  əсем  ғимарат  өсіп  шығады.  Қайсыбір  тұстарда  Ахаң  өз 
тарапынан өнегелік түйін жасап, түсіндіріп те кетіп отырады. Бұл да – өзіндік ерекшеліктерінің бірі. 
Мəселен, «Арыстан, киік һəм түлкі» деген мысал өлеңінде ол былай тұжырымдайды:  
 
 
...Кісіге таза жолдас табу қиын,  
 
 
Көбін-ақ дос етеді мал мен бұйым.  
 
 
Досыңнан, дұшпаныңнан бірдей сақтан,  
 
 
Басыңда, сірə, Ахмет, болса миың.  
 
 
Ойлама:«шын достарым мол екен» деп, 
 
 
Сөзіне ере берме: «Жол екен!» –деп,  
 
 
Досыңды қиын іске қайрап тұрған  
 
 
Білгейсің шын дұшпаның сол екен деп.  
18


Немесе ««Қара бұлттағы» қаңсып жатқан далаға жауудың орнына онсыз да кемерінен асып-төгіліп 
жатқан теңізге барып құя салған бұлтты мүмкіндігі болса да, еліне еш пайдасы жоқ кейбір адамдарға 
ұқсатады. Ал «дала – бейқам жатқан қазақ», – дейді.  
 
 
...Бұлттай жерге жаумай, суға жауған  
 
 
Қазақта іс ететін көп адамдар.  
 
 
Жұмсамай тиісті орынға мал, өнерін  
 
 
Біреулер жүреді, оған не амал бар?  
 
 
Мысалы, қазақ – дала, басқа теңіз,  
 
 
Даланы шамаң келсе көгертіңіз.  
Ахаң қандай мысалды аударса да, аяғын қалайда қазаққа əкеп тірейді. «Оянар ма екен, сабақ алар 
ма екен, серпілер ме екен?» деумен болады. Əйтеуір қазақтың бар қылығына теңеу табады. «Баласын 
аяған  адам  оны  сүймейді»  деген  мазмұнда  жапонның  бір  мақалы  бар  екен.  Ахаңның  қазақты 
қаншалықты  сүйетіні,  сондықтан  да  оны  бар  жаман  қылықтардан  арылтып,  адал  адамгершілік 
жолына алып шығумен əуре болатынына қайран қалып отырасыз. Сол үшін де ол ешкімді аямайды. 
«Миың болса, ойлан», – деп, өзін де қатты сынға алады, қайрайды.  
Болмашы үлесті бөлісе алмай дауласып, үйді өртеп алған үшеудің қылығы да қазаққа келіп жатыр.  
 
 
...Бұл белгі табылып тұр біздің жұрттан,  
 
 
Таласып бір-бірінің жүзін жыртқан. 
 
 
Алданып арадағы дау-шарына  
 
 
Қатерден қапері жоқ келер сырттан. 
 
 
 
 
 
 
(«Үлес»)  
 
Сондай-ақ  «Өзен  мен  Қарасу»  мысалындағы  өзенді  өз  елін  ғылым,  біліммен  өркендетіп 
жатқан елге ұқсатады.  
 
 
...Қозғалмай бұл күйіңнен жата берсең,  
 
 
Боларсың Қарасудай ақырында, –  
деп, қимылсыз, қарекетсіз жатқан қазақтың намысын түрткілейді.  
Қаршадайынан ел деп езіліп, халқым деп қайғы жұтып, азап пен тозақтың бəрін бастан кешіріп, 
ақыры қара түнек надандықтың құрбаны болған аяулы да ардагер Ахаң мен сол сияқты кемеңгерлер 
жүріп  өткен  жолды  аузың  барып  қалайша  жайбарақат  əңгімелей  аласың?  Сол  бір  бəйгеге  басын 
тіккен  есіл  ерлердің  шер  мен  сырға  толы  еңбек  жолы  жаныңды  қалай  күйзелтпесін?  Неге  бұлай 
болды, қаншама халықты жəне саналы жолға салып, болашаққа жетелеген ел көсемдерін зəбірлеген, 
олардың тұқым-тұяғымен жер бетінен жойылып кетуіне кімдер себепші болған? Жалғыз Сталин бе 
болмаса  жалғыз  Голощекин  бе?  Бұл  жауыздардың  сұрқия  саясатын  алақайлай  үдетіп,  дамытып, 
«құлпырта» орындағандар бар емес пе? Солардың аты неге аталып, ардың, адамгершіліктің сотына 
неге  салынбайды?!  Адам  баласы  тарихында  бұрын-соңды  болмаған  осынау  теңдесі  жоқ 
жауыздықтың  авторлары  мен  орындаушыларын  халық  талқысына  салмай,  санада  шөгіп  қалған, 
бұғып жатқан арсыздық пен сатқындықтан арыла алмаспыз.  
Ойлап  қаралықшы,  ағайын.  Біздің  халқымыздың  басына  төнген  қатер  –тек  осы  ғана  ма?  «Тең 
жартымыздан  айырылдық!»  деп  күңіренеміз.  Ол  рас,  əрине.  Бұл  –бүкіл  бір  əлемге,  бір  халыққа  аз 
қайғы  емес.  Бұл  –  өмірі  толмас  өлшеусіз  қасірет.  Бірақ  біздің  қазақтың  көрген  тозағы  осы  ғана 
ма?Олқұрбандығымен тазарып, адалданып бітіп пе еді? Жоқ, ағайын, бақсақ, біз ұлттық тəуелсіздік, 
ұлттық тұтастық үшін күрес алдында өз жүрегіміз бен санамызға өшпес қара дақ түсірген халықтың 
бірі  екенбіз.  «Елдің  тең  жартысы  аштықтан  қырылып,  ширегі  шетелге  қашып  құтылды»,  –  дейміз. 
Рас. «Ол елде, Атамекенде аман-есен халық, ұлт атына ие болып қалғандардың бəрінің бірдей ары, 
жаны таза» деп айта аламыз ба? Халқымызды қырғынға ұшыратқандар, барсакелмеске айдатқандар, 
жауыздар, сатқындар əлі де жүрген жоқ па екен арамызда алшаң басып, ойланалықшы!  
Əшейінде əділеттің ақ жолын ұстаған боп, кезеңі, реті, сəті келгенде, аянбай қимылдайтын бұлар 
кеше  де,  яғни,  1986 жылғы желтоқсанда  көрсетпеп  пе  еді  көресіні?!  Ендеше,  олар  əлі  тірі,  сақ. Тек 
бой  тасалап,  жауыздығын  жасырып,  арамызда  əлі  жүр.  Бар  бəлені,  дертті,  ендеше,  өз  бойымыздан 
іздесек етті!  
Халқымыздың  жан  саулығына  өлшеусіз  зор  зиян  келтірер  осынау  көр  мінез  бен  арам  пиғылдан 
арылмай, тəуелсіздігіміздің іргесі нық болмай ма деп қорқамыз. Ол неше алуан түрге еніп құбылады. 
Ол біресе қоғамшыл, біресе партияшыл, біресе ұлтшыл, халықшыл боп өрекпиді.  
Міне, Ахаң жайында əңгіме қозғағанда, осындай да ойлар торлайды. А.Байтұрсынұлы оқуы енді 
ғана  басталды  деп  білеміз.  Қазақ  халқының  тəуелсіздігі  үшін  оның  сауатты  да  білікті  ел  қатарына 
қосылуы  үшін  ақтық  демі  біткенше  күрескен  осынау  ұлы  адамның  аты  ұлт  жүрегінде  мəңгі 
сақталады. Сондықтан да оны қазақтың ұлттық мəдениетінің Хантəңірі деп бағалаймыз.  
19


Əбілқасымов Б. 
филол.ғ.д., профессор, А.Байтұрсынұлы атындағы  
Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері  
 
Ахметтану саласының өткені мен бүгіні 
 
Ахметтану ғылымы бұдан 80 жыл бұрын басталған болатын. Ахмет Байтұрсынұлы көзі тірісінде-
ақ  қазақ  халқының  рухани  көсемі  ретінде  бүкіл  түркітану  əлемінде  мойындалған  еді.  1923  жылы 
қазақ топырағында, қала берді бүкіл шығыс халықтарында бұрын-сонды болып көрмеген жаңа үрдіс 
–  Ахаңның  50  жасқа  толған  мерейтойының  өткізілуі  оның  мəдениетімізге  сіңірген  еңбегін  жалпы 
халықтың  мойындауы  іспетті  болғаны  белгілі.  Бұл  мерейтойдың  алдында,  оны  өткізу  үстінде 
халқымыздың  біртуар  ұлдары  –  М.Əуезовтің,  М.Дулатовтың,  С.Сəдуақасұлының,  Е.Омаровтың, 
С.Сейфуллиннің, Т.Шонановтың, орыс түркітанушылары – Е.Поливанов пен А.Самойловичтің Ахмет 
Байтұрсынұлының  көп  қырлы  еңбегін  жан-жақты  бағалаған  мақалалары  мен  зерттеулері  ахметтану 
ғылымының алғашқы іргетасын қалады деуіміз керек. Алайда көп ұзамай шығармашылық күш-қуаты 
толысқан  шағында  Аханның  өзі  де,  жаңа  қалыптасып  келе жатқан  ахметтану  ғылымы да  сталиндік 
қан-қапастың құрбаны болып кете барды. 
Содан  60  жыл  өткенде  халқы  Ахаңмен  екінші  рет  қайта  қауышты.  Содан  бергі  өткен  он-он  бес 
жыл  мұғдарында  ғалым  мұрасы  жиналып,  жарияланып,  жан-жақты  зерттеу  нысанына  айналып 
келеді.  Ахаңды,оның  еңбектерін  тереңірек  зерделеген  сайын  ұлтымыздың  рухы  биіктеп,  рухани 
санамыз өсе түскені мəлім. 
 Жоғарыда  біз  келтірген  өз  тұстастарының  мақалаларында,  негізінен,  Ахаңның  ағартушылық, 
қайраткерлік  істері  мен  оның  тіл  əдебиеттану  ғылымдарына  сіңірген  еңбегі  сөз  болған.  Ал  Ахмет 
Байтұрсынұлының  қазақ  мəдениеті  мен  ғылымына  (оның  ішінде  қоғамдық  ғылымдардың  барлығы 
дерлік  бар)  қосқан  үлесі  өлшеусіз  мол.Оның  мақалаларында  əдебиет  пен  тілді  былай  қойғанда, 
экономикаға,  тарихқа,  педагогикаға, жорналшылыққа,өнерге  қатысты  ой-пікірлері  ұшан-теңіз.Біздің 
бұл жерде  айтпағымыз  –  Ахмет  Байтұрсынұлы  туралы жазылған,  зерттелген,  əлі  де  зерттеуін  күтіп 
тұрған  проблемаларды  тəптіштеп  санап  шығу  емес,  ахметтануға  қатысты,  оның  мұрасын  жинап, 
жариялап,  жұртшылыққа  таныстыруда,  оны  кешенді  зерттеуді  қолға  алуда  көшбасшы  болған 
ғалымдардың еңбегінің өзіміз куə болған бірнеше тұстарын ғана сөз ету. 
Бұның  басты  себебі  –  алаш  басшылары  ақталғаннан  кейін  «ол ақталмай  тұрып,  алғашқы  болып, 
Ахаң  жайында  біз  айтқанбыз»  деген  адамдар  жиі  көрініп  қалып  жүр.  Мұндай  мəлімдеулердің 
шындыққа сай келмейтінін, шын мəнінде, мұндай қадамға барғандарды көпшілік қауым, əсіресе, жас 
буын білуге тиіс деп ойлаймыз. 
«Ахмет  Байтұрсынұлы  еңбектерін  бірінші  болып  мен  атаған  едім»,  –  дейтін  адамдардың  бірі  – 
профессор  Т.Қордабаев  болатын.  Сонда  ол  кісінің  келтіретіні  –  өзінің  1987  жылы  жарық  көрген 
«Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары» деген кітабы. Онда Ахаң аты аталмайды, бірақ оған 
қатысты-ау деп ойлауға келетін мынадай жолдар бар:«Ана тілінде баяндалған тіл білімі XX ғасырдың 
бас  кезінде  дүниеге  келді.  Фонетикаға,  лексикология  мен  грамматикаға  қатысты  негізгі  терминдер 
осы  кезде  пайда  болды.Ол  терминдердің  басым  көпшілігі  орыс  тіл  біліміндегі  атауларды  калька 
түрінде аударып айту негізінде пайда болған»[1, 42]. Ал осы жолдардан кезінде Ахаңды көрген, оның 
кітаптарынан тəлім алған аға ғалымдар болмаса, оның оқулығы түгілі, атын естімеген кейінгі ұрпақ 
ана  тілінде  ғылым  жасаған,  тіл  білімі  терминдерін  қазақша  қалыптастырған  кім  екені  жайында  не 
ұғуы мүмкін? Оның есесіне, автор кітаптың əліппе, емле мəселелеріне арналған II тарауында Ахмет 
Байтұрсынұлының  латын  жазуын  енгізуге  қарсы  болған  пікірін  өлтіре  сынайды:«Латын  алфавитіне 
негізделген  жазуды  қабылдау  мəселесі  1924  жылы  болған  қазақ  білімпаздарының  съезінде 
көтерілгенмен,  1926  жылдың  аяғына  дейін  ол  айтарлықтай  өріс  ала  алмады.  Оған,  ең алдымен,  сол 
кездегі басқару орындарының біразына орналасып алған ұлтшыл арабшылар кінəлі еді. Олар араб 
жазуынан  айырылмаудың,  жаңаны  жуытпаудың  барлық  шараларын  істеп,  арпалысып  бақты»[1, 
32].Бұл  арадағы  кітап  авторының  «ұлтшыл  арабшылар»  деп  отырғаны  –  Ахмет  Байтұрсынұлы  мен 
оның пікірлестері екені айдан анық. Шынында да, Ахаң жалпы алфавит өзгертуге қарсы болып, өзі 
реформалаған араб əліппесі қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, оның айтылу заңдылықтарын сақтауға 
əбден  қолайлы  екенін  дəлелдеп  баққаны  белгілі.  Ал  латын  жазуының  қазақ  тілі  заңдылықтарын 
сақтап,  дұрыс  сауаттануға  келе  бермейтінін,  тек  саясат  ыңғайымен,  «жұрт  көшіп  жатыр,  біз  неге 
көшпейміз?»  деген  желеумен  көше  салудың  зияндылығын  көрсеткен  болатын.  Өмір  тəжірибесі 
Ахаңның  пікірінің  дұрыстығын  дəлелдеді,  он  жылға  жетер-жетпесте  одан  безіп  шықтық  қой. 
Сонда«Ахаңды бірінші рет мен атадым» деп отырғаны – осылар ғана болғаны ма? 
20


Бірде  академиядағы  Ахаңа  арналған  бір  жиналыста  Төкең  жоғарыдағы  келтірген  пікірін 
қайталағанда:«Кітабыңыздың қай жерінде Ахмет Байтұрсынұлының аты аталады?» – деген сұраққа: 
«Мен  тікелей  атамағанмен,  сипалақтатып  айттым  ғой»,  –  дегені  бар.Сонда  жиналыс  төрағасы  – 
академик Ə.Қайдаров: 

  Сіз  «сипалақтатып»  жүрсеңіз,  Рəбиға  Сыздықова  сізден  он  жыл  бұрын  Ахаңның  атын 
сипалақтатпай-ақ,  тікелей  атап,  ол  кісінің  қазақ  тіл  біліміне  сіңірген  еңбегін  де  қорықпай  айтып 
берген, – деп ескерту жасаған болатын. 
Енді Ахмет Байтұрсынұлынатап, ол ақталмай тұрып еңбегін ауызға алған ғалымдар туралы айтар 
болсақ,  алдымен  профессор  Шора  Сарыбаевты  атаған  болар  едік.  Ол  1960  жылы  баспадан  шыққан 
«Қазақ  тілі  білімінің  көрсеткіші»  деген  кітабында  Ахмет  Байтұрсынұлының  инициалымен  (А.Б.) 
оның  еңбектерінің  тізімін  бергені  үшін  кітабы  таралмай  жатып  туралып,  өзі  бөлім  бастығы 
қызметінен босатылған еді (партияда болмағандығынан ғана партиялық жаза алған жоқ). 
Сол жылдары өзім куə болған тағы бір деректі де айта кеткенді жөн санадым. 1967 жылдың күз 
айларының  бірі  еді.  Академияға  президент  болып  Шахмардан  Есеновтың  жаңадан  келген  кезі 
болатын. Академия президиумының кезекті бір мəжілісіне институт директоры да, оның орынбасары 
да қалада болмай, ғалым хатшы ретінде менің қатысуыма тура келді. Сол мəжілісте қаралатын негізгі 
мəселелер  аяқталған  соң  Ш.  Есенов  мəжілістің  аяқталғанын  ескертіп,  тек  президиум  мүшелері  мен 
қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің институт басшыларының қала тұруын сұрады. Сондағы Шəкеңнің 
айтқан хабарламасының қысқаша мазмұны төмендегі болды: 
–  Мен  президент  болғалы  қай  жерге  барып,  қанша  халықпен  кездессем  де,  Ахмет 
Байтұрсынұлының  осы кезге  дейін  неге  ақталмай  жүргені  туралы сұрақ  қояды.  Содан кейін  ол  кісі 
жайында бірсыпыра деректермен танысқанымда, оның өзінің де, əкесінің де патша үкіметінен зəбір 
көргеніне,  ал  Кеңес  үкіметіне  қарсы  не  істеген  ісі,  не  айтқан  сөзі  жоқ  екеніне  көзім  жетті.  Жалғыз 
жазығы  –  Алаш  үкіметінің  құрамында  болғаны  екен.  Ал  оны  кезінде  Кеңес  үкіметі  кешіргені  де 
белгілі.  Соған  қарамастан,  осы  уақытқа  дейін  аты  аталмай,  еңбектері  жабық  қорларда  сақтаулы 
тұрғаны  түсініксіз.  Сондықтан  сіздер  мақұл  көрсеңіздер,  орта  буын  ғалымдарынан  (аға  буынды  да, 
жастарды  да  қоспай)  комиссия  құрып,  айқай-шусыз  жан-жақты  зерттесек:  комиссияның 
қорытындысы дұрыс болса, жоғары құзырлы мекемелердің алдында ұсыныс жасауға болар еді.  
 Бұл ұсынысты президиум мүшелері –С.Бəйішев, С.Зимановт.б. қатысушылар қолдады. Бірақ бұл 
мəселе одан əрі жалғасын таппай, аяқсыз қалды. Оның себебі, менің ойымша, тап осы тұста болған 
мына  оқиғамен  байланысты  сияқты.  ҚазМУпрофессоры  Хайролла  Махмудов  дəл  осы  шамада 
студенттер  алдында  Мағжан  Жұмабаевтың  өлеңдерін  оқып,  ол  жоғары  жаққа  мəлім  болыпты. 
Орталық комитет ҚазМУ ректорына сөгіс жариялап, партия комитетінің хатшысын орнынан босатқан 
еді. 
Қазақ  ғалымдары  Ахаңның  еңбектерін  атағаны  үшін  жазаланып  жатқанда  ленинградтық  ғалым, 
белгілі  түркітанушы,  академик  А.Н.Кононов  1974  жылы  шыққан  «Биобиблиографический  словарь 
отечественных  тюркологов  (дооктябрьский  период)»  деген  еңбегінде  кітаптың  бір  бетін  Ахмет 
Байтұрсынұлына арнап, қысқаша өмірбаяны мен негізгі еңбектерін, ол туралы жазылған əдебиеттерді 
көрсеткен еді. 
 1977  жылы  Кеңес  үкіметінің  құрылғанына  60  жыл  толуына  арналып,  Тіл  білімі  институтында 
ғылыми-теориялық  конференция  ұйымдастырылды.  Конференцияда  негізгі  баяндама  жасаған 
профессор  Рəбиға  Ғалиқызы  Сыздықова  өз  сөзіне  азамат,  ғалым,  коммунист  ретінде  өзі  жауап 
беретінін  ескертіп  алып,  өз  баяндамасында  қазақ  совет  тіл  білімінің  60  жылдық  тарихын  сөз  ету 
үстінде  сол  ғылымды  қалыптастыруда  аянбай  еңбек  еткен  Ахмет  Байтұрсынұлын,  оның  еңбектерін 
атамай  кету  өз  ары  алдында  кешірілмес  күнə  деп  есептейтінін  айтып,  Ахаң  еңбектеріне  қысқаша 
шолу  жасады.  Бұл  біздерге,  сол  тұстағы  жас  ғалымдарға,  үлкен  батылдық,  тіпті  ерліктей  көрінді. 
Жұрт  үн-түнсіз  тыңдады,  ешкім:  не  аға  ғалымдар,  не  жастар  тіс  жарып,  пікір  айтпады.  Бірақ  КГБ 
(Мемлекеттік  қауіпсіздік  комитеті)  ұзамай-ақ  Р.Сыздықовадан  бұл  мəліметті  қайдан  алғанын 
сұрапты.  Ғалым  бұл  мəліметтерді  жоғарыда  келтірген  А.Н.Кононовтың  кітабынан  жəне  ашық 
қордағы  «Труды  общества  изучения  киргизского  края»  (Оренбург,  1922)  деген  кітаптан  алғанын 
айтып құтылыпты. Алайда конференция материалдары жарияланғанда, əрине, ол баяндама жинаққа 
кірмей қалыпты. 
1988  жылы  алаш  ардагерлерін  ақтау  ресми  қолға  алынып,  академия  ғалымдарынан  комиссия 
құрылғанында,  оның  құрамында  академик  Ə.Қайдаров  пен  профессор  Р.Сыздықова  болды,  Ахмет 
Байтұрсынұлы  туралы қорытындыны  Р.Сыздықова  даярлағаны белгілі.  Ал  алаш  ардагерлерін  ақтау 
туралы үкімет қаулысы шыққан бойда алғашқы болып əуелі «Социалистік Қазақстан», кейін «Қазақ 
əдебиеті» газеттерінде мақала жазғандар да – Ə.Қайдаров пен Р.Сыздықова еді. 
21


 Ахмет  Байтұрсынұлы  ақталысымен  Тіл  білімі  институты  Мəскеу,  Санкт-Петербург,  Қазан, 
Орынбор  қалаларындағы  мұрағат,  кітапханалардан  Ахмет  Байтұрсынұлының  еңбектерін  жинауға 
адамдар  жіберіп,  сол  жиналған  материалдар  бойынша  Ахаңның  еңбектерінің  алғашқы  жинағын 
шығарды  [2].  Бұл  кітапты  даярлап,  жалпы  редакциясын  басқарған  да  –  Р.Сыздықова.  Институт 
ғалымдары тарапынан содан бері көптеген мақала жазылып, кандидаттық диссертациялар қорғалды. 
Р.Сыздықова Ахмет Байтұрсынұлының өміріне арналған кітапша шығарды, бірнеше конференцияда 
баяндамалар  жасады,  оның  мұражайын  ұйымдастыруға  атсалысты.  Сондай-ақ  институт  ғалымдары 
Ахмет  Байтұрсынұлының  туғанына  125  жыл  толуына  орай  республикалық  ғылыми-теориялық 
конференция өткізді. Конференция материалдары 1999 жылы «Ұлттық рухтың ұлы тіні» деген атпен 
30  баспа  табақ  көлемінде  жарық  көрді.Оған  аталған  конференциядағы  баяндамалар  мен 
хабарламалардан  басқа  Ахаңның  көзі  тірісінде  өткен  50  жылдық  мерейтойына  арналып  жазылған 
мақалалар да кірді. 
 Соңғы  10-15  жылдағы  Ахаң  туралы  мақалалар  ғалымды  халқымызға  қайыра  таныстыру, 
шығармаларын  насихаттауға  арналғаны  белгілі.  Ендігі  жерде  Ахмет  Байтұрсынұлы  мұрасын  терең 
зерделеу  керек.  Бұл  салада  қазақ  тіл  білімінен  қорғалған  2-3  кандидаттық  диссертациядан  өзге 
жоғарыда  аталған  ғылым  салаларынан  жазылған  көлемді  еңбектер  əзір  жоқ.  Міне,  бұл  –  жаңадан 
қайта  қалыптасып  келе  жатқан  ахметтану  ғылымының  іргесін  кеңейтіп,  мұраларын  халқымыздың, 
əсіресе жас ұрпақтың игілігіне айналдырудың басты жолы болған болар еді.  
 
Əдебиет:  
1.
 
Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. – Алматы, 1987.  
2.
 
Ахмет Байтұрсынов Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992.  
 
 
Жұртбай Т. 
филол.ғ.д., профессор 
 
Ахмет Байтұрсынұлы жəне біртұтас алаш идеясы 
 
1905 жылдан бастап аса ықтияттылықпен саяси күрес нəтижесінде жасалған, 1917 жылы «Алаш» 
партиясы құрылу арқылы нақты мемлекеттік иденың негізін қалаған біртұтас алаш идеясында əрбір 
алаш қайраткерлерінің демі мен аңсары бар. Ал ол идеяның ұйытқысы, тарихшы Мəмбет Қойгелдиев 
дəл  тауып  айтқанындай,  қазақ  қоғамының  Сун  Ят  Сені  мен  Махатма  Гандиі  –  Əлихан  Бөкейханов 
болатын  [1].  Əлекеңнің  –  Əлихан  Бөкейхановтың  тергеушіге  берген  жауабындағы:  «Мен  сырымды 
екі-ақ адаммен бөлісе аламын. Олар –Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов», – деп айтқанына 
жүгінсек,  онда  біртұтас  алаш  идеясының  ілхамында  Ахаңның  да  –  Ахмет  Байтұрсыновтың  да  рух-
шапағаты  бар.  Мен  бұл  арада  1905  жылғы  Сəлімгерей  Жантөриннің«Автономия»атты  еңбегінен 
жəнеМұхамеджан Тынышбаевтың 1905 жылғы 19 қарашада автономияшылдардың І сьезінде жасаған 
«Қазақтар жəне азаттық қозғалысы»атты баяндамасынан басталатын,Əлихан Бөкейханов тиянақтаған 
ұлттық тəуелсіз сана туралы тарихи тəпсірлерді қазбалап жатпаймын.Бұл идеяның тұғырын Əлихан 
Бөкейханов  саяси  тұрғыдан  қалыптастырса,  Ахмет  Байтұрсынов  идеялық  негізін  орнықтырды  деп 
есептеймін.  Тақырып  тəмсілінің  тəспіріне  орай,  ұлттық  идея  –  Алаш  идеясы  жəне  Ахмет 
Байтұрсынов  деген  мəселеге,  соның  ішінде  Ахаңның  тікелей  алғауы  мен  талғауы  арқылы 
байыпталған,  былтыр  мен  биылғы  жылдың  басты  тақырыптары  болып  отырған  бір-екі  шағымды 
мəселеге қысқаша ғана тоқталып өтемін. 
Сонымен, сіздерге жақсы таныс, 1917 жылы шілде-тамыз айларының өліарасында Жалпықазақтық 
І  құрылтай  шақырылып,  «Алаш»  партиясы  тарих  сахнасына  шықты.  «Алаш»  партиясының  ұлттық 
ұстанымы  бес  түрлі  тұжырымға  негізделді.  Бірінші  ұстаным:жер,  жер  жəне  жер.  Жерсіз  Отан  жоқ. 
Əлихан  Бөкейхановтың  ұйғарымы  бойынша:  «Қазақтың  байырғы  жерін  қашан  қазақтар  өз  бетінше 
ғылым  мен  техникаға  сүйеніп  толық  игермейінше,  жер  жеке  меншікке  де,  қоныстанушыларға  да 
берілмейді».Яғни,  бұл  ұстаным  «Жер  –  Отан,  ал  Отанды  сатуға  да,  жеке  меншікке  айналдыруға  да 
болмайды.  Сол  жер  үшін  əр  қазақтың  намысы  жыртылып,  ол  жерге  əр  қазақтың  тері  мен  қаны 
төгілген» деген тұжырымға саяды. 
Екінші  ұстаным:  жердің  астындағы,  үстіндегі,  аспанындағы  барлық  игілік  қазақ  мемлекетіне 
қызмет етуі керек. Ə.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның əр бір түйір тасы əр қазақтың өңіріне түйме 
болып қадалу керек» болатын.  
22


Яғни,  бұл  «өз  жерінің  игілігін  əуелі  өз  елі  игілігіне  айналдырсын,  одан  асса  ғана  жатқа 
салауат»деген  емеуірінді  танытады.  Жердің  астына,  үстіне,  аспанына  иелік  ете  алмасаң  –  ырықтың 
кеткені сол емес пе?! 
Үшінші ұстаным:Ə.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн 
сол  мемлекеттің  азаматтарының  үстіне  тоқыма  болып  киілуі»  керек,  яғни,  толықтай  экономикалық 
тəуелсіздік  пен  бірлікке  қол  жеткізуге  ұмтылуы  тиіс  еді.  Абайдың:  «Бірлік  –  ақылға  бірлік,  малға 
бірлік  емес.  Малыңды  беріп  отырсаң:  атасы  басқа,  діні  басқа,  күні  басқалар  да  жалданып  тірлік 
қылады. Бірлік сатылса, антұрғандықтың басы – осы. Ағайын алмай, бірлік қылса керек», – дегендегі 
бірлік – осы экономикалық бірлік.  
Төртінші нысана:қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек, 
яғни,  Х.Досмұхамедовтің  пайымдауына  жүгінсек,  «ұлттық  мəдениет  үстемдігі  сақталуы»  тиіс 
болатын. Бұл – А.Байтұрсыновты «ұлт ұстазы» атандырған ұлы ұстанымның қорытынды тұжырымы. 
Бесінші,  түпкі  мақсат:  тəуелсізғылымға,  ұлттық  салт-дəстүрге  негізделген  заңға  сүйене  отырып, 
Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру. 
Яғни,  тағы  да  сол  Х.Досмұхамедовтің  пайымдауына  жүгінсек:  бұл  дегеніңіз  –  «тəуелсіз  сот 
құрылымы, тең жəне туыстық қарым-қатынастарды қамтамасыз ететін одақтық қағидаттар (заң)» [2]. 
 Бұл  айтылған  ұстанымдарды  таратып  жатпайын.  Ол  –  ұзақ  əңгіме.  Саясат,  жер  саясаты, 
экономика, заң, қоғамдық даму дегенді былай қоя тұрып, «Қазақ» газеті арқылы Ахмет Байтұрсынов 
тиянақтап тұжырымдап кеткен өзіміздің тəуелсіз рухани тəрбиемізге тоқталамын.  
«Қазақ» газеті – ұлт ұйытқысы болды. «Қазақ» газеті, жоғарыдағы төртінші бапта топтастырылған 
қазақтың ұлттық рухани идеясының мəйегін ұйытты:  
бірінші  жəне  ең  бастысы  –  қазақтың  саяси  көзқарасын  оятып,  біртұтас  алаш  идеясын 
қалыптастырды; 
екінші, қазақ тілінің жазылуы мен емілеcін тұрақтандырды; 
үшінші, қазақ əдеби тілінің негізін қалыптастырды; 
төртінші, қазақ кəсіби журналистикасының негізін орнықтырды. 
Міне,  мұның  барлығы  –  тура  сол  тұстағы  қазақтың  талмалы  тұсы  болатын.  Соның  ішіндегі  ең 
бейбіт  мəселенің  бірі  –  дəл  бүгінгі  күндегі  сияқты  əліпби  мəселесі  еді.  Өйткені  дəл  қазір  ықпалы 
залалсыз көрінгенімен де, сол бір жол айырығы тұсында ерекше мəнді а) жер мəселесі, ə) əліпби, б) 
грамматика,в)  термин  туралы  пікірталаста  қазақтарды  татарлардың  көзқарасын  ұстануға  қарай 
қақпайлаған, татар тілі иісі түрік жұртына ортақ тіл болу керектігі жөнінде тікелей талап қойған татар 
көпестерінің демеуімен шығып тұрған«Айқап» журналының ұстанымына қарсы тұру арқылы «Қазақ» 
газеті – қазақ идеясының өміршең екендігін дəлелдеді. Өздерінің түпкі мақсатына жете алмайтынын, 
«Қазақ»  газетінің  ерекше  бедел  алып,  енді  мойынсынбайтынын  білген  «Айқаптың»«иплаштары» 
біртіндеп  демеушіліктен  бас  тартты.  «Айқапты»  көтермелейтін  қазақ  көпесі  əлі  қалыптаспаған  еді. 
Сондықтан да ол журанал жабылып тынды.  
Осындай нəзік мəселенің өзінен жол таба білген жəне бүгінгі қазақ əліпбиінің толысқан нұсқасын 
өмірге  əкелгені  үшін  де  біз  «Қазақ»  газетінің  жəне  оны  шығарушылар  –  Ə.Бөкейханов  пен 
А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, демеушісі – Оразай Ахмедтің алдында тағзым етеміз. 
1990  жылғы«Қазақстанның  суверенитеті»  туралы  мəлімдемеде  қамтылған  жоғарыдағы  бес  түрлі 
ұлттық  ұстаным  бұтақтала  келіп,  2002  жылғы  жерді  сату  туралы  заң  жобасынан  кейін  қазақ 
мемлекеті ұлттық идеядан толық арылып, беймарал мемлекеттің құрылымына көшті. Ал  «Жапония 
сияқты  ғылымға  сүйенген  ұлттық-демократиялық  мемлекет  құру  керек»  деген  ұстаным  үшін,  анық 
емес деректерге сүйенсек, кезінде 60 мыңдай адам «жапон шпионы» ретінде ату жазасына кесіліпті. 
Қазір  дəстүрсіз  ұрпақ  қалыптасып  келеді.  Бұл  –  үлкен  рухани  апат.Тəуелсіз  экономика  мен 
тəуелсіз  ғылым  жоқ.  Ал  тəуелсіз  ғылымсыз  тəуелсіздік  те,  зиялы  да,  болашақ  та  жоқ.  Тағы  да  сол 
Абай: «... малды сарып қылып ғылым табу керек. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз 
оқыған  намаз,  тұтқан  ораза,  қылған  қажылық,  ешбір  ғибадат  орнына  келмейді»,  –  дейді.Біз  сол 
ғылымды «малдың», яғни, бизнестің құрбандығына шалып отырмыз.  
Ұлттық  ұйытқының,  мектептің,  соның  ішінде  бастауыш  мектептің  ұлттық  мəйегі  ұйымаған. 
Ботаника  пəнінен  Қазақстанның  шөптерінің  түрі  мен  атауларын,  зоологиядан  Қазақстанның  жан-
жануар мен хайуанаттар дүниесін, жағырапиядан жер мен су атауларын, жер қыртысының аттарын, 
астрономиядан «он сегіз мың ғаламның» қазақша атауларын, тарихтан, өзгені былай қойғанда, Қазақ 
хандығының құрылған жылы туралы нақты мəліметті таба алмайсыз (Бұл ретте тарихшылар əлі бір 
тоқтамға келген жоқ). 
23


«Саудасы  –  ар  мен  иманы»  –  деп  Абай  айтқандай,  дін  саясат  пен  бизнестің  құралына  айналды. 
Ұлттың  өз  дінін  өзіне  жиіркенішті  көрсету  ұстанымы  жүргізіліп  отыр  (Дін  туралы  қабылданбай 
қалған ескі заң жобасы мен қолға алынып жатқан жаңа заңның сұлбасы солай деуге негіз қалайды). 
Мемлекеттік тіл мемлекеттік қолданымнан шеттетіліп отыр. Мысал керек пе? «Кітап шығарудың 
қажеті қанша? Оны кім оқиды? Электрондық нұсқа бар», – дейтін министрлер мен ректорлар пайда 
болды.  
Мемлекет өз ұлтынан ажырай бастады. Екеуінің ойы екі басқа. Енді олардың басы қайта біріге ме, 
жоқ  па?  Əй,  қайдам!  Бұның  барлығы  нені  танытады?  Жоғарыда  атап  өткенімдей,  біздің  тəуелсіз 
мемлекетімізде  қарама-қарсы  бағыттағы  екі  ұлттық  ағымның  қалыптасқандығын  анық  аңғартады. 
Ашығын  айтайын,  мемлекет  халықтан  ажырап  қалды.  Қазір  мемлекет  пен  халық  басқа:  «Мемлекет 
тек реттеп отыруы керек. Қалғанын базардың өзі реттейді», – деп өзеурегендер енді бірер жылдан соң 
халықтан  мүлдем  қол  үзіп,  тағы  да  сол  Ленин  айтқандай,  «халық  бұрынғысынша  өмір  сүргісі 
келмейтін, ал биліктегілер бұрынғысынша басқара алмайтын жағдайға» душар болары анық. Былтыр 
ғана болуы мүмкін болжам, биыл, шындыққа қарай бетін бұрып отыр. 
Міне,  Əлихан  Бөкейханов  ұйытқан,  Ахмет  Байтұрсынов  идеялық  тұрғыдан  байыптаған  Алаш 
идеясының негізгі мəйектері – осындай.  
Қазір  ерінбеген  алашшыл  болып  алды.  Мəселе  ұранда  емес,  соны  ұлттың  діліне  сіңіруде.  Кейде 
маған  кеңес  тұсындағы  Балтық  жағалауы,  Өзбекстан,  қазіргі  Бельгия  сияқты  үнсіз  азаматтық 
мойынсынбау қозғалысын үнемі санада ұстаған дұрыс сияқты да көрініп кетеді.  
Кеңес тұсында да, кейінгі кезде де, қазір де «Қазақ» газетінің 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 
көзқарасы үнемі екіұшты түсіндіріліп келеді. Сондай əрекеттің кесірінен ұлт-азаттық көтерілістің 100 
жылдық  (!)  мерейі  өткен  жылы  аталмай  қалды.  Осы  уақытқа  дейін  1916  жылғы  ұлт-азаттық 
көтерiлiсiнің қарсаңында, көтеріліс тұсында, ақпан жəне қазан төңкерісінен кейінгі азаматтық соғыс 
жылдарындағы  алаш  қайраткерлерінің  ұстанған  бағыты  мен  саясатын  екіұдай  түсініп,  екіұшты 
бағалап,  бұрынғы  кеңестік  кезеңде  қалыптасқан  ығыр  пікірдің  ыңыршағын  шығара  қайталау  орын 
алып  келеді.  Бұл  –  тек  алаш  идеясы  мен  алаш  қайраткерлеріне  жəне  олардың  көзқарасына  ғана 
жасалған  қиянат  емес,  қазақ  тарихына  жасалған  əділетсіз  қиянат.  Мұндай  тоғышарлық  пен 
томырықтыққа  негізделген  пікірсымақтарға  тарихи  жəне  мұрағаттық  құжаттарды  дəлелге  келтіре 
отырып,  батыл  тойтарыс  беретін  кез  жетті.  Ұлттық  тəуелсіздікке  ұмтылған  ұлт  заманауи  қару-
жарақтың  тілін  білуі  тиіс.  Өзінің  жігіттік  намысын  қорғауы  үшін  «орыс,  ноғай,  қалмақ,  бурят» 
ұлттарымен қатар əскери ілімді үйренуі керек. Ал майданға барудан бас тартқан жағдайда ол ұлттың 
жері «мəңгілік қазына есебіне өтпек», «өздері жалдамалы мұжықтың қатарына жатқызылмақ». Міне, 
осындай  қияметті  таңдаудың  алдында  тұрғанда  басқа  халықпен  тең  дəрежеде  саяси  талап  қоюға 
мүмкіндік беретін таңдау – «қара жұмысқа баруға көну».  
Ұлт 
көсемі 
– 
Əлихан 
Бөкейханов 
өзінің 
«Алаш 
азаматтарына!» 
жолдаған 
құлағдарында:«Көнбегенде көретін ауырлық: бағынып тұрған үкіметтің жарлығынан бас тартсақ, жау 
жағадан  алғанда,  бас  қорғап  үйде  қаламыз  деп,  мемлекетке  қамшымыздың  ұшын  бермесек,  үкімет 
бізге  құр  өкпелеп  қоймас,  күш  жұмсар,  ол  күшті  законге  сүйеніп  істер…  Мысалы,  қазақ  шын 
қарсылық қылатын болса, ел-елге отряд шығады. Отряд шықса, елдің берекесі кетеді, бас пен малға 
əлегі  бірдей  тиеді,  елдің  іргесі  бұзылады.  «Айтқанға  көне  қоймадың,  қарсылық  қылдың!»  –  деп 
Түркістан  уəлаятына  военное  положениені  жұртқа  келген  бір  опат  деп  білу  керек.  Военное 
положение  иғлан  етілген  жерде  түймедей  жазыққа  түйедей  жаза  болады.  Қарсылық  көрсетсек, 
Түркістанға  болған  военное  положение  өзге  де  елге  болмай  қалмайды…Аз  қазаға,  аз  бейнетке»  [3] 
төзуі  керектігін  түсіндірді.  «Жұрттқа  келуге  тиісті  ол  опат»–қандай  опат  еді?«Көпті  қазаға 
ұшырататын,  көпті  азапқа  қалдыратын  азап»–қандай  азап  еді?  Көтеріле  қалған  жағдайда  патша 
ағзамның  бұратана  халыққа  дайындап  қойған  қандай  «сыйы»  бар  еді?  Міне,  Ə.Бөкейхановтың  осы 
бір ғана уəжін дəлелдейтін дəйектерді көп назарына ұсынумен ғана өз пікірімізді дəйектейміз. 
Иə,  алаш  қайраткерлері  «Қазақ»  газеті  арқылы:  пулеметпен,  зеңбірекпен  қаруланған  патшаның 
жазалау  əскеріне  қарсы  шоқпармен,  сойылмен,  шиті  мылтықпен  қарсы  шабатын  «барымта 
соғысының  дəуірі»  өткенін,  босқа  қасапқа  түсетінін,  сондықтан  да  əуелі  қарудың  тілін  меңгеру 
қажеттігін ашық жазды. Арандап босқа қырылып қалмау үшін жəне қазақ халқын қалайда заманның 
қару-жарағының  тілін  білуі  үшін  1916  жылы  ақпан  айында  Ə.Бөкейханов  (бір  Дума  мүшесі  екеуі, 
депутаттың  атын  ұмыттым)  Ресейдің  қорғаныс  министріне  арнайы  жолығып,  мынадай  талаптар 
қойды:  
«а)  қазақтан  əскер  алынсын.  Оны  қазақ  елі  қостайды.  Бірақ  қара  жұмысқа,  окоп  қазуға  ғана 
алынып, зеңбіректің оғына қасап болуға қарсы. Сондықтан да қазақтардың өз еркімен əскерге баруы 
үшін: 
24


ə) қазақтарды əскери іске баулитын арнайы қысқа мерзімдік əскери курс ашылсын; 
б) жеке қазақ атты əскер батальоны мен дербес полк құрылсын; 
в) əскер құрамына қазақ өкілі əскери комиссар міндетін атқарсын; 
г) жасақтарды ауылды жерде өзіміз жасақтап, атпен жəне қаржымен қамтамасыз етеміз; 
ғ) дін өкілі ішінде болсын; 
д) бақауыл да (артқы қосын – шаруашылық бөлімі, ас дайындайтын, кір жуатын т.б. қызметтер) 
қазақтардың  өзінен  жасақталсын.  Сонда  қазақтардың  башқұрттар  мен  қалмақтардан,  Кавказ 
халықтарынан бір де кем түспейтініне көзіңіз жетеді əрі оған ант береміз» [4-5, 7].  
Алайда  олардың  бұл  пікірін  патша  үкіметі  мүлдем  теріс  қабылдады,  қазақтар  да  байыбына 
бармады.  Патшалық  кеңес  пен  Əскери  министрлік:  «Түркиямен  соғыс  жүріп  жатқанда  түрік  тектес 
халықтардан  əскер  қатарына  адам  алуға  болмайды.  Олар  қаруланған  соң  самодержавиенің  өзіне 
қарсы  көтеріліске  шығады»  деген  арнайы  ұйғарым  шығарды.  Мұның  екінші  бір  астары  жəне  бар. 
Оның мəнісі былай: бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресей жеңілістен кейін жеңіліс тауып жатқан. 
Ұзаққа созылған соғыстан титықтаған патша үкіметі одан құтылып шығудың амалын қарастырады. 
Ол амал табылады. Ғалым Қайрат Сақтың айтуынша: соғысқа қатысушы «Антанта» мемлекеттерінің 
шарты  бойынша,  соғысқа  қатысушы  бір  елдің  ішінен  бүлік  шықса  –  ол  ел  соғыстан  шығады  екен. 
Қазақ  пен  Орта  Азия  халықтарынан  тыл  жұмысына  адам  алынса,  олардың  сөзсіз  көтеріліске 
шығатынын  алдын  ала  білген.  Осыған  орай  өздерінің  майданда  ойсырай  жеңіліп  жатқанына 
қарамастан,  тек  қана  Жетісу  өңірінде  жазалау  жорығын  жүргізу  үшін  жергілікті  жандармерияның 
əскерінен  тыс  35  рота,  3900  қылышты  24  казак  жүздігі,  16  зеңбірек,  47  пулемет  ұстаған[6].  Батыс 
Сібір мен Орынбордан шығуға тиісті жазалау əскерінің саны мұнан да көп əрі соғыс тəжірибесі бар 
жинақы  жасақ.  1916  жылы  құпия  жасақталып,  тылдағы  дайын  тұрған  жазалау  отрядтарын  алаш 
ардагерлері  біліп,  барынша  ашық  мəтінмен  «Қазақ»  газеті  арқылы  ескерткен.  Көтерілістің  қанды 
балағы сіздерге белгілі.  
Міне,  осы  тылдағы  жұмысқа  алынғандар  ел  көріп,  саясатпен  танысып,  қарудың  тілін  біліп, 
заманның аңысын түсініп, елге қайтқан соң ел ісіне араласты. «Алашорда» үкіметі кезінде Троицкіде, 
Семейде  арнайы  қысқаша  əскери  курс  ашылды.  Онда  капитан  Тоқтамышев  жəне  ақ  гвардияның 
офицерлері  сабақ  берді.  Соның  ішінде:  Т.Құнанбаев,  Ж.Аймауытов,  С.Медеуов,  Жетісуда  
С.  Аманжолов,  Ж.  Күдерин  т.б.  болды.  Ж.  Аймауытов  пен  Абдолла  Байтасовтың  Орынбордағы 
қызыл  əскерлер  курсына  дəріс  беруі  де  –  соның  ықпалы.  Осы  курстар  арқылы  əскери  тəжірибеден 
өткен,  майдан  көрген  алаш  əскерлері  1920  жылы  Мұхамеджан  Тынышбаев  пен  Ораз  Жандосовтың 
ықпалымен  Сарқандағы  алаш  жасағы  таратылып,  шұғыл  түрде  Əулиеата  қаласына  астыртын 
жөнелтілді, онда тұңғыш қазақ атты полкін құрды. 
Қазақ  ұлтының  ұлттық  идеясын  ұйытқан  «Қазақ»  газетінің  көтерген  мəселелері  əлі  де  толық 
зерттеп,  астарын  ашуды  қажет  етеді.  Оны  тереңдеп  зерттеген  сайын  ұлттық  құндылықтарымыздың 
мағынасы  ашыла  түстіні  анық.  Ұлт  ұстазы  –  Ахмет  Байтұрсыновтың  тəлімі  сонда  ғана  тиянағын 
табады. 
 
Əдебиет: 
1.Əлихан  Бөкейханов  жəне  біртұтас  алаш  идеясы:  Қазақстан  Республикасы  Тəуелсіздігінің  20  жылдығы  // 
Түркістан. – 2011. – 15 қыркүйек (№37). - 9 б.; Еуразия университеті газеті. – 2011. – қазан (№105). –9-б, қараша 
(№106).  –  9-б;  Ұлт  тұтастығының  ұйытқылары  немесе  Əлихан  Бөкейханов  жəне  біртұтас  алаш  идеясы  // 
Ақиқат. – 2012. – №6. – 53-57-б. 
2. Жұртбай Т. Ұраным – Алаш!.. Түрме əфсанасы. Жегі.- 1 том. – Алматы: Ел-шежіре, 2007, 464 б. 
3. Бөкейханов Ə. Шығармаларының толық жинағы. - 1-13 том. – Астана: Сарыарқа, 2009-2013. 
4. Жұртбай Т. Бейуақ. – Алматы: Қазақстан. 1990. - 304 б. 
5. Сапаргалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане. – Алма-Ата: Наука, 1966. 
6. Елеуов Т. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiс. – Алматы, 1955. 
7. ҚР Орталық Мемлекеттік архиві, 44, 76, 109-қорлар.  
 
 
 
 
25


Оразбаева Ф.  
ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, 
 п.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры 
 
Мəңгілік тұғыр  
 
Ұлттық  сананың  жаңа  тұрпатта  қалыптасуының  қажеттілігін  баса  айтқан,  сол  үшін  өздерінің 
парасат-пайымын,  білім-білігін  сарқа  жұмсаған  арыстарын  алаш  елі  түгендеп  жатыр.  Ахмет 
Байтұрсынов  –  көркем  ойымыз  бен  ғылымымызға  қалтқысыз  еңбек  еткен,  бар  саналы  өмірін  ел 
ертеңіне  бағыштаған,  қазақ  рухани  əлемінің  көкжиегін  өлшеусіз  кеңейтіп,  танымын  түлеткен, 
тағылымын тереңдеткен арыстар тобының көшін бастаған ұлы тұлға.  
Ұстаз  мұратын  жан-жақты  тану,  зерттеу  –  бүгінгі  ұрпақтың  парызы.  Біз  Ахмет  Байтұрсынов 
мұраларын қайыра талдай отырып, оның жалпыхалықтық танымдық, тағылымдық қырларын ашқанда 
ғана ұлттық ой-санамыздың өсіп-өркендеуін толық елестете аламыз. Өйткені Ахаңның ұлтына аманат 
етіп  қалдырған  ғылыми,  шығармашылық  əлемі  –  тұтас  бір  дəуірдің  өзгеруін,  түлеуін  танытар  сан 
қырлы,  сан  салалы,  тұғыры  биік, алып əлем.  Атақты  ойшылдың  адамзат жаратылысындағы  ерекше 
сыры мен жұмбағы мол құбылыс – тіл табиғатына, тілдің əлеуметтік сипаты мен қоғамдық қызметіне 
ден қойған зерттеулері рухани қорымыздың негізі болып табылады. 
Ахмет  Байтұрсынов  өзі  өмір  сүрген  орта  мен  қоғам  талабын  ескере  отырып,  тілтанудың  ұлттық 
топырағымыздағы  алғашқы  ғылымдық  жүйесін  қалыптастырды.  Ол  айтылған  ойдың  сауатты, 
түсінікті жеткізілуіне айрықша мəн бере келіп, басты мəселе сөйлеу мен сөйлем жүйесі екенін атап 
көрсетті. 
Қазақ  тілінің  сөйлем  жүйесін,  оның  сөйлеу  əрекетінің  түрлеріне  қатысын  Ахаңның  бірнеше 
еңбектерінен  кездестіруге  болады.  Əсіресе,  сөйлеу  əрекетінің  түрлеріне  байланысты  нақтылы 
берілген қысқа тұжырымдар қазіргі кезде де өзектілігін жоғалтқан жоқ.Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл 
танытқыш» кітабы сөйлем жүйесіндегі оқу, жазу, тілдесуге қатысты іргелі мəселелерді қозғайды. Бұл 
еңбегінде тілші-ғалым жалпы сөйлем жүйесінің жаратылысы мен табиғатын барынша анықтай түседі. 
Мысалы:  «Сөйлем  дегеніміз  –  сөздердің  басын  құрастырып  біреу  айтқан  ой.  Сөйлегенде,  жазғанда 
кім  де  болса,  ойын  айтады»,  –  дей  отырып,  ол  жалпы  адамзат  қатынасындағы  сөйлеу  процесі 
сөйлемді құрай білуге, ойды басқаға жеткізе білуге тікелей қатысты екенін ескертеді. Бұл – əрі қысқа, 
əрі нұсқа пікір.  
Өйткені  сөйлей  білер  кез  келген  жұмырбас  пенде  өзінің  айтар  ойын  «сөздердің  басын 
құрастырып»,  сөздерді  тіркестіре  білу  арқылы ғана  жеткізе  алатыны  ақиқат  қой.  Сөйлей  білудің  ең 
қажетті шарты да – сол сөздерді өз орнымен, жүйелі түрде дұрыс құрастыра білу емес пе?! Мұны да 
ұлы  ұстаз,  ұлағатты  ғалым  нақты  түсіндіріп  кеткен:  «...Ауыздан  шыққан  сөздің  бəрі  сөйлем  бола 
бермейді,  айтушының  ойын  тыңдаушы  ұғарлық  дəрежеде  түсінікті  болып  айтылған  сөздер  ғана 
сөйлем  болады.  Сондықтан  сөйлемнің  жаны  –  сөздердің  басы  мағыналы  болып  құралуы  (қысқа 
айтқанда,  сөйлемнің  мағынасы).  Олай  болмаса,  құр  сөздердің  басын  құрап  айтқанмен,  сөйлем 
болмайды».  
Демек,  сөйлей  білу  үшін  сөйлемді  айта  білу  керек,  сөйлемді  айту  үшін  оның  құрамындағы 
сөздерді дұрыс құрастыра, қиюластыра білу керек, сөздерді дұрыс құрастыру үшін оның заңдылығын 
білу – басты міндет. Бұл туралы тілші былай дейді: «Сөйлем ішіндегі сөздердің басын түсінікті етіп 
құрастыру, сөйлемдерді түсінікті етіп жасау туралы сөз табиғатынан шыққан түрлі заңдар, тəртіптер 
бар, қысқасын айтқанда, өз алдына білерлік толып жатқан білімдер бар». 
Тілді  үйрету  үшін,  жалпы  қазақ  тілінде  біреуді  сөйлету  үшін  атақты  ғалым  айтқан  осы 
ережелердің  бəрін  орындау,  сақтау  қажет.  Олардың  бірі  болмаса,  екіншісі  жүзеге  аспайды. 
Сондықтан  оқытуға  қатысты  «толып  жатқан  білімдердің»  барлығын  ескеруге,  білуге,  тануға  тура 
келеді. Сонда ғана түпкілікті мақсатқа жетудің жолы қысқарады.  
Осы тұста баса айтып, айрықша назар аударатын іргелі ой – автордың тілдің жүйелік табиғатын 
сол  кездің  өзінде-ақ  тап  басып  танығандығы.  Бұл  көзқарастың,  əсіресе,  сөйлесуге  байланысты 
айтылуы  ғалымның  тіл  ерекшелігін  айғақтар  белгілерге  аса  зейін  қойып  зерттегенін  аңғартады. 
Сондықтан  да  ол  сөйлеу  процесі  деген  сөйлемнің  жеке-дара  бөлшектердің  құрамды  тізбегі  емес, 
белгілі  тілдік  заңдар  мен  ережелерге  бағынған  жиынтық  ұғымдар  екенін  айтатын  еңбегін  «Сөйлем 
жүйесі» деп атайды. Ғалымның топшылауынша, «сөйлем – көптеген білімдер жиынтығынан тұратын, 
бүтіндік қасиетке ие болатын жүйе».  
Ахмет Байтұрсынов тілдің қатысымдық табиғатын өте қарапайым сөзбен мейлінше ұғынықты етіп 
түсіндіреді. Оның айтуынша, «дүниеде өзгермейтін нəрсе жоқ». Ғылым да, тіл де, табиғат та дамиды. 
26


Дүниенің  өзгеруін  «эволюция»  дей  келіп,  ғалым  оны  «табиғат  тағдыры»  деп  атайды.  Болмысынан 
дара  тұлға  болып  туған  тілші  бойындағы  ұлттық  ой-сананың  жаратылысына,  философиялық 
топшылаудың  ұшқырлығына,  дəлдігіне,  бояу-реңіне  қалай  ғана  сүйсінбессіз?!  «Эволюция»  деген 
халықаралық қалыпты терминге бір ғана сəтте қазақы ой мен тұжырымның қанаты бітіп кеткен жоқ 
па? Əсіресе, мұндай қолданыс сол кезең, сол дəуірдегі ұлттық аудиториямызға аса жатық ұғым болып 
тұрғаны айқын. Осындай дамуды, өзгерісті басынан өткеретін күрделі құбылыс – тіл екенін байыпты 
түрде  түсіндіре  келіп,  Ахмет  Байтұрсынов:  «Тіл  –  адамдық  белгісінің  зоры,  жұмсайтын  қаруының 
бірі», – деп үлкен философиялық түйін айтады. 
А.Байтұрсынов  оқыту  процесiн халықтың, елдiң  əлеуметтiк күйiмен,  оның  болашағымен  тiкелей 
байланысты  қарастырады.  Ұстаз:  «Бала  бiлiмдi  тəжiрибе  арқылы  өздiгiнен  алу  керек.  Мұғалiмнiң 
қызметi  –  оның  бiлiмiнiң,  шеберлiгiнiң  керек  орны:  ол  өздiгiнен  алатын  тəжiрибелi  бiлiмiнiң  ұзақ 
жолын қысқарту үшiн, ол жолдан балалар қиналмай оңай оқу үшiн, керек бiлiмiн кешiкпей кезiнде 
алып отыру үшiн, балаға жұмысты əлiне шағындап беру мен бетiн белгiлеген мақсатқа қарай түзеп 
отыру үшiн қажет», – деп оқытуға, үйретуге қатысты белгiлердi анықтап бередi.  
Сөйтiп,  оқытудың  əлеуметтiк  мəнiне  ерекше  көңiл  бөлу  керектігін  ескертеді.  Осы  тұрғыдан 
келгенде, ойшыл-ғалымның артына қалдырған: «Елдi түзетудi əуелi бала оқыту iсiн түзетуден бастау 
керек», – деген сөзі қашан да маңызды. Ғалым сөйлесім əрекетінің əрқайсысының мəнін ескере келіп, 
олардың  өмірдегі,  қоғамдық  ортадағы  алатын  орнын  айрықша  атап  көрсетеді.  Ол  тілдік  қарым-
қатынасты игерудің, сөйлесуді меңгерудің нақты жолдарын ұсынады.  
Автор  тілдік  қарым-қатынастың  екі  түрін  –  «ауызбен  сөйлесу»  жəне  «жазумен  сөйлесу»– 
көрсетеді. Мысалы: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық 
дəрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды, жазумен дүниенің бір шетіндегі адам 
екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жазғанда да сөздің 
кестесін келтіріп жазу сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге; қай сөз қандай 
орнында  қалай  өзгеріп,  қалайша  біріне-бірі  қиындасып,  жалғасатын  дағдысын  білу  керек»,  –  деген 
терең  тамырлы,  ойлы  тұжырымдар  төркінінде  сөйлеу  өнерінің  табиғатын  таратып  айтар  ұлы 
ойшылдықтың ұстанымы жатқан жоқ па? 
Тілші сонымен қатар тіл үйренудің қандай дағдыларға байланысты екенін де атай отырып, ауызша 
сөйлеу  мен  ереженің  ықпалдастығын,  өзара  қатысын  анықтауға  күш  салады:  «...Əр  халықтың 
дағдылы  тұтынып  келе  жатқан  сөздері,  ол  сөздерінің  біріне-бірі  жалғасып  тізілетін  дағдылы  жолы, 
жүйесі,  қисыны  болады»,  –  дей  келіп:  «...Мұғалім  балалардың  үйренген  қағидасы,  ережесі  келетін 
сөздерді  ауыздан  жаздыруы  тиіс.  Яки  кітапшадағы  жорта,  қате  жазып  қойған  сөздерді  дұрыстап 
жаздыруы  тиіс.  Бір қағида  я  ережені  балалар  əбден  үйреніп,  тиісті  орында  жұмсай  білгеннен  кейін 
ғана келесі қағида я ережені үйрету керек», – деген педагогтік рухтағы тағылымы мол өз əдістемесін 
ұсынады. 
Ұстаз  тағылымында  тілді  үйренудегі  сауаттылық  оқумен  ғана  шектеліп  қоймай,  жазумен  қатар 
жүргенде ғана іске асатындығы нақты айтылады. Ол сауаттылықтың негізі – оқу емес, жазу деп атай 
отырып,  жазуға  үйрету  əдісіне  ерекше  мəн  беру  қажеттігін  ескертеді.  Бұл  мəселенің  бəрі  автордың 
«Қай əдіс жақсы?» атты мақаласында кеңінен сөз болады. Мəселен: «Жаза білдіруге қолайлы əдіс оқи 
білдіруге де қолайлы болады, өйткені негіздік нəрсе – жазу. Оқу – жаза білумен бірге қосыла біліп 
кететін қосалқы күйдегі нəрсе».Ғалым: «Сауаттылықтың қажеттігін өтеуші əрекет – жазу, – дей келіп, 
–  жаза  білетін  адамның  оқи  да  білетіндігі  сөзсіз»,  –  дейді.  «Сауаттылықтың  негізі  жазу  екенін 
сауаттылықтың  шыққан  жолы  да  көрсетеді.  Сауаттылықты  оқу  мұқтаждығы  тудырмайды,  жазу 
мұқтаждығы  тудырған»,  –  деген  əлемдік  тілтануда  бұрын-соңды  ауызға  іліге  қоймаған  даналық 
тұжырым айтады. 
Ғалым сөйлеу мүмкіншілігіне байланысты, сауаттылыққа қатысты оқу мен жазудың арасалмағын 
ажырата,  анықтай  келіп,  олардың  өзіндік  ерекшеліктерін  де  атап-атап  көрсетеді:  «Жаза  білу  үшін 
тілдегі  дыбыстарды  тани  білу  керек.  Ол  дыбыстарға  арналған  əріптерін  тани  білу  керек.  Таныған 
əріптерін жаза білу керек. Жазған əріптерін дыбысымен атай білу керек», – дейді. Осынау ойлар мен 
тұжырымдар  тасқынын  қайыра  келіп,  автор  оқу  мен  жазу  процестеріне  қарапайым  тілмен  қысқаша 
мынандай  анықтама  береді:  «Жазу  –  əріптердің  сүгіретін  сала  тізу»;  «Оқу  –  əріптердің  тізімін  айта 
тізу немесе жазған əріптерін дыбысымен атай білу». Оқу мен жазудың айырма-жігін осылай тарата, 
талдай отырып, тілші-ғалым сауат ашу əдісін жəне тілді меңгеру дағдысын маңызды орынға қояды. 
«Сауаттау  əдісі  дегеніміз  –  соны  білдіруге  жұмсалатын  түрлі  əдістердің  шумағы  болады,  –  деген 
ойды айта келе, – Əдісін алғанша, қай істе болса қиындық болады. Əдісін алған соң, қайсысы болса 
да оңайланады. Істің шапшаң істелу күйге жетуі қайта-қайта істеліп, дағдыға айналған кезде болады», 
– деп тоқтамын да өзі ұсынады.  
27


Ғалым-ұстаз оқу мен жазуды сөз ете отырып, дыбыстар мен əріптерге көңіл аудару қажеттігін баса 
айтады. Сөйтіп, олардың əрқайсысы оқу мен жазу процесінде қандай рөл атқарса, əр ұлт тілінде де 
өзіндік қасиеттері болатынына көп мəн береді. Тіл үйретуге, əсіресе, дыбыс пен əріптің сəйкестігіне 
ерекше  ден  қою  қажеттігін  айта  келіп:  «Дыбыстар  мен  əріптер  арасында  сəйкестік  күшті 
болғандықтан,  сөздің  жазылуы  мен  айтылуы  арасындағы  да  сəйкестігі  күшті.  Орыста  бір  сөз 
дыбысына  қарай  жазылып,  он  сөз  дыбысына  қарамай  жазылатын  болса,  қазақта  он  сөз  дыбысына 
қарай жазылып, бір сөз ғана дыбысына қарамай жазылады. Солай болған соң, бізде сөздің ішіндегі 
дыбыстарын айыра білу керек» – деген тоқтамға ат басын бұрады.  
Сан алуан іргелі мəселелерге қатысты айтылған ұлы ұстаз ойларының қай-қайсысы да бүгінгі күні 
өзекті. Аса көрнекті ғалымның бұл пікірлері, əсіресе, қазіргі рухани жаңғыруға бет бұрып, еліміздің 
білімі  мен  білігін  дамыту  жолында  бəсекелестікке  қабілеттілікті,  латын  əліпбиіне  көшуді  жүзеге 
асырар  тұста  өте  маңызды  екені  айтпаса  да  түсінікті.  «Ұлылық  тағылымы»,  «ұстаздық  өнегесі», 
«мəңгілік  тұғыры»  деген  ұғымдардың  қасиетті  төркіні  мен  тарқамас  тамыры  да  осында  жатқан 
болар... 
 
 
Базарбаева З. 
ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, 
филол.ғ.д., профессор  
 
Ахмет Байтұрсынұлы – суперсегментті фонетиканың көшбасшысы 
 
Қазақтың  төл  тіл  біліміндегі  алғашқы  зерттеулер  халқымыздың  тұңғыш  тіл  маманы  – 
А.Байтұрсынұлы еңбектерінен басталады. Батыс жəне орыс əдебиетін жете білген ғалым қазақ тілінің 
суперсегментті  фонетикасын  орыс,  поляк,  француз,  чех  тілдерімен  салыстыра  зерттеген.  Екпіннің 
табиғаты мен қызметін қарастырып, А.Байтұрсынұлы тілдерді «екпін буыны бірыңғай келетін тілдер 
жəне  екпін  буыны  бірыңғай  келмейтін  тілдер»  деп  екі  топқа  бөлген.  Екпін  буыны  бірыңғай 
келмейтін,  орыс  тілі  сияқты,  екпіні  сөздің  əр  жерінде,  «көшкілеп»  жүретін  тілдермен  салыстырып, 
қазақ  тілі  екпін  буыны  бірыңғай,  сөз  аяғында  келетін  француз  тіліне  ұқсас  дейді.  А.Байтұрсынұлы 
қазақ лингвистикасының іргетасын қалаушылардың бірі ретінде суперсегментті фонетиканың негізгі 
ұстанымдарын  көрсетіп,  арнаулы  жүйеге  салған.  Ғалым:  «Өрнекті  сөйлемді  айтқанда,  дауыс 
көтеріліп,  əнше  оралып,  қайырылып  отырады,  өлеңдегі  сөз  ырғақтарының  үстіне  өлеңнің  өз 
ырғақтары  қосылады»,  –  деп  интонацияны  өте  дəл  бейнелеген.  Тіл  əуезі  (интонация)  сөйлемнің  əр 
алуан  түрлеріне  «өрнек»,  айшық-ою»  болып,  кілемнің  басына  түсетін  бейне-бір  өрнектердей 
сызылатынын ескертеді.  
«Əуезділік деп нені айтамыз?» – деген сұрақ қойып, ғалым өз сұрағына жауап береді: «Əуезділік 
деп  сөз  турасында  айтсақ,  сөздің  ішіндегі  дыбыстардың  үндері  құлаққа  жағымды  болып  естілуін 
айтамыз.  Сөйлеу  турасында  айтсақ,  сөйлеу  ішіндегі  сөйлемдерінің  үндері  құлаққа  жағымды  болып 
естілуін  айтамыз.  Сөздің  үні  құлаққа  жағымды  болуы  дыбыстарының  тізілу  түрінен,  сөйлеудің  үні 
құлаққа  жағымды болуы сөйлемдерінің  тізілуі  түрінен.  Сондықтан сөз  əуезділігі  де  болады,  сөйлеу 
əуезділігі де болады. Бірақ сөздің де, сөйлеудің де əуезді болуының негізі мəнісі бар. Екеуі де дауыс 
ағымына қарайды», – дейді ғалым. 
Қазіргі тіл білімінде тілдің коммуникативтік, когнитивтік, прагматикалық қызметтерін жан-жақты 
зерделеуге  бағытталған  салалары  қарқынды  даму  үстінде.  Ол  салалардың  əрқайсысының  өзіне  тəн 
ғылыми зерттеу əдіснамалары да негізделіп, қалыптасуда. Осындай жаңа бағыттардың нағыз өзегінде 
тіл  білімінің  суперсегментті  фонетика  саласы  орналасқан.  Қазіргі  таңда  суперсегментті  фонетика, 
яғни,  интонология  интонацияны  көп  функциялы  құбылыс  ретінде  қарастырады,  оны  тілдің  басқа 
құралдарынан  (лексика-грамматикалық)  тəуелсіз  деп  есептейді.  Қазақ  интонациясының  теориясы 
А.Байтұрсынұлының іліміне негізделген.  
Қазақ  поэзиясындағы  ырғақты  топтаpды  «бунақ»  деп,  ал  өлең  жолдаpына  «таpмақ»  деген 
атаулаpды беpген ХХ ғасыpдың 20-жылдаpы қазақтың фонетика жүйесiн алғаш зеpттеп, оның iшiнде 
өлең  жүйесiн  де,  өлең  өpнектеpiн  де  зеpттеп,  төл  еңбектеp  жазған  Ахмет  Байтұpсынұлыболатын. 
Байтұрсынұлы шығаpмалаpында өлеңнiң кестесі, айшығы оның шумақ, таpмақ, бунақ құpылыстаpы 
жiтi тексеpiлiп, ондағы ыpғақ, интонация еpекшелiктеpi де əңгiме етiледi.  
А.Байтұpсынұлы  өлең  кестесiнiң,  өлең  айшықтаpының  түpлi-түpлi  болып  келетiнiн,  олаpдың  бip 
шумақты,  екi  шумақты,  үш  шумақты,  төpт  шумақты,  одан  да  көп  шумақты  болатынын  айта  келіп, 
олаpға  Мағжаннан,  Абайдан  мысалдаp  келтipедi.  Шумақтың  бipнеше  таpмақтан  тұpатынын,  əp 
28


таpмақта бipнеше бунақ болатынын, бунақтың бipнеше буыннан тұpатынын айтады. «Бунақ дегенiмiз 
–  өлеңдi  айтқанда  сезiлетiн  дауыс  толқынының  соқпа-соқпасының  аpасы»,  –  дейдi.  Сонымен 
«бунақ»– кейiн «ырғақты топ» деп аталып жүpген өлеңдегi бipнеше буыннан тұpатын өлшем.  
А.Байтұрсынұлы  пікірі  бойынша,  сөздің  өлең  болып,  көңілге  ұнап,  реттілігінен  туатын  қасиет 
сөзді айтқан кезде сағаттың жүргені сияқты, тамырдың соққаны сияқты, дауыстың бір түрлі ырғақ-
ырғағы  болады.  Сағат  пен  тамыр  соққанының  арасы  қандай  бірдей  болса,  сөз  сөйлегендегі  дауыс 
ырғақтың арасы да сондай болады, ырғақ сөзді бірдей буынға бөледі. Сөз қамыс сияқты бунақ буыны 
бар  нəрсе  болып  шығады,  сөздің  буындары  бір  қалыпта  болады  дейді.Басқаша  айтқанда,  өлеңнің 
буындары  бір  мөлшерде  топтасып,  қайталанып,  сөз  жігімен  бөлініп,  бунақ  құрайды.  Поэтикалық 
тілдің  бунақтары  буын  санымен  реттеліп,  гармониялық  көркемділікпен  сипатталады.  Бунақ  –  қазақ 
өлеңінің ең шағын өлшемі болып табылады, олар қосылып, универсалды семантикалық-синтаксистік, 
интонациялық бірлікке кіреді.  
А.Байтұрсынұлы  өлең  құрылысын  мұқият  талдап,  поэтикалық  мəтінде  дауыс  ыpғағы  буын 
санымен  өлшенетінін  айтады.  Өлең  жүйесi  қазақ  жəне  басқа  да  түpкi  тiлдеpiнде  буын  санына 
негiзделеді,  онда  үндестік  заңы  үлкен  рөл  атқарады.  Yндестiк  заңының  арқасында  сөздеpдiң 
буындаpы  бipыңғай  үндесіп,  үйлесіп  тұpады.  Өлең  айшықтарының  ерекшеліктерін  айта  отырып, 
ғалым поэтикалық тілдің заңдылықтарын, үлгілерін қарастырып, айқындап береді.  
Бipнеше  деpбес  жай  жəне  құpмалас  сөйлемдеpден  болған  бip  тақыpып  айналасында  өpбитiн 
сөйлемдері  бар  өлеңдерді  күpделi  синтаксистiк  тұтастықтарға  жатқызуға  болады.  Бұларды  Ахаң 
«өрнекті сөйлемдер» деп атайды. «Өрнекті сөйлемдер деп құрмалас сөйлемдердің бастары қосылып, 
кестелі  болып  құралуын  айтамыз.  Ондай  сөйлемдер  нақ  текеметке,  яки,  кілемге  салған  түр  сияқты 
болмағанымен,  өрнек-өрнегімен  айтылады<...>.  Өрнекті  сөйлемді  иіріп-жиырып,  жай  сөйлемге 
айналдыруға болады. Жай сөйлемді жайып, өрнекті сөйлемге айналдыруға болады. Өйткені өрнекті 
сөйлем қанша үлкен болғанмен, яғни, ішіне кіретін сөйлемдер қанша көп болғанымен, бəріне қазық 
болатын бас пікір жалғыз-ақ болады. Ол пікірді көп сөйлеммен ұлғайтып айтуға болады. Ол пікірді 
шағындап,  аз  сөйлеммен  айтуға  да  болады»,  –  дейді  Ахмет  Байтұрсынұлы.  Ахаңның  бұл  сөздері 
соңғы  кезде  ғана  зерттеле  бастаған  күрделі  синтаксистік  (фразалық)  тұтастықтың  мазмұны  мен 
формасын анықтайды. 
Күрделі фразалық тұтастық бір тақырыпқа байланысты ойды білдіріп, бірнеше сөйлемнен тұрады. 
Оның  құрамына  жай  жəне  құрмалас  сөйлемдер,  толымсыз  фразалар  да  кіреді.  Күрделі  фразалық 
тұтастық  арқылы  бір  тақырыптың  көлемінде  белгілі  оғиғаны  баяндап  беруге  болады.  Тұтастыққа 
кіретін  сөйлемдер  мазмұн  мен  құрылым  жағынан  бір-бірімен  байланысып,  сөйлеушінің 
прагматикалық мақсатын білдіреді. Интонация компоненттері коммуникативтік мақсатқа байланысты 
күрделі  тұтастықты  безендіруде  шешуші  рөл  атқарады.  Адресант  пен  адресаттың  арақатынасы, 
олардың 
прагматикалық 
бағдары, 
көңілкүйі 
просодикалық 
тəсілдердің 
құбылуынан 
байқалады.Күрделі  фразалық  тұтастықта  өлеңнің  рифмасы  ритмге  бағынады,  себебі  өлеңнің  негізгі 
ұйытқысы – ритм-ырғақ, басқаша айтқанда ырғақ бір өлшемге негізделіп, белгілі ретпен қайталанып 
тұрады.Тармақтардың сөз, бунақтаpы, əp буыны айқын, қатты, созылыңқы айтылатындықтан, ондағы 
əp сөз тыңдаушыға анық естiлiп, өте əсерлі, ғалым айтпақшы, «құлаққа жағымды» болады.  
Күрделі  фразалық  тұтастық  синтагмалаpының  интонациясы  толқынданып  келiп,  бунақтың  соңы 
көтеpiлiп,  бəсеңдеп,  кейбip  сөздеp  мағынасына  қаpай  белгіленіп,тармақтарды  безендіріп  тұрған 
синтагмалаp көтеріңкі-бəсең əуенмен сипатталып, кідіріспен бөлiнедi. Қайталанып тұрған интонация 
өpнегi өлеңнің аяғына дейiн, А.Байтұрсынұлы айтқандай, «əнше оралып», оның жалпы интонациялық 
келбетiн сызады. Шумақтардың тармақтары тиянақты жəне тиянақсыз интонемалармен сипатталады. 
Күрделі  синтаксистік  тұтастықтың  бірліктері  өзара  байланысқа  түсіп,  сегменттеу  ережелері 
бойынша  топтасып,  белгілі  бір  ойдың,  Ахаң  айтқандай,  «бас  пікірдің»  нəтижесі  болып  табылады. 
Сонымен  өткен  ғасырдың  20-жылдарында-ақ  А.Байтұрсынұлы  күрделі  синтаксистік  тұтастық 
категориясына баға беріп, оны өрнекті сөйлемдердің жиынтығы ретінде таныған. 
«Өрнекті  сөйлемдерге»  анықтама  бере  отырып,  А.Байтұрсынұлы  олардың  мақсатына  қарай 
себепті 
оралым, 
мақсатты 
оралым, 
ұқсатпалы 
оралым, 
қайшы 
оралым, 
шартты 
оралым,жалғасыңқы  оралым,  серіппелі  оралым  деп  бөледі.  Ахмет  Байтұрсынұлы  өрнекті 
сөйлемдердің  шеңберінде  қазіргі  тіл  білімінің  категорияларын  (мəтін,  абзац,  дискурс)  шебер 
қолданады. Бұл – ғалымның интуициясы мен əмбебаптылығын көрсетеді. 
Қазақ  тіліндегі  көп  таpмақты  толғаулаp, жыpлаp синтаксистiк құрылымы жағынан жай  хабаpлы, 
сұpаулы,  бұйpықты,  лептi  сөйлемдеp  түpiнде  де,  құpмалас  сөйлемдеp  түpлеpiнде  де,  күpделi 
синтаксистiк тұтастықтар түpiнде де кездеседi. Сөйлемдеpдiң əуезділігі əрқашан олаpдың құрылымы 
29


мен мағынасымен тығыз байланысты болғандықтан, интонациялық модельдеpдiң (интонемалаp) көбі 
көрінеді.  
Шумақтардың ішіндегі синтагмалардың интонациясы бір өлшемде толқынданып, көтеріңкі-бəсең 
əуенмен  ерекшеленеді,  кейбір  буындар  ой  екпінімен  белгіленіп,  бəсеңдеп  барып  тынады.  Кейде 
таpмақтаpының  iшiнде  оқшауланған  сөздер,  бipыңғай  мүшелеp  болса,  олаp  ырғақты  топтармен 
сипатталып, тыныс белгiлеp арқылы бөлінеді. Өлеңдердің интонация сызығы басынан аяғына дейiн 
бipнеше  pет  қайталанып,  А.Байтұpсынұлы  айтқандай,  кiлемнiң,  сыpмақтың  басына  қайталап  түсiп 
отыpатын  өpнегi  сияқты  болады.Поэзия  тiлiнде  көбiнесе  сөйлем  мүшелеpiнiң  оpны  ауысып,  кейде 
олаpдың  бipеулеpi  айтылмай,  толымды  сөйлемдеpдiң  оpнына  толымсыз  сөйлем,  жалаң  сөйлем,  не 
жақсыз  сөйлемдеp  пайда  болып  ықшамдалады.  Мұндай  өлеңде  болатын  құрылымдық  өзгеpiстеp, 
əpине, сөйлемдеpдiң интонациясының түp-əлпетiн де өзгеpтiп отыpады.  
Тағы да айтатын жағдай: Ахмет Байтұрсынұлы соңғы уақытта дамып келе жатқан функционалды 
грамматикаға қатысты актуалды мүшеленудің тема мен ремасы жайында да өз пікірін айтып кеткен. 
«Оралым  екі  мүшелі  болады.  Бір  мүшесінде  пікір  тақырыбы  болады  да  екіншісінде  пікір  баяны 
болады.Сондықтан бастапқы тақырыпша мүше делініп, екіншісі баяншы мүше делініп айтылады»,– 
дейді Ахаң.  
Сөйлемдi  актуалды  мүшелеу  пpоблемасы  сөйлемнiң  коммуникативтiк  мақсатына  байланысты 
жүзеге асады.Ғалым лингвистикалық заңдылықтарды зерттеп, қазіргі арнайы қарастырылып жүрген 
осы  мəселені  сол  кездің  өзінде-ақ  танып  білгенін  көреміз.  Адамдаp  өзаpа  қаpым-қатынасындағы 
нақты ситуацияда өзаpа сөйлесіп пікір алысу барысында алдына түpлi-түpлi коммуникативтiк мақсат 
қоюы мүмкiн. Сондықтан бip сөйлем сол мақсатқа байланысты əртүpлi коммуникативтiк мазмұнға ие 
бола  алады.  Сөйлем  актуалды  мүшелерге  бөлiнгенде  ондағы  бiлдірілуге  тиiстi  жаңа  инфоpмация, 
оның  pемасында  болады  да  темасындағы  мазмұн  ситуациядан  немесе  контекстен  сөйлесушiлеpге 
белгiлi  болуы  кеpек,  бұғанА.Байтұрсынұлының  берген  мысалын  қарастырайық:«Көлден  ұшқан 
қалбаймын,  //  жаманның  тілін  алмаймын».Қазақ  тiлiндегi  сөйлемнiң  актуалды  мүшеленуінің  ең 
басты көpсеткiштеpiнiң бipi – оның интонациялық кескіні болса, екiншi көpсеткiшi – оның сөздеpiнiң 
екi синтагма – тема мен pемаға бөлiнiп, жаңа мағына беpетiн ақценттелген сөздiң (тілін) сөйлемнің 
соңындағы баяндауыштың алдына баpып тұpуы. 
Сонымен,  силлабикалық  жүйелi  ырғақты  топтаp  поэзия  тiлiнiң  ұқсастық  заңдылықтаpына 
икемделiп,  сөздеpiнiң  буындаpының  санына  дейiн  pеттелiп,  гаpмониялық  көpкемдiкпен  еpекше 
түзіледi. Ырғақты топтаpдың, бунақтаpдың аpасында дауыс толқынының ыpғағымен белгiленген сөз 
жiгi  болады.  А.Байтұрсынұлы  байқағандай,  олаp  өз  pетiмен  таpмақтаpдың  iшiнде,  аяғында 
қайталанып  отыpады.  Соның  аpқасында  шумақтаpдың,  оның  iшiндегi  таpмақтаpдың  өзiне  лайық 
ыpғақтық жəне интонациялық келбетi түзілсе кеpек. Ырғақты топ немесе «бунақ» деп аталатын қазақ 
өлеңiнiң  ең  шағын  өлшемi  мен  жалпы  тiл  бiлiмiнде  унивеpсалды  семантикалық-синтаксистiк, 
интонациялық  ең  шағын  өлшем  болып  саналатын  синтагманың  қызметі  санқырлы.  Бұл  екi  өлшем 
əpдайым бip-бipiне туpа келе беpмесе де, олаpды кейде бipiнiң оpнына бipi жүpетiн, бipдей өлшем деп 
те санайды.  
Қазақ  поэзиясындағы  ритмикалық  ыңғайластыққа,  рифмалық  ұқсастыққа,  буын  үйлесіміне 
құрылған  үлкенді-кішілі  өлеңдер  өзіне  тəн  семантикалық-синтаксистік  ерекшеліктерімен  қатар 
интонациялық  ерекшеліктері  бары  ақиқат.  Поэзия  тілінде  дауыс  ыpғағы  буын  санымен  өлшенеді. 
Мұндай  буын  санына  негiзделген  силлабикалық  өлең  жүйесi  қазақ  жəне  басқа  түpкi  тiлдеpiнде 
қолданылады. Yндестiк заңы сөздеpдiң буындаpын бip-бipiмен жымдастыpып, ешбip шашыpауға жол 
беpмей,  буындаpдың  дыбыстаpын  бipыңғай  түсipiп  үндестipiп,  үйлестipiп  тұpады.  А.Байтұpсынұлы 
айтқандай, өлеңнiң буындаpы белгiлi мөлшеpде топтасып «бунақ» (ырғақты топ) құpап, қайталанып, 
тұpақты сөз жiгiмен бөлiнiп тұpады жəне ойымызға Ахаңның өлең ыpғағын «жоpғақ» дегенi түседi. 
Өлеңдердің буын  үйлесуi  жəне  олаpдың  мөлшеpлеpiнiң  бipдей  болуы, əp шумакқты бip  шеңбеpдегi 
бipкелкi  ыpғақта  ұстап,  олаpдың  бipкелкi,  көтеpiңкi  бəсең  «жоpға  жүpiсiнiң  тайпалуы»  сияқты 
толқынды интонациясын сызады.  
Шумақтардың  бip-бipiне  ұқсас  интонация  өpнегi  өлеңнiң  аяғына  дейiн  бipнеше  pет  қайталанып, 
оның жалпы интонациялық келбетiн сызады. А.Байтұpсынұлы айтқандай, бұл – кiлемнiң, сыpмақтың 
басына қайталап түсiп отыpатын «өpнегi сияқты болады».  
 
 
 
 
30


Қамзабекұлы Д.  
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 
 филол.ғ.д., профессор,  
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық  
университетінің проректоры  
 
Ұлттық аты-жөн: А.Байтұрсынұлынан С.Батыршаұлына дейін 
 
Біз  еліміз  үшін,  ұрпағымыз  үшін  аса  жауапты  кезеңді  бастан  өткеріп  жатырмыз.  Мұны  біріміз 
біліп, біріміз аңғармай жүрген жайымыз да бар. 
Қазақтың  дəстүрлі  өмірінде  елге,  халыққа,  салт-санаға,  дінге,  ділге  жауапты  тұлғалар,  тіпті 
қоғамдық лауазым-қызметтер болатын. Елді ел еткен де – солар-тын. Өкінішке қарай, біз сол жүйеден 
көз  жазып  қалдық.  Оның  себебін  де  білеміз.  Басында  Ресей  отаршылдық,  кейінгі  большевиктік-
коммунистік мəңгүрттік алпауыт орыс жұртынан бастап, азаттығы үшін ғасырлар бойы арпалысқан 
жəне  арпалысып  жатқан  ұлттар  мен  ұлыстарды  тарихи  жолынан  адастырып  жіберді.  Біз  бұл  жерде 
«орыс  жұрты»,  «ұлыс»  дегенді  орнымен  қолданып  отырмыз.  Біріншісі  түсінікті  (солтүстіктің 
жергілікті  тұрғыны  «Біз  кімбіз?  Кім  болдық?»  деп,  ХХІ  ғасырда  қаңыраған  деревнялары  мен 
меңіреген алқаштарына қарап зарлайды), екіншісі – ешқашан да ұлыс «народность» болмайды (əдейі 
қате  аударылған),  ол  –  бір  кездегі  мемлекеттер,  хандықтар  немесе  олардың  жұрнағы.  Ресейдің  бір 
ғалымы 
жазып 
еді: 
«Уралаған 
сауатсыз 
большевиктер 
Орталық 
Азияны 
жаулап, 
бағындырып:«Бұларға мəдениет əкелеміз!»– деп өзеурегенде, осында мыңдаған жылдық мəдениеттің 
бары ойларына да кіріп шықпады...» – деп. 
Бардан  айырылудың  көкесін  көрдік.  Басқа  ел  туралы  айтпай-ақ  қоялық.  Өзімізге  баға  беріп 
көрейікші. Мысалы, айтуға ауыз бармайтын бір көргенсіздік болды делік. Осыған кім жауап береді? 
Ешкім де! Үкімет: «Халықтың (адамның) өзі кінəлі!» – дейді, халық үкіметке сілтейді. 
Күні  кеше,  тіпті  бүгін  де  біраз  жұрт  атала  жегендей  дін  тұрғысынан  миы  шайқалып  қалғанда, 
алақандай ауылдағы ақсақалдардан:«Осы 200 үйлі шағын жұрт исламның 2-3 бағытын ұстанады екен. 
Бұл қалай? Неге ие болмадыңыздар?»– деп сұрағанда, күмілжіп жауап бере алмаған... Сəуегей демей-
ақ  қойыңыздар,  «дəл  осы  жағдай  Ресей  деревнясының,  Қырғызстан  айылының,  Өзбекстан 
қышлағының  басында  бар»  деп  сеніммен  айта  аламыз.  Əрине,  бірінде  аз,  бірінде  көп.  Бұл  – 
«батпандап кірген ауру мысқалдап шығадының» кері. 
Дəстүрлі қазақ ауылында төтенше бір оқиға болса, оған ең бірінші жауап беретін – ақсақалдар, ел 
ағалары еді. «Тон жағасыз болмас, ел ағасыз болмас» осы пəлсападан туған. Ретіне қарап төренің де, 
бидің де, имамның да өз орны, өз мəртебесі болды. Жау шапқанда батыр айқындалды, сөз сайысында 
шешен анықталды. 
ХҮІІІ-ХІХ  ғасырдағы  патшалық  Ресей  осы  табиғи  таңдауды  астан-кестен  еткісі  келсе  де,  елдік 
ұстын, береке халықтың жанында, жүрегінде ұзақ уақыт сақталып қалды. «Намысты шүберекке түйіп 
сақтадық» деген – осы. 
Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты ұлт рухын серпілткен жыр жинағында былай дейді: 
 
 
Біз сонша сатып алған құл емеспіз 
 
 
Əркімді төбемізге шығаратын. 
 
 
«Болады əбігер заман» деген – осы, 
 
 
Байқасаң, Алаш ұлы, азаматым! 
Жалпы  ұлтқа  қатысты  дүниеде  «ұсақ-түйек»  деген  болмайды.  Соның  бірі  əрі  бірегейі  –  ұлттық 
аты-жөн. Бұл – əрбір ұлтты тілімен, ділімен бөлек етіп жаратқандай, Алланың айрықша бір нығметі. 
Қасиетті  «Құран-Кəрімде»:  «Ей,  адамдар,  расында,  біз  сендерді  бір  еркек  (Адам)  жəне  бір  əйелден 
(Хауа) жараттық жəне де бір-бірлеріңмен танысуларың үшін сендерді халықтар мен ру-тайпалар етіп 
қойдық»,  –  делінген  («Хужрат»  сүресі,  3-аят).  Осы  ең  ұлық  кітапта  əр  ұлт-миллəттің  өзіндік  жолы 
туралы да хабар берілген: «Сендерден əрбір ұлт үшін (жеке) шариғат жəне жол жасап қойдық. Егер 
Алла қаласа еді, барлығыңды бір үммет жасар еді» («Маида» сүресі, 18-аят).  
Олай  болса,  Жаратқанның  хақ  жолын  бұрмалаушылармен  текетіресу  –  əділеттік,  биік  азаматтық 
екенін аңғарамыз. Алаш зиялылары – нағыз осы жолдағы қайраткерлер еді. 
Біріншіден, олар түрлі ұлт өкілдерінен құралған пікірлестерімен бірге патшалық Ресейді түзетуді, 
адамзаттың демократия (халық билігі) көшіне ілестіруді армандады. 
Екіншіден,  туған  халқының  құқын,  намысын,  қабілетін,  білігін  қалпына  келтіріп,  əлем  дамуына 
үлес қосқысы келді. 
31


Үшіншіден, ұлт тілін, мəдениетін, дəстүрін қайталанбас құбылыс ретінде бағалап:«ақиретке дейін 
қазақ қазақ болып жасамақ», «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз», – деді. 
Бұл – кереметтей гуманизм жолы еді. 
Адамның  аты-жөні  мен  сол  адамдар  құрайтын  ұлттың  негізгі  ұғымдарының  атауын  параллель 
(салыстырып)  қарауға  болады.  Сол  тұстағы  актив  қолданыстағы  бірнеше  сөз-ұғымдарға  назар 
аударалық: алаш, жұрт, ұлт, азамат, мұсылман, əділет, ар-ұят, білім, ағарту, тəрбие, үме, қалып, 
ақ  жүрек,  көркем  мінез  т.б.  Газет-журналдың,  ұйымдардың  ныспысына  қараңыз:  «Қазақстан», 
«Айқап»,  «Қазақ»,  «Ұран»,  «Сарыарқа»,  «Жас  азамат»,  «Абай»...  «Талап»,  «Жанар»,  «Еркін  дала», 
«Үміт», «Ынтымақ», «Ерік», «Қызмет» т.б.  
Əрбірі  араб,  парсы  тілінен  басқа бірнеше  Еуропа тілін  меңгерген  Алаш  зиялылары  демократия, 
прогресс, культура, цивилизация, дума, манифест, декрет т.б. сөздердің мəнін де, көкейтестілігін де 
білетін. Бірақ басылым атын да, ұйым атын да олай қоймады. 
Дəл сол сияқты мұсылмандықтың мəнісін, араб тілінің жеті қыртысын біле тұра қазақ түсінігімен 
Алла,  иншалла,  Əбдірахман,  Сейіт,  Садуақас  т.б.  деп  жазды  (Аллаһ,  иншаллаһ,  Абдурахман,  Сайд, 
Саад бин Вакас деген жоқ). 
Ұлттық аты-жөнді рəсімдеу туралы да ерте ойланды. Бұл туралы «Айқап» журналы мен «Қазақ» 
газетінде ойлы мақалалар жариялады. 
Осы ретте мына жайтты ескерген жөн. 
Біріншіден,  қазақ  халқының  этногенездік  құрылымына  сəйкес,  көші-қон,  орнығу  мен  орналасу 
рулық-тайпалық  жүйеде  жүрді.  «Жеті  ата»  қағидаты  ұлт  бірлігі  мен  ел  тұтастығын  сақтады. 
Сондықтан  дəстүрлі  фамилия  ру  жəне  əулет  атымен  белгіленді.  Мысалы,  Қанжығалы  Бөгенбай, 
Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Кете Жүсіп, Құланаян Құлманбет. 
Екіншіден,  əкесі  мен  атасының  атымен  айтылатын  жүйе  де  орнықты.  Мысалы,  Құнанбайдың 
Ыбырайы (Ибрагимі– Абайы), Шораяқтың Омары, Ақбайдың Жақыбы т.б. 
ХХ  ғасыр  басында  өмірде  де,  қызметте  де,  білімде  де  Ресей  əкімшілік  жүйесі  орныққандықтан, 
билік  жүйесінің  түрлі  құрылымымен  араласқан  зиялылар  ресми  (рəсми)  Абай  Кунанбаев,  Алихан 
Букейханов,  Ахмет  Байтурсунов,  Мир-Якуб  Дулатов,  Мустафа  Чокаев,  Смагул  Садвокасов  т.б. 
болуына  тура  келді.  Үстем  тіл  нені  болсын  өз  заңдылығымен  жазары  сөзсіз.  Сондықтан  бұл  –  əлді 
мен əлсіз күресінің бір сипаты еді. 
Дей тұрғанымен, Алаш ұлт деп, ұлттың тілі, дəстүрі, мəдениеті, саясаты, тағдыры деп жаңғырды, 
оянды.  Сондықтан  тіл  –  қарым-қатынастың  ғана  құралы  емес,  ағарту  мен  ғылымның,  парасат  пен 
дамудың  кілті  болатыны  айқындалды.  Еліктеу  мен  солықтау  аяқталған  соң,  намысты  зиялылар  ер 
азаматтар  фамилиясының  соңын«ұлы»,  əйел  балалары  фамилиясының  соңын  –  «қызы»  сөзімен 
жазды.  Мысалы,  Бөкейхан  –  Əлекеңнің  төртінші  атасы,  соған  қарамай  «Əлихан  Бөкейханұлы»  деп 
жазылды. Яғни,«ұлы» бүгінгідей «отчество» орнына жүрген жоқ. Таңбалануда  «Бөкейхан ұлы» деп 
бөлек жазылғанын да, «Бөкейхан-ұлы» деп сызықшамен (дефис) жазылғанын да байқаймыз. 
Ұлт  ұстазы,  Алаш  қозғалысының  басында  тұрған  тұлға,  1920-1921  жылдары  Қазақстанның  №1 
Халық ағарту министрі (комиссары) болған қайраткер – Ахмет Байтұрсынұлы аты-жөнді біріздендіру 
бағытын ұстанды. 1924 жылы 12-17 маусымда Орынборда Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі өтті 
(орысша  «Первый  съезд  казахских  ученых»).  Бұған  Мəскеуден  арнайы  келген  Ə.Н.Бөкейхан  да 
қатысты.  Жиын  қаулысында  кітап  шығарғанда,  мақала  жазғанда,  құжат  рəсімдегенде  «фамилия 
қосымшасы» ретінде «-ұлы, -қызы» деп жазу міндеттелді. 
Бұл  ұстаным  көрші  парсы,  араб,  түркі  шығыс  халықтарының  жүйесіне  сəйкес  келетін.  Арабтар 
əкесінің  атына  «ибн  немесе  бен»  қазақша  «ұлы»,  парсы,  дари  тілдерінде  «заде»-ні  (қазақша  «ұлы» 
дегенге  сəйкеседі)  қосады.  Ал  османлы  түріктері  «Мұстафа  оғлы»  дейтін,  Түркия  Республикасын 
құрған  соң  олардың  көбі  еуропалық  үлгіге  көшті.  Білімпаздар  сиезі  де  түркі  дүниесіндегі  жолды 
нұсқады:  Абай  Құнанбайұлы,  Сүйінбай  Аронұлы,  Құрманғазы  Сағырбайұлы,  Шəкəрім 
Құдайбердіұлы, Əлихан Бөкейханұлы, Мұстафа Шоқайұлы, Мыржақып Дулатұлы т.б.  
ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  саяси  күресінен  сыр  шертетін  Сəкен  Сейфоллаұлының  «Тар  жол, 
тайғақ кешу» мемуарын оқып көріңіздер. Ұлт қайраткерлері фамилиясының бəрін «ұлы» деп жазады. 
Міне, сол кездегі таным-түсінік. 
Алаш  зиялылары  99  пайыз  атылғаннан  кейін,яғни,  40-жылдары  «ов»-сыз  жүрген  екі-ақ  қазақ 
болды. Бірі – халық батыры Бауыржан Момышұлы, екіншісі – академик Əлкей Марғұлан. Əлекең 
үндемей-ақ  көп  іс  тындырды.  Біздің  білетініміз  –  ұлт  ұранына,  намысына  айналған  Бауыржан. 
Ұлттық  аты-жөндегі  «Момышұлы  феномені»  арнайы  зерттеуді  талап  етеді.  Біріншіден,  Алаш 
жолына,  қағидатына  адалдығы  (бұл  туралы  мəлімет  күнделігінен  молынан  табылды).  Екіншіден, 
32


«ұлы»-ны алып үндемей қалмай, халыққа қозғау салып жүргені. Халық жадында сақталған бір-екеуін 
еске түсірейік: 
 
 
«Ов-ов» деген атыңды ұрайын, 
 
 
Овощ жеген аузыңды ұрайын... 
Немесе орыс аудиториясына бағытталған сөзіне назар аударалық: 
 
 
Пойми, мои хорошие, 
 
 
«Улы»– это не форма, 
 
 
Не редкость. 
 
 
«Улы»– не «ев» и не «ов», 
 
 
Приспешников ваших. 
 
 
«Улы»– это символ непримеримости. 
[жолма-жол аудармасы: 
 
 
Айналайындар, түсініңдер, 
 
 
«Ұлы»– жай пішін немесе 
 
 
Таңсық бірдеңе емес. 
 
 
«Ұлы»– басшұлғығыштардың 
 
 
«ев»-і де, «ов»-ы да емес. 
 
 
«Ұлы»– бағынбаудың рəмізі]. 
Кеңес  тұсында  Момышұлы  үлгісімен  дəстүрлі  фамилияны  сақтап,  «ұлы»  деген  қосымшаны 
жалғаған үш адам болды: Шона Смаханұлы (1924-1988), Балғабек Қыдырбекұлы (1929-1995), Сайлау 
Батырша-ұлы  (1942  жылы  туған).  Соңғы  азаматтың  фамилиясын  қазіргі  қазақ  тілінің  тыныс  белгі 
ережесін бұзып, сызықша (дефис) арқылы жаздық. Мінезді, қағидатшыл Сəкең «құжатымда осылай, 
оны бұзуға хақыңыз жоқ» деп талап ететінін ескердік. 
С.Батырша-ұлы  туралы  2016  жылы  «Фолиант»  (Астана)  баспасынан  шыққан  «Тəуелсіздік 
жолындағы  дипломатия»  атты  эссе-диалогте  (авторы  –  М.Алмасбекұлы)  ұлттық  аты-жөніне 
қатысты біраз дерек бар. 
1905 жылы туған, кейін «Қазақстанның еңбек сіңірген агрономы» атанған, республика басшысы – 
Д.А.Қонаевтың  қабылдауында  болған  əкесі  Батырша  Қалдыбекұлы  1948  жылы  баласын  1-сыныпқа 
бергенде,  мектеп  журналына  «Сайлау  Батырша-ұлы»  деп  рəсімдетіпті.  Мұны  Сəкең  эсседе  былай 
түсіндіреді:  «Көкемнің  ұлтқа,  елге  деген  намысы  ұстап,  фамилиямды  бірден  «Батырша-ұлы»  деп 
жаздырды...  Əкемнің  намысшыл  əрі  көзі  ашық,  көрегендігі  арқасында  мен  Бауыржан  ағадан  кейін 
қазақтың дəстүрлі аты-жөнін сақтап, сол үлгіні жалғастырдым». 
Осы жерде сұрақ туады: перзентіне «ұлы» деп фамилия берген Батырша Қалдыбекұлы күшті ме, 
жоқ  əлде  жастай  фамилиясындағы  «ұлы»  қосымшасын  бойына,  ойына  сіңіріп,  соған  сай  болған 
Сайлау Батырша-ұлы күшті ме? 
Мəселенің мəнісіне терең бойласақ, əке Батырша да, бала Сайлау да – ұлт дəстүрін жалғастырған, 
жауапкершілікті  сезінген  азаматтар.  Мына  сəйкестік  жайдан-жай  болмаса  керек.  Батырша 
Қалдыбекұлы  –  жəдит  медресесінде  (Шаян)  Ахмет  Байтұрсынұлының  «Тіл  –  құрал»  оқулығынан 
дəріс  алған  шəкірт.  Бұл  еңбек  1912  жылы  шықса,  Батыршаның  мектеп-медреседе  оқыған  шағымен 
сəйкес  келеді.  Оның  үстіне  С.Батырша-ұлының  естелігіне  қарағанда,  əкесі  имандылық  жолында 
болған  жəне  баласының  араб  тілі  мамандығын  таңдауына  əсер  еткен.  Үйдегі  тəрбие  Сайлау 
мырзаның  ұлт  тарихының  ұмытылған  қабатына  ұмтылуына,  ел  намысын  қорғауына  түрткі  болған. 
Осы  орайда  Бауыржан  Момышұлы  құбылысы  –  таңдауды  негіздеуші,  тəуекелді 
жандандырушы. Қай жағығынан алсақ та. Біріншіден, ел ішінде тараған батыр туралы аңыздарда ол 
шынайы  ұлт  жоғын  жоқтаушы  болып  көрінеді.  Осы  жолда  ешкімнен,  ешнəрседен  тайсалмайды. 
Айтқандайын,  сол  ІІ  дүниежүзілік  соғыс  жылдары  өкімет  дінге  біршама  еркіндік  бергенін  естен 
шығармалық.  Екіншіден,  халық  батырының  «ұлы»  фамилиясы  қаһармандығының  куəлігіндей 
көрінді. 
Сонымен  бірге  С.Батырша-ұлын  толғандырған,  серпілткен  бір  факторды  ұмытпалық.  Ол  – 
оқыған  қаласы  мен  университеті.  Ташкент  –  Алаш  зиялылары  топтасқан,  шоғырланған  қала.  Тіпті 
оның «қазақ астанасына үміткер шаһар» болғаны да белгілі. Алаштың «Алаш», «Ақ жол» газеті мен 
«Сана»,  «Сəуле»  журналдары  осында  шықты,  «Талап»  ұйымы  осында  құрылды.  1922  жылы 
Түркістан  зиялысы  А.Байтұрсынұлын  Ташкентке  алдыртып,  лайықты  мерейтойын  өткізді. 
С.Батырша-ұлы  оқып  жүрген  жылдары  қала  да,  Орта  Азия  университеті  де  Алаш  жаңғырығына 
тұнып тұрған еді. Ұлт қайраткерлері бəтеңкесінің ізі өше қойған жоқ-ты. 
Алаш  атылғаннан  кейін  халықтың  рухани  жаңғыруының  өзіндік  кезеңдері  бар.  Бірі  –  ІІ 
дүниежүзілік  соғыс  уақытындағы қазақ  батырлығы  (бұған келесі  шепте  Алаш атымен газет-журнал 
33


шығарып,  жыр  жазған  тұтқындар  еңбегі  де  кіреді).  Екіншісі  –  кеңестік  жылымықтан  кейін  бүтін 
кеңес  халқы  секілді  қазақ  ұлтының  да  серпілуі.  С.Батырша-ұлының  азаматтық  қалыптасуы  осы 
шамаға сəйкес келеді. 
Мысалы,  əйгілі  Əбу  Насыр  əл-Фараби  құбылысы.  Бұл  тұлғаны  ақын  Мағжанның  «Түркістан» 
өлеңінен  кейін  туған  жері,  кіндіктес  жұрты  ұмыта  бастаған.  Арада  отыз  жылдан  кейін  данышпан 
Ақжан  Машани  дабыл  қақты.  Тіпті  Сирияға  арнайы  барып,  моласын  тауып  қайтты.  Қазақстан 
ғылымының,  əсіресе  философиясының  фарабитану  арнасы  ашылды.  Құдайдың  құдіретімен 
С.Батырша-ұлының араб тіліне мамандануы жəне 1963 жылы оқуға Сирияға баруы осы құбылыспен 
ұштасып жатыр. 
Мына  сəйкестікті  қараңыз:  Сəкең  Сирияға  барып,  білік-білімін  жетілдіріп  жүргенде,  сондағы 
оқытушылар оған «Мұхтар» деп ат қойыпты. Дипломат оны «сайлау, сайланған» сөздерінің баламасы 
ретінде түсіндіреді. Ал енді біз большевиктердің басып алуына байланысты Ташкенттен бас сауғалап 
барып 1917 жылы 27 қарашада Қоқанда жарияланған Түркістан автономиясы түпнұсқада «Түркістан 
мұхтарияты»  деп  аталғанын  білеміз  бе?  Атау  да,  есім  де  –  ниет.  Сайлау  –  «таңдау»  ұғымы  секілді 
демократияның  элементі.  Мұхтар  «таңдаулы»  деген  мағынамен  бірге  «еркіндік»,  «азаттық»  мəнін 
береді.  Ендеше,  осы  арқылы  да  С.Батырша-ұлының  тағдырына  ұлт  тəуелсіздігі  үдерісінің  басы-
қасында  жүру  бұйырыпты.  Ал  біз  «Мұхтармен»  көбіне-көп  М.Əуезовті  ассоциацияландырамыз. 
Мұқаңның  да  Алашпен,  Түркістанмен,  Ташкентпен,  Орта  Азия  университетімен,  тіпті  «ұлы» 
ұғымымен (фамилия) ұштасатын тұсы аз емес. 
Тағы  сұрақ  қоямыз:  Сайлау  Батырша-ұлы  əйгілі  аты-жөнінен  таяқ  жеді  ме,  мақтау  естіді  ме? 
Əлбетте, мың өліп, мың тірілген халқынан тек мақтау естіді. Неге? Миллиондаған қандастары аты-
жөннің  осы  нұсқасын  қаласа  да,  қоюға  батылы  жетпейтін.  «Неге  менің  балам  басқалардан  бөлек 
болуы  керек?  Ұлт  қамын  мен  ғана  жеуім  керек  пе?».  Ой  осы  болатын.  Тіпті  60-жылдары 
мемлекетаралық  келісіммен  Қытайдан  бері  өткен  қандастарымыз  (оралмандардың  1-толқыны) 
фамилияларын  тездетіп  орыстандырып  («ов»  жалғап)  алуға  асықты.  Оны  айтасыз,  ҚХР-да  жүріп 
фамилиясына «ов»-ты жалғап алғандарды естіп, таңғалғанымыз бар... 
Ноқтаға басы сыймаған Бəукең «ұлы» фамилиясы үшін безбүйрек советтен талай теперіш көргені 
секілді,  С.Батырша-ұлын  да  ресми  билік,  дипломатия  саласы  маңдайынан  иіскей  қоймаған.  Эсседе 
жазылғандай, Қазақстан компартиясының 2-хатшысы О.С.Мирошхин:«Мұндай фамилиямен Орталық 
комитетке  алмаймыз»,  –  десе,  республика  коммунистерінің  идеология  хатшысы  С.Н.Имашев:«Бос 
орын жоқ!»– деп, жақындатқысы келмеген... 
Бірақ  соған  қарамай  С.Батырша-ұлы  өз  біліміне  сүйеніп,  талабынан  қайтпады.  Талай  жауапты 
қызметтің ішінде өзі қалаған дипломатияның көрігінен де өтті, Өкілетті жəне Төтенше елші де болды. 
Осылардың  арасында  1991  жылы  қазанда  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  Бас  ассамблеясы  сессиясында 
қазақ халқының тəуелсіздікке деген ынта-ықыласын ашық жария етуі бүгінде аңыз ретінде айтылады. 
Дипломаттың  пікірі  ТАСС  телеграф  агенттігі  арқылы  əлемге  тарағанда  санасы  «кеңестік 
комплекстен» арылмағандар селт етіп шошығанын білеміз.  
Сəкеңнің  жəне  бір  батыл  қадамы  1993  жылы  Өзбекстанға  Қазақстанның  Төтенше  жəне  Өкілетті 
елшісі  болғанда  байқалды.  Бұл  –  əлемге  тарыдай  шашылған  ұлтымыздың  (диаспора)  жинақтала 
бастаған  кезі.  С.Батырша-ұлы  өзбек  еліндегі  талантты  қазақ  азаматтарын  туған  Отанына  шұғыл 
тартып,  қағидатты  шараларды  жүзеге  асырады.  Өзбекстан  Республикасына  еңбек  сіңірген 
архитектор-дизайнер,  Қазақстанның  Елтаңба  авторы  –  Жандарбек  Мəлібекұлына  ҚР  азаматтығын 
беріп,  тарихи  отанына  алып  келеді.  Сондай-ақ  талай  тарихи  тұлғаларымыздың,  сондай-ақ 
Н.Ə.Назарбаевтың бейнесін сомдаған Өзбекстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, атақты суретші 
Əбдімəлік Бұқарбаевқа да азаматтық əперіп, елге алдырды. 
«Ұлы»  фамилиясы  өмірлік  ұстанымын  анықтаған  қайраткер,  дипломат,  ғалым  Сайлау  Батырша-
ұлының  азаматтық  тұлғасы  туралы  көп  айтуға  болады.  Бір  тағылым  еске  түсіп  отыр.  Тəуелсіздік 
жылдары  Қазақстанның  Халық  жазушысы,  Еңбек  Ері  Əбіш  Кекілбаев  қазақша  жазғандарына 
«Кекілбайұлы»,  орысша  жазғандарына  «Кекилбаев»  деп  қол  қойып  жүреді.  Бірде  С.  Батырша-ұлы 
Əбекеңнен:  «Сіз  бір  мезгілде  екі  фамилия  алып  жүрсіз,  сонда  қайсысы  тура?»–  деп  сұрайды. 
Жазушы:  «Əй,  бауырым-ай,  несін  айтасыз?  Ақыры  сіздің  жолыңызға  түстік  қой»,  –  деп  жауап 
қайырады...  
Сонымен,  С.Батырша-ұлының  ұлттық  аты-жөнге  байланысты  еңбегін,  жалпы  тұлғалық  қасиетін 
былайша тұжырымдаймыз: 
1.
  Ол  –  сонау  1964  жылы  Шетелмен  байланыс  жəне  достық  қоғамының  жауапты  хатшысынан 
1990 жылы ҚазКСР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына дейін, тəуелсіздік тұсындағы 
барлық дипломатиялық қызметінде ұлт мүддесін бір сəт те ұмытпаған азамат. 
34


2.
  Ол  –  2002  жылдан  бері  барша  ҚР  Сыртқы  істер  министрінің  кеңесшісі  жəне  Л.Н.Гумилев 
атындағы  ЕҰУ  халықаралық  қатынастар  факультетінің  профессоры  ретінде  дипломатия  теориясын 
тəжірибемен  ұштастырып  жүрген  білікті  маман,  осы  салада  қазақ  тіліндегі  тұңғыш  рет  жазылған 
«Дипломатиялық қызмет жəне халықаралық қатынас» оқулықтың авторы. 
3.
  Ол – елдің ана тілін, ата дəстүрін, төл мəдениетін, тағылымды тарихын жеке үлгісімен қорғап, 
сақтап, дамытып жүрген отаншыл тұлға. Астана қаласы «Мемлекеттік тіл» қозғалысының төрағасы. 
Міне,  осы  бағалар  А.Байтұрсынұлынан  басталып,  Б.Момышұлымен  өркенделіп,  С.Батырша-
ұлымен  жалғасатын  ұлттық  аты-жөн  қадірін  білу  жолындағы  қағидаттың  өміршендігін  айқындай 
түседі. 
Бүгін Тəуелсіздік мұғдарында А.Байтұрсынұлының ақ жолына түсіп, аты-жөніне саналы түрде «-
ұлы,  -қызы»  деген  дəстүрлі  қосымшаны  алған  азаматтарымыздың  ұстанымын  отаншылдық  сана-
сезімі көтерілгені деп білеміз. 
 
 
Ісімақова А. 
филол.ғ.д., профессор, М.О.Əуезов атындағы Əдебиет 
жəне өнер институтының бас ғылыми қызметкері 
 
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ əдебиеттануының реформаторы 
 
Теоретик Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми зерттеулер ғана емес, сол кездегі ғылыми сұранысты 
өтеген  оқулықтарының  күні  бүгін  қажет  болуы  –  білім  беру  саласындағы  ХХ  ғасыр  басындағы 
іскерліктің үлгісі.  
«Ұлт тіліне лайықталып реформаланған араб таңбаларын латыншаға ауыстырудың тиімділігі жоқ» 
деген пікір айтқан А.Байтұрсынұлы бастаған зиялы топқа «ұлтшыл», «пантюркист», «панисламист», 
«советке  қарсы»  деген  айыптар  таңылды.  Араб  жазуы  тікелей  ислам  дінімен  байланыстырылып, 
ғалымның  сан жылғы  еңбегі жоққа шығарылды. Уақыт  көрсеткендей,  латын  жазуының  да  тағдыры 
ұзаққа  бармады.  «Құран»  əріптерінен  тұратын,  ғылыми  негізі  дəлелденген  «жаңа  емлені»  латын 
əріптерімен,  одан  кейін  кириллица  таңбаларымен  алмастыру  халқымыздың  сан  ғасырлық 
ескерткіштері болып табылатын бағалы жазба мұраларынан қол үзіп қалуымызға əкеп соқты. Қазақ 
халқының  əліппесі  Алланың  кітабы  –  «Құран»  əріптерімен  үндес  екенін  дəлелдеп  кеткен 
А.Байтұрсынұлының бұл ғылыми жаңалығының мəнін біз əлі толық мойындамай келеміз. Қазақ тіл 
білімі  ғылымының  теориялық  негізін  қалыптастырған  А.Байтұрсынұлы  –  қазақ  əдебиеттануының 
негізін қалаған іргелі «Əдебиет танытқыш» атты ғылыми зерттеудің де авторы.  
А.Байтұрсынұлының «Əдебиет танытқышта» орнықтырған кəсіби «пəн сөздері» қазақтың асыл сөз 
өнерінің  жанрлық,  стильдік  ерекшеліктері  мен  артықшылығын  танытатын  түсініктер  күні  бүгін 
қажеттілігін  дəлелдеп  келеді.  Ғалым  осы  іргелі  зерттеуінде  ежелгі  əдеби  мұраға  жəне  түркі  əдеби 
ескерткіштеріне қатысты пайымдаған теориялық тұжырымдары мен өзі жетік талдап, таныған «пəн 
сөздерін»  ғылыми  айналымға  енгізді.  Олар:  «тірнек  өнері»,  «көрнек  өнері»,  «тиіс  ғалам»,  «түйіс 
ғалам»,  «арамтер»,  «мерт»,  «сергелдең»,  «сауықтама»,  «сарындама»,  «салт  сөзі»,  «ғұрып  сөзі», 
«діндар дəуір», «сындар дəуір», «ділмар сөз», «билік сөз», «уағыз», «хикаят», «қисса», «жад дерек», 
«мінəжат», «шежіре», «заманхат» т.б. «Пəн сөздері» ежелгі əдеби жəдігерлер мен классикалық қазақ 
əдеби мəтіндер арасындағы дəстүрлі сабақтастықты, үндестікті аңғартады. 
А.Байтұрсынұлының  қазақ  халқына  сіңірген  «біз  ұмытсақ  та,  тарих  ұмытпайтын»  (М.Əуезов) 
таудай  еңбегін  XX  ғасыр  басында  Ресей  академиктері  А.Н.Самойлович  («Байтұрсынов  Ахмет 
Байтұрсынұлы»,  1919;  «Түрік  халықтарының  əдебиеті»,  1919),  Е.Д.Поливанов  («Қырғыз-қазақ  жаңа 
(Байтұрсынов)  орфографиясы»,  1924),  А.Н.Кононов  («Байтұрсынов  Ахмет  Байтұрсынұлы»,  1924), 
Н.Ф.Яковлев («Əліпби құрылымының математикалық жүйесі», 1928) зерттеулерінде атап өткен. 1923 
жылы  ғалымның  50  жылдық  мерейтойына  орай  Алаш  қайраткерлері  М.Əуезов,  С.Сейфуллин, 
Е.Омарұлы,  М.Дулатұлы,  Т.Шонанұлы  еңбектерінде  А.Байтұрсынұлының  ғылыми  мұрасына  əділ 
баға берілген. Совет кезінде 1977 жылы филология ғылымдарының докторы, академик Р.Сыздықова 
ҚазССР ҒА жалпы жиналысында жасаған баяндамасында қазақ əліпбиінің атасы, қазақ тіл білімінің 
негізін  қалап  берген  А.Байтұрсынұлы  екенін  айтқаны  үшін  біраз  ресми  мекеменің  қудалауына 
ұшыраған.  
А.Байтұрсынұлы ақталған 1989 жылы академик Ш.Қ.Сəтбаеваның алғы сөзімен ғалымның тұңғыш 
шығармалар  жинағы  шықты.  Кітаптың  жауапты  шығарушылары  партизан-жазушы,  филология 
ғылымдарының докторы Əди Шəріпов пен филология ғылымдарының кандидаты Сəрсенбі Дəуітұлы 
35


болды.  А.Байтұрсынұлының  «Əдебиет  танытқышы»  мен  «Қазақтың  бас  ақыны»  атты  зерттеуін, 
өлеңдерін  тұңғыш  рет  төте  жазудан  қазіргі  қазақ  əрпіне  түсірген  –  филология  ғылымдарының 
докторы С.Дəуітұлы. 
Академик  Р.Нұрғали  «Ақ  жол»  (1991)  деген  атпен  А.Байтұрсынұлының  өлеңдерін,  тəржімалары 
мен публицистикалық мақалаларын жəне əдеби зерттеулерін құрастырып шығарды. 
Ғалымның  пəн  сөздер  (термин)  жасау  саласында  атқарған  ғылыми  жұмыстары  да  ерекше  назар 
аударуды  қажет  етеді.  Лингвист-ғалым  қазақ  тілін  талдап,  тану  жəне  танытуда  төңкеріс  жасап 
қоймай,  оның  салаларына  (фонетика,  грамматика,  синтаксис  т.б.)  қатысты  парадигма, 
категорияларды  қазақша  сөйлетіп,  əдебиеттану  мен  тілтанудың  басты  пəн  сөздерін  ғылыми 
айналымға  енгізді.  Осы  ретте  академик  З.Қабдолов:«Қазіргі  қазақ  тіл  біліміндегі  секілді,  қазақ 
əдебиеттануындағы  əдеби  пəнсөздердің  баламаларын  ойлап  тапқан  да  –  Ахаң.  Көріктеу,  меңзеу, 
ауыстыру, алмастыру, кейіптеу, пернелеу, əсірелеу, шендестіру, дамыту, түйдектеу... – осылардың 
бəрінің  түп-тамыры  Ахаңда  жатыр.  М.Əуезовтің  «Ахаң  түрлеген  ана  тілі»  дейтін  əлдиінің  əдебиет 
аясындағы  бір  нақты  да  затты  көрінісі  –  осы».  «Əдебиет  танытқыштың»  ең  басты  бағалылығы  – 
осылайша əдеби терминдерді қазақша қалыптастырғандығы» [1], –дейді. 
1926  жылы  жарияланған  «Əдебиет  танытқыш»  əдебиеттану,  оның  ішінде  əдебиет  теориясы 
саласында қазақ тілінде жарық көрген тұңғыш ғылыми еңбек екені даусыз. «Əдебиет танытқыш» деп 
атаудың  өзі  де  –  «литературоведение»  деген  пəннің  тура  қазақша  баламасы.  Əдебиет  –  сөз  өнері 
болса,  оның  несімен  халыққа  қажет  екенін  түсіндіріп,  көркемдік  ерекшеліктері  мен 
жалпыадамзаттық,яғни,  ғибраттық,  рухани  сипаттарын  таныту  əдебиетшілердің,  зерттеушілердің 
қасиетті парызы екенін А.Байтұрсынұлы осы екі-ақ сөзбен ғана айқындап берді. 
Əдебиет деген не? Бұл сауалға бүгін дайын жауап бар ма? Осы орайда академик З.Қабдолов былай 
дейді: «Ахаң жоқта біздегі əдебиет теориясы басы жоқ кеуде секілді еді. Ал басы жоқ дене бола ма? 
Қайтейік,  «болады»  деп  келдік...  Бүкіл  дүниежүзілік  əдебиет  теориясында  Арнау  деген  бір-ақ  түр; 
шауып шықса, бұған Шешендік сұрау қосылып қана аздап ажарлануы мүмкін. Ал қазақ поэзиясында 
Ахаң осының үстіне үш түр (сұрай арнау, зарлай арнау, жарлай арнау) қосып, құбылтып, тотының 
түгіндей  құлпыртып  əкетеді».  Əдеттегі  дəстүр  жалғастығының  заңына  орай  осы  үш  түрлі  арнауды 
əрқайсымыз  өзімізше  пайымдап,  қисындап,  кейде  тіпті  қиыннан  қиыстырып,  біз  де  (Жұмалиев  те, 
Ысмайылов  та,  Қабдолов  та)  кітаптарымызға  кіргіздік.  Бірақ,  амал  не, бұл жаңалықты  тапқан  Ахаң 
екенін кезінде ашып айта алмай, Қажекеңе сілтеме жасауға мəжбүр болдық...»[1, 72]. 
Қазақ  өлең  құрылысының  теоретигі  академик  З.Ахметов  «Əдебиет  танытқыштың»  құндылығын 
былай  деп  анықтады:  «Əдебиет  танытқышта»  негізінен  поэтика,  стилистика,  өлең  құрылысына 
қатысты  мəселелер  көбірек  сөз  болады.  Автор  үлкен  тілші-ғалым  болғандықтан,  оның  қазақ 
поэзиясының  ерекшеліктерін  осы  мəселелерге  байланысты  тексеріп  талдайтыны  түсінікті.  Автор 
поэзия  тілінің  бейнелілігін,  сөз  қолдану  тəсілдерін  мұқият  зерттеп,  теңеу,  ауыстыру  (метафора), 
алмастыру  (метонимия),  шендестіру,  арнау,  қайталақтау,  дамыту,  бүкпелеу  секілді  ұғымдарды 
əдеби термин ретінде қолданады. Сөйлемдердің синтаксистік топ болып бірігуін, «оралым», «қайшы 
оралым»  деген  сияқты  түрлерін  ажыратып  көрсетеді.  Қазақ  өлеңінің  ырғақтық  құрылыс-жүйесін 
айқындай,  бунақ,  тармақ,  шумақ  ұғымдарын  қалыптастырады»[2,  64].  Демек,  қазақ  өлең 
құрылысының,  қазақ  əдебиет  теориясының  басты  терминдерін  Ахмет  Байтұрсынұлы 
қалыптастырғаны осылай дəлелденген. 
«Əдебиет  танытқышта»бұл  орайда  көркем  сөздің  тектері  мен  түрлері  «адамның  жан  қоштау 
керегінен  шыққан»  нəрселерге  жатқызылады.  «Нəрсенің  жайын,  күйін,  түрін,  түсін,  ісін  сөзбен 
келістіріп  айту  өнері.  Бұл  сөз  өнері  болады.  Қазақша  –  асыл  сөз,  арабша  –  əдебиет,  еуропаша  – 
литература»…  Жəне  оның  басқа  ғылымдардан  айырмашылығын  айта  кетеді:  «Алдыңғы  өнердің 
бəрінің  де  қызметін  шама-қадарынша  сөз  өнері  атқара  алады.  Қандай  сəулетті  сарайлар  болсын, 
қандай  сымбатты  я  кескінді  сүгіреттер  болсын,  қандай  əдемі  əн-күй  болсын,  сөзбен  сөйлеп, 
сүгіреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді». «Əдебиет танытқышта» 
белгілі  əдебиет  терминдерінің  қазақша  баламасы  көңілге  қонымды  əрі  сəтті  түрде  қолданысқа 
енгізілген.  Əр  категория  өзінің  логикалық  дамуы,  қалыптасқан  жүйесі  бар  түсінік  ретінде 
айқындалады.  Мысалы:  «Байымдаманың  зор  мүшесі  төртеу:  бастамасы,  ұсынбасы,  баяндамасы, 
қорытпасы».  Яғни,  əр  тұжырымның  ішкі  заңдылықтары  ашылып,  парадигма  ретінде  дəлелденеді. 
Қара  сөз  бен  дарынды  (көркем)  сөздің  айырмашылығын  Ахмет  Байтұрсынұлы  нақтылап  көрсетеді: 
«Қара сөз əдебиетте пікір, сүлде түрінде айтылады. Дарынды сөзде пікір сурет түрінде шығады яғни, 
сүлде үстіне өң, ажар, жан, мінез, қылық беріліп, тұрпайы тұлға, түс, бітім, тірі нəрсе болып шығады. 
Сондықтан да дарынды сөз – көркем сөз деп аталып, қара сөздер – жалаң сөздер деп айтылады»[3, 
264].  Ғалым  мұнымен  шектелмей,  осы  екі  түрлі  сөзді  қалай  тануды,  олардың  дұрыстығын  қалай 
36


айқындауға  болады  деген  сауалдарға  жауап  береді:  «Қара  сөздің  сынында  пікір  дұрыстығы,  істің 
растық жағы  тексерілсе, көркем  сөздің  сынында  пікір  дұрыстығының үстіне  пікірге  берілген сурет, 
сұлулық  жағы  да  тексеріледі.  Көркем  сөзді  əрі  сүлде,  əрі  сурет  –  екі  жағынан  да  тексеруге  тиіс 
болғандықтан, оның сынында мынандай сұраулар боларға керек».  
Ахмет  Байтұрсынұлы  ғылыми  түсініктің  негізін  жалғастырып,  нақтылай  түседі.  Демек,  қара  сөз 
«шығарманың  сүлде  жағының  сыны»  болса,  көркем  сөзге  басқа  міндеттер  жүктеледі:  «1.  Мазмұны 
дұрыс па? Мұрат қалып па? Кейіп қалып па? Бұл – шығарманың сүлде жағының сыны. 2. Көркем сөз 
табына шын қосарлық сөз бе? Қиял жасаған тұрпаттар, ойдан үйлестірілген оқиғалар пікір санасына 
тура келіп, дұрыс суреттеп, өңдендіріп көрсете ала ма? Тілі өрнекті ме? Əуезді ме? Лұғаты таза ма? 
Анық  па?  Қысқасы,  ойды  өрнектеп,  көрнектеп,  суреттеп  көрсеткендей  тілінде  шеберлік  бар  ма? 
Ақылдың аңдағанын, қиялдың меңзегенін, көңілдің түйгенін тілі дұрыс жеткізе алған ба?». Əдебиет 
теориясындағы  стиль,  əдеби  тіл,  талдау,  көркемдік,  сюжет  деген  категорияларды  Ахмет 
Байтұрсынұлы осылай түсіндіріп кетті. Көркемдік түсінігінің, көркем шығарманың белгілері қандай? 
деген  сауалға  Ахмет  Байтұрсынұлы  екі  түрлі  талап  қою  керек  екенін  айтады:  «Көркем  сөзде  екі 
тысқы,  екі  ішкі  сын  болады.  Тысқы  сындар:  1)  тілдің  лұғатының  сыны,яғни,  тілдің  дұрыстығы, 
анықтығы,  тазалығы,  дəлдігі,  көрнектілігі,  əуезділігі,  өрнектілігі  жағының  сыны».  Яғни,  шығарма 
тілінің стильдік ерекшеліктері, бүгінгі лингвистикалық талдауға сай тысқарғы жағын бөліп айтады. 
Ғалым  бұдан  ішкі  сындарды  бөліп  алады,  демек,  бұл  əдебиеттану,  əдебиет  теориясының  еншісі, 
теориялық талдаудың объектісін нақтылайды: «2) Суретінің сыны: кестесін келтіріп, ұнасымды түрде 
үйлестіріп,  суреттеуінің сыны.  Ішкі  сындар:  1)  алынған  мінез,  айтылған  қылық,  көрсетілген  қалып, 
жан жүйесінің жөнімен қарағанда, дұрыс, бүтін шығу, шықпауының сыны; 2) өмір жүзінде айтылған 
нəрсенің  болатындығының  себебін  дұрыс  көрсеткен-көрсетпегенінің,  адам  қауымындағы  қалып 
түзелу  жағына  əсер  етерлік  (пайда-зиян  келтірерлік)  қуаты  бар-жоғының  сыны.  Көркем  сөзді 
сынағанда, əдебиет түрінің осы төртеуі түгел жұмсалады». 
Ахмет  Байтұрсынұлы  теориялық  талдаудың,  əдебиеттің,  көркем  сөздің  басты  мақсатын 
жоғарыдағы тұжырымның соңғы сөйлемінде қорытынды ретінде түйіндеген. Бүгінгі əдебиеттанудағы 
аксиологиялық əдістің мəн-жайын ғалым осылай алға тартады. Демек, тек маңызды, ұлағатты көркем 
сөз  ғана  сынға  түсуі  абзал.  Жəне  оның  тысқы  жəне  ішкі  сынға  түсуіне  лайықты  көрнекті  түрі  мен 
ұлағатты мазмұны болуы шарт.  
Бүгінгі  əдебиет  теориясындағы  «мазмұнды  түр»  –  «содержательная  форма»  категориясының 
сырын  Ахмет  Байтұрсынұлы  осылай  нақтылаған.  Əдебиет  теориясының  басты  терминдерін, 
түсініктерін  А.Байтұрсынұлы  сонау  ХХ  ғасырдың  20-жылдары  қазақ  тілінде  анықтап  берген  екен. 
Негізгі  ғылыми  мақсат  «Əдебиет  танытқышта»  ұсынылған  жаңа  концепцияда.  Ол  біздің  бүгінгі 
сұранысымызды өтеуге керекті эстетикалық тұжырымдарға сай екені таңғалдыра түседі.  
Ахмет Байтұрсынұлының «Əдебиет танытқыштағы» басты теориялық тұжырымдары:  
1.  Əдебиеттің  өз  даму  заңдылықтарының  бары  жəне  олар  тікелей  саясат,  идеологиямен 
байланысты  емес  екені  меңзелген.  Яғни,«сөз  өнері»  деген  термин  «халықтың  ежелден  келе  жатқан 
əдебиеті»  деген  ұғымды  білдіреді.  Оны  «ауызша»,  «жазбаша»  деп  бөлудің  өзі  ойдан  шығарылғаны 
екені  айтылады.  Əдебиеттің  ресми  жазба  түрі  бар  деп  бөліп-жару  соцреализмнің  ойлап  шығарғаны 
болып  шықты:  бір  əдебиетті  жоғарылату  үшін  екіншісін  төмендету  керек  болды.  А.Байтұрсынұлы 
былай дейді: «Ауыз шығарманы «ауыз сөз» деп қана атап, жазба шығарманы «сыпайы əдебиет» деп 
танушылар бар. Бірақ қалай да асыл сөздің бəрі де тілдегі əдебиет есебіне жүріледі»[3, 264].  
2.  Əдебиетті  өз  категориялары  арқылы  түсіндіруге  шақырады,яғни,«пəн  сөздері»  басты  міндет 
атқаруын  ғалым  басты  шарт  деп  санайды.  Сонда  зерттеу  мағыналы  болып,  бұл  зерттеушіні 
жалпылама, мақтау мен көпсөзділіктен сақтандырады.  
3. Əдебиеттанушы көркемдік əлемнің құдіретін тікелей жазушының ішкі рухани бостандығымен 
байланыстырып, осы орайда Абайдың, Мағжанның шығармаларын мысал ретінде келтірудің бүгінгі 
мəні керемет емес пе?!  
4.  «Əдебиет  танытқыштағы»  біз  бүгін  ұмытқан  діндар  дəуір  жанрлары:  мінəжат,  намыс  толғау 
деген  түсініктердің  өзі  ой  салады.  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  «Тарих-и  Рашиди»  (XIV-XVI  ғ.) 
еңбегі:  «Хақ  жолындағылар  тарихы»  деп  аталса,  оның  соңы  «Алла  Тағалаға  мінəжəт  айтумен» 
аяқталады.  Совет  кезінде  өшірілген  бұл  мінəжəт  жанры  туралы  мəлімет  А.Байтұрсынұлының 
«Əдебиет танытқышында» ғана кездеседі. Бұл бізге бүгін қажетті əдеби сұрыптаудың үлгісі емес пе?!  
5. «Əдебиет танытқышта» əлем əдебиеті қамтылған: «Біздің қазақ Еуропа əдебиетінен үлгі алмай, 
əдебиетін өз бетімен жетілдіргенде, қазақ айтыс өлеңдері алаңға түсе-түсе барып, алаң алданышына 
айналып,  айтыс-тартыс  түрге  түсетіні  даусыз  еді.  Үлгіні  өзге  жұрттан  алғандықтан,  алаң  əдебиеті 
бізде төтеннен шығып қалды». Бүгінгі əдебиеттанудағы «синкретизм», «типология», «əдебиеттердің 
37


қарым-қатынасы»,  «сюжеттердің  ұқсастығы»  деген  ұғымдар  туралы  «Əдебиет  танытқышта» 
А.Байтұрсынұлы  былай  дейді:  «Жер  жүзіндегі  жұрттардың  түріндегі  шығармалары  бір-біріне 
көбінесе  ұқсас  келеді.  Ондай  ұқсас  себебі:  олар  шыққан  заманда  халықтың  бəрінің  бір  ананың 
қолында өскен балалар сияқты көрінгені, өнегесі, үлгісі бір болған» [3, 264].  
6.  А.Байтұрсынұлының  пайымдауынша,  асыл  сөздің  көркемдік  заңдылығы  біреу  ғана  жəне  ол 
барлық  тілдегі  əдебиеттерге  ортақ.  Демек,  «адамның  жан  қоштау  керегінен  шыққан»  əдебиет  – 
«асыл  сөз».  Сондықтан«Сөздің  асыл  болатын  сырын  білген  адам  сөзді  сынай  біледі».  Өйткені: 
«Жүйрік аттың белгілі сипаттары сияқты асыл сөзде де белгілі сипаттар болады. Сөз сол сипаттарын 
дұрыс көрсетумен асыл болып шығады». Əдеби стиль, навратив, автор мен интертекст, көркемдік 
шеберлік пəн сөздерін ғалым осылай таныта түскен.  
7. Ресей ғалымы М.М.Бахтиннің «роман теориясы» бойынша, дүниежүзілік əдебиетте роман – ең 
соңғы  жанр,  ол  –  сол  тілдегі  əдебиеттің  жазу  жүйесінің  қорытылған  нəтижесі  ретіндегі  жанр. 
Сондықтан роман əр ұлттық əдебиетте өзіне дейінгі болған басты, прозалық көркем сөйлеу түрлерін 
жаңғыртып отыру қабілетіне ие. Демек, роман жанры – осындай жан-жақты баяндау, жазу тəсілдерін, 
жазба  естелігін,  жадын  (память  жанра!)  меңгеріп,  өзінің  оларды  оята  білу  мүмкіндігіне  орай  басқа 
жанрлық түрлерге тікелей нарративтік деңгейде əсер ете алатын бірден бір жанр.  
М.М.Бахтиннің «романизация стиля» деген тұжырымымен біз 1970 жылдары танысып, таңғалып 
жүрсек,  А.Байтұрсынұлы  бұл  қағиданы  сонау  ХХ  ғасырдың  20-жылдары  түсіндіріп  кетіпті.  Ғалым 
қазақ  прозасының  өзіне  тəн  ерекшеліктеріне  байланысты  бұл  құбылысты  сол  кезде  былайша 
пайымдайды:  «Ұлы  əңгіме,  ұзақ  əңгіме,  ұсақ  əңгіме  болып  бөлінулері  үлкен-кішілігінен  ғана. 
Мазмұндау жүйесі бəрінде де бір, айтылу аудандарында айырма бар: ұлы əңгіме сөзі алыстан айдаған 
аттарша жайыла бастайды, ұзақəңгіме жақыннан айдаған аттарша жайыла бастайды, ұсақəңгіме мүше 
алып, оралып келе қоятын аттарша бастайды». Яғни, басты мəселе «айтылу аудандарында» ғана екен.  
Романның  көтеретін  жүгін  əңгімеге  де  артуға  болады  екен.  М.М.Бахтиннің  «романдық  стиль  – 
повесть, əңгіме мен басқа жанрларға да үстемдік етеді» деген əйгілі қағидасын А.Байтұрсынұлы 1926 
жылы Ресей ғалымынан 30 жыл бұрын айтып, дəлелдеп қойған екен.  
8.  Роман  стилінде  қорытылып,  жинақталатын  ұлттық  сөйлеу  жүйесінің  жанрлық  түрлері  туралы 
қағиданы  («речевые  жанры»)  А.Байтұрсынұлының  қазақ  сөз  өнерін  талдай  отырып  айтқан  келесі 
пікірінен  аңғарамыз:  «Ұлы  əңгімеге  жан  беретін  адамның  ісі  болғандықтан,  мінезіне  кейіп  беретін 
тəрбие  болғандықтан,  тұрмысқа  сарын  беретін  ұлы,  кіші  адамдардың  ірілі-уақты  істері 
болатындықтан,  ол  істер  біріне-бірі  ұласып,  бір-біріне  оралып,  байланысып,  шиеленісіп 
жатқандықтан,  осының  бəрін  суреттеп  шығару  оңай  емес.  Мұны  келістіріп,  дұрыс  пікірлеп,  дұрыс 
суреттеп,  уақиғаларды  жақсы  қиыстырып,  сыйыстырып  шығару  көп  жазушылардың  қолынан  келе 
бермейді.  
Ұлы əңгіме жазушы көркем сөздің əуезе, толғау, айтыс – барша түрін де жұмсайды. Ұлы əңгіме 
жазуға  үлкен  шеберлік  керек».  Демек,  роман  стилін  жүйелей  келе,  əдебиеттанушы  оны  «айтылу 
түріне қарай: əуезе, толғау, айтыс» деп жіктейді. Ғалым бұл атаулардың негізін де нақтылап берген: 
«Əуезелеуші айтатын сөзіне өзін қатыстырмай, өзінен тысқары ғаламда болған істі əңгіме қылады. 
Əуезе  –  тысқы  ғалам  турасындағы  сөз...  Толғау  –  ішкергі  ғаламның  күйі.  Толғау  –  іш  қазандай 
қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі. Ақындық 
жалғыз  өз  көңілін,  күйін  толғай  білуде  емес,  басқалардың  да  халін  танып,  күйіне  салып,  толғай 
алуда»  [3,  266].  Яғни,«Сөйлеу  жүйесінің  мақсаты  –  сөйлеу  жүйелерін  меңгеріп,  сөзден  нендей 
нəрселер жасап шығаруға болатындығын көрсету», – деп тұжырымдайды А.Байтұрсынұлы.  
9.  Көркем  туындыны  талдағанда,  оның  ішіндегі  осы  көркемдікті  тудыруға  тікелей  ат  салысатын 
қатысушыларды А.Байтұрсынұлы былай деп анықтапты: «Асыл сөздің сипаттарын білу тыңдаушыға 
да  қажет.  Абайдан  кейінгі  сөзге  талғаукіреді:  айтушы  да,  тыңдаушы  да  сөзді  талғайтын  болды. 
Олай болғаны – Абай асыл сөздің нұсқаларын айқындап көрсеткенінің үстіне аз да болса, асыл сөз 
сипаттарын айтып та, жұртты хабардар қылды. Абайдың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деген 
өлеңінде жақсы өлеңнің сипаттары да, қазақ  ақындары  мен  тыңдаушыларының  жоғарыда  айтылған 
асыл сөзді танымайтын надандықтары да айтылып, мағлұмат берілген».  
10.  А.Байтұрсынұлының  еңбектерінен  Əл-Фарабиден  келе  жатқан  ғылыми  сабырлылық  пен 
сыпайылық (корректность!), əдебиетті танытуға бейімделген жоғарғы этикалық деңгейді аңғарамыз. 
Талдаулар мен жүйелеу тəсілдері осы ғылыми мақсатқа қызмет атқаруға бағындырылған. Ғалымның 
тек  «пəн  сөзінде»  сөйлеуі  мен  əдебиет  теориясының  негізін  салып  кеткендігін  біз  бүгін 
мойындауымыз қажет.  
38


11.  А.Байтұрсынұлы  əдебиет  теориясының  терминдерін,  талдау  жүйелерін  қазақша  күмбірлете 
сөйлетіп, ғылыми тілдің деңгейін сол кезде көтеріп тастағанын біз бүгін мақтаныш ете аламыз. Қазақ 
тілі ғылым тілі емес дегендер «Əдебиет танытқышты» бір қарап шықсын.  
«Пəн сөздері» мен «сөз өнері» түсініктерін қалыптастырған əдебиеттанушы басты тұжырымдарды 
былай анықтаған: «Сөз өнері адамның жан қоштау керегінен шыққан». Сондықтан «Сөз өнері адам 
санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға; 2) қиялға; 3) көңілге. Ақыл ісі – аңдау,яғни, нəрселердің 
жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау; қиял ісі – меңзеу,яғни, ойдағы нəрселерді белгілі нəрселердің 
тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, суретпен ойлау; көңіл ісі – түю, талғау». Көркем тіл, авторлық 
ұстаным,  шығармашылық  фантазия  мен  нарративті  дискурс  пен  стиль  туралы:  «Тілдің  міндеті  – 
ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға 
жарау» [3, 268]. 
12.  М.О.Əуезов  А.Байтұрсынұлының  ұлттық  ғылымды  қалыптастыруда  ұлттық  мүддені  басты 
қағида  етіп  ұстанғаны  туралы да айтқан болатын.  А.Байтұрсынұлы ресми баяндамаларында ұлттық 
ұстанымды  да  анықтап  берген:«Первый  всесоюзный  тюркологический  съезд»  (Баку  26.ІІ-6.ІІІ.1926) 
атты стенограмма жиылыстағы пікірталастың өрбуін көрсетеді. Мұнда А.Байтұрсынұлы тіл білімінің 
заңдылықтарына  сай  қажетті  талдаулар  жасау  арқылы  дұрыс  жазудың  негізін  саралап  берген. 
Профессор  Щербаға  сілтеме  жасай  отырып,  түркі  тілдерінің  жазу  тəртіптерін  орыс  тілі 
фонетикасымен  салыстырып,  қарастырған.  Негізгі  тақырып  –  «Как  мы,  казахские  научные  и 
литературные  работники,  строим  терминологию  для  литературы  народа,  и  во-вторых,  какого 
принципа  мы  придерживаемся  в  выработке  терминологии».  Осы  ретте  ғалым  бүгінгі  дүниежүзілік 
əдебиеттануда «компаративистика» деп жүрген саланың да мəнін ашады: «Современная культура не 
есть  создание  какой-нибудь  нации  или  расы,  а  результат  совокупных  усилий  и  навыков  всего 
человечества. В культуре каждой нации, кроме собственного творения имеются заимствования, и на 
смешение их культуры влияют их отношения, которые различаются с точки зрения дружественного и 
неприязненного.  Заимствования  бывают  и  при  покорении  одной  нации  другой,  и  при  мирном 
общении  народов  друг  с  другом.  При  этим  сходные  формы  религии,  обычаев,  нравственности, 
общественной  организации,  сродность  наклонностей,  инстинктов,  психологии  и  т.д.  облегчают 
процесс заимствований и смешения культур» [3, 279]. 
Ұлтына,  еліне,  ғылымға,  əдебиетке  арымен  беріліп,  оған  адал  қызмет  еткен  А.Байтұрсынұлы 
еңбегінің Қазақ елі тарихында алатын орны айрықша зор екенін 26 жастағы замандасы – М.Əуезов 
былайша тұжырымдапты: «Ақаңның бұрынғы айтқан сөзін əлі қазақ баласы ұмытқан жоқ, өлеңіндегі 
белгілі  сарын  əлі  ескірген  жоқ.  Əлі  күнге  қазақ  даласының  күшті  сарыны  болып,  Арқаның  қоңыр 
желімен бірге есіп шалқып жатыр. Бұдан он-он бес жыл бұрын: «Алаштың үмбетінің бəрі мəлім, Кім 
қалды  таразыға  тартылмаған!»  –  деп  Ақаң  айтса,  біз  де  осы  күнде  соны  айтамыз.  Айналып 
келіп,«таразыға тартылған, сыннан өткен» деп Ақаңның ғана ардақты атын атаймыз…  
Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған əдебиеттегі елшілдік ұран, «Қырық 
мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-
білім,  саясат  жолындағы  қажымаған  қайраты  –  біз  ұмытсақ  та,  тарих  ұмытпайтын  істер  болатын». 
Бұдан артық айта алмаспыз. Бұл ұрпақ бірінің қадірін бірі біліп, бір-бірін сыйлап, бағалай білген. Бұл 
–  шынайы  имани  тектіліктің  үлгісі  екені  сөзсіз.  А.Байтұрсынұлының  жазықсыз  жазаға  ұшырап, 
айыпталуына  орай  қайта  құру  кезеңіне  дейінгі  уақытта  оның  еңбектерін  пайдалануға  тыйым 
салынып,  ғалымның  аты  да  аталмай,  ілуде  еске  алына  қалса,  тек  мансұқталумен  келді.  Қайта  құру 
мен  жариялылық  заманы  орнағаннан  кейін  жүзеге  асырылған  ақтау  шараларына  байланысты 
А.Байтұрсынұлының  ғылыми,  əдеби  мұрасы  қайтадан  халқының  игілігіне  айналды.  Тəуелсіздік 
кездегі  əдебиеттану  ғылымын  Алаш  арыстарынан  мирас  болған  осындай  ғылыми-теориялық 
зерттеулерсіз елестетумүмкін емес. 
«Жазған  сөз  жаным  ашып  Алашыма»  деген  өлеңнің  жалғыз  тармағына  сыйғызылған  азаматтық 
ұран  Отан  алдындағы  адалдықтың  жарқын  өнегесін  көрсеткен  Ұлт  Ұстазы  –  Ахмет 
Байтұрсынұлының  қажырлы  күрес  жəне  ғылыми-шығармашылық  жолының  Темірқазығы  болып 
табылатыны оның кез келген еңбегінен, тіпті сөйлемінен де аңғарылатыны айқын.  
 
Əдебиет: 
1. Қабдолов З. Ахаңның əдеби қисындары // Көзқарас. – Алматы: Рауан, 1996.  
2. Ахметов З. Бүкіл қазақ «Ахаң» деген // Ұлттың ұлы ұстазы. – Алматы, 2001. 
3. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Алаш, 2003. – 384 б. 
 
 
 
39


Бисенғали З. 
филол.ғ.д., Əл-Фараби атындағы  
ҚазҰУ профессоры 
 
А.Байтұрсынұлы жəне абайтану 
 
А.Байтұрсынұлы Абайтануды қазақ елі алдындағы тарихи-əдеби мəселелердің ірісі ретінде айтады 
да  оны  жастарға  оқытуды,  халыққа  танытуды  қазақ  алдындығы  маңызды  міндет  ретінде  атап 
көрсетеді.  Бұл  пікірдің  айтылғанына  (1913) ғасырдан  артық  уақыт  өтті.  Бірақ  оны іске  асыруға  сол 
жылдарда қиындық ұшан теңіз-болса, қазір де оңай көрінбейді. Мəселен, ХХ ғасыр басындағы кеңес 
үкіметінің  ресми  идеологиясы  ұлттық  тіл,  мəдениет,  əдебиет,  ұлттық  мектеп  туралы  пікірлерді 
тыңдағысы да келмеді, енжарлау қарады. Оның себептері бүгінде əркімге түсінікті. 
Ахмет Байтұрсынұлы соған да қарамастан, өзі бас болып оқу-ағарту ісінде Абай шығармаларынң 
өзегіндегі  ірі  ойлар  мен көркемдігіндегі  көз  тартар  көңілді  оятқан келісімді  қолдана  бастады.  «Оқу 
құралдарында»,  мерзімді  басылым  бетіндегі  мақалаларында,  қазақ  мектептері  мен  жоғары  оқу 
орындарында  арналған  оқу  құралдарында,  оқулықтарында  Абай  шығармаларын  қолға  ала  бастады. 
Осыдан  бастап  көрнекті  қаламгерлер  мен  қоғам  қайраткерлері  де  (С.Сейфуллин,  М.Əуезов, 
Ж.Аймауытов т.б.) бұл іске өз үлестерін қосуға кірісті.  
Бірақ  мəселе  басқада  болып  шықты.  Əлихан  Бөкейхан  мен  А.Байтұрсынұлының  Абай 
шығармаларын  оқудың  ұлттық  танымдағы  ерекшелігін  т.б.  былай  қойғанда,  оқырманның 
эстетикалық  əсерінің  бағытын  өзгертетінін  айтты.  Абай  шығармаларын  оқыту  да,  оқу  да  бүгінде 
ойдағыдай емес. Содан бері ғасырдан артық уақыт өтсе де өзгеріс замана талабына сай емес.  
Неге  өзгермейді?  Абай  шығармашылығы  мен  абайтануға  арналған  зерттеулер  мен  ғылыми 
мақалалар аз емес тəрізді ғой. Əлде абайтануда замана талабына сай жаңа зерттеулерге табан тірейтін 
өзгерістер  жоқ  па?  Олай  деп  айтуға  болмайды,  əрине.  Өзгеріс  жеткілікті.  Абай  поэтикасы  мен 
өмірбаянына  қатысты  жаңа  деректер  мен  зерттеулерді  былай  қойғанда,  ұлы  ақын  шығармаларына 
жаңа уақыт тынысы қосып отырған дара қабылдаулар туралы да қаншама қызықты зерттеулер бар?! 
Бірақ  «бүгінгі  оқырманның  бəрі,  əсіресе  жастар  оларды  оқиды,  ойланады,  тұшынады»  деп  айту  да 
оңай болмас. 
Қазір  қазақ  қоғамдық  санасы  кереғар  бағыттарға  бет  алған  топтарға  бөлінеді.  «Қазақ  тілін 
білмейтін,  білгісі  де  келмейтіндер  Абай  шығармаларын  оқиды,  эстетикалық  əсер  алады,  оның  ой 
идеяланының көркемдігі туралы ойланады» деп кім айта алады? Өйткені Абай шығармалары түгіл, 
ана тіліміз, «қазақ тілінің өзі торығуға тап болған тіршіліктен енді-енді шығамыз ба?» деп отырған 
жайымыз бар. Оның қалай іске асарын кім білген?! 
Əкімқаралар  мен  мансап,  ақша  қуған  отбасылар,  олардың  балалары,  əрине,  барлығы  емес,  бірақ 
көпшілігі, енді орысыңды да қоя салып, ағылшын тіліне бас қойып жүрмесе?! Бұл құбылыс бел алып 
кетпесе де, соған ыңғайлана бастағандаймыз. Тілімізге қорған болар үкімет пен оның ресми өкілдері 
көпшіліктің айтқанына құлақ асқаннан гөрі ағылшын тілін қазақ балаларының мойнына аса салуды 
жөн  көріп  отырған  сыңайлы.  Артының  не  боларын  кім  білген?  Кім  білген  дегенмен,  кезінде  бұл 
мəселелер  А.Байтұрсынұлы  бастаған  қазақ  зиялыларын  ұлттық  тіл,  рух  үшін  ымырасыз  күреске 
көтерген. 
Ресейдің  отар  елдердің  балаларын,  жастарын  орысша  оқытудағы  мақсаты  –  қоластындағы  елдің 
бəрін  бір  қалыпқа  түсіру  –  орыстандыру  болғаны  бүгінде  құпия  емес.  Ғасырлар  дауылдарынан, 
борандарынан қалт-құлт селдіреп жеткен халықтарды ондаған жылдар ішінде жоқ қылуды жоспарлау 
қарулы, күшті мемлекет үшін қылмыс болып есептелмейді. Дінді, тілді, жазуды т.б. өзгерту арқылы 
кез  келген  халықты  30-40  жылда  жоқ  қылуға  болады.  Бұл  –  Ресей  тəрізді  отаршыл  елдердің 
жазылмаған, бірақ ешқашан жоспарларынан кетпейтін басты кодексі. 
Осыны  аңғарып,  мұсылманша  оқытуды  қолға  алған  ұлтжандылардың  мақсаты  да  ойдағыдай 
болмады.  Өйткені  А.Байтұрсынұлы,  С.Көбеев  тəрізділер,  алдарына  биік  мақсат  қойғандар 
табылмады. «Қазақша оқымайынша қазақ білімге үйренбейді» дегенді А.Байтұрсынұлы қайта-қайта 
айтқан,  жазған  пікірді  басшылыққа  алғандар  өте  аз  болып  шықты.  Дəстүрлі  мұсылманша 
оқытушылар  Аллаға  сенуді  уағыздайтын  жүйеден  шықпады.  Дəлірек  айтсақ,  шығуға  қауқарсыз 
болды.  Осы  бағыттары  үшін  қазақ  балаларын  оқытудың  екі  түрі  –  екі  бағдарламасы  да  озық  ойлы 
зиялы қауым тарапынан сынға ұшырады. Орысша оқуға қарсы болғандарды патша үкіметі мен оның 
ресми  орындары  қудалап,  жазалай  бастады.  Айыппұл  салды,  көнбегендерін  бала  оқытудан 
алыстатты, қамады т.б. 
40


А.Байтұрсынұлы  ұстанымдары  –  қазақ  балаларының  қазақ  қамын  ойлап,  түсініп,  танып,  соған 
кірісулері  үшін  қазақша  оқуы  керек.  Білім,  кəсіпке  сол  арқылы  жетеді.  Олардың  ұлт  жұмысына 
араласқандары  жұмыла  кіріскендері  жөн.  Ұлт  мүддесі  –  үлкен  міндет.  Өз  билігіңді,  шаруаңды  өз 
қолыңа алу үшін ұлттық рух керек. А. Байтұрсынұлы əдеби шығармашылық жəне ұстаздық қоғамдық 
қызметін  соған  арнады.  Осы  мақсатын  орындауда  А.Байтұрсынұлына  ұлы  бағдарлама  тəрізді 
Темірқазық болған ілім – абайтану еді. 
«Абайтануды  биік  деңгейге  көтеруде  ХХ  ғасырдың  басындағы  əдебиетіміздің  аса  көрнекті 
өкілдері  –  Ш.Құдайбердіұлы,  Ə.Бөкейханұлы,  С.Сəдуақасұлы,  М.Дулатұлы,  Ж.Ақбайұлы, 
Қ.Кемеңгерұлы,  Ғ.Қарашұлы,  Х.Досмұхаметұлы, М.Тынышбайұлы  т.б.  үлкен  еңбек  сіңірді.  Ұлттық 
рухтың Темірқазығына айналған тұлға – Абай екені олардың арнайы мақалаларынан да байқалады. 
Бұл – классикалық мұраны мойындап, оны түсінуге, əрі қарай дамытуға ұмтылыс еді [1].  
А.Байтұрсынұлының  Абай  шығармаларымен  танысуы  1903  жылдан  басталады:  «1903  жылы 
қолыма  Абай  сөздері  жазылған  дəптер  түсті.  Оқып  қарасам,  басқа  ақындардың  сөзіндей  емес. 
Олардың сөзінен басқалығы сонша, əуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, 
мағынасы  көп,  терең.  Бұрын  естімеген  адамға  шапшаң  оқып  шықсаң,  азын  түсініп,  көбінің 
мағынасына жете алмай қаласың. Кей сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара 
оқыса да, түсіне алмайды. Не мағынада айтылғанын біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі. Сондықтан 
Абай  сөздері  жалпы  адамның  түсінуіне  ауыр  екені  рас.  Бірақ  ол  ауырлық  –  Абайдың  айта 
алмағанынан  болған  кемшілік  емес.  Оқушылардың  түсінерлік  дəрежеге  жете  алмағанынан  болатын 
кемшілік. Олай болғанда айып жазушыда емес, – оқушыда. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да 
сынайды» [2].  
«Қазақтың бас ақыны» (1913) атты мақалаға қойылған бұл атауды кезінде қазақ атаулының бəрі 
мойындады,  қолдады  деп  айтуға  болмайтын  шығар.  Бірақ  қаламгер  осы  мақаласында  абайтануға 
баратын  басты  жолды  дұрыс  айқындап,  сол  жылдарда  елге  белгісіздеу  жаңа  ілімнің,  бəлкім,  көңіл 
аудара қоймаған соқпақтарын ашып көрсетеді. 
А.Байтұрсынұлының  Əлихан  Бөкейханұлының  Абайдың  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы 
жарық  көрген  шығармалаларымен  [3]  жақсы  таныстығы  байқалады.  Мысалы,  Ə.Бөкейханұлы 
еңбегінде  аталатын  Спенсер,  Луис,  Дрепердің  есімдері  аталады,  əсер  еткен  орыс  қаламгерлерінен 
Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Достоевский, Белинский, Добролюбов, 
Писаревтер сөз болады. Сонымен қатар 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны 
Ибраһим  Құнанбай  ұғлының  өлеңі»  атты  шығармасымен  [3],  сондағы  Кəкітай  Ысқақұлының  Абай 
Құнанбайұлының өмірімен жақсы таныстығы байқалады.  
 А.Байтұрсынұлының  50  жылдығына  арналған  мақалаларды  ғалымның  «Қазақтың  бас  ақыны» 
атты  мақаласында  айтылатын  ойлардың  жалғасқанын  аңғаруға  болады.  Мəселен,  М.Дулатовтың 
«Абай (Ибрагим) Құнанбаев», С.Сейфуллин «Ибраһим Құнанбайұлы (Абай)» т.б. 
Мақала авторы: «Ақындық талант Абайда бала кезінен болған. Бірақ ол өлеңдеріне ақын онша мəн 
бермеген  тəрізді,  –  деп  жаза  отырып,  –  ол  өлеңдердің  мазмұны  –  замандастарына  арналған  əзіл-
сықақтар мен қыздарға арналған ғашықтық өлеңдері. Оларды да ересек тарта келе ел басшылырымен 
түрлі сипатты қарым-қатынастарға араласа бастағанда тоқтатқанға ұқсайды», – дейді.  
А.Байтұрсынұлының  Абай  өмірбаянына  байданысты  деректерінде  бүгінгі  біз  үйренген 
мəліметтерден  алшақтық  та  байқалады.  Бірақ  бұл  мəліметтер  Əлихан  Бөкейханов  1905  жылы 
келтіретін  деректермен  сəйкес:  «Абай  10  жасынан  13  жасқа  дейін  қырда  (демек,  елде.  –  З.Б.) 
мұсылманша  оқыған.  13  жасқа  шығарда  Семейде  Ахмед  Ризаның  медресесінде  оқыған.  4  жыл 
мұсылманша  оқып,  3  ай  орысша  оқып,  сонымен  оқуды  қойған.  15  жасында-ақ  балалық  қылмай, 
үлкендердің қатарына кіре бастаған. Қазақты меңгеріп, халыққа араны жүріп тұрған төрелермен əкесі 
– Құнанбай таласқанда Абай əкесіне серіктікке жарай бастаған» [1].  
Ə.Бөкейханұлында:  «Абай  10-12  жас  аралығында  қазақ  даласында  жүріп,  хат  таныды.  Ал  12 
жасында  Семейдегі  Ахмет  Риза  молданың  медресіне  түседі.  Абай  14  жасында  сонда  жүріп,  үш  ай 
орыс  мектебінен  дəріс  алады.  Осы  төрт  жылдық  медреседегі,  үш  ай  орыс  мектебіндегі  дəріспен 
Абайдың мектептік оқуы аяқталады [3, 131].  
Сонда  Абайдың  жоғарыдығы  əкесінің  қасында  жүріп,  ел  билеушілармен  тартыстарға  араласа 
бастауы шамамен 17 жас болса, үйлеседі. 
Енді М.Əуезов келтірген деректерге көз салайық: «Медреседе үшінші жыл оқып жүрген уақытта 
Абай  жалғыз  мұсылманша  оқумен  тоқтамай,  Семей  қаласындағы  «Приходский  школға»  түсіп. 
Орысша  да  оқи  бастаған.  Бірақ  мұндағы  оқуы  ұзақ  болмайды.  Бас  аяғы  үш-ақ  аймен  орысша  оқуы 
бітеді.  Үш  жылмен  мұсылманша  оқуы  доғарылады.  13  жасқа  толғанда  əкесі  Құнанбай  оқудан 
41


шығарып  алып.  Ел  билеу  жұмысында  өзіне  серік  қылмақ  болып,  жаңа  міндетке  арнап,  сол  жолға 
баули бастайды» [1, 52].  
Байқағанымыздай  айырма  –  3-4  жыл  шамасында.  Ескеруге  бола  ма?  –  Білмеймін.  Қазақ  жыл 
санауының  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Бірақ  мұнда  ойланатын  да  жайлар  бар.  Мəселен,  Семей 
медресесіне дейін Абай сауатын қайда жəне кімнен ашты? Бұл – біздің ойымызша, тым мəнсіз сұрақ 
болмауға тиіс. Ойлау керек! 
Абайдың  қоғамдық  қызметке  араласуы  əкесі  –  Құнанбайдың  ел  арасындағы  əңгіме,  дау-
жанжалдарын шешуге қатысқан кездерінен басталатынын барлық зерттеушілер атап көрсетеді. Жəне 
осы кезден бастап Абайдың өлеңге, суырыпсалма ақындыққа деген ықыласын азайтатынын айтады. 
Оның  бірер  себебін  де  атайды.  Біріншіден,  жоғарыда  айтқанымыздай,  үлкендердің  қатарына 
кіруімен түсіндірілсе, екіншіден, ол өмір сүрген ортада өлеңшілік өнердің қадірі болмағанға ұқсайды. 
«Белгілі  байлар  мен  дүмді  адамдардың  ел  арасында  айтыла бастаған ірі  істерін,  ағайын-тума,  үрім-
бұтағын мақтаумен мал табушылар, соны кəсіп қылушылар аз болмаған тəрізді. Абайдың бойындағы 
ақындық  талантына  мəн  бермеуі,  тіпті  кейбір  өлеңдері  үшін  ел  алдында  қысыла  бастауы  – 
ақындықтың қадірінін болмауы» деген ойларды айтады. 20 жасынан бастап ел ішінде «шешен» атала 
бастаған  Абайдың  өзге  би-шешендерден  бірнеше  артықшылығын  атайды.  Ең  алдымен,  Абайдың 
Ахмет  Риза  медресінде  оқыған  мұсылманша  сауаттылығы.  Ел  ішіндегі  түрлі  айтыс-таластарда  дін-
шариғат  қағидаларын  орынды  қолданып,  талайларға  бой  бермейтін  діни  қожа-молдаларды  оңай 
тоқтатады.  Екіншіден,  қазақ  арасына  кең  таралған  бұрынғы  билердің,  шешендердің  тартыстарын, 
сөздерін  есте  ұстайды,  үлгілі  сөздер,  мақал-мəтел,  аңыз  т.б.  есіне  сақтайды.  Орынды  жерінде 
шеберлікпен қолданады. «Заман бұрынғыдай болса, – деп жазады қаламгер, – Абай алаштың атақты 
билерінің  бірі  болуы  шүбəсіз.  Біліммен  би  болып  жұрт  билейтін  заман  өтіп,  таспен  би  болатынға 
қарсы  туған.  Білімі  көптер  жұрт  билемей,  малы  көптер  жұрт  билейтін  заманға  қарсы  туған.  Абай 
жұрт  алдына  білімін  салғанда,  басқалар  малын  салған,  жұрттың  беті  малға  ауып,  ел  билігі  Абай 
қолына еркін тимеген».  
Абайды болыстық пен биліктен шығармашылыққа ауыстыратын – Михаэлис пен Гросс деген орыс 
оқымыстылары.  «Орыстарға  жолықпаса,  бəлкім,  сол  күймен  кетер  ме  еді?!  Қандай  асылдар  тумас 
еді!?»  –  деп  жазады  А.Байтұрсынұлы  осы  кездесудің  тарихи  мəнін  аса  жоғары  бағалап.  Олармен 
арадағы əңгіме-кеңестерден кейін Абай өлеңге басқа көзбен қарай бастаған. 
Бірақ бұл əлі Абайдың шығармашылық жолының басы болатын. «Айтушы да, тыңдаушы да надан. 
Бірен-сарандер ғана кездеседі. Жұрт мағыналы терең сөзден гөрі бос қалжыңға құмар». Осыны Абай 
өлеңдерінде  де  айтады.  Өлең  өнерінің  адам  қоғамындағы  ерекше  орнын  көрсетіп,  ерекше  көркем 
жаңа өлеңдер жаза бастайды.  
А.Байтұрсынұлы көркем шығарма, өлең жазатын адамның ерекше үш қасиетін атап көретеді. Сөз 
жазатын адам əрі жазушы, əрі сыншы боларға керек. 
1. Сөздің шырайлы, ажаралы болуы – ой шеберлігінен. 
2. Ұнамды, орынды, дəмді болуына сыншылық керек. 
3. Мағыналы, маңызды болуына білім керек.  
Абайдың  бойында  осы  үшеуінің  де  болғанын  айта  келіп,  басқа  да  ерекше  қасиеттерін  атап 
көрсетеді. Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған. Абайда өлеңнің неше түрлі үлгісі, өрнегі 
бар. Ол өрнектерді ойдан шығармай, орыстан алса да, оның қазаққа жарайтынын көрсетуі – көсемдік. 
Абай өлең жақсы болуға керек шарттардың бəрін білген. Сондықтан өлеңдері толық. Жақсы. Абайға 
дұрыс  баға  берген  нəрсесі  –  жалғыз  өлең  емес.  «Абай  өлеңдерінің  асыл  болуы,  əр  нəрсенің  түбін, 
тереңін  табуына  байланысты»  деп  қарастырады.  Асылын  тануынан.  Арғы  тегінен,  асылынан, 
бастауынан. Мəселен, басқа ақындардың сөзге шеберлігі, шешендігі Абайдан кем болмаса да, білімі 
кем болғаны даусыз! 
Басқа  ақындар  білімінің  аздығын  сөз  ажарымен  толықтыруға  тырысады.  Абай  сөз  ажарына 
қарамай, əр сөзді дəл орнына қолданады. Мысалы: «Аттың сыны» атты өлеңде жағымсыз сөздер де 
кездеседі. Бірақ керегі – жылқы мүшелерінің атауы. Оны оқығанда қазаққа жақсы таныс арғымақ көз 
алдыңа келеді. Жақсы атқа бітетін мүшелердің бəрін жазған. Абай көп нəрсені жақсы білген. Білген 
нəрселерін жазғанда «мынау халыққа түсінуге ауыр болар, мынада сыпайышылыққа кемшілігі болар» 
деп  тайсақтамай,  ақиқатты  жазған.  Бұл  –  Абайдың  шындыққа  қатынасы  қандай  екенін  анық 
көрсетеді,  Еуропаның,  орыстың  түрлі  авторларын  оқыған  Абайдың  қазақ  өлеңіне  əкелген 
жаңалықтарын арнайы зерттеу керек. Əсіресе, орыс ақындары арасынан Лермонтовты ерекше қалап 
оқығаны аңғарылады. 
42


Сондықтан Абайдың терең пікірлі, бейнеге толы сырлы сөздерін қарапайым адамдар ауырсынады, 
ұға  алмай,  қиналады.  Көп  оқыған,  қайталап  оқыған  жандардың  ұқпайтынын  көргенім  бар.  Тіпті 
«осының мағынасы не?» деп сұрағандарын көргенім де бар, – деп ойланады А.Байтұрсынұлы. 
Абайтануда  ойланатын  мəселелер  толып  жатыр.  Біз  соның  А.Байтұрсынұлы  байқаған  кейбір 
негізгілерін ғана көрсеттік. Ұлы Абай позтикасын қабылдауда пайда болатын дискурстар қаншама?!  
Қазіргі  əдебиетте  түсініксіз  ауыр  ұғымдарды  пайдалану  жиі  кездеседі.  Мұны  постмодернистік 
стильге байланысты түсіндіреді, бірақ мұнда да толып жатқан ойлантатын жайлар бар. Оқыған, ілгері 
дамыған  адамдардың  тілдерінде  ондай  метафоралық  ұғымдар  жиі  ұшырасады.  Сол  пікірді 
А.Байтұрсынұлы айтқандай, «Абай ойларында еш кемшілік жоқ, мəселе оқырманда» деп ұғуға əбден 
болады.  Абай  өлеңінде  бейнеленген  озық  ойларды  дара  қабылдаудан  аңғарылатын  көркемдік 
танымның сырлы құпиялары толып жатыр. Мəселе оқырманда! 
Абайды қазақ баласы тегіс түсініп білуі керек!  
Бұл – ХХ ғасырдағы қазақтың ұлы перзенті – А.Байтұрсынұлының арманы ма əлде ұрпақтарына 
аманат-өсиеті ме?!  
 
Əдебиет:  
1.
  Абайтану. Таңдамалы еңбектер. - 1-том. - Алматы: Қазақ университеті, 2015.- 136-137-б. 
2.
  Байтұрсынұлы А. Қазақтың бас ақыны // Қазақ, 1913, № 40, 43 
3.
  Бөкейхан  Ə.  Абай  (Ибрагим)  Құнанбаев  (мұнақып-некролог)  //  Семипалатинский  листок.  -  1905, 25-27 
қараша. 
4.
  Қазақ  ақыны  Ибраһим  Құнанбай  ұғлының  өлеңі.  Бастырған:  Кəкітай,  Тұрағұл  Құнанбай  ұғландары.  - 
СПб., 1909.  
 
 
Жүнісбек Ə. 
филол. ғ.д., профессор,  
А. Байтұрсынұлы атындағыТіл білімі  
институтының бас ғылыми қызметкері  
 
Тағы да А. Байтұрсынұлы мен қазақ тілінің дыбыс құрамы жайлы 
 
Қазіргі кезде қайта көтеріліп, нақты шешімін күтіп отырған латын əліпбиін қабылдау мəселесіне 
қатысты қазақ тілінің төл дыбыс құрамы мен кірме таңбалардың (дыбыстардың) ара-жігін ажыратып 
алу  өзекті  мəселеге  айналып  отыр.«Тілдің  дыбыс  құрамы»  деген  сол  тілде  неше  жəне  қандай 
дыбыстар бар екенін айқындау. Бір қарағанда, бəрімізге түсінікті көрінген, кімнің болса да:«Осы да 
сұрақ  болып  па?»–  дейтініндей,  бұл  сұрақтың  жауабы  да  дайын.  Мектеп  бітірген  кезкелген  адам: 
«Қазақ  тілінде  пəлен  дыбыс  бар»,  –  деп  жауап  бере  алады.  Сол  жауаптың  дені  «қазақ  тілінде  42 
дыбыс  бар»  болып  шығатыны  сөзсіз.  Өйткені  қазақ  тілінің  қай  оқулығының  бетін  ашсаңыз  да, 
алдыңыздан  42  əріптің  таңбасы  түзілген  кесте  шыға  келеді  (Оның  үстіне  қазақтың  өзіне  тəн  деп  7 
таңбаны тағы бөліп қоятынын қайтерсіз?!). Сыныптан сыныпқа өткен сайын қайталап, жылдан жыл 
өткен сайын үстемелей берген соң оқу бітірген жанның «қазақ тілінде 42 дыбыс бар» демеске амалы 
да қалмайды. «Əріпті»«дыбыс» деп, дыбыс еместі «дыбыс»деп жүрген əріптестерімізбен күнде бірге 
жүрміз. 
Сонымен,  қазіргі  ересек  ұрпақтың  да,  жас  ұрпақтың  да  санасында  «қазақ  тілінде  42  дыбыс  бар, 
оның ішінде 7 дыбыс қазақ тілінің өзіне тəн» деген ұғым əбден орнығып бітті. Қарапайым көпшілікті 
былай  қойғанда,  «Əліппеден»  бастап,  жоғарғы  оқу  орындарына  арналған  оқулықтар  мен  оқу-
құралдарының авторларына дейін, тіптен тіл мамандарының өздері де осы бір ұстанымға нық сеніп 
қалған.  Тіптен  əліпбиіміздің  құрамындағы  тіл  бұзар  кірме  əріптерді  қазақ  тілінің  «жаңа  деңгейге 
көтерілген дамуы» деп те жүрген əріптестеріміз жоқ емес. 
А.Байтұрсынұлының негізгі еңбектері əлемдік тілтанымда (лингвистикада) фонетика ғылымының 
пайда болып, тыңнан қалыптаса бастаған тұсына тура келеді. Осыған қарап, «Ахаң сол кездегі əлеми 
фонетикалық  еңбектерден  толық  хабардар  болды-ау»  деген  болжам жасауға  болады.  «Болжам»  деп 
отырғанымыздың  себебі  бар.  Сол  кездегі  орыс  тілтанымында  фонетика  теориясына  қатты  көңіл 
бөлініп,  іргелі  еңбектер  жарық  көріп  жатты  (кезінде  Бакудегі  жиында  əліпби  жайлы  өзі  айтысқан 
Санкт-Петербургтегі  Щерба,  Қазандағы  Богородицкий  т.б.).  Іргедегі  орыс  тілтанымының 
жетістіктерін, олардың авторларын Ахаңның білмеуі мүмкін емес. Соған қарамай, Ахаң еңбектерінде 
фонетика  теориясы  жайлы  мəлімет  жоқ.  Ахаң  пайдаланған  теориялық  ұстаным  фонетикалық 
деңгейде  болғанымен,  оның  зерттеу  əдісі  ретінде  пайдаланылған-пайдаланылмағанын  нақты 
білмейміз. Өйткені ғалым өзінің еңбектерінде зерттеу амалына тоқталмай, зерттеудің нəтижесін ғана 
ұсынып  отырады.  Сөйтіп,  біздің  қолымыздағы  Ахаңнан  қалған  мəлімет  –  фонетикалық  теорияның 
(үндесім, сингармонизм) өзі емес, сол теорияның нəтижесі болып отыр.  
43


Бертін  келе  орыс  тілтаным  зерттеушілерінің  назарына  ілініп,  аса  жоғары  бағаланған  тұсы  да  А. 
Байтұрсынұлының  фонетикалық  шешімдері  болған.  Олар,  бір  жағынан:«…Применение 
тождественного способа сокращения числа букв в алфавите к одному из тюрко-татарских языков, – 
именно  казакскому  (быв.  киргизскому),  полностью  сохранившему  закон  так  называемого 
«сингармонизма», – способа, интуитивно изобретенного одним из местных культурнух работников-
казахов,  Байтурсыном…  дает  новое  поле  для  совершенно  безупречного  употребления  выведенной 
формулы»[1,144],  –  деп  теориялық  тұрғыдан  бағаласа,  екінші  жағынан:  «…Способ  выражения 
парности  гласных  через  согласные,  дополненный  введением  особого  знака  смягчения,  мы  видим  в 
казакской  «байтурсыновской»  орфографии…»[2,158],  –  деп  практикалық  тұрғыдан  бағалап 
жатты.Осының бəрінің негізінде Ахаңның «Қазақ сөзі екі түрлі: бір түрі жуан, екінші түрі жіңішке. 
Жуан сөздің ішіндегі дыбыстарының бəрі жуан болады, жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстарының бəрі 
де жіңішке болады»[3, 390] деген қағидасы жатыр. Бұл жердегі баса көңіл бөлетін жай – «жуан сөздің 
ішіндегі дыбыстарының бəрі жуан болады, жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстарының бəрі де жіңішке 
болады»  деген  сөзі.  Ең  бастысы  Ахаң  сөздің  құрамындағы  дауысты-дауыссыз  дыбыстардың 
фонетикалық  мəртебесін  тең  көріп  отыр.  Ғалымның  өзінің  көкірек  көзімен  тапқан  қазақ  сөзінің 
бірегей  айтылым  тұрқы  жайлы  ойлары  əрқашан  басым  жатады.  Біз  Ахаң  еңбектерінің  осындай 
сəттерін іздейміз.  
Қазіргі  қазақ  (түркі)  теориялық  фонетикасының  «дауысты  дыбыстардың  үндестігі»  немсе  «буын 
үндестігі»  деген  жаңсақтықтан  арылып  келіп  отырған  тоқтамы  да  –  осы  Ахаңның  қағидасының 
арқасы. Өкініштісі – түркі теориялық фонетикасы, оның ішінде əсіресе, практикалық фонетика (қазақ 
тілі  оқулықтары  мен  оқу-əдістеме  құралдары)  «гармония  гласных»  дегеннен  əлі  күнге  дейін  арыла 
алмай келеді.  
Фонетикада  тілдегі  дыбыстардың  басын  біріктіріп,  бүтін  бір  сөз  етіп  тұратын  тіл  заңдылығы 
болады.  Осыған  орай  Ахаңа  сөз  берейік,  ол  кісі  «Фонетиканың  қарастыратыны  тілде  қандай 
дыбыстар  бар,  олар  қалай  сөз  ішінде  байласады»[3,392]  дейді.  «Фонетиканың  дыбыстарды 
қарастыратынын»  көптің  бəрі  білгенімен,  дыбыстардың  «қалай  сөз  ішінде  байласатынын»  да 
қарастыратынын екінің бірі біле бермейді. Ендеше,«тілде неше жəне қандай дыбыстар бар?» деген өз 
алдына маңызды мəселе болса, олар «өзара қалай байласады?» деген мəселе одан да маңызды болып 
табылады.  
А.Байтұрсынұлы  өзінің  «фонетикалық»  пайымдауын  төмендегідей  сөздермен  баяндайды:  «Тіл 
болса, оның законы боларға керек… Қазақ тілінде бір сөзге жуан дыбыс пен жіңішке дыбыс араласып 
кірмейді.  Бұл  –  тіліміздің  законы  емес  пе?  …Менің  бұрынғы  жазған  сөзім  һəм  осы  жолғы  жазған 
сөздерім – фонетикаға тиісті сөздер. Фонетиканың қарастыратыны тілде қандай дыбыстар бар, олар 
қалай  сөз  ішінде  байласады.  Біздің  сөйлеп,  қарастырып  отырғанымыз  –  қазақ  фонетикасы».  Қазақ 
тілінің сондай «законы» ретінде үндесім (сингармонизм) заңдылығын алып отыр.  
А.  Байтұрсынұлы  қазақ  тіліндегі  19  дауыссыз  дыбыстың  «…һəр  қайсысы  бірде  жуан,  бірде 
жіңішке  айтылады»[3,324]  дегенді  қазақ  сөзінің  үндесім  заңдылығына  сүйеніп  айтып  отыр.  Содан 
«қазақ тілінде 43 түрлі дыбыс» бар деген қорытындыға келеді. Ендеше, қазақ фонетикасының бастау 
көзі Ахаң еңбектерінде жатыр екен. 
Қазақ  сөзінің  фонетикалық  бірлігі  үндесім  (үндестік)  екенін  дəлелдейтін  мысалдар  Ахаң 
еңбектерінде жеткілікті. Соның бірі жұрнақтарға қатысты талдауынан көрінеді. Ахаң жұрнақтардың 
барлық  айтылым  (үндесім)  вариантын  түгел  тізіп  жатпайды.  Мысалы,  «лық»  жұрнақ  осы  топқа 
кіретін  үндесім  түрлерінің  бəріне  ортақ  атау  болып  табылады.  Содан  əрі  қарай  үндесім  ереже 
беріледі:  «Жіңішке  сөздерде  «лық»  орнына  «лік»,  «дық»  орнына  «дік»,  «тық»  орнына  «тік»  болып 
жалғасады…»[3,184].  Мұның  өзі  –  фонетикалық  деңгейде  жасалған  шешім,  үндесім  түрлерінің 
арасынан  негізгі  үлгісін  тауып,  оны  ортақ  атау  ретінде  пайдаланған.  Қазіргі  кезде  фонетика 
ғылымының  алдында  үндесім  дыбыстардың  қайсысын  «негізгі  нұсқа,  қайсысын  қосалқы  нұсқа  деп 
қарау  керек?»  деген  мəселе  тұр.  Жалпы  фонетикада  тілде  ең  көп  кездесетін  түрін  «негізгі  нұсқа» 
ретінде  қабылдайды.  Əрине,  үндесім  құбылысына  келгенде  бұл  ұстаным  шартты  амал  болып 
табылады.  Өйткені  фонетикалық  тұрғыдан  үндесім  варианттарының  барлық  түрі  тең  мəртебелі. 
Сондықтан  оның  бірін  жоғары,  енді  бірін  төмен  қоюға  болмайды.  Бірақ  зерттеу  амалы  ретінде, 
сондай-ақ оқу-əдістеме тұрғысынан ең көп кездесетін түрін басты нұсқа ретінде қабылдауға болады. 
Ахаң үлгісі осыны көрсетеді. 
Қазіргі  кезде  «маңдайымызға жазып қойған»  42  əріптен  (дыбыс емес!)  арылғысы келмей  немесе 
арыла  алмай  жүргендердің«қазақ  тілінің  төл  сөздеріне  лайық  төл  дыбыстарының  басын  ашып 
алайық» дегентіл мамандарына таңар кінəсі мол. Дұрыс-ақ болсын! Сонда да болса, бір сəт Ахаңның 
Шаһзаман  мырзаға  жазған  еңбегіне  көз  жүгіртейік:  «Сіздің  жазған  сөзіңізден  байқаймын,  қазақтың 
тілінде  неше  һəм  нендей  дыбыстар  бар  екен  деп  һеш  уақытта  ойланып  қарамағансыз.  Өзгелердің 
қазақ  тіліндегі  дыбыстар  турасында  жазғанын  оқымағансыз.  Дыбыс  пен  хəріп  екеуін  бір  затқа 
санайсыз»[3,387-388].Қазіргі  біздің  оқулық  авторларымыз,  Ахаң  айтқандай,  басқаны  қойғанда,  əлі 
44


күнге  дейін  дыбыс  пен  əріптің  басын  ажырата  алмай  жүр.  «Қазақтың  өзіне  тəн  дыбыстары»  деп  7 
əріпті  (дыбысты  емес!)  бөліп  алып,  қалған  дыбыстардың  да  қазаққа  тəн  екені  санаға  ұяламай-ақ 
қойды.  Қазақ  тіліндегі  дыбыстардың  барлығы  өзіне  ғана  тəн  екенін,  өзге  тілдердегі  (мысалы,  орыс 
тіліндегі)  дыбыстардың  таңбасы  мен  қазақ  тіліндегі  дыбыстардың  таңбасы  бір-біріне  ұқсағаны 
болмаса,  айтылымында  ұқсастық  жоқ  екені  əзірге  ескерілмей  келеді.  Оның  салдары  оқу-əдістеме 
саласында  қатты  білініп  тұр.  Кезкелген  оқулық  пен  оқу-əдістеме  құралын  алсаңыз,  əріпті  «дыбыс» 
деп, буын еместі «буын» деп, тасымалдың ретін бұзып отырған бейберекетсіздікті кездестіресіз. Əлі 
күнге дейін толастамай келе жатқан дауысты мен дауыссыз дыбыстардың құрамы мен саны жайлы 
əрқилы пікірлер өз алдына. 
Біз Ахаңмен дəл бүгін сөйлесіп отырғандаймыз. Қараңызшы, «Көзіңіз шатынап, шеке тамырыңыз 
шығып,  аузыңыз  көпіріп,  таласқа  кетіп  барасыз.  Таластан  қазақ  баласы  пайда  тауып  жүрген  жоқ. 
Сабырмен отырып, ойласып іс істелік. Қазақ тіліндегі дыбыстарды көп я аз деп көрсетіп, борышыма 
берейін деп отырғаным жоқ қой. Мақсат – сіз болып, біз болып, ақылдасып отырып, дыбыс басына 
харіп белгілеп, жазуымызды бір жөнге салалық…»– деп, сол Шаһзаман мырзаға тоқтау айтып отыр. 
Біз де:«Қазақ тілінде 17 (19) дауыссыз, 9 дауысты, барлығы 26 (28) ғана дыбыс бар», – дегенде артық 
таңбаларды еншілеп кетейік деп отырған жоқпыз. Қазақ сөзінің үндесім əуезі бұзылмас үшін кірме 
əріптерден арылатын мезгіл жетті демекпіз. Мысалы, ми деп жазып, қазіргі ұрпақты мый деп айтқыза 
алмай, əлек болып жүрген жоқпыз ба!?  
Əлемде  ешбір  ғалым  мен  əдіскер  өз  ана  тіліндегі  əріп  санының  көптігін  айтып  мақтанбайды, 
керісінше,  оған  намыстанады.  Себебі  əріп  саны  көбейіп  кетсе  –  «сол  тілге  қатысты  жазу 
заңдылығында жаңсақтық кетті» деген сөз. Ахаңның əліпбиіне қатысты «Результаты вычисления по 
выведенной  нами  формуле  для  казакского  языка  являются  еще  более  замечательными.  Они  дают 
возможность установить едва ли не самый «малобуквенный» алфавит в мире»[1,146] дегенді кезінде 
білікті орыс лингвист мамандары айтқан.  
Əлі күнге дейін «қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар, неше дауыссыз дыбыс бар?» деп, оқулық 
сайын  бір  ұсыныс  жасай  берудің  енді  жөні  жоқ.  Мұның  бəрінің  басты  себебі  –  бертін  келе 
қалыптасып,  дəстүрге  айналып  кеткен  орыстақы  əліпби  жүйеміз  болып  отыр.  Ендеше,  əліпби  ретін 
бір  жөнге  салып  алу  керек  екендігі  көпшілікке  аян.  Баспа  беттеріндегі  əліпбиге  деген  жанашыр 
пікірлердің толастамай отырғаны – осының дəлелі. Қазақ тілінің төл дыбыстарының ақиқат құрамын 
түгендеп,  оның  жүйесін  анықтап  алу  теориялық  фонетика  үшін  де,  оқу-əдістеме  бағытында  да  аса 
маңызды болып табылады. 
Олай  болса,  сонау  кездегі  Ахаң  бастамасының  бүгінгі  жалғасы  –  артығын  алып  тастап,  жетпей 
жатқан  жерін  жалғап,  екіұшты  тұстарын  бір  ыңғайға  келтіріп  жазуды  жөнге  салып  алу  болып 
табылады.  Əсіресе  и,  у,  я,  ю,  щ  кірме  əріптеріне  байланысты  адасушылық  көп.  Бұл  əріптердің 
əрқайсысына  жеке-жеке  таңбалар  беріліп  жатыр.  Тіпті  қазақ  тілінде  еріндік,  үнді,  жуысыңқы  у[w] 
дауыссыз  дыбысы  бар  екенін  білмейді.  Соның  нəтижесінде  ол  орыс  тілінің  у  дауысты  дыбысының 
баламасы  ретінде  жүр.  Өзге  əріптердің  жағдайы  мен  дыбыс  құрамы  жайлы  түсінік  те  тура  осы 
сықылды.  
Қазіргі  қазақ  жазуындағы  u  мен  у  таңбалары  оқулықтар  мен  оқу  құралдарында  («Əліппеден» 
бастап) дыбыс ретінде сақталған. Ал осы екі жапсырма таңбадан құтылатын болсақ, орфографиямыз 
бен  орфоэпиямыздың  арасындағы  əрқайсысына  сегіз-сегізден  қатысты  16  қайшылықтан  арылады 
екенбіз. 
Сауат ашу, жазып жаттығу, тасымал үстінде қиындық келтіретін, тіпті ешбір емле-ережемен жөнге 
салуға келмейтін, жазылым мен айтылым арасындағы осы сықылды жаңсақтықтар баршылық.  
Енді не істеу керек? Жол біреу-ақ, ол – А.Байтұрсынұлы тағылымы. 
Ахаңнан бір-ақ нəрсені алуды білмей жүрміз, ол – Ахаң тəрізді алдымен қазақтың төл дыбыстары 
мен  қазақ  тіліне  кірме  дыбыстардың  басын  ажыратып  алу.  Ахаң  қалай  қараған:  «Дауысты  дыбыс 
қазақ  тілінде  бесеу…  Дауыссыз  дыбыс  қазақ  тілінде  он  жеті»,–  деп  өз  алдына  бір  түйіндеп  қояды. 
«Қазақ  тілінде  неше  дыбыс  бар,  олар  қайсысы?»  деп  бас  қатырудың  керегі  жоқ.  Бəрін  Ахаң  өзі 
дайындап  беріп  кеткен:  «Қазақ  тілінде  24  түрлі  дыбыс  бар.  Оның  бесеуі  –  дауысты,  он  жетісі  – 
дауыссыз, екеуі – жарты дауысты. Дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, е. Дауыссыз дыбыстар: б, п, т, ж, ш, 
д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н. Жарты дауысты дыбыстар: шолақ у, шолақ й». Бұл дыбыстардың ішінде 
«қ» һəм «ғ» ылғи жуан айтылады. «К», «г» һəм «е» ылғи жіңішке айтылады. Өзге 19 дыбыстардың 
һəр  қайсысы  бірде  жуан,  бірде  жіңішке  айтылады»  (3.  324  б.).  Оның  реті  төмендегідей  (тік  жақша 
ішінде дыбыстардың жіңішке сыңары көрсетілген): 
 
А [-Ə]П Б М 
Ы [-І]Т Д Н 
Е Қ[-К]Ғ[-Г]Ң 
Ұ [-Ү]С З Р 
45


О [-Ө]Ш Ж Л 
Й 
У(w) 
 
Ахаң  көрсетіп  кеткен  қазақ  тілінің  осы  дыбыс  құрамының  сыртынан  өзге  дыбыс  іздеп  əуре 
болудың қажеті жоқ. 
Сонымен, Ахаңнан алатын бірінші үлгі – қазақтың төл дыбыстарының басын бір ашып алу, сонан 
соң барып кірме əріп (дыбыс) жайын ойластыру. Бұл екеуін əсте өзара аралас қарауға болмайды. 
А.Байтұрсынұлы  қ-к,  ғ-г  дауыссыздарына  жеке-жеке  таңба  берген,  оның  басты  себебі  –  бұл 
дыбыстардың  айтылым-естілім  ерекшеліктерін  ескергендік  еді.  Ғалым  өзінің  ойын:«Бұл 
дыбыстардың ішінде «қ» һəм «ғ» ылғи жуан айтылады. «К», «г» һəм «е» ылғи жіңішке айтады», – деп 
түйіндеген.  Аталған  дауыссыздардың  айтылым  ерекшелігінің  тең  екеніндігін  ескергендігін 
аңғарамыз,  алайда  артикуляциялық  өзгешеліктерін  назарда  ұстап,  жеке-жеке  таңбалағанды  жөн 
көрген. 
Дегенмен  қандай  да  екі  дыбыстың  фонетикалық  мəртебесі  екі  түрлі  болсын,  бір  түрлі  болсын, 
мəселе əдістемелік тұрғыдан шешілуі керек. Егер əдістемелік тұрғыдан қажет болып тұрса, екі таңба 
беру керек, əдістемеге қиындық түспейтін болса,бір таңбамен де шектелуге болады. Шындығында қ 
мен  к,  ғ  мен  г  дауыссыздарының  арасындағы  айырмашылық  өзге  дауыссыздардың  жуан-жіңішке 
түрлерінің  арасындағы  айырмашылықтан  өзгеше.  Олардың  жасалу  орны  бір-бірінен  өте  алшақ 
жатыр, сонымен қатар естілім белгілері де бір-бірінен ерекше, құлаққа ұрып тұр. 
Осы  жерде  Ахаң  дəйекшені  ойлап  табады:  «Бұл  жіңішкелік  белгісі  –  дəйекше».  Сөз  алдында 
дəйекше  тұрса,  ол  сөздің  хəріфтері  жіңішке  айтылады…».  Ахаңның  «дауысты  дыбыстар 
демей,«əріптер  (харіптер)»  деп  отырғаны  тегін  емес,  сөйтіп,  жоғары  фонетикалық  деңгейде 
қорытынды  жасап  отыр.  Сонымен,«Жіңішкелік  үшін  жалғыз  ғана  белгі  алып  43  түрлі  дыбысты  24 
белгімен  дұрыстап  жазуға  болады»,–  дейді.  Ахаңның  «43  дыбыс»  деп  отырғанының  ғылыми  себебі 
бар.  Қазақ  тілінің  төл  17  дауыссызы  жуан/жіңішке  болып  айтылып  –  34  дыбыс,  5  дауыстысы 
жуан/жіңішке болып айтылып – 9 дыбыс болады, екеуін қосқанда 43 дыбыс шығады. 
Сонда  А.Байтұрсынұлының  көкірек  көзімен  аңғарып,  қалыптап  беріп  кеткен  дыбыс  пен  əліпби 
құрамы  шыға  келеді.  «Көкірек  көзімен»  деген  босқа  айтылып  отырылған  жоқ,  оны:«…интуитивно 
изобретенного одним из местных культурных работников-казахов, Байтурсыном»,– деп кезінде орыс 
ғалымдарының  өздері  мойындаған.  Қазақ  тілінің  төл  сөздерін  жазу  үшін  26  (28)  таңбадан  басқа 
ешқандай таңбаның қажеті жоқ. 
Жақында жол түсіп, Бакуге барып қайттым. Жол-жөнекей ойымнан кетпегені – «сол 1926 жылғы 
Ахаң  қатысқан  əліпби  жиыны  өткен  ғимаратты  көрсем»  деген  ой  болды.  Келе  сала  əріптестеріме 
сұрау салып, сол үйді іздестірдім. Ол үйдің қайда жəне қандай екені жайлы ешкім ешнəрсе білмейтін 
болып  шықты.  Бірақ  мен  күдер  үзбей,  сұрау  сала  бердім.  Содан  біреу  тұрып  айтты:  «Осында  Əділ 
Бабаев деген профессор бар, өзі – əзірбайжан тілінің маманы, бір білсе. сол кісі білуі керек, өйткені 
ол  кісі  сол  конференция жайлы  зерттеу  жүргізген»,–  деді.  Сонымен,  Əділ Бабаев  мырзаны  таптым. 
Көктен іздегенім жерден табылды, ол кісі сол əліпби конференциясы жайлы диссертация жазған екен. 
Көп  сөйлестік,  конфернция  жайлы  білетіні  мол  болып  шықты.  Қазақстаннан  Ахаң  бастап  бес  адам 
келгенін  айтты.  Конференцияға  қатысқан  бірнеше  жүз  адамның  өз  ажалынан  бес-алты  адам  ғана  о 
дүниелік болғанын, қалғандарының бəрі атылып-айдалып опат болғанын да сол кісіден естідім. 
Конференция өткен ғимарат – кезінде бір байдың кəмелетке толған баласына салып берген сыйы 
екен. Еңселі, зəулім, Еуропа үлгісінде салынған көрікті үй. Қазір Əзірбайжан Ғылым академиясының 
Президиумы орналасыпты.  
Үйдің  іші-сыртын  түгел  суретке  түсіріп  алып  келіп,  Алматыдағы  Ахаңның  мұражайына 
тапсырдым. 
Мүмкін  мамандығымның  жақындығынан  ба,  Ахаңның  мұрасынан  тəлім  алып  келеміз  ғой,  əлде 
өткен  қаралы  тарихымызбен  бетпе-бет  келіп  қалғандықтан  ба,  əйтеуір  ғимаратты  көргенде,  несін 
жасырайын,  көңілім  босап,  көзімнен  жас  бұрқ  ете  қалды.  «Ахаң  ұстаған  тұтқа  ғой!»  деп,  есіктің 
тұтқасын ұстадым, «Ахаң аттаған табалдырық қой!» деп, табалдырықтан аттадым, «Ахаң жүріп өткен 
дəліз  ғой!»  деп,  дəлізді  бойлай  жүрдім,  «Ахаң  көтерілген  басқыш  қой!»  деп,  жоғары  көтерілдім. 
Жиын  өткен  залға  кірдік,  еңсесі  биік,  ені  кең  байдың  тойханасы  болған.  Ғимаратты  аралып  көп 
жүрдім...  
 
Əдебиет: 
1.  Яковлев  Н.Ф.  Математическая  формула  построения  алфавита  //Реформатский  А.А.  Из  истории 
отечественной фонологии. – М., 1970. – С.123-148. 
2. Сухотин А.М., Юдахин К.К. О сокращении некоторых букв в ряде тюркских алфавитов // Реформатский 
А.А. Из истории отечественной фонологии. – М., 1970. – С. 157-162. 
3. Байтұрсынов Ахмет Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 446 б. 
46


Манкеева Ж. 
филол.ғ.д., профессор,  
А.Байтұрсынұлы атындағы  
Тіл білімі институты  
лексикология бөлімінің меңгерушісі  
 
А.Байтұрсынұлы терминдерінің лингвомəдени мəні 
 
Мемлекеттік  тіл  мəртебесіне  сəйкес  қазақ  тілінің  қоғамдық  қызметін  жан-жақты  жетілдіру  – 
бүгінгі  күннің  өзекті  мəселелерінің  бірі.  Осыған  байланысты  ұлттық  терминдік  жүйенің  қоғам 
өміріндегі  маңызы  бұл  саладағы  көптеген  міндеттерді  жаңаша  шешуді  көздейді.  Соның  бірі  – 
мемлекеттік  тілдің  жан-жақты  қоғамдық  қызметіне  жан  беретін  терминдер  табиғатын  тіл  мен  ұлт 
сабақтастығында  тану.  Осыған  орай  термин  табиғатын,  оның  қалыптасуын,  дамуын  жалпы  тілдік 
жүйе  мен  сол  тілде  сөйлеуші  ұлт  танымына  сəйкес  түсіндіру,  мемлекеттік  тілдің  жан-жақты 
қоғамдық  қызметіне  жан  беретін  ұлттық  терминологиялық  жүйе  қалыптастырудың  негізгі  тетігі 
ретінде  терминдену  үдерісіне  ерекше  мəн  беру,  ол  үдерісті  оған  ықпал  етуші  ұлттық  сананың 
жаңғыруымен сабақтас тану мəселелердің шешіміне тиімді əсер етпек. 
 
Қазіргі  тəуелсіздік  кезеңі  мен  жаһандану  дəуірінде  қазақ  тілінің  қолданыстық,  өміршеңдік  жəне 
ұлтты  бірегейлендіру  қызметін  күшейтудің  мəні  ерекше.  Соның  барысындағы  оның  негізгі  сипаты 
тілдің  рухани-əлеуметтік  жаңғыртуларға  сай  жаңа  деңгейге  көтеріліп,  қалыптасушы  ұлттық  таным 
мен  ой-өрістің  мəнін  мемлекеттік  мүддеге  ұластырып,  қоғамның  түрлі  саласында  кəсіби  тілдік 
тұлғаның қызмет ету дəрежесін көтеруі жəне бағдарлауымен тығыз байланысты.  
Қазақ  тілінің  қоғамдық-əлеуметтік  қызметінің  кеңеюі  мен  мемлекеттік  мүддеге  сай  ұлттық 
лексиканың  мүмкіндіктерін  толығынан  іске  қосудың  негізгі  тетігі  ретінде  айқындалған  терминдену 
үдерісі,  яғни,  төл  тілдік  балама  табу  үрдісі  қазақ  терминологиясын  қалыптастырудың  жаңаша 
көзқарасын  сипаттап,  ұлттық  терминология  қалыптастырудың  ғылыми  қағидасы  ретінде  ұлттық 
терминжасамның  бастау  көзінде  А.Байтұрсынұлы  белгілеген  «əрбір  тілдің  өз  байлығын  сарқа 
пайдалану» қағидасының қазіргі таңда да жаңа сапада жаңғырып іске асуы аса маңызды.  
Қоғам  дамуының  қазіргі  жағдайында  ұлттық  төл  мəдениет  –  рухани  қалыптасудың  негізгі  көзі 
екені анықталған жайт. Осыған орай рухани мəдениеттен таралуға тиіс ғылым тілін қазақыландыру 
бағытының негізгі бастау көзін А.Байтұрсынұлы мұраларынан табамыз.  
Қазіргі заманда кез келген өркениетті мемлекетте ұлттық терминологиялық жүйенің қалыптасуы – 
қоғам  мен  тіл  арасындағы  байланыстан,  ұлттық  мүдде  мен  мемлекеттік  мүдденің  тоғысуынан, 
мəдени-танымдық негіздерімен сабақтасуына мəн беруден туындайтын, ғаламдасуға бір бөлшек боп 
енетін  жаңаша  дамудың  заңды  үрдісі.  Нақты  айтқанда,  ол  ғылыми  түсініктерді  белгілейтін  тілдік 
құралдардың атауларын қалыптастыруда ұлттық ұғымды арқау етіп, қазақ терминдерінің төл тілдік 
баламаларын  жасаудың,  ғылым  тілін  қазақша  «сөйлету»  əрекетінің  барысындағы  үрдістің  жаңаша 
даму  деңгейін  көрсетеді.  Мысалы,  қазіргі  қазақ  тіл  біліміндегі  тіркесімділік  (валентность),  уəж 
(мотив),  уəжділік  (мотивированность),  тілдік  тұлға  (языковая  личность),  тілдік  жағдаят 
(языковая  ситуация),  үстірт  құрылым  (поверхностная  структура)  т.б.  терминдер  –  соның  нақты 
айғағы. 
Бірақ  көп  жағдайда  терминдердің  құрылымдық  табиғилығын  сақтап,  төл  тілдік  сөздің  нақты, 
жіктелген ішкі мазмұны тірек етілгенімен, сөздің негізгі, жалпы мазмұны, семантикалық құрылымы, 
ұғымдық көлемі терминдік дефиницияға толық сəйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан терминжасамдық 
үдеріс барысында аталымдар жарыспалылығы мен баламалық сипатын академик Р.Сыздық «термин 
жасау  мəселесінің  құрылымдық-тілдік  жəне  ұғымдық-семантикалық  екі  жағы  болатындығының 
ескерілмеуінен»  [1]  деп  санайды.  Яғни,  ғылыми  терминдер  заттың  аты  ғана  емес,  олар  ұлттық 
ұжымның  мəдени-танымдық  кеңістігінде  қалыптасқан  ұғымның  атын  білдіреді.  Сөйтіп,  ұлттық 
санадағы танымдық сабақтастықтың желісі үзілмейді. Мысалы, тұсаукесер, құрықтау, билік т.б. 
Осымен  байланысты  А.Байтұрсынұлының  шығармашылығындағы  терминжасам  ісінің  негізі  – 
адамның  жан  дүниесінің  мазмұны  вербалды  сипатта  жинақталған  білім,  ассоциация,  түрлі  əсерлер 
т.б.  қорынан  құралып,  тіл  тұтынушы  танымындағы  жалғастырушы,  тұтастырушы  арқау.  Мысалы, 
А.Байтұрсынұлы  мұрасындағы  терминдену  үдерісінің  жарқын  үлгісі  –  қазақ  тіліндегі  көсем  сөзі. 
Көсем сөзінің бұрыннан түсініктілігі – «алда жүруші», «бастаушы» деген мағынаның тілдік санадағы 
ассоциациясы екі сыңардан құралатын етістік тұлғасын атайтын лингвистикалық көсемше терминінің 
қалыптасуына негіз болады: бара жатыр, алып келді т.б.  
Қазіргі  тілдік  тəжірибеде  тіл  арқылы  жалғасатын  мəдени-танымдық  сипаттың  айшықты  көрінісі 
терминдік  қолданыс  барысында  жиі  кездеседі.  Көбінесе  төл  тілдік  сөздің  ішкі  мазмұнын  тірек  ету 
үшін  интернационалдық  терминдердің  сыртқы  құрылымы,  дефинициясы  қазақшаланады  да 
терминнің  семантикасына  балама  іздестіріледі.  Мысалы,  қазіргі  қолданыстағы  презентация 
47


терминінің  қазақ  тіліндегі  баламасы  –  тұсаукесер.  Бұл  –  ұлттық  терминология  қорын  тарихи  жəне 
лингвомəдени аспектідегі терминдену үдерісі арқылы іске асыру жолының нақты үлгісі.  
Сайып  келгенде,  терминнің  шартты  белгілерден  айырмасы  –  оның  ұлттық  танымға  жақындығы, 
уəжділігі  мен  түсініктілігі,  қызмет  ету  əлеуеті  т.б.  Соның  нəтижесінде  қалыптасатын  терминжасам 
жүйесінің  А.Байтұрсынұлы  белгілеген  қағидасының  негізін  қазіргі  ұлттық  терминжасам  ісінде 
жаңғыртып,  жаңа  мазмұнда,  бірақ  тілдің  табиғи  болмысына  сай  болуын  қадағалау  –  тəуелсіздік 
кезеңіндегі маңызды мəдени-əлеуметтік шара.  
Жалпы, ұлттық термин қалыптастырудағы ең негізгі талап – мəдени, қоғамдық, кəсіби-əлеуметтік 
мүдде  тұрғысынан  қойылар  талаптарға  сай  болу.  Олай  болса,  қоғамдағы  ғылыми  қатынас  құралы 
ретінде  жаңа,  күрделі  ойды  жеткізетін  терминдерде  де  сөздердегі  секілді  халықтың  ақыл-ойын, 
адамдық рухын, ғылыми көкжиегін, білім аясын жаңа сапада өсіру мұраты əрдайым ескерілуі тиіс. Ол 
үшін  термин  маманға  ғана  таныс  жасанды  таңбалардан  ғана  жасалмай,  терминжасамда  халықтың 
тарихи-мəдени кодтық жадын жаңғырту да ескерілгені жөн. Осымен байланысты оны тіл табиғатын 
анықтаудың  негізі  ретіндегі  тілді  тұтынушы  танымымен  тығыз  байланысты  прагматикалық, 
лингвомəдени танымдық тұрғысынан дəлелдеудің мəні ерекше.  
Осымен байланысты жұртшылықтың лингвоəлеуметтік //мəдени// елтанымдық білімін тереңдетіп, 
қоғамның  барлық  саласында  қазақ  тілінде  қолданыстық  өріс  табуы  тиіс  жаңа  ұғымдар  мен 
түсініктерді ұлттық мəдениеттің аймақтық, көне тілдік қолданыстарын жаңғырту арқылы балама табу 
терминология саласының да жаңа деңгейін көтеру ісінде ерекше қызмет атқарады. Нақты айтқанда, 
қазіргі адамтанымдық тіл білімінің басты ұстанымы – тілдің диалектикалық бірліктегі ең маңызды екі 
қызметін (танымдық жəне қарым-қатынас) терең ашып, тілді зерттеуді заман талаптарына сай жаңа 
сапалық деңгейге көтеру.  
Ұлттық терминжасам қағидаларының өзегін құрайтын халықтық рухтың жемісі ретіндегі ұлттық 
ерекшелік  екенін  ескеріп  жасаған  А.Байтұрсынұлы  терминдерінің  өміршеңдігі  мен  жасампаздығы, 
табиғилығы мен танымдылығы да осында. Мысалы: көсемше, құрмалас, бастауыш т.б. 
Қазіргі терминологияда, біріншіден, бұл тектес терминдер жаңадан жасалған емес, тілдік жүйедегі 
қолданысы  бар,  бірақ  ол  мағынасы  жаңа  ұғым  атауына  ассоциациялық  негіз  болған, 
яғни,терминделген сөздер ретінде анықталады. Екіншіден, қазіргі тəуелсіздік кезеңі мен жаһандану 
дəуірінде  қазақ  тілінің  қолданыстық,  өміршеңдік  жəне  ұлтты  бірегейлендіру  қызметін  күшейтудің 
ерекше  мəні  тілдің  рухани-əлеуметтік  жаңғыртуларға  сай  жаңа  деңгейге  көтеріліп,  қалыптасушы 
ұлттық  таным  мен  ой-өрістің  мəнін  мемлекеттік  мүддеге  ұласуына  байланысты.  Олай  болса,  бұл 
жағдаят қоғамның түрлі саласында кəсіби тілдік тұлғаның (терминологтың) қызмет ету дəрежесінің 
көтерілуіне ықпал етеді.  
Себебі  əлемдік  мəдениеттер  арасында  ұлттың  өзіндік  табиғаты  мен  мəденитанымдық  болмысы 
алдымен тіл арқылы, оның тілдік санасы арқылы танылады. Тіл ойлау мен мінез-құлық нормаларын 
орнатып, логикалық категориялар мен тұтас концепциялардың қалыптасуына басшылық ету негізінде 
адамның  жеке  жəне  қоғамдық  өмірінің  барлық  саласына  еніп,  оның  мəдениет  формаларын 
айқындайды.  Тілдің  жүйелі  құрылымына  негізделген  ішкі  бай  мүмкіндіктері  адамдардың  мінез-
құлқының психологиялық детерминанты, əлеуметтік-мəдени өзгерістердің инварианты ретінде оның 
ғаламдық  бейнесінде  қалыптасқан  ұлттық  ойлау  үрдістері  мен  сан  салалы  қоғамдық  қатынастарды 
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  
Терминжасамның «ұлттық тілдің мүмкіншілігін барынша сарқып, пайдалану» қағидасына сəйкес 
терминдік  қорды  дамытатын  мəдени  ұғымдардың  сөздіктердегі  тілдік  көріністері  (этногра- 
физмдердің, 
лингвокультуремалардың, 
лингвоелтанымдық 
бірліктердің, 
этномаркерленген 
ескіліктердің)  мəдени-терминдікұғым  ретінде  санада  қалыптасуы  мен  аталуы,  сөз  ретінде  ұлт 
жадында терең сақталуына терминология саласында «тіл мен ұлт», «тіл мен қоғам» сабақтастығында 
қарастырыла  бастады.  Нақты  айтқанда,терминдік  жүйенің  қалыптасуындағы  «тіл  мен  ұлт» 
сабақтастығын  арқау  еткен  зерттеулер  тіл  арқылы  этнос  болмысын  танудың  тереңіне  бойлауға 
мүмкіндік береді. 
Соған сəйкес сөз – заттың тура таңбасы емес, дүниенің тікелей бейнесі емес, адамның иə белгілі 
бір  ұлттық  ұжымның  дүниені  тануы  мен  күнделікті  тұрмыс  пен  еңбек  тəжірибесі  барысындағы 
архетиптік тілдік санасында, тілдік шығармашылық əрекет нəтижесінде туған бейнесі.  
Когнитология  теориясы  бойынша  атау  жасауда  қабылдау,  еске  түсіріп,  қайта  қолдану  адамның 
жалпы  жəне  əрбір сəттегі  ойлау,  сезіну  күйімен, ауқымымен байланыстылығын  негіздейді.  Осымен 
байланысты  когнитология  жеке  адамның  жəне  жалпы  ұлттық  ойлаудың  сипатын  көрсетеді.  Жеке 
адамның ойлау қабілеті, ой ісінің өнімділігі оның тілдік білігіне тəуелді болса, ұлттық ойлау ұлттық 
тіл  негізінде  жүзеге  асып,  соның  мүмкіндігімен  анықталады.  Мысалы,  А.Байтұрсынұлы 
қалыптастырған жүздеген термин белгілі. Ал солардың қалың көпшілікке етене жақын болып кетуі 
мен табиғилығының феноменін, біздіңше, осы танымдық негізде қалыптасқан тілі арқылы түсіндіруге 
болады. Олай болса, қазіргі қазақ тіл білімінде де қалыптасып, қанат жайып келе жатқан «тіл мен ұлт 
48


біртұтас»  деген  қисынға  сəйкес  тіл  табиғатын  зерттеуді  сол  тілде  сөйлеушінің  танымынан  тыс 
қарамайтын  үрдіс  теориялық-əдістемелік  негіз  ретінде  терминжасам  теориясында  да  қолдануды 
қажет етеді. Біріншіден, белгілі бір терминнің тіл жүйесінің қазіргі деңгейіне сай келуі/ келмеуі оның 
терминология жүйесінің қисындық тұтастығымен сабақтасуында[2]. 
Екіншіден,  лингвистиканың  зерттеу  парадигмасына  іргелес  ғылымдардың,  əсіресе  əлеуметтік 
лингвистика мен когнитивтік лингвистиканың əдіснамалық амалдарының енгізілуі қоғамдағы тілдік 
қатынастардың нəтижелерін зерттейтін тіл білімі теориясына да жаңаша екпін алып келді. Кез келген 
тілдік қатынас – этноəлеуметтік-психолингвистикалық феномен. Оның түрлі қыры бірнеше аспектіде 
зерттеуді  қажет  етеді:  əлеуметтік  лингвистикалық,  психолингвистикалық,  этноəлеуметтік, 
когнитивтік, лингвистикалық. Осыған орай тек тілдің табиғатын зерттеу міндеті ғана емес, сонымен 
бірге оның коммуникативті-прагматикалық қызметіне де назар аударылып, соның нəтижесінде тілдік 
қатынастың  қарқындылығы  оны  іске  асырушылардың  əлеуметтік  өзара  əрекеттестіктеріне 
байланысты  екені  айқындалады.  Сондықтан  да  мұндай  жұмыстардың  өзектілігі  белгілі  бір 
лексикалық,  терминологиялық  жүйенің  синхронды  жағдайын  зерттеу  арқылы  əрбір  тілдің  ұлттық 
дамуы мен өзіндік ерекшелігін айқын анықталуымен сипатталады. 
Қорыта айтқанда, қоғам жан-жақты жəне жаңа сапада дамыған сайын онымен сабақтас тілдің де 
сол дəрежеде дамуы – мемлекеттік тіл мəртебесіне сəйкес тілдің қоғамдағы толыққанды қызметінің 
кепілі.  Олай  болса,  ұлттың  этномəдени  болмысын  сақтаған  мемлекеттік  тілдің,  осы  бағыттағы 
терминдік  жүйесінің  даму  деңгейі  бұзылмауы  тиіс.  Бұл  –  қазақ  тіл  білімінің  негізін  салушы 
А.Байтұрсынұлы  мен  Қ.Жұбановтың  қазақ  тілінің  мəні  мен  қызметін  анықтаған  ғылыми 
тұжырымдарынан бастау алған зерделі ой. 
 
Əдебиет: 
1.
  Сыздық Р. Тілдік норма жəне оның қалыптануы. - Алматы, 2001. 
2.
  Манкеева  Ж.  А.Байтұрсынұлы  терминдерінің  танымдық  негіздері//Қазақ  филологиясы:  егіз  негіз.  - 
Алматы, 2010. 
 
 
Смағұлова Г. 
филол.ғ.д., Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры  
 
А.Байтұрсынұлы қазақтың шешендік сөздері жайында 
 
Өнердің бірнеше түрі болса, соның бірі – киелі де қасиетті сөз өнері. Шешендік өнер «бар өнердің 
биігі»  ретінде  саналған.  Римдіктер  сөз  зергерлерін  төрт  топқа  жүйелеген.  Олар:  шешендер, 
философтар,  ақындар,  тарихшылар.  Кезінде  Мысыр,  Вавилон,  Ассирия,  Қытай,  Үндістан  елдерінде 
шешендік  өнер  айрықша  дамыған.  Осынау  өнердің  үзілмес  тарихы  Көне  Грекиядан  басталады. 
Шешендер  тек  шешендік  өнерлерімен  ғана  танылып  қоймай,  əрі  би,  əрі  қолбасшы,  əрі  батыр,  əрі 
жырау, əрі философ бола білген.  
Зерттеушілердің  көпшілігі  шешендік  өнерді  фольклордан  бастау  алатын  тек  қана  қисынды  да 
мазмұнды  сөйлеу  машығы  мен  шеберлігі  ғана  емес,  бірнеше  өнердің  басын  біріктіретін  кешенді 
синкретті  құбылыс  деп  таниды.  Ертедегі  қазақ  өркениетінде  де  аузы  əдебиеті,  музыка,  салт-дəстүр, 
тіл  өзара  тұтасқан  синкретті  өнер  болғаны  белгілі.  Сөз  өнері  мен  өлең-жыр,  музыка  өнерінің 
синкреттілігін  дəлелдейтін  жайт  –  бұрыннан  аты  қазаққа  мəлім  болған  Төле  би,  Қазыбек  би, 
Жиренше, Бұқар жырау, Махамбет, кейінгі буын Абай, Естай, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Мəди, 
Жаяу Мұса, Балуан Шолақ сияқты тұлғалар өз уақытында əрі ақын, əрі əнші, əрі сазгер, əрі шешен 
болған. 
А.Янушкевич  «Қазақ даласындағы күнделігі мен хаттары» атты еңбегінде: «...Осының бəрін мен 
дүниежүзі  тағы жəне жабайы  санайтын, далада көшіп жүретін халықтың ортасында  өз  құлағыммен 
тыңдадым ғой! Бұдан бірнеше күн бұрын өзара жауласқан екі партияның арасындағы қақтығыстың 
куəсі  болған  едім.  Сонда  Демосфен  мен  Цицерон  туралы  ғұмыры  есітпеген  шешендерге  таңғалып, 
қол соққанмын. Ал бүгін оқи да, жаза да білмейтін ақындар менің алдымда өнерлерін жайып салды. 
Олардың жыры жаныма жайлы тиіп, жүрегімнің қылын қозғады, сонысымен өзімді тəнті етті. Сонда 
бұлар тағы, жабайылар болғаны ма? Бүкіл болашақтан мақұрым қалған, маңдайына түкке тұрғысыз 
бақташы  болудан  басқа  ештеңе  жазылмаған  халық  осы  болғаны  ма?  Жо-жоқ!  Имандай  сырым! 
Тəңірім  бойына  осыншама  қабілет  дарытқан  халық  цивилизацияға  жат  болып  қалуы  мүмкін  емес, 
оның рухы қазақ даласына аспандай көтеріліп, жарқырап сəуле шашатын болады» [1]. 
Ертедегі ділмəр шешендердің көсем де, шешен сөздері кім туралы, кімге, не мақсатпен айтылғаны 
əртүрлі  жағдайларда  жүзеге  асқан.  Би-шешендердің  құнды  ойлары  тегіннен-тегін  айтыла  салмаған, 
орынды жерде, белгілі бір мақсатта жүйелі қолданыс тапқан. Мəселен, келелі мəселелер үлкен жиын-
49


топтарды,  тіпті  отбасы,  ошақ  қасын  да  қамтыған.  Онда  тез  арада  шешімін  табуы  тиіс  мəселелер 
дидактикалық ақыл-өсиетке толы философиялық ой-түйіндер де молынан кездеседі.  
Қазақ халқы сөздің құдіретіне табынып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасаған. Ұшқыр да 
ұтымды,  мағыналы  сөздерді  негізгі  ойдың  арқауы  еткен.  Ел  ішіндегі  түрлі  дау-жанжал,  шешімін 
таппас  мəселелерді  де  қуатты  оймен  астасқан  сөз  арқылы,  көрегендіктерімен,  тапқырлықтарымен 
шешіп,  əділ  бағасын  беріп  отырған.  Бүгінге  дейін  жалғасын  тауып  отырған  асыл  қазына  шешендік 
сөздер тарихи оқиғаларды, халықтың тұрмыс-салты мен тіршілігін, оның ішінде жер дауы мен жесір 
дауын, құн дауын қазақтың ұлттық мəдениеті мен менталдық өмірін тайға таңба басқандай дəл, əрі 
шебер, əрі қисынды бейнелеуімен ерекшеленеді. Шешендік өнердегі негізгі тірек ұғым – «шешендік 
сөзге»  зерттеушілер  мазмұндық  идеясына,  қолдану  қызметіне,  прагматикалық  ерекшелігіне  қарай 
түрліше анықтама беріп жүр.  
Ұлттық  тілдің  болмысын  шынайы  тану  үшін  тілдің  ғана  заңдылықтары  тұрғысынан  саралау 
жеткіліксіз,  оның  түпкі  тамыры  сол  тілде  сөйлеуші  этностың,  ғасырлар  бойғы  дүниетанымымен, 
тарихымен,  тұрмыс-салтымен,  əдет-ғұрпымен,  этномəдениетімен,  менталдық  ерекшелігімен 
сабақтастыра зерттегенде ғана этностың шынайы болмысы ашылады. Бұл ретте алаш қайраткері, ұлт 
жанашыры  –  Ахмет  Байтұрсынұлының  шешендік  өнерге  қатысты  айтқан  ой-пікірлерінде  қазақ 
шешендік  сөздеріне  алғаш  рет  берілген  ғылыми  сараптаулар  бар.  Алдымен,  қара  сөзбен  жазылған 
шығармаға «Көсем сөзбен жазылған шығарма бір пікірді қуаттап, толықтырып баяндаса, баяндауын 
түрлі сипаттармен дəлелдесе, ондай шығарам б а й ы м д а м а деп аталады» деп анықтама береді. 
Осы «байымдама түрлерін» төмендегідей бөледі: 

  пəн «ғылым»;  

  сын;  

  шешен сөз; 

  көсем сөз. 
Шешен  сөз  қара  сөз  шығармалардың  бөлекей  бір  түрі  емес,  бұ  да  байымдама  болады.  Мұның 
байымдамадан бөлектенентін жері мынау ғана: 
  Байымдамада  жазушының  пікірі  –  негізгі  пікірін  баяндап,  түрлі  дəлелдермен  сипаттап,  анық 
түсіндіріп беру.  
  Шешен сөзде айтушының мақсаты – баяндап, сипаттап түсіндірумен қоймай, пікіріне нандыру, 
сендіру, ұйыту, бұйыту, иман келтіру болады [2,353]. 
Бұл  ретте  автордың  негізгі  ой-пікірін  тарата,  талдап  айтсақ,  қазіргі  ғылыми  терминге  жүгінеміз. 
Сөз  құдіретіне  сену  –  қазақ  ұлтына  тəн қасиет,  ерекшелік  болып табылады.  Мысалы,  «жақсы сөз – 
жарым  ырыс»,  «батаменен  ел  көгереді»  деген  аталы  түсініктер  сол  сөздердің  сиқырлы  құдіретіне 
сеніп,  «сөз  арқылы  пəлені,  қырсықты  кетіруге,  сөз  арқылы  жақсылықты  шақыруға  болады»  деген 
сенімнен туған.  
Тіл  білімінде  сөзбен  адамды  сендіру,  иландыру  тіпті  ұйытып  тастау  сияқты  тілдік  қасиеттер 
суггестиялық  лингвистикада  қарастырылады.  «Суггестизм»  латын  тілінен  аударғанда,  «сендіру» 
мағынасын береді.  
Тіл білімінде суггестияға байланысты мынадай анықтама берілген:  
1.  Поэзияда  жеке  тақырыптағы  ритмикалық  дыбыстардың  образды  бірлігі  арқылы  оқушының 
қиялына, эмоциясына, санасына əсер ету.  
2. Иландыру. сендіру [3, 47].  
Суггестивтік лингвистикада əсер ету мен ықпал ету ерекше тірек ұғым ретінде танылады.  
«Суггестия»  терминінің  негізі  сөздің  құдіреті,  сөзбен  сендіру  дін,  психология,  медицинада  да 
ерекше  орын  алады.  Мəселен,  медицинада  мынадай  қағида  қалыптасқан:  адамның  ауруына  шипа 
болатын үш нəрсе бар. Олар: шөп, сөз, пышақ.  
Адамның  ойына,  көңіл  күйіне,  сезіміне,  мінез-құлқына,  іс-əрекетіне  суггестиялық  амалдар  зор 
ықпалын  тигізеді.  Сөзбен  сендіру,  иландыру,  яғни,  суггестия  қазақ  халқында  түрлі  тұрмыстық 
жағдайларда: 

  көңіл айтып жұбатқанда,  

  бата бергенде, 

  бал ашқанда,  

  ауруды емдегенде,  

  бала тербеткенде тағы басқа жағдайларда көрініс тапқан. 
Сендіру – психологиялық құбылыс болып табылады. 
Шешендік сөздердің уытты, лепті, əсерлі, қанды қайнатып, жүрек тулатып, естен айырып, ерікті 
алып кететін күшті, көрнекті, сəнді, мəнді сөздер екенін айта келіп, А. Байтұрсынов шешен сөздің бес 
түрін атап көрсетеді:  
  шешендердің  жиынды  аузына  қаратып,  нандырып,  сендіріп,  мемлекет  ісіне  қарар  шығару 
мақсатымен сөйлегендері саясат шешен сөзі деп аталады;  
50


  шешендер сотта айыпкер адамдарды ақтау иə қаралау мақсатымен сөйлегенде сот билігіне əсер 
ету үшін айтқан сөздері билік шешен сөздері деп аталады;  
  біреудің  халық  алдында  еткен  еңбегін,  өткізген  қызметін  айтып,  қошеметтеп  сөйлеген 
шешеннің сөзі қошемет шешен сөзі деп аталады;  
  білімділердің, ғалымдардың мазмұнды сөйлеген сөздері білімдар шешен сөз деп аталады;  
  дін жайынан сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі уағыз деп аталады [2, 354].  
Шешендік өнер – тек тарихи құбылыс қана емес, қоғамдық құбылыс, өйткені əрбір қоғамның даму 
тенденциясына  сəйкес  шешендік  өнер  де  сол  тенденцияға  икемделіп,  қоғам  мұқтаждығын  атқару 
мақсатында өзгерімпаздық қасиетке ие болған. Осындай қоғам жүйесінің дамуына сəйкес шешендік 
сөздердің де өзіндік мазмұндық-тақырыптық, құрылымдық аясы кеңейіп толығып отырған.  
Шешендік  өнер  тарихында  шешендік  сөздердің  тақырыптық-мазмұндық  озық  үлгілі 
классификациясын  орыс  зерттеушісі  –  Г.З.Апресян  есімімен  байланыстырады.  Əйтсе  де  қазақ  тіл 
білімінің  атасы,  ғұлама  ғалым  –  А.Байтұрсынұлы  саясат  шешендік  сөз,  билік  шешендік  сөз, 
білімдар  шешендік  сөз,  қошемет  шешендік  сөз,  уағыз  шешендік  сөз  деп  орыс  ғалымы 
Г.З.Апресяннан жарты ғасыр бұрын алғаш рет тақырыптық-мазмұндық топтастыру ұсынып, олардың 
əрқайсысына жеке-жеке түсініктеме бергенін зерттеушілердің көпшілігі біле бермейді.  
Сондай-ақ  Ахаң  –  шешендік  сөздердің  бастама,  ұсынба,  мазмұндама,  қыздырма,  қорытпа 
тəрізді құрылымдық бөліктерден тұратындығын да алғаш айтқандардың бірі.  
А.Байтұрсынұлы  «Салт  сарынымен  айтылатын  сөздер  салт  сөзінің  табына  жатады;  мəселен: 
мысалар,  ділмар  сөз  (афоризм),  тақпақтар,  мақалдар,  мəтелдер.  «Бұрынғы  даналардан,  билерден, 
шешендерден қалған сөздер д і л м а р с ө з (еуропаша – афоризм) деп аталады» деген анықтамаға 
сəйкес ел аузында жүрген атақты би-шешендердің сөздерінен мысалдар келтіреді. 
«Өр Дулат – Ұлы жүздегі бір ханға барып отырып, Қоңырат Мырзан би ханға сөз бермей, жалғыз 
сөйлей беріпті. Мырзан баласыз кісі екен. Соны тоқтатпақ ниетпен Дулаттың бір шешені айтыпты: 
– Жалтақтап сөйлейсің жалғыз-ақ адамша, көтеріліп сөйлейсің көмегі жоқ адамша. Құйрығы жоқ, 
шолақ Мырзан, құлағы жоқ шұнақ Мырзан, жалғыз өзің сөйлейсі бе? – деп.  
Сонда Мырзан айтыпты:  
–  Сен  «жалғыз»  деп  сөксең,  Құдайға  тілің  тиеді.  «Жарлы»  деп  сөксең,  пайғамбарға  тілің  тиеді. 
Құйрығым  шолақ  болса,  тұлпар  шығармын,  құлағым  шұнақ  болса,  сұңқар  шығармын.  Құйрығы 
ұзынды біз итке меңзейміз; құлағы ұзынды біз есекке меңзейміз; ешкі егіз табады, ит сегіз табады, 
шошқа тоғыз табады. Сенің бабаң егіз еді, өзің тоғыз едің. Сенің тоғызыңды алса, Құдайдың шамасы 
жоқ па? Маған бала берейін десе, баласы жоқ па депті? – депті.  
Халық: «Мынағын тас атыңдар!» – депті.  
Дулаттың биі: «Айтқанын қылып, бітімін беріңдер!» – деп шыға жөнеліпті».  
Қазақ халқы шешендік өнерді, оны иеленуші адамды ерекше құрмет тұтқан. Шешендіктің арнайы 
мектебі  дегенді  білмеген  қазақ  даласында  «би»  мен  «шешен»  атанудың  жазылмаған  өзіндік 
қағидалары мен ережелері болған. Мəселен, «Би-шешен» дегендегі «би» сөзінің өзінің беретін мəні, 
атқаратын  қызметі  ерекше  болған.  Қазақ  би-шешендері  сөз  өнерін  барлық  өнерден  жоғары  қойып, 
«Өнер алды – қызыл тіл», «Шеберден мін, шешеннен тіл қалады», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек 
жоқ»,  «Тілмен  байланған  қолмен  шешілмес»  «Тіл  тас  жарады,  тас  жармаса,  бас  жарады»,  «Тілдің 
майын  тамызып,  сөздің  балын  ағызып»,  «Қас  шешендер  сөз  айтар»,  «Тілі  мірдің  оғындай»  т.б. 
көптеген  қанатты  сөздер  мен  мақал-мəтелдерді,  сөз  оралымдары  мен  тұрақты  теңеулерді  тілдік 
қолданысқа кеңінен енгізіп, келер ұрпаққа шешендік өнердің мол мұрасын қалдырды.  
А.Байтұрсынұлы «Тіл – құрал» еңбегінде мысал ретінде алған талдау жаттығуларының мазмұны 
Абай  өлеңдерінің  үзінділерімен  қатар  «Салт  сарынымен  айтылатын  сөздерден»  құралады  [4,  287]. 
Сол  арқылы,  біріншіден,  қазақ  тілінің  бай,  оралымды  сөз  өрнектерін  насихаттау  болса,  екіншіден, 
терең мағыналы, тəрбиелік мəні бар ойлы сөздермен тіл ұстарту жағын қаперге алған сыңайлы.  
Сондай-ақ Ахаң оқу құралдарын жазғанда жаттығулар мəтіні қазіргідей тасқа басылып дайын əрі 
көп болмағаны белгілі. Бүгінгі көзқарас бойынша, жалпыхалықтық ауызекі сөйлеудің көркем үлгісін 
осы  «Салт  сарынымен  айтылатын  сөздерден»  келтіруі  ұлт  тілінің  этноменталдық  ерекшеліктеріне 
айқын дəлел болатын тілдік деректер жинағы деуге болады.  
 
Əдебиет:  
1 Янушкевич А. Күнделіктер мен хаттар. – Алматы: Жалын, 1979 
2 Байтұрсынұлы А. Қазақ тіл білімінің мəселелері. – Алматы: Абзал-ай, 2013. - 637б. 
3  Смағұлова  Г.Н.,  Күркебаев  К.,  Жұмағұлова  Ə..  Шешендік  сөздердің  дискурсы.  –  Алматы:  Қазақ 
университеті, 2012. - 168 б. 
4. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. - 448 б. 
 
 
 
 
51


HüseyinKahramanMutlu 
Yrd. Doç. Dr., Afyon Kocatepe Üniversitesi 
Fen-Edebiyat Fakültesi Çağdaş Türk  
Lehçeleri ve Edebiyatları Bölümü Öğretim Üyesi 
 
Ahmet Baytursınov’un hayatı ve dil araştırmaları 
hakkında düşünceler 
 
Kazak halkı 20 yüzyılda üç rejim değişikliği ile bir dünya savaşı görmüştür. Bu halk, Kazak hanlığının 
kurulmuş olduğu 15. asırdan, 19. asır ortalarına kadar kendi bozkırlarında hür bir şekilde yaşadıktan sonra 
Çarlık ve Sovyet işgallerini başından geçirmiş ve 1991 yılının sonlarında tekrar bağımsızlığına kavuşmuştur. 
Kazakistan’ın bu bağımsızlık süreci elbette bir anda gerçekleşmemiştir. 1991 yılının 16 Aralık gününe giden 
yolda  o  zamana  kadar  yaklaşık  150  yıl  boyunca  verilen  maddi  ve  manevi  mücadelelerin  payı  büyük 
olmuştur. İşte bu mücadelelerden belki de en büyüğü merhum Ahmet Baytursınov ve arkadaşları tarafından 
verilmiş, sonuçları ise sonradan alınmıştır.
1
 
Bazı  insanların  dünyaya  sanki  belirli  meslekleri  icra  etmesi,  belirli  birtakım  mücadeleleri  vermesi  ve 
belirli  eserleri  yazması  için  gönderildiği  düşünülür.  Büyük  dil  alimi,  edebiyat  tarihçisi,  gazeteci  ve  fikir 
adamı  Ahmet  Baytursınov,  işte  bu  bazı  insanlar  arasında  gösterilebilecek  bir  şahsiyettir.  Ömrünü  halkının 
eğitimi ve bağımsızlığına adamış ve Kazak halkının «Ebedî Baş Öğretmeni» olmuştur.  
Ülkemizde  de  Ahmet  Baytursınov  hakkında  yazılmış  olan  makale,  kitap  ve  tez  türünden  eserler 
bulunmaktadır. Bu çalışmada öncelikle Baytursınov’un hayatı üzerinde durulmuş ve Kazak dili ve edebiyatı 
sahasında kaleme aldığı eserleri tanıtılmaya çalışılmıştır.  
Ahmet Baytursınov, 19. asrın sonu ile 20. asrın başında yaşamıştır. Hem Çarlık hem Sovyet dönemlerini 
görmüş,  her  iki  dönemde  de  Kazak  halkının  temel  meselelerini  açıkça  dile  getirmiştir.  Kazak  halkının 
kurtuluş veya bağımsızlığının silahla değil, eğitim ve aydınlanma yoluyla gerçekleşeceğine inanmıştır.  
Eğitim  hayatına  köyündeki  din  görevlisinden  okuma  ve  yazma  öğrenmekle  başlamış,  1882-1884 
yıllarında köy mektebinde, 1890-1894 yıllarında ise Torgay şehrindeki Kazak-Rus okulunda eğitim almıştır. 
1895 yılında Orenburg’da açılan öğretmen yetiştirme kursundan (Mugallimder Semineriyası) mezun olmuş 
ve  1909’a  kadar  Kazakistan’ın  Kostanay,  Aktöbe  ve  Karkaralı  şehirlerine  bağlı  okullarda  öğretmenlik 
yapmıştır. 1910 yılında Çarlık idaresi tarafından sürgün edildiği Orenburg şehrinden 1917 yılında ayrılmştır 
[1, 375; 2, 466].
2
 
Baytursınov’un hayatındaki dönüm noktalarından biri de 1909 yılında kendisinin başkanlığında toplanan 
Karkaralı Kurultayı (Karkaralı Peditsiyası)’dır. Kurultaya 14 bin 5 yüz kişi katılmış ve kurultay sonucunda 
Kazak  halkının  istikbalini  ve  istiklalini  ilgilendiren  15  maddelik  bir  bildiri  yayımlanmıştır.  Karkaralı 
Kurultayı  Kazak  tarihindeki  bağımsızlık  düşüncesinin  temellerinin  atıldığı,  usul  ve  yöntemlerinin 
belirlendiği bir başlangıç noktası durumundadır. Kazakistan’ın Kazakistan olarak kalması, halkın ekonomik 
durumunun  düzeltilmesi,  Rusya  ve  komşu  ülkelerle  olan  sınır  meseleleri  ile  eğitim  ve  öğretim  alanında 
yapılması  gereken  yenilikler  burada  görüşülmüştür.  Kısaca  Kazak  halkını  yakından  ilgilendiren  tüm  ana 
meseleler,  ilk  olarak  Karkaralı  Kurultayında  masaya  yatırılmış  ve  buna  yönelik  çözüm  önerileri  gündeme 
getirilmiştir
3
.  
                                                           
1
 Kazak bağımsızlık mücadelesi yolunda elbette Baytursınov ve arkadaşlarından sonra da girişimler devam etmiştir. Bu çabalar 
silahla değil, tarih ve edebiyat gibi halkın kültür hafızasını muhafaza eden sahalarda yazılan eserlerle gerçekleşmiştir. Bu anlamda 
Muhtar  Avezov  ve  İlyas  Esenberlin’i  burada  hatırlamak  gerekir.    Kısaca,  1917  Ekim  Devriminden  1991  yılı  Aralık  ayına  kadar 
Kazakistan sınırları içinde ve dışında Kazakça olarak  yazılan (hatta bestelenen) her eser Kazakların bağımsızlık  yolunda atılan bir 
adım olmuştur.  
2
  Bayturusınov  1910  yılından önce  öğretmenlik  yaptığı  yıllarda  sıradan  bir öğretmen  gibi  olmamış,  öğretmenliğin  yanı  sıra    o 
yıllarda  halkının  içerisinde  bulunduğu  zorlukları,  özellikle  Rus  Çarlığı  tarafından  uygulanan  haksızları  da  açıkça  dile  getirmiştir. 
Özellikle Kazakistan’ın verimli topraklarından Kazakların atılarak yerlerine Rus göçmenlerin yerleştirilmesi, Baytursınov’un en çok 
karşı çıktığı meselelerden biri olmuştur. Kazak halkına yapılan bazı zulümleri halk arasında dillendirmesi ve Çarlık yönetimine bu 
konularda mektuplar göndermesi, Torgay şehrinin valisi  Yakovlev ile onu karşı karşıya getirmiştir ve sorgulanmıştır. Bu sorgulama 
ve  yargılama  sonucunda  8  ay  Semey  şehrinde  hapis  yattıktan  sonra  Kazakistan  topraklarından  ayrılması  istenmiş  o  da  kendisine 
yaşamak  için  Orenburg  şehrini  seçmiştir.  Orenburg  şehrini  daha  önceden  de  tanımış  olması,  yine  Kazak  bağımsızlık  hareketinin 
öncülerinden ve Alaş Orda Partisinin kurucularından Alihan Bökeyhanov ve Mirjakıp Duwlatov gibi Kazak aydınlarının Orenburg 
veya  buraya    yakın  yerlerde  bulunması,  Baytursınov’un  bu  şehri  tercih  etmesindeki    sebeplerden  birisidir.  Baytursınov,  Alihan  ve 
Mirjakıp  ile  daha  önce  1904  yılında  tanışmış  ve  bu  üç  kişi  daha  sonradan  Kazak  bilim  ve  siyasi  hayatının  üç  ulu  çınarına 
dönüşmüştür. Orenburg bir anlamda Ahmet Baytursunov’un siyasi, fikrî ve ilmî kişiliğinin de kalıplaştığı yer olmuştur.  
3
  1909  yılındaki  bu  kurultayda  Rus  Çarlığından  Kazakistan  merkezli,  kendi  anayasası  olan  idari    bir  yapılanma  talebinde 
bulunulmuştur. Kazak tarihinde Ahmet Baytursınov önderliğinde gerçekleştirilen iki girişimin çok önemli bir yeri vardır. Bunlardan 
bir tanesi 1909 yılında düzenlenen Karkaralı Kurultayı, ikincisi 1913 yılında Orenburg’da Ahmet Baytursınov, Alihan Bökeyhanov 
ve Mirjakıp Duvlatov tarafından açılan Kazak gazetesidir.Her iki faaliyet de Orta Asya’daki Rus yayılmacılığının hız kazandığı bir 
dönemlere rastlamıştır.  
52


1913  yılında  Orenburg’da,  Ufa  /  Galiya  medresesinden  mezun  bazı  Kazak  gençleriyle  birlikte, 
yayımlandığı  tarihten  itibaren  Kazak  kültür  ve  siyasi  hayatına  yön  verecek  olan  «Kazak»  gazetesini 
çıkarmıştır.
4
 Bu gazete ancak 1918 yılına kadar yayın hayatına devam edebilmiştir. Baytursunov, 1911-1915 
yılları  arasında  Kazak  gazetesinden  başka  yine  başka  bir  millî  yayın  organı  olan  «Aykap»  dergisinde  de 
toplumsal içerikli yazılarını yayımlamıştır.  
Baytursunov  bu  gazete  ve  dergide  ,  «  Okuw  Jayı,  Bastawış  Mektep,  Ḳazaḳ  Jerin  Aluw  Turasındaġı 
Nizam,  Jawap  Ḫat,  Şaruwa  Jayınan,  Dosmayıl  Ḳajıġa  Aşık  Ḫat,  Bu  Zamannıñ  Soġısı,  Gubernatur 
Özgerilüwi,  Zemstvo,  Basḳosuw  Turġısında»  gibi  yazmış  olduğu  makaleleri,  o  günkü  Kazak  toplumunu 
uyandırmaya yönelik olarak kaleme aldığı makalelerdir [2, 467].  
Siyasi  olarak  Alihan  Bökeyhanov  ve  Mirjakıp  Duwlatovla  birlikte  kurdukları  Alaş  Orda  partisi,  Kazak 
halkının  tam  bağımsızlığını  gaye  edinmiş  bir  fikir  hareketidir.  Bu  hareketin  mensupları  1917  sonrasında 
kurulan Sovyet hükümetini tanımak ve kabul etmekle birlikte bu idareye her zaman şüphe ile bakmışlardır. 
Bu kabul, bir anlamda mecburi olarak alınan bir taktik kararıdır[2, 469].
5
Alaş Orda partisinin ideoloğu, tüm 
maddi ve manevi usul ile yöntemlerini belirleyen kişi Bayturusunov olmuştur.  
Ahmet  Baytursınov’un  Kazaklar  için  en  önemli  tarafı,  Kazak  halkı  için  eğitim  ve  öğretim  alanında 
yapmış  olduğu  çalışmalardır.  1917  Ekim  Devrimine  kadar  Kazak  halkının  eğitimi  ve  yükselmesi  için  çok 
çalışmış ve bu yolda yeni okullar açılmasından o okullarda okutulacak ders kitaplarına kadar birçok sahada 
eserler vermiştir.  
Baytursınov,  20.  asrın  başında  Kazak  bozkırında  yaşayan  halkın  okuma  ve  yazma  eğitimine  çok  önem 
vermiş, bu konu onun en büyük meselesi olmuştur. Bu nedenle yeni bir Kazak alfabesi hazırlamış, Kazak dili 
ve  edebiyatıyla  ilgili  okuma-yazma,  gramer  ve  edebiyat  tarihi  ile  edebiyat  teorisi  sahalarında  kitaplar 
yazmıştır.  Bu  çalışmaların  tamamı  Baytursınov’u  Kazak  halkının  maddi  ve  manevi  öğretmeni  haline 
getirmiştir.  
1921 - 1926 yıllarında Kazak Halk Araştırmaları Enstitüsünde, 1926 - 1928 yıllarında Taşkent’teki Kazak 
Pedagoji Enstitüsünde, yine 1928 yılında Kazak Devlet Üniversitesine bağlı olarak açılan bir yüksek okulda 
Kazak dili ve edebiyatı dersleri vermiştir. 1929 yılında ise halkı kışkırtmak suçundan tutuklanmış ve hapse 
atılmıştır [1, 375].  
1931  yılında  Kazak  Siyasi  Bürosunun  almış  olduğu  karara  göre  Baytursınov’a  verilen  idam  cezası  10 
yıllık sürgün hapsine çevrilmiş, bu arada tüm mal varlığına el konulmuş, ailesi de Rusya’nın Toms şehrine 
sürgün edilmiştir.
6
 Kendisi ise Rusya’nın en ücra yerlerinden biri olan Arhangelsk şehrine sürgün edilmiştir. 
Baytursınov  bir  ara  1934  yılında  eşi  Bedrisa  Hanımla  birlikte  Almatı’ya  gelse  de  1937  yılının  Ağustos 
ayında tekrar tutuklanmış
7
ve kurşuna dizilerek idam edilmiştir. Baytursınov’un mezarı Almatı ilinin Jañalık 
ilçesi  kabristanlığında  kendisi  gibi  bir şekilde  sürgüne  ve  kırgına  uğramış  olan binlerce Kazak’ın  arasında 
bulunmaktadır.  
Ahmet Baytursınov külliyatı ilk defa 2003 yılında 5 cilt, ikincisi de 2014 yılında 6 cilt olmak üzere iki 
kez  basılmıştır[3].
8
  Bu  her  iki  basılım  da  Baytursınov’un  tüm  eserlerini  içine  almaları  açısından  eksik 
kalmıştır. Özellikle Rus dilinde yazdığı makalelerinin Kazakça’ya tam olarak aktarılamaması gibi durumlar, 
bu süreci eksik bırakan sebepler arasındadır. Baytursınov hakkında bugüne kadar kaleme alınan makaleler 
arasında  en  kapsamlı  ve  isabetli  olanı,  bu  külliyat  içerisinde  da  yayımlanan  Abiş  Kekilbayev’in  yazısı 
olmuştur.  
                                                           
4
 Bu gazetenin ilk sayısında gazetenin çıkış amacı belirtilmiş ve Kazak halkının aydınlaması ve gelişmesi için gerekli olan 
adımlar tespit edilmiştir.  Kazak gazetesinde ilk olarak ele alınan konuların başında Kazak kültürü ve Kazak dili meseleleri 
gelmektedir.  Kazakçayı okumak, geliştirmek ve eğitimin Kazakça olarak yapılması buradaki en temel gaye olmuştur. (Koç K., İşina 
A., Korganbekov B. 2007:468).  
5
  Baytursınov  ve  arkadaşları  Ekim  devriminin  Sovyet  halklarına  özgürlük  getireceğini  düşünüyorlardı.  Alaş  Orda  partisinin 
Sovyet hükümetinden beklentisi, Çarlık dönemindeki yayılmacılık politikalarından vaz geçilmesiydi. Fakat gerek Lenin ve gerekse 
Stalin’in Kazak topraklarıyla ilgili olan politikalarının Çarlık idaresinden farklı olmadığı kısa süre içerisinde anlaşıldı. Çünkü yeni 
kurulan  Sovyet  idaresi  kısa  süre  içerisinde  Çarlığın  gitmiş  olduğu  yola  düşecekti.Çarlık  dönemindeki  baskı  ve  zulümler  Sovyet 
döneminde  de  devam  etti.  Hatta    bu  dönemde  o  kadar  ileri  gidildi  ki  Baytursınov’un  evlat  edindiği    iki  oğlu  (ağabeyi  Kakiş’in 
oğulları) Kazıkan ile Almat, bir atın kuyruğuna bağlanıp sürüklenerek öldürülmüşlerdir. Baytursınov  bu haberi hapiste iken «Ahmet 
bekem bol, kos kanatıñ ḳayırıldı” diye başlayan bir mektupla öğrenecek ve o anda hayatının en acı dakikalarını yaşayacaktı.  
6
  Ahmet  Baytursınov,  1897  yılında  Aleksandra  İvanovna  adında  bir  Rus  bayanla  evlenmiş  fakat  bu  evlilikten  çocukları 
olmamıştır.  Aleksandra  İvanovna,  evlendikten  sonra  Şuşa  medresesinde  okumuş  ve  «Bedrisa”  adını  almıştır.  Kazak  halkı  arasında 
«Ak  Gelin”  olarak  da  tanınmış  olan  Bedrisa  Hanım,  ömrü  boyunca  hep  Ahmet  Baytursınov’un  yanında  olmuştur.  Baytursınov’un 
1937  yılındaki  vefatından  10  yıl  sonra  kendisi  de  vefat  etmiştir.  Mezarı,  Kostanay  vilayetinin  Meñdiġara  ilçesi  mezarlığında 
bulunmaktadır.  
7
  Bayturusınov,  hapiste  olduğu  zamanlarda  Alimhan  Yermekov    ve  Muhtar  Avezov’a  mektuplar  yazmış  ve  onlara  dikkat 
çekmemeleri için derhal Alaş Orda partisinden ayrılmalarını bildirmiştir.   
8
 Ayrıca 1989 yılında Almatı’da Jazuwşı yayınevi tarafından basılan «Ahmet Baytursunov Şıgarmaları - Öleñder, Avdarmalar, 
Zerttevler”  adlı  eserle  ile  1991  yılında  yine  Almatı’da  Kazak  Bilimler  Akademisi  üyesi  Rımgali  Nurgaliyev’in  girişimleriyle  Jalın 
yayınevinde basılan «Ahmet Baytursınov – Aḳ Jol” adlı eserler bulunmaktadır.  
53


Baytursınov’un dille ilgili çalışmaları Orenburg’a sürgün edildiği 1910 yılı sonrasına rastlamaktadır. Bu 
çalışmaların başında yeni Kazak alfabesi gelmektedir. O döneme kadar tüm Türk halklarında alfabe olarak 
Arap  alfabesi  kullanılmaktadır.  Ahmet  Baytursınov  bu  alfabeyi  Kazakçanın  ses  (ünlü-ünsüz)  sistemiyle 
uygun hale getirmiştir. Arap harflerine dayalı olarak hazırlanan bu alfabe Kazakçanın seslerinden hareketle 
yeniden düzenlenmiştir. 
Baytursınov bu alfabeyi hazırlamadan önce Kazakçada anlam ayırt edici en küçük ses birimler olan ünlü 
(fonem) ve ünsüzlerin (allafon) tamamını tespit eder. Kazakçadaki seslerin incelik ve  kalınlık özelliklerini 
sadece ünlüler açısından değil, ünsüzler temelinde de ele alır. Buna göre Kazakçada 43 ses bulunmaktadır. 
Baytursınov’un yapmış olduğu bu tasnifler ve çalışmalar, o dönemde çok ilgi görmüş ve dünyada o zamana 
kadar  alfabesi  olmayan  başka  diller  için  de  bu  alfabenin  kullanımı tavsiye  edilmiştir.  Alfabe  1924  yılında 
«Ahmet  Baytursınov  Alfabesi»  olarak  adlandırılmış  ve  Kazaklardan  başka  Kırgızlar,  Karakalpaklar  ve 
Başkurtlar tarafından da kabul edilmiştir. 
Baytursınov, 1926 yılında Bakü’de düzenlenen Türkoloji Kurultayı’na Kazakistan temsilcisi olarak «Türk 
Lehçelerindeki Terminoloji» adlı bildirisi ile katılmıştır.  
Kazakçanın eğitimiyle ilgili olarak, Oḳuw Ḳuralı
9
 (1912), Til Kuralı
10
 (1914), Til Tanıtḳış
11
 (1925), Til 
Jumsar
12
 (1928), Älipbi (1924), Jaña Älipbi (1926) adlı eserleri kaleme almıştır. Bu kitaplar sadece mektep 
öğrencilerine değil, aynı zamanda yetişkinlere yönelik olarak hazırlanmıştır.  
«Ädebiyet Tanıtḳış» adlı eseri 1926 yılında Taşkent’te basılır. Baytursınov’un bu eseri, edebiyat teorisi ve 
tarihi  hakkındadır.  Kitapta  edebiyatla  ilgili  terimlerden  söz  sanatlarına,  Kazak  halk  edebiyatının 
temsilcilerinden nazım bilgisine kadar birçok konuda bilgiler verilmiştir [2, 472].  
Çeviri  veya  aktarma  alanında  1909  yılında  İ.  A.  Kirillov’dan  çevirdiği  «Kırık  Mısal»  adlı  şiir  kitabı, 
Kirillov’dan  yaptığı  fabl  türündeki  çeviriler  ve  bu  çeviriler  temelinde  kendisinin  yazmış  olduğu  şiirlerden 
meydana  gelir.  Kırık  Mısal  kadar  kapsamlı  ikinci  bir  şiir  kitabı  da  «Masa»  adını  taşır.  «Masa»  Rusçada 
«sivrisinek»  anlamında  kullanılan  bir  kelimedir.  Kitap  adı  olarak  bu  kelimeyi  seçmesinin  sebebi,  «masa» 
yani sivrisineği, halkı uyandırmada kullanılan bir sembol veya araç olarak düşünmesidir.  
Ahmet Baytursınov’un şiirleriyle ilgili olarak Nergis Biray tarafından 2011 yılında «Ahmet Baytursınulı 
Şiirleri Üzerinde Dil ve Üslûp İncelemesi» adında müstakil bir kitap yayımlanmıştır. Biray bu eserde Ahmet 
Baytursunov’un şiirlerinin genel teması hakkında,  
 «Birkaç ferdî konulu şiiri çıkaracak olursak Baytursınulı’nın şiirlerinde neredeyse tek konu ve tek tema 
işlenmiştir.  Baytursınulı’nın  şiirlerinde  seçtiği  konular  hemen hemen  bütün şiirlerde  temaya  aracılık  eder. 
Tema  ve  konu  arasındaki  ilişki  o  devirdeki  olaylar  ve  sosyal  şartlarla  da  bağlantılıdır»(Biray,  2011:43); 
«Ahmet  Baytursunulı  ben  merkezli  şiirler  yazmamıştır.  Onun  tek  amacı  vardır:  Uyuyan  Kazakları  hatta 
bütün Türkistan’ı uyandırmaktır» demektedir (Biray, 2011:47). 
Baytursınov’un yetişme dönemi Çarlık Rusyası’ndan Sovyet Rusyası’na geçiş dönemine rast gelmiş ve 
özellikle  Çarlık  Rusyası’nın  Kazak  bozkırındaki  zulme  dayalı  politikaları  ve  o  dönemde  Kazak  halkının 
içerisinde  bulunduğu  zorluklar,  aslında  onun  yetişmesindeki  en  büyük  amillerden  olmuştur.  1917  -  1920 
yıllarında kısmi bir rahatlama olduysa da 5 yıl sonraki gidişat, yine Çarlık Rusyası’nın son dönemine benzer 
bir  görünüm  kazanmış  ve  Kazak  aydınlarının  sudan  sebeplerle  sorgulanarak  tutuklandığı  dönemler 
başlamıştır. Bu konular elbette Baytursunov’un şiirlerine yansımış fakat onu daha derinden üzen ve sarsan 
olay,  kendisinden  gördüğü  bazı  vefasızların  hakkında  attıkları  iftiralardır.  Baytursınov  kendisi  hakkında 
atılan bu iftiralara; 
 
«Ḳıynamaydı abaḳtıġa japḳanı, 
 
Ḳiyın emes darġa asḳanı, atḳanı. 
 
Maġan awır osılardıñ bärinen, 
 
Öz awılımnıñ itteri ürip ḳapḳanı»dizeleriyle karşılık vermektedir. 
 
 
Ahmet Baytursunov’un şiirlerindeki tema ve muhtevayla ilgili olarak; 
- Doğrudan doğruya kendisini konu edindiği şiirler, 
- İnsani değerler ve zaaflar / kusurlar, 
                                                           
9
  Oḳuw  Ḳuralı,  Kazakça  okuma  ve  yazmayı  öğretmeye  yönelik  hazırlanan  bir  ders  kitabıdır.  Baytursınov,  Okuw  Kuralı  adlı 
kitabında, Arap alfabesini Kazakçanın ses sitemine göre yeniden düzenleyerek yeni bir alfabe ortaya koymuştur. Okumaya yönelik 
24  adet  hikayenin  de  bulunduğu  bu  kitap  «Balalıḳ  Küy”  adlı  bir  şiirle  son  bulmaktadır  (Koç  K.,  İşina  A.,  Korganbekov  B., 
2007:472).  
10
  Til  Kuralı  adındaki  gramer  kitabı,  ses,  şekil  ve  cümle  bilgisi  başlıkları  altında  üç  kitaptan  oluşmaktadır.  Bu  kitaplar, 
Kazakçanın gramer yapısının ayrıntılı bir şekilde incelenerek kaleme alındığı gramer kitaplarının da  başlangıcıdır. Baytursınov bu 
eserinde Kazak gramerinin bölümleri (ses, şekil, cümle) hakkında açıklamalarda bulunmuş ve bu sahalara ait bir çok terimi ortaya 
koymuştur. Bu sebeplerden de kendisi Kazak dil biliminin temellerini atan kişi olarak kabul edilir (Koç K., İşina A., Korganbekov 
B., 2007:473-474). 
11
 Bir okuma kitabıdır. Kazak gramerinin bazı konuları hakkında da bilgiler bulunmaktadır (Türk, 1999:5; Biray, 2011:38).  
12
  Konuşma  dili  ve  yazı  dilinin  kullanımları  hakkında  yazılan  bir  kitaptır.  Kızılorda  şehrinde  yazılmıştır  (Türk,  199:35,  Biray, 
2011:39).  
54


- Ümit ve Sitem, 
-  Hürriyet  ve  istiklal  ile  esaret,  mücadele  ve  memleket  temalarıdır  (Biray,  2011:  VII-VIII).  Ahmet 
Baytursunov’un  şairlik  gücünü  gösteren  şiirlerinden  bazıları,  «Jurtıma,  Dosımga  Hat,  Anamga  Hat,  Tilek 
Batam, Javga Tüsken Han Sözi, Jiygan Tergen, Jubatuv başlıklı şiirleridir[2, 471]. 
Son  olarak  Muhtar  Avezov,  Ahmet  Baytursınov’un  Kazak  kültür  ve  medeniyetiyle  ilgili  «Medeniyet 
Tarihi» adlı bir kitabının daha var olduğunu bir makalesinde belirtse de bu eser henüz bulunamamıştır [4, 
42].  
Baytursınov denildiğinde, akla ilk geliveren kelimeler, eğitim ve öğretim uzmanı, dil bilimci, yazar, şair 
ve  siyaset  adamıdır.  Eserlerinden  edinilen  intiba  onun  sağlam  karakteri  ve  olaylar  karşısında  vazgeçmek 
bilmeyen,  kararlı  dik  duruşudur.  Bu  vasıfları  Baytursınov  eserleri  ve  hayat  hikayesine  de  yansımıştır. 
Eserlerinde kendi dönemindeki bazı şairler gibi belirli bir sınıfı savunan ideolojiler yerine o mücadelesinin 
başından sonuna kadar Kazak halkını ve milletini savunmuştur. 
Ahmet Baytursınov, Kazak Türklerinin en büyük aydın ve devlet adamlarından birisidir. Özellikle eğitim 
ve  öğretim  alanındaki  çalışmaları  onu  Kazak  halkının  manevi  öğretmeni  haline  getirmiştir.  Halkının 
yükselişini eğitim ve öğretim alanında gördüğü için en büyük hedefi Kazak halkı içerisinde okuma ve yazma 
bilmeyen kişilerin kalmaması olmuştur. Buna yönelik olarak da daha sonradan kendi adıyla anılacak olan ve 
Kazakçanın ses (ünlü-ünsüz) sistemine en uygun gelebilecek fonetik bir alfabe hazırlamıştır.  
Dil  ve  edebiyat  alanlarında  yapmış  olduğu  çalışmalardan  bazıları  özellikle  alfabe,  gramer  ve  edebiyat 
teorisi üzerine olan çalışmaları kendi zamanının da ötesindedir. Söz gelimi «Ädebiyet Tanıtḳış» adlı eseri o 
zamana kadar görülmemiş bir eserdir. Yine dil alanında birçok gramer terimini ortaya atmış ve bu terimler 
halk  arasında  kabul  görmüştür.  Bazı  eserlerinin  ise  adından  bahsedildiği  halde  kendisi  günümüze  kadar 
bulunamamıştır.  
Baytursınovla  ilgili  önemli  bir  konu  da  artık  tüm  eserlerinin  bir  araya  getirilmesi  hususudur.  Eserleri 
şimdiye  kadar  ilki  5  cilt,  ikincisi  6  cilt  olarak  iki  defa  basılmış  olmasına  rağmen  aslında  bu  eserlerin 
tamamının bundan çok fazla olduğu düşünülmektedir.  
 
 
Kaynaklar: 
1.
  Aşa E., Bakbergenova R. Kazak türklerinin ilk lengüist ve metodist bilgini olan Ahmet Baytursunoğlu hakkında 
birkaç söz, Türk Dünyası Dil ve EdebiyatDergisi, TDK Yay., Sayı:2 Güz, s. 374-377, Ankara 1996. 
2.
  Baytursınulı AhmetKazakların baş şairi (Türkiye Türkçesine Aktaran: Mustafa   Öner)»,  Türk  Dünyası  Dil  ve 
Edebiyat Dergisi, TDK Yay., Sayı:2 Güz, s. 378-385, Ankara 1996. 
3.
  Koç  Kenan,  İşina  A.,  Korganbekov  B.  Kazak  Edebiyatı  (Sovyet  Dönemi  ve  Bağımsızlıktan  Sonraki  Kazak 
Edebiyatı), 2. Cilt, IQ Kültür ve Sanat Yayıncılık, s.  466 - 477, İstanbul 2007.  
4.
  Alibekiroğlu SertanKazak Alimi Ahmet Baytursunoğlu’nun Hayatı ve Eserleri(Yüksek Lisans Tezi, Danışmanı: 
Prof.  Dr.  Vahit  Türk),  Gaziantep  Üniversitesi  Sosyal  Bilimler  Enstitüsü  Türk  Dili  ve  Edebiyatı  Ana  Bilim  Dalı, 
Gaziantep 2005. 
 
 
Джусупов М. 
филол.ғ.д., Өзбекстан мемлекеттік əлем  
тілдері университетінің профессоры 
 
А. Байтұрсынұлы еңбектеріндегі фунционалдық стиль мəселесі 
 
Қазіргі  функционалды  стиль  концепциясының  құрамы  кітаби  жəне  бейкітаби  (сөйлесім) 
стильдерден  құралған.  Олардың  аталуында  бүгінге  дейін  біржақты  пікір  жоқ.  Мысалы,  бірқатар 
еңбектерде ғылыми стильді ғылыми-техникалық стиль деп атайды; ресми стильді кейбір еңбектерде 
ресми  ісқағаздар  стилі  деп  те  атайды  т.б.  Функционалды  стильдердің  құрамына  бүгінде  бес  түрлі 
стиль кіреді (төртеуі – кітаби, біреуі – бейкітаби (сөйлесімдік) [1; 2]. 
Ғалымдар  арасында  функционалды  стиль  жайында  екі  түрлі  көзқарас  қалыптасқан:  а) 
функционалды  стильдер  –  əдеби  тілдің  түрлері;  ə)  функционалды  стильдер  –  тілдесімдік  құбылыс, 
яғни, тілдесім стильдері (тілдік емес). Екінші көзқарас – доминанттық көзқарас, сондықтан бұл пікір 
басым көпшілік ізденістердің ғылыми негізі болып қабылданған. 
А.Байтұрсынұлының  еңбектерінде  функционалды  стиль  түрлері  аталмағанмен,  олар  мəтін 
деңгейінде  қалыптастырылған.  Ахаң  дүниеге  келтірген  функционалды  стиль  мəтіндері  төртеу  – 
ғылыми стиль мəтіндері, публицистикалық стиль мəтіндері, ресми стиль мəтіндері, көркем стиль 
мəтіндері  (көркем  стиль  Ахаң  шығармаларына  дейін  қалыптасқан).  Яғни,  біздің  ойымызша, 
А.Байтұрсынұлының  тілтанымдық  ғылыми  дүниесінде  функционалды  стильдер  ұғымы  терминмен 
таңбаланбағанымен,  имплицитті  сипатта  болған.  Ахаңның  шығармаларын  талдау  барысында 
төмендегідей тұжырымға келдік: А.Байтұрсынұлы «функционалды стиль» ұғымын имплицитті түрде 
55


тілдік  те,  тілдесімдік  те  деп  түсінген  (тек  əдеби  тілдің  түрі  емес),  яғни,  Ахаң  терминологиясы 
бойынша, функционалды стиль – «сөйлесу» түрі. 
Функционалды  стильдердің  ең  негізгі  ерекшеліктерінің  бірі  –  əр  стильге  тиісті  мəтіндерде  тіл 
бірліктерінің  сараланып  қолданылуында.  Сондықтан  функционалды  стильге  тəн  сөздер,  терминдер, 
терминдер  тіркестері,  сөйлем  түрлері  т.б.  болады.  А.Байтұрсынұлының  шығармашылық  мұрасында 
əр функционалды стиль талаптарына сай жазылған мəтіннің құрамындағы тіл бірліктері сол стильдің 
лингвистикалық  ерекшеліктерін  бұзбаған,  яғни,  стильдік  нормалар  сақталған  (ол  нормаларды 
Ахаңның  өзі  қалыптастырған).  Ахаңның  ғылыми  стиль  мəтіндерінде  қазіргі  қазақ  тілі 
стилистикасының  ғылыми  жанрларында  қолданбайтын  сөздер,  терминдер,  термин  тіркестері 
кездеседі.  Алайда  бұл  –  Ахаңның  ғылыми  мəтіндерінің  мəнін  төмендетпейді,  себебі  ол  –  заман 
талабынан туған тілдің тілдесімдік ерекшеліктері, эволюциялық өзгерістердің нəтижесі.  
Функционалды стиль мəтіндері əрдайым бір түрлі болмайды, оның құрамында мəтіннің бірнеше 
варианты  болады.  Сондықтан  функционалды  стильдер  ілімінде  «подстиль»  ұғымы  бар.  Қазіргі 
тілтаным  стилистикасының  ғылыми  стилі  дəстүрлі  түрде  үш  подстильге  бөлінеді:  нақ  ғылыми 
подстиль,  ғылыми-оқыту  подстиль,  ғылыми-көпшілік  подстиль.  А.Байтұрсынұлының  ғылыми 
мұрасының мəтіндері осы үш подстильге лайық деңгейде жазылған. Соңғы 10-15 жылда жалпы тіл 
білімінде  ғылыми  стиль  сегіз  подстильге  жіктеледі  [3].  А.Байтұрсынұлының  ғылыми  мəтіндерінен 
осы сегіз подстильдің жетеуіне сай келетіндері анықталды. 
Ғалым  еңбектерінің  арасынан  ғылыми-фантастикалық  подстильдің  талаптарына  жауап  беретін 
мəтіндерді  кездестіре  алмадық.  Ахаңның  кейбір  ғылыми  еңбектерін  бір  емес,  екі-үш  подстильдің 
құрамында  қарастыруға болады.  Мысалы,  Ахаңның  «Əдебиет  танытқыш»  атты  еңбегі,  ең  алдымен, 
ғылыми  стильдің  нақ  ғылыми  подстиліне  жатады.  Сонымен  қатар еңбектің  жекелеген  тармақтарын 
бірден  үш  подстильге  (ғылыми-ақпараттық,  ғылыми-ресми,  ғылыми-анықтама)  жатқызуға  болады. 
Яғни,  А.Байтұрсынұлының  ғылыми  концепциясында  имплицитті  түрде  функционалды  стильдің 
подстильдер ұғымы да болған. 
Жанрлар  –  подстильдерді  құрайтын  жəне  жалпы  функционалды  стильдерді  құрайтын  мəтін 
түрлері.  Əр  подстиль  жанрлар  жиынтығынан  құралады.  Əр  функционалды  стиль  подстильдерінің 
құрамындағы жанрлар қорынан құралады. Бір подстильдің құрылымында бірнеше жанрда жазылған 
мəтіндер  болады.  А.Байтұрсынұлының  ғылыми  стилінің  нақ  ғылыми  подстилінен  екі  түрлі  жанрда 
жазылған мəтіндерді кездестіре алмадық. Олар: диссертация, автореферат, себебі Ахаң диссертация 
қорғамаған.  Монография  жанрының  талаптарына  сай  жазылған  еңбегі  ретінде  «Əдебиет 
танытқышты»  атауға  болады.  А.Байтұрсынұлының  ғылыми  мұрасынан  тағы  бірнеше  жанрлар 
деңгейінде  жазылған  еңбектерді  кездестірмедік.  Олар:  конспект,  оқу  рефераты.  ғылыми  интервью, 
ғылыми есеп (отчет) т.б. Бұлардың бəрі (ғылыми интервьюден басқасы) – біздің ойымызша, Ахаңның 
шығармашылығынан  орын  алған,  себебі  ол  жоғары  оқу  орнында  дəріс  берген,  сондықтан  осы 
жанрларда  орындалған  мəтіндерді  мұрағаттардан  (əсіресе,  Орынбор,  Ташкент  мұрағаттарынан) 
тауып, талдау – келешектін жұмысы. 
Тіл бірліктерінің қолданылуы əр функционалды стильдің, оның əр подстилінің ерекшеліктерімен 
де байланысты [4]. Мысалы, ғылыми стильде лексикалық бірліктердің алты түрі қолданылады:  
1) жалпы қолданыстағы сөздер;  
2) терминжасамдық сөздер. Бұлар үш түрлі сипатта болады:  
а) ғылымаралық терминдер;  
ə) жалпы ғылыми терминдер;  
б) салалық ғылыми терминдер;  
3) бейкəсіби (салалық емес, жалпы) ғылыми сөздер. А.Байтұрсынұлының талданған мəтінінде осы 
алты түрлі лексикалық бірліктің бəрі де кездеседі. Сонымен, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде дүниеге 
келген  қазақ  тілі  ғылыми  стилі  мəтіндерінің  лексикалық  құрамы  қазіргі  жалпы  тіл  білімінің,  қазақ 
тілтанымының ғылыми стилінің лексикалық талаптарына сай.  
Ғылыми стильдің тағы бір ерекшелігі – терминдердің, терминдік тіркестердің жиі қолданылуында. 
Бұл  –  ғылыми  стильге  тəн  сипат.  А.Байтұрсынұлы  ғылыми  еңбектерінде  терминдердің  қолдану 
жиілігі  жоғары.  Бұл  –  қазақ  тілі  ғылыми  стилінің  қалыптаса  бастаған  кезінің  өзінде  оның  бір 
мағыналылық,  нақтылылық,  қысқалық  сияқты  негізгі  ерекшеліктерінің  нық  болғанын  көрсетеді. 
Мысалы,  Ахаңның  20  жолдан  тұратын  (жарты  бет)  мəтінінде  терминдердің  қолданылу  жиілігі 
төмендегідей: 
əдіс – 11 рет;  
емле – 9 рет;  
дыбыс негізді əдіс – 4 рет;  
56


тұтас тұлғалы əдіс – 3 рет;  
дыбыс жүйелі емле – 3 рет;  
тарих жүйелі емле – 2 рет қайталанған.  
Сонымен,  А.Байтұрсынұлының  ғылыми  мəтіндері  терминдердің  қолданылу  жиілігі  жағынан  да 
қазіргі ғылыми стильдің талаптарына, ерекшеліктеріне толық жауап береді. 
Сөйлемнің  мағынасы  екі  ұғымнан  құралады:  тақырып  (тема),  жаңа  хабар  (рема). 
А.Байтұрсынұлының  ғылыми  шығармаларынан  бірнеше  сөйлемді  осы  екі  ұғым  негізінде  талдадық: 
барлық  сөйлемде  міндетті  түрде  тақырып  (тема)  жəне  жаңа  хабар  (рема)  бар.  Яғни,  Ахаңның 
сөйлемдері  тема  жəне  рема  концепциясы  талаптарына  толық  сəйкес  келеді  (90  жыл  бұрын  пайда 
болса  да,  олар  бүгінгі  ғылыми  стильдің  негізгі  ішкі  жəне  сыртқы  ерекшеліктерінің  талаптарына 
жауап беретін деңгейде жасалған). 
Жазба  ғылыми  мəтін  құрамында  ғылыми  білімнің  қалыптасу  кезеңдері  болады  (проблемалық 
ситуация  (мəселенің  қажеттілігі),  пікір,  болжам  (гипотеза),  дəлел,  қорытынды).  Жұмысымызда 
А.Байтұрсынұлының  ғылыми  мəтінін  осы  концепция  негізінде  де  талдадық.  Талдау  барысында 
Ахаңның жазба ғылыми мəтінінде ғылыми білімнің қалыптасу кезеңдері осы концепция ұғымдарына, 
талаптарына дəл келетіндігі анықталды.  
Сонымен,  А.Байтұрсынұлының  ғылыми  мəтіндерінің  стилі  мен  қазіргі  тілтанымдағы  ғылыми 
стильдің  сабақтастығы  əрі  терең,  əрі  кең,  əрі  жан-жақты.  Қазақ  тілі  ғылыми  стилі 
А.Байтұрсынұлының шығармашылығында ірі эволюциялық процестен соң ғана нық қалыптасты да, 
қазіргі қазақ тілі ғылыми стилінің динамикалық негізі болды. 
А.Байтұрсынұлының  ғылыми  еңбектерінің  қазақ  тілі  ғылыми  стилі  динамикасының  негізі 
екендігін  дəлелдеу  үшін  Ахаңның  екі  оқулығының  мəтіндерін  стилистикалық  көзқарас  негізінде 
талдадық. Ол оқулықтар:  
1) «Тіл – құрал» 1914 ж. Орынбор қаласында басылып шыққан;  
2) «Тіл – құрал» 1925 ж. Қызылорда қаласында басылып шыққан.  
Оқулықтардың  баспадан  шығу  аралығы  –  11  жыл.  Оқулықтар  бір  ғылыми-əдістемелік  мəселеге 
(қазақ  тіліне  оқытуға)  арналған.  1914  жылғы  оқулық  –  бірінші  басылым.  1925  жылғы  оқулық  – 
бесінші басылым.  
Зерттеу екі бағытта жүргізілді:  
1. оқулықтардың қазақ ғылыми стилінің дамуына тигізген əсерін анықтау;  
2.  оқулықтардың  стилистикалық  ерекшеліктерінің  қазақ  ғылыми  стилінің  дамуына  əсерін 
айқындау.  
Ғылыми  стильдің  А.Байтұрсынұлының  еңбектері  мен  жалпы  қазақ  тіл  біліміндегі  даму 
динамикасы екі оқулықтың титулдарын салыстырғанның өзінде-ақ айқын байқалады. Мысалы, 1914 
жылғы оқулықта автордың аты-жөні, кітаптың аты, баспадан шыққан жылы, қаланың аты, оқулықтың 
оқыту  процесінің  қай  деңгейіне  арналғаны  нақты  көрсетілген.  1925  жылғы  оқулықтың  титулында 
мұғалім  мен  оқушыға  хабарланатын  мағлұмат  толық  түрде  берілген,  яғни,  жоғарыдағы  мағлұматқа 
қосымша  мағлұмат  берілген:  оқулық  қай  мемлекетте  басылғаны,  оқулықты  қай  ұйымның  баспаға 
ұсынғаны,  нешінші  рет басылғаны  т.б.  Яғни,  1925  жылғы  оқулықтың  титулы  қазіргі оқулықтардың 
титулына  ұқсас.  Бұл  –  осы  оқулық  титулының  қазіргі  ғылыми  стильдің  талаптарына  толық  жауап 
беретінін  жəне  қазақ  тілі  оқулығының  эволюциялық  динамикасының  негізі  ХХ  ғасырдың  бірінші 
ширегінде басталғанын көрсетеді.  
1914 жылғы оқулықта қазіргі қазақ тілі стилистикасында қолданылмайтын сөздер, сөз тіркестері, 
сөйлемдер  бар.  Мысалы:  «Қазақ  сөзіндегі  дыбыстар  һəм  олардың  харіфтері»  [5].  1925  жылғы 
оқулықта  Ахаң  бұл  сөйлемді  өзгерткен.  Сөйлем  қазіргі  əдеби  қазақ  тілі  стилистикасының 
нормаларына  толық  жауап  беретін  нұсқада  жасалған  («Қазақ  тіліндегі  дыбыстар:  олардың 
таңбалары»)  [6].  Осы  сөйлемде  Ахаң  тек  стилистикалық  норманы  қалыптастырумен  шектелмейді, 
қойылған  мəселені,  тақырыпты  ғылымдандырады  (ғылыми  тілдесім  деңгейін  жалпы  тілтаным 
деңгейіне  көтереді,  имплицитті  түрде  семиотика  ғылымының  негіздеріне  сүйеніп  жұмыс  істейді). 
Осы жəне басқа да мысалдар қазақ тілі ғылыми стилінің эволюциялық динамикасы А.Байтұрсынұлы 
еңбектерінен бастау алып, қазақ стилистикасының нормасы ретінде қалыптасқанын көрсетеді.  
1914 жылғы оқулықпен салыстырғанда, 1925 жылғы оқулықта жаңа тақырыптың презентациясы, 
қорытулар,  тұжырымдар  қатар-қатар,  рет-ретімен,  көрнекі  түрде  берілген.  Мұндай  өзгерістер 
баланың  жаңа  ғылыми  хабарды  қабылдау  мүмкіндігін  төмендетпейді,  баланы  тез  шаршатпайды, 
оқулықтың ғылыми-əдістемелік стандарт қалпын нықтайды. 
Екі  оқулықта  да  жаттығу-тапсырмалар  (дағдыландыру,  сынау)  берілген.  1914  жылғы  оқулықта 
дағдыландыру  тапсырмасы  сынау  тапсырмасынан  сəл  көбірек  [5].  Жалпы  алғанда,  екі  түрлі 
57


тапсырманың  саны  бір-бірінен  өте  алшақ  емес.  Ал  1925  жылғы  оқулықта  сынау  тапсырмасы 
дағдыландыру  тапсырмасынан  көбірек.  Яғни,  бұл  оқулықта  баланың  білім  алу  дағдысын  тексеруге 
ерекше  мəн  беріледі.  Бұл  оқулықтың  тағы  бір  ерекшелігі:  тіл  заңдылықтарына  бағынбайтын  тіл 
бірліктерінің  айтылуы,  жазылуы  «Ескерту»  арқылы  презентацияланған.  Бұл  –  қазақ  тілі  ғылыми 
стилінің жаңа деңгейге көтерілгенінің айғағы [6].  
1925  жылғы  оқулықта  да  қазіргі  қазақ  тілі  стилистикасына  тəн  емес  сөздер,  сөз  тіркестері, 
сөйлемдер  кездеседі.  Алайда  А.Байтұрсынұлының  ғылыми  мəтіндерін  талдауда  диахрондық 
ұстанымды басшылыққа аламыз. Сондықтан ондай сөз қолданыстарды сол кезге тəн стилистикалық 
ерекшеліктер  ретінде  қарастырдық.  Яғни,  олар  А.Байтұрсынұлының,  жалпы  ХХ  ғасырдың  бірінші 
ширегіндегі қазақ тілі ғылыми стилінің деңгейін төмендетпейді, себебі əр шығарма – өз заманының 
талабына сай жасалған туынды. 
Сонымен, А.Байтұрсынұлының 1914 жылғы жəне 1925 жылғы «Тіл – құрал» оқулықтары мəтінінің 
жалпы  стилистикалық  жəне  функционалды  стилистикалық  (ғылыми  стильдік)  талдауларының 
нəтижелерін былайша сипаттауға болады:  
1. Қазақ тіл ғылымы тарихында, пəнді оқыту əдістемесінің тарихында оқулық стилистикасының, 
оқулық  моделінің,  жалпы  ғылыми  стильдің  негізгі  қалпын  (стандартын)  жасаған  ғалым  – 
А.Байтұрсынұлы. 
2.  Бүгінде  қазақ  мектебінде  қолданылып  жүрген  қазақ  тілі  оқулықтарының  тілтанымдық, 
əдістемелік,  стилистикалық  (ғылыми  стильдік)  негіздері  1914  жылғы,  1925  жылғы  (тағы  басқа) 
А.Байтұрсынұлы оқулықтарынан басталады. 
3.  Қазіргі  қазақ  ғылыми  стилінің  қалыптасуына,  дамуына  ерекше  ықпал  еткен  еңбек  – 
А.Байтұрсынұлының  1925  жылы  Қызылордада  басылып  шыққан  «Тіл  –  құрал»  атты  оқулығы.  Бұл 
еңбек  қазақ  тілінің  ғылыми  стилін  жəне  оның  негізгі  подстилі  –  ғылыми-оқыту  түрін  жаңа  (биік) 
деңгейде қалыптастырды. 
4.  Ғылыми  стильдің  нақтылылық,  біройлылық,  қысқалық,  түсініктілік  сияқты  ерекшеліктері  осы 
оқулық  мəтінінде  ерекше  орын  алған.  Оқулық  мəтінін  талдау  нəтижесінде  ғалымның  түйіндеу, 
қорыту сияқты дағдыларының биік деңгейде қалыптастырғанын байқауға болады.  
Сонымен,  қазақ  тілі  ғылыми  стилінің  ғылыми-мағыналық  құрылымдары  ХХ  ғасырдың  бірінші 
ширегінде А.Байтұрсынұлының ғылыми-əдістемелік ізденістерінің нəтижесі – оқулықтар, мақалалар 
мен басқа да ғылыми еңбек мəтіндерінің негізінде қалыптасқан[7]. А.Байтұрсынұлының тілтанымдық 
еңбектеріндегі  ғылыми  стиль  бірден  түзілмеді.  Ол  ұзақ  эволюциялық  өзгерістерден  өтті. 
А.Байтұрсынұлының  ғылыми  мəтіні  –  қазіргі  қазақ  тілі  ғылымындағы  ғылыми  стильдің  шығу  тегі, 
даму динамикасының негізі.  
 
Əдебиет:  
1. 
  Стилистический  энциклопедический  словарь  русского  языка.  Под  общей  редакцией  М.Н.Кожиной.  – 
Москва: Наука, 2003. - 696с. 
2. 
  Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақтілініңстилистикасы. – Алматы, 1974. – 192-
б. 
3. 
  Колесникова  Н.И.  От  конспекста  к  диссертации.  Учебное  пособие  для  развития  навыков  письменной 
речи. Второе издание. – Москва: Наука, 2003. – 288 с. 
4. 
  Уəли Н. Сөз байлығын саралаудың негіздері //Қазақ əдебі тілінің сөздігі. - Алматы, 2011. – 1-том. - 7-10-б. 
5. 
  Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал (қазақ тілінің сарфы). Бірінші жылдық. Орынбор, 1914 //Байтұрсынұлы А. 
Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: Ана тілі, 1992. - 141-171-б. 
6. 
  Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. Дыбыс жүйесі мен түрлері. 1-тіл танытқыш кітап. Қазақстан мемлекеттік 
баспақанасы.  –  Қызылорда,  1925  //Байтұрсынұлы  А.  Тіл  тағылымы  (қазақ  тілі  мен  оқу-ағартуға  қатысты 
еңбектері). – Алматы: Ана тілі, 1992. – 173-188-б.  
7. 
  Джусупов  М.,Ибрайымов  Қ.  Ахмет  Байтұрсынұлы:  ғылымтаным,  терминжасам,  стилистика.  –  Алматы: 
Əлем, 2015.- 215 б. 
 
 
 
 
58


Салқынбай А.Б.  
филол.ғ.д., Əл-Фараби атындағы  
ҚазҰУ профессоры 
 
Əліпби – таңба жұмағы 
 
Жазу  –  адамзат  қоғамы  жасаған  мəдениеттің  биік  шыңы.  Пиктографиялық  жəне  идеографиялық 
жазулардан бастау алатын жазу тарихы адамзаттың жүріп өткен жолынан мол ақпарат беретін басты 
құндылық.  Жазу  болған  жерде  тарих  бар,  білім жүйелі,  ой  тиянақты,  ғылымсапалы,  рухани  қазына 
жинақы.  Ғылымның  бар  болуы  жазумен  тікелей  байланысты,  сондықтан  сөйлеу  мен  жазудың 
қатынасының басты анықтағышы да, ойлаудың таразыланып, ортақ игілікке айналуының да басты əрі 
негізгі  көрсеткіші  –  жазу.  Елдің,  ұлттың  тарихы  таразыланғанда,  рухани  мəдениетінің  парқы  мен 
нарқы  зерделенгендежазудың  қадірі  арта  түседі.  «Біздерде  мынадай  бар,  мынадай  бардың»  нақты 
дəлелі  болады.  Жазумен  таңбаланып,  анықталмаған  тарихқа  мұрагеріңді  қалай  сендірмексің, 
«бабадан  қалған  мұрам  еді»  деп  кімді  иландырарсың?  Қандай  формада  болса  да,  жазумен  қалған 
тарих – еліңнің еншісін бөлмей сақтаудың басты кепілі. Жазусыз тарих көптеген талас-тартыстарға 
жол ашып, елдің кешегісін көз алдына келтіре алмай, ертеңіне деген кемел сенімін əлсіретері даусыз. 
Осындай  аса  бір  қажеттіліктің  мəнін  терең  ұғып,  төл  жазу  туғызып,  төл  əліпби  жасаған  ХХ  ғасыр 
басындағы қазақ көсемі, біртуар кемеңгер ғалымы – Ақымет Байтұрсынұлы еді.  
Алдымен,  мəмілеге  келетін  нəрсе  –  А.  Байтұрсынұлы  түзген  араб  таңбасына  негізделген  əліпби 
қазақ  тілінің  сөйлеу  тілін  дəл  таңбалайды;  барлық  емле  нақтылығымен,  ғылымилығымен 
ерекшеленеді; бүгінге дейін қолданыста бар (Қытайдағы қандастарымыздың қолданысында).  
«Əліпби  деген  тілдің  негізгі  дыбыстарына  арналған  таңбалардың жұмағы»,–  деп  жазған  Ақымет 
Байтұрсынұлы  əріптердің  тіл  дыбыстарын  нақты  таңбалауына,  оқуға  жəне  жазуға  жеңіл  келуіне, 
үйретуге оңай болуына басты назар аударады [1]. Ғалым жасаған əліпбидің басты ерекшелігі – қазақ 
сөзін  дəл  таңбалап,  əрбір  таңбаның  мəні  мен  ерекшелігін  нақты  сипаттауында,  осы  дəлдік  пен 
нақтылықты ғылыми тұрғыдан терең талдауында дер едік.  
Қазақ  жазу  ілімі  теориясында  «əріп  саны  фонема  санымен  бірдей  болуы  жетілген  жазу  екенін 
танытады»  деген  тұжырым  А.  Байтұрсынұлы  еңбектері  арқылы  қалыптасты.  Əріптің  фонемадан  аз 
болуы түркі тілдеріндегі сингармония заңының сөздің негізгі құрылымы мен мағыналық ерекшелігін 
аша  алу  қасиетімен  байланысты.  Дауыстылардың  бірыңғай  жуан-жіңішкелігі  сөздің  барлық 
буынында  сақталатындықтан,  көп  таңбадан  гөрі, сөздің  алдына  дəйекше  белгісін  қою  арқылы  жазу 
экономиясына  жетуге  болатынын  табуы  –  Ахмет  Байтұрсынұлының  реформаторлығы  ретінде 
танылады.  Қазақ  тіліндегі  жиырма  төрт  түрлі  дыбысты  таңбалаудың  өзіндік  ерекше  жолы  мен 
жүйесін ұсынған ғалым «қ» мен « ғ» дыбыстарының ылғи жуан, «к» мен «г», «е»-нің ылғи жіңішке 
айтылатынын ескерте отырып, былай деп жазады: «Егерде бұл 19 дыбыстың жуан айтылуы үшін бір 
белгі, жіңішке айтылуы үшін бір белгі керек десек, ... онда 19 дыбысқа 38 белгі керек болар еді. Бұған 
дəйім  жуан  айтылатын  «қ»  мен  «  ғ»-ны  қосқанда  дəйім  жіңішке  айтылатын  «к»  мен  «г»,  «е»-лерді 
қосқанда, бəріне 43 белгі (харіп) керек» [2].  
«Дауысты  дыбыстар  сөздің  жаны,  дауыссыз  дыбыстар  сөздің  тəні»  деп  санаған  Ахмет 
Байтұрсынұлы  əрбір  əріп  пен  оның  айтылу  жолын  тəптіштеп  түсіндіріп,  жазу  емлесін  жасайды. 
«Дауыссыз дыбыстар дауысты дыбыстардың иелігінде»[2, 328] деп түсіндірген ғалым қазақ тіліндегі 
үндестік заңының ерекше қасиетін айта отырып, оның айту мен жазудағы нақты əрі табиғи қалпын 
сақтап,  дауыссыздың  өзі,  шындап  келгенде,  осы  заңға  бағынатынын  дəлелдейді.  Бұл  ғылыми 
шындықты кейінгі ғалымдардың мойындағаны, теориялық-тəжірибелік тұрғыдан анықтағаны – тағы 
шындық (Ə.Жүнісбек).  
«Жазу  дегеніміз  –  дыбыстың  таңбасы.  Əр  дыбыстың  əр  елдің  таңбасындай  таңбасы  болады. 
Таңбасына  қарап  қай  дыбыс  екенін  танимыз»  деуінде  үлкен  мəн  бар  [2].  Демек,  ғалым  үшін  қазақ 
тілінің айтылымындағы фонема саны мен əріп саны шамалас, дəл келуі керек.  
А. Байтұрсынұлы қазақ жазу үлгісіндегі тыныс белгілеріне де ерекше мəн береді. «Əріптен басқа 
жазуда қолданылатын белгілерге бүгінге дейін анықтап белгілі ат қойылған жоқ еді. Сүгіретке қарап, 
біреу олай, біреу былай деп атайтын еді», – дей келіп, негізгі тыныс белгілеріне қазақша ат қойып, 
бірінші рет айдар тағады: «тыныстық (.), жапсарлық (,), қосарлық (═), тастарлық (–), дəлдеулік (««), 
сұраулық  (?),  лептеулік  (!)»  [2,  337].  Мұнан  байқалатыны  –  қазақша  тыныс  белгілерге  ат  беру, 
олардың қойылу жолын түсіндіру автор үшін маңызды болған. Қазіргі кездегі тыныс белгі, қосу (+), 
сұраулық,  лептік  белгі,  нүкте,  үтіртерімсөздерінің  алғашқы  жасаушы  да  А.Байтұрсынұлы 
болфғанын аңғарамыз.  
59


Ғалым дауысты дыбыстардың графемалық қасиетін «буыншы əріп» ретінде танытады да олардың 
мəнін, сөз құрамындағы мазмұндық сипатын ерекше талдайды. Сөз мағынасын анықтайтын дəйекше 
белгінің маңызын жіті түсіндіреді.  
Қазақ жазу ілімінің атасы А. Байтұрсынұлы «Дыбысқа сəйкестеп əріп алынбаса, сөздің жазылуы 
мен  айтылуы  бөлектенбей  қала  алмайды»  деген  ойын  бірнеше  жерде  жұмырлайды,  дыбыстар  мен 
əріптер арасындағы қарым-қатынасты терең барлай келе, «дыбыстар мен əріптер арасында сəйкестік 
күшті  болғандықтан,  сөздің  жазылуы  мен  айтылуының  арасында  да  сəйкестігі  күшті»  екенін 
анықтайды [2, 359-360]. «Тілдегі бар дыбыстың бас-басына арнаған белгісі бар болса», тəртіпті жазу 
болатынын қайталай ескертіп отырады [2, 380]. 
Қазақ  жазу  үлгісін  ағылшын,  француз,  қытай  жазуларымен  салыстыра  отырып,  олардан  ерекше 
екенін  дəлел  келтіре  отырып  анықтап,  айтылу  мен  жазылу  арасындағы  сəйкестігі  мол  жазулардың 
қатарына төте жазуды да жатқызады.  
Əліпби  түзген,  тыныс  белгілерін  нақтылаған,  жазу  үлгісін  көрсетіп,  графема  мен  фонема 
арасындағы  сəйкестікті  терең  талдаған  А.Байтұрсынұлы  емле  тəртібіне  де  мəн  береді.  Əлем 
халықтарының  емле  жүйесінен  мол  хабары  бар  ғалым  қазақ  сөзінің  ішкі  болмысына  сай  келетін 
жүйені,  дұрыс  сауаттандыратын  емлені  қажет  санайды.  «Сауаттылық  негізі  –  жазу»  деген  жолды 
берік  ұстана  отырып  [2,  362],  «жазу  –  əріптердің  сүгіретін  сала  тізу,  оқу  –  əріптердің  дыбыстарын 
айта тізу» екенін нақтылайды.  
Ғалым емленің төрт негізін атап көрсетеді:  

 таңба жүйелі (негізі – ынтымақ);  

 тарих жүйелі (негізі – дағды); 

 туыс жүйелі (негізі тегіне қарай); 

 дыбыс жүйелі (негізіестілуіне қарай).  
Оларға жеке-жеке  талдау  жасай  отырып,  əрбірінің  ерекшелігін талдап,  оң  тұсы  мен  қазақ  сөзіне 
сəйкес  келмейтін  жағын  ғылыми  тұрғыдан  саралап,  зерделейді.  Ең  бастысы  –  қазақ  сөзінің  дұрыс 
жазылуына  ерекше  мəн  береді,  ауызша  айтылғанның  бəрін  сол  қалпында  жаза  салуға  да 
болмайтынын  атап  көрсетеді.  «Қазақтың  төл  жазуы»  деген  түсінікті  А.Байтұрсынұлы  еңбектерінен 
кейін  қолдануға  мүмкіндік  туды.  Өйткені  қазақ  сөзінің  өзіне  тəн  айтылым,  жазылым  ерекшеліктері 
мен сипаты осы еңбекте жан-жақты анықталып, грамматология ғылымы талап ететін заңдылықтарға 
басты көңіл бөлініп, негізгі ғылыми жауабы берілді. 
«Жазу  туралы  ғылым  өзінің  дербес  пəнін  нақтылау  үшін  тілдің  табиғи  қалпын  таңбалайтын, 
ғылыми  сипатын  іздеуі  керек»,–  десек,  А.Байтұрсынұлының  қазақ  жазуы  туралы  жазған  ғылыми 
пікірлері осы талаптарға толықтай жауап береді. Төте жазудың сөздің дыбыстық табиғатына жақын 
келіп, оқуға, жазуға оңай болуы үшін Ақымет түсіндіруіне қарап отырып, осы жазудың қазақ сөзінің 
болмысын  таңбалау  үшін  барын  салғанын  аңғару  қиын  емес.  Қазақ  сөзінің  дұрыс  жазылуы  үшін 
«туыс жүйелі емленің де, дыбыс жүйелі емленің де түкпіріне қамалмай, екеуінің арасынан жол тауып 
беретін»  Байтұрсынұлы  ұсынысы  бүгінгі  орыс  жазуына  негізделген  əліпбиіміздің  де  басты 
талаптарының жасалуының теориялық негізі болған. Бұл – Ақымет ұсынған сегіз ұсыныстың ғылыми 
негізділігі мен жүйелілігін танытса керек. 
Сонымен, А.Байтұрсынұлы – қазақ жазу ілімі ғылымының негізгі ғылыми-теориялық тұжырымын 
жасап, тəжірибелік жолын қалыптастырған, фонема мен графема арасындағы қатынастың тереңдігін 
дəл тауып, айтылу мен жазу арасындағы сəйкестіктің мүмкіндігінше мол, нақты болуына басты назар 
аударған тұңғыш ғалым.  
Грамматология  ғылымына  неге  назар  аударамыз?  Грамматология  –  жазу  туралы,  жазу  жүйесі 
туралы,  жазудың  генеологиялық  тарихы  мен  даму  жолдары,  мəдениеттегі жазудың  рөлі  мен  орнын 
саралайтынтіл  білімінің  саласы.  Бұл  саланы  алғаш  жүйелеп,  ғылыми  тұрғыдан  негіздеген  ғалым  – 
И.Е.Гельб.  Ол  «Опытизученияписьма  (основыграмматологии)»  атты  зерттеуінде  алғаш 
«грамматология» терім сөзін қолдана отырып, адамзаттың жазу тарихына терең талдау жасайды [3]. 
Ф.  де  Соссюрдің  пайымдауынша,  сөйлеу  тілі  жазуға  байланып  қалмайды.  Соссюрдің  келтіретін 
қисынында ауызша сөйлеу, өз терім сөзімен айтсақ, «белгілеуші мен белгіленуші» ғана – тіл білімінің 
басты зерттеу пəні болып қала бермек. Жазу – Соссюр ұғымында, шартты белгінің жиынтығы.  
Қазіргі  Еуропа  ғылымында  жазудың  маңызы  мен  рөлі  жоғары  бағаланады.  Бұл  туралы  Жак 
Дериданың  жазған  ғылыми  зерттеулерін  келтіру  орынды  болмақ  [4].  «Вопросы  истории  письма, 
процесс его постепенной фонетизации и линеаризации лежат в корнях и основаниях всех наук», – деп 
жазады  Ж.Дерида.  Жазудың  табиғатын  мəдени-философиялық  бағытта  таразылаған  Жак  Дерида 
оның мəдени дамудағы маңызды рөлін анықтайды.  
60


Ал  «жазу-сызуы  кеш  дамыған»  деп  танылып  жүрген  қазақ  халқының  тіл  білімінде  Ақымет 
Байтұрсынұлы  арқылы  жазудың  өзі  ғана  емес,  сонымен  бірге  оның  ғылыми  жүйесі  негізделгенін, 
əрбір таңбаның сыры мен қыры анықталып, емлесі орныққанын жəне бұл жазудың сөйлеу тіліндегі 
дыбысталуына дəл жəне толық сəйкес келгенін көрсету орынды болмақ.  
ХХ  ғасырдың  ең  үлкен  қасіреті  –  қазақ  сынды  еркін  көшіп,  кең  жайлаған  дала  халқының  Ф.И. 
Голощекинніңқолдан жасаған «көшесінде» отырам деп, малынан айрылып, ашаршылыққа тап болуы 
ғана емес, жиырма-отыз жыл көлемінде жазуын үш рет ауыстыруы еді. Рухани құлдырау, түпкі шын 
тарихынан  көз  жазу,  сауаттылық  пен  сауатсыздықтың  арасын  мөлшерлеуден  ажырау  –  жазудың 
ауысуымен  тікелей  байланысты  деп  қарауымыз  қажет.  Адам  өзінің  сезімін,  ойын,  түсінігін  белгілі 
қалыптасқан шартты таңбалар арқылы, яғни, жазу арқылы бере алады. Бұл жазу не таңба барлығына 
түсінікті  болуы  керек.  Ал  өткен  ғасырдың  басындағы  жазудың  ауысуы  қазақ  халқын  осындай  бір-
біріне түсінікті болудан, жазу арқылы бірінбірі түсінуден айырды.  
Кешеге  дейін  жазылған  ғылыми  əдебиеттерде  көшпенді  қазақ  халқының  мəдениеттен,  соның 
ішінде жазу мəдениетінен кейін қалып, кешеуілдеп дамығаны тілге тиек етілетіні жасырын емес. Ал 
ХХ ғасырдың басында жазылған Ақымет Байтұрсынұлы жазған еңбектерде қазақ жазуының жүйесі 
талданып, төте жазу ұсынылып, оның грамматологиялық табиғаты ашылғанын көрсету арқылы қазақ 
мəдениетінде  жазу  туралы  ғылыми  зерттеулердің  болғанын,  оның  кеңестік  саясатпен 
тұншықтырылғанын нақты деректер арқылы таныта аламыз. Тек əліпбидің жайы мен емлелердің мəні 
жөнінде  ғана  Ақымет  Байтұрсынұлының  жиырма  шақты  ғылыми  мақаласы  бар.  Мұнда  жазылған 
мəселелер  өзінің  ғылыми  сипаты  жағынан  əртүрлі  болып  келеді.  Заманындағы  айтыс-тартыстарға 
жауап ретінде елге түсіндіру мақсатында жазылған ғылыми еңбектің бүгінде де өзектілігі бар. Қазақ 
ғылымында қазірге дейін шешілмей, үлкен полемика туғызып отырған жазу, жазу ауыстыру мəселесі 
сол Ақымет көтерген жəне жауап берген деңгейден жоғары аса алмаған. 
Ғалым  зерттеулерінде  əліпбидің  жалпы  ғылыми  теориялық  мəселелеріне  қатысты  да  өз 
пайымдауларын айтып отырады. Мəселен, «жақсы əліпбидің сыпатын таныту» үшін, оның төрт түрлі 
қасиетін  санамалап  көрсетіп,  түрік  əліпбиіне, латын  əліпбиіне  қатысты  өзінің  көзқарасын  білдіреді. 
Бұл  көрсетілген  талдаулар  қазіргі  грамматологияда  талданып  жүрген  ғылыми  зерттеулердегі 
қисындардан артық болмаса, кем емес дер едік.  
Қорыта  айтқанда,  Ақымет  Байтұрсынұлы  түзген  əліпбидің  Қазақ  əліпбиі  ретінде 
грамматологиялық  негізі  жүйелі  зерттелгендіктен,  қазіргі  таңда  да  қолданыста  болғандықтан  да, 
əлемдік деңгейде жазу ғылымы тарихынан орын алуы керек. Ал қазақ тіл білімінде жазу ғылымының 
(грамматологияның) негізін қалаған А. Байтұрсынұлы екені – даусыз шындық.  
 
Əдебиет: 
1.
  Алаштың тілдік мұрасы. -Алматы, 2009. - 27-б. 
2.
  Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 324-б. 
3.
  Гельб И.Е. Опыт изучения письма: Основы грамматологии. Перевод с англ. - М., 1982. 
4.
  Деррида Ж. О грамматологии. Перевод с франц. -М., 2000. - С. 512. 
 
 
Қосымова Г. 
филол.ғ.д., Абай атындағы  
ҚазҰПУ профессоры 
 
А.Байтұрсынұлы – мəтін теориясының негізін салушы 
 
А.Байтұрсынұлының пайымдауында, сөз, кез келген адамның сөйлеу əрекетінен туындаған мəтін 
өнерге  жатады.  Өнер  атаулының  бəрі  мəдениетпен  байланысты.  Сөзімізді  бастамас  бұрын  аңдатпа 
ретінде  алдымен  «мəдениет»  деген  атауға  түсінік  бере  кетейік.  Мəдени  антропологияны  зерттеген 
ғалымдар  «мəдениет»  деген  терминді  əртүрлі  мағынада  түсініп,  бірі  мəдениетті  «үйретілген  мінез-
құлық», басқалары «мінез-құлық емес, оның абстракциясы», ал бағзы біреулері «мəдениет тек адам 
санасында ғана өмір сүреді»,– деп, кейбіреулері:«мəдениет – қоршаған ортаның сезілетін заттары мен 
құбылыстары»,  –  деп бүгінге  дейін  таласып жатқанда,  А.Байтұрсынұлы  антропологтар  қарастырған 
адам мен мəдениеттің арақатынасын былайша түсіндіреді: алдымен, қоршаған орта, болмысты екіге 
бөледі. Бірі–  табиғи, жаратынды  нəрсе,  екіншісі  –  жасалынды нəрсе деп  топтастырады да:  «Орман, 
теңіз, тау, өзен, бұлақ – бұлар табиғат ісінен шыққан жаратынды нəрселер; үй, кірпіш, бақша, арық, 
құдық  –  бұлар  адам  ісінен  шыққан  жасалынды  нəрселер.  Табиғат  ісінен  шыққан  жаратынды 
нəрселердің  бəрі  табиғат  дүниесі  болады;  адам  ісінен  шыққан  жасалынды  нəрселердің  бəрі  өнер 
61


дүниесі болады; өйткені жасалынды нəрселердің істеліп шығуына адам ақылы, əдіс-амалы, шеберлігі, 
өнер  күші  кіріскен»,  –  дейді.  Ғалымның  осы  көзқарасы  атақты  антрополог  Э.Тайлордың  пікірімен 
сəйкес  келеді.  Э.Тайлор  алғашқы  болып  «мəдениет»  ұғымына  анықтама  берді.  Ол  «Алғашқы 
қауымдық  мəдениет»  деп  аталатын  еңбегінде:  «Культура  или  цивилизация,  в  широком 
этнографическом смысле слагается в своем целом из знания, верований, искусства, нравственности, 
законов, обычаев и … привычек, усвоенных человеком как членом общества», – деп жазады [1,123]. 
Биологиялық  эволюция  идеясына  сүйене  отырып,  Э.Тайлор  мəдени  құбылыстарды  табиғаттағы 
өсімдіктер  мен  жануарлардың  түрлері  сияқты  материалды  нысандар,  сенімдер,  əдет-ғұрып,  билеу 
жүйесі тағы басқалар деп жіктейді. Табиғаттағы сияқты бір түрлер басқа түрлерінен дамып шығады. 
Садақ пен оқ жасау, тіс егеу немесе басқа да ондаған əдеттер сияқты мəдени құбылыстың бір түрі деп 
қарайды.  Бір  сөзбен  айтқанда,  мəдени  құбылыстарды  түрлеріне  қарай  жүйелеп,  қарапайымнан 
күрделіге  қарай  орналастыру  арқылы  мəдени  эволюция  процесін  қадағалауға  болатынын  айтады. 
«Осылайша,  табиғат  пен  қоғамдағы  прогрестің  сипаты  аз  жетілген  түрлерді  көбірек  жетілген 
түрлердің  ығыстыруынан  көрінеді»  деп  пайымдайды.  Еуропа  ғылымында  XIX  ғасырдың  соңғы 
онжылдығы мен XX ғасырдың басында үстем пікірге ие болған Э.Тайлордың «мəдениет – адамның 
қоғам  мүшесі  ретінде  игерген  кейбір  қабілеттері  мен  дағдыларынан,  білім,  наным-сенім,  өнер, 
адамгершілік,  заңдар  мен  əдет-ғұрыптарынан  құралады»  деген  пайымдауы  [1,  123]  XX  ғасырдың 
басында  қазақ  даласында  өмір  сүрген,  қазақ  этносы  мəдениетінің  негізін  салған  А.Байтұрсыновтың 
тұжырымымен сəйкес келеді. Ғұламалардың танымындағы сəйкестіктер, ойлау мен пайымдауындағы 
үндестіктер таңғалдырмай қоймайды. 
«Өнер түрлі болады, – дейді А.Байтұрсынұлы. – Біреулер үй салады, арық қазады, етік тігеді, арба 
істейді, киіз басады, ыдыс істейді, яғни, шаруаға керек нəрселерді жасайды. Біреулер көрікті мешіт, 
көрнекті там, көркем сүгірет салады. Əдемі əн, əсерлі күй, ажарлы сөз шығарады. Алдыңғы өнер мен 
соңғы өнердің арасында айырма бар. Алдыңғы нəрселер – адамның мақұлықтық жан сақтау керегінен 
шыққан  нəрселер,  соңғы  нəрселер  –  адамның  жан  қоштау  керегінен  шыққан  нəрселер.  Сондықтан 
алдыңғы  нəрселерді  жасауға  жұмсалатын  өнер  –  тіршілік үшін жұмсалатын  тірнек  өнері  болады  да 
соңғы  нəрселерге  жұмсалатын  өнер  –  көркемшілік  үшін  көрнек  өнері  болады».  Одан  əрі 
Байтұрсынұлы  көрнек  өнерін  беске  бөледі  дебесіншіні  нəрсенің  жайын,  күйін,  түрін,  түсін,  ісін 
сөзбен келістіріп айту өнері деп табады да оны «сөз өнері» деп атайды [2, 137-138]. 
А.Байтұрсынұлының  айтуында,  өнердің  ең  алды  «сөз  өнері»  саналады.  Мұны  ғалым  қазақтың 
«Өнер алды – қызыл тіл» деген мəтелмен негіздейді. Бұл мəтелдің шығу себебін:«Қазақ сөз баққан, 
сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан», – деп негіздеп, қазақ халқының сөйлеу 
өнеріне  аса  мəн  берген,  «тауып  айтса,  мереке  қылып,  таппай  айтса,  келеке  қылған»  мəдени 
танымымен  байланыстырады.  Сөз  өнерінің  адам  санасының  үш  негізіне  –  ақыл,  қиял,  көңіл  – 
тірелетінін көрсетіп, ғалым мəтін (шығарма сөз) тудырудың үш межесін анықтап берді. «Ақыл ісі –
аңдау;  қиял  ісі  –меңзеу,  яғни,  ойдағы  нəрселерді  белгілі  нəрселердің  тұрпатына,  бернесіне  ұқсату, 
бернелеу  дегеніміз  –  суреттеп  ойлау;  көңіл  ісі  –  түю,  талғау»  [2,141].  Осында  «Мəтін 
лингвистикасында»  анықталған  мəтін  тудыруға  қатысатын  төрт  фактордың:  ойдың  иесі  автор, 
қабылдаушы  оқырман,  бейнеленетін  болмыс,  талғап,  таңдап  қолданылатын  тілдің  арақатынасы, 
мұның  бəрінің  басын  қосатын  тіл  екенін  былайша  тұжырымдайды:  «Тілдің  міндеті  –  ақылдың 
аңдауын  аңдағанша,  қиялдың  меңзеуін  меңзегенінше,  көңілдің  түюін  түйгенінше  айтуға  жарау» 
[2,141].  
Тіл білімінің жаңа бір саласы – мəтін лингвистикасы. «Жаңа» деп біз «қай кезден жаппай зерттеу 
нысанына  айналды,  өндіріске  қашаннан  енгізіліп  оқытыла  бастады?»  деген  мəселе  тұрғысынан 
айтамыз.  «Мəтін»  деген  терминдік  атау  шын  мəнінде  ХХ  ғасырдың  соңына  қарай  белсенді  түрде 
қолданысқа енді. А.Байтұрсынұлы мəтінді ХХ ғасырдың басында «шығарма сөз» деп атады да оның 
адамтанудағы,  сөз  танудағы,  адамдардың  тілдік  қарым-қатынасындағы  маңызын  жан-жақты  мəселе 
етіп  көтерді.  Қазіргі  тіл  біліміндегі  антропоөзектік,  танымдық,  лингвориторикалық  бағыттардың 
негізі  өткен  ғасырдың  басында  А.Байтұрсынұлы,  Қ.Жұбанов  еңбектерінде  қаланды.  Бұл  үшеуі  де 
А.Байтұрсынұлы  еңбегінде  қарастырылған.  Антропоөзектік  бағытта  мəтінсөйлеуші  (автор)  жəне 
оқырман  арасындағы  байланысты,  қабылдау  мен  түсіністікті  іске  асыратын  құрал  болып  саналады. 
Мəтін  автор  тарапынан  дүниеге  келеді,  ол  оқырман  тарапынан  қабылданады.Танымдық  бағытта 
мəтін  автор  мен  болмыстың  қатынасын,  ойдың  иесі  тарапынан  болмыстың  анықталуының, 
танылуының жəне ұғым-түсінік пен мағынаға ие болуының жолы ретінде бағаланады. Мұнда автор 
болмыстағы  құбылысты мəселе  тұрғысынан  танып,  шығармашылық əрекеттің  нəтижесінде біртұтас 
мазмұнды  жеткізетін  аяқталған  мəтін  етіп  шығарады.  Лингвориторикалық  бағытта  мəтін  автордың 
62


тақырыпты  ойластыруы,  мəселелерді  орналастыруы,  соған  сəйкес  жанр  түзуі,  сөз  таңдауы  деген 
ерекшеліктерді көрсетеді. Мұнда автордың дара стильдік ерекшелігі ашылады. 
Тіл  –  таным  құралы,  қарым-қатынас  құралы,  адам  ойының  жарыққа  шығуының  тəсілі  ретінде 
адамзат мəдениетінің ең басында тұрады. Осы айтылғандардың бəрі тілдің мəтінтүзушілік қызметінде 
орындалады,  яғни,  мəтін  –  мəдениеттің  көрсеткіші.  Антропоөзектік  бағытта  мəтін–  автор  мен 
оқырманның  арасындағы  қарым-қатынаста  идеяларды,  эмоцияны,  мəдени  қатынастарды  жеткізудің 
тəсілі,  бірін  бірі  ұғынудың  құралы,  автор  мен  оқырманның  мəдени  қалпын  көрсетудің  жолы. 
Адамның  символдау  (рəміздеу)  қабілеттерін  соматикалық  контексте  қарастырғанда,  біз  үшін  заттар 
мен  құбылыстар  –  адамның  мінез-құлқы,  онымен  психология  ғылымы  айналысады.  Олардыадам 
ағзасына  тəуелсіз,  яғни,  экстросоматикалық  контексте  өзара  байланыста  қарастырғанда,  заттар  мен 
құбылыстар  мəдениет  элементтері,  мəдени  сипаттар  болады  [3,  24]  Лингвистер  сөзді  адамның 
символдау  қабілетіне  тəуелді  зат  немесе  іс-əрекет  ретінде  сипаттайды.  Лингвистғалымдар  сөзді  екі 
түрлі  контексте:  соматикалық  (органикалық)  жəне  экстрасоматикалық  (экстраорганикалық) 
контекстерде қарастырады да олардың айырмашылығын «сөйлеу» жəне «тілдік термин» деп табады. 
Соматикалық контексте сөз адамның мінез-құлықтарының мəнерін көрсетеді. Сөйлеу психологиясын 
зерттеген ғылым сөздер мен адам ағзасының арасындағы байланысты сөздің жасалуы, мəн-мағынасы, 
сөзге  қатынас,  сөзді  қабылдау,  сөзге  жауап  қайтару  т.б.  тұрғыдан  түсіндіреді.  Экстрасоматикалық 
контексте  сөз  адам  ағзасына  тəуелсіз  бір-бірімен  өзара  байланыста  қарастырылады.  Осыдан 
лингвистиканың  фонетика,  фонемика,  лексикология,синтаксис,  грамматика,  диалектология  т.б. 
сияқты аспектілері келіп шығады.  
Біз  сөз  етіп  отырған  мəтін  –  сөз  өнерінің  жемісі,  сөйлеу  əрекетінің  туындысы.  Мұнан  сөйлеу 
мүшелері,  сезім  мүшелері,  сөздегі  ментальдық  процестер  көрінеді.  «Сөйлеу  психологиясы»,  «сөз», 
«мəдениет»  ұғымдары  бірлікте  алынады.  Сонымен,  мəдениет  экстрасоматикалық  тұрғыда 
қарастырылатын  адамның  символдау  қабілеттеріне  тəуелді  заттар  мен  құбылыстардыкөрсетеді. 
Мысалы, жылқы – төрт түліктің бірі; ол – контексте айырбас құралы, ақша; ал басқа бір контексте – 
азық-түлік;  үшінші  бір  контексте  –  көлік;  төртіншісінде  –  табумен  байланысты  киелі  жануар. 
Антропологтер адам мен мəдениеттің өзара қатынасы мəселесін оның орнынан, уақыт пен кеңістіктен 
іздейді.Олай  болса,  мəдениет  экстрасоматикалық  контексте  қарастырылатын  заттар  мен 
құбылыстардан  тұрады.  Бұл  А.Байтұрсынұлында  «аңдау,  меңзеу,  көңілге  түю  арқылы  іске 
асырылады» деген ой айтылдады. 
А.Байтұрсынұлының  «Əліппелер»  деген  еңбегінде  келтірген  мысалдары  да  адамның  танымында 
символданған  əрекеттер  мен  құбылыстарды  бейнелейді.  Мысалы:  малта  ащы,  алтын  салмақты, 
мамық  жұмсақ,  шай  сұйық,  киік  орғиды,  теке  қарғиды,  күйкентай  ұшады,  кесіртке  жорғалайды. 
Осы мысалдарда суреттеліп отырған заттарға тəн қасиеттер – адамның бала кезінен көз алдынан өтіп, 
санасында  символданып  қалған  құбылыстар.  Осылайша,  зат  пен  оған  тəн  символдық  белгілерді 
байланыста қатар алып оқытқанда ғана сөз баланың жадында ұмытылмастай болып сақталатындығын 
көрсетеді. 
«Тілді  жұмсай  білетін  адамның  табылуы  қиын»,  –  дегенде  ғалым  мəтін  түзудің  қиындығын 
айтады. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін тілмен айтып білдіру 
оңай  емес  екендігін,  оған  көп  шеберлік  керектігін,  бұл  асқан  өнерпаздардың  қолынан  келетін  іс 
екендігін баса айтады. Сөз шығаратындар көп, бірақ келістіріп айтатындар аз болатындығын «алуан-
алуан  жүйрік  бар,  əліне  қарай  шабады»  деген  қазақ  мəтелімен  растайды.  «Сөз  шеберлері  жасаған 
туындыны танытатын белгі – тіл, яғни, лұғат белгісі, – дей келіп, – ол белгі əркімнің өз ыңғайымен, 
өз  оңтайымен  сөз  тізіп  əдеттенуінен,  салттануынан  болады.  Əркімнің  өз  салты  болғанымен,  ол 
салттар  жалпы  сөз  тізу  салттарынан,  шарттарынан  аса  алмайды.  Сондықтан  сөз  шығарушылар 
бəрінен бұрын лебіз заңынан шыққан сөздің асыл болуының жалпы шарттарын білуі қажет», – дейді 
[2,142].  
Ғалымның  «сөздің  асыл  болуының  жалпы  шарттары»  дегені  Аристотельдің  «Риторика»  жəне 
Цицеронның «Шешендік туралы үш трактат» еңбектерінде көрсетілген риторикалық канондарға сай 
келеді.  Риторикалық  канондарға  мыналар  жатады:  сөйлейтін  сөзінің  мазмұнын  іздеу,  яғни,  ойлап 
табу; табылған дəлелдерді тəртіппен орналастыру; осының бəрін сөзбен өрнектеу; сөзін жадында 
сақтап алу; сөйлейтін сөзін ықыласпен жеткізу. Бұл айтылғандар А.Байтұрсынұлының шығарма сөз 
туралы айтқан белгілеріне сай келеді. Олар: тақырыбы, жоспары, мазмұны, түрі. «Сөйлейтін сөзді 
іздеп табу тақырыпты құрайды, əңгімедегі пікір не туралы болса, сол нəрсе тақырыбы болады. Сөз 
шығарудан бұрын шығарушы айтатын пікірін қай ретпен айтатынын не жазатынын жоспарлап алады: 
онысы  –  неден  бастап,  неден  соң  нені  айтып,  немен  аяқталатынын  белгілеп  алу.  Шығарманың 
тақырыбынан  басқасы  мазмұн  болады.  Бір  нəрсе  туралы  ойға  алған  пікірді  айтуға  жұмсаған  бүкіл 
63


сөзіміз мазмұн болып шығады. Мазмұн аңдатудан, мазмұндаудан, қорытудан тұрады. Шығарманың 
мазмұны  қай  түрде  айтылса,  сол  «түрі»  деп  аталады:  жай  сөйлеу  түрінде,  сөйлестірген  түрде,  хат 
түрінде,  аралас  түрде.  Шығарманың  мазмұнында  байқалатын  негіздік  түрлер  үшеу:  1.  əуезе,  2. 
əліптеу, 3.байымдау. Мəселен, бір адамды сөз қылсақ, я ол адамның істеген ісін, айтқан сөзін əуезе 
қылып сөйлейміз; я тұлға-тұрпатын, кескінін, көркін айтып, пернесін əліптеп сөйлейміз; я болмаса ол 
адамның  істеген  істерінің,  өздерінің  жақсы-жаман  болғанының  мəнісін,  себебін  тексере,  байымдап 
сөйлейміз.  Осыған  қарай  сөйлеген  сөзіміздің  түрі  не  əуезе,  не  əліптеме,  не  байымдама  болып 
шығады» [2, 143-144].  
Мəтін  теориясындағы  «мəтіннің  мүшеленуі»  деген  қағидаға  А.Байтұрсынұлының  жоғарыдағы 
айтқан шығарманың тысқы нəрселері – тақырып жəне аңдатудан, мазмұндаудан, қорытудан тұратын 
мазмұны  жатады.  Мəтіннің  бұлайша  мүшеленуі  шығарманың  бүтін  композициясының  қызметін 
анықтайды. Мəтіннің мүшеленуі негізінде ақпаратты оқырман жеңіл түсінеді, ақпаратты қабылдауға 
алғышарт  жасалады,  мəтіннен  тыс  ақпараттарды  ой  елегінен  өткізеді,  мəтін  астарында  жатқан 
автордың  идеясын  түйіндейді.  Мəтіннің  мүшеленуінің  арқасында  тұтастыққа  алып  келетін 
бөлшектердің арасындағы логикалық, мезгілдік, кеңістіктік, көркемдік байланыстар танылады. 
 Ғалымның  мəтін  туралы  көзқарастары  «Əдебиет  танытқыш»  еңбегінің  «Тіл  қисыны»  деген 
тарауында  да  жан-жақты  талқыланады.  Мұнда  Аристотельдің  «ықыласпен  əсерлі  жеткізу»  деген 
канонына  сай  келетін  қисындар  беріледі:«Əңгіменің  əдемі  болып  шығуы  сөздің  тізілуі  мен  əңгіме 
айтушының пікірлеуінде. Неғұрлым сəулет өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым үй де сəулетті əдемі 
болып шығатыны сияқты, неғұрлым жазушы қиялға бай, пікірге шебер болса, соғұрлым шығарған сөз 
пікірлі,  əсерлі,  əдемі  болып  шықпақ.  Жақсылап  үй  сала  білу  үшін  сəулет  өнерпазы  үй  салуға 
ұсталатын  заттардың  сыр-сипатын,  қасиетін  жақсы  білуге  тиіс,  олардың  тиісті  орнына  жұмсалуын 
жақсы білуі тиіс. Кірпіштің түрлі қалауларын жақсы біліп, белгілеген жобамен үйдің түрін келістіріп 
шығару жағын жақсы білуі тиіс. Мұның бəрін жақсы білу үшін сəулет өнерінің ғылымын жақсы білуі 
керек. Сондай-ақ тіліндегі сөзден құрастырып, қисынын келтіріп, жақсылап бір нəрсе шығару үшін 
сөз өнерінің ғылымын жақсы білуі керек» [2, 148-149]. Мұндағы ғалымның пайымдауында сөйлеудегі 
тіл  мен  интеллект  факторларының  бір-бірімен  өзара  тығыз  байланыстылығы  түсіндіріледі.  Сəулет 
өнерінде  бұйымның  сəнді  болмағы  кірпіштің  жақсылығына  ғана  байланысты  емес,  сəулетшінің 
интеллектуалдық  біліктілігіне  де  қатысты.  Сол  сияқты  шығарма  сөздің  (мəтіннің)  келісті  болуы 
интелектінің өмірлік білімі мен ақыл-ойы жəне сөйлеу заңдылықтарын жетік білуіне байланысты.  
«Сөз өнері» деп асылында нені айтамыз? Бір нəрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки 
көңіліміздің  күйін  сөз  арқылы  жақсылап  айта  білсек,  сол  «сөз  өнері»  болады.  Ішіңдегі  пікірді, 
қиялды, көңілдің күйін тəртіптеп, қисынын, қырын, кестесін келтіріп сөз арқылы тысқа шығару сөз 
шығару болады. «Шығарма» дегеніміз – осылай шығарған сөз», – дегенінде ғалым мəтінге тəн басты 
белгілердің бірі байласым жəне тұтасым мəселесін сөз қылып отыр. Мəтін ұғынылатын болса ғана, 
тұтасымға ие болады. Осы пікір А.Байтұрсынұлының мына бір пікірінде жалғасын тапты: «Айтушы 
ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып 
айту керек. Оның үшін айтушы сөйлейтін тілін жақсы қолдана білуі тиіс. Біз қазақ тіліндегі сөздердің 
бəрін  білгеніміз  қазақ  тілін  қолдана  білу  болып  табылмайды.  Тілді  қолдана  білу  деп  айтатын  ойға 
сəйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді жəне сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя 
білуді  айтамыз.  Қазақ  тілі  қазақ  ортасындағы  бəріне  бірдей  ортақ  мүлік  болғанмен,  бəрі  бірдей 
пайлаланбайды.  Əркім  əр  сөзді  өзінше  қолданады,  өзінше  тұтынады.  Əркім  пікірін  сөз  қылып 
шығарғанда  ана  тіліндегі  сөздердің  əрқайсысын  əртүрлі  қолданады.  Қысқасынан  айтқанда,  əркім 
сөзді  өз  қалауынша  алып,  өзі  оңтайынша  тұтынады,  бұл  сол  адамның  тілі  болады.  Сөздің  келісті 
болатын  заңдарын,  шарттарын  біліп  тізу  тіл  қисыны  деп  аталады»  [2,150].  Осылайша, 
А.Байтұрсынұлы  мəтінді  зерттеудің  лингвориторикалық  бағытын  сөз  өнері  ғылымының  шарттары 
тұрғысынан негіздеді. 
А.Байтұрсынұлының  еңбектерінде  мəтінге  тəн  белгілер:  тұтастық,  аяқталғандық,  бөлшектену, 
байланыстылық,  мақсаттылық  (прагматикалық)  шығарма  сөзге  қатысты  ой-пікірлерінен  анық 
көрінеді. Олай болса, А.Байтұрсынұлы – «мəтін теориясы» ғылымының да негізін салушы. 
 
Əдебиет: 
1.
  Тайлор Э.Б. Первобытная культура. – М., 1989. – 573 с.  
2.
  Ахмет Байтұрсынұлы. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. 
3.
  ХХ ғасыр мəдениетінің антропологиясы.– Алматы: Жазушы, 2005. 
 
 
 
64


Атабаева М.  
филол.,ғ.д., Абай атындағы  
ҚазҰПУ профессоры  
 
А.Байтұрсынұлы септік жалғауларының емлесі жайында 
 
Қазіргі  таңдағы  қоғамдық-экономикалық  өзгерістерге  байланысты  тіл  ғылымы  да  дамудың  жаңа 
бағытына  бет  бұрды.  Тіл  оның  иесі  –  адаммен  өзектестіріле  зерттеледі,  яғни,  басты  назар  тілдің 
коммуникативтік  қызметіне  аударылады.  Осыған  орай  антропоөзекті  парадигманың  ұстанымы 
бойынша,  тілдің  танымдық  қызметі  мен  коммуникативтік  қызметін  жан-жақты  терең  ашуға 
бағытталады.  Антропоөзекті  бағыттағы  зерттеулерде  адам  сөйлеуші,  өзіндік  əлемі,  өзіндік 
дүниетанымы бар саналы жан ретінде сипатталады. Тіл адамғатаным құралы, қарым-қатынас құралы 
ретінде қызмет етеді. 
Алаш  ардақтысы  –  Ахмет  Байтұрсынұлы  адам  баласын  қоршаған  ортаны  «жаратынды»  жəне 
«жасалынды»  нəрсе  деп  топтайды,  табиғатқа  тəн  дүниенің  бəрі  –  «жаратынды»,  адам  қолымен 
жасалғанның  бəрі–  «жасалынды»,  өйткені  оның  қалыптасуына  адамның  ақылы,  əдіс-амалы, 
шеберлігі, өнер күші кіріскен. Тіршілік үшін жұмсалатын өнер – «тірнек өнері» де көркемшілік үшін 
жасалатын  өнер–  «көрнек  өнері»,«...нəрсенің  жайын,  күйін,  түрін,  түсін,  ісін  сөзбен  келістіріп  айту 
өнері...«сөз өнері» болады. Өнердің ең алды – сөз өнері саналады».  «Сөз  өнері адам санасының үш 
негізіне  тіреледі:  ақылға,  қиялға,  көңілге.  Ақыл  ісі  –  аңдау,  яғни,  нəрселердің  жайын  ұғыну,  тану, 
ақылға  салып  ойлау,  қиял  ісі  –  меңзеу,  яғни,  ойдағы  нəрселерді  белгілі  нəрселердің  тұрпатына, 
бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау»[1,137-138]. 
«Сөз өнері» деп асылында нені айтамыз?» деген сұраққа «Сөз өнерінің ғылымы» еңбегінде жауап 
береді,сөз  өнері  іштегі  ойды  «тəртіптеп  қисынын,  қырын,  кестесін  келістіріп»  сөз  арқылы 
өрнектеу.Сөз  өнерінің  ғылымы  –  тіл  ғылымы,  тіл  ғылымы  «дыбыстардың,  сөздердің,  сөйлемдердің 
заңынан шығатын тіл өңінің жүйелерін танытады, ғылыми сөзөнерінен шыққан нəрселердің мазмұн 
жағының жүйелерін танытады» [1,148]. Осыған орай А.Байтұрсынұлы сөзді өнер деңгейінде қолдана 
білу  үшін  ең  қажеттісі  тіл  қисыны  санайды.  «Тіл  қисыны»  дегеніміз  –  асыл  сөздің  асыл  болатын 
заңдарын, шарттарын танытатын ғылым». «Сөздің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу – 
тіл  қисыны».Тілдің  қисынын  келістіріп  қолданудың  басты  ұстанымы  –  «сөз  талғау»  деп  есептейді. 
Шығармаға  таңдап  алынатын  сөз  мағынасына  қарай  үйлесімді,нақты,  өңді,  ұнамды  болуы  қажет, 
сондықтан сөз талғаудың да өзіндік шарттары көрсетіледі: 

  сөз дұрыстығы; 

  тіл тазалығы;  

  тіл (лұғат) анықтығы; 

  тіл дəлдігі.  
Тілдің қисынын келістіретін əр сөздің, əр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы айтылады. Бұл үшін, 
алдымен,  «сөздердің  тұлғасын  мағынасын  өзгертетін  түрлі  жалғау,  жұрнақ,  жалғаулық  сияқты 
нəрселерді  біліп,  əрқайсысын  өз  орнына  тұтыну;  екіншіден,  сөйлем  ішіндегі  сөзді  дұрыс  септеп, 
дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру; үшіншіден, сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс 
құрмаластырып, дұрыс орындастыру» [1,150-б.],– деп атап көрсеткен екен. 
Дүниенің  тілдік  бейнесі  тілдік  бірліктер  арқылы  жасалып,  тілдің  ұлттық  ерекшелігі  ретінде 
лексикада көрініс табады, оны адамның қатынас құралына айналдыратын – тіл табиғатын танытатын 
грамматикалық амал-тəсілдер, заңдар, шарттар. А.Байтұрсынұлы: «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын 
аңдағанынша,  қиялдың  меңзеуін  меңзегенінше,  көңілдің  түюін  түйгенінше  айтуға  жарау.Мұның 
бəріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама-қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам 
табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде көңілдің түйгенін түйген күйінде 
тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек» [1,141-б.], – деп, тілді қолдана білуге 
үлкен  мəн  бергені  белгілі.  Ғалымның  пайымдауынша,  тілді  қолдана  білу  –  айтатын  ойға  сəйкес 
келетін  сөздерді  таңдап  ала  білу  жəне  сол  сөздерді  сөйлем  ішінде  орын-орнына  дұрыстап  қоя 
білу»[1,149-150-б.].  
А.Байтұрсынұлы  «Қазақша  сөз  жазушыларға»  атты  еңбегінде  аталған  ойларын  таратып 
түсіндіреді.  Ғалымның  пайымдауынша,  тілді  қисынын  келтіріп  қолдану  емлеге  сүйенеді,  ал  емле 
тілдің  табиғатына  сай  болу  қажает.  «Емле  –  жазу  үшін  шығарылған  нəрсе,  жазу  –  тіл  үшін 
шығарылған нəрсе. Олай болса, тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек». 
Сөйтіп,тілдің  қисынын  келістіретін  əр  сөздің,  əр  сөйлемнің  білдіретін  мағынасының  көңілге 
қонымдылығы  оны  құрап  тұрған  сөздердің  тұлғалық  жəне  синтаксистік  жақтан  үйлесімді 
65


қолданылуы  екен.  А.  Байтұрсынұлы  оның  да  жолдарын  көрсеткен,  ол  –  «сөздердің  тұлғасын 
мағынасын  өзгертетін  түрлі  жалғау,  жұрнақ,  жалғаулық  сияқты  нəрселерді  біліп,  əрқайсысын  өз 
орнына  тұтыну».  Бұл  тұжырым  сөйлемде  сөздердің  арасындағы  алуан  түрлі  синтаксистік 
қатынастарды  көрсетіп,  өзі  жалғанған  сөзге  əртүрлі  грамматикалық  мағына  үстеп,сөз  бен  сөзді 
байланыстыруда  үлкен  орын  алатын  затесімнің  парадигмалық  түрлену  жүйесінің  бірі  –  септік 
жалғауларына көбірек қатысты болатыны белгілі. 
С.Исаев  септік  жалғауларының  мəнін  ашатындай  тұжырымды  бір  анықтама  беру  қиын  екенін 
ескертеді, өйткені септік жалғаулары зат пен қимыл, зат пен зат, зат пен сын арасындағы субъекті-
предикаттық,тура  жəне  жанама  объктілік,  меншіктілік,  мекендік-мезгілдік,көлемдік,  амалдық-
құралдық  тəрізді  алуан  түрлі  қатынастарды  жүзеге  асырады.  Бұл  қатынастарды  кейде  өзі  тікелей 
ұйымдастырса,  кейде  тəуелдік  жалғауы,  жіктік  жалғауымен  байланысып  барып  атқарады.  Осы 
қызметтеріне орай С.Исаев қазақ тілі грамматикаларында септік жалғауына берілген анықтамаларды 
сараптай  келе  былайша  түйіндейді:  «Септік  жалғауларына  (категориясына)  зат  пен  оның  іс-əрекеті 
(қимылы),  я  зат  пен  заттың  (сынның)  арасындағы  субъектілік,  объектілік,  меншіктілік-қатыстық, 
мекендік-мезгілдік,  көлемдік,  амалдық-құралдық,  себеп-мақсаттық  сияқты  қатынастарды  білдіріп, 
заттықмəн үстеп тұратын түрлену тұлғасы деген анықтама беруге болады. Септік жалғау жүйесінің 
басқа  жалғаулардан  күрделілігі  де  осында»  [2,120-121].Белгілі  ұлттық  ұжымда  қалыптасқан  тілді 
тұтынушының  санасындағы  грамматикалық  құрылымнан  əр  тілдің  өзіндік  ерекшелігі,  ұлттық 
дүниетанымы  көрінеді,сондықтан  əлемнің  тілдік  бейнесін  жасауда  грамматикалық  категориялар 
маңызды  болады.Осындай  ерекшелігі  мол  категория  қатарына  септік  категориясы  жатқызылады. 
Септік  қатегориясы  болмыстағы  нысандардың  арақатынасы  туралы  білімдерге  негізделеді,  өйткені 
септік  категориясы  адамның  қарым-қатынас  барысындағы  түрлі  қатынастарды  зерделеп  құруы 
нəтижесінде  пайда  болады.  О.Жұбаеваның  пайымдауынша,  септік  категориясының  мазмұны  тілдік 
қатынастардың  қалай  пайда  болғанын  білдіріп,  ғалам  туралы  білімді,  олардың  тілде  қалай  көрініс 
тапқанын,  морфологиялық  септік  категориясында  тоғысатын  грамматикалық  мағыналар  мен 
көрсеткіштерді  қамту,  морфологиялық  жолмен  берілетін  қатынас  туралы  энциклопедиялық 
білімдердің тілде қалай кодталатынын көрсету [3, 258-259]. 
Сөздердің  синтетикалық  байланысу  тəсілдерінде  септік  жалғауларының  рөлі  басқа  жалғау 
түрлеріне  қарағанда  күрделірек.  Септік  жалғаулары  жалғанған  сөздер  өздері  тіркесетін  сөздермен, 
біріншіден, сабақтаса байланысса, екіншіден, солбайланыстың нəтижесінде қосымша грамматикалық 
мағынаға  ие  болады.  Септік  жалғаулары  сөз  бен  сөзді  байланыстырумен  қатар,  түрлі-түрлі 
синтаксистік  қатынастарды  да  білдіреді.  Мағыналық  қатынастар  тек  жалғау  жалғанған  сөздердің 
лексикалық мағынасының əртүрлі болуынан ғана тумайды, тұтас сөз тіркесінің қарым-қатынасынан 
пайда  болады.  Оны  мына  мəтіндегі  байланыстардың  мағыналық  қатынастарынан  көруге 
болады:Күндізгі  алау  аптаптың  лебі  кешке  қарай  қапырықтанып,  күн  де  батып  бара  жатты.  Күн 
батар сол сəтте Мойынқұм атырабының үстіндегі биікте бір топ аққұйрық қарақұсұшып жүреді. 
Ептеп  мұнар  тұтқан  бұлтсыз  ашық  аспанның  қоңыр  салқын  құшағында  əлгі  қарақұстар 
еріккеннен  жай  қалықтап,  рахаттана  ұша  береді.  Мына  жер  мен  мына  аспанның  мызғымас 
мəңгілік пішінінбейнелегісі келгендей, бірінің соңынан бірі тізіліп, бір бағытта шеңберлене ұшады. 
Қарақұстардыбыс  шығармай,  қанаттарының  астындағы  жер  бетінде  не  болып  жатқанын  міз 
бақпай  бақылайды.  Осы  бір  паң-сері  жыртқыш  құстар  тек  көздерінің  өткірлігінен  де  баябан 
даланың аспанынмекендейді. Күнəһар жердің бетінде олар тек қу тамақ үшін, тек түнемел үшін 
ғана қонақтайды, көбінесе көк жүзіндеұшып жүреді (Ш. Айтматов).  
Мұнда: 
  предикаттық қатынас атау септігі мен жіктік жалғауының; 
  меншіктік қатынас ілік септігі мен тəуелдік жалғауының; 
  толықтауыштық  қатынас  табыс  септігі  мен  заттық  мағынадағыбарыс,  жатыс,  шығыс, 
көмектес септіктерінің; 
  пысықтауыштық қатынас көлемдік мағынадағы барыс, жатыс,шығыс, көмектес септіктерінің 
байланысы арқылы жасалады. 
Сөз  тіркестерінің  синтетикалық  байланысу  тəсілдерінде  атау  септіктен  басқа  септік 
жалғауларының  ерекше  қызмет  атқаратыны  белгілі.Септік  жалғаулары  сөз  бен  сөздің  арасында 
сабақтастық  байланыс  тудырумен  қатар,  сол  сөздер  байланысының  нəтижесінде  грамматикалық 
қосымша  мағынаны  да  байқатады.  Синтетикалық  байланыс  тəсілінің  мұндай  түрлерін  тіл  білімінде 
матасу, меңгеру деп атау қалыптасқан.  
Адам  коммуникативті  мақсат  үшін  тілдік  құралдарды  пайдаланады,  өйткені  тілдік  қатынас 
қоғамдық  құбылыстарды,  заттарды,  қоршаған  ортаны  мүмкіндігінше  тілдік  бірліктердің  көмегі 
66


арқылы  беруге  тырысады.  Сондықтан  сөйлеу  əрекетінде  тілдік  бірліктер  қатысымдық  бірліктерге 
айналып,  сыртқы  орта  жайлы  ақпаратты  мазмұнына  жинақтайды  «Қазақ  тіліндегі  сөздердің 
морфологиялық  құрылымы,  олардың  сөз  тудыру  жəне  грамматикалық  форма  тудыру  тəсілдері  мен 
жүйелері  мыңдаған  жылдар  бойына  сол  тілде  сөйлеуші  халықтың  өзара  сөйлеу  үдерісінде 
қалыптасқан.  Əр  тілдің  грамматикалық  құбылыстарының  қалыптасқан  жүйелі  тəртібі  –  азғана 
жылдың  жемісі  емес,  ол  –  сол  тілде  сөйлейтін  халықтың  өмір  тарихымен  байланысты  мыңдаған 
жылдың  жемісі.  Тілдің  грамматикалық  құбылыстары  ұдайы  бір  қалыпта  тұра  бермейді,  олар  өзінің 
даму  процесінде  өзгеріп,  сұрыптала  түседі»  [4,146-147],–  дей  келе,  Ы.  Маманов  тілдің 
морфологиялық құрылымының маңызын анықтаумен қатар, қазақ тілінде түбір сөздер мен сол сөздің 
грамматикалық  формаларының  ара-жігін,  шегін  дұрыс  ажыратуға  бөгет  болып  жүрген  нəрсе  – 
қосымшалардың  грамматикалық  қызметінеқарай  дұрыс  топтастырылмауында  екенін  ескертеді. 
Грамматиканың  осы  аса  күрделі  мəселесіне  қатысты  ой-пікірлерді  саралай  келе:  «...Мұндай  пікір 
алалығын  жою  үшін  түркі  тілдерін  зерттеуші  авторлардың  алдында  тұрған  басты  міндет  – 
морфологияға  қатысты  ең  маңызды  екі  мəселенің  басын  ашып  алу  қажет сияқты.  Оның біріншісі – 
қазақ  тіліндегі  қосымшаларды  орыс  тілінің  үлгісімен  сөз  түрлендіруші  (словоизменение),  сөз 
тудырушы (словобразование) жəне форма тудырушы (формообразование) деп үшке бөліп қарастыру 
керек пе, жоқ əлде оларды жаңа мағыналы сөз тудыру жəне сөздің грамматикалық формасын тудыру 
қызметіне  сəйкес  сөз  тудырушы  жəне  форма  тудырушы  деп  екі  топқа  бөліп  қарастыру  керек  пе? 
Қазақ  тілінің  материалы  екінші  принципті  қуаттайды.  Сөйлемде  грамматикалық  формалармен 
түрленетін толық мағыналы атауыш сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) тек қана екі түрде: не 
түбір сөз түрінде, не қосымша жалғанған формада қолданылады. Былайша айтқанда, қазақ тіліндегі 
қосымша жалғанған сөздер не тілдің сөздік құрамына енетін туынды түбір сөз (лексикалық бүтін), не 
белгілі бір сөз табына тəн грамматикалық форма болып қалыптасады», – дейді [4,148].  
Сөйтіп,  форма  тудыратын  қосымшалардың  белгілі  бір  жиынтығы  парадигмалық  түрлену 
жүйесінің  сыртқы  көрінісі  мен  соған  сəйкес  ішкі  мазмұн  жағынан  грамматикалық  мағына  білдіруі 
арқылы  грамматикалық  категория  құрайды,  енді  бір  тобы  бөлігі  бір  сөз  табының  өз  ішінде 
семантикалық  топтарын  жасайды.  Қосымшалардың  бұл  негізгі  мəні  мен  грамматикалық  сипаты 
грамматикаларда  форма  тудырушы  (немесе  сөз  түрлендіруші)  жұрнақтар  жəне  жалғаулар  деп 
аталып  жүрген  қосымша  түріне  тəн  болып  келеді.  Форма  тудырушы  жұрнақтар  мен  жалғаулардың 
грамматикалық  мағына  білдіруі  мен  сөз  түрлендіру  қасиеті  жағынан  айырмашылығы  жоқ  болып 
есептеледі,  алайда  жалғаулардың  сөзге  жалғану  өрісі  кең  жəне  басқа  форма  тудыратын 
қосымшалардан синтаксистік қызметі  жағынан  үлкен  айырмашылығы бар,жалғаулар  сөйлем  ішінде 
сөз  бен  сөзді  байланыстырып,  сөзге  үстейтін  грамматикалық  мағыналары  сол  байланысқан  сөздер 
арасындағы  қатынастар негізінде  айқындалып  отырады.  Мұндай  қызметтік  қасиеттер  жалғаулардан 
басқа  форма  тудыратын  қосымшаларға  тəн  емес.  Сол  себепті  Ы.Маманов  жалғауларды  форма 
тудыратын  қосымшалар  қатарына  қосқанымен,  олардың  синтаксистік-қатысымдық  қызметінің 
маңыздылығына қарай, жалғаулар деп бөліп атайды [4,146-148]. 
С.Исаев  қосымшалардың  сөздерді  байланыстыра  отырып,  үстейтін  мағыналары  мен  олардан 
туындайтын  қызметіне  қарай  жіктемесін  жасаған.  Бұл  жіктемеде  форма  тудырушы  қосымшаларды, 
алдымен,  жұрнақтар  жəне  жалғаулар  деп,  жалғауларды:  субстантивтік,  субстантивтік-
адвербиалдық  жəне  предикаттық  деп  бөледі.  Субстантивтік  жалғаулар  тек  заттық  мағынамен 
байланысты  болады  жəне  өзге  сөз  таптарын  заттандыру  қасиетіне  ие.  Сол  себепті  С.  Исаев 
субстантивтік  жалғаулар  қатарына  тəуелдік  жалғау  мен  грамматикалық  септіктерді  жатқызады. 
Субстантивтік-адвербиалдық  жалғаулар  заттық  мағынаға  қоса  үстеулік  мағына  жасайды,  яғни, 
үстеу  тудырады  жəне  үстеудің  қызметін  атқарады.  Бұл  топқа  көлемдік  септіктер:  барыс, 
жатыс,шығыс септіктері енеді [5, 230]. 
 Дəл  осылайша  синтетикалық  байланысқа  түсетін,  сөз  тіркестеріндегі  діңгек  компонент  болып 
табылатын  кез  келген  сөз  өзге  сөздердің  онымен  байланысқа  түсу  дəрежесіне  байланысты  өзіндік 
семантикалық  ерекшелікке  ие  болады.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  септік  жалғау  жүйесі  көне  түркі 
тіліндегі  жəне  қазіргі  түркі  тілдеріндегі  септік  жалғау  жүйесімен  сəйкес  келуі  заңды  құбылыс 
саналады,  өйткені  олардың  төркіні,  қалыптасу  кезеңдері,  сипаты  ортақ  болып  келеді,  сондықтан 
қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде атау, ілік, барыс,табыс, жатыс, шығыс септік жалғауларының 
сыртқы  тұлғалары  да,  мағыналары  да,  қызметтері  де  негізінен  ұқсас.  С.Исаев  оны  қазақ  тіліндегі 
септік жалғау жүйесінің өте ерте кезде қалыптасып, сөз түрлендіру, парадигмалық сипаты,тұлғалық 
түрлері,  əрқайсысының  мағыналық  шеңбері,  сөйлемде  атқаратын  қызметі  мен  сөздер  арасындағы 
грамматикалық  қатынастары  тұрақталып,  кейін  жекелеген  түркі  тілдерінде  үлкен  өзгеріске  түспей 
67


енгендігін байқатады деп есептейді. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі көмектес 
септігі болып табылады [5, 92]. 
Сөйтіп,  түркі  тілдерінде  септік  жалғауларын  грамматикалық  жəне  көлемдік  септіктер  деп  екіге 
бөлуге болатын негіз: олардың білдіретін мағынасы, атқаратын қызметі, шығу, даму тарихымен бірге 
септік  тұлғаларының  сөздерді  бір-бірімен  байланыстырып,  сөз  тіркесінің  типін  құрау  мəнінің 
ерекшелігінен  де  көрінеді.Э.В.Севортян  түркі  тілдерінде  септіктер  грамматикалық  жəне  көлемдік 
септіктерге шартты түрде бөлінетінін ескертеді, бұлай бөлуден бас тартуға да болады деп есептейді. 
Бұл екі топқа бөлінетін септік жалғаулары кейде барыс-бағыттық болса да, əрі грамматикалық, əрі 
көлемдік  септік  қатарында  жүрсе  де,  өзіндік  ерекшеліктері  бары  байқалады.  Бұл  –  оларды 
грамматикалық  жəне  көлемдік  септік  деп  екіге  бөлудің  ғылыми  негізі  барын  білдіреді  деп 
тұжырымдайды [6, 45]. 
Грамматикалықсептіктерге  атау,  ілік,  табыс  септіктері,  көлемдіксептіктерге:  барыс,  жатыс, 
шығыс септіктері жатқызылады. Грамматикалық септіктер заттық мағынамен байланысты болып, бір 
ғана қызмет атқарса, көлемдік септіктер екі түрлі мəнде: заттық жəне адвербиалдық мəнде, екі түрлі 
қызмет  атқарады;  бірде  зат  есімнің  грамматикалық  көрсеткіші  болып,  жанама  объектіні  білдірсе, 
бірде  өзі  жалғанған  сөзге  бағыттық,  мекендік,  мезгілдік  мағына  қосып,  пысықтауыш  қызметін 
атқарады,  осындай  қызмет  оларды  «көлемдік  септіктер»  деп  бөліп  атауға  негіз  болады.С.Исаев 
септіктерді  бұлайша  бөлу  кейбір  түркологтардың  еңбектерінде  орын  алғанымен,  қазақ  тілі 
морфологиясы бойынша зерттеулерде жалғасын таппағандығын көрсетеді [5, 96-97].  
Э.В.Севортян  септік  жүйесіндегі  бұл  ерекшеліктермен  қатар,  көне  түркі,  көне  ұйғыр,  көне  жəне 
жаңа  өзбек  ұйғыр  тілдерінде  көлемдік  септік  тұлғаларының  есімдік  сөз  табында  грамматикалық 
септік  тұлғаларының  үстіне  жалғанатынын  көрсете  келе,  осы  аталған  тілдер  үшін  грамматикалық 
септік  тұлғаларының  қалыптасуы  –  алғашқы,  көлемдік  септіктердің  одан кейінгі  құбылыс  екендігін 
айтады [6, 50].  
Бұны  қазақ  тіліндегі  өзіндік  үлкен  ерекшелігі  бар  көмектес  септігінің  қалыптасу  жолы  арқылы 
түсінуге  болады.  Басқа  түркі  тілдерінде  көмектес  септігінің  мағынасы  көбіне  септеулік  шылау 
арқылы  беріледі.  Қазақ  тіліндегі  көмектес  септік  тұлғасы:  -мен,бен,  пен  септеулік  шылаудан 
қалыптасқан:  бірлəн,  білəн>бінəн,  мінəн,  бынан>  -мынан,  -менен,  -пенен>  -мен,  -бен,  -пен[5,  96-
97].С.  Исаевтың  пайымдауынша,  «сыртқы  тұлғасы  жағынан  бұл  мен,  бен,  пен  жалғаулық 
шылауларына ұқсас болғанымен, одан жасалмаған. Жалғаулықшылау мен септеулік шылау төркіндес 
болып, бір сөзден тарап, бөлек-бөлек қалыптасып, дамуы мүмкін.  
Көмектессептік  жалғауы  кейін  қалыптасып,  септік  жалғау  жүйесіне  кеш  енді.  Оның  бұл 
ерекшелігін  көмектес  септік  жалғауының  сырт  тұлғасы  да  аңғартады:  біріншіден,  сингармонизм 
заңына  бағынбайды, жалғаулардың жуан  буынды  нұсқасы жоқ,  екіншіден,  дыбыс  үндестігіне қарай 
нұсқалануы  да  ерекше...  Көмектес  септіктің  осындай  ерекшеліктері  жіктеу,  сілтеу  есімдіктерінің 
септелуінен де көрінеді; көмектес септігі тікелей түбірге жалғанбайды: мен + і+ мен, сен+і+мен т.б. 
Бұл жердегі түбір мен көмектес жалғауының арасындағы -ны, -ні тұлғасы ілік септік сөздің түбіріне 
ғана емес, ілік септік тұлғасына жалғанған болу керек деген тұжырым тудырады» [5, 92-93]. 
 Бұл  тұжырымнан  септік  жалғауларының  қалыптасу  үдерісі  тарихының  көріністері  аңғарылады. 
Грамматиканың  заңы  бойынша,  сөз  түрлендіруші  қызмет  атқаратын  қосымшалар  сөзге  бір  рет 
жалғанады,  бірінің  үстіне  бірі  жалғанбайды,  бұл  олардың  сөйлемдегі  атқаратын  қызметіне 
байланысты,  грамматикалық  мағына  түрленгенімен,  негізгі  қатысымдық  мағына  шешуші  рөл 
атқарады.  Мысалы:  Бөгенбай  батырдың  қанталаған  дөңгелек  көзінен  от  шашырағандай  жалт-
жұлт  етеді.  Əйтсе  де  баптап-таптап  сөйлеген  сөзі  мен  ажар-əлпетінен  аса  сабырлы-
салмақтылық 
аңғарылады.Ұзақтың 
əңгімесі 
аяқталысымен 
жұрт 
гуілдесіп 
кетті. 
Айтқаныңныңбəрі  дұрыс.  Екеуінің  аузынан  шыққан  сөзді  Жүсіп  қағып  алып,  ерсілі-қарсылы 
аударып  тұр  (Қ.  Жұмаділов).  Мұндағы  бірінші  сөйлемде  шығыс  септігі  жеке  сөйлем  мүшесі  бола 
алмайды,  ол  тұрақты  тіркес  құрамында  тұр,  ал  екінші  сөйлемде  адамға  тəн  «салмақтылықтың» 
нысанын көрсетіп, жанама толықтауышжасап тұр.  
Бұдан  қазақ  тіліндегі  көмектес  септік  жалғауынан  басқа  септіктердің  қатысым  əрекеті  қажетіне 
орай  функционалдық  қызметтерінің  сараланғаны,  ал  көмектес  септігінің  қалыптасу  үдерісінде 
екендігі  байқалады.  Түркі  тілдерімен  шығу  тегі  бір  бола  тұра,  қазақ  тілі  септік  жалғаулары 
қалыптасуындағы  бұл  ерекшеліктер  қазақ  тілінің  өзіндік  табиғатын  танытатын  фактор  саналады. 
Көмектес  септігі  көлемдік  септіктерге  қызметі  жағынан  ұқсас  болғанымен,  синтаксистік  мағынасы 
жағынан ерекшеленеді, соған орай ол құралдық септік аталады. 
Қазақ тілінің септелу жүйесі: жай септеу жəне тəуелді септеу болып бөлініп, оның септелудегі 
ерекшеліктері айқындалып, емлесі қалыптасып нормаға түскені де белгілі. Септелу жүйесінде қазақ 
68


тілінің  табиғатына  қайшы  келер  жайт  байқалмаған.  Мысалы,  жіктеу  есімдіктерінің  септелуі  (мен, 
ме+нің,  маған,  ме+ні,  менде,ме+нен,  мен+і+мен),  тəуелді  септеудегі  өзгерістердің  (добым, 
добым+ның, добым+а, добым+ды, добым+нан, добым+мен; добың+а, добы+на, добы+нт.б.) себебі 
тарихи-семантикалық  тұрғыдан  түсіндіріліп  келеді.  Септік  жалғауларының  тіл  иесі  үшін  үйлесімді, 
əуезді  болуының  себебі  оның  қазақ  тілінің  табиғатына  сəйкестендіріле  емлеге  түсірілгенінен.  Оған 
А.Байтұрсынұлы мұраларын қайта-қайта зерделеу арқылы көз жеткізуге болады.  
А.Байтұрсынұлының септік жалғауларының емлесі турасында: «Қазақтың тілі «өзгерген тіл» деп 
айтуға  жол  жоқ  болса,  емлесін  де  «қисық»  деп  айтуға  жол  жоқ:  қазақта  тілінің  табиғатына  хилаф 
келетін емле жоқ»,– деп, сөзге барыс жəне жатыс, шығыс септіктерінің жалғану ерекшелігі туралы 
төмендегіше тұжырымдайды: 
біріншіден,«малдай»,  «малда» деп жазған соң  «малыдай»,  «малыда» деп жазсақ болмай ма деген 
сықылды...  Сөздің  ұшығы  бірде  дауысты  дыбысқа  тіркеледі,  бірінде  дауыссыз  дыбысқа  тіркеледі. 
Дауысты,  дауыссыз  дыбыстың  ауанына  қарай  сөздің  ұшығы  да  өзгереді.  Қазақ  бұл  екі  орнын  да 
айырады. Тілдің табиғатынан қарағанда, қазақтың солай істеуі дұрыс: «мал»– «малдай» дегенде «н» 
жоқ; «малды»– «малындай» дегенде неге «н» қосылады? Əрине, «малы» деген сөздің аяғы дауысты 
дыбыс  болғандықтан  қосылып  тұр.  «Малы»  дегеннен  шыққан  ұшықтарды  «мал»  дегеннен  шыққан 
ұшықтармен  бірдей  істеу  керек»,–  десек,  тіл  табиғатына  дұрыс  келе  ме?  Сондай-ақ  «бала»,  «ана», 
«ата»,  «мал»,  «нан»,  «ат»  деген  сөздердің  бəріне  де  «-лар»  бірдей  болу  керек»  деген  емес.  Қазақта 
жазу-сызу  болмаған  соң жалғыз-ақ  табиғаттың  законына ерген,  сондықтан  тілі  азбаған»,–  дей  келе, 
көптік  жалғауының  -лар,  -дар  нұсқаларының  қолданысын  салыстырады:  «малдар»  мен  «маллар». 
«Малдар»  дегенде  тілде  кідіріс  жоқ,  тек  жеңіл  өте  шығады,  «маллар»  дегенде,  «тертеге  оралған 
шыбыртқыдай тілімізді қайтып алуымыз қиын», өйткені қос дауыссыз тіл таңдайдың алдына тіреліп, 
ауыз  қуысын  бітеп  тастайды.  «Қамаудағы  дыбыс  пен  ашықтағы  дыбыс  екеуі  бірдей 
болмайды.Ашықтағы  дыбыс  ашық,  көркем  шығады,қамаудағы  дыбыс  ажарсыз  шығады»[7,91-94],– 
деп, тіл əуезділігі дыбыстың артикуляциясы мен акустикасында екеніне назар аудартады; 
екіншіден,қазақ  тілінің  табиғаты  бойынша  тəуелді  септеудің  үшінші  жағына  барыс  жəне  шығыс 
септіктерінің  жалғануы  туралы  дəлелдерінде  А.Байтұрсынұлы:  «Табиғатына  қарамай,  жолға  түсіру 
керек болса: «атасына» демей,  «атасыға» деп жазу керек,  «атасынан» демей,  «атасындан» деп жазу 
керек.  «Атасыға»  деп  жазған  таталарды  көрмеген  соң  біз  де  «атасынан»  деп  жазып  жүрміз. 
...Татарлар  неге  «атасыға»,  «атасыдан»,  «атасыдай»  деп  жазбай,  «атасына»,  «атасындан», 
«атасындай» деп жазады? Атасыға– атасыдан– атасыдай деп жазса, түсінбес пе? Əрине, түсінеді, 
бірақ  солай  жазбайды.  Олай  жазса,  татарша  болмайды.  Қазақ  та  солай:-ның,-ны,-лар,-лық,-лы 
орынсыз жерде келсе, ол сөз қазақша болмайды; жөнге тілдің өзі табиғатытартуынша əрқайсысын өз 
орнына  қойған»[7,94-95],  –  деп,  тəуелді  септеудегі  барыс  септігінің  қалай  жалғануы  керектігін 
көрсеткен.  
1)
  атасы – атасыға – атасы+на 
 
аты – атыға – аты+на 
 
қолы– қолыға – қолы+на 
2)
  атасы – атасындан – атасы+нан 
 
аты – атындан – аты+нан 
 
қолы – қолындан – қолы+нан 
Мұндағы үшінші қатар тіл «табиғаты қалауынша» қазақ тілінің заңдылығы екені анық, сонымен 
қатар  тіл  «табиғаты  тартуынша»  ол  берік  байланыс  саналатын  матасуды  құрайды,дыбыс  үндестігі 
жалаң емес, тəуелдік жалғауының үшінші жағы (-ы/сы)білдіретін меншік мағынасы да бар, ол заттың 
үшінші жақтағы субъектіге қатысын танытады.Ал қазіргі кезде «қазақша болмайтын», тіл табиғатын 
түсінетін  жандардыңқұлағына  түрпідей  тиетін,  жас  ұрпақтың  тілін  бүлдіретін,  əсіресе  жасанды 
акцент  жасап  «сəн»  қуып  жүргендерді  мүлдем  жатқылатын,  қалыптасқан  норманы  бұзушылық 
байқалады: 
біріншісі–  жоғарыда  аталған  барыс,  жатыс,  шығыс  септіктерінің  қолданысы:  Елбасы+ға  хат 
жолдады.  Бірнеше  отбасы+ға  көмек  берілді.Асуман  ханым  бүгін  Рашидтің  шарапханасы+на  əн 
салады («Гүллі ханым»). Отбасы+да ойдың ала-құлалығы шығып қалмай ма? 
екіншісі 
–көмектес 
септігінің 
қолданысы: 
Стоматологтер 
ассоциациясы+мен 
ұсынылған.Президенттің теле-радио кешені+мен əзірленген(Тележарнама). 
үшіншісі  –  шығыс  септігінің  қолданысы:  Ашуыңды  мен+нен  алдың  («Жүрек  жарған»). 
Сен+ненұят болды («Көңіл күй»). 
төртіншісі - көмектес септігінің қолданысы: Мен+і+мен ересің («Жаужүрек мың бала»).  
Бұлардың бəрі де БАҚ құралдарынан алынған. 
69


Тілдегі  əлембейнесі  адамның  сезім  мүшелері  қабылдайтын  санасы  арқылы  түйсініп,  ақпаратты 
өңдеу  нəтижесінде  түзіледі.  Тіл  –  ақиқат  болмыстың  бейнесі,  адамның  əлем  туралы  білімінің 
қалыптасу,  өмір  сүру  формасы.  Əлем  бейнесі  –  адам  дүниетанымының  басты  элементі,  шынайы 
болмыс  туралы  адамның  түсінігі[3,18-19],  одан  əлемнің  ұлттық  бейнесі  түзіледі.  Тіл  –  сол  ұлттық 
бейне көрінісі.Тіл иесі қоғаммен бірге азды-көпті өзгеріске ұшырайды, көп жағдайда ол «тіл табиғаты 
қалауынша», белгілі заңдылықтар бойынша жүзеге асады. Ол – ықшамдау құбылысы екені белгілі. 
Осы  құбылыстың  бір  ғана  көрінісі  –  барады  ма?  болады  ма?  келеді  ме?  т.с.с.  Шаштарыңыз 
түседі  ме?  Олар  үйге  келіпті  ме?Қазіргі  кезде  бұл  жаппай  қолданысқа  айналып  барады  деуге 
болады.  Ықшамдау  құбылысының  мақсаты  –  тіл  əуезділігі,  тілді  қисынына  келтіріп  жұмсау. 
Жоғарыда  келтірілген  мысалдар  актив  қабатқа  жатады,  жастар  күніне  неше  рет  естіп,  қолданылып 
жүр.А.Байтұрсынұлы:  «Адам  ана  тілін  жасынан  естуінше  үлкендерден  үйренеді.  Сонан  соң  тіл 
танытқыш кітаптардан оқиды. Онан əрі үлгілі жазушылардың шығарған сөздерін оқып, өзі іс жүзінде 
иə  ауызша  айтып,  иə  жазып  қолданумен  біледі.Біздің  қазақ  тіліндегі  сөздің  бəрін  білгеніміз  қазақ 
тілін қолдана білу болып табылмайды», – демекші, қазіргі ұрпақ кімнен үйреніп, тіл иесі болар екен? 
А.Байтұрсынұлы  сынды  ұлт  жанашырының:  «Тілдің  өзінің  қойған  орнынан  басқа  орынға  қойса, 
онда ол қойғанымыз ол тілше болмайды. Ол тілше болмаған соң оның түбі тілді бұзу, өзгерту болады. 
Қазақ тілін өзгертіп, татар тіліне қосу болса, онда солай деп ашып айтарға керек. Емлесін қата десек, 
тастап бізге келер деген ой қата: ол – «жақсы мен жаманды, қисық пен түзудіайырарлық қазақта көз 
жоқ» дегендік болады», – деген сөзі бүгін қазақ аспанында жаңғырып тұрған тəрізді.  
 
Əдебиет:  
1.
  Байтұрсынов А. Шығармалары: өлеңдер, аудармалар, зерттеулер.- Алматы:Жазушы, 1989.-320 б. 
2.
  Исаев С. Қазіргі қазақ тілі. - Алматы: Өнер, 2007.- 336 б. 
3.
  Жұбаева О. Қазақ тілінің когнитивті грамматикасы.-Алматы: Қазығұрт, 2014.-392 б. 
4.
  Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мəселелері.- Алматы: Арыс, 2007.- 488 б. 
5.
  Исаев С. Қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық сипаты.- Алматы: Рауан, 1998. - 304 б. 
6.
  Севортян Э.В. Фонетика турецкого литературного языка.-М.: Наука, 1955.-38 с. 
7.
  Алаштың тілдік мұрасы.-Алматы, 2009.- 15-96-б. 
 
 
Құрманбайұлы Ш. 
ҚР ҰҒА корр. мүшесі,  
филол.ғ.д., профессор 
 
Ахмет Байтұрсынұлының аудармаларындағы балама сөздер  
(«Қырық мысал» негізінде) 
 
Ахаң туралы: «Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туған тілдің, туған мəдениеттің басында 
тұрды.  Туған  тілдің  əдеби  нормасын  жасады.  Бірде-бір  бөгде  тілдің  сөзін  қоспай,  бірде-бір  цитата 
келтірмей,  таза,  мөлдір  тілмен  өзі  тапқан  қисынды  баламалармен  «Əдебиет  танытқышты»  жазып 
шықты»  –  деп,  Ахаң  туған  топырақта  дүниеге  келген  қазақтың  көрнекті  ақыны  Сырбай  Мəуленов 
жазғанындай, оның қаламынан туындаған шығармаларының қай-қайсынан да қас зергердің қолынан 
шыққан  əсем  бұйымдай  мінсіз,  қисынды  баламалар  молынан  табылады.  Тіл,  əдебиет  зерттеушілері 
Ахаң жасаған атауларды сала-салаға жіктеп, ол жөнінде айтып та, жазып та жүр. Оның сөз тудыру 
шеберлігі мен қазақтың сөзжасам, терминжасам саласының дамуына қосқан үлесі, тəжірибесі туралы 
арнаулы  зерттеу  еңбектері  де  жазылды.  Соған  қарамастан,  Ахаңның  шығармашылығына  үңілген 
сайын оның қаламынан туындаған өз заманының жаңа атаулары мен қолданыстары əлі табыла береді. 
Осының  өзі  біздің  тіл  мамандарының,  Ахмет  Байтұрсынұлының  шығармашылығын  зерттеуші 
ахметтанушылардың  алдында  əлі  де  ғалым  мұрасын  жан-жақты  əрі  терең  зерделей  түсу  міндеті 
тұрғанын аңғартады.  
Ұлт  ұстазының  соңына  қалдырған  мұраларының  елеулі  бөлігі  – оның көркем  аудармалары.  Осы 
аудармаларында  да  кестелі  сөз  өрнегі,  Ахаңа ғана  тəн  айшықты  қолданыстар  мен  ұлт  ұғымына  сай 
жасалған ұтымды баламалар бар. Тіл ғұламасының, сөз жасау шеберінің қаламынан жаралған ондай 
қолданыстарды, ол түрлеген əр сөзді елеусіз қалдыруға болмайды.  
Алаш  ардақтысы  Ахмет  Байтұрсынұлы  аударған  И.А.Крыловтың  мысал  өлеңдерінің  бір  тобы 
«Қырық мысал» деген атпен жеке кітап болып жариялануы алаш жұртының рухани өміріне серпіліс 
берген елеулі оқиға болғаны көпшілікке аян. Көркемдік деңгейі жоғары, тағылымдық мəні зор, ХХ 
ғасыр басындағы əдебиетімізден жеткен шоқтығы биік мұраларымыздың бірі – «Қырық мысал» көп 
70


жыл  қапаста  жатқаннан  кейін  халқына  қайта  оралып,  құнын  жоймаған  қалпында  бүгінгі  қазақ 
қауымының рухани қажетін өтеп жатыр. Біз төменде осы «Қырық мысалдағы» Ахаң туындатқан сол 
кезеңнің жаңа сөздері мен аударма авторының айрықша қолданыстары жөнінде сөз қоғамақпыз. Ал 
ол  аударған  А.С.Пушкиннің  «Балықшы  мен  балық»,  «Алтын  əтеш»,  «Ат»,  «Данышпан  Аликтің 
ажалы»  шығармалары  мен  И.И.  Хемницердің  «Ат  пен  есек»,  орыс  ақыны  С.Я.  Надсон  өлеңдері  – 
келесі  əңгіменің  арқауы.  Сондай-ақ  ғалымның  Т.Шонанұлымен  бірлесіп  жазған  «Оқу  құралында» 
(1927) да авторлары көрсетілмеген бірқатар аудармалар бар. Олардың арасында да «Оқу құралының» 
авторларына  тиесілі  аударма  мəтіндер  болуы  мүмкін.  Бұл  да  –  анықтауды,  арнайы  зерттеуді  қажет 
ететін мəселенің бірі.  
«Қырық мысалға» келер болсақ, Ахаң тəржімелеу барысында өз тарапынан орыс мысалшысының 
өлеңіндегі бірқатар сөздердің баламасы ретінде жаңа атаулар жасаған.  
Ахмет  Байтұрсынұлы  осы  əйгілі  «Қырық  мысалында»  И.А.Крыловтан  аударған  «Пустынник  и 
медведь»  мысалының  атауын  «Кісі  мен  аю»  деп  аударады  да  өлең  мəтінінде  «пустынник»  сөзінің 
қазақшасын «жеке-тақ» деп алады. Мысалдарға жүгінелік:  
Жеке-тақ, жапан түзді қылды тұрақ... 
Жеке-тақ қапаланды жалғызсырап... 
Жеке-тақ əңгімеге жоқ кісі еді... 
Сонда оған аю айтты: «Жеке-тақ жан! 
Айтайын мен бір ақыл, құлағың сал! 
Жеке-тақ жолдасының тілін алды... 
Қорылдап ұйықтап кеткен Жеке-тақтың.. 
Ұрған тас дəлдеп тиді Жеке-таққа... [1, 56-57]. 
Берілген  мысалдарда  көрсетілгендей,  Ахаңның  «жеке-тақ»  сөзін  аударма  мəтінінде  алты  рет 
қолдануы  –  оның  бұл  сөзді  «пустынниктің»  баламасы  ретінде  мақсатты  түрде  жасағаны  еш  күмəн 
туғызбайды. «Діни наным-сенімдеріне байланысты адамдармен, айналасымен қарым-қатынастан бас 
тартып,  адам  аяғы  жетпейтін  шөл  далаға  кетіп,  оқшау  өмір  сүретін  адам»  деген  ұғымды  білдіретін 
«отшельникпен» мағыналас «пустынник» сөзінінің орнына Ахаң «жеке-тақ» деген жаңа сөз ұсынған.  
Түпнұсқадағы сөз мағынасын негізге алып қарасақ, бұл сөзді жасаудағы Ахаң ойының қисынын 
пайымдауға  болатын  сияқты.  Оның  «жеке-тақ»  сөзін  «өз  билігі  өзінде,  ешкімге  бағынбайтын,  өзін 
жеке  тақтың  иесі  сезінетін  адам»  деген  мағынаны  тірек  етіп  ала  отырып  туындатқаны  байқалады. 
Егер  ол  орыс  тіліндегі  сөздің  тұлғасы  мен  сол  «пустынник»  атауынан  туындайтын  мағынаға 
сүйенгенде  қазақ  тіліндегі  баламаны  «шөл»  сөзінен  өрбіткен  болар  еді.  Алайда  оған  бармаған.  Ол 
«пустынник»  атауының  негізгі  əрі  жалпы  мағынасын  есепке  алған.  Орыс  тіліндегі  сөз  бен  оның 
қазақша  жасалған  баламасын  байланыстырып  тұрған  ортақ  сема  –  оқшаулану.  Ахаң  орыс  сөзінің 
мағынасындағы «жеке кету, бөлектену» деген ұғымның негізгі белгілерін дөп басып ұстай білген. Ал 
айырмашылығы – орыс сөзінің мағынасында «елден безу, жұрттан жырақтану» ұғымы басты орында 
тұрса,  қазақта  ол  жоқ.  Ахаңда  «жеке  билік  құрушы,  дербестікке  қол  жеткізуші,  дара  өмір  сүруші» 
деген ұғым алға шығып тұр. «Тақ» – қазақ ұғымында ең жоғарғы билік иесінің тұрағы, лауазымының, 
билігінің  нышаны.  Орыс  православ  шіркеуі  мен  дінтанушыларының  жазғандарында,  діни 
аңыздарында сонау IV ғасырда Мысырдағы шөлдің құдығындағы жыландар мен бақа-шаяндар өздері 
мекен еткен құдығын Иоанн əулиеге босатып беріп, ол сонда 30 жыл жеке иелік етіп ғұмыр кешкенін 
айтады.  Преподобный  Иоанн  пустынник  айдаладағы  сол  құдыққа  жеке  иелік  еткені  туралы  баян 
етіледі. «Пустынник» ұғымының пайда болу түп-тарихына қарағанда, «Ахаң мəселенің осы жағына 
да үңіліп, «оқшау күн кешіп, жеке өзіне ғана билік жүргізетін адам» деген мағынаны сөзіне өзек етіп 
алған  екен-ау»  деген  тұжырымға  келіп  тіреле  бердік.  Оның  кез  келген  мəселенің  беткі  жағына, 
сыртына ғана мəн беріп қоймай, əріден ойлайтын, ненің де болса астарына, түпкі жағына мəн беретін 
терең ойлы тұлға екенін осыданда аңғаруға болады. 
Əрине, тілімізде «тақ» сөзінің «жұппен алмасып келіп отыратын сан» дегеннен өзге «жеке, дара, 
жалғыз»  деген  ауыспалы  мағынасы  да  бар  екені  мəлім.  Ахаң  «жеке»  сөзімен  мағыналас  осы  сөзді 
жұптастырып,  «пустынниктің»  баламасы  ретінде «жеке-дара»  сөзі  сияқты  «жеке-тақ»  деген  қос сөз 
жасаған  деуге  де  болар  еді.Мағынасы  жағынан  бұл  екі  сөздің  бірігіп  «пустынник»  сөзіне  балама 
болуға  негізі  жоқ  дей  алмаймыз.  Тек  екеуінің  де  сын  есім  болып,  бір  ғана  мағынаны  қайталап 
тұрғандығы  олардың атауыштық  қасиетін жоққа шығарып  тұрғандай. «Бұл  жерде  Ахаң  дефисті  екі 
сын есімді біріктіріп, бір сөз табына айналдыру мақсатында қойды ма екен?» деген ой да туындайды. 
Алайда  елден  безудің  арғы  жағында  «Құдайға  ғана  құлшылық  ету,  Жаратушыны  ғана  мойындау, 
адамдар жасаған заңдар мен олардың билігіне мойынсынбай, өз билігі өзінде болу» мағынасы жатыр. 
Сондай-ақ «жеке» жəне «тақ» деген екі сын есімді тіркестіруден гөрі «жеке» сын есімі мен «тақ» зат 
71


есімін тіркестіріп немесе біріктіріп атау сөз туғызу əлдеқайда қисындырақ. Осы тұрғыдан келгенде, 
біз  сын  есім  +  зат  есім  үлгісімен  жасалған  «жеке  тақ»,  «жекетақ»  атауы  көңілге  қонымдырақ  деп 
пайымдаймыз.  
И.Крыловтың  «Пустынник  и  медведь»  мысалын  Ыбырай  Алтынсарин  де  аударған.  Ыбырай 
аудармасының ерекшелігі – ол мысал өлеңді қарасөзбен тəржімелеген. Аударма өте еркін жасалған. 
Оқиға  желісі  де  түпнұсқамен  сəйкесе  бермейді.  Ұлы  ағартушы  бұл  мысалдың  атауын  да  өзінше 
өзгертіп, «Ақымақ дос» деп береді.  
«Бұлбұл мен есек» («Осёл и соловей») мысалының аудармасында мынандай жолдар бар:  
Мақтаулы бар ғой əнпаз əрбір тұста. 
Солардың баршасы да əдемі əнге 
«Тауықтың айғырындай емес ұста [1, 34]. 
 Осы өлең жолдарында Ахаң «певец» сөзінің баламасы ретінде «əншіні» емес, Абай өлеңдерінде 
қолданылған  «əсемпаз»,  «өнерпаз»  сөздерінің  үлгісімен  -паз  кірме  жұрнағын  жалғау  арқылы 
жасалған  «əнпаз»  сөзін  қолданады.  «Бұл  сөзді  Ахаң  жасады»  деп  кесіп  айту  қиындау.  Алайда  оған 
дейінгі  авторлардан,  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  жарық  көрген  əдебиеттерден  «əнпаз»  сөзін 
кездестірмедік.  1913  жылы  жазылған  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  «Өлең  һəм  айтушылар»  атты 
мақаласында  «Маған  салса,  майы  тамып  тұрсын,  əнсіз  құр  өлеңмен  жақсылық  сездіргенің  сол, 
жұртты  өздеріңнен  бездіріп  аласың.  Соның  үшін  бізден  басқа  бақытты,  талайлы  жұрттардың 
əнпаздары  өнегелі  өлең,  үлгілі  тақпақтарды  жаттап  алады»  жəне  «Өлең  айтушы  əнпаз  адамдарды 
жұртқа есерсоқ деп көрсетпей, «есті» деп қадірлі етіп көрсетуге тырысу керек» деген сөйлемдерінде 
«əнпаз»  сөзі  екі  рет  қолданылған  [2].Міржақып  Дулатов  та  «Адам  баласы  да  солай.  Жұрттың  бəрi 
шешен, əнпаз, ақын, данышпан болып туа бермейдi», – деп, 1914 жылы жазған. 1911-1915 жылдары 
жарық  көрген  «Айқап»  журналы  мен  басқа  басылымдарда  «əнпаз»  сөзі  қолданылады.  Ал  Ахаңның 
«Қырық  мысалы»  1909  жылы  осылардың  бəрінен  бұрын  жарық  көрген.  Бізге  белгілі  деректер 
бойынша,  сөз  қолданысына  хронологиялық  тұрғыдан  қарағанда  Ахаң  бəрінің  алдында  тұр.  Сол 
себепті оның бұл сөздің авторы болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды.  
Тілімізде  «шегірткенің  айғырындай»,  «суырдың  айғырындай»  деген  қолданыстардың  бар  екені 
белгілі. Ал И.Крыловтың осы мысалындағы «петух» сөзінің орнына Ахаң «тауықтың айғыры» деген 
жаңа тіркес қолданады. Əтешті «тауықтың айғырындай» дегенді Ахаңнан өзгеден кездестірмедік. Ол 
«петухты»  дəл  аударып,  «əтеш»  дей  салмай,  түпнұсқадағы  «А  жаль,  что  незнаком  Ты  с  нашим 
петухом» деген жолдарды қазақ оқырманына одан да əсерлі, мысқылға, иронияға толы етіп жеткізген.  
«Маймыл  мен  көзілдірік»  («Мартышка  и  очки»)  мысалында  «Ашу  мен  жарымдықтан  пайда  бар 
ма?»  деу  арқылы  ол  «невежда»  сөзін  «білімсіздік»,  «надандық»  демей,  оған  балама  ретінде 
«жарымдық» сөзін қолданады [1, 46].  
Тіліміздегі  «надандық»  сөзі  «білімсіздік,  қараңғылық»  деген  мағынаны  білдірсе,  тіл  білімпазы 
қолданған «жарымдық» сөзінің семантикасында «кемтарлық, ғаріптік, мүгедектік, жарымжандылық, 
жарыместік»  деген  мағына  жатыр.  Ұлы  ағартушы-ақын  қазаққа  білімсіздіктің,  қараңғылықтың 
қаншалықты  ауыр  кесел  екендігін  барынша  ұғындыра  түсу  үшін  бұл  сөзді  мақсатты  қолданғаны 
көрініп  тұр.  Ол  орыс  мысалшысының  өлеңіндегі  маймылдың  надандығын,  қараңғылығын  қазаққа 
кемтар,  ештеңеге  жарамсыз,  масыл  бейнесінде  жеткізеді.  С.Торайғыров  қараңғылықпен  «Қараңғы 
қазақ көгіне өрмелеп шығып Күн болам» – деп күрессе, ағартушы-ұстаз Ахаң халқына білімсіздіктің 
нағыз  кемтарлық  екенін  мықтап  ұғындырғысы  келеді.  Өз  қаламынан  туған  шығармасы,  аудармасы 
арқылы  мəселені  бұлай  қоюы,  елді  білім  алуға  үндеуі  –  ұлы  ағартушының  өмірлік  мақсатына, 
азаматтық ұстанымына, ұлт ұстазының міндетіне толық сəйкес келеді. 
Ахаң «Қасқыр мен мысық» («Волк и кот») мысалындағы Степан, Васька, Демьян, Клим, Трофим 
сынды кісі есімдерін сол қалпында алмай, олардың орнын Қоянкөз, Құрамыс, Көпберген, Қисықбас 
есімдерімен алмастырады. Мысалды қазақ топырағына бейімдеп, қазақ ұғымына сəйкестендіреді. Сөз 
болып  отырған  мысалда  «Зарардан  басқа  нəрсе  істедің  бе?»  жəне  «Зараргер  жұртқа  тегіс  болып 
əбден»  деген  жолдар  бар  [1,  66].  Ахаң  «зиян  келтірдің»  демей,  «зарар»  сөзін  қолданумен  қатар, 
«зараргер»  деген  жаңа  сөз  жасайды.  «Зараргер»  сөзін  ол  «вредитель»  сөзінің  баламасы  ретінде 
ұсынады.  Аударма  мысалда  бұл  сөз  қазіргі  кезеңде  жиі  қолданылатын  «зиянкес»  мағынасында 
жұмсалады. Осы мысалды түйіндейтін «И правы, – сам себя вини: Что ты посеял – то и жни» деген 
жолдарды  «Не  ексең,  соны  орасың»  деген  сөз  бар,  Ор  енді  егініңді  піскенінде!»  деп  өте  дəл  де, 
ұтымды аударады.  
Ағартушы-ақын И.Крыловтың «Лиса и крестьянин» атты мысал өлеңін «Түлкі мен қарашекпен», 
«Крестьянин  и  овца»  мысалын  «Қарашекпен  мен  қой»  деп  аударады.  Алдыңғы  өлеңде  «Жолығып, 
айтты  бір  күн  Қарашекпен»,  «Сөйлейді  сонда  тұрып  Қарашекпен»  десе,  кейінгі  өлең  мəтінінде  де 
72


«Шақырды  Қарашекпен  қойды  сотқа»  түрінде  «крестьянин»  сөзі  «қарашекпен»  түрінде  алынады. 
Қазақ  орыс  крестьяниндерін  «қарашекпен»  деп  атағаны  белгілі.  «Қарашекпен»  сөзі  ХІХ  ғасырдың 
екінші  жартысындағы  əдебиеттерде  де  кездеседі.  Бұл  сөзді  Абай  да  қолданған.  Оның  1898  жылы 
И.Крыловтан  аударған  мысал  өлеңі  «Қазаға  ұрынған  қарашекпен»  («Крестьянин  в  беде»)  деп 
аталатыны  белгілі.  Бұл  деректер  «қарашекпен»  сөзінің  қазақтың  жазба  тіліне  де  еркін  енгенін,  ХХ 
ғасыр  басындағы  алаш  оқығандары  да  оны  жатсынбай  қолданғанын  көрсетеді.  Оны  Ахаң 
шығармашылығы да айғақтап тұр. 
 Осы өлеңнің мына төмендегі бір ғана шумағында бірнеше жаңа атау кездеседі:  
Түлкі екен судьясы теңшіл деген,  
Атақтан сау емес ед «жемшіл» деген. 
Бір күні талапкер мен жауапкерге 
Шақыру қағаз шықты «келсін» деген [1, 74].  
Түпнұсқаға  өз  тарапынан  қосып,  еркін  аударылған  бұл  шумақтағы  «теңшіл»  сөзін  ол  орыс 
тіліндегі  «беспристрастный»,  ал  «жемшілді»  «взяточник»  сөзінің  баламасы  ретінде  қолданғаны 
байқалады.  Соңғысының  орнына  қазір  «жемқор»,  «парақор»  сөздері  жиі  қолданылатыны  мəлім.  Ал 
алдыңғы «теңшіл» сөзін «екі жаққа да тең қарайтын, теңдікті сүйетін, ешкімді бөліп-жармайтын əділ» 
мағынасында жұмсаған.  
«Запрос  ответчику,  запрос  истцу»  деген  жолдардың  осы  мысал  өлеңде  «Бір  күні  талапкер  мен 
жауапкерге»  деп  аударылуы  –  бүгінгі  күнге  дейін  заң,  құқықтану  терминологиясында  қолданылып 
жүрген  терминдердің  қайдан  бастау  алып  жатқанын,  оларды  кім  жасап,  алғаш  қолданысқа  қалай 
түскенін  көрсететін  жарқын  мысал.  «Талапкер»  сөзі  осы  мысал  өлеңнің  «Талапкер  Мұжық  айтты», 
«Терісімен талапкерді риза етіп, Ап келіп тапсырыңдар, етін сотқа» [1, 75] деген жолдарында тағы да 
екі  рет  қолданылады.  Ал  жоғарыда  мысалға  келтіріліп  отырған  шумақтағы  «шақыру  қағаз»  тіркесі 
сотқа  шақырылғандығын  білдіретін  «повестка»  сөзінің  баламасы  екенін  бағамдау  қиын  емес.  Бұл 
мысалдардан  ұлт  тілінде  жасалған  терминдердің  көркем  мəтінде,  поэзия  тілінде  еш  қиындықсыз 
ұйқасып, қосымша түсініктемесіз-ақ жұмсалуға бейім болатынын аңғару көп ізденісті қажет етпейді.  
И.Крыловтың «И приговор Лисы вот, от слова до слова» деген өлең жолдары Ахаңда «Ал сонда 
Түлкі  қалай  хүкім  етті»  [1,  75],  –  деп  келеді.  Мұндағы  «хүкімнің»  бастапқы  бір  əрпі  түсіріліп, 
«приговор»  терминнің  баламасы  ретінде  қолданылып  жүрген  қазіргі  «үкім»  сөзі  екені  баршамызға 
белгілі.  Яғни,  қазіргі  терминологиямыздағы  қолданысы  əбден  орныққан  «үкім»  сөзі  де  бізге 
Ахаңдардан жеткен. «Жарлы бай» мысалында «əмиян» мен «шилан» сөздеріне аудармашы-автордың 
«ақша  салатын  ыдыс»  деп  түсініктеме  бергеніне  қарағанда,  бұл  атаулардың  да  ХХ  ғасырдың 
басындағы қауымға түсініксіз Ахаң тарапынан түпнұсқадағы «кошелёкке» балама ретінде ұсынылған 
жаңа атаулар екенін көрсетеді. Оның үстіне И.Крыловтың бұл мысалын дəл осы атпен Ахаңа дейін 
тəржімелеген  Абай  аудармасында  «кошелёк»  орнына  «дорба»  сөзінің  қолданылуы  да  соған  дəлел 
бола  алады.  Жүсіпбек  Аймауытов  1924  жылы  «Ақ  жол»  газетінде  жарық  көрген  «Күмəжнек» 
əңгімесінің  атауын,  жақша  ішіне  «əмиəн»  деп  берген.  Бұл  да  –  «əмиян»  сөзінің  жаңа  екендігін 
айғақтап  тұр.  Ж.Аймауытов  орыс  классигі  –  А.Чеховтың  «Бумажник»  əңгімесіндегі  оқиға  желісін 
жалпы  сақтағанымен,  өз  тарапынан  едəуір  өзгеріс  енгізген.  Смирнов,  Попов,  Балабайкин  деген  үш 
кезбе  актердің  орнына  ол  Қойбағар,  Түнқатар,  Майпалау  деген  үш  жолаушы  жігітті  алады.  Мəтін 
мейлінше еркін түзілген. Өз тарапынан алып-қосқан тұстар аз емес. Бұл əңгімені «аударма» демей өз 
сөзімен айтқанда «Чеховке еліктеп» деуінде үлкен мəн жатыр.  
«Пруд  и  река»  мысалының  атауын  Ахаң  «Өзен  мен  қара  су»  деп  аударыпты.  «Пруд»  атауының 
баламасы ретінде ол «қара су» сөзін қолданған.  
И.Крыловтың  қырық  мысалы  қазіргі  заманда  орыс  тілінен  қазақшаға  аударылса,  оның  ішінде 
құрығанда  орыстың  қырық  сөзі  кездессе,  еш  таңғалмаған  болар  едік.  Ал  Ахаңда  бар  болғаны 
аударылмай алынған екі-ақ сөз, дəлірек айтқанда, бір-ақ сөз кездеседі. Ол – «Өзен мен қара су» мысал 
өлеңіндегі  «план»  сөзі.  Қазіргі  қолданысымыздағы  –  жоспар.  Ахаң:  «Планда  орынды  да  көп 
алмаймын», –депті. «План» сөзін ол «По карте не тянусь я через целый лист» деген өлең жолдындағы 
«карта»  сөзінің  орнына  қолданыпты.  Ал  екіншіге  жатқызбай  отырған  сөзіміз  –  «сөтке».  «Иттің 
достығы» мысалындағы «Бір сөтке татулық жоқ арамызда» деген жолдардағы «сөтке» сөзін Ахаң өзі 
айтқандай «қазақтың шапанын жауып, тымағын кигізіп» қазақы кейіпке келтіріп алған. Бүгінде бұл 
сөз тілімізде «тəулік» түрінде немесе ол қабылдаған қалпында «сөтке» деп те қолданылып жүр.  
Орыс  сөздеріне  қарағанда,  Ахаң  аударған  мысал  өлеңдерде  мағыналық-дыбыстық  ерекшеліктері 
көзге бірден шалынатын аслан, жиһад, жəһид, жəһидтенді (ниеттенді), миһнат, фаһам, хүкім, һəр, 
һəман сияқты араб сөздерінің қарасы көбірек ұшырасады.  
73


«Бұлбұл мен есек» жəне «Шал мен жұмыскер» мысалдарына жасаған өз түйінінде «Көзі тар, көңілі 
соқыр  жамандардың»,  «Көзі  тар, көңілі  соқыр  надандарға!»  деген  жолдардағы  «көзі  тар»  тіркесі  де 
көңіл  аудартады.  Тіл  ғұламасының  бұл  тіркесті  «аяғының  астынан  өзгені  көрмейтін,  айналасын, 
алысты  болжай алмайтын»  деген  мағынада  қолданғаны  байқалады.  Сондай-ақ  «Қырық  мысалдағы» 
ауырмалдық, ғамалдас, қайсарып, қоршалап, тауықшы, хана сөздерінің мағынасы оқушыға түсінікті 
болса да, қолданысы ерекше.  
Ахаң түрлеген ана тіліміз оның алашына қалдырған асыл мұрасына мұқият үңілген сайын тағы да 
байып,  түрлене  түсеріне  еш  күмəніміз  жоқ.  Бұл  тұрғыдан  келгенде,  Ахаңның  шығармашылығын, 
оның еңбектерін əлі де жан-жақты зерттеу қажеттігі еш дау туғызбайды. Халқына қалтқысыз қызмет 
етіп,  сөз  сырына,  тіл  табиғатына  терең  бойлай  білген  ғұлама  ғалымның  құнды  мұрасын  аса 
ыждағаттылықпен зерделеу əр ахметтанушы маманның алдындағы зор міндет болып қала береді.  
 
Əдебиет:  
1.
  Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы. Т. І. – Алматы: Ел-шежіре, 2013. 56-57-б.  
2.  Торайғыров С. Толық шығармалар жинағы. - 2-том. - Алматы: Ғылым, 1993. 
 
 
Ермекова Т. 
филол.ғ.д., ҚазМемҚызПУ профессоры  
 
А. Байтұрсынұлы мұрасына заманауи көзқарас 
 
Ел тəуелсіздігі үшін күрескен ұлт қайраткері, қазақ руханиятының көсемі – А. Байтұрсынұлының 
есімі  қазақ  əліппесі  мен  грамматикасының,  терминологиясының  жəне  əдебиет  теориясының  негізін 
қалаушы  ғалым,  ақын,  жаңашыл  педагог-реформатор,  саясаткер,  аудармашы,  фольклорист, 
журналист,  публицист,  сондай-ақ  композитор  ретінде елімен  қайта  қауышқан  сəтте  ұлт  зиялылары: 
«Ахмет Байтұрсыновтың ел үшін еткен еңбегі Үндістандағы Махатма Ганди, Қытайдағы Сун-Ятсен 
сынды ұлт-азаттық қозғалыс көсемдерінің қызметінен бір де кем емес», – деп баға бере бастады [1]. 
Біздіңше,  əділетті  баға.  Гандидің  де,  Сун-Ятсеннің  де  елі  үшін  еткен  еңбегі  мен  қайраткерлік 
қызметін  жарыса  жазған,  ұлықтаған,  əлемдік  деңгейде  атын  асқақтатқан  –  алдымен,  шетелдіктер 
емес, өз отандастары, тарихшылар мен зерттеушілер, журналистер мен зиялы қауым. Олай болса, ел 
тəуелсіздігі  мен  ұлт  болашағы  үшін  өмірін  қиған  алаш  зиялыларының  еңбегін  əлемдік  деңгейде 
насихаттау  –  бүгінгі  зерттеушілер  еншісіндегі  абыройлы  іс  болмақ.  Əрине,  алаш  зиялыларының 
мұрасын зерттеуде біраз іс атқарылды, қыруар архивтер ақтарылып, талай шындықтың беті ашылды, 
қоғамдық-саяси  қызметіне  баға  беріліп,  кітаптары  қайтадан  жарияланды,  есімдері  оқулықтарға 
енгізіліп, кездесулер мен басқосулар, түрлі конференциялар ұйымдастырылуда. Бірақ соның бəрі тек 
ел  ішінде,  ары  кеткенде  ТМД  көлемінде  ғана.  Тəуелсіз  мемлекетіміздің  абырой-беделі  артып,  əлем 
жұртшылығының  назары  «Қазақстан»  деген  асқақ  абыройға  ұмтылған  елге  ауып  тұрған  қазіргі 
кезеңде «ұлт қайраткерлерінің еңбегін, мұрасын зерттеу ісі жаңа биікке көтерілуі тиіс» деп санаймыз.  
Қазақ лингвистика ғылымының көшбасшысы – Ахмет Байтұрсынұлының артында қалдырған мол 
мұрасының  ішінде  синтаксис  ғылымына  қосқан  үлесі  қандай?  Алдымен,  қазіргі  нормативті  жəне 
академиялық  грамматикаларда  қолданылып  жүрген  синтаксис  терминдерінің  90  пайызы  –  Ахаң 
енгізген  төлтума  атаулар  (сөйлем,  сөйлем  мүшелері,  бастауыш,  баяндауыш,  анықтауыш, 
толықтауыш,  пысықтауыш,  қыстырма  сөздер,  қаратпа  сөз,  жалаң  сөйлем  мен  жайылма  сөйлем, 
толымды,  толымсыз,  болымды,  болымсыз,  сұраулы,  лепті  сөйлемдер,  құрмалас  сөйлемдер  мен 
оралымды  сөйлемдер  т.т.).  Академик  Р.  Сыздықтың  сөзімен  айтсақ:  «Бұлардың  барлығы  дерлік  – 
қазақ  сөзінің  не  байырғы  мағынасын  жаңғырту  (өзгерту),  не  жаңа  тұлғадағы  сөз  жасау  арқылы 
дүниеге келген атаулар, көбі жасанды сөздер. Сонылығына, жасандылығына қарамастан, əрқайсысы 
сол атап тұрған тілдік категорияны дəл білдіретін термин («пəн сөзі») болып шыққан. Бұлардың өте 
сəтті  жасалғандығын  күні  бүгінге  дейін  қолданылып  келе  жатқан  өміршеңдігі  дəлелдейді  [2,  21] 
Екіншіден, олардың грамматикалық сыр-сипаты мен түрленіміне қатысты айтқан пікірлері де қазіргі 
грамматикадағы  талдаулардан  да  алшақтап  кете  қойған  жоқ.  Үшіншіден,  ғұлама  дарынның  айтқан 
пікірлері кемеліне келген қазақ тіл білімінің қазіргі шағындағы жаңа бағыттағы зерттеулер аясында 
негізгі қайнаркөз ретінде танылуы да кездейсоқтық емес.  
Тəуелсіздік  алғаннан  кейін  қазақ  тіл  білімінің  грамматика  саласы  құрылымдық  аспект  аясынан 
шығып,  бастауында  еуропалық  ғалымдар  тұратын  жаңа  бағыттарға  –  антропоцентристік  парадигма 
аясындағы  функционалды  грамматика  мен  коммуникативті  грамматикаға,  онымен  астарлас 
74


прагматика  мен  дискурстық  зерттеулерге  ден  қоя  бастады.  Мұндай  зерттеулердің  алдыңғы  легінде 
формалды  грамматиканы  функционалды-коммуникативті  грамматикаға  ұластыра  зерттеген  Прага 
лингвистикалық  мектебінің  тұрғаны  жасырын  емес.  Құрамында  В. Матезиус.  Б. Трнка,  Б. Гавранек, 
Й. Вахек,  Я. Мукаржовский,  кейінірек  В. Скаличка,  Й. М. Коржинек,  П. Трост  жəне  Мəскеу 
университетінің  тəлімгерлері  –  Н. С. Трубецкой,  Р. О. Якобсон,  Женева  мектебінің  өкілдері  кірген 
бұл мектептің лингвистика тарихында алатын орны ерекше. Аталған мектептің құнды идеяларының 
бірі  сөйлемді  функционалды-коммуникативті  грамматика  ұстыны  негізінде  талдаудан  туған 
сөйлемнің  актуалды  мүшелену  теориясын  енгізуі.  Басты  қағида  –  сөйлемнін  грамматикалык 
құрылымының  функционалды  мүмкіндігі  тұрғысынан  «т  е  м  а»  жəне  «р  е  м  а  ғ  а»  мүшелеу  [3].  В. 
Матезиустың анықтамасы бойынша, тема – «это исходная точка [или основа] высказывания», дəлірек 
айтсақ,  сөйленістің  бастапқы  бөлігі,  Ахаңша  айтсақ,  бастауышы.  Ал  рема  –  «то  есть  то,  что 
говорящий  сообщает  об  исходной  точке  высказывания»  немесе  бастапқы  бөлімде  айтылған  жайт 
туралы  сөйлеушінің  хабарлауы,  А.  Байтұрсынұлы  терминімен  айтсақ,  баяндауышы.  Тіл  табиғатын 
терең түсінген сұңғыла ғалым сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын анықтауда оның формальді 
белгілерін гөрі сөйлеу ағымындағы маңызына, қазіргі лингвистикалық түсінік бойынша, «сөйлемнің 
актуалды мүшеленуіне сүйенген» деп айтуға толық негіз бар. Əрине, Ахаң «Тіл – құрал» еңбегінде: 
«Сөйлемнің  тұрлаулы  мүшелері  екеу:  1)  бас  мүше,  2)  баяншы  мүше.  Бас  мүше  дейміз  –  сөйлем 
ішіндегі  сөздер  байланатын  қазық  сөзін,  сөйлем  иесін.  Жеңілдік  үшін  бас  мүше  –  бастауыш  деп, 
баяншы – баяндауыш деп аталады», – дейді. Бірақ бастауыштың үнемі сөйлемді бастап тұратын мүше 
емес  екендігін  Ахаң  жақсы  білген.  Оны  1925  жылы  Қызылорда  қаласында  басылып  шыққан  «Тіл– 
құрал.  Сөйлем  жүйесі  мен  түрлері»  еңбегінде  өзі  келтірген  төмендегі  мысалдары  да  дəйектейді: 
Берерменге бесте көп, аларманға алты да аз [4, 269]. Ас қадірін ашыққан білер, ат қадірін асыққан 
білер [4, 287]. Қаратаудың басынан көш келеді [4, 290]т.т. Ахаң келтірген мысалдардағы бес, алты, 
асыққан,  ашыққан,  көш  бастауыштарының  бірі  де  сөйлемді  бастап  тұрған  жоқ.  Өзі  бас  мүшеге 
анықтама  беруде  қолданған,  сондай-ақ  өзге  түркі  тілдерінде  бастауышқа  терминдік  атау  ретінде 
телінген  ие  сөзі  де  алынбады.  Салыстыру  үшін  өзге  тілдердегі  осы  ұғымның  терминдік  аталымына 
назар аударайық: 
 
1-кесте. Бастауыш пен баяндауыштың өзге тілдердегі аталымы: 
тілдер 
терминдік аталымы 
қазақ 
бастауыш 
баяндауыш 
өзбек 
эга 
кесим 
қырғыз 
ээ 
баяндооч 
түрікмен 
eýe 
habar 
орыс 
подлежащее 
сказуемое 
ағылшын 
subject 
predicate 
 
Өзге  түркі  тілдеріне  бастауышқа  терминдік  аталымға  негіз  ретінде  ие  лексемасының  алынуы 
сөйлемнің  логикалық  табиғатын  танудан  туса,  орыс  тіліндегі  подлежащее  атауы  таза  құрылымдық 
аспектіден  баяндауыштың  сөйлемдегі  негізгі  құрылымдық  орталық  екендігін, ал бастауыштың оған 
бағынышты  мүше  екендігін  көрсетуден  туындаған.  Ал  баяндауышқа  атау  беруде  барлық  тілде 
жақындық байқалады, бұл – оның коммуникациядағы негізгі ақпарат беру табиғатын танудан болса 
керек. Олай болса, Ахаң сөйлеу ағыны арқылы берілетін сөйлемде ақпараттың екі бөлігі – бастапқы 
бөлікте белгілі жайт пен жаңа ақпарат – баяндауышта шоғырланатынын байқаған. Сондықтан да А. 
Байтұрсыновтың  сөйлемнің  бас  мүшелеріне  атау  беруде  сөйлемді  актуалды  мүшелеу  теориясының 
ұстанымдарын негізге алуы ғалымның лингвистикалық түйсігінің еуропалық ғалымдармен деңгейлес 
болғандығын көрсетсе керек. 
Француз лингвисі Э.Бенвенист енгізген «тілдегі субъектілік» теориясының мəні «сөйлеуші «мен» 
арқылы  тілді  өзіне  түгелдей  меншіктейді»  деген  тұжырымға  саяды  [5].  А.Байтұрсыновта  айтылған 
«басым жақ» идеясының төркіні де осы тұжырымға алып келеді. Дискурс теориясына апарар алтын 
қақпа  секілді  бұл  тұжырымдарды  Э.Бенвенист  өткен  ғасырдың  60-жылдарынан  кейін  жазғанын 
ескерсек,  А.Байтұрсынұлы  идеяларының  одан  қаншама  жыл  бұрын  туындағанын  атап  өтпеуге 
болмайды. 
А.Байтұрсынұлы  «Тіл  –  құрал.  Сөйлем  жүйесі  мен  түрлері»  атты  еңбегінде  сөйлем  түрлеріне 
қатысты түсінік береді: «Сөйлемдер арасында екі түрлі жақындық болады. Бірі – ішкі, бірі – тысқы. 
Ішкі  жақындық  –  мағына  жүзіндегі  жақындық.  Мағына  жақындығынан  басқа  жақындық  жоқ 
сөйлемдер  «іргелес  «деліп,  мағына  жақындығынан  басқа  қисын  жақындығы  бар  сөйлемдер 
75


«құрмалас» деп аталады» [4, 280-291]. Автор іргелес сөйлемдерге: 1) Күн ашық. Торғайлар шат. Ың-
жың орман. 2) Күн кеш болды. Ат болдырды, ел көрінбеді. Батыр сасайын деді сияқты мысалдарды 
келтіре отырып, мұндай сөйлемдердің алғашқы тобында арасында жақсы күннің жайын сөйлеген ой 
іргесінің;  ал  екінші  мысалға  алынған  сөйлемдер  аралығында  кеш  уақытта  болған  уақиға  жайын 
сөйлеген  ой  іргесінің  ғана  біркелкілігі  бар  екенін  ескертеді.  Байқап  қарасаңыз,  Ахаң  жай  сөйлем 
табиғатын тануда нүктеден нүктеге дейінгі аралықты алып тұрған жоқ. Орыс лингвистикасына М.А. 
Пешковский,  Ф.И.  Буслаев  т.т.  ғалымдар  арқылы  енген  «сөйлем  табиғатын  тануда  одан  да  ірі 
бірліктер  арқылы  зерттеу»  идеясынан  туындаған  күрделі  синтаксистік  тұтастық  пен  мəтін 
теориясына апарар идея жоғарыдағы жолдардан айқын көрініп тұр. 
Автордың  құрмалас  сөйлемді  тану  принципі  мүлде  басқаша.  Тіл  біліміндегі  қалыптасқан  үстем 
теория  «құрмалас  сөйлемдер  –  жай  сөйлемдер  эволюциясының  нəтижесінде  қалыптасқан  дербес 
бірлік» деген қағидаға мүлдем үйлеспейді. Автордың сөйлемдер деп отырғаны – дербес сөйлем емес, 
контекстегі,  мəтіндегі  сөйлемдер.  Ұзақ  жылдар  бойы  құрмалас  сөйлем  теориясындағы  көптеген 
түйткілді  проблеманың  өзі  оны  мəтіннен,  контекст  аясынан  бөліп  қараудан  туындағанын 
А.Байтұрсынов еңбектерін қайта парақтау арқылы түсінуге болады.  
Құрмаластарды  өз  ішінде  «сыйыса  құрмаласу»  жəне  «қиыса  құрмаласу»  деп  бөліп қарастырады. 
Автордың «сыйыса құрмаласу» деп берген сөйлемдері (Қарабай мен Сарыбай аңға шықты. Екі дос 
бірін-бірі  сүйді,  құшты)  қазіргі  замандағы  тілдік  таным  тұрғысынан  талдағанда,  «бірыңғай  мүшелі 
жай  сөйлем»  деп  танылғанымен,  аталған  сөйлемнің  оны  құрмалас  сөйлеммен  барабар  ететіндей 
əлдебір  тілдік  заңдылықтың  негізінде  қалыптасқандығын  жоққа  шығара  алмаймыз  (салыстырыңыз: 
Қарабай  аңға  шықты,  Сарыбай  аңға  шықты.  Екі  дос  бірін-бірі  сүйді.  Екі  дос  бірін-бірі  құшты). 
Тілдегі  қалыптасқан  тұжырым  бойынша,  сөйлемнің  бірыңғай  мүшелері  сөйлем  іргесін  кеңейтуші 
фактор ретінде саналып келсе, Байтұрсыновтың «сыйыса құрмаласуы», керісінше, бірыңғай мүшелі 
жай сөйлемдердің құрмалас сөйлем компоненттерінің ықшамдалу үдерісінің нəтижесінде пайда болу 
мүмкіндігін айқын көрсетіп тұр.  
Қиысқан  құрмаластарды  «салалас»,  «сабақтас»  деп  жіктеп,  салаластарды  мағынасына  қарай 
«жайылыңқы»  (Үлкен  бастар,  кіші  қостар),  «қайырылыңқы»  (Мен  бардым,  сен  үйде  болмадың), 
«айырыңқылы»  (Не  сен  тұрасың,  не  мен  тұрамын),  «сұйылыңқы»  (Сабыр  түбі  –  сары  алтын: 
сарғайған жетер мұратқа, асыққан қалар ұятқа) жəне «қойылыңқы» (Не өгіз өлер, не арба сынар, 
екінің бірі болар) деп бөлсе, сабақтастарды «бастауыш бағыныңқылы», «анықтауыш бағыныңқылы», 
«толықтауыш бағыныңқылы», «мезгіл пысықтауышының бағыныңқысы», «мекен пысықтауышының 
бағыныңқысы»,  «сын  пысықтауышының  бағыныңқысы»,  «себеп  пысықтауышының  бағыныңқысы», 
«мақсат  пысықтауышының  бағыныңқысы»,  «шартты  бағыныңқы»,  «ереуіл  бағыныңқы»  деп  бөледі. 
Кейіннен қазақ лингвистика ілімінің саңлақтары – Қ. Жұбанов пен Н.Сауранбаевтың ілгері дамытуы 
нəтижесінде аталған жіктелім сол кездегі өзге түркі тілдерінің грамматикасын түзуге де ықпал етті. 
Айталық Н.З.Гаджиеваның əзербайжан тіліндегі, А.Н. Баскаковтың түрік тіліндегі, Е.И. Убрятованың 
якут тіліндегі, Л.А. Покровскаяның гагауз тіліндегі құрмалас сөйлемдерді жіктеуіне [6] негіз болған, 
бірақ  құрылымдық  грамматика  үстемдік  құрған  кезде  шеттетілгенімен,  қазіргі  функционалды-
коммуникативтік  грамматиканың  аясында  қайта  оралған  Ахаң  бастаған  ғалымдар  ұсынған  бұл 
жіктелім тілдің синтаксистік жұмсалымдық табиғатын танытатын классификация екендігін танытып 
келеді. 
Қысқасы,  А.  Байтұрсынов  мұрасы  –  аршыған  сайын  олжаға кенеле  беретін  қазынасы  мол  көмбе 
іспетті.  Ал  бұл  олжаның  мұрагерлерінің  бірі  –  қазақ  лингвистері.  Қазіргі  қоғам  назарын  қазақ 
əдебиеттану  ғылымының  алыбы,  академик  З.  Қабдоловтың  Ахмет  Байтұрсынұлының  таным 
тереңдегіне бойлай айтқан мына сөзіне аударғым келіп тұр: «Ахаң көзінің тірісінде өзге халықтардың 
бірде-бірінің тіліне таңғалған жоқ; қазақ тілінің байлығын, сұлулығын, икемі мен мүмкіндігін қазақ 
еместердің  бірде-бірінің  тілінен  артық  болмаса,  кем  көрген  жоқ;  өзге  тілдердің  қай-қайсысында 
қандай  қиын  сөз болмасын,  қазақ  тілінде оның баламы  болмауы  мүмкін  емес  деп  білді жəне  өзінің 
осы ұғымын іс жүзінде дəлелдеп кетті» [7, 67-68]. 
Шағын  мақаланың  мақсаты  –  ауылдан  шыққан  қазақ  ұлының  ғылыми  зердесі  еуропалық  озық 
университеттерді тамамдаған, есімдері əлем лингвистеріне кеңінен танымал шетел ғалымдарынан 
бір  мысқал  да  кем  болмай,  тіпті  кейбір  пайымдаулары  олардан  уақыты  жағынан  озық  екендігіне 
ғылыми  қауымның  назарын  бұру.  Сондықтан  да  Ахмет  Байтұрсынұлы  –  қазақ  лингвистика 
ғылымының дəстүрлі салаларының негізін қалаушы ғана емес, ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың 
басында  «жаңа  бағыт»  деп  танып,  «америкалық,  европалық  ғалымдар  негізін  қалады»  деген 
когнитивті  лингвистика,  функционалды  жəне  коммуникативті  грамматика,  этнолингвистика  мен 
линвомəдениеттану,  лингвоэкология  мен  лингводидактика  т.т.  салалардың  да  көшбасшысы.  Оның 
76


əдебиеттану  мен  көркем  əдебиетке,  аударматану  мен  публицистикаға  қосқан  үлесі  де  бүгінгі  күн 
мінберінен  қарағанда,  əлемдік  үрдістерден  кейін  қалмағандығын  көрсетіп  отыр.  Бірақ  есте 
ұстайтын бір мəселе: А. Байтұрсынұлының өткен ғасыр басындағы өтпелі кезең, жаңа формация 
кезіндегі  сан  салалы  қызметі  оның  филологиялық  еңбектерінің  тасасында  қалмауы  тиіс.  Елі  мен 
халқы  үшін  аянбай  қызмет  еткен  Ахмет  Байтұрсынұлы  сияқты  тұлғаны  еске  алуға  қатысты 
шараларды филологтерге, оның ішінде лингвистерге ғана еншілей салуға болмайды. Оның ел мүддесі 
үшін жасаған көп тарапты қызметі, жанқиярлық еңбегінің мəні мен маңызы көпаспектілі кешенді 
талдауды  қажет  етеді.  Ахаң  айтқан  «олжалы  жерде  үлестен  қағылмай,  ордалы  жерде  орыннан 
қағылмай,  жоралы  жерде  жолдан  қағылмау»  идеясы  қазіргі  кездегі  тəуелсіз  қазақ  елінің  басты 
ұстанымен  үйлесіп  тұрған  жоқ  па?  «Өрге  басқан  өзге  жұрттың  қатарынан  қалыспау»  идеясы 
Елбасы  ұсынған  «Қазақстанның  əлемнің  ең  дамыған  30  мемлекетінің  қатарына  кіруі  жөніндегі» 
мақсат-мұратпен  үндесіп  тұрған  жоқ  па?  Ендеше,  қазақ  руханиятына,  ел  тағдырына  зор  үлес 
қосқан  Ахмет  Байтұрсынұлын өз  ортамызда  танып  қою жеткіліксіз, оның  есімін  əлемге  əйгілеу – 
ұрпақ парызы. 
 
Əдебиет: 
1.
  Сағадиев К. 25.11. 2010. http://www.inform.kz/kaz/article/2325838 
2.
  Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов (өмірі мен қызметі туралы) // Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992. 
3.
  Матезиус 
В. 
О 
так 
называемом 
актуальном 
членении 
предложения 
// Пражский лингвистический кружок: Cборник статей. - М.: Прогресс, 1967. - С. 239-245 
4.
  Байтұрсынов А. Тілтағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992. 
5.
  Бенвенист Э. Общая лингвистика. - М., 1974. 
6.
  Гаджиева  Н.З.  Типология  придаточных  предложений  в  современном  азербайджанском  языке 
//Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков. Синтаксис. - Москва: Изд-во АН СССР, 1953. 
Баскаков  А.Н.  Предложения  в  современном  турецком  языке.  -  Москва:  Наука,  1984.  Убрятова  Е.И. 
Исследования  по  синтаксису  якутского  языка.  Сложное  предложение.  -  Новосибирск:  Наука.  Сибирское 
отделение, 1976. Покровская Л.А. Синтаксис гагаузского языка в сравнительном освещении. – Москва: Наука, 
1978.  
7.
  Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы: Рауан, 1996. 
 
 
Асқарбекова Н.  
ҚР Ұлттық кітапхананың Сирек кездесетін 
 кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің бас маманы 
 
ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек қорындағы  
Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы 
 
1931 жылы Мемлекеттік көпшілік кітапхана құру туралы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің 
қаулысы  қабылданды.  Сол  жылдарда  жазба  ескерткіштерді,  əсіресе  ғасырлар  қойнауынан  жеткен 
қолжазбаларды,  көне  баспа  кітаптарды  бір  жерге  іріктеп,  жинақтап,  оларды  болашақ  ұрпаққа 
жеткізудің амалдары қарастырыла бастайды. Сондықтан 1938 жылы алдымен «Казахстаника» бөлімі, 
кейін Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімі құрылды.  
Сирек кездесетін кітаптар жəне қолжазбалар қоры жұмысты екі бағытта жүргізеді: оқырмандарға, 
негізінен  ғалымдар  мен  зерттеушілерге  қызмет  көрсету  жəне  сирек  басылымдардың  тарихын 
зерттеумен айналысу. Алдын ала жоспарлау осы екі бағытты дамыту ісін жаңа жағдайда жұмыс істеу 
тəсілімен  ұштастыруды  қарастырады.  Сонымен  қатар  кітапхананың  негізгі  мақсаттарының  бірі  – 
ескіріп, тозып бара жатқан басылымдар мен қолжазбаларды сақтау мəселесі. Осы орайда оқырманға 
көбінде  микрофильм,  микрофиша,  ксерокөшірме,  CD-DVD-ге  жазылған  электрондық  көшірмесі 
беріледі де түпнұсқа құжаттар арнайы жағдайда, қалыпты температурада сақталады.  
2005  жылдан  бері  Ұлттық  кітапханада  басылымға  еш  зиян  келтірмейтін  суретке  түсіру  əдісімен 
электрондық  көшірме  жасайтын  Бейнелеу  студиясы  орнатылды.  Алдымен  «Еңбекші  қазақ»  (1924-
1932),  «Қазақ»  (1913-1917)  газеттері,  «Шолпан»  (1922),  «Айқап»  (1911-1915),  «Абай»  (1918) 
журналдары  түсіріліп,  электрондық  нұсқалары  оқырманға  ұсынылды.  Сол  сияқты  басқа  да  құнды 
мерзімді  басылымдардың,  қолжазбалар  мен  қазақ  кітаптарының  электрондық  нұсқасын  дайындау 
жұмысы үздіксіз жүргізілуде. Құнды басылымдардың электронды көшірмесін пайдалану оқырманға 
ыңғайлы, əріптері анық көрінеді əрі бұл тəсіл түпнұсқаны сол қалпында сақтау үшін қажет.  
77


Қазақтың ақыны, əдебиет зерттеуші ғалым, публицист, түркітанушы, педагог, аудармашы, қоғам 
қайраткері – А.Байтұрсыновтың қолжазбалары, кітаптары, қолжазбалары жəне мерзімді басылымдар 
беттеріндегі еңбектері Ұлттық кітапхананың Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында, ал 
кириллицамен  қайта  басылып  шыққан  еңбектері  жалпы  қорда  сақтаулы.  А.Байтұрсыновтың  көзі 
тірісінде  жарияланған  еңбектерді  сақтау  мақсатында  Сирек  қордағы  ғалымның  кітаптары  мен 
қолжазбалары түгелдей электронды көшірмеге түсірілген. 
Еліміздің  тəуелсіздік  алғаннан  кейінгі  қоғамдағы  ең  елеулі,  тарихи  оқиғалардың  бірі  –  Кеңес 
өкіметі тұсында оқуға рұқсат етілмей, тыйым салынған кітаптардың ашылуы, бүгінгі ұрпаққа оралуы 
болды.  1991-1992  жылдары  ҚР  Ұлттық  кітапханасының  «Арнаулы  сақтау»  деп  аталатын  жабық 
қорында  жатқан,  «СХ»  («спецхран»)  деген  мөрі  бар  басылымдар  Сирек  кездесетін  кітаптар  мен 
қолжазбалар  қорына  ауыстырылды.  Бұл  қорда  1930-38  жылдары  репрессияға  ұшыраған  алаштың 
асыл  тұлғаларының  жойылып,  тəркіленген  еңбектерінің  біразы  сақталған  екен.  Атап  айтсақ: 
Жүсіпбек Аймауытовтың «Сылаң қыз» (1922), «Тəрбиеге жетекші» (1924), «Тау еліндегі оқиға», «Ел 
қорғаны»,  «Мансапқорлар»  (1925),  «Жан  жүйесі  мен  өнер  таңдау»,  «Қанапия  мен  Шарбану», 
«Қартқожа»,  «Психология»,  «Рəбиға»,  «Шернияз»  (1926),  «Жаман  тымақ»,  «Комплекспен  оқыту 
жолдары», «Көк өгіз» (1929), «Жаңа ауыл» (1929, 1930); Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» (1922, 
1923),  «Бастауыш  мектепте  ана  тілі»  (1923),  «Ақ  боз  ат»  (1925),  «Сауатты  бол»  (1926,  1928-1930); 
Ахмет  Байтұрсынұлының  «Оқу  құралы»  (1913,  1914,  1920-1923,  1925,  1927),  «Тіл  –  құрал»  (1914, 
1918,  1920,  1922-1928),  «Қазақ  тілі  грамматикасы»  (1922,  1924),  «Қырық  мысал»  (1922),  «Əдебиет 
танытқыш»  (1927),  «Əліппе  үлкендер  үшін»,  «Сауат  ашқыш»  (1926),  «Əліп-би»  (1924,  1926-1928) 
«Жаңа əліппе», (1927), «Тіл жұмсар» (1928, 1929); Міржақып Дулатовтың «Есеп құрал» (1914, 1921, 
1922,  1925-1928),  «Шума  қандай  ауру?»  (1927)  т.б.  көптеген  қазақ  кітаптары  сирек  қорға  өткізілді. 
Содан  бері  тағдыры  тəлкекке  түскен  ұлы  тұлғалардың  шығармалары  жан-жақты  зерттеліп,  ғылыми 
айналымға  түсуде.  Біраз  шығармалар  кириллицаға  түсіріліп,  баспадан  шығарылды,  Мемлекеттік 
«Мəдени  мұра»  бағдарламасымен  шыққан  көптомдықтарға  енді.  Сирек  қор  осындай  құнды 
дүниелермен толығып, маңызы арта түсті.  
Сирек  қордағы  қазақ  қолжазбаларының  ішінде  А.Байтұрсыновтың  «Арнаулы  сақтау»  жабық 
қорынан табылған араб графикасымен жазылған «Шаруалық өзгеріс» жəне «Маса: өлеңдер жинағы» 
атты  екі  қолжазба  сақтаулы.Жазылған  жылдары  белгісіз.  Екі  қолжазба  да  кітапханаға  1940  түскен 
екен, «СХ» («спецхран») деген мөрі бар. 
Ғалымның  «Шаруалық  өзгеріс»  атты  102  беттік  қолжазбасы  7  тараудан  тұрады.  Алғашқы 
тарауларда  адам  баласының  тұрмыс-тіршілігіне,  өмір  сүруіне,  дамуына  қажетті  дүние  туралы 
жалпылама  ойлар,  табиғат  жағдайы,  климат  (ауа  райы), жер  түгі  мен жан-жануарларға қажетті  ауа, 
су,  жарық,  жылы  мен  суық,  азық,  үй,  киім-кешек  туралы,  бұрынғы  шаруашылық  пен  қазіргінің 
айырмашылығы  жайлы  сөз  болады.  Келесі  тарауларда  бұрынғы  тіршілігімен  бүгінге  дейін  жабайы 
түрде  өмір  сүріп  отырған  халықтарға  қарағанда  оқу-жазуы  бар,  мəдениеті  жоғары,  жерінде  жиі 
орналасқан халықтардың тіршілігінде шаруалық өзгерістердің болуы заңды екені жəне олардың арғы-
бергі  тарихын  білуге  мүмкіндіктері  бар  екені  айтылады.  Əрі  қарай  демография,  дүниежүзіндегі 
халықтардың  саны,  тіршілікке  керекті  құрал-жабдықтар,  мемлекетаралық  қатынастардың  сол 
елдердің  шаруашылығын  дамытуға  əсері,  мемлекет  қамы,  саясат,  таптық  құрылымдар  туралы  сөз 
саптайды.  7-тарауында  қазақтың  отырықшы  болу-болмауы  турасындағы  пікірталас,  шаруалық 
өзгеріп, өңделіп, мəдениет жолында ілгері басуға жол іздеу жайы қарастырады. Қазақ шаруалығының 
өзгеруіне осы жоғарыда аталған амалдардың қайсысының себепкер болары жəне оның маңызы мен 
мəні туралы ой қозғайды.  
93  беттік  «Маса:  өлеңдер  жинағы»  аталатын  қолжазбасына:  «Сөз  иесінен»,  «Жазушының 
қанағаты», «Туысыма», «Жадовскаядан», «Қожа Насреддин ақылы», «Оқуға шақыру», «Нəбек аты», 
«Сорлы  болған  мұжық»,  «Қаздар»,  «Есек  пен  үкі»,  «Қазақ  қалпы»,  «Қазақ  салты»,  «Достыма  хат», 
«Жиған-терген»,  «Анама  хат»,  «Тілек  батам»,  «Көк  есектерге»,  «Жұртыма»,  «Жұбату»,  «Н.Қ. 
ханымға»,  «Ақын  ініме»,  «И.Б.  жездем  хатынан»,  «Жауап  хаттан»,  «Ғылым»,  «Надсоннан»,  «Бақ», 
«Пушкин  (Вольтерден)»,  «Данышпан  Аликтің  ажалы»,  «Балықшы  мен  балық»,  «Алтын  əтеш», 
«Лермонтовтан» атты өлеңдері мен аудармалары енген.  
ҚР  Ұлттық  кітапханасының  Сирек  кездесетін  кітаптар  мен  қолжазбалар  бөлімі  қордағы  қазақ 
кітаптарын  зерттеушілерге  таныстыру  мақсатында  каталогтер  дайындап,  баспадан  шығарды.  Олар: 
Қазақ  кітаптары:  жиынтық  каталог  (1806-1917)  /Құрастырған  Ж.Н.Кəриева.-  Алматы,  1998;  Араб 
графикасымен  басылған  қазақ  кітаптарының  каталогі  (1841-1932)  /  Құраст.:  Н.М.Асқарбекова, 
Т.А.Замзаева.- Алматы, 2006; Латын графикасымен басылған қазақ кітаптарының каталогі. 2 томдық / 
Құраст.:  Н.М.Асқарбекова,  Т.А.Замзаева.-  1-т.  (1928-1941).  -  Алматы,  2007;  2-т.  (1928-1942).  - 
78


Алматы,  2011.  Осы  дереккөздер  арқылы  Сирек  қордағы  А.Байтұрсыновтың  ғылыми  мұрасын  іздеп 
табуға болады.  
Қорыта  айтқанда,  ҚР  Ұлттық  кітапханасы  еліміздің  сирек  кездесетін  кітаптар  мен  қолжазбалар 
қорының  көлемді,  маңызды  əрі  негізгі  бөлігін  сақтап  отыр.  Кітапхана  қорды  республика  көлемінде 
таптырмайтын  құнды  басылымдармен  толықтыра  түсу  мақсатында  республика  көлеміндегі  жəне 
əлемдегі  ірі  кітапханалармен  ынтымақтастықты  жылдан-жылға  арттырып  отыр.  Əсіресе,  тарихы 
тамырлас  түркі  елдеріндегі  кітапханалармен  тығыз  байланысқа  шығу  арқылы  тарихи  ортақ 
туындыларға, орта ғасырлардағы Қазақ даласынан шыққан ғұламалардың еңбектеріне қол жеткізуге 
бар  мүмкіндік  жасауда.  Сондай-ақ  халықаралық,  республикалық,  аймақтық  бағдарламалар  мен 
жобалар  бойынша  ғылыми,  мəдени  іс-шараларға  қатысып,  өз  тарапынан  да  мұндай  іс-шараларды 
жоспарлы түрде өткізіп, нəтижелі қызмет атқарып отыр. Қазақ елінің жəне əлемдегі басқа елдердің 
тарихы, ғылымы, əдебиеті, мəдениеті, əлеуметтік-тұрмысы туралы басылымдар кітапхананың ұлттық 
қорын құрайды, сондықтан бұл қор – бүгінгі халықтың жəне келер ұрпақтың қазынасы. ҚР Ұлттық 
кітапханасының  негізгі  міндеттерінің  бірі  –  сирек  қорға  мүмкіндігінше  барлық  құнды  басылымды 
жинақтау, жүйелеу, сақтау, насихаттау, зерттеу, зерделеу, оларды толықтай келер ұрпаққа жеткізу.  
 
Əдебиет: 
1.
  Байтұрсынұлы А. Шаруашылық өзгеріс. Қолжазба. Араб графикасымен жазылған. Жылы белгісіз. - ҚР 
Ұлттық кітапханасы. Сирек қор. №480. - 102 б. 
2.
  Байтұрсынұлы  А.  Маса.  Қолжазба.  Араб  графикасымен  жазылған.  Жылы  белгісіз.  -  ҚР  Ұлттық 
кітапханасы. Сирек қор. №215. - 93 б. 
3.
  Қазақ кітаптары: жиынтық каталог (1806-1917) / Құрастырған Ж.Н.Кəриева. - Алматы, 1998. - 177 б. 
4.
  Араб графикасымен басылған қазақ кітаптарының каталогі (1841-1932) / Н.М.Асқарбекова, Т.А.Замзаева. 
- Алматы, 2006.- 176 б. 
 
 
Күзекова З.  
филол.ғ.д., Назарбаев  
университетінің профессоры  
 
А. Байтұрсынұлының сөйлем мүшелерін топтастыруы туралы 
 
Көрнекті  тілші  ғалым,  академик  Р.  Сыздықова  Ахмет  Байтұрсынұлының  «Тіл  тағылымы» 
кітабына  кіріспе  мақаласында  ғалымның  «оқу-ағарту  ісін  өзінің  азаматтық  міндеті  мен  өмірінің 
мақсаты  санағанын»  атап  айтады.  Ол  қызметі  мен  уақытын  сан  түрлі  кедергілер  кездескеніне 
қарамастан, өзінің осы азаматтық міндеті мен өмірлік мақсатын орындаудан айнымады. Р.Сыздықова 
айтып отырғандай, «қазақтар үшін өз алфавитін жасау əрекетіне де, тілін зерттеп, оқулықтар жазуына 
да,  тыңнан  жол  салып,  бай  терминология  дүниесін  жасауына  да,  қоғамдық-əкімшілік  істеріне 
араласуына да алып келген – өзі діттеген ағартушылық мақсаты» [1, 15].  
Америкалық  зерттеушілер  де,  Байтұрсынұлының  еңбектерін  зерттеуге  қызығушылық  танытқан. 
Белгілі кеңестанушы – Эдвард Олуорттың редакциялық басқаруымен шығарылған «Орыс басқарған 
ғасырдағы  Орталық  Азия»  ұжымдық  монографияда  Байтұрсынұлы  туралы  деректер  бар. 
Америкалықтардың монографиясында А.Байтұрсынұлына жан-жақты, дəйекті баға берілген, ғылыми 
еңбектері  де  назардан  тыс  қалмаған,  ғалымның  қазақ  əліпбиін  жетілдіріп,  ұлттық  əдебиетті 
дамытудағы  рөлі  ерекше  атап  өтілген.  Осы  монографияда  Орта  Азия  халықтарының,  соның  ішінде 
қазақтардың 1860 жылдан бергі экономикалық, саяси жəне мəдени даму жолы баяндалады, сондай-ақ 
«Қазақ» газетіне де ерекше назар аударған [2, 175-411].  
 Оның  қазақ  мəдениетіне  қосқан  сүбелі  үлесі  –  ірі  теоретик  ретінде  қазақ  тіл  білімінің  негізін 
қалағаны деп білеміз. Ахмет Байтұрсынұлы – араб графикасын қазақ сөзінің ыңғайына келтіріп, жаңа 
əліпби  жасаушы,  қазақ  тілін  түрлендіруші.  Оның  қаламынан  «Əліппе»,  «Үлкендерге  арналған 
əліппе», «Тіл – құрал», «Сауат ашқыш», «Баяншы», «Оқу құралы» («Хрестоматия», Т.Шонанұлымен 
бірге) жəне тағы басқа бірқатар қомақты еңбектері шыққан. Қазақтың рухани өмірінде ол – тек қана 
ағартушы емес, сондай-ақ ағартушы ғалым, жай ғана ұстаз емес, ғалым əрі тəлімгер бола білді. Жай 
ғана  ғалым  емес,  араб  графикасын  түрлендіру  тəсілін  ұсынған  реформатор  (жаңартушы)  болды. 
Ахаңды графика саласындағы аса беделді тұлға академик Поливанов «кемеңгер» деп таныған [3, 321-
322].  
79


Ахмет  Байтұрсынұлы  мұрасының  қазіргі  зерттеушілерін  айта  келе,  белгілі  ғалым,  академик 
Рымғали  Нұрғалиев  туралы  еске  ала  кеткен  жөн.  Ол  Ахаңның  лингвистикалық  жаңалықтарын 
айрықша бағалап, ұлттық ғылымды дамытуға қосқан үлесінің өлшеусіз екенін айтады [4].  
Қазақ  тіл  біліміндегі  негізгі  терминдерін  жұртымыздың  образды  ойлау  мүмкіндігімен 
сабақтастырып,  өз  топырағымыздан  тауып,  оларға  тұңғыш  анықтама  бергені,  дыбыс  жүйесін,  сөз 
жүйесін, сөйлем жүйесін қалыптастырған ұлы еңбегі бүгінде өз бағасын алып жатыр.  
 Біз  А.Байтұрсынұлының  қазақ  синтаксисіндегі  сөйлем  мүшелерін  топтастыруы  жайлы  бірқатар 
ойларымызды  баяндамақпыз.  Сөйлем  мүшелері  –  жай  сөйлем  синтаксисінің  ең  күрделі  мəселесі. 
Синтаксистің  бұл  саласына  ғылыми  жағынан  да,  практикалық  жағынан  да  мектеп,  педучилище, 
жоғары оқу орындарына арналған еңбектерде бірқатар зерттеулер бар. Сөйлем мүшелерінің зерттелуі 
қазақ  тіл  білімінде  немесе  түркологияда  ғана  емес,  көптеген  басқа  тілдерде  де  əртүрлі  кезеңдерде 
орын  алып  отырғаны  белгілі.  Қазақ  тіліндегі  сөйлем  мүшелерінің  зерттелуін  Қазан  революциясына 
дейінгі еңбектерден де кездестіреміз. Алайда сөйлем мүшелері туралы Қазан төңкерісіне дейінгі жəне 
Қазан  төңкерісінен  кейінгі  зерттеулерде  елеулі  айырмашылық  бар.  Оның  өзі,  біріншіден,  сөйлем 
мүшелерінің  саны  жағынан,  зерттелу  тəсілі  жағынан  көрінсе,  екіншіден,  оның  жасалу  жолдары 
туралы өзгеше сипат барын айтуға болады.  
Қазан  революциясына  дейінгі  сөйлем  мүшелері  туралы  П.Мелиоранский  [5],  М.Тереньтев, 
И.Лаптев  еңбектерінде,  бір  топ  авторлардың  алтай  тілі  жөніндегі  зерттеулерінде  айтылғанмен, 
ондағы сөйлем мүшелері дəл қазіргідей 5 түрге топталып, жете зерттелген емес. Дегенмен олардың 
еңбектерінде бұл мəселелердің кейбір қырларының аз да болса, атап өту орынды.  
А.  Байтұрсынұлының  «Тіл  танытқыш»  оқулығында  сөйлем  мүшелеріне  арнайы  тоқталып, 
қазіргіше  жіктегенін  көреміз  [6].  Автор  бұл  еңбегінде  сөйлем  мүшелерін  бастауыш,  баяндауыш, 
анықтауыш,  толықтауыш,  пысықтауыш  деп  беске  бөледі.  А.  Байтұрсынұлы  –  синтаксистің  басқа 
салаларына қарағанда, сөйлем мүшелерінің аталуын да, жасалу жолдарын да, күллі түркологияда əрі 
нақты, əрі жүйелі көрсеткен ғалым. 
 Одан  кейінгі  уақытта  сөйлем  мүшелері  туралы  түрліше  көзқарастар  айтылды.  Бұл  тұрғыда  Қ. 
Жұбановтың,  Т.  Бəйтеновтің,  Х.  Басымовтың,  С.Аманжоловтың,  Ə.  Ермековтің,  М.  Балақаевтың 
еңбектерін  атауға  болады.  А.Байтұрсынұлы,  Қ.Жұбанов,  С.Аманжолов,  М.Балақаев  көбіне  сөйлем 
мүшелерінің  ғылыми  жүйеленуіне  назар  аударса,  басқа  ғалымдар  жасалу  жолдарына  көбірек  көңіл 
бөлген.  Сөйлем  мүшелері  туралы  жаңаша  пікір  білдіре  отырып,  Қ.  Жұбанов  сөйлемнің  тұрлаусыз 
мүшелері туралы өзіндік жаңа ұсыныстар береді. Ол «Жаңа грамматикалық жаңалықтары жайынан» 
[7,  1-3],  «Қазақ  тілі  жөніндегі  зерттеулер»  [8]  деген  еңбектерінде  сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшелері 
туралы  өзінен  бұрынғы  авторларды  талдай  келіп,  сөйлем  мүшелерін  топтастыруда  тұлғалық 
принципті басшылыққа алады. Тұрлаусыз мүшелерді «айқындауыш» деп атағанды жөн көрген оның 
өз  пікірін  келтірелік:  «Сөйтіп,  жаңа  грамматикада  «анықтауыш»,  «толықтауыш»  делінген 
категориялар  –  мағынасына  қарай жіктеуден  туған  емес,  сөздердің  бір-бірімен  байланысу  амалына, 
екінші сөзбен айтқанда, сыртқы белгісіне қарай ғана жіктелгенінен туған топтар» [8.211].  
Қ.  Жұбанов  сөйлем  мүшелерін  бастауыш,  баяндауыш,  айқындауыш  деп  үш  топқа  бөле  келіп, 
айқындауышты екі жікке – толықтауыш, анықтауышқа айырған: «Жалғаусыз тура күйде тұрып-ақ 
айқындауыш  болғандарын  «анықтауыш»  дедік,  жалғау  не  жалғаудың  күшімен  басқа  бір  сөзге 
жетектеліп, соны айқындап тұратын болса, ондайларын «толықтауыш» дедік» [8, 210]. Қ. Жұбановша 
ілік  жалғаулы  сөздер  де  толықтауыш  болып  отыр.  «Бұрын  толықтауыш  қатарына  қосылатын 
сөздердің  бірқатары  бізде  анықтауыш  болып  кетер  еді.  Мысалы:  бүгін  келдім  дегендегі  бүгін  сөзді 
анықтауышқа  қосып  отырмын.  Өйткені  бұл  –  жалғаусыз  сөз»  [8,  211].  Сонымен,  Қ.  Жұбановтың 
сөйлем мүшелері туралы топтаулары сөйлем мүшелерінің табиғатын толық ашып бере алмаса керек. 
Қазақ  тіліндегі  сөйлем  мүшелерін  туралы  С.Аманжолов  та  бірқатар  еңбектер  жазған:  өзіндік 
топшылау, жіктеуін ұсынады: бастауыш, баяндауыш, анықтауыш деп, үш топқа бөлумен шектеледі 
[9,  5-11].  С.  Аманжолов  сөйлем  мүшелері  туралы  əр  кезде  əртүрлі  пікірде  болғанымен,  кейінгі 
еңбектерінде  оларды  бастауыш,  баяндауыш,  анықтауыш,  толықтауыш  жəне  пысықтауыш  деп 
топтастырып бергені белгілі [10].  
Сөйлем мүшелерін топтастыру туралы Х. Басымовтың да бірнеше мақалалары жарық көрген [11, 
15-18].  Автор  сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшелерін  қазіргіше  атай  отырып,  «Сөйлемнің  тұрлаусыз 
мүшелері мағыналары жəне сөйлем ішіндегі алатын орындары жағынан үшке бөлінеді: анықтауыш, 
толықтауыш, пысықтауыш», – деп дұрыс бөле білген [11, 15].  
Сөйлем  мүшелері  туралы  еңбектерді  шола  келе  аңғарғанымыз:  ол  белгілі  дəрежеде 
зерттелгенімен, басқа тілдермен салыстырғанда, бұл салада кенжелеу қалып отырмыз. 
80


Сөйлем  мүшелері  туралы  С.Жиенбаев,  Н.Сауранбаев,  М.Балақаев,  Р.Əміров,  М.Томанов, 
О.Төлегенов,  Т.Сайранбаев  едəуір  еңбектер  жариялаған.  Осы  авторлардың  еңбектерінде  де  сөйлем 
мүшелері кейде  негізінен  жасалуы  жағынан қаралса,  енді  бір  еңбектерде семантикасына баса  назар 
аударылады. Сол себепті де сөйлем мүшелерінің зерттелуінің өзі əртүрлі дəрежеде. Əсіресе, олардың 
ішіндегі  күрделісі  –  пысықтауыш.  Сөйлем  мүшелерінің  ішінде  ең  жиі  қолданыста  болатыны  да  – 
пысықтауыш. 
Сөйлем  мүшелерінің  лингвистикалық  атауларының  қалыптасуы  туралы  Қ.Мұсаев:  «Бұл  бес 
сөйлем  мүшесінің  атауларының  түп  төркіні  –  баста,  баянда,  анықта,  толықта,  пысықта  бұйрық 
райлы  етістіктер.  Сол  бұйрық  райлы  етістіктерге  -уыш  жұрнағының  қосылуы  арқылы  енді  олар 
бастауыш,  баяндауыш,  анықтауыш,  толықтауыш  жəне  пысықтауыш  деген  грамматикалық 
терминге ауысқан» [12, 213], – деп түсініктеме береді.  
Қазақ филологиясы мен өнертануының негізін салушы ғалым – А.Байтұрсынұлының еңбегіндегі 
пысықтауыш  туралы  анықтамасына  назар  аударалық:  «»Пысықтауыш  сөздер»  деп  амал  пысықтау 
үшін  айтылатын  сөздерді  айтамыз.  Сөйлем  ішіндегі  нəрсенің  амалын  көрсететін  сөз  –  баяндауыш. 
Сондықтан  пысықтауыш  сөздер  баяндауышты  пысықтайтын  сөздер  болып  шығады.  Бұлар 
баяндауышты қалай пысықтайды? Əуелі баяндауыш көрсетіп тұрған амалдың мезгілін айтып, екінші 
– орнын айтып, үшінші – сынын, сыйқын айтып, төртінші – себебін айтып, бесінші мақсатын айтып, 
пысықтайды.  Сондықтан  пысықтауыш  сөздердің  өзі  бес  топқа  бөлінеді.  Пысықтау  мəнісіне  қарай 
мезгіл  пысықтауыш,  мақсат  пысықтауыш,  мекен  пысықтауыш,  сын  пысықтауыш,  себеп 
пысықтауыш  деп  аталады»  [1,  213].  Міне,  пысықтауышты  А.  Байтұрсынұлы  өзінің  ғылыми 
еңбектерінде  ғылыми  дəлдікпен  тұжырымдама  айтып,  түрлеріне  дейін  көрсетіп  берді.  Бүгіндері 
қолданып жүрген жүйенің негізін салғандығы осындай тұжырымдармен дəйектелген.  
Сталиндік  репрессиядан  кейінгі  уақыттарда  пысықтауыш  туралы  түрліше  көзқарастар  айтылып 
келді.  Қазақ  тіл  білімінде  1939  жылдары  сөйлем  мүшелері  туралы  талай  пікірталастар  болғаны 
белгілі. Міне, сол кезде тұрлаулы жəне тұрлаусыз сөйлем мүшелері туралы да құнды-құнды пікірлер 
айтылды.  
С.  Аманжолов  «Сөйлем  мүшелерін  топтастыру»  деген  мақаласында  сол  уақытқа  дейінгі  сөйлем 
мүшелері  туралы  мақалаларға  шолу  жасай  келіп,  біраз  ескертпелер  жасайды.  Мұнда  автор  жаңа 
жіктеу  жобасы  бойынша,  сөйлем  мүшелерін  бастауыш,  баяндауыш  жəне  анықтауыш  дей  келе, 
анықтауышты  сынды  анықтауыш,  деректі  анықтауыш,  мекенді  анықтауыш,  мезгіл  анықтауыш, 
себеп  анықтауыш,  есепті  анықтауыш,  мақсатты  анықтауыш  сияқты  жеті  түрге  бөледі  де 
толықтауыш жəне пысықтауыш деген терминді қолданбайды [13].  
С.  Аманжоловтың  бұл  талдауынан  көрініп  отырғандай,  пысықтауыш  қызметіндегі  сөздер  мен 
оның  түрлерінің  бəрі  анықтауыш  деп  аталған.  Алайда  автор  кейінгі  еңбектерінде  пысықтауышты 
арнайы сөйлем мүшесі ретінде қарастырады [14].  
 Пысықтауышты  арнайы  сөйлем  мүшесі  ретінде  қарастырып,  оның  негізгі  сипаттарын,  жасалу 
жолдарын,  түрлерін  алғаш  рет  ғылыми  айналысқа  түсірген,  құнды  пікір  айтқандардың  бірі  – 
Х.Басымов  [11].  Автордың  пысықтауыш  жөніндегі  бұл  пікірлері  күні  бүгінге  дейін  өзіндік  құнын 
жойған  жоқ.  Сол  сияқты  І.Бəйтенов  те  сөйлем  мүшелері  туралы  жазған  мақаласында  бұл  мəселеге 
тоқталып өткен [15].  
 Пысықтауыштың  бірде  жеке  сөйлем  мүшесі  ретінде  қаралып,  бірде  басқа  сөйлем  мүшелерімен 
бірігіп  қарастырылуы  журнал  беттерінде  пікірталастар  тудырған.  А.Байтұрсынұлының 
анықтамасынан, Байтұрсыновша атаудан жасқанды ма, 1937 жылдардағы еңбектерден грамматикада 
формализмнің орын алғандығы көрініп тұр. Осы формализмнің көрінісі туралы айта келіп, Ə.Ермеков 
«пысықтауыш  деген  категория  қалыптасқан  мəдениетті  тілдердің  бəрінде  де  бар»,  –  деп, 
пысықтауышты арнайы қарау керектігін дұрыс қорытындылайды [16].  
 Біз  бұл  шағын  мақалада  сөйлем  мүшелерінің  өз  ұғымына  сай  аталуына  негіз  болған,  бүгінгі 
қалыптасқан синтаксистік терминдердің түп қазығы А.Байтұрсынұлыдан басталатындығын сөз еттік. 
Репрессия  жылдары  да,  одан  кейініректе  де  сөйлем  мүшелерін  Байтұрсынұлынша  атаудан 
ғалымдарымыз  қаншама қашса  да,  мұндай  негізсіз  тəсілдің  өрісі  тар,  ғұмыры  қысқа  болатындығын 
уақыт  дəлелдеп  берді.  Қорыта  айтқанда,  ғұлама  ғалым  А.  Байтұрсынұлының  қалдырған  мұрасын 
таратып, талдап зерттеу – бүгінгі, кейінгі ұрпақтың парызы.  
 
Əдебиет: 
1.
   Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992.  
2.
   Edward Allworth. Central Asia 120 years of Russian Rule. – Duke University Press Durham and 1989.pg 606. 
3.
   Поливанов Е.Д. Основные формы графической революции в турецких письменностях СССР // Новый 
Восток. - М. 1928.  
81


4.
  Нұрғалиев Р. Алып бəйтерек // Бес арыс. – Алматы. 1992. – 253 б. 
5.
  Мелиоранский П. Грамматика казах-киргизского языка. -СПб., 1897. 
6.
   Байтұрсынов А. Тіл танытқыш. – Орынбор, 1924. 
7.
  Жұбанов Қ. Жаңа грамматикалық жаңалықтар жайынан // Ауыл мұғалімі. - 1937. - №1-3.  
8.
  Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1966. - 210 б. 
9.
  Аманжолов С. Сөйлем мүшелерін топтастыру мəселелері // Тіл мəселелері. – 2- жинақ. – Алматы, 1936. – 
5-11- б. 
10.
 Аманжолов С. , Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы. - ІІ бөлім. - Алматы, 1939. 
11.
  Басымов Х. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы // Халық мұғалімі. - 1939. - №2. 
12.
  Мусаев К. Некоторые наблюдения над развитием морфологии казахского языка в послеоктябьской 
период // Исследование по тюркологии. – Алма-Ата , 1959. - С. 213.  
13.
  Аманжолов С. Қазақ тілінің грамматикасы. - ІІ бөлім. Синтаксис. - Алматы, 1939. 
14.
  Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқа курсы. - Алматы, 1940.  
15.
 Бəйтенов І. Сөйлем мүшелері туралы // Халық мұғалімі. - 1939. - №15 - 16. 
16.
  Ермеков Ə.Пысықтауыш жəне бұл жөніндегі кейбір түсініксіз мəселелер туралы // Халық мұғалімі. - 
1939. - №9. - 37 б. 
 
 
Момынова Б. 
филол.ғ.д., профессор,  
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі 
 институтының бас ғылыми қызметкері 
 
«Қазақ» газеті – өз заманының рухани үдерістері мен  
əдеби тілге ықпал етуші ақпараттық құрал 
 
Бес  жыл  бойы  халықтың  «көзі,  құлағы,  үні»  болған  «Қазақ»  газетіне  белгілі  тарихшы  ғалымдар 
төмендегідей баға берді: «Дегенмен «Қазақ» алғашқы сандарынан бастап-ақ сырт көзге мен мұндалап 
тұрғаны анық, айқын, позициясы түсінікті, көздеген мақсаты бар газет болатын... Ол мақсат – қазақ 
қоғамын ояту, оны жарыққа жетелеу, ұлт-азаттық езгіге қарсы күрес жолына алып шығу еді. Ауыр 
отарлық  езгі,  Столыпин  реформасы  нəтижесінде  жер  үшін  күрестің  шиеленісуі,  шаруашылық 
дағдарыс,  саяси-əлеуметтік  правосыздық  жағдайында  «Қазақ»  жалпы  ұлттық  мəселелерді  көтеріп, 
сол  үшін  күресті.  «Қазақ»  газетінің  ұстанған  позициясы  сол  тарихи  кезеңдегі  қазақ  қоғамының 
табиғатынан туындап жатқан еді, оның сол кезеңдегі ең бірінші кезектегі талап-тілегін, ұлт ретіндегі 
мақсат-мүддесін  білдіретін  еді.  Газеттің  жалпы  ұлттық  басылым  ретінде  ерекшелігі  де,  əлеуметтік 
шектеулігі  де  осы  қырынан  тікелей  байланысып жатты»  [1]. Міне,  сол  себептен  де  ұлы М.  Əуезов: 
«Қазақтың  еңкейген  кəрі,  еңбектеген  жасына  түгелімен  ой  түсіріп,  өлім  ұйқысынан  оятып,  жансыз 
денесіне  қан  жүгіртіп,  күзгі  таңның  салқын  желіндей  ширықтырған,  етек-жеңін  жиғызған  «Қазақ» 
газеті  болатын»,  –  деп  жазған  еді  ертеректе  [2]. Ал  газеттің  тұңғыш  санындағы  бас  мақалада  оның 
шығарушысы – А.Байтұрсынов: «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аты деп, газетамыздың 
есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету – қазақ 
баласына міндет... Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенше, ғұмыр жеткенше істеп кетелік. Малша 
оттап, асап ішіп, халық үшін қам қылмай, қарын тойғанына мəз болып, мал өлімінде өлмейік!» [2], – 
деп  толғанады.  Біз  пікірлер  «Қазақ»  газетінің  жалпыхалықтық,  шын  мəнінде  ұлттық  газет  екенін 
дəлелдейді  жəне  газет  қамтыған  мəселелер,  тақырып  ауқымдылығы,  тілі  т.б.  осы  ойды  нақтылай 
түседі.  Атап  айтсақ,  1913-1918  жылдар  арасында  «Қазақ»  газеті  бетінде  қазақ  жұртшылығы,  қазақ 
қауымы  үшін  өзекті,  өмірлік  мəні  бар  тақырыптардың  көтерілмегені  жоқ.  Бұл  тұрғыдан,  «Қазақ» 
газеті «өз кезінің кішігірім энциклопедиясы» деп батыл айтуымызға əбден болады. Өз заманында бір 
өзі  қазіргі ондаған басылымның (мəселен, күнделікті ақпараттық,  əдеби,  қоғамдық-саяси  т.б.)  рөлін 
атқарған «Қазақ» бүгінгі ұрпақ үшін осы жағынан да құнды деп білеміз.  
«Қазақта» мынадай тақырыптар, мəселелер қамтылған: 

   көркем əдебиет үлгілері. Оның өзін іштей үш топқа бөліп, сараладық: 
а)  көркем  поэзия;  ə)  аударма;  б)  көркем  проза.  Енді  сөзімізді  нақтылай  түсу  үшін  осы  үш 
тақырыпқа қатысты жазылған материалдардың кейбірін атап өтейік: 

   поэзия – «Туған жер» (М.Жұмабаев, 1913, №5); «Жұт» (М.Дулатов, 1913, №8); «Жазғы дауыл» 
(Ғ.Шоқаев, 1913, №6); «Елім-ай» (М.Д., 1914, №52); «Жанға» (С.Дөнентаев, 1915, №103); «Жарыма» 
(Мағжан, 1915, №121); «Жаз» (С.Дөнентайұғлы, 1915, №122); «Байлыққа» (Б.Майлин, 1915, №132); 
«Əуе»  (Бейімбет,  1915,  №135);  «Жылқыға»  (Ай,  1916,  №164);  «Алашордаға»  (Бимұхамед  Майлин, 
82


1918, №262)  т.б.  Бұл  аталған  өлеңдердің  ішінде Б.Майлиннің  «Алашордаға» атты  өлеңін  бұрын  еш 
жерден  кездестірмегенбіз.  Бұл  –  Бейімбет  шығармаларын  зерттеушілер  үшін,  бейімбеттанушылар 
үшін теңізге қосылған тамшыдай болса да жаңа мағлұмат болды.  
Бұл  өлеңдер  «Өлең-жыр»  айдарымен  тұрақты  түрде  жарияланып  отырған.  «Өлең-жыр»  айдары 
көбіне-көп  екінші  немесе  үшінші  беттің  аяғына  қарай  орналастырылған.  Авторлар  кейде  толық 
аттарын, кейде лақап аттарын көрсеткен.  

  Аударма – «Ешкітану» (Н.Маркстан тəржімелеген – Қыр баласы); «Герейдің жойылуы» (Қыр 
баласы); «От» (В.Короленкодан тəржімелеген – Қыр баласы) т.б. 

   Көркем проза – «Жазықсыз тамған қан» (Торайғыр, 1916, №168); «Қуанышты күн» (Мадиар, 
1916,  №174);  «Надандық  құрбаны»  (1916,  №175)  т.б.  Көркем  проза  үлгілері  көбінесе  «Оқшау  сөз» 
айдарымен жарияланып тұрған. 

   Ғылыми материалдарды да іштей бірнеше топтарға бөлдік: 

   медицинаға  байланысты  жазылған  материалдар:  «Чума»  (Е.Қасаболатов,  1913,  №8);  «Ден 
саулығы  жайынан»  (Ж.Тілеулин,  1913,  №9,  19,  20,  21,  30,  32;  1914,  №47,  49,  57,  58);  «Тамыр  дəрі 
хақында»  (Х.Досмұхамедов,  1913,  №13,  14);  «Құрт  ауруы»  (Қыр  баласы,  1913,  №15);  «Аурудың  аз 
болуына не көмек» (Арғын, 1913, №33); «Чума жайынан» (М.Д., 1914, №49); «Трахома» (Қыр баласы, 
1914,  №56);  «Жұқпалы  аурулар  хақында»  (Халел,  1914,  №60,  62,  63);  «Сары  кезік-сүзек»  (Халел, 
1914,  №64,  65);  «Арақ  пен  темекі  зияны»  (Е.Қасаболатов,  1914,  №76,  77);  «Неміс  аптегі»  (Қыр 
баласы, 1915, №104); «Күл кезік» (1915, №110) т.б. 

  мал-дəрігерлік  тақырыбына  жазылған  ғылыми  мақалалар:  «Мал  індеті»  (1913,  №10);  «Сиыр 
малы  тұқымын  асылдандыру  турасында»  (1913,  №27);  «Мал  хақында»  (1913,  №40,  41,  43);  «Мал 
турасында» (1914, №49) т.б. 

  ғылыми-техникалық  тақырыптағы  мақалалар  «Соғыстағы  машиналар»  (1941,  №91);  «Бұл 
заманның  соғысы»  (1914,  №73);  «Теңіз  соғысы.  Еуропадағы  славиан  һəм  неміс»  (1914,  №78); 
«Аспанда  ұшып  жүретін  машиналар  һəм  Еуропа  соғысы»  (Қазақ  инженер,  1914,  №81);  «Соғыс 
кемелері һəм мина» (Қазақ инженер, 1914, №90); «Соғысушы падшалардың қару-жарақтары» (Қазақ 
инженер,  1915,  №113);  «Сүңгуір  қайық»  (Қазақ  инженер,  1915,  №122);  «Нева  суында  сым  темір» 
(Қазақ  инженер,  1915,  №124);  «Түрік  ұшушыларының  өлімі»  (Ж.Жəнібеков,  1914,  №53);  «Сымсыз 
телеграфты іздеу» (1915, №124); «Улы газ туралы» (1915, №135) т.б. 

   Ғылыми-зерттеу мақалаларының үлгілерін іштей бірнеше топтарға бөлдік: 

   əдеби-сын  мақалалар:  «Манап  драмасы»  (М.Д.,  1914,  №82,  83);  «Қазақ  əдебиеті  жайынан» 
(Р.Мəрсеков, 1915, №113); «Қара қыпшақ Қобыланды» (Қыр баласы, 1915, №126, 127, 128, 129) т.б. 

  Танымдық  ауқымы  кең  мақалалар  (бұл  мақалаларда  жекелеген  танымал  адамдардың,  өнер, 
қоғам  қайраткерлерінің  еңбегі  туралы  мəліметтер  жəне  өмірбаяндық  деректері  беріліп  отырған)  – 
«Ғабдолла Тоқай» (М.Д., 1913, №9); «Бебел» (Қыр баласы, 1913, №26); «Қазақ ақыны» (Азамат, 1913, 
№30);  «Қазақтың  бас  ақыны»  (А.Б.,  1913,  №42,  43);  «Петр  Петрович  Семенов»  (Қыр  баласы,  1914, 
№54); «Шоқан Шыңғысұлы Уəлихан» (М.Д., 1914, №71, 73, 76, 77); «Жан Жорес» (Қыр баласы, 1914, 
№74);  «Ы.Гаспрински»  (опатынан  соң)  (Түрік  баласы,  1914,  №80);  «Гаспрински  хақында»  (1914, 
№81);  «Ы.Гаспрински»  (1914,  №82);  «Е.Трубецкой  хақында»  (Қыр  баласы,  1914,  №89); 
«В.Л.Буртсев»  (1915,  №102);  «Николай  Лукич  Скалозубов»  (Ғали  хан,  1915,  №105);  «Виктор 
Петрович Обнински» (Ғали хан, 1916, №175) т.б. 

  Ғылыми-зерттеу мақалалар – «Қазақтың тарихы» (Түрік баласы, 1913, №7, 9); «Жазу мəселесі» 
(А.Б.,  1913,  №34,  35,  36);  «Роман  не  нəрсе?»  (Арысұғлы,  1914,  №48);  «Школдарда ана  тілмен  оқу» 
(1915,  №116);  «Қазақ  мактабы»  (1914,  №66);  «Школдарда  ана  тілмен  оқыту»  (1915,  №117);  «Бала 
тəрбиесі»  (Жаңа  байбақты,  1915,  №119);  «Мақалдар»  (А.Баржақсин,  1915,  №120);  «Жазу  мəселесі» 
(Желкек,  1915,  №62);  «Емле  туралы»  (Н.Күзембаев,  1915,  №116);  «Бастауыш  мактаб»  (1914,  №61) 
т.б. 

   Салт-дəстүрге байланысты жазылған зерттеу мақалалар: «Наурыз» (1913, №5); «Тоқым қағар» 
(М.Д., 1915, №101); «Қыз тартып алу» (1915, №117) т.б. 

   Саяси-əлеуметтік  жағдайларға  байланысты  жазылған  мақалалар  газетте  өте  көп  кездеседі. 
Тақырыбы  да  əртүрлі,  көтерген  мəселелері  де  санқилы  бұл  мақалалар  сол  кезеңдегі  күн  тəртібінде 
тұрған  өткір  проблемаларды  көтеріп  отырған.  Енді  солардың  кейбіріне  тоқталып  кетейік:  «Бөкей 
қазағына шығатын  закон  проекті»  (Қыр  баласы,  1913,  №8);  «Жер  мəселесі»  (Басқарма, 1913, №10); 
«Төртінші дума һəм қазақ» (Қыр баласы, 1913, №25); «Қала болған қазақтар жайынан» (1913, №27); 
«Земство не нəрсе?» (М.Д., 1913, №29, 31, 32, 33, 34, 38, 41, 44); «Қазаққа бөлек мүптилік керек пе?» 
(Р.М.,  1913,  №43);  «Жер  жұмысына  дін  жұмысын  қыстырмалау»  (1914,  №46);  «Аңдаспаған  мəселе 
83


турасында»  (А.Б.,  1914,  №48);  «Государственни  Думада»  (1914,  №48);  «Дума  маңында  неге  кісіміз 
жоқ» (А.Жандалин, 1914, №48); «Мұғалім һəм мұғалималар хақында закон» (1914, №50); «Духовное 
собрание» (1914, №58); «Ескі һəм жаңа билер» (С.Шорманов, 1914, №59); «Орыс мейірманшылығы» 
(1913, №35); «Қазақтан солдат алына ма?» (М.Д., 1914, №60); «Би һəм билік туралы» (Шəкəрім, 1914, 
№65);  «Қазақ  ақшасы»  (М.Д.,  1914,  №70);  «Закон  жобасы»  (1914,  №76,  77,  78);  «Жаңа  уақ  қарыз 
серіктігі»  (1915,  №128);  «Соғыста  қазақ  тұрмысы»  (1915,  №130)  т.б.  [4].  Сонымен  қатар  «Қазақ» 
бетінде  статистикалық  материалдар,  жарнамалар,  əртүрлі  мерзімді  басылымдар  беттеріне  шолулар, 
қаражаты  тапшы,  мұқтаж  оқушыларға  жəрдем,  жаңа  кітаптар  туралы  тың  мəліметтер  көптеп 
кездеседі.  Сол  кездегі  қазақ  оқығандарының  «Ашық  хаттарына»  да  орын  беріліп,  əртүрлі 
пікірталастар  ұйымдастырылып  отырған.  «Мұғалім  орын  іздейді»  рубрикасымен  мұғалімдерге 
жұмыс тауып беру проблемасымен де шұғылданған.  
Бұл санамалап өткен қысқаша мəліметтер газеттің жалпыхалықтық болғандығын, ұлттың барлық 
шаруасына  да  көңілін  бөліп,  атсалысып  отырғандығын  тағы  да  дəлелдей  түседі.  Аталып  өткен 
материалдардың  тақырыптарына  қарап  отырып,  газет  бетінде  əдеби  тіліміздің  əрі  қарай  дамуына 
негіз  болған  функционалдық  стильдердің  бəрі  де  бар  екендігіне  көз  жеткіземіз.  Атап  айтсақ,  газет 
бетінде  қоғамдық-публицистикалық  стиль  аясында  ғылыми-көпшілік  стиль,  ғылыми  стиль 
болғандығын көреміз. Көркем əдебиет жанрларының əр түріне байланысты (аударма, поэзия, проза) 
осы стиль əбден нығайып, буыны қатайған. Сондай-ақ ресми іс-қағаздар стилінің тамаша үлгілері мен 
эпистолярлық стильге (немесе подстиль) тəн дүниелердің жеткіліктігі көз қуантады. «Қазақ» газетінің 
əдеби  тілді  дамытудағы  аса  зор  рөлі  стильдік  тармақтарды  жетілдіру  жолындағы  қызметімен  де 
ұштасып жатқандығын, оның өзі бір бөлек мəселенің жүгін арқалайтындығын айта кету керек.  
Қазақ  халқының  маңдайына  біткен  жарық  жұлдыздарының  бірі  –  ұлы  ағартушы  Ахмет 
Байтұрсынов 1895-1909 жылдар аралығында ауылдық, болыстық бастауыш мектептер мен бес-алты 
жылдық екі кластық училищелерде мұғалім бола жүріп, ана тілінде оқыту жүйесін жетілдірумен, төл 
оқулықтар,  тілашарлар  дайындаумен  тікелей  айналысады.  Осы  жолда  қазақ  балаларының  сауатын 
қазақша  аштыратын  «Əліппе»,  өзге  де  оқулықтардың  жоқтығына  көзі  жетеді,  өзі  оларды  жаңадан 
түзбекші  болады.  Осы  мақсатта  талаптана  жүріп,  жалпы  қазақ  тілінің  ғылыми  тұрғыдан 
зерттелмегеніне,  жүйеленбегеніне  көңіл  аударады.  Сондықтан  ең  алдымен  қазақ  тілінің  дыбыстық 
құрамын зерттеуге кіріседі. Сонан соң өзі анықтаған қазақ тілінің дыбыстық, өзге де грамматикалық 
заңдылықтары  негізінде  жаңа  алфавит,  жазу  үлгісін  жасайды.  Өзіне  дейінгі  қазақ  жұртының 
пайдаланып, тұтынып келген араб жазуынан қазақ тілі үшін қолайсыздықтардың бар екенін дəлелдеп, 
жазуды  жетілдіріп,  «дəйекшені»  енгізеді.  1912  жылы  алғашқы  əліппесін  –  «Оқу  құралын»  [5] 
бастырып шығарады. Сол жылдарда осы даулы мəселеге арналған «Жазу тəртібі» (Айқап, 1912, №9-
10), «Жазу мəселесі» («Қазақ», 1913, №34-35) сияқты мақалаларын жариялайды.  
Оның  графика  саласындағы  бұл  табысына,  жетістіктеріне  белгілі  ғалым,  академик  Р.Сыздық  [6] 
мынадай  баға  берген:  «Əрі  қарайғы  ізденістерінде  араб  графикасын  қазақ  жазуы  үшін  былайша 
лайықтап  алуды  ұсынады:  1)  араб  алфавитіндегі  жуан  дыбыстарының  таңбаларын  алмау;  2)  қазақ 
тіліндегі  ы,  е,  и,  о,  ү,  у  дыбыстарының  əрқайсысына  таңба  белгілеу;  3)  қ,  ғ  дыбыстарынан  басқа 
дауыссыз  дыбыстармен  келген  сөздердің  жіңішкелігін  (яғни,  қазіргі  ə,  е,  і,  ү  дыбыстарымен 
айқындалатындығын) білдіру үшін сөздің алдынан дəйекше таңба қою. Бұлайша түзілген алфавиттің 
сауат ашудың дыбыс жүйелі əдісіне сай келетіндігі байқалады. Дегенмен газетте жазудың ескі қадим 
үлгісі де əлі күшін жоймағаны байқалады. Мысалы, мына жарнамадағы («Қазақ» газеті, №141) кейбір 
сөздердің жазылуы арабшадағы жуан дыбыстардың таңбасын алмауды көздегендікті жəне қадимдік 
үлгіні, яғни, тек дауыссыз дыбыстарды ғана жазудың жалғасып жатқанын көрсетеді:  
 
Мғлм орн іздейді 
Мол  тғлымнан  хбардар,  6-7  жл  бала  оқытқан  тжрибелі  мғлм  қсқа  қарсы  тəур  орн  іздейді. 
Оқыған  жері  Қазандағы мдрсе  хмдие.  Жақсы  оқытқандығына  екі  жерден алған  куəлік  қағазы  бар. 
Адресі: ст. Ильинская, Оренб.губ. Тереклинскому управителю мғлм Кенже Ғали Ғбдалле Ауғлин.  
Тағы бір ерекшелігі ретінде бұл мəтінде (жарнамада) а, ы, ұ жуан (мыс.: қсқа – қысқа сөзіндеы-
ның, хбардар – хабардар, тғлым – тағылым сөзіндегі а-ның, жл – жыл сөзінде а-ның жазылмауы) 
дыбыстарынан бөлек медресе (мдрсе) сөзіндегі жіңішке е-нің, тəур – тəуір сөзіндегі і-нің түсірілуі 
емлелік  норманың  əлі  де  болса  əрі-сəрі  күйде  екенін  байқатады.  Бұл  –  болашақта  лингвистикалық 
мəтіндерді қай үлгімен беру керектігіне байланысты сұрауларды туындатады. Яғни, толық сөзді жазу 
керек пе болмаса тек дыбыстар тіркесін алу керек пе? Əрине, оқу барысында сөйлем ыңғайына, ойға 
жəне оқу инерциясына байланысты біз сөздерді толық оқимыз. Ал жазуда қиындық орын алады. Бұл 
мəселеге байланысты əлі де болса, ойлану керек. 
84


Келесі жарнама былай жазылған: 
 
Киим тігуушілерге 
Өз  жұмысын  ілгері  басқызып,  кеңейту  үшін  кирек  блімді  тігіншіден  3  тиынды  айамаңыз. 
Өзіңіздің һəм таныстарыңыздың адрестерін жазыңыз: Рига. «посредник для портных» 355. 
Мұндағы тігуу сөзінің екі бірдей у-мен жазылуы, сол сияқты газеттегі ел тарту сөзінің екі у-мен 
жазылуы (ел тартуу) газет тіліндегі сол кездегі жазу нормасының үлгісін көрсетеді. Сол сияқты һəм 
шылауы  үнемі  һм  түрінде  жазылып,  газеттегі  қадимдік  үлгіден  əлі  де  толық  іргені  ажыратудың 
жүзеге  аса  қоймағанын  көрсетеді.  Əрине,  ескіден  үзілді-кесілді  бірден  бас  тарту,  əсіресе  жазу 
үлгісінің  бірден  қолданыстан  шығып  кетуі  қиын,  өйткені  халық  арасында  бұрыннан  қалыптасқан 
жазу  дағдысы  сол  кездің  өлшемімен  алғанда  кең  таралған  еді  жəне  мысалға  қарасақ,  медресе,  һəм 
сөздері мен адам аттарының , мысалы, Ғбдалле сияқтынегізі араб сөздері, діни лексика элементтері 
болуы əсер еткен сынды. Мұндай ерекшеліктер бір-екі мысалмен бітпейді. Газеттегі ерекшеліктердің 
келесі үлкен тобы орыс сөздеріне, тыныс белгілеріне т.б. байланысты. 
А.Байтұрсыновтың  араб  жазуын  қазақ  тіліне  икемдеген  нұсқасын  қазақ  жұртшылығы,  əсіресе 
мұғалімдер  қауымы  ешбір  дау-дамайсыз  қабылдады.  Себебі  Байтұрсыновтың  алфавитке  жасаған 
реформасы  əрі  қазақ  тілінің  табиғатына  сүйеніп,  əрі  ғылыми  негізде  жасалған  болатын.  Сонымен, 
1912  жылдардан  бастап  А.Байтұрсыновтың  осы  алфавитті  негізге  алып  жасаған  жаңа  жазуы  (ол 
«Жаңа емле» деп аталады) іс жүзінде қолданыла бастады. 
Міне, «Қазақ» газеті осы «жаңа емле» жүйесімен жарық көрген еді жəне жаңа басылым көтерген 
мəселелер  əлеуметтік  жүгімен  қоса  оқуға  оңай  емле  жүйесімен  де  бұқараны  баурап  алды.  Ал  бұл 
жаңа  жазу  жүйесінің  1924  жылы  Қазақ-қырғыз  білімпаздарының  тұңғыш  съезінде  (Орынбор,  12 
маусым)  бекітілуі,  латын  алфавитіне  көшу  кезінде  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов  т.б.  қазақ 
зиялыларының оны шырылдап қорғауы – басқа бір өзекті əңгіменің арқауы, жеке зерттеудің жүгі деп 
білеміз.  
«Қазақ» газетінің тілі, жазу жүйесінің жеңілдігі, жетілгендігі туралы сөз қозғағанда оның бетіндегі 
барша мақала, хат-хабарлар тілінің сөйлеу тіліне жақын, бұқара халыққа түсінікті, ұғынықты түрде 
берілгендігін  айта  кету  артықтық  етпейді.  Яғни,  барлық  материал  шығарушылар  тарапынан  сол 
тұстағы  заман  деңгейіне  сай  редакцияланып,  қырланып,  жонылып,  тілі  ұшталып  отырған.  Жалпы 
газеттің тілі жөнінде оның шығарушысы А.Байтұрсынов былай деп жазады: «Ғарабы, парсы сөздер 
көп кіріскен тіл – əдеби тіл (яғни, кітаби тіл – Б.М.). Неғұрлым ғарабы, парсы сөздер көп қосылса, 
неғұрлым қара халық түсінуге ауыр, тіпті түсінбейтін болса, соғұрлы əдебирек болады деп тұтынған 
жолдан шыққан тіл. Бұл тіл – халықтан тумаған, жаны жоқ тіл... Əдеби тілді сүйетін бауырларымызға 
газетті  қазақтың  қара  тілімен  жазғанымыз  ұнамсыз  көрінсе,  ол  кемшілігімізге  кешу  өтінеміз.  Жұрт 
үшін шығарылған нəрсе жұртқа жақын болуы тиіс» [7]. 
Сонымен  бірге  ол  «Шора»  журналына  жазған  (1913,  №4)  «Қазақша  сөз  жазушыларға»  деген 
мақаласында  да  ойын  былайша  нақтылай  түседі:  «Қырық  мысал»,  «Маса»  турасында  айтатыным: 
олар  –  халық  үшін  жазылған  нəрсе,  халық  айтуынша  жазылған.  Өз  тілімізден  шығарып,  емле 
түзгенше, халықтың айту ауанынан шықпаймыз. «Басқаларда даяр емле бар ғой, соны алайық» – деп, 
қисық емлеменен тілімізді қисайтпаймыз. Тілдің ауанына қарамай, харіптің, емленің ауанына бұрып, 
«тілдің көркін бұзған, əдеби тілімен жазамыз», – деп, жат тілмен жазып, өз тілінен айырылған басқа 
түріктердің  ізіне  түсіп,  тілімізді  аздырғанды  мақұл  көрмейміз.  «Вахыт»  пен  «Шора»-ны  оқығанда 
қолымызға  лұғат  кітабын  алып  отырып  оқимыз...  Біздің  қазақтың  ісі  жаңа  басталып  келеді.  Не 
болары белгісіз. Қазақ я құрып жоқ болар, я өз тілімен де өзгелердей тіршілік етер. ХХ ғасырға шейін 
түріктің  тілін  аздырмай,  асыл  қалпында  алып  келген,  тіл  турасындағыт  абырой  мен  алғыс  қазаққа 
тиісті.  Атаның  аздырмай  берген  мүлкін  қолымызға  алып,  быт-шытын  шығарсақ,  ол  –  ұнамды  іс 
болмас». 
Осы тұстағы, қосып айта кетер бір жайт – Ахмет Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары о бастан-
ақ  қазақ  əдеби  тілінің  (яғни,  оқығандар  тілінің  –  Б.М.)  қабырғалы  қазақ  тілінен,  яғни,  қалың 
жұртшылықтың (көпшілігі хат танымайтын) ауызекі тілінен ауытқып, алшақтап кетпеуіне көп көңіл 
бөлді. Орыс жəне Еуропа тілдеріндегі «ақсүйектер» тілін, олардың халық тілінен мүлдем қашықтап, 
жат  болып  кеткенін  білетін  Ахмет  Байтұрсынов  сынды  зиялылар  əу  бастан-ақ  бұл  бағытқа  қарсы 
күрес ашты, əрбір мақала, сөйлеген сөздерінде оған тойтарыс беріп отырды. Халық тілі мен ғылым 
тілін (яғни, оқығандар тілін – Б.М.) жақындастырудың, жымдастырудың жолы ретінде термин сөзді 
қалың  көпшілікке  түсінікті  халық  тілінен  алу  ұсынылды.  А.Байтұрсынов  бұл  ойын  съезде  шығып 
сөйлеген  сөздерінің  бəрінде  үнемі  қайталап  отырды.  Сол  арқылы  əдеби  тіл  тым  «ақсүйектеніп», 
қалың  бұқарадан  алыстап  кеткен  өзге  туыстас  түркі  жұртының  ғалымдарына  ой  салғысы  келді. 
Мəселен, ол бір жарыссөзге шыққанында былай деп өз ойын нығыздай түсті: «Мы, казахи, с самого 
85


начало  возникновения  своего  печатного  слова  стали  держаться  иного  принципа,  чем  другие.  Мы 
имели  ввиду  всегда  народную  массу  и  старались,  чтобы  произведения  печати  были  в  полной  мере 
доступной всем мало-мальски грамотным казахам, а через них и неграмотным. Мы старались, чтобы 
каждая  мысль,  брошенная  в  толщу  населения,  могла  быть  подхвачена  каждым,  чтобы  зародить  в 
массе  интерес  к  знанию  и  зарядить  его  знанием  для  правильного  понимания  окружающей 
действительности.  Первым  условием,  необходимым  для  достижения  этой  цели,  мы  считаем, 
доступность языка произведении для массы. В силу этого приходилось выражать на родном языке и 
такие  понятия  и  идеи,  которых  раньше  у  народа  не  было  и  которым  теперь  поневоле  пришлось 
облечься в казахские слова и выражения» [8]. 
Қорыта келгенде, «Қазақ» газетінің емлелік ерекшеліктері туралы əлі де айтар жайлар бар жəне ол 
емле  мəселесіне  байланысты  алда  туындайтын  сауалдардың  кейбірінің  шешім  табуына  көмегі 
тиюімүмкін.  
 
Əдебиет:  
1.
  Сармұрзин А., Қойгелдиев М. Халықтың жарық жұлдызы. «Қазақ» газетінің шығу тарихынан // Жұлдыз. 
– 1990. - №9. - 193-б. 
2.
  Əуезов М. Ақаңның елу жылдық тойы // Байтұрсынұлы А. Ақ жол. - Алматы, 1991. - 17-б. 
3.
  Момынова Б. «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексика.-Алматы: Арыс, 1998. 
4.
  «Қазақ» газеті. – 1913. - №2 (бас мақала).  
5.
  Байтұрсынов А. Оқу құралы (усул сотие жолымен тəртіп етілген қазақша алифба). - І кітап. - Орынбор, 
1912. - 40-б. 
6.
  Сыздықова  Р.  Ахмет  Байтұрсынов  (өмірі  мен  қызметі  туралы)  //  А.Байтұрсынов  Тіл  тағылымы.  – 
Алматы: Ана тілі, 1992. - 9-б. 
7.
  Байтұрсынов А. Түрікшілдер құрылтайы // Жаңа мектеп. – 1926. -№7-8. - 45-б. 
8.
  Первый Всесоюзный тюркологический съезд. Стенографический отчет. - Баку, 1926. 
 
 
Ысқақұлы Д.  
филол.ғ.д., С. Демирел атындағы 
университеттің профессоры  
 
А. Байтұрсынов – қазақ терминологиясының атасы 
 
Қазақ  тіл  білімінде  термин  мəселесі  өткен  ғасырдың  жиырмасыншы  жылдарынан  бастап,  қолға 
алына  бастады.  «Қазақ  терминологиясының  мəселесі  ең  алғаш  рет  1924  жылы  Қазақстанның  сол 
кездегі астанасы – Орынбор қаласында өткен ғылыми қызметкерлердің республикалық 1-сьезінде сөз 
болған екен» [1]. 
Қазақ  терминологиясының  негізін  қалаған  –  Ахмет  Байтұрсынов.  Ол  өзінің  қазақтың  тіліне, 
əдебиетіне арнап жазған ғылыми еңбектерінде алғаш рет терминдер жасап, оны жан-жақты негіздеді. 
А. Байтұрсынов біз қазір қолданып жүрген «терминнің» орнына «пəн сөз» атауын қолданған. Ахмет 
ұсынған  «пəн  сөз»,  кейде  «пəн  сөздері»  түрінде  жиырмасыншы  жылдары  кеңінен  қолданылды. 
Отызыншы  жылдардан  бастап,  халықаралық  терминге  айналған  ағылшынның  «термин»  атауы 
қолданылып  келеді.  Сонымен  бірге  осы  уақыттар  ішінде  «терминнің»  орнына  «пəн  сөзімен»  бірге 
«пəн  атаулары»,  «атау»,  «аталым»,  «атаусөз»,  «ұғымсөз»,  терминнің  қазақшаланған  нұсқалары 
«термін»,  «термен»  атаулары  ұсынылып,  кейбіреулері  біршама  қолданыс  тапқанымен  де,  бүгінгі 
күнге жете алмады.  
Өткен ғасырдың басында Ахметтің қазақ əліпбиінің, қазақ жазуының негізін қалаған «Оқу құралы. 
Усул  сотие  жолымен  тəртіп  етілген  қазақша  əліппе»  (Орынбор,  1912),  «Оқу  құралы.  Усул  сотие 
жолымен  тəртіп  етілген  қазақша  алифба».  Бірінші  кітап.  (Орынбор,  1912),  «Оқу  құралы.  Қазақтан 
басқа  түркі,  ғараб,  фарсы  сөздеріне  жазылған  əріптерді  үйрету  үшін  һəм  оқуға  төселу  үшін  тəртіп 
етілген. Алифбаға жалғас» (Орынбор, 1913), «Қазақша əліппе. Оқу құралы» (Орынбор, 1914), «Тіл – 
құрал» (қазақ тілінің сарфы). Екінші жылдық (Орынбор, 1914), «Оқу құралы. Усул сотиемен тəртіп 
етілген  қазақша  əліппе».  Бірінші  жылдық  (Орынбор,  1915),  «Оқу  құралы.  Усул  сотиемен  тəртіп 
етілген қазақша алифба» (Орынбор, 1916), «Оқу  құралы. Бастауыш мектепте екінші жыл оқылатын 
қирағат  кітабы»  (Орынбор,  1916),  «Тіл  –  құрал»  (қазақ  тілінің  сарфы)  (Ташкент,  1918,  1920,  1922; 
Қызылорда, 1925, 1926), «Əліппе астары» (Орынбор, 1924), «Тіл – құрал түрлері» (Қызылорда, 1924), 
«Оқу құралы» (Қызылорда, 1921; Ташкент, 1922; Орынбор, 1925)), «Əліп-би. Жаңа құрал» (Ташкент, 
1927)  т.б.  кітаптары  шықты.  Қазақ  терминологиясының  негізі  өткен  ғасырдың  жиырмасыншы 
жылдары  жарық  көрген  А.  Байтұрсыновтың  «Тіл  –  құрал»,  «Əліппе»,  «Əдебиет  танытқыш»  атты 
іргелі еңбектерінде берік қаланды. 
86


Термин  жасаудың  негізгі  ұстанымдарын  анықтау,  терминдерді  біріздендіру  мəселесі  – 
терминологияның  негізгі  даму  бағытын,  мазмұнын  айқындайтын  негізгі  орталық  мəселе.  Осы 
проблема  дұрыс  шешілсе,  бұл  тек  терминжасамның  ғана  емес,  жалпы  тіл  білімінің  дұрыс  бағытта 
дамуының  бірден-бір  кепілі  болып  табылады.  Сондықтан  да  «Тіл  тазалығы  дейтініміз  –  ана  тілдің 
сөзін  басқа  тілдің  сөзімен  шұбарламау...Жалғыз-ақ  біздің  қашатынымыз  –  жатшылдық  (жат 
сөзшілдік).  Біз  сияқты  мəдениет  жемісіне  жаңа  аузы  тиген  жұрт  «өз  тілінде  жоқ»  деп,  мəдени 
жұрттардың  тіліндегі  даяр  сөздерді  алғыштап,  ана  тілі  мен  жат  тілдің  сөздерін  араластыра-
араластыра  ақырында  ана  тілінің  қайда  кеткенін  білмей,  айырылып  қалуы  ықтимал.  Сондықтан 
мəдени  жұрттардың  тіліндегі  əдебиеттерін,  ғылыми  кітаптарын  қазақ  тіліне  аударғанда,  пəн 
сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып, сөз табуымыз керек» [2], – деп білген 
А.Байтұрсыновтың  филологиялық  еңбектерінде  бірде-бір  шет  сөзді  термин  ретінде  қолданбаған. 
Термин жасауда ана тілінің бай мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, қазақ тілінің ғылым тілі бола 
алатындығын дəлелдеп берді. Ал шет сөздерді «жат сөздер» атап, тілде баламасы болмаған жағдайда 
ғана  қабылдауға  болады,  онда  да  қазақ  тілінің  дыбыстық  заңдарына  сəйкестендіріп  алу  керектігін 
ескерткен.  Ахмет  мұндай  сөздерді  жайдан-жай  айта  салған  жоқ.  Ол  өзінің  ұзақ  жылдар  бойғы 
ғылыми ізденістері барысында қазақ терминологиясының негізін салып, негізгі қағидаларын анықтап 
қана  қоймай,  оны  іс  жүзінде  жүзеге  асырған.  Қазақ  білімпаздарының  Орынбор  қаласында  өткен 
бірінші  сьезінде  (1924)  жəне  1926  жылы  Бакуде  болған  түркітанушылардың  бірінші  құрылтайында 
жасаған  баяндамаларында  терминжасамның  негізгі  қағидаларын  ұсынды.  Олар  төмендегіше 
анықталды:  

   алдымен, ұғым мағынасын толық беретін қазақ сөзі алынуы керек;  

   ондай сөз табылмаған жағдайда ондай сөзді туыстас тілдерден алу;  

   кең тараған халықаралық терминдер қабылданғанда, олар қазақ тілінің заңдылықтарына сəйкес 
өзгертіліп алынады;  

   қазақ тілінің табиғатына сəйкес келмейтін өзге тілден енген сөздер қазақша айтылуына сəйкес 
өзгеруі тиіс [3]. 
«Ана  тілі»  атауын  алғаш  енгізген  Ахмет  «Тіл  –  құрал»  оқулықтарында  310  лингвистикалық 
термин  қолданыпты.  Оның  ішінде  108-і  фонетикаға,  11-і  лексикологияға,  109-ы  морфологияға,  64-і 
синтаксиске, 18-і жалпы тіл біліміне қатысты [4]. Осылардың ішіде 118 термин қазіргі тіл білімінде 
қолданылып  жүр  екен.  Бастауыш,  баяндауыш,  анықтауыш,  толықтауыш,  пысықтауыш,  жалғау, 
жалғаулық,  есімдік,  есімше,  көсемше,  жұрнақ,  дыбыс,  қатаң  дыбыс,  ұяң  дыбыс,  дауысты  дыбыс, 
түбір  сөз,  туынды  сөз,  қос  сөз,  қаратпа  сөз,  қыстырма  сөз,  буын,  рай,  мүше,  жалаң  сөйлем, 
жайылма  сөйлем,  салалас  сөйлем,  сабақтас  сөйлем,  болымды  сөйлем,  болымсыз  сөйлем,  толымды 
сөйлем  секілді  терминдер  қазақ  тілінде  ғана  емес,  бүкіл  түркологияда  өте  сəтті  жасалынған,  оған 
қойылатын барлық талапқа толық жауап беретін терминдер қатарында. 
Академик Ө. Айтбаевтың анықтауынша, А. Байтұрсынұлы төмендегідей терминдерді жасап, оны 
өзінің  еңбектерінде  қолданған:  буын,  дыбыс,  дыбыс  жүйесі,  жарты  дауысты  дыбыс,  ымыралы 
дыбыс, ымырасыз дыбыс, қатаң дыбыс, таңба, қаріп, дəйекше, дауысты, дауысыз, сөз, қос сөз, сөз 
жүйесі, қосалқы сөз, түбір сөз, туынды сөз, сөйлем, сөйлем жүйесі, тіл, түбіршік тіл, жалғамалы 
тіл,  қопармалы  тіл,  демеу,  демеу  сөз,  сызықша,  ұяң,  қосымша,  үндестік  заңы,  түбір  сөз,  туынды 
сөз, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, жалғау, одағай т.б. [5]. 
«А.  Байтұрсынұлы  ұсынған  (жасаған)  лингвистикалық  терминдердің  сəттілігі,  қолайлылығы 
соншалық,  олар  тез  қалыптасып,  орнығып,  мейлінше  өміршең  болып  шықты.  Автор  «жау»  атанып, 
атын  тарихтан  сызып  тастаған  кезеңдердің  (1929-1988)  өзінде  ол  терминдердің  барлығы  дерлік  сол 
қалпында қолданылып келді, қолданылып отыр» [6]. 
А.Байтұрсынов  «Əдебиет  танытқышы»  арқылы  əдебиеттану  терминдерін  де  қазақ  тілінде  алғаш 
рет  қолданып,  қалыптастырды.  Қазақ  əдебиеттану  ғылымы  өзінің  шын  мəніндегі  жолын  ХХ 
ғасырдың  басындағы  А.Байтұрсыновтан  бастайды.  Ахметтің  «Əдебиет  танытқышы»  (1926)  əдебиет 
теориясынан жазылған алғашқы монографиялық зерттеу болумен бірге оның терминдерін де ғылыми 
тұрғыдан  негіздеп,  анықтап,  қолданысқа  қосқан  тарихи  еңбек  болды.  Сондықтан  да  қазақ 
филологиясының атасы – А.Байтұрсынов оның терминологиясының да бастауында тұр.  
Ахметтің «Əдебиет танытқышта» қолданған əдебиеттану терминдері 327 болса, соның 57-сі ғана 
бүгінгі күні термин ретінде сақталған. Олардың ішінде көріктеу, меңзеу, əсерлеу, теңеу, ауыстыру, 
бейнелеу,  алмастыру,  кейіптеу,  əсірелеу,  мегзеу,  арнау,  қайталақтау,  шендестіру,  дамыту, 
түйдектеу,  кекесіндеу  сияқты  терминдер  бар.  Бұлардың  кейбіреулері  қазір  орыс  тілінен  енген 
терминдерге  синоним  ретінде  қолданылып  жүр.  Мысалы,  Ахаңдағы  «көріктеуді»  эпитет, 
«алмастыруды»  синекдоха,  метонимия,  «бейнелеуді»  аллегория,  «əсірелеуді»  ұлғайту,  кішірейту, 
«мезгеуді» метонимия, синекдоха, «қайталақтауды» сөз қайталау, «кекесіндеуді» сатира, юмор деп 
жүрміз. Осыларды салыстыра қарағанда, Ахмет қолданған қазақша атаулардың терминнің мағынасын 
дəл беріп тұрғандығы байқалады. Мұның өзі – алдағы уақыттарда ойланарлық мəселе болса керек.  
87


Жалпы  терминологияның  дамуында  ұлттық  жəне  интернационалдық  бағыттар  қатар  жүріп 
отырады.  Терминжасамда  осы  екеуінің  бір-бірімен  үйлесе,  бір-бірін  толықтыра  отыруы  –  табиғи, 
жемісті жол. Десек те осы тепе-теңдіктің бұзылып, бір жағына қарай ауытқып отыратын жағдайлар 
жиі  кездеседі.  Обьективтік  жəне  субьективтік  жағдайларға  байланысты  бұлардың  кейде  бірі  алға 
шығып, екіншісінің жолын кесіп отыратын кездері де болады. Біздіңше, ұлттық терминология ұлттық 
даму бағытында болып, қажет болған тұстарда ғана халықаралық терминдерге жүгінуі қажет. Ахмет 
Байтұрсыновты  «қазақтың  ұлттық  терминологиясының  атасы»,  «негізін  салушы»  дейтініміз  де 
сондықтан. 
Терминологияда  ұлттық  пен  интернационалдықтың  ара-жігі,  арақатынасын  анықтап  алу  –  тіл 
білімінде осы күнге дейін ғылыми шешімін таппай келе жатқан аса маңызды мəселелердің қатарында. 
Солардың  бірі –  қандай атауларды  «интернационал  термин»  дейміз?  Бұл туралы  ғалымдар  түрліше 
пікірде.  Бір  ғалымдар  интернационал  терминге  көп  тілде  кездесетін  атауларды  жатқызса,  енді 
біреулері нақтылай түсіп, оның екі, үш немесе бес (ағылшын, неміс, француз, испан, итальян) əлемдік 
тілдерде  қолданылуын  шарт  санайды.  Енді  біреулері  оның  қанша  тілде  қолданылатынына  емес, 
семантикалық мағынасы интернационалдық сыпатта болуы шарт деп біледі. О.Есперсен: «термин қай 
тілден алынса, сол ұлттың басымдығын көрсетеді», – дейді [7]. 
Ахметтің  филологиялық  терминдерінде  шет  сөздерден  жасалғаны  жоқтың  қасы.  Соған 
қарамастан,  ол  жасаған  терминдер  осы  саладағы  классикалық  үлгілердің  қатарында.  Мұның  басты 
себебі  –  біріншіден,  ғалымның  қазақтың  бай  тіліне  тұңғыш  рет  ғылымның  түренін  салып,  термин 
жасау  мүмкіндіктерін,  тіл  заңдылықтарын  барынша  орынды  пайдалана  білгендігі  болса  керек. 
Сондықтан  да  А.  Байтұрсынов  жасаған  филологиялық  терминдердің  ұлттық  сыпаты  басым.  Ахмет 
салған  терминологиядағы  ұлттық  жол  түрлі  кедергілерге  қарамастан,  кеңінен  қолдау  тауып,  өмірге 
еніп жатты. Ахмет бастаған қазақ терминжасамындағы ғылыми дəстүрді қазақ əдебиетінің тарихын 
зерттеп, алғаш рет монографиялар жазған Сəкен Сейфуллин мен Сəбит Мұқанов шығармашылықпен 
дамытып алып кетті. 
А.Байтұрсынұлы  Бакуде  түркітанушылар  құрылтайында  сөйлеген  сөзінде:  ...Басқа  түріктер 
«əдебиет тілі араб, парсы сөздерімен шұбарланса, көркем болады» дегендіктен, екінші, өз тілдерінен 
пəн  сөздеріне  лайық  сөздер  іздеуге  ерініп,  дайын  пəн  сөздерді  ала  бергендіктен,  түпкі  ана  тілі  мен 
əдебиет тілі бөлектеніп, өз сөздерін жат сөздер жұтып, жойып жіберу дəрежеге жеткен... Қазақ жат 
сөзге  əуестенбей,  пəн  сөздерін  өз  тілінен  жасауға тырысты» –  десе,  тағы  бірде:  «Өз  тілдерінен  пəн 
сөзіне  лайық  сөздер  іздеуге  ерініп,  дайын  пəн  сөздерді  ала  берсе,  түпкі  ана  тілі  мен  əдебиет  тілі 
бөліктеніп,  өз  сөздерін  жат  сөздер  жұтып,  жойып  жібереді»,  «Біз  сияқты  мəдениет  жемісіне  жаңа 
аузы тиген жұрт «өз тілінде жоқ» деп, мəдени жұрттардың даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат 
тілдің сөздерін араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. 
Сондықтан  мəдени  жұрттардың  тіліндегі  əдебиеттерін,  ғылыми  кітаптарын  қазақ  тіліне  аударғанда, 
пəн  сөздерінің даярлығына  қызықпай,  ана  тілімізден  қарастырып,  сөз  табуымыз  керек»  [8],  –  деген 
пікірлер білдірді. 
Осы  сияқты  пікірлерді  орыс  терминологиясына  қатысты  Д.  С.  Лотте  де  айтыпты:  «Кірме 
терминдерді  дайын  күйінде  қабылдау,  əрине,  басқа  тəсілдермен  салыстырғанда  жеңіл  екені  белгілі. 
Осы «жеңілдік» орыс тіліндегі ғылыми техникалық терминологияға негізсіз көптеген кірме термин-
дерді енгізуге əкеп тіреді». Мұны айтып отырған тіл басқыншылығының алдыңғы шебіндегі əлемдік 
алпауыт тілдердің қатарындағы орыс тілінің өкілі екендігіне назар аударсақ, термин мəселесінің ұлт 
өміріндегі қаншалықты маңызды екендігіне көзіміз жете түскендей болады. 
Сонымен,  сөзіміздің  соңында  қорыта  айтарымыз,  кезінде  Ахмет  Байтұрсынов  ұсынған 
терминжасамның  «алдымен,  ұғым  мағынасын  толық  беретін  қазақ  сөзі,  ондай  сөз  табылмаған 
жағдайда  ондай  сөз  туыстас  тілдерден;  кең  тараған  халықаралық  терминдер  қабылданғанда,  олар 
қазақ тілінің заңдылықтарына сəйкестіріліп, алынуы керек» деген ұстанымдары қазірге дейін өзінің 
ғылыми да, практикалық та маңызын жойған жоқ. Ахаң бұлай жасау «тілді варваризмнен сақтайды», 
–  деп  ескертуді  де  ұмытпаған.  Ахаң  анықтап  берген  халықаралық  терминдерді  қабылдауға 
қойылатын осы өлшемдер күні бүгінге дейін өзінің дұрыстығын дəлелдеп келеді.  
 
Əдебиет: 
1. Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мəселелері. - Алматы, 2007. - 214-б. 
2. Байтұрсынов А. Шығармалары. - Алматы, 1989. - 151-б. 
3. Алаштың тілдік мұрасы. - Алматы, 2009. - 45-46-б.  
4. Ахметтану бастамалары. - Алматы, 2005. - 14-15-б.  
5. Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мəселелері. - Алматы, 2007. - 211-б. 
6. Сыздықова Р.. Термин жасау – Ахмет Байтұрсынов көтерген тарихи жүктің бірі // Туған тіл. – 2008. - №1. 
7. Jespersen J. Paper in international langvage. - L. 1921. - S. 142. 
8. Байтұрсынов А. Ақ жол. - Алматы, 1991. - 350-351-б.  
 
88


Жахина Б. 
п. ғ.д., Ш.Уəлиханов атындағы  
Көкшетау мемлекеттік  
университетінің профессоры 
 
Ахмет Байтұрсыновша, жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір əдіс жоқ... 
 
А.Байтұрсынов  оқу  құралдарында  тілдік  материалдарды  оқушылардың  эмпирикалық  (І  кезең), 
теориялық  (ІІ  кезең),  шығармашылық  ойлауын  (ІІІ  кезең)  қалыптастыру  мақсатында  жүйелейді  [1, 
434].  Ғалымның  əдістемелік  жаңалығы  бүгінгі  күнге  дейін  өз  маңызын  жоймағандығы  байқалады. 
Себебі  теориялық  ойлау  мен  шығармашылық  ойлау  –  ең  жоғарғы  ойлау  сатысы.  Ол  эмпирикалық 
ойлаудың негізінде қалыптасады.  
Баланың шығармашылық қасиеті кішкентайынан көріне бастайды. Себебі шығармашылық – бала 
дамуының  қалыпты  жағдайы.  Шығармашылықпен  тұрақты  жəне  саналы  айналысатын  жəне  өз 
мүмкіндігін жүзеге асыра алатын адам өмір талабына, өзгермелі еңбек шартына, өзін өзі тəрбиелеуге, 
өзін  өзі  жетілдіруге  бейімделеді.  Шығармашыл  адам  жаңашыл,  ізденімпаз  болады,  өмірі  қызық, 
мақсаттарын  жүзеге  асыру  барысында  өз  жолын  өзі  ашып,  кедергілерді  жеңе  алады,  үздіксіз  алға 
жылжып отырады. Сонымен, шығармашыл тұлға болу дегеніміз – дүниені тану жəне жаңарту арқылы 
тұлғаның болмысқа деген өз көзқарасын айқындауы.  
«Шығармашылық»  сөзінің  төркіні  «шығару»,  «ойлап  табу»  дегенге  саяды.  Демек,  «жаңа  нəрсе 
ойлап  табу,  сол  арқылы  жетістікке  қол  жеткізу»  деп  түсіну  керек.  Философиялық  сөздікте: 
«Шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мəні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын 
іс-əрекет», – деп түсіндіріледі. Психолог Л.Выготский шығармашылық деп жаңадан ашатын əрекетті 
атаған  [2,  18].  Ал  осы  мəселені  терең  зерттеген  психологтердің  бірі  –  Я.Пономарев  оны  «даму» 
ұғымымен қатар қояды [3, 47]. Өйткені əрбір жаңалық, əсіресе, интеллектуалдық тұрғыда болса, ол 
баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді. Бұл пікір бүгінгі педагогиканың талаптарына 
сəйкес келетіндіктен, көңілге қонымды.  
Шығармашылық  –  өте  күрделі  психологиялық  үрдіс.  Əрі  ол  адамға  ғана  тəн.  Шығармашылыққа 
деген қажеттілік  –  күрделі  рухани  қажеттілік.  Əзірге  ол  барлық  адамда  бірдей  деуге  болмайды.  Ал 
қоғамдағы жаңару үрдістері əр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр. Ал 
шығармашылық  əрекетке  зерттеушілер  əртүрлі  анықтама  береді.  Мысалы,  ғалым  И.Лернер 
«шығармашылық  əрекет»  деп  білім,  білік,  дағдыны  жаңа  жағдайға  тасымалдай  білуді,  нысанның 
жаңа  қызметін  көре  білуді,  жаңа  шешім  табуды  белгілейді  [4,  52].  Ғалым  А.Лук  шығармашылық 
əрекетті  мəселені  шешудегі  көрегенділікке  балайды,  идеяларды  іске  асыру  (генерация  жасай  білу), 
болжай білу қабілеттерін атайды [5, 27]. 
Шығармашылық  қабілеттер  шығармашылық  ойлау  арқылы  қалыптасады.  Ал  шығармашылық 
ойлауға  ойдың  жылдамдығы,  ұшқырлығы,  икемділігі,  тапқырлығы,  дəлдігі  жатқызылады. 
Шығармашылық  қабілеттің  дамуы,  оны  дамыту  жолдары  ойшылдарды  ертеден  толғандырды. 
Мəселен,  Жүсіп  Баласағұн,  Əл-Фараби,  Абай  өз  еңбектерінде  адамның  жеке  басын,  қабілеттерін 
дамытудың  жолдарын  іздестірді.  Оқушы  шығармашылығына  бағыт-бағдар  беруді  ең  алғаш  білім 
мазмұнына енгізген – М. Жұмабаев.  
Əр  жылдың  ұсынары  бар.  Сондықтан  заман  ағымынан  қалмай  ілгері  жүру  –  ұлы  мұрат.  Ақыл-
ойдың  алыбы  Абайдың:  «Ғылым  іздеп,  дүниені  көздеп,  екі  жаққа  үңілдім»,  −  дегеніндей,  тез 
жетілудің амалын іздестірген абзал. Оқытудың жаңа жолдары мен əдіс-тəсілдері, үздіксіз өзгерістер, 
жаңа жобалар озық елдерде жасалынып, қолға алынып жатқаны мəлім. Оның нəтижелері де жоқ емес. 
Ендеше, оқытуда бізде де ғылыми басқару əбден қажет. Бұл – «білім беру ісін жүйелі жаңарту» деген 
сөз.  Жүйелі  жаңартудың  мақсаты  білім  берудің  жеке  тұлға  мəртебелілігін  нақтылаудың 
дидактикалық, əдістемелік механизмдерін негіздеуді қажет етеді. Осы бағытта еліміздің жалпы білім 
беру  саласында  жүріп  жатқан  жаңартулардың  нəтижелілігі  ұстаздар  қауымының  ғылыми 
дүниетанымының 
кеңеюіне, 
рухани 
дүниесінің 
баюына, 
кəсіби 
əрекетінің 
жаңаша 
ұйымдастырылуына байланысты.  
Демек,  оқытуда  жаңа  педагогикалық  технологияларды  кеңінен 
қолдана  отырып,  білімді  терең  жəне  жан-жақты  игертудің  жолдары,  əр  пəннің  ғылыми  негіздерін 
меңгерту мəселелері, шəкірттің өзіндік ойлау қабілеті мен шығармашылық əрекетін дамыту сияқты 
оқытудың ең тиімді түрлерін қарастырғанымыз жөн. 
Ғалымдар педагогикалық жаңалықтарды үшке бөліп қарайды: 
  Жаңалық  ретінде  бұрын еш жерде, еш  уақытта қолданылмаған білімдік  идеялар. Мүлде жаңа 
идея. Практикада ондай жаңалық өте сирек кездеседі. 
89


  Белгілі бір кезде, белгілі бір ортада көкейтестілігімен ерекшеленген, қайта орын алып отырған, 
жаңа жағдайға бейімделген идеялар. Бұл қазіргі педагогикалық жаңалықтардың көп бөлігін құрайды. 
  Практикада бұрын болған, тек мақсатын өзгертіп пайдалану негізінде жаңа нəтижелер беретін 
жаңалықтар.  
Оқыту  үдерісінде  қолданылып,  айтарлықтай  нəтиже  беріп  жүрген  инновациялық  технологиялар 
қатарында 
П.М.Эрдниевтің 
дидактикалық 
бірліктерді 
шоғырландыру 
технологиясы, 
Ш.А.Амонашвилидің 
ізгілікті-тұлғалық 
технологиясы, 
М.Чошановтың 
модульдеп 
оқыту 
технологиясы, В.П.Беспальконың деңгейлеп оқыту технологиясын атауға болады. Немесе «ұжымдық 
оқыту əдісі» деп танылып жүрген интербелсенді оқыту əдісі. Оның негізгі қағидалары ретінде орта 
қалыптастыру,  бірлескен  əрекеттер  арқылы  үйрету,  өмірмен  байланыстыру,  өзіндік  дербестілікке 
баулу  сияқтылар  аталады.  Осы  ретте:  «Бұл  мəселелер  жаңалық  па?»  деген  заңды  сұрақ  қойылады. 
Жоғарыда аталған инновациялық технологиялар «оқытудың тың əдістемесі немесе оқытудың мүлде 
жаңаша  жолдарын  қарастырады»  деп  түсінбеу  керек.  Оқыту  мен  тəрбие  беру  үдерісінде  ешқандай 
«науқандық»,  өтпелілікті  көтере  алмайтыны  белгілі.  Əсіресе,  Қазақстан  үшін.  Сондықтан 
инновациялық  технология  –  оқыту  мен  тəрбиелеудің  ең  озық,  тиімді  ізденістерін,  тəжірибелерін 
жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту 
болып табылады. Бұған А.Байтұрсынов негізін салған мына жұмыс түрлері дəлел бола алады. 
Ол  қазақ  тілін  оқыту  əдістемесінің  теориялық  мəселелерін  айқындауда  төмендегі  мəселелерді 
көтерген:  
  Оқыту  əдістерінің  маңызына  тоқталып,  олардың  шығу  тарихын,  ұтымды  жағын  қарастырып, 
алғаш пікір айтқан. 
  Тұңғыш  рет  үлестірмелі  материалдарды  қолданудың  жолын  көрсетіп,  оны  оқулық  бетінде 
жариялаған.  Əдістің  бұл  түрі  күні  бүгінге  дейін  өз  мəнін  жоймай,  ізденімпаз,  озат  мұғалімдердің 
тəжірибесінде қолданылып жүр. 
  Ахмет  Байтұрсынов  көрнекілік  əдісіне  де  ерекше  мəн  беріп,  оны  жасауға  қойылатын  оқушы 
назарын  ауытқытпау,  жалықтырмау,  оқушыны  қызықтырып  отыру,  жазуға  тез  үйрету,  оқушының 
сауатын ашуды жеңілдету, тездету сияқты негізгі талаптарды көрсеткен.  
  Тілдік тақырыптармен байланыста тіл дамыту əдістемесі тұрғысынан тіл дамыту жұмыстарын 
жүргізуде жеңілден ауырға қарай ұстанымын басшылыққа алған.  
Бұдан  ғалымның  дидактиканың  заңдылықтарын  терең  біліп,  оны  оқулықта  шебер  қолданғанын 
көруге болады.  
Біріншіден, ол ғалым ұсынған үлестірмелі карточканың мақсатынан көрінеді. Мəселен, 1-карточка 
ойын  түрінде  беріліп,  сөзді  шырпымен  жазу  ұсынылады;  2-карточкада  жазуға  жаттығу,  санақ  үшін 
ұпай  ойыны  беріледі;  3-карточкада  сөйлем  құрастырып,  сөздерді  алмастырып  қосып,  алты  сөзден 
оннан  аса  сөйлем  құрастыру  мақсат  етіп  қойылады.  Бұдан  біз  ағартушының  тіл  дамыту,  тілдік 
тақырыптарды  дамыта  оқыту  жолында  жеке  сөздермен  таныстыру  принципін  ұстанғанын,  осыдан 
барып  жекелеген  тақырыптар  арқылы  оқушылардың  сөздік  қорын  байытуды  мақсат  еткенін 
байқаймыз.  
Екіншіден, А.Байтұрсынов тілдік тақырыптарды түсіндірумен байланыста бала тілін дамытуға аса 
қажетті  материалдар  ретінде  жаңылтпаш,  мақал-мəтелдер,  жұмбақтарды  береді  де  осыдан  кейін 
сюжетті мəтінге көшеді. Қазіргі эссе жазудың талабына сəйкес келеді. Жаңылтпашты жаттап, мақал-
мəтелдің  мазмұнын  ашып,  жұмбақтың  шешуін  таба  білген  балаға  одан  кейін  берілген  өтірік  өлең, 
сюжеті қысқа мəтіндердің мазмұнын түсіну қиындық келтірмесі сөзсіз.  
Үшіншіден,  ғалымның  тілдік  тақырыптармен  байланыста  бала  тілін  дамытуда  қолданған 
əдістерінің  бірі  –  сөз  ұқсастығын  пайдалану,  яғни,  дыбыстардың  алмасуынан  сөз  мағынасының 
өзгеретінін  таныту,  мысалы,  ол,  олар,  орлар,  шаш,  шаша,  шашақ,  керек,  кезек,  терек,  төсек,  елік, 
есек, зор, Ораз, ор, ора т.б.  
Бұл жерде қайталау əдісінің материалды есте сақтауда маңызының зор екенін, сөздерді ұмытпай 
есте  сақтауы,  жеке  қолданыста,  сөйлемде,  жаттығу  кездерінде  қолдана  білулері  үшін  ең  керек  əдіс 
екенін байқаймыз. Əрі оқушы дыбыс алмасқан сайын сөз мағынасының өзгеретінін, сонымен қатар 
кез  келген  дыбыс  тіркесі  сөз  жасамайтынын,  оның  өзінің  заңдылығы  бар  екендігін  берік  есте 
сақтайды.  
Сонымен қатар ғалым тілдік материалды тек теориялық тұрғыдан ғана үйретіп қоймай, оқушылар 
күнделікті өмірде білімдерін кеңінен қолдана алатын дағдыларды қалыптастырудың негізін қалаған. 
Əсіресе,  ғалым  оқулықтарында  тілдік  материалдарды  оқушыларға  меңгертуде  дидактикалық 
ойындарды  кеңінен  қолданғаны  байқалады.  Мұның  себебін  ол:  «бала  білімді  тəжірибе  арқылы 
өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны, өздігінен алатын 
90


тəжірибелі  білімнің  ұзақ  жолын  қысқарту  үшін,  сол  жолдан  балалар  қиналмай  өту  үшін,  балаға 
жұмысты əліне шағындап беруінен, бетін белгілеген мақсатқа түзеп отыруынан», – деп түсіндіреді.  
Ғалым  оқулықтарын  құрастырған  кезде  теорияның  тəжірибемен  байланысы  ұстанымын 
басшылыққа  алған.  А.Байтұрсынов  оқушының  меңгерген  білімін  тəжірибеде  орынды  қолдану 
дағдыларын  қалыптастыру  үшін  тілдік  материалдарды  үш  кезеңде  ұғындыру  жұмыстарын  жүргізу 
қажеттігіне ерекше назар аударған:  
Бірінші кезеңдетіл білімінің сыртқы болмысын таныту жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім түрлі əдіс-
тəсілдерді орынды пайдалана отырып, тіл заңдылықтары мен ережелерінің болмысын меңгертеді.  
Екінші  кезеңдеоқушылардың  тəжірибеде  өз  білімін  қолдана  алу  дағдылары  мен  біліктерін, 
білімдерін  бекіту  үшін  «Дағдыландыру»  жəне  «Сынау»  жұмыстары  жүргізіледі.  Сөздердің 
мағыналары  қандай,  олар  сөйлемде  қалай  орналасады,  бір-бірімен  қалай  тіркеседі,  сөйтіп,  тіл 
білімінің заңдылықтары тəжірибе жүзінде танытылады.  
Үшінші кезеңдеоқушыларды шығармашылық ойлауға дағдыландыру үшін дидактикалық ойындар 
қолданылады. Бұл ойындарды қолданудағы басты мақсаты – оқушының жаңа білім жөнінде түсінігін 
қалыптастыру, білімін жетілдіру, баланың тілдік ережелерді өздігінен ізденіп қолдануға үйрету.  
Дидактикалық  ойындарда  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытатын  тапсырмалар 
беріледі.  
Көріп  отырғанымыздай,  жоғарыдағы  аталған  ойлау  сатылары  айқын  көрінеді.  Себебі  оқыту 
оқушылардың  ой-өрісін,  ұлттық  мəдениетін,  ұлттық  рух  пен  сана-сезімін  дамытып,  алғыр  тұлғаны 
қалыптастыруда мүмкіндік жасай алуы тиіс.  
Инновациялық  педагогикалық  технологиялар  кез  келген  пəнді  оқыту  барысында  пəн 
мұғалімдерінің  ой-өрісін  кеңейтіп,  кəсіби  деңгейін  көтеріп,  шығармашылықпен  жұмыс  істеуге, 
жаңашыл  ойларды  кеңінен  пайдалануға  жəне  оқушыларға  білім  беруді  жаңашылдық  тұрғысынан 
жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Жаңа  технология  оқыту  үдерісіне  дəстүрлі  əдістемені 
модернизациялау, 
ұстаз 
бен 
оқушы 
арасындағы  қарым-қатынастарды  ізгілендіру 
əрі 
демократияландыру  негізінде,  оқушының  іс-əрекетін  белсендіру  мен  интенсификациялаудың 
негізінде енгізіледі. Осы тұрғыдан келгенде, əр мұғалімнің алдындағы мұраты, ең қасиетті міндеті – 
рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру жəне өз пəнінен білім беріп қана 
қоймай, əр баланың мүмкіндігін ашу, оны шығармашылық тұлға болуға жетелеу. 
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, оқыту мен тəрбие беру үрдістері ешқашан «науқандықты» көтере 
алмайтыны  белгілі.  Бірақ  адамзат  баласының  өз  ұрпағын  оқыту,  тəрбиелеудегі  ең  озық,  тиімді 
ізденістерін,  тəжірибелерін  жалғастырып,  тағы  да  тың  жолдар  іздеу,  классикалық  педагогиканың 
озық  үлгілерін  жаңа  заман  талабына  сай  дамыта  отырып,  еңбектену  жалғасқаны  жөн.  Себебі 
ұрпақтың сауатсыз қалуы əбден мүмкін. Білім беру жүйесі сынақ алаңы емес. 
Тіл  ғылымы  мен  əдістеме  ғылымы  үнемі  дамып,  толысып  отырады.  Əдістеменің  бір  жылғы 
жаңалығын  игерудің  өзі  өлшеусіз  көп  уақытты  талап  етеді.  Оны  игермеген,  игере  алмаған  пəн 
мұғалімі  əдістеме  ғылымының  даму  қарқынына  ілесе  де  алмайды.  Тіл  мен  оны  оқыту  əдістемесі 
ғылымының  даму  қарқынына  ілесе  алмаған  пəн  мұғалімінің  тіл  ғылымы  туралы  білімі,  мəліметі 
шектеулі болатыны рас. Мұның, əрине, қазақ тілі пəнін оқыту сапасына да қатысы бар. Сондықтан да 
қазақ тілі мұғалімінің бос уақыты түгелдей оқу, үздіксіз ізденіс үстінде өтеді. Бұл – оның ұстаздық 
еңбегінің  шығармашылық  даралығын  көрсетеді.  Негізінен  ғылыми  жəне  практикалық  нəтижелілігі 
өте жоғары сабақтар болады. Сабақтың құрылым-жүйесінің белгіліден белгісізге, жалқыдан жалпыға 
бастайтын  сатылар  бойынша  немесе  керісінше  таратылуы,  оқытушының  талдау  мен  дəлелдеу 
тəсілдерінің байлығы, шешендігі, тақырыптың ғылыми тереңдігі мен эмоциялық əсерлілігі оқушыны 
шығармашылық ойлауға дағдыландырады. Мұндай сабақ оқушыға тиянақты білім берудің бірден-бір 
ғана жолы емес. Себебі бойға қонған білімнің бəрі де жақсы. Ал оқушының өз бетімен ізденіп, ойын 
қозғап, ақылына жүгініп, еңбекпен тапқан білімі одан да қымбат. 
Оқуға,  білімін  өздігінше  жетілдіруге  деген  саналы  сұранысы  жоқ  оқушыға  қандай  тамаша 
ұстаздан  да  көп  нəрсе  ауыса  алмайды.  Ал  осындай  сұранысты  оятып,  қалыптастыруда  тебіреніс, 
толқу  туғызған  сабақ  пен  оқушының  өздігінше  орындайтын  белсенді  оқу  жұмыстары  арасындағы 
жалғастық  жетекші  рөл  атқарады.  Осыған  орай  информациялық  сипаттағы  сабақтарды  азайту 
есебінен оқушылардың өздігінше орындайтын жұмыстарына бөлінген уақытты арттыру орынды. 
Ұлтымыздың  көсемі  –  Ахмет  Байтұрсынов  айтқандай,  «үйрену  һəм  үйрету  ең  басында  қиын. 
Балалар  оқудың  басында  қиналмаса,  оқудан  тауы  шағылмай,  көңілі  қайтып  мұқалмайды,  оқуға 
ықыластанып,  оқыған  сайын  қызығады.  Үйретушінің  де  жігері  құм  болмайды.  Ісі  ілгері  оңай 
жылжыған  сайын  көңілденіп  оқытуға  жаһады  зорайып  шабыттанады»  [1,  323].  Осы  тұрғыдан 
келгенде,  мемлекеттің  білім  беру  тұжырымдамасы  міндеттерінің  бірі  –  білім  беру  жүйесі  мен 
91


оқытудың  сапасын  арттыру,  сабақтың  əдістері  мен  мазмұнын  жетілдіру,  методологиялық  жағынан 
дамыту  болып  табылады.  Сондықтан  бүгінгі  оқу-ағарту  саласында  жиі  айтылып,  күн  тəртібіне 
қойылып  отырған  басты  мəселелердің  бірі  –  пəндік  материалдарды  жаңаша  оқыту  технологиясы 
арқылы қалыптастыру. 
 
Əдебиет: 
1.
  Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. − Алматы: Ана тілі, 1992. - 448 б. 
2.
  Выготский Л.С. Собрание сочинений. В 6-ти томах. -Т І. – Москва, 1984. - 400 с. 
3.
  Психология творчества: школа Я.А.Пономарева. – Москва, 2006. - 348 с. 
4.
  Лернер И. Я. Проблемное обучение. - Москва: Знание, 1974. - 239 с. 
5.
  Лук А.Н. Мышление и творчество. - Москва: Политиздат, 1976. - 144 с. 
 
 
Шаханова Р. 
п.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ,  
филологиялық пəндерді оқыту  
əдістемесі кафедрасының меңгерушісі 
Сейсенбаева Ж.  
филол.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы  
 
Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінің бүгінгі қазақ тілін оқытудағы маңызы 
 
Қазақ  тіл  білімі  ғылымының  негізін  қалаушы,  ұлы  реформатор  –  А.Байтұрсынұлының  қазақ 
халқының тілдік мəдениетіне қосқан үлесі орасан зор. Ғалымның қай еңбегін алып қарасақ та, қазақ 
халқының  сауатын  ашып,  тілдік  құндылықтың  сақталып,  ел  ертеңіне  деген  азаматтық 
жанашырлығына көз жеткіземіз. Өткен ғасырда жазып кеткен ғылыми еңбектерінің бүгінгі күнде де 
тіл дамыту жұмыстарында ғылыми маңызы артып, бүгінгі ғылымның дамуына пайдасы бар екеніне 
айтып  өтуге  болады.  Соның  ішінде  біз  бүгінде  білім  беру  бағдарындағы  қазақ  тілін  оқыту 
əдістемесіне  ғалымның  қосқан  үлесі  туралы  сөз  қозғамақпыз.  Бұл  тақырыпқа  ғылыми  сараптама 
жасауда тілдің дамыту аясы мен тілді оқытудың тиімділігін арттыру жолдарына А.Байтұрсынұлының 
ғылыми  еңбектерін  пайдалана  отырып,  қазақ  тілін  оқыту  əдістемесін  кеңейту  жолдарын  саралауды 
мақсат тұттық.  
Еліміздің Президенті – Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан-2030» бағдарламасында «Білім беру жүйесінің 
басты  міндеті  –  тұлғаның  ұлттық  жəне  жалпыадамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика 
жетістіктері  негізінде  қалыптасуы,  дамуы  жəне  тұрғыда  жетілуі  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау»,  – 
деп нақтылаған болатын. Ендеше, осы бағытта бүгінгі ұрпаққа білім беруде ертеңге пайдасы келер, 
алған білімін өмірде пайдасына асырар өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға дамытуды мақсат тұта 
отырып,  білім  беру  үдерісінде  оқыту  əдісіне  ерекше  көңіл  бөлу  қажет.  А.Байтұрсынов:  «Мұғалім 
əдісті  көп  білуге  тырысуы  керек.Оларды  өзіне  сүйеніш,  қолғабыс  нəрсе есебінде  қолдану  керек»,  – 
деген [1]. Тілді оқытуда да, дамытуда да əдіс түрлерін жан-жақты қамтып, түрлендіріп отырған абзал.  
Ұлы  ағартушы  Ахмет  Байтұрсыновтың  «Ұстаз  үздіксіз  ізденгенде  ғана  шəкірт  жанына  нұр  құя 
алады»,  –  деген  сөзі  ізденімпаз,  жаңашыл  ұстаздарға  арналғандай.  Мұны  əрбір  оқытушы  жадында 
сақтауы тиіс. Үздіксіз білім алып, біліктілікті арттырып отырғанда ғана нəтижеге жете аламыз. Ахмет 
Байтұрсынұлы – халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін 
жолға қоюға күш салған ғалым. Орыс, татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін 
қолданудағы  кемшіліктерін  көріп:  «Əр  жұрттың  түрінде,  тұтынған  жолында,  мінезінде  қандай 
басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған 
бауырларымыз  сөздің  жүйесін,  қисынын  нағыз  қазақша  келтіріп  жаза  алмайды  не  жазса  да 
қиындықпен  жазады,  себебі  –  жасынан  қазақша  жазып  дағдыланбағандық»,  –  деп  [1],  1912  жылы 
қазақша  жазылған  тұңғыш  əліппелердің  бірі  –  «Оқу  құралын»  жазды.  Бұл  əліппе  оқытудың  жаңа 
əдістері  тұрғысынан  өңделіп,  1925  жылға  дейін  бірнеше  рет  қайта  басылған.  «Оқу  құралы»  қазіргі 
əдістеме тұрғысынан əлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Ахмет Байтұрсынұлының 
реформалаған  араб  жазуы  негізіндегі  əліпбиі  –  заманында  қазақ  халқының  мəдени  дүниесінде  зор 
серпілістер  əкелген  құнды  еңбек.  Қалың  көпшілікті  жаппай  сауаттандыру  ісіне,  жазба  дүниелердің 
дамуына,  баспа  жұмысының  жандануына  зор  ықпал  жасады.  А.Байтұрсынұлы  –  қазақ  тілінің 
тазалығын  сақтау  мақсатында жан-жақты  зерттеулер жүргізіп,  бүгінгі күнде  маңызы жоғары  құнды 
əдістер ұсынып кеткен ғалым.  
92


А.Байтұрсынұлы  –  қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі  мен  қазақ  тілінде  дыбыс  негізінде  сауаттандыру 
əдісінің  негізгі  іргетасын  қалаушы.  Ғалым  бұл  салада  1910  жылдардан  бастап  1927-1928  жылдарға 
дейін  бірнеше  материал  жариялаған.1927-1928  жылдары  «Жаңа  мектеп»  журналында  «Ана  тілінің 
əдісі», «Зерттеу мен сүгіретшілік əдісі туралы», «Жалқылаулы-жалпылау əдісі», «Қай əдіс жақсы?», 
«Ана  тілінің  əдісі»  деген  əдістеме  мəселелерін  сөз  ететін  бірнеше  мақала  жариялайды.  Ағартушы 
ғалымның  1928  жылы  «Жаңа  мектеп»  журналында  «Қай  əдіс  жақсы?»  деген  атпен  жариялаған 
мақаласында тілді оқыту əдістерінің ғылыми маңыздылығына ерекше тоқталған. Содан бері ғасырға 
жуық  уақыт  өтсе  де,  А.  Байтұрсынұлының  мақаласына  арқау  болған  мəселе  өзектілігін  жоймаған. 
Керісінше, бүгінгі қазақ тілі мамандары үшін де күн тəртібіндегі аса бір маңызды, күрделі мəселелер 
қатарында  саналып  отыр.  Əрине,  Ахмет  Байтұрсынұлының  əдіс  туралы  көпшілікке  ой  салып,  пікір 
айтудағы  мақсаты  мен  біздің  бүгінгі  мақсатымыз  арасында  елеулі  айырмашылықтар  бар.  Соған 
қарамастан,  А.Байтұрсынұлының  əдіс  жəне  оның  ерекшелігі  туралы  айтқандары  қайталап  оқыған 
сайын əрқайсымызға тың ой салары хақ. Осы мақаласында Ахмет Байтұрсынов: «Əдіс керекшіліктен 
шығады», – дей келе, сол керекшілікке қарай тілді дамыту жолдарын нақтылап өткен.  
Бүгінде  қазақ  тілінің  даму  бағдарын  қайта  қарап,  оқыту  əдістерін  нақтылаудың  қажеттілігі  де, 
қазақ қоғамын қазақша сөйлетудің қиындығынан болып отыр. Яғни, тілді оқыту əдістерін ағартушы 
ғалымның  еңбектеріне  сүйене  отырып,  бүгінгі  күн  талабына  сай  дамытудың  маңызы  зор. 
Мемлекеттік  тілді  білуге  мүдделі  Қазақстан  азаматтары  мен  шетелдіктерге  тіл  үйретуде  сапалы 
қызмет  көрсетумен  байланысты  қазақ  тілін  оқыту  бағдарына  ерекше  көңіл  бөлуді  қажет  етеді. 
Сапалы қызметтің кепілі – тіл үйретудің ұтымды əдістерін іздеп табу, қажет болған жағдайда қазақ 
тілінің  өзіндік  ерекшеліктерінен  туындайтын  тың  əдіс  түрін  жасап  қолдану  жəне  оны  өзгелерге 
үйрете отырып, білікті əдіскерлерді даярлау. Тілді оқытуда əдіс түрлерін тиімді пайдаланып, жақсы-
жаманын қалай ажыратуда Ахмет Байтұрсынұлының «...Əдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын 
орнының  керек  қылуына  қарай»  деген  тұжырымын  басшылыққа  алған  абзал.  Осы  орайда  «бүгінде 
мұғалімдер сол əдістерді ұтымды қолданып жүр ме?» деген сұрақ көкейге ұялайды.  
Мектеп  балаларына  арналған  оқулықтарында  А.Байтұрсынұлы  иллюстративтік  материалдарды 
қатар  ұсынуда  үлкен  тəрбиелік  əрі  тіл  ұстарту  мүддесін  көздеген.  Автор  жалпы  оқулыққа  тəн 
«жеңілден  ауырға,  оңайдан  қиынға,  қарапайымнан  күрделіге»  принципін  ұстанып,  білім  беру 
бағдарындағы ерекшелігін нақтылаған. Бастауыш мектептің балаларына арналған материалдарды аса 
түсінікті  етіп  беруді  көздеген  ғалым  оқу  материалдарына  мысалдарды  қазақ  баласына  таныс 
(үлкендердің  аузынан  сан  рет  естіп,  құлақтары  үйренген)  мақал-мəтел,  нақыл  сөздерден, 
мысалдардан ала отырып, оның тиімді əдіс екендігін зерделеген. Ұсынылған мысалдардың барлығы 
дерлік  адамгершілікті,  адалдықты,  еңбексүйгіштікті  ұлттық  құндылықтарға  негізделген  қасиеттерді 
уағыздайтын  дидактикалық  мəні  зор  мақал-мəтелдер,  нақыл  сөздер,  өлең-жыр  жолдарын  ұсына 
отырып, тəрбиелік маңызына ерекше көңіл бөлген. Ал белгілі бір тақырыпқа лайықтап, өзі жасаған 
мəтіндер  ауыл  балаларының  күнделікті  тұрмысынан  алынып,  олардын  арман-тілегін,  талап-
талпынысын  т.б.  танытатын  шағын  əңгімелер  түрінде  берілген  шығармалары  баланың  тілдік 
білімімен қатар ойлау дүниетанымын дамытатындығына мəн берген. 
Жас  ұрпақтың  жаңаша  ойлануына,  олардың  біртұтас  дүниетанымының  қалыптасуында  əлемдік 
сапа  деңгейіндегі  білім,  білік  негіздерін  меңгеруіне  ықпал  ететін  жанаша  білім  мазмұнын  құру  – 
жалпы  білім  беру  жүйесіндегі  өзекті  мəселе.  Бүгінгі  орта  білім  беру  ісіне  қойылар  талаптар  қай 
кездегіден  де  күрделі  маңызды.  Өйткені  бізді  дамудың  жаңа  кезеңі  күтіп  тұр.  Сол  кезеңге  лайық 
ұлттық  санасы  жаңғырған  жаңа  ұрпақ  тəрбиелеу  міндеті  мойнымызда.  Барлық  кедергіні  жеңу, 
табысқа  талпыну  өз  қолымызда.  Оқыту  үрдісінде  оқыту  əдістерін  тиімді  пайдалану,  білім  беру 
жүйесін  тұтастай  жаңа  оқыту  технологиясын  енгізу  оқыту  процесінде  толыққанды  дамуына 
мүмкіндік  жасайды.  Оқыту  процесінде  компьютерге  негізделген  жеке  əдістемелер  оқу  мақсаттары 
мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет. 
Қазақ тіл біліміне қатысты терминдердің жасалуы, жалпы терминдік жүйе ретінде қалыптасуының 
даму  бағдары  да  А.Байтұрсынұлы  еңбектерімен  де  тығыз  байланысты.  Ұлттық  терминологияның 
қалыптасуында  А.Байтұрсынұлының  «Тіл  –  құрал»,  «Оқу  құралы»,  «Сауат  ашқыш»,  «Тіл  жұмсар» 
т.б.  еңбектерінде  тіл  біліміне  қатысты  терминдер  мен  термин  жөніндегі  ойларының  маңызы  зор. 
Ғалым  Ж.Манкеева  «А.Байтұрсынұлы  терминдерінің  танымдық  негіздері»  деген  мақаласында: 
«Терминнің  шартты  белгілерден  айырмасы  –  оның  ұлттық  танымға  жақындығы,  уəжділігі  мен 
түсініктілігі,  қызмет  əлеуеті  т.б.  негізінде  тілдің  бұзылмай,  жаңаша  дамуы.  Міне,  кезінде 
А.Байтұрсынұлы шығармашылығындағы термин жасау ұстанымының да негізгі арқауы – осы. Себебі 
термин  қалыптастырудағы  ең  негізгі  талаптар:  ұлттық,  қоғамдық,  əлеуметтік  мүдде  тұрғысынан 
қойылар талаптарға сай болу. Олай болса, қоғамдағы ғылыми қатынас құралы ретіңде жаңа, күрделі 
ойды  жеткізуші  терминдер  де  сөздер  секілді  халықтың  ақыл-ойын,  адамдық  рухын,  ғылыми 
93


көкжиегін, білім аясын жаңа сапада өсіру мұратын есте тұтады. Ол үшін термин маманға ғана таныс 
жасанды  таңбалардан  ғана  жасалмай,  терминжасамда  халықтың  тарихи-мəдени  кодтық  жадын 
жаңғырту  да  ескерілгені  жөн  екенін  жалпы  тіл  табиғатын  анықтауға  негіз  ретіндегі  когнитивтік 
лингвистика  тұрғысынан  дəлелдеудің  мəні  ерекше.  Осы  жаңа  ғылыми  бағыттар  (мысалы, 
психолингвистика) тұрғысынан саралап қарасақ, осы қисынға сəйкес терминжасам А.Байтұрсынұлы 
бастаған  зиялылардың  қазақ  тілінде  термин  түзуді  ұлттық  тіл  мүддесі  мен  таным  тұрғысынан,  ана 
тілінің табиғатына сай жасауға ұмтылыстарынан басталғанын байқаймыз», – деген пікір айтады [2]. 
Тіл білімі саласындағы тілдік бірліктер білім-ғылымға ұмтылған өзге де адамдарға мейлінше түсінікті 
болуы  қажет.  Сондықтан  А.Байтұрсынұлы  –  бастауыш  мектеп  оқулықтарынан  жəне  осы  мектеп 
мұғалімдеріне  арналған  əдістемелік  құралдарынан  өзге  еңбектерінде  жаңа  сөздердің  түсінікті  болу 
жағын басты назарда ұстап, терминдердің барлығында да ұғым дəлдігіне қатты назар аударған ғалым.  
Оқытудың  тиімділігі  оқытудың  жеке  тұлғалық  стиліне,  яғни,  оқушыға  оқу  материалын  тиімді 
сипаттайтындай  қабылдау  механизміне  тəуелді  болады.  Осыған  байланысты  оқу  іс-əрекетін  тиімді 
қамтамасыз ету бəрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-əрекетін, оқытушының əрбір оқушымен жеке 
тұлғалық  оқу  іс-əрекетін  сүйемелдеуді  жəне  жобалар  мен  оқу  жұмыстарын  оқытушылармен  бірге 
ұйымдастыруды жобалайды.  
Соңғы  кезеңде  қазіргі  заманғы  педагогикалық  ғылым  мен  практика  түбегейлі  өзгерістерге 
ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық-коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу 
жолында  басқаша  жаңалаған  жолмен  ХХІ  ғасыр  талаптарына  сай  білгір,  уақытты  үнемдей  алатын 
тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталады.  Білім  сапасы  мұғалімдер  қызметінің  сапасына  тікелей 
байланысты.  Мұғалім  жайлы  Ахмет  Байтұрсынов:  …  «Мұғалім  қандай  болса,  мектеп  те  сондай 
болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай 
болған  соң  ең  əуелі  мектепке  керегі  –  білімді,  педагогикадан,  методикадан  хабардар,  жақсы  оқыта 
білетін  мұғалім».  Демек,  білім  сапасын  көтерудің  негізгі  тетігі  –  ұстаз,  сондай-ақ  оның  теориялық 
білімі  мен  кəсіби  шеберлігі,  шығармашылық  қызметі».  Шығармашылық  қызметі  дегеніміз  –  білім 
беру  бағдарындағы  əдіс-тəсілдерді  ұтымды  пайдаланып,  дұрыстап,  орнымен  қолдана  білудегі 
тапқырылығы.  
Сонымен,  Ахмет  Байтұрсынұлының  қазақ  тілінің  табиғатын,  құрылымын  танып-танытудағы 
қызметі  енді  мектепте  қазақ  тілін  пəн  ретінде  үйрететін  оқулықтар  жазумен  ұласады.  Бұлар  не 
бұрынғы  қарапайым  сөздің  мағынасын  жанғырту  арқылы,  не  жаңа  тұлғадағы  сөз  жасау  арқылы 
дүниеге  келген  соны  сөздер,  сəтті  шыққан  атаулар  екенін  олардың  күні  бүгінге  дейін  қолданылып 
келе  жатқандығы  анық.  Тілші-ғалымдар  Ахмет  Байтұрсынұлы  тұжырымдамаларын  «қазақ  тіл 
білімінің  бастауы»  деп  танып,  оны  ғылыми  тұрғыда  жүйелеп,  бүгінде  білім  беру  бағдарында 
пайдалануда. 
Қорыта  айтқанда,  қазақ  тіл  білімі  мен  əдебиеттану  теориясының  негізін  салушы,  ұлт  мектебінің 
ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының əліпбиін ұлтымызға жасап кеткен мұра екенін ұмытпай, тілді 
оқыту əдістемесіне қалдырған еңбектерінің бүгінде маңызды екендігін айта келіп, сол ойды дамыту 
бағдарында жұмыс жасап, қазақ тілін оқыту жолдарын тереңдету қажет.  
 
Əдебиет: 
1.
  Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992. - 448 б. 
2.
  Манкеева Ж. А.Байтұрсынұлы терминдерінің танымдық негіздері // «А.Байтұрсынұлы жəне қазақ 
филологиясының мəселелері » атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Алматы: 
Арыс, 2004. - 15-18-б.  
 
 
Оразалиева Э.  
филол.ғ.д., Назарбаев университетінің профессоры  
 
Тың ойлардан бастау алған тілтаным 
(А.Байтұрсынұлы еңбектері негізінде) 
 
Қазақ тіл білімінде тілге тек құрылымдық ерекшелік ретінде емес, «адамзат болмысының өзгеше 
бір  бөлшегі»  деп  қарау  –  ХХ  ғасырдың  басынан  бастау  алған  ғылыми  қағидалардың  бірі.  Адамзат 
атаулына  тəн  тіл  мен  ойлау  арақатынасымен  анықталатын  зейін  қою,  жадыда  сақтау,  елестету, 
қиялдау,  шығармашылық  деңгейді  таныту,  образды  түрде  қабылдау  əрекеттерінің  барлығын  тіл 
табиғаты  мен  қызметін  анықтайтын  мəселелер  қатарына  жатқызған  зерттеушілер  лингвистикалық 
ізденістердің  өзгеше  мақсат-міндеттерін  сұрыптады.  Кез  келген  ой  түйінінің  астарында  адамның 
табиғи қабілеті, жан-жақты тану əрекеті жататындықтан, антропоцентристік тұжырымдардың негізін, 
алдымен,  адамның  субъективтік  болмысын  қоршаған  əлем  заңдылықтарымен  байланыстырар 
себептер анықтады. Олар жекеленген тұлғалардың есту, көру қабілеттерімен айқындалатын адамның 
94


ойлау,  саралау,  пайымдау,  талдау  мүмкіндіктерін  танытар  ерекшеліктерге  негізделді.  Екі  жақты 
кодтау  теориясын  дамытушы  А.  Павионың  айтуына  қарағанда,  адам  хабарды,  заттар  мен 
құбылыстарды қабылдап ұғынғанда, екі түрлі процесті – көзбен көруді жəне вербалды немесе тілдік 
амалдармен  бекітуді  ескеру  керек  [1,  112].  Олай  болса,  субъективтік  факторларға  ғалымдардың 
қабілеті, мүмкіндігі, ішкі сезімі, өзіндік дүниетанымы, біліп-тану дəрежесі жатқызылса; объективтік 
мəселелер қоршаған орта заңдылықтарымен, себеп-салдарлық байланыстармен, мəселелердің тарихи 
даму эволюциясымен сұрыпталды. Бұл қатарда: 
  таным нысанын құрайтын заттар мен құбылыстардың универсалды табиғатын; 
  ғылымдар  тоғысын  құраған  ұғымдық  синкретизмнің  қалыптасуын,  тіл  философиясы 
принциптерінің үстем болуын; 
  қазақ  тілінің  ғылыми  негізде  қалыптасуының  жалпы  теориялық  ілімдердің  дамуымен 
қатарласа жүзеге асуын; 
  алғашқы қазақ зерттеушілерінің Ресей лингвистикалық мектебінде дəріс ала отырып, ана тілін 
өзге  тілдермен  салыстыра-салғастыру  мүмкіндігіне  ие  болуын;  жеке  жəне  жалпы  тіл  білімі 
проблемаларының тығыз байланыста зерделене бастауын; 
  Қазақстанның  ішкі  қоғамдық  өмірі  мен  ғылымдағы  ізденістерін  ғылыми  танымға  негіздеу 
қажеттілігін атаған орынды. 
Нəтижесінде қазақ зерттеушілері «Тіл – құрал» деген ұстанымды басшылыққа ала отырып, тілдің 
əлеуметтік, психологиялық, танымдық қызметтеріне назар аударып, тілдік мəселелердің кең көлемде 
əдеби,  пəлсапалық,  логикалық  ұстанымдарды  айқындауға  қатыса  алатындығын  дəлелдеді. 
Филологиялық  мəселелерді  əдіснамалық  жəне  пəнаралық  байланыстарға  сүйену  негізінде  шешу 
мақсатын  көздеген  тілші-ғалымдар  тілдік  фактілерді  адам  болмысын,  оның  физиологиялық, 
психологиялық табиғатын пайымдап түсіндіруге мүмкіндік беретін амалдар тізбегі деп қарастырды. 
«Тіл  –  адамның  адамдық  белгісінің  зоры...»,  –  деген  А.Байтұрсынұлының  пікірі  сол  маңызды 
бастаманың алғышарты деп танылды. 
«Тіл  –  құрал»  деген  аты  қандай  жат  көрінсе,  ішкі  мазмұны  да  əуелгі  кезде  сондай  жат  көрінер, 
үйткені  бұл  –  қазақта  бұрын  болмаған  жаңа  зат...»  [2,  142],  –  деп  басталған  А.  Байтұрсынұлының 
еңбектері  ойды  ойға  жалғайтын,  тіл  табиғатын  қызметімен  өзектейтін  тілдік  «экскурстардың» 
(Ə.Қайдар)  құндылығын  анықтады.  Тілдік  материалдарды  таза  теориялық  қағидаларға  ғана  емес, 
идеялық-рухани тəрбиеге, халықтық дүниетанымға арқау еткен А.Байтұрсынұлы қазақ тілін «адамзат 
табиғатын айқындайтын ғылымның маңызды тармағы» деп саралады. Белгілі тілші Р.Сыздықова «Тіл 
–  құралды»  «...қазақ  мəдениетінде  бұрын болмаған  соны құбылыс»  [2,  20],  –  деп  жоғары  бағалады. 
Қазақ  тіл  біліміне  ғана  емес,  қазақ  мəдениетіне  қосылған  зор  үлес,  халық  қабылдауына 
жақындатылып  жазылған  туынды  –  біріншіден,  терең  этнолингвистикалық  зерделеудің  үлгісін 
көрсетсе,  екіншіден,  кез  келген  тілдің  барша  адамзатқа  ортақ  «есепсіз  бөлшектер»  жиынтығынан 
тұратынын дəлелдеген кешенді зерттеу болды.Үшіншіден, бұл жұмыс ғылыми ортада «тілдің ойлау 
жүйесімен байланысын өзге қырынан талдаған жаңалық» деп қабылданды.  
Айтушы  мен  тыңдаушы  арасындағы  қарым-қатынастың  ерекшелігіне  тоқтала  отырып, 
А.Байтұрсынұлы  ой  мен  сөздердің  «қиындасуын»  маңызды  фактор  ретінде  қарастырды: 
«...Айтушының  ойын  тыңдаушы  ұғарлық  даражада  түсінікті  болып  айтылған  сөздер  ғана  сөйлем 
болады...  Сөйлегенде,  жазғанда  кім  де  болса  ойын  айтады.  Ойын  айтуға  тиісті  сөздерді  алады  да 
олардың  басын  құрап,  біріне  бірінің  қырын  келтіріп,  қиындастырады»  [2,  263-264].  Аса  қажет 
психологиялық мінездеме ретінде тілші «бұйрық, өтініш, үгіт, жай тілек» секілді адам көңіл күйінің 
эмоционалды-экспрессивтік  реңктерін  білдіре  алатын  тілдік  құралдарға  шолу  жасады,  оның 
барлығын  «көңіл  тілегі»  [2,  298],  –  деп  топтады.  Ғалым  «адам  санасының»  үш  негізін  барлық 
тілтанымдық фактіге арқау етіп, тілдің міндетін осы үш арнадан өрбіте талдады. Олар – ақыл, қиял, 
көңіл. «Ақыл ісі – аңдау, яғни, нəрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып райлау, қиял ісі – меңзеу, 
яғни, ойдағы нəрселерді белгілі нəрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттеп ойлау, 
көңіл  ісі  –  түю,  талғау»  [3,  141],  –  дей  отырып,  зерттеуші  тілтанымның  мақсат-міндетін,  негізгі 
ұғымдарын  өзектеді.  Адам  болмысының  сан  қилы  мүмкіндіктерін  оның  сөз  өнерімен, 
шығармашылық  қабілетімен  ұштастырған  автор:  «Сөздің  өзін  танытатын  белгі  –  тіл,  яки,  лұғат 
белгісі болады. Ол белгі əркімнің өз ыңғайымен, өз оңтайымен сөз тізіп əдеттенуінен, салттануынан 
болады»  [3,  142],  –  деген  қорытынды  жасады.  «Сөз  өнері»  деп  асылында  нені  айтамыз?»  деген 
сұрақтың  жауабын  тілші  біздің  пікірімізден,  қиялымыздан,  көңілімізден,  соны  білдірер  сөйлеу 
əрекетімізден іздеді, сондықтан «Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тəртіптеп қисынын, қырын, 
кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару – «сөз шығару» болады» [3, 148], – деп жазды. 
Тілтанымда адам қоғам мүшесі, психофизиологиялық ерекшеліктерден құралатын индивид, ойлау 
мен тану əрекеттері арқылы өзі іспеттес басқа субъектілермен қарым-қатынас жасайтын тұлға ретінде 
ұғынылады. Оның антропологиялық тұжырымдары өз алдына жеке емес, өзге ғылыми жүйелермен, 
теориялармен  байланыса  өрбиді  (қатысымдық  прагматика,  дискурс  теориясы,  когнитивтік 
95


антропология,  əлеуметтік  психология,  жасанды  интеллект,  сөйлеу  актісінің  теориясы  жəне  т.б.). 
Аталған  ілімдердің  қай-қайсысы  да  тіл  мен  танымның  өзегін  құрайтын  адамдық  фактордың 
құндылығын  дəйектеуге  мүмкіндік  береді,  өйткені  қазақ  тіл  білімінің  көрнекті  өкілі  – 
А.Байтұрсынұлы  атап  көрсеткендей,  адам  мен  оның  өзіндік  əлемі  сана  мен  танымның  барша 
жетістіктерін айқындайтын маңызды амалдардың бірі болып табылады.  
«...Адамда екі ғалам болады – ішкі ғалам, тысқы ғалам. Ақыл, көңіл, қиял сияқты адамның рухына 
қараған  жағы  –  ішкі  ғалам  болады  да  онан  басқалары  –  басқа  адамдар,  мақлұқтар,  нəрселер,  бүтін 
дүние  тысқы  ғалам  болады»  [3,  225]  деген  тұжырым  негізінде  ғалым  адамның  ішкі  жəне  сыртқы 
ғаламдық  белгілерін  зерделей  отырып,  тілдік  талдауларда  кеңінен  пайдаланады.  Автор  ойына 
сүйенсек,  адамның  рухани  əлемі  мен  қоршаған  дүние  негіздері  өзара  тығыз  байланыста  дами  келе, 
оның ойлау, сөйлеу, тану, қабылдау əрекеттерін түсіндіруге, қатысымдық болмысын уəждеуге жəне 
белгілі бір тақырыптық идеялық мазмұнда өрбітуге жол ашады. Бір-біріне ауыса отырып əрі бір-бірін 
толықтыра  дамитын  бұл  екі  ғалам  адамның  барлық  болмыс-бітімін,  тұрмыс-тіршілігін,  мақсат-
міндетін  анықтаумен  қатар,  оның  «ес  жəне  іс  əрекеттерін»  де,  қиял-арманын  да  талдап  көрсетуде, 
олардың себеп-салдарын дəлелдеуде шартты қажеттілік деп танылады. Айтылған пікірдің шындыққа 
ұласу  деңгейін  сұрыптау  мақсатында  тілші:  «...Адамның  ілтипаты  тысқарғы  ғаламға,  бірде  ішкергі 
ғаламға  көбірек ауатын  орындары  болады...  Кейде  тысқарғы  нəрсе  өте  қорқытса,  яки  өте  қуантса я 
болмаса өте тамаша күйде болып таңдандырса, адамның ісін алып, ілтипатын өзіне аударып кетеді. 
Кейде  қайта  адам  өз  ойы,  өз  қиялы,  өз  көңілінің  күйімен  болып,  айналасындағы  болып  жатқан 
уақиғаларды, істеліп жатқан істерді, тамашалы тысқарғы ғаламды байқамай қалады. Бұл – адамның 
ілтипатын тысқарғы ғаламнан ішкергі ғалам аударып алып кеткен уақытта болады. Кейде тысқарғы, 
ішкергі екі ғаламның да күші бірдей болып, ілтипатымызды бірдей түсіреді» [3, 227], – дей отырып, 
адамның ішкі не сыртқы əлемінің үстем болуы негізінде байқалатын ерекшеліктерге тоқталады. Бірде 
адам  көңілін  билейтін  не  болмаса  белгілі  бір  сыртқы  жағдайлардың  əсері  сезілетін  фактілерді 
басшылыққа  алған  ғалым  тілдік  құралдарды  да,  сөз  өнері  үлгілерін де антропологиялық  зерттеулер 
мен  қорытындылардың  дереккөзіне  айналдыра  сипаттайды.  Осы  негізде  зерттеуші  екі  ғаламның 
«түйісу» [3, 294] нормаларын таным мен тілдік дамудыңарасындағы «зор іліктіктің» [3, 226] нəтижесі 
деп түсіндіреді.  
Когнитивтік  лингвистика  –  ХХ  ғасырдың  70-80  жылдарынан  бастап  кең  өріс  алған 
лингвистиканың  саласы.  Ол  танымдық  құрылымдардың  лингвистикалық  сəйкестіктері  мен 
мүмкіндіктерін  анықтау,  белгілі  бір  тілдік  жағдайды  мақсатқа,  əсер  етуші  себеп-салдарға  орай 
əртүрлі  тілдік  құралдар  арқылы  сипаттау,  олардың  əр  деңгейде  қабылдану  өзгешелігін  зерделеу 
немесе  «тілді  жалпы  танымдық  механизм  ретінде  қарастыру  бағыты»  [4,  21]  деп  танылып  келеді. 
«Дүниедегі  нəрсенің  қайсысы  туралы  сөйлесек  те,  бір  жағынан  ғана  емес,  əр  жағынан  алып  сөз 
қылуға  болады»  [3,  147]  деген  А.Байтұрсынұлының  ғылыми  ұстанымы  да  сол  «танымдық 
механизмді»  жүйелеуге  мүмкіндік  берген  ордалы  ойдың  бастамасын  құрады.  «Анайы  заман»  мен 
қазіргі уақыт туындыларын салыстыра талдаған ғалым тіл өркендеуін өзектейтін шарттар қатарында 
адамның танымдық болмысын табиғи қажеттілік деп есептеп, əр заманның шығармасын сол кездегі 
«тысқы  ғаламды»  қабылдап  бейнелеудің  құралы  ретінде  талдады:  «Адам  бала  күнінде  тысқы 
ғаламдағы көзге көрініп, денеге сезіліп тұрған нəрселерді ғана танумен болады. Есі əбден кіргенше 
өзгеден  өзін  айырмайды.  Өзгенің  істегенін  істеп,  дегенімен  болады.  Есейген  сайын  өзінің  өзгеден 
басқалығын біліп, өзіне ұнағанын істеп, ұнамағанын істемей, қиықтық шығара бастайды... Өз алдына 
мұңы,  мұраты,  мақсаты, мүддесі болып, сол  мұрат-мақсатына  жету  талабына  кіріскен жерде  тысқы 
ғаламға тиісті жердің шегіне келіп, ішкі ғалам мен тысқы ғалам екеуі кездеседі...» [3, 294].  
Ғылыми  айналымда  кеңінен  қолданыс  тапқан  «когниция»  ұғымының  астары  да  тілші 
талдауларына  арқау  болған  танымдық  үдерістердің  тоғысқан  бірлігін  айқындады.  Когниция– 
танымның өзгеше сипаты, ол – қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мəлімет беретін, сезім, 
эмоция, жады, қиял, қабылдау, зейін, ақыл-парасат сияқты əрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс 
[5,  196]  болғандықтан,  ғалымдар  «логикалық  танымға  қарағанда,  когниция  əлемді  танудың  түрлі 
амал-тəсілдерін,  олардың  заңды  сабақтастығын  басшылыққа  алатын  құбылыс»  деп.  тұжырымдады. 
«Бүгінгі күні «когниция» ұғымы – адамзаттың рухани болмысын сипаттайтын білім, сана, ақыл-ой, 
ойлау, шығармашылық, жоспарлау, логикалық қорытынды жасау, сəйкестендіру, армандау, қиялдау 
əрекеттерінен  ғана  емес,  сонымен  қатар  қабылдау,  еске  түсіру,  көңіл  бөлу,  тану  процестерінен  де 
құралады» [6, 15] деген ғылыми пікірлерге сүйенсек, когниция адам атаулыға тəн барлық əрекеттің 
үйлесімді  сабақтастығынан  басталатын  маңызды  танымдық  бір  лік  болып  табылады.  Тілшінің 
«Жалаң  сөз  дүниені  тұрған  қалпында  алып  айтады.  Көркем  сөз  дүниені  көңілдің  түйген,  қиялдың 
меңзеген əлпіне түсіріп айтады... Жалаң сөз дүниеде шын болған, шын бар нəрселерді əңгіме қылады. 
Көркем сөз болуға ықтимал деген нəрселерді де алып сөз қылады... Жоқ нəрсені барға ұйғарып сөз 
қылады» [3, 210] деген сипаттамаларының негізгі желісі де ес пен зейін, «ішкі пікір мен тысқы тіл», 
«я нəрсеге тиісінше ойлау, я көңілінің түйісінше ойлау» [3, 209] сияқты бірліктер мен ұғымдардың 
96


мағыналық  өрісін  айқындаған  тілтанымдық  тұжырымдармен  құнды.  «Қара  сөзден  адам  тек  ұғым 
алады дедік. Ұғымның өзі керекті орнына қарай екі түрлі болады: 1. ес ұғымы, яғни, еске керек ұғым; 
2. іс ұғымы, яғни, іске керек ұғым» [3, 211]. Ұғым арқылы сипатталатын қара сөздер бірде «дүниедегі 
нəрселердің  бəрін,  задын,  сырын,  сипатын,  мүдетін,  мұратын  тануды»  көздесе,  бірде  «табиғат  ісін, 
күшін,  нəрселерін  қалай  пайдаланатын  жолын  білуге  бағытталады»  деген  автор  тұжырымының 
өміршеңдігі  де  қабылдау  мен  түсінудің,  пайымдау  мен  зерделеудің,  тану  мен  қолданудың  өзара 
байланысқан  жүйесінің  тіл  арқылы,  тілдік  құралдар  мен  əдеби  оралымдар  арқылы  көрініс  табатын 
өзгешелігінде жатыр. «Ішкі ғаламның» субъективтік мүмкіндіктерін, өзіндік даму жүйесін анықтауда 
«тысқы ғаламның» элементтерін ұтымды пайдалана білген ғалым тілдік құралдарды, адамның сөйлеу 
əрекетін  оның  ойының  жемісі  ретінде  қарастыра  отырып,  «жүрек  лебі,  көңіл  құсының  сайрауы, 
жанның  тартатын  күйі»  [3;  226]  сияқты  сөздер  байланысын  бүгінгі  «когниция»  ұғымының 
шеңберімен тоғыстыра зерделеуге мүмкіндік берді. 
А.Байтұрсынұлы  адамды  қоршаған  əлемдегі  заттар  мен  нəрселер  табиғатын  «сипатты» 
қабылдаудан  өткізе  келе,  əрқайсысын  «бойындағы  қасиеттеріне»  қарай  «жағымды,  жағымсыз» 
əсерлер арқылы таразылады. «Нəрсе түрлі сипатты болады. Ол сипаттардың біреулері бойына біткен 
сипат болса, екіншілері адамның қосқан, таңған сипаттары болады. Мəселен, нəрсенің бірін «жылы», 
бірін «суық», бірін «тегіс», бірін «бұдырмақ», бірін «қатты», бірін «жұмсақ» дейміз. Бұл сипаттар – 
нəрсенің  бойында  бар  сипаттар.  Бұл  сипаттаудың  біреулері  адамға  ұнайтын  болар  да  біреулері 
ұнамайтын  болар...  Бұлардың  біреулерін  «жағымды»,  «сүйкімді»  деп,  екіншілерін  «жағымсыз», 
«сүйкімсіз»  деп  сипаттау  –  нəрсені  тиісінше  сипаттау  емес.  Адам  өз  көңілінің  түйісінше  сипаттау 
болады» [3, 209] деген тұжырымға сүйенер болсақ, дүниенің өзі адам санасына «шынайы жағымен», 
яки,  табиғи  болмысымен  əсер  еткенде  оның  тек  «тиіс»  белгілері  ескеріледі  де  жеке  психологиялық 
тұрғыдан  не  болмаса  субъективтік  бағалау  мен  коннотациялық  реңк  тұрғысынан  оған  өзіндік 
көзқарасыңды  білдіру  негізінде  алып  қарағанда,  тысқы  ғаламдық  заттар  «түйістің»  елегінен  өте 
қабылданып,  «көңілдің  түйген,  қиялдың  меңзеген»  қалпын  «əліптейді»  [3,  210].  Олай  болса, 
ғалымның  пайымдауынша,  сол  əсерлер  жігін  адам  ғана  «...уытты,  лепті,  əсерлі,  қанды  қайнатып, 
жүрек тулатып, естен айырып, ерікті алып кететін күшті, көрнекті, сəнді, мəнді тіл» арқылы баяндап 
жеткізе алады, яки, кез келген құбылысқа өз қарым-қатынасын білдіру мүмкіндігіне ие болады. 
1928  жылы  С.А.Аскольдов  «концепт»  терминін  алғаш  қолдана  отырып,  оның  табиғатын  «ой 
құрылымы»  деп  қарастырса  [7],  қазіргі  таңда  бұл  ұғымның  аясы  кеңейе  отырып,  анықтамалық 
мазмұн  адамның  барша  психикалық  ресурстары,  сана  қызметі,  жинақталған  тəжірибе  сияқты 
мəселелермен  толығып  келеді.  «Концепт  –  жадының,  концептуалды  жүйенің,  адам  психикасында 
көрініс  тапқан  əлемдік  бейненің,  ментальді  қордың  оперативті  бөлшегі»  болғандықтан,  оның 
негізінде тіл білімінде «концептуалды жүйе», «концепттік ая» сияқты ұғымдар қалыптасып, қолданыс 
тауып  отыр.Тілшілер  концептуалды  жүйені  «адам  ақылы  меңгерген  барша  тұжырымдар 
жиынтығының ментальні деңгейі» деп сипаттаса, «концепттік ая» деп. белгілі бір тіл де сөйлеушінің 
дүниетанымын  қалыптастыратын,  универсалды  немесе  жалпыхалықтық  ілімдермен  индивидуалды 
таным сабақтастығынан жинақталатын тұжырымдар ескеріледі [6, 15-16]. Концепт – адам санасының 
ойлау  бірліктері  мен  психикалық  ресурстарын,  білім  мен  тəжірибенің  бейнелі  көрсеткіштерін 
құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивтік лингвистиканың негізгі 
ұғымдарының  бірі.  «Когнитивтік  терминдердің  қысқаша  сөздігінде»  оған:  «жадының,  ментальді 
қордың,  тұжырымдау  жүйесінің  əрі  адам  санасында  көрініс  табатын  бүкіл  əлемнің  мазмұнды  да 
белсенді  бірлігі»  [8,  90] деген анықтама берілді. Тұжырым жасау арқылы  адам  ойлау  əрекетін ғана 
жүзеге  асырып  қоймайды,  ол  əлемді  танудың  негізін  құрайтын  тəжірибе  мен  білім  жүйелерін 
талдауды, олардың болмыс-табиғатын пайымдауды міндет етеді.  
А.  Байтұрсынұлы  «Адам  дүниедегі  көрген-білген  нəрселерін  тек  байқап,  тек  пікірлеп,  тек 
саңлаулап қана қоймайды. Ол нəрселермен қатар адамның көңіліне күй де жасалады. Адам көрген-
білген нəрсенің я ісінің біріне күйінеді, біріне сүйінеді, бірінен сескенеді, бірінен шошынады.Сезіліп 
тұрған  тысқарғы  ғаламмен,  сезіп  тұрған  ішкергі  ғаламның  екі  арасы  санаға  келіп  түйіскен  жерде 
жыртылып айрылғысыз болып бірігеді», – деп атап көрсетеді. Белгілі бір құбылыстар мен заттарды 
нысанға алу кезінде кез келген тұжырым «дедуктивтік не болмаса индуктивтік деректер мен хабарлар 
жиынтығы»  десек,  ғалым  сипаттаған  «адамның  санасы»  –  сол  деректер  қорының  үлгісі,  ақпарат 
өңдеудің жаңа моделі ретінде талданады. «Адамның санасы – фотография (сүгірет машинасы) емес, 
нəрсенің тұрпатын ғана түсіріп қоятын нəрсенің саңлауы келіп адамның санасына түскенде, адамның 
ойын  да,  көңілін  де  бірдей  оятады»  [3,  226]  деген  тұжырымдарда  сол  маңызды  лингвистикалық 
зерттеулердің бастау алуына негіз болды. 
Бүгінгі  таңда  А.Байтұрсынұлының  зейін  қызметіне  берген  анықтамалық  классификаторы  да 
өзгеше рөл атқарады. Мысалы, ғалым жіктеуінде «адамның зейіні»: 
  бүтін ғаламды тануға жұмсалып, дүниедегі бар нəрсенің барлығын, яки, бар деп ұйғарылған 
нəрсенің бар-жоқтығын танып, белгілі бір қарарға келгенде адамға бір үлкен ұғым пайда болады. Сол 
97


ұлы  ұғым  жүйесі  «даналық»  деп  аталады.  Даналық  мақсаты  –  бүтін  ғаламды  танып,  бүтін  ғалам 
атанған дүниенің жұмбағын шешпек; 
  Құдайды  тану  жағына жұмсалып,  Құдай  турасындағы  мəселені  шешпек  болғанда,  дін  пайда 
болып, ұғым жүйесі жасалса, ол «ғақаид» деп аталады; 
  табиғат  құбылысын  тану  жағына  жұмсалып,  табиғаттың  түрлі  заңдарын  тауып,  қасиеттерін 
біліп, əбден көз жеткенде пайда болатын ұғым жүйесі «ғылым» деп аталады; 
  əлеумет  мəселесіне  жұмсалып,  əлеумет  ісіне  жол  сілтегенде,  «көсемдік  ұғым  жүйесі»  пайда 
болады; 
  табылған  білімді  басқаларға  үйрету  жолына  жұмсалғанда,  үгіт-«тəрбие  ұғым  жүйесі»  пайда 
болады; 
  басқаның  ісін  таразыға  тартып,  ұнамды,  ұнамсызын  тексергенде,  «сын  ұғымының  жүйесі» 
пайда болады.  
Зейін  хабарды  өңдеу  барысында  айқын  байқалатын  əрі  сол  хабарға  не  болмаса  объектіге,  яки, 
процеске  назар  аударуға  мүмкіндік  беретін  танымдық  қабілеттердің  бірі  болып  табылады.  Талдау, 
сипаттау, жіктеу амалдарының қолданысы, адам ойында көрініс табатын шынайы болмысты саралау, 
оның  белгілі  бір  ерекшелігін  шектеп  айқындау,  зейіннің  негізгі  түйінін  хабардың  құрамды  бөлігі 
немесе бөлшегі арқылы дəйектеу – барлығы дерлік адам миында қалыптасып, жүзеге асатын білімнің 
белсенділігін  арттыруға,  сырттан  келіп  түсетін  хабарлар  жүйесін  реттеп  отыруға  жағдай  жасайды. 
Адамзат  болмысына  қатысты,  яғни,  оның  табиғатына  тəуелді  деңгейде  өңдеуден  өтіп  отыратын 
хабарлар желісі жеке тұлғалардың еркі мен эмоциясына, тəжірибесіне, жадыда сақталатын мезеттік 
жəне мəңгілік деректер тізбегіне орайласа айғақталатындықтан, адамның зейіні де бір саладан екінші 
салаға  ауыса  келе,  танымдық  процестердің  жеделдігін,  бір  бағытқа  бағыныштылығын  қамтамасыз 
етуге үлес қосады. У.Найссер қабылдау кезінде алдын ала зер салу мен тыңғылықты зейін қоюдың 
маңыздылығына  тоқтала  отырып,  олардың  жүзеге  асу  амалдарын  көру  процесіне  қатысты 
айқындады.  Сол  себепті  алғашқы  мезеттен  бастап,  адамдардың  танымында  əлем  объектілердің 
жиынтығы ретінде сипатталып, олардың біреулері алғы шепте, ал кейбіреулері артқы шепте тұратын 
нысандар деп ұғынылады [8, 16]. 
Қорыта  келгенде,  жалпыадамзаттық  таным  арқылы  қалыптасқан  халықтық  ойлау  үлгілері 
қоғамдық-тарихи  жəне  этникалық  тəжірибенің  үлгісін  құрайтынын  ескерген  А.  Байтұрсынұлы 
тілтанымдық фактілерді тіл мен əдебиет мəселелерін талдауға арқау ете отырып, «адамның қиялында 
орын  алған  нəрселерді»  түсіндірудің  өзгеше  бағытын  негіздеді.  Нəтижесінде  адамды  барша  табиғи 
болмыстың бөлшегі деп қарастырған лингвистикалық саланың алғашқы логика-пəлсапалық бастауы, 
аса құнды тұжырымдар тізбегі дүниеге келді. Сол арқылы гештальт, фрейм, концепт мəселелерінен 
ертерек  қалыптасқан  ұқсату,  яки,  аналогия,  ассоциация  немесе  балау,  метафора  немесе  «адамның 
ойына өң бере, көңіліне күй түсіре... бернелі сөйлеу» табиғаты өзгеше танымдық арналарды тілмен 
өрнектеуге  мүмкіндік  берді.  Бір  объектіні  екінші  объектімен  салыстыру,  салыстыра  ұқсату,  сөйтіп, 
бұрыннан  таныс  сөз  мағынасына  жаңа  семантикалық  кеңістік  үстеу  негізінде  дүниеге  келген  бұл 
ұғымдар, бір жағынан, когнитивті лингвистиканың ментальді-танымдық нысанын айқындаса, екінші 
жағынан,  лексикология  мен  семасиологияның  бірлігі  ретінде  сөз  бен  мағыналық  өріс  арасын 
жалғаған  өзгеше  талдаулар  кеңістігін  сұрыптады.  «Адамға  дерексіз  заттан  гөрі  деректі  зат 
түсініктірек, жансыз  заттың  күйінен  жанды  заттың  күйі  танысырақ»  [3,  154]  фактілермен  түсіндіру 
мақсатын  көздеген  бұл  табиғи  таным  заңдылықтары  бүгінгі  таңда  тіл  туралы  ғылымның  маңызды 
бағытына айналды [9].  
 
Əдебиет: 
1.
  Андерсон  Джон  Р.  Когнитивная  психология.  5-ое  издание.  –  М.,  СПб.,  Нижний  Новгород.  Воронеж. 
Ростов-на-Дону. Екатеринбург. Самара. Киев. Харьков. Минск: Питер, 2002. – 496 с. 
2.
  Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. - 448 б. 
3.
  Байтұрсынов А. Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989.- 320 б. 
4.
  Демьянков  В.З.  Когнитивизм,  когниция,  язык  и  лингвистическая  теория.  //  Язык  и  структуры 
представления знаний. – М., 1992. – С. 39-77. 
5.
  Алефиренко  Н.  Поэтическая  энергия  слова.  Синергетика  языка,  сознания  и  культуры.-  М.:  Academia, 
2002. – 394 с. 
6.
  Маслова В.А.Когнитивнаялингвистика. – Минск: ТетраСистемс, 2004.- 256 с. 
7.
  Аскольдов  С.А.  Концепт  и  слово  //  Русская  словесность:  Антология.  Под  ред.  В.Н.Нерознака.  – 
М.:Academia, 1997, с.267-280. 
8.
  Краткий словарь когнитивных терминов. Под общей редакцией Е.С.Кубряковой. – М., 1996 – 245 с. 
9.
  Raymond W. Gibbs Jr. Why many concepts are metaphorical. //Cognition 61 (1996) 309 – 319. 
 
 
 
 
98


 Сабыр М. 
филол.ғ.д., Батыс Қазақстан инновациялық- 
технологиялық университетінің профессоры 
 
А. Байтұрсынұлы көтерген білім беру саясаты: кеше жəне бүгін 
 
ХХ ғасыр басындағы өліара кезеңде аспан астындағы өмір сүру құқығыңды қорғау үшін ақ найза 
мен  ақ  білектің  күші жетпейтінін  біліп,  күрестің  саяси-ағартушылық  бағытын  ұстанған  А.Бөкейхан 
бастаған  ұлт  зиялылары  «Алаш»  саяси  партиясын  құрып,  Алашорда  үкіметі  өз  жұмысын  жүргізді. 
Өмірі  қысқа  болса  да,  Алаш  қозғалысы  ұлттың  ұлы  арман-мақсаттарын  өз  бағдарламаларында 
көрсете білді. Алаш қозғалысы – бүгінгі тəуелсіздік бастауы, қайнар көзі. Биыл 100 жылдығы аталып 
отырған  Алаш  қозғалысының,  оның  көшбасшыларының  саяси-құқықтық,  ұлттық  құндылықтарға 
қатысты  көзқарастарын,  тұжырымдарын  зерделеп,  бүгінгі  тəуелсіз  Қазақстан  мұраттарымен 
сабақтастығын  қарастыру  өте  маңызды.  «ХХ  ғасырдың  басында  ұлттың  зиялылары  азаттық  үшін 
болған  көп  ғасырлық  күресте  маңызды  рөл  атқарды.  «Алаш»  алғашқы  саяси  партиясы  жəне 
Алашорда үкіметінің пайда болуы азаматтық кемелденген жəне халықтың болашақ тағдырын шеше 
алатын  қазақтың  саяси  зиялыларының  жоғарғы  əлеуетін  көрсетті»,  –  деп  атап  өтті  Иманғали 
Тасмағамбетов.  Алаш  арыстарын  айтқанда  ұлттың  ұлы  ұстазы,  рухани  көсемі  –  Ахмет 
Байтұрсыновты еске аламыз. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы мол, сан-салалы. Ол – 
тілші, əдебиеттанушы ғалым, ұстаз, аудармашы, ақын, жидашы, өткір тілмен, ақиқат сөзбен сананы 
оятқан көсемсөзші, ел үшін күрескен ердің сойы.  
Ахаң патша заманында-ақ қуғын-сүргін көріп, 1938 жылы жазықсыз атылғанға дейін «асыл адам 
айнымас»  дегендей  ұлт  мүддесі  үшін  саяси,  ағартушылық  күрес  жүргізді.  Ақаңның  ізін  басып, 
көктеген қазақтың ұлы жазушысы – М.Əуезовтің Ахаң туралы «оқыған азаматтың тұңғышы, алғашқы 
шыққан  көсемі»  деген  сөзі  –  нақ  шындық.  Ол  қазақ  тілінің  əліппесін  түзіп,  негізгі  грамматикалық 
жүйесін  реттеп,  қазақ  мектебінің  іргесін  қалады.  1923  жылы  28  қаңтарда  Орынборда  қазақ 
зиялыларының арасында түңғыш рет А.Байтұрсынұлының 50 жылдық мерейтойы өткізілді. Мəжілісті 
Қазақ  АССР  Халық  комиссарлары  кеңесінің  төрағасы  –  С.Сейфуллин  ашып,  өз  сөзінде  «Ахмет 
Байтұрсынұлы – қарапайым кісі емес, оқыған кісі, оқығандардың арасынан өз заманында патшаның 
арам құлықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, 
даусын  шығарған  кісі.  Қазақ  халқын  байға,  кедейге  бөлмей,  намысын  бірдей  жыртып,  арын  бірге 
жоқтады.  Ахмет  Байтұрсынұлы  ...  ұлтын  сүюдің  зорлығынан  «Алаш»  партиясында  болды,  сол  ұлт 
қамы үшін коммунист партиясына да кірді. Байын, кедейін айырмай, қазақты ғана сүйетін адал жүрек 
таза  ұлтшыл,  жазушысы  аз,  əдебиеті  нашар  қазақ  жарлыларына  «Оқу  һəм  құралдарымен»  қылған 
қызметі таудай», – деп баға берді. 
Əр  халықтың  дербес  білім  жүйесі  болу  керек.  Əлемдік  тарихта  дербес  білім  беру  жүйесінен 
айырылу  кейбір  ұлттық  мемлекеттердің  жойылуына  əкеп  соғады.  Оған  тарих  куə.  Елдің  болашағы, 
оның оқу жүйесіне тікелей байланысты. Сондықтан да Ақаң: «Əуелі, біз елді түзеуді бала оқыту ісін 
түзеуден  бастауымыз  керек.  Неге  десек,  болыстықта,  билікте,  халыктық  та  оқумен  түзеледі.  Қазақ 
ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі», – деген еді [1].  
Кешегі өткен кеңестік білім жүйесі қазақ ұлтының кəсіби мамандарын даярлауда, ғылым-білімді 
игеруде сапалы қайнар көз болғанын жоққа шығара алмаймыз. Дегенмен кемшін тұстары да жоқ емес 
еді. Ал «Тəуелсіз Қазақстан тұсындағы білім беру саласындағы сансыз реформалар не берді?» деген 
күрделі  сұраққа  білім  беру  саласындағы  атқамінгендер  бір  сəт  ойланды  ма  екен?  Жас  ұрпақтың 
алдында  бəріміз  жауаптымыз.  Педагогика  ғылымдары  академиясының  президенті  –  Асқарбек 
Құсайыновтың  пікірі  ащы  шындық:  «Алдымен  білім  беру  саласын  дамытудың  ғылыми  жүйесін 
жасауымыз  керек  еді.  Өкінішке  орай,  ондай  жұмыстар  дер  кезінде  атқарылмады.  ...Өкінішке  орай, 
одан кейінгі  жылдарда жүргізілген  барлық  реформалар да  ғылыми  негізсіз  жүргізілетін  болды»  [2]. 
А.Құсайынов əлемдік тəжірибелерді сараптай келе оқушылары үнемі жоғары нəтиже беретін Шанхай 
(Қытай),  Сингапур,  Гонконг  (Қытай),  Финляндия,  Оңтүстік  Корея,  Жапония,  Тайвань,  Канада жəне 
Жаңа  Зеландия  елдерінің  ғылыми  негізде  дайындалған  білім  беру  саясатына  тоқталады.Олардың 
басты мақсаттары – ұлттық ерекшеліктер мен мəдениетті, ана тілін сақтап дамыту, рухани бай адам 
тəрбиелеуді  іске  асыру  жəне  мұғалімдердің  кəсіби  құзыреттілігін  көтеру.Бір  сөзбен  айтар  болсақ, 
басты  мақсат  –  адам  тəрбиесі.  Осы  елдердің  тəжірибесіне  сүйеніп,  мемлекет  құраушы  ұлттың 
санының  өсуі  экономикаға,  ал  сапасы  білім  беру  жүйесіне  тəуелді  екенін  есте  ұстаған  жөн.  Ақаң 
айтқан бала оқыту ісін əлі түзете алмауымыз – елдігімізге сын. 
Елбасы  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бəсекеге  қабілеттілік»  жолдауында  адами 
капитал сапасын жақсартуға басымдық беріп отыр. «Ол үшін білім беру жүйесінің рөлін өзгертіп..., 
IT-білімді,  қаржылық  сауаттылықты  қалыптастыруға,  ұлтжандылықты  дамытуға  баса  көңіл  бөлу 
керек»  [3].  Ұлттың  сапасын  жаңғырту  білім  беруге  тығыз  байланысты  екеніəу  бастан 
99


білгенА.Байтұрсынов  бір  ғасыр  бұрын  жан  айқайын  білдірді:  «...Əр  халыққа  керегі  –  өз  діні,  тілі, 
жазуы  сақталу.  Солай болған  соң  бастауыш  мектеп  əуелі  миссионерлік  пікірден,  политикадан алыс 
боларға  керек,  яғни,  қазақтың  діні,  тілі,  жазуы  сұмдык  пікір,  суық  қолдан  тыныш  боларға  керек... 
Əуелгі үш жылда балалар кілең қазақша оқу керек [1].  
Ұлт  ұстазының  осы  сөздерін  қазіргі  ана  тілінің  уызына  жарымағандар  не  түсінбейді,  не  мүлде 
оқыған жоқ. Елбасы: «Ұлттық тілмен ұлттық сана қалыптасады», – деп отыр. Балабақшадағы сəбиге, 
бастауыштағы бүлдіршінге үш тілді үйрету – дүбəра азамат қалыптастыру, ұлттың тамырына балта 
шабу.  Науқаншыл  халықпыз  ғой.  Кейбір  балабақшалар  үш  тілді  үйретуге  кірісіп  кетті.  Бүгінгі  кей 
ата-аналар  соның  нəтижесін  көріп  жатыр.  Мысалы,  немересі  мамасына:  «Мама,  сенің  көзің  бұлу 
(ағылшыннан аударсақ, «көк») екен ғой, – депті. Əжесіне немересі: «Əже, есік алдында уайд жатыр, 
уайд (ақ) жатыр», – деп қоймаған соң əжесі: «Бұл не айтып жүр?», – деп қараса, есіктің алдында ақ 
балшық жатыр екен. Бұл – үш тілді ғылыми негізсіз оқытудың нəтижесі. Баланың ойлау санасындағы 
бытысып  жатқан  ақпараттар  жүйесі  –  жаһанданудың  алғышарты.  Д.Ысқақовтың  пікірінше, 
жаһанданудың басты міндеттерінің бірі – ұлттық тамырынан ажырап қалған мəңгүрттерді, ұлтынан 
жеріген,  өздерін  ұлттан  жоғары  санайтын  космополиттерді,  ешқандай  ұлтқа  жатпайтын  «жаңа 
адамды»  тəрбиелеп  шығару.  Қазір  Батыстың  бүкіл  ақпарат  құралдары,  білім,  тəрбие  беру  жүйелері 
осы мақсатқа жұмылдырылған [4]. 
Мəжбүрлі  түрдегі  қостілділік  (қазақ-орыс,  орыс-қазақ  емес)  қазақ  қоғамында  ұлттың 
тұтастануынан гөрі қарама-қайшы топтарды қалыптастырғанын көріп отырмыз. Үстем тіл бір ұлттың 
екінші бір ұлттан басымдығын жүзеге асырады. Демек, қостілділік ана тілінен екінші бір тілге, яғни, 
өз  ұлтынан  басқа  бір  ұлттың  рухани  əлеміне  өткеріп жіберетін көпір  рөлін  атқарады.  Ғалым  Дэвид 
Кристал  «Тіл  ажалы»  атты  кітабында:  «Бір  тілді  немесе  ұлтты  жоқ  қылып  жіберу  үшін  оларға 
қостілділікті  енгізсе,  жетіп  жатыр»,  –  деп  жазыпты.  Сонда  сөйлеушілерінің  саны  көп,  басым,  яғни, 
басқыншы тіл өзінен əлсіз тілді ассимилициялап, жұтып жібереді екен. 
Біз  қанша  тіл  үйренсек  те,  ана  тілді  бірінші  орынға  қоюымыз  керек.  Елбасының  соңғы 
жолдауындағы «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның əрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді»[3], 
–  деген  сөзі  көңілімізге  зор  медеу.  Ақаңа  тағы  жүгінсек:  «Бастауыш  мектепте  кілең  қазақ  тілінде 
үйретілетін  нəрселер:  оқу,  жазу,  дін,  ұлт  тілі,  ұлт  тарихы,  есеп,  жағрапия,  шаруа-кəсіп,  жаратылыс 
жайы» [1]. Осы ұлағатты ойларды ескерместен, «жоғары сыныптарда жаратылыс пəндерін ағылшын 
тілінде  оқытамыз»,  –  деп  жоспарлап  отырмыз.  Кейбір  жоғары  оқу  орындарының  ректорлары:  «Үш 
тілде  оқытуға  дайынбыз!»  –  деп  қол  көтеріп  отыр.  Бұл  да  –  науқаншылдық,  жалған  ақпарат  беру. 
«Егер  біз  жаратылыстану  ғылымдарын  тек  ағылшын  тілінде  өткіземіз»,  –  десек,  онда  біз  тілден 
айырылдық»  деп  есептеңіз»  (А.Жұмəділдаев).  Кешегі  кеңестік  заманда  да  қазақ  мектебінде 
жаратылыстану  ғылымдары  қазақша  оқытылып,  ғылыми  ақпарат  қалыптасты,  қаншама  ғалымдар 
шықты. Өткеннің бəрін жоққа шығарып, қазақ тілін ғылым саласынан ығыстырсақ, Қ.Сəтпаев сияқты 
ғұламалар қайдан шығады? Ғылым өз тіліңде болғанда ғана жұғымды, түсінікті болады. Қазақ тілінің 
ғылыми əлеуеті ұшан-теңіз. 
«Жастардың оқу-тəрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» [1]. Ұлт қамын ойлаған Елбасы өз 
жолдауында:  «Үш  тілді  оқуға  кезең-кезеңмен  көшу  мəселесі  бойынша  ұсыныстар  əзірленсін»[3],  – 
деді.  Ұсыныстар  əзірлейтін  болсақ,  Ақаң  айтқан  тұжырымдарды  ескеруіміз  керек:  «Орысша 
оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне 
дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, əрине, ол нағыз қазақша 
болып  шықпайды.  Сондай  кемшілік  болмас  үшін  əр  жұрт  баласын  əуелінде  өз  тілінде  оқытып,  өз 
тілінде  жазу-сызу  үйретіп,  өз  тілінің  жүйесін  білдіріп,  жолын  танытып,  балалар  əбден 
дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше 
əуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз» [1]. 
Осы  тұжырымдарға  сүйенсек,  он  екі жасқа дейін бала орта  мектепте  қазақ  тілінде  оқып,  ұлттық 
тəлім-тəрбиенің ұрығы егілуі қажет. Ал орта сыныптарда орыс тілін кезең-кезеңмен оқытуға болады. 
Жоғары  сыныптарда  ағылшын  тілін  түсінісе  алатын,  қарым-қатынас  жасай  алатын  деңгейлерде 
меңгертсе  де  жетеді.  Ағылшын  тілін  терең  меңгеруді  көздеген  жастар  жоғары  оқу  орындарында 
арнайы оқу мүмкіндігі бар. Ал жоғары сыныптарда жаратылыс пəндерін ағылшын тілінде оқыту еш 
нəтиже бермесі хақ.  
 
Əдебиет: 
1. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991. 
2. Құсайынов А. Білім саласындағы реформалардың ғылыми негізі //Abai.kz  
3.Назарбаев Н. Қазақстан халқына жолдауы. Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге 
қабілеттілік // Егемен Қазақстан. 2017 жыл, 31 қаңтар. 
4. Ысқақұлы Д. Көп тілді үйретудің... берері мен безері // Abai.kz 
 
 
 
100


Əлісжан С.  
филол.ғ.д., Назарбаев  
университетінің профессоры  
 
А.Байтұрсынұлы жəне қазіргі лингвистикалық парадигмалар 
 
А.Байтұрсынұлының  лингвистикалық  мұралары  екі  нəрсенің  бастамасы  болып  табылады: 
біріншіден, «тіл туралы білімнің» бастамасы, екіншіден, «тіл туралы ілімнің» бастамасы. Біріншісін 
ғалым еңбектерінің  оқу-ағарту  саласындағы  орны  құраса,  екіншісін  қазіргі  кемелдене  түскен  тілдің 
ғылыми салаларының өз бастауын Байтұрсынұлы пікірлерінен алатындығы құрайды [1].  
А.Байтұрсынұлы  –  терминтанушы.  Қазақ  тіліндегі  ғылыми  дəстүрді  Байтұрсынұлы 
жалғастырушы  емес,  бастаушы  болғандығы  мəлім.  Бастаушы  болғаннан  кейін  ғылым  салаларының 
ұғымдық  аппаратын  Ахаңның  өзі  жасауға,  қалыптастыруға  тура  келді.  Кез  келген  ғылыми  сала  ең 
əуелі,  оның  ғылым  ретіндегі  қаңқасын  құрайтын  негізгі  ұғымдардан,  терминдерден  тұрады.  Ғылым 
дамыған  сайын  негізгі  ұғымдар  бөлшектене  түсіп,  жаңа  салалар,  жаңа  ұғымдар  пайда  болады,  олар 
тың  терминдік  мағынаға  ие  болады.  А.Байтұрсынұлы  лингвистикалық  білім  саласы  бойынша  бүкіл 
терминдік  жүйені  жасаған:  дыбыс  жүйесі,  сөз  жүйесі,  сөйлем  жүйесі.  Бұл  терминдік  жүйелер  өз 
ішінен тар мəндегі өзге ұғымдарға ажырап, парадигмалық қатар құрайды.  
А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің ғана емес, əдебиеттану, əдістеме сияқты ғылым салаларының 
терминдік  жүйесін  түзді.  Ғылыми  сипаты  бар  терминдік  ұғымдарды  ұлт  тілі  арқылы  бейнелеп 
берудің жарқын үлгісін көрсете білді. Ең бастысы, ұлттың психологиясын, дүниетанымын, талғамын, 
сауаттылық  деңгейін,  əдет-ғұрпы  мен  ділін  (менталитетін)  ескере  отырып,  терминдік  атаулану 
үрдісін жүзеге асырды. Бір ғана мысал ретінде тіл біліміндегі етістік терминін алайық. Сол кезеңдегі 
(əлі күнге дейін) түркі тілдерінің көпшілігінде бұл сөз табына қатысты «фиил», «фигыль» терминдері 
қолданылады.  Байтұрсынұлы  мұны  білмеді  деп  айта  алмаймыз,  солай  бола  тұра  қазақы  атау 
етістікті  ұсынған,  мұндағы  келтіретін  уəжі  –  «заттардың  еткен-етпеген  ісін  білдіретін  сөздер 
етістік деп аталады. Немесе фонетика, морфология, синтаксис салаларын Ахаң дыбыс жүйесі, сөз 
жүйесі, сөйлем жүйесі деп қолданған.  
А.Байтұрсынұлы  өз  кезеңінің  сұранысымен,  талғамымен,  адресаттың  талап-тілегімен  санасып, 
термин қалыптастыруда өзіндік жол ұстанған. Ғалымның термин қалыптастырудағы осындай уəжді 
іс-əрекетін қазіргі уəжтану (мотивация) саласының негізі ретінде қабылдауға болады. Өйткені ғалым 
белгілі  бір  сөздің  ерекшелігін  ескере  отырып,  терминдік  атау  ретінде  сол  лексикалық  бірлікті 
мағыналық  жағынан  дамытты,  дəлірек  айтсақ,  сөздің  терминдік  мағынасын  тұйықтай  білді.  Оның 
жасаған  немесе  қалыптастырған  терминдерінің  табиғи,  өміршең  болып  келетіндігі  осыдан.  Тіпті 
қазіргі  ғылымда  қолданылмайтын  терминдерінің  өзінде  айқын  уəж  бары  сезіліп  тұрады.  Айталық, 
ғалым  құрмалас  сөйлемнің  бес  түрін  ажыратады:  жиылыңқы,  қайырыңқы,  айырыңқы,  сұйылыңқы, 
қойылыңқы. Неге бұлай атағандығы я болмаса топтастырғандығы мынадан көрінеді: ғалым құрмалас 
сөйлем  сыңарлары  арасындағы  мағыналық  қатынастармен  бірге  айтылу  интонациясын  да  ескерген. 
Ахмет Байтұрсынұлы келтірген сөйлемдерге байыптап қарасақ, айтылу ырғағы берілген сөйлемдерге 
сай  келіп  отырады.  Мысалы,  сұйылыңқы  салалас  сөйлемге  келтірген  мысалының  əуені  сөйлемнің 
соңына  қарай  сұйылыңқы  болып  келеді:  Сабыр  түбі  –  сары  алтын,  сарғайған  жетер  мұартқа, 
асыққан  қалар  ұятқа.  Ал  қойылыңқы  сөйлемнің  аяқ  шенінде  ойдың  маңыздылығы  арта  түседі:  Не 
өгіз өлер, не арба сынар – екеуінің бірі болар.  
Уəжтану тұрғысынан А.Байтұрсынұлы мынадай іс-əрекеттерді жүзеге асырды деуге болады: тілдік 
тұлға  ретіндегі  жеке  ұстанымының  (позициясының)  беріктігі,  адресаттың  ойлау  деңгейін  назарға 
алып  отыруы,  терминдік  атауға  ие  болған  ұғымның  қасиеттерінің  толық  ескерілуі  т.т.  Ғалымның 
терминге  байланысты  қазіргі  зерттеулерде  үнемі  еске  алынатын  мына  пікірі  бар:  «Біз  сияқты 
мəдениет  жемісіне  жаңа  аузы  тиген  жұрт  «өз  тілінде  жоқ»  деп,  мəдени  жұрттардың  тіліндегі  даяр 
сөздерді  алғыштап,  ана  тілі  мен  жат  тілдің  сөздерін  араластыра-араластыра  ақырында  ана  тілінің 
қайда  кеткенін  білмей  айырылып  қалуы  ықтимал.  Сондықтан  мəдени  жұрттардың  тіліндегі 
əдебиеттерін,  ғылым  кітаптарын  қазақ  тіліне  аударғанда  пəн  сөздерінің  даярлығына  қызықпай,  ана 
тілімізден  қарастырып,  сөз  табуымыз  керек.  Сонда  біздің  əдебиетіміздің  тілі  таза  болып,  жоғарыда 
айтылған талғау салтының шарты орындалған болады». Бұл қағида қазіргі қазақ терминологиясының 
басты ұстанымы болуы қажет.  
Сөйтіп,  А.Байтұрсынұлы  –  қазіргі  кезде  тіл  білімінің  бір  саласын  құрап  отырған  қазақ 
терминологиясының  негізін  қалаушы.  «А.Байтұрсынұлы  –  терминтанушы»  жобасының  аясында 
осындай ғылыми маңыздылығы жоғары бағдарларды ұсынуға болады.  
А.Байтұрсынұлы  –  əлеуметтік  тіл  білімінің  негізін  қалаушы.  Бұл  тұжырым  профессор 
Б.Хасановтың  «Қазақ  тілін  дамытудың  Ахмет  Байтұрсынұлы  негіздеген  жолдары  жəне  тілдің 
мемлекеттік  мəртебесін  жүзеге  асыру  жолдары»  атты  мақаласында  жан-жақты  талданады  [2].  Осы 
101


еңбекке  сүйене  отырып,  А.Байтұрсынұлының  əлеуметтік  тіл  білімі  үшін  өзекті  пікірлері  мен 
пайымдауларын баяндаймыз.  
Профессор  Б.Хасановтың  айтуынша,  ахаңтану  ғылымының  күретамыры  –  социолингвистикалық 
тұжырымдамалары.  «А.Байтұрсынұлы  социолингвистикалық  мəселелерді  сезім  (интуиция)  арқылы 
қабылдаған,  түйсінген.  Бұл  –  əбден  заңды,  өйткені  социолингвистика  тіл  мен  қоғамның  өзара 
байланысын  зерттейді.  Ахаң  қоғамның  тілдік  қажеттілігін  өмірден  байқаған,  сезе  білген»  [2,  115]. 
Бұдан  əрі  ғалым  Ахмет  Байтұрсынұлының  тілге  берген  («Тіл  –  адамның  адамдық  белгісінің  зоры, 
жұмсайтын қаруының бірі») анықтамасын дəйек ете отырып, оның əлеуметтік мəнін баса көрсетеді. 
«Ахаңның «Тіл – құрал» атауының өзі социолингвистикалық сипатты атау» деген тұжырым жасайды.  
Ғалымның  пікіріне  қосыла  отырып,  бұл  анықтамалардың  коммуникативтік  аспектісін  де  атап 
өткіміз  келеді.  Тіл  үнемі  жаңарып  отыратын  қоғамдық  құбылыс  екендігі  мəлім.  Тілді  статикалық 
қалыпта  зерттеу  –  мəселенің  бір  жағы  ғана.  Тілді  сөйлеу  барысында,  қолданылуы  тұрғысынан 
қарастыру  тілдің  барлық  мүмкіншіліктерін  айқара  ашып  көрсетпек.  Қорыта  келгенде,  Ахмет 
Байтұрсынұлы еңбектерінде əлеуметтік тіл білімінің негізі қаланған.  
А.Байтұрсынұлы  жəне  когнитивтік  бағыт.  Соңғы  уақытта  тілді  танымдық  тұрғыдан  зерттеу 
өріс алып отыр. Ахаңның лингвистикалық идеяларының ұшқырлығы сонда: сол дəуірдің өзінде тілдің 
антропоөзектік  табиғатын  дəл  байқап,  анық  аңғарған.  Дəлел  ретінде  А.Байтұрсынұлының  ілгеріде 
келтірген  сөзін  аламыз. Ахаң  «Тіл  – адамның  адамдық  белгісінің  зоры, жұмсайтын қаруының бірі» 
дегенде орталық тұлға етіп «адам»-ды алып отыр. А.Байтұрсынұлы тілге тек құрылымдық ерекшелік 
ретінде  емес,  адам  баласының  болмысына,  танымына,  қарым-қатынас  жасау  үдерісіне  қажетті  бір 
бөлшек ретінде баға береді. Сондықтан зерттеуші Э.Оразалиеваның «А.Байтұрсынұлы – қазақ тілін 
өз алдына оқшауланып тұрған, бір халықтың игілігіне ғана қызмет ететін қазына ретінде ғана емес, 
тіл туралы ғылымның іргелі бір тармағы есебінде, жалпыадамзаттық құндылықтың жүйелі көрсеткіші 
сияқты  зерттеу  керектігін  алғаш  дəлелдеген  ғалымдардың  бірі»  [3,  22]  деген  пікірімен  толық 
қосыламыз.  Осы  орайда  Э.Оразалиеваның  «Тіл  –  құралға»  қатысты  түйген  пікірлерін  келтіре  кету 
артық  емес:  біріншіден,  терең  этнолингвистикалық  зерделеудің  үлгісін  танытты;  екіншіден,  «Тіл  – 
құрал»  атауының  өзі  жеке  қазақ  тілінде  емес,  жалпы  тіл  ұғымына,  оның  қызметіне  арналып 
тағайындалған; үшіншіден, ғалым тіл табиғатын зерделей келе тілдің ойлау жүйесімен байланысына 
ерекше мəн береді [3, 23-24].  
Профессор  Ж.Алтайұлы  «Əдебиет  танытқыш»  еңбегінің  тілтану  саласындағы  орнын  жоғары 
бағалай отырып, еңбектегі көзқарастар жүйесін «психолингвистиканың, психопоэтиканың, бұлардың 
келелі мəселесі менталды лексиконның қазақ филологиясындағы бағдарламасындай əсер етеді» [4, 8], 
–  деп  жазады.  Ғалымның  зерттеуі  одан  əрі  былай  жалғасады:  А.Байтұрсынұлы  мұрасында  діл  мен 
лексиконның  байланысының  түсіндірмесі  былайша  беріледі:  «Біз  қазақ  тіліндегі  сөздің  бəрін 
білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды. «Тілді қолдана білу» деп айтатын ойға сəйкес 
келетін сөздерді таңдап ала білуді айтамыз. Қазақ тілі қазақ ортасындағы бəріне бірдей ортақ мүлік 
болғанмен, бəрі бірдей пайдаланбайды. Əркім əр сөзді өзінше қолданады, өзінше тұтынады». 
А.Байтұрсынұлы ділдік лексикондағы таным мен сөйлеу үдерісінің тығыз байланыста болатынын 
орыс академигі Щербадан ширек ғасыр бұрын байқаған... [4, 9].  
Келтірілген  дəйексөздің  барлығы  қазақ  тіл  ғылымындағы  когнитивтік  ізденістердің  бастауы 
А.Байтұрсынұлы еңбектері екендігін айқын аңғартады.  
Реті  келгенде  айта  кеткен  жөн,  жалпы  қазіргі  когнитивтілік  мəселелері  ХХ  ғасырдың  бас 
шеніндегі  қазақ  зиялыларының  сөздерінде  нақты  көрінеді.  Когнитивтіліктің  бір  саласы  –  тілдік 
тұлғаға  қатысты  назар  аударарлық  тұс  қазақ  топырағындағы  алаш  зиялыларының  көзқарастарында 
жатыр. Бұны зерттеушілеріміз жазып та жүр. «Когнитивтік лингвистика» оқу-əдістемелік құралының 
авторлар 
ұжымы  (Ш.М.Мəжітаева, 
С.А.Кенжеғалиев, 
Ə.К.Шадыкенов) 
А.Байтұрсынұлы, 
М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытовтың  таным  негіздеріне  қатысты  ой-тұжырымдары  мен  көзқарастарын 
талдауға  алады  [5,  14-17].  Оқу  құралында  А.Байтұрсынұлының  таным  үдерісінің  жалпы  сипатына 
беретін  пайымдаулары,  сөзді  қолданудағы  тұлғаның  танымында  болатын  өзектендіру,  ойды  сөзбен 
хабарлаудың  алгоритмдік  өңделуі  туралы  алғашқы  көзқарас  болып  табылатын  пікірлер 
қарастырылған. Сонымен бірге Мағжан Жұмабаевтың тіл, ой, сананың бірлігі арқылы дүниетанымды 
сипаттауы, Ж.Аймауытұлының тілдің шығуын психологиялық, танымдық негізден іздеуі когнитивтік 
лингвистиканың  бастауы  боларлық  көзқарастар  екендігі  баяндалады.  Алаш  зиялыларының 
лингвистикалық  мұралары  енді-енді  зерттеліп  жатқанын  ескерсек,  олардың  когнитивтік  бағыттағы 
тұжырымдары алда талай сөз болатындығына күмəн келтірмейміз.  
А.Байтұрсынұлы жəне тіл мəдениеті. А.Байтұрсынұлы тіл мəдениетіне де көп көңіл бөлген. Тіл 
мəдениетінің негізгі сапалары ғылыми тұрғыдан алғаш А.Байтұрсынұлының еңбектерінде сөз болды. 
Ғалым тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін саланы «тіл қисыны» деп атайды: «Тіл қисыны 
дегеніміз – асыл сөздің болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым. Лебіз ғылымының мақсаты 
– асыл сөздің асыл болатын заңдарын білдіріп, түрлерін танытып, əдебиет жүзіндегі өнерпаздардың 
102


шығарған сөздерінің үлгі-өнегелерімен таныстырып, сөзден шеберлер не жасағандығын, не жасауға 
болатындығын көрсету» [6]. Тіл қисынының «тіл тазалығы», «тіл дəлдігі», «тіл анықтылығы» тəрізді 
талғамдық шарттарын ұсынған: 
«Тіл  тазалығы  дейтініміз  –  ана  тілдің  сөзін  басқа  тілдің  сөзімен  шұбарламау».  «Тіл  дəлдігі  деп 
ойлаған  ұғымға  сөз  мағынасы  сəйкес  келуі  айтылады».  «Айтылған  лебіз  ашық  мағыналы,  түсінуге 
жеңіл, көңілді күдіктендірмейтіндей болса, тіл анықтылығы дегеніміз сол болады».  
Тіл  мəдениетінің  ең  бір  жанды  жері  –  сөздің  коммуникативтік  сапасы  (Н.Уəлиев).  Бұл  өлшем 
адресант,  адресат  факторы,  коммуникативтік  құзіреттілік  т.т.  терминдермен  тығыз  байланысты. 
Қарым-қатынас  жасау  барысындағы  сөздік  коммуникативтік  сапасы  қарым-қатынасқа  дейінгі  жəне 
одан  кейінгі  кезеңде  де  ескеріліп  отырады.  Біздің  ойымызша,  А.Байтұрсынұлы  өз  пікірін  ғылыми 
терминдер  арқылы  жеткізбесе  де,  сөйлеу  актісінде  орын  алатын  бұл  мəселелерді  жақсы  түсінген. 
Бұған дəлел ғалымның мына сөзі: «Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан 
ол  ойын  өзгелер  қиналмай  түсінетін  қылып  айту  керек.  Оның  үшін  айтушы  сөйлейтін  тілді  жақсы 
қолдана білуі тиіс. Яғни, əр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сөйлемді тізе білуі тиіс».  
Осы  орайда  мəтіндік  сипаттағы  санаттың  бірі  – тіл  орамдылығы  жайында  сөз  қозғауға  болатын 
тəрізді.  Бəрімізге  белгілі,  мəтін  –  сөйлемдердің  кездейсоқ  жиынтығы  емес.  Ол  –  мазмұндық, 
логикалық,  композициялық  жақтан  ұйымдасқан  күрделі  сөйлеу  бірлігі.  Тіл  орамдылығы  дегенді 
«сөйлемдер  арасындағы  логикалық  байланыстың  айқын  көрінуі,  ойдың  (əсіресе,  ғылыми,  ғылыми-
көпшілік  мəтіндерде)  композициялық  қозғалысының  мəтінде  нақты  бейнеленуі,  көрініс  табуы»  деп 
түсінеміз.  А.Байтұрсынұлы  былай  деп  жазады:  «Ұзын  айтқанда  ой  дəуірлеген  бетімен  барып, 
қайтатын түрі болады. Сөйлеудің сондай түрлері «орамды» деп аталады» [7, 310]. Бұған қарағанда, 
«тіл орамдылығы» ұғымын ғылыми айналымға алғаш енгізген А.Байтұрсынұлы деуге толық негізіміз 
бар.  Қазіргі  зерттеушілердің  міндеті  –  айтылған  ғылыми  пікірлерді  бүгінгі  ғылым  тезіне  салып, 
толыққанды баяндау болмақ. 
Қорыта  келгенде,  А.Байтұрсынұлының  лингвистикалық  идеялары  ұшан-теңіз,  оларды  бүгінгі  тіл 
білімінің талабына сай ұштастыра зерттеу қажет. Жаңа білім бұрынғыны жоққа шығару арқылы емес, 
керісінше,  ескі  білімнің  негізінде  жаңаның  пайда  болуы  арқылы  жүзеге  асатынын  ескерсек, 
А.Байтұрсынұлының тілдік мұрасы – ешқашан сарқылмайтын қайнар іспеттес.  
 
Əдебиет: 
1. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов (өмірі мен қызметі туралы) // Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі 
мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). - Алматы: Ана тілі, 1992. - 8-30-б.  
2.  Хасанов  Б.  Қазақ  тілін  дамытудың  Ахмет  Байтұрсынұлы  негіздеген  жолдары  жəне  тілдің  мемлекеттік 
мəртебесін  жүзеге  асыру  мəселелері  //  Мемлекеттік  тіл:  бүгіні  мен  болашағы.  А.Байтұрсынұлының  125 
жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Астана: Елорда, 1998. 
3.  Оразалиева  Э.  Когнитивтік  лингвистика:  қалыптасуы  мен  дамуы.  Ғылыми  монография.  -  Алматы:  Ан 
Арыс, 2007.  
4.  Алтайұлы  Ж.  Тіл  мен  ділдің  байланысына  арналған  барлаулар  (мəселенің  қойылысы  мен  тарихына) 
//Ментальділіктің  тілдегі  көрінісі:  Халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция  материалдары.  -  Ақтөбе, 
2008. 
5. Когнититвік лингвистика. Оқу-əдістемелік құрал. - Қарағанды, 2008. 
6. Байтұрсынов А. Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. - Алматы: Жазушы, 1989.  
7. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: Ана тілі, 1992. 
– 448 б.  
 
 
Ильясова Н.  
филол.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ доценті 
 
А.Байтұрсынұлының қазақ грамматикасын анықтап-белгілеудегі ұстанымы əлемдік 
лингвистика деңгейінде 
 
 
А.Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» атты еңбегін əлемдік лингвистика деңгейіндегі еңбек ретінде 
ерекше бағалауға болады. Ғалымның 1914 жылы жарық көрген бірінші кітабында: «Халық өмірі бір 
жылдап, он жылдап, хəттə жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ өмірінің ішінде 
халықтың  дағдылы  тұтынып  келе  жатқан  сөздері,  ол  сөздерінің  біріне-бірі  жалғасып  тізілетін 
дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады. Һəр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай 
басқалық  болса,  тілінде  һəм  сондай  басқалық  болады»,  –  деген  [1,143].  Осы  бір  ғана  тұжырымның 
өзінен тіл біліміне тəн бірнеше ерекшеліктерді анықтап-белгілеп бергенін көруге болады: біріншіден, 
тарихтың  үлкен  сахнасында  халықтың  өмірі  мыңдаған  жылдармен  өлшенетін  болса,  сол  жылдар 
103


бойы  халықтың  тұтынып  келе  жатқан  сөздері  ұлттық  тілдің  ұйытқысы  болады;  екіншіден,  жүйелі 
түрде қисынын тауып, дағдылы жолға түскен сөздер ғасырлар бойы халық тұтынуға арқау болады; 
үшіншіден,  халықтың  түрінде,  ділінде,  мінезінде  қандай  ерекшілік  болса,  тілінде  де  дəл  сондай 
ерекшелік  болады.  Ендеше,  «халық  тілінің  негізінде  ұлттық  тіл  қалыптасып,  дамиды»  деген  əдеби 
тілдің  тарихында  айтылып  жүрген  тұжырымның  бастау  көзін  А.Байтұрсынұлы  анықтап-белгілеп 
берді» деуге негіз бар.  
Ұрпақтанұрпаққа  мирас  болған  халық  тілін  лингвистикалық  тұрғыда  саралай  білген  ғұлама 
ғалымның  теориялық  тұжырымдары  тіл  білімінің  құрылымдық  жүйесіне  де,  салыстырмалы-тарихи 
жүйесіне  де,  антропоөзектілік  жүйесіне  де  бағыт-бағдар  бола  алады.  А.Байтұрсынұлы  тілімен 
айтқанда,  «мыңдаған  жылдар  бойы  халықтың  дағдылы  түрде  тұтынып  келе  жатқан  сөздерін» 
құрылымдық  лингвистикада  «сөздік  қор»  деп,  салыстырмалы-тарихи  лингвистикада  «тілдің 
генетикалық,  типологиялық  жақтан  шығу  тегін  тарихи  тұрғыда  анықтайтын  тіл  құралы», 
антропоөзектілік лингвистикада «ұлттың танымын, болмысын анықтайтын концептілер» деп тануға 
болады.  
«Əлемдік лингвистикада ХХ ғасырдың 20-50-жылдарында «күрделі синтаксистік тұтастық» жəне 
«фразалық  тұтастықтағы  тілдік  бірліктер»  табиғаты  алғаш  рет  назарға  алынды»  деп 
келеміз.Мағыналық  жақтан  əртүрлі  айтылымдарға  негізделген  синтаксистік  тұтастықтар  жөнінде 
орыс зерттеушілері Л.В.Щерба, В.А.Фигуровский сынды ғалымдардың тұжырымдары негізінде «70-
жылдары  тіл  ғылымына  дискурс  ұғымы  енді»  деген  қорытындыға  да  келгеніміз  белгілі.  Тіл  білімі 
терминдерінің  түсіндірме  сөздігінде:  «Дискурс  (франц.  Discours  –  сөз,  сөйлеу)  –  прагматикалық, 
мəдени  əлеуметтік,  психологиялық  т.б.  экстралингвистикалық  факторлармен,  шындық  өмір 
уақиғасымен  байланысты  нақты  мəтін.  Дискурс  көне  жазба  мəтіндерінде,  нақты  өмірмен 
байланыссыз мəтіндерде қолданылмайды. ХХ ғасырдың 60-70-жылдарында дискурс теориясы, даму 
үрдістері  соған  қатысты  басқа  мəселелер  зерттелді.  Дискурстың  теориялық  негіздері,  оны  талдау 
əдістері неміс, америка т.б. ғалымдардың еңбектерінде ашылған [2, 94]. Шетел ғалымдары арасында 
дискурс  туралы  біраз  уақыт  талас  болды.  Э.Бенвенист,  Р.Годель  сынды  ғалымдар  «дискурс»  сөзін 
лингвистика ғылымында қолдану тілдің таңбалық құрылымын айқындай алмайтындығын ескеріп, ол 
ойлаумен, сөйлеумен байланысты ұғым екенін ескеру қажеттігін назарға алды. Э.Бенвенист: «Вместе 
с предложением мы покидаем область языка как системы знаков и вступаем в другой мир, мир языка 
как орудия общения, выражением которого является дискурс», – дейді [3, 130]. 
ХХ  ғасырдың  70-жылдарында  əлемдік  лингвистикада  жаңадан  назарға  алынып,  шешімін  таппай 
жатқан  мəселе  А.Байтұрсынұлының  1914  жылы  «Тіл  –  құрал»  атты  еңбегінің  1-кітабында-ақ 
практикалық  тұрғыда  көтерілген.  А.Байтұрсынұлы  оны  «дискурс»  деп  атамағанымен,  осы  бірінші 
кітабының сөйлеу мен сөйлемді айырудың жолдарын белгілейтін «Сөйлеу һəм сөйлем» деп аталатын 
бөлімшеде:  «1)  Жер  жұтуға  тоймайды;  от  отынға  тоймайды;  құлақ  естуге  тоймайды;  кісі  ойға 
тоймайды,  бөрі  қойға  тоймайды.  Бұл  сөйлеуде  бес  сөйлем  бар.  2)  Еділ  бойы  тоғай  бар,  тоғай 
толған ноғай бар, бурыл атта бұғау бар, оны да кесер егеу бар, сом темірге балға бар, сом сынғанға 
алла бар. Бұл сөйлеуде алты сөйлем бар» деп көрсетеді [1,144]. Зер салып қарасақ, ғалым «сөйлеу» 
деген ұғымды қазіргі тіл білімінде айтылып жүрген тұжырым тұрғысында қарастырмаған. Қазіргі тіл 
білімінде «адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру əрекеті. Сөйлеу анатомиялық 
мүшелердің  қатысуымен  іске  асқанымен  негізінен,  адамның  психикалық  қабілетіне,  қоғамдық 
тəжірибесіне  сүйенеді...  Сөйлеу  процесі  айтылатын  пікірдің  мазмұнына,  пікір  айтудың  жағдайына 
(пікірді ауызекі немесе жазбаша айту, екі-үш адам қатысқан диалог түрінде сөйлесу, көпшілік алдына 
шығып сөйлеу т.б.) сай түрліше құралады» [4, 368] деп танылса, А.Байтұрсынұлы бұл мақсатта емес, 
логика-грамматикалық байланыста жұмсалатын бір сөйлемнен артық сөйлемдерден құралған күрделі 
синтаксистік  тұтастықты  немесе  сөйленімді  (речь)  «сөйлеу»  деп  көрсеткен.  Мұны  қазіргі  таңда  тіл 
білімінде  өзекті  мəселе  ретінде  қарастырылып  жүрген  «дискурс»  ұғымының  синонимі  деп  қарауға 
болады.  А.Байтұрсынұлының  сөйлеуге  тəн  ерекшелікті  айқындау  мақсатында  ұсынып  отырған 
мысалдарына  назар  аударсақ,  коммуникативті-прагматикалық  мақсат  көздейтінін  байқауға  болады. 
Біріншіден,  кез  келген  мəлімет  емес,  мəліметті  іріктеп  ұстану  қағидасын;  екіншіден,  мəлімет 
қабылдаушының  назарына  (эмоциясына)  əсер  ету  қағидасын;  үшіншіден,  қабылдаушының 
көзқарасын қалыптастыру қағидасын басшылыққа алған. Сонда ғалымның «сөйлеу» деп отырғаны – 
құрылысы жағынан ықшам, қолданысы жағынан көркем, мағынасы жағынан терең ой, кең мазмұнды 
қамтитын, асқан шеберлікпен жасалынған сөз өрнегі.  
Бүгінгі  күнге  дейін  ел  аузында  сақталған,  тұтастай  алғанда  елдің  өз  өткені  туралы  пайымы  мен 
ұғымын  аңғартатын,  өзгеше  бір  таным  көзі,  дерек  қоры  болып  табылатын  мəтін  (дискурс) 
эксплицитті  тəсілге  негізделеді.  Құрамындағы  сөйлемдер  ашық  айтылып,  нақты  түсіндірулерге 
негізделеді.  Сондықтан  олардың  құрамынан  қай  сөйлемді  алып  тастасақ  та,  мəтіннің  мазмұн 
тұтастығы  жоғалмайды.  Мұны  А.Байтұрсынұлының  сөйлеуге  берген  мысалымен  дəлелдеуге  де 
болады:  Жер  жұтуға  тоймайды;  от  отынға  тоймайды;  құлақ  естуге  тоймайды;  кісі  ойға 
104


тоймайды,  бөрі  қойға  тоймайды.  А.Байтұрсынұлының  тілімен  айтқанда,  сөйлеудің  мəнін 
анықтайтын  осы  мəтін  құрамынан  қай  сөйлемді  алып  тастасақ  та  немесе  мəтінді  қысқартып 
тастасақ  та,  мазмұн  тұтастығы  жойылмайды.  Сондықтан  сөйлеудің  бұл  түрі  «мəні,  мазмұны  ашық 
эксплицитті  тəсілге  негізделген»  деген  қорытынды  жасауға  болады.  Олардың  қатарына  адал  еңбек 
елге  жеткізер,  арам  құлық  елден  кеткізер;  ұрыс  ырысты  қашырар,  ынтымақ  халықты  асырар; 
ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса, ас көп т.б. сияқты мақал-мəтелдерді де жатқызуға 
болады.  Олардың  құрамындағы  сөйлемдердің  жігін  бөліп  жеке-жеке  айтсақ  та,  əр  сөйлемде 
семантикалық  тұтастық,  мағыналық  мазмұн  сақталып,  олар  тілдік  қатынас  қызметін  атқаруға 
қабілетті  болады.  А.Байтұрсынұлы  ұсынған  сөйлеудің  бұл  түрін  «мəліметті  іріктеп  ұсынуды 
(ақпараттық  ұстанымды)  мақсат  ететін  дискурс»  деп  танимыз.  Дискурстың  бұл  түрінде  сөйлеуші 
айтылған  ойды  қорытындыламайды,  мəтіндегі  берілген  хабардың  шегін  аяқтауды  мақсат  етпейді, 
сөйлеуші өз ойын əрі қарай жалғастырып айту мүмкіндігіне ие болады. Себебі сөйлемдер арасындағы 
логикалық байланыс белгілі бір тақырып аясына байланысты ассоцацияланады. Негізінен, логикалық 
байланыс  жақсылыққа  негізделеді.  Жақсылық  ассоцациясы  шын  жүректен  шыққан  ізгі  тілек 
болғандықтан,  дискурстың  бұл  түрі  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып,  тілдік  қатынаста  адамдардың  бір-
біріне  деген  сүйіспеншілігін,  мейірім-шапағатын,  ынтымақ-бірлігін,  болашаққа  деген  мақсат-
мүдделерін  белгілейді.  Тек  теріс  батада  ғана  логикалық  байланыс  жамандыққа  негізделеді. 
Жамандық  адамдардың  жан-дүниесіне  кері  əсер  ететін  құбылыс  болғандықтан,  бұл  тақырыптағы 
дискурстың тілдік қатынастағы қызметі солғын болады. Тілде өте сирек қолданылады. 
Дискурсқа  тəн  мəн  мəтін  ішіндегі  байланыс,  өзара  тұтастық  (Леонтьев),  текстің  бөлшектенуі 
(Жинкин)  мағыналық  толықтық  (автосемантизм)  (Леонтьев),  интеграция  жəне  аяқталғандық 
(Гальперин) біртұтасқұрылымдық (Звигенцев) белгілерімен айқындалады. Бұл ұғымдардың барлығы 
бір-бірімен  тығыз  байланысты  болып,  дискурс  жағдаятқа  жəне  оған  қатысушыларға  байланысты 
экстралингвистикалық,  этномəдени  факторлар,  сондай-ақ  коммуниканттардың  мақсат-міндеттері 
басшылыққа алынады. Осы аталған тұжырымдардың барлығы да А.Байтұрсынұлының мысалдарында 
анық көрініс тапқан. 
А.Байтұрсынұлының сөздерді топтастыруын саралайтын болсақ, қазіргі функционалдық тіл білімі 
қағидаларына  негізделгенін  байқауға  болады.  Ғалым  сөздерді  атауыш  сөздер  жəне  шылау  сөздер 
түрінде екі топқа бөледі. Атауыш сөздердің қатарына зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік – 
бесеуін  жатқызады.  Зат  есімді  «нəрсенің  өзін  атайды»,  сын  есімді  «нəрсенің  сынын  атайды»,  сан 
есімді  «нəрсенің санын атайды»,  етістікті  «нəрсенің  істейтін ісін  атайды»  деп  көрсетеді.  Ғалымның 
жасаған  тұжырымынан  атауыш  сөздердің  бойындағы  функционалдық  ерекшеліктерді  дөп  баса 
білгенін  көруге  болады:  біріншіден,  атауыш  сөздерді  «белгілі  бір  нəрсеге  қатысты  сөздер»  ретінде 
таныған; екіншіден, сөздерді білдіретін ұғымына қарай сөз таптарына жіктеген; үшіншіден, атаулық 
қызмет атқаратынын көрсеткен. 
«Атауыш сөздер» деген терминнің өзі сөздердің семантикалық ерекшелігіне байланысты қойылған 
деуге  болады.  Ғалым  атауыш  сөздерді  анықтағанда  лексикалық  мағынаның  түрлеріне  қарай  емес, 
керісінше,  сөздерді  ұғымдық  жақтан  яғни,  семантикалық  ерекшеліктеріне  қарай  топтастырған. 
Оларды белгілі бір нəрсенің өзіне қатысты ұғымды білдіретін сөздер ретінде бөліп алған. Нəрсенің 
өзіне қатысты заттық ұғымды білдіретін сөздерді зат есім, нəрсенің өзіне қатысты сындық ұғымды 
білдіретін  сөздерді  сын  есім,  нəрсенің  өзіне  қатысты  сандық  ұғымды  білдіретін  сөздерді  сан  есім, 
нəрсенің өзіне қатысты қимылдық ұғымды білдіретін сөздерді етістік деп тануы да сондықтан.  
А.Байтұрсынұлы шылау сөздерді үстеу, демеу, жалғаулық, одағай түрінде топтастырады. Үстеуге 
«басқа  сөздердің  мағынасын  толтыру  үшін  үстеу  болатын  сөздер»,  демеулерге  «екі  сөздің,  яки,  екі 
сөйлемнің  арасын  жалғастыруға  демеу  болатын  сөздер»,  жалғаулықтарға  «басқа  сөздердің 
шылауында тұрмаса, өз алдына мағына шығармайтын сөздер», одағайларға «басқа сөздерден оңаша, 
одағай  айтылатын  сөздер»  деп  сипаттама  береді. Оларды атауыш  сөздермен  салыстырсақ,  мынадай 
айырмашылықтарға  ие  екенін  көруге  болады:  атауыш  сөздер  белгілі  бір  нəрсеге  қатысты  сөздер 
болса,  шылаулар  нəрсеге  қатысты  емес,  олар  айтылатын  ойды  толықтыру  мақсатында  жұмсалады; 
екіншіден, атауыш сөздер дербес қолданылуға қабілетті болса, шылау сөздер дербес қолданылмайды, 
олар ойға қатысты айтылатын сөздердің мағынасына қосымша мəн үстеу мақсатында қолданылады; 
үшіншіден, атауыш сөздер атаулық қызмет атқарса, шылау сөздер жұмсалымдық қызмет атқарады. 
Сөзіміз дəлелді болу үшін А.Байтұрсынұлы көрсеткен мысалдарға сүйене отырып талдап көрейік. 
Ғалым былай дейді: « «əрең келдім» дегенде «əрең» демесем де келгенім көрініп тұр, бірақ «əрең»-ді 
қосқанда келгендік үстіне қалай келгендік көрініп тұр» [1, 194]. Расында, «əрең» сөзі «келдім» деген 
етістіктің шылауында тұрып, сөйлемнің мағынасын толықтыру қызметін атқарады. Бұл сөзді атауыш 
сөздер сияқты белгілі бір ұғымды білдіретін сөздердің қатарына да жатқыза алмаймыз. Себебі ол – 
нəрсенің  өзіне  қатысты  емес,  нəрсенің  істейтін  ісіне  қатысты  сөз.  Ол  істің  қалай  болған  амалын 
білдіру мақсатында айтылатын ойға қосымша мағына үстейді. Үстеу нəрсенің өзіне қатысты ұғымды 
білдіру  қызметін  атқара  алмайды,  ол  істің  амалын,  мезгілін,  мекенін  т.б.  білдіретін  мағынада 
105


жұмсалады.  Осы  жерде  мағына  мен  ұғымның  арасындағы  айырмашылыққа  да  мəн  бергеніміз  жөн 
сияқты.  Ұғым  лексикалық  мағынаның  жалпылануынан  туындайды.  Мəселен,  «кел  (келу)»  сөзінің 
лексикалық  мағынасы  –  «көздеген  жерге  жету,  бару»  болса,  білдіретін  ұғымы  –  қимыл-əрекет,  іс. 
«Кер (керу)» сөзінің лексикалық мағынасы –  «затты жазу, тарту, созу»: білдіретін ұғымы – қимыл-
əрекет,  іс.  Сондықтан  да  бір  ұғымды  білдіретін  сөздердің  жиынтығы  бір  сөз  табы  ретінде 
қарастырылған.  Етістікке  жататын  сөздердің  барлығы  –  қимыл,  іс-əрекетті  білдіру  ұғымында 
жұмсалады.  Бірақ  олардың  əрқайсысының  мағынасы  əртүрлі.  Мағына  сөйлемдегі  айтылатын  ойды, 
ақпаратты  беруге  қызмет  атқарады.  А.Байтұрсынұлының  үстеуді  нəрсенің  өзіне  қатысты  ұғымды 
білдіретін  сөздердің  қатарына  қоспай,  шылау  сөздердің  қатарына  қосуы  да  осыған  байланысты. 
Үстеуде  нəрсенің  өзіне  қатысты  ұғым  жоқ,  бірақ  мағына  бар.  Үстеудің  мағынасы  сөйлемдегі 
айтылатын  ойдың  мағынасын  толықтыруға  қызмет  атқарады.  Сондықтан  дербес  тұрып,  атауыш 
сөздер сияқты қолданылмайды. Мəселен, кітап, дəптер десек, олар жеке тұрғанда да белгілі бір затқа 
қатысты  атау  ретінде  дербес  ақпараттық  мəнді  білдіре  алады.  Ал,  əрең,  кеше,  əбден,  бұрын  десек, 
олар жеке тұрғанда дербес ақпараттық мəнді білдіре алмайды екінші бір сөздің қатысын талап етіп 
тұрады. Кеше келді, əрең айтты, əбден шаршады, бұрын келді түрінде қолданғанда ғана екі сөздің 
мағынасы бірін-бірі толықтырып, қатыстық ақпараттық мəнді білдіруге қызмет атқарады. 
А.Байтұрсынұлы  шылау  сөздердің  қатарына  да,  де,  не,  немесе,  əлде,  əйтпесе  деген  сөздерді 
жатқызуы,  «Демеу  дегеніміз  –  екі  сөз,  яки,  екі  сөйлемнің  арасын  жалғастыруға  демеу  болатын 
сөздер» [1, 195] деп көрсетуі тектен-тек емес. «Екі сөз, яки, екі сөйлемнің арасын жалғастыруға бұл 
сөздер қай жағынан демеу болып тұр?» деген сұрақ туындайды. Əрине, мағына жағынан. Бұл сөздер 
сөйлемге демеулік мағына үстейді. Ғалымның берген мысалдарына назар аударайық: «Мен де, сен де 
сонда  болдық»,  «  ол  оқиды  да,  жазады  да».  Мұнда  «да,  де»-ні  алып  тастасақ,  сөйлемнің  мағынасы 
солғындайды.  Дəл  осы  күйінде  тұрғанда,  яғни,  «да,  де»-ні  қосып  айтқанда  сөйлемдегі  айтылған  ой 
(ақпараттың  мазмұны)  нақты,  дəл,  бұлтартпастай  мағынаны  білдіреді.  «Не  ол  тұрар,  не  мен 
тұрармын», «Бұл жұмыс не бітер, не бітпес немесе осы күйінде қалар» деген сөйлемдегі не, немесе 
деген  сөздер  сөйлемдегі  айтылатын  ойға  (ақпараттың  мазмұнына)  екіұштылық  мағына  үстеп  тұр. 
«Мен  саған  ұрыстым  ба?  Əйтбесе,  сөктім  бе?  немесе  соқтым  ба?»;  «Балаң  қазақша  оқи  ма? 
Орысша оқи ма? Əлде, тіпті, босқа жүр ме?» деген сөйлемдегі «ма, ме» сөйлемдегі айтылатын ойға 
(сөйлемнің  ақпараттық  мазмұнына)  сенімділік  мағына  үстеп  тұр.  Сонымен,  А.Байтұрсынұлы 
тіліміздегі  сөздерді  топтастырғанда  олардың  функционалдық  ерекшеліктерін  басшылыққа  алғанын 
көреміз. 
Қорыта  келгенде,  А.Байтұрсынұлы  əлемдік  лингвистикадағы  əдеби  тіл,  дискурс,  функционалды 
тіл  білімі  теориясына  тəн  ұстанымдарды  «коммуникативті-прагматикалық»,  «семантикалық», 
«куммулятивтік»  деп  атамаса  да,  теориялық  тұжырымдары  осы  мақсатта  уəжделіп,  ХХ  ғасырдың 
бірінші  жартысында,  1914  жылғы  «Тіл  –  құрал»  атты  еңбегінде  практикалық  тұрғыдан  дəлелдеп 
кеткен деуге толық негіз бар. 
 
Əдебиет: 
1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: Ана тілі, 1992. - 
448 б. 
2. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. - Алматы: Сөздік-словарь, 2005. - 440 б. 
3. Бенвенист Э. Общая лингвистика. - М.: Прогресс, 1974. - 444 с. 
4. Қазақ тілі. Энциклопедия. – Алматы, 1998. - 509 б. 
 
 
Шарапатұлы Ш. 
филол.ғ.д., ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы  
Қарағанды академиясының профессоры  
 
Ахмет Байтұрсынұлының көсемсөздеріндегі тіл мəселесі 
 
Ғасырлар  тоғысындағы  қазақ  тілінің  тағдыры  жайындағы  толғаныстарды  «Айқап»  журналы, 
«Қазақ»  газетіндегі  мақалалардың,  Алаш  партиясы,  Алашорда  документтерінің  алаш  көсемі  – 
А.Байтұрсынұлы,  М.Дулатовтардың  еңбектерінің  тарихи  шешуші  мұраттар  атқарғаны  аян  болып 
отыр. Ал арнайы жинақ болып басылған еңбектегі [1] Клапрот, А.Құрманбаев, Д.Сұлтанғазиндердің 
мақаларларынан байқалары – үстіміздегі ғасырдың нəтижелері. Ендеше, «А.Байтұрсынұлы бастаған 
қазақ  зиялылары  тіл  тазалығын  сақтау,  əдеби  тілді  қалыптастыру  жəне  ұлттық  тілдің  көркемдік 
деңгейін, қоғамдық өмірдегі рөлін көтеру жолында жанашыр ғана емес, жасаушысы да болды» деуге 
толық негіз бар.  
А.Байтұрсынұлы  «Қазақ»  газетін  ұйымдастырғанға  дейін  «Айқап»,  «Шора»  журналдарында 
жарияланған  еңбектерінде  Ы.Гаспринскийдің  1884  жылы  ұсынған  «усул  жадидін»  қолданғанымен, 
106


оның  көзсіз  еліктеушісі  болмай,  араб  əліппесі  негізіндегі  қазақ  жазуы  қазақ  тілінің  төл  дыбыстық 
жүйесіне сүйенетіндігін, тіліміздегі арабизм, парсизм, татаризмдерге қарсы шықты [2, 387-395, 432-
434; 3: 223-326]. 
С.Мұқановтың  1932  жылдың  өзінде:  «Қазақ»  газеті  «Айқап»  шала  пісірген  нəрселерді  дұрыс 
пісірді, көмескі пікірлерді айқындап, сонымен қатар «Қазақпен» қазақтың тілі туды, таза қазақ тілінде 
шыққан баспасөз «Қазақ» газеті ғана болды… Көпшіліктің пікір көші «Айқаптан» «Қазаққа» ауды» 
[4,  52]  деуінен  газеттің  қазақ  тілі  мəселелерін  сөз  етіп  қана  қоймай,  өзі  үлгі  бола  білгендігін 
бағамдаймыз. 
А.Байтұрсынұлы  1912-1926  жылдар  аралығында  қазақ  тілінің  келелі  мақсат-міндеттер  жайында 
«Жазу тəртібі», «Шаһзаман мырзаға», «Жазу мəселесі», «Қазақша сөз жазушыларға», «Қазақша оқу 
жайынан»,  «Оқыту  жайынан»,  «Бастауыш  мектеп»,  «Шекіспей,  бекіспейді»  атты  мақалаларын 
жарияланды.  Араб  əліппесін  қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесіне  қарап  түзу  мəселесін  1912  жылы 
«Айқап»  журналында  жарияланған  «Жазу  тəртібі»  атты  мақаласында  [2,  380-385]  алғаш  көтеріп, 
тұңғыш қадам жасады. Қазақ тілінің 43 дыбысын 28 таңбадан тұратын араб əліппесі негізіндегі қазақ 
жазуын ұсынды. Ахаң жасаған əліппенің Енисей, Орхон, Талас (бұдан былай – ЕОТ) жазулары мен 
М.Қашқаридың еңбектерімен үндес сабақтастықта, салаластықта бағамдауға болады: 
1) ЕОТ жазуларында дара дыбыстар саны – 12 [5, 5;16] (А мен Е, Ы мен І, Ө мен Ү əріптері 4-ақ 
таңбамен  белгіленген).  М.Қашқари  ұйғырлар  туралы  айта  келіп:  «Олар  24  дыбыстан  туратын  түркі 
жазуын  пайдаланады»  [6,  13],  –  дейді.  Əріптердің  ЕОТ  жазуында  22,  М.Қашқари  заманында  24, 
А.Байтұрсыновта  28  болуы  –  Ү-ҮІІІ,  ХІ  жəне  ХІХ  ғасыр  соңы,  ХХ  ғасыр  басында  түбі  бір  түркі 
тілдерінің дыбыстық құрамы өзгергенімен, көп алшақтай қоймағандығы, түркі тілдік артикуляциялық 
базаның берік болғандығының айғағы. 
2) ЕОТ жазуы негізінен силлабикалық (буындық) жəне фонетикалық (дыбыстық) жазу түрлеріне 
негізделгендіктен, сөздердің дыбыстық құрамының жуан не жіңішке екендігі қатар келген дауыссыз 
дыбыстардың  жуан  не  жіңішкелігіне  қарай  ажыратылады,  себебі  сөз  мағыналарын  ажыратуда 
дауыссыз  дыбыстар  шешуші  рөл  атқарған  [5,  20].  Байтұрсыновтың  əліппелік  реформасында 
керісінше:  «Дауысты  дыбыстарға  дауыссыз  дыбыстар  бағынбақшы.  Яғни,  дауысты  дыбыстар  жуан 
айтылса,  олардың  қатарындағы  дауыссыз  дыбыстар  да  жуан  айтылмақшы;  дауысты  дыбыстар 
жіңішке  айтылса,  дауыссыз  дыбыстар  да  жіңішке  айтылмақшы»  [2,  381].  Себебі  Ахаң  тек  қана 
фонетикалық  жазуды  басшылыққа  алған.  ЕОТ  жазуы,  М.Қашқари  пайымдауы  мен 
А.Байтұрсыновтың  қазақ  əліппесін  негіздеуіндегі  ең  басты  ортақтық  –  сингорманизм,  ассимиляция 
заңдылықтары түркі тілдерінің айнымас ережесі болғандығын дəлелдеулері.  
3)  М.Қашқари  араб  əліппесі  түркі  тілдерінің  дыбыстық  құрамын  толық  қамтамасыз  ете 
алмайтындығын  ХІ  ғасырда-ақ  атап  көрсетсе  [6,  15],  А.Байтұрсынов  осы  мəселенің  шешімін  қазақ 
тілінің  негізінде  канондық  қасиетте  деп  саналып  келген  араб  əліппесіне  938  жылдан  соң  өзгеріс 
енгізуі – ерлікке пара-пар іс. 
«Шаһзаман  мырзаға»,  «Жазу  мəселесі»  атты  «Айқап»  журналында  жарияланған  мақалалары  – 
Ш.Жияшев  пен  Ғ.Мусилердің  қазақ  əліппесіне  қатысты  қарсы  да  қияпастау  пиғылдағы 
жарияланымдарына  жазған  жауаптары.  Ш.Жияшев  өз  мақаласында  Ахаңның  араб  əліппесіне  қазақ 
тілінің  дыбыстық жүйесіне  сəйкес  келмейтін  дыбыстарына  графикалық  өзгеріс  енгізу  арқылы жаңа 
əліппе  түзуін  «бірге қозғалмаудың»,  «бұра  тартудың  белгісі»  деп  түсінеді.  «Белгілі  бір  тілге  əліппе 
құрастыру  –  жеке  адамдардың  еркі  емес,  «тіл  болса,  оның  законы  боларға  керек.  Менің  …  жазған 
сөздерім  фонетикаға  тиісті  сөздер»  [2,  391-392],  –  деп,  тілдік  фактілерден  пайымдалған  теориялық 
тұжырымдар  екенін  баяндайды.  «Сізден  білімі  кем  емес»  «Бөкейханов  й  жəне  у  дыбыстарына 
«Англия  тілінде»  де  өз  алдына  əріптер  алынбайтынын,  себебі  олар  дауысты  дыбыстардан  кейін 
келгенде  жарты  дауысты  болатынын  [2,  393]  сіз  секілді  күлкіге  көтермей  кеңес  етіп  айтты»  деп 
салиқалы пікір алысу мен əдептен озбауға шақырады. Екінші мақалада [2, 385-387] Ғ.Мусиге у, о, ы, 
е  дыбыстарын  жазуда  графикалық  таңбаларды  белгілеуде  қазақ  тілінің  табиғатын  ескергенін 
түсіндірді.  
1926  жылы  «Жаңа  мектеп»  журналында  жарияланған  мақаласында  Ахаңның  өзі  де  профессор 
Яковлевке  жақсы  əліппе  2  талапқа:  1)  тіл  дыбысына  əріптер  түгел  жетуі  керек,  2)  əріп  белгісі  аз 
болуы керек. Бұл қасиеттер қазақ əліппесінде бар екендігін айтқанын баяндайды [2, 413]. 
А.Байтұрсынов  жасаған  əліппе  ғылыми  жəне  практикалық  жағынан  негізделген  іс  екендігін  өз 
заманында,  кейінгі  кезеңдерде  небір  білімпаздар  ерекше  бағалап  жүр.  Оған  дəлел: 
А.В.Луначарскийдің  жауапты  редакторлығымен  1929-1931  жылдары  шыққан  «Əдебиет 
энциклопедиясының»  І  жəне  V  томдарында  «Казахский  алфавит»  деген  кесте  беріліп, 
«Байтурсыновский алфавит» деп көрсетеді. Орыс лингвисі Н.Ф.Яковлев 1928 жылы «Математическая 
формула  построения  алфавита  (Опыт  практического  применения  лингвистической  теории)»  атты 
мақаласында Ахаң еңбегін «лингвистикалық тапқыр жаңалық» («лингвистическое изобретение») деп, 
Е.Д.Поливанов: «Эту последную форму, которую приняла казак-киргизская графика в 1924 году я во 
107


всяком  случае  считаю  уже  не  нуждающейся,  в  поправлениях  и  представляющей  последний  шаг  в 
историческом формировании национальной графики, которым с полным могут гордиться киргизские 
деятели  просвещения  –  создатели  реформы,  как  крупным  культурным  завоеваниям»  [7,  36],  –  деп 
бағалаған. Байтұрсынұлы əліппесін А.А.Реформатский, А.М.Барулин [8, 7], А.Н.Кононовтар [9,115], 
Германия,  АҚШ  ғалымдары  жоғары  бағалап,  оның  өміршеңдігі  сондай  Қытай,  Түркия,  Монғолия, 
Иран 
қазақтары 
əлі 
күнге 
дейін 
қолданады. 
А.А.Реформатский 
Байтұрсынұлының 
сингармоорфография принципі орыс жəне АҚШ лингвисі, əдебиеттанушы Р.О.Якобсонның дыбысты 
графика арқылы беру методынан көп бұрын жасалғанын ескертеді. Өзбекстандағы қазақ профессор – 
Махамбет  Жүсіпов  Ахаң  жайындағы  тұңғыш  монография  жазып,  А.Байтұрсынов  əлемдік 
лингвистика  тарихында  алғашқы  соны  жаңалық  –  сингармоалфавит  пен  сингармоорфографияның 
негізін қалап, сингармониялық тілдердің əліппелерін əуелде латын, содан кейін кириллица негізінде 
құрауға түпқазық болды [8, 5] деген батыл да байсалды пікір айтады. 
«Шора»  журналындағы  (1913)  «Қазақша  сөз  жазушыларға»  атты  мақаласының  мазмұны  «түркі 
тілдеріндегі  емле  де  түрік-татар  тілдерінің  жөнімен  жүруі  керек»  деген  ойға  жауап  іспетті.  Онда 
«емле – жазу үшін шығарған нəрсе. Олай болса, тілді … емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау 
керек» [2, 395], «Гаспринскийдің сөзін тірілтеміз» десек, ұлығ іс үшін ұсақ намысты қойып, түріктің 
тұнық тілін, түзу емлесін алу керек» [2, 399], – дейді. 
«Қазақша оқу жайынан» деген мақаласында «мұғалімдердің көбі қазақ тілінде қанша һəм қандай 
дыбыстар бар екенін жақсы білмейді, көбі қазақ тіліндегі дыбысты араб харыфына қарап есептейді. 
Араб харфы дұрыс келмейтін дыбыс қазақ тілінде де бар болса да, жоққа санайды» [2, 434], – деп, 
дыбыс  пен  əріпті,  оның  ішінде  араб  жəне  қазақ  тілдерінің  дыбыстық  жүйесін  айыра  білмегендерді 
сынға  алады.  Екінші  кемшілігі  ретінде  оқуды,  сауаттандыруды  дыбыспен  жаттықтырудан 
бастамайтындығын  айтып,  «Оқыту  жайынан»  деген  мақаласында  у  с  у  л  -  ж  а  д  и  т  (төте  оқу) 
жүйесімен сауаттандырудың 2 түрлі əдіске: у с у л м ə д и е – əріп таныту арқылы сауаттандыру, у с у 
л с о т и е – дыбыс таныту арқылы сауаттандыру болып бөлінетінін, оның ішінде графикалық əдіспен 
(усул  мəдие)  емес,  фонологиялық  əдіспен  (усул  сотие)  үйретудің  тиімді  екенін  ескертеді  [10,  77]. 
Ахаңның  1912  жылдан  бастап  бірнеше  рет  қайта  басылған  оқу  құралдары  усул  сотие  əдісімен 
жазылғаны белгілі.  
«Бастауыш  мектеп»  атты  мақаласында  [2,  435-438]  патша  үкіметінің  бодан  елдер  мен  отар 
халықтардың  ана  тілдеріне  деген  қитұрқы  саясатын  сынап,  бастауыш  мектептің  оқу  тілінің  қандай 
болуы керек екенін мəселе етіп қояды. Мəселен, Россиядағы орыстан басқа елдерде «бастапқы білім, 
алғашқы екі жыл ана тілінде болуға тиіс» деген ереже мен жарлықтың екі рет (1906 жыл 31 наурыз; 
1913  жыл  14  маусым)  шыққанына  қарамастан,  оқу  министрінің  «бірден  орыс  тілімен  оқытуды 
ұнатуы»,  «хүкіметке керегі – мемлекеттегі жұрттың бəрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болғанын» 
ұнату саясатын жүргізіп отырғандығына, ал «əр халыққа керегі – өз діні, тілі, жазуы сақталу» деген 
мұратты қарсы қояды. «Араб əрпі дінмен бірге келіп, қазаққа арналған. Дінмен байланысқан жазу дін 
жоғалмай, жоғалмайды. Қазаққа газет, журнал, кітаптар жоқ кезінде жоғалмаған тіл газет, журналы 
шығып, кітаптары басылып … жатқанда, қазақ тілі жоғалмас», – дейді. Алдымен, араб əліппесінен, 
содан  соң  дінінен  айыру  Кеңес  өкіметінің  отаршыл  патшалық  Ресейден  алған  авантюристік 
шовинизм  мұрасы  болғандай.  Дінмен  байланысқан  жазу  жоғалғандықтан,  дін  жоғалды,  екеуі 
жоғалғандықтан,  тіл  жоғалуға  бет  алды…  11  жылдың  ішінде  (1929-1940  жылдар  аралығында)  бір 
халықты  үш  рет  сауатсыздандыру,  яғни  3,5  жыл  сайын  əліппе  ауыстыру,  халық  зердесін 
жадыбастандырудың  «жетілген»  түрі  болды.  Осы  тұста  «Ұлы  Октябрь  революциясына  дейін 
қазақтың 2%-і ғана сауатты болды» деген жала фактіні Ахаңның 1914 жылы жазған мақаласындағы 
«қазақша  хат  білушілердің  проценті  мұжықтардан  жоғары»  [2,  435]  деген  пікірімен  салыстырсақ, 
«арабша  хат  танығандар  сауатсыздарға  жатқызылған  ба?»  деген  ой  туындайды.  А.Байтұрсынұлы 
мақаласын түйіндей келіп: «Бастауыш мектеп екі жаққа да зиянсыз, пайдалы болуы үшін бастауыш 
мектептер  оқуы  қазақ  үшін  5  жылдық  боларға  тиіс.  Əуелгі  үш  жылда  балалар  кілең  қазақша  оқу 
керек.  Соңғы  екі  жылда  кілең  орысша  оқу  керек»,  –  дейді.  «Қазақ  тілінде  үйретілетін  пəндер  оқу, 
жазу,  дін,  ұлт  тілі,  ұлт  тарихы,  есеп,  жағрафия,  шаруа-кəсіп,  жаратылыс  жайы»  деген  нақты 
ұсыныстар жасайды. 
Осы  кезеңдегі  (1914-1916)  тілге  қатысты  түйткілдердің  бірі  –  татар  зиялыларының  1914  жылы 
Петербургтегі  мұсылмандар  съезінде  «рухани  мекеме  қағазы  (баспасөз  ісі  –  Ш.Ж.)  татар  тілінде 
болсын» деп ұсыныс жасап, ақыры «татар-түрік тілімен» жазылатын болып қабылдануы. Бұл жөнінде 
Ə.Бөкейханов  1914  жылы  «Қазақ»  газетінің  бірнеше  санында  жазып  [10,  156-157],  жақтасы  – 
Жаһанша  Досмұхамедов,  қарсыласы  –  Бақытжан  Қаратаев  болғандығына  налып  жазды.  Келесі  бір 
«мүйіздеудің»  сорақысы  –  тағы  да  осы  татарлардан  1916  жылы  шықты.  Қазақ  тіліндегі  «рухани 
мекеме қағаздарының» татар баспаханаларына кіріптарлығын пайдаланып, басына түскісі келіп, олар 
мұсылмандар  съезінің  шешімін  қазақ  тіліндегі  баспа  өнімдерінен  талап  етті.  Алаштың 
ардақтыларының  бірі,  орыстарға  қазақ  тілін  үйретудің  негізін  салушы  Телжан  Шонановтың  1923 
108


жылы  жазғанындай:  «Ол  кезде  мəдени  жағынан  жоғары  тұрмыз»  деп  есептеген  татар 
интеллигенциясы  өзге  түркі  халықтарын  татарландыру,  ішінде  қазақ  та  бар,  басқа  да  ұсақ  түркі 
тайпаларын  да  «ешқандай  себеп-салдарсыз  татар  тектес  жұртшылық  татар  тілін  қабылдасын» 
дегеннен  басталған  еді.  Кезек  қазақ  тіліне  де  таянған  еді»  [11,  126].  А.Байтұрсынұлы  өзінің 
«Шекіспей, бекіспейді» атты мақаласында [10, 157-158] мұндай пиғылдардың «сыбағасын» берді. 
Байтұрсынов 1926 жылы Түркологтардың І съезінде 1905 жылғы революцияға дейін қазақ тілінде 
баспасөздің  болуына  рұқсат  етілмегендігін  өкінішпен  еске  алады  [2,  422].  Қазақ  баспасөзінің 
кенжелеп  қалыптасуы,  Ахаңның  алғашқы  оқу  құралының  1912  жылдан  бастап  қана  жарық  көруі  – 
осы зұлмат фактінің кесапаты. 
Алаштың  айбынды  ардагерлерінің  бірегейі  –  Міржақып  Дулатов  1912-1926  жылдар  аралығында 
қазақ  тілінің  түрлі  мəселелерін  қозғаған  «Жазу  тəртібі»  (1912),  «Мұғалімдерге»,  «Манап»  драмасы 
(1914),  «Тіл  –  құрал»  (1915),  «А.Байтұрсынов»  (1922),  «Қазақ-қырғыз  білімпаздарының  І  съезінде 
сөйлеген  сөзі»  (1924),  «Қазақ  тілін  жүргізетін  комиссияның  құлағына  алтын  сырға»  (1925),  «Қазақ 
тілінің  мұңы»  (1926)  деген  мақалалары  жарық  көріп,  оларда  істің,  сөздің  бəрі  А.Байтұрсынұлымен 
байланыстырыла баяндалған. 
«Жазу тəртібі» [3, 223-226] – Ш.Жияшевтің «Бірге қозғалайық!» атты мақаласына қарсы жазылған 
мақала.  Мұнда  М.Дулатов  А.Байтұрсынұлына  жақтастықтың  жөнімен  емес,  өзіндік  пікірлерімен  ой 
тастайды. А.Байтұрсыновтың қазақ тілінде неше дыбыс болса, сонша əріп белгілегенін, сөйтіп, артық 
əріптерді кемітіп, қазақша оқуды оңайлатқаны; не айтылса, соның жазылуы керек екенін ұстанғанын 
айта келіп, «қазақ əліппесіне ф жəне х əріптері де кірсе екен» деген ұсыныс білдіреді. Ш.Жияшевқа 
«кемшілігімізді  көрмей,  қатемізді  түземей,  құр  «біз  де  түркі  баласымыз»  деп  атаның  аруағына 
сүйенумен  қазіргі  өнер-білімнің  қызу  заманында  бəйгеге  қосыла  аламыз  ба?»  [3,  222-225]  деген 
сауал-жауап береді. 
«Тіл – құрал» атты мақаласында А.Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» оқулығы қазақ тілінің жалпы 
қағидаларына сүйеніп, жүйелі тəртіппен баяндалғанын, Ш.Жияшевтің Ахаң дауысты, дауыссыз деп 
бөлген  дыбыстарын  оның  барлығы  жарты  дауысты  деп  «еш  уақытта  естілмеген  жаңа  хабар» 
жеткізіп отырғанын айта келіп, Бұқара, Мекке, Мəдине, Стамбулда оқып қайтқандардың арабшылап, 
сартшылап, ноғайшылап қайтып жүргенін, олардың шəкірт тіліне кері əсер етіп жүргенін; тіпті өзінің 
«Оян, қазақты» жазып жүргенде əлгі «əдеби тілдерді» көбірек кіргізгенін, Абайды, Ахметтің «Қырық 
мысалын»  оқып,  өзінен-өзі  ұялғанын,  адасып  жүргенін;  сол  кезеңдегі  шын  қазақша  жазып,  «тіл 
мəселесін қолына ала туған» «Қазақ» газеті екенін сөз етеді.  
М.Дулатовтың  Е.Омаровпен  бірігіп  жазған  «А.Б.Байтұрсынов»  атты  орысша  мақаласы  –  ұлы 
ғалым  жөніндегі  ең  алғашқы  биографиялық  очерк.  Очеркте  Ахаңның  өмірлік  кредосы  «Қазақ» 
газетінің  алғашқы  санындағы  бағдарламалық  мақаласында  өз  тəуелсіздігімізді  сақтау  үшін  бар 
күшімізді  біріктіріп,  білім  мен  мəдениетке  жетуге  ұмтылуымыз  керек;  бұл  үшін  алдымен  ана 
тіліміздегі əдебиетті дамытуымыз қажет болғанын ерекше атап өтеді. 
Қазақ  тілінің  қадір-қасиетін  арттыруда  «Алашорда»  мен  «Алаш»  партиясы  орасан  еңбек  етті. 
Алаш  қозғалысы,  «Алашорда»  үкіметі,  «Алаш»  партиясы  жəне  Алаш  автономиясының  құрылуы  – 
тарихи  қажеттілік  болды.  Тілдің  жалпы  мəселелері  тілдің  əлеуметтік-қызметтік  (функционалдық) 
рөлін  айқындаудан,  яғни  тіл  мен  оның  иесі  болып  табылатын  халықтың  қарым-қатынасы  мен 
қоғамдық өмірдегі қызметтерін айқындаудан басталады. Осы тұрғыдан алғанда, А.Байтұрсынов бас 
болып  бағдарламалы  түрде  қолға  алған  қазақ  тілінің  мəселелерін  оның  ұлттық  əдеби  тіл  болуын, 
əдеби  тіл  болудың  басты  шарттарының  бірі  –  жазбаша  түрде  дамуын,  жазу  мəдениеті  даму  үшін 
жетілген  əліппенің  болуы  керек  екенін;  ұлттық  əдеби  тіл  қалыптасып  даму  үшін  қоғам  өміріне 
белсене  қызмет  етуі  қажет  екенін,  ұлттық  мемлекетке  қызмет  ету  үшін  көркем  əдебиет,  ғылыми-
педагогикалық  еңбектер  (мектептен  бастап  жоғары  оқу  орындарының  оқулығына  дейін  жəне 
ғылыми-көпшілік  кітаптардың жазылуы)  мемлекеттік құрылымның іс қағаздарының  тіліне  айналуы 
керек  екенін,  демек,  тілдің  қоғамдық-əлеуметтік  жəне  тарихи  функциясын  жете  түсініп,  жетілдіре 
түсуге бүкіл ғұмырын сарп еткендігіне жоғарыда баян еткен еңбектерінің мазмұнынан-ақ зерделеуге 
болады. 
 
Əдебиет:  
1. Қазақ тілі жөніндегі революциядан бұрынғы зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1993. - 232б. 
2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –Алматы: Ана тілі, 1992. - 488 б.  
3.  Дулатов  М.,  Омаров  Е.  А.Байтурсынов  (библиографический  очерк)  //  Дулатов  М.  Шығармалары.  – 
Алматы, 1991. - 295-302-б. 
4. Мұқанұлы С. ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті. - Қызылорда, 1932. - 180 б. 
5. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. –Алматы: Мектеп, 1986. - 182б. 
6. Кононов А.Н. М.Кашгарский и его «Дивани луғат ит-турк» // Советская тюркология. – 1972. - №1. - С. 3-
17. 
 
109


7. Поливанов Е.Д. Новая казак-киргизская (Байтурсыновская) орфография // Бюллетень Средеазиатский гос. 
университет. - Вып. УІІІ. -Ташкент, 1924. 
8. Джусупов М. Фонемография А.Байтурсынова и фонология сингармонизма. - Ташкент: 1995. 
9. Биобиблиографический словарь отечественных тюркологов. До октябрьский период. Подготовил Кононов 
А.Н. - Москва: Наука, 1974.-300 с. 
10. Əбдіманов Ө. «Қазақ» газеті. – Алматы: Қазақстан, 1993. - 168 б.  
11. Шонанов Т. А.Байтұрсынұлы халық ағарту жəне əдебиет саласында // Жұлдыз. -1992. - №2. - 123-128-б. 
 
 
Күдеринова Қ. 
филол.ғ.д.,Сүлеймен Демирел атындағы  
университеттің қауымдастырылған профессоры 
 
А.Байтұрсынұлының емле ұстанымы, орфограммалау тəсілдері 
 
А.Байтұрсынұлының тіл біліміндегі алатын орнын ғалым Н.Уəлиев бір сөзбен былай деп түйген 
еді:  «Жалпы  тіл  білімінде  «тұңғыш  фонолог»  деп  əдетте  əліпби  түзушілерді  атайды  (олардың 
фонологиялық  зерттеу  жазуы  –  шарт  емес).  Олай  болса,  қазақ  тіл  біліміндегі  алғаш  фонолог  – 
А.Байтұрсынұлы» [1, 38]. А.Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің өзге салаларындағы еңбегі бір төбе 
болса,  əліпби,  жазу  теориясы,  емле  жайындағы  еңбегі  –  бір  төбе.  А.Байтұрсынов  əліпбиінің 
фонологиялық  негіздері,  ондағы  «инвариант-вариант»  қисыны  бойынша  «əріптердің  фонемалық 
мəнді  бере  отырып,  дыбыстық  мəнді  де  (жуан-жіңішке  əуезін)  білдіріп,  біте  қайнасып  тұрған  ішкі 
құрылымдық  ерекшелігі  туралы  да  бірегей  зерттеу  Н.Уəлиевтің  «Қазақ  графикасы  мен 
орфографиясының  фонологиялық  негіздері»  атты  еңбегінен  табылады  [1,  43].  Онда  Бодуэн  де 
Куртенэ, Л.В.Щерба салған жалпы жазу теориясының фонологиялық негіздері А.Байтұрсынұлының 
«бес  дауыстыға»  құрылған  жазуындағы  əріптердің  белгілі  бір  фонеманы  таңбалай  отырып,  оның 
жуан-жіңішке  екі  тембрін  қоса  бейнелейтін  сингарможазуында  көрініс  тапқаны  толыққанды 
дəлелденгендіктен,  біз  А.Байтұрсынұлының  жазу  теориясына  қатысты  өзге  де  пікірлері  мен 
ұсыныстары туралы сөз қозғағанды жөн көреміз. 
Ең  бірінші,  А.Байтұрсынұлы  жазудың  негізі  екеу  (таңба  негізді  жəне  əріп  негізді),  ал  жүйесі 
төртеу (таңбаша, дағдыша, туысша, дыбысша) деп көрсетуі [2, 361] жалпы жазу теориясының ортақ 
қағидаттарымен сəйкес келетінін айтқан жөн. Мысалы, Л.В.Зиндер жазудың тегі семасиографиялық 
немесе идеографиялық жəне фонографиялық болып бөлінетінін ескертеді [3, 52].  
Ал  таңба  жүйелі  емле,  тарих  жүйелі  емле,  туыс  жүйелі  емле,  дыбыс  жүйелі  емле– 
орфографиядағы  тарихи  принцип,  этимологиялық  принцип,  морфологиялық,  фонетикалық 
принциптерді  атағаны.  Бүгінгі  ағылшын  жазуын  «дəстүрлі  немесе  тарихи  принциппен  жазылады» 
дегеннен  гөрі,  əр  сөздің  жазылуын  жаттауға  тура  келетін  идеографиялық  принципке  жақындайды» 
деген  пікірлер  [4]  де  ғалымның  осы  көзқарасын  растайды  [3,  100].  Л.В.Щерба  «этимологиялық 
принцип»  деген  морфеманы  сақтап  жазу,  яғни,  морфологиялық  принцип,  бір  жағынан,  тарихи 
принципке  жақын  деген  [5,  104].  Сонда  таңба  жүйелі  емле  (Байтұрсынұлы)  –  тарихи  принцип 
(Л.В.Зиндер),  тарих  жүйелі  (Байтұрсынұлы)  –  этимологиялық  принцип  (Л.В.Зиндер),  туыс  жүйелі 
(Байтұрсынұлы) – морфологиялық (Л.В.Зиндер) принцип болып сəйкеседі. 
«Қазақ жазуының алғашқы кезеңі емле принципін айқындап алу қиындылығымен өлшенді» десек, 
бұл шешуші міндетті ғалым «туыс жүйелі емленің де, дыбыс жүйелі емленің де түкпіріне қиналмай 
өтетін, екеуінің арасынан жол тауып беретін» төмендегі ұсыныстар арқылы шешкен: 
«1. Əрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы естілуінше жазылу. 
2. Азған сөз азған күйіндегі естілуінше жазылу. 
3. Үйлестікпен дүдəмəл естілетін болған дыбыстар айқын орындардағы естілуінше жазылу. 
4. Қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу. 
5. Қосалқы сөз, қос сөз, қосар сөз, қосынды сөз – бəрі де қосарлық белгімен жазылу. 
6. Жалғаулықтар бөлек жазылу орындарынан басқа жағы жалғау ережесінше болады. 
7. Үйір айтылатын сын есім мен зат есім бөлек жазылу. 
8. Көсемше, көмекші етістіктер бөлек жазылу» [6]. 
Бұл – «полагаю, что практически для тюркских народов самое правильное было бы комбинация 
фонетического и этимологического принципов, комбинация в каждом отдельном случае своеобразная 
и  разная,  ибо  правил  общих  тут  никак  нельзя  дать»  деген  Л.В.Щербаның  сөзімен  үндеседі  [7,  50]. 
Жəне бүгінгі емлемізді айқындаған фонематикалық принциппен сай келеді.  
110


Жалпы,  бəрімізгебелгілі,  70-80-жылдары  фонетика,  орфографияға  қатысты  оқулық,  емле 
сөздіктерінде  «Қазақ  орфографиясының  негізгі ұстанымым  орфологиялық,  өйткені сөзді естілуінше 
емес, түбір тұлғасын сақтап жазамыз» деген көзқарас орныққан болатын. Бұл – Бодуэнде Куртенэнің 
фонема  туралы  ұғымын  басқа  бағытта  қарастырып  кеткен  беделді  ғалымдардың  (Л.Л.Щерба, 
Л.В.Зиндер)  еңбегіне  де  байланысты.  Алайда  бұл  жайында  кейінгі  зерттеулермен  пайымдаулар 
арасында  қайшылық  көріне  бастайды.  Соңғы  уақытта  «Фонематический  принцип  предполагает 
мотивированность  написания  звуковым  обликом  обозначаемого  слова  или  морфемы  без  учета  их 
словообразовательных  связей.  Действие  фонематического  принципа  проявляется  там,  где  в  разных 
словоформах одна и та же морфема пишется по разному, если в ней происходит живое позиционное 
чередование:  игра  –  розыгрыш,  безделье  –  беспокойствие»  [3,  82]  деген  жəне  «Фонематический 
принцип  имеет  большую  объяснительную  силу,  чем  морфологический:  понятие  фонематический 
принцип полностью покрывает понятие морфологический принцип и, сверх того, объясняет те факты, 
которые  не  могла  быть  объяснены  в  терминах  морфологического  принципа,  а  именно,  неизбежные 
отступления  от  единообразной  передачи  морфем  в  случае  морфологических  чередований»  [8,  10] 
деген  тұжырымдарын  басшылыққа  ала  отырып,  қазақ  орфографиясының  негізгі  принципі 
фонематикалық  екенін  алғаш  дəйектеген  Н.Уəлиев  қазақ  емлесінің  негізгі  ұстанымын  белгілі  бір 
фонеманың  дыбыс  түрленімдері  ішінен  фонетикалық  ортаға  неғұрлым  тəуелсіз  түрін  жазу  болып 
табылады деп анықтады [1, 72]. 
Əлді  позициядағы  дыбыс  тіркесімдері  жазуға  біршама  сəйкесекендігі,  əлсіз  позиция  əлді 
позициядағы  тұрпатымен  тексеріліп,  негізгі  реңкі  айқындалатыны  қазіргі  емленің  басты  əдіс-
тəсілдеріне  жатады.  Бұл  əдісті  кезінде  А.Байтұрсынұлы:  «Сөздің  ауыздан  шығуының  өзі  екі  түрлі 
болады.  Сөйлегенде  сөздер  бір-біріне  жалғаса  айтылғанда  бір  түрлі,  əр  сөзді  оңаша  жеке  алып 
айтқанда  ауыздан  екінші  түрлі  болып  шығады.  ...Жеке  айтқандағы  ауыздан  шығуынша  жазу  түрін 
біздің  қазақ  қолданып  келеді»,  –  деген  екен:  «Сондықтан  емлемізді  туыс  жүйесіне  қатысқан 
жүйелеріне  қарамай,  көпшілігіне  қарап,  «дыбыс  жүйелі»  деп  атап  келдік.  Дыбыстар  үйлес 
болғандықтан,  бірінің  орнына  бірі  алмасып  айтылатын  дыбыстардың  тегі  тексерілмей,  ауыздан 
шығуынша жазылсын » деген ұсыныстар барын айтады ғалым [6]. 
«Туыс  жүйені  де,  дыбыс  жүйені  де  «аралас  тұтыну  керек  деушілер:  керегіне  қарап,  екеуін  де 
тұтыну  керек  дейді...  Сөйтіп,  сөз  басына  ереже жасайды...  Ондай  емле  оңай  болып  табылар  ма?»  – 
дейді А.Байтұрсынұлы. [6,6]. 
А.Байтұрсынұлының  орфограммасын  шешіп  алуды  алдына  мақсат  еткен  əріп  қатары  «үйлестік 
пен  дүдəмал  естілетін»  б-п,  т-д,  ж-ш,  з-с,  ш-з  фонемалары  болды  [6,  7].  Бұлардың  ішінде  б-п 
гиперфонемаларын ғана морфонологиялық негізге сүйеніп, қалай естілсе, солай жазатын принципті 
ұстанамыз:  сап  –  сабы,  сап  –  сапы;  қақ  –  қағы,  қақ  –  қақы.  Ал  қалған  гиперфонемалар 
фонематикалық принцип бойынша қалай естілсе де, инвариант нұсқасы сақталып жазылады.  
Бүгінгі емлемізде қосымшалардың түбірдің соңғы дыбысына немесе түбірдегі дауыстыға үйлесіп 
жазылуы  проблема  тудырмайды.  Аффикстік  морфемалар  болсын,  сөз  тудырушы,  түрлендіруші 
жұрнақтар болсын, бірнеше (əдетте жазуда 6-ға дейін, сөйлеуде 9-ға дейін) нұсқада жүреді. 
Ал  А.Байтұрсынұлы,  мысалы,  жедел  өткен  шақ  жалғауын  ұяң  вариантымен  ғана  жазуды  дұрыс 
көрген. «Сондай орындарда күңгейленбейтін айқын жерге келтіріп айтып, сондағы естілуінше жазу. 
Мəселен: «Қасекең сау күндегі əнге басты» дегенде «басты» деген жіктік жалғауында «т» естіле ме, 
«д»  естіле  ме»  –  дүдəмал,  ашық  емес.  Қасындағы  «с»  дыбысының  əсерімен  күңгейленіп,  анық 
естілмей  тұр.  Күңгейленіп  тұрған  дыбыстан  аулақ,  басқа  жерге  қойып  айтып  көру  керек.  Мəселен, 
«Қасекең  сау  күндегі  əнге  салды»  десек,  қай  дыбыс  екені  анық  естіледі.  Сол  сияқты  септік 
жалғаулары  да  көмескі  естіліп,  дүдəмалдік  танытатын  жерлерде,  аяғында  əсер  етпейтін  дыбыс  бар 
сөздерге  жалғап  қарау  керек  дейді  [6,  7].  Позициялық  əсері  болмайтын  дыбыстарға  л,  р,  з 
фонемаларын жатқызады. Мысалы: балдың, қардың, қозда. Бұл дыбыстардың неге позициялық əсері 
болмайтынынан  бұрын,  алдымен,  ғалымның  осы  жазу  арқылы  қазақ  тілінің  типологиялық  сипатын 
айқындап  алғысы  келгенін  байқайтын  сияқтымыз.  Яғни,  тілдің  қатаң  дыбысталуынан  гөрі  жұмсақ, 
үнді болып естілуін қалаған сыңайлы. Осы дəйексөз алған мақаланы жазған жылы А.Байтұрсынұлы 
Алма-Ата қаласының атын Алматы етіп жөндеуді ұсынған Т.Шонанов екеуінің хатында «-ты вместо 
современной  -лы,  -ды  свойственно  тюркским  языкам  в  частности  казахскому  …  -ты,  в  казахском 
языке  является  более  древним  чем  другие  формы  этого  рода»,  –  деп,  қазақ  даласында  Шідерті, 
Қалдығайты, Бұлдырты, Мойынты деген жер атаулары ұяңдамай сақталып отырғанын айтады. 
Бұларада мəселе ғалымның бір мəселеге екі түрлі көзқарасы болғанын көрсету үшін емес, болмаса 
жазу нормасын негіздеуде «дүдəмал» жерге иек артқанын қателікке шығару үшін емес, жалпы қазақ 
111


жазуында  қосымшалардың  немесе  шылаулардың  позицияға  тəуелді  реңктері  таңбаланғандарын, 
морфонологиялық құбылыстар ғана емес, фонетикалық құбылыстар да таңбалағанын айтқымыз келді. 
Ғалымның  шартты  рай  жұрнағы  -са/-се  ме,  əлде  -ша/-ше  ме  дегенді  анықтау  үшін  неғұрлым 
тəуелсіз позиция ретінде қонса, сепсе, келсе, қуса, қанса тұлғаларын таңдап алуы – кешше (кешсе), 
пішше (пішсе) сөздерінде бұлар əлсіз позицияда алдыңғысында əлді позицияда тұрғанын анықтағаны 
[6,  7].  Сондай-ақ  ғалым  Қорғамбай  –  Қорғанбай,  Арғымбай  –  Арғынбай,  Тасқымбай  –  Тасқынбай, 
қоңған – қонған, жоңған – жонған, жаңған – жанған, көңген –көнген, өңген – өнген, сеңген – сенген, 
күңге  –  күнге  тұлғаларының  соңғылары  дұрыс,  өйткені  сөздің  түбірі  «қорғам»,  «арғым»  «тасқым» 
емес қорған, арғын, тасқын  болады деп анықтайды. Сондай-ақ [н] дыбысын қ, ғ, г дыбыстарының 
əсерінен  айырсақ,  дүдəмалдық  жоғалады,  «қоныс»,  «қондық»,  «жону»,  «жондым»,  «жанып», 
«жанды»,  «көніп»,  «көнді»,  «өніс»,  «өнім»,  «мініп»,  «мініс»,  «сеніп»,  «сенім»,  «күнде»,  «күндік» 
дегенде,  «ң»  емес,  «н»  екені  айқындалады  [6,  7],  –  дейді  ғалым.  А.Байтұрсынұлының  бұл  ойлары 
емлені əлді позицияға қойып тексеру əдістері арқылы негіздейтін бүгінгі орыс жазу нормасында енді 
айтылып жүр [8, 16]. 
Ғалымның  келесі  негіздеген  мəселесі  –  жалғаулықтардың  сөздің  аяққы  дыбысына  қарап  айнып 
келуі  жайында  [6,  8].  Автор  мұнда  мен,  менен,  бен,  бенен,  пен,  пенен  шылауларының  ұяң,  үнді 
варианттарына  артықшылық  беріп,  «қатаң  вариант  позициялық  өзгерістің  əсері»  дегенді  айтқан. 
Қайталап айтсақ, ғалымның қазақ сөздерін жұмсартып айту жағын қатты назарға алғанын байқаймыз. 
Оған  дəлел:  «Аспанба?»,  «асбанба?»  –  дүдəмал  екен,  жоғарыдағы  айтылған  жолмен  айқынға 
шығарып  алу  болмайды  екен.  Сол  сияқты  сөздер  өте  көп  болмағанмен,  қазақ  тілінде  ұшырайды: 
дұспан – дұсбан, оқпан – оқбан, кетпен – кетбен, шекпен – шекбен тағысын тағылар. Бұлардың «п» 
мен  «б»  дүдəмал  болған  орындағы  ашылуы  ылғи  «б»  жағына  болғандықтан,  «б»-мен  жазу.  Түбін 
қарап  тексергенде  де,  солардың  көбі  «б»-мен  жазылуға  тиіс  болып  шығады.  Мəселен:  «асбан», 
«дұсбан»,  «данышбан»,  «кетбен»  дегенсөздер  «асман»,  «дұшман»,  «данышман»,  «кетмен»  деген 
сөздерден  шыққан:  «м»  дыбысы  «б»  дыбысымен  алмасып  отырады.  «Қақбан»,  «қақба»,  «қақбақ», 
«өкбе», «оқыбан» секілді сөздерде «қақбан», «қақба», «қақбақ», «екбе», «оқбан» дегеннен дыбыстары 
алмасумен  «б»  дыбысты  сөз  екені  көрініп  тұр»  [6,  9]  деген  жолдар.  Жалпы  мұнда  жазу  тарихы, 
жазудың өзіндік ерекшелігі тұрғысынан келсек, А.Байтұрсынұлының араб жазу дəстүрін үзбеу, жазу 
дəстүрін сақтау жағына көбірек көңіл бөлгенін байқаймыз.  
Қазіргі қазақ жазуының бір проблемасы ы, і əріптерінің емлесі болса, бұл жайында Ахаңның мына 
көзқарасы  жазу  тарихы  үшін  маңызды:  «Оны  қалдырмастан  жазамыз  сөздің  аяғында.  Ортасында  я 
басында  ашық  естілетін орында  һəм  жазбасақ  кемшілік  болып  жоқтығы  еленетін  орында. Мысалы: 
жаны – жанына»,  –  дейді  ғалым  [2, 327].  Ал  түбір  ішінде,  сөз  басында ы-ны  жазса  да, жазбаса  да 
солай  оқитын  орындарда,  жазбағанда  оқуымызға  кемшілігі  болмаса,  оны  жазуға  да  қажеті  жоқ  деп 
табады  [2,  327].  Мысалы:  қн  (қын),  қр  (қыр),  жлм  (жылым),  жлтр  (жылтыр),  мсқ  (мысық),  бірақ 
мсығы, қры, жлымы, жлтры. Бұл қазақ əліпбиіндегі əріптердің атауы туралы айтқан Н.Уəлиұлының 
мына  пікірлерінде  жалғасын  тауып  жатады:  «Қазақ  дауыссыздары  əдетте  жалаң  түрде 
дыбысталмайды..,  біздің  аңғаруымызша,  сол  тоғыз  түрленудің  ішінен  фонетикалық  жағдайға 
неғұрлым тəуелсізі -бы» [1, 50]. Қазақ тіліндегі əрбір дауыссыз дыбысты жеке дыбыстағанда қасына 
ы,  і  (к,  г  əріптерін  атағанда)  қосып  айтамыз.  Олай  болса,  Қ.Жұбанов  айтқандай,  «бұл  дауысты 
дыбыстарды буын не тасымал үшін жазамыз» деген дұрыс емес, «əр ережеге өзінің əдісін шығарып 
алуға болады». 
Бірақ  ғалым  ы  əрпінің  бітеу  буындардан  қалмай  жазылатынын  ескертеді:  қарт–  қарыт,  арт  – 
арыт, жұрт – жұрыт. «Бітеу буынға ы жазсақ, «бірдей естіледі» деген болып шығады» [6, 9]. 
Тегінде,А.Байтұрсынұлы жазу нормаларын тиянақтағанда ауызша тілге табан тіреп отырған:«Емле 
– жазу үшін шығарған нəрсе, жазу – тіл үшін шығарған нəрсе [2, 395]. Олай болса, тілді бұзып, емлеге 
ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек» [2, 328]. «Негізгі жол: айтылуы басқа сөздерді (мағнасы 
басқа болсын, бір болсын) басқа жазу, айтылуы бірдей сөздерді (мағнасы басқа болсын, бір болсын) 
бірдей  жазу»  [2,  329],–  деп,  ауызша  тілмен  жазуды  мейлінше  жақындатуға  тырысқан.  Ендеше, 
жоғарыдағы сөздердің қазақ тілінің бұрынғы сөз сазында солай айтылуы ғажап емес. 
Енді  лабиалды  сингармонизмнің  таңбалануы  туралы  А.Байтұрсынұлының  көзқарасына  қысқаша 
тоқтала өтсек, ғалымның қазақ тілі үндестігі тек екі түрлі: бірі жуан, екінші түрі жіңішке [2, 390], – 
деп,  тек  лингвалды  сингармонизмді  қазақ  тілінің  өзіндік  ерекшелігі  екенін  айқындағанын  көреміз. 
Ғалым:  «о  –  дыбысы  сөздің  бас  буынында  ғана  естіледі.  Басқа  буындарында  һəм  дауысты 
дыбыстардан соң қазақ өзгеше у əрпі ыу, іу дыбыстарының тіркесінен тұрады», – дейді. «Алып демей 
сөзінде һеш орында естілмейді, сондықтан бас буыннан басқа орында, яки, дауысты дыбыстан соң (о) 
жазылса, (ұ) қылып оқу тиіс» [2, 150],– дейді.  
112


Қазақ  жазуының  кезеңдерінен  <ұ>,  <ү>,  <у>  дыбыстарының  фонемалық  мəртебесін  анықтау 
қиынға  соққаны  белгілі.  Бұған  араб  графикасындағы  ұ,  ү,  у,  о,  ө  дыбыстарына  бір  таңба  арналуы 
себеп болды. Дыбыстардың еріндік, қысаң интегралауыш белгілерінен бөтен, өзара жуан-жіңішкелік 
(ұ-ү,  о-ө)  дифференциалды  белгісі  жəне  еріндік  реңкі  күшті,  əлсіз,  орта,  орталау  белгілері  бар. 
Сондықтан  олар  сөзайырымдық,  сөзтанымдық  қасиетке  ие  фонема  деңгейінде  қарала  алатынын 
айқындаған  А.Байтұрсынұлы  бұл  бес  фонемаға  үш  таңба  арнайды.  Олар  жуан-жіңішке  белгісі 
арқылы ажырайды:  
 
<ү><ө> 
/ұ/ /о/                                          жəне /у/ графемасы  
                      <ұ><о> 
Ғалым: «о мен ұ екеуіне зор ілтипат керек. Бұлардың жазылуы ұқсас болғанмен, айтылуы ұқсас 
емес. Қой (мал) деген сөзбен құй (шай құй) деген сөздердің мағыналары қандай басқа болса, айтылуы 
һəм сондай басқа. Ұ көмескі айтылса да, қалдырмай жазу керек. Ұтұр, жұрт, құм деген сөздерде т-
ның ж-ның қ-ның соңынан қандай дыбыс естіледі, сол – дыбыстың белгісі. Бұл дыбыстың қарпін о-
дан айыру үшін, үстіне ( ) қоямыз. Ұ-ны оқығанда һəм оқытқанда сол естілген қалыпта айтарға тиіс» 
[2, 326], – деген. Бірақ сонда да <ұ> мен <у>-дың арасын айыру қиындығы болғанға ұқсайды: «у – 
азу, қару, жабу деген сөздерде з-ның р-дың, б-ның соңында естілетін дыбыстың белгісі. У, ү сөздің 
бас  буынында  қысқа  һəм  көмескі  естіледі.  Құрау,  құлақ,  құрғақ  деген  сөздер  ішіндегідей.  Сөздің 
басқа жерінде ұзын һəм анық айтылады. У-дан ұ-ны айыру керек. Қысқасы, сөздің басқы буынында у 
ұзын һəм анық естілсе, екі əріппен жазарға тұура, тұумас, буұн, бұуаз дегендей. У-ды ұ-дан айыру 
үшін  үстіне  (  )  қоямыз.  Себебі  у  менен  ұ-ның  жазылуы  ұқсас  болғанмен,  айтылуы  ұқсас  емес»  [2, 
383]. Профессор М.Жүсіпов «А.Байтұрсынұлы ілімінде қысаң езуліктің төрт түрі (ы, і, ы
й
, і
й
) қысаң 
еріндіктің төрт түрлі (ұ, ү, ұ
у
, ү
у
) варианты бар» [10] деген. Оған А.Байтұрсынұлының «Сіздер у бар 
дерсіз, жоқ. Ол уауға сакін болады» [11, 125] дегені дəлел. «Ал сөз ортасында я басында анық һəм 
ұзын естілетін жерлерде екі /ұ/ жазуға тиіс. Мысалы, тура, туыс деген сөздерде. Басқа түркі тілінде 
екінші ұ орнына ғ келеді. Мысалы, туғра, туғыш» [2, 325] деп, «ұу, үу тіркесін ұұ, үү арқылы беру 
керек»  деп  топшылайды.  Сөз  басында  айтылса,  екі  таңба  сөз  аяғында  қалай  естілсе  де,  жалғыз  у 
əрпімен  беруді  ұсынады  [2,  383].  Мысалы,  ашу,  ашулану,  тату,  татулық,  татуласу.  Бұдан 
А.Байтұрсынұлының  объектіні  бір  деңгейде,  объективті  түрде  сипаттайтынын  көреміз.  Мысалы, 
ашулану  деген  сөздегі  бірінші  у  əрпі  ортаңғы  буын  болғанмен,  ол  ашу  сөзінде  соңғы  буында  тұр 
деген сияқты.  
У əрпі туралы қазіргі тұжырымдардан, алуб десек, келіб демей, келүб десек, онда алұу, барұу деуге 
болады. Оның үстіне алыуды – алыс, барыуды – барыс, келіуді – келіс деген сөздермен алмастыруға 
болады.  Ендеше,  у-дың  алдына  ұ,  ү  əріптерін  салудың  еш  қисыны  жоқ»  [6,  10].  Сонда  ғалымның 
ойынша,  дүдəмалдық  ы  жағына  қарай  шешіліп  отырады.  Алайда  ғалым  уақыт  сөзін  ұуақыт,  уақ 
сөзін ұуақ деп айтылатынын ескертіп, өз пікіріне қарсы шығады. 
Сөз  басындағы  үнділердің  алдынан  келетін  қысаңдар  туралы  ғалым  былай  дейді:  р,  л,  у,  и 
əріптерінің  алдында  «ы»  əрпі  жазылу-жазылмауы  естілуінше:  естілсе  –  жазылады,  естілмесе  – 
жазылмайды. Мəселен: лыпа, леп, лепес, лапқойды, лаулапжанды, лоқы, лықылдап, Ленін, Лепсі деген 
сөздердің  алдында  келген  «л»  тап-таза  «ы»-сыз  естіліп  тұр.  Оған  «ы»  жазудың  керегі  жоқ.  «Ылай, 
ылайық, ылаж, ылау, ілім, ілік, ылғи» деген сөздерде «л» алдында «ы» анық естіліп тұр [6, 10]. «Ал 
күмəнданатын жердің тексеру əдісі өлең өлшеуі болады», – деген. 
Ғалым «һ əрпін қазақ тілінде бар дыбыстың таңбасы», – деген. «Шаршағанда– уһ, жақтырмағанда 
түһ, өкінгенде – аһ жəне əһ, үһлеу, үһлеген, аһламақ дейміз», – деген. 
«Қолданылатын  реті  аз  болса  да,  тілде  бар  дыбыс  болған  соң,  жоқтығы  сезіледі»,  –  дейді.  Ал  х 
дыбысын қ-ның реңкі деп табады. Өйткені ғалым х-ның мағына айыратын қызметі шамалы дегенге 
саяды.  Мысалы:  халық  –  қалық,  құрметті  –  хұрметті,  хажы  –  қажы  деген  сөздердің  қайсысын 
қолдансақ та түсінікті дейді [2, 88]. Автор көрсеткен бұл сөздердің ішінде тек халық сөзі ғана бүгінде 
х əрпімен таңбаланады. Ал құрметті, қажы сөздері негізгі реңкке көшкен. Бұл қатарды дастархан– 
дастарқан, дихан – диқан, рахмет – рақмет деген сияқты, екінші сыңары жазуда кодификацияланып 
кеткен сөздермен толықтыра беруге болады. Ендеше, əліпби құрамын өзгертудің қазіргі қарсаңында 
һ əрпін алып тастау туралы ойлану керек. Қақарман, жиқаз, гауқар сөздерін алдын ала дайындалған 
артикуляциямен айтсақ [9], қазақ тіліндегі басқа дауыссыздары сияқты төрт əуезбен тоғыз түрлі реңк 
те түрлене алмаса [1, 29], оны к – фонема-инвариантының варианты деп тану, əрі к, г-ні инвариант-
фонеманың  варианттары  деп  тану  бірауызды  бола  қоймай  отырғанда  ертелеу  сияқты.  Қ.Жұбанов: 
«Одағайларды  айтқанда  небір  дыбыс  құбылыстары  шығып  отырады,  оның  бəрін  таңбалай  беру 
мүмкін  емес»,  –  деген.  Болса  да  тілдік  қызметі  бар  құбылыстардың  жазуда  таңбалану  мүмкіндігі 
113


табылып отырса, «ол – графикамыздың жетістігі» деп ойлаймыз. Аһ, үһ, түһ, аһылау, үһілеу сөздерін 
ақ,  үқ,  түқ,  ақылау,  үқілеу  деп  жазып,  һ-мен  айтамыз  десек,  онда  жазба  тіл  мен  ауызша  тілдің 
айырмашылығын көрсететін басқа да көптеген құбылыстарды көрсетуге болады деген сөз. Мысалы, 
мсқ деп жазып, мысық деп айтамыз деген сияқты, болмаса кол, гана деп жазып қол, ғана деп айтамыз 
дегендей (яғни, қ, ғ-ны əліпбиден алып тастау). 
Ал  жарты  дауысты  <й>  фонемасы  туралы,  зерттеуші  «жарты  дауысты  тек  дауыстылардың 
жанында ғана айтылады. Қай жерде й тұрса, оның алдында [ы], [і]-нің біреуі болады» деді. Сондай-ақ 
й-дің  алды,  артынан  да  ы  естілсе,  алдыңғысы  жазылмайды  да  соңғысы  жазылатынын  көрсетті, 
мысалы: қиын, тиын, киім, киік [2, 327]. 
А.Байтұрсынұлы  «е  жазылады  сөздің  бас  буынында.  Мысалы  ер,  ерік,  еркін,  мен,  менің, 
менікі,ерке, серке, келеке. Қосылмайтын харіфтердің соңынан () орнына () жазылады. Мысалы, кіре, 
тізе, керек, кедей сияқты жазылған сөздердің алдына дəйекше () қойылмайды. Себебі бұл дыбыс – ол 
болмаса да жіңішке айтылатын дыбыс», – деді [2, 328].  
Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы əліпбиінде /е/ графемасының үш мəні бар болып шығады:  
 
 
<
й
е>
й
ер, 
й
ерік, 
й
еркін. 
е 
 
 <э>есэк, шелэк, кемэ, төбэ, келэке. 
 
 
<е>кіре, кедей, керек.  
Жалпы,  ғалым  дауыстылар  жүйесінің  таңбалануын  былай  бөлген.  Бірінші,  <ы>  дыбысына 
қатысты жазу  үнемділігін  жасаған.  Екінші,  <е>  дыбысының  таңбасын  үнемі  бейнелеп отыру  керек, 
өйткені сөз мағынасына əсер етеді. <о>, <ө> қысаң еріндіктердің таңбасы сөз аяғында ресми түрі е-
мен ауыстыру [11, 125]. Үшінші, и дыбысына екі таңба алу.  
А.Байтұрсынұлы  əліпбиінде  <қ>,  <ғ>,<к>,<г>  фонемаларының  арнайы  таңбалары  бар.  Ғалым 
оның  себебін  «қ,  ғ  əрдайым  жуан  айтылады, жіңішке  айтуға көнбейді.  <к>  һəм  <г>  дəйім  жіңішке 
айтылады,  жуан  айтуға  келмейді.  қ  мен  ғ  жазылған  сөздердің  алдында  дəйекше  қойылмайды,  оны 
қойғанмен, бұл хəріптер жіңішке айтылмайды. к мен г алдында дəйекше қойылмайды, оны қоймаса 
да айтылатын болған соң» [2, 329], – деп анықтайды.  
Төте жазу орфографиясының бір өзгешелігі – <ш> орнына ч əрпінің қолданылуы. Оның себебін 
А.Байтұрсынұлы былай ашады: «ш дыбысы c-дан гөрі ж-ға жақын, олай болғанда ш əріпінің түрі де 
(ж-ға)  жақын  болғаны  ұнамдырақ  көрінеді.  Осы  айтылған  оймен  қазақ  тілінде  ш  харпі  алынбай,  ч 
харпі  алынды.  Мұны  алғаннан  кемшілік аз,  ұнамы  көп.  Мысалы,  екінші, үшінші,  бесінші  һəм  басқа 
сондай  ш  келетін  сөздерді  екінчі,  үшінчі,  бесінчі  деп  жазсақ,  бастапқылары  ұнамдырақ  көрінеді. 
Себебі, менің ойымша, мынау боларға: ш араб тілінде с-ға жақын дыбыс боларға керек, сондықтан 
басқа  түркі  тілінде  біздің  с  орнына  жұмсалады.  Мысалы,  бас  –  баш,  тас  –  таш,  қас  –  қаш  деген 
сөздерде»  [2,  329].  Сонда  ғалымның  ойынша,  араб  тілі  мен  қазақ  тіліндегі  ш~с  сəйкестігінен,  ш 
дыбысын  ч  əрпімен  таңбалап  айыруға  болады.  «Əлбетте,  харіп  –  тіл  үшін  шығарған  нəрсе.  Олай 
болса, харпі жоқ деп, тілдегі дыбысты жоғалту емес, ол дыбысқа жоқ харіпті іздеп табарға керек. Ол 
жалғыз  бізде  емес,  өзге  жұртта  да  болған,  харіпке  бола  тілді  бұзбайды,  тілге  бола  харіпті  бұзып 
өзгертеді» [2, 388]. Бұл – «Һ дыбысы одағайларда ғана естілетін дыбыс болса да, əріп арналу керек» 
деген пікіріне келеді.  
ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  тіл  дыбыстарының  инвентарін  анықтау  қиындығы 
А.Байтұрсынұлының фонема-əріп теориясы арқылы шешімін тапқаны ақиқат. Өзге графиканың (араб 
графикасы)  əліпбиін  (араб  əліпбиін)  өз  тілінің  дыбыстарына  арнау  керісінше  əрекеттің,  төл 
дыбыстарды өзге тіл əліпбиінің құрсауына байлап беру қаупін төндіретін еді. Бірақ А.Байтұрсынұлы 
араб  əліпбиі  қазақ  тілі  үшін  шығарылған  жоқ,  араб  тіліне  арналған  əліппе,  сондықтан  «араб 
графикасына  негізделген  əліпби  қазақ  тілі  фонемаларын  ғана  беруі  керек»  деп  топшылады.  Кейбір 
оқымыстылардың  о,  а,  ұ  фонемаларын  жарты  дауысты,  ал  ы  фонемасын  мүлде  жоқ  деген 
көзқарастарына пайымды қарсылығын білдірді [2, 388].  
Ғалым дəстүрлі жазуда қолданылған туыс жүйелі емледен гөрі «табиғат қалауынша» жазу, яғни, 
атасыға, атыға, қолыға орнына атасына, атына, қолына деп жазуды дұрыс [12, 98] көрді. «Хасыл 
кəлəм менің ойым: сөз жазылу керек айтылатұғын түрінше, яғни, сөз ішінде қай дыбыс естілсе, сол 
дыбыстың  əрпін  жазу,  естілген  дыбыстың  əріпі  жазылмай  басқа  əріп  жазу  керек  болса,  не  үшін  ол 
керекті  ғылым  наху  я  ғылым  сарф  жолыменен  ыспат  етілсін»  [2,  382],  –  дейді.  Сондықтан  ғалым 
бірінші əліпбиді жөндеу керек, əліпби жөнделмесе, емледе ала-құлалық басталады. Ал «əліпби деген 
–  асылына  адам  ақылы  жетпейтін  нəрсе  емес.  Əліпбиде  бірден  мəдениет  түрінің  төбе  басына 
шығарып жіберетін адам білместей айрықша қасиет те, жасырын сыр да болмасқа тиіс» [2, 400], – деп 
санады.  
114


Бұрынғы араб графикасынан қалған жазу емлесі қосымшалардың барлық түркі халықтарына ортақ 
бір ғана вариантын (инвариантын) жазып, əр халық өз тілінің ауызша жүйесімен əрқалай оқып жүрсе, 
ол жергілікті ерекшелігі көп бір тіл ішіндегі əдеби норманың жазылуы сияқты болды. Ендігі жерде əр 
ұлттың  дербес  жазу-сызуы  болған  күнде  «туысша»  жазу  принципін  сақтаудың  қажеті  жоқ  екенін 
сезген  А.Байтұрсынұлы:  «Түркі  халықтары  сөз  төркінімен  емес,  халықтың  сөйлеу  тілімен  санасуы 
керек « [2, 418], – деді. Сондықтан «Көптік -лар-ды қалған варианттарының орнына жазу қараймын, 
сөйлеймін  деген  соң  бараймын  болмаса,  малдай,  малда  деген  соң  малындай,  малында  деп,  болмаса 
маллар,  нанлар,  атлар  деп  неге  жазбаймыз  дегенмен  бірдей»  [2,  396],  –  деп,  тіл  қатынастарын  бір 
деңгейде  қарастыру  керектігін  айтады.  Ал  ғалымның  «Сауаты  ашылған  адам  жазылған  я  басылған 
сөзді əрпіне қарап оқымайды, бүтін тұрған сүгіретін танып оқиды. Таныс адамды көргенде «мынау – 
пəленше,  анау  –  түгенше»  деген  сияқты  əр  сөзді  тұрпатына  қарап  танып  айтады»  [2,  412]  дегенін 
тілдің  таңбалық  сипатын  жазуға  да  қолдану  керек,  ауызша  тілдің  өзгерістеріне  сай  жазу  емлесін 
өзгертудің перспективасы жоқ деп түсінеміз.  
Жалпы, А.Байтұрсынұлы əліпбиі туралы Н.Уəлиевтің: «Таңба теориясы тұрғысынан алғанда, бұл 
жазу  жүйесі  тұрпат  межесі  тұрғысынан  жалпыхалықтық  тілдің  бір  формасы  болып  табылатын 
ауызша əдеби тілдің дыбыс бірліктерін, ал мазмұн межесі тұрғысынан тілдің мағыналық бірліктерін 
белгіледі» деген сөзінің маңызы бар [7, 269].  
Сонымен,  А.Байтұрсынұлы  –  қазақграмматикасыменəліпбиін,  емле  ұстанымымен  орфограммала 
уəдістерін саралаған алғашқы лингвистердің бірі. 
 
Əдебиет:  
1.
  УəлиевН. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негiздерi: фил. ғыл. канд. ... автореф. - 
Алматы, 1993. – 162 б. 
2.
  Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992. – 414 б. 
3.
  Зиндер Л.В. Очерк общей теории письма. Л.: Наука, 1987. –111 с. 
4.
  Амирова Т.А. К истории и теории графемики. – М.:Наука, 1977. – 190 с. 
5.
  Щерба Л.В. Теория русского письма. – Л.: Наука, 1983. – 134 с. 
6.
  БайтұрсынұлыА. Емлетуралы // ҚРБҒМҒАХабарлары. – 2000.– №3. 
7.
  Щерба Л.В. Избранные работы по русскому языку. - М., 1957. – 189 с. 
8.
  Кузьмина С.М. Теория русской орфографии. – М.: Наука, 1981. – 264 с. 
9.
  Джунисбеков  А.  Проблемы  тюркской  словесной  просодики  и  сингармонизм  казахского  слова:дисс... 
докт.фил.наук. – Алма-Ата, 1988. – 328 с. 
10.
 Джусупов М. Фонемография А.Байтурсынова и фонология сингорманизма. – Ташкент, 1995. – 176 с. 
11.
 Байтұрсынұлы  А.  Жазу  мəселесі  //  Қазақ  тілі  туралы  революциядан  бұрынғы  зерттеулер.  –  Алматы: 
Ғылым, 1993. – 232 б. 
12.
 Байтұрсынұлы А. Қазақша сөз жазушылар диққатына сөз жазушыға // Қазақ тілі туралы революциядан 
бұрынғы зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1993. – 232 б. 
 
 
Жолшаева М. 
филол.ғ.д., СДУ профессоры 
 
А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі «тіл – сөйлеу – оқыту» мəселелерінің сабақтастығы 
 
Ахмет Байтұрсынұлының баға жетпес құнды еңбектері сан қырлы саланы қамтиды. Ғалымның қай 
сала бойынша айтқан ой-тұжырымдары болмасын, қанша уақыт өтсе де құндылығын жоймай, уақыт 
өткен  сайын  бағасы  арта  түсіп,  жаңа  бағыт  жəне  ғылым  мен  тəжірибедегі  соны  саналатын 
пайымдауларға негіз-бастау болу арқылы өз өміршеңдігін əлденеше рет мойындатты.  
А.Байтұрсынұлы  –  қазақ  тілінің  құрылымдық  жүйесін  зерттеуші  ғалым.Оныңбұл  бағыттағы 
зерттеулері қазақ тілінің дыбыстық жүйесінен бастап, сөз, сөздің құрамы, сөйлем жүйелерін қамтиды. 
Бұл  саладағы  зерттеулері  оның  «Тіл  –  құрал»  атты  үш  бөлімнен  тұратын  еңбегінде  көрініс  тапты. 
Сəйкесінше,  кітаптың  бірінші  бөлімі  қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесін  қамтыса,  екінші  бөлімі  қазақ 
тілінің морфологиялық құрылымына арналған. Ал үшінші бөлімде синтаксис мəселелері, сөйлем мен 
сөйлем жүйесі нысанға алынған. Бұл аталған еңбек қазақ тілін пəн ретінде оқытатын оқулық болып 
табылады  жəне  əр  бөлімі  алғашқы  жарық  көрген  кезеңінен  бастап,  фонетикаға  арналған  бірінші 
бөлімі 1915 жылы шыққан, бірнеше рет қайта басылған.  
А.Байтұрсынұлының  «Тіл  –  құралда»  көрініс  тапқан  қазақ  тілінің  грамматикалық  құрылымын 
талдау,  сөздерді  топқа  біріктіру,  сөздердің  тұлғаларын  ажырату,  сөздердің  септелуі  мен  көптелуі, 
тəуелденуі,  жіктелуіне  қатысты  тұжырымдары  қазақ  тілінің  құрылымдық  жүйесін  тұлғаға 
бағытталған  ұстаным  негізінде  саралап  береді.  Сонымен  қатар  «Тіл  –  құралда»  қазақ  тілінің 
грамматикалық  құрылымын  саралап  көрсетуде  А.Байтұрсынұлы  тұлғаны  ғана  емес,  сол  тұлғаның 
115


функционалды-семантикалық ерекшеліктерін де негізге алады. Бұл ғалымның еңбектерінен бірнеше 
тұстарда анық көрініс тапқан.  
Біріншіден,  кейбір грамматикалық  тұлғаның аталымы,  термині  сол  тұлғаның  қолданыста  беретін 
мағынасымен  байланыстырыла  алынуынан  көрінеді.  Мысалы:  А.Байтұрсынұлы  көсемше  түрлерін 
ажыратуда  да  олардың  мағыналық  қырын  негіз  етіп  алған.  Ғалым  көсемшені  былайша  анықтайды: 
«Көсемшедейміз екі етіс қосарынан сөйлегенде, алдында айтылатын етістіктің қысқа түрін» [1, 245]. 
Бұл  анықтамада  көсемшенің  жеке  қолданылмайтындығы  (қосарлы  етістіктің  алдында  келуі), 
тиянақсыздығы  (алдында  айтылған  етістіктің  қысқа  түрі)  сияқты  басты  ерекшеліктері  қамтылған. 
Ғалым  көрсеткен  көсемшенің  түрлері:  1)  үнемді  көсемше;  2)  үнемсіз  көсемше;  3)  ниетті  көсемше: 
«Үнемді  көсемше  созымды  істі  көрсету  үшін  айтылады.  Мəселен,  айта  берді.  Үнемсіз  көсемше 
созымсыз бірден бітетін істі көрсету үшін айтылады. Мəселен, айтып берді. Ниетті көсемше – істеуге 
ниеттеніп тұрғанды білдіретін сөз түрі. Мəселен, барғалы тұрмын « [1, 245].  
Екіншіден, А. Байтұрсынұлы 1915 жылы жарық көрген «Тіл – құрал» еңбегінің екінші бөлімінде 
етістік  категорияларына  (етіс,  рай,  көсемше,  есімше)  тоқталып,  оларға  сипаттама  беруде  тілдік 
таңбаның  мағыналық  жағын  негізге  алған.  Олай  дейтін  себебіміз  «тұлғадан  мағынаға  қарай» 
ұстанымын  басшылыққа  алатын  дəстүрлі  грамматикада  етіс  категориясының  төрт  түрі  көрсетіледі: 
өзгелік  етіс,  өздік  етіс,  ырықсыз  етіс,  ортақ  етіс  [2,  507].  А.Байтұрсынұлы  еңбегінде  етіс 
категориясына анықтама бермегенімен, оның келтірген мысалдарынан жəне етіс түрлерін санамалап 
жіктемесін жасай отырып, оны дəйектеуге берген тілдік деректерінен «етіс» деп «іс-əрекетті жүзеге 
асырушы субъект  пен  жүзеге  асатын іс-əрекеттің өзі,  яғни, нысан  арасындағы қатынасты  түсінген» 
деп  топшылауға  болады.  Сөйтіп,  етістің  төмендегідей  сабақты  етіс;  салт  етіс,  ортақ  етіс,  өздік 
етіс,  өзгелік  етіс,  беделді  етіс,  ырықсыз  етіс,  шығыс  етіс,  дүркінді  етіс,  өсіңкі  етіс  он  түрін 
көрсетеді.  
Қазіргі қазақ тілі морфологиясына қатысты еңбектерде А.Байтұрсынұлы салт етіс жəне сабақты 
етіс деп көрсеткен етістің түрлері етістік сөз табының шеңберінде өз алдына салт етістіктер жəне 
сабақты  етістіктер  деген  атпен  жеке  категория  ретінде  бөліп  қарастырылса,  дүркінді  етіс  жəне 
өсіңкі  етіс  түрлері  мазмұн  межесі  жағынан  етістіктің  қимылдың  өту  сипаты  категориясына  сай 
келеді.  Автор  тарапынан  етістердің  қатарында  қаралатын  дүркінді  етіс  пен  өсіңкі  етіске  берілген 
анықтамалар  мынадай:  «Дүркінді  етіс  дейміз  қайта-қайта  істелетін  істі,  мəселен,  хат  жазғыладым, 
мылтық  атқыладым,  қолынан  жұлқыладым.  «Жазғыладым»,  «атқыладым»,  «жұлқыладым»  деген 
сөздер істің бір рет емес, бірнеше рет істелгенін көрсетеді», – десе, «Өсіңкі етіс дейміз күшейген істі. 
Мəселен,  ат  жүріңкіреді,  су  тасыңқырады,  бала  ұйықтаңқырады.  «Жүріңкіреді»  дегенде  жүру 
күшейгені  көрінеді,  «тасыңқырады»  дегенде  тасқын  күшейгені  көрінеді,  «ұйықтаңқырады»  дегенде 
ұйқы  күшейгені  көрінеді»  [1,  233-234].  Бұл  анықтамалардан  айқын  көрініп  тұрғандай,  дүркінді 
етістегі амалдың бірнеше рет жасалуы, өсіңкі етістегі əрекеттің үдемелік сипаты – бəрі де қимылдың 
жасалу тəсілдеріне қатысты мағыналар болып табылады.  
Ал етістің басқа түрлеріне талдау жасар болсақ, мəселен, істі біреу арқылы істеуді «беделді етіс» 
деп  атайды  да  оған  мынадай  мысал  береді:  хат  жаздырды,  өлең  айттырды,  үй  салдырды,  кітап 
алдырды [1, 233]. Осындағы тілдік форманың ішкі мазмұнына үңілер болсақ, субъект пен оның іске 
асырылуы арасындағы қатынас үшінші адамның ықпалымен жүзеге асып отыр. Ал ғалым өзгелік етіс 
деп  көрсеткен  етістік  келесі  бір  түріне  берілген  анықтама  мен  дəйектеу  мысалдарына  назар 
аударатын болсақ, сөзге қосылған қосымшаның тұрпаты (формасы) бірдей болғанмен, екі етіс түрінің 
(беделді етіс жəне өзгелік етіс) мағыналарының мүлде екі басқа екендігін аңғару қиынға соқпайды. 
«Өзгелік етіс» дейміз біреудің ісіне себепкер болуды, мəселен, атты жүргізді, қойды өргізді, түйені 
тұрғызды дегенде аттың жүруіне, қойдың өруіне, түйенің тұруына себептер болғанды көрсетеді» [1, 
232],  –  деп  жазады.  Яғни,  екі  етіс  түрінің  арасында  мағыналық  жақтан,  субъект  əрекетіне  жəне 
нысанға  қатысты  ерекшеліктердің  бар  екендігі  анық  байқалады.  Сондықтан  да  ғалым  бір  тұлғада 
тұратын  сөзді,  ішкі  мағыналық  ерекшелігіне  қарай  етістің  екі  түрі  ретінде  алып  қараған.  Бұл  – 
грамматикалық тұлғаның өзі қосылатын сөздің мағыналық ерекшелігіне қарай атқаратын қызметінің 
тағы бір қыры, яғни, зерттеу нысаны грамматикалық форма жəне оның тілдік қызметтері болып 
табылатын  функционалды  морфологияның  мəселелері.  Ал  қазіргі  қазақ  грамматикасында  А. 
Байтұрсынұлы  өзіндік  мағыналық  ерекшеліктерге  ие  болып  келетін  екі  тілдік  мəселе  ретінде  алып 
қарастырылған жайт бір ғана өзгелік етістік аясында қаралады.  
Ғалым-ағартушы  Ахмет  Байтұрсынұлы  тілді  құрал  ретінде  ғана  емес,  осы  құралды  қалай 
қолдануға  қатысты  да  еңбек  жазған  функционалист  ғалым.  А.Байтұрсынұлының  өз  сөзімен  айтар 
болсақ,  автор:  «Біз  қазақ  тіліндегі  сөздің  бəрін  білгеніміз  қазақ  тілін  қолдану  болып  табылмайды. 
«Тілді  қолдана  білу»  деп  айтатын  ойға  сəйкес  келетін  сөздерді  таңдап  ала  білуді  айтамыз»,  –деп 
түйіндейді.  Бұл  тұстағы  ғалымның  тұжырымы  бүгінгі  таңда  прагматика  термині  аясына  енетін 
түсінік, сондай-ақ коммуникативтік талап мəселесі турасында болып отыр. Адам тілдік құралдарды 
116


пайдасына  жаратпас  бұрын  мақсатын  айқындап,  соған  сəйкес  келетін  тіл  бірліктерін  өзара 
ұйымдастыра отырып, сөйлеу бірлігін тудырады.  
Ғалым «Тіл жұмсар» еңбегінің дəйектемесінде тілді құрал ретінде танығанда, оның толып жатқан 
есепсіз бөлшектері бар жəне ол бөлшектері түрлі жағымен қиысатын сан қырлы тетіктері көп үлкен 
мəшинеге  теңейді.  Яғни,  тіл  мəшине  секілді  құрал  болса,  оны  пайдаланудың  екі  жолы  немесе 
жұмсаушысы екі түрлі болатындығын айтады. Осы тұстағы ғалымның тұжырымын өз сөзімен берсек: 
«Қандай  құрал  болса  да,  оны  жұмсаушысы  екі  түрлі  болмақ.  Біреуі  –  құралдың  ішкі-тысқы 
бөлшектерінің  бəрін  біліп,  олар  қалай  бір-біріне  үйлесіп,  үйлескенінен  шығатын  тетіктер  бір-біріне 
қалай жалғасып, қалай қызмет ететіндігін біліп отырып жұмсаушы. Екіншісі – олардың бəрін білмей-
ақ құралдың жұмсауға керегі бар тысқы бөлшектері мен тетіктерін көріп, жұмсау əдісін үйреніп алып 
жұмсаушы.  Ішкі  бөлшектері  мен  тетіктерін  бұл  таныс  құралды  жұмсап  жүріп,  онымен  көп  істес 
болып барып, тəжірибе арқылы таниды» [3, 294]. Ғалым тіл жұмсаушының екеуінің де, бір қарағанда, 
тілді  құрал  ретінде  тануы  мен  жұмсауы  бірдей  болып  көрінгенімен,  шын  мəнісінде,  олай  еместігін 
салыстырмалы түрде былайша түсіндіреді: «Мəшине жүрісінде кемшілік біліне бастаса, оның неден 
екенін анау бірден білсе, мынау тіпті білмеуі мүмкін». Осылайша, ғалым кез келген нəрсенің терең 
мəнін  түсіне  игерудің  көп  тəжірибе  арқылы  келетіндігін  айтады.  Бұл  тұста  А.Байтұрсынұлы  қазақ 
тілінің  құрылымдық  грамматикасын  ғана  емес,  оның  қолданылуы,  яғни,  жұмсалымдық  сипатын 
түсіндіріп, функционалды грамматика мəселесіне де қарастырушы ғалым болып табылады.  
Тілдің  жұмсалымдық  қырларын  түсіндіру  лингводидактика  мəселесімен  де  тікелей  сабақтасып 
жатыр.  Бұл  орайда  тілші-ағартушы  А.Байтұрсынұлы  –осы  тілді  үйретуге  қатысты  лингводидактика 
мəселелерімен де айналысып, қазақ тілін оқыту əдістемесі саласының да іргетасын қалаушы ғалым. 
Ғалымның  жалпы  оқыту,  білім  беру  саласына  қатысты  «Жаңа  мектеп»  журналына  1927-1928 
жылдары  «Қай  əдіс  жақсы?»,  «Жалқылау  (айырыңқы)  əдіс»,  «Жалқылаулы-жалпылау  əдіс»  атты 
əдістеме саласына тікелей қатысты мақалалар мен «Тіл жұмсар», «Баяншы» атты еңбектер жазған [3, 
279-344]. А.Байтұрсынұлы 1920 жылы Казан қаласында шыққан «Баяншы» еңбегінде бұл құралды он 
төрт жыл бойы бала оқытқан тəжірибесіне сүйеніп шығарып жазғандығын айтады.  
А.Байтұрсынұлы əдістемеге қатысты «Тіл жұмсар» еңбегінде баланы оқытудың немесе үйретудің 
табиғи жолы  тəжірибе арқылы  білім  алатын жол екендігіне  баса  назар аударады.  Ғалым  былай деп 
жазады:  «Бала  білімді  тəжірибе  арқылы  өздігінен  алу  керек.  Мұғалімнің  қызметі  оның  білімінің, 
шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тəжірибелі білімінің ұзақ жолы қысқару үшін, ол жолдан 
балалар  қиналмай  оңай  өту  үшін  керек  білімін  кешікпей  керек  кезінде  алып  отыру  үшін  балаға 
жұмысты  əліне  шағындап  беру  мен  бетін  белгілеген  мақсатқа  қарай  түзеп  жүру»  [4,  496].  Өткен 
ғасырдың  басында  айтып  кеткен  А.Байтұрсынұлының  бұл  тұжырымы  қазіргі  кездегі  білім  беру 
саласында өзгерістердің бірі болып табылатын оқытудың бағалай жүйесіне қатысты болып келеді.  
Білім  беру  жүйесімен  сабақтасып  бірге  жүретін  мəселе  –  бағалау.  Оқыту  нəтижесінің  жоғары 
болуын  қамтамасыз  ететін  бағалаудың  түрі  –  формативті  бағалау.  Бағалаудың  бұл  түріне  қатысты 
басқа да бірнеше термин қолданылады: қалыптастырушы бағалау, оқыту үшін бағалау.  
Мұғалімнің міндеті – оқушыға білім беру ғана емес, жоғарыда А.Байтұрсынұлы атап көрсеткендей 
ең  бастысы  оқушыны  мақсатына  қарай  бағдарлау,  оқушының  оқу  деңгейінің  шамасын  анықтау, 
мақсатқа жету жолында оның атқаратын іс-əрекеттерін үйлестіру болып табылады. Яғни, ғалымның 
сөзімен айтқанда, «балаға жұмысты шағындап беру, тəжірибе арқылы білімді игерту». Бұл – бүгінгі 
білім беру жүйесіндегі жаңа сапа мен жаңа сипаттағы бағалау əрекетінің басты түрі, білім алушының 
өзінің  оқудың  қай  деңгейінде  тұрғандығын  анықтау  жəне  сол  деңгейден  жоғары  көтерілудің 
жолдарын  айқындаумен  байланысты  мұғалімдер  тарапынан  қолданылатын  үдерістер  түрінде 
анықталатын формативті бағалаудың мақсаттарымен қабысады. Яғни, формативті бағалау оқушының 
оқуын  дамыту  үшін  пайдаланылатын  бағалау  болып  табылады.  Сонымен  қатар  А.Байтұрсыновтың 
əдістеме туралы жазған мақала-еңбектерінде берілген мысалдардың біріне назар аударалық. Мəселен, 
«Шəкірт əңгімесінен» дегенде мұғалім мен оқушының арасындағы диалог былайша өрбиді: 
«Мұғалім сабақ сұрағанда, Мұрат білмеді. 

  Сабақты неге білмейсің? Оқымадың ба? 

  Қолым тимеді, ағатай! 

  Не істедің? 

  Үй шаруасына айналыстым. 

  Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма? 

  Əкем үйде жоқ. Жолаушы кеткен. Апам ауырып жатыр.  

   Отыра ғой, шырағым» [4, 518].  
Бұл  шағын  диалог  арқылы  біз  қазіргі  кезде  формативті  бағалау  үдерісінде  түрлі  сипатта  көрініс 
табатын мұғалім əрекетінің бір қырын көреміз. Оқу үдерісіндегі формативті бағалаудағы мұғалімнің 
рөлі  мен  əрекеттеріне  төмендегілер  жатқызылып  жүр:  оқушының  жетістігін  айтып  отыру; 
117


қателескен  жерде  демеп  жіберу;  оқшау  қалған  баланы  оқу  үдерісіне  тарту;  сыныпта  жағымды 
ахуал қалыптастыру; оқу үдерісіне деген қызығушылықты тудыру жəне оны арттыру т.б. [5].  
Міне,  бүгінгі  білім  беру  жүйесінің  ерекшелігі  болып  табылатын  білім  алушының  түрлі 
құзіреттіліктерін  дамыту,  қалыптастыруға  бағытталған  бағалаудың  қалыптастырушы  деп  аталатын 
түрінің  бірқатар  мақсат-міндеттері  «Ұлт  ұстазы»  атанған  А.Байтұрсынұлының  еңбектерінде  өткен 
ғасырдың басында-ақ көрініс тапқан. 
 
Əдебиет:  
1.
  Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Алматы, 1992. - 448 б. 
2.
  Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. -784 б. 
3.
  Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығармалар жинағы. – 3-том. - Алматы: Ел-шежіре, 2013. - 384 б. 
4.
  Байтұрсынұлы А. Қазақ тіл білімі мəселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2013. - 640 б.  
5.
  Жақсылықова К.З., Тайтанова Н.К., Кемешова А.М. Қалыптастырушы бағалауды қолдану бойынша пəн 
мұғалімдерінің кəсіби құзіреттілігін арттыру. Əдістемелік құрал. - Алматы, 2016. - 64 б.  
 
 
Имаханбет Р.  
филол.ғ.к., Əл-Фараби атындағы  
ҚазҰУ доценті 
 
Ахмет Байтұрсынұлы мұрасының зерттелуі: дерек пен дəйек 
 
Бұл күні тəуелсіз мемлекет болып танылған Қазақстанның өткені, бүгіні, келешегі туралы Елбасы 
Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан айшықтары аясында халқымыздың іргелі ел болып қалыптасуында 
ерен еңбек еткен тұлғалардың аяулы есімдері алтын əріптермен жазылып, Отан тарихынан өздерінің 
тиісілі  орнын  алуда.  Жүзжылдықтар  тоғысында  тəуелсіз  елінің  тарапынан  қазақ  тіл  білімі  мен 
əдебиеттану  ғылымының  негізін  қалаушы,  реформатор-ғалым,  қоғам  жəне  мемлекет  қайраткері 
Ахмет  Байтұрсынұлы  «Ана  тілдің  айбары»  омырау  медалі  жəне  «Ғасыр  саңлағы»  алқа  белгісімен 
марапатталды.  Ғалым  есімі  оралған  1988  жылдан  бастап  шығармалары  қайта  басылып,  тəуелсіздік 
кезеңнің  ғалымдары  танымдық  алғысөздер  жазып  келеді.  Сондай-ақ  филолог,  əдебиетші,  тарихшы, 
заңгер,  журналист, философ,  педагог  т.б.  мамандықтары  бойынша  шығармашылығы,  ағартушылық, 
қоғамдық жəне мемлекеттік қайраткерлігіне қатысты 50-ге жуық кандидаттық, 20-дан аса докторлық 
диссертация  қорғалды.  Əлбетте,  бұл  жазылған  ғылыми  зерттеулер  біліктілігі  жағынан  өз  салалары 
бойынша толық меңгерілген тақырыптар екені даусыз.  
Тарихи  тұлғаның  шығармашылық  мұрасын  тікелей  зерттеп,  кемеңгердің  кемел  білім-ілімін 
келешек  ұрпаққа  таныту  мақсатында  жасалған  жұмыстар  легі  өсуде.  Ғалым  мұрасы  мен  ғұмырына 
арналған  бірнеше  кітап  жарық  көрді.  Атап  айтсақ,  тілші-ғалым  Р.Сыздықова  (Ахмет  Байтұрсынов. 
1990. - 52 б.), Ахаңның немере інісі С.Кəкішев (Ахаң туралы ақиқат. 1992. - 112 б.), Өзбекстан елінің 
ғалымы М.Джусупов (Фонемография Ахмета Байтурсынова и фонология сингормонизма. 1995. - 176 
б.), физик-ғалым М.-Х.Сулейманов (Яркий носитель духа человечности. 1997. - 18 с.), филолог-ғалым 
Байтелесова  Ж.  (Негасимая  звезда  в  плеяде  казахской  интеллигенции.  1998.-78  с.,  Публицистика 
Ахмет  Байтурсынова.  1998.  -  78  с.),  тілші,  əдіскер-ғалым  А.Қыдыршаев  (Ахмет  Байтұрсынұлының 
əдістемелік  мұрасы.  1998.  -  132  б.),  жазушы  Б.Ілияс  (Алтын  бесік.  1998.  -  260  б.),  ақын-журналист 
Н.Бектемісұлы  (Ахмет  ұшқан  ұя.  2001.  -  128  б.),  əдебиеттанушы-ғалым  А.Ісімақова  (Возвращение 
плеяды. 2002. - 294 с.), түркітанушы ғалымдар Ф.Ашнин, В.Алпатов, Д.Насилов (Репрессированная 
тюркология. 2002), жазушы Қ.Сəрсекеев (Ұлт ұстазы немесе алаштың Ахметі жайлы ой-түйін. 2003. - 
80  б.),  журналист-ғалым  С.Оспанұлы  (Ахмет  өскен  ақындық  орта.  2004.  -  204  б.),  əдебиеттанушы-
ғалым Ө.Əбдиманұлы («Қазақ» газеті. 1993. – 168 б., Ахмет Байтұрсынұлы: зерттеу-эссе. 2007. - 296 
б.),  əдебиеттанушы  Ұ.Еркінбаев  («Əдебиет  танытқыштың»  теориялық  негізі.  2008.  -  136  б.), 
Р.Имаханбетова (Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны. 2010. - 304 
б.),  А.Ойсылбай  (Ахмет  Байтұрсынұлының  «Əдебиет  танытқышындағы»  сөз  өнері  мен  поэтика 
мəселелері.  2015.  -  164  б.)  т.б.  тарихшы  ғалымдардың  көлемді  тақырыпта  қарастырған  ғылыми 
зерттеулері  –  бір  төбе.  Бұдан  бөлек  академик-ғалымдар:  М.Қозыбаев,  К.Нұрпейіс,  З.Ахметов, 
З.Қабдолов,  Р.Нұрғали,  С.Қирабаев,  Т.Кəкішев,  К.Сағадиев,  М.Жұрынов  т.б.  талдаған  ғылыми-
зерттеу мақалалары бар.  
Мұрағат  деректер  бойынша  қарастырсақ,  ахметтанудың  ғылыми  тұжырымдалуы  1919  жылдан 
басталады.  Мəселен,  өзге  ұлт  өкілдерінен  1919  жылы  А.Н.Самойлович  «Байтұрсынов  Ахмет 
Байтұрсынұлы»  деген  ғылыми  мақала  жазса,  кейін  бұл  үрдіс  жалғасын  табады  [1].  Самойловичтің 
осы  мақаласы  кейін  1930  жылы  А.Байтұрсынұлы  түрмеде  отырған  тұста  Мəскеудің  «Литературная 
энциклопедия»  атты  жинағының  1-томына  кіреді  [1,  305-306].  Бір  ғажабы  –  орыс  ғалымдарының 
арасында жеке адам баласының басында болып жататын түрлі қайшылыққа қарамастан, ғылымдағы 
118


жетістіктері  жоғары  бағаланған.  Өз  Отанымызда  А.Байтұрсынұлының  қазақ  жұрты  үшін  жасаған 
жұмыстары  қасақана  «халық  жауы»  деп  қараланып  жатқанда,  орыс  ғалымдары  аталған  жинақтың 
1931 жылы жарық көрген 5-томына Қазақ əліпбиін «Байтурсуновский алфавит» деп енгізеді [2, 23]. 
Міне, нағыз ғылымдағы адалдық, ғылыми жетістіктің бағалануы!  
1924 жылы Е.Д.Поливанов «Қазақ-қырғыздыңжаңа(Байтұрсынов) орфографиясы» [3], 1928 жылы 
Н.Ф.Яковлев  «Əліпби  құрылымының  математикалық жүйесі»  туралы  ғылыми  мақалалар жазды  [4]. 
1974  жылы  А.Н.Кононов  «Байтұрсынов  Ахмет  Байтұрсынұлы»  атты  ғылыми  анықтамалық-
мəліметтер  бергені  тарихтан  мəлім  [5,  115].  А.Самойлович  мақаласында  Ахметтің  ғалымдық 
қайраткерлігін  биографиялық  анықтамалық  шолуға  сыйғызған,  қазақ  ғалымын:  «...қазақ  тілі 
орфографиясының  реформаторы,  қазақ  грамматикасы  жəне  қазақ  əдебиеті  теориясының  негізін 
қалаушы»,  –  деп  жазды  [1].  Осы  ғылыми  тұжырымды  негізге  алып,  ахметтануды  1922  жылғы 
М.Дулатұлы  мен  Е.Омаровтың  мақалаларынан  да  ертерек,  1919  жылдан  бастаған  дұрыс.  Себебі 
жоғарыда  аталған  А.Самойлович  мақаласында  Ахметтей  қоғам  қайраткерінің  1919  жылға  дейін 
жасаған  сан  алуан  жұмыстарын  ғылыми  анықтамалыққа  сыйғызған.  Зерттеуші  мəліметіндегі: 
«көрнекті қазақ ақыны», «жорналшы», «педагог» деген танымдық сипаттаулар дəл сол уақытта қазақ 
ағартушысының атқарған негізгі жұмыстары болатын. Ал қазақ зиялылары тарапынан 1922 жылдан 
бастап зерттеліп, бағаланып жүрген «Қазақ» газеті туралы А.Самойлович «…қазақ халқының қоғами-
мəдени  санасын  оятушы  басылым»  деп  айрықша  атап  айтты.  Бұл  күні  əдебиеттану  ғылымында 
«төлтума» деп тануды ұсынған «Қырық мысалдағы» қазақы сипат пен өрнекті тілі: «Байтұрсыновтың 
тілі  лирикалық  шығармаларында  қарапайым,  өзінің  бай,  көркем,  поэтикалық  мəнерімен 
ерекшеленеді»,  –  дейді.  Міне,  өзге  ұлт  өкілі  орыс  ғалымы  берген  нақты  əрі  құнды  ғылыми 
тұжырымдаманың қазақ зиялыларынан 3 жыл бұрын айтылғанын мойындауға міндеттіміз[1].  
Қорыта  айтқанда,  А.Самойловичтің  сипаттамасы  –  алғашқы  танымдық  ғылыми  бағалау.  Бұл  – 
А.Байтұрсынұлының  ғылымдағы  қайраткерлігіне  айтылған  тұңғыш  анықтама.  Зерттеуші  Ахаң 
туралы айшығын «қазақтың бірінші көрнекті лингвист-ғалымы» деп түйіндеген [1, 305-306]. 
1924  жылы  Қазақ  əліпби  жөнінде  профессор  Е.Д.Поливанов  Орта  Азия  мемлекеттік 
университетінің  бюллетінде  жариялаған  мақаласында:  «Енді  түзетуді  қажет  етпейтін,  тарихи 
тұрғыдан  алғанда  кемелденген,  жетілген  ұлттық  графика»,  –  деп  бағалайды  [3,  35-43].  Ғалымға 
берілген  осы  бағаны  отандастары  қалай  қабылдады?  Бұл  жөнінде  бір  жыл  бұрын,  1923  жылы 
тұлғаның рухани шəкірттері (М.Əуезов, Т.Шонанов, Е.Омаров) мақалаларында: «Ақаң түрлеген ана 
тілі»,  «Жаңа  алфавит  тіліміздің  таза  сақталуына,  ...əлемдік  мəдениетпен  араласуға,  ...халық 
мектептерінің  өркендеу  жолына  алып  адым  жасағаны  анық»,  «Қазақ  əліпбиі»  мен  «Қазақ  тілінің 
дыбыс  жəне  сөз  жүйесі  атты  оқулықтарының  өн  бойына  сыйғызған  өзекті  өзгерістерінің  өзі  қазақ 
грамматикасына  бөлекше  реңк  əкелді»,  –  деп,  өз  тұсында  қазақ  жұртшылығы  тарапынан  зор 
қошеметтелгенін айтады. 
1928 жылы Н.Ф.Яковлевтің «Математическая формула построения алфавита» атты мақаласының 
мəн-маңызын  ашып,  ғылыми  айналымға  түсіру  –  бүгінгі  қазақ  тілі  ғылымындағы  лингвист-
ғалымдардың  еншісіндегі  міндет.  Осы  мақаланың  Байтұрсынұлы  əліпбиіне  қатысты  тұстарына 
тоқталсақ,  мұнда  зерттеуші  Ахметтің  əліпби  түрлеу,  түзу  барысында  үндестік  заңын  толық 
сақтағанын,  дыбыстарды  жүйелеуде  өте  икемді  қалып  тапқанын  айтады  [4].  Жалпы,  қоғам 
қайраткерінің  өмiрi  мен  қызметiне  қатысты  мақалалар  өз  елімізде  негізінен,  оның  50  жасқа  толу 
мерейтойы  қарсаңында  жазылып,  мерзiмдi  баспасөзде  жарияланды.  Мəселен,  тұлғаға  деген  ең 
алғашқы  құрмет  1922  жылы  2  тамызда  Ташкенттегі  Қырғыз-қазақ  институтында  алты  алаштың 
баласы  бас  қосқан  салтанатты  жиында  тұңғыш  рет  көрсетiлген.  Деректерге  сүйенсек, 
А.Байтұрсынұлының Ташкентке сапарының басты мақсаты – Түркiстандағы екi облыс – Жетiсу мен 
Сырдарияны Қазақстанға қосу болған. Бiрақ сол жылғы Ташкент қаласында шыққан «Ақ жол» газетi 
бетiндегi «Лайықты қошемет» атты мақалада Ахмет Байтұрсынұлының iссапарынан гөрi оның жеке 
басына  көрсетiлген  ықылас,  игі  тілек  туралы  жазылған  [6].  Мақаланы  10  қыргүйекте  Алматыда 
шығатын  «Тiлшi»  газетi  қайта  көшiрiп  басады.  Аталған  мақалаларды  журналист-ғалым  Т.Қожакеев 
пен  əдебиеттанушы  Д.Қамзабекұлы  1991  жылы  орыс  жазуына  түсiрiп,  ғылыми  ортаға  тың  дерек 
əкелді.  Əрине,  iзденiс  барысында  бiрлi-жарым  кемшiлiктер  жiберiліп  жатады.  Мысалы,  Т.Қожакеев 
«Тарихи  деректер  бұрмаланбасын»  атты  мақаласында  Д.Қамзабекұлының  «Социалистiк  Қазақстан» 
газетiнiң  12  қаңтардағы  «Лайықты  қошемет»  атты  мақаласының  қайта  жарияланымдағы  кеткен 
қателiктерге  ескерту  (материалдың  орынсыз  қысқартылуы,  мақала  соңындағы  «А.Ж.»  белгiсiнiң 
автор  ретiнде  дұрыс  көрсетiлмеуi)  жасады.  Жасалған  ескерту  еленіп,  Д.Қамзабекұлы  «Қазақ 
əдебиетi»  апталығына  «Ақаңның  алдында»,  «А.Байтұрсынұлының  Ташкентке  сапары»  атты 
мақалаларын  жазды.  Соңғы  мақаласы  жан-жақты  талданып,  1997  жылы  жарық  көрген  «Руханият» 
деген ғылыми зерттеуіне енді.  
Асылы,  мұрағаттағы  деректерді  сұрыптауда  аса  сақтық  пен  табанды  ыждаһаттылықты  басты 
нысанада  ұстаған  жөн.  Мəселен,  осы  «Лайықты  қошемет»  атты  мақаланы  ғалым  еңбектерiне 
119


жатқызып жүр. Нақтырақ, 2001 жылы «Ұлттың ұлы ұстазы» библиографиялық анықтамалықтың 250-
бетiнде:  «96-реттiк  нөмiрде,  яғни,  «Лайықты  қошемет  //Тiлшi.  –  1922,  10  қыргүйек.  Ташкенттегi 
қазақтарды көшiрiп əкелу» деген көрсеткiшпен А.Байтұрсынұлының еңбектерi тiзiмiне енген. Бұл – 
жаңсақ  пайым.  Өйткенi  кiтаптың  190-бетiнде:  «А.Байтұрсынұлының  өмiрi  мен  еңбектерi  туралы 
əдебиеттер»  қосымшасының  362-реттiк  нөмiрінде:  «Лайықты  қошемет  //Социалистiк  Қазақстан.  - 
1991. 12 қаңтар. Бұдан 68 жыл бұрын. Материалды газетке əзiрлеген – Д.Қамзабекұлы» деген мəлiмет 
бередi. Демек, қос материалдың аты айтып тұрғандай əрі басылым көру мерзiмiнiң бiркелкілiгi, оның 
түрлi авторға тəн еместiгiн айғақтайды.  
Т.Қожакеевтiң «Халқымен қайта қауышты қайран ерлер» мақаласында осы аталған материалдың, 
яғни,  ғалымға  көрсетiлген  құрметтiң  зерттелуiне  сүйенсек,  мақала  авторы  –  А.Байтұрсынұлы  емес, 
тұлғаға  жасаған  зор  iлтипатты  «Лайықты  қошаметке»  сыйғызған  өзге  қаламгер.  Атын  көрсетпеген. 
Мақалаға «Ш-н» деп қол қойған [6, 191-205]. Мақаланың авторы əлi күнге ашылмағанын əдебиетші 
Д.Қамзабекұлы: «Мақала соңындағы «Ш-н» қаламгердiң кiм екендiгiн бiле алмадық», – дей келе, өз 
ой-тұжырымын:  «1922  жылдың  тамыз  айында  ташкенттiктер  А.Байтұрсынұлын  саясат  адамы  емес, 
ғалым  ретiнде  қарсы  алды.  Бұл  –  қазақ  ғылымының  абыройының  артқандығын  көрсетедi. 
...сапарында  А.Байтұрсынұлы  Түркiстандағы  екi  облысты  Қазақстанға  қарату  мəселесiн  тиiстi 
орындарда сөз еткен де болуы керек. Бұл қосылудың қажеттi екенiн зиялыларға дəлелдеген де шығар. 
Бiрақ  ол  жағы  «Ақ  жол»  газетiнде  жазылмапты.  Қалай  дегенде  де  газет  А.Байтұрсынұлын  ғалым 
есебiнде  жəне  бiр  мəшһүр  етудi  көздеген  тəрiздi»,  –  деп  қорытады  [7].  Зерттеушінің  айтуынша, 
Мəскеудің  «Əдебиет  энциклопедиясы»  басылымына  «Абай  мен  Ахмет»  туралы  деректi  Смағұл 
жiберген.  Əдебиетшінің  пайымына  сүйенсек,«...С.Сəдуақасұлы  А.Байтұрсынұлының  тұлғасын  «ұлт 
руханиятына сапалы өзгерiс əкелiп отырған жаңа кезең, тарихи асу» деп санаған», – дейдi. Баяндама 
туралы  танымын  «ғылыми  айналымға  түспеген  (түсу  бұйырмаған),  жұқанасы  жазушы, 
санаткерлердің  естелігінде  қалған  А.Байтұрсынұлының  елу  жылдық  мерейтойында  жасаған 
С.Сəдуақасұлының  «Ақаңның  алдында»  атты  баяндамасы  –  Кеңес  тұсындағы  «инерциялы 
ағартушылықтың»  бағдарламасы  (Ахмет  проғрамды  –  «жосық»  депті)  сынды  еңбек  болған»  деп 
жазады. Баяндаманың түпнұсқасы əлі күнге табылмады [7, 99-107].  
Тарихи  баяндама  хақында  қазақ  əдебиетінің  көрнекті  өкілдерінің  бірі  –  С.Мұқанұлының 
«...Сəдуақасұлы  Байтұрсынұлын  мақтай  жөнелмей,  сатылап  жетті.  Оның  баяндауынша  қазақ 
халқының бес көсемі бар, олар: Кенесары, Шоқан, Ыбырай, Абай, Ахмет. Смағұлдың «сатылауына» 
негіз бар болатын. Хан Кене – тəуелсіздік үшін күресте мойымаған, рухы жеңілмеген қайраткердің, 
Шоқан,  Ыбырай,  Абай  –  күрескер  рухты  қағазға  түсіре  алған,  дара  шапса  да,  жалғыздығын 
білдірмеген,  халқының  намысы  болып  жанған  ағартушылардың,  Ахмет  қателіктен  сабақ  алған 
толқынның, білім мен бірлікті, білік пен байыпты қатар ұстаған зиялылардың рəмізі еді. Сондықтан 
С.Сəдуақасұлы  «сатысын»  –  жүйелеу  деп  қараған  орынды»,–  деген  пікір  айтқанын  жазады 
Д.Қамзабекұлы талдау мақаласында [7].  
Қазақ  зиялыларының  көзін  көріп,  сөзін  естіген  Ғ.Ахмедов:  «Осы  баяндамада  С.Сəдуақасұлы 
Ахаңның өмірі мен ғылыми, əдеби еңбектері жайында өте мазмұнды пікірлер айтты», – дейді [8, 23-
37]. Сол 1923 жылғы Ахаңа арналған жиынның бас-аяғына дейін түгел қатысқан зерттеуші: «жиында 
кейбіреулердің  аузынан  айтылып  жүрген  өрескел  жағдайдың»  болмағанын,  өзінен  басқа 
Қ.Бадыровтың  қатысқанын,  əрі  оның  сөзін  растайтынын  айтады.  «С.Сəдуақасұлы  Ахаңды 
замандасымыз  ғой»  деп  өз  қатарымызға  қойып,  өзімізбен  теңестіріп  қарауға  болмайды.  Бұл  кісі  – 
«қазақ  халқының  алғашқы  алфавитін  жасап  берген,  бұрын  əркім  қалай  болса,  солай  жасап  жүрген 
емлемізді түзеп, бүкіл халқымызға ұстаз болған адам. Сондықтан бұл кісіні «ұстазымыз» деп қарап, 
өзімізден  əлдеқайда  жоғары  ұстап,  қадірлей  білуіміз  керек  деп  қорытындылады  сөзін»,  –  дейді 
əдебиетші-ғалым Ғ.Ахмедов [9, 32-33].  
Ахмет Байтұрсынұлы мен оның серiктерiне Ташкенттегі зиялылар тарапынан қонақасы берiлгенi, 
бұл рəсiмнiң тойдан гөрi, ойдың мерекесi болғаны жөнiнде «Ақ жол» газетiнiң тілшісі:«Банкетте жетi 
түрлi халықтың адамы болды: қазақ, қырғыз, өзбек, тəжiк, ноғай, орыс. Қонақта болғандар – əр елдiң 
...  өкiлеттi  елшiлерi  хүкiмет  мүшелерi,  профессорлар,  бiлiм  комиссиясы  һəм  газет  басқармасы 
сықылды  мекемелердiң  адамдары»,  –  деп  жазады  [9,  193-196].  Түркiстандық  И.Табынбаев 
қайраткердің  өмiр  жолы,  ортасы,  шығармашылығы  жөнiндегi  баяндамасын  газет  уəкілі  түгелдей 
хатқа  түсiрген.  И.Табынбаевтың  лебізіндегі  «…Ахмет  ағай  –  қазақ  халқының  бiрiншi  мұғалiмi, 
ұстазы. Бiрiншi рет басталған, бұрын ешкiм ескермеген жұмыстың (...) ауыртпалығы Ахаңның басына 
түстi.  Бiрақ  Ахаңның  қайраты  таспаса,  қайтпады,  ақылы  аспаса,  саспады.  ...тiзесiн  түрменiң 
терезесiне  үстел  қып,  Ахаң  қаламын  тартпай  жазумен  болды»  деген  жүрекжарды  ілтипаттарынан 
замандастарының  А.Байтұрсынұлын  зор  құрмет  тұтқанын  көреміз.  Қоғам  қайраткерінің  ерекше 
қасиеттерiн даралай көрсетiп, жеке-жеке атап көрсетеді: «1) қазақтың əдеби тiлiнiң негiзiн салушы. 
Қазақты  «А»  деп  бастап  оқытып,  надандықпен  күресушi  бiрiншi  ұстазымыз;  2)  оқу  iсiне,  жазуға 
жаңалық  кiргiзген  данамыз;  3)  патша  үкiметiнiң  зұлым  саясатымен  күресiп,  қарсы  пiкiрiн  таратқан 
120


қаһарманымыз;  4)  қазақ  халқының  қай  жағынан  болса  да  көсемi»  деп,  танымдарын  «Ақ  жол» 
үнқағазында паш ете отырып, Ахметті Темiрқазыққа теңеген [9, 103]. 
 
1922  жылы  Орынборда  шыққан  «Қазақ  өлкесiн  зерттеу  қоғамы  еңбектерi»  басылымында 
М.Дулатұлының  «Ахмет  Байтұрсынұлы  Байтұрсынов»,  Е.Омаровтың  «А.Байтұрсынұлының 
ғалымдық  қайраткерлігі»  мақалалары  жарияланған.  Бұл  материалдардың  1922  жылы  жариялануы 
кездейсоқтық 
емес 
еді. 
Қос 
мақаланың 
кейiн 
А.Байтұрсынұлының 
өмірі 
мен 
шығармашылығынақатысты  жазылған  зерттеулерге  негіз  болғанын  айту  лəзiм.  Шындығында, 
ахметтану  мəселесінде  –  М.Дулатұлы  мен  Е.Омаровтың  мақалалары  дереккөзі  болған.  Мəскеулік 
басылымдар:  «Əдеби  энциклопедия»  мен  А.Кононовтың  түркітанушылар  сөздігіндегі  сiлтемелік 
көрсеткiш – соның айғағы. Е.Поливанов, Н.Яковлевтердің зерттеулеріне де осы материалдар негiзгi 
болғаны  дəлелдеуді  қажет  етпейді.  Бұл  деректер  отандық  ғалымдардың  да  еңбектерiнде  кеңiнен 
пайдаланып жүргендiгi баршаға аян. 
Əдебиетші  академик  Р.Нұрғали:«Алаштың  екі  алып  азаматы  –  Ахмет  Байтұрсынұлы  мен 
Міржақып Дулатұлы ауылдас, аталас, ең бастысы бұлардың ұлы күрес жолындағы рухани туыстығы 
–  қазақ  тарихындағы  қымбат  та  қастерлі  беттердің  бірі»,  –  деп  бағалайды  [10,  12-35].  Ол: 
«М.Дулатұлы  –  ахметтанудың  негізін  салушы»,  «Міржақып  –  алғашқы  ахметтанушы»,  –  деген 
тұжырым  жасады.  Əлбетте,  М.Дулатұлы  қазақ  ортасынан  шыққан  бірінші  ахметтанудың  негізін 
салушы  екені  даусыз.  Ал  Міржақыптың  алдына  одан  бұрын  Ахмет  туралы  жазған  А.Самойловичті 
шығарсақ,  мұнан  Міржақыптың  ахметтанушылығы  төмендемейді.  М.Дулатұлының  очеркімен  қатар 
Е.Омаровтың  мақала  жазғаны  аталғаны  болмаса,  ғылыми  ортада  қажетті  дəрежеде  талданып, 
таратылмай келеді.  
Е.Омаров  «Ахмет  Байтұрсынұлының  ғалымдық  қайраткерлігі»  деген  мақаласында  қайраткер 
туралы: «...күллі қазақ даласы біледі, оның талантын жоғары бағалап құрмет тұтқанымен, бəрібір оны 
дұрыс  түйсініп,  бағалай  білмейді»деп  жазады  [11,  26-38].  Елдес  Ахметтің  қазақ  грамматикасына 
ерекше  өзгерістер  кіргізіп,  баға  жетпес  жаңалық  əкелгенін  қазақ  жұртының  санасы  əлі  түсініп  те, 
түйсініп те болмағанын ескертеді. А.Байтұрсынұлының қаламынан ертеден келе жатқан қазақ тілінің 
ережелері қамтылған қағидалар мен көп томдықтар жазылмаса да, оның «Қазақ əліпбиі» мен «Қазақ 
тілінің дыбыс жəне сөз жүйесі» оқулықтарының өн бойына сыйғызған өзекті өзгерістерінің өзі қазақ 
грамматикасына бөлекше реңк əкелгенін тілші-мамандарға ғылыми жүйеде талдап, түсіндіреді. Қазақ 
грамматикасында ертеде қаншама оқулықтар жазылса да, олардағы өзгерістердің аңғарылмайтынын, 
ислам  дінімен  кірген  араб  жазуының  қадимшеленген  нұсқасының  да  қазақ  дыбыстарының 
ерекшеліктерін  қамти  алмағанын  айтады.  Ал  Ахметтің көлемі шағын ғана оқулықтарына аз  сөзбен, 
саз жүйені сыйғызған жаңалығы, реформатор тарапынан түрленген қосар дыбыстардың қазақ тіліне 
тəн түрлі дыбыстарды дəл бере алатынын нақты деректермен көрсетеді. 
Ғалымның  үзеңгiлiс  замандасы  –  Т.Шонанұлы  да  1923  жылы  тұлғаның  ғылыми  қайраткерлігі 
туралы «Ахмет Байтурсунович Байтурсынов в области народного просвещения и литературы» деген 
ғылыми  мақала  жазған.  Мақала  жарияланбаған.  Т.Шонанұлының  қолжазбасын  мемлекеттік 
мұрағаттың  қорынан  алып,  жұртшылыққа  ұсынған  –  мұрағат  қызметкерi,  филолог  ғалым 
Б.Байғалиев. Ол материал 1992 жылы жарық көрдi. Деректi мақаланы «Əдеби мұра» ретiнде ұсынған 
«Жұлдыз»  журналының  редакциясы:  «Оқырман  назарына  ұсынылып  отырған  мақала  1923  жылы 
Ахмет Байтұрсыновтың 50 жасқа толған мүшелтойына арнап жеке кiтап ретiнде шығару мақсатымен 
орыс  тiлiнде  жазылған.  Бiрақ  жарық  көрмеген.  Мақала  қолжазбадан  аударылып  берiлiп  отыр. 
Қолжазбаны Қазақ ССР Мемлекеттiк Орталық архивiнiң №544 қорынан алып жариялауға дайындаған 
–  Бейсенбай  Байғалиев»дегенмəлімет  береді  [12,  123].Осы  ақпараттық  мəлімдемеде  бiрiншiден,  50 
жасты  «мүшелтой»деп  жаңылысады,  бұл  –  негізінен  мерейтой.  Мұсылмандардың  жыл  қайыруына 
сүйенсек, алғашқы мүшел – «13 жас», осыған 12-ні қосып отырасыз. Сонда келесі мүшел – «25, 37, 
49»  болып  жалғаса  береді.  Мақаланың  қолжазбадан  дайындалғаны  айтылғанымен,  түпнұсқаның 
тағдыры  туралы  ақпарат  бермеген...«Ахмет  Байтұрсынұлы  халық  ағарту  жəне  əдебиет  саласында» 
деп  аталатын  бұл  мақаланың  ғылыми  ортаға  беретiн  жаңалықтары  аса  құнды.  Лингвист 
Т.Шонанұлының мақаласындағы ерекшелiк – А.Байтұрсынұлының өлеңдерiнен алынған үзінділердің 
орыс тiлiне аударылуы мен олардың шығу тарихына түсiнiк талдау беруi. Сондай-ақ тұлғаның қазақ 
халқына  жасаған  қызметi  туралы:  «Қиын  кезеңде  Ахмет  алғашқы  болып  дауыс  көтерiп,  қазақ 
мектебiн,  бiр  жағынан,  дүмше  молдалардан,  екiншi  жағынан,  патша  миссионерлерi  ықпалынан 
құтқару  үшiн  қызмет  еттi»,  –  деп  жазады  [12,  125].  Оның  тiл  саясатында  кемеңгер  күрескер  екенi 
жəне  қазақ  үшiн  жаңа  əлiпбидi  тұңғыш  рет  түзудегi  ірі  құбылыстың  тiзгiнiн  ұстағанынғылыми 
тұрғыдандəлелдейдi.  Т.Шонанұлы  жаңа  əлiпбидiң  ерекшеліктерін  былайша  жіктейді:  «Бiрiншiден, 
А.Байтұрсынұлы əлiпбиi тiлiмiздiң таза сақталуына, екiншiден, əлемдiк мəдениетпен араласу жолын 
жеңiлдетуi, үшiншiден, халық мектептерiнiң өркендеуiне алып қадам жасағаны анық», – деп жазады. 
1915-1916 жылдары түркi халқының тiлi таласқа түскенде Ахметтің ана тiлiмiздi қорғап, «Шекiспей, 
121


бекiспейдi»  деген  мақаласы  мен  «Туған  тiлiм»  деген  өлең  жазғанын  айтады.  Ғылыми  талдауында 
мақала мен өлеңнен үзiндiлер келтiрген. 
1998 жылғы «Қазақ» газетi басылымында «Шекiспей, бекiспейдi» деген мақала мен «Туған тiлiм» 
атты  өлеңнiң  1916  жылы  «Қазақ»  газетiнiң  167-санында  жарық  көргенiн,  мақаланың  авторсыз 
жарияланғанын,  өлеңнiң  «Байқаушы»  деген  бүркеншек  есiммен  берiлгенi  туралы  қысқаша 
ақпараттық  мағлұмат  берілген  [13,  505-524].  Мақала  жинақтың  265-267-беттерінде  берiледi,  өлең 
мəтіні қарастырылмаған. Ғылыми зерттеулердi сараптау барысында «Туған тiлiм», «Дағдарыс» атты 
өлеңдері  жөнiнде  əдебиетші  Б.Байғалиевтiң  1989  жылы  «Жетiсу»,  «Коммунизм  таңы»  облыстық 
газеттерде  танымдық  мақалаларын  кездестірдік  [13].  Өлеңдер  Ахметтің  аты  ақталғаннан  кейiн 
жарияланғанына қарамастан, алғашқы қайта жарық көрген 1989, 1991 жылдардағы əдеби шығармалар 
жинағына енбеді.  
Т.Шонанұлының  мақаласы  «Ұлттық  рухтың  ұлы  тiнi»  атты  ғылыми  жинақта:  «Мақала  əуелгi, 
орыс  тiлiндегi  нұсқасында  тұңғыш  жарияланып  отыр.  Қолжазба  Қазақ  КСР  Мемлекеттiк  Орталық 
архивiнен  алынды:  №544  қор,  1-тiзбе,  104-б.»  деген  ерекше  ескертумен  жарияланды  [13,  39].  Осы 
жерде назар аударатын жайт: осындай сiлтеменi Б.Байғалиев 1995 жылы тарих ғылымының докторы, 
профессор  Қ.Тəкеновпен  бiрге  дайындап  шығарған  Т.Шонанұлының  «Жер  тағдыры  –  ел  тағдыры» 
атты  қайта  басылған  кітабының  216-бетiнде:  «Т.Шонанұлының  мақалалары»  атты  хронологиялық 
тiзiмде де 6-реттiк кезекте айрықша атап өтеді. Мұнда «104-б» дегеннiң орнына «iс» деп көрсеткен. 
Көрсетілген  сiлтемелер  бойынша  қолжазбаның  түпнұсқасымен  танысу  үшiн  ҚРОММ  «544-қор,  1-
тізбе,  104-б.»-ке  сұраныс  жасағанымызда,  папкiнiң  бос  екендігі  анықталды.  Құнды  дерек  қолды 
болған.  Өкініштісі,  тарихи  деректі  құжаттармен  танысуда  мұндай  суыққолдылық  жиі  кездеседі. 
Мұндай  келеңсіздіктің  белең  алуы  ұлттық  мəдени  болмыстың  төмендігінен.  Болмаса  «менде  ғана 
болсын»  деген  мешеулiктен  туған  пендешілік.  Басқаша  теңеу  жоқ.  Осыған  ұқсас  ахуалдар 
Республикалық ұлттық кiтапханада да орын алған. Мəселен, «Байтұрсынов Ахмет түрмеде жатқанда 
чекиспен  əңгiме»  атты  мақаламен  танысу  үшiн  «Торғай  таңы»  газетiнiң  6  маусымдағы  85-нөмiрiн, 
1991  жылғы  тiкпенi  көтерткенiмiзде  «сұраныс  жасаған  нөмір»  орнында  жоқ  болды. 
Н.Машақанованың «Байтұрсын мен Ақтас» деген мұрағат құжаттарын сөйлеткен деректi мақаласын 
мемлекеттік  мұрағаттағы  тарихи  деректермен  салыстыра  оқу  үшiн  «Жұлдыз»  журналының  1990 
жылғы  10-нөмiрiнің  200-203-беттерiнiң  қырқылғанын  көрiп,  қатты  қынжылдық.  Мұндай  дөрекі 
өрескелдiк – адамдардың адалдығының кемдiгi, мəдениетінің жадаулығы.  
Мəселен,  «Туған  тiлiм»  атты  өлеңнiң  Т.Шонанұлы  мақаласында  берiлетiн  алты  жолды,  яғни, 
«Кенің бай, келімің мол туған тілім, Дыбыстың сөз теріп буған гүлін. Қайырған қайдағыны жүйрік ең 
сен. Мен ... құтыла алмас қусам білім. Мен болман болдырамын татар десең, Мен жатпан босағаңда 
жатар десең»деген  үзiндi  1916  жылғы  нұсқамен  салыстырғанда  өлеңнiң  бiрiншi  шумағы  мен соңғы 
шумағының  екі  жолы  қамтылғаны  анықталып,  бұл  өлеңнің  авторы  бір  адам  екені  белгілі  болды. 
Өлеңді 1989 жылы Б.Байғалиев бірнеше рет БАҚ-та жариялады. 
Орыстілді ортаға (аудиторияға) ұғынықты болсын деген ниетпен осы өлеңді Т.Шонанұлы былай 
аударған:  «...Богат  и  гибок  мой  родной  язык,  Звуки  образуют  чудный  букет  слов.  Ты  быстр, 
обгоняешь бегунов, Ты несешь нам культуру. Тебя ничем не заставить отатариться, Тебя не заставить 
валяться в передней».Салыстырып-сараптауда бiрiншi шумақтың 4-тармағындағы оқылмай көп нүкте 
қойылған  екiншi  сөздiң  «тосып»  деген  сөз  екенiн,  жетiншi  шумақтың  2-тармағындағы  «босағаңда» 
деген сөздiң «бiрбөлмеңде» деп жазылғанын анықтадық. Дегенмен бұл болмашы өзгерiстер өлеңнiң 
мазмұнына нұқсан келтiрмейтінiн, қайта «босағаңда» деген сөздiң мəндiрек, тiптi ұйқас буын болып, 
жатық оқылатынын аңғардық. Т.Шонанұлы бұл сөзді «жуан буын» жасау үшін əдейі өзгертсе керек. 
«Алмастың ажарын алмас ашады» деген ғұлама Гейненiң ғибратына жүгiнсек, Телжанның Ахметтi, 
Ахметтiң  Телжанды  «түзетулерi»  жарасымды  емес  пе?!  Телжанның  осы  арнау  мақаласы  –  бүгінгі 
тəуелсіздік  кезеңнің  əдебиеттану  ғылымындағы  қалыптаса  бастаған  ахметтанудың  бағыт-
бағдарларын  анықтауда  нағыз  көмекші.  Сондықтан  Т.Шонанұлын  «ахметтанушылардың  бірегей 
білгірі» деп тануымыз орынды.  
1923 жылы тұлғаның 50 жасқа толу мерейтойына орай, С.Сейфуллин, М.Əуезовтер мен «Ақ жол» 
газетінің  басқармасы  тарапынан  танымы  терең  құттықтау  мақалалар  жазғаны,  бұл  мақалалардың 
ахметтану мəселесінде үлкен рөл атқарғанын бүгiнгi ғалымдар зерттеу еңбектерінде таратып талдап, 
жазып  жүр.  Мақалалардың  құндылығы  соншалық,  бiрнеше  рет  басылым  көргенiн  атасақ  та 
жеткiлiктi. Осы материалдардағы мəлiметтердi негiзге алушылар А.Байтұрсынұлының туған жылын 
«1873»  деп  жүр.  Естелiк-мақалалардың  берерi  мол,  тағылымы  терең  екенiн  терiске  шығармаймыз. 
Бiрақ  онда  келтiрiлген  датаны  «қатып  қалған  қағида»  көзiне  айналдыру,  оны  кейінгі  жинақтарда 
үнемі  негiз  етiп  алу  –  бүгiнгi  жетiлген  ғылымдағы  жетiстiктерге  мiн  болып  тиетiнiн  аңғару,  оны 
ғылыми ортаға аңғарту, тіпті «терісті терістеу» заңына сүйеніп, ақиқатын айту – зерттеудің міндеті. 
Өйткенi  тəуелсiздiктiң  арқасында  «көмбеде»  жатқан  мұрағаттармен  танысу  мүмкiндiгi  туды.  Ал 
тарихи деректердегі құнды құжаттар мен соны айғақтарды сөйлету – ең өзектi мəселе.  
122


Жоғарыда  аталған  ғылыми  зерттеулер  мен  мақалалар  –  «қазақ  тілі»  деген  үлкен  ұғымды,  бір 
ұлттың ықылым заманнан келе жатқан атауын қасақана ысырған «саясаттан» тайсалмаған тұлғаның 
туындыларын  қамтыған  теңдесі  жоқ  материалдар.  Бұл  мақалалардың  мəтініне  қайта  үңіліп, 
мазмұнына тереңдер болсақ, ахметтану мəселесіндегі тұлға келбетін байыта түсері сөзсіз.  
Сонымен,  ахметтанудағы  негізгі  бағытты  бірнеше  салаға  бөлуге  болады:  қазақ  тіл  білімі, 
əдебиеттану,  педагогика,  тарих,  заң,  философия,  экономика,  экология,  көсемсөз  т.б.  Осылардың 
ішінде  қазақ  филологиясының  əдебиет  кафедраларында  ғана  ахметтану  ілімі  факультатив  ретінде 
оқытылып жүр. Аталған салалар бойынша жазылған еңбектер жеткілікті. Ахметтану курсын ЖОО-да 
міндетті пəн ретінде оқытатындай зерттеу жұмыстарының қоры жинақталды. 
Алаш  арыстары  ақталғаннан  кейін  шығармалары  қайта  басылып,  əдебиеттану  ғылымына  «Алаш 
əдебиеті»  деген  үлкен  арна  қосылды.  Осыдан  бастап  А.Байтұрсынұлының  ғұмырбаяны, 
шығармашылығы  зерттеліп  келеді,  оны  келер  ұрпаққа  танытуаясында  тілші,  əдебиетші,  тарихшы, 
педагогика т.б. мамандар ғылыми-зерттеу жұмысын қорғап, монографиялық еңбектер жарық көруде. 
Əлбетте,  олардың  зерттеу  нысандары  –  ғалым  замандастарының  мақалалары.  М.Дулатұлы, 
Т.Шонанұлы,  Е.Омаров,  С.Сейфуллин,  М.Əуезовтей  əдебиет  алыптарының  мақалалары  –  бүгінгі 
ұрпаққа  ғалымның  өмірнамасын,  шығармаларын  жан-жақты  танытуда  негізгі  дерек  көзі.  Демек, 
ахметтану,  ғалымның  əдеби,  ғылыми  шығармашылық  мұрасын  таныту  –  өзі  өмір  сүрген  кезеңнен 
бастау алатыны басы ашық нəрсе.  
 
Əдебиет: 
1.  Самойлович  А.  Литература  турецких  народов  //  Литературы  Востока.  Вып.  І.  -  Петербург,  1919.; 
А.Б.Байтурсынов.  Краткая  биографическая  справка.  Подпись:  А.С.  //  Литературная  энциклопедия.  –  Москва, 
1930. - Том 1. - С. 305-306. 
2. Казакский (Байтурсуновский) алфавит //Литературная энциклопедия. - Т. 5. - Москва, 1931. - С. 23. 
3.  Поливанов  Е.  Новая  казак-киргизская  (Байтурсыновская)  орфография  //  Бюллетень  Среднеазиатского 
государственного университета. - Вып. 7. – Ташкент, 1924. - С. 35-43. 
4. Яковлев Ф. Математическая формула построения алфавита // Культура и письменность Востока. - Книга І. 
- Москва, 1928. - С. 41-64. 
5.  Кононов  А.  Байтурсунов  Ахмед  Байтурсунович  //Биобиблиографический  словарь  отечественных 
тюркологов (дооктябрьский период). – Москва: Наука, 1974. - С. 115. 
6. Қожакеев Т. Қым-қуыт іздер. - Алматы: Санат, 1999. 328-330-б.  
7.  Лайықты  қошемет  (Ахаңа  жасалған  құрмет  жайында.  Мақаланы  дайындаған:  Қамзабекұлы  Д.) 
//Социалистік Қазақстан. – 1991, 12 қаңтар 
8.  Қамзабекұлы  Д  Ақаңның  алдында  //  Қазақ  əдебиеті.  –  1996,  12  наурыз;  Қамзабекұлы  Д.  Руханият.  - 
Алматы: Білім, 1997. - 272 б.  
9. Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда. - Алматы: Жалын, 1996. - 224 б. 
10. Нұрғали Р. Қазақ əдебиетінің алтын ғасыры. – Астана: Күлтегін, 2002. - 528 б.  
11. Омаров И. Ученая деятельность А.Байтурсунова //Труды Общества изучения Киргизского края. - Выпуск 
3. - Оренбург, 1922. 
12.  Шонанұлы  Т.  Ахмет  Байтұрсынұлы  халық  ағарту  жəне  əдебиет  саласында.  1923,  наурыз.  Дайындаған: 
Байғалиев Б. // Жұлдыз. – 1992. №2. 123-128-б.  
13. Байғалиев Б. Ахметтің кейбір өлеңдері мен аудармалары // Жетісу. 1989, 13 қаңтар; Коммунизм таңы. – 
1989, 21 қаңтар 
 
 
Шаяхмет А.  
филол.ғ.к., Ахмет Байтұрсынұлы  
атындағы Қостанай мемлекеттік  
университетінің доценті 
 
Араб таңбасы – Ақаң «Əліпбиінің» негізі 
 
Ахмет Байтұрсынов еңбектерін оқып жатқан бүгінгі ұрпақ, сөз жоқ, бақытты. Мен Ахметтің есімін 
ең  алғаш  бұдан  қырық жыл  бұрын  əкемнің  аузынан  естіген  едім.  Сол  кезде  мұғалім  болып  қызмет 
атқарған əкеміз: «Біз балаларға бас қатыратын шана, щаңғы деген сөздерді жаттатып, үйретіп жүрсек, 
Ахмет  мектепте  сабақ  бергенде  тақтаға  «ш»  əрпінің  араб  таңбасын  салып,  оның  жанына  шал  мен 
шабақтың жəне қасқырдың суретін бейнелеп: 
«Балалар, қараңдар! 
Бұл – аш шал!  
Бойынаназар сал!  
Сақал-шашы ақ,  
Қайраты қайтқан шақ.  
123


Ауқаты – шабақ,  
Сусыны – шалап,  
Қатқан аш, арық,  
Бұл – сондай шатақ шал!» – дейтін.  
Содан  кейін  бұл  əріпті  ешбір  шəкірт  өмірі  ұмытпайтын»,  –  дейтін.  Бұл  шумақта  ұстаз  ақынның 
тапқырлығымен  бірге  ұрпаққа  айтқан  тағылымы  да  жатыр.  «Шал  неге  шабақ  жейді?  Неге  аш? 
Қазақтың төрт түлік малы тұрғанда, шабақты қайтеді?» – деген сауал туады. Сол тұстағы аштықты, 
қазаққа деген қастықты Ахмет Байтұрсынов емеурінмен білдіріп тұр ғой», – деуші еді. Ауыз біреу, 
қол екеу, Ол неліктен бұлай?! Көп істеуші, аз жеуші, жаратқаны ол солай», – деген жолдар да балалар 
əдебиетінің озық үлгісі емес пе?! 
«Ахмет  Байтұрсынов  өз  «Əліппесін»  неге  араб  жазуы  негізінде  жасады?»  деген  сауалға  жауап 
іздесек, бұл жазудың, біріншіден, төл тарихымызбен, ислам мəдениетімен тығыз байланысты екенін, 
екіншіден, оның қазақ балаларының хат тануына өте жеңіл екенін аңғарамыз. 
«Латын  жүйелі  əріппен  жазғанда  қол  қимылдау  бағдары  сағат  тілінің  жүретін  бағдарына  қарсы 
келіп отырады», – дейді Ақаң. Сол ыңғайына қарай жазу жолы да солдан оңға қарай жүреді. Ал араб 
əрпімен  жазғанда  қол  қимылдау  бағдары  сағат  тілінің  бағдарымен  бірыңғай  келіп  отырады.  Сол 
ыңғайыңа қарай жазу оңнан солға қарай жүреді. Мəшине айналдырған жұмыскерге, қол мəшинемен 
тіккен елдерге қарап тұрсақ, бəрі сағат тілінің бағдарымен айналдырады. Қалай да, қолмен айналдыра 
– үйірілдіре қайта-қайта істелетін жұмыстардың бəрі де, мəселен, инемен тігу, арқан есу сағат тілінің 
бағдарымен істеледі, оңнан солға қарай жүреді. Оның бұлай істелетіні қол талмау үшін. Қайта-қайта 
көп  рет  қимылдағанда  ыңғайсыз  жағына  қимылдаса,  қол  тез  талады.  Мəселен,  орысша  жазғанда 
қолдың  талғаны  білінеді,  қазақша  жазғанда  білінбейді.  Ойлап  қараңдаршы,  қарды  жаюдан  жыю 
жеңілірек» [1]. 
Ақаң  екі  əріптің  қайсысы  баспа  ісіне  қолайлы,  кайсысын  үйрету  оңай,  барлығына  жан-жақты 
тоқталып:  «Латын  əрпінен  енетін  үлкен  пайда  түгіл  кішкене  де  пайда  жоқ,  ендеше,  бұл  сияқты 
мəселені  көтеріп,  уақытын  шығын  қылып  жүргендер  болса,  оны  еріккен  адамдардың  ермегі 
есебіндегі құр қиял деп білемін», – деп өз шешімін кесіп айтады. 
Ақанның жан серігі болған алаш ардақтысы – Елдес Омарұлы «Араб таңбасы» туралы еңбегінде 
«ескішілдік деген не?» деген сауал қойып алып, іле-шала: «Ескішілдік деген – бұрыннан үйреншікті 
болып, бойына сіңіп қалған əдет. Үйренген əдеттен бұрылып шығуға болмайды. Бұрын орысша оқып, 
үйреніп қалған қазақ жігіттері қазақша жаза алмайды. Пішіндемеде кездесетін түрлі атауларды қазақ 
əрпімен  белгілесек,  олар  бұрын  түйе  көрмеген  жылқының  түйеден  үріккеніндей  осқырынып 
қарайды...  Міне,  ескішілдік  деген  –  осы.  Өзінің  үйреніп  қалғанынан  басқаға  осқыра  қарайтындық» 
[2],  –  дейді.  Осынау  сөздер  күні  бүгін  де  мағынасын  жоймаған,  біздің  қазақ  қауымына  арнап 
айтылған  сөз  секілді  əсер  етеді.  Кезінде  қазақ  зиялылары  осындай  сөздерге  құлақ  қоймағаны 
өкінішті, əрине! 
Қазақша  жазу  туралы  жаңа  ережелерді  де  Елдес  Омарұлы  дайындап,  оған  Қазақстан 
Республикасының сол тұстағы оқу комиссары – Нұғыман Балаұлы, қазақ комиссиясының бастығы – 
Ахмет Байтұрсынұлы жəне қазақ комиссиясының жаршысы (секретарь) – Елдес Омарұлы қолдарын 
қойған. 1926  жылы  Баку  шаһарында  өткен  түркішілердің  бірінші  құрылтайына  қазақ  елінен  Ахмет 
Байтұрсынұлы,  Əзиз  Байсейітұлы,  Білəл  Сүлейұлы  жəне  Елдестің  өзі,  сонымен  бірге  Мəскеуден 
Нəзір  Төреқұлұлы  арнайы  шақырылып,  əлемге  əйгілі  академиктер  –  Бартольд,  Ольденбург,  Малов, 
Яковлев, Ашмарин, Ибрагимов тағы басқа білгір мамандардың алдында Ахмет пен Елдес те мінбеге 
бірнеше рет шығып, қазақ тілінің ғылыми зерттелуі, түркі халықтары тілдері арасында алатын орны 
туралы өз қисынын баяндаған.  
«Латын  əрпін  аламыз»  деу  –  тек  сыртына  қызыққандық.  Біз  латынның  əрпін  аламыз  дегенше 
«Йауропаның мəдениетін қалай аламыз?» деп кеңесуіміз керек. Мəдениетсіз біреудің іші қуыс тонын 
киюден пайда шамалы. Біз не нəрсенің де сəніне қызықпай, дəніне қызығуымыз керек. Латын əрпіне 
ентелегенше,  біз  қазіргі  қолданып  келе  жатқан  əріптерімізді  түзетіп,  баспахана  қызметкерлеріміз  – 
əріп  түзеушілерді  даярлап,  баспа  істерімізді  жөндеуге  кірісуіміз  керек.  Нəзір  айтқандай,  басқа 
түріктер 25 жылдан бері жазу мəшинесін дұрыстай алмай жүрген болса, біз қазір оны жасап, жазып та 
отырмыз.  Əлде  де  болса  орынсыз  латыншаны  ортаға  салғанша  өз  əріптеріміздің  кемшілігін 
толықтыралық,  соны  қолданалық.  Бізді  мəдениетке  жеткізбей,  бөгеп  жүрген  –  түрік  əліпбиі  емес, 
сондықтан  оны  жазықсыз  құрбан  қылудың  орны  жоқ»  [3],  –  деген  Елдестің  уəжі  саналы  адамдар 
санасына сəуле түсіргендей еді.  
«Ақаң əрпін түзетуге көп ақша шықты» деу дұрыс емес. Шығын болмай іс бола ма? Ақаң əрпін 
түзетуге  көп  пұл  шықса,  бүгін  соның  арқасында  əрпіміз  түзеліп  отыр.  Енді  түзелген  əріпті  тастай 
беріп, «əзірбайжан алды, пəлен алды, түген алды» деп латын əрпіне көшсе, тағы шығын шықпай ма? 
Əлде латын əрпі тегін келіп, біздің латын əрпімен қайта басылатын толып жатқан кітаптарымыз тегін 
басыла  ма?  Мұны  да  ойлау  керек  қой.  Əзірбайжанда  «оқығандар  табы»  деген  тап  бар.  Олар  – 
124


ақсүйектер, бұқарадан артық болғысы келетіндер. Латын əрпін алып отырған, алдырып отырған – сол 
елден жырылып  кеткен  оқығандар.  Оларға біз еліктемеуіміз керек.  Латын əрпі қазақ  əрпінен артық 
емес. Сондықтан қазақ еліне оның керегі жоқ!» [4]. 
Елдес Омарұлы «қазақтар араб жазуын қолданғаны дұрыс па əлде латын əрпіне көшуі қажет пе?» 
деген  пікірталаста  сөйлеген  сөзінде  араб  таңбасының  артықшылығын  ғылыми  тұрғыда  дəлелдейді: 
«Тағы да жазуға келгенде, біздің оңнан солға жазуымыз əбден дұрыс, – деп жазады ғалым, – өйткені 
адамның  табиғаты  жаратылысында  солай.  Мəселен,  жіп  иіргенде  қазақтың  əйелдері  оңнан  солға 
қарай иіреді. Солдан оңға қарай иіруге олардың табиғаттары көнбейді, ыңғайлары келмейді. Жазу да 
осы сияқты. Тек біздің орысша жазып үйреніп қалғандарымыз ғана оңнан жаза алмайды. Сонан соң 
солдан жазуды мақтап, жорта «жылдам жазылады» деп, тəжірибесіз демагогтікке салынады». 
Елдес Омарұлы: «Мəскеуге барған қазақтың жігіттері мен əйелдерінен: «Қай ұлттан боласың?» – 
деп  сұрасаң,  «қазақпын»  деуге  арланып,  «жапонмын»  дейді»,  –  дей  келіп:  «Бұл  –  не?!  Қазақтан 
жиренгендік. Ақылы соған өлшенгендік. «Латын əрпін аламыз» деушілер де қазақтың қазіргі əрпінен 
жиренеді. Ол – олардың орысша үйреніп қалған əдеттерінен шыға алмай, сырты сұлуға еліктегенінен 
шыққан əдет» [5], – деген қорытынды жасайды. 
«Латын əрпін алғаш шығарған латын елі осы күні мүлде жоқ. Латын – бұл кезде жоғалған ел. Осы 
күнгі  Еуропа  елі  əуелде  өзі  бастап  өздерінің  надан  кезінде  əріпті  арабтан  үйренген.  Олар  қазіргі 
қолданып  отырған  əріптерінің  негізін  арабтан  алып,  бертін  келе,  мəдениеті  өсе  келе,  араб  əрпін 
өзгертіп алған. Мəдениетті ел өнерді, табиғатты өздеріне икемдеп, сыртқы түрлерін өз ыңғайларына 
қарап  өзгертіп  алады.  Біз  сияқты  мəдениетсіз  бейшара  елдер  оны  білмейді.  Өнерді,  мəдениетті, 
техниканы өз тұрмысына ыңғайлаңдырып өзгертіп алудың орнына «өнерге, табиғатқа өлшеп, өздерін 
өзгертеміз»  деп  əуреленеді.  Егер  бұлай  болса,  бара-бара  «қазақтың  тілін  де  өзгертеміз»  дер.  Еңді 
сөзімді  басқа  ойға  бытыратуды  осымен  тоқтатып,  Əбдірахманның  баяндамасына  келейін. 
Əбдірахман:  «Басқа  күншығыс  елдерінің  бəрі  де  латын  əрпіне  көшті.  Біздің  олардан  қалып 
қоюымызға  болмайды»,  –  дейді.  Басқа:  əзірбайжан,  қырғыз,  өзбек  сияқты  елдердің  «латын  əрпіне 
көшеміз»  деп  дайындалып  жатқаны  рас.  Бірақ  «олар  көшті»  деп,  біздің  ойламай,  ауыр  мен  жеңілді 
салыстырмай көшуіміздің керегі жоқ. Əуелі сол латын əрпін алған елдер неге алып отыр? Алуларына 
қандай себептер болды? Олардағы себеп бізде бар ма? Міне, осы мəселелерді шешуіміз керек» [7], – 
деген Елдес сөзі Ақаң ойымен сабақтас, өзектес. 
Бейсенбай  Кенжебаев  «Қазақ  əдебиеті  тарихының  мəселелері»  деп  аталатын  кітабында  «Айқап» 
журналының  алғашқы  шығарушысы  –  Мұхаметжан  Серəлиннің  рөлін  ерекше  бағалайды.  «Журнал 
шығарудағы  мақсатымыз  –  тек  қана  жұрттың  көзі,  құлағы  болмақ  еді»  [8],  –  деген  Серəлин  сөзін 
кейін Ахмет Байтұрсынов іліп алып кеткенін білеміз. 
Қазақ  басылымдары  арасында  ұлт  ұйтқысы  болуға  талпыныс  жасаған  жəне  діттеген  мақсатына 
жеткен басылым «Қазақ» газеті болатын. Орынбордағы қазақ шəкірттерінің ынтасымен, қолдауымен 
жарық көрген газеттің ыстығына күйіп, суығына тонған Ақаң болған. «Қазақ» газеті жабылып қалар 
қысылтаяң сəт туғанда айыбын төлеп, Ақаңды абақтыдан құтқарып қалған қазақ оқығандарының іс-
əрекеті  олардың  Ахмет  Байтұрсыновтың  жеке  тұлғасына  деген  құрметін  ғана  емес,  сонымен  бірге 
газетке деген сүйіспеншілігін де көрсетсе керек. 
«Біздің  газетіміздің  таңбасы  –  «Қазақ»,  яғни,  қазақтығымызды  сақтау.  Қазақтық,  əрине, аты  мен 
тілі  жоғалмаса  – сақталады. Бұл айтқанымыз –  «русша  (орысша)  я басқаша  оқымасын»  деген емес, 
русша тілін де білу керек. Бірақ өз тілінен жиренбеске керек» деген сөз. Тұтынбаған нəрсе жоғалады. 
Он жыл, он бес жыл еңбек етіп, қиналып, рус, яки, əдеби тілдерді үйренгендерге «өз тілімен жазуды 
үйрену  қиын»  деп  ешкім  айта  алмас»  деген  Ақан  сөзі  тағы  ойға  оралады.  Қостанайлық  Уəлиолла 
Халили  «Айқап»  журналында  жарық  көрген  «Тіл  сақтаушылық»  деген  мақаласында:  «  Бізге  бұл 
күнде басшы болған, халыққа үлгі көргізген жігіттеріміз жоқ емес қой. Мынау «Маса» мен «Қырық 
мысалды»  жазушы  Ахмет  Байтұрсынов  секілді  ерлерді  халық  қызметшісі  деуге  болады»,  –  деп 
жазады.  
«Еңбекші  қазақ»  газетінің  1931  жылғы  24  шілдедегі  санында  Бахтияр  деген  ақын  «Жаңа  əліп 
жолында»  деген  өлеңінде:  «Арабшы,  жаңа  əліпші  Екі  жақ  боп  тартысты.  Ахмет,  Елдес, 
МұхтарларАрабқа жұмсап бар күшті», – деп жазғанында да сол кездегі саясат пен уақыттың табы бар. 
Білəл Асфандияров өзінің естелігінде ағарту мекемелерінің ашылуы туралы айта келіп: «Бəрінен 
де  қазақ  мектептері  көп  қиындық  көрді.  Ол  баяу  қалыптасып,  қателер  де  жіберіп  отырды.  Қазақ 
мектептерінің  көптеген  мұғалімдері  тек  ескі  араб  жазуын  ғана  білетін.  Қазақ  тілінде  реформа 
жасалып,  ескі  араб  жазуының  жаңа  араб  таңбасымен,  одан  кейін  латын  таңбасымен  ауыстырылуы 
мектептерді  жұмысты  басынан  бастауға,  ал  мұғалімдерді  əліппені  оқытудың  методикасын  іздеуге 
мəжбүр  етті.  Оқулық  пен  көрнекі  құралдар  шығарып  үлгіру  қиын  болды.  Оның  үстіне  көптеген 
мектеп жабдықтары мен оқу құралдары жетіспеді. Бұл кезде политехникалық білім беруді ойлаудың 
өзіне мүмкіндік жоқ-ты» [9],– деп жазған болатын.  
125


Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, араб таңбасы – Ақаң «Əліпбиінің» негізі, төте жазу 
сол кездегі қазақ баласының сауатын ашуда тура жол болды. Бұл жазуды келешекте пайдалана білу 
еш уақыт маңызын жоймақ емес. 
 
Əдебиет: 
1.
  Ахмет Байтұрсынов Ақжол. - Алматы: Жалын, 1991. 
2.
  Ахмет Байтұрсынов Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992. 
3.
  Ахмет Байтұрсынұлы Қазақ тіл білімінің мəселелері. - Алматы: Абзал-ай, 2013. 
4.
  Ахмет Байтұрсынұлы Бес томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Алаш, 2006. – 4-том. 
5.
  Қазақ білімпаздарының түңғыш сьезі. Бірінші қырғыз ғылыми сьезінің еңбектері. - Орынбор, 1925. 
6.
  Кенжебаев Б. Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері. – Алматы, 1985.  
7.
  Алаш көсемсөзі: тіл мəселесі. - Алматы, 2014. – 2-том. 
8.
  Елдес Омарұлы Шығармалар. - Қостанай, 2015. 
9.
  Асфандияров Б. Образование Букеевской орды и ее ликвидация. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007. 
10.
 ХХ ғасыр басындағы қазақ тіліне қатысты зерттеулер. - Алматы: Қазығұрт, 2010. 
11.
 Шаяхмет А. Тайбағар. - Астана: Фолиант, 2011. 
 
 
Жұбаева О. 
филол.ғ.д., А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі 
 институты грамматика бөлімінің меңгерушісі 
 
Қазіргі қазақ тіл біліміндегі инновациялық бағыттардың  
А.Байтұрсынұлы еңбектерімен сабақтастығы 
 
А.Байтұрсынұлы еңбектері мен кейінгі оқулықтарды өзара салыстыра отырып, ғалымның көптеген 
категориялардың  еңбектерінде  басқаша  сипатталғанын,  бірқатар  өзгешеліктер  барын  байқаймыз. 
Қазақ  тіліндегі  жақ  категориясының  анайы/сыпайы  түрге  жіктелуі  ментальділіктің  (ұлттық  діл) 
көрсеткіші бола алады. Бұл туралы А.Байтұрсынұлы былай дейді: «Сыпайылап сөйлегенде, сөйлеуші 
өзін  мен  деудің  орнына  біз  дейді,  тыңдаушыға  сен  деудің  орнына  сіз  дейді,  бөгде  кісіні  ол  деудің 
орнына  ол  кісі  дейді.  Сондықтан  біз  –  І  жақ,  сіз  –  ІІ  жақ,  ол  кісі  –  ІІІ  жақ  болады»  [1,  226]. 
А.Байтұрсынұлы еңбектерін зерделей отырып, ғалымның тəуелдеу мен жіктеуді, ең алдымен, анайы 
жəне сыпайы түрге бөліп алғанын көреміз. Анайы түрін іштей І жақ (мендік), ІІ жақ (сендік), ІІІ жақ 
(бөгделік), сыпайы түрін І жақ (біздік), ІІ жақ (сіздік), ІІІ жақ (оларлық) түрінде бөліп алған.  
ІІІ жақ адамға қатысына қарай І, ІІ жаққа қарсы қойылады. Ол көбінесе нөлдік тұлғада келеді: Мен 
студентпін,  сен  студентсің,  ол  –  студент.  А.Байтұрсынұлы  адамға  қатысты  қолданылатын  ІІІ 
жақты  ол  кісі  түрінде  даралаған.  Жақ  категориясы  өз  ішінен  оппозиция  құрап,  адамға  қатысты 
қолданылуына қарай І, ІІ жақ ІІІ жаққа қарсы қойылады. ІІІ жақ өз ішінен адамға да, затқа да қатысты 
қолданылуы бойынша жіктеледі. Сонымен қатар қазақ тіліндегі ол есімдігі жіктеу есімдігі ретінде де‚ 
сілтеу  есімдігі  ретінде  де  қолданыла  береді.  Мысалы:  Ол  бүгін  келеді  деген  сөйлемде  ол  –  жіктеу 
есімдігі  ретінде  қолданылса‚  Ол  ағашқа  тиіспе  деген  сөйлемде  ол  –  сілтеу  есімдігі  ретінде 
қолданылып  тұр.  Жіктеу  есімдігі  мен  сілтеу  есімдігінің  арасында  тұлғалық  айырмашылық  жоқ.  Ол 
есімдігі бұл‚ сол‚ анау‚ мынау т.б. есімдіктермен қатар сілтеу есімдігі ретінде қолданыла береді. Бұл 
басқа түркі тілдеріне де тəн.  
А.Байтұрсынұлы  еңбектерінде  анайы  жіктеудің  І  жақ  көпше  түрі  жоқ  екені  айтылады.  Қазақ 
тіліндегі  жіктеу  есімдіктерінің  өзіндік  ерекшелігіне  сəйкес,  сен  есімдігінің  көпше  түрі  сендер 
болғанмен, мен есімдігінің көпше түрі мендер бола алмайды. Ал кейінгі грамматикаларда көрсетіліп 
жүргендей, біз, біздер есімдігіне ауысса, ол сыпайы жіктеуге айналып кетеді. Анайы жіктеудің І жақ 
көпше түрінің біз-ге ауыса алмайтыны тəуелдеудің анайы-сыпайы түрін салыстырғанда‚ ерекше көзге 
түседі. 
 
Анайы түрі:  
 
 
 
Сыпайы түрі: 
І жақ анам аналарым  
 
 
І жақ анамыз аналарымыз 
ІІ жақ анаң аналарың  
 
 
ІІ жақ анаңыз аналарыңыз 
ІІІ жақ анасы аналары  
 
 
ІІІ жақ анасы аналары 
 
А.Байтұрсынұлы  анайылық  түр  –  оңаша  тəуелдеу,  сыпайылық  түр  –  ортақ  тəуелдеу  болатынын 
айтады. Сондай-ақ ғалым жіктік жалғаулары І, ІІ жақта өзара ымыраласып, ІІІ жақтың көпше түрінде 
ымырадан  шығып  кететінін  ескертеді.  Тəуелдеудің  анайы  түрі  жекеше  менің  атам  болса,  көпшесі 
126


менің  аталарым  түрінде  болады;  соған  сəйкес  сыпайы  түрі  жекеше  біздің  атамыз  болса,  көпшесі 
біздердің аталарымыз түрінде болады. Осыдан-ақ айқын көрініп тұрғандай, анайы жіктеудің көпше 
түрі  қазақ  тілінің  заңдылығы  бойынша  біз,  біздер  түріне  ауысып  кете  алмайды,  ауысқан  жағдайда 
бүкіл жүйе бұзылады. Ендеше, А.Байтұрсынұлының «анайы жіктеудің І жақ көпше түрі жоқ» деген 
тұжырымымен толық келісуге болады. 
 
Қазақ тіліндегі анайы жəне сыпайы түрдегі жіктеу үлгісі:
13
 
 
Анайы жіктеу 
жекеше: 
көпше: 
І жақ  
мен келдім 
— 
ІІ жақ  
сен келдің 
сендер келдіңдер   
ІІІ жақ  
ол келді 
олар келді 
Сыпайы жіктеу 
жекеше: 
 
көпше: 
І жақ  
біз келдік 
біздер келдік 
ІІ жақ  
сіз келдіңіз 
сіздер келдіңіздер 
ІІІ жақ  
ол кісі келді 
ол кісілер келді 
 
 
 
 
 
Мен  есімдігінің  (І  жақ)  ерекшелігі  түркі  тілдерінде‚  оның  ішінде  қазақ  тілінің  материалдары 
негізінде өте айқын көрінеді. Сөйлеуші (І жақ) əрдайым жекеше түрде қолданылады. І жақтың көпше 
түрі  біз-ге  ауысатын  болса‚  оның  құрамы  мен+мен+...  +  мен  емес‚  мен+сен  немесе  мен‚  ол  т.б. 
түрінде  келеді.  І  (сөйлеуші)  жақ  пен  ІІ  (тыңдаушы)  жақ  ерекше  референтті  білдіріп‚  өзара  қарсы 
қойылады.  І‚  ІІ  жақтың  көпше  түрі  бірдей  адамдардың  көптігін  емес‚  əртекті  референттердің 
жиынтығын  білдіреді.  Ендеше‚ сендер  əртекті  референттен құралуы  мүмкін  болғанмен‚ мен  (І  жақ) 
əртектілік құрай алмайды. Соған сəйкес сен есімдігінің көпше түрі сендер болғанмен‚ мен есімдігінің 
көпше түрі мендер бола алмайды. Бұдан І‚ ІІ жақ «бірегейлік/жиынтық» корреляты бойынша қарсы 
қойылғанда‚  олар  өзара  тең  түсе  алмайтынын  көреміз,  яғни,  сөйлеуші  əрдайым  біреу  ғана 
болғандықтан‚  ол  көптік  тұлғада  қолданыла  алмайды.  Осы  жағынан  келгенде‚  І  жақ  (мен) 
референтінің  өзіндік  ерекшелігі  байқалады.  Сондықтан  қазақ  тіліндегі  І  жақ  көптік  формасы 
инклюзив/эксклюзив коррелятында қолданыла алмайды.  
Үндіеуропа тілдерінде‚ оның ішінде орыс тілінде І жақ көпше түрі (мы) я+не я түрінде жалпылық 
мəнге  ие  болғанмен‚  бұл  заңдылық  қазақ  тіліне  сəйкес  келмейді.  Қазақ  тілінде  мен+мен  емес  мəні 
мендер  тұлғасында  емес‚  біздер  тұлғасында  қолданыс  табады.  Сонымен  қатар  орыс  тілінде  вы 
есімдігі  қазақ  тіліндегі  сендер‚  сіз‚  сіздер  тұлғаларында  бірдей  қолданылады,  яғни,‚  екінші  сөзбен 
айтқанда‚  қазақ  тіліндегі  анайы  көпше  (сендер)‚  сыпайы  жекеше  (сіз)  жəне  көпше  (сіздер) 
тұлғаларының  орнына  орыс  тілінде  бір  ғана  форма  (вы)  қолданылады.  Қазақ  тілін  зерттеген  орыс 
тілді  ғалымдар  көбінесе  осы  тұста  орыс  тілінің  заңдылықтарына  түсіп  кетіп  отырған.  Қазақтар 
арасында  болып‚  олардың  сөйлеу  мəдениетімен  жақын  танысқан  Н.Ильминский:«Жасы  үлкен  адам 
мен  жасы  кіші  адам  сөйлескен  кезде  мен,  сен  есімдіктері  қолданылмайды.  Қазақтар  сыпайылық 
сақтап, тыңдаушысын сыйлап мен, сен есімдіктерінің орнына біз, сіз есімдіктерін қолданады. Қазақ 
тіліндегі бұл екі сөзді жекеше, сыпайы түрге жатқызу керек», – дегенмен [2]‚ қазақ тіліндегі жіктелу 
үлгісін беруде орыс тілінің заңдылығына түсіп кеткен. М.Терентьев‚ П.Мелиоранский‚ И.Лаптьев т.б. 
зерттеушілердің  еңбектеріндегі  жіктеу  үлгісі  де  осы  сипатта,  яғни,  оларда  анайы-сыпайы‚  жекеше-
көпше  жіктеу  үлгілері  өзара  шатастырылып‚  вы  есімдігінің  қазақ  тілінде  үш  түрлі  тұлғада  көрініс 
табатыны ескерілмеген. Келтірілген деректер қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін‚, яғни, орыс тіліндегі 
мы‚ вы тұлғалары қазақ тілінде де сол үлгіде қолданыла алмайтынын көрсетеді.  
Осыған байланысты қазақ тіліндегі жіктелу жүйесін дұрыс түсіну үшін‚ ең алдымен‚ анайы жіктеу 
мен сыпайы жіктеуді өзара ажыратып алу керектігі көрінеді. Сонда ғана жіктеу жүйесінің табиғаты 
толық  ашылады.  Орыс  тілінде  бірегейлік/жинақтылық  корреляты  бойынша  я‚  ты  есімдіктері 
бірегейлік  қатарында  танылса‚  қазақ  тілінде  бірегейлік  қатарында  мен‚  сен  (анайы  жіктеудің  І‚  ІІ 
жағының  жекеше  түрі)‚  біз‚  сіз  (сыпайы  жіктеудің  І‚  ІІ  жағының  жекеше  түрі)  есімдіктері 
қолданылады. Біз‚ сіз есімдіктері – Н.Ильминский дұрыс көрсеткендей‚ көптік ұғымда емес‚ жекелік 
ұғымда қолданылады‚, яғни, сыпайы жіктеудің жекеше түрлері. Сол себепті де біз құрамына мен‚ сен 
                                                           
13
Бұл жерде А.Байтұрсынұлының жіктеу парадигмасын негізге алып отырмыз. 
127


есімдіктері‚ сіз құрамына сен‚ сен есімдіктері кіре алмайды. Біз‚ сіз сыпайы жіктеу тұлғалары мен‚ 
сен анайы жіктеу тұлғаларымен өзара сəйкес келіп‚ бірегейлік қатарын құрайды‚ жиынтық қатарында 
біздер‚ сіздер есімдігі танылады.  
Тəуелдік, жіктік жалғауларының сыпайы түрі тек ІІ жақпен ғана шектелмейтінін тіл фактілері де 
көрсетіп отыр. Мəселен, ресми стильде мен орнына біз қолданылатын тұстар баршылық. Тіл — тұтас 
жүйе  болғандықтан,  оның  əрбір  мүшесі  сол  жүйеге  бағынып  тұрады.  Сондықтан  анайылық  жөннің 
үш жақта көрінетіні сияқты, сыпайылық жөн де осы үлгімен берілуі қажет деп ойлаймыз.  
«Жіктеу»  жалғаулары  дегеннің  орнына  «айқындық»  жалғаулары  деп  қолданғанмен, 
Қ.Басымұлының  еңбектері  де  жіктеулерді  анайы-сыпайы  түрге  бөлуі  жағынан  А.Байтұрсынұлы, 
Қ.Кемеңгерұлы еңбектерімен сарындас. Т.Шонановтың «Самоучитель казахского языка для русских» 
деген  еңбегіне  пікір  жазушы  Байменов  пен  Қасымов  та  автордың  жіктеудің  көпше  түрі  етістік 
түбіріне  -ыңыз  қосымшасы  жалғану  арқылы  жасалады  (алыңыз)  деген  тұжырымына  қарсылық 
білдіріп,  алыңыз  деген  сөз  сыпайы  жіктеудің  жекеше  түрі  болатынын,  ал  етістігінің  анайы,  көпше 
түрі, алыңдар болуы керектігін айтады [3, 45].  
Т.Шонанов  тəуелдік  жалғауларын  түсіндіруде  М.Терентьев,  П.Мелиоранский,  И.Лаптев, 
Н.Созонтов  еңбектерін  басшылыққа  алады  да  көпше  түрі  -ыз/-із  қосымшалары  жалғану  арқылы 
жасалады  деп  (баламыз,  қаламыз)  түсіндіреді  [4].  Осы  үрдіс  кейіннен  І.Кеңесбаев,  Н.Сауранбаев 
еңбектерінде  жалғасын  тапқан.  А.Байтұрсынүлы,  Қ.Кемеңгерұлы,  Қ.Басымұлдары  оңаша  тəуелдеу 
мен  анайылық жөн,  ортақ  тəуелдеу  мен  сыпайылық  жөн  бірдей айтылады  деп  түсінсе,  І.Кеңесбаев, 
Ғ.Бегалиев,  Н.Сауранбаев  еңбектерінен  бастап  тəуелдеу  оңаша,  ортақ  түрге  сараланғанмен, 
сыпайылық  жөн  ІІ  жақпен  ғана  шектеледі.  Бұл  кейінгі  еңбектерде  де  сабақтастық  тауып,  мектеп 
оқулықтарында,  «Қазақ  тілінің  грамматикасында»  [5,  168-178],  А.Ысқақов  «Қазіргі  қазақ  тілі»  [6, 
408],  С.Исаев  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сөздердің  грамматикалық  сипаты»  [7,  304]  т.б.  еңбектерде 
жіктеу мен тəуелдеудің сыпайылық жөні ІІ жаққа байланысты ғана түсіндіріледі.  
Қазақ  тіл  білімі  қалыптаса  бастаған  кезеңде  А.Байтұрсынұлы  жолымен  Қ.Кемеңгерұлы, 
Қ.Басымұлы,  Байменов,  Қасымов  сияқты  ғалымдардың  жіктеулерді  анайы  жəне  сыпайы  түрге 
ажыратқанын  көреміз.  Алайда  кейіннен  бұл  ғалымдар  назарынан  тыс  қалып,  сыпайы  түрі  екінші 
жаққа  ғана  қатысты  сөз  бола  бастайды.  Ондай  еңбектердің  қатарына  І.Кеңесбаев,  С.Аманжолов, 
Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев, А.Ысқақов, С.Исаев еңбектері мен «Современный казахский язык», «Қазақ 
тілінің  грамматикасы»  т.с.с.  жинақтарды  жатқызуға  болады.  Жіктеуді  анайы  жəне  сыпайы  түрге 
сараламаудың  нəтижесінде  аталған  еңбектерде  І  жақ анайы жіктеудің  көпше  түрі  мен  осы  жақтағы 
сыпайы  жіктеудің  жекеше  түрінің  орындары  ауысып  кеткен.  Анайы  жіктеудің  І  жақ  көпше  түрі 
(мендер)  болмағандықтан,  А.Байтұрсынұлы  еңбектерінде  етістіктердің  жіктелу  үлгісінде  де  осы 
ұстаным сақталған. Оны бұйрық райдың жіктелу үлгісінен де байқауға болады.  
 
Анайы жіктеу 
жекеше: 
көпше: 
І жақ  
-йын/-йін 

ІІ жақ  
етістік түбірі  
-ңдар/-ңдер 
ІІІ жақ  
-сын  
-сын /-сін 
Сыпайы жіктеу 
жекеше: 
көпше: 
І жақ  
-йық/ -йік  
-лық/-лік 
ІІ жақ  
-ңыз/-ңіз  
-ныздар/-ңіздер 
ІІІ жақ  
-сын/-сін  
-сын/ -сін 
 
Байқап  отырғанымыздай,  бұйрық  райдың  анайы,  көпше  түрінің  І  жағы  жоқ  (дұрысында  да,  сен 
айт  дегеннің  көпше  түрі  сендер  айтыңдар  болғанмен,  мен  айтайын  дегеннің  көпше  түрі  ретінде 
мендер айтайындар деген қолданыс тілімізде мүлде жоқ). Қазіргі грамматикаларда І жақтың көпше 
түрі ретінде көрсетіліп жүрген -йық/ -йік жалғауы А.Байтұрсынұлы еңбектерінде сыпайы жіктеудің 
І  жақ  көпше  түрі  ретінде  берілген,  ал  А.Байтұрсынұлы  жіктеулеріндегі  сыпайы  жіктеудің  І  жақ 
көпше  түрі  ретінде  берілген  -лық/–лік  тұлғалары  кейінгі  грамматикаларда  мүлде  көрсетілмеген. 
А.Ысқақов,  С.Исаев  сынды  ғалымдар  жіктік  жалғауының  көпше  түрі  кейде  -лық/-лік  тұлғасында 
қолданылатыны  туралы  айтып  кетеді.  Мысалы,  А.Ысқақов  Ыбырай  Алтынсарин,  Абай  Құнанбаев 
өлеңдерінен  мысалдар  келтіре  отырып,  қазіргі  көркем  əдебиетте  -лық/-лік  формасы  қолданыла 
беретінін айта келіп: «Бірақ əдеби тіліміздің қазіргі бағытында бұл формадан гөрі -йық/-йік формасы 
128


көбірек колданылып, бірте-бірте негізгі нормаға айналып бара жатқан сияқты», – дейді [6, 73]. Екінші 
сөзбен  айтқанда,  тілімізде  бұрыннан  бар,  əлі  де  қолданылып  келе  жатқан  -лық/-лік  формасы 
грамматикаларда  жіктеу  парадигмасынан  өз  орнын  таппай  келеді.  Оның  себебі  –  анайы-сыпайы 
жіктеуді қатаң сараламаудың салдарынан жəне анайы жіктеудің І жақ көпше түрін шатастырудан деп 
ойлаймыз.  Тілде  үнемдеу  құбылысы  –  үнемі  үздіксіз  жүріп  жататын  үрдіс.  Сондықтан  басы  артық 
нəрсе  онда  көп  тұрақтана  алмайды.  Ал  -лық/-лік  формасының  жойылып  кетпей,  əлі  де  қолданыла 
беруі – тілімізде бұрыннан бар тұлға болуына байланысты деп ойлаймыз. 
А.Байтұрсынұлы тұжырымдарының кейінгі еңбектерден ерекшелігі: 
а) ғалым анайы жіктеудің І жақ көпше түрі болмайтынын көрсетеді; 
ə) билік райдың (бұйрық рай) сыпайы жіктеуінің түрі жекеше түрі І жақта -йық/-йік, көпше түрі -
лық/-лік жалғаулары жалғану арқылы жасалатынын айтады;  
б)  басқа  райларда  сыпайы  жіктеудің  жекеше  түрі  мен  көпше  түрінің  І  жағы  ерекшеленбейтінін 
(жазамыз, жазсақ, жаздық т.с.с.); ІІ жағында ғана өзгерістері болатынын (жазасыз – жазасыздар, 
жазсаңыз – жазсаңыздар, жаздыңыз – жаздыңыздар т.с.с.) көрсетеді. 
Ал  кейінгі  зерттеулер  мен  оқулықтарда  анайы  жіктеу  мен  сыпайы  жіктеу  деп  сараланбай, 
сыпайылық  жөн  ІІ  жаққа  қатысты  ғана  сөз  болып  жүр.  Соған  байланысты  сыпайы  жіктеудің  ІІ 
жағының  ерекшеліктері  көрсетілгенмен,  І  жағының  өзгешеліктері  ескерусіз  қалған.  Сол  сияқты 
анайы түрінің І жақ көпшесі ретінде сыпайы жіктеудің І жағы көрсетіліп жүр. 
А.Байтұрсынұлының  жіктеу  табиғатын  түсіндіруі  мен  кейінгі  ғалымдардың  еңбектерінде  сəйкес 
келмейтін  тұстар  қазақ  тілінде  жіктеу  ерекшеліктерінің  əлі  де  толық  танылып  бітпегенін,  талас 
тудыратын  тұстарының  кездесетінін  танытады.  Ұлттық  дүниетаным  мен  сөйлеу  мəдениетіміздің 
айнасы іспетті жіктеу мен тəуелдік жалғауларының өзіндік болмысын əлі де зерделей түсу қажеттігі 
даусыз. 
Функционалды 
грамматикада 
арнайы 
зерттеліп 
жүрген 
категориялардың 
бірі 
– 
белгілілік/белгісіздік  функционалды-семантикалық  категориясы.  Бүгінгі  таңда  қазақ  тіл  білімінде 
белгілілік/белгісіздік  функционалды-семантикалық  категориясы  арнайы  зерттеу  нысанына  алынып, 
Н.Сəрсенбаева,  А.Тураева  сияқты  зерттеуші-ғалымдардың  еңбектерінде  сөз  болып  келеді. 
Белгілілік/белгісіздік  функционалды-семантикалық  категориясы  атауды  арнайы  қолданбағанмен, 
А.Байтұрсынұлы есімдіктерді топтастырғанда, осы категорияның өзіндік белгілерін, ерекшеліктерін 
толық  түсінгені  анық  байқалады.  Қазіргі  оқулықтарда  есімдіктер  жеті  топқа  жіктеліп  жүр:  жіктеу, 
сілтеу,  сұрау,  өздік,  жалпылау,  болымсыздық,  белгісіздік.  А.Байтұрсынұлы  еңбектерінде  есімдіктің 
бес  түрі  ғана  көрсетілген.  Ғалымның  есімдіктерді  жіктеуінен  белгілілік/белгісіздік  категориясының 
өзіндік  ерекшеліктерін  терең  түсінгені  байқалады.  А.Байтұрсынұлы  есімдіктерді  жіктеу,  сілтеу, 
сұрау,  шектеу,  танықтық  деп  жіктейді.  «Шектеу  есімдігі»  деп  аталатын  есімдік  түрін  ғалым: 
«Нəрсенің  шегін  айта  сөйлегенде  айтылатын  сөздер,  мəселен,  бəрі,  барша»,  –  деп  сипаттаса, 
танықтық есімдігі деп аталатын есімдік түрін: «Нəрсенің жоқтығын, яки анық белгілі еместігін, яки 
түгел  еместігін  көрсеткенде  айтылатын  сөздер.  Мəселен,  ешкім,  ештеме,  дəнеме,  ешбір.  Бұлар 
жоқтықты көрсетеді; кей,  қайсыбір  – бұлар  түгел еместігін көрсетеді;  біреу,  əлдекім,  əлдене  –  анық 
белгілі еместігін көрсетеді», – деп айқындайды [1, 73].Ғалымның шектеу есімдіктер деп отырғаны – 
белгілілік мəнді білдіру үшін қолданылатын есімдіктер де, танықтық есімдік деп аталатын есімдіктер 
–  белгісіздік  мəнді  білдіру  үшін  қолданылатын  есімдіктер,  яғни,  А.Байтұрсынұлы  қазіргі  кезде 
оқулықтарда  өздік  есімдігі,  жалпылау  есімдігі  ретінде  танылып  жүрген  есімдіктерді  –  шектеу 
есімдігі  деп,  болымсыздық,  белгісіздік  есімдіктері  ретінде  беріліп  жүрген  есімдіктерді  танықтық 
есімдіктері  деп  біріктірген.  Есімдіктерді  топтастыруда  ғалым  мағыналық  реңктеріне  ерекше  назар 
аударған, яғни, белгілілік/белгісіздік мəндерін негізге алған.  
Функционалды  грамматика  ұстанымдары  бойынша,  белгілілік  /белгісіздік  функционалды-
семантикалық  категориясы  сөз  болып  отырған  нəрсенің,  адамның  т.с.с.  сөйлеуші  мен  тыңдаушыға 
қаншалық белгілі/белгісіз болуына, таныс/бейтаныс болуын айқындайды. Бұл жерде А.Байтұрсынұлы 
есімдіктерді  жіктеуде  осы  ерекшелікке  ерекше  мəн  берген.  Ғалымның  шектеу  жəне  танықтық 
есімдіктерін  белгілілік/белгісіздік  мəндерін  білдіруіне  байланысты  өзіндік  оппозиция  құрай 
алатынын ескергені байқалады.  
А.Байтұрсынұлы  еңбектерінде,  ғалымды  өзіне  ұстаз  тұтқан  Қ.Кемеңгерұлының  еңбегінде  [8] 
функционалды  грамматиканың  нышандары  байқалады.  Кейін  ғалымдардың  репрессиялануына 
байланысты  еңбектеріне  тыйым  салынып,  ғылымда  көптеген  бұрмалаулар,  еуропоцентристік  бағыт 
үстемдік алғаны мəлім.  
 
 
129


А.Байтұрсынұлы 
Қ.Кемеңгерұлы 
Жіктеу 
Личные 
Сілтеу 
Указательные 
Сұрау 
Вопросительные 
Шектеу 
Определительные 
Танықтау 
Неопределенные 
 
А.Байтұрсынұлы,  Қ.Кемеңгерұлы  еңбектерінде  өздік есімдіктері  есімдіктің  бір  түрі  ретінде жеке 
шығарылмаған.  А.Байтұрсынұлы  есімдіктің  бұл  түрін  əркім,  əрқайсысы,  бəрі,  барша  т.б. 
есімдіктерімен  қатар  шектеу  есімдігі  ретінде  көрсетсе,  Қ.Кемеңгерұлы  оны  анықтау 
(определительные местоимения) есімдіктерінің ішінде түсіндіреді. А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы 
есімдіктерді  жіктеуде  белгілілік/белгісіздік  оппозициясын  негізге  алған,  яғни,  жеке  адамды  немесе 
топты көрсетсе – шектеу (А.Байтұрсынұлы), анықтау есімдігі (Қ.Кемеңгерұлы), нəрсенің жоқтығын, 
белгілі еместігін немесе түгел еместігін білдірсе – танықтық (А.Байтұрсынұлы), танықтау есімдігі 
деп атаған. Екінші сөзбен айтқанда, ғалымдар бүгінгі таңдағы өздік есімдігі, жалпылау есімдігі деп 
танылып  жүрген  есімдіктердің  басын  қосып,  шектеу,  анықтау  есімдігі  деп  атайды  да  белгісіздік, 
болымсыздық  есімдіктерін  танықтық,танықтау  есімдігі  деп  атайды.  Есімдіктерді  жіктеуде 
Қ.Кемеңгерұлы  А.Байтұрсынұлы  топтастыруын  басшылыққа  алса,  Т.Шонанов  П.Мелиоранский 
еңбегіне сүйенген.  
Кейінгі зерттеушілер анықтау, танықтау есімдіктерін ұсақ бөлшектерге жіктеуге тырысқан, яғни, 
А.Байтұрсынұлы,  Қ.Кемеңгерұлы  еңбектерінде  танықтау  есімдігі  нəрсенің  жоқтығын  (ешкім, 
ештеңе,  ешбір)‚  анық  белгілі  еместігін‚  (əлдекім,  əлдене)  немесе  түгел  еместігін  (кейбір,  қайсыбір) 
білдіретіні  сөз  болса,  Қ.Жұбанов,  С.Аманжолов,  Ғ.Бегалиев,  Н.Сауранбаев  еңбектерінде  нəрсенің 
жоқтығын білдіретін сөздер «болымсыздық есімдіктері», анық белгілі еместігін білдірсе, «белгісіздік 
есімдіктері»,  түгел  еместігін  білдірсе,  «алалау  есімдіктері»  деп  аталып,  танықтау  есімдігінің 
мағыналық ерекшеліктеріне сəйкес өз ішінен одан əрі таратыла түскен:  
 
Қ.Жұбанов  
С.Аманжолов  
Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев  
Жіктеу  
Жіктеу  
Жіктеу  
Сілтеу  
Сілтеу  
Сілтеу  
 –  
Сұрау  
Сұрау  
Болымсыз 
Болымсыздық  
Болымсыздық  
Белгісіз 
Белгісіздік  
Белгісіздік  
Алалау  
– 
 – 
 – 
Тəуелдеу (өз) 
Жалпылық  
Тəуелдеу  
Жалпылау  
 
Кейінгі  оқулықтардағы  есімдіктердің  берілуі  С.Аманжолов,  Ғ.Бегалиев,  Н.Сауранбаев 
жіктеулеріне ұқсас. «Тəуелдеу есімдігі» деген атаудың орнына «өздік есімдігі» деп аталғаны болмаса, 
басқа өзгешелік жоқ.  
 
«Қазіргі 
қазақ 
тілі» 
«Современный 
казахский язык» 
«Қазіргі  қазақ 
тілі» 
А.Ысқақов 
«Қазіргі қазақ тілі» 
Жіктеу 
Личные 
Жіктеу 
Жіктеу 
Сілтеу 
Указательные 
Сілтеу 
Сілтеу 
Сұрау 
Вопросительные 
Сұрау 
Сұрау 
Белгісіздік 
Определительные 
Белгісіздік 
Белгісіздік 
Болымсыздық 
Отрицательные 
Болымсыздық 
Болымсыздық 
Жалпылау 
Обобщительные 
Жалпылау 
Жалпылау 
Өздік 
Возвратные 
Өздік 
Өздік 
 
А.Байтұрсынұлы,  Қ.Кемеңгерұлы  ұстанымдарын  толық  қуаттай  отырып,  өздік  есімдігінің 
мағынасы, қызметі мен қолданысын тексеру нəтижесінде жеке сөзді (өз) есімдіктің мағыналық тобы 
ретінде  танығаннан  гөрі  мағыналық  ұқсастығына,  қызмет  ортақтығына,  қолданысына  байланысты 
басқа есімдіктермен біріктіру қажеттігін ескертеміз. Өздік есімдіктеріне: «сөйлеушіні не сөйлемдегі 
субъектіні  өзге  субстанциялар  мен  құбылыстардан  бөліп  алып  көрсетуші  сөздер»  түрінде  берілген 
130


анықтамаға [9, 117] жіктеу есімдіктері де, əркім, əрқайсысы, əрбір т.б. есімдіктер де толық жауап бере 
алады. Ендеше, сыртқы тұлғасына байланысты өздік есімдіктерін жеке топ ретінде танығаннан гөрі 
өзара  мағыналас  есімдіктер  қатарына  қосқан  жөн  тəрізді.  Осыған  байланысты  өз  тарапымыздан 
А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлының есімдіктерді топтастыруымен толық келісе отырып, белгісіздік, 
болымсыздық  есімдіктерін  –  танықтау;  өздік,  жалпылау  есімдіктерін  –  анықтау  есімдіктері  ретінде 
топтастыра берген дұрыс болуы керек деп ойлаймыз: 
 
А.Байтұрсынұлы  
«Тіл – құрал» 
«Қазақ грамматикасы» 
Жіктеу 
Жіктеу 
Сілтеу 
Сілтеу 
Сұрау 
Сұрау 
Шектеу 
Жалпылау, Өздік (өз,əркім, əрқайсысы, бəрі, 
барша) 
Танықтау 
Белгісіздік, Болымсыздық (ешкім, ештеңе, 
ешбір, əлдекім, əлдене, кейбір, қайсыбір) 
 
Кейінгі  грамматикаларда  белгісіздік  есімдіктері  бір,  əр,  əлде  сөздерінің  ұйтқы  болуымен 
жасалатыны сөз болады. Ал А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде əр сөзі анықтау (шектеу) 
есімдігі  ретінде  танылады.  Кейбір,  қайсыбір,  əлдекім,  əлдене  т.с.с  есімдіктермен  салыстырғанда,  əр 
есімдігімен бірігу арқылы жасалған əркім, əрбір, əрқайсысы сияқты есімдіктерде белгісіздік мəннен 
гөрі нақтылық басымдау сияқты
14
 . Бұл ерекшелік əр сөзінің зат есіммен тіркесуінен айқын көрінеді: 
əр адам, əр оқушы, əр ай, əр зат т.б. Ендеше, əр сөзінің қатысуымен жасалған есімдіктерді белгісіздік 
есімдігінің  қатарына  қосуға  келмейтін  тəрізді.  Оның  үстіне  болымсыздық  есімдігі  ретінде  танылып 
жүрген ешкім, ешқайсы, ешбір, ештеңе т.с.с еш сөзінің ұйтқы болуы арқылы жасалған есімдіктердің 
орнына  белгісіздік  есімдіктері  де  жүре  алады:  ешкім  келмеді  –  біреуі  де  келмеді,  ешқайсысы  да 
айтпады  –  бірі  де  айтпады,  ештеңе  қалмады  –  бірдеңе  қалмады  т.б.  Ендеше,  өзара  мəндес,  шектес 
мұндай  есімдіктерді  жіктемей-ақ,  топтастырып  берген  дұрыс.  Сонымен  қатар  əлде,  əр  сөздерінің 
қатысуымен жасалған əрқалай, əрқашан, əлденеше, əлдеқайда, əлдеқалай, əлдеқашан т.с.с. əрі есімдік, 
əрі үстеу қатарында аталып жүрген сөздерді тек үстеу ретінде ғана танып, есімдік қатарынан шығару 
керек. Себебі бір сөздің екі түрлі категория аясында қарастырылғаны, яғни, екі түрлі сөз табы ретінде 
танылуы  дұрыс болмайды,  яғни,  А.Байтұрсынұлының  еңбектеріндегі  жіктеулердің  өзіндік  уəжділігі 
бар.  
А.Байтұрсынұлы  еңбектерінде  сан  мен  шама  онтологиялық  категориялары  өзара  жіктелгенін 
байқаймыз.  Оған  ғалымның  мына  тұжырымдары  дəлел  бола  алады:  «Нəрсенің  дəл  санын  білуге 
сұрағанда неше? деп сұраймыз. Мəселен: «Неше кісі келеді?» – «Үш кісі келеді». Нəрсенің дəл санын 
білуге  емес,  шамасын  ғана  білуге  сұрағанда  қанша?  деп  сұраймыз.  Мəселен:  «Қанша  күн 
жүресің?»–  «Үш-төрт  күн  жүремін»  [1,  32].  Ғалымның  ойлары  кейін  М.Балақаевтың  еңбектерінде 
сабақтастық тапқан.  
Кейінгі  еңбектерде  тұлғаға  ғана  мəн  беріліп,  мағыналық  ерекшелігі  назардан  тыс  қалса, 
А.Байтұрсынұлы  оқулықтарында  кейбір  тұлғалардың  өзіндік  мағыналық  ерекшеліктері  болатыны 
ескеріліп,  соған  байланысты  жіктеліп  отырған.  Осындай  ұстаным  ғалымның  сан  есімдерді 
топтастыруынан  да  анық  байқалады.  Бүгінгі  таңдағы  оқулықтарда  сан  есімнің  алты  түрі  көрсетіліп 
жүр. А.Байтұрсынұлы еңбектерінде сан есімнің төрт түрі ғана берілген, яғни, қазіргі оқулықтардағы 
топтау  сан  есімдері  мен  болжалдық  сан  есімдер  ғалымның  еңбектерінде  аталмайды.  Топтау  сан 
есімдері  мен  болжалды  сан  есімдер  сан  есімге  көптік  жалғауы  шығыс  септік  жалғауы,  -лап/-леп 
тұлғаларының қосылуы арқылы жасалған. Аталған тұлғалардан басқа сан есімге -нікі, -дағы/-дегі, -
дай/-дей, -сыз/-сіз, -лы/-лі, -лық/-лік т.с.с. қосымшалар да жалғана береді. Алайда ол қосымшалар 
жалғанған  сөздің  бəрін  сан  есімнің  мағыналық  топтарына  қоса  беруге  болмайды.  Кейінгі 
оқулықтарда топтау сан есімдері деп танылған екеулеп, он-оннан, бір-бірлеп т.с. с. сөздер үстеу ішінде 
де сөз болып, топтау (я саралау) үстеулері, кейде мөлшер үстеуі ретінде беріліп жүр, яғни, бір форма 
екі түрлі сөз табының аясында қарастырылуда. А.Байтұрсынұлы еңбектерінде болжалды сан есім мен 
топтау сан есімдері сан есімнің мағыналық топтары ретінде қарастырылмай, сан есімнен жасалатын 
басқа  сөз  таптарының  қатарында,  үстеу  ретінде  берілген,  яғни,  ғалымның  оқулықтарында  қазақ 
                                                           
14
Бүгінгі таңда əрқайсы, əрбір, əр нəрсе, əрнеме, əрнəрсе, əркім, əрне есімдіктері белгісіздік есімдігі ретінде танылып жүр 
//Қазақ грамматикасы. - Астана, 2002. - 491-б. 
131


тілінің  өзіндік  ерекшеліктері,  нақты  табиғаты  берілген.  Қазақ  тіл  білімінде  өзіндік  із  қалдырған 
ғалым  –  Ы.Маманов  көлемдік-мекендік  септіктер  мен  көптік  форманың  контекске  немесе  түбір 
сөздің  мағынасына  байланысты  əртүрлі  мағыналық  қырлары  болатынын  айта  келіп,  сан  есімнің 
шығыс  септік  формасы  (бестен,  бес-бестен)  мен  көптік  формасын  (ондар,  жүздер)  мағынаға 
бағындырып,  сан  есімнің  лексика-семантикалық  топтарына  жатқызудың  ғылыми  тұрғыдан  негізсіз 
екендігін айтады [10, 83-84]. 
Функционалды грамматика мəселелері орыс тіл білімінде ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана 
қолға  алынып,  арнайы  зерттеу  нысаны  болды.  Алайда  А.Байтұрсынұлы  еңбектерінде,  яғни,  ХХ 
ғасырдың  басында  ұлттық  тіл  білімі  қалыптаса  бастаған  кездің  өзінде-ақ  ғалымның  функционалды 
грамматиканың  көптеген  мəселелерін  терең  зерделеп,  түсінгені  байқалады.  Ғалым  функционалды 
грамматикаға қатысты қазіргі кезде қолданылып жүрген атауларды қолданбағанымен, функционалды 
грамматиканың  негізгі  ұстанымдарын,  функционалды-семантикалық  категория,  өріс,  семантикалық 
инвариант,  ұғымдық  категориялардың  өзіндік  ерекшеліктерін  терең  түсінген.  А.Байтұрсынұлы 
тұжырымдарының  бүгінгі  таңдағы  ғылым  жетістіктерімен  сəйкескелуі‚  біржағынан‚  ХХ  ғасырдың 
басында  ұлттық  тіл  білімінің  қаншалықты  құлаштап  алға  басқаны  нкөрсетсе‚  екінші  жағынан‚ 
репрессия зардабының кесірінен ғылым дамуының қаншалықты тежелгенін де танытса керек.  
 
Əдебиет:  
1.
  Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. Сөздің жүйесі мен түрлері. - Семей‚ 1927. –27-32 б. 
2.
  Ильминский Н. Материалы к изучению киргизского наречия. -Казань‚ 1860. –С.16. 
3.
  Орталық Мемлекеттік мұрағат. - 81-қор. - 1-тізім. - 1313-іс. - 43-46-б. 
4.
  Шонанов Т. Самоучитель казахского языка для русских. - Қызылорда‚ 1929. - 113с. 
5.
  Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы: Ғылым‚ 1967. -168-178б. 
6.
  Ысқақов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Мектеп‚ 1974. - 408 б. 
7.
  Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы: Рауан‚ 1998. - 304 б. 
8.
  Кемеңгерұлы Қ. Оқу құралы. - І кітап. - Ташкент‚ 1928. - 134 б.; ІІ кітап. - Қызылорда‚ 1929. - 194 б. 
9.
  Қазақ грамматикасы. - Астана, 2002. - 783 б.  
10.
 Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мəселелері. – Алматы: Арыс, 2007. - 488 б.  
 
 
Ойсылбай А. 
филол.ғ.к., М.Əуезов атындағы Əдебиет  
жəне өнер институтының аға ғылыми қызметкері 
 
«Əдебиет танытқыштағы» пəн сөздерінің жүйеленуі 
 
Тəуелсіздік  алған  уақыттан  бері  «Ұлтымыздың  Ұлы  Ұстазы»  атанған  Ахмет  Байтұрсынұлының 
əдеби,  ғылыми  жəне  шығармашылық  мұрасы  əдебиеттанушылардан  басқа  журналист,  заңгер, 
психолог, педагог (педагогика саласы бойынша), тарихшы, тілші ғалымдар тарапынан да жан-жақты 
зерттеліп  келеді.  Ғалым  қазақ  тілінің  ғылыми  пəн  ретінде  өзінің  төл  атауларын,  яғни,  ереже, 
қағидаларын  қалыптастыруға,  ұлттық  ғылымның  дамуына  өлшеусіз  үлес  қосты.  «Əдебиет 
танытқыш»  [1]  тұңғыш  ғылыми-теориялық  зерттеу  ретінде  өз  кезеңінде  əдеби-теориялық  білімдер 
жүйесінің  қалыптасуына  ықпал  етіп  қана  қоймай,  қазақ  əдебиеттану  ғылымының  тууына  да  негіз 
болды.  Қазақ  пəн  сөздерін  (терминология)  ғылыми  деңгейде  (əр  ғылым  саласы  бойынша) 
қалыптастыру  үрдісі  ХХ  ғасыр  басында  Ахмет  Байтұрсынұлы  бастаған  алаш  ғалымдарының 
араласуымен бір жүйеге түсе бастады.  
Ғалымның  «Əдебиет  танытқышы»  (1926),  М.Əуезовтің  «Əдебиет  тарихы»  (1927), 
Х.Досмұхамедұлының  «Қазақ  халық  əдебиеті»  (1928)  атты  еңбектері  қазақ  əдебиетінің  тарихын, 
қалыптасуын, теориялық негіздерін сонау ХХ ғасырдың басында қазақ тіліндегі пəн сөздері арқылы 
зерттелгендігін алаштанушы ғалым – А.Ісімақова «Тəуелсіздік кезеңіндегі əдебиеттану» (2016) атты 
монографиясында  жазады:  «Совет  əдебиеттануы  осы  үш  кітапсыз  күн  кешкені  сол  ғылымның 
дəрежесін  аңғартады.  Осының  нəтижесінде  біз  «Əдебиетіміз  қашан  туған,  қалай  қалыптасқан, 
келешегіміз  қандай?»  деген  сауалға  жауап  бере  алмай,  он  ғасырлық  көркем  сөзі  бар  əдебиетті 
«младописьменный»  [2,  63]  деп,  тек  советтік  тоталитарлық  көзқараспен  шектелдік.  «Əдебиет 
танытқышта» ғалым қазақ əдебиеттануының төл бастауларын айқындаған. 
Ахмет Байтұрсынұлытұңғыш рет қазақ тілінде ғылыми-теориялық пəн сөздердің жүйесін тіл білімі 
саласында  жасай  отырып,  қазақ  əдеби  тілінің  тазалығына  да  көңіл  бөлді.  Қазақ  тілінің  табиғатын 
ашатын  алғашқы  пəн  сөздер  мен  ұғымдар  жүйесі  «Оқу  құралы»  жəне  «Тіл  –  құралдан»  басталады. 
132


«...Жұртқа  ғылым  үйретумен,  көрумен,  білумен  жайылады.  Білімнің  бас  құралы  –  кітап.  Қазақ 
арасына білім тарататын кітаптар керек. Осы мақсатқа жетуге зор себепкер болатын істің бірі – білімі 
жарысы», – деп өзі жазғандай, ұлтты тəрбиелейтін оқу құралы мен білімге аса мəн беріп, биік талап 
пен талғам үдесінен шығуды мақсат етті. 
Аталған оқу құралдардағы грамматикалық пəн сөздер, яғни, буын, дыбыс, үтір, дауысты дыбыс, 
жарты  дауысты  дыбыс,  жіңішкелік  белгісі,  зат  есім,  сын  есім,  үстеу,  қосымша,  жұрнақ  пен 
жалғау, бастауыш пен баяндауыш, септік, шылау жəне тағы басқаларын түзумен қатар, сол ғылыми 
ұғымдарға ат қоя білген. Ғылыми ұғымдарға ат қою оңай іс емес, табандылықты, көп жұмысты талап 
етеді.  Ұлт  ұстазының  ғылыми  айналымға  ендірген  қазақ  тілінің  ұғымдары,  анықтамалары  мен  пəн 
сөздері бүгінгі қазақ тілтану мен əдебиеттану саласының қайсысында болса да ерекше сипатқа ие. 
А.Байтұрсынұлының  ресми  түрде  ақталған  алғашқы  жылында  тілші  ғалым  Өмірзақ  Айтбаев 
«Қазақ  терминологиясының  атасы»  (1989)  аттығылыми  мақаласын  жариялады.  Ғалымның  пəн 
сөздерді  жасаудағы  еңбегін  бағалай  отырып,  автор  былай  дейді:  «...Ахмет  Байтұрсынов  «Айқап» 
журналы мен «Қазақ» газеттерінің беттерінде араб емлесіне лайықтап икемделген жаңа нұсқа туралы 
жұртшылыққа түсіндіріп, мақалалар жазады. Ол жасаған жаңа жазу үлгісі ел көңіліне бірден жетеді 
де,  қабылданады.  ...Қазақ  ұғымына  əлі  жат,  бірақ  тіліміздің  кейбір  ішкі  жүйесін  түсіндіруге  қажет 
кейбір сөздерді жаңаша қолдана бастайды. Олар: дыбыс, əріп, емле, ноқат (нүкте), буын, əліппе, сөз 
басы, сөз аяғы, дауысты дыбыстар, дəйекше. Бұлар қазақ тілінде бұрыннан бар болғанмен, белгілі 
бір ғылыми ұғым есебінде нақты атауға иелік жасап отыруы тұңғыш рет» [3, 8]. 
Ахмет  Байтұрсынұлының  қазақ  халқына  сіңірген  «біз  ұмытсақ  та,  тарих  ұмытпайтын» 
(М.О.Əуезов)  таудай  еңбегін  орыс  ғалымдары  –  А.Н.Самойлович  (1919),  Е.Д.Поливанов  (1924), 
А.Н.Кононов  (1924),  Н.Ф.Яковлев  (1928)  [4]  жоғары  бағалап,  өз  зерттеулерінде  көрнекті 
түркологтердің қатарында еске алады.  
«Əдебиет  танытқышта»  əлем  жəне  орыс  ғалымдарының  есімдері  мен  еңбектерінің  аты  аталмаса 
да,  теориялық  зерттеудің  басты  қағидаларының  қазығы  Əл-Фараби,  Аристотель,  Гегель,  Лессинг, 
Буало, 
Б.Кроче, 
Ломоносов, 
Тредьяковский, 
А.А.Потебня, 
Д.Н.Овсянико-Куликовский, 
А.Н.Скафтымов,  В.Шкловский,  А.Н.Веселовский,  В.Я.Пропп,  Р.Якобсон,  В.М.Жирмунский, 
Б.В.Томашевский,  Б.М.Эйхенбаум,  О.М.Фрейденберг,  Ю.Н.Тынянов,  М.М.Бахтин,  Л.С.Выготский, 
В.В.Виноградов, Г.О.Винокур, И.А.Виноградов, Ю.Лотман, Б.И.Ярхо, Л.Якубинский сияқты ғалым, 
əдебиеттанушылардың көзқарастарына бойлайтыны анық. Əлемдік əдебиеттану ғылымында өнердің 
жəне  өнер  түрлерінің  сипаттамасы  Аристотель,  Əл-Фараби,  Гораций,  Буало,  Гегель,  Лессинг, 
В.Г.Белинский,  Н.Г.Чернышевский,  М.Ломоносов,  В.Г.Тредьяковский  т.б  ғалымдардың  ғылыми 
еңбектерінде де анықталған. Ал А.Байтұрсынұлының еңбегі басқа ғалымдардан өзгеше, яғни, барлық 
ой-тұжырымдарын қазақ оқушысына ұлттық рухы биік өз ана тілімізде жеткізіп берді. Осы жағынан 
келгенде, ғалым əлем əдебиетімен өте етене таныс екендігін байқатады.  
Көрнекті алаштанушы ғалым А.Ісімақова «Əдебиет танытқышты» əлем əдебиеттануы контексінде 
қарастырып, келесі тұжырымын айтады: «Л.Гинзбургтің лириканы: «Адамның ішкі əлемінің күйі», – 
деуіне  риза  болушы  едім.  Ал  А.Байтұрсынұлының  лириканы:  «Жүректің  лебі,  көңіл  құсының 
сайрауы,  жанның  тартатын  күйі»,  –  дегені  қандай  дəл  жəне  нақты.  Л.Гинзбург  пен  М.Бахтин: 
«Əдебиет  –  адамның  жаны,  оның  ішкі  əлемінің  өзгеруі,  санасының  көркем  бейнеленуі»,  –  десе, 
А.Байтұрсынұлы: «Əдебиет – асыл сөз – адамның жан қоштауының қажетінен туған» [5, 168] – дейді. 
«Асыл  сөздің  үлгілісі  өмірдің  ғибратты  болуын  алға  тартатыны»,  –  дей  келе  X.Досмұхамедұлы: 
«Əдебиет  –  халықтың  түрлі  қимылдарының  айнасы»,  –  дейді.  М.М.Бахтин:  «Əдебиет  –  адамның 
істері, қылықтарының табиғатын, себебін танытатын өнер түрі», – десе, А.Байтұрсынұлы: «Асыл сөз 
адам  санасының  үш  негізіне  тіреледі  –  ақылға,  қиялға,  көңілге»,  –  дейді.  Себебі  «ақыл  ісі  –  аңдау, 
яғни, нəрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау; қиял ісі – меңзеу, яғни, ойдағы нəрселерді 
белгілі нəрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау» 
[1,  268].  Осы  тұрғыдан  қарағанда,  А.Байтұрсынұлы,  М.Бахтин,  Х.Досмұхамедұлы  үшін  əдебиет  – 
адамзаттың мəңгілік сауалдарына жауап іздеуші ілім. 
Тəуелсіздік  кезеңіндегі  зерттеулердің  бір  бағыты  –  ұлттық  əдебиеттанудың  теориялық  деңгейін 
əлемдік əдебиеттану аясында айқындау болып табылады. Əдебиеттанушы А.Ісімақовадан кейін жас 
ғалым  Ұ.Еркінбаев  ««Əдебиет  танытқыштың»  теориялық  негізі»  (2008)  атты  еңбегінде  «Əдебиет 
танытқыштың» ғылыми-теориялық деңгейінХХ ғасыр басындағы Ресей əдебиеттануымен салыстыра 
зерттеді.  ХХ  ғасыр  басында  сөз  өнерінің  поэтикасын  үш  бағытта,  яғни,  поэтикалық  семантика, 
поэтикалық синтаксис жəне поэтикалық фонетика бағытында қарастырды.  
«Əдебиет танытқыш» деген атауда тұрған «Əдебиет» деген не, оны не үшін «таныту» керек? деген 
екі  сөзде  тұрған  жауап  –  біздің  бүгінгі  əдебиеттанудың  анықтап  айта  алмай  келе  жатқан  күрделі 
133


ғылыми-танымдық  мəселесі.  Қазақ  тілі  мен  əдебиеттану  ғылымына  қатысты  ұғымдарды,  сонымен 
бірге сан алуан жанрлық түрлерді сипаттайтын ұғым-атауларды орнықтыруға айрықша бағалы еңбек 
сіңірген  тағы  да  –  Ахмет  Байтұрсынұлы.  «Əдебиет  танытқышта»  сөз  өнеріне,  халық  поэзиясына, 
жалпы  əдебиетке  қатысты  ұлттық  сипаттағы  көптеген  пəн  сөздерді  орнықтырып,  тұңғыш  рет 
жүйелеп берді. 
А.Байтұрсынұлының  қазақ  əдебиеттануы  мен  тіл  ғылымын  дамытудағы  еңбегі  туралы 
əдебиеттанушы  ғалым  Ш.Елеукенов  «Жаңа  жолдан»  (1986)  атты  зерттеуінде:  «...А.Байтұрсынұлы 
терминология саласында ізденуде айрықша талант көрсеткен. Ол «келсе – келсін, келмесе – қойсын» 
деп төтеннен бір сөз ойлап таппайды. Жаңа термин жасағанда қазақ тілінің сол ұғымға байланысты 
табиғи түсініктерінен қарайластырады. Мысалы, архитектураны «сəулет» деп аударады. ...Сөйтіп, ол 
«сəулет» деген сөзді қазақ тілінде баяғыдан қалыптасқан тұрақты тіркестен алып отыр. Осы ретпен 
...скульптураға,  музыкаға  да  балама  тапқан.  Өнер  тарауларының  Ахаң  туғызған  бірсыпыра  термині 
тілімізге сіңісіп те кеткен. Кейбірі интернационалдық атаумен аталып жүр» [6, 105], –деп жазады.  
Пəн  сөздердің  күнделікті  өмірде  араласпайтын  саласы  жоқ,  күнделікті  өзара  қарым-қатынас 
құралына  да  айнала  бастағанын  байқап  жүрміз.  Осы  орайда  пəн  сөздердің  анықтамасына,  оның 
мəніне,  жасалу  принципіне  келгенде  əр  алуан  пікір,  түсініктер  бар.  Термин  жайында  бүкіл 
түркология,  оның  ішінде  қазақ  тіл  білімін,  сондай-ақ  орыс  лингвистикасын  зерттеушілер  де  біраз 
пікір  өрбіткен.  ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  ғалымы  Құдайберген  Жұбанов  «Термин  сөздердің 
спецификасы жөнінде» [7] Мемлекеттік термин комиссиясы Бюллетенінің 1935 жылғы № 3 санында 
пəн сөздердің мəні мен мазмұны, ғылым, білім игеруде жасайтын септігі жайында ғылыми еңбектер 
жазған.  Ғалым  пəн  сөздердің  өзіндік  өзгешелік  сипатын  анықтау  барысында  олардың  терминдік 
мағынасына емес, лексикалық мағынасына назар аудару керектігін бірінші орынға қойып, оған өзі аса 
мəн  береді.  Мысалы,  аударуға  келмейтін  терминдердің  аударылуын  (психология  –  жан  жүйесі, 
коммунист – ортақшыл, геометрия – пішіндеме) қате деп санайды.  
ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  тілінде  термин  сипатты,  дербес  мағыналы 
сөздердің  арнайы  жасалып,  кең  түрде  қолданыла  бастауы,  тұрақты  түрде  жазыла  бастауы  ерекше 
көрініс  берді.  Осы  кезде  қазақ  тілінде  «Айқап»,  «Дала  уалаятының  газеті»,  «Қазақ»  газеті  сияқты 
мерзімдік, əдеби басылымдар мен шығармалар, алғашқы оқу құралдары, бір жəне екі тілдік сөздіктер, 
іс  қағаздары  басқа  да  қатынастық  хат-хабарлардың  көбеюіне  негізделеді.  Бұл  тұста  ешкім  арнайы 
түрде  сала  атауларын  түзіп,  түгендеумен  айналыспағанымен,  жұрттың  түрлі  мақала,  еңбек  жазуы 
барысында тілдің сөзжасамдық тəсілдері негізінде сөз тудыру, сөздерді күрделендіре қолдану істері 
қағазға түсіп, жаңаша қарқынмен дамыды. 
ХХ  ғасыр  басында  ғылыммен  айналысқан  алаш  қайраткерлері  мен  зиялыларының  бəрі  де 
мүмкіндігінше ғылыми ұғым-атауларды қазақшалап, ұлттық тіл табиғатының бұзылмауына аса мəн 
беріп, қатты көңіл бөлген. Мысалы: Н.Құлжанова «Мектепке дейінгі тəрбие» (1923), «Ана мен бала» 
(1927), М.Жұмабаев «Педагогика» (1927), Ж.Аймауытұлы «Тəрбиеге жетекші» (1924), «Псиқолоғия» 
(1926), «Жан жүйесі жəне өнер таңдауы» (1926), «Комплексті оқыту жолдары» (1929), «Жаңа ауыл» 
(1930),  Х.Досмұхамедұлы  «Табиғат  тану»  (1922),  «Оқушылардың  саулығын  сақтау»  (1925), 
«Адамның тəн тірлігі» (1927), «Жануарлар» (1928), «Қазақ халық əдебиеті» (1928) зерттеулерінде пəн 
сөздерін қазақ ұғымына лайықтап жазды.  
Пəн сөздері (термин) деген сөздің əдебиеттану ғылымында алатын орны ерекше, ол кең мағынада 
қолданылады.  Əдебиеттану  саласында,  əдебиет  теориясында  қолданылатын  ең  қажетті  ғылыми 
ұғымдар  мен  терминдер  жүйесі  жүйелі  түрде  тұңғыш  рет  академик  З.Ахметовтің  құрастыруымен 
«Əдебиеттану  терминдерінің  сөздігі»  жарық  көрді.  Сөздіктің  аңдатуында:  «...Арнаулы  зерттеулер 
негізінде,  ғылыми  принциптерге  сүйеніп  жасалған  осы  «Əдебиеттану  терминдерінің  сөздігі»  атты 
еңбек əдебиеттану ғылымының қазіргі деңгейін танытады, сөз өнеріне, тарихи-əдеби процеске бүгінгі 
көзқарасты айқындайды» [8, 3], – делінген. 
Ахмет  Байтұрсынұлы  қалыптастырған  пəн  сөздердің  көпшілікке  етене  жақын  болып  кетуін, 
табиғилық феноменін, біздіңше, танымдық негізде түсіндіруге болады. Қазіргі қазақ тіл білімінде «тіл 
мен  ұлт  біртұтас»  деген  қисынға  сəйкес  тіл  табиғатын  зерттеуді  сол  тілде  сөйлеушінің  танымынан 
тыс қарамайтын үрдіс теориялық-əдістемелік ретінде терминжасам теориясына да қолдануды қажет 
етеді.  Тілтанушы  ғалым  Ж.МанкееваА.Байтұрсынұлы  қалыптастырған  пəн  сөздерінің  танымдық 
негіздері  жайында  былай  дейді:  «...Терминжасамның  тілдік  тетіктері  субъективті  факторды  жоққа 
шығарып,  объективті  сипат  бермек.  Бұл  арада  танымдық  негіздің  ұлттық  ерекшеліктерінің  де 
(шешендік,  бейнелілік,  т.б.)  мəні  ерекше.  ...  Мысалы,  А.Байтұрсынұлы  қалыптастырған  көсемше 
термині  көсем  сөзінің  қазақ  танымындағы  мəні  белгілі.  Ал  оның  лингвистикалық,  грамматикалық 
134


қызметіне сай мəндік сабақтастығы (психолингвистикалық философия, логика, лингвистика), дəлдігі 
дау тудырмайды» [9, 17]. 
Ахмет  Байтұрсынұлының  негізгі  əдебиеттанулық  ұстанымы  туралы  ғалым  Р.Нұрғали:  «Əдебиет 
танытқышта»  А.Байтұрсынов  əдебиеттанудың  əлемдік  терминологиялық  стандарт  деңгейіне 
көтеріліп,  шет  сөзді  араластырмай,  қонымды,  ықшамды,  бір-бірімен  сабақтас,  ұйқас,  ұялас 
ұғымдардың тұтас ұлттық қазақы жүйесін жасап берді. Олардың басым көпшілігі автор репрессияға 
ұшырап, кітапқа тыйым салынғанына қарамастан, əдеби тілге кіріп кетті. Интернационализмді желеу 
етіп, шет тілді зорлап ендіру науқаны тұсында əдбиеттанудың да шұбарланғаны анық. Əрине, қазір 
роман, лирика, драманы ұзақ əңгіме, толғау, айтыс-тартыс деп өзгерту мүмкін болмас, бірақ Ахмет 
Байтұрсынов жасаған бірталай терминдер, сөздер қолдануға сұранып тұр» [10, 35-36], – дейді.  
Шынында да, А.Байтұрсынұлының əдебиеттану саласына енгізген пəн сөздерінің бəрі де өз орнын 
дəл  тауып,  атауын  дəл  танытып  тұрғаны  анық.  Бұған  еш  талас  жоқ.  Біздің  санауымыз  бойынша, 
ғалым  «Əдебиет  танытқышта»  əдебиеттануға  қатысты  500-ден  аса  пəн  сөзін  ғылыми  айналымға 
енгізіп,  қалыптастырды.  Ғалымның  ғылыми  ұстанымыбүгінгі  тəуелсіз  қазақ  əдебиеттануының 
теориялық талаптарына толық жауап береді жəне асыл сөз өнерінің теориясына қатысты «ана тілі», 
«аңдату», «аңдау», «асыл сөз», «əдебиет танытқыш», «əдеби тіл», «бастары», «тірнек өнері», «көрнек 
өнері»,  «жаратынды  нəрсе»,  «жасалынды  нəрсе»,  «сөз  өнерінің  ғылымы»,  «сөз  əуезділігі»,  «сөйлеу 
əуезділігі»,  «лұғат»,  «тіл  қисыны»,  «сөйлеу  түрлері»,  «қорыту»,  «мазмұндау»,  «арнау»,  «шумақ», 
«өрнекті сөйлем», «өлеңді сөйлем», «құрмалас сөйлем», «сөз талғау», «кітаби тіл», «тіл көрнекілігі», 
«айтушы»,  «айшық»,  «сөз  табы»,  «шығарманың  тілі»,  «шығарманың  түрі»,  «шығарманың  тегі», 
«шығарма  сөз»,  «путыршы»,  «оралым»,  «буын»,  «бунақ»,  «екпін»,  «ырғақ»,  «тармақ»,  «өлең 
тақтасы»,  «өлең  кестесі»,  «жорғақ»,  «толғау»,  «əуезе»,  «айтыс-тартыс»,  «шұбыртпа»,  «əліптеме», 
«əлектеніс»,  «əуреленіс»,  «азаптаныс»,  «шешен  сөз»,  «билік  сөз»,  «уағыз  сөз»,  «ұлы  əңгіме»,  «ұзақ 
əңгіме»,  «ұсақ  əңгіме»,  «мысал»,  «насихат»,  «мінəжат»,  «қалып  сөзі»,  «салт  сөзі»,  «салттама», 
«зауықтама»,  «ғұрып  сөзі»,  «ғұрыптама»,  «үгіт  өлең»,  «үміт  өлең»,  «терме»,  «сарындама»,  «ділмар 
сөз»,  «жоқтау»,  «жарамазан»,  «мінəжат»,  «шежіре»,  «жын  шақыру»,  «дерт  көшіру»,  «заманхат», 
«бата»,  «діндар  дəуір»,  «сындар  дəуір»,  «кітаби  тіл»,  «əдеби  тіл»,  «ертек»,  «ертегісімек»,  «намыс 
толғау», «марқайыс толғау», «күліс толғау», «сап толғау», «сарын», «пəнді əліптеу», «сəнді əліптеу», 
«жалпылай  əліптеу»,  «ойлау  оңтайы»,  «талдама  оңтай»,  «терме  оңтай»  т.б.  пəн  сөздерінің  жүйесі 
əлемдік əдебиеттануда қалыптасқан ғылыми-теориялық тұжырымдармен сəйкес.  
«Əдебиет  танытқышта»  өнертану,  əдебиеттану,  фольклортану  салалары  бойынша  пəн  сөздерінің 
жүйесін  қалыптастырған  А.Байтұрсынұлының  кемеңгер  білімпаздығын  таныған  ғалымдар  – 
Ж.Смағұлов  пен  Ш.Жалмаханов  мынадай  статистика  ұсынады:  «...Иерминдердің  жасалу  жолына 
лингивистикалық тұрғыдан қарағанда 67 термин дара тұлғада, 223 термин күрделі тұлғалы (2 сөзден 
7 сөзге дейін) болып келеді. Белгілі бір сөз өнер құрылысына берілген атау, термин сол құбылыстың 
адам, қоғам өмірінің рухани-əлеуметтік табиғатынан туындап жатқандықтан да (атау, терминдердің 
мағыналарына  құбылысты  телу  емес),  ойға  оралымды,  көңілге  қонымды  болып  шыққан.  Мұнда 
əдебиеттануға  қатысты  327  термин  қолданылған  болса,  оның  60-ы  (18%)  осы  күнге  дейін 
пайдаланылып жүр, 267-сі (80%) қазір қолданылмайды» [11, 26]. 
Жаңа  атаудың  термин  болып  тілге  енуіне  қойылатын  қағидаттар  мұнымен  шектелмейді.  Оның 
өміршеңдігін  қамтамасыз  ететін  төмендегідей  талаптарға  жауап  беру  керектігін  ғалым 
Ш.Құрманбайұлы ескертеді. Олар: 1) терминнің бір мағыналылығы; 2) термин мағынасының дəлдігі; 
3)  терминнің  қысқалығы  немесе  ықшамдылығы;  4)  терминнің  тілдегі  сөзжасам  заңдылықтарына 
сəйкес  келуі;  5)  терминнің  туынды  сөз  жасауға  қолайлы  болуы;  6)  терминде  эмоционалдылық  пен 
экспрессиялықтың  болмауы;  7)  эстетикалық  талаптарға  сай  келуі  [12,  58-60].  Осындай  талаптарға 
жауап  бере  алған  жаңа  термин  ғана  тілге  судай  сіңіп,  сол  тілдің  заңды  бір  мүшесі  ретінде  өзіне 
жүктелген міндеттерін толық орындай алады.  
«Əдебиет  танытқышта»  белгілі  əдебиеттануға  қатысты  пəн  сөздердің  қазақша  баламасы  көңілге 
қонымды əрі сəтті түрде қолданылған. Əр категория өзінің логикалық дамуы, қалыптасқан жүйесі бар 
түсінік  ретінде  айқындалады.  Мысалы:  «Байымдаманың  зор  мүшесі  төртеу:  бастамасы,  ұсынбасы, 
баяндамасы,  қорытпасы»,  яғни,  əр  тұжырымның  ішкі  заңдылықтары  ашылып,  парадигма  ретінде 
дəлелденетінін əдебиеттанушы А.Ісімақова айтып та, жазып та жүр.  
«Əдебиет  танытқыштағы»  ғалым  қалыптастырған,  қолданған,  енгізген  пəн  сөздерге  де  тыйым 
салынды.  Ғалымның  қазақ  тілі  мен  əдебиет  саласында  орнықтырған  филологиялық  пəн  сөздерінің 
жүйесі де өзімен бірге репрессияға ұшырап, еленбей, ескерілмей қалды. ХХ ғасырдың 1920 жылдары 
жазылған  бұл  еңбек  авторының  репрессияға  ұшырауына  байланысты  бірқатар  пəн  сөздер  ғылыми 
айналымнан  шығып  қалғанын  жоғарыда  атап  өттік.  Ал  бірқатар  пəн  сөздерді  əдеби-ғылыми 
135


процестен  қасақана  алынып  тасталды.  Соның  өзінде  «Əдебиет  танытқышпен»  таныс  ғалымдардың 
арқасында «аман қалған» филологиялық пəн сөздер қазақ əдеби-ғылыми тілінің қалыптасуынабелгілі 
дəрежеде ықпал етті.  
Ахмет  Байтұрсынұлы  қалыптастырған  пəн  сөздердің  біразын  «орыс  тілінің  үлгісімен  жасалған» 
деген  сылтаумен  өзгерткісі,  қолданыстан  шығарып  тастағысы  келгендер  де  болған.  Бұл  əрекеттен 
ештеңе шықпады, бұдан артық үлгіні қанша əрекет еткенмен, жасай алмайтындарына көздері жетіп, 
ғалымдардың  бəрі  де  Ахмет  Байтұрсынұлы  жүйелеген  пəн  сөздерін  негізге  алған.  Қазіргі  таңда 
мектеп пен жоғары оқу орындарында пайдаланылып келе жатқан оқулықтардағы пəн сөздер жүйесі 
түгелімен ғалым есімімен тығыз байланысты. 
Ахмет  Байтұрсынұлы  ғалым  Р.Нұрғали  жазғандай:  «Төңкерістер  дəуірінде  өмір  сүрсе  де,  тіл, 
əдебиет  мəселелеріне  күнделікті  науқандық  жайтттарды,  түрлі  қаулы-қарарды,  партиялық  нұсқау, 
талаптарды  араластырмайды,  негізінен  ғылыми  өлшем,  биік  талғам  таразысы»  тұрғысынан  назар 
аудара білді. 
А.Байтұрсынұлы  пайымдаған  əрбір  ұғым  немесе  сол  ұғымның  жүгін  көтеретін  пəн  сөздер 
негізінен  үш  тағанмен  бірлікте  қаралады:  сөздің  генезисі  мен  семантикасы,  яғни,  пəн  сөздердің 
мəндік,  мағыналық  теориясы  жəне  оның  асыл  сөз  жүйесіндегі  қызметі.  Осы  тұрғыдан  болсын, 
ғылымдағы  өзге  де  жүйелілік  қағидасы  тұрғысынан  болсын,  «Əдебиет  танытқышта»  ғалым 
қалыптастырған пəн сөздерін зерттеу – бүгінгі күннің талабы.  
 
Əдебиет: 
1.
  Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығармалар жинағы. – 1-том. - Алматы: Ел-шежіре, 2013. – 384 б. 
2.
  Ісімақова А. Тəуелсіздік кезеңіндегі əдебиеттану. – Алматы: Дəстүр, 2016. – 384 бет. 
3.
  Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының атасы // Қазақстан əйелдері, 1989. - № 4. - 6-7-б.  
4.
  Ұлттық рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1999. – 568 б.  
5.
  Ісімақова А. Алаш əдебиеттануы. – Алматы: Мектеп, 2009. – 560 б. 
6.
  Елеукенов Ш. Жаңа жолдан. – Алматы: Жазушы, 1989. – 317 б. 
7.
  Жұбанов Қ. О специфике слов-терминов // Бюллетень гостерминкома. – Алматы, 1935. – № 3. 
8.
  Əдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 240 б. 
9.
  Манкеева Ж. А.Байтұрсынұлы терминдерінің танымдық негіздері //Ахмет Байтұрсынұлы жəне қазақ 
филологиясы мəселелері. – Алматы: Арыс, 2004. – 208 б. 
10.
  Нұрғалиев Р. Қазақ əдебиетінің алтын ғасыры. – Астана: Күлтегін, 2002. – 528 б. 
11.
  Смағұлов Ж., Жалмаханов Ш. А.Байтұрсынұлы – қазақ əдебиеттану терминдерінің негізін салушы. – 
Қарағанды, 1997. 
12.
  Құрманбайұлы Ш. Терминтану. – Алматы: Атлас, 2006. – 244 б. 
 
 
Мамырбекова Г.  
филол. ғ. к., А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі  
институты тіл тарихы бөлімінің меңгерушісі 
 
А.Байтұрсынұлы əліпбиіне қатысты қоғамда орын алған пікірталастар 
 
Өз  заманының  өзекті  мəселесінің  бірі  болған  əліпби  (алфавит)  тартысы  мен  айтысы  қазақ 
қоғамында төрт түрлі бағытта жүрген болатын: 
бірінші, бұрыннан қолданылып келе жатқан араб жазуын өзгертпей, сол қалпында қолдану; 
екінші, керісінше, араб жазуына өзгерістер енгізіп тілімізге икемдеу; 
үшінші, араб əліпбиін тастап латынға көшу; 
төртінші, миссионерлердің орыс əліпбиін ендіруге деген талпынысы. 
«Əліпбиге»  қатысты  бұл  бағыттағы  қызу  пікірталастардан  «ұлтым»  деген  ұлы  тұлғалардың 
ешқайсысы  да  сырт  қалған  жоқ.  Себебі  жазу  мəдени-рухани  дүниенің  негізгі  кілті  болатындығын, 
сондықтан  əліпби  халықтың  болашағымен  тығыз  байланысты  екендігін  барлық  зиялылар  ұғынып, 
оны өз пікірлерінде ашық түрде білдіріп те отырды. Десек те қазақ халқы үш түрлі əліпби жүйесін 
бірінен  соң  бірін  қабылдауына  тура  келді.  Бір  халықтың  бұлайша  үш  алфавит  жүйесін  басынан 
өткерудің өзіндік себептері бар еді. Мəселен, шоқындыру арқылы орыстандыруды қарқынды дамыту 
үшін Қазан қаласында «Рухани академия» құрылып, оның ішінен «Противомусульманская кафедра» 
ашылады. Ол жердегі миссионерлер ислам дінін жоймайынша, саяси əрекеттері жүзеге аспайтынын 
түсініп, бұл үшін «ең алдымен араб жазуын қолданыстан шығарып тастау қажет» деп табады. Алайда 
ұзақ ғасырлар бойы күллі түркі халықтары пайдаланып келген араб əліпбиін жою оңайға соқпайды. 
136


Сондықтан  бірден  орыс  əрпіне  көшірсе,  жəдидшілдердің  қолдауымен  жаппай  халық  арасында 
көтеріліс  болып  кетуінен  қауіптеніп,  1929  жылы  зорлықпен  латын  əліпбиін  қабылдаттырады  да  он 
жылдан  кейін  жаппай  түркі  халықтарын  орыс  жазуына  көшіріп,  өз  ойларын  іске  асырады.  Жалпы 
түркі  халықтарын  орыс  жазуына  көшіру  үшін  орыс  миссионерлері  барынша  атсалысып,  ол  үшін 
орысша  оқыған  қазақтарды  өз  мақсаттарына  пайдалануға  тырысып  баққан  болатын.  Бұған 
Н.И.Ильминскийдің: «Орыс мектептерінде тəрбие алған қазақ жастары арасында, сөз жоқ, мұсылман 
дініне салқын қарайтын, өз ана тілдерін жанын сала сүйетіндер бар. Соларға орыс алфавитін «қазақ 
тілінің  өзіндік  ерекшелігін  сақтаудың  негізгі  амалы»  деп  ұғындыра  алсақ,  олар  қырғыз  тіліне  орыс 
алфавитін енгізуде көп нəрсеге көмектесе алар еді», – деген мəлімдемесі нақты дəлел бола алады [1]. 
Тіпті  1876  жылы  29  сəуірде  Қазан  университетінің  жанындағы  тарих,  этнография  қоғамының 
мəжілісінде  «араб  жазуына  қарағанда,  орыс  əліпбиі  осы  қалпында  қазақ  тіліне  жарайды»  деген 
тұжырым да шығарылған болатын.  
Қазақ  зиялылары  тарапынан  араб  жазуының  кемшіліктері  туралы  ұсыныс-пікірлер  1890 
жылдардан бермен қарай айтыла бастаған болатын. Мəселен, «Дала уалаяты» газетінің 1896 жылғы 
31  санындағы  Д.Сұлтанғазин  «Қазақ  тілінше  жазу  турадан»  деген  мақаласында:  «Қазақтар  көп 
заманнан бері араб харіфтеріменен жазады, алай болса да қазақ сөздерінде һəр түрлі жұмсақ əуездер 
көп  болған  себебінен  араб  харіфтері  жазуға  анық  толымды  болмайды»,  –  дей  отырып,  орыс 
білімділерінің орыс жазуын ендіру үшін талпынғандарын да айта кетеді: «Бағзы бір білімді адамдар, 
мəселен  Григорьев,  Ильминский  дегендер  қазақ  сөздерін  араб  харіфтері  менен  жазғаннан  орыс 
харіфтеріменен  жазса  келісімді  болар  еді»,  –  деп  жаһад  қылғандар  еді».  Ал  Р.Дүйсенбаев  «Дала 
уалаяты  газетінің»  1897  жылғы  10  санында  «Қазақ  алфавиті  туралы  мəселе»  деген  атпен  мақала 
жариялап, қолданыстағы араб жазуын толықтырып, жаңа əліпби жасау қажеттілігін көтереді.  
Негізінен  қазақ  зиялылары  басқа  əліпбиге  көшуден  гөрі  қолданыстағы  араб  əліпбиіне  өзгерістер 
енгізу қажеттілігін көбірек көтерген еді. Бұл көзқарастағылардың негізгі ұстанымы «қазақ білмейтін 
бір бөтен алифби шығарғанша, бұрынғысын түзеткені жақсы», яғни, «қазақтардың не заманнан бері 
ғадет алып үйренген» араб жазуын тілімізге икемдеу ұтымды болмақ» дегенге саяды (Дала уалаяты, 
1899,  №22,  23).  Осындай  принципті  басшылыққа  алған  зиялылар  қауымының  көшбасында 
А.Байтұрсынұлы тұрды, Ахаң араб əліпбиін өзгерту мəселесін сөз жүзінде ғана айтып қоймай: «Мен 
харіфтерді өзгерткенде, халық жатсынбай, хат білетін адамдар үйретпей-ақ оқып кетерлік болғандай 
ғып өзгерттім», – деп нақты іс жүзінде көрсете отырып, өзінің əліпби жүйесін «Жазу тəртібі» деген 
атпен, «Айқаптың» 1912 жылғы 4 жəне 5-сандарында жариялап, халық талқысына ұсынады. Осыдан 
кейін баспасөз беттерінде, жиындарда жаппай əліпби айтысы басталып кетеді. Бұл орайда Ахаңның 
жазу жүйесін даттағандар да, жақтағандар да, ақтағандар да баршылық еді. Тіпті жөнсіз сынаушылар 
да, дəлелсіз  мін  тағушылар  да, қисынсыз дау  айтушылар  да  табылады.  Осылай қарсы  шыққандарға 
Ахаң: «Таластан қазақ баласы пайда тауып жүрген жоқ. Сабырмен отырып, ойласып іс істелік. Қазақ 
тіліндегі дыбыстарды көп я аз деп көрсетіп, борышыма берейін деп отырғаным жоқ қой. Мақсат – сіз 
болып, біз болып, ақылдасып отырып, дыбыс басына харіп белгілеп, жазуымызды бір жөнге салалық 
деген»,  –  деп,  босқа  даурықпауға  шақырады,  «осы  күні  һəркім  һəр түрлі  жазып  жүр, бір жөнменен 
жазылатұғын  жазу  жоқ.  Жазғанымыздың  қата,  дұрыстығын  айырарлық  емле  жоқ.  Оның  жоқтығы 
қазақ  тіліндегі  дыбыстарға  ашып-арнаған  харіфтер  жоқ.  Бір  сөзді  екі  кісі  екі  түрлі  жазады»,  –  деп, 
əліпбиді еріккеннен өзгертпегенін түсіндіреді (Айқап, 1912, №9, 10). 
Жөнсіз  дауласушыларға  қатысты  Міржақып  Дулатұлы  да  өз  пікірін  білдіреді.  Ол:  «Жазуды 
тəртіпке  салу  деген  оңай  емес.  «Оқушылар  сынасын»  дегенде  əркім  басына  келгенін  жазатұғын 
болса,  еш  уақытта  ойды  бір  жерге  қорытып  болмайды,  орынды,  орынсыз  сын  айта  беру  –  мақсат 
емес»,  –  дей  отырып,  Ахаңның  жазу  тəртібінің  дұрыс  екендігін  алға  тартады  [2,  111].  М.Дулатұлы 
Ахаңның  əліпби  жасау  шеберлігін  былайша  бағалайды:  «Араб  əріптерінің  өзгеріп  отырғаны  рас. 
Бірақ қалай өзгертілген, – əңгіме сонда болу керек қой. Араб əріптерінің 14 ғана бұрынғыша болса, 
өзге  ойдан  шыққандары  жұртқа  жат  болу  керек  қой.  Ойдан  шығарылған  əріптерді  жұртқа  үйретіп, 
оқытып  жату  керек  еді  ғой.  Ондай  нəрсе  болды  ма?  Болған  жоқ,  ендеше,  бұны  «өзгертушінің 
шеберлігі»  деп  біліңдер.  Бұларды  өзгерткенде  əр  əріптің  бұрынғы  тұлғасын  жоймай,  өзгерткенін 
сездірмей, хат танитын адам бөгелместен оқып кетерлік қылып өзгерткен» [3, 77].  
Ахмет Байтұрсынұлы өзінің құрастырған əліпби жүйесіне қатысты қоғамда орын алған екі түрлі 
көзқарастың екеуіне де дəлелді əрі ғылыми негіздегі тұжырымдарын айтумен болды. Оның біріншісі 
–  араб  əліпбиіне  өзгеріс  ендірмей  қолдана  беруді  жақтаушыларға  ғалым  қазақ  балаларының  тез 
сауаттануы үшін ұлттық əліпби мəселесін дұрыс шешу керектігін, араб графикасында қазақ тілі үшін 
қажетсіз таңбалардың көп екендігін алға тартса, екіншісі – араб жазуын мүлде тастап, латынға көшуді 
қолдайтындарға  мəдени-рухани  дүниеміздің  қайнар  көзі  болып  табылатын  араб  жазуының  ислам 
137


дінімен біте қайнасқандығын əрі өзі реформалаған жазу жүйесінің қазақ халқының барлық мұқтажын 
өтеуге  қауқарлы  екендігін,  осындай  алфавит  бола  тұра,  «басқасына  көшеміз»  деудің  еш  қисыны 
жоқтығын  алға  тартқан  еді.  Алайда  астыртын  саяси  идеологияның  ықпалынан  араб  жазуын  тастап, 
латынға  көшу  мəселесі  күн  сайын  күшейе  берді.  Тіпті  араб  жазуын  жақтаушыларға  діншілдер, 
исламшылдар  т.б.  деген  қара  күйе  жағылып,  ашықтан-ашық  айыптала  бастады.  Көп  жиындар  мен 
баспасөз  беттерінде  латынға  көшуге  үгіттеп,  насихаттау  белең  алды.  Əліпби  мəселесіне  қатысты 
өткен жиындардың бірінде Ахмет Байтұрсынұлы: «Менің алдымдағы баяндаманың ғылымдық пішіні 
болмады,  үгіт  пішінді  баяндама  болды.  Бұл  –  ғылымдық  мəселе  болғандықтан,  бұған  ғылым 
мұнарасынан қарауымыз тиіс. «Араб əрпінің орнына латын əрпін алу» деген мəселе тұрмыс жүзінде 
өте  керек  болғандықтан,  туып  отырған  мəселе  емес.  Мұнда  өте  керектік  түгіл,  əншейін  керектік  те 
жоқ. Тұтынып отырған əрпіміз қай жағынан да болса, басқалардың əрпінен артық болмаса, кем емес», 
–  деп,  латынға  деген  мұқтаждықтың  жоқтығын  айтады  жəне  əліпби  өзгертудің  зияны  мен 
қиындығын: «Түркі халқының араб əрпі негізінде жүргізген жазу мəдениеті бар. Жазу мəдениеті бар 
жұрттарға бір əріптен екінші əріпке көшу оңай жұмыс емес. Жайлап көшуге көп қаржы, уақыт, көп 
күш керек, өйткені екі əріппен іс жүргізуге екі есе қаржы, екі есе күш керек болады. Ондай қуат түркі 
жұртының  бірінде  де  жоқ.  ...  «Өнерлі  жұрттың  ортақ  əрпі  екен»,  –  деп  орыстар  алмай  отырғанда, 
ортақтығынан  дəмелі  болып  біз  аламыз  деуге  болмас»,  –  деп  ескертеді  (Еңбекші  қазақ.  1926,  19 
желтоқсан).  А.Байтұрсынұлының  латын  жазуына  қарсы  шыққандағы  негізгі  ойлағаны  –  елдің 
мəдениеті мен экономикалық жағдайы еді. Ахаң латынға көшу арқылы бүкіл қазақ халқы біріншіден, 
рухани-мəдени  дүниесінен  айырылатындығын,  екіншіден,  оқулық  шығару,  баспа  ісі  т.б. 
латындандыру үшін орасан көп қаржы керек болатындығын қатты ескертумен болады.  
Сол кезеңдегі жазуға қатысты пікірталастар «Əліппе айтысы» деген атпен 1927 жылы Қызылорда 
қаласында  кітап  болып  басылып  шығады.  Бұнда  А.Байтұрсынұлының  пікірін  М.Дулатұлы, 
Е.Омарұлы, А.Байтасұлы, І.Ахметұлы т.б. қолдап, сөз сөйлейді. Мəселен І.Ахметұлы: «Қазақстаннан 
шыққан  Ахмет  бұрынғы  араб  əліппесін  өзгертіп,  қазақ  əліппесін  жазды.  Неше  жылдай  қазақ  елін 
шоқындырмақ  болған  миссионерлер,  қазақ  еліне  үлгі  көрсетіп,  əліппе  жасап  бермек  болған  орыс 
білімпаздарының  қолынан  келмеген  нəрселер  Ахаңның  ғана  қолынан  келді.  Ахаңның  дəйекшесін 
орыс білімпаздары да ілім жолындағы үлкен табыстың біріне қосып отыр», – дейді.  
Бұл «Əліппе айтысында» латынды жақтаушылар А.Байділдаұлы, Т.Шонанұлы, Ə.Ермекұлы т.б. өз 
пікірлерін  дəлелдеуге  тырысып бағады.  Алайда  бұлардың  қай-қайсысы да  А.Байтұрсынұлы  жазуын 
жоғары  бағалайтындығын  өз  сөздерінде  білдіре  отырып,  латынға  көшудің  қажеттіліктері  туралы 
айтады. Мəселен, Т.Шонанұлы: «Бізде Ахаң еңбегімен, білім ордасының жігерімен жасалған жақсы 
емле бар. «Емлеміз жақсы» дегенге қосыламыз. Бірақ «Таңбамыз, əліппеміз, əрпіміз жақсы» дегенге 
қосылғым келмейді», – десе, Ə.Ермекұлы: «Ахаң емлені түзеп, қазақ тілінің негізін орнатқанына біз 
түгіл  орыстар  да  қарсы  емес.  Емлеміздің  дұрыс  шешілгендігі,  басқа  елдердің  көбінікінен  артық 
екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Сондықтан біз: «Ахаң мəселенің қиынын шешті», – дейміз. Ендігі 
талас əріптеріміздің таңбасы туралы», – деп, латын мен араб таңбаларының айырмашылықтарын сөз 
етеді.  Латынды  қолдаушылардың  «Əліппе  айтысында»  айтқан  негізгі  уəждері  латын  əрпімен  газет, 
журнал,  кітап  шығарғанда  шығынның  аз  болатыны,  араб  жазуымен  шығарса  шығынның  көп 
кететіндігі.  
«Байтұрсынұлы  жазуы»  ең  оңтайлы  əліпби  болып  табылғанымен,  құл  халыққа  істелген  озбыр 
саясат өз дегеніне жетіп, латынға негізделген жаңа əліпті қолданысқа ендірді. 1929 жылы 24 қаңтарда 
Қазақстан Орталық Кеңес Комитетінің ІV сессиясында бұл жаңа əліп «Латын əрпі негізінде құрылған 
жаңа қазақ əліпбиі деп саналсын» деген қаулы қабылданып, барлық мекеме мен ұйымдарды жаппай 
латын жазуына көшуге міндеттейді. Тіпті, латын əрпінен бас тартқысы келгендер заң алдында жауап 
беретін  дəржеге  жетеді.  Бұған  жоғарғы  үкімет  атынан  ресми  түрде  халыққа  таратылған  хабарлама 
дəлел  болады.  Онда  «Жарияланып  отырған  жиырма  күннің  ішінде  бүкіл  кеңсе  ісі  жаңа  əліпке 
көшірілетін болсын. «Жаңа əріпті білмеймін» деген қызметкерлер «жаңа əліптің жасырын жауы» деп 
саналып, сотқа тартылсын», – деп көрсетілген [4]. 
 Бұл  жазуды  насихаттау  бағытында  1929  жылдың  қаңтар  айынан  бастап  «Жаршы»  журналын 
шығарса, 1935 жылдан бастап «Төте оқу» газеті шыға бастайды. Бұл газет 1939 жылдан бастап атын 
«Сауатты  болуға  көмекші»  деп  өзгертеді.  Бір  əріпті  тастап,  екінші  əріпке  дереу  көшу  саяси-
экономикалық  жақтан  да,  мəдени-əлеуметтік  жақтан  да  өте  тиімсіз  болса  да,  қызыл  империяның 
негізгі  мақсаты  –  түркі  халықтарының  рухани  дамуын  тежеп,  бағындыру  жəне  сол  арқылы  орыс 
жазуына  көшіру  болатын.  «Халықтың  күллі  рухани  дүниесі  араб  жазуында  жатыр»,  «араб  жазуы  – 
тарих  тамыршысы»,  «халық  қазынасының  қоймасы»  деп,  оны  жан-тəнімен  қорғап,  шырылдаған 
зиялылар  қауымы  «арабшылдар»,  «ескішілдер»,  «қадымшылар»,  «керітартпалар»,  «ұлтшылдар», 
138


«діншілдер»,  «молданың  шашбауын  көтерушілер»  деп  айыпталды.  Өзі  құрастырған  жазу  жүйесін 
барынша  қорғаштаған  А.Байтұрсынұлы  Кеңес  үкіметінің  араб  жазуынан  айыру  арқылы  тұтас  бір 
халыққа  өткенін  ұмыттырып,  ұлттық  игіліктерді  саналарынан  өшіру  əрекетін  жасап  отырғанын 
жақсы түсінді.  
Ал латын жазуынан орыс жазуына көшу мəселесі алаш көсемдерінің, ұлттың қамын ойлаған ұлы 
тұлғалардың көзін біржола құртқаннан кейін, яғни, 1937 жылдары қайта көтеріле бастайды. Бұл кезде 
ұлт  болашағы  үшін  жанын  берген  азаматтардың  барлығының  көзі  жойылғандықтан,  қарсылық 
көрсетер  зиялы  қауымның  болмауы  себепті  орыс  жазуын  «халықтың  сұрауы  бойынша»  деген 
сылтаумен  еш  қиындықсыз  қабылдата  салады.  1940  жылы  13  қарашада  «Латындырылған  қазақ 
жазбасын орыс графикасы негізіндегі жаңа əліпбиге көшіру туралы» заң қабылданады. Онда «Қазақ 
елінің  өтініштері  негізінде  орыс  графикасына  көшірілу  қанағаттандырылсын»  деген  мазмұнда 
көрсетіліп,  ешқандай  зорлықсыз,  керісінше,  «халық  қалауы  бойынша  орыс  əліпбиін  қабылдады» 
деген тұрпатта көрсетіледі:  
«Идя  навстречу  желанию  трудящихся  Казахской  ССР  о  переводе  казахской  письменности  с 
латинизированного на новый алфавит на основе русской графики и учитывая огромное политическое 
и  культурное  значение  нового  алфавита,  являющего  средством  дальнейшего  подъема  культуры, 
развития  казахского  литературного  языка  и  еще  большего  укрепления  нерушимой  дружбы  народов 
СССР.  Пятая  Сессия  Верховного  Совета  Казахской  Советской  Социалистической  Республики 
ПОСТАНОВЛЯЕТ: 
1. Удовлетворить просьбу широких масс колхозников, рабочих и интеллигенции Казахской ССР о 
переводе  казахской  письменности  с  латинизированного  на  новый  казахский  алфавит  на  основе 
русской графики.  
2.  Утвердить  внесенный  Совнаркомом  Казахской  ССР  проект  нового  казахского  алфавита  в 
количество  41  буквы,  из  них  32  буквы  русского  алфавита  с  теми  функциями,  с  какими  они 
употребляются  в  русской  письменности  и  9  дополнительных  букв,  выражающих  специфические 
звуки казахского языка. 
3. Установить следующие сроки перехода на новый алфавит: 
а) государственных учреждений и общественных организаций – с февраля 1941 года; 
б) начальных школ (1-4 классы) – с 1 сентября 1941 года; 
в) газет и журналов (частично) – с 1 февраля 1941 года; 
г) неполных средних и средних школ и других учебных заведений – с 1 сентября 1942 года; 
д) школ грамоты – с марта 1941 года.  
4. Организовать при Совнаркоме Казахской ССР правительственную комиссию для практического 
руководства и проведения в жизнь намечаемых мероприятий по переходу на новый алфавит [5, 180].  
Қорыта  айтқанда,  сол  кезеңдердегі қазақ  қоғамында  əліпбиге қатысты  екі түрлі  бағыттың  талас-
тартысқа  түскендігін  көруге  болады:  біріншісі  –  миссионерлік  бағыт,  екіншісі  –  ұлттық  бағыт. 
Миссонерлік бағыттың мақсаты – «араб жазуы жарамсыз» деген желеумен орыс жазуын қолданысқа 
енгізу  болса,  ұлттық  бағыттың  мақсаты  –  мəдени-рухани  құндылықтардан  ажырамау  үшін  араб 
жазуын қолданыста қалдыру еді.  
 
Əдебиет:  
1.
  Ильминский Н.И. Из переписи по вопросу о применении русского алфавита к инородческим языкам. - 
Казань, 1883. - С. 20. 
2.
  Айқап. Құрастырған: Сұбханбердина Ү., Дəуітов С. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы. 1995. - 366 б. 
3.
  Əліппе айтысы. - Қарағанды: ҚарМУ баспаханасы, 1990. - 106 б. 
4.
  Еңбекші қазақ. 1931, 25 мамыр. 
5.
  Языковая политика в Казахстане (1921-1990 годы). Сборник документов. - Алматы: Қазақ университеті, 
1997. - 325 с. 
 
Қобланова А. 
филол.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ доценті 
 
А.Байтұрсынұлы – қазақ грамматикасының негізін қалаушы 
 
Тіл немесе тілдік таңбалар негізгі екі жүйеден құрылады: біріншісі – тілдің ішкі əлемдік жүйесі. 
Тілдің  ішкі  əлеміне  оның  грамматикасы  жатады.  Ол  сыртқы  əлеммен,  яғни,  тілдік  емес  əлеммен 
тікелей  байланысты  болмайды,  «өз  ішіндегі»  қатынастардың  ырқында  болады.  Екіншісі  –  тілдің 
139


сыртқы  əлемдік  жүйесі.  Оған  лексика-фразеологиялық  бірліктер  жатады.  Лексика-фразеологиялық 
бірліктер ақиқат, бейақиқат дүниедегі зат, нəрселердің референттері болып саналады.  
Тілдің ішкі əлемінің құрылысы грамматикалық формалардан (септік, тəуелдік, жақ, шақ, шырай, 
рай  категориялары),  сөзжасамдық  бірліктер  мен  синтаксистік  бірліктерден  (сөз  тіркесі,  сөйлем 
түрлері)  құралады.  Бұлардың  бəрі  индивидтің  еркінен  тыс  конвенционалды,  əлеуметтік  жағынан 
детерминделген  сипатта  болады.  Басқаша  айтқанда,  грамматикалық  бірліктер  тілдік  ұжым 
мүшелерінің  баршасына  ортақ  болып  келеді.  Сол  себептен  тіл  иелмендері  бір-бірімен  сөйлескенде 
айтылған  сөзді  еш  қиындықсыз  ұғады.  Грамматиканың  құрылымы  тілдік  ұжым  мүшелерінің 
баршасына  ортақ,  бұлжымас  заң  іспетте  болады.  Оған  тіл  иелмендерінің  əмірі  жүрмейді.  Тіл 
иелмендері  грамматиканың  ырқына  бағынады.  Осымен  байланысты  тілді  дұрыс  қолдануда  негіз, 
негізгі тірек болғандықтан, біз грамматиканы «тілдің ортологиялық базасы» деп алдық.  
Тілдің  грамматикалық  құрылысы  (строй)  мен  құрылымы  (структурасы)  –  ежелден  келе  жатқан 
жүйе.  Оның  даму  жолдары  көне  дəуірден  бастау  алатын  категориялардан  парадигмалық  (вертикал) 
жəне  синтагмалық  қатынастағы  түзілімдерінен  тұрады.  Ал  грамматиканың  бас-аяғы  түгелденіп, 
сараланып,  кітап  түрінде  хатқа  түсуі  ұлттың  мəдени  тарихында  «теңдесі  жоқ  аса  зор  уақиға»  деп 
танылады. Өйткені грамматикадағы «дүниеліктердің» сараланып, белгілі бір жүйеге салынуын, яғни, 
грамматикалық  бірліктердің  тезге  түсуін  (кодификациялануын)  «баршаға  ортақ  норма  ретінде 
танылуы» деп түсінеміз. Қазақ грамматикасының құрылысын, құрылымын жүйелеп, алғаш рет кітап 
форматында  түзген  ғұлама  ғалым  А.Байтұрсынұлы  болды.  Қазақ  грамматикасының  жүзжылдық 
тарихы А. Байтұрсынұлынан басталады.  
Тілдің  грамматикасын  жазу  –  өркениетті  қоғамдағы  тілдік  қарым-қатынасты  (коммуникацияны) 
жетілдіру,  дамытып  мəденилендіру  үшін  жасалатын  аса  қажетті  лингвистикалық  жəне  мəдени-
əлеуметтік  маңызды  ғылыми  шаралардың  бірі  саналады.  Адамзат  тарихындағы  грамматикалардың 
тұңғыш  үлгісі,  зерттеушілердің  көрсетуінше,  біздің  дəуірімізге  дейінгі  IV  ғасырлар  шамасында 
Үндістан  мен  Грекия  елінде  жазылған  екен.  Таяу  Шығыстағы  Иран,  Араб  өркениетінің  ежелгі 
заманнан бері өз грамматикасы болғаны мəлім. Сөйтіп, грамматика тек тіл білімінің ғана емес, жалпы 
ғылым атаулының көшбасшы саласына айналды.  
Ғылымдағы  грамматика  əлеміне  орыстың  ұлы  ғалымы  М.В.Ломоносовтың  1757  жылы  шыққан 
атақты  «Ресей  грамматикасы»  («Российская  грамматика»)  делініп,  мемлекеттің  атауымен  аталды. 
Бұлай  деп  аталуы  себепсіз  емес  еді.  Ресейдің  сол  тұстағы  күллі  зиялы  қауымы  бұл  оқиғаны  «орыс 
ғылымының ұлы жеңісі» деп аса жоғары бағалап, ұлттық құндылықтар дүниесіне қосты.  
Ал  қазақ  грамматикасына  келетін  болсақ,  оның  «Тіл  –  құрал»  деген  атпен  дүниеге  келгеніне 
ғасырдан  астам  уақыт  өтіпті.  1913  жылы  А.Байтұрсынұлының  тасқа  басылып  жарық  көрген  бұл 
кітабы  «қазақ  грамматиканың  атасы»  болды  [1,  448].  Алтынмен  апталып,  күміспен  күптелмесе  де, 
аталмыш грамматика сауат ашқан əр адамның, мұғалімнің қолы мен қолтығынан түспей жүрді. Бұл 
грамматика  ағартушылықтың  қиыр-шиыр  жолын  тастап,  төте  жолына  мықтап  бет  бұрған  қазақ 
қоғамында  сауат  ашудың  шамшырағы  іспетті  болды.  «Кітап  тек  тасқа  басылған  түрде  ғана  емес, 
көшірме түрде тараған» деген ауызекі дерек бар. Əрине, А.Байтұрсынұлының грамматикасына дейін 
түркі тілдерін, оның ішінде қазақ тілін зерттеген елеулі еңбектер болды. Əсіресе орыс ғалымдарының 
ішінде  қазақ  тілінің  грамматикасын  тексерген  Н.И.Ильминский,  П.М.Мелиоранский  сынды 
түркітанушы  ғалымдарды  атап  айтуға  болады.  Сондай-ақ  бұл  ретте  академик  В.В.Радлов, 
М.Терентьев,  И.Лаптев,  В.В.Катаринский  сынды  зерттеушілердің  еңбектері,  сөз  жоқ,  түркітану 
ғылымына қосылған елеулі үлес болғаны белгілі. Дегенмен бұл еңбектердің, яғни, өзге ұлт өкілдері 
жазған  зерттеулердің,  жалпы  алғанда,  зерттеушілер  үшін  қазақ  тілінің  грамматикалық  табиғатын 
таныту  мақсатындағы  онтологиялық  мəні  жоғары  болғанмен,  қазақтардың  өздері  үшін,  қазақ  ұлты 
үшін  «тіл  грамматикасының  онтологиялық  табиғатымен  қатар  ортологиялық  жайын  білдіріп, 
танытатын грамматиканың түрі» деуге болмайды. Зерттеушілер мен өзге ұлт өкілдері үшін жазылған 
грамматиканың типі бір басқа да, тіл иелмендері үшін жазылған грамматиканың типі бір басқа. Сауат 
ашуға,  ағартушылыққа,  білім  мен  ғылымға  ден  қойған  сол  кездегі,  яғни,  ХХ  ғасырдың  басындағы 
қазақ  қоғамындағы  тіл  иелмендері  үшін  ана  тілінің  табиғаты  мен  болмысын  танытатын,  сонымен 
қатар  ортологиялық  (дұрыстық)  сипатын  көрсетіп,  білдіретін  грамматика  аса  қажет  болды.  Бұндай 
грамматиканы, жан-тəнімен, ақыл-парасатымен сезіне отырып, тұңғыш рет А.Байтұрсынұлы жасады. 
А.Байтұрсынұлы  грамматикасының  қоғамдық,  мəдени-əлеуметтік,  тілтанымдық  (лингвистикалық) 
маңызы өлшеусіз екені даусыз. Өйткені грамматика қазақтардың өздері үшін жазылды. «Тіл – құрал», 
біріншіден, ана тілінің грамматикалық құрылымын, оның болмысын қазақтың санасы мен зердесіне 
танытатындай  деңгейдегі,  екіншіден,  сөйлеген,  қалам  ұстаған  жұртшылыққа  тіл  дұрыстығын 
көрсетіп, білдіретін құрал болды. Сондықтан А.Байтұрсынұлының грамматикасының онтологиялық, 
140


ортологиялық  сипатын  аша  түсу  –  қазақ  тіл  біліміндегі  жəне  əдістемелік  теориясындағы  өзекті 
мəселелердің бірі саналады.  
А.Байтұрсынұлының  1912  жылы  Орынбор  қаласында  шыққан  «Оқу  құралы»  атты  «усул  сотие 
жолымен тəртіп етілген» қысқаша əліпбиі жарық көрді [2]. Əліпби қасиетті «Құран» сөзімен ашылып, 
Ахмет Байтұрсынұлының насихат мазмұнындағы өлеңі берілген:  
 Балалар! Бұ жол басы даналыққа. 
 Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та! 
 Бұ жолмен бара жатқан өзіңдей көп, 
 Соларды көре тұра қалалық па? 
 Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық, 
 Жүріңдер іздеп тауып алалық та! 
 
Бұл оқулықты зерттеушілеріміз айтқандай, «қазақ əліпбилерінің атасы» деп білеміз жəне «Ағарту 
мен  білім  саласындағы  төлбасы  оқулық»  деген  құрметті  мəртебеге  əбден  лайық  деп  ойлаймыз. 
Ғұлама  ғалымның  бұдан  да  басқа  да  оқулықтары  қазақ  ағарту  майданында  білімнің  шамшырағы 
болып, жарық шашты, білімге іңкəр жұрттың көзін ашты. 
А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы, Тіл – құралдары» С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Н.Т.Сауранбаев, 
М.Балақаев  сынды  өзінен  кейінгі  ғалымдардың  есімімен  байланысты  оқулықтарға  алтын  арқау 
болды.  Бұл  жерде  біздің  айтпағымыз  –  грамматикалық  категориялардың,  ұғымдардың, 
лингвистикалық, əдіскерлік ұстанымдардың жалпы мəселесі емес, солардың бір парасы, үстеу сөздің 
оқулықта ғылыми танымға айналуы. «Үстеу» деп аталатын сөз табының іргесін анық айқындау аса 
күрделі  болса  керек.  Дегенмен  төлбасы  оқулықтарда,  аға  буын  оқулықтар  мен  қазіргі  заман 
оқулықтарында  бұл  категорияның  ұғымдық  мазмұны  ашыла  түскен.  Олай  дейтін  себебіміз  – 
А.Байтұрсынұлы  қазақ  тілінің  оқулығының,  ең  алдымен,  іргетасын  дұрыс  қалаған.  Сол  іргетастың, 
сірə,  дұрыс  қалағанынан  болар,  қазіргі  қолданыстағы  оқулықтарымыз  ана  тіліміздің  табиғаты  мен 
болмысына  лайық  деуге  болады.  Бұлай  болуы,  ең  алдымен,  А.Байтұрсынұлының  берген  бағдарына 
байланысты. 
А.Байтұрсынұлы,  жұртшылыққа  белгілі,  грамматикалық  категориялар,  ұғымдар  жүйесінің 
терминологиясын  жасады.  Оларға  ат  қойып,  атау  берді.  Халық  тіліндегі  шылау,  септеу,  үстеу  т.б. 
ондаған  жай  ғана  қатардағы  сөздерге  терминдік  мағына  үстеп,  ғылыми  ұғымдар  санатына  қосты. 
Атап айтқанда, үстеу сөзі əуелде «бір нəрсенің үстіне қосылған үстеме, қосымша зат (мал, ақша)» [2, 
87]  деген  тұрмыстық  ұғым  шеңберінде  жұмсалынатын  атау  болған.  Осы  аталған  лексикалық 
мағынаға ғалым терминдік сипат беріп, ғылыми ұғым деңгейіне көтерді, яғни, үстеуді алғаш рет сөз 
табы санатына қосқан ғалым – Ахмет Байтұрсынұлы. 
А.Байтұрсынұлы, ең алдымен, грамматикалық ойтанымның бастау көзін ашып, қазақ тіл білімінің 
негізін  қалады.  Ол  жазған  қазақ  тілінің  грамматикалары,  төлбасы  оқулықтары,  жазба  əдеби  тілдің 
грамматикалық, орфографиялық нормаларын ереже түрінде кодификациялаушы болды. Қазақ əдеби 
тілін  кодификациялау  А.Байтұрсынұлының  жазған  грамматикаларынан  басталады.  Əдеби  тілдің 
ереже  түрінде  заңдастырылған  нормаларын  біртуар  ғұлама  ғалым  өзінің  оқулықтары  мен 
грамматикаларында алғаш рет айқындап берді. Бұл – ғалымның рухани қайраткерлік тұлғасының бір 
қыры. 
Қ.Жұбанов  Қазақ  ССР  оқу  комиссариатының  ғылым,  оқу-əдістеме  кеңесінің  төрағасы, 
Мемтерминкомның төрағасы, Республика халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесі т.б. оқу-
ағарту,  ғылыми  ұйымдастыру  қызметін  атқара  жүріп,  жоғары  мектепке  арналған  ғылыми 
грамматиканың  қажеттілігін  өткір  мəселелердің  бірі  етіп  күн  тəртібіне  қойды.  Сол  кездегі  зиялы 
қауымның  грамматикалық  ой-санасына  (грамматическое  мышление)  сындарлы  түрде  қозғау  салды. 
Қ.Жұбанов қазақтың өз ішінен шығып, қазақ тілін зерттегендер Байтұрсынұлы Ахмет, Кемеңгерұлы 
Қошке,  Омарұлы  Елдес,  Шонанұлы  Телжан,  Досмағамбетұлы  Халел  сынды  қазақтың  ескі 
оқығандары  болғанын  жаза  келіп:  «Қысқасы,  бүгінге  дейінгі  қазақ  тілін  тексерулерімізде  Ахмет 
Байтұрсынұлының  дəрежесінен  əлі  көш  жер  кейін  жатырмыз.  «Тазын  жасырған  жазылмайды».  Біз 
мұны бойымызға қанша мін болса да, жасыра алмаймыз», – деп, мəселені ашық айтады [3, 358-359]. 
Қ.Жұбанов  өз  кезінде  А.Байтұрсынұлы  грамматикасының  маңызын  ешкімнен  кем  таныған  жоқ. 
Сонымен  қатар  Басымұлы  Қажым,  Аманжолұлы  Сəрсен,  Шонанұлы  Телжан  сынды  тіл  мəселесіне 
белсене  атсалысып  жүрген  жаңа  буын  зерттеушілердің  жазғандарына  өз  бағасын  бере  отырып, 
олардан  –  Басымұлы  Қажым,  Аманжолұлы  Сəрсеннен  үміт  күтетінін  де  айтады,  бірыңғай 
мазмұншылдық  пен  формашылдыққа  ұрынбауды  да  ескертіп  отырады.  Сөйте  келе  қазақ  тілінің 
ғылыми грамматикасын жазу керектігін, грамматикадағы алғашқы басқыш болып саналатын «Тіл – 
141


құралдың»  аясынан  шыға  алмай  жүрген  жайтты  «Қазақ  тілінің  ғылыми  курсы  жөнінен 
лекциялардың» беташарында былайша сипаттайды:  
Шынында, неге осы уақытқа дейін Байтұрсынұлының кітаптары қолданылып келеді? Неге оның 
«Тіл  –  құралдары»  1-басқыштан  бастап  жоғары  дəрежелі  мектептерге  (ВУЗ-ға)  дейін  бəріне  де 
«жарап» жүр. «Тіл – құралмен» оқыту тыйылған бола тұрса да, мұғалімдеріміз неге əлі күнге дейін 
оны «Құрандай» қолтықтап, сабаққа сонан дайындалады? Кім бұған айыпты? Əлде сол мұғалімдер 
ме? – Жоқ. Бұған біз, тіл зерттеушілері айыптымыз. Бүгінге шейін қазақ тілі жайында жазылған 
жолбасшы  кітаптарымыздың  бəрі  де  «Тіл  –  құралдан»  кем  болған.  Біздің  шығарған 
кітаптарымыздың  кеудесіне  нан  піскендей  менмендігі  болғанмен,  іші  қуысырақ  соққан.  Білімге 
сусаған қалың мұғалім бұлардан шөлін қандыра алмаса, бірқатар жоғы «Тіл – құралдан» табылып 
тұрса, ол сусынды содан іздемей, қайдан іздесін? Біздің кітаптарымыз, шынында да, мүгедек туған. 
Өйткені  бұлар  «жеңілдетілген».  Жеңілдеткенде  сөз  табы  9  екен,  оны  ауыр  көріп,  алтауын  кесіп 
түсіріп,  үшеуін  қалдырған.  Етістіктің  жіктеулері,  райлары,  етістері  көп  екен,  «жеңілдетіп» 
азайтқан, жұрнақтар көп екен, «жеңілдетіп» санын кеміткен.  
Мұндай «жеңілдетуге» алғыстан бөтен еш нəрсе айтпас едік-ау, егер де қазағы түскірдің аузына 
қақпақ  қойып,  сол  артық  сөз  таптарын,  артық  рай,  шырайларды,  жұрнақтарды  айтпайтын 
қылып,  бұлар  қазақ  тілінен  біржола  алыстап  қуылса.  Бірақ  не  пайда?!  Кітап  бетінде  тұжырып, 
кесіп  тастағанмен,  тіл  өмірінде  ол  «артықтар»  баршылығын  қоймайды  екен.  Сонысын-ақ 
жеңілдемейді екен.  
Барды  «жоқ»  деп  жасырғанмен,  жоқ  болмайды  екен.  Сонысын-ақ  бұл  жасырынбақ  ойнаудың 
арты  –  жеңілдету  емес,  ауырлату  болады  екен.  Ауырлық  басып  баратқансын,  «суға  кеткен  тал 
қармар», «сасқан үйрек артымен ұшып», «жаудан жақсылық күту – тарыққанның салдары» болса 
да,  тарыққан  мұғалім  байғұс  «артымен  ұшып»,  артта  қалған  «талды  қармап»,  «Тіл-құралдан» 
сусын күткен екен.  
Қ.Жұбанов  сол  бір  қиын  кезеңдегі  зерттеулерді  осылайша  сын  тезіне  ала  отырып,  қазақ  тілінің 
ғылыми  грамматикасын  жазып  шықты.  Аталмыш  еңбек  1933  жылы  «Қазақ  тілінің  ғылыми  курсы 
жөнінен лекциялар» деген атпен «Политехникалық мектеп» атты журналдың 7-8-нөмірлерінде жарық 
көрді.  Сөйтіп,  қазақ  грамматикасы  туралы  ілімнің  жаңа  бір  кезеңінің  басталуы  профессор 
Қ.Жұбановтың есімімен тығыз байланысты деуімізге болады.  
Қазақ  тіл  білімінде  А.  Байтұрсынұлы,  Қ  Жұбанов  із-соқпағын  салған  грамматикалық  ілімдер 
жүйесі  саяси-идеологиялық  қысымға  қарамастан,  жалғаса  түсті.  С.Аманжолов,  Н.Сауранбаев, 
І.Кеңесбаев,  М.Балақаев  сынды  ғалымдардың  жазған  грамматикалары  жарық  көрген  сайын 
грамматикалық ой-пайымдаулар жетіле түсті. Сондай-ақ жоғары мектептерге арналған «Қазіргі қазақ 
тілі»,  «Қазақ  грамматикасы»  [4]  атты  академиялық  сипаттағы  грамматикалар  таксономиялық-
құрылымдық грамматиканың қорытындылаушысы іспетті болды.  
Сөйтіп,  біздің  байқауымызша,  қазақ  грамматикасында  «формадан  мазмұнға»  деген  бағыт 
басымдылыққа айналды.  
Бұл  тұста  қазіргі  грамматика  жəне  оның  əдістемелік  негізі  туралы  қысқаша  айтып  кетуге  тура 
келеді. Қазақ грамматикасымен орта мектеп бітірген оқырман қауым мектеп бағдарламасы бойынша 
таныс екені белгілі. Əрі қарайғы білім алуда орта мектеп бағдарламасы көлемінде алған білім, əрине, 
қазіргі  ақпараттық  технология  заманында  жеткіліксіз.  Өйткені  күнделікті  өмірде  қолданылатын 
тілдің  қыр-сыры  көп.  Тілді  қарым-қатынас  саласында  қолдануда  тілдік  тəжірибенің  мəні  ерекше 
десек  те,  тек  өмір  тəжірибесіне  сүйенумен  тілдік  қарым-қатынастың  қырлары  бірден  шешілмейді. 
Сондықтан  теориялық  білімге  сүйену  аса  қажет  екені  ешбір  дау  туғызбайды.  Көбіміз  күнделікті 
өмірден  үйренген  дағдымен  сөйлеп,  қарым-қатынас  жасай  беруге  болады  деп  те  ойлаймыз.  Алайда 
күнделікті  тіл  тəжірибесіне  сүйенгенмен,  өмірдің  өзі  аса  күрделі.  Өмірде  бұрын  тəжірибеде 
кездеспейтін  нəрсе,  құбылыстардың  болып  отыратыны  сияқты  тілдік  қарым-қатынаста  да  тосын 
жайттар  ұшыраспай  қоймайтыны  белгілі  жайт.  Өйткені  тіл  дегеніміз  –  өмірдің  өзі  деуге  болады. 
Алайда  өмірде  болып  жатқан  əртүрлі,  неқилы  жайттар  тіл  субъектісіне  əсер  етіп,  оның  тілдік 
коммуникацияда  белгілі  бір  шешімге  келуіне  тура  келеді.  Бұл  жерде  біздің  айтпағымыз  – 
грамматиканы  мектеп  деңгейінде  болсын,  жоғары  оқу  сатыларында  болсын  схема,  формалды,  тіпті 
таптаурын  (шаблон)  түрінде  оқытуымыз  басым  сипатта  көрінетіні  байқалады.  Сондықтан  болар, 
оқушылар,  оқушы  жастар  мен  студенттер  грамматикаға  ынта-ықыласымен  қызыға  қоймайды. 
Күрделі  грамматикалық  құрылымдарды  тілдік  коммуникацияда  қолданудан  қашқақтап,  көбіне  ой-
сезімін жайдақ  түрде  жеткізеді.  Синтаксистік  үзіктер,  əсіресе,  студенттердің  сөз  қолданысында  жиі 
ұшырайды.  Өмірде,  қай  адам  болмасын,  күрделі  ойды,  пайымдауларын  тереңдете  жеткізуге  тура 
келетін  коммуникативтік  жағдаяттар  аз  кездеспейді.  Бұндайда  коммуникант  қате  қолданысқа,  сөз 
шорқақтығына  ұрынады.  Тіл  тығырығынан  шығудың  жолын  таба  алмай  отырады.  Сонымен  бірге 
142


күрделі  синтаксистік  құрылымдардың  ортологиялық  табиғатын  сезінбегендіктен,  студенттер 
бейресми  жағдаятта  сөздің  синтаксистік,  интонациялық  құрылымын  кітаби  формада  сірестіріп  те 
қолданады. Сөйтіп, тілді қолданудағы мəдениеті ойдағыдай бола бермейді. 
Халықтың  танымы  мен  зейін-зердесі  тілдің  лексика-фразеологиялық  бірліктері  арқылы  көрінеді, 
бірақ  сөз  де,  фразеологизмдер  де  тілде  грамматиканың  заңдылықтары  арқылы  өмір  сүреді. 
Грамматиканың  осындай  қасиеті,  əсіресе,  жоғары  оқу  орындарында  берілетін  білімдерде  ерекше 
ескерілуге  тиіс.  Олай  болмаған  жағдайда  грамматикамыз  ережелердің  жиынтығындай  болып 
көрінеді. Грамматикалық білім тек ережелердің жиынтығы іспетті болғандықтан, оқушы жастардың 
да, студенттердің де оны оқып-үйренуге деген қызығушылығы күрт төмендейді.  
«Заттың атын білдіретін сөз табы – зат есім, заттың сынын білдіретін сөз табы – сын есім» деген 
«құрғақ»  ережелерден  оқушылардың  да,  студенттердің  де  грамматикалық  категориялардың 
онтологиялық табиғатын тереңірек ұғына қоюы екіталай. Алдымен зат, оның сындық сипаты ақиқат 
дүниемен  байланыстырып,  ол  туралы  түсінік,  ұғымды  айту  жөн  емес  пе?,  яғни,  біздің  ойымызша, 
«мазмұннан  формаға»,  «формадан  мазмұнға»  деген  танымдық  тəсілдерді  бір-бірімен  ұштастыра 
қолдану тиімді көрінеді.  
 Қазіргіше  айтсақ,  функционалды-коммуникативтік  грамматикаға  мəн  бере  отырып,  белгілі  бір 
грамматикалық категорияны талдағанда дəстүрлі құрылымдық-таксономиялық грамматикамен екеуін 
бір-бірімен сабақтастыра байланыстыру тəсілін қолданғанымыз жөн болады. «Мазмұннан формаға», 
«формадан мазмұнға» дейтін тəсілдерге үңіле зер салсақ, А.Байтұрсынұлының «Тіл – құралынан» да, 
Қ.Жұбановтың  «Қазақ  тілінің  ғылыми  курсынан»  да  ,  сондай-ақ  құрылымдық-таксономиялық 
бағыттағы  «Қазақ  грамматикасы»  атты  академиялық  грамматикадан  да  дұрыстықпен  байланысты 
дəйекті талдауларды негізге алуға болады.  
Филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Ғ.Қалиев:  «Қазақ  грамматикасы»  тіліміздің  сол 
кезден  (А.Байтұрсынұлы  кезінен)  бүгінге  дейінгі  ғасырға  жуық  аралығындағы  грамматикалық 
құрылысы  мен  грамматикалық  ілімнің  даму  жəне  қалыптасу  процесін  қорытындылаған,  қазақ  тіл 
ғылымында сол жүз жылда қол жеткен нəтижелердің лайықты синтезі есепті де еңбек. – дей келіп, – 
Ана  тіліміздің  дыбыстық  жүйесінен  бастап  бар  деңгейді  қамти  жазған  іргелі  ғылыми  еңбек  жəне 
А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институтының  ғалымдары  тарапынан  қазақ  тіл  ғылымына 
қосылған зор үлес», – деп бағалаған [5, 118-123]. 
Белгілі  ғалымның  осы  айтқан  позитивті  жоғары  бағалауларына  қосыла  отырып,  біз  іргетасын 
А.Байтұрсынұлы қалаған аталмыш академиялық грамматиканы «қазақ тілінің бірден-бір о р т о л о г 
и я л ы қ   б а з а с ы» деп таныдық.  
 
Əдебиет: 
1.
  Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б. 
2.
  Байтұрсынұлы А. Оқу құрал. - Орынбор, 1912. 
3.
  Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы: Ғылым, 1996. - 332-б. 
4.
  Қазақ грамматикасы. Фонетика. Сөзжасам. Морфология. Синтаксис. - Астана: Елорда, 2002. – 784 б. 
5.
  Қалиев Г. Қазақ грамматикасы //ҚР ҰҒА Хабарлары. Филология сериясы. – 2003. - №1. - 118-123-б. 
 
 
Қайыров А. 
филол.ғ.к., Батыс Қазақстан инновациялық- 
технологиялық университетінің доценті  
 
А.Байтұрсынов жəне қазақ тілі грамматикасының мəселелері 
 
Қазақ  филологиясының  негізін  салушы  А.Байтұрсыновтың  шығармашылық  мұрасы  туралы 
айтқанда,  оның  көбіне  əдебиеттану  ғылымына  байланысты  зерттеулеріне,  саяси-əлеуметтік 
тақырыптағы ойларына көбірек мəн беріліп, ғалымның грамматика саласына қатысты еңбектері тек 
тілші  ғалымдар  тарапынан  ғана  сөз  болып  жүр.  Əрине,  қазақ  ғылымының  бастаушыларының  бірі 
ретінде  А.Байтұрсыновтың  ұлттық ғылымның көптеген  салалары  бойынша  еңбек етуіне  тура  келді. 
Соның ішінде қазақ тіл білімінің негізі болып табылатын еңбектері өте маңызды. 
А.Байтұрсыновтың  грамматикалық  көзқарастары  оның  1914  жылдан  бастап  жазылып  жарыққа 
шыққан үш бөлімнен тұратын «Тіл – құрал» атты еңбегінде баяндалады. Еңбек алғаш «Қазақ тілінің 
сарфы»  деп  те  аталып  жүрді.  Ғалымның  өзі де:  «Қазақтың бастауыш  мектебінде басқа білімдермен 
қатар  қазақ  тілінің  наху,  сарфы  да  үйретілерге  керек.  Үш  жылдық  бастауыш  мектептегі  оқуға 
шамалап  қазақ  тілінің  наху,  сарфын  бөліп,  балаларға  оқытуға  ыңғайлы  түрмен  осы  «Тіл  –  құрал» 
деген кітапшаларды шығарудамыз», – деп жазды [1, 142].  
 «Тіл  –  құрал»  бастауыш  мектеп  шəкірттеріне  арналған  оқулық  аталғанымен,  шын  мəнінде, 
А.Байтұрсыновтың  қазақ  тілінің  фонетикалық,  грамматикалық  құрылысын  тұңғыш  рет  жүйелеп 
143


талдаған  ғылыми  зерттеу  жұмысы  еді.  Еңбекте  автор  морфологиялық  сипатына  қарай  тілдердің 
топтастырылуы  сияқты  жалпы  тіл  білімі  мəселелерін  де,  сондай-ақ  сөз  таптары,  сөздердің 
морфологиялық  құрылымы,  сөйлем  мүшелері,  сөйлем  түрлері  тəрізді  жеке  қазақ  тіл  білімі 
мəселелерін  де  кеңінен  баяндайды.  Мысалы,  ғалым  «Дүниядағы  жұрттың  тілі  негізінде  үшке 
бөлінеді: 1. түбіршік тіл, 2. жалғамалы тіл, 3. қопармалы тіл. Түбіршік тіл түпкі қалпынан өзгермей 
жұмсалады,  мəселен,  қытай  həм  жапон  тілдері.  Жалғамалы  тіл  –  сөздің  аяғына  жалғау  қосылып 
өзгерілетін  тіл,  мəселен,  түрік  тілдері.  Қопармалы  тіл  –  сөз  түбірімен  қопарылып  өзгерілетін  тіл, 
мəселен, орыс тілі, араб тілі. Біздің қазақ тілі түркі тілдің бір тарауы болғандықтан, жалғамалы тіл», – 
деп сипаттайды. 
«Тіл  –  құралдың»  «Сөз  жүйесі  мен  түрлері»  деп  аталған  алғашқы  бөлімі  сөз  таптары,  сөздің 
түрлері туралы қазақ тілі морфологиясының негізгі мəселелеріне арналған. А.Байтұрсынов сөздерді 
таптастырғанда оларды атауыш сөздер, шылау сөздер, одағай сөздер деп үшке бөледі.  
1. Атауыш сөздерге зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөз таптарын жатқызып, əрбір сөз 
табының  лексика-грамматикалық,  морфологиялық  сипатын  жан-жақты  талдайды.  Жеке-жеке 
тоқталайық. 
Зат  есім.  Ғалым  «зат  есім  –  нəрселердің  атын  көрсететін  сөздер»  деп анықтама  береді  де  тегіне 
қарай  зат  есімдерді  деректі,  дерексіз,  жалқы  жəне  жалпы  зат  есімдер  деп  бөледі.  Сондай-ақ  «зат 
есімде  екі  айырыс  бар:  1.  жекелік,  2.  көптік»  деп  зат  есімнің  семантикалық  сипатынан  да  хабар 
береді. Одан əрі «зат есімде екі қалып бар: 1. жай қалып, 2. тəуелді қалып» деп зат есімге тəуелдік 
жалғауы жалғану ерекшелігіне, оңаша жəне ортақ тəуелденуіне көбірек тоқталады. Морфологиялық 
құрылысы  жағынан  негізгі,  түбір  зат  есімдерді  автор  «түпкі  зат  есімдер»  деп  атайды.  «Түпкі  затқа 
қатысқан  екінші  зат  болса,  ол  екінші  затты  атау  үшін  түпкі  заттың  есіміне  həр  түрлі  жұрнақтар 
жалғанады», – деп, жиырма екі жұрнақтың түрін көрсетеді. Қазіргі қазақ тілінде ол жұрнақтар «зат 
есімнен  зат  есім,  зат  есімнен  сын  есім,  зат  есімнен  етістік  жасайтын  жұрнақтар»,  «рең  мəнін 
тудыратын жұрнақтар», «иелік мəн тудыратын жұрнақтар» деп түрліше топтастырылады.  
Сын  есім.  А.Байтұрсынов  «нəрселердің  сынын  көрсететін  сөздерді  сын  есімдер»  деп  анықтайды 
да  оның  екі  түрін  көрсетеді:  1.  тек  сыны,  2.  сыр  сыны.  Келтірген  мысалдарға  қарағанда,  автордың 
«тек  сыны»  деп  отырғаны  –  зат  есімнің  алдынан  келіп,  сын  есім  мағынасында  қолданылған,  яғни, 
адьективтенген  зат  есімдер.  Мысалы,  ағаш  аяқ,  күміс  қасық,  алтын  жүзік,  қағаз  ақша,  жез  құман, 
киіз  қалпақ,  мақта  жіп.  т.б.  Ал  «нəрсенің  ішкі,  тысқы  сырын,  реңін,  түрін,  түсін,  тегін,  тұлғасын, 
пішінін,  жайын,  күйін  көрсететін  сыр  сыны»  –  сапалық  сын  есімдер.  Сонымен  қатар  ғалым  сын 
есімнің үш түрлі шырайын бөліп көрсетеді: 1. жай шырай, 2. талғаулы шырай, 3. таңдаулы шырай. 
Ерекшелігі  –  -рақ/-рек  қосымшалары  арқылы  жасалатын  талғаулы  шырай  қазіргі  тілімізде 
салыстырмалы шырайға, ал ең, нақ, тап, бек, қас деген сөздер қосылып айтылатын таңдаулы шырай 
асырмалы шырайға сəйкес келеді. Сондай-ақ сын есімнің морфологиялық құрылысына қатысты жеті 
түрлі жұрнақ анықталған. 
Сан есім. Оқулықта «сан есім нəрселердің есебін həм ретін көрсететін сөздер» делініп, оның екі 
түрі – есептік жəне реттік сан есімдер ғана берілген. Олар тұлғасы мен мағынасы жағынан қазіргімен 
толық сəйкеседі. Ал -ау/-еу жұрнақтары арқылы жасалатын жинақтық сан есімдер «жадағай есептік 
сандар» деп аталған. Қазіргі тілімізде бөлшектік сан есім жасайтын жарты, жарым, ширек сөздері 
«темілдік сандар» деп берілген.  
Есімдік. «Есімдік дегеніміз – есім сөздердің, яғни, зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін 
сөздер» деген анықтама берілген. Ғалым «қазақ тілінде олар бес тарау болады», – деп, қазіргі қазақ 
тіліндегі  есімдіктердің  мағыналық  жеті  түрінің  бесеуін  көрсетеді.  Олар  –  жіктеу,  сілтеу,  сұрау, 
жіктеу,  танықтық  есімдіктері.  Айырмашылығы  –  қазіргі  тіліміздегі  жалпылау,  белгісіздік,  өздік 
есімдіктері  «нəрсенің  жігін  айта  сөйлегенде  айтылатын  сөздер»  делініп,  екінші  аталған  жіктеу 
есімдігінің құрамында қарастырылған. Ал болымсыздық есімдіктері «танықтық есімдігі» деген атау 
алған. 
Етістік.  «Етістік  дегеніміз  –  заттардың  еткен-етпеген  істерін  көрсететін  сөздер»,  –  деп, 
А.Байтұрсынов  өз  еңбегінде  етістікке  күрделі  сөз  табы  ретінде  мол  орын  берген.  Сонымен  қатар 
етістіктің  етіс,  рай,  есімше,  көсемше  категорияларын  саралап,  олардың  анықтамасын,  тұлғалық, 
мағыналық ерекшеліктерін жан-жақты талдайды.  
Ең  алдымен,  автор  етістерге  тоқталып,  оның  он  түрін  бөліп  көрсетеді.  Ерекшелігі,  тіліміздегі 
сабақты жəне салт етістіктер бұл еңбекте етіс түрлерінің құрамында «сабақты» жəне «салт етістер» 
деп  берілген.  Өздік,  өзгелік,  ырықсыз,  ортақ  етіс  түрлері  тұлғасы  мен  мағынасы  жағынан  қазіргі 
тіліміздегідей, тек өзгелік етіс «беделді етіс» деп аталған. Ал қалған өзгелік, шығыс, дүркінді, өсіңкі 
етіс  түрлері  мағынасы  жағынан  қазіргі  грамматикалық  еңбектерде  айтылып  жүрген  негізгі  етіс 
түріне, іс-əрекеттің түрлі өту сипатына сəйкеседі.  
«Тіл  –  құралда»  етістіктің  райларының  мағынасына  қарай  он  бес  түрі  анықталған.  Солардың 
ішінде  ашық  рай,  шартты  рай,  қалау  рай  жасалуы  мен  мағынасы  жағынан  қазіргі  рай  түрлерімен 
144


толық сəйкес келеді. Сондай-ақ сенімді рай, теріс рай түрлері мағынасы мен тұлғасы жағынан қазіргі 
тілекті қалау рай түріне сəйкеседі. Қалған рай түрлері əртүрлі шақта айтылған іс-əрекеттерді атайтын 
етістіктің түрлі мағыналық топтарын білдіреді.  
Оқулықта  етістіктің  көсемше,  есімше  түрлері  де  келтірілген.  «Көсемше  дегеніміз  –  екі  етістік 
қосарынан сөйленгенде, алдында айтылатын етістіктің қысқа түрі» деген анықтама беріліп, оның -а/-
е/-й,  -ып/-іп,  -ғалы/-гелі  жұрнақтары  арқылы  жасалған  үнемді  көсемше,  үнемсіз  көсемше,  ниетті 
көсемше  деген  үш  түрі  бөліп  көрсетілген.  Терминдік  атаулары  басқа  болғанымен,  мағыналық 
жағынан қазіргі грамматикалық зерттеулердегі осы шақ, өткен шақ, келер шақ көсемше түрлеріне сай 
келеді жұрнақтары да бірдей.  
«Есімше  дегеніміз  –  есім  сияқты  айтылатын  етістіктің  түрі.  Есімшеге  есімдер  сияқты  жалғаулар 
да, етістіктер сияқты жіктеулер де жалғанады. Жіктегенде де есімдерше жіктеледі» деген анықтама 
қазіргі  грамматикалық  еңбектерде  айқындалған  есімшеге  тəн  барлық  ерекшелікті  қамтиды. 
Ғалымның есімше түрлерін «осы шақтық есімше», «өткен шақтық есімше», «ұйғарынды есімше» деп 
топтастыруы  мен  олардың  жұрнақтары  қазіргі  зерттеулердегі  есімшенің  түрлерімен,  жасалу 
жолдарымен бірдей, ерекшелігі -атын/-етін, -йтын/-йтін жұрнақтары арқылы жасалатын есімше түрі 
«ұйғарынды есімше» деп берілген.  
А.Байтұрсынов  назарынан  етістіктің  морфологиялық  сипаты  да  тыс  қалмаған.  Ғалым  қазіргі 
тіліміздегі негізгі түбір етістіктерді «сабақты» жəне «салт етіс» деп атайды. «Осы екі етістің түбіріне 
түрлі жұрнақтар жалғанып түрлі сөздер туады. Етіс жұрнақтары 1. бір етістен екінші етістік сөздер 
туғызады;  2.  етістерден  басқа  есім  сөздер  туғызады.  Сабақты  етіс  пен  салт  етістен  басқалары  – 
туынды  етіс»,  –  деп,  етістіктен  етістік  тудыратын  он  жұрнақты,  етістіктен  зат  есім,  сын  есім 
жасайтын жиырма екі жұрнақты мысалдарымен талдап көрсетеді.  
2. Шылау сөздерді өз ішінен «үстеу», «демеу», «жалғаулық» деп бөледі.  
«Үстеу – сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздер» 
деген анықтама беріліп, оның бес түрі (мезгілдік, мекендік, нықтаулық, сынаулық, өлшеулік үстеулер) 
сипатталады.  
Айырмашылығы  –  нықтаулық  үстеудің  құрамында  қазіргі  күшейту,  мақсат,  сын-бейне  үстеулері 
топтастырылған. Қазіргі мөлшер үстеуі «өлшеулік үстеу», ал сын-бейне үстеуі «сынаулық үстеу» деп 
аталған  жəне  оның  құрамында  қазіргі  топтау  үстеулері  қоса  берілген.  Жалпы,  үстеу  түрлерінің 
терминдік  атауларында  өзгешелік  болғанымен,  қазіргі  тіліміздегі  үстеудің  мағыналық  топтарының 
барлығы да қамтылған.  
Шылау  сөздердің  демеу  жəне  жалғаулық  деген  түрлерге  келтірген  мысалдары  қазіргі  тілімізде 
сұраулық демеулік шылауға, ыңғайластық, себеп-салдар, талғаулы жалғаулық шылауларға, септеулік 
шылауға  сəйкес  келеді. Автордың  əрбір  теориялық  тұжырымдары  соңында  дағдыландыру  түріндегі 
тапсырмалармен бекітіліп отырады.  
3. Ғалымодағай сөздер туралы «Одағай деймізодағайланып, оңаша айтылатын сөздерді. Қуаныш, 
реніш,  күйініш,  уайым,  қайғы,  жан  күйзелгенде,  жан  рахат  тапқанда,  тəн  күйзелгенде,  тəн  рахат 
тапқанда  шығатын  дыбыстар,  дауыстар,  айтылатын  сөздер,  жанды,  жансыз  заттардың  дыбысын, 
дауысын еліктеп айтатын сөздер, хайуандарға айтылатын сөздер, дауыстар, шақырулар – бəрі одағай 
сөз  табына  кіреді»,  –  деп  жазады.  Одан  əрі  одағайдың  үш  түрін  көрсетеді:  ілездік  одағай,  еліктеу 
одағай,  шақырыс  одағай.  Ерекшелігі  –  ілездік,  еліктеу  одағайлар  деп  қарастырылған  сөздер  қазіргі 
еліктеу сөздер құрамындағы дыбыстық еліктеуіш жəне бейнелеуіш сөздерге жатады. 
Қорыта  айтқанда,  А.Байтұрсынов  тіліміздегі  сөздерді  мағынасына  қарай  тоғыз  тапқа  бөледі:  зат 
есім,  сын  есім,  сан  есім,  есімдік,  етістік,  үстеу,  демеу,  жалғаулық,  одағай.  Мұның  қазіргі  сөз 
таптарынан  ерекшелігі  –  шылау  сөздер  «демеу»  жəне  «жалғаулық»  деп  екі  түрлі  сөз  табы  ретінде 
алынады да еліктеу сөздер жеке сөз табы ретінде емес, одағай сөздердің құрамында қарастырылған.  
Қазақ  тіліндегі  сөз  тұлғасы  мəселелері  де  А.Байтұрсынов  назарынан  тыс  қалмаған.  Ол  сөздерді 
тұлғасына  қарай  беске  бөледі:  түбір  сөз,  туынды  сөз,  қос  сөз,  қосалқы  сөз,  қосымшалар.  Ғалым 
топтастырған  сөздердің  алғашқы  үш  түрі  (түбір  сөз,  туынды  сөз,  қос  сөз)  бүгінгі  тіліміздегі  сөз 
тұлғаларымен  сəйкеседі.  Ал  жалпылағыш  жəне  жалқылағыш  қос  сөздер  деп  бөлген  қос  сөздердің 
түрлері (ер-тұрман, киім-кешек, қой-қозы, ер-батыр, есен-аман, қауға-шелек, құрт-құмырсқа, т.б.) – 
қазіргі қосарлама қос сөздер. 
«Қосалқы сөз» деп берілген сөз тұлғасы (да, ғой, ғана) – демеулік шылаулар қатарындағы сөздер. 
А.Байтұрсынов қосымшаларды да сөз тұлғасы қатарында қарастыра отырып, «қосымшалар екі түрлі: 
біреулері  жалғанған  сөздің  тұлғасын  ғана  өзгертіп,  мағынасын  өзгертпейді.  Екіншілері  жалғанған 
сөзінің тұлғасын да, мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастапқы қосымшалар «тысқары жалғаулар» 
не  тікелей  «жалғау»  деп аталады;  екінші қосымшалар  «ішкері жалғаулар»  не  тікелей  «жұрнақ»  деп 
аталады», – деп жазады. Осы пікірі арқылы ғалым жалғау мен жұрнақтың анықтамасы мен қызметіне 
қатысты  нақты  тұжырым  жасаған.  «Тіл  –  құралда»  сөз  таптарының  лексика-морфологиялық 
145


сипатымен  қатар  синтаксистік  қызметі  де  қарастырылған.  Ол  оқулықтың  «Сөйлем  жүйесі  мен 
түрлері» бөлімінде сөйлем мүшелері сипатында зерттелген. 
А.Байтұрсынов  сөйлем  мүшелерін  алғаш  рет  «тұрлаулы»,  «тұрлаусыз  мүшелер»  деп  бөледі. 
Тұрлаулы мүшелерді «бас мүше», «баяншы мүше» деп атап, бастауыш пен баяндауышты жатқызады. 
Тұрлаусыз  мүшелерді  «анықтауыш»,  «толықтауыш»,  «пысықтауыш  мүшелер»  деп  жіктейді.  Ғалым 
əрбір  сөйлем  мүшесінің  анықтамасын,  сұрақтарын,  жасалу  жолдарын,  мағынасы  мен  қызметін  дəл 
анықтайды.  Нəтижесінде  сөз  таптары  негізінде  бастауыштың  тоғыз,  баяндауыштың  жеті, 
анықтауыштың  алты,  толықтауыштың  алты  түрлі  жасалу  жолдарын  айқындайды.  Сондай-ақ 
пысықтауыштың бес мағыналық түрі мен олардың жасалатын сөз таптары да нақты сипатталған.  
А.Байтұрсынов  əрбір  сөйлем  мүшесінің  сұрақтары  мен  сол  сұраққа  сəйкес  грамматикалық 
тұлғасын  олардың  «тысқы  белгілері»,  ал  білдіретін  мағынасын  «ішкі  белгілері»  деп  түсіндіреді. 
Бұдан  сөйлем  мүшелерін  саралап,  сипаттауда  зерттеуші  олардың  сыртқы  тұлғасымен  қатар 
мағыналық  жағын  да  негізге  алғаны  байқалады.  Бұны  автордың  сөйлем  мүшелеріне  берген 
анықтамаларынан аңғаруға болады. Мысалы, «Бас мүше дейміз сөйлем ішіндегі сөздер байланатын 
қазық сөзін, сөйлем иесін. Сөйлегенде бір нəрсе туралы сырын, сипатын, жайын, амалын, болмысын 
сөйлейміз.  Сөйлем  ішінде  сол  нəрсенің  атын  көрсететін  сөз  бас  мүше  болады.  Ол  нəрсенің  сыр-
сипатын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз баяншы мүше болады. Жеңілдік үшін бас 
мүше – «бастауыш», баяншы мүше – «баяндауыш» деп аталады». Немесе: «Толықтауыш деп нəрсенің 
амалын,  жайын,  болмысын  толықтыру  үшін  айтылатын  сөзді  айтамыз.  Сөйлем  ішінде  нəрсенің 
амалын,  жайын,  болмысын  айтатын  сөз  –  көбіне  баяндауыш.  Солай  болған  соң  толықтауыш 
баяндауышты толықтыру үшін айтылатын сөйлем мүшесі болып шығады».  
Ғалым  күрделі  сөйлем  мүшелеріне  де  тоқталып,  оларды  «қосарлы  мүшелер»  деп  атаған.  Соның 
ішінде қосарлы бастауыш пен қосарлы баяндауышты арнайы қарастырып, қосарлы бастауыштың зат 
есім мен сын есімнің, зат есім мен есімше етістіктің тіркесінен жасалатынын, қосарлы баяндауыштың 
есім  сөздер  мен  етістіктің,  көсемше,  есімше  тұлғалы  негізгі  етістік  пен  көмекші  етістіктің  тіркесуі 
арқылы  жасалатынын  нақты  мысалдармен  баяндайды.  Мысалы,  Асық  ойнаған  азар.  Тоны  жаман 
тоңар. Жаман жүрісінен құл болады, жақсы жүрісінен пұл болады. От жанып тұр. 
А.Байтұрсыновтың  грамматика  саласында  үлкен  ықыласпен  зерттеген  келесі  мəселесі  –  сөйлем, 
оның  түрлері.  Ғалым  сөйлемге  ғылыми  анықтама  бермегенмен,  сөйлемдегі  сөздердің  өзара 
қатынасын,  қызметін  дəл  анықтайды.  Кез  келген  тіркескен  сөздердің  негізінде  сөйлем 
құралмайтынын  айта  келіп:  «Сөйлемнің  жаны  –  сөздердің  басы  мағыналы  болып  құралуы,  олай 
болмаса,  құр  сөздің  басын  құрап  айтқанмен,  сөйлем  болмайды.  Сөйлем  ішіндегі  сөздердің  басын 
түсінікті  етіп  құрастыру,  сөйлемдерді  түсінікті  етіп  жасау  туралы  сөз  табиғатынан  шыққан  түрлі 
заңдар,  тəртіптер  бар,  қысқасын  айтқанда,  өз  алдына  білерлік  толып  жатқан  білімдер  бар»,  –  деп 
жазады.  
А.Байтұрсынов  сөйлемді  жалпы  түрлеріне  қарай  болымды,  болымсыз,  толымды,  толымсыз, 
жалаң,  жайылма  сөйлемдер,  айтылуынша  айырылатын  түрлеріне  қарай  сұраулы,  лепті,  тілекті, 
жай  сөйлемдер,  құрылуынша  айырылатын  түрлеріне  қарай  іргелес  жəне  құрмалас  сөйлемдер  деп 
бірнеше  түрге  жіктейді.  Ғалым  өзі  топтастырған  сөйлемнің  əрбір  түрінің  анықтамасы  мен 
мағынасына  байланысты  нақты  тұжырым  ұсынады.  Мысалы:  «Не  жайынан  болса  да  болдыра,  бар 
қыла  сөйлеген  сөйлем  «болымды  сөйлем»  деп  аталады».  Немесе:  «Тұрлаулы  мүшелерінен  басқа 
тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем «жайылма сөйлем» деп аталады» т.б.  
А.Байтұрсынов  сөйлемдердің  жасалу  жолдарын  арнайы  бөліп  көрсетпегенімен,  келтірген 
мысалдарынан  оның  қандай  грамматикалық  тұлғалар  арқылы  жасалатынын  көре  аламыз.  Мысалы, 
болымсыз сөйлемдердің -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе тұлғалы болымсыз етістік пен жоқ модаль сөзінің, 
лепті,  тілекті  сөйлемдердің  көтеріңкі  интонация  мен  одағай  сөздердің  қатысуынан  құралатыны, 
сұраулы  сөйлемдердің  ма,  ме,  ба,  бе,  па,  пе  сұраулық  шылаулары  мен  сұрау  есімдіктері,  сұраулық 
интонация арқылы жасалатыны айқын аңғарылады.  
А.Байтұрсынов  құрмалас  сөйлемнің  табиғатына,  құрылымына  қатысты  өзіндік  ой  өрбітеді.  Ең 
алдымен, «сөйлемдердің құрмаласуы екі түрлі болады: «сыйыса құрмаласу» жəне «қиыса құрмаласу» 
деп бөліп алады да «қиысулы құрмаластағы сөйлемдер тең болса, «салалас құрмалас», ал тең болмай, 
бір-бірінен кем болып қиысса, онда «сабақтас құрмалас» деп аталады» деп сипаттама береді. Одан əрі 
салалас  құрмаластың  қиысуының  бес  түрін  көрсетеді:  жиылыңқы,  қайырыңқы,  айырыңқы, 
сұйылыңқы, қойылыңқы. 
Ал «сөйлемдер сабақталып біріккенде, бірі басыңқы, екіншісі бағыныңқы болып бірігеді», – деп, 
сабақтас сөйлемді бастауыш бағыныңқылы сөйлем, анықтауыш бағыныңқылы сөйлем, толықтауыш 
бағыныңқылы сөйлем, мезгіл пысықтауыш бағыныңқылы сөйлем, мекен пысықтауыш бағыныңқылы 
сөйлем,  сын  пысықтауыш  бағыныңқылы сөйлем, себеп  пысықтауыш  бағыныңқылы  сөйлем,  мақсат 
пысықтауыш бағыныңқылы сөйлем, шартты бағыныңқылы сөйлем, ереуіл бағыныңқылы сөйлем деп 
сөйлем мүшелері ыңғайында бірнеше түрге бөліп қарастырады.  
146


Əрине, құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлеріне қатысты А.Байтұрсынов ұсынған бұл терминдер 
қазіргі  грамматикалық  оқулықтарда  қолданылмайды.  Бірақ  құрмалас  сөйлемдер  құрамындағы  жай 
сөйлемдердің  бір-бірімен  мағыналық  қатынасы  тұрғысынан  алғанда,  А.Байтұрсынов  зерттеген 
сөйлемдер  тілімізде  қазіргі  құрмалас  сөйлем  түрлерімен  белгілі  дəрежеде  сəйкеседі.  Мысалы, 
жиылыңқы  салалас  ыңғайлас  не  мезгілдес  салаласпен,  қайырыңқы салалас  қарсылықты  салаласпен, 
айырыңқы  салалас  талғаулы  салаласпен,  сұйылыңқы  салалас  себептес  салалас  құрмалас 
сөйлемдермен автор келтірген мысалдарға қарап талдағанда, сəйкес келеді. 
Ал  сабақтас  құрмалас  сөйлемдерден  шартты  бағыныңқылы  мен  ереуіл  бағыныңқылы  сөйлемдер 
қазіргі шартты бағыныңқылы жəне қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас құрмалас сөйлем  түрлеріне 
сай келеді. Мысалы: Көсеу ұзын болса, қол күймейді. Тоқпағы зор болса, киіз қазық жерге кіреді. Қыс 
қатты  болса  да,  мал  аман  шықты.  Тартса  да  бар  күштерін  аямай-ақ,  аслан  жүк  орнынан 
қозғалмады. 
Сабақтас  сөйлемнің  өзге  түрлерін  қазіргі  бағыт  бойынша  салыстыра  қарау  барысында  саралап 
талдау қажет. Жоғарыда талданған сөйлем түрлерінен бөлек А.Байтұрсынов қыстырынды, келтірінді 
сөйлем  түрлерін  де  атап,  қыстырынды  сөйлемге  Құдай  біледі,  Аллаға  шүкір  сияқты  қыстырма 
сөйлемдері  бар  сөйлем  түрлерін  жатқызады.  Дұрысында,  мұндай  құрылымды  сөйлемдерді  жай 
сөйлемдер қатарынды қарастырған орынды. Сондай-ақ ғалымның арнайы бөліп қарастырған орамды 
немесе өрнекті сөйлем түрі қазіргі мəтінге келіп саяды. Себебі мұндай құрамды сөйлемдердің өзара 
мағыналық байланыстағы бірнеше сөйлемнен құралуы осының дəлелі.  
Қорыта айтқанда, А.Байтұрсыновтың синтаксистік ой-пікірлерінде сол кезеңге тəн кейбір өзіндік 
ерекшеліктер  болғанымен,  жалпы  алғанда,  сөз  таптарының,  сөйлемнің,  сөйлем  мүшелерінің 
анықтамасы,  түрлері,  жасалу  жолдары  туралы  ғылыми  теориялық  тұжырымдары  қазақ  тілі 
синтаксисінің негізі, бастау көзі болатыны дау тудырмайды.  
 
Əдебиет: 
1.
  А.Байтұрсынов Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992 
 
 
Сəдуақасова Г. 
филол.ғ.к., «Болашақ» университетінің  
қауымдастырылған доценті 
 
А.Байтұрсынұлы – сөйлем мүшелері ілімінің негізін салушы 
 
Қазақ  тіл  білімінің  қалыптасуы  мен  дамуы  жайында  сөз  болғанда,  оның  алғышартын  ХІХ 
ғасырдың орта тұсынан бері қарайғы түркітанушы орыс ғалымдарының еңбектерінен бастайтынымыз 
бар.  Əрине,  қазақ  тіл  ғылымының  қалыптасуында  ол  еңбектердің  маңызды  екендігінде  дау  жоқ. 
Өйткені  сол  бір  өзіне  дейінгі  ғалымдардың  еңбектерінен  сусындай  отырып,  бар  ғұмырын  қазақ 
жастарын  оқытуға,  ана  тіліміздің  ғылыми  ізге  түсуіне  арнаған  алаш  зиялыларының  бірі  – 
А.Байтұрсынұлы  өзі  таңдаған  мұғалімдік  мамандық  арқылы  халқына  толыққанды  қызмет  етуді 
мақсат етті. Сөйтіп, ол ХХ ғасыр аталатын жаңа дəуірде «Қазақ тіл білімі» деген тұтас бір ғылымның 
негізін  салушы,  бастаушысына  айналды.  Өткен  ғасыр  басында  А.Байтұрсынұлы  салған  соқпақтың 
ХХІ ғасырға ұласқан даңғыл жолға айналғанына бүгінгі ұрпақ куə. Осы ұлы жолды өзіне бағдаршам 
еткен  қай  ізденуші  болса  да,  А.Байтұрсынұлы  еңбектеріне  соқпай,  оның  идеяларына  «тəу  етпей» 
кеткен емес, кетпейді де. 
А.Байтұрсынұлы  –  қазақ  тілінің  басқа  салаларымен  бірге  синтаксистің  де  іргетасын  құйып, 
қабырғасын  қалаушы  ғалым.  Бір  ғана  мақала  ішінде  оның  бұл  бағыттағы  еңбегін  саралап  шығу 
мүмкін  емес,  сондықтан  сөйлем  мүшелері  жөніндегі  пікірлерін  ғана  негізге  ала  отырып,  ол 
ойларының кейінгі ғалымдар арқылы қалайша дамып жетілгеніне зер салайық.  
Ғалым  сөйлем  мүшелері  жайында  «Тіл  –  құралдың»  «Сөйлем  жүйесі  мен  түрлері»  атты  үшінші 
кітабында сөз етеді. Ол үшін кіріспе ретінде «Сөйлем жүйесі» атты тақырыпша беріп, онда сөйлемнің 
анықтамасын былайша білдіреді: «Сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой. 
Сөйлегенде,  жазғанда  кім  де  болса  ойын  айтады.  Ойын  айтуға  тиісті  сөздерді  алады  да,  олардың 
басын құрап, біріне бірінің қырын келтіріп, қиындастырады» [1, 263]. Осында кейінгі ғалымдардың 
сөйлем  жайындағы  тұжырымдарына  арқау  болатын  нысандардың  бəрі  бар:  1)  сөйлем  сөздердің 
қиындасуынан  (өзара  тіркесіп  сөйлем  мүшелеріне  айналуынан)  тұрады,  2)  сөйлем  біреудің  сөйлеу 
əрекеті арқылы жүзеге асады (тілдің қызметі), 3) сөйлем ойды білдіреді (ойдың жемісі). Анықтамада 
сөйлемнің  жүйесі  кіші  бөліктен  басталып,  соңы  ойды  білдіруімен  аяқтала  тұрса  да  (формалдық 
грамматиканың бағыты), ғалым алдымен ой, сосын сөйлеу (тіл), сосын барып сөйлем (жазу) екенін 
естен  шығармайды.  Сондықтан  «...айтушының  ойын  тыңдаушы  ұғарлық  даражада  түсінікті  болып 
147


айтылған  (сөйленген)  сөздер  ғана  сөйлем  болады»,  –  деп  ескертеді  [1,  264].  Ғұлама  айтқандай, 
«сөйлем  ішіндегі  сөздер  «сөйлем  мүшелері»  деп  аталады».  Біз  осы  мəселені  нысана  етеміз  жəне 
алдымен термин мəселесіне тоқталамыз. 
А.Байтұрсынұлы сөйлем мүшелерін тұрлаулы жəне тұрлаусыз мүшелер деп екі топқа бөліп алады 
да  тұрлаулы  мүшелерді  бастауыш  жəне  баяндауыш,  тұрлаусыз  мүшелерді  анықтауыш, 
толықтауыш,  пысықтауыш  деген  атаулармен  атап,  жіктейді.  Алайда  бұл  атаулардың  терминденуі 
жолында  басқа  да  көзқарастардың  болғанын  айта  кеткен  орынды.  Мəселен,  профессор  Қ.Жұбанов 
1936 жылғы оқулығында: «Көп сөзді сөйлемнің түгел ойдың бір бөлшегін білдіретін əр сөзін «сөйлем 
мүшесі» дейміз» [2, 153] деген тұрғыда А.Байтұрсыновтың анықтамасын толықтыра отырып, сөйлем 
мүшелерін  тек  бастауыш,  баяндауыш,  айқындауыш  деген  ыңғайда  қарастырады.  Ал  келесі  «Жаңа 
грамматиканың жаңалықтары» атты еңбегінде өзінен бұрынғы қолданылып келген А.Байтұрсынұлы 
мен  Т.Шонановтың  кітаптарындағы  сөйлем  мүшелерін  жіктеулеріне  түрлі  дəлелдермен  қарсылық 
білдіріп,  оған  өз  уəждерін  ұсынады.  Ол:  «Бұрынғы  грамматикалардағы  бір  сөзбен  тұрлаусыз 
мүшелер делініп жүрген сөйлем мүшелері жаңа грамматикада айқындауыш деп аталған. Өйткені бұл 
мүшелердің  өзгешелігі  тұрлаулы-тұрлаусыздығында  емес,  басқа  жағында,  –  дей  келіп,  –  біз  əуелі 
сөйлем  мүшелерін  мағынасына  қарай  топтастырдық.  Бұл  жағынан  сөйлем  мүшелері:  бастауыш, 
баяндауыш,  айқындауыш  деген  үш  топқа  айырылады.  Бастауыш  пен  баяндауыштан  басқа 
мүшелердің  бəрін  де  айқындауыш  деп  атадық»,  –  деген  тұжырым  жасайды.  Онан  кейін  автор 
айқындауыш  мүшелерді  іштей  жіктеу  барысында  сол  бұрынғы  анықтауыш,  толықтауыш, 
терминдерін пайдаланып, ол терминдер мен бұл терминдердің мүлде басқа екенін дəлелдейді. Соның 
барысында  бұрынғы  анықтауыш  болған  сөздердің  бірсыпырасы  толықтауыш  (аттың  жалы), 
бұрынғы пысықтауыштың кейбірі анықтауыш (бүгін келдім) болып кетеді, яғни, ғалым өзі айтқандай, 
«барлық  жалғаулы  сөздер  –  толықтауыш,  жалғаусыз  сөздер  –  анықтауыш  болады»  [2,  220-232]. 
Əрине, бұл жіктелістің қазіргі көзқарас тарапынан дұрыс болмағандығы келтірген мысалдарынан-ақ 
байқалып тұр. Дегенмен уақыт тезіне сай ғалым осындай өзгеріс жасауға мəжбүр болған тəрізді. 
Синтаксис бойынша алғашқы оқулық авторы – С.Аманжолов: «Мағына жағынан алғанда, сөйлем 
мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деу – өте ұшқары айтылған нəрсе. Себебі: бастауыш, баяндауышы 
жоқ сөйлем де белгілі мағына береді. Өйткені бір сөйлемді бір сөйлем толықтырады. Байланыссыз еш 
нəрсе жоқ. Олай болса, сөйлем мүшесін тұрақты, тұрақсыз деп бөлу дұрыс емес», – дей отырып, 
анықтауыш,  толықтауыш,  пысықтауыш  атауларының  шартты  екенін  ескертіп:  «Дұрысында, 
бұлардың бəрі де (баяндауышты қоса – Г.С.) – бастауыштың көрінісі», – деген тұжырым айтады [3, 
94-95]. 
Бұл  жерде  əр  ғалымның  сөйлем  мүшелерінің  топтастырылуы  (жіктелуі)  жайындағы  өзіндік 
көзқарастары  мен  уəждері,  оларға  сараптама  жасамай-ақ  қойғанның  өзінде,  сөйлем  мүшелерінің 
атаулары  ретіндегі  сөздердің  термин  ретінде  қалыптаса  бастауына  өзіндік  үлес  болып  қосылғанын 
айтқанымыз  орынды  болады.  Ал  осы  атаулардың  тұрақталып,  өздеріне  тəн  нақты  белгілерімен, 
ерекшеліктерімен терминдік статусқа күмəнсіз ие болуы М.Балақаевтың еңбектерінен бастап айқын 
көрінеді. 
Ғалымның өткен ғасырдың 40-жылдарының орта шенінде бірнеше мақалалары мен орта мектепке 
арналған оқулықтарында баяндалған сөйлем мүшелері жөніндегі ой-пікірлерінің қорытындысы 1954 
жылғы  «Қазіргі  қазақ  тілі»  атты  академиялық  грамматикадан  орын  алды.  Бұл  еңбекте  автор 
А.Байтұрсынұлының ізімен сөйлем мүшелерін тұрлаулы жəне тұрлаусыз деп топтайды да тұрлаулы 
мүшелер тобына бастауыш жəне баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер тобына анықтауыш, толықтауыш, 
пысықтауыш  жататындығын  айтып,  тұрлаулы  мүшелерді  жалаң  сөйлемдерді,  тұрлаусыз  мүшелерді 
жайылма  сөйлемдерді  жасауға  қатысатын  құралдар  ретінде  таниды  [4,  411].  Міне,  осыдан  кейінгі 
грамматикалардың қай-қайсысында да сөйлем мүшелерін осылай жіктеп атау үнемі сақталып келеді. 
Мұның өзі сөйлем мүшелеріне А.Байтұрсынұлы қойған атаулардың өткен ғасырдың орта тұсында-ақ 
термин ретінде қалыптасып тұрақтанғандығын білдіреді.  
Енді  осы  терминдермен  аталған  сөйлем  мүшелеріне  А.Байтұрсынұлы  берген  анықтамалардың 
кейінгі  даму  жолы  қалай  болғандығына  назар  аударайық.  А.Байтұрсынұлы  берген  анықтама 
бойынша: «Тұрлаулы мүше болады сөйлем болған жерде қалмай айтылатын сөздер немесе қалса да, 
қалғандығы сезіліп тұратын сөздер», ал «сөйлем ішінде бірде болып, бірде болмайтын сөздер немесе 
керек  болған  жерде  айтылып,  керек  болмаған  орында  айтылмай  қалып  отырған  сөздер,  жана  да 
қалған  жерде  қалғандығы  ашық  сезілмейтін  сөздер  тұрлаусыз  мүше  деп  аталады»  [1,  265].  Біз 
Қ.Жұбанов  пен  С.Аманжоловтың  сөйлем  мүшелерін  бұлайша  топтауға  қарсы  болғандығын  білеміз. 
Сондықтан осы ғалымдардан кейінгілердің берген анықтамаларына зер салайық.  
«Сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелерді тұрлаулы мүшелер дейміз. Тұрлаулы мүшелердің 
маңына топтанып, не тікелей соларды, не бірін-бірі анықтап, толықтап, пысықтап тұратын мүшелерді 
тұрлаусыз  мүшелер  дейміз»  [4,  411].  М.Балақаев  құрастырған  бұл  анықтаманың  А.Байтұрсынұлы 
берген  анықтамаға  қарағанда  əлдеқайда  жетілген,  нақтыланған,  атауларына  сай  мазмұн-мағынаны 
148


айқын  көрсеткен  анықтама  деуге  əбден  болады.  Себебі  тұрлаулы  мүшелердің  «бас  мүшелерден  – 
бастауыш,  баяндауыштан»  тұратынын,  олардың  «жалаң  сөйлем»  жасауға  қатысатынын  біле  тұрып, 
А.Байтұрсынұлы  бұл  мүшелердің  өзіндік  қызметтеріне  сай  нақты  ережесін  өте  қарапайым  тілмен 
құрастырған.  Ал  М.Балақаевта  бұл  ерекшеліктер  біршама  айқын  берілген.  Ғалымның  осы 
анықтамасы  кейінгі  еңбегінде  де  қайталанады  [5,  100].  Мұндағы  ерекшелік  –  бір  кезде 
А.Байтұрсынұлының  «Сөйлем  ішіндегі  сөздер  сөйлем  мүшелері  деп  аталады»  [1,  264]  деген 
анықтамасын  «Сөйлемде  грамматикалық  мағыналарға  ие  болып,  синтаксистік  қызмет  атқарып 
тұратын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз», – деп, кейінгі басылған «Қазіргі қазақ тілінде» (1997) осы 
анықтама «...өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын» деген толықтырумен нақтыланған [5, 101].  
Осы  тұста  белгілі  ғалым  Т.Қордабаевтың  мына  бір  сөзі  назарымызды  еріксіз  аудартады: 
«А.Байтұрсыновтың  сөйлем  мүшелері  жайындағы  айтқандары  да,  жай  сөйлемдерді  жіктеулері  де 
қазіргі  мектеп  оқулықтарында  болсын,  академиялық  грамматикаларда  болсын,  берік  сақталған. 
Соңғылардың  ғасырымыздың  бастапқы  20  жылы  ішінде  жарық  көрген  «Тіл  –  құралдарынан» 
өзгешелігі  –  тілдік  мысалдарының  жаңалығы  мен  молдығында,  баяндауларының  кеңдігінде.  Ал 
категориялардың  терминдік  атаулары  мен  классификациялық  принциптері,  грамматикалық  түйінді 
анықтамалары  жағынан  алғанда  өзгешеліктері  жоқ»  [6,  119].  Біздің  де  осы  тұжырымға  келіспеске 
амалымыз  жоқ.  Ғалымның  пікірін  дəлелдей  түсетін  тағы  бір  мысалды  ең  соңғы  академиялық 
грамматикадан (2002) кездестіреміз. Онда: «Сөйлемді құрайтын сөздер сөйлем мүшелеріне жіктеледі; 
...əрбір мүше өзінің формасы болумен қатар мағынасының болуымен ерекшеленеді. Сөйлем мүшелері 
қызметтеріне қарай екі үлкен топқа бөлінеді. Олар тұрлаулы жəне тұрлаусыз мүшелер деп аталады; 
...сөйлем құрау, сөйлемнің негізі болу – ең басты қызметі болатын мүшелер бар. Тұрлаулы мүшелер 
дегеніміз,  міне,  осы  қызметтегі  сөздер  болып  саналады.  Олар  бастауыш  жəне  баяндауыш  деп 
аталады.  Қалған  мүшелердің  сөйлемдегі  негізгі  қызметі  тұрлаулы  мүшелердің  мағыналарын 
нақтылау  болып  келеді.  Тұрлаусыз  мүшелер  деп  сондықтан  аталған,  яғни,  бұл  мүшелер  сөйлем 
құрамынан  түсіп  қалса  да,  тұрлаулы  мүшелер  сөйлемнің  негізін  сақтайды.  Тұрлаусыз  мүшелерге 
анықтауыш,  толықтауыш,  пысықтауыш  жатады»  [7,  630].  Шынында  да,  осы  анықтамалардың 
А.Байтұрсыновтың  да,  кейінгі  М.Балақаевтың  да  берген  анықтамаларын  баяндау  тұрғысынан 
кеңейткені ғана болмаса, пəлендей жаңалық қоспағанын аңғару қиын емес. 
А.Байтұрсынов тұрлаулы мүшелерді: 1) бас мүше (бастауыш), 2) баяншы мүше (баяндауыш) деп 
ажырата  отырып,  оларға  мынадай  анықтамалар  берген  болатын:  «Бас  мүше  (бастауыш)  дейміз 
сөйлем ішіндегі сөздер байланатын қазық сөзін, сөйлем иесін... Сөйлегенде бір нəрсе туралы сырын-
сипатын, жайын, амалын, болмысын сөйлейміз. Сөйлем ішінде сол нəрсенің атын көрсететін сөз бас 
мүше  болады.  ...Ол  нəрсенің  сырын-сипатын,  жайын,  амалын,  болмысын  айтып  баяндайтын  сөз 
баяншы  мүше(баяндауыш)  болады»  [1,  265].  Ал  тұрлаусыз  мүшелерге:  «Анықтауыш  деп  сөйлем 
ішінде анықтық үшін айтылатын сөзді айтамыз»; «Толықтауыш деп нəрсе амалын, жайын, болмысын 
толықтыру  үшін  айтылатын  сөзді  айтамыз»;  «Пысықтауыш  деп  амал  пысықтау  үшін  айтылатын 
сөздерді  айтамыз»  деген  тəрізді  қарапайым  анықтамалармен  шектеледі.  Осы  анықтамалардың 
қарапайымдылығы да Қ.Жұбановтың сынауына басты себеп ретінде алынған еді. 
Қ.Жұбанов  сөйлем  мүшелерін  таптастыруда  «тұрлаулы,  тұрлаусыз  мүшелер»  болып  бөлінуіне 
қосылмағанымен,  «бастауыш,  баяндауыш»  болып  бөлінуін  қолдай  отырып,  оларға  мынадай 
анықтамалар  береді:  «Сөйлем  ішінде  біреудің  не  бірдеменің  не  қылғанын  я  не  болғанын  баяндап 
тұратын  бір  мүше  болады.  Оны  баяндауыш  дейміз...  Сөйлемнің  кімнің  я  ненің  жайынан 
сөйленгендігін көрсететін мүшесін бас мүше немесе қысқартып, бастауыш дейміз» [2, 153-155]. Бұл 
тұста  ғалым  А.Байтұрсыновтың  терминдерін  пайдалана  отырып,  оның  анықтамаларын  мағыналық 
жағынан  толықтырғанын  көреміз.  Оған  дəлел  –  1937  жылғы  «Жаңа  грамматикасында»  «Сөйлемнің 
тұрлаусыз (айқындауыш) мүшелері» деген тақырыпша беріп, онда айқындауышты анықтауыш жəне 
толықтауыш  деп  бөлуге  болатынын  айтады  [2,  220-232].  Ал  өзі  «айқындауыш»  деп  топтастырған 
мүшені іштей «анықтауыш» жəне «толықтауыш» деп бөледі де оларды өздері жетектелетін сөздеріне 
жалғаумен не жалғаусыз байланысуына қарай: жалғаулы айқындауышты – толықтауыш, жалғаусыз 
айқындауышты – анықтауыш деп есептейді [2, 161]. Басқа нақты анықтама берілмейді. 
С.Аманжолов  та  өз  кезегінде  сөйлем  мүшелерін  «тұрлаулы,  тұрлаусыз  мүшелер»  деп  ажыратуға 
қарсы бола отырып, сөйлемнің бес мүшесі болатынын құптайды жəне осы бес мүшенің ішінде «...ең 
негіздің  негізі  –  бастауыш.  Баяндауыш  –  бастауыштың  тура  көрінісі.  Анықтауыш,  толықтауыш, 
пысықтауыш – оның бұрма көрінісі» деген ойын білдіреді. Сөйтіп, «Бастауыш – сөйлемнің ең негізгі 
қазығы, өйткені сөйлемнің нақтылы иесі, субъекті. Ескі грамматикаларда: «Сөйлемнің түп қазығы – 
бастауыш,  баяндауыш»  деген,  ол  дұрыс  емес.  Бастауыш  пен  баяндауыш  тең  емес;  баяндауыш 
бастауыштың  қимылын,  қозғалысын...  көрсетіп,  бастауыштың  (субъектінің)  ықпалымен  жүреді. 
Баяндауышқа бастауыш ықпалын тигізеді», – деген қорытындыға келеді [3, 95-96]. Ал анықтауыш, 
толықтауыш  жəне  пысықтауыш  жөніне  келгенде,  ғалым  бұларды  «шартпен  алынған  термин»  деп 
есептейді  де:  «...Бұлар  субъектінің  тура  сəулесін  емес,  бұрма  сəулесін  көрсетеді.  Бұларды  осы 
149


жағынан «тұрлаусыз мүше» деген дұрыс», – деп, алдыңғы ойына қарсы да келіп қалады. Əйтсе де осы 
үш  сөйлем  мүшесіне  «Анықтауыш  субъектінің  болмысын,  сынын,  санын,  түрін  көрсетеді; 
...толықтауыштың  объекті  екендігі  анық  көрініп  тұрады;  пысықтауыштар  –  қимылды,  сынды 
айқындайтын сөз» деген тəрізді анықтамалар бере отырып, сөйлем ішіндегі бұл мүшелерді анықтауда 
оларға тиісті сұраулар қоюдың рөлі айрықша екеніне ден қояды [3, 115-125]. Мұндағы ерекшелік – 
ғалым  сөйлем  мүшелерінің  қызметтері  мен  ерекшеліктерін  батыстан  орыс  тілшілері  арқылы  ене 
бастаған  логикалық  бағыттың  негізінде  дəлелдеуге  тырысады.  Ғалымның  өзі  де  еңбектің  басында: 
«Сөйлем мүшелерін біз тек мағынасына байланыстырып қана айырамыз»,  – деп ескерткен болатын 
[3,  94].  Мұның  өзі  –  бұрынғы  формалдық  грамматикаға  негізделген  қазақ  тіл  білімі  үшін  жаңалық 
болатын.  
М.Балақаев  «Қазіргі  қазақ  тілінде»  аталмыш  ғалымдардың  пікірлерін  əрі  нақтылай,  əрі  дамыта 
түседі.  Ол  «ойға  негіз  болатын,  сөйлем  құруға  қазық  болатын  бастауыштың,  баяндауыштың 
мағыналары  да,  қызметі  де  сол  екеуінің  грамматикалық  қатынасынан  туатынын»  ескере  отырып, 
оларға төмендегідей анықтама береді: «Сөйлемде айтылатын ойға негіз болатын, баяндауыш арқылы 
айтылған  қимылдың  не  басқа  сапаның  иесі  болатын  мүшені  бастауыш  дейміз.  Бастауыштың  ісін, 
қимылын,  кім,  не  екенін,  қанша,  қандай  екенін  білдіріп,  сөйлемдегі  ойды  тиянақты  етіп  тұратын 
мүшені  баяндауышдейміз»  [4,  412].  Ғалым  тұрлаулы  мүшенің  ең  негізгісі  бастауыш  болғанымен, 
сөйлемдегі қызметі жағынан баяндауыштың синтаксистік қызметі əлдеқайда басым екенін алғаш рет 
атап  көрсетеді.  Кейінгі  еңбектерінде  де  ол  осы  пікірін  өзгертпейді.  Бұл  ұстаным  оның  тұрлаусыз 
мүшелерге  (анықтауыш,  толықтауыш,  пысықтауыштарға)  берген  жеке  анықтамаларынан  да  орын 
алған.  Мысалы,  «Толықтауыш  –  қимыл  процесінің  объектісі  болатын  мүше;  сөйлемде  заттардың 
əртүрлі  сынын,  сапасын  білдіретін  сөздер  –  анықтауыш...;  ...пысықтауыш  –  заттың  қимылдық 
сапасының сапасын, белгісін білдіреді» [5, 142-173]. 
Соңғы  кездегі  грамматикалар  мен еңбектерде  бастауыш  пен  баяндауышқа  берілген анықтамалар 
негізінен  бұрынғы  анықтамалардың  мазмұнын  сақтай  отырып  логикаға,  ойға  қатыстылығы 
тұрғысынан тереңдетіледі. Мəселен, 2002 жылғы академиялық грамматикада «Тұрлаулы мүшелердің 
ең  басты,  негізгі  мүшесі  –  бастауыш»,  «Сөйлемнің  негізі  –предикативтілік  категориясы.  Ал 
предикативтіліктің  негізі  –  бастауыш»,  «...бастауыштың  түсіріліп  қолданылатын  кездері  болады; 
...бастауыш  контекстен  белгілі  болып  тұрады»  деген  сияқты  ойлар  айтыла  келіп,  «...сөйлемде 
айтылатын  ойға  негіз  болатын,  баяндауыш  арқылы  айтылатын  қимылдың  не  басқа  сапаның  иесі 
болатын  мүшені  бастауыш  дейміз»  деген  анықтама  беріледі.  Ал  баяндауыштың  анықтамасы 
былайша  көрсетілген:  «Предикаттық  іс-əрекетті,  сапаны  білдіретін  сөйлем  мүшесін  баяндауыш 
дейміз.  Баяндауыш  –  грамматикалық  формасы  жағынан  бастауышқа  бағынышты  мүше...»  [7,  630-
634].  Мұндағы  «предикативтік»  аталатын  термин  соңғы  кездегі  зерттеулерде  сөйлемнің 
грамматикалық  құрылымына  да,  логикалық  құрылымына  да  ортақ,  осы  екі  құрылымның  бір-біріне 
сəйкес келе бермейтіндігіне қарамастан, болуға тиісті басты белгісінің термині ретінде қолданылып 
жүргені белгілі. 
Осы  еңбекте  тұрлаусыз  мүшелерге  берілген  анықтамалар  да  жаңа  көзқарастармен,  жаңа 
терминдермен  толықтырылғаны  анық  байқалады.  Мысалы:  «...Ол  (толықтауыш)  субъекті 
қимылының жүзеге асуына себепші, оның əсеріне, ықпалына ұшырайтын, соған жанама да, тікелей 
де  қатысты  болып,  субъекті  əрекетін  толықтырып,  нақтылай  түсетін  объектіні  білдіреді»  [7,  651]; 
«Олар  (анықтауыштар),  негізінен,  зат  есімдерден  немесе  заттанған  басқа  сөз  таптарынан  болған 
мүшелермен  атрибуттық  қатынаста  болады  да  өзі  анықтайтын  сөздермен  интонациялық  жағынан 
ыңғайласып, бір ритмикалық топ құрайды. Анықтауыштар – өзіндік лексикалық та, грамматикалық 
та  дербестігі  бар  бірлік  ретінде  тұрақталған  синтаксистік  категория»  [7,  654];  «Тұрлаусыз  мүшенің 
бірі  болып  табылатын  пысықтауыш  сөйлемде,  негізінен,  етістіктен  болған  мүшеге  қатысты  болып, 
сол мүшені мекен, мезгіл, мақсаты, орындалу амалы жағынан нақтылап, анықтап тұрады. Нақтырақ 
айтқанда, анықтауыш зат есімнен болған мүшені, пысықтауыш етістіктен болған мүшені анықтайды» 
[7,  657].  Бұл  анықтамалардың  негізінде  де  жоғарыда  аталған  ғалымдардың  бірсыпыра  идеялары 
көрініс береді. Айырмашылық – жаңа көзқарастар негізінде толықтырыла, кеңейтіле баяндалуында. 
Сонымен,  мақалада  осыдан  бір  ғасыр  бұрын  А.Байтұрсынұлы  негізін  қалаған  қазақ  тіл  ғылымы 
синтаксисінің  сөйлем  мүшелеріне  қатысты  ой-пікірлердің  кейінгі  өсіп-өркендеу  жолына  қысқаша 
ғана шолу жасалды. Əрине, бір кезде А.Байтұрсынұлы енгізген синтаксистік терминдердің өміршең 
болып,  қазіргі  күнге  дейін  қолданылуының  басты  себебі  –  сол  кездегі  алаш  қайраткерлерінің  қазақ 
тіліне  деген  ортақ  көзқарасынан  туындаған  ойдың  жемісі.  Оған  мысал  ретінде  1924  жылы 
маусымның  12-18  күндері  Орынборда  өткен  Қазақ  білімпаздарының  тұңғыш  съезінде  Елдес 
Омарұлының қазақ пəн сөздерін (терминдерін) қалыптастыру жөніндегі баяндамасында: «Мəселенің 
қиыны: сөздің түсінікті болуында, баспасөз үшін əсіресе пəн кітаптары үшін пəн сөздері керек. Оны 
жаңадан  ойлап  шығару  керек.  ...Пəн  сөз  қазақтың  өз  тілінен  алынып,  мағынасы  аз  да  болса  тиісті 
ұғымды  сездірерлік  болса,  оны  түсіну  қиын  болмайды.  Сондықтан  пəн  сөзді  қолдан  келгенінше 
150


қазақтың  өз  тілінен  алу  керек»,  –  деген  пікірін  келтіруге  болады  [8,  95-96].  Екіншіден,  ғалым 
қалыптастырған  сөйлем  мүшелеріне  қатысты  атаулардың  басым  көпшілігі  тұрақтап,  терминге 
айналғанымен,  кейінгі  ғылым  дамуы  жолында  олар  жөніндегі  көзқарастардың,  берген 
анықтамалардың  түрлі  жаңа  идеялар  негізінде  жаңарып,  толықтырылып  отырғаны  біз  келтірген 
айғақтардан  белгілі.  «Ескісіз  жаңа  болмайтынын»,  əр  жаңа  істің  басталуында  қиындықтар  мен 
қателіктер  болатынын  ескерсек,  сол  ескі  мен  қателіктердің  əрбір  жаңалыққа  бастама,  қайнар  көз 
болатынын  да  ескеруіміз  қажет.  Қазіргімен  салыстырғанда,  өте  қарапайым  көрінетін 
А.Байтұрсынұлының  анықтама-пайымдаулары  кейінгі  жаңа  идеялармен  толыққан  көзқарастар  мен 
тұжырымдарға жол ашып берді.  
 
Əдебиет: 
1.
  Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б. 
2.
  Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 581 б. 
3.
  Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: Санат, 1994. – 320 б. 
4.
  Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1954. – 563 б. 
5.
  Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Санат, 
1997. – 240 б. 
6.
  Қордабаев Т. Тюркология жəне қазақ тіл білімі. –Алматы: Санат, 1998. – 144 б. 
7.
  Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. - 784 б. 
8.
  Қазақ білімпаздарының тұңғыш сійезі. - Алматы, 2005. - 144 б. 
 
 
Бақбергенова Р. 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 
 аға оқытушысы 
 
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілін оқыту əдістемесінің реформаторы 
 
ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  халқына  ұлттық  мəдениет  пен  əдебиеттің  туын  көтерген, 
жұртшылықтың  санасына  демократиялық  ойлар  сіңіріп,  жарқын  болашаққа  ұмтылған  зиялы  топ 
қалыптаса  бастайды. Халықтың рухын  көтеріп, санасын  оятқан  осы  топтың  рухани  көсемі  –  Ахмет 
Байтұрсынұлы болатын. Ол қазақ халқын отаршылдықтан құтқарар жол – алдыңғы қатарлы дамыған 
елдердің  санатына  қосылып,  өнер-білімге  ұмтылу  екендігін  біліп,  халық  арасында  ағартушылықты 
насихаттау  жұмысына  кіріседі.  Академик  Р.Сыздық:  «Өткен  ғасырдың  II  жартысынан  бастап 
көтерілген оқу-ағарту мəселесі қазақ қоғамы үшін əлеуметтік мəндегі үлкен проблема болса, оны іс 
жүзінде  қолға  алған  тұңғыш  ағартушы  Ыбырай  Алтынсарин  екендігін  білеміз.  Осы  салада  одан 
кейінгі  нақты  іс  істеген  екінші  адам  «екінші  Алтынсарин»  –  Ахмет  Байтұрсынов  болды»,  –  деген 
пікір білдіреді [1, 15].  
А.Байтұрсынұлы  мен  ұстазының  педагогикалық  ой-пікірлерін  салыстыра  зерделесек,  қазақтың 
тұңғыш педагогтерінің мақсаттары мен идеяларының өзара үндестігіне таңданбасқа болмайды. Қазақ 
жерінде  алғаш  мектептер  ашуға  жəне  мектептерде  оқу-тəрбие  жұмыстарын  жүргізудің  оқу 
жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға, мамандар даярлауға ерекше қызмет етіп, ұлттық ділімізге 
негізделген  төл  оқулықтар  мен  əдістемелік  құралдарды  дайындаған.  Ахмет  Байтұрсынұлының 
қазақша  сауат  ашуға  арналған  «Оқу  құралының»  (қазақша  əліппе)  7  рет  қайта  басылып,  білім  беру 
ісінде  ұзақ  уақыт  пайдаланылуы  –  бүгінгі  таңдағы  тіл  үйренушілерге  арналған  оқулықтарды 
даярлаушы  ғалымдарға  үлгі  боларлық  əдістеме.  «Оқу  құралы»  терең  мазмұнымен,  орналасу 
тəртібімен,  мəнділігімен  ерекшелінеді.  Тіліміздегі  дыбыстар  мен  əріптер  меңгертілгеннен  соң 
тақырыптық  жүйеде  танымдық  материалдар  ұсынылады:  «Туысқан  –  туған  ілікдес»,  «Киімдер», 
«Ойын-ойыншықтар», «Тамақтар – сусындар», «Дене мүшелері», «Ыдыс-аяқ», «Үй саймандары» т.б.  
Ахмет  Байтұрсынұлының  əліппелерінде  сөз  мəдениетінің  төменгі  сатысы  –  тіл  дамыту 
жұмыстарында ауыз əдебиетінің ерекше үлгілері мақал-мəтел, жұмбақ, жаңылтпаштар кешенді түрде 
ұсынылған.  Тілдік  тұлғаның  лингвомəдениеттанымдық,  коммуникативтік  құзіреттіліктерін 
қалыптастыруға  негізделгендігі  байқалады.  Оқу-ағарту  саласында  ұстазы –  Ы.Алтынсариннің,  орыс 
педагогі – К.Д.Ушинский, жазушы Л.Н.Толстойдың ана тілін үйрету, адамгершілік тəрбие беру, өмір, 
еңбек  жайындағы  білімдерді  күнделікті  тұрмыста  көріп  жүрген  таныс  жайттармен  ұштастыру, 
табиғат  жайындағы  білімді  айналадағы  өсімдік,  жан-жануар  тіршіліктерімен  сабақтастыра  беру 
сияқты, яғни, жеңілден ауырға, оңайдан қиынға қарай үйрету жүйесін ұстанған А.Байтұрсынұлының 
«Оқу құралы» еңбегі қазақ тілін оқытуда негізге алынатын қазіргі инновациялық технологиядан озық 
мəдени мұра ретінде бағаланады.  
151


1926  жылы  Баку  қаласында  өткен  Бүкілодақтық  Бірінші  Түркологиялық  съезде  түркі 
халықтарының  латын  графикасын  қабылдау  мəселесі  ғана  сөз  болмады.  Түркі  тілдерінің  тарихы, 
əдебиеті,  емле  мəселелерімен  бірге  түркі  тілдерін  оқыту  мəселесі  де  қаралды.  Бұл  жөнінде 
А.Байтұрсынұлы «Түрікшілер құрылтайы» мақаласында құрылтайда қаралған мəселелерді атай келіп, 
профессор  Щербаның  «Ана  тілін  үйрету  əдісіндегі  жаңа  ағымдар»,  Епенді-заданың  «Түрік  тілін 
оқыту əдістері» тақырыптарында баяндама жасағандарын сөз етеді [2, 411]. 
Əдістеме ғылымы, яғни, қазақ тілін оқыту əдістемесі лингвистикамен байланысты. Қазіргі уақытта 
лингвистика  ғылымында  тіл,  негізінен  екі  парадигмада  зерттелініп  жүргені  белгілі.  Біріншісі  – 
құрылымдық,  екіншісі  –  антропоцентристік  парадигма.  Қазақ  тілінің  мұғалімі  білім  берудің 
мазмұнына  сəйкес  лингвистика  ғылымындағы  ғылыми  анықтамалар  мен  ұғымдарды,  терминдерді, 
ғылыми  мəліметтерді  жүйелі  меңгеруі  тиіс.  Бұл  ғылыми  анықтамалар  мен  ережелерді  білім 
алушыларға жаттап оқытпай, негізгі грамматикалық тұлғалардың формасы мен мазмұнын меңгерту 
мақсаты іске асырылады.  
Соңғы  уақытқа  дейін  тіл  ғылымындағы  білімдерді  оқулыққа  енгізу,  оны  білім  алушы  санасына 
жеткізуде  құрылымдық  жүйе  негізге  алынды.  Оқулық  авторлары  тіл  ғылымындағы  «ішкі 
лингвистика» бағытын ұстанып, тілдің құрылымдық моделі тілдік тұлғаға берілетін білімнің негізгі 
мазмұны болып есептелінді. Қазақ тілінде сөйлейтін халық, ұлт, тілдік тұлға, коммуникативтік тұлға, 
мұғалім, оқушы «сыртқы лингвистика» ретінде аталып, екінші кезекте қарастырылды [3, 2].  
А.Байтұрсынұлының  инноваторлығы  тілдің  құрылымдық  моделін  білім  ретінде  беру  бағыты 
антропоцентристік  парадигмаға  негізделіп,  яғни,  екі  бағыттың  синтезделген  жүйесі  түрінде  болуы 
қажеттігі  əдіснамалық  ой  тұжырымдарында  терең  қарастырылады.  Лингвистика  ғылымындағы 
теориялық  ақпараттар  коммуникативтік  бағытта,  яғни,  тілдік  қатысымдық  (коммуникативтік) 
құзіреттілік,  лингвомəдениеттанымдық  құзіреттілік  қалыптастыруға  бағытталу  қажеттілігін 
дəйектейді.  Ғалымның  əдістемелік  еңбектерінде  қазіргі  əлемдік  білім  беру  жүйесіндегі  дамыта 
оқыту  технологиясы,  деңгейлік  оқыту  технологиясы,  модульдік  оқыту  технологиясы,  кешенді 
оқыту  технологиясы,  коммуникативтік  оқыту  технологиясының  негіздері  толық  көрініс 
тапқандығын  дəлелді  түрде  айта  аламыз.  А.Байтұрсынұлының  оқу-əдістемелік  кешендері  қазақ 
тіліндегі теориялық материалдарды практикамен ұштастырып, білім алушылардың коммуникативтік, 
лингвомəдени, когнитивтік жəне əлеуметтік-тұлғалық құзіреттіліктерін жетілдіруге негізделген. Оқу-
əдістемелік еңбектерінде этнопедагогика, этнопсихология ғылымдары негізінде қазақ ұлт мектебінің 
тұжырымдамасын жасап, даму қағидаларын нақтылап көрсете білді. А.Байтұрсынұлы еліміздегі қазақ 
мектептері  мен  мұғалімдеріне  көмек  көрсету,  халықтың  сауат  ашу  жəне  өнер-білімге  тарту 
мəселелерімен мақсатты түрде айналысты. Ұлт мектептерінде ана тілімен қатар сол халықтың рухани 
мəдениеті  мен  тарихы,  əдет-ғұрпы,  тұрмысы  мен  салт-дəстүрлері  негізінде  жүйелі  білім  беру 
мəселелері жөнінде айтқан ұтымды ой тұжырымдары қазіргі уақытта да құндылығымен ерекшелінеді.  
Қазіргі  уақытта  əлемдік  білім  беру  кеңістігінде  əдіскер  ғалымдар,  тəжірибелі  мұғалімдер 
тарапынан  ұтымды  технология  ретінде  құнды  болып  саналып  отырған  сын  тұрғысынан  ойлау 
ұстанымының  құндылығын  А.Байтұрсынұлы  сол  кездің  өзінде-ақ  дəлелдеген  болатын.  Қазақ  тілін 
оқыту  тəжірибесінде  қолданған  жалқылау,  жалпылау,  дыбысты  əдіс,  əңгімелесу,  жүйелеу,  талдау, 
жаттау, жинақтау, салыстыру, баяндау, сұрақ-жауап, сұхбат т.б. негізгі əдістері сыни тұрғыдан 
ойлауға  үйретуде  қазіргі  тілді  оқыту  əдістемесінде  интерактивті  əдістер  қатарында  қолданылып 
келеді.  
Интерактивті оқыту технологиясындағы ең негізгі əдістің бірі – сұхбат əдісінің элементтерін тілші 
ғалым  мүмкіндігінше  пайдаланған.  Пəнаралық  байланыс  мəселесінің  қойылуын  да  назардан  тыс 
қалдырмай,  сұхбат  əдісінің  қазақ  тілі  сабағына  қоса  табиғаттану,  қоғамтану  сабақтарында  да 
қолданыс табуына назар аударады. Ғалымның əдістер классификациясы туралы пікірлері 1928 жылы 
«Жаңа мектеп» журналында жарияланған «Қай əдіс жақсы» мақаласында толық қарастырылады [4]. 
Қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі  тарихында  дидактикалық  əдістер  қалыптасып,  білім  беру  ісінің 
дамуымен  байланысты  дамып  отырды.  А.Байтұрсынұлы  дидактиканың  əдістер  классификациясын 
жасауда  оқытудың  инновациялық  технологиясында  кең  өріс  алған  интербелсенді  əдіс  элементтерін 
ұсынған.  Ағартушы  өзінің  ғылыми-əдістемелік  еңбектерінде  білім беру  жүйесінде  теориялық  білімі 
жетік мұғалім дидактикалық əдісті дұрыс сұрыптап, оқу үрдісінде орынды, сапалы қолданады деген 
тұжырым  жасайды.  Ғалым  қазақ  тілін  оқыту  əдістемесінде  қазіргі  кезеңде  де  актив  қолданылатын 
дəстүрлі технологияға негізделген əдістерді өз тəжірибесінде қолданды.  
А.Байтұрсынұлы  тұтас  сөз  əдісі,  дыбысты  əдіс,  сауаттау  əдісі,  жалқылау  əдісі,  жалқылау-
жалпылау  əдісі,  шағын  сөз  əдісі,  американ  əдісі  түрлерін  талдап  көрсетті.  Ғылыми  мақалаларында 
аталған əдістер арқылы жасалатын жұмыс түрлері жан-жақты талданады. Əдіскер ғалым «Баяншы» 
152


еңбегінде: «Оқу үйренудегі бас мақсат – керек сөзді оқи білу, ол сөзді жаза білу. Сөз айту – дыбысты 
ауызбен тізу. Сөз жазу – дыбыстардың белгісін қағаз бетіне тізу. Оқуға келген бала сөйлей білсе де, 
дыбыстарды тізіп, сөз шығара білмейді. Сондықтан осы күнде оқуы тəртіпті жұрттар балаларға хəріп 
(əріп)  көрсетпей  тұрып,  əуелі  дыбыспен  жаттықтырады»деген  пікір  білдіріп,  дыбыс  үйретудің 
жолдарын атап көрсетеді.  
Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, əдістемеші ғалым – Ахмет Байтұрсынұлы тілді меңгертудегі 
сауаттылықтың негізі – оқу емес, жазу процесі екендігіне тоқталып, жазуға үйрету əдісіне ерекше мəн 
беру  керектігін  айтады.  Қазақ  тілі  оқулықтарында  əрбір  тілдік  матеиалдардан  соң  жаттығу 
жұмыстарын ұсынып, оның дидактикалық негізден тиімділігін төмендегіше талдап көрсетеді: «Тіл – 
құралмен» балаларды оқытқанда һəр қағида я ережені оқытқаннан кейін балалар түсіну үшін сөйлем 
сөздерді,  мақалдарды  үлгіге  алып,  олардың  ішінен  қағида  я  ережеге  келетін  жерлерін  балаларға 
таптыртып,  басқалардан  айыртып  үйрету....Сондықтан  мұғалім  балалардың  үйренген  қағидасы, 
ережесі  келетін  сөздерді  ауыздан  жаздыруы  керек.  Яки,  кітапшадағы  жорта  қате  жазып  қойған 
сөздерді дұрыстап жаздыруы тиіс» [2, 143].  
Ахмет  Байтұрсынұлының  ой  қорытындылауынан  жаттығулардың  орындалу  ерекшеліктеріне 
байланысты  ауызша  жəне  жазбаша  түрлеріне  ерекше  мəн  бергендігі  байқалады.  Ғалым  тілдік 
жаттығуларды  «дағдыландыру»,  «сынау»  түрлерінде  екіге  жіктеген.  Жаттығу  жұмысының 
«дағдыландыру»  түрінде  ауызша  орындалатын  жаттығулар  берілсе,  «сынау»  түріндегі  жаттығу 
жұмыстары жазбаша түрде орындатуға негізделген. «Тіл – құралдың» барлық оқулығында теориялық 
материалдарға  жеткілікті  дəрежеде  ұсынылған  дағдыландыру,  сынаужұмыстарында  қазіргі  тілді 
меңгерту  əдістемесіндегі  жаттығу  түрлерінің  (машықтандыру,  шығармашылық,  сұрақ-жауап, 
тексеру,  көшіру  т.б.)  элементтері  кеңінен  қолданылады.  «Тіл  жұмсар»  əдістемелік  еңбегінде 
ғалымның жазу дағдыларын жетілдіруге, сауаттылықты арттыруға байланысты жаттығу жұмыстарын 
түрлендіріп, мазмұнды жүйесін ұсынған. Көшіріп жазу, жатқа жазу (өзі жаттаған мəтінін жазу), 
тапсырма  бойынша  жазу  жаттығуларының  түрлерін  ұсынып,  «нұсқа»  деген  нұсқаумен  жаттығуды 
орындау үлгісі көрсетіліп отырады. 
А.Байтұрсынұлының  жаттығу  жұмыстарының  шартында  берілген  «сөйлеу»  терминін  «мəтін» 
орнында өте орынды қолданған. Сынау, дағдыландыру жұмыстарында алынған мəтіндер мазмұнды. 
Жаттығу  жұмыстарында  мəтін  сұрыптауда  мақал-мəтелдер,  жаңылтпаштар,  жұмбақтар,  шешендік 
сөздер  үлгілерін  жас  ерекшеліктеріне  қарай  тиімді  ұсынып,  білім  алушылардың  коммуникативтік-
танымдық  құзіреттіліктерін  жетілдіру  бағытын  ұстанған.  Ғалым  жаттығу  жұмыстарында 
лингвистикалық  құзіреттілікті  меңгертумен  бірге  лингвомəдениеттанымдық  жəне  қатысымдық 
құзыреттіліктерді қалыптастыруға ерекше мəн бергендігі мəтін мазмұндарынан да байқалады.  
Шетелдік тіл үйренушілердің қазақша сөз мəдениетін қалыптастыруда тілді меңгеру мəселелеріне 
байланысты  А.Байтұрсынұлының  ұсынған  əдістер  жүйесі  мен  қағидалары  инновациялық 
технологияға негізделген интерактивті əдістермен сабақтас: 

  тіл үйренушілерге қазақ тілінен меңгерілетін білім жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан 
күрделіге негізделіп, дидактикалық ұстанымдарға сəйкес оқытылады; 

  тіл үйренушілерге қазақ тілін меңгертуде əліпбиден бастау міндетті; 

  тіл  үйренушілердің  коммуникативтік  құзыреттілігін  жетілдіруде  сөз,  тұрақты  тіркес,  сөйлем 
жүйесін меңгерту жұмыстарын жүргізу; 

  тілді  меңгертуде  мұғалім  əдістің  бір  түрін  ғана  пайдаланып  қоймай,  бірнеше  интерактивті 
əдісті сабақтастыра білуі қажет: 

  тіл  үйренушілерге  лексикалық  минимумда  мақал-мəтелдер,  нақыл  сөздер,  фразеологизмдер, 
өлең-жыр, ертегілерді меңгерту арқылы лингвомəдениеттанымдық құзіреттілігін дамыту. 
«Инноватор  –  это  творческая  личность,  обладающая  инновационным  мышлением  и  с  высокой 
инновационной  культурой  инноваций»  [5,  89].  «Инноватор»  терминіне  берілген  анықтамалардың 
мазмұнын зерделей қарайтын болсақ, қазақ тіл білімі ғылымының негізін салған А.Байтұрсынұлының 
ғылыми-əдістемелік мұралары ғалымның «мəңгілік инноватор» екендігін дəлелдей түседі. Сондықтан 
мəңгілік инноватор – Ахмет Байтұрсынұлының ғылым, білім жəне мəдениет салаларында қалдырған 
бай  мұрасы  бүкіл  елдік  руханиятымыздың  бір  маңызды  бөлшегі  ретінде  мемлекеттік  қамқорлыққа 
алынып, оны игеру, зерттеу жұмыстары шоғырланған бір орталықтан жүргізілсе, ұлтымыздың кешегі 
де, бүгінгі де, ертеңгі де ұлы ұстазы алдындағы перзенттік парызымыздың ең бір лайықты өтеуі бо-
лар еді. 
Қазақ  ғылымының  дамуына  зор  үлес  қосқан  ұлағатты  ұстаз,  қазақ  халқының  рухани  көсемі  – 
А.Байтұрсынұлының қазақ тіл біліміне қатысты теориялық тұжырымдары мен əдістемелік тəжірибесі 
– жаңа үлгідегі ұлттық мектеп моделін жасауда негізге алынатын жүйе.Инноватор педагог-ғалымның 
153


ғылыми-əдістемелік  тұжырымдарын  зерделеу,  ғылыми  ізденістерді  жалғастыру  ұлттық  педагогика 
ғылымының қорын үздіксіз толықтырып, ХХІ ғасырдың терең білімді, бəсекелестік жағдайда рухани 
өресі биік, азаматтық бет-бейнесі қалыптасқан зияткер тұлғаны тəрбиелеуде маңызды орын алады. 
 
Əдебиет: 
1.
  Сыздықова Р. Көптомдық шығармалар жинағы. – Алматы: Елшежіре, 2014.  
2.
  Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.  
3.
  Уəлиұлы Н. «Мəдени мұра» бағдарламасы бойынша жарық көрген сөздіктердегі ақпараттарды білім беру 
жүйесінде қолдану туралы// Қазақ тілі: əдістеме. Республикалық ғылыми-əдістемелік журнал. – 2009. - №3 (23).  
4.
  Байтұрсынов А. Қай əдіс жақсы? // Жаңа мектеп. – 1928. - №4. 
5.
  Делия В.П. Инновационное мышление в ХХІ веке. –Балашиха: Де-По, 2011. 
 
 
Кушкимбаева А.  
PhD доктор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  
мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері  
 
Əлемнің тілдік бейнесін түзудегі А.Байтұрсынов өлеңдеріндегі  
сентенция құбылысының ерекшелігі 
 
Тілдік  тұлғаны  зерттеу  барысында  міндетті  түрде  адам  жəне  оны  қоршаған  дүние  туралы 
түсініктердің  жиынтығы  ретіндегі  ғаламның  тілдік  бейнесі  қарастырылады.  В.Маслова:  «Əлемнің 
тілдік  бейнесі  –  ұлттың  жалпымəдени  игілігі,  ол  құрылымды,  көпдеңгейлі.  Дəл  осы  əлемдік  тілдік 
бейне  адамның  ішкі  əлемі  мен  сыртқы  дүниені  байланыстырушы  болып  табылады,  адам  дүниені 
қабылдау  барысындағы  танымдық  қызметінің  нəтижелерін  тілде  бекітіп  отырады.  Əрбір  тілдің 
өзіндік  концептуалдану  тəсілі  болады,  сол  арқылы  əр  тілдің  өзіндік  əлем  бейнесі  жасалады.  Тілдік 
тұлға  сол  бейнеге  сəйкес  өз  айтылымдарын  ұйымдастыруға  міндетті.  Осы  арқылы  тілде  бекітілген 
өзіндік дүниені қабылдауы айқындалады», – дейді [1, 71].  
Ю.  Караулов  «əлемнің  тілдік  бейнесін  нақты  тілдің  толық  жиынтықта  алынған  барлық 
концептуалдық мазмұны» ретінде сипаттайды [2, 246].  
Əлемнің  тілдік  бейнесі  тіл  туралы  біліммен  қатар  əлемнің  концептуалдық  бейнесінің  мазмұнын 
таза тілдік құралдардың көмегімен толықтыратын ақпаратты да сақтайды. «Əлем туралы білім» деп 
атауға  болатын  əлем  бейнесі  жеке  жəне  қоғамдық  сананың  негізінде  жатыр.  Тіл  өз  кезегінде 
танымдық  үдерістің  талаптарын  орындайды.  Əлемнің  концептуалдық  бейнесі  əртүрлі  адамдарда, 
мысалы,  əртүрлі  заман,  əртүрлі  əлеуметтік,  жас  топтары,  ғылыми  білімнің  əртүрлі  салалары 
өкілдерінде əрқилы болуы мүмкін. Əр тілде сөйлеуші адамдарда белгілі бір жағдайларда ұқсас немесе 
бір  тілде  сөйлейтін  адамдарда  əрқилы  əлемнің  концептуалдық  бейнесі  болуы  мүмкін.  Олай  болса, 
əлемнің концептуалдық бейнесінде жалпыадамзаттық, ұлттық жəне жекелік бастамалар өзара қарым-
қатынаста болады» [1, 67].  
Ғалым Н.Уəли дүниенің концептуалды бейнесі негіздерін атап көрсетеді: «Тілдік бейне түріндегі 
концептуалды жүйе этностың заттық, мəдени тəжірибесіне тəуелді. Дүниенің концептуалды бейнесі 
логикалық-прагматикалық,  позитивтік  танымға,  əлеуметтік  тəжірибеге  негізделеді.  Концептуалды 
бейне  дүниенің  тілдік  бейнесінің  бір  бөлігі  болып  табылады.  Дүниенің  тілдік  бейнесінде 
мифологиялық, діни, логикалық-позитивті танымның бəрі де болады» [3, 18].  
Əлемнің  тілдік  бейнесі  ұлттық,  жекелік  өзгешеліктерге  ие.  «Ұлттық»  атауы  ұлт  ұғымымен 
байланысты  мəселелерге  жан-жақты  зерттеуді  қажет  етеді.  «Ұлт»  ұғымына  қатысты  мəселелер 
санатына  ұлттық  діл  де  кіреді.  «Ұлттық  діл  дегеніміз  –  ұлттың  когнитивті  стереотиптерінің 
жиынтығымен  анықталатын  шындық  болмысты  түсіну  мен  қабылдаудың  ұлттық  тəсілі.  Бір  жағдай 
(ситуация) əртүрлі ұлттық діл шеңберінде əртүрлі қабылдануы мүмкін. Ұлттық діл көбінесе адамның 
қабылдау  ағзаларын  бір нəрсені  көріп,  екінші  бір  нəрсені  байқамай қалуға  мəжбүр  еткендей  болып 
көрінеді» [4, 64]. Ұлттық діл қызметінің өзіндік нəтижесі, яғни, əлемнің ұлттық бейнесін бейнелейтін 
көркем шығармаларды талдау сол ұлтты түсінуге айтарлықтай ықпал етері сөзсіз. 
Сентенция(латынша  sententia  –  пікір,  ой)  сөзі  «1.  ақыл  айту,  мінез-құлық  туралы  нақыл;  2.  сот 
үкімінің көне аты» дегенді білдіреді. Сонымен қатар неміс жəне француз əдебиетінде кез келген өткір 
нақыл  сентенциядеп  аталады.  Сентенция  адам  жанына  əсер  етерлік  шындықтың  эстетикалық 
маңызын  сипаттап,  қаламгердің  дүниетанымын,  парасат-пайымын  көрсетеді.  «Сентенция  – 
шығарманың оқушыға эстетикалық əсерін қоюлата түсетін, танымдық ой дүниесін биіктететін жəне 
түйсікке  қозғау  салатын,  ақыл-уағыз  айтатын  терең  философиялық  мазмұнды,  ой  тұжырымы  бар 
154


сөздер» [5, 105]. Авторлық афоризмдердің ішінде драмада молырақ ұшырасып, зерттеу əдебиетінде 
жиірек  аталатыны  –  сентенция.  Сентенция  –  афоризмнің  бір  түрі,  авторы  анық  көрсетілмеген 
афоризм,  яғни,  белгілі  бір  əдеби  контекстен  үзіп  алуға  келетін,  ықшамдығымен,  əсерлігімен 
ерекшеленетін,  интеллектуалдық,  эстетикалық  талапқа  сай  келетін,  көбіне  философиялық, 
дидактикалық  поэзияның  жемісі,  көптің  көңіліне  ұялағандай  қысқа  құрылған  нақыл  сөз  [6,  27]. 
Мұндағы тұжырым қарсы пікір тудырмайтындай, терең мəнді, артық-кемі жоқ, «жеті рет өлшенген» 
мазмұнды болып, көбіне ашық немесе бұйрық райда айтылып, параллелизм, антитеза, қайталауларға 
құрылады.  Сентенция  философиялық  мазмұны  басым  болса,  гнома;  дидактикалық  мəні  көбірек 
болса,  максима;  нақты  бір  жағдайда  ойды  айқындау  не  əсерлеу  үшін  айтылса,  апофтегма  немесе 
хриядеп аталады. Бұл түр, яғни, сентенция, əдетте, шығарманың соңын немесе шырқау шегін ұштай 
түсу үшін антикалық, қайта өрлеу жəне классицизм əдебиетінде кеңінен мəлім болған. 
Сентенцияның  ішіндегі  ең  көп  белгілісі  –  максима.  Максима  (латынша  maxima  –  жоғарғы 
принцип)  –  «белгілі  бір  автордың  жалпыланған,  терең,  ықшам  жəне  ұшқыр  ойы»  [7].  Ол  адамның 
өзіне  қояр  талабын,  ұстанатын  логикалық  жəне  этикалық  принциптерін  белгілейді.  Кейіннен  бұл 
ұғым  кеңейіп,  «өмірдің  барлық  жағын  қамтып  көрсететін  нақыл»  деген  мəнде  ұғынылып  түсініліп 
жүр,  яғни,  афористік  мəнермен  қысқа,  əсерлі  жазуды  өзіндік  қолтаңбасына  айналдырған, 
афористикалық  жанрда  жазған  қаламгерлердің  жеке  туындысы  ретінде  қабылданады.  Мұндай 
максималар  (афоризмдер)  жеке  мəтін  ретінде  қарастырылады.  Максималардың  көлемі  əр  алуан: 
ықшам  құрылған  жай  сөйлемнен  бастап,  құрмалас  сөйлем,  күрделі  синтаксистік  бірлік  түріндегі 
тұжырым-пікірлерді де кездестіруге болады, яғни, ықшамдылық, көркемдік, əсерлілік сияқты нақыл 
сөзге  қойылатын  талаптар  үнемі  сақтала  бермейді.  Афоризм,  қанатты  сөздер,  мақал-мəтелдер 
сентенцияларға  ұқсас  болып  келеді.  Сыртқы  белгілері,  құрылымы,  мазмұны  жағынан  сентенциялар 
мақалдарға,  ал  қанатты  сөздер  мəтелдерге  барабар.  «Сентенция»  аталатын  авторлық  афоризмдерге 
А.Əділова мынадай анықтама береді: «Сентенция дегеніміз – белгілі авторы бар, адам, қоғам өмірінің 
сан алуан қырын қамтитын, терең мазмұнды, көркем, əсерлі, кітаби-жазба əдебиеттерде ұшырасатын, 
мəні  контексте  ашылатын  ықшам  сөйлем  (синтаксистік  бірлік).  Мұндай  сөйлемдер  жай  сөйлем 
түрінде де, құрмалас сөйлем түрінде де келе береді» [6, 34].  
Əлемнің  ұлттық  бейнесі айшықталған  сентенциялар  А.  Байтұрсыновтың  өлеңдерінде  тұнып  тұр. 
Мысалы,  
 Түсіне қарап, 
 Ішінен түңілме  
Күшіне қарап,  
Ісінен түңілме [8, 23], – 
деген  төрт  жолда  Маса  –  сергектікті,  қозғалыс  күйді,  серпіліс  пен  ізденісті  сəулелейтін  астарлы 
бейне екені көрінеді. Ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы 
күйден  оянуына  қызмет  етеді.  Бұл  Абайдың  «Түсіне  қарап  кісі  алма,  ісіне  қарап  кісіні  ал»  деген 
пікірімен  үндеседі.  «Бар  пайдаң  өз  басыңнан  артылмаса,  мал  ғұрлы  мағына  жоқ  тұрысыңда», 
«Дегендер мен жақсымын толып жатыр, Жақсылық өз басынан артылмаған», «Қайырсыз неше сараң 
байлар  да  бар,  Қайықтай  толқындағы  қалтылдаған»,  «Не  пайда  өнерің  мен  біліміңнен,  Тиісті 
жерлеріне  сарп  ұрмаған?!»,  «Байға  –  мал,  оқығанға  –  шен  мақсұт  боп,  Ойлайтын  жұрттың  қамын 
адам азған» т.с.с.Бұл өлең жолдарындағы философиялық тұжырымдарды жеткізуде, таным-түсінікке 
сай  ерекшеліктерді  көрсетуде  сентенция  тиімді  амалдың  бірі  саналады.  Бұл  өлең  жолдарында 
философиялық  мазмұн  басым  болғандықтан,  гномаға  жатады.  Сентенция  құбылысын  сөз  еткенде, 
А.Байтұрсынов өлеңдерінде кездесетін композициялық-стилистикалық лирикалық шегініс тəсілін де 
ескеру қажет. Лирикалық шегініс арқылы автор сюжеттен тыс, негізгі тақырыппен байланысы аз не 
мүлде  жоқ  естелік,  арнау,  оқиғалармен  баяндау  желісін  тежей  тұрып,  басты  тақырыпқа  тікелей  не 
жанама  қатысы  бар  мəселелерге  өзінің  ойын,  пікірін,  көзқарасын  ашық  айта  алады,  яғни, 
шығарманың идеялық мазмұнын ашу үшін лирикалық шегініс үлкен қызмет атқарады. «Қазақ қалпы» 
өлеңіндегі  «Қаз  едік  қатар  ұшып  қаңқылдаған,  Сахара  көлге  қонып  салқындаған»  деп  сонау  бір 
кездерде қазақ халқының еркін кең далада көшіп-қонып, жайыла жүрген келмеске кеткен еркіндікті 
еске бір түсіріп алады да «Бір өртке қаудан шыққан душар болып, не қалды тəнімізде шарпылмаған?» 
деп астарлы ой тастайды. Сентенция баяндау желісінен шашау шықпай, сөз болып отырған оқиғаның 
мəнін  дəл,  ықшам  да  толымды  ашып  көрсетумен  бірге  ерекше  бір  серпімді  қасиетімен  де 
ерекшеленеді,  яғни,  адам  санасы  баяндалып  отырған  ойдың  мəн-маңызын  қабылдауда  талдау, 
салыстыру,  жалпылау  тəсілдерін  ұштастырады.  Мысал  ретінде  мына  жолдарға  назар  аударайық: 
«Алаштың  адамының  бəрі  мəлім:  Кім  қалды  таразыға  тартылмаған?  Дегендер  «мен  жақсымын!» 
толып жатыр, жақсылық өз басынан артылмаған», – дейді де «босаң туған бозбаланы», «еңкеңдеп ет 
155


аңдыған  шалдарды»,  «сараң  байларды»,  «құр  түймеге  жарқылдап  жүрген»  өзі  сияқтыларды  əрі 
салыстырады,  əрі  əр  шумақтағы  ойды  мəтіннен  бөліп  алып,  баяндалып  отырған  оқиғаға  мүлде 
қатыссыз қарастыруға болады, себебі дəл осы пікірді бұл қалпында «қазақ туралы», қазақ байлары, 
оқығандары  тағдыры  туралы  трактаттың  құрамдас  бөлігі  деп  есептеуге,  басқа  дəлелдермен 
толықтыруға, бұдан да үлкен тілдік пайымдауларға айналдыруға болатыны сөзсіз. Бұл – сентенция, 
алайда  өзінен  кейінгі  шумақтардағы  ойды  өлеңнің  алғашқы  шумақтарындағы  пікірмен 
байланыстырушы  ретінде  де  қызмет  атқарады,  ал  өлең  соңындағы  «Бұл  бір  сөз  қасірет  етіп  хатқа 
жазған,  Қалмаған  түк  қасиет,  қазақ  азған.  Байға  –  мал,  оқығанға  –  шен  мақсұт  боп,  Ойлайтын 
жұрттың  қамын  адам  азған»  деген  өлен  жолдары  оқырманды  өлең  желісіне  қайтып  əкеледі  де 
сентенция  өлең  оқиғасымен,  идеясымен  тығыз  байланысын  жалғастырады.  Олай  болса, 
сентенцияның авторлық лирикалық шегіністен айырмашылығы – контекстен тыс тұруға бейімі болса 
да, контекспен байланысын үзбей, автор ойын нақтылай, дəлелдей түседі, яғни, сентенция абзацта не 
тарауда айтылатын ой, баяндалатын оқиға үшін серпін берерлік элемент ретінде қызмет етеді.  
Құрылымдық  ерекшеліктеріне  тоқталар  болсақ,  сентенциялар  көбіне  екі  бөлімнен  тұрып, 
антитезаға негізделеді, параллельге құрылады. Мысалы:  
«Қас білген досты, 
Дос білген қасты, 
 Мұндай елді көріп пе ең? 
Қыс ішінде бірер қаз 
Келгенменен қайда жаз?»[8,30].  
Авторды халқының бейғамдығы мазасыздандырады.  
Дыбыстық, лексикалық қайталаулар айтылатын тұжырымның көңілге қонымды қабылданып, есте 
ұзақ сақталуына да қызмет етеді. Мысалы:  
«Жан менікі» дей алмай, 
«Мал менікі» дей алмай, 
Ит пен құсқа азық ек,  
Немесе: 
 «Жұрт болалық» деген жоқ. 
Жұрт қайғысын жеген жоқ [8,32]. 
Бұл  өлең  жолдарындағы  қайталанып  тұрған  сөздер  автордың  интенциясын  білдіріп  тұр,  яғни, 
қалың  жұртына  жаны  ашыған  ақын,  оның  бойындағы  кемшілік,  мінді  осылайша  еселеп  қайталау 
арқылы, «маса» боп шағып оятуға ниет етеді.  
Автор  дүниетанымы,  əлемді  көруі  мен  идиостилі  арқылы  өзін  көрсетеді.  Жоғарыда  келтірілген 
сентенциялар  арқылы  көрінетін  əлемнің  көркем  бейнесі  –  сол  сентенцияны  қабылдаушының 
санасында  пайда  болатын  əлемнің  тілдік  бейнесі  сияқты  əлемнің  қайталама  бейнесі.  Сентенцияда 
ойға,  санаға  əсер  ете  алар  əрі  көркем,  əрі  нақты  ақпарат  бар.  А.Байтұрсынұлы  шығармаларындағы 
сентенцияларда  əлемнің  көркем  бейнесі  жекелік  сипатқа  ие  болғанымен,  ондағы  əлем  бейнесінің 
негізгі сипаттамалары ұлттық сананың жалпы қасиеттерін бейнелейді.  
 
Əдебиет:  
1
  Маслова В.А. Лингвокультурология. - М.: Академия, 2001. - 208 с.  
2
  Караулов Ю.Н. Русская языковая личность и задачи ее изучения. Язык и личность. – М.: Наука, 1989. - 
263 с. 
3
  Уəли Н. Қазақ сөз мəдениетінің теориялық негіздері: филол. ғыл. док. ... автореф. - Алматы, 2007. - 56 б. 
4
  Попова З.Д., Стернин И.А. Понятие «концепт» в лингвистических исследованиях. – Воронеж: ВГУ, 2000. 
- 271 с. 
5
  Смағұлова Г.Н. Көркем мəтін лингвистикасы. - Алматы, 2007. - 152 б.  
6
  Əділова  А.С.  Сентенцияның  тілдік  табиғаты  жəне  стильдік  қызметі:  филол.  ғыл.  канд.  ...  автореф.  – 
Қарағанды, 1998. – 59 б. 
7
  Большая энциклопедия Кирилла и Мефодия. -БЭКМ, 2007 // http:www.km. ru. 
8
  Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. - Алматы: Жазушы, 1989. - 320 бет. 
 
 
 
 
156


Əуелбекова Ш. 
PhD доктор,  
Сүлеймен Демирел университетінің  
қауымдастырылған профессоры 
 
Ahmet Baytursinuli alfabesi prensiplerindeki milli değerler 
 
Zamanında  A.  Baytursunulı  sunan  alfabeye  karşı  olanlar  ne  tür  deliller  getirmişlerdi  ve  bu  delillerin 
dilimizin tarihindeki yeri nerede meselesi analiz edilecektir. A. Baytursunulı alfabesine karşı çıkanlar nasıl 
Milli değerlerimizi yok etmeye çalıştıklarına dair Kazak dili tarihine ait bu bilgileri sunmaya çalışacağız. A. 
Baytursunulı  alfabesi  sadece  Kazakistanda  değil  diğer  Türk  halıklarının  da  yazı  diline  tesiri  olmuştu. 
«Bugunde Çin Kazaklarının yazı geleneği, Karakalpak, Kırgız dillerine tesiri hakkında yukarıda adı geçen 
diller konusunda bilim adamları çalışmalarından bahsedilecektir. 
A.Baytursunulı  alfabesi  konusunda  yazılan  bilim  adamlarının  fikirlerinden  A.  Baytursunulı  alfabesinin 
Milli değerlerimizdeki rölünden söz edilecektir. Günümüzde A. Baytursunov alfabesinini yaptığında tuttuğu 
yol ve metod, esas edindiği prensipler değerini hiç eksiltmedi, tersine daha çok büyük önem kazanmaktadır.  
A.Baytursunulı o zamanın şartlarına göre Arap alfabesini kullanmanın öneminin farkındaydı. Bu Kazak 
dilinin  geleceği  için  gerekli  şartlardan  birisiydi.  Zamanında  Latın  alfabesini  kullanmaya  karşı  olanlar 
kazaklardı.  Sebebi  A.  Baytursunulı  liderliğindeki  Kazak  aydınları,  bunun  bir  siyasi  oyun  olduğunu,  bu 
hareketin ne tür sonuçlar getireceğinin farkında idiler. Latın alfabesinin geçici bir siyasi oyun olduğunu asıl 
hedef rus alfabesi olduğunu onlar bildi.  
A. Baytursunulı alfabesine karşı olanların söyledikleri deliller, Milli menfaate, Kazak dilinin geleceğine, 
«ocağına incir dikecek» türden idi. 1926 yılında edebiyatçı Baydildin «...Genç soviyet halkının vekilleri yeni 
alfabeye  destek  vermektedir.  Buna  karşı  olanlar  da  vardır.  Onları  alaşordanın  gerici  aydınları  yönetiyor», 
dedi.  A.  Baytursunov  ve  onun  alfabesini  gerici  olarak  nitelendirdi.  Bu  konu  ile  ilgili  Amire  Kaybollaulu 
diyen birisi: « Rus dili bütün okulların esas dili olarak okutulmalı» dedi, ikinci birisi «... Kazak dili gereksiz 
dil, ... kazak dilinde okutmak milliyetçilik» diye İlyas Kabılulı gibi soviyet ideolojisinin sözünü söyleyerek, 
milliyetimizin değerlerini hiçe sayanlar oldu. 
Tam bugünlerde Kazak dilinin rölünü güçlendirmek o zamandaki gibi önemli meselelerden biridir.  
A.Baytursınulı 1924 yılında Orınbor’da yapılan ilk kurultayda neden arap alfabesi diyen soruya şu şekilde 
cevap vermiş. Arap alfabesini 13 yıl öncesinden araştırdığını, alfabeye yazım kurallarını hazırladığını, kazak 
dili terimlerini yaptığını ifade eder ve kazakların kullandığı alfabenin en iyi alfabe olduğunu vurgular. Edebi 
eserlerin  basıldığını  ,  türki  halıklar,  özellikle,  kazakların  edebi  miraslarını  kayb  etmemenin  önemini 
belirtmişti. Bunun için arap alfabesini kullanmanın gerekliliğini söyledi.  
Bilim adamı A.B. Ercilasun: «Arap alfabesine dönmek, hem medeni dünyadan, hem de Türk dünyasından 
kopmak anlamına gelir», diye belirtmişti kazakçanın latın alfabesiyle yazılması konusunda düşüncelerinde. 
Bugünde kazakçanın arap alfabesiyle yazılmasını uygun  görmediğimizdi belirtmek istiyoruz. Bizim büyük 
önemle  belirtmek  istediğimiz  ve  dikkati  üzerinde  toplamak  istediğimiz  konu  ustad  A.  Baytursunulı’nın 
alfabe kullanımındaki tutunduğu yol ve prensipler. Onlar bize kazak dili ve milli meselelerimizde doğru yol 
gösteren  ışık  gibi  aydınlandırıp  duracağı  kesindir.  Lâtin  alfabesine  geçmeye  şiddetle  karşı  çıkanlar 
Kazakistanlılar idi. Zira, A. Baytursunoğlu’nun önderliğini yaptığı Kazak aydınları bu siyasetin asıl amacının 
hangi siyasî-ideolojik çıkarlara hizmet ettiğini biliyorlardı. Bu Lâtin alfabesine geçme hikayesinin geçici bir 
hile  olduğu,  sonuç  olarak  nasılsa  Ruslaştırma  siyasetinin  kilidi  olan  Rus  alfabesi  meselesine  gelineceği 
malumdu.  En  tehlikeli  ve  zararlı  olanı  ise,  binlerce  yılı  aşkın  zaman  boyunca  tarihi  ve  düşüncesi,  dinî 
kaynakları, sanat eserleri Arap alfabesi ile oluşan, hem halkın tarihî hatırasını şekillendiren yazı kültürden 
ayırmak, halkları çökertmekle beraber, geçmişinden, oymak yazısından sonra yüz yıllarca tırnakla kazar gibi 
topladığı tarihî mirasından gelecek nesillerin tamamen mahrum kalması, millî kriteriler oluşturamaması gibi 
tehlikelerin  baş  göstereceğini  çok  iyi  bilen  Rusların,  bunu  gayet  şuurlu  olarak  uygulamaya  koymalarıydı. 
Kazakistan’ın  toplumsal  görüşünde  Lâtin  alfabesine geçme  karşıtı  grupları,  belirli  siyasî  sınıfın  çıkarlarını 
gözetlemekle  suçlamışlardı.  Eğitimsiz,  çoğu  şeyden  haberleri  olmayan  bu  eğitimsiz  gençleri  yanıltmak  o 
zamanlar çok kolay idi. Örneğin, edebiyatçı Baydildin 1926 yılında şöyle yazmaktadır: «..genç Sovyet halkı 
temsilcileri yeni alfabeyi desteklemektedir. Buna karşı çıkanlar da bulundu: Alaşordalı aydınların frenleyici 
liderleri onlara başkanlık edenlerdi». Arap yazısı, A. Baytursunoğlu’un reformundan sonra tüm Türk boyları 
tarafından  en  iyi  sistem  diye  tanımlanmaktaydı,  ancak  zorlama  siyaseti  kendi  dediğini  yaptı.  Zira,  Lâtin 
harflerine  karşı  çıkanlara  siyasî  suçlamalarda  bulunuluyor,  bunlara  hatta  hukuk  mercileri  de  karışmaya 
başlıyordu.  Örneğin,  «yeni  alfabeye  geçme  hakkında  Halk  Komiserleri  Konseyi  himayesindeki  İcra 
komisyonu» diye adlandırılanlar, Lâtin alfabesine karşı çıkanları hukuken takip etmeye başladı. 
157


A.  Baytursunoğlu’nun  reform  yaptığı  Arap  yazısı  ile  kısa  zamanda,  hem  kolay,  hem  de  çabuk  eğitim 
almaya başlayan Kazak halkı yine, yeniden Lâtin alfabesi ile eğitim almaya zorlandı. Üstelik, en zor olanı ise 
şimdi  onların  bin  yıllarca Arap  alfabesi  ile  yazılan  geçmiş  tarihi,  sanatı  ve  edebiyatından,  özellikle  halkın 
tarihî  hatırası  olan  dinî  kaynaklarından  sonsuza  kadar  vazgeçerek,  kendisini  kör  birisi  gibi  hissetmesini 
sağladı. Halkının tarihî hatırası asırlarca Arap alfabesi ile şekillenen ruhanî miras kaynakları ile geleneklerini 
devam ettiren ipler koparılarak, gelecek nesilleri geçmiş tarihinden mahrum etti. Bunların neticesinde geçmiş 
ile öz halkının ruhanî özelliğine sorumsuzca yaklaşan boş vermiş, isteksiz gruba dönüşerek ruhanî köleliğe 
sürüklenen sonraki nesiller, oynanan oyunlar hissetmedi bile.  
Ruslar  Lâtin  alfabesini  ne  kadar  zorla  kabul  ettirmişlerdiyse  de,  Lâtin  alfabesinin  ideologları,  Türk 
boylarının  önde  gelen  aydınlarının  fikirlerine  kulak  asmaya  kendilerini  mecbur  hissettiler.  Bu  gerekçeyle 
Arap  alfabesinden  Lâtin  alfabesine  geçildiği  sırada  Türk  lehçelerini  konuşan  halkların  kabul  ettiği  Lâtin 
harflerinin yakınlığı, kolaylığı önemli unsur olarak ele alınmışa benziyordu. Rus yazı diline geçiş sırasında 
ise eskiden fikirleri dikkate alınan aydınlar grubu, 1931 ile 1937 yılları arasında kanlı bir kampanya sırasında 
tümü katledildikten sonra, yani halkının kaymağı olan, az da olsa geçmişi ile şimdi olup biteni anlayabilen 
kişilerin  bilinçli  bir  şekilde  tamamı  katledildikten  sonra  yeni  alfabeyi  kullanıma  koymak  isteyen  merkezî 
yönetim  için  ellerinin  çözülmesi,  içinde  topladığı  kini  istediği  kadar  dışarıya  atması  için  fırsat  anlamını 
ortaya koymuştu[1, 104-110]. 
20.  asrın  başında  aydınlar  ve  Türkologlar  yazıyı  yeniden  yapılandırmayı  hedefledi.  Yazıyı  olabildiğine 
halk  diline  yaklaştırmak  istediler.  Yazı  sistemindeki  işaretler  konuşma  dilindeki  sesleri  belirtmesi 
gerekiyordu. Önceki Arap alfabesini esas alan Türk yazısının şekil sisteminde ise konuşma dilinde olmayan 
arkaik unsurlara rastlanmakta idi. Bu tür eksiklikler, Arap alfabesinin Türk Lehçelerinin ses sistemine uygun 
olmadığı fikirlerini gündeme getirdi. 
Kazakistan’da genel olarak halkın konuşma dilinden okuma-yazma bilen insanların kullandığı kitabî dil 
arasında büyük farklar vardı. Böyle eksikliklerin sonucunda aydınlar arasında dil tartışmaları gündeme geldi. 
Aydınların  bir  kısmı  eski  kitabî  dilin  yazı  sistemini  değiştirmeden,  konuşma  dilinin  unsurlarına  geniş  yer 
vermeyi savundular; ikincisi ise yazıyı konuşma dilinin sistemine uygun hâle getirmek, yani yazı sisteminde 
köklü reformlar yapmak fikrindeydiler.  
Ekim  ihtilâlinden  sonra  Kazakistan’daki  aydınların  bir  kısmı  yazı  sistemini  değiştirip  Lâtin  alfabesine 
geçmeyi  hedeflediler.  Aydınların  bir  kısmı  ise  Baytursunoğlu’nun  Arap  alfabesini  esas  alarak  yaptığı  yeni 
Kazak  alfabesini  savundu.  Bu  iki  grup  arasında  büyük  tartışmalar  meydana  geldi.  Hangi  alfabeyi 
kullanmalıyız  konusunda  çeşitli  toplantılar,  dil  konferansları  düzenlendi.  Dil  tartışmaları  sadece 
Kazakistan’da değil bütün Türk milletlerinin arasında da gündemdeydi.  
A. Baytursunoğlu’nun sunduğu alfabe ile Arap yazısı Kazak Türkçesinin ses sistemine biraz uyuşmaya 
başladı. Arap alfabesindeki Kazak seslerini veremeyen bazı simgeleri atarak, kelimenin ince ünlülü olduğunu 
belirtmek  için,  önüne  işaret  koydular.  A.  Baytursunoğlu’  un  reform  yaptığı  Kazak  alfabesi  ancak,  1924 
yılında  Orenburg’ta  geçen  Kırgız-Kazak  bilim  adamlarının  ilk  kurultayında  resmî  olarak  kabul  edildi.  A. 
Baytursunoğlu 1924 yılında Orenburg’ta düzenlenen Kırgız-Kazak bilim adamlarının ilk kurultayında, neden 
Arap  alfabesinin  taraftarı  olduğunun  delili  olarak  şunları  söyler:  Arap  alfabesini  bundan  on  üç  sene  önce 
Rusya Çarlık döneminde ele aldığını, alfabeye uygun olarak imlâ yaptığını ileri sürer. Kazak dil biliminin 
terimlerini yaptığını ve Kazakların kullandığı alfabe en iyi alfabe sayıldığını söyler. 1905 yılına nazaran bir 
çok  ders  kitaplarının,  edebî  eserlerin  yayımlandığını,  bu  yüzden  Türk  halkı,  özellikle  Kazaklar  eski  edebî 
miraslarını kaybetmemek için, bu alfabeyi kullanmanın daha da faydalı olduğunu söyledi. 
Kazakistan’da  alfabe  değiştirme  meselesi  1926  yılında  Bakû’de  düzenlenen  Sovyetler  Birliğindeki  I. 
Türkoloji Kurultayında tekrar ele alındı. Bakû toplantısında bilim adamları Arap alfabesi ve Lâtin alfabesinin 
özelliklerini ortaya koydu.  
Lâtin  alfabesini  savunanlar,  Arap  alfabesi  okuma  yazma  öğrenmede,  okunmasının  ve  yazılmasının  çok 
zor olduğunu ileri sürüyor, iddialarını da aşağıdaki sebeplere bağlıyorlardı: 
1.  Bir harfin dört şekli vardır; 
2.  Arapçadaki harfler bir birine çok benzer;
 
3.  Yazı sağdan sola doğru, sayılar ise, soldan sağa doğru yazılır. Bu yazıda da, matbaada da zor yazılır.
 
4.  İlmî  kitaplarda  (matematik,  geometri  ,  fizik  vs.)  ders  işaretleri  Lâtince  yazılır,  Arap  alfabesi  buna 
uygun değildir.
 
5.  Arap harfleriyle nota yazılmamaktadır.
 
6.  Arap alfabesi matbaa işlerinde zorluklar doğurur, yazmak çok masraflı olur. 
Arap alfabesini destekleyenler Arap alfabesini Lâtin alfabesiyle karşılaştırarak faydalı tarafları hakkında 
şu görüşleri ileri sürdüler:  
1.  Arap alfabesi Kazak Türkçesinin ses sistemini tam olarak verebilir. 
158


2.  Arap alfabesi okumada ve yazmada kolaylık sağlar.
 
3.  Göze güzel görünür.
 
4.  Sanat aletlerine yerleştirmek kolaydır.
 
5.  Arap alfabesi ile yazdığımızda saat dili gibi sağdan sola doğru yazılır.
 
6.  Yazı makinesine, matbaa makinelerine yerleştirmekte Arap a 
lfabesinin  yenisi  Lâtin  alfabesinden 
daha kolaydır. 
Arap  alfabesini  destekleyenlerin  sunduğu  delillerine  rağmen,  Lâtin  alfabesine  geçmek  meselesini 
hükûmet  tarafından  destek  verilmesinden  dolayı  kurultayda çoğunluk  oyla  Lâtin  alfabesine  geçmek  fikrini 
sundular. Üç, dört yıla kadar uzayan Cumhuriyet basınındaki tartışmanın sonucu 1927 yılında ilk Taşkent’te, 
daha sonra alfabe meselesi ile ilgili olarak Kızılorda’da konferanslarda ele alındı. 
Hükûmet yeni alfabe ile ilgili konferansta ele aldığı meseleleri halka tanıtmak amacıyla «Alippe Aytısı» 
(Alfabe  Tartışması),  «Jaña  Alippe  Jolında»  (Yeni  Alfabe  Yolunda)  adlı  kitapları  1927  yılında  bastırdılar. 
Fakat bu kitapta tebliğler sunan, söz söyleyen birçok kişileri «halk düşmanı» diye esassız suçlamalarından 
dolayı  biz  bu  kitaptan  uzun  yıllar  boyunca  uzak  kaldık.  Kazaklar  egemenliğine  kavuştuktan  sonra  bu 
meseleyi tekrar ele almak için fırsat doğdu. 
Bakû konferansından sonra her yerde teşkilatlar açıldı ve Lâtin alfabesine geçme işi hızlandı. 24. Ocak 
1929 yılında «Yeni Alfabe Hakkında» Kazakistan Merkez Sovyet Komitesi Başkanlığı ve Halk Komiteleri 
toplantısının kararı boyunca Lâtin alfabesi kabul edildi[2, 286-288]. 
Yukarıda bahsettiğimiz gibi, Kazaklar 1929 yılında Arap esaslı Kazak alfabesini bırakıp Lâtin alfabesine 
geçtiler.  Lâtin  alfabesini  yaklaşık  10-11  sene  kullandık.  Bu  11  sene  içerisinde  Lâtin  alfabesinin  bazı 
eksiklikleriyle karşılaştı. Bu eksiklikler aşağıdaki gibidir: 
Terimleri  Rusçada  olduğu  gibi  yazamamak.Çünkü  Sovyetler  Birliğindeki  bütün  Uluslar  arası  terimleri 
Rus dilindeki şekliyle alınıyordu. 
İmlâ kurallarının çok olması.  
Rus  harflerine  bazı  Kazak  harflerinin  (p,  n,  c,  r)  benzemesi  Kazak  öğrencilerinin  harfleri  karıştırmak 
konusunda çok zor duruma sokmasıydı. 
Kazaklar dillerini böyle engellerden kurtarmak için, komşu akraba halklardan uzak kalmamak için, Rus 
halkına öncekisinden daha da yakınlaşmak için Kiril alfabesine geçmek kararını aldılar.  
Ruslar,  Kazakistan’daki  geçmiş  ile  şimdi  olup  biteni  anlayabilen  kişileri  bilinçli  bir  şekilde  1931-1937 
yıllar  arasında  kanlı  bir  kampanya  sırasında  hepsini  katlettiler.  Bu  katledenlerin  arasında  Kazakların  önde 
gelen isimlerinden Ahmet Baytursunoğlu da vardı. Artık asırlarca tartışılan alfabe konusu 1940 yılında Kiril 
alfabesine geçişle tamamlandı.  
Karkaralı’daki iki yıllık okulun müdürü iken A. Baytursunoğlu, Rus askerî vâlisi Troynitçki’nin emriyle 1 
Temmuz  1909  tarihinde  Semey  hapishânesine  hapsedilir  ve  mahkemesiz,  hükümsüz,  haksız  yere  sekiz  ay 
yatar.  Sonunda,  Kazakistan’da  ikamet  etme  hakkı  elinden  alınarak  21  Şubat  1910  tarihinde  hapishâneden 
çıkarılır.  Aynı  yılın  Mart  ayında  Orenburg  şehrine  gider.  Burada  1910-1917  yılları  arasında  halkını 
aydınlatmak, kalkındırmak ve Rusya’nın sömürge siyasetine karşı mücadele etmek yolunda çeşitli çalışmalar 
yapar.  Bunlardan  en  önemlisi,  1913-1917  yılları  arasında  «Kazak»  gazetesinin  yazı  işleri  müdürlülüğünü 
yürütmesidir. A. Baytursunoğlu «Kazak» gazetesinde yazdığı makalelerde özellikle dil ile ilgili problemleri 
ele  aldı.  Kazak  dilini  koruyup,  geliştirmenin  gerektiğini ileri sürdü.  Bundan  dolayı  Kazak  çocukları  kendi 
ana dilinde okuması gerektiğini, okullardaki eğitim işlerinin yola konulması gerektiğini sık sık dile getirdi [3, 
9-10]. 
Bu gazetede ve başka yayın organlarında yazdığı makalelerde Kazak halkının çeşitli meselelerini ele alıp 
onlara çözümler getirmeye çalıştı. İleri sürdüğü fikirlerle o devir Kazak aydınlarının manevî lideri oldu.  
A.  Baytursunoğlu  1920  yıllardan  başlayarak  çeşitli  devlet  dairelerinde  yöneticilik  işlerini  yaparken  de, 
öğretmenlik  işlerine  ara  vermedi.  O  1921-1926  yılları  arasında  Orenburg’taki  Eğitim  Enstitüsünde,  1926-
1928 yılları arasında Taşkent Kazak Pedagoji Enstitüsünde Kazak Dili ve Edebiyatı derslerini verdi. 1928 
yılının Eylül ayında Almatı’da Kazak Millî Üniversitesi açıldı. Bu üniversitede A. Baytursunoğlu Kazak Dili 
ve Edebiyatı bölümünde çalıştı.  
A.  Baytursunoğlu  1929  yılında  millîyetçi,  Turancı  ve  Sovyet  idaresine  karşı  olduğu  gerekçesiyle 
tutuklanarak  hapse  atıldı. 1934  yılında  serbest  bırakıldıysa da  1937  yılında tekrar tutuklandı  ve  öldürüldü. 
Eserleri  1929  yılından  itibaren  1988’e  kadar  yasak  idi.  A.  Baytursunoğlu  eğitimcilik  işini  kendisinin 
vatandaşlık vazifesi ve hayatının gayesi olarak saydı. Şiirlerinde halkını uyanmaya, cehâletten kurtulmaya, 
hür  ve  bağımsız  olmaya  çağırır.  Bununla  birlikte  Kazak  bozkırlarındaki  okulların  durumunu,  çocuk 
eğitiminin nasıl olması gerektiği konusundaki makaleleri gazete ve dergilerde yer aldı. (Baytursunoğlu, A. a. 
g.  e.,  s.13).  1913  yılında  «Kazak»  gazetesinde  «Oku  Jayı»  (Eğitim  Durumu)  adlı  makalesi  yayımlandı  [4, 
26]. 
159


Çocuk  eğitiminde  en  mühim  basamak,  ilk  okuldur.  Bundan  dolayı  A.  Baytursunoğlu  eğitimin  bu 
safhasına dikkat çekmiş, gereken önemi vermiştir. Bu konudaki görüşlerini 1914 yılında yazdığı «Bastauış 
Mektep»  (İlk  Okul)  adlı  makalesinde ele  aldı  [5,  61].  Ahmet  Baytursunoğlu 1910  yılından itibaren  Kazak 
alfabesi  ile  uğraşmaya  başlar.  Bu  güne  kadar  diğer  Türk  halkları  gibi  Kazakların  da  kullandığı  Arap 
alfabesinin Kazak dili için uygun olmadığını fark ederek, onu Kazak dilinin ses sistemine uygun olarak islah 
etme konusunu ele aldı. Onun için ilk önce Kazak dilinin ses sistemini araştırmaya başladı. Kazak dilinin ses 
sistemi  ve  onları  simgeleyen  harfler  hakkındaki  fikirlerini  1912  yılından  itibaren  «Aykap»  dergisi  ve 
«Kazak» gazetelerinde yayımlamaya başlar.  
A. Baytursunoğlu’nun Arap yazısını Kazak diline uygun hâle getirmek üzere hazırladığı alfabesini Kazak 
toplumu, özellikle öğretmen cemiası hiç tereddütsüz kabul etti. Çünkü Baytursunoğlu’nun hazırladığı yeni 
alfabe, Kazak Türkçesinin yapısına uygun ilmî esaslara dayanan bir yazı sistemiydi. Bununla birlikte 1912 
yılından  itibaren  onun  hazırladığı  yeni  yazı  kullanılmaya  başladı.  Sadece  1915  yılında  bu  yeni  yazı  ile 
yaklaşık  on  beş  kitap  neşredildi.  1912  yılından  itibaren  bu  yazıyı  Müslüman  okulları  ve  Kazak-Rus 
okullarında kullanmaya başladı.  
Böylece Arap alfabesi esas alınarak yapılan yeni Kazak yazısı 1924 yılında Orenburg’ta Haziran ayının 
on ikisi günü başlayan Kırgız (Kazak) alimlerinin ilk toplantısında ele alındı. Toplantıda A. Baytursunoğlu, 
alfabe meselesini ele aldığı «Elipbi takırıptı» konulu semineri verdi. O tebliğinde Türk halklarının kullandığı 
yazısının olduğunu, onu bırakıp başka yazıya geçmenin kolay olmadığı fikrini bu toplantıda ispat eder. 
A.  Baytursunoğlu  1926  yılında  Bakû  şehrinde  yapılan  Uluslar  arası  Birinci  Türkologlar  toplantısında 
islah  edilen  Kazak  yazısını  tanıtarak,  Kazakların  Lâtin  harfine  geçmesine  karşı  çıkar.  Eskiden  kullanılan 
milletin  diline  uygun  olarak  yeniden  düzenlenen Kazak  yazısını  bırakıp,  Lâtin harflerine  geçmenin  siyasî-
ideolojik ve ekonomik bakımdan anlamsız olduğunu ileri sürer. Aksine, yazı sistemi değiştirildiği takdirde, 
asırlarca yaşatılan mirastan, yazı geleneğinden uzaklaşma tehlikesini dile getirdi. A. Baytursunoğlu, Kazak 
çocuklarının  kendi  ana  dilinde  okuyabilmesi  için  çok  emek  veren  kişidir.  Bundan  dolayı,  Kazakça  okuma 
yazma  öğretmek  amacıyla  elifba  kitabını  yazdı.  Bu  «Oku  Kuralı»  (Okuma  kitabı),  ilk  defa  Orenburg’ta 
neşredildi.  Bu  kitap  1912-1925  yılları  arasıda  yedi  kez  tekrar  basıldı.  Baytursunoğlu,  1926  yılında 
«Elifbenin» yeni baskısını hazırladı. Bu, günümüzde yazılan resimli ders kitabı idi. Baytursunoğlu, sadece 
okul öğrencilerine değil, büyükler için de okuma  yazma öğretme  gayesindeki  «Elip-bi» kitabını yazdı. Bu 
kitap 1924, 1926 yıllarda yayımlandı [3, 16-20]. 
18  Mart  1929  tarihinde  Ahmet  Baytursunoğlu,  kendisinin  kaleme  aldığı  hayat  hikâyesinde  şu  bilgileri 
verir:  «Orenburg’a  geldikten  sonra,  ilk  olarak  Kazak  dilini,  ses  bilgisi,  şekil  bilgisi  ve  cümle  bilgisi 
açılarından inceledim. İkinci olarak, yazmayı kolaylaştırmak için Kazak alfabesi üstünde çalışmalar yaptım 
onu  geliştirdim.  Üçüncü  olarak,  Kazak  yazı  dilini  yabancı  dillerin  sultasından  kurtarmak  için  çalışmalar 
yaptım.  Dördüncü  olarak  da,  yazışma  dilini,  gazete  dilini,  resmî  yazışma  dilini  ve  ilim  dilini,  edebî  dil 
açısından  inceleyip  yanlışlıkları  düzeltmeye  çalıştım.  Terimlerin  Kazakçalarını  bularak  bunları  belli  bir 
sisteme koymaya çalıştım. Bütün bunlar, kendi yazdığım ders kitapları ve yazı işleri müdürlüğünü yaptığım 
Kazak gazetesi vâsıtasıyla gerçekleştirildi. [6, 25]. 
1912  yılında  yayımlanan  «Oku  Kuralı»  (Okuma  kitabı)  kitabından  sonra  A.  Baytursunoğlu  Kazak 
Türkçesinin  ses,  kelime,  cümle  sistemini  öğretmek  amacıyla  «Til  Kuralı»  (Dil  Kitabı)  adlı  üç  bölümden 
oluşan  ders  kitabını  yazmaya  başlar.  Bu  kitabın  birinci  bölümü,  yani  fonetik  kısmı  1915  yılında  ilk  defa 
neşredilir. Bundan sonra da bu bölüm birkaç defa eksiklikleri giderilerek tekrar basılır. Kazak Türkçesinin 
morfolojisi  ile  ilgili  ikinci  bölümü  ise,  1914  yılında  neşredilir.  Bu  bölüm  de  birkaç  defa  tekrar  basılır. 
Sentaksla ilgili üçüncü bölümü ise, 1916 yılından itibaren altı defa basılır [3, 20]. 
A. Baytursunoğlu «Til-Kural» kitabının ön sözünde şöyle diyor: «Dil insanı insan yapan unsurlardan en 
önemlisi  ve  insanın  kullandığı  vâsıtalardan  biridir.  Yeryüzündeki  insanlar  dilsiz  kalsalar,  konuşmaz  hâle 
gelseler ne kadar bir kötü duruma düşerlerdi. Bugün insanlar yazmayı unutsalar, yazamaz olsalardı, bu da en 
az dilsizlik kadar acı ve çekilmez bir hâl olurdu. Çağımız, yazı çağı; yazı ile anlaşmanın dille, ağızla anlaşma 
ve söyleşmeden daha önemli olduğu bir çağ» [3, 141-142]. Bundan sonra yazar, yazı ve yazıyı öğretmede 
karşılaşılan  problemlere  değinir.  Kazak  okullarındaki  eğitim  sistemini  ele  alır;  eğitimde  karşılaşılan 
zorlukları dile getirir. Problemleri dile getirmekle kalmaz, kendi fikir ve tekliflerini de ortaya koyar. 
«Dünya dilleri aslında üçe ayrılır: 1. Tübirşek til (Tek heceli diller), 2. Jalğamalı til (Eklemeli diller), 3. 
Koparmalı  til  (Bükümlü  diller).  Tek  heceli  dillerde  kelime,  yeni  mânâları  ifâde  ederken  hiçbir  şekil 
değişikliğine uğramaz. Çin ve Japon dilleri gibi. Eklemeli dillerde yeni kelimeler eklerle yapılır. Türk dili ve 
Fin dili gibi. Bükümlü dillerde ise yeni kelimeler, kelime kökünün bükülmesi ile yapılır. Rus dili ve Arap dili 
gibi  [3,  143].  Biz  de  dilimizi  korumak  istiyorsak,  önce  başka  topluluklar  gibi  kendi  dilimizle  eğitim 
yapmalıyız;  ondan  sonra  başka  dilleri  öğrenmeliyiz  ve  öğretmeliyiz.  İlk  okullarda  diğer  derslerle  beraber 
Kazak dili dersi de okutulmalıdır. 
160


A. Baytursunoğlu dil öğretme amacıyla yazılan «Oku Kuralı» ve «Til – Kuralı» çalışmalarının dışında, 
gramer alıştırmalarının yer aldığı bir çalışması da vardır. Bu çalışmasını, «Til Jumsar» (konuşma) adı ile iki 
bölümden  oluşan  iki  kitap  hâlinde  1928  yılında  Kızılorda’da  neşretmiştir.  Yazar,  bu  çalışmasının  üç 
bölümden oluşacağını belirtmiş, fakat bitiremeden 1929 yılında tutuklanmış. «Til Jumsar» çalışmasının 35 
sayfadan  oluşan  birinci  bölümü  «konuşma,  okuma,  uygulamalı  yazı  dili»  bölümlerinden  meydana 
gelmektedir.  İkinci  bölümünde  ise,  birinci  bölümdeki  konular  genişleterek  verilmîş.  Ayrıca  bu  bölümde, 
çeşitli  metinler,  alıştırmalar,  sorular  vardır.  Yazarın  bunlardan  başka  «Bayanşı»  (beyan  eden)  adlı  kitabı 
vardır. Bu çalışması harfleri anlatmaktadır. Kitap, 1912 yılından itibaren birkaç kez yayımlanmıştır.  
Bununla birlikte yazarın okuma yazma metodları ile ilgili çalışmaları da bulunmaktadır. Bu konu ile ilgili 
«Elip-bi  Astarı»  (Okuma  Yazmanın  Temeli)  çalışması  bulunmaktadır.  1927-1928  yılları  arasında  «Jana 
Mektep»  (Yeni  Okul)  dergisinde  «Ana  Tilinin  Edisi»  (Ana  Dilinin  Metodları),  «Zertteu  men  Sügiretşilik 
Edisi Turalı» ( Araştırma ve Resim ile İlgili Metodlar), «Kay Edis Jaksı» (Metodların Hangisi İyidir) adlı 
metotla ilgili problemlerden bahseden birçok makale yayımlar. 
Ahmet  Baytursunoğlu  Kazak  Edebiyatı  Araştırmalarının  konusu  da  milli  değerler  oldu.  Yazar,  1895 
yılında  «Turgayskaya  Gazeta»  dergisinin  Eylül  24,  39  sayılarında  «Kirgizcky  Primetı  i  Poslovitsı» 
(Kırgızların  İnançları  ve  Atasözleri)  adlı  makalesini  yayımlamıştır.  Bu  makalesinde,  tarımla  ilgili, 
mevsimlerin,  günlük  hava  durumunu  tahmin  eden  halk  arasında  söylenen  otuz  altı  atasözünden 
bahsetmektedir. 1923 yılında «Er Sayın» destanını Moskova’da neşreder. 1926 yılında «23 joktau» (23 ağıt) 
adlı  eserini  hazırlayıp  Moskova’da  yayımlar.  Bu  çalışmasında  da  halk  edebiyatından  örnekler  vermiştir. 
Kazakların 400 senelik tarihini kapsayan böyle örnekleri yayımlamasının gerekçelerini kitabının ön sözünde 
açıklamıştır.  
Edebiyatla  ilgili  fikirlerini  «Kazak»  gazetesinin  1913  yılında  yayımlanan  39-41  sayılarında  «Kazaktın 
Bas Akını» (Kazakların Baş Ozanı) adlı geniş kapsamlı makalesinde neşretmiştir. Bu makale, ulu Abay’ın 
eserleri ile ilgili yazılan ilk ilmî çalışmadır. A. Baytursunoğlu’un «Edebyat Tanıtkış» (Edebiyat Tanıtıcısı) 
adındaki geniş kapsamlı çalışması, edebiyat tarihi ile ilgili ilk ilmî çalışma sayılmakta ve bugün de edebiyat 
araştırmalarının ilk önemli örneği sayılmaktadır.  
Ahmet  Baytursunoğlu  çok  güzel  müzik  yorumcusu  idi.  Millî  sazları  ve  piyanoyu  iyi  şekilde  çalardı. 
Kazak  müzik sanatını ilk araştıran, dünyaya tanıtan ünlü A. Zatayeviç  «Kazak  Halkının Mın Eni» (Kazak 
Halkının  Bin  Şarkısı)  isimli  1925  yılında  Orenburg’ta  basılan  kitabında  Ahmet  Baytursunoğlu’nun  kendi 
millî şarkılarını çok iyi bildiğini ve bu şarkıları çok güzel yorumlayabildiğini hem de ustaca saz çalabildiğini 
yazmıştır. Ahmet Baytursunoğlu’nun sadece dil ve edebiyat alanıyla değil, etnografi ve tarih konuları ile de 
ilgilendiğini  belirtmeliyiz.  Muhtar  Awezov  1923  yılında  yazdığı  makalesinde  şöyle  demektedir: 
«Baytursunoğlu, 1923 yılında «Madeniyet Tarihi» (Kültür Tarihi) isimli kitabı yazmış. Fakat ne yazık ki bu 
kitap zamanında yayımlanmamış ve günümüzde elimize ulaşmamıştır [7, 270]. 
Ahmet Baytursunoğlu Şiirlerine Konu Olan Milli Değerler 
1927  yılında  Smağul  Saduakasov,  «  Ahmet  Baytursunoğlu’a  profesyonel  şair  demektense,  onu  büyük 
dava adamı ve âlim olarak tanımlamak daha doğrudur», diye yazmıştır. Bu, büyük bir ihtimalle son 10-15 yıl 
boyunca  (1927  yılına  kadar)  Baytursunoğlu’un  şiir  yazmamasından,  yayımlanan  eserinin  veya  kitabının 
olmamasından  dolayıdır.  Yoksa,  Ahmet  Baytursunoğlu’un  şairlik  yeteneği,  geride  bıraktığı  şiir  kitapları 
onun büyük şair olduğunun kanıtıdır. Ahmet Baytursunoğlu’un şiirleri, «Masa» (Sivrisinek) «Kırık Mısal» 
(Kırk  Misal)  isimli  kitaplarında  1912-1922  yıllar  arasında  Sank-Petersburg,  Kazan,  Orınbor  şehirlerinde 
birkaç defa basılmıştır.  
 «Kırık mısal» (Kırk Misal) ünlü Rus edibi İ. Krylov’un şiirlerinin tercümesi ve o tarzda yazılan şiirlerdir. 
Baytursunoğlu’un edebî eserlerinde bu tarzı seçmesinde büyük bir anlam vardır. Fabıl tarzının Kazak halkı 
için  de  yabancı  olmadığını  bilerek  ve  böylece  halkı  iyiliğe  davet  etmek,  kötülüklerden  uzak  durmayı 
öğütlemek için en kolay yol olarak düşünmüştür. 
«Masa»  adıyla  topladığı  şiir  kitabında  yer  alan  şiirler,  şâirin  temel  eserleridir.  Zamanında,  Muhtar 
Awezov  «Kırık  Mısal»ı  «Kalın  Kazak  halkının  devrim  ruhunda  duyduğu  ilk  kelimeler»  diye 
değerlendirmiştir.  «Masa»  kitabını  ise  Kazak  okurlarına  duyurulan  ikinci  millîyetçi  slogan  olarak 
nitelendirmiştir.  
Ahmet Baytursunoğlu Gazeteci Yazar olarak milli değerleri kaleme almıştır. 
Ahmet  Baytursunoğlu,  döneminin  önemli  yayın  organlarından  «Kazak»  gazetesinin  Genel  Yayın 
Yönetmenliğini yapmış, «Aykap» dergisinin sayfalarında sayısız yazılar yazarak görüşlerini ortaya koymuş, 
toplumun yapısını tanıyabilen onun için endişelenen bir gazeteci yazar olarak hafızalarda kalmıştır.  
Baytursunoğlu,  genel  olarak  makale  yazmıştır.  1911  yılında  Aykap  (2.sayı)  dergisinde  yayımlanan 
«Kazak Ölkesi» (Kazak Diyarı) başlıklı makalesi ile başlayarak, 1912-1914 yılları arasında Kazak gazetesin 
ve Aykap dergisine yazdığı «Oku Jayı» (Eğitim Durumu), «Bastauış Mektep» (İlk Okul), «Kazak Jerin Alu 
161


Turasındağı Nizam» (Kazak Yerlerini İstila Etme Öncesi Nizamlar), «Kazak Hem Tört-Duma» (Kazak Hem 
Dört  Duma),  «Jauap  Hat»  (Janşa  Seydalin  mırzağa)  (Janşa  Seydalin  Bey’e  Cevap  Mektubu),  «Şarua 
Jayınan»  (Köy  Hayatı),  «Bul  Zamannın  Soğısı»  (Bu  Zamanın  Savaşı)  gibi  baş  makalelerde  gündeme 
getirdiği konular, toplumsal önemi açısından tam anlamıyla bir gazetecilik eseridir.  
Ahmet  Baytursunoğlu’un  gazete  yazıları  sadece  Kazakça  değil  Rus  dilinde  de  yayımlanmıştır.  «Jizn 
Natsiyonalnostey»  (Milletlerin  Hayatı)  isimli  dergide  «Revolyutsia  jane  Kazaktar»  (İhtilal  ve  Kazaklar) 
(1919,sayı  29  (37)),  «Tağı  da  Kazakstandağı  Aştık  Jayında»  (Bir  Kez  Daha  Kazakistan’daki  Açlık 
Hakkında) (1921, sayı 23 (121)) gibi makaleleri yayımlanmıştır. 
Böylece,  Ahmet  Baytursunoğlu  ilk  olarak  Kazak  alfabesi  islahatçısı  ve  okul  kitaplarının  yazarı,  ikinci 
olarak Arap alfabesinin temel alındığı Kazak yazı dili reformcusudur. Bu yazı dili, yirminci yüz yılın ilk on 
yıllarından  itibaren  20.  yılların  sonuna  kadar  Kazak  kültürüne  ve  eğitimine  hizmet  etmiştir. 
Baytursunoğlu’un  alfabesi,  bu  güne  kadar  kullanılmaktadır:  Çin  Halk  Cumhuriyeti,  Afganistan,  İran  gibi 
ülkelerde  yaşayan  Kazak  kardeşlerimiz  ilk  eğitimlerini  bu  alfabe  ile  alarak  yazılarında  da  bu  yazı  türünü 
kullanmaktadırlar.  Üçüncü  olarak  Ahmet  Baytursunoğlu,  Kazak  dili  ve  edebiyatını,  kültür  ve  tarihini 
araştıran ilk filolog, Kazakistan ilmînin temelini atan tarihçi ve âlimlerdendir.  
 
Kaynaklar: 
1.
  Mırzahmetov M. Kazak kalay orıstandı.– Almatı, 1993. 
2.
  Ulttik Ruhtin Uli Tini, Majitova Ş. Kazak jazuının tarihı hakkında. - Almatı, 1999. 
3.
  Baytursınulı A. Til tağlimi.- Almatı, 1992. 
4.
  Kazak gazeti. - Orınbor, 9 Mamır,1914. - sanı 61. 
5.
  Özdemir A. Kazak Türklerinin Büyük Edibi Millîyetçi Aydın A. Baytursunoğlu. A.Yesevi Uluslararası Kazak-
Türk Üniversitesi Yayını, Erzurum 1995. 
6.
  Awezov M. Ahannın 50 jıldık toyı // Akjol.- 4 şubat 1923.  
 
 
Ибраемова Ж. 
Сулеймен Демирел атындағы  
университеттің докторанты 
 
А.Байтұрсынов – қазақ əдеби тілінің негізін салушы 
 
Мерзімді  баспасөз  беттеріндегі  жарияланған  мақалалар  сол  қоғам  өмірінің  айнасы,  нақ  сол 
уақытта  қоғамда  орын  алып  жатқан  құбылыстар  мен  дамудың  бейнесі  іспетті.  Осыған  орай  қазақ 
əдеби тілінің дамуы мен қолданыс аясының кеңеюі де осы мерзімді баспасөз беттерінің үлесінде деп 
айтуға  тұрарлық.  Əдеби  тіліміздің  тарихын  түзуде  газет,  журналдар  тілі  арқылы  тіліміздің 
лексикалық,  грамматикалық  тұрғыдан  даму  сатыларын  бақылай  аламыз.  Осы  мақсатты  ұстана 
отырып,  əдеби  тіліміздің  нормаланып,  бастапқы  қайнар  көзі  бола  алған  мерзімді  баспасөздің  бірі  – 
«Қазақ»  газетін  қолға  алып  отырмыз.  Газет  тілі  жайлы  деректерді  ХХ  ғасыр  басындағы  мерзімді 
баспасөз  беттерінің  тілін  зертеуші  ғалымдардың  еңбектерінен  көруге  болады.  Атап  айтқанда, 
Б.Əбілқасымовтың  «Алғашқы  қазақ  газеттерінің  тілі»,  Б.Момынованың  «Қазақ»  газетіндегі 
қоғамдық-саяси  лексика»,  Ө.Əбдіманов  «Қазақ»  газеті, Шара Мəжітаеваның  «ХХ  ғасырдың бірінші 
жартысындағы қазақ əдеби тілі» атты еңбектерінен таба аламыз. 
«Қазақ»  газеті  1913  жылы  қазақтың  біртуар  тілші  ғалымы,  қоғам  қайраткері  –  Ахмет 
Байтұрсынұлының басшылығымен жарық көре бастады. Басты шығарушысы болумен қатар көптеген 
мақалалардың  да  авторы  болды.  Газет  бетінде  жарық  көрген  мақалаларының  басым  бөлігін  «А.Б.» 
деген  есіммен  шығарса,  кейбірлерін  «Түрік  баласы»  деген  атпен  шығарған.  Ал  кейбіреулерінде  өз 
атын  көрсеткен.  Біз  қолға  алып  отырған  мақала  С.Смағұлова,  Ғ.Əнес  жəне  Т.Замзаеваның 
құрастыруымен  1913  жылы  жарық  көрген  «Қазақ»  газетіндегі  мақалалар  жинағынан  алынды.  Осы 
жинақта  Ахмет  Байтұрсыновтың  «А.Б.»  деген  атпен  жариялаған  екі  ірі  мақаласын  таңдап  алып 
отырмыз.  Осы  екі  мақаланың  мəтінін  оқи  отырып,  сол  кезеңдегі  əдеби  тілдің  лексикалық  жəне 
грамматикалық  жақындығы  мен  ерекшелігін  айқындау,  қазіргі  қазақ  əдеби  тілімізге  қаншалықты 
жақын екендігін зерттеу мақсатымыз болып отыр.  
А. Байтұрсыновтың еңбектерінен жан-жақты, кез келген стильді терең игерген қаламгер екендігін 
көруге  болады.  Осыны  айшықтау  мақсатында  екі  түрлі  стильде  жазылған  екі  мақаласын  таңдап 
алдық. Олар: 1913 жылы 7 қыргүйекте №29 шыққан «Қазақ жерін алу турасында низам» жəне 1913 
жылы  23  қарашада  №39  шыққан  «Қазақтың  бас  ақыны»  деген  мақаласы.  Алғашқысы  –  «ХХ 
ғасырдың  басында  қазақ  зиялыларының  көрнекті  өкілдерін  негізінен  үш  мəселе  ойландырды:  жер 
162


мəселесі,  оқу-ағарту  ісі,  қазақ  еліндегі  басқару  жүйесі»  [2,  67],  –  деген  Шара  Мəжітаеваның 
тұжырымы бойынша, оқу-жазу білмейтін, қараңғы халықтың низам білместігінен қоныс жерлерінен 
айырылып  қалу  қаупінің  алдын  алу  мақсатында  жазылған  болатын.  Низам  –  араб  тілінен  алынған, 
«тəртіп»,  «жүйелілік»  деген  мағынаны  береді  [6,  897].  Осы  мақалада  жер  мəселесін  қозғау  арқылы 
халықтың  қоғамдық-саяси  санасын  оятуды,  бір  жерге  жұмылдыруды  көздеп  отыр.  Сондықтан 
мақаланың  тілі  де  халықтың  ой-санасына  ыңғайланып  жай,  түсінікті  сөздермен  басталған.  Бұлай 
басталу себебі осы туындап отырған мəселе халықтың сауатсыздығынан, қараңғылығынан екендігіне 
назар аудартуға бағытталғаннан болса керек. «Жалпақ жұрттың бəрі болмаса да, жалғыз-жарым, аз да 
болса  пайдаланар»  деген  ниетпенен  қазақтың  жерін  алу  турасындағы  шыққан  низам,  бұйрықтарды 
аударып,  бірте-бірте  жұрттың  құлағына  тигізбек  ойым  бар»,  –  деп  өз  сөзімен  білдіреді  [1,  300]. 
Екінші  мақалада  автор  ағартушылық  саясатты  ұстанған.  Бұл  –  гуманистік  бағытта  жазылған 
«Қазақтың бас ақыны» деген тақырыптағы көркем əдеби мақала. Аты айтып тұрғандай, қазақтың ұлы 
ағартушысы – Абай арқылы халықтың көзін ашпаққа тіл төккен еді.  
Екі мақаланы оқу барысында байқалатын жайт: бір ғасыр бұрын жазылған дүние болса да, тілінен 
жатырқау  немесе  өгейсіну  деген  байқалмайтындығы.  Бұл  –  ненің  көрсеткіші?  Бұл  –  Ахмет 
Байтұрсыновтың  тілінің  бізге  қаншалықты  жақын  екендігінің  жəне  де  оның  біздің  сөз 
саптауымыздың бастамашысы екендігінің көрінісі деп білеміз. 
Мақалалардың лексикалық ерекшеліктеріне назар аударсақ, 80%-ы – қазақтың төл сөзі болды. Бұл 
жайында  Сəбит  Мұқанов  1932  жылы  шыққан  кітабында  «Қазақпен»  қазақтың  тілі  туды,  таза  қазақ 
тілінде  шыққан  баспасөз  «Қазақ»  газеті  ғана  болды»,  –  деген  болатын  [4,  52].  Қалғаны  араб-парсы 
тілінен  еніп,  қазақ  тіліне  сіңіп  кеткен  сөздер  тобы  мен  жаңадан  қоғамдық-саяси  жағдайларға 
байланысты орыс сөздерінің куəсі боламыз. 
Бұл жылдардағы қазақ əдеби тілінің баю, икемді болу процесі М.Балақаевтың көрсеткеніндей, екі 
түрлі арнадан шығып қалыптаса бастады. Ол арнаның бірі – «ішіндегі бар күшін сыртқа шығаруға» 
жол  алған  қазақ  халқының  өзінің  ауыз  тілі  де,  екіншісі  –  орыс  халқының  тілі  болды  [2,  79].  Осы 
көрсеткіш бойынша, мақалада басты көзге ілінетін ерекшелік бұл жер мəселесіне байланысты орыс 
тілінен  кірген  терминдерді  молынан  пайдаланылуы:  инструксия,  общество,  губерниа,  статиа, 
десиатина,  прауление,  министрлер  советі,  сажен,  через  полость,  производительный  работы, 
шеноуніг,  расходы,  временни,  комииссие,  переселеншески  прауило,  общий  присутсвие,  волостной 
уапраител, протокол, план, граниса, запас, волостной сиез, казеннии палата, оброк. 
А.  Байтұрсынов  осы  низамды  жазғанда  орыс  сөздермен  қазақ  сөздерін  қатар  алып  жүрген 
жерлерін  де  кездестіреміз.  Қарастырып,  сұрастырып,  есептеп  білгеннен  кейін  жерді  қай  шаруаға 
жарамды, түріне қарап тілім-тілім бөледі һəм һəр тілімге өз алдына норма иəни пəлен десиатина жер 
шаруа басына иə жан басына деп мөлшер істейді. Бұзу расходы, қайтадан орнату расходы, сынатын, 
бүлінетін  шығыныменен.  Бəрі  мезгілгі  (временни)  комиссиеге  түсіп,  аталмыш  мақалаларда 
қолданылған  мұжық,  шайыр,  низам,  тəнбия,  ғайри.  Жоғарыда  көрсетілген  орыс  сөздері  уақыт 
талабына  сай  қазіргі  қазақ  тілінде  пассивтеніп,  көне  сөздерге  не  архаизмдерге  айналып  кетті. 
Керісінше,  кейбір  сөздер  қайта  жаңарып,  жаңа  мазмұнда  тілімізге  еніп  кетті  (хакім,  төраға,  иағни, 
дəфтəр). 
Бізге  бейтаныс  болып  көрінген  сөз  тіркестері  мыналар:  қасиетін  қармай  жазу,  қазақтың  бас 
адамдары  (билік  басындағылар),  өлер  жолы  (өлер  алдында),  атын  бұзу  (атын  өзгерту),  халыққа 
араны жүру (халыққа басшылық жасау), алғыс береді (алғыс айту), құлаққа десі тиетін өлеңдер.  
Ал  мақалалар  тілінің  грамматикалық  ерекшеліктерін  екшейтін  болсақ,  ең  баста  қазақ  тіліндегі 
көмектес  септіктің  қосымшасы  жəне  ыңғайластық  мағына  беретін  мен,  бен,  пен  шылауымен  бірге 
менен, бенен тұлғалары да жарыса қолданылған. Бұл жайлы: «Менен», «пенен» жалғаулықтар «мен», 
«пен»  деп  де  қысқартылып  айтыла  береді»,  –  деп  А.Байтұрсынов  «Тіл  –  құрал»  деген  еңбегінде 
көрсеткен  [5,  46].  Мысалы:  үй-мүлкімізді  көшіргенде  дұрыстықпенен  кеспеді,  статиаларының 
жөнімен  болып,  мұныменен  көрінеді,  қалып  етілмес  мөлшерменен  көшпелілерге  де  жер  қалдыру 
керек  деген  жолдар  1-мақаладан  алынса,  солармен  таласы,  қазақтан  сұлтан  болған,  біліммен  би 
болып,  бəлки  сол  күйімен  өліп  те  кетуі  ықтимал,  орыс  ақындарымен  танысып,  олардың 
кітаптарымен  таныстырған.  Осы  жерде  аңғарылатын  мəселе  –  бірінші  мақалада  менен,  бенен 
жалғауын  көбірек  қолданса,  екінші  мақалада  еш  қолданбаған.  Бұл  бірінші мақаланың сөйлеу  тіліне 
анағұрлым жақындау стильде жазылғандығының көрінісі болса керек.  
Қазіргі  қазақ  тілінде  жиі  қолданылатын  келетін,  баратын  тұлғалы  есімшелер  аталмыш 
мақалаларда  -тұғынмен  де  -тын/-тін  менде  қолданыла  береді.  Мысалы,  бағылатұғын  малы  бар, 
жыртатұғын  жер  қанша,  айдалатұғын  жолдар,  егетұғын  егіні,  алатұғын  жерлер;  мақтамайтын 
адам болмады, артық көретін мінезі деген жолдар кездеседі. Бұл да – көркем əдеби стильде жазылған 
мақаланың қазіргі тілімізге бір табан жақын екендігінің дəлелі.  
Қимыл  есімі  ретінде  қазіргі  тіліміздегі  -у  тұлғалы  тұйық  етістігінің  орнына  мына  формалар 
қолданылды:  
163


Барыс  жалғаулы  -ар/-ер,  -с  жұрнақты  есімше  мен  керек  сөзінің  тіркесі  қолданылады:  Ең  əуелі 
білуге  керек,  жер  есебіне  кіруге  керек  (Қазақ  №29).  Өлең  жақсы  болуға  не  керектігі,  əрі  сыншы 
боларға керек. 
Қазіргі əдеби тілдің нормасынан шығып қалған һəркім, һəм, ғəйри шылауларын де кездестіреміз. 
Я шылауы иа, йаки түрінде кезедеседі: қанша жақын иə алыс, иə əнге салып 
Сондықтан  шылауының  орнына  соның  үшін,  аның  үшін,  онан  шылауларын  қолданылған:  онан 
оқығанда, сонан ғана, мұның бойынша (қазақ №39) 
Туралы,  жайлы,  жөнінде,  жайында  шылауларының  орнына  тақырыпты,  турасында  деген 
сөздерді қолданған: қазақ жерін алу турасында, қай жерде ақындар жайынан йə ақындардың сөздері 
жайынан  əңгіме  болса.  Біз  сөз  етіп  отырған  ХХ  ғасыр  басындағы  газет  бетінде  тіліміздің  баяу 
өзгеретін саласы – грамматикалық құрылысында да елеулі ерекшеліктер бар. Мысалы, қазіргі əдеби 
тілдің  грамматикалық  нормасына  жатпайтын,  ерсі  болып  көрінетін,  сөйлеу  тіліне  тəн  құрылымдар 
көп  кездеседі:  Қазақтарға  қалатұғын  жердің  шамасын  анықтап  білу  үшін  жер  министрінің 
əміріменен  əртүрлі  жұмыстар  болады:  жердің  түрін,  түгін,  елінің  ыңғайын,  жігін,  малын,  шаруа 
қалпын  білуге  [1,  300].  Олардың  отыратұғын  уақытына  қарап  һəм  соңғы  жылдарда  көшіп  келіп 
жүрген  үйлердің  санына  қарап  [1,  301].  Мұндай  артық  жерді  қалдырар,  қалдырмас  билігі 
министрлердің  советінде  [1,  301].  Оны жер  миистрінің  мекемесі  аинистрлердің  советіне  кіргізеді, 
бекіту үшін. 
Сол кезеңдегі қазақ жазбаларына тəн нормативтік құбылыс деп көмектес етістігіне аяқталатын төл 
сөзді сөйлемдер мен басыңқысы бұрын, бағыныңқысы соңынан келетін сөйлемнен мысал: «Баяғыдан 
бері жазыла-жазыла қожа, молдалардан ұят болды, енді өлмесе болмас» деп (Қазақтың бас ақыны, 
398). 
Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың басында жарық көрген «Қазақ» газетіндегі материалдардың қазақ 
əдеби  тілінің  нормалануына  қосқан  үлесі  айрықша  зор.  Сонымен  қатар  сол  кезеңді  қолданылған 
қазіргі таңда қолданыстан шығып қалған лексикалық, грамматикалық өзгерістерді айшықтауда алар 
орны  үлкен  екендігін  анықтауға  мүмкіндік  берді.  Ал,  атап  айтқанда,  А.  Байтұрсыновтың  «Қазақ 
жерін алу турасында низам» жəне «Қазақтың бас ақыны» атты мақалалары тілін талдау арқылы сол 
кезеңдегі  тіл  тұлғалардың  қазіргі  таңдағы  тілден  аса  көп  айырмашылығы  жоқ  екендігін,  тілінен 
жатсыну  болмайтынын  дəлелдедік.  Десек  те  арадан  бір  ғасырдан  астам  уақыт  өткендіктен, 
лексикалық өзгерістер де жоқ емес. Бұл – тілдің уақыт талабына сай өзгерімпаз екендігінің айғағы.  
 
Əдебиет:  
1.
  «Қазақ» газеті. 1913 жыл /Құрастырған: С.Смағұлова, Ғ.Əнəс, Т.Замзаева. - Алматы: Арыс, 2009. - 480 
бет. 
2.
  Мəжітаева Ш. ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ əдеби тілі. – Алматы: Ғылым, 1999. - 192 бет. 
3.
  Əбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. –Алматы: Ғылым, 1971. 
4.
  Мұқанов С. ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті. - Қызылорда, 1935. 
5.
  Байтұрсынұлы А. Қазақ тіл білімінің мəселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2013. - 640 бет. 
6.
  Arapca-turkce sozluk. Serdar Mutcali. - Dagarcik. - 1023 s. 
 
 
Сайбекова Н.  
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты  
 
А.Байтұрсынұлы жасаған əліпбидің негізділігі 
 
Тіл  мен  мəдениеттің  баға  жетпес  ұлттық  құндылықтарды  жеткізетін  қазына  ретінде  қарастыру 
керектігі  туралы  Э.Сепир:  «Тілдің  бір  тұғыры  бар.  Ол  мəдениеттен  тыс  өмір  сүрмейді.  Ол  дəстүр 
болып  жалғасқан  біздің  тыныс-тіршілігіміз  мүлде  қабысып  кеткен  салт-дəстүр  мен  наным-
сенімдерден  мүлде  арыла  алмайды.  Тілдегі  лексика  өзі  қызмет  етіп  тұрған  мəдениетті  өз  қалпында 
көрсетеді.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  «тілдің  тарихы  мен  мəдениет  тарихы  жапсарлас  дамиды»  деуге 
болады», – дейді [1]. Тіл мен мəдениеттің байланысы «Тіл – тіл иесінің рухы» деп айтуға мүмкіндік 
береді.  В.  фон  Гумбольдттің  пікірінше,  ұлттың  өзіне  тəн,  іштей  дамитын  рухы  бар.  Сол  рухтың 
ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беруші күш – тіл. Бұл қағида ғалымның тілді 
адамның  ойы  мен  санасы,  мəдениеті  жəне  рухани  өмірімен  тығыз  байланыста  қарайтын  тіл 
философиясына  сай  философиялық-лингвистикалық  бағдарламасының  негізін  құрайды.  Автордың 
пікірінше,  тіл  мен  рух  –  біртұтас  ұғым,  себебі  –  тіл  ұлттық  рухтың  жемісі,  рухтың  əрекеті.  Тілдің 
шығуы  мен  рухани  күштердің  шығуына  бірдей  себептер  əсер  етеді.  Əйтсе  де  тіл  рухтың  шығуына 
жағдай  жасаушы  болып  қалады.  Тіл  мен  рухани  күштер  бір-бірінен  бөлек  дамымайды,  қайта 
интеллектуалды қабілеттің бөлінбес əрекетін құрайды [2, 47].  
164


«Человек  весь  не  укладывается  в  границы  своего  языка,  он  больше  того,  что  можно  выразить  в 
словах;  но  ему  приходится  заключать  в  слове  свой  неуловимый  дух,  чтобы  скрепить  его  чем-то,  и 
использовать  слова  как  опору  достижения  того,  что  выходит  за  их  рамки»  [2,  47-49].  В.фон 
Гумбольдтың  осы  пікіріне  сүйене  отырып,  А.А.Потебня  тілді  ойды  туғызушы  тетік,  яғни,  «тілде  о 
бастан шығармашылық мүмкіндік бар» деп түсініп, «тіл – оқшау тұрған құбылыс емес, ол халықтың 
мəдениетімен біртұтас байланыста» деп санайды. 
Тіл  –  халықтың  мəдениеті,  салт-дəстүрі,  қадір  тұтатын  заттары  мен  құндылықтар  дүниесінің, 
қоршаған ортаның т.б. өмір сүру үлгілерінен хабардар ететін құрал. Əр ұлттың ана тілінде оның бүкіл 
өмірі, тарихы, тыныс-тіршілігі, жан дүниесі, яғни, мəдениеті көрініс табады. «Тіл», «сана», «таным» 
жəне  «мəдениет»  ұғымдары  бір-бірімен  тығыз  байланысты,  ал  жазу  –  мəдениеттің  ең  жоғарғы 
деңгейдегі  көрінісі  жəне  адамзаттық  мəдениеттің  дамуын  айқындайтын  əлеуметтік  мəні  бар  зор 
құбылыс болып табылады.  
Жазу дегеніміз не? Жазу дегеніміз – грамматология ғылымы. Грамматология (гр. gramma – жазу, 
гр.logos – ұғым, ілім) – жазу туралы ғылым. Қазақ тіл біліміндегі грамматология ғылымының негізін 
қалаған  –  Ахмет  Байтұрсынұлы.  «Əліппе»  («Оқу  құралы»)  –  нағыз  грамматологиялық  бағытта 
жазылған еңбек, онда қазақ тілінде 24 дыбыс, оның ішінде 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауысты 
бар екені көрсетіледі.  
А.Байтұрсыновтың  «Тіл  тағылымы»  кітабындағы  «Қазақша  алифба»  оқу  құралына  арналған 
бөлімінде М əрпіне байланысты 24 мысал берілген [3, 38]. 
 
 
Ал Орынбор қаласынан 1914 жылы жарық көрген «Ахмет Байтурсуновдын казакча алифбеси» оқу 
құралы  түпнұсқасында  М  əрпіне  байланысты  18  мысал  берілген  [4,15].  Салыстырмалы  түрде 
қарастырсақ,  «Тіл  тағылымы»  кітабындағы  «Қазақша  алифба»  [3,  38]  оқу  құралы  мен  1914  жылы 
жарық  көрген  «Ахмет  Байтурсуновдын  казакча  алифбеси»  [4,  15]  оқу  құралы  түпнұсқасындағы  М 
əрпіне мысалдар берілуінде біршама өзгешеліктер бар:  
 Алма Мас Там 
 Алмас Маса Тама 
 Алмақ Масақ Тамақ 
 Мық Мол Шам 
 Мұз Молы Шама 
 Мұрт Молық Шамалы  
Мал,  малы,  малшы,  тамыр,  тамыз,  құм,  құман,  құмақ,  марқа,  малта,  мақта,  мақбал,  марал, 
жұмсақ. Мыс, мысты, мысқа, мысық, қамыс, таныс. 
 Мал  аман.  Мас  жаман.  Тамшы  тамар.  Малта  ашшы.  Алтын  салмақты.  Мамық  жұмсақ. 
Сырмақ қатты. Балық қармақ қабар.  
165


 
 
Сонымен,  архисема  –  туынды  сөз  мағынасының  белгілі  бір  лексика  семантикалық  топқа 
біріктіруде  негіз  болатын  əуелгі  сема.  Архисема  –  түбірдің  бастапқы  негізгі  семасы.  Танымда 
қабылданған  зат  не  құбылыстың  ерекше  белгілерінің  негізінде  ғана  архисема  бөлігі  сақталып, 
атаудың өзек семасын құрайды [5]. А.Байтұрсынұлының оқу құралында берілген там, тама, тамақ; 
шам,  шама,  шамалы;  мас,  маса,  масақ;  мол,  молы,  молық;  алма,  алмас,  алмақ  сөздерінің екіншілік 
туынды мағыналары арқылы архисема арқылы қалыптасып, өзіндік ерекше мəн иеленгендігін атауға 
болады. Мұндағы архисемалар – там, шам, мас, мол, алма.  
Синкретикалық  сөздер  құрамында  да  фонетикалық  өзгерістер  болады.  Алайда  ондай  өзгерістер 
фонетикалық конвергенция тəрізді бір сипатқа емес, олардың əртүрлі дыбысталуына əкеліп соғады. 
Синкретикалық  түбірлердің  табиғатын  тануда  айрықша  назар  аударуды  қажет  ететін  мəселе  – 
олардың  өзара  семантикалық  байланыстары.  Əдетте  синкретикалық  етістіктер  мен  есімдер  бір-
бірімен себептілік байланыста болып отырады [6]. Мысалы, алма етістігінен сол процестің нəтижесі 
болып  саналатын  ұғым  –  алмас  есімі  келіп  шығады.  Себептілік  байланыс  туынды  сөздерді  де 
қамтиды: тама жəне тамақ, маса жəне масақ, молы жəне молық.  
Қазіргі қазақ тілінде аса жиі қолданылатын -ма/-ме (-ба/-бе, -па/-пе) аффиксі зат есім жасаудың 
тəсілі  ретінде  Х-ХІ  ғасыр  жазбаларынан  ұшырасады:  сүрме,  кесме,  ыстама  т.б.,  -ма  аффиксі  де 
құрандылардың  қатарына  жатады.  Мысалы:  алма  сөзінің  архисемасы  –  ал,  -м  –  құбылыс,  əрекет 
атауын  жасайтын  аффикс,  ал  -а  –  құралдық,  объектілік  (құрал,  объектіге  қатысты)  мəн  беретін 
аффикс  болып  табылады.  Сөз  соңындағы  з,  с  дыбыстары  қолданылуындағы  сабақтастық  келер 
шақтың  болымсыз  түрінен  айқын  көрінеді:  алмас.  Қазақ  тіліндегі  етістіктің  болымсыздық 
қосымшасынан кейін жалғанатын -с дыбысы -з дыбысының тарихи қатаң варианты болып табылады. 
Қазақ  тілінде  р  ~  з  сəйкестігінің  екінші  сыңары  болатын  ұяң  з  қатаңдау  процесіне  ұшырап,  с-ға 
айналғандығын көруге болады.  
Қазақ  тіліндегі  болымсыздық  күрделі  қосымшасы  -мас  құрамындағы  -  с  мен  келер  шақ  мəнін 
беретін  -р  қосымшалары  да  –  дивергенцияның  нəтижесі  [6].  Алдыңғы  тұлға  (с)  –  сөз  соңының 
қатаңдану процесінің нəтижесі (з >с), ал з – түркі тілдерінде болған р>з алмасуының нəтижесі. Алмас 
(келер шақ); Тамшы тамар (келер шақ). Балық қармақ қабар (келер шақ) мысалдарының арасындағы 
айырмашылық – алмас сөзіндегі болымсыздық мағына үстейтін -ма мен -з дыбысының тарихи қатаң 
варианты болып табылатын -с дыбысында.  
Ал  қазіргі  қазақ  тілінде  үнсіз  (қатаң  мен  ұяң)  фонемалар  жұп-жұбымен  қосарласып  келеді  жəне 
əрбір қатаңның ұяң сыңары болады [7]. Тамшы тамар (келер шақ). Балық қармақ қабар (келер шақ) 
мысалдарындағы тамар мен қабар етістіктерінің бастапқы архисемасы там жəне қап болады. Себебі 
қатаң п дыбысының ұяң сыңары б болады. Егер там сөзіне -у тұйық етістік (қимыл есімі) жасайтын 
қосымшасын жалғар болсақ, таму сөзін береді. Сөйтіп, -у тұйық етістігі там сөзіне жалғану арқылы 
іс-əрекет жасайтын мағына үстейді. Қап сөзі араб тілінде (хафф) «бірдемені қоршау» деген сөз. Ал 
қазақ  тіліндегі  қап  сөзі  осы  мағынаға  сəйкес  келеді.  Балық  қармақ  қабар  мысалындағы  қабар 
етістігінің архисемасы қап сөзінен келіп шығатындығын ескерсек, балық қармақты қоршайды, балық 
қармаққа түседі деген мағынаны береді. Қабар етістігінің архисемасы қап, қатаң -пдыбысының ұяң 
сыңары б дыбысы болуына сəйкес, қаб сөзіне келер шақ етістіктің -ар аффиксі қосылып, келер шақ 
мағынасын  береді.  Балық  сөзінің  соңындағы  қ  дыбысы  көне  түркілік  ғ-ның  қатаң  варианты  болып 
табылады.  
166


Шам сөзі – иран тілдерінде кездесетін «кеш» деген сөз. Қазіргі қазақ тілінде сам жамырады деген 
тіркестер  бар,  яғни,  с  мен  ш  аффрикатының  өзара  алмасу  процесі  жүреді:  сам  –  шам.  Шама  сөзі 
қытайдың  ча  жəне  мо  сөздерінің  бірігуінен  жасалған,  ча  –  «шай»,  мо  –  «қалдық,  қоқым».  Демек, 
«шайдың  қалдығы»,  «шайдың  қоқымы»  деген  мағынаны  береді.  Чамо  сөзінің  шама  болып 
қалыптасуы – заңды құбылыс: аффрикат ч дыбысы ш-ға ауысқанда екінші буындағы о дыбысы а-ға 
ауысқан. Шама сөзі түркі тілдеріне қытай тілінен ауысқан сияқты [8]. Көне түркілік ч қазіргі түркі 
тілдерінде əртүрлі орныққан: қазақ -шын, татар -чын, хақас -сын. Сөйтіп, түркі тілдері арасында ч 
>ш  >  сдыбыс  сəйкестігі  келіп  шығады. Шамалы  сөзінде  есімдерден  сын  есімдер  тудыратын  өнімді 
жұрнақ -лы – жалаң жұрнақтан жасалған туынды сын есім.  
Мық,  мұз,  мұрт.Мық,  мұз,  мұрт  сөздерінде  дауыссыз  дыбыс  сəйкестігі  орын  алады,  ыəрпі  ұ 
əрпімен алмасу арқылы сөз мағынасын өзгертіп тұр. Ы əрпі ұ əрпіне, қ əрпі з əрпіне алмасу негізінде 
мұз  сөзі  судың  қату,  судың  тоңу,  ең  жоғары  температурада  қату  үдерісін  көрсетеді.  Бір  дыбыстың 
халық  арасында  өзгеріске  ұшырап  айтылуы  үшін  жүздеген  жыл  қажет.  Алифбада  берілген  мық 
сөзіндегі М əрпі қазіргі таңда Н əрпіне өзгеріске ұшырағандығын байқауға болады. Мық сөзін қазіргі 
таңдағы  нық,  аяқты нық  басу  деген  секілді  мысалдармен  беруге болады. Мұрт  сөзінде  бір-бірімен 
ықпалдаспаған  дауыссыздар  тіркесі  –  диссимиляция  бар:  -рт,  яғни,  мұрт  сөзі  –  диссимиляциялық 
тіркеске құрылған сөз. Малта, марқа сөздерінде де диссимиляция ізін байқауға болады, яғни, -рқ, -
лт. 
Малта  ашшы  мысалындағы  ашшы  сөзі  қазақ  тілінің  дыбыстық  табиғатына  негізделіп  алынған, 
қазіргі  таңда  ашшы  сөзі  ащы  деп  жазылады,  ш  >ч.  Ш  аффрикаты  ч  аффрикатына  ауысқандығын 
байқауға  болады.  Алтын  салмақты  жəне  Сырмақ  қатты  мысалдарында  фузиялық  өзгешелікті 
байқауға болады, қатаңнан соң -ы жалғанатындығын ескерсек, салмақ сөзінің соңындағы қ дыбысы 
қатаң, қат сөзінің соңындағы т дыбысы қатаң, сондықтан түбірдің соңғы дыбысының əсерімен -ты 
жалғанады жəне аталған дыбыс өзгерістері түбір мен қосымша шегінде көрініс табады. Мысты сөзі 
де осы секілді, -с дыбысы қатаң, ал қатаңнан соң -ты жалғанады. Алтын сөзі құрамындағы -лт тіркесі 
де  бір-бірімен  ықпалдаспаған  дауыссыздар  тіркесі  болып  табылады.  -лт  тіркесінің  алдыңғысы  – 
түбірдің соңғы, қосымшаның басқы дыбысы. Алтын сөзінде де диссимиляция тіркесі көрініс табады. 
Сонымен  қатар  кейбір  ғалымдар  алтын  сөзі  түркі  тіліндегі  алты  сөзінен  шыққанын  айтады. 
«Монғолдарда ақша ретінде жібек мата, алтайларда мал терісі жұмсалса, кейбір түркі халықтарында 
(болғарларда)  нəрсенің  құнын  белгілеуші  алты  тиіннің  терісі  болған.  Бара-бара  алты  мен  тиін 
сөздері бірігіп, алтын болып өзгерген» деген пікір бар [8].  
Мал, малы, малшы сөздеріндегі архисема – мал. Малшы сөзі есімдерден зат есім тудыратын -шы 
жұрнағы жалғану арқылы жасалынады.  
Түркі тілдерінің көне дəуірінде сөздің абсолют басында протеза ретінде айтылған й сөз құрамына 
əбден сіңіп, қазақ тілі заңдылығына лайық ж дыбысына айналған. Қазіргі тілімізде кейбір сөздердің 
басында  айтылатын  ж  сол  протезаның  өзгерген  түрі  болса,  мас  жаман  жəне  мамық  жұмсақ 
мысалдарындағы  жаман  жəне  жұмсақ  сөздеріпротезаның  өзгерген  түрі  болып  табылуы  ықтимал 
екендігін айтқым келеді.  
Жалпы  алғанда,  А.Байтұрсынұлының  оқу  құралында  берілген  мысалдардан  дауысты  жəне 
дауыссыз  дыбыстар  сəйкестігі,  фузиялық  өзгешеліктер,  протеза,  архисема,  диссимиляция  тіркесі 
көрініс  табады.  «Оқу  құралында  А.Байтұрсынұлы  жоғарыда  аталған  сөздерді  мысалға  ала  отырып, 
нені  айтқысы  келген?»  деген  сауалға  жауап  беретін  болсам,  дауысты  жəне  дауыссыз  дыбыстар 
сəйкестігі  заңдылығын  негізге  ала  отырып,  сөздердің  үйренушіге  жеңіл  жолмен  түсіндірілуіне  де 
назар аударған. Сөздерді буындап бөліп үйренген соң, сөздің əр буынындағы дыбыстарды айырып, 
тұтас  сөздің  ішіндегі  дыбыстарды  білген  соң,  дыбыстарды  қосып  сөз  айтуды  үйрету  үшін  əуелі 
дыбыстарды емес,  сөздің  буындарын  бөлек-бөлек  айтып,  оларды  қосқызып  сөз  айтқызу  жөн  болып 
табылғандықтан,  үйретуге  жеңіл  де  қолайлы  етіп,  архисемасы  бір  сөздерді  мысал  етіп  алған. 
Сонымен қатар малта ашшы сөзіндегі ашшы сөзін ш аффрикатымен беру арқылы қазақ халқының 
таза  сөйлеу  процесі,  қазақ  халқының  табиғаты  мен  түпсаналық  деңгейдегі  дүниетанымын 
қалыптастыру мақсатында берілген мысалдар негізінде ұлттық дүниетанымды қалыптастыру негізге 
алынған.  
 
Əдебиет:  
1.
  Уорф Б.Л. Отношение норм поведения и мышления к языку // Новое в зарубежной лингвистике. - 1960. 
2.
  Гумбольдт  В.  О  различии  строения  человеческих  языков  и  его  влиянии  на  духовное  развитие 
человеческого рода //Звегинцев В.А. История языкознания XІX и XX вв. в очерках и извлечениях. - Ч. І. - М., 
1964. 
3.
  Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. - 448 б. 
4.
  Ахмет Байтурсуновдын казакча алифбеси. Оқу құралы. - Оренбург, 1914.  
5.
  Салқынбай А.Б. Қазақ тілі. Сөздік құрам. Сөзжасам. - Алматы: Қазақ университеті, 2016. - 390 б. 
6.
  Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1988.  
167


7.
  Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1954. 
8.
  Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1966. - 240 б.  
 
 
Əнесұлы Ж. 
тəуелсіз журналист  
 
Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға 
 
Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысына қарасты Жангелдин ауданынының Сартүбек деген 
жерінде  1872  жылы  5  қыргүйекте  дүниеге  келген.  Сартүбекпен  Аққұм  жəне  айдынды  Ақкөл 
қапталдасып  жатыр.  Ақкөл  тарих  таразысынан  өткен  талай  тарихи  оқиғалардың  да  куəсіндей  еді. 
Елді бордай тоздырып, еңіреткен жоңғар шапқыншылығында қалмақтар Арқа жеріне дейін еніп, осы 
Ақкөл, Торғай бойында қоныстаныпты. Содан Абылай хан үш жүздің басын біріктіріп, қалмақтарға 
қарсы  соғыс  ашады.  Басы  қосылған  қазақ  əскері  қалмақтарды  жеңіп,  оларды  оңтүстікке  қарай 
ысырғанда,  Абылай  бастаған  əскер  осы  Ақкөлді  бойлап  өткен  екен.  Ұлытауда  Абылайды  ақ  киізге 
орап,  хан  көтергенде  де Кіші жүз  бен  Арқаның  басты  билері,  батырлары осы  Ақкөлді  асып  барған 
екен сонда. Қазақ елінің азаттығы үшін Ақ патша əскерімен талай айқасқан Кенесары хан да Торғай 
жерінде көп тұрақтай алмай, Жетісуға қарай бет алғанда əскерімен осы Ақкөлде бірер күн аялдапты. 
Ахмет Байтұрсынов өзінің өлеңдері мен əндеріне осы Ақкөл мен Аққұмды арқау еткен. 
Патшаның  бұйрығымен  1843  жылы  негізі  қаланған  Торғай  бекінісінің  картасы  бойынша 
қарағанда,  Аққұм,  Ақкөл  жері  Торғай  өзенінінің  арғы  бетінен,  шығысқа  қарай  жайылып,  бір  шеті 
Бетпақдаламен  шектесіп  жатса,  Ахаң  туған  Сартүбек,  Ақұм,  Ақкөл  аймағының  бергі  шеті  Тоғай 
өзенімен,  Тосын  құмымен  жағаласып  жатыр.  Бұл  жерлерді  негізінен  Үмбетей  руы  мекен  еткен. 
Ахаңның үлкен атасы – Шошақ, одан туған Ақтас, Байтұрсын, Данияр (Сабалақ), Ерғазы, Ермағанбет 
аса бір дəулетті адамдар болмағанымен, ел арасында беделді кісілер болған. Арғы тегін қуалағанда, 
Үмбетей  руы  Торғай  өзенінің  бергі  бетін  жайлап  жатқан  рулармен  туыстас,  Шақшақ  батырдан 
тарайды. Үмбетеймен туыстас бұл рулар Торғай өзенінің оңтүстік жақтағы бергі бетін, Тосын құмын 
жəне  одан  əрі  Ырғыз  жерімен  шектесіп  жатқан  жерлерді  жайлап,  қыстайды.  Аққұм,  Ақкөл  аймағы 
мен  Торғай  өзенінің  бергі  бетіндегі  осы  аталып  отырған  жерлер  сол  кездегі  уезд  басқару 
əкімшілігімен  «Тосын  болыстығы»  деп  аталған.  Сөз  жүзінде  болыстықты  басқаратын  адам  «елдің 
қалауымен  сайланады»  дейтін  ол  кезде.  Бірақ  іс  жүзінде  болыс  уезд  бастығының  мақұлдауымен 
сайлаудан  өтетін.  Ахмет  Байтұрсыновтың  бала  кезінде  де,  оның  Торғай  бекінісіндегі  орыс  қазақ 
мектебінде  оқып  жүргенде  де,  Тосын  болысын  ұзақ  жылдар  бойы  арғы  атасы  –  Шақшақтан,  одан 
бергі  атасы  –  Шақшақ  Жəнібек  батырдан  тараған  Дəуітбай  ұрпақтары  биледі.  Ал  Ақкөл,  Аққұм 
аймағын мекен еткен рубасы Шошақ пен оның балалары өз жерінде ғана емес, Торғай бойын жайлап 
жатқан барлық рулар арасында беделді, сыйлы еді.  
1885  жылы  Қарғалы  байланыс  бекетінде  өтіп  жатқан  болыс  сайлауына  уезд  бастығы  –  Яковлев 
арнайы келіп қатысады. Болыстыққа Дəуітбай ұрпағы өтеді. Содан тас салушы сайлаушылар алдында 
дау  туындайды.  Сол  даудың  ортасында  жүрген  Шошақұлы  Байтұрсын  уезд  бастығынан  сайлаудың 
қайтадан əділдікпен өткізілуін талап етеді. Яковлев Байтұрсынды тыңдағысы келмей, дөрекі сөздер 
айтып,  жүріп  кеткісі  келіп  атын  тебініп  қалған  кезде  намыс  қысқан  Байтұрсын  қолындағы 
шыбыртқыны сілтеп қалады. Оның бір ұшы Яковлевтің мойнын орап, Байтұрсын шыбыртқыны қайта 
тартып қалғанда, уезд бастығы атынан ұшып түседі. Бұл – орыс патшасының өкілі үшін, оның қасына 
ерген  атты  казактар  үшін  бұрын  соңды  көрмеген  масқара  оқиға  болды.  Бұл  –  сол  кезде  болыс 
сайлауына  келген  қазақтар  үшін  де  таңғалдырған  оқиға  болғанымен,  Шошақ  ұрпақтары  үшін  бұл 
істің  арты  қайғылы  оқиғаларға  жалғасты.  1886  жылы  сот  шешімімен  Ақтас,  Байтұрсын,  Данияр 
(Сабалақ) он бес жылға Сібірге жер аударылады.  
Осы  уақытқа  дейін  мыңғырған  малын  ғана  бағып,  жаз  жайлауға  көшіп,  қыс  қыстауға  бет  алып, 
уақытын өткізіп жүрген қалың қара қазақ орыстардың Торғайға бекініп, онда əскер ұстап отырғанына 
көп мəн бермейтін. Мына оқиғадан кейін жұрт шошынды, қазақтың орыс боданына мықтап түскенін 
жан-тəнімен сезінді, бірақ ол кезде отаршыларға қарсы қолдарынан еш қайран келмейтінін де білді. 
Кейін  Ахмет  Байтұрсыновтың:  «Оқ  тиіп  он  үшімде  ой  түсіріп,  Бітпеген  жүрегімде  бар  бір  жарам... 
Адамнан туып, адамның ісін етпей, Ұялмай не бетіммен көрге барам!» деп жазғаны бар еді. Балалық 
шағынан  əділетсіздіктің  куəсі  болып,  жүрегі  жараланған  Ахаң  өлеңіндегі  осы  сөзін  ғұмырының 
соңына  дейін  қағида  қылып  ұстады,  орыс  отаршыларына  қарсы,  еліміздің  тəуелсіздігі  үшін  күресті 
жəне  халқының  көзін  ашып,  сауаттандырып,  мəдениеті  дамыған  елдер  қатарына  қосу  үшін 
168


жанқиярлықпен  қызмет  етті.  Ұлы  ұстаз  –  Ахаң  өз  еңбегінің  алғашқы жемісін  көзімен  көрді  де.  Өзі 
ғылыми  түзген  «Қазақ  əліпбиі»,  грамматикасы,  «Əдебиет  танытқышы»  жарық  көріп,  кезінде  оқу 
орындарында оқытылды. 
А.Байтұрсынов – отаршылдыққа қарсы күрестің бастаушысы, дем берушісі. Бұл жерде «ХІХ 
ғасырда  қазақ  жерінде  революцияшыл,  яғни,  төңкерісшіл  идеялар  болды  ма?»  деген  сұрақтардың 
туындауы  орынды.  Ал  ХІХ  ғасырдың  ортасында  Кенесары  хан  орыс  отаршыларына  қарсы  саналы 
түрде  соғыс  ашты.  Хан  үш  жүздің  халқынан  қолдау  тапқанда  орыс  əскерін  жеңіп,  орыс  бодауынан 
шығуы  да  мүмкін  еді.  Бірақ  ен  далада  ыдырап  орналасқан  елдің  басы  бірікпеді.  Əр  хан  əр  жаққа 
тартты.  Кенесарының  орыс  отаршыларынан  жеңілу  себебі  –  осы.  Бұл  көтерілістің  маңызы  «орыс 
отаршыларына  қарсы  енді  қандай  жолмен  күресуге  болады?  Оның  бодауынан  қалай  құтылуға 
болады?»  деген  заңды  сұрақтарды  туындатты.  Салыстырмалы  түрде  қарасақ,  ХІХ  ғасырдың  70-
жылдарына  дейін  қазақ  жерін  отарлап  отырған  Ресей  патшалығының  өзінде  де  орыс 
революционерлері патшаны террористік жолмен құлатуды көздесе, ХІХ ғасырдың аяғына таман ғана 
олар  партиялар  құрып,  патшалық  монархияға  қарсы  жоспарлы  түрде  күресуге  бет  алды.  Ал  қазақ 
жерінде оқыған азаматтардың арасында төңкерістік ойлардың ұрық шашуы ХІХ ғасырдың аяғы еді. 
Оның  бастауында  осы  Ахмет  Байтұрсынов  тұрды.  Сөзімізді  дəлелдеу  үшін  Сəкен  Сейфуллиннің 
«Еңбекші қазақ» газетінің 1923 жылғы 19 қаңтардағы нөмірінде жарияланған А.Байтұрсынов туралы 
мақаласында «...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы 
басқан  қалың  қазақтың  ұлт  намысын  жыртып,  ұлттың  арын  жоқтаған  патша  заманында  жалғыз-ақ 
Ахмет еді», – деген сөзін келтіруге болады. 1923 жылдың 4 ақпанындағы «Ақ жол» газеті де: «Ұлт 
қамы» дегенді көксеген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда, бостандыққа жол көрсеткен – 
Ақаң  еді»,  –  деп,  А.Байтұрсыновтың  отаршылдыққа  қарсы  төңкерісшілдік  рухтағы  қызметін  атап 
көрсеткен.  
Орыс  отаршылары  жыл  өткен  сайын  қазақ  жеріне  тырнағын  батыра  түскенін,  патшаның  бұл 
саясатының əлі де тереңдей түсетінін А.Байтұрсынов ержеткен кезде, яғни, мұғалімдік оқуды аяқтап, 
мектепте  мұғалім  болып  жүрген  кезде,  əсіресе  орыстың  оқымысты  азаматтарымен,  қазақтарды 
шоқындырумен  айналысып  жүрген  миссионерлермен  кездесіп,  əңгімелескен  кезде  ұғынды.  Бұл  – 
шамамен  ХІХ  ғасырдың  аяғы,  1896-97  жыл.  Содан  бастап  Ахаң  сөз  түсінетін  қазақты  сөзбен 
ширатуға  кірісті.  Осы  мақсатта  И.Крыловтың  мысалдарын  аударуды  бастады.  А.Байтұрсыновтың 
өмірі  мен  шығармашылығын  Кеңес  Одағы  кезінде  зерттеген  Рымғали  Нұрғалиев  «Алып  бəйтерек» 
атты  мақаласында:  «Қалайда  халықты  ояту,  оның  санасына,  жүрегіне,  сезіміне  əсер  ету  жолдарын 
іздеген... кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды, 
əсіресе  патша  отаршыларының  зорлық  зомбылығы,  жуандардың  тепкісі,  елдің  азып  тозуына 
байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап, кейде ашық жеткізеді», – дейді. 
«Қырық  мысал»  баспадан  шыққаннан  кейін  ел  арасында  көптеп  тарады.  Ахаң  ойлағандай,  кітап 
өзінің  насихаттық  рөлін  атқарып  шықты.  Кітап  шыққанға  дейін  де,  шыққаннан  кейін  де  Ахаң 
төңкерісшілдік қызметін тоқтатқан емес еді.  
ХІХ ғасырдың аяғында патша əкімшілігі орыстарды қазақ жеріне көптеп қоныстандыру саясатын 
еркін  жүзеге  асыра  бастады.  Бұрын  қазақ  шегарасы  Орынбор,  Омбыдан  əрі  асып  жататын.  Енді 
Ресейден  бері  ағылған  орыстар  Орал,  Қостанай,  Көкшетау,  Павлодар,  Петропавл,  Семей,  Өскемен, 
Жетісу облыстарының шұрайлы жерлеріне, Еділ, Есіл, Ертіс өзендерінің бойларына қоныстандырыла 
бастады, яғни, бұл кезде патша қазақ жерінде Сібір жерлері тəрізді Ресейге біржола қосып алу жəне 
халқын  шоқындыру  саясатын  біртіндеп  жүзеге  асыра  бастаған  еді.  А.Байтұрсынов  патша 
отаршыларының бұл саясаты қазақ халқының келешегі үшін өте қауіпті екенін жүрегімен сезді, білді. 
Ахаң ол кезде Қарқаралыда қызмет етіп жүрген. Жергілікті басқару əкімшілігінің қазақтарға жасалып 
отырған қиянаттардың  заңсыздығын  айтып,  петиция  жазуға  ұйғарды.  Ол  петицияға  Қарқаралыдағы 
көптеген қазақ оқығандары қол қойған. Бұл – 1905 жыл болатын (Ресейде «Қанды жексенбі» болған 
жыл).  
Содан бір жыл кейін А.Байтұрсынов Ресей Думасына қазақтар тарапынан депутат болуы туралы 
ел арасында сөз қозғап (орыстың сол кездегі отар елдері арасында Думада тек қазақтан ғана депутат 
болмаған екен), Думаға қазақтан бір өкіл өткізулері үшін көмек сұрап, башқұрлардың, татарлардың 
өзбектердің белді өкілдеріне хат жазады. Сөйтіп, патшалық Ресей Думасына қазақтан депутат болуын 
армандаған, сол үшін көп ізденген, «содан қазаққа бір жеңілдік болар» деп үміттенген бірінші қазақ – 
осы А.Байтұрсынов еді. С.Сейфуллиннің «... сонау патша заманында ұлты үшін дауыс көтерген кісі 
еді» дейтіні – сол себептен.   
ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен ХХ  ғасырдың басы  төңкерісшіл  ойдағы қазақ  оқығандары  үшін  осылай 
басталған  еді.  Ахмет  Байтұрсыновтың  орыс  отаршыларына  қарсы  төңкерісшілдік  бағыттағы  күресі 
169


ХХ ғасырдың 20-жылына дейін, яғни, «Алаш» партиясының қызметі тоқтатылғанға дейін жалғасты. 
Ахаң  əуел  бастан  ақ  «қазақ  көзі  ашық,  сауатты,  мəдениеті  дамыған  ел  қатарына  қосылса  екен, 
əлеуметтік теңдікті сақтаған тəуелсіз мемлекет болса екен» деп армандаған. Ахмет Байтұрсыновтың 
орыстарды қазақ жеріне көптеп орналастыруға қарсы петиция ұйымдастыруын,  «Қырық мысалын», 
«Масасын»,  отаршылдыққа  қарсы  идеямен  қаруланған,  сол  идеяның  жалынымен  оқырмандарын 
жылытқан «Қазақ» газетін шығаруын отаршылдыққа қарсы күрес жылдарындағы жемісті еңбегі деп 
таныған  жөн.  Бұл  –  Ахаң  мен  көзі  ашық  оқыған  азаматтары  үшін  ғана  емес,  қазақ  тарихындағы 
отаршылдыққа  қарсы  күрестің  белді  белесі  болды.  Отаршылдыққа  арнаған  күрес  жылдары 
А.Байтұрсыновтың  жеке  өмірі  де  оңай  болған  жоқ.  Тағдыры  талай  талқыға  түсті.  Басқасын 
айтпағанның  өзінде,  тек петиция  жазуды  ұйымдастырғаны  үшін  патша  үкіметі  оны  екі  рет  түрмеге 
жапты,  жер  аударды.  Сондықтан  Ахмет  Байтұрсыновтың  ХІХ  ғасырдың  аяқ  кезінен  бастап,  ХХ 
ғасырдың  20-жылына  дейін  созылған  отаршылдыққа  қарсы  күресі  революцияшылдық, 
төңкерісшілдік сипатта болғанын ескерген жөн.  
Ахмет  Байтұрсынов  –  қазақ  əліпбиінің,  грамматикасының  жəне  əдебиет  теориясының 
ғылыми негізін қалаушы. Қазақ елін сауаттандыруда тарихи рөл атқарған Ахмет Байтұрсыновтың 
«Қазақ əліпбиінің» Орынбордан басылып шыққанына биыл жүз жыл толып отыр. Араб графикасына 
бейімделіп,  бар болғаны 28  қаріптен  тұратын  бұл  əліпби  əдістемелік  оқулығымен  бірге  1912  жылы 
елдің  қолына  тиіп,  ауылда  балалардың  сауатын  ашу  үшін  сол  жылдан  бастап  қолданыла  бастады. 
Аталмыш  оқулықта  оқыту  əдісі  көрсетілгендіктен,  бір  жағынан,  оқытушыларға  да  жеңіл  болды, 
екінші  жағынан,  оқушы  балалар  бір  жылда  хат  тану  мүмкіндігіне  ие  болды.  Бұрын  араб  қарпімен 
молдадан оқитын шəкірттер үш жылда хат тануды əрең игеретін. Ал кирилл əрпімен оқығандар өзінің 
қазақ  қалпынан  алыстай  бастайтыны  байқалды.  Соның  бір  мысалы  ретінде  айта  кетейін,  сол  кезде 
Торғайдағы  орыс-қазақ  мектебінде  оқыған  Əліби  Жангелдинді  кезінде  миссионерлер  Ресейдің 
христиандық діни орталығына жіберген еді. 
1913  жылы  төте  əліпбиді  игергендер  саны  көбеюіне  байланысты  Ахмет  Байтұрсынов  Орынбор 
қаласынан осы əліпбимен «Қазақ» газетін шығара бастады. Ахаң «Қазақ əліпбиіне» қоса оны оқытуға 
арналған  бірнеше  əдістемелік  оқулылық  та  əзірледі.  Олар  Кеңес  үкіметі  тұсында  ашылған 
мектептерде  де  пайдаланылып,  1929  жылға  дейін  қолданыста  болды.  Елдің  сұранысы  мен  Кеңес 
тұсындағы  қазақ  мектептерінің  қажетіне  орай  «Қазақ  əліпбиінің»  оқулықтары  сол  тұста  тоғыз  рет 
баспадан басылып шықты. ХХ ғасырдың алғашқы кезеңінде «Қазақ əліпбиін» дүниеге əкелген Ахмет 
Байтұрсынов  қазақ  тарихында  тағы  бір  ұлы  қадам  жасады.  Ол  –  қазақ  тілі  грамматикасын 
(фонетикасын,  морфологиясын,  синтаксисін  жəне  терминологиясын)  жүйелі  түрде  ғылыми  түзген. 
Бағамдап қарағанда, бұлар – бірнеше адам зерттеп қана жүзеге асыра алатын филология ғылымының 
төрт  саласы.  Ахаң  қазақтың  дыбыс  жүйесін,  сөз  жүйесін,  сөйлем  жүйесін,  терминологиясын  толық 
зерттеп, қазақ тілі грамматикасының негізін салды. Ахмет Байтұрсыновтың лингвистика саласындағы 
бұл  ғылыми  еңбектерін  кезінде  Орта  Азия,  бүкіл  түрік  əлемі  мойындап,  қолдап,  Ахаңның 
лингвистика  саласындағы  зор  жетістіктерін  өздерінің  грамматикасында  пайдаланды.  1929  жылдан 
кейін  Кеңес  үкіметі  саясатымен  Қазақстандағы  мектептер  əуелі  латын,  кейін  кирилл  қарпіне 
көшірілгенімен,  Қытай  мен  Монғолиядағы  екі  миллионға  жуық  қазақ  осы  күнге  дейін  Ахаңның  28 
қаріпті емлесі мен грамматикасын қолданады.  
Ахаңның тіл саласындағы ғылыми жетістіктерін сол кезде орыс ғалымдары да мойындаған. 1919 
жылы профессор Самойлович «Литература Востока» журналында, ғалым Е.Поливанов «О киргизско-
казахской орфографии» бюллетенінде жоғары баға берген. 1929 жылы Мəскеуден шыққан «Əдебиет 
энциклопедиясында»  «А.Байтұрсынов  –  аса  көрнекті  қазақ  ақыны,  журналисі  жəне  педагогі...  Ол  – 
қазақ емлесінің реформаторы, грамматиканың жəне қазақ əдебиеті теориясының негізін салушы», – 
деген анықтама берген.  
ХХ  ғасырдың  20-жылдары  қазақ  оқығандары,  интеллигенциясы,  жазушылары,  ақындары  қазақ 
мəдениетінің,  əдебиетінің,  өнерінің  іргесін  қалап,  бекітіп  жатқан  кезде  Ахаң  жазған  «Əдебиет 
танытқыш»  қазақ  мəдениетін,  əдебиетін,  ғылымын  тағы  бір  жаңа  биікке  көтеріп  тастады.  Кеңес 
тұсында  Ахмет  Байтұрсыновтың  өмірі  мен  шығармашылығын  зерттеген  ғалым  –  Рымғали 
Нұрғалиевке  осы  «Əдебиет  танытқыштың»  алғашқы  нұсқаларының  бірін  КазМУ  профессоры  – 
Бейсенбай Кенжебаев берген екен. Кітапты 40 жыл сақтаған ол кісі: «Бұл кітаптың шарапаты тиетін 
күн келеді. Ол күнді мен көрмеспін, сендер көрерсіңдер», – деген екен. Бірақ кітаптың соңғы тарауы 
болмаған екен. 
Ахаң  «Мəдениет  тарихын»  да  жазған.  Бірақ  ол  кітабы  сақталмаған.  Жалпы,  əдебиет  теориясын 
оқулық  ретінде  жазып  шығу  үшін  философия,  психология,  əдебиет  теориясы  ғылымдарының 
тарихын  терең  білу  қажет.  Ең  кереметі  –  ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысында,  қазақтың  көзі  енді 
170


ашылып келе жатқан кезде жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқышын» сол кезде 
«қазақ  əдебиетінің  қалыптасуының  басында  жүрміз»  дейтін  ақын-жазушыларды  былай  қойғанда, 
көрші  Ресейдегі,  Орта  Азиядағы,  түрік  тілдес  елдердегі  əдебиет,  филология  мамандары  да 
мойындады. Олар əдебиет тарихтарында, энциклопедияларында А.Байтұрсыновтың еңбектерін атап 
өтті. 
Ахаңның  «Əдебиет  танытқышы»  əрбір  сауатты  адам  түсінетіндей  түрде  жазылған.  Онда  əңгіме, 
роман, өлең жанрларының көптеген түрлеріне ғылыми-теориялық терең сипаттама берілген. Мұнда 
да  Ахаң  көптеген  қазақы  терминдерді  қолданған.  Оны  оқып  отырып,  Ахаңның  сөз  түрлендіргіш 
қасиетіне таңғаласың. Ахаң түзген терминдерді көпшілік жатырқамай қабылдады.  
Кеңес  тұсында  Ахмет  Байтұрсыновтың  өмірі  мен  шығармашылығын  зерттеген  ғалымдар  – 
Рымғали  Нұрғалиев  пен  Рəбиға  Сыздықова  болды.  Қазақстан  тəуелсіздік  алған  соң  Ахмет 
Байтұрсыновтың  өмірі,  қызметі,  шығармашылығы  жаңаша  зерттеліп,  ғылыми  еңбектерін  талданды. 
Бұл  орайда  З.Қабдолов,  С.Қирабаев,  Ə.Қайдаров,  Ө.Айтбайұлы,  Т.Кəкішевтің  ғылыми  зерттеулері 
ахметтануды биік белеске көтерді. Ахаңның еңбектерін зерттеуші ғалымдар көбейіп келеді. Сондай 
еңбектердің қатарында ғалым Ө.Əбдимановтың «Ұлттың рухани көсемі», «Ұлт азаттығын ұлықтаған 
ақын»,  «Қырық  мысал  төл  туынды»,  «Азатшыл  ойға  көшбасшы  басылым»,  «Қазақ  тілінің  ұстазы 
Ахмет  Байтұрсынов»  т.с.с.  көптеген  зерттеулерін  атауға  болады.  Өткен  жылы  Ахмет  Байтұрсынов 
музей-үйінің  директоры  –  Р.Имаханбетованың  «Ғасыр  саңлағы:  Ахмет  Байтұрсынұлының 
шығармашылық өмірбаяны» атты кітабы жарық көрді. Бұл да – ахметтануға қосылған үлес болды.  
Ахаңның артында қалдырған мұрасы бұлақтың көзі тəрізді. Көзін ашсаң, жарқырап, жаңа қырынан 
көріне береді. Осы күнге дейін жазылған ғылыми зерттеулер Ахмет Байтұрсыновтың отаршылдыққа 
қарсы,  еліміздің  тəуелсіздігі  үшін  күрескен  ұлт  қайраткері,  ақын,  қазақ  əліппесі  мен 
грамматикасының,  терминологиясының,  əдебиет  теориясының  негізін  қалаушы  ғалым,  аудармашы, 
фольклорист, журналист публицист, композитор екенін дəлелдеп шықты. 
 
 
Юсуп А. 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушы 
Юсуп П. 
ҚазМемҚызПУ-дың аға оқытушы 
 
Алаш зиялыларының еңбектеріндегі ана тілі мəселелері 
 
ХХ ғасырдың басында ұлттық тіл білімінің дамуы мен қалыптасуында маңызды орын алатын алаш 
зиялыларының  сан  салалы  еңбектері  қазақ  халқының  рухани-мəдени  өрлеуіне  зор  ықпал  жасады. 
Олар  сол  кезеңдегі  кеңестік  жүйенің  адуынды  саясатына  қарамастан,  қазақ  лингвистикасының 
ғылыми  дамып,  қалыптасуына  айтарлықтай  үлес  қосты.  «Қазақ  тіл  білімінің  атасы»  саналатын 
А.Байтұрсынов сынды ұлы оқымысты бастаған қазақ тілтанымы айналасы он-он бес жыл көлемінде 
тіліміздің  дыбыстық  жүйесі,  сөздік  қоры  мен  құрамы,  əдеби  тілі,  грамматикасы,  оқыту  əдістемесі, 
терминологиясына  қатысты  өздерінің  көзқарастарын  білдіріп,  келешек  саналы  ұрпаққа  сүбелі 
еңбектері мен ғылыми зерттеулерін қалдырды. Осындай бай мұраға ие болған тілші-ғалымдар уақыт 
өте келе аталған еңбектердің əділ бағасын берері анық. Бұл туралы алаштанушы Е.Тілешев былай деп 
ой қорытады: «Алаш зиялылары қалыптастырған зиялы қауым өкілдерінің ана тіліміз – қазақ тіліне 
арналған  еңбектері,  тіл  жолындағы  күрестері  сол  дəуірдің  тарихи  мəні  бар  деректері  ғана  емес, 
сонымен  бірге  өміршең  дəстүр  қалыптастырар  тағылымды  мұра  болуымен  де  құнды.  Алаш 
зиялыларының тіл төңірегіндегі еңбектерінің алуандығы осы ұлт азаматтарының ізденімпаздығы мен 
білімпаздығын байқатады»  [1,  3].  Ғалымның  ойын  ары қарай  сабақтар болсақ,  алаш  зиялыларының 
қазақ тіл білімінде салған сара жолын төмендегідей жіктеуге болады: 
1)
  қазақ тіл білімінің ғылыми негізін жасады; 
2)
  қазақтілді ұлттық баспасөзді қалыптастырды; 
3)
  тілдің қоғамдық-əлеуметтік, танымдық мəнін айқындады; 
4)
  қазақтың жазба əдебиетін қалыптастырды; 
5)
  қазақ тіл білімінде аударма теориясының негізін жасады; 
6)
  қазақ терминологиясының ғылыми негізін жасады; 
7)
  ресми-іскери құжаттар стилін қалыптастырды. 
Осы  тұрғыдан  алғанда,  біз  өз  мақаламызда  негізінен  алаш  зиялыларының  тілтанымдық  ой-
пікірлері мен көзқарастарын сараптауды көздедік. 
171


Алаш зиялылары ХХ ғасырдың басында ұлт тəуелсіздігі мəселесін көтере отырып, ұлттың рухани, 
əлеуметтік, саяси, мəдени өркендеуіндегі асыл қазынасының бірі – тіл екенін жете түсінді. Олар сол 
рухани байлығымызды, яғни, ана тілімізді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін алға 
тарта  отырып,  қазақ  тілінің  жоғын  жоқтап,  оның  қоғамдық,  əлеуметтік  мəртебесіне  айрықша  мəн 
берді.  Олардың  тіліміз  туралы  айтқан  тұжырымдары  мен  пікірлері  қазақ  тілтанымының 
қалыптасуына  түрткі  болды.  Өз  еңбектерінде  олар  тіліміз  туралы  алғашқы  танымдық  тұжырымдар 
жасап,  осы  тіл  арқылы  бірде  қоғамтану,  бірде  елтану,  бірде  адамзаттану  міндеттерін  шешіп,  осы 
ғылыми еңбектерінде жалпы құрғақ сипаттама, жалаң шолудан гөрі тіл біліміндегі өзекті мəселелерді 
тереңінен  түсінді.  Оған  дəлел  ретінде  А.Байтұрсынов,  Х.Досмұхамедов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаев, 
Қ.Кемеңгерұлы,  М.Тұрғанбаев  т.б.  ұлт  зиялыларының  еңбектеріне  назар  аударған  дұрыс.  Бұл 
еңбектерінде  қазақ  оқығандары  тіліміздің  мəн-мағынасын  ашып  қана  қоймай,  тілді  танудың 
маңыздылығын саралайды. Мысалы, А.Байтұрсынов «Тіл – құрал» деген қағиданы басшылыққа ала 
отырып,  оған  тек  құрылымдық  бірлік  ретінде  ғана  қарамай,  тіл  табиғатын  түсіндірудің  амалдарын 
іздестіріп,  оны  адамзат  болмысының  өзіндік  бір  бөлшегі  ретінде  қарастырады.  Оның  қолданған 
сөздері  мен  сөйлемдері,  ол  түрлеген  қазақ  терминологиясы  қазақ  тілінің  төл  табиғатынан  шығып, 
ұлттық  таным-түсінікті,  ұлттық  ойлаудың  деңгейін  қалыптастырды.  Қазақ  сөзінің  қасиетін, 
табиғатын  танытуға  тырысқан  ғалым  тіл  туралы  былай  дейді:  «Тіл  –  адамның  адамдық  белгісінің 
зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниядағы адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай 
қиындық түсер еді» [2, 8]. Осылайша ой қорытқан ұлт ұстазы тілдің қоғамды, əлемді танудағы асыл 
қасиеті  туралы  да  мынандай  ой  түйіндейді:  «Тілдің  міндеті  –  ақылдың  аңдауын  аңдағанынша, 
қиялдың  меңзеуін  меңзегенінше,  көңілдің  түюін  түйгенінше  айтуға  жарау.  Мұның  бəріне  жұмсай 
білетін  адамы  табылса,  тіл  шама-қадарынша  жарайды.  Бірақ  тілді  жұмсай  білетін  адам  табылуы 
қиын.  Ойын  ойлаған  қалпында,  қиялын  меңзеген  түрінде,  көңілдің  түйгенін  түйген  күйінде  тілмен 
айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек» [2, 343]. 
Бұл тұжырымдары арқылы ғалым тіл – бір адамның керегіне ғана жарататын дыбыстау мүшесінің 
бірі емес, жалпы адамзат баласының ойды жеткізуінің, дүниені танудың аса құнды құралы екендігін 
көрсетеді.  Өзінің  теориялық  ойларын  тілдік  материалдармен  дəлелдеген  ғалым  сол  сөздерді 
танытатын  белгі  тіл  екенін  баса  айтады.  Мысалы,  ғұлама  сөз  өнері  туралы  ойын:  «Шеберлердің 
қолынан  шыққан  нəрселермен  таныс  адам  сол  шеберлердің  істеген  нəрселерін  қай  жерде  көрсе  де, 
айтпай таниды: мəселен, пышақты көріп: «Мынау – пəлен ұстаның қолы екен», – дейді; ерді көріп: 
«Мынау – пəлен ершінің қолы екен», – дейді. Сол сияқты сөз өнерпаздарының да шығарған сөздерін 
көріп  оқып,  лұғатына  үйір  болғаннан  кейін  оның  бұрын  оқылмаған,  аты  қойылмаған  сөздерін  де 
айтпай  тануға  болады.  Сөздің  өзі  танытатын белгі...  –  тіл...»  [2,  343],  –  деп,  өрбітеді.  Ғалым  «Тіл – 
құралы»  арқылы  қазақ  мəдениетінде  бұрын-соңды  болмаған  бетбұрыс  жасады.  Аталған  еңбекті 
қазіргі  таңда  қазақ  тіл  білімінде  когнитивистер,  этнолингвистер,  социолингвистер  кеңінен 
пайдалануда.  Оның  бұл  еңбегінде  сол  уақытқа  дейін  əлі  жүйеленбеген,  зерттелінбеген  тілдің 
табиғаты айқындалып, дыбыстық жүйесі, тілдің лексикалық байлығы, сөз таптары мен сөз тұлғалары, 
сөйлем  құраудың  ерекшеліктері  дəйектелді.  А.Байтұрсынов  қалыптастырған  терминдер  тіліміздің 
термин  жасаудағы байлығы  мен  икемділігін  танытты,  ол  жасаған  терминдер  қазақ  тіл білімінде  де, 
əдебиеттану  ғылымында  да  өз  өміршеңдігін  байқатты.  С.Шүкірұлының  өзімен  айтар  болсақ: 
«Ахаңның тіл білімі – күрмелген қазақ тілінің бауырын жазды, Ахаң ілімі əдебиеттануда төрге озды, 
Ахаң жинап қаттаған халық əдебиеті мен мəдениетінің мұралары рухани қазынаға қосылды» [3, 96]. 
«Мен  заманымда  қандай  едім?  Мен  ақын,  шешен,  тілмар  бабаларымыздың  бұлбұлдай  сайраған 
тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққандай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді 
қандаймын?  Кірленіп  барамын,  былғанып  барамын.  Жасыдым,  мұқалдым...»  Дəл  осы  сөздерді  ХХ 
ғасырдың басында айтқан тағдыр талайы қиын да күрделі қазақ тілінің мұңын жоқтап, тілтанымдық 
ойларын  дамытқан  ұлт  зиялыларының  бірі  –  М.Дулатов.  Ол  сол  кездің  өзінде-ақ  «қазақ,  қырғыз, 
ноғай, башқұрт, өзбек, түрікпен секілді бұратана жұрттар үшін» зор саяси мəселелердің бірі болған 
тіл  мəселесін  көтеріп,  «енді  əр  халық  өз  тілінде  оқуға,  өз  тілінде  жазуға,  өз  тілінде  тергеуге  тиіс. 
Мемлекет  законынан  бастап,  ауылнай  комитеттердің  ісіне  шейін  жазу  əр  халықтың  өзінде  болуы 
керек»  [4,  332],  –  деп,  үндеу  салды.  А.Байтұрсыновтың  тілтанымдық  ойларын  қолдаған  қоғам 
қайраткері  қазақ  тілінің  мұң-мұқтажын  жоқтап,  мəртебесін  көтеруді  көздеді.  Ол  өзінің 
мақалаларында  тіл  саясатын  күн  тəртібібінің  ең  басты  мəселесі  етіп  алып,  газет  тілін 
қазақыландыруды,  емле  мəселесін  ізгілендіруді,  жазушылардың  тілін  қазақша  сындыруды  баса 
айтты.  Сол  себепті  «қазақ  тілін  іске  асырып,  қазақ  əдебиетін  күшейтеміз»  десек,  мынадай 
кемшіліктерден арылуымыз керек деп көрсетті. Олар: 1) дыбыс жүйесі жағынан болатын кемшілік; 2) 
сөз  жүйесі  жағынан  болатын  кемшілік;  3)  сөйлем  жүйесі  жағынан  болатын  кемшілік;  4)  жалпы 
172


кемшілік,  яғни,  «қазақ  тілінде  жазамын,  қазақ  тілінде  сөйлеймін»  деген  тұлғаның  бойында  ниеті 
болуы керек [4, 265]. Осы тұрғыдан алғанда, М.Дулатовтың ашық айтқан тілтанымдық пікірлері сол 
кездегі жүргізілген кеңестік саясатқа үлкен соққы болғаны анық. 
 
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім, 
 
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. 
 
Таралған түрік бауырларыңы, 
 
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім! [5, 64] –  
деп,  ұлт  тілінің  мұңын  мұңдап,  жоғын  жоқтаған  алаш  зиялыларның  бірі  –  М.Жұмабаев.  Оның 
қазақ  халқына  қалдырған  зерттеу  еңбектерінің  ішіндегі  ең  көлемдісі  де,  ең  маңыздысы  да  – 
«Педагогика». Ол осы еңбегіндегі «Тіл», «Тілдің адам өміріндегі һəм ұлт өміріндегі орны», «Баланың 
тілі»  деген  тарауларында  өзінің  тілтанымдық  ойларын  саралайды.  Əсіресе,  тілдің  ұлт  өміріндегі, 
əлеуметтік  қоғамдағы,  жеке  тұлғаның  тұрмыс-тіршілігіндегі  мəн-мағынасы  мен  адамзат  баласының 
өмірінде алатын орны туралы ойлары терең. «Адамның толық мағынасы мен адам аталуы да тілдің 
арқасында» деп ой түйген ақын тілдің мынадай қасиеттері мен қызметтерін атап көрсетеді: 
1)
  тіл – ғылым, хат тану, оқу, жаза білудің құралы; 
2)
  тіл – адам жанының тілмашы; 
3)
  тіл – ойды сыртқа шығарудың құралы; 
4)
  тіл – ұлттық ұлт болу шарты.  
Ғылыми айналымда аса маңызды болған  тілтанымдық ойларын  осылай  таратқан  зерттеуші ақын 
былай дейді: «...Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт 
құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тіл болуы. Ұлтқа тілінен қымбат еш нəрсе болмасқа 
тиісті» [5, 64]. 
Қорыта  келгенде,  алаш  зиялыларының  тілтанымдық  ойлары  бүгінгі  таңда  мемлекеттік  тіл 
төңірегінде  қордаланып  отырған  бірқатар  өзекті  мəселелерді  шешуде  орасан  зор  рөл  атқарады. 
Алаштың  тілдік  мұрасының  өміршеңдігі  мен  маңыздылығы  да  –  осында.  Бұл  тілдік  мұра  ұрпақтан 
ұрпаққа таралып, қазақ халқының тіл тарихында алтын əріптермен жазылары анық. 
 
Əдебиет: 
1.
  Ұлағатты ұлт ұстазы. - Алматы: Сардар, 2010. 
2.
  Байтұрсынұлы А. Тіл-құрал. - Алматы: Сардар, 2009. 
3.
  Шүкірұлы С. Қолтаңба. – Алматы: Сардар, 2009. 
4.
  Дулатов М. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1991. 
5.
  Жұмабаев М. Шығармалары. - ІІІ том. - Алматы: Жазушы, 2003. 
 
 
Иманқұлова М. 
Абай атындағы ҚазҰПУ магистр-оқытушысы 
 
А.Байтұрсынұлы еңбектері – тілдік танымның бастау негізі 
 
Қазақ  тіл  білімінде  тілтаным  теориясына  қатысты  мəселелер  ХХІ  ғасырда  ғылым  деңгейінде 
зерттелді.  Дегенмен  алғашқы  тіл  мен  таным  сабақтастығындағы  ой-пікірлер  ХХ  ғасырдың  І 
жартысынан  бастап  ғылыми  зерттеулерде  қарастырылды.  Тіл  мен  таным  сабақтастығының  жалпы 
теориялық  негізі  қазақ  тіл  білімінің  негізін салушы  А.Байтұрсынұлы еңбектерінде  тілдің  танымдық 
қасиеті жайлы пікірлері мен тұжырымдары негізінде көрсетілген. Тіл болмысының адам баласы үшін 
қарым-қатынас  құралы  ғана  еместігін  ғалым  бірден  аңғарып,  тілдің  адам  санасынан,  тұрмыс-
тіршілігінен,  ұлттық  ерекшелігінен,  қайталанбас  болмыс  қасиетінен  көрініс  беретіндігін  өзінің 
түйінді пікірлері мен көзқарастары арқылы жеткізген.  
Əлемнің тілдік бейнесі туралы алғашқы идеялар В.фон Гумбольдттің «тілде халықтың рухы бар» 
деген  пікірімен,  А.Байтұрсынұлының:  «Һəр  жұрттың  түрінде,  тұтынған  жолында,  мінезінде  қандай 
басқалық  болса,  тілінде  де  сондай  басқалық  болады»  [1,  1],  –  деген  пайымдауы  үндеседі. 
А.Байтұрсынұлы  əр  тілде  сол  тілді  қолданушы  халықтың  қасиеті,  ділі,  тарихы  сақталатындығын 
көрсетеді.  Əр  ұлт  тілінде,  əлем  туралы  түсініктер,  ұғымдар  түрлі  тілдік  дерек  арқылы  таңбаланып, 
қоршаған  əлемнің  тілдік  бейнесі,  адамдар  санасындағы  дүниенің  логикалық  бейнеленуі  жағынан 
ұқсас  болып  келеді.  Құбылыстар  арасындағы  ұқсастықтар  ұғым  категорияларын  жасайтын 
лексемалардың  толығуына  əсер  етеді.  Сол  ұғым  түрлерінің  тұтастай  алғандағы  атаулары  тілдің 
негізін  құраса,  əлемнің  тілдегі  бейнесінен  ұлт  ерекшеліктерін  танып-білуге  болады.  Қазақ  тіліндегі 
таным мəселесі бойынша тың зерттеулер жүргізген О.Жұбаева: «А.Байтұрсынұлы еңбектерін талдау 
173


арқылы  ғалымның  тіл  жүйесінің  негізгі  концептуалды  құрауыштарын  көрсетіп,  олардан 
грамматикада  көрініс  тапқан  ұғымдар  (жəне  концептілер)  құралатынын  түсінгенін,  «когнитивті 
лингвистика»,  «морфологиялық  концепт»  т.с.с.  атауларды  қолданбаса  да,  бұл  саланың  өзіндік 
ерекшелігін  терең  зерделегенін  байқаймыз.  Ғалым  зерттеулерінде  адам  сөйлермен,  өзіндік  əлемі, 
өзіндік  дүниетанымы  бар  саналы  жан  ретінде  сипатталады»  [2,  97],  –  деп  А.Байтұрсынұлының 
еңбектерін танымдық тұрғыда талдау қажет екендігін айтады.  
ХХ  ғасырдың  басында  өмір  сүрген  А.Байтұрсынұлының  сөзімен  айтсақ:  «Адамда  екі  ғалам 
болады:  ішкі  ғалам,  тысқы  ғалам.  Ақыл,  көңіл,  қиял  сияқты,  адамның  рухына  қараған  жағы  ішкі 
ғалам болады да, онан басқалары – басқа адамдар, мақұлықтар, нəрселер, бүтін дүние тысқы ғалам 
болады»  [3,  134].  Ғалым  адамның  жан  дүниесін,  психологиясын  «ішкі  ғалам»,  ал  қоршаған  əлемді, 
табиғатты,  барлық  тіршілік  иесін,  адам  өмір  сүрген  қоғамды  «тысқары  ғалам»  деп  ажыратады. 
А.Байтұрсынұлы  «тысқы  ғалам  турасындағы  сөзді»  əуезе  деп  танып,  уақиғаға  құрылған  көркем 
шығарма  жайын  түсіндіреді.  Ғалымның  жоғарыдағы  көзқарасынан  сөз  өнері  арқылы  «тысқы  ғалам 
бейнесін»  көруге  болатындығы  байқалады.  Тіл  болмысының  мүмкіндіктерін  жоғары  бағалаған 
А.Байтұрсынұлы сөз өнерін «өнердің ең алды» [3, 2], – деп санайды. 
Тіл  адамзаттың  тек  қатынас  құралы  ғана  емес,  сонымен  қатар  дүниені  тану  құралы  екендігін 
А.Байтұрсынұлы:  «Тіл  –  құрал»,  «Тіл  –  адамның  адамдық  белгісінің  зоры,  жұмсайтын  қаруының 
бірі»[1,  1],  –  деген  дəйекті  тұжырымдармен  түсіндіреді.  Ғалым  еңбектерінде  адам  айналадағы 
табиғатты  бақылап,  түйсік  арқылы  сезініп,  қабылдап,  ойлап,  пайымдап,  ойын  тіл  арқылы  жарыққа 
өзіндік танымы, түсінігі аясында білдіретіндігін айтады. 
Əлемнің  тілдік  бейнесінің  бірінші  қызметін  А.Байтұрсынұлы  «тысқы  ғалам  турасындағы  сөз», 
яғни,  «тысқы  ғалам  бейнесінің»  тіл  арқылы көрінуі  деп  түсіндіреді.  Ал  екінші қызметтің  орны  мен 
мəнін  А.Байтұрсынұлының  «ғылым  дегеніміз  –  дүниені,  яғни,  табиғатты  дұрыс  тану,  ғылым  жоқ 
болса,  дүниені  тану  дұрыс  болмайды»  [3,  151]  деген  пікірінен  аңғаруға  болады.  Ғалым  əлемнің 
ғылыми бейнесі де тілдік тəсілдер арқылы жарыққа шығатынын меңзейді. «Дүниені дұрыс танымаған 
соң,  дүние  турасындағы  мағлұмат  жиысатын  сана-саңлауы  дұрыс  болмаған  соң  табиғаттың  күшін, 
ісін, қасиетін бұрынғылар теріс танып, теріс əуезе қылған» [3, 134], – деп, əлемнің ғылыми бейнесі де 
тілге тікелей қатысты екендігін айтады. 
Таным  теориясы  арқылы  тілдегі  халықтың  болмыс,  тіршілігінің,  мəдениетінің,  таным-түсінігінің 
құпия сырлары, ұлттық өмірдің айнасы анықталады. Адамзат өзін қоршаған дүниедегі əлем бейнесін 
қалай  таныса,  ұлттың  дүниеге  деген  көзқарасында  сол  ерекшелік  тіл  арқылы  жарыққа  шығады. 
Сондықтан  А.Байтұрсынұлы  емлеге  қатысты  мəселені  халықтың  ұлттық  қасиетімен,  мəдениетімен, 
тұрмыс-тіршілігімен байланыстыра түсіндірді: «Асыл тіл, түзу емле қазақтарға боларға тиісті. Неге 
десек:  ата  кəсібін  тастамай  істеп  келе  жатқан  –  қазақ.  Басқа  жұртқа  араласпай,  өз  алдына  оңаша, 
оқшау  жүрген  –  қазақ.  Жат  жазудың  ыңғайына  қарап,  басқалардан  тілін  бұзуға,  арасына  жазу 
жайылмаған түрік баласы – қазақ. ...Сырттан бірен-саран жат сөздер келсе, оны жаншып кеміріп, өз 
тілінің  қалпына  түсіріп  алған  –  қазақ.  Жат  жұрттың  шалығы  тимесе,  кəсібі,  ғұрпы  өзгерілмесе, 
«жалғыз тіл өзгерілді» деп айтуға тіпті жол жоқ. «Қазақтың тілі – өзгерген тіл», – деп айтуға жол жоқ 
болса, емлесін де «қисық» деп айтуға жол жоқ: қазақта тілінің табиғатына хилаф келетін емле жоқ. 
Еділден бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап Ауғанға шейін қазақта тіл де бір, емле де бір. «Қойшы, 
түйеші,  биеші  емлесі»  деген  –  қазақта  жоқ  нəрсе.  Тоқсандағы  шалының,  тоғыздағы  баласының  – 
бəрінің  емлесі  біреу-ақ»  [4,  110].  Ғалым  өзі  өмір  сүрген  кезеңдегі  қазақ  тілінің  тазалығы  мен 
бірізділігін халықтық таныммен, оның тұрмыс-тіршілігімен, ата кəсібімен, орналасқан географиялық 
өңірімен  тығыз  сабақтастықта  зерделеп,  адам  санасындағы  əлемнің  концептуалды  бейнесін 
анықтайды.  Осы  тұста  ғалым  емле  мəселесіне  қатысты  пікірлерін,  тілдің  əмбебаптық  қызметіндегі 
ғылыми  ұстанымдардың  негізінде  түсіндіреді.  А.Байтұрсынұлы  адамзат  тілін  генеологиялық, 
типологиялық фактормен ғана байланыстырып қоймай, оның ареалды факторын да ескереді. Себебі 
«тілдік  универсалий  дегеніміз  –  генеологиялық,  типологиялық  немесе  ареалды  фактілермен 
анықталатын,  абсолютті,  яки,  статистикалық  деңгейде  дамитын,  болжалды-логикалық  не  болмаса 
нақты  индуктивті  амалдармен  айқындалатын  барлық  тілге  ортақ  заңдылықтар  мен  ұстанымдар 
жүйесі» [5, 249] екені – белгілі қағида. 
А.Байтұрсынұлы сөз өнерін: «Ақыл ісі – аңдау, яғни, нəрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып 
ойлау,  қиял  ісі  –  меңзеу,  яғни,  ойдағы  нəрселерді  белгілі  нəрселердің  тұрпатына,  бернесіне  ұқсату 
бернелеу, суреттеп ойлау: көңіл ісі – түю, талғау» [3, 9], – деп, барлық танымдық əрекетке сипаттама 
береді. Мұнда  ғалым  «ақыл  ісі аңдау»  деп  «адамның  қоршаған  ортадағы  құбылыстар  мен  заттарды 
бақылап,  түйсік  арқылы  қабылдап,  сезініп,  санасында  бейнелеп,  елестетіп,  ол  заттар  мен 
құбылыстарды  ұғу»  деп  түсіндіреді.  Себебі  Қ.Жарықбаев  зерттеулерінде  зейінді  «адам  санасының 
174


белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс» ретінде сипаттайды: «Зейін дегеніміз – 
айналадағы  объектілердің  ішінен  керектісін  бөліп  алып,  соған  психикалық  əрекетімізді  тұрақтата 
алу» [6, 169].  
А.Байтұрсынұлы зейіннің тілге қатысын «Əдебиет танытқыш» атты еңбегінде: «Қара сөзден адам 
тек  ұғым  алады»  [3,  132],  –  деп,  ғалым  ұғымды  сипатына  қарай  «ес  ұғымы»  жəне  «іс  ұғымы»  деп 
екіге бөледі. «Ес ұғымының арқасында дүниедегі нəрселердің бəрін, затын, заңын, сырын, сипатын, 
мүддесін,  мұратын  танимыз»  «Іс  ұғымы  арқасында  табиғат  ісін,  күшін,  нəрселерін  қалай 
пайдаланатын жолын білеміз» [3,132], – деп, ұғымның қалыптасуы тікелей зейінге байланысты екенін 
айтады. «Адамның зейіні бүтін ғаламды тануға жұмсалып, дүниедегі бар нəрсенің барлығын, яки, бар 
деп ұйғарылған нəрсенің бар-жоқтығын танып, белгілі бір қарарға келгенде, адамға бір үлкен ұғым 
пайда  болады»  [3,  133],  –  деп,  зейіннің  «бүтін  ғаламды  тануға»  ықпалы  зор  екендігін  көрсетеді. 
Əрине, «бүтін ғаламды тануға» бір зейіннің шоғырлануы аз, адам түйсіктерінің қызметі айналадағы 
заттар  мен  құбылыстардың  қасиеттерін  адамға  сезіндіріп,  ұғым  қалыптастыруына,  танымына 
ендіруге  қызмет  етеді.  «Сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының  жеке  қасиеттерінің,  сезім 
мүшелеріне  тікелей  əсер  етуінен  пайда  болған  мидағы  бейнелерді  «түйсік»  деп  атайды.  Түйсік 
арқылы  заттардың  түсін,  иісін,  дəмін,  қатты-жұмсақтығын,  кедір-бұдырлығын  т.б.  осы  секілді 
қасиеттерді  ажыратылады.  Түйсіктер  заттар  мен  нəрселердің  тек  жеке  қасиеттерін  ғана  мида 
бейнелейді»  [6,  183].  Адамның  танымдық  əрекеттерінің  бірі  саналатын  түйсік  əлемдегі  заттар  мен 
құбылыстардың  қасиеттерін  танытады.  Өйткені  «түйсік  –  таным  негізі.  Түйсік  –  материалдық 
дүниенің  заттары  мен  құбылыстарының,  сондай-ақ  ағзаның  ішкі  күйлерінің  жеке  қасиеттерін 
бейнелеуде көрінетін қарапайым психикалық процесс. Бұл процесс материалдық тітіркендіргіштердің 
сəйкес  рецепторларға  тікелей  əсері  нəтижесінде  жүзеге  асады»  [7,  90].  Адам  заттар  мен 
құбылыстардың  сипатын,  ерекшеліктерін  сезім  мүшелері  арқылы  танып,  оны  санаға  жеткізеді. 
«Сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының  адамның  қажеттеріне  сəйкес  келуі-келмеуінің 
нəтижесінде  пайда  болып  отыратын  психикалық  процестің  түрі  «сезім»  деп  аталады»  [6,  293]. 
Адамның  айналадағы  құбылыстар  мен  заттарды  тануы,  ең  бірінші,  сезім  мүшелері  арқылы  жүзеге 
асады. Себебі «Сезім мүшелері – сыртқы дүниені адам санасына жеткізетін каналдар. Сезім мүшелері 
адамның сыртқы ортада жəне өз ішкі күйінде бағдарлай алуына мүмкіндік береді» [7, 91]. Танымның 
төменгі сатысы болып табылатын сезімдік таным адамның көру, есту, ұстау, иіскеу, дəмін алу сияқты 
нақты  физиологиялық  каналдары  негізінде  жүзеге  асады.  Олар  арқылы  адам  айналасындағы 
қоршаған  дүниені  қабылдайды.  Бұл  процесс  мида  белгілі  бір  нəрсе  туралы  түйсік  тудырады. 
Заттардың,  құбылыстардың  сезім  мүшелерімізге  тікелей  əсер  еткенде  олардың  жеке  белгілерінің 
санада  бейнеленуі  «түйсік»  деп  аталады.  Түйсіктің  нəтижесінде  адам  шындық  болмыстағы 
заттардың,  құбылыстардың  жеке  қасиеттері,  сапалары  туралы  мағлұмат  алатын  болса,  қабылдау 
кезінде  заттың,  құбылыстың  тұтас  бейнесін  сезінеді,  бағамдайды.  Жəне  осы  түйсіктерді  тануға 
мүмкіндік  береді,  «ес  –  бір-бірімен  байланысты  жеке  процестерден  тұратын  күрделі  психикалық 
процесс. Ес адамға қажет, ол жеке өмір тəжірибесінен жинақтап, сақтап, оны пайдалануға мүмкіндік 
береді»  [7,  113].  Ес  адамның  айналасындағы  заттар  мен  құбылыстарды,  олардың  қасиеттерін, 
белгілерін  сақтап  қана  қоймай,  оны  тануына  тікелей  ықпал  етеді.  Себебі  «ес»  дегеніміз  –  сыртқы 
дүние  заттары  мен  құбылыстарының  адам  миында  сақталып,  қайтадан  жаңғыртылып,  танылып, 
ұмытылуын  бейнелейтін  процесс»  [6,  221].  Сондықтан  тілдегі  таным  ес  əрекетімен  өте  тығыз 
байланысты.  Осы  байланыстылығын  А.Байтұрсынұлы  кезінде  жарыққа  сөз  арқылы  шығатын 
ұғыммен  байланыстырып:  «Ес  ұғымның  арқасында  дүниедегі  нəрселердің  бəрін,  затын,  заңын, 
сырын, сипатын, мүддесін, мұратын танимыз» [3, 132], – деп, ес процесін толық түсіндіреді. 
А.Байтұрсынұлы тілдің міндетін адам ақылымен байланыстырып, «ақыл ісі – ...нəрселердің жайын 
ұғу,  тану»  [3,  9],  –  деп,  тілдің  ақыл,  дүниені  қабылдау  мəселесімен  тығыз  байланыстылығын 
көрсетеді.  Тілдегі  таным  адамның  заттар  мен  құбылыстарды  тануы  арқылы,  оларға  атау  беріп, 
белгілеріне  қарай  атаулары  да  ұқсас  келеді.  Тануды  психологиялық  тұрғыда  Қ.Жарықбаев  былай 
түсіндіреді:  «Тану  –  қайта  жаңғыртудың  қарапайым  түрі.  Тану  –  бұрын  қабылдаған  жəне  қайтадан 
кезіккенде  көрінетін  ес  процесі.  Тану  адамдардың  қабылдау  саласындағы  ерекшеліктеріне  қарай 
түрлі дəрежеде көрінеді. Объектіні дұрыс тану үшін адамның көзі төселіп үйренген, өмір тəжірибесі 
мол, бақылағыш болуы шарт» [6, 230]. 
Кез  келген  затты  немесе  құбылысты  қабылдау  адамда  бұрыннан  ұрпақ  жалғасып  келе  жатқан 
тəжірибе, білім негізінде жүзеге асады. Ғалым «ақыл ісі – аңдау» деп психологияда «қабылдау» деп 
аталатын  танымдық  əрекеттің  сипатын  түсіндіреді.  «Қабылдау  –  ми  қабығының  күрделі  анализдік 
жəне  синтездік  қызметінің  нəтижесі.  Заттар  мен  құбылыстардың  мағынасын  түсінудің  қарапайым 
түрі – тану. Нəрсені танымайынша оны аңғарып, қабылдау қиын» [6, 205]. Заттар мен құбылыстарды 
175


қабылдаған  кезде  оларды  түйсініп,  қабылдаумен  бірге  біз  ол  заттардың  қайдан  пайда  болғанын, 
олардың  қасиеттерінің  қандай  екендігін  елестетіп,  түсінігімізді,  ұғымымызды  кеңейтіп  отырамыз. 
Сондықтан  қабылдауға  түйсіктермен  қатар,  ой  элементтері  де,  ес,  елестер  мен  ұғымдар  да  еніп 
отырады. 
А.Байтұрсынұлы  танымның  жоғары  сатысы  болып  табылатын  психикалық  процесс  «ойлау» 
əрекетін  «ақылға  салып  ойлау»  деп  көрсетеді.  «Ойлау  дегеніміз  –  сыртқы  дүние  заттары  мен 
құбылыстарының  байланыс-қатынастарының  мида  жалпылай  жəне  жанама  түрде  сөз  арқылы 
бейнеленуі.  Ойлау  сезім  мүшелері  арқылы  алынған  мəліметті  бейнелейді»  [7,  127].  Демек,  ғалым 
адамның  дүниедегі  құбылыстарды,  жекелеген  фактілерді  қабылдай  отырып,  оларды  ойша 
өңдейтіндігін,  олардың  əрқайсысының  мəнісі  мен  қасиетін,  өзара  байланысын  танып-білетіндігін, 
сонымен қатар осы əрекеттердің барлығы тіл арқылы жүзеге асатындықтан «сөз өнері» деп түсіндіріп 
отыр.  А.Байтұрсынұлы  ойдың  дамуына  тілдің  ықпалын:  «Айтушы  ойын  өзі  үшін  айтпайды.  Өзге 
үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Оның үшін айтушы 
сөйлейтін  тілін  жасынан  естуінше  үлкендерден  үйренеді.  Сонан  соң  ол  тіл  танытқыш  кітаптардан 
таниды. Онан кейін үлгілі жазушылардың шығарған сөздерін оқып, өзі іс жүзінде иə ауызша айтып, 
иə жазып қолданумен біледі. Біз қазақ тіліндегі сөздің бəрін білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып 
табылмайды» [3, 22], – деп түсіндіріп, адамның танымы көріп, естіп, жазып, оқып, іс жүзінде қолдану 
арқылы қалыптасып ойдың дəлдігін, нақтылығын сөйлеуінде көрсететіндігін айтады. «Тілді қолдана 
білу»  деп  айтатын  ойға  сəйкес  келетін  сөздерді  таңдап  ала  білуді  айтамыз.  Қазақ  тілі  қазақ 
ортасындағы бəріне бірдей ортақ мүлік болғанмен, бəрі бірдей пайдаланбайды. Əркім əр сөзді өзінше 
қолданады,  өзінше  тұтынады.  Бүтін  пікірін  айтып  шығатын  əңгіме  ішінде  түгіл,  жалғыз  амандасу 
жүзінде де əркім əр түрлі сөз қолданады. Мəселен, біреу «амансыз ба?» деп, біреу «есенсіз бе?» деп 
амандасады.  Сол  сияқты  əркім  пікірін  шығарғанда  да  ана  тіліндегі  сөздерді  əрқайсысы  əртүрлі 
қолданады.  Қысқасын  айтқанда,  əркім  сөзді  өз  қалауынша  алып,  өз  оңтайлы  көруінше  тұтынады. 
Əркім  өз  қалауынша  алып,  өз  оңтайынша  алып  тұтынған  сөздер  сол  адамның  тілі  болады.  Сөздің 
келісті  болатын  заңдарын,  шарттарын  біліп  түзу  –  «тіл  қисыны»  деп  атайды»  [3,  22],  –  деген 
анықтама беріп, ғалым тіл қисыны əрдайым ойлаумен тұтастықта жүзеге асатынын баса айтады.  
Ал  қиял  əрекетін  «қиял  ісі  –  меңзеу»  деп,  оны  қабылданған  ақпараттарды  ұқсату,  суреттеп 
ойлаумен  байланыстырады.  «Қиял  –  нақты  шынайылықты  білдіретін  жəне  осының  негізінде  жаңа 
көріністі түсініктерді қайта жасайтын процесс. Адам миында бұрыннан бар елестерді мəнерлеп жаңа 
образ жасау процесі «қиял» деп аталады» [7, 141]. Адам ойының ұшқырлығын шеберлікпен жеткізу, 
қиял  əрекетінің  жүйрік,  тереңдігі  танымға  тікелей  байланысты.  Қ.Жарықбаев:  «Қиял»  дегеніміз  – 
сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының  субъективтік  образдарын  қайтадан  жаңартып,  өңдеп, 
бейнелеуге көрінетін, тек адамға ғана тəн психикалық процесс» [6, 275], – деп түсіндіреді. 
А.Байтұрсынұлы «көңіл ісі» деп адамдардың рухани өміріндегі қуаныш, үрейлену, таң қалу, ұят, 
т.с.с. түрлі уайымдарды қамтитын адамның эмоциясын, ал «түю» деп адамның мінез-құлқын меңгере 
алу қабілетін меңзейді. Адамның мінез-құлқын меңгере алу қабілеті танымдық əрекеттің бірі – ерік. 
«Ерік» деп адамның өзінің психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабілетінен көрінетін қасиетті 
атайды» [7, 164].  
Сонымен,  ғалым:  «Тілдің  міндеті  –  ақылдың  аңдауын  аңдағанынша,  қиялдың  меңзеуін 
меңзегенінше,  көңілдің  түюін  түйгенінше  айтуға  жарау»  [3,  9],  –  деген  тіл  мен  ойлау,  ақпаратты 
қабылдау  жəне  пайымдау  жайында  көзқарасын  білдіреді.  Демек,  ғалым  қабылдау,  ойлау,  тану, 
пайымдау,  түсіну  əрекеттерінің  адам  санасының  тіл  болмысымен  байланысындағы  басты  қызмет 
атқаратындығын көрсетеді. 
А.Байтұрсынұлы  тіл  таразысында  тартылып,  ой-санасында  таңбаланып  қалған  мол  қазынаны 
халық танымына сəйкес термин жасау арқылы сөздік қорға қайта енгізіп, ғылыми айналымға ұсынып 
дəйектейді.  Ол  терминдердің  кейбіреулері  ғана  стильдік  өзгеріске  түскені  болмаса,  тілдің  дыбыс 
жүйесі,  сөз  жүйесі,  сөйлем  жүйесі  жəне  жазу  мəселесі  салаларының  терминдерінің  негізін  құрап, 
барлық қазақ тілі оқулықтарында тұрақты орын алғаны белгілі. А.Байтұрсынұлы байырғы сөздерден 
термин жасауға болатын терминжасамдағы ұстанымын өз үлгісі арқылы көрсеткен, терминдерді ана 
тіліміздің  сөздік  қорынан  алған.  А.Байтұрсынұлы  жəне  алаш  зиялылары  шетел  терминдерін 
қабылдауға  қарсы  болмаған.  Тілде  баламасы  жоқ  жағдайда  шетел  терминдерін  қабылдауға 
болатынын  ескере  келіп,  шетел  терминдерін  қазақ  тілінің  дыбыстық  заңдарына  сəйкестендіріп  алу 
керек  деп  санаған.  Алаш  оқығандарының  жат  сөздер  жəне  пəн  сөздері  деген  атаулары  терминдік 
ұғымдардың ішкі мəнін айқындай түседі. 
А.Байтұрсынұлы  жасаған  терминдер  бүгінгі  таңға  дейін  маңыздылығын  жоймай,  əр  терминге 
артылған  атаулық  мағына  мəндік  қызметін атқарып  келеді. Бұл  мəселе де  –  ғалымның  терминдерді 
176


мағыналық,  танымдық  тұрғыда  дəл  жасауының  дəлелі.  Зерттеулер  бойынша,  «қазақ  тілінің  дыбыс, 
сөз  жəне  сөйлем  жүйесіне  арналған  «Тіл  –  құрал»  оқулықтарында  (1914,  1915,  1925)  310 
лингвистикалық  термин  қолданылған.  Оның  118-і (38,5%)  қазіргі  қазақ  тіл  білімінде  қолданылып 
жүрсе,  192-сі  (61,5%)  қазір  қолданылмайды.  Бұл  терминдерді  тіл  білімінің  салаларына  қатысты 
жіктесек:  дыбыс  жүйесіне  қатысты  108  термин  (35,4%);  мағынаға  қатысты  11  термин  (3,6%);  сөз 
жүйесіне  қатысты  109  термин  (34,9%); сөйлем  жүйесіне  қатысты  64  термин  (21,3%);жалпы  тіл 
біліміне қатысты 18 термин (4,8%)» [8, 14-15]. 
Термин  жасауда  тілдің  танымдық болмысына  аса  мəн  берген  А.Байтұрсынұлы  дыбыс жүйесінен 
бастап,  сөз жүйесі, сөйлем  жүйесі,  жазу  мəселесі т.б.  деп,  əр  ғылым салаларына байланысты  басты 
ерекшеліктерді  танып-біліп,  соған  назар  аударуды  қалады.  Мысалы:  «Бас  мүше»  дейміз  сөйлем 
ішіндегі сөздер байланатын қазық сөзін, сөйлем иесін. Ол нəрсенің сырын, сипатын, жайын, амалын, 
болмысын  айтып  баяндайтын  сөз  «баяншы  мүше»  болады»[9,  4].  Демек,  бастауышты  «қазық» 
арқылы  түсіндіріп, оның  функционалдық  қызметінің  мəнін  аша түседі:  «Жеңілдік  үшін бас  мүше  – 
«бастауыш»  деп,  баяншы  «баяндауыш»  деп  аталады»[9,  5],  –  дей  келіп,  сөздердің  атқаратын 
қызметіне сай басты ұғымды бөліп көрсетеді.  
Ғалымның мұндағы сөйлемнің құраушы «мүшесі» деп танып отырғанын қазақ тілінің түсіндірмелі 
сөздігінен анықтайтын болсақ: «1) Адам, жан-жануаp денесiнiң бөлiгi. Нұрбайдың тым құрыса қол-
аяғы  бүтін,  ал  бұл  байғұс  соғыста  бір  мүшесін  беріп  келді  емес  пе?  (Б.Тоғысбаев.  Асыл  адам).  
2) биол. Өзіне тəн құрылысы болатын жəне арнайы қызмет атқаратын ағзаның бөлігі. Мүше əртүрлі 
ұлпалардан  құралады  (Қазақ  тілі  терминдері.  Биология).  3)  этногр.  Сойылған  мал  етiнiң  қонағына 
қаpай  таpтаp  негiзгi  бөлшегi  (жамбас,  жiлiк,  сүбе,  бұғана,  т,  б.).  Бұл  да  еті  қаттылау  болғанмен, 
қадірлі мүше – құдаға салады (С.Жүнісов, Ақан сері).  4) Белгiлi бip ұйымның, ұжымның, отбасының 
құpамына 
енетiн 
адам. 
Камесиенің 
мүшелері 
қайта 
сайланды 
(Х.Досмұхамедұлы).  
5) Алғашқы, табиғи қалпы, уыз күйi. Құлын мүшесi бұзылмаған. 6) мат. Жиынның қандай бір бөлігі» 
[10, 398]  
Сөздікте  берілген  түсіндірмелердің  басым  бөлігі  қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігінен  айқын 
көрініс бере отырып, ұлттың тұрмыс-салтына, дəстүр-жоралғысына байланысты екенін аңғару қиын 
емес. 
Бастауыш,  баяндауыш  терминдерінің  өзі  іс-əрекетті  бастап,  аяқтап  тұрғандығын  көрсетсе, 
тілшінің бастауышты «қазық» сөзімен байланыстыруы, бұл сөздің мал шаруашылығымен айналысқан 
халық  үшін  жақын  ұғым  екенін  көрсетеді.  Бұл  –  ғалымның  термин  жасаудағы  таным  мəселесін 
ескергендігінің айқын айғағы. 
А. Байтұрсынұлының термин жасау ұстанымдарын ескере отырып, терминдерді таным теориясы 
тұрғысынан қарастыру мақсатында төмендегідей ұстанымдарды ұсынамыз: 
1. Терминдерді таным теориясы тұрғысынан қарастыру барысында оның түп мағынасын анықтап, 
танымдық қырын ашып алу қажет (өзге тілден еніп, бейімделген; туыс тілдер тобындағы сөздер, ана 
тіліндегі сөздер); 
2. Терминдердің ұлттық, мəдени, əлеуметтік факторлар негізіндегі танымдық сипатын айқындап, 
негізгі ұғымға қатысты нақты мəн-мазмұнын белгілеу керек.  
3.  Таным  теориясына  қатысты  психологиялық  ерекшеліктерді  ескере  отырып,  терминдердің 
күрделі  синтаксиситік  құрылым  аясындағы  предикативтілік  қызметін  анықтау  қажет  (қысқалық, 
түсініктілік, нақтылық т.б.). 
Ғалым  ғылыми  терминдерді  жасауда  қазақ  тілінің  болмысына  терең  үңіліп,  сөздердің 
қолданысынына, мағынасына, сонымен қатар қазақ тілінің құрылымына, функционалдық қызметіне 
баса  назар  аударғандығы  байқалады.  Оған  сол  кезеңде  жасалған  терминдердің  бүгінгі  күнге  дейін 
маңыздылығын жоғалтпай, керісінше, біте қайнасып кеткендігі дəлел. А.Байтұрсынұлы мұраларының 
танымдық  сипаты  жалпыадамзаттық  құндылықтың  көрсеткіші  екендігін  дəлелдейтіндігін 
Э.Оразалиева: «А.Байтұрсынұлы – қазақ тілін өз алдына оқшауланып тұрған, бір халықтың игілігіне 
ғана  қызмет  ететін  қазына  ретінде  ғана  емес,  тіл  туралы  ғылымның  іргелі  бір  тармағы  есебінде, 
жалпыадамзаттық  құндылықтың  жүйелі  көрсеткіші  сияқты  зерттеу  керектігін  алғаш  дəлелдеген 
ғалымдардың бірі»[5, 38], – деп бағалайды. 
 
Əдебиет: 
1.
  Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. Дыбыс заңы һəм жүйесі. - Орынбор, 1923. – 46 б.  
2.
  Жұбаева  О.  А.Байтұрсынұлы  –  когнитивтік  лингвистиканың  негізін  салушы  //  «А.Байтұрсынұлы  –  тіл 
білімінің көшбасшысы» атты ғылыми-əдіснамалық конференция материалдары. – Алматы, 2012. - 319 б. 
3.
  Байтұрсынұлы А. Əдебиет танытқыш. – Қызылорда, – 1926. - 286 б. 
4.
  Байтұрсынұлы А. Қазақша сөз жазушыларға // Шора. – 1914. – №4. -110-113-б. 
177


5.
  Оразалиева Э. Когнитивті лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы. – Алматы: Ан-Арыс, 2007. – 312 б. 
6.
  Жарықбаев Қ. Психология негіздері. – Алматы: Эверо, 2005. - 398 б. 
7.
  Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 230 б. 
8.
  Ахметтану бастамалары. Оқу-əдістемелік құрал. – Қарағанды: Болашақ, 2005. – 207 б. 
9.
  Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері. – Семей, 1927. - 73б. 
10.
 Қазақ əдеби тілінің сөздігі. - Алматы: Арыс. 2009. - Т.11. - 752 б.  
 
 
Танкиева Н. 
магистр пед. наук, 
КазНИТУ имени К.И. Сатпаева  
 
Значение газеты «Қазақ» и ее влияниена становление терминологии казахского языка 
 
Изучая  историю  человеческой  цивилизации,  можно  заметить,  что  язык  особенно  интенсивно 
обогащается в периоды наибольшей социальной активности, перестройки общественных отношений. 
Так  происходило  и  в  начале  XX  века,  так  было  и  в  конце  XX  векав  период  становления 
независимости Казахстана.  
После  революции  1905  года  во  многих  окраинных  землях  царской  России  начинает  активную 
работу  по  пробуждения  народных  масс  немногочисленная  национальная  интеллигенция.  В 
Казахстане  этот  период  ознаменовался  увеличением  числа  казахских  школ,  медресе,  изданием 
различных  книг  на  казахском  языке,  в  том  числе  букварей,  учебных  пособий,  книг  для  чтения, 
различных сборников. Издаются и широко распространяются новые газеты и журналы. И если самые 
первые казахские газеты «Түркістан уалаятының газеті» (1870–1882 гг.) и «Дала уалаятының газеті» 
(1888  г.)  были  официальными  органами  местных  администраций  царского  правительства  и 
переводами  с  русского  языка,  то  периодические  издания,  выпускавшийся  в  начале  XX  века  после 
революции 1905 года, были изданы по инициативе отдельных передовых людей своего времени, их 
товариществ, целью которых было не проведение царской политики, а пробуждение национального 
самосознания казахского народа. 
В это время в свет выходит шесть газет и журналов на казахском языке, что было для Казахстана 
начала XX века значительным достижением («Серке» – в 1907 г. в городе Петербурге, «Қазақ газеті» 
– в 1907 г. в городе Троицке, «Ешім даласы» – в 1907 г. в городе Кызылжаре, «Қазақстан» – в 1911-
1913 гг. в городе Орде, «Қазақ» – 1913-1918 гг. в городе Оренбурге, журнал «Айқап» – 1911-1915 гг. 
в  городе  Троицке)[1;  8].  На  русском  языке  выходят  газеты  «Омич»,  «Иртыш»,  «Голос  степи»  под 
редакторством Алихана Бокейханова. 
Газета  «Қазақ»  (1913-1918  гг.),которая  стала  выпускаться  по  инициативе  передовой  казахской 
молодёжи  (по  определению  Мухтара  Ауэзова,  «қазақтың  ерте  оянған  тобы»),  получившей 
образование  в  медресе  «Ғалия»  в  городе  Уфе  и  пожелавшей  видеть  её  редактором  Ахмета 
Байтурсынова,  стала  значительным  событием  своего  времени.  Основанная  на  деньги 
благотворителей, газета позднее выходила на собственные средства в течение пяти лет. За это время 
вышло  265  номеров  газеты,  что  было  большим  достижением  для  периодических  изданий  этого 
времени. Газета «Серке», «Қазақ газеті», «Ешім даласы» перестали выпускаться после 1-2 номеров, 
«Қазақстан»– после десятка выпусков, только журнал «Айқап» выходил в свет, как и газета «Қазақ», 
на протяжении пяти лет [1]. Тираж газеты был 8000 экземпляров, что также было внушительным для 
этого периода. 
Газета  «Қазақ»  на  протяжении  почти  70  лет  была  под  запретом  молчания,  о  ней  нельзя  было 
упоминать, также как и о её редакторе – видном учёном-лингвисте, тюркологе-литературоведе, поэте 
и великом гражданине своего народа Ахмете Байтурсынове. 
Только в конце 80-х годов XX века запрет был снят в связи с изменениями политического курса 
страны, смены государственной власти. До этого времени характеристика деятельности «Қазақ» была 
короткой и скупой: «Қазақ» либералдық-ұлтшылдық, контрреволициялық бағытта болды» [1]. 
Но газета «Қазақ» среди всех газет и журналов, выпускавшихся в начале XX века, выделяется как 
подлинно  национальная  газета,  ставившая  своей  целью  освещение  жизни  казахского  общества, 
просвещение  народа,  пробуждение  национального  самосознания,  обсуждение  дискуссионных 
вопросов на злободневные для общества темы:  
«Бұл  газеттің  мақсаты  –  жұрт  пайдасына  көз  болу,  қазақ  арасына  ғылым,  өнер  жайылуына 
басшылық ету; басқа жұрттардың халінен хабар беріп, таныстыру. Сол мақсұттардың орнына келтіру 
үшін  закүндерді,  хакімдердің  бұйрық-жарлықтарын  білдіріп  тұру.  Государственная  Дума  həм 
178


Государственный совет жұмыстары турасында жете хабар беру, ішкі həм сыртқы хабарларды жазып 
тұру,  қазақтың  бұрынғы  жəне  бүгінгі  жайын  жазу;  күнелту,  сауда,  кəсіп,  жер-су,  егін-таран,  мал 
шаруасы жайынан кеңесу; оқу, оқыту, мектеп, медресе, школа, ғылым, өнер, тіл, əдебиеттурасында 
жөн көрсету; адам həм мал дəрігерлігі жайынан жазу»[2]. 
И  действительно,  в  газете  поднимались  вопросы,  касающиеся  всех  сторон  казахского  общества. 
По  существу,  газета  выполняла  одновременно  функции  и  литературного  альманаха  (печаталась 
поэзия  М.Жумабаева,  М.Дулатова,  Б.Майлина,  С.Донетаева  и  др.;проза  С.  Торайгырова,  Мадияра), 
иобщественно-политического  журнала  (статьи  о  политические  жизни  Европы,  России;остро 
реагировала на политические события внутри страны),и научно-исследовательского журнала (статьи, 
освещавшие  вопросы  медицины,  ветеринарии,  военной  инженерии;  статьи  об  известных  людях 
эпохи,их  жизни,  биография;  о  школьном  обучении)ит.д.,  т.е.  «Қазақ»представляла  в  одном  лице 
десяток современных специализированных периодических изданий. 
 
Надо  отметить,что  язык  первых  казахских  книг,  первых  газет  –  «Түркістан  уалаятының 
газеті»(1870-1902  гг.)  и  «Дала  уалаятының  газеті»(1888-1902  гг.),переводных  с  русского 
языкавызывал  много  спорных  мнений.В.В.Радлов  называл  его  «пестрой  смесью»[3],а  С.Е.Малов  – 
«книжный  мусульманско-татарский  жаргон»[4].Язык  первых  казахских  печатных  изданий, 
загроможденный  фарсизмами,  арабизмами,  заимствованиями  из  татарского  и  других  тюркских 
языков,  был  непонятен  не  только  основной  массе  читателей,  но  и  той  ее  части,  считавшейся 
образованной,  получившей  мусульманское  образование:  «Оларды  қалың  бұқара  былай 
тұрсын,қазақтың мұсылманша оқыған сауатты деген адамдардың өзі жөнді ұқпайтын»[5]. 
И здесь А.Байтурсынов проявил себя как истинный новатор,положив в основу языка газеты не тот 
язык, которой считался для того времени «литературным», в котором преобладали заимствования из 
арабского,  персидского,  татарского  языков,  а  язык,  который  он  называл  «қазақтың  қара  тілі»: 
«…Əдеби  тілді  сүйетін  бауырларымызға  газетті  қазақтың  қара  тілімен  жазғанымыз  ұнамсыз 
көрінсе,ол кемшілігімізге кешу өтінеміз. Жұрт үшін шығарған нəрсе жұртқа жақын болуы тиіс» [6]. 
А.Байтурсынов так объяснил свою позицию: «Өз тіліңмен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың 
ұлттығы  һеш  уақытта  адамы  құрымай,  жоғалмайды.  Ұлттық  сақталуына  да,  жоғалуына  себеп 
болатын нəрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады». Далее: «Мұсылманша 
оқығандарымыз:  «Əдеби  тілмен  сөйлейміз,  əдеби  тілмен  жазамыз.  Қазақша  жазсақ  əдеби  тіл 
болмайды»,  –  деп  қазақ  тілмен  жазуға  ұялады,  қорынады.  Ал  «əдеби  тіл»  дегеніміз  –  қандай  тіл? 
Араб,  фарсы  сөздер  көп  кіріскен  тіл.  Неғұрлым  араб,  фарсы  сөздер  көп  қосылса,  неғұрлым  қара 
халық  түсінуге  ауыр,  тіпті  түсінбейтін  болса,  соғұрлым  əдебирек  болады»  деп  тұтынған  жолдан 
шыққан тіл. Бұл тіл – халықтан тумаған, жаны жоқ тіл»[6]. 
Это  была  позиция  гражданина,  для  которого  судьба  родного  языка  и  судьба  народа  были 
неразделимы. И как видим, актуальности эта тема не потеряла и спустя век. Потому понятно, что в 
материалах  газеты  особое  внимание  придавалось  языку:  сохранению  его,  дальнейшему  развитию, 
необходимости обучения детей и именно на родном языке. К тому же, сам язык газеты «Қазақ» был 
намного доступнее в понимании, и читая материалы газеты сейчас, спустя столько времени, можно 
сказать, что во многом корни современного литературного казахского языка лежат именно здесь. 
 «…  Тілі  мен  стилі  жағынан,  бұл  газет  –  революцияға  дейінгі  қазақ  баспасөзінің  ішінде  ең  бір 
жақсы үлгілерінің бірі, қазақ публицистика тілін қалыптастыруда жəне қазақ əдеби тілі нормаларын 
орнықтыруда «Қазақ» газетінің рөлі айрықша», – писала академик Р. Сыздыкова[7]. 
Многие термины, составляющие ныне ядро политической терминологии современного казахского 
языка,  в  своем  современном  лексическом  и  стилистическом  оформлении  стали  употребляться 
впервые в газете «Қазақ». На страницах газеты в качестве терминовупотребляется исконно казахская 
лексика:  халық,  ұлт,  шегара,  ынтымақ,  азаттылық,  босқындар,  бостандық,  ұйым,  бірлік, 
азаматтар,  алаш,  шаруа,  жұрт,  ел,  нəсіл,  одақ,  теңдік,  кеңес,  сайлау,  қаулы,  бұйрық,  жарлық, 
басшы и др. 
На  страницах  газеты  употребляются  и  арабо-персидские  заимствования,  которые  ныне  также 
составляют  ядерную  основу  политической  терминологии:  өкімет,  үкімет,  хакім,  ғаскер  (əскер), 
мемлекет, құқық, сайасат (саясат), сайаси (саяси), өкіл, мəжіліс, үкім и др. 
Многие  термины  были  созданы  самим  А.Байтурсыновым,новследствие  постоянного  и  активного 
употребления  в  языке,  они  вошли  в  разряд  общенародной  лексики,  утеряв  свое  авторское 
происхождение[7]. 
Основной принцип, которого придерживался А.Байтурсынов при терминообразовании, – в первую 
очередь, принцип максимального использования средств собственного языка, что позже послужило 
поводом для обвинения его в пуризме. 
179


На  страницах  газеты  также  встречаются  заимствования  из  русского  и  через  русский  из 
европейских  языков,  обозначающие  политические  понятия:  большевик,партия,социализм,социал-
демократтар,фракция,  автономия,совет,прения,комитет,манифест,депутат,политика,член  и  др.; 
административные единицы: облыс, губерния, болыс, округ, уез, селение, деревня, сельский общество, 
ауылнай  общество,  земство,  край;  государственные  органы  управления  и  наименования, 
относящихся к ним: Сенат, Министерство, Государственный (-ая) Дума, Государственный Совет, 
старшын,  министр,  губернатор,  вице-губернатор,  ішкі  министр,правительство,  чиновниктер, 
ведомство, судья, крестьянский начальник,выборщик и др. 
На страницах газеты встречаются терминосочетания, заимствованные из русского языка целиком 
в  готовым  виде:  Государственный  (-ая)  Дума,  черезвечайный  съезд,  учредительное  собрание, 
болосной  сход,  аулнай  общество,  сельский  общество,  закон  проект  (позже  это  сочетание 
видоизменилось  и  стала  употребляться  как  закон  жобасы  (закон  жоба),  Государственный  совет, 
военная цензура и др. 
Некоторые термины употребляются в вариантах различного рода (грамматических, лексических и 
др.):  правительство  –  үкімет  (хүкімет),  суд  –  сот,  закон  –  закун,  бағдарлама  –  программа, 
Государственный (-ая) Дума – Г.Дума – дума, сиез – сиезд – съезд, ғаскер – əскер, уезд – уез, союз – 
одақ и др. 
Гораздо  позже,  выступая  в  1926  г.  на  I  Всесоюзном  тюркологическом  съезде  в  г.  Баку, 
А.Байтурсынов  говорил  о  принципах  терминообразования  в  казахском  языке  (термины  он  называл 
«пəн  сөздері»):  «…Пəн  сөздері  жағынан  бастан-аяқ  қазақ  басқалардан  бөлек  жол  тұтынды.  Басқа 
түріктер  «əдебиет  тілі  араб,парсы  сөздермен  шұбарланса,  көркем  болады»  дегендіктен,  екінші,  өз 
тілдерінен пəн сөзіне лайық сөздер іздеуге ерініп, дайын пəн сөздерді ала бергендіктен, түпкі ана тілі 
мен əдебиет тіпті бөлектеніп, өз сөздерін жат сөздер жұтып, жойып жіберу дəрежеге жеткен. Қазақ 
жат сөзге əуестенбей, пəн сөздерін өз тілінен жасауға тырысты... Тіл арасына жік түсіп айырылмас 
үшін, жат сөздер амалсыз болған жерде ғана алатын тəртіп қолданды»[8]. 
Но уже в 30-х годах меняется политикаведущей партии страны, и принципы А.Байтурсыновабыли 
забыты на долгие-долгие годы. 
Газета «Қазақ» перестала выходить в свет из-за отсутствия средств для выпуска, но свою задачу 
она  выполнила  полностью.  Вот  как  писал  М.Ауэзов  в  1923  году  в  журнале  «Шолпан»:  «Қазақ» 
газеті...  ел  дертінің  себебін  ұғып,  емін  біліп,  енді  қазақты  оятып,  күшін  бір  жерге  жинап,  патша 
саясатына қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп талап қыла 
бастаған уақытқа келді. Бұл тұтынған жолында «Қазақ» газеті өз міндетін дөп атқарды». 
Газета  «Қазақ»  внесла  неоспоримый  вклад  в  развитие  литературного  казахского  языка  и  в 
формирование терминологии в частности. 
Многие термины отраслевых терминосистем казахского языка в своем современном лексическом 
и семантическом виде впервые встречаются именно в материалах этой газеты. Язык газеты выгодно 
отличался  от  языка  первых  казахских  книг  и  газет  тем,  что  здесь  для  доступности  основной  массе 
читателей  был  использован  «қазақтың  қара  тілі»  –  общеупотребительная  лексика  в 
терминологическом  значении,  т.е.  принцип  максимального  использования  собственных  средств 
казахского  языка  при  терминообразовании  использовался  А.Байтурсыновым  в  действии.Этот 
принцип  впоследствии  был  подвергнут  остракизму,А.  Байтурсынов  обвинён  в  пуризме,  подвергнут 
гонениям и за многие другие «прегрешения» перед Советской властью расстрелян, а игнорирование 
принципа  максимального  использования  собственно  казахских  языковых  средств  при 
терминообразованиипринципупотреблений  заимствований  только  в  случае  крайней  необходимости 
привело  к  тому  что  за  годы  советского  периода  развития  в  терминологии  казахского  языка 
процентное соотношение заимствований стало преобладать над исконной лексикой казахского языка. 
Социальные  потрясения,  перестройка  общественных  отношений,  обретение  Казахстаном 
государственной  независимости  в  последнее  десятилетие  XX  в.  оказали  благотворное  влияние  на 
изменения  статусаказахского  языка,  в  особенности  языка  науки  и  техники,  где  принципы 
терминообразования,заложенныеА.  Байтурсыновым,  были  вновь  взяты  на  вооружение  и  их 
действенность была подтверждена на деле. 
 
Литература:  
1.
  Кенжебаев Б., Қожакеев Т. Қазақ совет баспасөз тарихынан. - Алматы, 1962. – С. 8. 
2.
  «Қазақ» газеті. - 1913, 2 февраль. 
3.
  Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. - III том. - СПб, 1870. – С. 119.  
4.
  Малов С.С. К истории казахского языка // Известия АН КазССР. - Отдел литературы и языка. - Алма-
Ата, 1941. - № 8. С. 99. 
180


5.
  Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы демократ жазушылары. - Алматы,1958. - 20-б. 
6.
  «Қазақ» газеті. - 1913, 10 февраль. 
7.
  Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. - Алматы, 1990. - 34-б.  
8.
  Байтурсынов А. Түрікшілдер құрылтайы // Жаңа мектеп. - 1926. - №7-8. - 45-б. 
 
 
Маралбек Е. 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі  
институтының докторанты  
 
А.Байтұрсынұлының географиялық танымы жəне географиялық атаулар 
 
Қазақ  руханиятының  көсемі  –  А.Байтұрсынұлын  отандық  жəне  шетелдік  ғалымдар  көбіне-көп 
тілші  ғалым  (лингвист)  ретінде  таниды.  Шынында  да,  ғасыр  ғұламасының  дəуір  талабына  сай  ден 
қойған,  бел  шешіп  айналысқан  саласы  –  осы.  Мұндай  пікірдің  орнығуы,  бір  жағы,  ғалымның  қай 
ғылыми мұрасы болсын, бір ұшы тілмен сабақтасып, ұштасып жататындығында болса керек. Десе де 
тілден тыс жатқан мұралары да жетерлік. Бұл мұралар А.Байтұрсынұлын əртүрлі қырынан танытады. 
Бүгінде  қазақ  ғылымы  ұлы  ұстазды  əдебиеттанушы,  ақын,  түркітанушы,  фольклорист,  публицист, 
аудармашы,  ағартушы,  мəдениеттанушы,  демогрф,саясаткер,  идеолог,  қазақ  ғылымының  негізін 
салушы  жəне  ұйымдастырушы,  қазақ  журналистикасының  негізін  салушы,  ұлттық  жазудың 
реформаторы, ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің жəне Алашорда үкіметі 
жетекшілерінің  бірі,  көптеген  ғылыми  жəне  қоғамдық-саяси  қызметті  қатар  атқарған  универсал 
ғалым,  біртуар  тұлға  ретінде  мойындайды.  Ғалымның  бұдан  бөлек  ашылмай,  зерттелмей  жатқан 
қырлары көп. Солардың бірі – географиялық танымы. Географиялық терминдердің де алғашқы легін 
қалыптастырушы А.Байтұрсынұлы екенін көпшілік қауым біле бермес. Сондықтан бұл шағын мақала 
ғалымның география ғылымымен қатысын сөз етуге арналады. 
Ғалым  өмірінің  соңына  дейін  бір  күн  де  қаламын  қолынан  тастамай,  тынымсыз  жазумен, 
ғылыммен  айналысқаны  белгілі.  Бірақ  1929  жылдан  кейін  баспа  бетін  көрген  не  қолжазба  түрінде 
сақталған  бірде-бір  ғылыми  мұрасы  кездеспейді.  Бұл  оның  ғылымдағы  жұмбағының  əлі  күрмеулі 
екенін  аңғартады.  Осы  жұмбақты  тауып,  күрмеуді  шешкен  сайын  Ақаңның  ғалымдық  тұлғасы 
биіктей  берері  даусыз.  Міне,  сондай  жұмбақ  жағдайда  көпшілікке  белгісіз  болып  келген  тағы  бір 
ғылыми  мұрасы  –  «Шаруалық  өзгерісі»  атты  мəдениет  тарихын  қысқаша  баяндайтын  еңбегі. 
Қолжазба  мазмұнында  көтерілген  саяси-экономикалық  тақырыптар  өз  алдына,  онда  географиялық 
мəселелер  де  кеңінен  сөз  болады.  Бұл  еңбек  А.Байтұрсынұлын  ғылыми  көпшілікке  геогрф  ғалым 
ретінде де танытады. Аталған еңбекте көтерілген мəдениет тақырыбы тарихпен, саяси-экономикамен, 
географиямен  ұштасып  жатады.  Ғалым  мұнда  ғылымның  бірнеше  түрін  өзара  ұштастырып,  сол 
кезеңде қазаққа аса қажет даулы мəселенің басын ашып берген, яғни, «Қазақ халқы сан ғасырлардан 
бері  жалғасып  келе  жатқан  дəстүрлі  шаруашылық  тəсілін  (мал  шаруашылығы)  тастап, 
отырықшылыққа  ойысуы,  егін  шаруашылығы,  қолөнер  кəсібіне  жаппай  көшуі  керек  пе?  Жоқ 
па?»деген  сұраққа жауап  іздейді.  Еңбек  осындай аса  өзекті  тақырыпқа  арналғандығымен  де  құнды. 
Мұнда қасаң  қағидалар, дүдəмал  теория,  тілді  тірек  еткен  түрі  əдемі, буыны  бос  тұжырымдар жоқ. 
Керісінше,  өн  бойы  географиялық  орта  мен  өркениеттің  сабақтастығын  филосифиялық  деңгейде 
пайымдаған тұжырымдарға толы. Бұл еңбектің мақсаты мен міндеті туралы ғалым сөз басында өзі де 
былай  дейді:  «Қазақтың  шаруалық  қалпын  өзгерту  турасындағы  мəселе  осы  күнгі  даулы  мəселенің 
бірі  болғандықтан,  өзгеруге  себепкер  болатын  нəрселердің  қазаққа  жағдайы  қандай  екенін  байқату 
үшін,  бəрін  болмаса  да,  бірсыпырасын  айтып  өткеніміз  керексіз  əңгімеден  болып  табылмас  дейміз. 
Шаруалық  жайы  табиғат  жағдайымен  кіндіктес  екендігі  даусыз.  Табиғат  жағдайына  саналатын 
нəрселер: климат (күн ауасы), жердің топырағы, беті (ой-кыры), суы, кені, түгі, жан-жануары, халық 
қалыңдығы. Жер жүзінде өсіп-өнетін нəрселерге, яғни, жер түгі мен жан-жануарға, онсыз болмайтын, 
керек  заттар:  ауа,  жарық,  жылылық  һəм  су.  Бұлар  тіршілігімізге  керек  заттар  болған  соң,  тіршілік 
жүзінде  істейтін  ісіміздің  бəрі  де  бұларға  қарайды»  [1].  Ғалым  əрі  қарай  аталған  географиялық 
ұғымдарды  терең  талдауға  көшеді.  Ақаңның  географиялық  танымының  деңгейін  жəне  ол  қалам 
тартқан география  тақырыбының  өрісін  болжату үшін, əуелі, осы  география  ғылымы жайлы  аз кем 
жалпылама ақпарат бере кеткеніміз артық болмас. 
География  (гр.γεωγραφία  –  жерді  сипаттау)  ғылымы  –  əртүрлі  дəрежедегі  географиялық  орта 
компоненттерінің орналасуы мен өзара əрекеттесуі заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы [2]. 
География  ғылымы  өз  ішінен  көптеген  салалларға  бөлінеді.  Дегенмен  олардың  бəрін  географ 
181


ғалымдар  шартты  түрде физикалық  география жəне əлеуметтік-экономикалық  география деп  екі 
бағытқа бөледі. Физикалық география– жалпы жердің сыртқы қабатын, оның табиғи кешендері мен 
компоненттерін  зерттейді.  Ол  өз  ішінен  географиялық  қабық  (литосфера,  атмосфера,  биосфера, 
гидросфера платформалар), материктер мен мұхиттар географиясы, географиялық белдеулер мен 
зоналар,  жер  шарындағы  климаттық  белдеулер  деген  салаларға  бөлінеді.  Ал  əлеуметтік-
экономикалық география қоғамның аумақтық бөлінуін зерттейді [2]. Ол өз ішінен тағы экономикалық 
география  жəне  əлеуметтік  география  болып  екі  бағытқа  бөлінеді.  Бұлардың  əрбірінің  өзіне  тəн 
ерекшеліктері мен зерттеу нысандары бар.  
Кез келген ғылым саласының тілмен тікелей не жанамалай қатысы болатыны сияқты, география 
ғылымы  мен  оның  салалары  да  тілмен  тікелей,  кейда  жанамалай  байланыста  жатады.  Еңбекте  сөз 
болған  мəселелердің  көпшілігі  жоғарыда  айтылған  географиялық  ұғымдар  мен  оның  салаларына 
тікелей қатысты. Əдеттегідей, А.Байтұрсынұлын география ғылымымен жақындастыратын ең басты 
нəрсе – тіл. Яғни, сөз жазудың Байтұрсынұлына тəн дəстүріне сəйкес, ғалым табиғат тақырыбын сөз 
ету  үшін  де,  ең  əуелі,  ондағы  басты  ұғымдарды  анықтап,  оған  қазақша  ат  қояды.  Еңбекте  бүгінге 
дейін  қолданыста  жүрген  мынадай  география  терминдер  кездеседі:1)  физикалық  география:  күн 
ауасы  (климат),  үйек  (жер  белдеуі),  ыстық  үйек  (ыстық  белдеу,  экваторлық  белдеу),  жылы  үйек 
(жылы белдеу, тропиктік белдеу), салқын үйек (қоңыржай белдеу), суық үйек (суық белдеу, полярлық 
белдеу),  темір  қазықтық  (жер  полюсі)  т.б.  Ғалым  жер  шарын  осындай  бес  географиялық 
белдеулерге  бөледі  де:  «Біз  жердің  салқын  үйегінде  тұрмыз»,  –дейді.  Одан  əрі  бұл  белдеулердің 
өсімдік  қабаты,  суы  мен  жан-жануары  климатқа,  яғни,  күн  жылуына  тəуелді  болатынын  қысқаша 
баяндайды. Ал өркениетке əсер ететін табиғат факторларына нақты нелер жататыны жайлы: «Табиғат 
жағдайына саналатын нəрселер: климат (күн ауасы), жердің топырағы, беті (ой-кыры), суы, кені, түгі, 
жан-жануары,  халық  қалыңдығы.  Жер  жүзінде  өсіп-өнетін  нəрселерге,  яғни,  жер  түгі  мен  жан-
жануарға, онсыз болмайтын, керек заттар: ауа, жарық, жылылық һəм су. Бұлар тіршілігімізге керек 
заттар болған соң тіршілік жүзінде істейтін ісіміздің бəрі де бұларға қарайды», – дейді [1]. Ғалымның 
бұл  нұсқаулығында  физикалық  географияның  біраз  ұғымдары  қамтылған.  Сонымен  қоса  ғалым 
географиялық қабық саналатын литосфера, атмосфера, биосфера, гидросфера қабаттарына жататын 
табиғат  құбылыстары  мен  табиғи  ресурстарды  ажырата  біледі  жəне  оның  бір-біріне  əсері  туралы 
ғылыми  танымы  терең.  Осы  ұғымдарды  нақтылап  алады  да  оның  адамзат  тіршілігіне, 
шаруашылыққа, өркениетке əсерін баяндайды: «Ауа жер жүзінде тегіс жеткілікті, қай жерде де болса 
бар. Өзге үшеуі бір жерде бар, бір жерде жоқ, бір жерде көп, бір жерде аз. Бұлардың көп жерінде жан-
жануар  көп,  жер  түгі  бітік.  Бұлар  кем  жерінде  жан-жануар  да  кем,  жер  түгі  де  нашар»  [1].  Ғалым 
күллі  тіршілік  иесінің,  ең  əуелі,жарық,  жылу,  ауа,  су  сияқты  табиғат  байлықтарына  тікелей 
тəуелділігін  жəне  олардың  диалектикалық  бірлігі  жайлы  ұтымды  тұжырымдар  жасайды.  Адамзат 
тіршілігінің жалғасуына, өркениетінің алға басуына ұдайы жəне айрықша ықпал ететін басты фактор 
ретінде табиғатты факторын атайды: «Мəдениет себепкері жалғыз ғана табиғат емес, бірақ себепкер 
нəрселердің ішіндегі ең зоры табиғат деп бұ күндегі ғылым тоқтайды» [1]. Өркениет пен табиғаттың 
сабақтастығы, бір жағы, Байтұрсынұлының география тақырыбына ден қоюының басты себебі болса 
керек. Ол қазақ өркениетінің алға жылжуында да ең басты фактор табиғат екенін жақсы түсінген. Əрі 
оның себебін де көрсетеді: «Табиғат əсері адам баласының ісіне неғұрлым мəдениет жүзінде төмен 
тұрса, соғұрлым күшті болмақ. Мəдениет жолында жоғарылаған сайын табиғат əсерінен адам баласы 
құтылыңқырамақшы»,  яғни,  ғылымнан  мешеу  жатқан  қазақ  даласын  өркениетке  бастау  үшін,  ең 
əуелі,  қазақ  даласының  географиялық  жағдайын  жете  зерттеуді  жəне  соған  сай  тіршілік  тəсілін 
таңдауды  ұсынады.  Ол  тіршілік  тəсілі  мен  шаруашылық  формасын  ғылыми  жолмен  өрістету 
керектігін айтады. 
Ғалым бұдан əрі өркениет ошақтары мен ірі географиялық кеңістіктердің орналасу картасын жəне 
табиғат ресурстарының тіршілікке əсерін жалпылама сөз етеді де қазақ жерінің нақты географиялық 
картасына  көшеді:  «Қазақ  жерінің  табиғаты  түрлі-түрлі.  Он  облысқа  қараған  жер  түгіл,  бір  облыс 
алабындағы,  тіпті  бір  уез  алабындағы  жерлер  де  бірдей  емес.  Ішкі  ордалық  пен  Түркістан  жерінің 
табиғатын көзбен көргенім жоқ. Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының жерін тегіс болмаса да, 
бірсыпыра  көргенім  бар  һəм  олар  туралы  жиған  мағлұматтарым  да  толық.  Түркістан  облыстары 
туралы  да  нақ  толық  болмаса  да,  мағлұматтан  құр  алақан  емеспін.  Ішкі  ордалық  жеріне  переселен 
келіп  жатқан  жоқ,  олай  болған  соң  ол  туралы  талас  та  жоқ.  Осы  айтылған  облыстардың  ішінде, 
əсіресе,  жақсы  білетінім  –  туған,  тұрған,  көбірек  аралап  көрген  облысым,  Торғай  облысы».  Бұл 
тұжырымдарға  қарағанда,  А.Байтұрсынұлының  қазақ  даласының  географиялық  ерекшелігі  туралы 
терең білімі бары былай тұрсын, мұны арнайы өзіне меншікті тақырып етіп, ұдайы назарда ұстағанға 
ұқсайды.  Ғалым  сол  дəуірдегі  патшалық  Ресей  үкіметі  отарлық  мақсатта  ұйымдастырған  көптеген 
182


экспедециялардың  зерттеу  материалдарымен,  мұжықтарды  қазақ  жеріне  күштеп  қоныстандыру 
мақсатында  құрылған  переселен  мекемелерінің  қазақ  жерінің  табиғаты  туралы  баяндалған  түрлі 
статистикалық,  ақпараттық  кітаптарымен  жіті  танысып  отырған.  Сонымен  қоса,  өзге  еуропалық 
оқымыстылардың ғылыми еңбектерімен де таныс екені байқалады. Өйткені еңбекте көптеген батыс 
оқымыстыларының  есімдері  аталып,  теориялық  тұжырымдары  туралы  мəліметтер  беріліп  отырады. 
А.Байтұрсынұлының  жаратылыстану,  саяси-экнонмика,  философиялық  бағыттағы  білімінің 
тереңдеуіне  батыс  оқымыстыларының,  соның  ішінде  неміс  ғалымдары  əсері  айрықша  болған.  Осы 
батыстық  ғылыми  теория  мен  миссионерлердің  нақты  статистикалық  ақпараттары  өзі  тумысынан 
таныс  қазақ  даласының  географиялық  ерекшеліктеріне  қатысты  білімімен  ұштасқанда,  қуатты 
географиялық  танымға  айналған.  Міне,  ғалымның  қашан  да  құнды  пікірлер  айтып,  дұрыс  байлам 
жасауының құпиясы осы болса керек.  
Сол  дəуірде  қазақ  даласының  географиялық  ерекшелігі  жайлы  Ақаңнан  терең  білімі  бар  қазақ 
зиялысы болмаса да керек-ті. Тұтас қазақ даласының табиғатын жалпылама білу былай тұрсын, тіпті, 
əр  өңірлерінің  де  географиялық  ерекшеліктерін,  жер  көлемін,  пайдаланылуға  жарамды  жерлер 
туралы  статистикалық  мəліметтерді  мейлінше  қанық  біледі.  Айталық:  «Торғай  облысы  төрт  уезге 
бөлінеді. Бірі оның – Қостанай уезі. Бұл уездегі жердің алабы – 9 жарым миллион десятина. Екіншісі 
– Ақтөбе уезі: мұның жері – 5 миллион десятина. Үшіншісі – Ырғыз уезі: мұның жері – 13 миллион 
десятина. Төртіншісі – Торғай уезі: оның жері – 15 десятина. Ырғыз бен Торғай уезінің жері егінге 
қанша  жарайтыны  қазір  сыналған  жоқ.  Бірақ  əуесіне,  топырағына  қарағанда,  егінге  жарарлық  жері 
тілті  аз  көрінеді»,  –  дейді.  Сөйтіп,  Торғай  облысындағы  43  миллион  десятина  жердің  28  миллион 
десятинасы  бірден-ақ  егінге  жарамсыз  болып  шығады.  Бұл  –  бір  облыстағы  жердің  үштен  екісі»,  –
дейді ғалым. Əр өңірдің тауы, тасы, суы, ағашы, малы басы, жаны, басы т.б. əр тарап ақпараттарға 
мейлінше қанық. Оған мына сөзі де дəлел: «Он облыс қазақ жерінің табиғаты түгіл бір облыс жердің 
табиғатында  түптей  түгел  айтып  шығуға  əлденеше  том  кітап  жазу  керек».  Бұл  –  қазақ  жерінің  əр 
облыстары  туралы  мəліметтері  мейлінше  мол  жəне  оны  жазуға  жеткілікті  ғылыми  дайындығы  мен 
терең  танымы  бар  екенін  көрсетеді.  Ғалым  қазақ  жерінің  жалпы  географиялық  ерекшелігін  жер 
ыңғайы мен климаттық жақындығына қарай «дала облыстары» жəне «Түркістан облыстары» деп екі 
климаттық белдеуге бөледі де табиғатын жалпылама былайша сипаттап береді: «Тау су сақтайды, су 
ну  сақтайды,  ну  дым  сақтайды»  деп  қазақтар  да  айтады.  Қазақ  облыстарында  су  сақтайтын  тау  аз. 
Əуені  ылғалдандыратын  үлкен  теңіздер  жоқ.  Сондықтан  қазақ  жерінің  əуесі  құрғақ  болады.  Əуе 
құрғақ  болған  соң жауын  аз  болады.  Қар  суы  я  тасыған  өзен  сулары  іркіліп  тұрақтайтын жерлерде 
болмаса, жай жерлерде қар дымы қалмай, тез кеуіп кетеді. Тау аз болған соң, қазақ жерінде өзен де 
аз. Ол аз өзендердің де көбінесе суы ащы болады. Көлдер өзеннен көбірек ұшырайды. Бірақ олардың 
суы көбінесе мал болмаса, адам ішуіне жарамайтын ащы болады. Су кем болған соң қазақ жерінде 
ағаш  та  кем,  шөбі  де  сирек  һəм  бақал  болады.  Осы  айтылған  –  қазақ  жерінің  жалпы  сыны».  Осы 
айтылған  қазақ  жерінің  жалпы  ерекшелігін  ешкім  де  теріс  дей  алмас.  А.Байтұрсынұлы  əр  өңір,  əр 
облыстың географиялық қабатын жеке-жеке алып, жан-жақты сипаттап бермесе де, бəріне тəн жалпы 
ерекшеліктерін  мүмкіндігінше  дəл  көрсеткен.  Жан-жақты  сипаттау  бұл  еңбектің  басты  нысаны  да 
емес.  Мұнда  ғалымның  көздегені  –  қазақ  жерінің  жалпы  ерекшелігін  нақты  деректермен  сипаттай 
отырып, оған сай келетін шаруашылық түрі қайсы екенін ұғындыру.  
Еңбектегі  ендігі  бір  алуан  пікірлер  экономикалық  география  мəселелерін  саяды.  Географияның 
бұл  бағыты  да  өз  көптеген  ішінен  салаларға  бөлінеді.  Айталық:  дүниежүзінің  саяси  картасы, 
дүниежүзінің  саяси  қалыптасу  кезеңдері,  халықтар  географиясы,  қалалар  жəне  урбандалу,  əлемнің 
табиғат ресурстары, əлем шаруашылығы, халықаралық еңбек бөлінісі, дүниежүзілік шаруашылықтың 
құрылымы, халықаралық экономикалық қатынастар т.б. [2]. Осы аталған салалардың бəріне болмаса 
да,  көпшілігінің  зерттеу  нысанына  жататын  мəселелер  еңбектен  көптеп  кездесіп  жатады.  Ең  əуелі, 
қолжазбаның  өн  бойынан  мынадай  экономикалық  географияға  қатысты  терминдер  кездеседі: 
аңсымақ  жұрттар  (алғашқы  қауымдағы  адамдар),  шаруалық  қырқалары  (қоғам  дамуының 
эволюциялық  кезеңдері),  мəдениеттің  жоғарғы  қырқасы  (дамыған  мəдениет),  мəдениеттің  орта 
қырқалары (даму үстіндегі мəдениет), мəдениеттің төменгі қырқасы (мешеу мəдениет), кəсіп (жеке 
кəсіп),  шеберлік  (өнер,  иновация),  ел  жиілігі  (халық  тығыздығы),  өнерлік  кəсіп  (өнеркəсіп, 
индустрия),  ауыл  шаруалығы  (ауыл  шаруашылығы),  қол  өнер  (қолөнер)  т.б.Байқағанымыздай,  бұл 
терминдердің  кейбірі  бүгінде  қолданыста  жүр  əрі  əбден  орныққан.  Тіпті,  қолөнер,  өнеркəсіп,  кəсіп, 
ауыл шаруашылығы сияқты терминдердің төл авторы Ақаң екенін көпшілік қауым ойлап та көрмеген 
болса керек. Мұндағы кей терминдерді қайта жаңғыртуға болатын да сияқты. Қашан да не жазса да, 
ондағы ғылыми ұғымдарды екшеп, оларға төл тілімізден ат койып алып, одан əрі қарай өзекті ойлары 
183


мен  бірегей  пікірлерін  жүйелі  түрде  сабақтайтын  ғалым  география  тақырыбында  да  қалыптасқан 
ғылыми сауатын байқатады. 
Экономикалық  география  тақырыбын  қаузағанда,  өркениеттің  экономикалық  өсуі,  адамзаттың 
экономикалық  шаруашылығының  өрістеуі  тұрғысынан  көбірек  назар  аударады.  Ең  əуелі,  қоғамның 
эволюциялық даму жолын кезеңдерге бөледі. Мұнда, бір қызығы, адамзат қоғамын сипатына қарай 
алғашқы қоғам, құлдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, социолистік қоғам, коммунизм 
деп  стихиялы  түрде  жіктемейді,  керісінше,  күн  көріс,  тіршілік  тəсіліне  қарай  жіктейді.  Адамзат 
қоғамының мəдени-экономикалық өрлеуінің эволюциялық кезеңдерін шаруалық қырқалары деп атап, 
неміс ғалымы Ф.Листтің тұжырымдарына сүйене отырып, алты қырқаға (кезеңге) бөледі.  
Олар:  
1) жеміс-жидек, аңмен тіршілік еткен дəуір;  
2) малды қолға үйретіп, малмен тіршілік еткен дəуір;  
3) егін егуді игеріп, дəнді дақылмен тіршілік еткен дəуір;  
4) қолөнер кəсібін нəсіпке айналдырған дəуір;  
5) сауда-саттықпен тірлігін тапқан дəуір;  
6) өндіріс мəшинеленіп, өнеркəсіптенген дəуір [1]. 
Мұнымен  қоса  ғалым  тағы  бір  неміс  оқымыстысы  –  Бюхердің  тұжырымдары  негізінде  қоғам 
дамуының кезеңдерін экономикалық қатынастар тұрғысынан:  
«1) өндірілген өнім əр отбасы тұтынуынан артылмаған заман;  
2) өндірілген өнім əр қаланың тұтынуынан артылмаған заман;  
3) өндірілген өнім əр елдің өзінен артылмаған заман;  
4)  əр  елдің  шаруашылығы  тұтасқан  заман»,  –  деп  төрт  деңгейге  бөледі  [1].  Бұл  –  адамзат 
қоғамының  эканомикалық  тұрғыдан  жаһандануының  төрт  сатысы.  Байқағанымыздай,  бірінші  түрлі 
жіктеуге  адамдар  мен  адамдардың  əлеуметтік  қарым-қатынасынан  гөрі,  адамдармен  табиғаттың 
тіршілік  жүзіндегі  қарым-қатынасы  негіз  болған.  Екінші  түрлі  жіктеуде  адамдардың  экономикалық 
қатынастарының  ұлғаюы  географиялық  тұрғыдан  сипатталған.  Екеуіне  де  адамзат  өркениетінің 
дамуы  географиясына  экономикалық  қатынастар  арқау  болған.  Ғалымның  ғылыми  ұғымдарды 
жүйелеу  мен  жіктеудің  өзіне  тəн  бір  ерекшелігі  де  осы  тұста  көрінеді.  Ол  ерекшелік  –  кез  келген 
ұғымдарды зат не құбылыстың ішкі қасиеті тұрғысынан емес, қажеттілік тұрғысынан анықтау. Мұнда 
да экономикалық география ұғымдары адамдардың өркениет жолындағы экономикалық өсуге деген 
қажеттілігі тұрғысынан баяндалады. 
Əлеуметтік-экономикалық  географияның  тағы  бір  өзекті  салалары  –халықтар  географиясы 
(демография,  халықтардың  орналасу  географиясы,  халық  көші-қоны  т.б.).  Ғалым  аталған  салаларға 
қатысты да құнды пікірлер айтып, маңызды ақпараттар қалдырады. Нақтырақ айтсақ, ел жиілігі, оның 
қоғамның  экономикалық  дамуына  əсері,  тұтас  жер  шары  картасындағы  халықтардың  орналасу 
тығыздығы, халық саны, орташа табиғи өсім мөлшері т.б. мəселелер кеңінен сөз болады. Бұлардың 
ішінде ең əуелі сөз болатыны əлем халықтарының жалпы саны: «Жержүзіндегі адам баласының дəл 
қанша  екені  осы  күнге  дейін  мағлұм  емес.  Есептеушілердің  бірсыпыралары  «бір  миллиард  550 
миллион»  деп  есеп  етеді.  Бірсыпыралары  «бір  миллиард  660  миллион»  деп  шамалайды. 
Бірсыпыралары  «бір  миллиард  700  миллион»  деп  те  есептейді»,  –  дейді  [1].  Ғалым демогрфтардың 
жоғарыдағыдай  бірнеше  болжамдар  айтып,  нақты  бір  санға  тұрақтай  алмауының  да  себептерін 
баяндайды.  Оның  басты  себебі  –  мешеу  жатқан  елдер  мен  алғашқы  қоғам  сатысында  өмір  сүріп 
жатқан халықтардың нақты санын анықтаудың қиындығы деп көрсетеді. 
Ғалым  демография  мəселесін  экономикамен  сабақтас  фактор  ретінде  қарастырады.  Бір  өңірге 
басқа  өңірлерге  қарағанда  адамдардың  тығыз  орналасуын  ел  жиілігі  деп  атап,  оның  өркениетке 
тигізер  оңды  жəне  теріс  əсерлерін  нақты  баяндайды.  Бұдан  жүз  жыл  бұрынғы  əлем  халықтарының 
саны туралы ақпаратты қазақ тілді қауымға тек А.Байтұрсынұлындай статистик қана бере алса керек. 
Мұнда  да  ғалым  жалпылама  ақпараттармен  ғана  шектелмейді,  əр  географиялық  аймақ,  құрлық, 
материктердегі  орналасу  тығыздығын  жіпке  тізгендей  көрсетеді:  «Жер  жүзінде  адам  баласы  бір 
қалыпты  тегіс  таралмаған.  Бір  жерде  калың  болса,  екінші  жерде  сирек.  Бір  жерде  қалың  да  емес, 
сирек  те  емес,  орташа  күйде.  Елі  қалың  жерлер:  Қытай,  Үндістан,  Мысыр,  Күнбатыс  Еуропа, 
Америка Штаттарының күншығыстағылары. Бұл жерлердің алабы бүкіл жер жүзін алғанда, жетіден 
бірі  ғана  болады.  Осы  жердің  жеті  бөлігінің  бірінде  тұратын  адамның  саны  бір  миллиард  200 
миллион, басқа алты бөліміне 400 миллион ғана адам келеді» [1]. Əлем халықтарының орналасуы мен 
жердің  жан  басына  шаққандағы  тығыздығын  бұлайша  сөз  етудің  өзіндік  мəні  бар.  Ғалым  мұнда 
танымдық  ақпарат  берумен  қатар,  жан  саны  тығыздығының  өркениетке,  қоғам  дамуына  тигізер 
ықпалын  сөз  етуды  мақсат  етеді.  Мұны  өз  сөзімен  баяндасақ:  «Ел  қалыңдауы  мен  мəдениет 
184


жоғарылауы арасында не сабақтастық бар? Адам көп болса, ауыз көп, ауыз көбейсе, тамақ көп керек. 
Көп тамақ үшін көп жер керек. Егерде адам көбейген сайын жер де көбейе берсе, онда ел қалыңдау 
жоқ.  Ел  қалыңдамаса,  шаруалық  тұрмыс  өзгерілмейді»,  –  дейді  [1].  Белгілі  географиялық  аймақта 
адам  санының  көбейіп,  жер  тарылуы  тіршілікке  талпынысты  үдетіп,  адамдар  арасында  бəсеке 
тудырады.Мұндай  бəсеке  ғылым  мен  өркениеттің  ілгері  басуына  себепкер  болады.  Міне,  осындай 
география  ұғымдар  аясында  көрініс  табатын  философиялық  заңдылықтарды  қазақ  жұртшылығына 
ұғындырмақ болады. 
Ғалым  бір  өңірде  халықтың  көп,  енді  бір  өңірде  аз  болуының  да  нақты  себептерін  көрсетуді 
назардан  тыс  қалдырмайды.  Осыған  байланысты  демографияға  кері  əсер  ететін  басты  факторлар 
ретінде табиғи апат, мешеулік, соғыс, нашар экологиялық орта, саясат сияқты факторларды атаса, 
ал демографияға оң əсер ететін факторлар ретінде экономика, географиялық орта, ғылым-білім т.б. 
көрсетеді.  Көрсетіп  қана  қоймайды,  əсер  ету  барысын  кеңінен  түсіндіреді.  Осыған  орай  демограф 
ғалымдардың  деректеріне  сүйене  отырып,  табиғи  өсімнің  статистикасын  да  көрсетеді:  «Англия 
данасы Томос Мальтус айтады: «Ел өсуіне басқа бөгет болмаса, бір елдің адамы 25 жылдың ішіңде 2 
есе кебеймек, оның арғы 25 жылдың ішінде 4 есе, онан арғы 25 жылдың ішінде 8 есе, 16 есе, 32 есе ... 
сол бағдармен» [1]. Бұл да – біз үшін аса маңызды танымдық ақпарат. Демография мəселесі қашаннан 
да  ғалым  назарынан  тыс  қалмайтыны  зиялы  қауымға  белгілі.  Жоғарыдағы  нақты  мысалдардан 
байқалғандай,  А.Байтұрсынұлы  қазақ  емес,  əлем  халықтарының  саны  мен  демографиялық  өсімі 
жайлы  ақпараттарға  қанық.  Қала  берді,  əлемнің  географиялық  картасында,  Азия  материгінің  бел 
ортасында  тарихтан  бері  өмір  сүріп  келе  жатқан  іргелі  ұлт  болғанымызды  ұлттық  жадтан  өшіріп 
алғанда,  «Əлһамдулилла,  аз  емеспіз, алты  миллион  қазақпыз»деген  осыдан  бір  ғасыр  бұрынғы 
айтылған Ақаң сөзі арқылы санамызда қайта жаңғыртқанымыз жасырын емес. Ұлт жанашыры қазақ 
халқының  демографиялық  өсімінің  жоғарлауын  халықты  сақтап  қалудың  тағы  бір  жолы  санап, 
осыған айрықша мəн берген.  
Еңбекте экономикалық географияның экономикалық мəселелері де кеңінен қамтылған.Яғни, əлем 
шаруашылығы,  халықаралық  экономикалық  қатынастар,  əлемнің  табиғат  ресурстары,  дүниежүзілік 
шаруашылықтың  құрылымы  мен  орналасуы  т.б.  мəселелер  қажетті  деңгейде  сөз  болып  отырады. 
Аталған мəселелерге келгенде ғалым, ең əуелі, əлем өркениет ошақтарын жəне оның таралу картасын 
көрсетеді:  «Тарих  жүзінде  əуелі  төбесі  көрінген  төрт  мəдениет:  мұның  төртеуі  де  үлкен  дариялар 
бойында  пайда  болған.  Мысалы,  Мысыр  мəдениеті  Ніл  дариясының  бойында,  Ассирия  һəм 
Вавилония  мəдениеті,  Тигр  һəм  Эфрат  дарияларының  бойында,  Үнді  мəдениеті  Үнді  һəм  Ганга 
дарияларының  бойында,  Қытай  мəдениеті  Гуангу  (Хуанхэ)  һəм  Янтсикианг  (Янцзы)  дарияларының 
бойында»  [1].  Автордың  өзі  атап  өткендей,  өркениеттің  тууы  мен  дамуына  ең  бірінші  объективті 
факторлар  əсер  етеді,  объективті  факторлардың  ішіндегі  бастысы  –  табиғат.  Ал  одан  кейін  оның 
таралуына объективті факторлардан гөрі субъективті факторлар көбірек əсер ете бастайды. Бұлардың 
ішіндегі  ең  бастысын  ғалым  «сыбайластық»  деп  көрсетеді.  Мұны  бүгінгі  тілмен  айтқанда,саяси-
экономикалық  қарым-қатынастар.  Мұндай  сыбайластық  əлемнің  экономикалық  жаһандануының 
алғашқы  баспалдағы  саналады.  Ғалым  осы  сыбайластықтан  өрістеген  мəденеттің  таралу  жолын 
былайша  көрсетеді:  «Ассирия  Вавилионияны  бағындырып,  Вавилион  мəдениетін  алған.  Македония 
Грекияны бағындырып, Грек мəдениетін алған. Германия Римді бағындырып Рим мəдениетін алған» 
[1]; «Орта Үндістан мəдениеті арқа Үндістанға, Халдей мəдениеті Ассирияға, Ассириянікі Финикияға 
тарады. Финикия мен Мысыр мəдениеті Грекияға тарап, Грекиянікі Римге тарады. Римнен əрі тағы 
солай сыбайлас Галилия, Испанияға тарады. Күншығыстағы славяндардан ығысқан Германдар барып 
Риммен  сыбайлас  болып  еді.  Оларға  да  Рим  мəдениеті  тарады.  Солтүстік  жағынан  Римге  сыбайлас 
болған  Франция,  Англиялар  Рим  мəдениетін  алды.  Күншығыс  жағынан  сыбайлас  болған  поляктер, 
басқа  славяндар,  Балти  алабындағы  жұрттар  –  олар  да  Рим  мəдениетін  алды»  [1];  «Еуропа  жұрты 
мəдениетін əуелі Солтүстік, сонан соң Оңтүстік Америкаға колонизация жолымен жайды. Онан кейін 
колонизация жолымен Еуропа мəдениеті жайылған жерлер: Аустралия, Жаңа Зеландия, Жаңа Гвения-
Полинезия  аралдары»  [1].  Көріп  отырғанымыздай,  ғалым  тарихтан  бергі  мəдениеттің  таралуы 
картасы мейлінше жетік біледі. Бір бұл ғана емес, əлем елдерінің ежелгі жəне бүгінгі саяси картасын 
да  қанық  білетіні  байқалады.  Жоғарыда  баяндалған  мəдениет  –  кең  ұғым.  Ол  жалпы  мəдени 
құндылықтарды  көрсетумен  бірге  сауда-экономикалық  қарым-қатынастардың  ықпалында  өрістеген 
экономикалық өсуді де көрсетеді. Кез келген елдің экономикалық өсу деңгейі сол елде ашылған сан-
салалы  кəсіп  түрлері  мен  бой  көтерген  ірі  өндіріс  ошақтарына  қарай  анықталады.  Еңбекте  əлем 
елдерінің  экономикалық  жаһандануы  мен  мəдени  байланысының  жалпы  жолы,  таралу  бағыты  ғана 
көрсетіліп  қоймай, жекелеген  елдердің  қазіргі  мəдениет  өресі,  экономикалық  деңгейі,  шаруашылық 
тəсілі, байлығы, өндіріс ошақтары жайлы да нақты ақпараттар берілген. Сол тұстағы Үндістан туралы 
185


мынадай  мəлметтер  кездеседі:«Үндістанда  осы  күнде  5  университет  бар.  Онан  жылына  4  мың 
шамалы жастар оқып шығып тұрады. 35 мың шақырымдай теміржол салынған. 125 мата фабрикасы, 
97 көмір шахтасы, 100 шай егістігі, 98 əртүрлі қант заводы, қағаз фабрикасы, шұға фабрикасы сияқты 
нəрселер  бар»  [1].  Халқы  мешеу,  отарлық  езгіде  жатқан,  сол  заманда  елеусіз  деп  айтуға  болатын 
Үндістан жайлы мұншама нақты ақпараттарды білгенде, айдай əлемге белгілі Еуропа елдері туралы 
сан-тарау мəліметтер ғалымның таным кеңістігінде түп-түгел деп айтуға əбден болады.  
Қорыта  айтқанда,  А.Байтұрсынұлы  аталған  еңбекте  əлемнің  бүгінгі  жəне  ежелгі  саяси-
экономикалық картасы, əлемнің жəне қазақ жерінің географиялық ерекшеліктері, əлем халық, этнос 
құрамы, демография, көші-қон, əлем шаруашылығы т.б. көптеген географиялық мəселелер турасында 
сөз  қозғайды.  Мұнда  ғалым  өз  пікірін  Еуропаның  маңдайалды  ғалымдарының  тұжырымдарымен 
ұштастыра  отырып,  философиялық  пайыммен  сабақтайды.  Еңбекте  географиялық,  экономикалық 
ұғымдар  арқылы  «табиғат»  –  тіршілік»  –  «мəдениет»  –  «өркениет»  ұғымдарының  диалектикалық 
бірлігі  мен  сабақтастығын  ұтымды  дəйектеледі.  Міне,  бұл  ізденістер  А.Байтұрсынұлын  болашаққа 
географ ғалым ретінде де танытады.  
 
Əдебиет: 
1.
  Байтұрсынұлы А. Шаруалық өзгеріс (қолжазба). – ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек қолжазба бөлімі.  
2.
  htts //kk.wikipedia.org/wiki 
3.
  «Қазақ» газеті. №145-167.  
4.
  Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Ел-шежіре, 2013. 
5.
  Байтұрсынов А. Жаңа низам. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. - 128 б 
6.
  «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» журналы. – 2010. - №11.  
 
 
Хасанова А. 
қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің  
жоғары санатты мұғалімі 
Рахымжан Г. 
 Орал қалалық білім беру бөлімі Теректі  
аудандық лингвистикалық гимназиясының  
оқушысы, «А.Байтұрсынұлы оқулары»  
байқауының жүлдегері  
 
Ұлттық жазудың ұлы жаршысы 
 
ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  елінің  қоғамдық-саяси,  мəдени,  əдеби,  ғылыми  өміріне  белсене 
араласып,  өңімді  еңбек  еткен,  артына  құнды  мұра  қалдырған  Ахмет  Байтұрсынұлы  тəуелсіздікпен 
бірге  туған  халқымен  қайта  табысты.  Ғалым  Қазан  төңкерісіне  дейін-ақ  ағартушы,  публицист, 
лингвист  ғалым,  əдебиет  зерттеуші,  тюрколог,  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  авторы,  дарынды 
ақын,  аудармашы  ретінде  танылған  еді.  Халқымыздың  рухани-мəдени  өресі,  тарихи  жағдай  Ахмет 
Байтұрсынұлы  тұлғасының  басты  үш  қырын  ашты.  Олар:  қайраткерлік,  ғалымдық,  қаламгерлік 
қабілеттері  болатын.  Ғалымның  қабілет-дарыны  ұлтына  деген  шексіз  сүйіспеншілігімен  ұштасып, 
тілдік  тұлға  деңгейіне  көтерілді.  Тұтас  бір  дəуірдің  көсемі  ретінде  Ахмет  Байтұрсынұлы  халқына 
қалтқысыз қызмет ете отырып, өз қатарластарына да, кейінгі ұрпаққа ерекше ықпал етті. Ғалымның 
еңбектері  қазақ  ғылымының  ғана  емес,  түркі  халықтарының  білім-ғылымының  қалыптасып, 
дамуында  да  сүбелі  үлес  қосты.  Ағартушының  мұрасы  бүгінгі  таңда  да  ел  керегіне  жарауда, 
келешекте де маңызын жоймақ емес.  
 А.Байтұрсынұлы  еңбектерінің  бір  парасы  қазақ  сөзінің  қасиетін,  табиғатын  танытумен 
байланысты.  Сондықтан  ғалымды  қазақ  тіл  білімінің  негізін  қалаушы  тұлға  ретінде  танимыз.  Оқу-
ағарту идеясын ұстанған А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дəл көрсететін əрі оқытуға 
жеңіл  таңбаларды  түзді.  Түркі  халықтары  қолданылып  отырған  араб  таңбаларын  икемдеп 
(реформалап), қазақ əліпбиін ұсынды. Бұл – шын мəнінде ұлттық жазу еді. Оны кезінде түркі тілдерін 
зерттеуші орыс, татар ғалымдары «Байтұрсынов жазуы» деп атаса, ғалымның өзі «Қазақ жазуы» деп 
атады, қарапайым халық «төте жазу» деген атау берді.  
Ғалымның  ұлттық  тіл  біліміндегі,  қазақ  мəдениетіндегі  өлшеусіз  еңбегінің  бірі  –  араб  əріптерін 
негіз  ете  отырып,  қазақтың  жаңа  əліпбиін  түзуінде.  Халқымыздың  рухани  қажетін  бүтіндеуші, 
түгендеуші  болған  Ахмет  Байтұрсынұлы  қазақ  баласының  білім,  ғылымды  игеруі  үшін  төл  əліпби 
түзу  қажет  екендігін  түсініп,  қазақ  тілінің  дыбыстық  ерекшелігін  дəл  бейнелей  алатын,  қазақ  сөзін 
186


дəл таңбалай алатын əліпби жасап шығарды. Бұл əліпби 1929 жылға дейін қолданылып, сол тұстағы 
тұтас буын сауатын осы əліпбидің негізінде ашты. «Қазақ», «Қазақстан» газеттері, «Айқап» журналы 
т.с.с.  басылымдар  осы  əліпбимен  басылды.  ХХ  ғасырдың  басындағы  ақын-жазушыларымыздың 
шығармалары Ахмет Байтұрсынұлы түзген əліпбимен жазылды. 
Сан ғасырлық тарихы бар, өркениетті əлемге кеңінен тараған араб, латын, кирилл т.б. əліпбилері 
əр  заманда  ондаған  тілдің  жазба  түрде  қызмет  етуіне  негіз  болып,  жалпы  адамзат  мəдениетінің 
дамуына  ықпал  етті.  Бұл  туралы  лингвист  ғалым:  «Осы  күнгі  жұрттардың  бəрі  де  өзі  шығарған 
əліпбиін  тұтынып  отырған  жоқ.  Бəрінікі  де  өзгеден  өзгертіп  алған  əліпби  Еуропа  жұрттарының 
тұтынған əліпбиінің түбі – көне семмит əліпбиі. Онан грек алған, гректен латын, Еуропа жұрттары 
алған.  Түрік  əліпбиінің  түбі  де  –  көне  саммит  əліпбиі.  Онан  көпеліктер  алған,  көпеліктен  араб  өз 
тіліне  үйлестіріп  алған,  арабтан  иран,  түрік  жəне  басқа  мұсылмандар  алған...  Сондай  өз  тіліне 
икемдеп,  өзгеріс  жасап  алған  əліпбилеріне  əрқайсысы  өз  аттарын  қойып,  «латын  əліпбиі»,  «орыс 
əліпбиі»  деген  де  түрік  өз  тіліне  үйлестірген  əліпбиін  «түрік  əліпбиі»  деп,  қазақ  онан  өз  тіліне 
үйлестіріп алған əліпбиін «қазақ əліпбиі» деп атауға жолымыз болуға тиіс», – деген болатын [1]. 
Əліпбилердің тарихына көз жүгірсек, қазіргі қазақ тіліне негіз болған жалпы түрік тілдеріне ортақ 
жазба  ескерткіштер  көптеп  саналады.  Көне  жазу  нұсқаларының  қатарында  көне  түркі  (Орхон-
Енисей), ескі ұйғыр, «Құдатғу білік», «Кодекс куманикус», Махмұд Қашқари сөздігі, араб жазуымен 
жазылған,  жалпы  түркі  тілдеріне  ортақ  көптеген  тарихи  ескерткіштерді  атауға  болады.  Көне  түркі 
жазба  нұсқаларында  төмендегі  сөздер  тасқа  қашалған:  «Түркі  бектері  мен  халқы,  мұны  естіңдер! 
Қандай сөздерім бар болса, соларды мəңгі тастарға жаздырдым. Оларды көріңдер, ұғыңдар!». Бұл – 
түркі тілдес халықтарының ортақ мұрасы болған көне жазулар – ұлттық жазуымыздың түп тамыры. 
ХҮ-ХҮІІІ  ғасырларда  Қазақ  хандығы  құрылған  соң  Қазақ  мемлекеттігімен  байланысты  қазақ 
тілінде жазылған түрлі жазба мəтіндер, құжаттар болды. Демек, жазба тілдің болғаны хақ. Қазақ хан-
сұлтандарының бұйрық-жарлықтары, көрші елдермен жазысқан дипломатиялық қатынас қағаздары, 
өзара  жазысқан  хаттары  т.б.  ескі  қазақ  жазба  тілінің  үлгі-нұсқалары  болды  Оған  Қадырғали  би 
Жалайыридың  тарихи  жазбалары,  Əбілғазы  баһадүрдің  «Түрік  шежіресі»,  Мəшһүр  Жүсіптің  жазба 
мұралары  т.б.  дəлел.  2016  жылы  Қытай  Халық  Республикасы  Бейжің  қаласындағы  Орталық  ұлттар 
университеті қазақ филологиясы факультетінің доценті, Жапонияның Киото университетінде «XVIII-
XIX  ғасырлардағы  қазақша  мұрағат  құжаттары  туралы  тарихи  дерекнамалық  зерттеу»  атты 
докторлық  диссертациясын  қорғаған  тарих  ғылымдарының  докторы  Əбділəшімұлы  Дүйсенəлінің 
«Жүңгө  бірінші  тарихи  мұрағатында  сақталған  қазақша  құжаттар»  атты  еңбегі  Қазақстанда  жарық 
көрді.  Кітапта  Пекиндегі  архивтен  табылған  қазақ  хандарының,  елшілердің  хаттары  қамтылған  67 
парша  құжат  берілген  [2].  Бұл  құжаттар  Қытай  елінен  табылғанмен,  Қазақ  хандығының  тарихына 
тікелей қатысты. Сондықтан оларды да ескі қазақ жазба тілінің үлгісіне жатқызуға болады.  
Ескі қазақ жазба тілі қазақтың халық тілі болмағанмен, сауатты, хат танитын адамдардың қатынас 
құралы  болып,  қоғамның  мəдени  қажетін  өтеген.  Ескі  қазақ  жазба  тілін  жоққа  шығару  мақсатында 
Н.Ильминский  алғаш  рет  қазақ  тілі  материалдарын  орыс  жазуына  түсіріп,  орыс  əліпбиімен  берген. 
Ондағы  көздеген  мақсаты  –  орыс  əліпбиін  қазақ  оқығандарының  санасына  сіңіру,  сөйтіп,  араб 
əліпбиін жарамсыз етіп көрсетіп, қазақ қоғамын ислам мəдениеті мен рухани дүниелерінен шеттету 
еді.  Н.Ильминский  қазақтарды  ашықтан-ашық  ислам  мəдениетіне  қарсы  қою  əрекетінен  нəтиже 
шықпасын  жақсы  білді.  Қазақ  қоғамындағы  ислам  мəдениетінің  түп  тірегі  жазуда  екенін,  бұратана 
халықтарды дəстүрлі діннен айыру үшін ең алдымен олардың əліпбиін, жазу-сызуын аластату қажет 
екенін  жақсы  түсінді.  Қазақ  қоғамындағы  араб  жазулы  рухани  дүниенің  бірін  «татарша»,  «тілі 
шұбарланған», «таза емес», «араб-парсы сөздерімен шұбарланған» деп қазақтың «ескі жазба тілі» деп 
аталатын рухани-мəдени құндылықты халық тіліне қарсы қойды.  
Осының бəрін ескерген А.Байтұрсынұлы «жазу-сызудың арқауы халықтық тіл болуы» керек деген 
тұжырымды  ұстанып,  жазуды  азғана  оқығандардың  емес,  көпшіліктің  білім,  тəрбие  құралына 
айналдыру,  яғни,  жазуды  дəйекті  түрде  жүзеге  асыруды,  даналықтың  дəнін  себуді  мақсат  етті. 
Сондай-ақ  ағартушылардың  алдында  екі  таңдау  тұрды.  Біріншісі  –  оқу-ағарту,  сауаттандыру  ісінің 
бұқаралық сипат алу үшін араб графикасына негізделген бұрынғы əліпбиді негізге алып, ескі жазба 
тілдің  графика  емле  дəстүрін  сақтай  отырып,  қолданыстағы  жазу  дəстүрінен  қол  үзбей,  азды-көпті 
оңтайландыру  болды.  Екіншісі  –  ескі  жазба  тілдің  графикалық  жүйесінен  мүлде  бас  тартып,  қара 
халықтың  ауызша  тіліне  негізделген  əліпби  жүйесін  жасау.  А.Байтұрсынұлы  екінші  жолды  таңдап, 
ғалым:  «Жақсы  əліпби  тілге  шақ  болу  керек.  Өлшенбей  тігілген  о  жер  бұ  жер  бойға  жуыспай, 
қолбырап, солбырап тұрған кең киім сияқты артық əріптері көп əліпби де қолайсыз. Бойыңды қысып, 
тəніңді құрыстырып-тырыстырып тұрған тар киім сияқты əрпі кем де əліпби қолайсыз болады», – деп 
тұжырымдайды. 
187


А.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап қазақ жазумен айналыса бастайды. Сол күнге дейін өзге 
түркі халықтары сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі 
үшін  қолайлы  емес  екендігін  біліп,  оны  қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесіне  икемдеп,  қайта  түзуді  қолға 
алды.Ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы ескі қазақ жазба тілін күллі қазақ халқының игілігіне айналдыру 
идеясын ұсынды. Сан ғасырлар бойы əдебиетімен мəдениетін ауызша алып келген халықты жаппай 
сауаттандыруды,  білім  беруді  тезірек  қолға  алмаса,  қазақ  қоғамының  заман  ағымына  ілесе  алмай, 
қалып  қоятынын  терең  түсіне  білген  ғалым  жүйесі  аса  күрделі  ескі  қазақ  жазба  тіліне  түбегейлі 
реформа  жасады.  Осы  жолға  бар  білімі  мен  күш-жігерін  арнады.  Алдымен,  ол  араб  əліпбиін 
пайдалана отырып, халық тілінің тоғыз дауысты (а - ə, ы - і, о - ө, ұ - ү, е) жəне он тоғыз дауыссыздан 
(б - п, д - т, г - к, ғ - к, ж - ш, з - с, й, л, м, н, ң, р, у) тұратын дыбыс жүйесін негізге алып, қазақ 
əліпбиін  жасады.  Ол  жазуы  халықтық  тілдің  сөз  үлгілерін  жазба  тілде  бірізді  қолданудың  жүйесін 
жасады.  Сөйтіп,  халық  тіліне  негізделген  жазбаша  тілдің  тұңғыш  рет  оқулықта,  оқу  құралдарында 
заңдастырылған нормасын жасады, тіліміздің заңдастырылған жазу нормаларын негіздеп берді.  
Араб жазуын қазақ дыбыс жүйесіне қарай икемдегенде ғалым төмендегі өзгерістерді ұсынды:  
1. араб əліпбиіндегі жуан дауыссыздардың қазақ тілі үшін қажетсіз таңбаларын алмау;  
2. қазақ тіліндегі ы, е, и, о, ұ, у дыбыстарының əрқайсысына таңба белгілеу;  
3. к, г дыбысынан басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін білдіру үшін сөздің 
алдынан дəйекше таңба қою.  
Бұл  ұсынған  əліпби  негізінде  жаңа  жазу  1912  жылдан  бастап  жұртшылықтың  мақұлдауымен 
өмірдің  барлық  саласында  қолданыла  бастады.  Ұлы  реформатор  неліктен  араб  жазу  үлгісін 
алғандығын былайша түсіндіреді: «Араб əліппесі қазақ арасына дінмен бірге таралған, сіңген. Дінмен 
бірге байласқан əліппені алып тастап, басқа əліппені алдыру – қиын жұмыс. Бұлай болған соң араб 
харіфлерін  қазақ  дыбыстарына  жеткізу  амалын  табу  керек».  Ғалым  осы  бағытта  жұмыстануда  бар 
күш-жігерін  салады.  Əліпби,  жазу,  емле  мəселелеріне  байланысты  жиындарда  ол  өз  əліпбиінің 
оңтайлы екенін дəлелдейді.  
Енді осы аталмыш əліпбидің өзіне тоқталсақ: «қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі – дауысты, 
он жетісі – дауыссыз, екеуі – жарты дауысты. Дауысты дыбыстар: ا (а), ؤ(о),ى (ы), ه (е) و (ұ); дауыссыз 
дыбыстар: ب (б), تغ (п), ن(т), ج (ж), ش (ш), د (д), ر (р),ز (з) س (с), ع (ғ), ق (қ), ف (к), لا (г), ك (ң), ل (л),م 
(м),  ي  (н);  жарты  дауысты  дыбыстар:  و(у),  (й).  Бұл  дыбыстардың  ішінде  қ  мен  ғ  дəйім  жуан 
айтылады, г, к мен е дəйім жіңішке айтылады. Өзге 19 дыбыстардың əрқайсысы екі түрде айтылады: 
бірде  жуан,  бірде  жіңішке.  Дауыссыз  дыбыстардың  кейі  қатаң,  кейі  ұяң  болады.  Соған  қарай 
харіптері де қатаң һəм ұяң деп аталады. Қатаң харіптер: б, п, т, д, ш, с, ғ, к, қ, г; ұяң қаріптер: ж, р, з, 
л, м, н, ң. Ұяң харіптер өзара екіге бөлінеді: 1. ымыралы харіптер: ж, р, з, л; 2. ымырасыз харіптер:м, 
н, ң. Дауысты дыбыстарға дауыссыз дыбыстар бағынбақшы, яғни, дауысты дыбыстар жуан айтылса – 
олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан айтылмақшы, дауысты дыбыстар жіңішке айтылса 
–  дауыссыз  дыбыстар  да  жіңішке  айтылмақшы.  Дауысты  дыбыстарымыз  жіңішке  айтылуы  үшін 
алатұғын  белгіміз  мына  «ء».  Бұл  белгі  дəйекше  болып,  сөздің  алдында  тұрған  жіңішкелік  белгісін 
көрсетіп,  ол  сөздің  ішіндегі  дауысты  дыбыстардың  жіңішке  оқылса,  олармен  қатар  дауыссыз 
дыбыстар  да  жіңішке  оқылады.  Егерде  «...бұл  19  дыбыстың  жуан  айтылғанына  бір  харіф,  жіңішке 
айтылғанына бір харіф керек» десек, 19 дыбысқа 38 харіф керек болар еді, бұған дəйім жуан болатын 
қ  менен  ғ-ларды,  дəйім  жіңішке  айтылатұғын  к,  г  харіптерді  қосқанда,  һəммасына  43  харіф  керек 
болар еді», – деп жазған əліпби жасаушы ғалым. Ғалым өзі құрастырған əліпбиіне х, һ дыбыстарын 
енгізбеген.  Себебі  һ  дыбысын  одағай  сөздерде  ғана  (аһілеп,  уһілеп, аһ  т.б)  кездеседі.  Алайда  кейін: 
«Бұл  əріпті  қазақ  əліппесінен  шығарғанда  «мұнымен  жазылатын  сөздер  аз»  деп  шығарып  едік.  Аз 
болғанымен, тілде бар дыбыс болған соң жоқтығы сезілетін көрінеді», – дейді. «Ал х дыбысы араб, 
парсы сөздер арқылы еніп, қазақтың өз сөздері болып кеткен, сондықтан сақтау керек», – дейді.  
 Біздің қолымыздағы үйреніп жүрген əліпбиде əріп саны – 33. Онда орыс тілінен енген сөздерге 
байланысты  орыс  əріптерінің  де  арабша  үлгісі  көрсетілген.  Ахмет  Байтұрсынұлының  төте  жазуы 
оңнан  солға  қарай  жазылады.  Əр  əріп  төрт  түрлі  таңбаланады:  жеке  тұрғаны,  сөз  басында,  сөз 
ортасында,  сөз  аяғында.  Сонымен  қатар  өзінен  кейін  əріппен  тіркесетін  жəне  тіркеспейтін  түрлері 
бар.  Өзінен  кейінгі  əріппен  тіркесе  алмайтын  əріптер  –  13  (а,  ə,  в,  р,  з,  е...)  өзінен  кейінгі  əріппен 
тіркесетін  əріптер  –  10  (б,  н,  п,  т,  с...),  төте  жазуда  əріпке  қойылатын  нүктенің  орны  ерекше,  оны 
дұрыс  қоя  білу  керек,  əйтпесе  басқа  əріпке  ауысып  кетеді,  ол  –  Ахмет  Байтұрсынұлы  əліпбиінің 
бірден-бір ерекшелігі. 
Ахмет  Байтұрсынұлы  Орынбор  қаласында  1924  жылы  12  маусымда  басталған  Қырғыз  (қазақ) 
білімпаздарының  (оқығандарының)  тұңғыш  съезінде  əліпби  тақырыбына  арналған  баяндама 
жасайды.  Онда  ғалым  латын  əліпбиі  мен  араб  əліпбиі  негізінде  жасаған  əліпбилерді  салыстыра 
188


отырып, түрік жазуының артықшылығына кеңінен тоқталып өтеді: «Араб əрпі латын əрпінен жазуға, 
оқуға оңай. Сауат ашу жүзінде араб əрпінің қолайлығы латын əрпінен артық. Мəшинелерге орнатуға 
араб  əрпінің  жаңасы  латындікінен  анағұрлым  артық,  ескісі  де  орнатуға  келетінін  іс  көрсетіп  отыр. 
Араб əліпбиінің əрпі қазақ тілінің дыбыстарына толық жеткілікті, қандай емле жасауына да келеді. 
Қазақ емлесі нағыз оңай, бұқараға қолайлы емле».  
Түрік əліпбиінің қазақ дыбыстарына тұспа-тұс келгендіктен, өзгертусіз, ережесіз тікелей алынған 
əріптер: а, б, п, т, ж, д, р, з, с, ш, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н, и, барлығы – 19 əріп. Бұрын дербес иемдеген 
дыбысы жоқ болып бірде олай, бірде былай жұмсалып жүргендіктен, ережелеп бекітіп алып отырған 
əріптеріміз: ұ. Латын əліпбиін алуға жасаған жобаға қарағанда латын əліпбиінен қазақ дыбыстарына 
тұспа-тұс келгендіктен, өзгертусіз, ережесіз, тікелей алынатын əріптер: a (а), b (в), d(д), 1(а), m (м), n 
(н),  o  (о),  p  (п),  r  (p),  s  (c),  t  (т),  z  (з),  k  (к),  g  (r)  –  барлығы  14  əріп.  Нақ  тұспа-тұс  келмегенмен, 
жуықтығы  барлықтан  ережелеп  икемдеуге  келетін  əріптер:  е  (e),  j  (ж),  i  (и),  u  (у)  –  бесеу.  Қазақ 
дыбысына жуық келетін де əріп болмағандықтан, өзгертіп алынатын əріптер: g (ғ), k (қ), n (ң), ө (ұ) – 
төртеуі.  Мұның  үстіне  дербес  бір  əріп  келмегендіктен,  екі  белгімен  алынатын  ш  дыбысының  əрпі 
sh(ш) бар. Бұл салыстыру жүзінде латын əліпбиінен түрік əліпбиінің анағұрлым артықтығы айқын-ақ 
көрініп  тұр.  Түрік  əліпбиінде  бір  дыбысқа  екі  əріп  алынбайды;  латын  əліпбиін  алғанда  болатын 
көрінеді.  Жақсы  əліпбидің  екінші  сипаты  –  «жазуға  жеңілдігі»  деп  едік.  Енді  ол  жағынан  да 
салыстырып  қарайық.  Əріп  суретінің  оңай  қиындығы  да  мүшесінің  аз-көбі  де  қалам  сермеуінен 
өлшенеді.  Бұл  жағынан  салыстырғанда  да  түрік  əліпбиінің  анағұрлым  артықтығы  айқын  екендігін 
көру қиын емес. Түрік əліпбиіндегі қалам сермеу саны: а (1/2-1), б (1-2), п(11/2-2), т (11/2-2), ж (11/2-
2), д (1), р (1/2-1), з (1-2), с (1/2-1-3), ш (11/2-2-3-4), ғ (1/2-1), қ (11/2-2), к (2), г (3), ң (3), н (11/2-2), л 
(1),  о  (1),  ұ  (2),  у  (2),  е  (2-1),  ы  (1),  и  (11/2-2),  барлығы  –  33-41;  оның  да  көбі  нүкте;  2)  латын 
əліпбиіндегі қалам сермеу саны: a (2), b (2), p (2), t (2), j (2), sh (2), d (2), r (2), z (2), s (2), g (2), k (2), g 
(3), n (3), n (3), m (3), 1 (1), o (1), ө (2), u (2), e (1), y (2) 6 i (2), барлығы – 53 сермеу...  
...Түрік əліпбиінің жазу үйреткендігі келтіретұғын тағы бір жеңілдігі – түрік əліпбиінің 14 əрпін 
жазып үйренген соң былайғы 10-ы үйретусіз жазылады. Түрік əліпбиінің латын əліпбиінен кем жері – 
баспа  түрінің  дара  болмай,  тіркес  болғандығы.  Баспа  түрін  дараласақ,  ол  жалғыз  кемшілік  те 
жоғалмақшы. Əріпті даралау түрік əліпбиін тастап латын əліпбиін алудан əлбетте оңай болса керек», 
–  деп  түрік  əліпбиінің  артықшылығына  баса  назар  аударып,оның  оқуға  оңай,  жазуға  қолайлы 
жағының  бүге-шігесіне  дейін  қарастырып,  оны  қолданысқа  енгізу  қолайлы  екенін  жан-жақты 
дəлелдей  түседі.  Енді  қазіргі  қолданыстағы  əліпбимен  салыстырып  өтсек,  Ахмет  Байтұрсынұлы 
əліпби жүйесінің, түптеп келгенде, сол кездегі жəне қазіргі жазу жүйесінен өзгешелігі – əріптердің əрі 
дыбыстық  мəнді,  əрі  əуезін  білдіріп,  біте  қайнасып  тұрған  ішкі  құрылымдық  ерекшелігінде.  Біте 
қайнасқан  ерекшелік  –  қазіргі  қазақ  тілінің  сингармонизм  жүйесімен  ерекше  үйлесім  табады. 
Реформатор түзген əліпби жүйесінде фонемалар мен əріптердің сандық қатынасы 28 фонема, 24 əріп 
болып шығады. Ал бүгінгі орыс алфавитіне негізделген əліпбиде 37 фонема, 42 əріпті құрайды. Оның 
ішінде басқа тілден енген сөзге байланысты қосарлы дыбыстар, таңбалар кіреді.  
 А.Байтұрсынұлына  дейін  араб  əліпбиіне  негізделген  қазақ  жазуының  тұрпаты  жуан  немесе 
жіңішкелік белгілерді дауыссыздардың ырқына бағындырып бейнелейді, яғни, дауыстылардың жуан, 
жіңішкелігі дауыссыздардың жуан немесе жіңішкелік таңбасына қарай оқылады. Ал орыс əліпбиіне 
негізделген  жазу  болса,  біріншіден,  сөздің  жуан,  жіңішкелігіне  тəн  белгілерді  жеке  дыбыстармен 
«бөлшектеп»  береді,  екіншіден,  дауыссыздар  жүйесінің  дауыстылар  жүйесіне  бағыныңқылық 
қатынасы ескерілмеді. 
 Қазіргі қолданылып жүрген орыс графикасына негізделген жазуды «ұлттық сипаттағы жазу» деп 
тануға  болмайды,  өйткені,  біріншіден,  əліпби  құрамында  қазақтың  дыбыс  жүйесін  бейнелемейтін 
əріптер бар. Екіншіден, қазақтың төл сөздері қазақ тілінің дыбыс ережесімен, ал толып жатқан кірме 
сөздер  орыс  орфографиясымен  жазылып  жүр.  Қазіргі  жазуымыздағы  х  дыбысының  фонемалық 
қасиеті жөнінде бірізділік болмауы себепті (хабар – қабар, хош – қош) жазуда қиындық келтіруде. А. 
Байтұрсынов х, һ, ц, ч, в, ф, щ, э дыбыстары қазақ тілінің фонемалар құрамына ендірмеген, оларға 
арнайы таңба арнамаса да, қосымша əріптермен қалай жазу жолдарын көрсеткен. 
 Төте  жазуды  кезінде  «бір  əріптің  төрт  түрлі  таңбалануы  балалардың  үйренуіне  қиындық 
туғызады»  деп  ғұмырын  ұзақ  қылмады,  əрине,  оның  астарында  басқа  нəрсе  жатты,  ол  –  кезінде 
Орталықтың нұсқауымен жасалған тұтас бір халықтың рухани өміріне жасаған қиянат еді. Сөзімізді 
түйіндей келе, «төте жазуды үйрену бүгінгі таңда жоғарыдан төмен қарай оқып, бір таңбасы бір сөз 
болып кететін қытай тілі мен жазуын үйренуден қиын болмас» деп ойлаймын. Сондай-ақ компьютер 
тіліндегі араб шрифін төте жазуға айналдыру қиын шаруа емес екені – белгілі жайт.  
Əліпби – тек сауат ашу ғана емес, ілім – білім үйренудің бастау көзі, ғылымға апаратын сара жол. 
189


М.Əуезов  тілімен  айтсақ,  «Ақаң  ашқан  қазақ  мектебінің»  ұстанымы  –  қазақ  баласын  ана  тілінде 
сауатын  аштырып  қана  қоймай,  оның  əлеуметтік  ортада  ой-танымы  мен  талғамын  қазақша 
қалыптастыру болды.Алайда төте жазудың Кеңес Одағындағы ғұмыры ұзаққа бармады. 1929 жылы 
Қазақ  жазуы  латын  графикасына  негізделген,  29  əріптен  тұратын  жазуға  көшті.  Ал  1940  жылы 
қараша айынан бастап латын негізінде қазақ жазуы 41 əріптен тұратын осы күнгі орыс графикасына 
бейімделген жазуға көшті. Ал Қытай Халық Республикасындағы миллионнан астам қандасымыз осы 
күнге дейін төте жазуды қолданып келеді.  
Қазіргі  таңда  егемендігімізді  алып,  еңсемізді  көтеріп,  өзге  елдермен  тереземіз  тең  болған  шақта 
ұлтымыздың  тілі  мен  діні,  салты  мен  дəстүрі,  əдеті  мен  ғұрпын  түгендей  бастаған  тұста  ұлттық 
жазуды  көксеуіміз  де  –  заңдылық.  Осы  орайда  «Ахмет  Байтұрсынұлы  түзген  ұлттық  жазуымызды 
мектеп  бағдарламасына  енгізіп,  барлық  оқу  орындарында  міндетті  пəн  ретінде  оқыту  керек»  деп 
ойлаймыз.  Өзіміздің  қазақы  табиғатымызға  жақын  төте  жазу,  қазақтың  бірден-бір  ұлттық  жазуын 
бүкіл  қазақ  баласы  меңгерсе,  ғалым  еңбектерін  түпнұсқадан  оқыр  еді.  Қазақ  хандығы  құрылған 
кезеңнен  бастап  араб  жазуымен  таңбаланған  дүниелерді  түпнұсқадан  оқуға  мүмкіндік  алар  едік. 
Ғалым  өзі  түзген  жазуды:  «Араб  əрпінен  жасап  алған  əліпбиімізге  жер  жүзінде  əліпби  баласы 
жетпейді»,  –  деп  бағалаған  болатын.  Ендеше,  санаулы  ғұмырын  ұлт  мүддесі  үшін  сарп  еткен  Ұлы 
Даланың Ұлы Ұстазының еңбегін ұлтымыздың игілігіне жаратуымыз керек.  
 
Əдебиет:  
1.  Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығармалар жинағы. – 3-том. - Алматы: Ел-шежіре, 2013. - 384 б. 
2.  Əбділəшімұлы  Д.  Жүңгө  бірінші  тарихи  мұрағатында  сақталған  қазақша  құжаттар.  -  Алматы:  Елтаным 
баспасы, 2016.  
 
 
Өмірзақ С. 
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті 
 
Ахмет Байтұрсынұлының сөз өнері жайлы тұжырымдары туралы таным 
 
Бүгінгі  таңда  қазақ  əдебиетінің  прозасы  төселген,  поэзиясы  қалыптасқан,  тарихы  нақтыланған, 
теориясы  мен  сыны  жүйеленген  қалыпқа  түскеніне  осы  салада  талай  жылдан  бергі  екшеленген 
еңбектер куə. «Əдебиет ұлтқа қызмет етуі керек» деген қағиданы ұстанған, сол жолда аянбай қызмет 
еткен  тарихи  тұлғалардың  бірегейі  –  Ахмет  Байтұрсынұлы.  Алаштың  ақиық  арысы  еліміздің  ел 
болып  қалуы,  ұлтымыздың  ұлттық  сипаттан  айырылмай,  дербестікке  жетуі,  қазақ  халқының 
мəдениеті жоғары, басқа мемлекеттермен терезесі тең, білім бəйгесінде озық елдер қатарында болуын 
қалаған  қайраткер  əрі  көрнекті  ғалым  –  саналы  ғұмырында  тіл  жанашыры  болып  қана  қойған  жоқ, 
елдің тəуелсіздігі, жердің дербестігі, дін мен діл мəселесі, оқу жайы, ұлт тағдыры т.б. өз уақытында 
өзекті болған мəселелерді шешуде сарабдал жол көрсеткен рухани көшбасшы.  
Əдебиет  саласындағы  туындылары:  «Қырық  мысал»  (1909),  «Маса»  (1911),  «Ер  Сайын»  (1923), 
«23 жоқтау» (1926) «Əдебиет танытқыш» (1926), қоғамдық-əлеуметтік мəселелерді көтерген бас һəм 
бірегей  мақалалары  қазақ  əдебиетінің  бағытын  дұрыс  арнаға  бұрды.  А.Байтұрсынұлы  1913  жылы 
жариялаған  «Оқыту  жайынан»  атты  мақаласында  сол  күндегі  қазақша  оқыту  мəселесін  қозғайды. 
Білім  берудегі  кемшіліктерді  («Əуелі  оқу  құралы  кітаптар  жоқ...,  екінші,  қазақ  мектебіне  түзелген 
программа  жоқ,  онсыз  оқу  бір  жөннен  шықпайды.Үшінші,  бала  оқыту  ғылымынан  хабардар 
мұғалімдер  аз»)  санамалап  көрсетеді  [1].  Оларды  көрсетіп  қана  қоймай,  бала  оқытуға  арналған  оқу 
құралдары  мен  оның  əдістемелік  нұсқаулықтарын  –  «Оқу  құралы»  (1912),  «Тіл  –  құрал»  (1914), 
«Əліпби» (1914), «Баяншы» (1926), «Жаңа əліппе» (1926-1928) еңбектерін жазады.  
А.Байтұрсынұлы:  «Мəдениет  күшейеді  өнер-білім  күшімен,  өнер-білім күшейеді  оқумен.  Оқу  ісі 
сабақтас əдебиетпен. Оқу əдебиетті күшейтеді, əдебиет оқуды күшейтеді. Оқу мен əдебиет бірін бірі 
қолдап,  бірін  бірі  көтермелеп,  бірін  бірі  сүйрейді.  Оқусыз  əдебиеттің  күні  жоқ,  əдебиетсіз  оқудың 
күні  жоқ, қазақта оқу  да,  əдебиет  те жаңа  ғана көктеп көзге  ілінген күйде тұр.  Оның өсіп,  үлкейіп, 
гүлденуі үшін көп іс, көп күш керек. Сол көп істі қолынан келгенше істейтін, сол көп күш шамасынан 
келгенше сарп ететін қазақ қалам қайраткерлері», – дей келе, қазақ қалам қайраткерлерінің атқарар 
міндеттерінің  соншалықты  жауапты  екендігін,  ал  əдебиеттің  қоғам  мен  əлеумет,  білім  алу  үшін, 
сайып келгенде, мемлекет үшін қаншалықты маңызға ие мықты қару екендігін айтады [1]. 
«Ахмет  Байтұрсынұлы  –  қазақ  филологиясының  негізін  қалаушы»  деген  пікірдің  қалыптасуына 
ғұламаның  өз  еңбектері  тікелей  ықпал  еткені,  ғалым  ресми  ақталғаннан  кейін  зерттеп,  зерделеу 
барысында  мойындалғаны  баршамызған  аян.  А.Байтұрсынұлының  «Əдебиет  танытқыш»  атты 
туындысының  əдебиеттану  ғылымынының  негізін  қалаған  іргелі  еңбек  болғаны  ғылыми  тұрғыдан 
дəлелденіп,  əдебиетті  оқыту  жүйесіне  дендеп  орнықты.  Əдебиеттанушы  ғалымның  осы  зерттеу 
190


еңбекті жазудағы мақсаты – ауыз əдебиетінде қалыптасып, ежелгі дəуірді басынан кешіріп, тарихтан 
мəлімет  беретін  хандық  дəуір  əдебиетіне  айналған,  енді  ғана  классикалық  деңгейге  аяқ  басып  келе 
жатқан жалпы əдебиеттің теориялық негізін қалап, бір жүйеге келтіру, оқытудың тұрақты жосығын 
(бағдарын) жасау еді. Еңбекте қазақ əдебиетіне байланысты мəселелер жүйеленген.  
«Əдебиет танытқыштың» аңдатуында: «өнерге» анықтама береді де оны «сəулет өнері» (еуропаша 
– архитектура), «сымбат өнері» (еуропаша – скульптура), «кескін өнері» (орысша – живопись), «əуез 
өнері»  (еуропаша  –  музыка)  жəне  «сөз  өнері»  (қазақша  –  асыл  сөз,  арабша  –  əдебиет,  еуропаша  – 
литература) сынды бес топқа топтастырады. Осылардың ішінде сөз өнеріне кең ауқымда тоқталады 
да оны «өнердің ең алды» деп бағалайды. Осы жерде назар аударатын дүние – «қазіргі əдебиет» деп 
атап  жүрген  ғылымымыздың  біресе  «шығарма,  біресе  литература»  деген  ұғымдардың  жетегінде 
жүргендігі туралы өзекті мəселеге былай нүкте қояды: «...Сөз өнерінен жасалып шығатын нəрсенің 
жалпы  аты  –  шығарма  сөз,  ол  аты  қысқартылып,  көбінесе  «шығарма»  деп  айтылады.  Ауызша 
шығарылған  сөз  болсын,  жазып  шығарған  сөз  болсын  бəрі  «шығарма  сөз»  болады.  Шығарманың 
түрлері толып жатыр, оның бəрін шумақтап бір-ақ атағанда, арабша «əдебиет», қазақша «асыл сөз» 
дейміз»,  –  дейді  [3].  Мұндай  қорытындыдан  сөздің  бағасын,  қадір-қасиетінің  қаншалықты  құнды 
екендігін анық аңғаруға болады. Шығарманың танадай көзге ұрынып тұрған дүниелері деп «тақырып, 
жоспар,  мазмұн,  түрді»  атап  көрсетеді:  «Тақырып  –  əңгімедегі  пікір  не  туралы  болса,  сол  нəрсе 
тақырыбы  болады.  Жоспар  –  сөз  шығарудан  бұрын  шығарушы  айтатын  пікірін  қай  ретпен 
жазылатынын мерзімдеп, жоспарлап алады... Əңгіменің жоспарын шығарушы адам я ойында белгілеп 
алады я қағазға жазып алады. Қай шығарма сөзде де болса жоспар болады, бірақ біреуінің жоспары, 
тəртібі сара-сара болады. Біреуінің жоспары тəртіпсіз, былықпа, ашық болмайды. Мазмұн – бір нəрсе 
туралы  ойға  алған  пікірді  айтуға  жұмсалатын  бүкіл  сөзіміз.  Шығарманың  тақырыбынан  басқасы 
мазмұн болады. Түрі жөнінде шығарманың түрі қай-қай түрде айтылса, сол түрі «шығару түрі» деп 
айтылады.  
Мазмұнды үш мүшеге: «аңдату», «мазмұндау», «қорыту»; түрді «жай сөйлеу түр», «сөйлестірген 
түр»,  «хат  түрі»,  «аралас  түр»  деп  топтастырады.  Мазмұнда  байқалатын  негіздік  түрлерге  «əуезе», 
«əліптеу», «байымдауды» көрсетеді. 
Кез  келген кəсіптің  материалы  болатыны  сияқты,  сөз  өнерінде жұмсалатын  зат  –  сөз  деп  біледі. 
Сөз  шумағын  «тіл»  деп  атайды.  Шығарма  тілін  екіге  бөліп:  ақын  тіліне  «айрықша  өң  беріліп 
айтылған сөз» деп, əншейін тілге «өң берілмей, жай айтылған сөз» деп анықтама береді. Автор тек, 
түр жағынан ғана бөліп қана қоймай, шығарманың екі жағы: ішкі пікір жағы жəне тысқы тіл жағын 
көрсетеді. А.Байтұрсынұлының пайымдауынша, «сөз қисыны» дегеніміз – асыл сөздің асыл болатын 
заңдарын,  шарттарын  танытатын  ғылым.  Ғалым  «Сөз  қисынында»  тек  қана  сөз  өнеріне  анықтама 
беріп қана қоймай, сол сөздің дұрыс қолдануын да көтереді: «Айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге 
үшін айтады. Сондықтан ол өзін қиналмай түсінетін қылып айту керек». Сөзді қолдана білу үшін ойға 
сəйкес келетін сөздерді таңдап ала білу керектігін шегелейді. Адам айтайын деген ойының жеткізуде 
сөздің  ұнамды,  өңді  болуы  үшін  мынандай  шарттарды  санамалап  береді:  «1.сөз  дұрыстығы;  2.  сөз 
тазалығы; 3.тіл анықтығы; 4.тіл дəлдігі; 5.тіл көрнектілігі» [3]. 
Еңбекте  тілдің  стилистикалық  айшықтары  –  көрнектеу,  меңзеу,  бейнелеу,  алмастыру,  кейіптеу, 
бернелеу,  əсірелеуге,  əсірелеудің  тармақтарына,  поэтикалық  сипаттар  тілдің  əуезділігіне  кеңінен 
тоқталады.  Көркем  сөздің  жүйесі  мен  оның  негізгі  белгілерін  жазып,  ауыз  əдебиеті  мен  жазба 
əдебиетті  теориялық  түрден  сипаттайды.  Бір  өкініштісі  –  «Əдебиет  танытқыштың»  Алматыда 
сақталған  нұсқаларының  соңғы  беттері  жыртылғандықтан,  əдебиеттанушы  ғалымдар:  Р.Нұрғали, 
З.Қабдолов,  Т.Кəкішұлы,  А.Ісімақова,  Ө.Əбдиманұлы,  Ж.Смағұлов  т.б.  ғалымдар  мəтіннің  түгел 
берілмей отырғаны туралы жазған болатын [4]. «Əдебиет танытқыштың» құрылымдық ерекшелігі – 
тараулардың,  жекелеген  тұжырымдардың  реті  бір-бірінен  туындап  отыратын  қисындылығында.  Ал 
мəтіндегі  теориялық  əдіске  негізделген  баяндау  тəсілінің  бірден-бір  ерекшелігі  –  нəрсенің 
анықтамасын айтудан бұрын оның ерекшелігі жан-жақты сипатталған [5].  
Қорыта  айтқанда,  «Əдебиет  танытқыштың»  жарық  көргеніне  қанша  уақыт  өтсе  де,  ол  өз 
құндылығы  мен  маңызын  жоғалтқан  емес,  тіпті  қазақ  əдебиеттану  ғылымындағы  темірқазыққа 
айналуда.  А.Байтұрсынұлы  осы  еңбегі  арқылы  қазақ  əдебиеттануының  негізін  қалаумен  қатар 
болашақта да əдебиеттану ғылымының теориялық тұрғыдан дамуына жол ашары даусыз.  
 
Əдебиет: 
1.
  Ұлттың ұлы ұстазы. – Алматы, 2001. – 16-27-б. 
2.
  Ахметтану тағылымдары. – Алматы: Ғылым, 1998. – 244 б. 
3.
  А.Байтұрсынұлының шығармалары. – 1-том. – Алматы: Ел-шежіре, 2013. – 384 б.  
4.
  Имаханбетова  Р.  Ғасыр  саңлағы:  А.Байтұрсынұлының  шығармашылық  ғұмырбаяны.  -  Астана,  2010.  – 
304 б. 
5.
  Еркінбаев Ұ. Əдебиет танытқыштың теориялық негізі. – Алматы, 2008. – 168 б. 
191


ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ  
 
 
Жұбанов А. 
филол.ғ.д., профессор, А. Байтұрсынұлы атындағы  
Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері 
Карбозова Б. 
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының  
кіші ғылыми қызметкері 
 
Метамəтіндік белгіленімдер негізінде салалық пəндердің  
терминологиялық қорын құрастыру 
 
Ахмет Байтұрсынұлы мен Құдайберген Жұбанов бастап дамытқан қазақ тіліне қатысты терминдер 
белгілі  дəрежеде  қалыптасқанымен,  басқа  ғылыми  пəндердің  қазақша  терминдік  жүйесі  əлі  де 
жинақтауды,  зерделеуді  қажет  ететіні  белгілі.  Сондықтан  да  оқулықтарды,  сөздіктерді  пайдалана 
отырып, олардың түсініктемесін, түсіндірілуін айқындау қажет болып отыр.  
Қазіргі  кезеңде  қазақ  тілінің  сөздік  қоры  жаңарып,  тіл  білімінің  арнасы  кеңеюіне  байланысты 
оқулықтар мен сөздіктер де уақытқа сай өзгеріске ұшырауда. Жарық көріп жатқан сөздіктерде соңғы 
жылдары  пайда  болып  жатқан  қазақ  жəне  орыс  тілдеріндегі  жаңа  сөздер  мен  байырғы  сөздердің 
түсіндірмелері  мен  қолданыстары  енгізілуде.  Сол  сияқты  ондай  сөздіктерде  қазақ  əдеби  тілінің 
нормаларына  сəйкес  жəне  күнделікті  қарым-қатынаста,  оқыту  жүйесінде  жиі  қолданылатын  сөздер 
орын алуда. Айтылуы қиын қазақ немесе шет тілінің сөздері мен сөз тіркестерінің транскрипциясы 
беріліп,  реестр  сөздерінің  стильдік  ерекшеліктері  қалыптасқан  ескертпелер  мен  шартты  белгілер 
арқылы  көрсетіп  беру  жұмысы  да  атқарылып  жатыр.  Əртүрлі  мақсатты  ұстаным  ететін сөздіктерде 
сөздің қолдану сипатын жан-жақты қамту үшін кеңінен таралған қазақтың мақал-мəтілдері, сөздердің 
негізгі  жəне  ауыспалы  мағыналарын  айқындайтын  сөз  тіркестері  келтіріліп,  омонимдер  мен 
көпмағыналы сөздер қатарларына ерекше көңіл бөлу ойластырылуда.  
Терминологиялық  қорын  құрастыруға  қатысты  ең  алдымен  айтайын  дегенім  –  А.Байтұрсынұлы 
атындағы  Тіл  білімі  институтында  Қазақ  тілінің  ұлттық  корпусы  бой  көтеруде.  Мəтіндер  корпусы 
деректерді  іздеп-табуға  арналған  бағдарламалық  құралдарды  өз  қатарына  қосумен  бірге, 
статистикалық ақпаратты алуды жəне пайдаланушыға алынған нəтижелерді ыңғайлы түрде ұсынуды 
көздейтін мамандандырылған іздестіру жүйесі деуге болады. 
Мəтіндер корпустарынан қажетті ақпаратты іздеп-табу əрекеті кез келген сөз бойынша конкорданс 
құрастыруға мүмкіндік жасайды, яғни, іздеген сөздің барлық қолданысының мəнмəтіндік көрінісінің 
тізімін  жəне  сол  қолданыстың  қай  дерекнамада  кездескеніне  сілтеме  жасай  алады.  Сонымен  бірге, 
корпустар жазба тілі мен сөйлеу тілінің статистикалық мəліметтері жайында жəне басқа да көптеген 
анықтамалар  түрлерін  алуға  мүмкіндік  береді.  Мысалы,  корпустар  негізінде  сөзформалардың, 
лексемалардың,  грамматикалық  категориялардың  қолдану  жиілігі  жайында  мəліметтер  алуға  жəне 
ондай  жиіліктердің  контекст  пен  уақыт  кезеңдеріне  қатысты  өзгеріске  ұшырауын  жəне  лексикалық 
бірліктердің тіркесе қолдануын жəне т.б. қадағалап отыруға мүмкіндік туады. 
Белгілі  мерзім  аралығындағы  тілдік  деректердің  тұлғалы  ауқымы  (массиві)  тілдің  лексикалық 
құрамының  өзгеру  процесі  динамикасын  зерттеуге,  əртүрлі  жанрлар  мен  авторлар  шығармалары 
мəтіндеріндегі лексика-грамматикалық сипаттамаларына талдау жүргізуге жағдай жасайды.  
Корпустар базасы əртүрлі тарихи жəне қазіргі кездегі көпаспектілі лексикографиялық сөздіктерді 
дайындау  кезінде  жоғары  деңгейдегі  құрал  ретінде  де  қызмет  атқарады.  Сол  сияқты  корпус 
мəліметтері  тілді  оқыту  мақсатындағы  грамматикаларды  құрастыру  мен  оның  кейбір  тұстарын 
айқындай түсу үшін де қолданылады. 
Сонымен,  бүгінгі  таңда  корпустық  лингвистика  тіл  біліміндегі  жаңа  бағыт  ретінде  қалыптасып, 
компьютерлер мен электрондық корпустар көмегімен зерттеуді жəне оны ақиқат өмірде пайдалануды 
мақсат етеді. Егер тіл біліміндегі синтаксис, семантика жəне əлеуметтік лингвистика сияқты салалар 
тілдік  құрылымды  сипаттау  мен  баға  беру  немесе  тілдік  қолданыс  жақтарын  қарастыруды  мақсат 
етсе, корпустық  лингвистиканы  одан  кеңірек  ұғымда  түсінген жөн, себебі  оның  əдіснамасын  тілдік 
зерттеулердің көптеген аспектілеріне қолдануға болады. 
Егерде  корпусқа  енгізілетін  мəтіндерге  метамəтіндік  белгіленім  енгізілетінін  ескерсек,  салалық 
пəндердің  терминологиялық  қорын  құрастыруды  да  зерттеу  мақсаты  етіп  қоюға  болады. 
Метамəтіндік  белгіленімдер  бойынша  қор  құрастырушы  қазақ  тілінің  ұлттық  корпусынан  қалаған 
салаға  қатысты  пəндердің  мəтіндерін  тауып  алуына  жəне  олардағы  терминдік  бірліктерді  де 
жинақтап алуына мүмкіндігі мол. 
192


Егемен еліміздің орта жəне жоғары оқу орындарында салалық пəндерді мемлекеттік тілде оқыту 
көптеген күрделі, кезек күттірмейтін мəселелерді шешуді талап етіп отыр. Осыған байланысты басты 
мəселенің  бірі  –  сөздіктер,  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  құрастырғанда  педагогикалық  процеске 
негіз  болтын  қазақ  тілінің  жалпы  лексикалық  қорын  жəне  салалық  пəндердің  терминологиясын 
құрастыру.  
Қазақ  тіліндегі  əр  салалық  пəндерге  қатысты  терминдерін  қалыптастыруда  орыс  халқы  мен 
туыстас  түркі  халықтарының  озық  тəжірибелеріне  сүйенетін  ғалым-лексикографтарды  күрделі 
жұмыстар күтіп тұр деуге болады. Атап айтар болсақ, халық ауыз əдебиетінің бай мұрасы мен қазақ 
халқының  тұрмыс-тіршілігіне,  салтына  тəн  көптеген  ежелгі  атаулар  мен  терминдерді  оқырманның 
жас  ерекшелігіне,  білім  деңгейіне  қарай  сөздіктер  мен  оқу  құралдарында  орынды  пайдалана  білу 
жүзеге асар еді.  
Қай  ғылым  саласын  алсақ  та,  оның  өзіне  тəн  метатілі  болатыны  мəлім.  Метатіл  ұғымына  тек 
терминдер  ғана  емес,  жалпы  ғылыми  лексика  да  енеді.  Ал  мұндай  метатілдің  қалыптасуына 
сөздіктердің  де  əсері  болатындықтан,  көпшілік  ғалымдар  тіл  білімінің  лексикография  саласын 
теориялық жəне практикалық негіздемесі бар ғылыми пəн ретінде қарастыруды жөн санайды.  
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  жанындағы  Мемлекеттік  терминологиялық  комиссиясының 
əр  жылдары  ресми  бекіткен  түрлі  сала  терминдері  жинақталып,  дүркін-дүркін  жеке  сөздік  түрінде 
шығарып  тұру  да  дəстүрге  айналды.  Осындай  лексикографиялық  жұмыстардың  нəтижесі  ретінде 
1976,  1979,  1990  жылдары  тілші  ғалым  А.Əбдірахмановтың  құрастыруымен  шыққан  «Атаулар  мен 
терминдер» сөздігі, 1996 жылы жарық көрген Б.Қалиев пен Ш.Құрманбайұлының «Орысша-қазақша 
жəне қазақша-орысша терминдер сөздігі», Тілдерді дамыту департаментінің 1998 жылы Т.Алпысбаев 
пен  А.Əбдірахмановтың  жəне  1999  жылы  жарық  көрген  құжаттар  жинағының  басын  қосып,  2002 
жылы  басылып  шыққан  «Терминологиялық  жинақ»,  сондай-ақ  салалық  терминологиялық  орысша-
қазақша,  қазақша-орысша  сөздіктердің  31  томы  «Рауан»  баспасынан  жарық  көрді  (2000).  Осы 
аталғандардың  қатарына  1998  жылы  «Ғылым»  баспасынан  шыққан  Б.А.Жұбановтың  25677  сөзді 
қамтитын  көптілді  (ағылшын,  неміс,  орыс  жəне  қазақ  тілдері  бойынша)  «Химиялық  сөздікті», 
А.Салқынбай  мен  Е.Абақанның  авторлығымен  «Сөздік-словарь»  баспасынан  1998  жылы  шыққан 
«Лингвистикалық  түсіндірме  сөздікті»,  Т.Момынов  пен  А.Рақышевтың  1999  жылы  «Атамұра» 
баспасынан жарық көрген орысша-қазақша «Медициналық сөздікті» жатқызуға болады. Сол сияқты 
М.Қазбеков  пен  Р.  Шойбековтың  «Русско-казахский  словарь»  атты  сөздіктің  (1996),  2002  жылы 
«Аруна»  баспасы  шығарған  30000  сөзді  қамтитын  мектеп  оқушылары  мен  жоғары  оқу  орындары 
студенттеріне арналған «Сөздіктің» (10000-нан аса сөз, құрастырғандар: Б.Исмағұлова, Э.Ережепова, 
Г.Əбдіжапарова)  жəне  2006  жылы  Астанада  жарық  көрген  З.Ө.Жантекеева  мен  О.Нақысбектовтың 
«Қазақша-орысша  жəне  орысша-қазақша  оқушыларға,  студенттерге  арналған  сөздіктің»  (14000  сөз) 
де қазақ жəне орыс тілдерін оқып-үйрену кезінде аса құнды лексикографиялық еңбектер екені белгілі.  
Осы бағыттағы аталған жəне басқа да аттары аталмай қалған көптеген басылымдардың қазақ тілін 
оқыту  процесінде,  əсіресе,  жоғары  білімді,  білікті  мамандар  дайындауда  игі көмегін  тигізері  сөзсіз. 
Қазіргі  жағдайда  оқу  процесін  қамтамасыз  ету  үшін  арнайы  маман-педагогтар  мен  ғалым-
лексикографтардың  араласуымен  қазақ  тілінің  оқулықтарын,  оқу  құралдарын,  көптілді  аудармалы, 
түсіндірмелі жəне энциклопедиялық сөздіктерін сапалы құрастыру заман талабы деуге болады.  
Оқу  лексикографиясы  жалпы  лексикографияның  жас  саласы  болып  саналады.  Солай  бола  тұра, 
оның да өзіне тəн жақсы зерттелген тарихы мен дəстүрі бар. Оқу лексикографиясының ғылыми пəн 
ретіндегі өзіне тəн ерекшелігі, оның жалпы лексикография, лексикология, семасиология психо жəне 
əлеуметтік лингвистика жəне т.б. салалардың тілді үйрету əдістемесіне қатысты мəселелерімен тығыз 
байланысты  болуында.  Сондықтан  оқу  лексикографиясы  дəстүрлі  жалпы  лексикографияның 
мəселелерімен  қатар,  мынандай  көптеген  əдістемелік  факторларды  ескеруді  қажет  етеді:  оқыту 
кезеңдеріне  қатысты  сөйлеу  əрекетінің  түрі,  тілді  үйренушілер  үшін  тілдің  ана  тілі  (немесе  аралық 
тіл) екендігі жəне қажетті тілдік ортаның болу-болмауы, жас ерекшелігі мен жалпы мəдени деңгейге 
қатысты болуы жəне т.б. мəселелер. 
Осы  аталған  лингвистикалық  жəне  методологиялық  факторлар  тек  бірдей  (жəне  кешенді) 
дəрежеде  ескерілсе  ғана  оқу  лексикографиясын  пайдалануға  байланысты  ана  тілін  не  шет  тілдерін 
үйретудегі  оқу  сөздіктеріне  қатысты  дұрыс  əдістемелік  нұсқау  беруге  болады.  Лексикографияның 
жалпы  теориясы  принциптерін  орынды  пайдалану  негізінде  тілді  үйрету  жолындағы  ескірген 
əдістерге  жол  бергізбей,  ішкітілдік  жəне  тіларалық  баламалардың  шегін  анықтауға,  лексика-
семантикалық тіркесім жəне т.б. айқындауға мүмкіндік туғызады.  
Əдістемелік факторларды ескеру негізінде мына жайттар анықталады[1, 309]:  
1) сөздіктің адресаты (мектеп оқушысы, студент жəне т.б.);  
2) сөздіктің типі (біртілдік немесе аударма);  
3) сөзтізбе көлемі (минимум сөздік, орта немесе толық);  
193


4)  сөздік  мақаласының  құрылымы,  ондағы  лексикалық  материалдың  берілу  əдіс-тəсілі 
(эквиваленция,  дефиниция,  безендірілу,  лексика-семантикалық  топтағы  басқа  сөздерге  қарама-
қарсылығы)  синонимия,  анонимия,  паронимия,  ассоциативтік,  тіркесімдік,  грамматикалық, 
орфоэпиялық жəне стильдік ерекшеліктері жəне т.б.  
5) полиграфиялық орындалуы.  
Лексикорграфияның жалпы  теориясын  дұрыс ескеру  тілдік  ақиқаттықты шынайы көрсете  білуге 
мүмкіндік  жасайды.  Ал  методикалық  талаптар  оқу  сөздігіндегі  ең  маңызды  деген  жайттарды, 
мысалы, сөздіктің тілді үйренуге бағытталуын, белгілі оқыту кезеңі мен оқыту формасын қолдануын, 
яғни, оның қызметін анықтайды.  
Оқу лексикографиясының тəуелсіз лингводидактикалық пəн болуының мəні, оның тіл білімі мен 
методиканың өзара тығыз байланыстылығы мен өзара қатыстылығында жатыр.  
Шынында  да,  егер  қазіргі  түсінікте,  оқу  лексикографиясы  тіл  білімінің  ең  бір  жас  саласы  бола 
тұра,  практикалық  тұрғыдан  алғанда  оны  бұрыннан  келе  жатқан  сала  деуге  болады.  Бұлай 
тұжырымдау  үшін,  кез  келген  сөздікті,  ең  алдымен,  дидактикалық  шығарма  деп  түсінген  жөн. 
Лексикограф,  яғни,  сөздік  авторы  оқулықтың  авторы  тəріздес,  қоғам  (ұжымдық  тіл  иесі)  мен  жеке 
адам аралығындағы делдал ретінде қызмет етеді. Сондықтан кез келген сөздік типінің қызметі – жеке 
адамның  санасындағы  білім  мен  ұжым  санасындағы  білім  аралығындағы  айырмашылықты  жоюға 
талпыныс деуге де болады.  
Сонымен,  оқу  лексикографиясы  сөздік  құрастырудың  алғашқы  даму  кезеңінің  өзінде-ақ  пайда 
болды  деуге  болады.  Себебі  бастапқы  кезеңдердегі  сөздіктердің  аттарының  өзі-ақ,  олардың 
дидактикалық  міндеттерін  нұсқап  отырды.  Мəселен,  бірінші  латынша-ағылшынша  сөздік 
«Promptulorium  parvulorum»  деп  аталған,  яғни,«Балаларға  арналған  сөз  қойма».  Ертеректегі 
французша-латынша  сөздіктер  –  «Commentarius  puerorum»,  яғни,«Жастарға  арналған  түсіндірме 
сөздік» деп жəне т.б. аталған. Бері келе мұндай сөздіктердің оқуға бағыттағыш сипаты екінші орынға 
ауысып, біріншіге – түсіндірме, тарихи, этимологиялық сөздіктер типтеріне ауыса бастайды.  
Лексиканы  оқыту  мақсатының  нысаны  етіп  алуға  арналған  əдебиеттерді  талдай  келе,  ғалым 
В.В.Морковкин мынандай негізгі бес аспектіні бөліп қарастырады [2, 31-35]: 
1.  Оқу  сөздіктері.  Мұндай  сөздіктерге  қатысты  мəселелер,  əсіресе  сөзтізбе  құрылымын  талдау 
мен  оқу  сөздіктерінің  типтері  жайлы  мəселелер  толық  зерттелді  деуге  болады.  Бірақ  бұл 
зерттеулердің негізгі мақсаты əр типті сөздіктерде орын алатын ұқсастық пен айырмашылықтардың 
аналитикалық мəселелері, лексиканың семантикасын анықтаудың тəсілдері жəне т.б.  
2.  Лексикалық  минимум  сөздіктері.  Қазіргі  кезде  тілдің  сөздік  қорын  минимизациялау 
теориялық  жағынан  барынша  зерттелді  деуге  болады.  Соның  нəтижесінде  оқу  формасына  қарай 
көптеген  лексикалық  минимум  сөздіктері  құрастырылды.  Бірақ  оқу  процесінде  лексикалық 
минимумның  барлық  артықшылығын  орынды  пайдалану  үшін,  ол  жан-жақты  сипатта  жүзеге  асуы 
жəне оқу барысының барлық кезеңдерін түгел қамтуы қажет. Əрине, бұл аталған мəселелердің əлі де 
толық шешімі табылмай келеді.  
3. Лингвостатистикалық зерттеулер. Мұндай зерттеулердің нəтижелері əдетте жиілік сөздіктер 
мен үлестірімді жиілік сөздіктер (қолдану жиілігі əр стиль бойынша үлестіріліп берілген) түрлерінде 
көрініс табады.  
4. Лексикографиялық типтегі лексикаға қатысты оқу құралдары. Əртүрлі тілдерге арналған 
мұндай оқу құралдары көптеп шығарылды деуге болады. Бірақ олар, теориялық тұрғыда, əлі де болса 
зерттеу нысаны бола алмай отыр.  
5.  Оқулықтар.  Мұндай оқулықтарда лексиканың  семантикалық  жақтары əр  тақырыпқа  қатысты 
сабақтық  сөздіктерде,  жинақтық  (сводный)  сөздіктерде  жəне  арнайы  лексикалық  жаттығуларда 
қарастырылады.  Қандайда  болсын  оқулықтар  үшін  лексикалық  аспект  өте-мөте  маңызды  деп 
саналады.  Бірақ  мұндай  оқулықтарда  лексиканы  семантикалау  тəжірибесінің  теориялық  негіздемесі 
орын ала бермейді.  
Жоғарыда көрсетілгендей, оқу сөздігі, ең алдымен, қажетті əдістемелік бағытталуымен, нақты оқу 
кезеңдеріне  қатыстылығымен,  оқудың  мақсаты  мен  міндетіне  жəне  т.б.  қарай  сипатталады.  Оқу 
сөздіктері  тілдік  материалды  таңдау  ісінде  арнайы  мақсат  қоюмен  ерекшеленеді.  Яғни,  болашақ 
лексикографиялық  талдау  үшін  қажетті  болатын  тірек  бірліктердің  негізгі  тізімін  түзу  ісімен 
ерекшеленеді.  Сөздіктің  сөзтізбесі  əрі  шағын,  əрі  жеткілікті  сипатта  болуы  қажет.  Бұл  мақсат  тек 
сөздің  негізгі  мағынасындағы  кавантитативті  параметрлерін,  грамматикалық  тұрпатын  жəне 
синтаксистік құрылымын, тақырыпты ашатын ең маңызды сөздер мен сөз тіркестерді таңдауды қатаң 
түрде  есепке  алу  арқылы  ғана  жүзеге  асады.  Осымен  бірге  сөздіктің  негізгі  тақырыбы  мен  сөйлеу 
жағдаятын  қамтуды  тексеру  қажеттігі  де  туындайды.  Өкінішке  орай,  тəжірибе  жүзінде  мұндай 
тексеру жұмысы көбінде орын ала бермейді.  
Оқу  сөздігінің  сөзтізбе  көлемі,  ең  бірінші,  оның  типіне  қарай  анықталады.  Мысалы,  қысқаша 
түсіндірме сөздіктегі лексика осы тілдік ұжымның əр мүшесі үшін қалыпқа айналған сипатта болуы 
194


қажет. Аталған мəселені шешу үшін мəдениеттің жəне ғылым мен өндірістік білімнің орта жиынтығы 
қамтылған  ең  кіші  сөйлеу  қызметінің  моделі  құрастырылуы  керек.  Мұндай  түсіндірме  сөздік-
анықтағыш 20000-25000 сөздік мақаласынан тұратыны белгілі. Бірақ мұндай сөздік пассивті немесе 
жеке индивидтердің активті сөздік қорының шекаралығында тұрады да, оқу сөздігінің активті типіне 
жатады.  
Кез  келген  оқу  сөздігі  қатаң  мақсаттылықпен  жүргізілген  таңдаудың  нəтижесі,  яғни,  кең 
түсініктегі  лексикалық  минимум  бола  тұра,  ол  ішкі  диалектикалық  қарама-қарсылыққа  толы.  Бір 
жағынан, ондай сөздік, белгілі дəрежеде, нақты бағыттағы мəтіндерді жəне оқыту кезеңіне қатысты 
кейбір  қиындықтарды  қамтуы  қажет.  Ал,  екіншіден,  ондай  сөздіктерде  кез  келген  мəтінді  түсінуге 
мүмкіндік  туғызатын  нақты  материалдар  да  орын  алуы  қажет.  Бір  ғана  принципті  (жиіліктік, 
тақырыптық, ситуативтік жəне т.б.) ұстаным ететін сөздік типі қойылған талапты орындай алмайды.  
Оқу  сөздіктерін  құрастыру  тəжірибесінен  байқалатын  жайт,  ол  «минимум  сөздіктер»  негізінде 
түзілген  сөздіктер,  көбінде,  жасандылық  пен  нақтылықтың  жеткіліксіздік  сипатымен  өзгешеленеді. 
Бірақ  мұндай  олқылықтар  семантикалау  əдісінің  кемшілігінен  емес,  құрастырушылардың  жіберген 
қателігінен деуге болады.  
Оқу  сөздіктері  үшін  аса  маңызды  мəселе  сөздердің  синтагматикалық  жəне  парадигматикалық 
байланысын бейнелеп көрсете білу. Үйренуге тиісті тілдің лексикасын ғана меңгеру сөйлеу тіліндегі 
оның  дұрыс  қолданылуына  кепіл  бола  алмайтындығы  белгілі.  Ана  тілі  мен  шет  тілінің  түйісу 
əсерінен  үйренушінің  тілінде  бұрын-соңды  қолданылмайтын  кейбір  сөз  тіркестерін  туындатады.  Ірі 
филологиялық  сөздіктерде  сөзқолданыстардың  ерекшеліктері  жайлы,  яғни,  сөздердің  тіркесімдігі 
жайлы  мəліметтер  бола  бермейді.  Сондықтан,  тəжірибе  жүзінде,  осындай  мəліметтер  бере  алатын, 
сөздердің ең ықтимал нормативті байланысын бейнелейтін оқу сөздіктері қажет-ақ [3].  
«Парадигма»  дегеніміз  бір-біріне  қарама-қарсы  қойылған,  бірақ  ортақ  белгісі  бар  немесе  ұқсас 
ассоциация  тудырушы  кез  келген  лингвистикалық  бірліктер  тобы  екені  белгілі.  Міне  осындай 
парадигматикалық  қатынастарды  бейнелейтін  сөздіктерде  тақырыптық,  синонимдік,  антонимдік 
топтар көрініс табады.  
Қазіргі кезде халықаралық қатынас нығайып, көптеген дербес ұлттық мемлекеттердің пайда болуы 
жəне  бұрынғы  отарлықта  қалған  халықтардың  мəдениетінің  көтерілу  сипаты,  қайтадан 
лексикографияның  тіларалық  қарым-қатынасқа  жəне  тілдерді  оқытуға  байланысты  қызметтерін 
бірінші  орынға  ауыстыруына  жағдай  жасайды.  Əлемдік  өндірісті  интеграциялау  кезеңінде  əртүрлі 
түсініктерді  бір  ізге  түсіру  де  аса  қажет  болуда.  Сондықтан  егемен  Қазақстанның  халықаралық 
деңгейге  шығуына  жəне  бірқатар  жетекші  елдермен  қазіргі  таңдағы  ғылым  мен  технологияның 
əртүрлі  салаларында  ғылыми  жəне  өндірістік  ақпараттармен  алмасудың  едəуір  ұлғаюына 
байланысты,  неғұрлым  кең  ауқымды  қамтитын  көптілді  сөздік  қажеттілігі  де  туындауда.  Жақын 
болашақтағы лексикографиялық зерттеулердің негізінде оқу сөздіктерінің əр ұлттық тілдерге, соның 
ішінде қазақ тіліне қатысты да практикалық маңызы зор жүйесі құрылуы мүмкін. 
Сонымен,  мақалада  сөз  болған  жəне  де  осы  бағытқа  қатысты  басқа  да  теориялық  жайттар 
ескерілетін болса, қазақ тілінің оқу лексикографиясына байланысты көптеген əрекеттерді компьютер 
көмегімен толық автоматтандырып, олардың электронды түрлерін көптеп шығару жүзеге асар еді.  
 
Əдебиет:  
1.
  Марусенко М.А. Учебная лексикография //Прикладное языкознание. - СПб., 1996. - 528 с. 
2.
  МорковкинВ.В. Актуальные проблемы учебной лексикогрфии. - М., 1977. 
3.
  Регинина К.Б., Тюрина Г.П., Широкова Л.И. Устойчивые словосочетания русского языка. - М., 1980.  
 
 
Рысалды Қ. 
филол.ғ.д., Абылай хан атындағы  
Қазақ Халықаралық қатынас жəне 
Əлем тілдері университетінің профессоры 
 
Қазіргі тіл білімінің когнитивтік-дискурсивтік парадигмасында семантикалық 
категорияларды зерттеу үрдісі туралы 
 
Қазіргі  тілді  зерттеудің  негізгі  төрт  ұстанымдарының  ішінде  анторпоцентрлік  пен 
функционалдықтар  жаңа  когнитивтік-дискурсивтік  парадигмасының  дамуында  маңыздылыққа  ие 
болып  отыр.  Тілдің  əртүрлі  қырларын  жүйелі  зерттеу  ауқымындағы  экспланаторлық  пен 
экспанционизмдік  ұстанымдардың  өзіндік  маңызы  шектелмейді.  Тілдің  негізгі  танымдық  жəне 
қатысымдық  қызметтерінің  сыр-қырларын  зерттеуде  жоғарыда  аталған  ұстанымдардың  ішінде 
функционалдықтың  басымдылыққа  ие  екені  айқын.  Өйткені  тілдің  аталған  екі  қызметінің  адам 
195


өміріндегі  маңызы  зор.  Аталап  отырған  жаңа  парадигманың  алғы  шарттары  мен  негіздері  тілдің 
басты қызметтерін арнайы ашуға бағытталған функционалды тіл білімінің зерттелу кезеңінде кеңінен 
айқындады.  Қазақстандық  тіл  білімінде  осы  кезеңде  қазақ  тілінің  функционалды  грамматикасының 
алғашқы  іргетасы  А.Байтұрсынов  атындағы  Тіл  білімі  институтының  ғалымдарының  бастауымен 
басқа  ғылыми  орталықтардың,  университеттердің  ғалымдарымен  бірлесе  отырып  зерттеген 
еңбектері,  атап  айтқанда,  жеті  ауқымды  тілдік  категориялар  үлкен  екі  томдық  ұжымдық 
монографияда қаланған [1]. 
Қазақ  тіл  білімі  теориясының  дамуына  еңбек  сіңірген  ғалымдар  ортасында  Ахмет 
Байтұрсынұлының еңбегі ерекше. Қазақ тіл білімінің антологиясында Ахмет Байтұрсынұлының қазақ 
тіл білімінің іргетасын қалаушы екенін баса көрсетіп, бірінші томында ғалымның «Тіл тағлымы» көш 
басшысы ретінде берілген [2].Қазақ тіл білімінің теориялық негізі осы еңбектен бастау алады. Əлем 
тіл  білімі  тəжірибесінде  кездесе  бермейтін,  тұтас  бір  тілдің  əдебиеті  мен  тілінің  грамматикалық 
терминологиялық  аппаратын  өз  ана  тілінің  негізінде  қалыптастыру  бағыты  осы  дана  ғұламаның 
маңдайына жазылған екен. Қазақ тілінің грамматикалық терминдерінің тағдыры о бастан ұлы ғалым 
Ахмет Байтұрсыновтың кемеңгерлігі арқасында біржола жəне түбегейлі өз ана тілінің төл терминдері 
болып  шешілген,  сол  арқылы  қазақ  тіл  білімі  ұлттық  ғылым  болып  қалыптасты.  Грамматикалық 
терминдерінің  ерекшеліктерін  Ахмет  Байтұрсыновтың  тілдік  атауларға  о  бастан  қазақтың  байырғы 
сөздік  қорынан  лайықты  сөздерді  дəл  тауып,  грамматикалық  категориялардың  мағыналары  мен 
қызметін терең түйсіне отырып қолданғанынан көреміз. Сонымен бірге дана ғалымның сол байырғы 
сөздерді  жаңа  да  тың  ауқымда  қолданып,  оларды  ғылыми  терминдік  дəрежеге  жеткізгені  үлкен 
жаңашылдығымен  қатар  қазақ  тілінің  ғылым  тілі  бола  алатын  кең  де  терең  мүмкіншілігі  бар  бай, 
əлеуетті тіл екендігін нақты түрде дəлелдеді. 
А.Байтұрсыновтың  грамматикалық  терминдері  өздерінің  мотивациялық  негізделуі  екі  тұрғыда 
қалыптасқан  деуге  болады.  Бірінші  жағдайда  атаулар  сол  грамматикалық  құбылыстың  негізгі 
семантикалық  категориалды  сипатына  сай  дөп  басьп  айтылған.Мысалы,  зат  есім,  сын  есім,  сан 
есім.«Тіл құралдың» 1-кітабында зат есімді:«сөздердің кейбіреуі нəрсенің өзін атайды», – деп қысқа 
тұжырымдап, сөз табының семантикалық ауқымын нақтылы ұғыммен шектесе, сол еңбектің екінші 
жылдыққа арнап жазған нұсқасында зат есімнің сөз табы ретінде кең ұғымдық ауқымды қамтитыньн 
айқындап,  оның  конкретті  заттар  мен  қоса  абстракты  заттарды атайтынын  анықтап  көрсетуі  қазіргі 
кездегі  тіл  біліміндегі  теориялық  дəрежеге  сай  келеді.Ой  объектісі  болатын  кез  келген  ұғымдар 
(мысалы, достық, байлық) зат есім болып аталатанын автордың терең түсінгенін көрсетеді. Ал сын 
есімді  тек  сыны(relatіve  Adjektіve):  мысалы,  биік,  аласа;сыр  сыны(absolute  Adjektіve):  мысалы, 
жасыл, көкдеп атауы сын есімнің неміс тілі грамматисттерінің кейінгі кездегі сын есімді ішкі саралау 
жүйесіне  сəйкес  келеді.  Бұл  саралау  сын  есімнің  дəстүрлі  сапалық,  катыстық  сын  есім  болып 
жіктелуінен өзгешелеу. 
Етістіктердің  сабақты,  салт  түрлері  атауларының  мотивациялық  негізделуі  өте  теренде  жатыр, 
атаулар осы етістіктердің мəн-мағьнасын дəл анықтайды. Сабақтыатауы сабақтау (инені сабақтау) 
етістігінен туынды түбір тұлғасында жасалған, салт атауы салт атты тіркесіндегі салт сьн есімінен 
терминге  айналып,  етістіктердің  жалпы  категориалдық  мағынасын  айқьн  беріп  тұр.  Бұл  1910-13 
жылдардағы  А.Байтұрсынұлының  терминдерінің  теориялық  негізделуі  1950-60  жылдарда  кең  өріс 
алған  тіл  біліміндегі  валенттілік  теориясының  алдын  алғандығын  Гамбург  университетінің 
теориялық коллоквиумында айтқанда, неміс лингвистерінің ерекше таңданысын туғызған еді. Оның 
негізгі  ұстаным  теориясы  кез  келген  сөздің  мəн-мағынасының  толық  ашылуы  оның  айналасына, 
онымен  мағыналық  байланысқа  түсетін,  сонымен  мəндік  сабақтас  элементерге  байланыста  екенін 
ашады.  Казақ  тіліндегі  сабақты,  салт  атаулары  етістіктің  мағыналарын  аша  түсетін,  сонымен 
семантикалық сабақтас толықтауыштың (актанттардын; Ergänzung) байланысуына, не ондай сабақтас 
элементсіз  мағынаның  ашылуына  негізделсе,  неміс  жəне  орыс  тілдеріндегі  осы  категориялардың 
атауларына  (trasіtіv-іntrasіtіv;  переходный/непереходный)  етістік  атап  тұрған  іс-əрекеттің  басқа  бір 
объектке  өту  не  өтпеуі  негіз  болған.  Бұл  болса,  етістіктің  сыртқы  ситаксистік  сипаты  ғана,  оның 
когнитивтік тереңін дана ғалымымыз термин негізіне ашып отыр. 
Ғалымның  бұл  еңбегінің  тағы  бір  ерекшелігі  төл  терминдердің  уəжділігі  тілдің  тылсымында 
жатқан  сын  қырларын  дөп  басып,  оның  ғылыми  теориялық  негіздерін  аша  алатын  əлеуеттілігінде 
жатады. Біз кейінгі кезеңде зерттей бастаған тілдің функционалдық сипатын, оның заңдалықтарын өз 
еңбегінде көрсетіп, алғы кеңістіктерін меңзейтінін, атап айтқанда, қазіргі кездегі жалпы тіл білімінің 
өзекті  саласы  когнитивтиік  лингвистиканың  зерттеу  бағыттарындағы  категоризациялау  мен 
концептуалдау  өрістерінің  теориялық  негіздерінің  алдын  алған  ғылыми  тұжырымдарын  кейінгі 
ғалымдар  аша  бастады.  Осы  бағыттағы  еңбектердің  ішінде  филология  ғылымдарының  докторы 
О.Жұбаеваның зерттеу мақалаларын атап айтқан жөн болар[3]. 
Функционалды  грамматиканың  əдіснамалық,  теориялық  аясында  ономасиологиялық  зерттеу 
ұстанымында  тілдің  когнитивтік  негізін  құрайтын  семантикалық  категорияларды  зерттеу  маңызды 
196


болды.  Олар  əрбір  тіл  жүйесінің  барлық  деңгейлері  бірліктерінің  өзара  тығыз  байланысында  осы 
тілдік  категориялар  тұғырында  түзілген  тілдік  жүйесі  əртүрлі  деңгейлер  бірліктерінің  бірегей 
семантикалық  негізде  функционалды  семантикалық  өрістер  арқылы  көрініс  тауып,  тілдің 
коммуникативтік  қызметінде  категориялық  жағдаяттар  тұлғасында  өзіндік  болмысын  табады.  Бұл 
бағыттың  маңыздылығы  мен  мəні  тілдің  когнитивтік  жəне  коммуникативтік  болмысын  тығыз 
тұтастықта  айқындайтынында.  Осы  теориялық  негізді  жаңа  парадигма  ауқымында  қарар  болсақ, 
болмысты  атаудың  негізі  аталмыш  семантикалық  категориялар  арқылы  қалыптасып,  когнитивтік 
лингвистиканың басты ұстанымы – категоризациялауды функционалды семантикалық өрістер ақылы 
жүйелейді.  
Тіл  иесі  халықтың  ғұмырында  өзін  қоршаған  болмысты  танып,  пайымдау  нəтижесінде  түзілген 
семантикалық  категориялар  (категоризациялау  негізінде)  бір  бірімен  тығыз  мазмұндық  байланыста 
үйлесе  келіп,  сол  халықтың  санасында  болмысты  концептуалды  түрде  таныған  дүниенің  тілдік 
бейнесін құрайды [4]. 
Семантикалық  категориялар  –  бұл  адам  санасындағы  танымдық  –  когнитивтік  семантиканың 
тілдегі көрінісі. Ол адамның дүние танымындағы тəжірибесінің нəтижесінде пайымдалған жемісінің 
тілде көрініс тапқан, ой-санасында қалыптасқан пайымы [5].  
Семантикалық категориялар жүйелік бір тұтас мəтіндік құрылымның ауқымында болмыстың бір 
үзігін  сипаттауда  өзіндік  маңыздылығы  мен  мəндік  басымдыққа  ие  болып,  сол  ортада  жағдаяттың 
ұйымдастырушы доминантына айналады. Ол белгілі бір тілдік мəтіндерде – дискурста категориалдық 
жағдаят тұлғасында тілдік табиғатын табады. Ондай мəтіндер «идеалды үлгідегі құрылым»,«фразадан 
тыс  бірлік»,  күрделі  синтаксистік  тұтастық  тұлғасында  мəтінде,  дискурста  көрінеді.  Жалпы  тілдің 
қатысымдық  қызметі  əртүрлі  дискурстық  тұрғыда  ашылады.  Категориалдық  жағдаятты 
(категориальная  ситуация)  функционалды  тіл  білімінің  үш  концептуалды  негіздерінің  бірі  ретінде 
А.В.Бондарко  қарастырды  [6].  Кейін  қалыптасып  келе  жатқан  когнитивтік-дисскурсивтік 
парадигманың бастауы осы теорияның аясында жатыр. 
Функционалды грамматиканың негіздерінің бастысы семантикалық категорияларды айқындайтын 
категориалды жағдаяттар осы күнге шейін мəтіндер негізінде зерттеліп келді. Қазіргі тіл теориясында 
одан  жоғарғы  тілдік  бірлік  дискурстар  екені  айқындалып,  қандай  да  болмасын  тілдік  құбылыстың 
осы дискурстық деңгейде өзінің мəнін, болмысын толық ашатыны айғақталып отыр. 
Дискурс  –  сөз  əрекетінің  үдерісі,  нақтылы  бір  жағдаятта,  вербалды,  авербалды  түрде  туған 
коммуникативтік  үдеріс,  коммуниканттардың  тікелей  байланысында  бір  кеңістік  пен  уақытта,бір 
əлеуметтік  ортада  туған  коммуникативтік  оқиға.Бұл  анықтаманың  көпшілік  белгілері  мəтін  мен 
дискурстың  сипатын  ашады.  Мəтін  дискурстық  үдерістің  нəтижесі  тұрғысынан  анықталады.  Осы 
аспектіде дискурстың ерекше мəтін екенін, өзіндік грамматикасы, лексиконы, ерекше сөз қолданысы, 
синтаксисі, ерекше семантикасы, түптеп келгенде ерекше бір дүниесі бар мəтінде көрініс табатынын 
Ю.С.Степанов дəйектейді [7, 44]. 
Қазіргі  кезеңдегі  когнитивтік  дискурсивтік  парадигманы  оның  алдында  өткен  функционалды 
лингвистика  теориясының  заңды  жалғасы  ретінде  қазіргі  қазақ  тілі  теориясының  даму  өрісін 
заманауи  деңгейде  зерттеуге  бет  алған  өрісі  деп  танып,  ана  тіліміздегі  дүниенің  тілдік  бейнесін 
қалыптастыратын  ауқымды  семантикалық  категорияларды  зерделеу  маңызды  болып  отыр.  Қазіргі 
кезде  жекеленген  концептілерді,  дискурстерді  зерттеу  өріс  алған.  Ол  зерттеулердің  маңызы  зор, 
ғылыми зерттеулердің нəтижелері кең ауқымды зерттеулердің негізі болары анық. 
Жоғарыда аталған қазақ тілінің функционалды грамматикасының алғашқы нұсқасында жеті-сегіз 
категориялар  зерделенген.  Алайда,  ол  категориялардың  негізінен  өзіндік  категориалдық  мəн-
мағынасы  теориялық  –  ұғымдық-семантикалық  ауқымда  негізделе  айқындалып,  тек  мəтіндік 
болмысында көркем шығармалар негізінде зерттелген. Соның өзінде ол категорияларға, ван Дейкше 
қарағанда,  текстуалдық  анализ  жасалған.  Яғни,  белгілі  бір  категорияның  тілдік  болмысы 
функционалды-семантикалық  өріс  ауқымында  аталмыш  категорияның  тіл  деңгейлерінің  қандай 
бірліктерінің бірлестіктерінде жалпы категориялдық семантикасы ашылатыны айқындалған. Ал оның 
когнитивтік  жалпы  болмысы  ұғымдық  категориядан  тілдік  тұрпатындағы  негізі  анықталғанмен, 
келесі  сатысы  оның  қатысымдық,  яғни,  коммуникативтік  болмысы  осы  кезеңге  дейін  негізінен 
мəтіндерде  зерттелген.  Ол  категориялар  функционалды  грамматика  теориясы  ауқымында 
категориялық  жағдаяттар  деңгейінде  зерделенген.  Осы  аталмыш  терминнің  өзі  қазіргі  дискурсты 
меңзейтіні  айқын.  Қазіргі  тілдік  талдауда  оны  дискурсты  контекстуалды  анализ  деңгейінде 
зерделейді.  Бұл  ауқымды  да  кең  қамтылған  талдау  семантикалық  категориялардың  нақты  тілдік 
болмысын толығынан ашып беруі айқын. 
Сын дəрежесі категориясын аталмыш бағытта қарағанда, оның текстуалдық болмысы негізделген. 
Ал  келесі  кезеңде  ол  дискурсивтік  контекстуалды  талдауды  қажет  етеді.Сын  дəрежесі 
категориясының  негізінде  морфологиялық  шырай  категориясы  жатыр.  Ал  осы  шырай 
категориясының  қазақ  тілі  грамматикаларында  осы  күнге  шейін  бір  қалыпқа  келмегені  қатты 
197


ойландырады.  А.Байтұрсыновтың  белгілі  еңбегінде  бұл  категорияның  үш  тағанды  парадигмасын 
келтіреді:  жай  шырай,  талғаулы  шырай,  таңдаулы  шырай  [8,  218].  Бұл  парадигманың  негізінде 
когнитивтік-коммуникативтік ұстанымдар айқын көрінеді. 
Осы  мақаланың  авторы  кезінде  функционалды  грамматика  теориясы  негізінде  шырай 
категориясының ғылыми негізделген парадигмасын неміс тілдерінде (кейінірек сол теориялық негіде 
қазақ тілінде) жаңаша негіздеп, дəйектеп қалыптастырған еді (1980). Неміс тілі грамматикасында ол 
категорияның  парадигмасы  сонау  Пор-Роял  грамматикасының  латынша  нұсқасында  күні  бүгінге 
шейін барлық дерлік оқу орындарына (университеттерге) арналған грамматикаларында, академиялық 
грамматикасында  жалпы  үндіеуропа  тілдеріне  (ағылшын,  француз  т.б.  тілдерінде)  ортақ  болып 
қалған  үш  тағандық  (позитив,  компаратив,  суперлатив)  сол  күйінде  қолданылуда.  Неміс  тілі 
грамматикасының  авторы  У.Еңельдің  еңбегінде  ғана  (1982)  автордың  дəйектеген  парадигмасына 
ұқсас  нұсқасы  сипатталады.  Ол  жағдай  тек  кейін  белгілі  болды.  Осы  парадигмаға  күмəнін  өзінің 
университетке  арналған үлкен  грамматикасында проф.  Петер  Айзенбегрг (1989)  жазған  еді.  Берлин 
университетінде кездесуде автор өз парадигмасы туралы осы ғалыммен пікір алысқанда, ол ұқпаған 
еді. 
Қазақ тілінің академиялық гараммтикасында шырай категориясының парадигмасы салыстырмалы 
жəне  күшейтпелі  шырай  формаларымен  шектелген  де,  жай  шырай  «оппозициялық  қатар  құрай 
алмайды» деген пікір негізінде тыс қалған [9, 466-467].  
Автордың қазақ тіліндегі ғылыми негіздеген парадигмасы. 
Сын  дəрежесінің  салғастыру  немесе  салғастырусыз  жағдайында  айқындалуын  басты  ұстаным 
десек, шырай тұлғаларының мынадай парадигмасын қалыптастыру осы категорияның табиғатына сай 
келеді деп тұжырымдаймыз. 
Сын дəрежесі категориясының бірінші субпарадигмасы: 
Теңдік шырай – (сендей) күшті 
Салыстырмалы шырай – (сенен) күштірек 
Асырмалы шырай – (сендердің іштеріңдегі) ең күштісі 
Сын дəрежесі категориясының екінші субпарадигмасы: 
Қалыпты шырай – кіші, үлкен 
Бəсеңдік шырай – кішілеу, қызғылт, қартаң 
Күшейтпелі шырай – өте, аса, тым күшті[1]. 
Қай  тілде  болмасын  бұл  категория  табиғаты  бірдей  болғанмен,  осы  күнге  шейін  бірізділікке 
келмеген.  Тілдік  тұлға  бəріне  ортақ  қасиетте,  оның  табиғаты  мен  қолданыс  аясы  да  бірегей.  Ал 
ғылыми  пайымдалуы  мен  айқындалуы  бірыңғайлық  танытпайды.  Зерттеу  əдіснамасы  мен  əдіс, 
тəсілдері əртүрліліктің болуына байланысты екені көрінеді. 
Семантикалық,  оның  ішінде,  негізі  болатын  морфологиялық  категорияларды  жоғарыда  айтылып 
отырған тіл болмысын заманауи зерттеудің теория негізінде текстуалды-контекстуалды дискурсивтік 
талдау тілдің түйінді мəселелерін зерттеп, оларды ғылыми негіздеуге кеңінен жол ашатыны бүгінде 
өзекті болып отыр.  
 
Əдебиет:  
1.
  Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. –Алматы, 2011 
2.
  Қазақ тіл білімінің антологиясы. –Павлодар, 2008. 
3.
  Жұбаева О. А.Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасындағы функционалды грамматиканың көріністері 
//yandex.kz/images 
4.
  Кубрякова Е.С. Категоризация //Краткий словарь когнитивных терминов. - Москва: Филология, 1995. – 
400 с. 
5.
  Болдырев Н.Н. Когнитивная семантика //Введение в когнитвиную лингвистику. - Тамбов, 2014. - 236 с. 
6.
  Бондарко  А.В.  Теория  значения  в  системе  функциональной  грамматики.  -  М.:  Языки  славянской 
культуры, 2002. - 736 с. 
7.
  Степанов Ю.С. Альтернативный мир, Дискурс, Факт и принцип Причинности //Язык и наука конца ХХ 
века. - М., 1995. - С. 35-73. 
8.
  Ахмет Байтұрсынов. Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992. - 448 б.  
9.
  Қазақ грамматикасы. - Астана, 2002. - 466-467-б.  
 
 
 
 
 
198


Əбділəшімұлы Д.  
т.ғ.д., ҚХР, Пекин қаласы, Орталық  
Ұлттар университетінің доценті 
 
Қытай архивтерінен табылған Көгедай гүңнің бір парша 
хаты туралы тарихи дерекнамалық ізденіс 
 
Көгедай–  Əбілпейіз  уаңның  қырғыз  қызы  –  Тұмар  ханымнан  көрген  тұңғышы,  ол  ел  билігіне 
ертерек  араласып,  алғашында  інісі  –  Сəменмен  бірге  бір  бөлім  наймандар  мен  керей  елін  билеген. 
Қытай жазба деректері бойынша, Көгедай – Əбілпейіз уаңның 6 ұлы, Чянлұңның 55 жылы (1790 ж.) 
Боғда ежен ханға (Чянлұң патша) амандаса барғанда, патша оған лағыл төбе моншақ, қос көзді ұтағат 
қадаттырған [1]. Ол осы кезден бастап ресми түрде он екі абақ керей еліне гүң болып тағайындалып, 
ұзақ  жыл  билік  жүргізген,  қайтыс  болған  соң  үлкен  ұлы  –  Ажы  билігін  жалғастырған.  Оның  өз 
ажалынан  емес,  кісі  таяғынан  алған  жарақаты  асқынып,  1823  жылы  қаза  тапқанын  өзінен  кейінгі 
інілері мен балаларының сол жылғы Іле генаралына жазған арыз хатынан толық ұғынуға болады [2]. 
Ендеше, Көгедай қай жылы туылған? Қай жылдары керей еліне төре болып тағайындалған? Бұл 
жөнінде  мандымды  тарихи  дереккөз  жоқ,  қазірге  дейін  жинақталып  жазылған  аңыз-шежіре, 
мақалаларда  əркім  əртүрлі  ұсыныс-пікірлерін  айтқан.  Көгедайдың  нақ  қай  жылы  туылғандығы 
белгісіз,  дегенмен  ол  жөніндегі  болжамдардың  дені  XVIII  ғасырдың  70-жылдарына  саяды.  Яғни, 
1770,  72,  73  жылдар  көбірек  ауызға  алынады.  Ал  оның  абақ  керей  еліне  қай  жылдары  төре  болып 
келгендігі  де  нақты  жазба  деректерде  кездеспейді.  Осыған  дейінгі  көзқарастардың  бəрі  де  ел 
арасындағы  аңыз-əңгімелер  негізінде  жинақталып,  ортаға  қойылған.  1786  жылы  Жошының 
Тарбағатай амбандарына інісі – Қадайдың қайтыс болғанын естіртіп жазған хатында: «Ханқожа уаң, 
Бопы  тайжы,  Ағадай  тайжы  қырғызға  қол  бастап  кеткен  еді,  мен  –  Жошы  гүң,  Қадай  екеуміз  үйде 
едік,  Қадай  інім  Құдайдың  бұйрығымен  қайтыс  болды»,  –  деп  анық  хатталады.  Бұл  хатта 
Көгедайлардың  алдыңғы  ағалары  түгелдей  аталады  да  Сəмен,  Жабағы  –  үшеуі  ауызға  алынбайды. 
Алдыңғы мақаламызда осыны дəйекке ала отырып, мынадай болжам айтқан болатынбыз: «Бұл кезде 
Көгедай, Сəмен, Жабағылар əлдеқашан іргесін бөліп кетті ме, жоқ əлде Жошы оларды «əлі жас» деп 
тоғытпай,  аттарын  əдейі  атамады  ма?  Бұл  жағы  қазірше  беймəлім  [2].  Дегенмен  Ханқожа  уаңның 
1788  жылы  12  наурыз  Тарбағатай  амбаны  –  Иұңбауға  жазған  хатында «Тарбағатайдағы  үлкен  Хыб 
амбанның  есендігін  тілеп  кел!»  –  деп  інісі  Көгедайды  жібергендігі,  сондай-ақ  оның  қасында 
Көшімбай,  Байбол  деген  екі  ат  қосшысы  барлығы  анық  хатталған  [3].  Егер  көп  санды  аңыз-
əңгімелерде  айтылғандай,  Көгедайлар  əкесі  –  Əбілпейіз  уаңның  көзінің  тірісінде  керей  еліне  төре 
сайланса, бұл уақиға 1783 жылдан бұрын туылған болады. Өйткені Əбілпейіз уаң 1783 жылы қайтыс 
болғаннан  кейін  орнына  үлкен  ұлы  –  Ханқожа  мұрагер  болып,  уаңдық  лауазымды  еншілейді.  Бұл 
арада ескеретін бір жайт: қытайша дереккөздерде жазылуынша, Көгедайлар о бастан абақ керей еліне 
ғана  төре  болмаған  сыңайлы.  Олар  найман  руларының  ішінен  семіз  найман  мен  қыржи  найманға 
иелік етумен бірге кейбір керей руларын да қосып басқарған [4]. Осыған қарағанда, олар алғашында 
бір бөлім найман, керей руларына билік айта жүріп, 1790 жылдан кейін тек 12 атаның баласы абақ 
керей елін ғана өз басқаруларына түбегейлі өткізіп алған болуы ықтимал. 
Шежірелік талдауларға негізделсек, қазірге дейін Көгедайдың əулеті 7 ұрпаққа жеткен. Алайда 
Көгедайдың өз кіндігінен тараған балалары туралы айтылған пікірлер де бірізді емес. Айталық, «Абақ 
керей  төр  шежіресінде»  Көгедайдан  Кышқанбай,  Ажы  (шын  аты  Жанғазы),  Əдеке  (шын  аты 
Əділғазы), Солтанғазы тарайды [5]. Ал жақын жылдары ішкі материалдар есебінде басылған «Қытай 
қазақ  төрелер  шежіресінде»  Көгедайдан  Тышқанбай,  Ажы,  Əдеке,  Солтанғазы,  Тəтен  тарайды  əрі 
Ажы мен Солтанғазы ұрпақтары Алтайды, Əдеке мен Тəтен ұрпақтары Тарбағатайды мекендегендігі 
анық  жазылады.  Бірақ  Тəтен  ұрпақтарын  тарқатпайды  [6].  Жоғарыдағы  екі  шежірелік  кітапта 
Тышқанбайды қоспағанда, Көгедай гүң балаларының жалпы саны ұқсамайды, алдыңғы шежіреде 3, 
соңғысында 4 бала өрбітеді. 
Ал Жячиңның 25 жылы (1820 ж.) жарық көрген «Шинжяң туралы қысқаша шолудағы» хандар 
шежіресінде Көгедай жəне оның балалары жөнінде арнаулы тоқталған. Онда Көгедайдың 4 ұлы: Ажы 
(阿吉),  Жанғазы  (江哈斯),  Əділғазы  (阿迪勒哈斯)  жəне  Омарғазылардың  (乌玛喇哈斯)  аты-жөні 
толық  хатқа  түскен  [1].  Сондай-ақ  жапониялық  тарихшы  Акасака  Цүнеакидың  жазған  «Жошы 
ұрпақтарының саяси билік тарихы» атты еңбегінде берілген қазақ хандары шежіресінде Көгедайдың 
ұрпақтарын  жоғарыдағы  қытайша  тарихи  материал  бойынша  таратады  [7,  214].  «Шинжяң  туралы 
қысқаша  шолудағы»  хандар  шежіресі  мен  жоғарыдағы  айтылған  екі  шежірелік  кітапты  салыстыра 
қарасақ, ондағы кісі аттарының кейбіреуінде ұқсамастық бар. Яғни, қытайша материалдағы екі кісі ـــ 
Жанғазы мен Омарғазының аты алдыңғы екі шежіреде де аталмайды. Есесіне Солтанғазы мен Тəтен 
аталады. Қазақ шежірешілерінің айтып отырған «Əдеке» есімі – «Əділғазының» қысқарған тұлғасы. 
Мұнан сырт «Абақ керей төр шежіресінде» Ажының шын аты – Жанғазы екендігі айтылған. Бізше, 
199


бұл  –  жаңсақ,  екеуі  –  жеке-жеке  кісі  аттары.  Мысалы,  Көгедайдың  інілері  мен  балаларының  Іле 
генаралына  жазған  арыз  хатында:  «...Мəртебелі  генаралға  Көгедай  гүңның  інілері  –  Сəмен  тайжы, 
Жабағы тайжы жəне балалары – Ажы, Жанғазылардың жазған хаты» деп анық көрсетілген [3]. Бұдан 
Ажы  мен  Жанғазының  бір  адамның  аты  емес,  екі  кісінің  есімі  екендігі  менмұндалайды.  Не  үшін 
кейінгі  шежіре  кітаптарда  Жанғазы  мен  Омарғазының  аты  аталмайды?  «Солтанғазы»  есімі  қайдан 
шықты? Бұлар əлі де зерттеуді қажет етеді. 
Тағы  бір  айта  кетер  жайт  –  шежіре  кітаптарда  Көгедай  балаларының  қайсысы  үлкен,  қайсысы 
кіші екендігі ескерілмей, олардың реті үнемі ауысып отырады. Жоғарыда дəйек алынған арыз хатта: 
«...Балалары  –  Ажы,  Жанғазылардың...»,  –  деп  жазылғанына  қарағанда,  «Шинжяң  туралы  қысқаша 
шолудағы»  Көгедай  гүң  балаларының  үлкенінен  кішісіне  қарай  реті  бойынша  жазылғандығын 
байқауға болады. 
Ендеше, Көгедайдың жоғарыда аты аталған 4 ұлынан басқа балалары болған ба? Осы жəне өзге 
де  кейбір  маңызды  мəселелерді  қарастырмас  бұрын,  алдымен,  төмендегі  құжатқа  зер  салайық. 
Аталмыш құжат Көгедайдың Жячиңның 23 жылы 3 айдың 6 күні (1818 жылы 10 сəуір) Іле генаралы – 
Жинчаңға  (晋昌)  жазған  хаты.  Хат  Жячиңның  23  жылы  3  айдың  27  күні  (1818  жылы  1  мамыр) 
Тарбағатай  амбаны  –  Гұнчұкжап  (贡楚克札布)  қатарлылардың  патшаға  жіберген  мəлімдемесімен 
бірге  жолданған.  Патша мəлімдемені  осы  жылы  4  айдың  22  күні (1818 жылы  26  мамыр)  тапсырып 
алған. Хаттың микрофильмдегі нөмірі: 189: 77 - 104-105. «Чиң дəуіріндегі шегара өңірлерге қатысты 
жазылған  манжуша  мұрағат  құжаттардың  каталогі»  бойынша:  10  бөлім  (Шинжяң  V),  –  2509  б. 
Хаттың түпнүсқасы қазір Қытай бірінші тарихи мұрағат қорында сақтаулы. 
Төменде хаттың көшірмесі, транскрипциясы жəне қазіргі қазақ тіліндегі аудармасы рет-ретімен 
берілді. Хат микрофильмге 104, 105 нөмірмен екі бетке тартылған. Ал хат иесінің мөрі 104 нөмірлі 
беттің оң жақ жиегіне ала басылғаны айқын бола тұрса да, микрофильмге анық тартылмағандықтан, 
оның ішіне ойып жазылған кісі атын əуелгі қалпына келтіре алмадық. Сөйтсе де бұны «Көгедайдың 
қолтаңбасы»  деп  межелеуге  болады.  Сондай-ақ  құжатты  транскрипциялауда  біз  орта  жəне  таяу 
заманғы түркі жазба əдеби тілінде хатталған мəтіндерді транскрипциялау əдісінен пайдаландық. 
Құжаттың көшірмесі: 
)
١
  (
اتق  نابمآ  ناغروت  بيليب  ین  نوشوخ  ناغوريوب  هلرب  غلراي  کنين  ناخ  ناجيا  ادغب  غولوا
شلاوا  ادملاع  قيلر
ٮ
  ميزلا  بورو
)
٢
 (
 ناغروت بلاعمج بيليب ینرلاري قيلراتق هليا راد بصنم ناغرودلاق
)
٣
 (
 یاداکوک کنوک قازق یڛ ینيا کجک هغ نوجکناج کنوک غولوا
 ناغتوت بيلق شاد ضرع بوکروم کنين
]
ن
 [
 ؟زڛغ کجک زيب یطخ
)
٤
 (
 غلراي اکزيب بولوب نوجکناج بيلک هغ هليا کنين
 طخ بوروکوت
چ اکزيب کنوڛ نيدنا کوديآ نامآ اديغاج ناکرب
ٮ
 منوتاخ رب بيقج کج
)
٥
 (
 لّوا ماقاج لاب یقکنوڛ نيدنآ یدلوا ملاب زق یکيا ملاب لغوا یکيا
 یجنکيا کنن هلاعت یادخ
)
٦
 (
 لوا مبلط کنم کنوڛ نيدنا زيمرود نامآ نڛيا اد یتلود کنين ناخ ناجيا ادغب غولوا
)
٧
 (
 کنوک غولوا
ج
 مودروت اديبلط بيد یاغلوب ناما نڛيا بولوب بوک یتلود بولوب نوزوا یرم رمع کنين ماغآ نوجکنا
)
٨
 (
 یتافتلا غولوا زڛ کنوڛ نيدنا
 اديشب یکني کنين یآ یجنجوا بيلک زڛ ناکيا ناکرابي اطم کناش یکيا دنق یکيا اد قودناص رب طخ رب بيلق
)
٩
 (
 بلاراج بوکروم یدکت
ا مضرع هني و ميدلا
 هغ یشک کجک کيد کنينزيب مکرودلو
)
١٠
 (
 قول کنوک ادناغرابيلاغاقلاراب بيلق تافتلا غولوا ناخ ناجيا ادغب غولوا
 ین یقّازق یرک یڛلاب کنيناتآ یکيا نوا بيرب بصنم
)
١١
 (
 بيد روت بتيا هغرلا نابمآ راب نابمآ هبخ هڛلوب کنلا ٕح ضرع روت بولوب
يا هڛلاق نيدرلاوا یديا ناغلق غلراي
 اد ناکيد هل
)
١٢
 (
 بولوب موتروي موزوا یديا بيلق غلراي بيد روت بتيا اکنا مود یوق نوجکناج غولوا
 رلازيب
)
١٣
 (
 کنينزڛ نملوب بيد یڛ یجناولا یراد بصنم ناخ ادعب غولوا
)
١٤
 (
 ینزيب قوي زيماح کلوب نيد ناخ ناجيا ادغب غولوا
دنا  زڛياکروي  بيلا  اکزکنڛيا  ینزيب  زکنموک  کيداکزوا
  کنين  موتروي  کنن  موزوا  مضرع  یقکنوڛ  ني
)
١٥
  (
 رات  زيمري  ناغرود  روتلوا
 ؟زيکنزوا زڛ یدما زيب ليآ ناغرود اروت بولوب یشک هلرب لام زميامڛ ین شيا اکزوا کننزيب روروديامقج توا نيدزميري
)
١٦
 (
 ادزاي
فات نشوق ناغروديلاشق شيق ناغروديلاياي
ٮ
وت طخ شاد ضرع بلق دما بيد زکنڛرب ب
 کڛيد یلانوق بيرک هجزيموزوا موت
)
١٧
 (
 غولوا
 تاغاتوا وڛنوج زيمرلا یشک کننزيب هڛلوب تڛار زيم ناکيا کنوک کننزپ کنوڛ دنا زيمرود هقروق نيد بضع کنن ناح ناجيا ادغب
)
١٨
 (
ي کنيرابي بيرب تاغاتوا ارق وڛنوج کوزوڛ قا اداکرج یجنشب وب اديمسار ناکيا ومرولوب یمسر ناغرود هقات
 قوي اد یمسر قو
 هڛلوب
)
١٩
 (
 کيد کنينزڛ نيد یروجوا وب بيد کنيرابي بيلق غلراي
)
٢٠
 (
 موتوت طخ بيلط ینزکيل نسيا کنن نوجکناج غولوا
)
٢١
 (
اديڛ هتلا کنن یا اجنجوا یلي یجن جوا همرکي کنن کنج یاياج
  
]
اريقلا ؛رھم
[
 
Транскрипциясы: 
(1)  Ulu¡  bo¡da  ejän  ◊±nnïŋ  yarlï¡[ï]  birlä  buyur¡an  ◊ošonnï  bilip  tur¡an,  amban  qatarlïq  ‘±lamda 
ulašturup  lazïm  (2)  qïladur¡an  man≠abdar  Ilä  qatarlïq  yerlärni  bilip  jam‘lap  tur¡an  (3)  ulu¡  guŋ  jaŋjun¡a 
ki‡ik inisi qazaq guŋ Kögädaynïŋ mörgüp ‘arzdaš qïlïp tut¡an ◊aªï. Biz ki‡ik […]- (4) nïŋ Ilä¡a kelip jaŋjun 
bolup, pizgä yarlï¡ tökörüp, ◊aª bergän ‡a¡ïda am±n edük, andïn soŋ bizgä ‡e‡äk ‡ïqïp, bir ◊±tπnïm, (5) eki 
o¡ul balam, eki qïz balam öldi. Andïn soŋqï bala-‡aqam awwal ◊ud±y ta‘±l±nïŋ, ekin‡i (6) ulu¡ bo¡da ejän 
◊±nnïŋ dawlatïda esän-am±n durmïz. Andïn soŋ meniŋ ªalabïm ol, (7) ulu¡ guŋ jaŋjun a¡amnïŋ ‘ömr marï 
uzun bolup, dawlatï köp bolup, esän-am±n bol¡ay dep ªalabïda turdum. (8) Andïn soŋ siz ulu¡ iltif±ti qïlïp bir 
◊aª, bir ≠anduqda eki qanïd, eki šaŋ maªa yibärgän ekänsiz, kelip ü‡ün‡i aynïŋ yäŋi bešidä (9) tikdi, mörgüp 
jarlap aldïm. Wa yenä ‘ar‹um oldur kim, bizniŋ dek ki‡ik kiši¡a (10) ulu¡ bo¡da ejän ◊±n ulu¡ iltif±t qïlïp 
baralqa¡alï bar¡anda guŋluq man≠ab berip, on eki atanïŋ balasï keräy qazaqïnï (11) bölüp tur, ‘ar‹∆±lïŋ bolsa 
◊ebä amban, b[atu]r ambanlar¡a aytïp tur dep yarlï¡ qïl¡an edi. Olardïn qalsa Ilä degändä (12) ulu¡ jaŋjun 
qoydum,  aŋa  aytïp  tur  dep  yarlïq  qïlïp  edi.  Özüm  yurtum  bolup  bizlär  (13)  ulu¡  bo¡da  ◊±n  man≠abdarï, 
200


alwan‡ïsï dep bulamin. Sizniŋ (14) ulu¡ bo¡da ◊±ndïn böläk ∆±[n]mïz yoq, bizni özgä dek kö[r]mäŋiz, bizni 
esiŋizgä alïp yürgäysiz. Andïn soŋqï‘ar‹um, özümniŋ yurtumnïŋ (15) oltur dur¡an yerimiz tar, yerimizdin ot 
‡ïqmaydurur. Bizniŋ özgä išni [ya]samaymïz, mal birlä kiši bolup turadur¡an elbiz. Emdi siz […] (16) yazda 
yaylaydur¡an, qïš qïšlaydur¡an qošïn tafïp bersäŋiz dep umµd qïlïp ‘ar‹daš ◊±ª tuttum. Özümiz‡ä kirip qonalï 
desäk  (17)  ulu¡  bo¡da  ejän  ◊±nnïŋ  ¡a‹abdïn  qorqa  durmïz.  An[dïn]  soŋ  bizniŋ  guŋ  ekänimiz  r±st  bolsa, 
bizniŋ kišilärimiz junsu, uta¡at (18) taqadur¡an rasmï bolur mu ekän, rasmïda bu bešin‡i ‡arkada aq sözük 
junsu, qara uta¡at berip yibäriŋ. Yoq, rasmïda yoq bolsa, (19) yarlïq qïlïp yibäriŋ dep bu O‡urïdïn siziniŋ dek 
(20) ulu¡ jaŋjunnïŋ esänlikiŋizni tilep ◊aª tut[t]um. (21) Jayay‡iŋniŋ yigirmä ü‡ün‡i yïlïü‡ün‡i aynïŋ altïsïda. 
(Seal impression, illegible) 
Қазіргі қазақ тіліндегі аудармасы: 
Ұлық  Боғда  Ежен  ханның  жарлығымен  бұйырған  қосынды  билеп,  амбан  қатарлыларды  жөнге 
салатын мансаптар Іле қатарлы жерлерді билеп басқарып тұрған ұлық гүң генаралға кіші інісі – қазақ 
гүңі  Көгедайдың  зор  ілтипатпен  арыз  етіп  жазған  хаты.  ...Сіздің  Ілеге  келіп  генарал  болып,  бізге 
жарлық  түсіріп  хат  берген  кезде  аман-есен  едік,  одан  кейін  бізге  шешек  шығып,  бір  əйелім,  екі  ұл 
балам, екі қыз балам өлді, басқа бала-шағам əуел Құдай тағаланың, екінші ұлық Боғда Ежен ханның 
дəулетінде есен-аман. Енді менің талабым мынау: «ұлық гүң генарал ағамның өмір жасы ұзын болып, 
дəулеті көп болып, есен-аман болғай» деп тілеп тұрдым. Онан соң сіз үлкен ілтипат қылып, бір хат, 
бір сандықта екі қант, екі мата жіберген екенсіз, 3 айдың 5 жаңасында (9 сəуір) тиді, мөргүп жариялап 
алдым.  Тағы  арызым  мынау:  біздей  кіші  кісіге  ұлық  Боғда  Ежен  үлкен  ілтипат  білдіріп,  дидарласа 
барғанда  гүңдік  мансап  беріп:  «12  атаның  баласы  керей  қазақтарын  билеп  тұр,  арызың  болса,  Хыб 
амбан, Батыр амбандарға айтып тұр, одан қалса Іле деген жерде ұлық генарал қойдым, соған айтып 
тұр», – деп жарлық түсірген еді. Өзім, жұртым болып «ұлық Боғда ханның мансаптысы, албатұсы» 
деп  білемін.  Сіздің  ұлық  Боғда  Ежен  ханнан  бөлек  ханымыз  жоқ,  бізді  өзгелердей  көрмеңіз,  бізді 
есіңізге алып жүргейсіз. Ал ендігі арызым мынау: жұртымыздың жері тар, жерімізден от шықпай тұр. 
Біз  өзге  іс  істемейміз,  малмен  жан  бағатын  елміз.  Енді  ...  «жаз  жайлайтын,  қыс  қыстайтын  қоныс 
тауып берсеңіз» деп үміт қылып арыз хат жібердім. «Өзіміз біліп, кіріп қонайық», – десек, ұлық Боғда 
Ежен ханның тəркісінен қорқып тұрмыз. Одан кейін біздің гүң екеніміз рас болса, кісілеріміз жіңсе, 
ұтағат тағатын жосын болар ма екен? (Егер болса) 5 дəрежеге лайық ақ түсті жіңсе, қара ұтағат беріп 
жібер. Жоқ, (мұндай) жосын жоқ болса, онда жарлық қылып жібер. Сіздей ұлық генаралдың есендігін 
тілеп Ошырдан хат жібердім. Жячиңның 23 жылы 3 айдың 6 күні. 
[мөр] белгісіз. 
Жоғарыдағы құжат мазмұнына негізделіп, төмендегідей маңызды түйіндерді жинақтауға болады: 
Біріншіден,  1818  жылы  10  сəуірден  бұрын  Көгедайдың  бір  əйел,  екі  ұл,  екі  қызы  шешектен 
қайтыс  болған.  Егер  осы  екі  ұлын  қоссақ,  Көгедайдан  жиыны  6  ұл  тараған  болады.  Алайда  хатта 
олардың аты-жөні жазылмағандықтан, кімдер екендігі беймəлім. Шежірелерде қайтыс болған баласы 
ретінде айтылатын «Тышқанбай» осы екеуінің біреуі болуы ықтимал, енді біреуі мүлде ескерілмеген. 
Хатта «Бір əйелім...» дегеніне қарағанда, оның басқа да некелі əйелі барлығы аңғарылады. Қазірше, 
Көгедайдың кіндігінен қанша əйел бала тарағаны белгісіз болса да, осы хат арқылы оның кем дегенде 
екі қыз сүйгендігін, бірақ олардың шешектен қайтыс болғандығын анық ұғына аламыз. Міне, бұлар – 
қазірге дейінгі шежіре-аңыздарда айтылмай ұмыт болған аса маңызды тарихи деректер.  
Екіншіден,  бұрын  (1790  ж.)Көгедай  өзі  ұлық  Боғда  Ежен  ханға  амандаса  барғанда  патша  оған 
күңдік  мансап  беріп,  12  ата  баласы  керей  руын  билеткенін;  арыз-шағым  болса,  Хыб  амбан,  Батыр 
амбан, одан қалса, Іледегі Іле генаралынан сұрауға кеңес бергендігі айтылады. Одан сырт өзін «ұлық 
Боғда Ежен ханның мансаптысы, албатұсымын» деп танитындығы жазылады. 
Үшіншіден,  одан  да  маңыздысы  –  Көгедай  өз  иелігіндегі  елдің  жері  тар,  шөбі  тақыр  екендігін 
ескертіп,  Іле  генаралынан  жаз  жайлап,  қыс  қыстайтын  қоныс  тауып  беруін  өтінеді.  Сондай-ақ  «өз 
беттерімен ішке кіріп қонайын» десе, патшаның қаһарынан именетіндіктерін айтады. 
Төртіншіден, Көгедай гүң хатында қол астындағыларына 5 дəрежеге лайық жіңсе, ұтағат сынды 
лауазым белгілерін сұрап, өз билігін жалғасты бекемдей түсуді көздейді. 
Бесіншіден, аталмыш хаттың жазылған уақыты Жячиң жылнамасының 23 жылы 3 айдың 6 күні 
екендігі  нақты  хатқа  түскен.  Яғни,  Көгедайдың  Іле  генаралының  тарту-таралғыларын  тапсырып 
алғанының ертесі. Бір қызығы – хаттағы күнтізбе көрсеткіші қытай халқының ескі жылнамаларымен 
берілген.  Бұдан  хат  жазушы  адамның  Чиң  патшалығы  тұсындағы  жыл  қайыру  дағдысын  жақсы 
меңгергендігі айқын байқалады. 
Жинақтай  айтқанда,  мақаламыздың  негізгі  арқауы  болып  отырған  бұл  құжат  –  бір  жағынан, 
біздің Қазақ хандығы мен Чиң патшалығы арасында қалыптасқан достық қарым-қатынасты ішкерілей 
түсініп, ғылыми талдау жүргізуімізге мазмұндық жақтан тың мəліметтер берсе, екінші жағынан, сол 
тұстағы  қазақ  билеушілерінің  қоғамдық-саяси  өмірін,  айталық,  бір  бөлім  ел  ағаларының  отбасында 
орнаған  қайғылы  жағдайлары  мен  ел  басқарудағы  үлкенді-кішілі  мəселелерді  шешу  жолындағы 
талпыныстарын жыға тануымызда ерекше ғылыми мəнге ие. Тарихи деректану ғылымы – ескі қазақ 
201


жазба  тілі  сынды  қазақ  танудағы  соны  тақырыптардың  белін  бекемдеп,  көсегесін  көгертуде 
таптырмайтын аса құнды тарихи материал. 
 
Əдебиет:  
 
1.
  松筠(修)《钦定新疆识略》(二,哈萨克世次表条,台北:文海出版社,1965年。 
2.
  Əбділəшімұлы Д. Көгедай гүңнің өліміне байланысты жазылған қазақша арыз хат // Шинжяң қоғамдық 
ғылымы. - 2012. - №1. - 26-34-б. 
3.
  Əбділəшімұлы Д. Қытай бірінші тарихи мұрағатында сақталған қазақша құжаттар. - Пекин: Ұлттар 
баспасы, 2016. - 181-183-б.
 
4.
  松筠(修)《西陲总统事略》(卷十一),哈萨克源流,台北:文海出版社,1965年。 
5.
  Жанəбілұлы Қ., Жусанбаев Қ. Абақ керей (төр шежіресі). - Күйтүн: Іле халық баспасы, 2008. - 550 б. 
6.
   Ақтайұлы П. т.б. Қытай қазақ төрелер шежіресі (ішкі материал) // Үйрену жəне ғылым. - 2012. – 111-б. 
7.
  赤坂恒明:『 ジュチ裔諸政権史の研究』 ,東京,風間書房,2005,逆第148页。 
 
 
Алдаш А. 
филол.ғ.д., профессор 
 
Əскери іс атауларының тарихи бастаулары 
 
Қазақ тілтанымында соңғы ширек ғасыр көлемінде қарқынды зерделенген салалардың бастысы – 
қазақ  терминжасамы  мен  терминографиясы.  Ғылым  мен  техника,  ақпараттық-ағартушылық, 
əлеуметтік-қоғамдық  тармақтардың  аталымдарын  қазақыландыру  үдерістері  сындарлы,  үйлесімді 
түрде жүргізіліп келеді.Осының нəтижесінде қазақ қоғамында талдануы мен тұжырымдалуы жағынан 
ғылыми нəтижелері жоғары салалардың (заңтану, биология, медицина, əдебиет пен тіл, мəдениет пен 
өнер)  терминжасамын  қазақыландыруда  жəне  бірізділендіруде  жүйелілік,  стандарттылық, 
қалыптандыру  айқын  байқалады.  Аталған  ғылыми  тармақтардағы  қазақы  аталымдар  тілді 
тұтынушылардың  когнитивті  санасында  орныға  қоймағанымен,  функционалды  қолданысқа  түсу 
деңгейі жағынан, əсіресе, жазба нұсқаларда – ғылыми-ағартушылық мəтіндерде игерілуі тұрғысынан 
қарағанда,  біршама  реттеле  түсу  сатысында.  Кең  қолданыстағы  ғылыми  аталымдардың  жəне 
күнделікті  тұрмыстық  атаулардың  функционалды  қызметінің  кеңейе  түсуіне  сан  түрлі  типтегі 
лексикографиялық  сөздіктер  мен  ғылыми  еңбектер  тарапынан  қосылған  үлестің  де елеулі  екендігін 
атап өткен жөн.  
Бірқатар  ғылыми-ағартушылық  салалардағығылыми  аталымдардың  қалыптану  үдерістерімен 
салыстыра  қарағанда,  əскери  іс  саласы  бойынша  терминдер  мен  терминорамдардың  қазіргі 
«тағдыры»–  практикада  қолданысқа  енуі  бəсең  деңгейде.  Əрине,  оның  бірнеше  себептері  бар,  ең 
бастысы – ХХ ғасырда қазақ əскери ғылымы жеке-дара қалыптаспады. Бұл саланың барлық ғылыми 
қисындары,  практикалық  бағыттары  орталықтандырылды  да,  осының  нəтижесінде  қазақ  əскери 
ғылымы  атауларының  негізгі  ұғымдық  аппараты  орыс  тілінің  қорынан  алынды.  Кейінгі  жылдары 
қазақ  əскери  іс  саласының  атауларын  қазақыландыру  бағыты  біртіндеп  қолға  алына  бастаған  кезде 
жалпыхалықтық қазақ  тілінің  əскери іске қатысты  ұғым-түсініктерді  беруге  мүмкіндігі  төмен  деген 
пікірлер де  ұшырасты.  Əскери іс-саласы  –  заңтану  (бұл  термин  юриспруденция  жəне құқық қорғау 
органдары  салаларын  тұтас,  ықшам  қамту  мақсатында  ұсынылып  отыр)  жүйесінен  функционалды 
міндеттері  жағынан  айрықшаланады,  сондықтан  əскери  іс-саласының  аталымдары  заңтану 
терминкорпусының құрамына енбейді, əскери іс-саласының өзіндік жүйелі атаулары бар. Бұл атаулар 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  жанындағы  Мемлекеттік  терминологиялық  комиссия  мақұлдаған, 
12  000-ға  жуық  термин  қамтылған  арнаулы  сөздікке  енгізілген[1].  Осы  еңбекке  жүргізілген 
статистикалық зерттеу арқылы байқалатыны – əскери іс-саласының басым дені сөзбе-сөз аударылған 
сөз тіркестері.  
Қазақ  сөзі  байлығының  құрамындағы  əскери  атаулардың  қазіргі  ұғым-түсініктерді  беруге 
соншалықты  бəсекелік  қабілетті  екендігі  тарихи  көздерін  ұлы  ағартушы  ғалым  А.Байтұрсынұлы 
еңбектерінде жүйеленген[2]. 
Қазақ халқының əскери-жауынгерлік табиғи атауларының бір тобы ХХ ғасырдың жиырмасыншы 
жылдарында  Ахмет  Байтұрсынұлының  бастамасымен  қазақ  зиялылары  топтастырып  жинақтап, 
сөздік  ретінде  ұсынған  «Орысша-қазақша  əскерлік  атаулары»  деп  аталатын  еңбекте  көрініс  тапқан 
[1].  Сөздіктегі  айдаушы  (досылатель),  аламан  (партизан),  дағыра  (барабан),  мүйет  (багор),  сүңгір 
(подводная лодка), шапқын (атака), ергенек (рама), далағай (плац), іркін (шлюз), оқшашар (пулемет), 
отшашар  (огнемет),дүркін  шабуыл  (атака),  түмен  (дивизия),  бесатар  (винтовка)  типтес  атаулар 
əскери терминдер қатарын толықтырған [1]. Алаш зиялылары іріктеген əскери атаулардың тағдыры 
да əртүрлі: олардың бірқатары сөз сандығына орнықты орналасып, потенциал сөз деңгейінде болса, 
екіншілері  –  оқшашар  (пулемет),  отшашар  (огнемет),  көздемек  (визировать),  оқшантай 
202


(патронтаж),  айдаушы  (айдауыш  түрінде)  аталымдары  қазіргі  заманғы  жаңа  лексикографиялық 
еңбектердің  лұғаты  қатарынан  орын  алған.  Бұл  жайт  əскери  терминдерді  біріздендіру  жолындағы 
ізденістердің байыпты жүргізіліп келе жатқандығына дəлел бола алады. 
А.Байтұрсынұлының  аударма  шығармаларында  төлтума  қазақтық  терминдер  қолданылған:  Хан 
өзге  қол  шақырды,  Кіші  ұлына  бастатты,  Күншығысқа  бет  беріп,  Қару,қапшық  бөктеріп,  Қосын 
артып, қол тартты[2,120]. 
Академик  Р.Сыздықтың  зерттеулерінде  аға,  айбалта,  адырна,  жаушы,  жебе,  жосын,  кебенек, 
қорамсақ,  торғауыт,  шарболат,  берен,  көбе,  сауыт,  кіреуке,  дулыға,қылшан,  кез,  жебе,  аламан, 
айдауыл,  қарауыл,  жасақ,  қосын,  сарбаз,  ұлан,  шарболат,  сақетер  (қылыш  мағынасында)  сияқты 
бірқатар əскери атауларға этимологиялық талдау жүргізілген [3]. 
Тарихи  əскери  атаулар  жəне  олардың  сөзтөркіні,  қолданылатын  салалары  туралы  Орхон-Енисей 
жазбаларынан,  Ш.Уəлихановтың,  Е.Шипованың,  Ə.Қайдардың,  А.Аманжоловтың,  Р.Сыздықтың 
еңбектерінен  кездестіруге  болады.  Ғалымдар  зерттеулерінде  қазақтың  ауыз  əдебиеті  мен  батырлар 
жырларында  ұшырасатын  əскери  терминдер  талданады.  Мəселен,  академик  Ə.Қайдар  батырлар 
жырындағы əскери лексиканы 5 топқа бөліп қарастырады: 1) личное боевое оружие воина-батыра; 2) 
вспомогательные  предметы  воинского  снаряжения;  3)  доспехи  воина-батыра;  4)  боевое  знамя;  5) 
боевые ударные и духовые инструменты [4]. 
Қазіргі қазақ əдеби тілінің қолданысындағы аға ғылыми қызметкер, аға лейтенант, аға сержант, 
аға  оқытушы  деген  тіркестер  құрамындағы  аға  сөзі  Е.Шипова  мен  Р.Сыздықтың  мəліметтеріне 
қарағанда, «басшы, қолбасы» ұғымдарында қолданылған. Түркі тілдерінде, оның ішінде, түрік тілінде 
«аға»  лексемасы  бұдан  бұрынғы  тарихи  кезеңдерде  титул  ретінде  əскери  адамдарға  берілгені, 
янычарлардың бастықтарын атайтын атақ екендігі жайында тұжырымдар жасалған[1]. «Исатай деген 
ағам  бар,  Ақ  кіреуке  жағам  бар;  Сан  шерулі  қол  болса,  батырлар  болар  ағасы»  (Махамбет)  немесе 
«Жүрмеймісің құрдасым, Қолағалық қыламын» (Батырлар жыры) деген жолдардағы аға сөзі «жасы 
үлкен адам» емес, «əскери басшы, қолбасшы» мағынасында жұмсалғаны дəлелденген.  
Тарихи əскери атауларды талдауда жалпы түркологиядағы көзқарастарды ескеру аса маңызды.  
Түркі  тілдері  терминжасамы  мен  терминографиясының  дамуы  мен  қалыптасуы  тарихында  түркі 
тілдер  əулетіндегі  тарихи  дамулар  туралы  мəліметтерді  жүйелейтін  жəне  басқа  да  түркі  тілдерінің 
диахронды-синхронды жай-күйіне ықпалы бар[5]. Əзірбайжан, башқұрт, татар, түрік тілдерінің тілдік 
фактілері  назар  аудартады.  Əзірбайжан  жəне  түрік  тілдерінің  төл  лексикасының  терминденуі 
жайында  салғастырмалы  зерделеу  жүргізілген  бірнеше  маңызды  еңбектер  бар.  Ғылыми 
тұжырымдарға  қарағанда,  əзірбайжан  жəне  түркі  тілдері  табиғи  төл  лексикасы  түркі  тілдерінің 
көпшілігіне ортақ лексикалық тілдік бірліктерді қамтиды, дегенмен түркітектес түбір сақталғанымен, 
морфологиялық өзгерістер де кездеседі[6].  
Əскери іс терминдері өзіндік нормативтік тұрақты сипатпен ерекшеленетіндігі белгілі. Негізінен 
аңшылық  кəсібінің  атауларының  терминдік  статус  алуы  арқылы  қалыптасқан  əзірбайжан  əскери 
терминологиясы  кейініректе  араб-парсы,  еуропалық  тілдерден  кірме  сөздер  қабылдау  арқылы  одан 
əрі  қарағанда,  əзірбайжан  тілінің  əскери  терминдерінің  негізгі  бөлігін  түркі  сөздері  құрайды[7]. 
Мысалы,  дабилгэкаска/шлем  мағынасында  түркі  тілдеріндегі  дулыға  сөзімен  түбірлес.  Сондай-ақ 
галхан,  дэмрэн,  зараг,  кирши,кедчу,  субашы,  суну,  тиркеш,  тутсаг,  чарибашы,  чэрп,  алад,  гошун, 
орду,  сабаш  алаз,  атлы,  гошун,  орду,  такым,  туфэнк,  тапанча,  топ,  куллэ,  барыт,  гырма,  гундаг 
типтестер  оғыз  тобындағы  тілдерде  кеңінен  қолданылады.  Əзірбайжан  тілінде  əскери  атауларды 
беруде  фонетикалық  бейімделу  қалыптандырылған:  генерал-лейтенант;  шинел,  ракет.  ХІХ 
ғасырдың бас кезіндегі қазақ əдеби канонына да бұл сипат тəн.ҒалымБ.Əбілқасымовтың көрсетуінше 
ХІХ ғасырдағы қазақша ресми құжаттарда уаеннай (военный), уойскоуой (войсковой), сондай-ақ араб-
парсы  сөздері  харамилар  (разбойники)  ғарыз,  меһірбанчылық,  ғадаулық  қылу,  харакат,  ғаскер, 
йарлық,  фарман,  сархад  немесе  худуд  (пограничная  линия)  типтес  адаптацияланған  формалар 
орныққан [8, 28-30]. 
Башқұрт,  татар,  түрік,  əзірбайжан  тілдеріндегі  əскери  лексиканың  ортақ  ұқсастықтары  көп.  Бұл 
тілдерде ұғым-түсінікті атаудың уəжді белгілері ретінде заттың, ұғымның, бұйымның: а) сыртқы түрі: 
top «снаряд, ядро» («домалақ зат»), ajbalta «секира» (жүзі ай сияқты имек), kireuke «панцирь» (kireu 
«оралған»);  ə)  көлемі  :  jazajyl  ja:  «үлкен  садақ»,  on  eki  tutam  oq  «tutam  –  түркі  тілдеріндегі 
этноөлшем»;  б)  қасиет-сапасы:  qurc  «өткір  қылыш»  (монғ.  xurts  «өткір»);  в)  неге  арналғандығы: 
badana  «панцирь,  кольчуга»  (ар.  [badan]  «дене»  деген  мағынада),  qolluq;  г)  қайдан  алынғандығы, 
неден  жасалғандығы:  Xiua  myltyq;  bolat  qylyc,  jaryaq  (теріден  жасалған);  qamys  oq  жəне  т.б.  Бұлар 
туралы 
тұжырымдар 
белгілі 
түркологтер 
– 
А.Н.Кононовтың, 
Б.А.Серебренниковтің, 
Н.З.Гаджиеваның,  Н.К.Дмитриевтің,  К.М.Мусаевтың,  М.Т.Томановтың,  Н.К.Антоновтың  өткен 
ғасырдағы іргелі еңбектерінде топтастырылған жəне талданған[9]. Əзірбайжан, түрік, башқұрт, татар 
тілдеріндегі  əскери  терминдердің  дамуы  туралы  пікір-көзқарастар  кейінгі  зерттеушілердің  – 
Р.Б.Гасановтың, 
Д.Г.Багышовтың, 
Т.В.Лосева-Бахтиярованың, 
А.Г.Гулямовтың, 
203


Л.Э.Шихзаманованың зерттеулерінде тереңдетілген. Алайда кейінгі түрколог-зерттеушілер тілдің бұл 
қабатын  құрылымдық  тұрғыдан  ғана  қарастырады[9].  Дегенмен  кейбір  семантикалық  талдаулардан 
əскери  терминдердің  жалпы  түркі  тілдеріне  ортақ  лингвомəдени  белгілерін  де  аңғаруға  болады. 
Мəселен,  Л.Э.Шихзаманова  ХХ  ғасырдың  90-жылдарынан  бастап  түрік  əдеби  тілінің  лексикасында 
өзгерістер  басталғанын,  бұл  өзгерістер  тілдегі  реформаның  нəтижесі  екендігін  көрсетеді.  Осыған 
байланысты  түрік  тілінде  бұрын  дендеп  еніп,  орныққан  араб-парсы  сөздері  оқу-ағарту  саласында 
сақталғанын,  басқа  бағыттарда  түрік  тілінің  төл  лексикасы  орныға  бастағанын  баяндайды. 
Л.Э.Шихзаманова  былай  деп  жазады:  «В  результате  замены  старых  арабских  и  персидских  слов 
турецкими  неологизмами,  в  турецком  языке  наблюдается  такое  уникальное  явление,  как  полные 
синонимы, которое, однако, распространяется только на отдельно взятые лексические единицы, но не 
на фразеологизмы. Так, к примеру, мы имеем полные синонимы для слова  «результат»  -  «netice»  и 
«sonuç»,  но  примеры  из  сферы  фразеологии  не  могут  быть  взаимозаменяемыми  во  всех  позициях: 
«sohbetetmek»  («беседовать»)  и  «konuşmak»  («разговаривать»).  Таким  образом,  арабизмы  прочно 
закрепились  в  турецком  языке  за  счёт  того,  что  их  лексическое  значение  шире,  и  они  могут 
употребляться  как  в  самостоятельной  позиции,  так  и  в  составе  фразеологизма.  В  то  же  время  в 
турецком  языке  есть  некоторые  слова,  для  которых  нет  неологизма,  например,  употребляются 
арабские  заимствования  milletvekili,  mebus  для  обозначения  слова  «депутат»;  zaman,  vakit  для 
обозначения  слова  «время»,  а  собственно  турецких  слов  нет.  Встречаются  также  случаи,  когда  в 
турецком языке есть синоним арабо-персидскому заимствованию, например utku для арабского zafer 
(«победа»),  но  он  не  употребляется.  Однако  в  большинстве  случаев  для  обозначения  какого-либо 
понятия в турецком языке есть как старое, так и новое слово»[10]. 
Түркітектес  тілдердің  терминологиялық  жүйесінің  қазіргі  дамуында,  əсіресе,  түрік  тілі  мен 
əзірбайжан  тілінде  зерттеулер  көрсетіп  отырғанындай,  «əзірбайжандандыру»,  «түркілендіру» 
бағыттары,  яғни,  терминдену  үдерісінде  ұлттық  тілдің  қорын  сарқа  пайдалану  бағыттары 
соншалықты  қарқынды  емес.  Бұның  бірнеше  себептері  бар:  түрік  тілінде,  зерттеушілер  араб-парсы 
тілдері  мен  еуропалық  тілдердің,  оның  ішінде  француз  тілінің  лексикасы  терминқордың  едəуір 
бөлігін құрайды деп көрсеткенімен, бұл тілдердің жазу-сызуы орныққан кезден бастап-ақ төл тілдің 
ресурсын  игеру  кеңінен  жүзеге  асырылған,  осының  нəтижесінде  ғылымның  қай  саласында  да 
болмасын,  ұлттық  тілдің  терминденуі  қалыптандырылған.  Сонымен  қатар  əзірбайжан  немесе  түрік 
тілдеріндегі еуропалық тілдердің элементтерін қазақ əдеби тіліне орыс тілінің əсерімен салыстыруға 
болмайды, бұл арада саяси- əлеуметтік, əлеуметтік-лингвистикалық кеңістіктер елеулі түрде əр басқа 
екендігін атап өту қажет. Əлеуметтік лингвистика саласында «русификация», «украинизация» деген 
термин  жұмсалады,  қазақ  əлеуметтік  лингвистика  саласында«қазақыландыру»  деген  термин 
орныққан. Қазақыландыру – Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының басым бағыттарын жүзеге 
асыруға байланысты пайда болған жаңа термин. Бұл термин қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, 
қазақ  тілін  ғылым  мен  техника  тіліне  айналдыру,  білім  беру,  заң  жəне  сот  ісі  салаларына  белсенді 
енгізу мүдделерінде тілдің төл əлеуетін сарқа пайдалану деген ұғымды білдіреді.  
Ғылымда:«Қазақ  хандықтарында  тұрақты  армия  болмағаны  тарихтан  белгілі.  Олардың  тек 
жаугершілік кездерінде хандардың, батырлардың басшылығымен жиналатын уақытша əскері болды. 
...Əскери  лексика  арабтықтардан,  ирандықтар  жəне  моңғолдардан  ауысқан  əскери  лексикамен 
толықтырылды»,  –  деген  пікір  айтылған[11,87].  Ал  академик  Р.Сыздық:«қаһармандық  эпостардың 
лексикалық  қазынасындағы  əскери  топ,  яғни,  ұрыс-соғыс  семантикасын  білдіретін  қару-жарақ 
атаулары, қимыл-қарекетті білдіретін етістіктер мен неше алуан жеке сөз тіркестері, дублеттері мен 
варианттары түрлерін ...негізінен батырлар жырлары сақтап, жеткізіп отыр», – деп көрсетеді[12,114]. 
Академик тағы бір еңбегінде өткен ғасырлардағы қазақ лексикасындағы өзгерістер мен оларға ықпал 
еткен  факторларды  қарастыра  келе,  ХІХ  ғасырдың  І  жартысындағы  жазба  əдеби  нұсқаларда 
жаугершілікке  қатысты  атаулар  мен  образдардың  кеңінен  қолданылғанын,  əйткенмен  «осы 
атаулардың əдебиет үлгілерінде азая бергендігін» атап өткен болатын [13,192]. 
Қазіргі кезде шекараны күзету мен қорғау ісінің практикасында қазақ тілін пайдаланудың көбірек 
көрінетін  тұсы  –  саптық  жарғы  терминдері.  Таралым,  сап  жəне  лек  қатарларын  түзу,  кезекшілік 
міндеттер  кезінде  ауызша  баянат  беруде  «Тік  тұр;  Еркін  тұр;  Түзел;  Оң-ға;  Сол-ға;  Баяндап  тұрған 
кезекші  майор  Оспанов;  Саулығыңызды  тілеймін;  кезекші  майор  Оспанов  тыңдап  тұр»  типтес 
стандарт  құрылымдар  орныққан,  бірақ  олар  əрі  қарай  белсенді  іске  асырылатын  ресми  тілдегі 
қоммуникативтік қарым-қатынастың алдында болуы тиісті проформа түрінде ғана. 
Əскери  іс  терминдерінің  коммуникативтік  кеңістігін  ұлғайту  жөніндегі  проблемаларды  талдай 
қарағанда, бұл жайттың, ең алдымен, қоғамдағы құндылықтар жүйесіне барып тірелетіндігіне назар 
аудартуға  тиіспіз.  Қоғам  мүшелері  үшін  басты  рухани  құндылық  мемлекет  саясатына  сəйкес  қазақ 
тілінің мəртебесін одан əрі арттыра түсу болмақ. Бұл фактор əрбір қоғам мүшесінің тілдік санасының 
қандайлық дəрежеде жəне қалай қалыптасқандығына байланысты.  
204


Қазақ  жеріндегі  ұлттық-рухани  құндылықтарды  танып-білу  елдің  егемендігін,  конституциялық 
құрылымын, ел аумағының қауіпсіздігін сақтау, қорғау мен күзету жүктелген əскери іс саласындағы 
қазақстандық азаматтардың əскери қызметінің  
 маңызды  құрамдас  бөліктеріне  айналуы  тиіс. 
Əскери қызмет қашанда халық – мемлекет – мемлекеттің аумағы – мемлекеттің қауіпсіздігі – елдің 
бейбіт  өмірі  тəріздес  əлеуметтік-саяси  ұғымдармен  тығыз  байланыста,  алайда  əскери  қызметті, 
əскери-жауынгерлік  міндеттерді  атқарудың  көлемімен  ғана  шектеуге  болмайды.  Дəл  осындай 
шектеулік  қалыптасқан  жағдайда  жəне  оған  басымдық  берілетін  болса,  əскери  қызметші  жоғарыда 
аталған  аса  маңызды  біртұтас  ұғым-түсініктерді  жоғары  саналылықпен  сезіне  алмайды  жəне  өзінің 
басты міндеттерін атқарудағы қабілеті төмен болады. Бұл ретте өзге де маңызды іс-шаралармен қатар 
қазақ  сөзінің  аса  бай  қоры  –  əскери  атаулардың  тарихи  түсініктерін  əскери  маманның  когнитивті 
санасына  орнықтыру  бойынша  ғылыми-практикалық  шараларды  жандандыра  түсу  мейлінше  өзекті 
болып саналады.  
 
Əдебиет:  
1.  Орысша-қазақша  əскерлік  атаулары  /  Жалпы  редакциясын  басқарған  Ш.  Құрманбайұлы.  -  Астана:  1С-
Сервис, 2005. - 136 б.  
2. Байтұрсынұлы А. Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. - Алматы: Жазушы, 1989. - 320 б. 
3. Сыздық Р. Сөздер сөйлейді (сөздердің қолданылу тарихынан). - Алматы: Арыс,2004. - 232 бет. 
4.  Кайдаров  Ə.  Доспехи  и  вооружения  воина-батыра  в  казахском  эпосе  и  их  этнолингвистическое 
объяснение //Материалы международной конференции по алтаистике. – Вена, 1972. -С. 30-37. 
5.  Томанов  М.  Т.  Основные  вопросы  исторической  морфологии  казахского  языка:  автореф.  дисс...  д-ра 
филол. наук. - Алма-Ата, 1975. - 126 с.  
6.  Гасанов  Р.Б.  Исконная  лексика  азербайджанского  и  турецкого  языков  в  сравнительно-историческом 
освещении: автореф. дисс... канд. филол. наук. - Махачкала 2002. - 25 с. 
7.  Багышов  Д.Г.  Военная  терминология  азербайджанского  языка:  автореферат  дисс...  канд.  филол.  наук.  - 
Баку, 1990. - 25 с. 
8. Əбілқасымов Б. Қазақтың ескі жазба əдеби тілі. - Алматы: Қазақ тілі, 2015. – 128 б. 
9. Мусаев К, М. Лексика тюркских языков в сравнительном освещении. - М., 1975. - 357 с.  
10. Л.Э.Шихзаманова Неологизмы и старые слова в современных турецких газетных текстах  // Материалы 
конференции «Ломоносовские чтения». - Москва,2012.  
11. Байжанов Т. Қазақ тіліндегі əскери лексика. – Алматы: Рауан, 1991. – 102 б. 
12. Сыздық Р. Ауызша дамыған қазақ əдеби тілі. - Алматы: Дайк-Пресс, 2014. – 242 б.   
13. Сыздық Р. Қазақ əдеби тілінің тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1993. – 320 б.  
 
 
 
 
 
Ахметжанова З.  
филол.ғ.д., СДУ профессоры 
Баймурзина А.  
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі  
институтының докторанты  
 
М.Қойгелдінің «Күрескер» мақаласына интерпретациялық талдау 
 
Ə.  Бөкейхан  туралы  бүгінде  бірнеше  том-том  болып  еңбектер  жазылып,  жүздеп  мақалалар 
жариялануда жəне жазыла бермек. Ол тез өзгеріп жатқан заманда өмір сүріп, қандай билік келсе де, 
олардың  тарпынан  қолдау  таппаған  жан.  Алайда,  ол  XIX  ғ.  соңы  мен  XX  ғ.  басындағы  қазақ 
зиялыларының,  қоғам  жəне  мемлекет  қайраткерлерінің  қатарындағы  өз  елі  үшiн  басын  құрбан 
қылғанаса ерекше тұлға [1]. 
«Алаш  қозғалысының  тарихын,  оның  жетекшілерінің  қызметін  қорыту  процесі  советтік  кезеңде 
басталып, биліктегі идеология бойынша жасалынған тұжырымдардың біразы ғылыми əдебиетте осы 
кезеңде  орнықты.  Сол  сияқты,  батыстық  тарихнама  да  Алаш  қозғалысына  қатысты  өзінің 
тұжырымдарын  басым  түрде  орыстілді  деректік  материалдар  (патшалық  жəне  советтік  басқарушы 
аппарат қойнауынан шыққан) негізінде жасады. Міне, осы жасалынған тұжырымдарда ең кем дегенде 
мынадай екі дерек есепке алынған жоқ. Олар, біріншіден, революциялық өзгерістерге (1917) дейінгі 
жəне советтік билік тұсында өмірге келген Алаш зиялыларының шығармашылық мұрасы. Екіншіден, 
ОГПУ  жəне  НКВД  тарапынан  алаштық  топқа  байланысты  жүргізілген  сот  процестерінің 
материалдары» (М.Қойгелді, тарих ғылымдарының докторы, ҰҒА корреспондент-мүшесі).  
Мақаланың кіріспесі ҚР тəуелсіздік жылдары қашаннан басталғандығы жəне Алаш қозғалысы мен 
оның  белсенділері  туралы    білімді  талап  етеді.  Алғашқы  абзац  ішінде  Алаш  қайраткерлері  мен 
шығармашылық иелері, яғни, Алаш үкіметі уақытындағы шығармашылық адамдары сөздері ерекше 
мағынаға  ие.  «Алаш»    деген  сөзді  айтқандағы  ең  алғашқы  ассоциация:  Əлихан  құрған  «Алаш» 
партиясы  мен  Алашорда  үкіметі  жəне  жалпы  ұлттық  Алаш  қозғалысы  көз  алдыға  елестейді.  Алаш 
205


зиялыларының  ұлт  үшін  сіңірген  бірегей  еңбектері  мен  жанкешті  күресі  жайлы  тарихи  білімді  де 
талап етеді. Жалпы оқырманнан Алаш қозғалысы жайлы білімнің болуын талап етеді. Бұл кісілердің 
еңбектерінің  маңыздылығы«мұра»  сөзі  арқылы  жеткізіліп  отыр,  яғни,  ары  қарай  ұрпақтан  ұрпаққа 
сақталуы тиіс мұра, қазына іспеттес. 
Тəуелсіздік  жылдары  кедергісіз  шығуы  оған  дейін  кедергілер  кесірінен  жарық  көре  алмаған 
материалдар екендігін байқатады. Екінші сөйлем бірінші сөйлемнің мəнісін аша түскен. Еңбектердің 
кітап  болып  шығуы  үлкен  жетістік  екендігі  айтылады.  «Жетістіктерінің  бірі»  деген  сөз  Алаш 
қозғалысының тарихын ашуда одан да басқа іс-əрекеттер жасалғандығы, одан да өзге нəтижелер бар 
екендігіне  сілтеме  жасайды.Сот  материалдарының  қолжетімсіздігі  көрсетіліп  тұр.  «Өкінішке  орай» 
деген  сөз,  егер  сот  материалдары  болмағанда,  көп  мəліметті  ашық  жариялап,  халыққа  мəлім  етуге 
болатындығын көрсетіп отыр.  
Екінші  абзацта  оқырманнан  Алаш  қайраткерлерінің  үстінен  жүргізілген  сот  процесстері  жəне 
«ОГПУ – Объединённое государственное политическое управление; НКВД – Народный Комиссариат 
Внутренних Дел» аббревиатураларының толық атауы,«Совет мемлекеті атынан жасалынған қылмыс» 
тіркесі, совет үкіметінің Алаш белсенділеріне жасаған озбырлығы туралы білімді талап етеді.  
Келесі  абзацта  оқырман  келтірілген  құзырлы  орган  –  ҚР  Жоғарғы  Кеңесінің  Төралқасы 
тұрғысында  ақпаратқа  ие  болуы  тиіс.  Сонымен  қатар  елім,  жерім  деген  ұлтшыл  ұлдардың  үстінен 
жүргізілген  іс  жайлы  ақпарат  тарата  алатындай  «Егемен  Қазақстан»,  «Казахстанская  правда» 
газеттерінің  ел  жанашырларының  қолдаушысы  екендігін  байқатады.  «Комиссия  қорытындысы» 
тіркесі ерекше назар аударуды қажет етеді. «Тəжірибе жүргізетін полигондай» пайдалануы қазақ елін 
адам  құрлы  көрмеуін  көрсетеді.  Совет  үкіметінің  халыққа  қырғидай  тиіп,  озбырлық  танытуының 
алапаттығы  оның  «əрекетінің  халыққа  қарсы  қылмыс»  болып  белгіленуі  арқылы  келтіріліп  отыр. 
«Режім» сөзі бұл қай уақытта болғандығын білуді талап етеді. 
Төртінші  абзацта  келтірілген  «Қазақстан  халқын»,  «қазақ  этносын»  тіркестері  совет  үкіметінің 
жасаған қылмысының ұлтты жоюға бағытталған жасанды ісі екендігін аңғартады. Осы арадағы совет 
үкіметінің  қиянатына  тап  болған  ірі  тұлға  Əлихан  Бөкейхан  екендігін  оның  ұлт-азаттық  қозғалыс 
басшысы  екендігінен  түсінеміз.  «Қазақ  мəселесі»сөзі  сол  кезеңдегі  тарихи  оқиғалар  мен  халықтың 
тұрмыс-тіршілігінен хабардар болуды талап етеді. «Қаперге алынбауы» деген сөзден совет үкіметінің 
қасақана түрде əрекет етуі, халық жағдайын жақсартуды ойлаған ұлт зиялыларының сөзін, ұсынысын 
əдейі елемеуі арқылы жағдайды ушықтырғаны анық көрінеді. 
Бесінші  абзацқа  тоқталатын  болсақ,  оқырман  қазақ  халқынының  басынан  өткен  бұл  зұлматтың 
алапаттығын  байқай  алады.  Сонымен  қатар  оқырманнан  адамзат  тарихы,  дүниежүзі  тарихынан 
хабардар болуды талап етеді. Диктаторлық режімдердің ең ауыры, адам төзгісізі осы Совет үкіметінің 
орнатқан режімі екендігін ашып беріп отыр. Алғашқысы кейінгі сөйлемді толықтырған бұл абзацтан 
шығатын  қорытынды:  Совет  үкіметінің  режімінің  өзге  диктаторлық  режімдермен  салыстыруға 
келмейтін  дүлей  режім  екендігі  жай  айтылған  сөз  емес,  ақиқат  нəрсе.  Оған  дəлел  ретінде  фактілік 
материалдар  да  бар  екендігі  сөз  болып  отыр.  Бұл  жерде  оқырман білуі  тиіс  нəрсе –  сот  процесінде 
қолданылатын,  жалпы  ақиқат  істі  ашып  айтарда  келтірілетін  «фактілік  материал»  дегеннің  не 
екендігін білу. Келтірілмек фактілердің бір бет мақала көлеміне сыймайтындай көп нəрсе екендігін 
аңғарылады.  «Дегенмен»  деу  арқылы  алдыңғы  сөйлемге  сілтеме  жасап,  байланыстырып,  «мына 
жағдайды  ескерген  жөн»,  –  деп  келесі  сөйлемге  сілтеме  жасалынып,  ондағы  айтылатын  ой 
маңыздылығын меңзеп тұр.  
Келесі  абзацта  автор  тарихшыларға  өткен  тарихты  қорытуда  жаңа  əдістерді  қолдануға  үндеу 
тастау  арқылы  оқырманға  бұрын  жазылған  тарихтың  кемшін  тұстары  жайында  ой  салып  отыр. 
Идеологиялық  орталықтардың  бұрмалап  жазған  тарихымызды,  əсіресе,  Алаш  қозғалысы  тарихын 
қайта қарау керектігін сөз етіп, сол тұста жазылған том-том кітаптар мен қорғалған диссертацияларға 
сыни көзқараспен қарап отырғандығын, сөйлемді аяқсыз, айтылмаған ойын көп нүктемен жеткізгенін 
көріп отырмыз. 
Əрі қарай автор оқырманға «Өткен тарихымызды ескі əдістер арқылы зерделей аламыз ба?» деген 
сауал  қойып,  өзі  теріс  жауабын  беріп,  бұл  мəселені  шешуде  жаңа  методологиялық  əдістердің 
таптырмас  құрал  екендігін  ашып  айтып  отыр.  «Методологиялық  əдіс-құралдар»,  «советтік 
идеология»,  «методологиялық  постулаттарды  еңсеру»,  «жаңа  əдіс-құралдар»,  «тарихи  процестер» 
тіркестері  арқылы  автордың  тарихшы  ретіндегі  пікірін  аңғарсақ,  «өткен  ғасырда  жүріп  өткен 
жолымыз», «ел өміріндегі процестер», «кешегі жүріп өткен жолымыз» тіркестері арқылы елім, жерім 
деген, ұлт тарихының ақтаңдақтарын ашып беріп отырған  ұлт ұлының жан айқайын сезе аламыз.  
Келесі  абзац  төрт  сөйлемнен  құралса,  оның  екеуі  екі  үлкен  сұрақтан  тұрады.  Бірінің  мақсаты  
қазақ  қоғамында  совет  кезеңінде  орын  алған  билік  түрін  анықтау  болса,  екіншісі  социалистік  идея 
маңызын анықтауды көздейді. Осы тұста оқырманнан «большевиктер», «пролетариат диктатурасы», 
«социалистік идея» ұғымдары туралы білім талап етіледі. 
206


Əрі қарай жоғарыдағы сауалдарға жауаптар келтіріледі. Əлихан Нұрмұхамедұлының үндеу жазуы 
сөз  етіледі.  Нақты  уақыттың  берілуі  (1917жылдың  1  желтоқсаны)  айқын  факт  ретінде  көрсетілуін 
шегелей түседі. Оқырман білуі тиіс тұлғалар – Ульянов – Ленин жəне Николай патша.  
Автор «...Ульянов-Ленин Николай сияқты халыққа үнсіз хайуан ретінде қарайды» деген үзінділер 
арқылы Əлихан Нұрмұхамедұлының халқы үшін ашынған ащы дауысын естіртеді.  
Үндеу  жолдаған  Ə.Бөкейханмен  бірге  «Алаш»  партиясының  төңірегінде  жиылған  басқа  да  ұлт 
зиялыларының ұстанымы ортақ болғандығы жəне олардың талап еткені демократиялық билік жүйесі 
екендігі айтылады. Оқырман бұл арада Алаш белсенділерін білуі тиіс. 
Шоқан Уəлиханов пен Əлихан Бөкейханның, сонымен қатар оларға дейінгі қазақ ойшылдары мен 
қайраткерлері  Абай  Құнанбайұлы,  Исатай  Тайманұлы,  Кенесары  Қасымұлы  есімдері  қатар  келуі  – 
барлығының  арманы  бір,  мақсаты  ортақ  екендігін  көрсетеді.  Барлығы  да  елім,  жерім  деген  ұлт 
азаматтары  еді.  Əр  қайсысы  өз  уақытында  əділдік  үшін  күрескен,  Əлихан  да  өз  заманының 
қаһарманы.  
Əлихан  Нұрмұхамедұлы  барша  қазақ  мойындаған  саяси  қайраткер  атанды.  Автор  дəлел  ретінде 
Бақытжан  Қаратаевтың  хатын  (1910,  30.IX)  келтіріп  отыр.  Замандас  ағасының  хатын  оқи  отырып, 
оқырман Əлиханның елдің ықыласы мен сеніміне ие болған азамат екендігін түсінеді.  
1896-1905жылдары  ғылыми  экспедицияға  қатысып,  халық  тіршілігімен  жақын  танысуы  – 
ауылшаруашылығын 
заман 
сұранысына 
лайық 
бейімдеуге 
қатысты 
тұжырымдарының 
маңыздылығын  көрсетеді;  жай  ғана  қағаз  шимақтамай,  халықтың  шынайы  өмірімен  өз  көзімен 
танысып, оны жақсартуға тырысқанын аңғартады.  
Əлихан  Бөкейхан  жасаған  тұжырымның  алғашқысы  –  «Қазақ  жері  мал  кіндігі,  мұнда  бұрын 
қандай жұрт жүрсе, мал баққан». Жəне де оның ескеруінше, қазақ жеріне келген өзге ұлттар қазақтан 
көріп, мал асырап, қазақтан асып түсіп отыр.  
Австралия,  Англия,  Швейцария  жерлері  туралы  дерек  келтіруі  –  Əлихан  Бөкейханның  терең 
географиялық білімдерінен хабардар етеді.  
Бұл елдердің шаруашылығын жай ғана мысал емес, қазақ еліне үлгі болсын деп айтып отыр. Яки, 
бұрыннан  мал  шаруашылығымен  айналысқан  қазақ  халқы  ендігі  жерде  мал  басын  асылдандырып, 
тиімді шаруашылыққа көшу керектігін ескертіп айтады.  
Ə.Бөкейханның  екінші  тұжырымы  –  қазақ  мал  шаруашылығымен  айналысуы  тиіс,  оларды 
отырықшы  халыққа  айналдырмау  керектігі.  Дегенмен,  билік  бұл  пікірге  құлақ  аспады.  Бұл  жайт 
туралы айтылған сөйлемнің леп белгісімен аяқталуы автордың эмоциясын байқатады.  
Келесі  абзац  1937  жылдың  26шілдесінде  жəне  6  тамызда  болған  жайт  хақында  баяндайды. 
Ə.Бөкейханның  совет  үкіметінің  билігін  мойындамауын,  оған  қарсылығын  жəне  қарсылық  ретінде 
Алаш  қозғалысын  жүргізуін,  ақтық  демі  қалғанша  өз  идеясына  беріктігін  көре  аламыз.  Бұл  арада 
оқырманға ерекше назар аудартар тұсы – Əлихан Нұрмұхамедұлының:«Мен ешуақытта совет билігін 
жақтырған  емеспін!»–  деп  өзіне  берілген  сөзін аяқтауы.  Осы сөзінен-ақ  Əлиханның қайтпас қайсар 
мінезін анық байқай аламыз.  
Автор  тұжырымның  дəлелденетін  жері  практика  екендігін  айтып,  Ə.Бөкейхан  жасаған 
тұжырымдардың  дұрыстығын  көрсететін  жайттарды  келтіріп  отыр.  Бұл  арада  оқырман 
Ə.Бөкейханның көрегендігіне көз жеткізе алады. Одан əрі автор санмен фактілер келтіріп, бұл істің 
барлығы  ірі  жəне  орта  шаруашылық  иелерін  əлеуметтік  топ  ретінде  қоғамнан  аластату  үшін 
жасалғандығын  ашып  айтады.  Бұл  арада  оқырманнан  талап  етілетін  білім  –  «шаруашылықтарды 
тəркілеу туралы қаулы» жəне «Кулактық жер аудару» ұғымдары туралы мəлімет. 
Ленин-Сталин орнатқан диктатуралық режімінің салдары мен зардаптары келтіріліп отыр: алапат 
ашаршылық,  ұлттық  интеллигенция,  саяси  басқарушы  топ,  дін  қызметкерлерінің  жазалануы, 
элитаның жойылуы. 
1917жылы  Қазан  революциясы  қарсаңында  Əлихан  Бөкейханның:«Есік  алдынан  дауыл,  үй 
артынан  жау  келді!  Алаштың  баласы  «Ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұламадан»  соң  200  жылда 
басыңа бір қиын іс келді», – деп ескерткені рас келді. Бұл тағы да Əлиханның көрегендігінің айқын 
дəлелі болып отыр.  
Мақаланың  сегізінші  абзацында  қойылған  пролетариат  диктатурасы  жəне  социалистік  идея 
хақындағы  екі  үлкен  сауалдың  жауабы  жиырма  алтыншы  абзацта  былайша  қорытылады:  «Ресей 
империясы  көлемінде  большевиктер  орнатқан  диктатуралық  билік  жүйесі  сырттан  таңылған 
социалистік  идеяның  Ресейлік  варианты  қазақ  халқы  үшін  қисапсыз  мол  азап  əкелді».  Осы 
қорытынды жалғасы ретінде тағы бір сауал туындады:«Диктатуралық жүйеге балама ретінде өмірге 
келген Алаш идеясы неге шындыққа айнала алмады?» 
Бұл  сауалға  жауап  табу  үшін,  автор  ұсынысы  бойынша,  Ресей  империясы  мен  совет  үкіметінің 
билігі мен табиғатына жүгіну керек. Осы арада орыс ойшылы А.Герценнің «абақтыға» теңеген елден 
бəрінің  қашып  кеткісі  келетіні  жайындағы  сөзі  өте  орынды  қолданылған.  Əдеби  тілмен  тарихи 
207


жағдаят  оқырман  назарына  керемет  жеткізілген.  Бұл  арада  оқырман  А.Герценнің  кім  екендігінен 
хабардар болуы тиіс.  
Сонымен  қатар  орыс  философы  И.Ильиннің  большевизмді  азғырушы  ағым  ретінде  атағандығы 
келтіріледі. Автор орыс ойшылының сөздерін бекер келтіріп отырған жоқ. Өйткені совет үкіметінің 
орнатқан  режімі  барша  халықты  қыспаққа  алып,  қиянатқа  ұшыратуы,  озбырлық  танытуы  тек  қазақ 
халқынының  қытығына  тиіп  отырған  мəселе  емес,  адамзат  тарихында  өшпес  із  қалдырып  отырған 
үлкен  қылмыс.  Алаш  қозғалысының  өмірінің  қысқа  болуының  себебін  автор  былайша  қорытады: 
«Большевизм жас сенгіш зиялылар тобын алдап, арбап соңынан ертті; билікке қол жеткізген соң, əлгі 
зиялыларды дарға асуға бұйырды. Осылайша, жалындаған от өшті де қалды».  
От  өшкенімен,  артында  қызуы  қалды,  яғни,  зиялылардан  қалған  ағартушылық  шығармашылық 
мұра.  Əлихан  Нұрмұхамедұлы  бастаған  ұлт  зиялылары  қазақ  қоғамына  ағартушылық  идеясын 
таратып,  көзін  ашты.  Алаш  зиялылары  таратқан  бұл  ағартушылық  ескі  феодалдық  тəртіп  пен 
қоғамдық  қатынастарға,  діни  фанатизмге  қарсы  бағытталуымен  бірге,  ресейлік  отарлық  езгіден 
құтылуға,  заман  сұранысына  лайық  білім  мен  ғылымды  игеруге  үндеді.  Осы  мақсатқа  жету  жолы 
қазақты  ұлт  ретінде  біржола  қалыптастырып,  ұлттық  мемлекеттілікті  жаңғырту  екендігін  жақсы 
түсініп, осы бағытта жұмыс жасады.  
Бүкіл  саналы  өмірін  халқына,  халқының  азаттығына  арнаған  Əлихан  Бөкейхан  барлық  қажыр-
қайратын,  білім,  дарын-талантын  патша  өкіметінің  отаршылдық,  қанау  кезінде  қалам  күшімен 
жазылған  еңбектерінде  қалың  қазақтың  өз  ішіндегі  алауыздық,  жалқаулық,  өтірік,  ұрлық, 
шаруағақырсыздық  сияқты  кесапат  мінездерді  сынап,  ел  тағдыры  үшін  ең  маңызды  нəрсе,  негізгі 
байлық,  тіршілік  көзі  –  жерге  иелік  екенін  терең  сезініп,  осы  бағытта  жұмыс  жасайды,  ғылыми 
зерттеулер, мақалаларды жарыққа шығаруға жіберді [3]. 
Бейбіт жағдайда бұл мақсат барлық қоғамдардағыдай ұлттық тілдің, білімнің, əдебиеттің дамуына, 
жоғарылауына əкелуі тиіс еді. Автор атап көрсеткендей «ұйытқы элемент» болуы қажет еді.Отарлық 
жағдайындағы  елдерде  бұл  ұйытқы  элемент  іске  асуы  үшін  ұлттық  мемлекеттілікті  жаңғырту  – 
негізгі шарт. Өкінішке орай, Алаш зиялылары өмірге əкелген ағартушылық пен ұлтшылдық тағдыры 
зиялылар тағдыры сияқты қайғылы болды. Совет үкіметі қазақ ұлт-азаттық қозғалысын гуманизмнен 
мүлдем  алыс  əдістермен  басып  жаншыды.Мақала  авторы  қорытынды  бөлімде  Ə.Бөкейханның 
қызметіне  байланысты  жасаған  тұжырымдары  өз  күшін  жойды,  ескірді  деп  айту  жеткіліксіз  деп 
түйіп, аға буынның советтік идеологиядан толық арылуы жəне де жас буынды алаштық таза, заман 
талабына сай рухта тəрбиелеуі міндет екендігіне үндеу тастап отыр.  
Қорыта  айтқанда,  бұл  мақала  ұлты  үшін  жанын  аямаған  көреген    «күрескер»  Əлихан  Бөкейхан 
бастаған Алаш зиялыларының көксеген арманы мен көздеген мақсаты туралы баяндайды. Халқының 
көкірегін  оятып,  көзін  ашу,  яғни,  ағартушылық  мақсатында  ұлттық  мемлекеттілікті  орнатуға 
тырысқан  ұлт  азаматтарының  совет  үкіметінің  адам  төзгісіз  озбырлығы  мен  қатыгездігі, 
əділетсіздігіне ұшырауы сөз етіледі. Бұл мақаламен танысқан əр оқырман тарихи жайттармен таныс 
болумен қатар, бойында ұлттық намыс пен əділеттілік орнатуға деген талпыныс пайда болғандығын 
сезінеді.    Бұл  мақала  ұлт  тарихымен  таныстырып  қана  қоймай,  ондағы  айтылмаған  ақиқат  пен 
астарлы шындықты ашып көрсетеді.  
 
Əдебиет: 
1.
  Қойгелді  М.  Күрескер.  «Қазақ  əдебиеті»  газеті,  04.03.2016  http://qazaqadebieti.kz/4410/k-resker 
(электронды ресурс) 
2.
  Өскембаев  Қ.С.  Ə.Бөкейхан:  халқы  үшін  жаралған  тұлға//  Вестник  Карагандинского  университета.- 
Серия «История. Философия». – 2016. - №1(81). -С.78-86.  
3.
  Сақабай  Т.Қ.  Ə.Н.Бөкейханның  ғылыми  мұраларыныңотан  тарихын  зерттеудегі  маңызы  //  Вестник 
Карагандинского университета.- Серия «История. Философия». – 2016. - № 1(81). – С. 58-64 
 
 
Абишева К. 
филол.ғ.д., «Тұран-Астана» 
университетінің профессоры 
 
Іскери қауышудың интерактивтік сипаты 
 
Бүгінгі  күнде  қауышу  мəселесі  зерттеушілердің  назарын  аударып,  қызығушылығын  тудыруда. 
Ғылыми  қызығушылықты  арттырудың  бірнеше  себептерін  атауға  болады:  1)  бұрын  қауышу 
əрекеттесімен  байланысты  сұрақтар  тек  психология  шеңберінде  ғана  қарастырылса,  бүгінгі  күнде 
қауышу  проблемасы  ауқымды  деңгейде  зерделенеді.Себебі  қоғамдық  салалардың  өрбіп,  өрістенуі 
қауышудың    жаңа  түрлерінің  пайда  болуына  септігін  тигізеді.  2)  Іскери  қауышудың  онтологиялық 
табиғатын анықтау үшін əртүрлі білімдерді қолданудың қажеттілігі туды. ХХ ғасырдың аяғында, ХХІ 
208


ғасырдың  басында  ғылыми  зерттеулердің  бағыты,  мəселелердің  бағдарлары  өзгеріп,  жаңа 
методологиялық  жəне  эпистемологиялық  ізденістер  басталды.  Солардың  нəтижесінде  ғылыми 
қолданысқа интегративтік əдіс ендірілді. 
Іскери  қауышуды  зерттеу  барысында  сан-қилы  білімдерді,  солардың  ішінде    психологиялық 
(қауышудың  құрамалары,  түрлері,  қабылдау,  түсіну,  əрекеттесу  типтері),когнитивтік  психология 
(перцепция,  концепт,  менталдық  репрезентациялардың  түрлері),  əлеуметтік  лингвистика  (мəртебе, 
əлеуметтік  қатынастар,  əлеуметтік  роль),  тіл  білімі(вербалдық  жəне  бейвербальдық  тəсілдер, 
тілдік  материал),  прагматика(қатысу  постулаттары,  серіктестіктердің  мінезіне  əсер  ету 
жолдары), коммуникация (коммуникация, сөздік акт арқылы қауышуын) жүзеге асыру қолданылып, 
солар арқылы қауышудың құрылымын, өткерілуін зерттеп нысанды жан-жақты қарастыруға болады.  
Іскери  қауышудың  онтологиялық  табиғаты  күрделі,  ол  бірнеше  құрамаларға  негізделінеді. 
Солардың  ішінде  əлеуметтік-психологиялық,  психокогнитивтік  құрамаларын  атауға  болады. 
Психологтардың  өздері  де  (Б.Ф.Ломов,  Г.М.Андреева)  қауышуды  əлеуметтік  психологиялық 
құбылыстарға  жатқызған.  Олар  Б.Д.Парыгиннің  «қауышу  тек  қана  психологиялық  құбылыс»  [1] 
деген  көзқарасын  құптамай,  оның  əлеуметтік-психологиялық  жағына  назар  аударған.  Ғалымдардың 
пайымдауынша, қауышуды əлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде сипаттап, үш құрамасын: 1) 
интерактивтік  (қауышатын  адамдар  бір-бірімен  əрекеттеседі);  2)  коммуникативтік  (қауышу  кезінде 
ақпаратпен  алмасу  қамтылады);  3)  перцептивтік  (қауышу  серіктестердің  түсінуін,  бірін-бірі 
қабылдауын да қамтиды) қарастыруға болады [2]. 
Іскери  қауышу  жалпы  не  бірін-бірі  толықтыратын  мүдделерді,  қажеттіліктерін  қамтитын 
адамдардың  өзара  əрекеттесуі.  Іскери  қажеттіліктердің  ішінде  іскери  қатынастарды  орнату,  іскери 
ақпаратпен, тəжірибемен алмасу, бір зат, іс-əрекет туралы келісімге келу. Іскери қауышу тұлғааралық 
қауышудың  бір  түрі,  ол  «заттық  уағдаластыққа  жетуге  бағытталған»  [3,  130].  Іскери  қауышуды 
заттық  əрекеттің  бір  түрі  деп  қарастыруға  болады.  Оның  да  заттық  əрекетке  тəн  құрамалары  бар: 
мотив  (уəж),  мақсат,  бағдарлау,  бағдарлама,  операциялар  жүйесі,  психологиялық  құралдарды 
пайдалану, субъектілер, нəтижесі. 
Іскери қауышудың мақсаты.Ол көздеген мақсатты орындауға бағдарланған. Осындай қауышудың 
мақсаты  заттық  келісім-шартты  жасап,  келісімге  жету,  іскери  əрекеттесуінің  əр  түрлерін 
ұйымдастыру,  оның  тиімді  өтуін  қадағалап,  іскери  ақпаратпен,  ойлармен,  қылықтармен  алмасуды 
қамту. 
Іскери  қауышудың  субъекті  ретінде  жеке  тұлғалар  не  əртүрлі  топтар  бола  алады.  Осындай 
қауышу əрекетінің негізгі құралы тіл жəне қосымша коммуникативтік тəсіл ретінде пайдаланылатын 
бейвербалдық тəсілдер болып табылады. 
Əрекеттік операциялар. 
Іскери  əрекетте  келесі  іс-қимылдық  операциялар  орындалады: 
психикалық  əрекеттер  (ақыл-естің  өнімімен,  коммуникативтік  ақпарлармен  алмасу,  серіктесті 
қабылдау, оған əсер ету, сендіру, иландыру, түсіну, партнермен тұрақты қатынастарды орнату). 
Іскери əрекеттің өнімі – тілдік материал яғни, іскерлік мəтін, құжаттық мəтін, іскерлік дискурс. 
Олар  –  қауышу  серіктестерінің  сөйлеу,  түсіну  үдерісінің  зат  түрінде  сомдалған  нəтижесі.  Тілдік 
материал  –  қауышу  субъектілерінің  психикалық-коммуникативтік  іс-əрекетінің  айналдырылған 
формасы. 
Іскери  қауышудың  мазмұны,  формалары,  құрама  компоненттері,  қызметтері  болады.  Оның 
мазмұны ретінде адамдардың əлеуметтік маңыздылығы бар, іс-əрекеттердің үйлесімділігін қамтитын 
əрбір  серіктестіктің  қауышудағы  мақсатын,  міндеттерін,  ерекшелігін,  өзінің  рөлін,  оны  жүзеге 
асырудағы мүмкіншіліктерін, қабілеттіліктерін, өзара əрекеттесуін көрсетуге болады. 
Формалары əртүрлі: іскери сұхбат, іскери келіссөздер, іскери кеңесу, іскерлік хат алмасу. Іскери 
сұхбаттасу – кейбір ақпараттар мен мəселелер бойынша пікірлермен, ақпараттармен алмасу үдерісі. 
Іскери  келіссөздер  –  қызығушылықты  көрсеткен  жақтардың  жүзеге  асыратын  белгілі  мақсатты 
(бітімдерді, шарттарды, контрактілерді жасау) үдерістері. 
Іскери кеңесу – іскери əрекетке қатысы бар мəселелерді мамандар тобымен ашық түрде талқылау. 
Іскери  қатынасқағаздармен  алмасу.  Мазмұны  өзгеше,  іскерлік  өзгешелігі  бар  құжаттардың 
жалпыланған  аты.  Осындай  құжаттарға  Б.Б.Динаева  келесілерді  жатқызады:  өмірбаян,  түйіндеме, 
мінездеме,  өтініш,  бұйрық,  бұрыштама,  шарт,  сенімхат,  қызметтік  хат,  анықтама,  ұсынымхат, 
хаттама, жеделхат, талап-арыз, вербалды нота, хабарландыру, шақырухат, еңбек келісімі [4]. 
Іскери қауышудың қызметі:1) коммуникативтік (ақпаратпен алмасу); 2) фатикалық (іскери қарым-
қатынастарды құру); 3) перцептивтік (серіктестің сөзін қабылдау); 4) волюнтативтік (серіктеске əсер 
ету);  5)  когнитивтік  (танымдық  іс-əрекетті  жүзеге  асырып,  оған  қатысы  бар  құрылымдар–  фрейм, 
концепт,  сценарий  т.б.  арқылы  репрезентациялау);  6)  реттеу  функциясы  (іскери  қауышуды  белгілі 
постулаттар арқылы реттеп отыру). 
Іскери  қауышудың  заттық  іс-əрекеттің  бір  түрі  ретінде  іске  асырылуы  оның  əрекеттік,  яғни, 
интерактивтік табиғатын дəлелдейді. Қауышу интерактивтік жағымен шектелмейді. А.А.Леонтьевтің 
209


пікірінше,  оның  əрекеттік  табиғаты,  біріншіден,  оның  интенционалдығымен  (өзгешелік  мақсатты 
көздеу,  уəждердің  болуы);  екіншіден,  нəтижелілігімен;  үшіншіден,  əдептілік  нормаларды 
қадағалаумен қауышуды əдептілік ережелері арқылы реттелініп отыру арқылы дəлелденуі [5].  
Іскери  қауышудың  интерактивтік  жағын  мазмұны  жəне  формасы  жағынан  қарастыруға  болады. 
Интеракцияның  мазмұны  –  оның  сыртқы  сипаты.  Ол  адамдардың  əлеуметтік  қатынастарында, 
мəртебелерінде əлеуметтік рөлдерінде көрініс береді. Ал формасы адамдардың қауышуының кезінде 
көрсеткен  мінез-сипаты  (қарама-қарсылықтық  іс-əрекет,  соқтығыстық  іс-əрекет,  бірлескен  іс-əрекет 
(кооперация), манипулятивтік іс-əрекет). 
Өзара əрекеттесу кезінде серіктестер əртүрлі мақсаттарды көздейді: біреуді сендіру, оған əсер ету, 
айтқанына  көндіру  т.б.  Сондықтан  əрекеттесудің  əртүрлерін  сипаттауға  болады.  Солардың  ішінде 
бірлескен əрекеттесуді (бұл жағдайда бір серіктес өзінің көзқарасын ашық білдіреді де, басқалардың 
көзқарасын да ескеруге тырысады), мəселен: 
№1  серіктес:Мен  Норвегиядан  келіп  отырмын.  Сіздің  азмөлшерлік  кемелерді  шығаратын 
кəсіпорындарыңыздан үш кеме сатып алғым келеді. Сіздердің мүдделеріңізді, қазақ, орыс, шетелдік 
серіктестікті құру жөніндегі ұсыныстарыңызды ескеріп отырмын. 
№2  серіктес:Əлбетте,  сіздің  сұранысыңыз  бізді  қуантады.  Сіз  ұсынған  бағамен  келісеміз. 
Дегенмен, аздап, 10 пайызға түсірім жасасаңыз жөн болар еді. 
№1  серіктес:  Əрине,  болашақ  қазақ-орыс,  норвегиялық  серіктестігін  құрып,  қоян-қолтық  жұмыс 
істеу  туралы  келісім-шарттың  негізгі  ұстанымдарын  қолдаймыз.  Келешектегі  бірлескен 
жұмысымызды ескере отырып, соманың 10 пайызын түсіруге келісемін. 
№2  серіктес:Мен  сізге  риясыз  сенемін,  себебі  біз  көп  уақыт  бірге  бірлесіп  жұмыс  істеп  келеміз. 
Біздің фирмалар тығыз қарым-қатынаста, байланысымыз үзілмейді. 
Өзара  əрекеттесудің  екінші  түрі  –  қарама-қайшылықты  қауышу.  Бұл  жағдайда  серіктестер 
келісімге  келе  алмайды,  себебі  бір-біріне  қарсы  шығып,  өздерінің  көздеген  жеке  мақсаттарын 
орындай алмайды, мəселен: 
№1  серіктес  (фирманың  сауда-саттық  менеджері):  Қайырлы  таң,  Илиадис  мырза!  Сізді  біздің 
офисте  көргенімізге  қуаныштымыз.  Осымен  төртінші  рет  кездесіп  отырмыз.  Осы  күнге  дейін 
келісімге келе алмадық. Сіз тағы да он бір пайыздық түсірімді сұрап отырсыз ба? 
№2  серіктес  (Илиадис  мырса):  Иə,  мен  келген  сайын  он  бір  пайыз  түсірімді  сұраймын.  Сіздер 
келісім бермегендіктен, басқа амалды қолдануға мəжбүрмін. Сізге құпия түрде бір ұсыныс жасайын. 
Егерде сіз осы жалпы сомалық төлемін он бір пайызға түсірсеңіз, сізге қолма-қол отыз мың долларды 
ұстатамын. Бұл сома сіздің сый-ақыңыздан үш есе артық. 
№1 серіктес:Жоқ, құрметті Илиадис мырза. Мен клиенттермен фирмадан тыс, өз мүддемді жақтап, 
келісім жасай алмаймын. Фирманың мүддесін қорғаймын. Осы сұрақты талқыламай-ақ қояйық, ғафу 
етініңіз! 
Өзара  əрекеттесудің  үшінші  түрі  –  манипулятивтік,  біржақтық  əрекетті  жүзеге  асыруы. 
Манипулятивтік қауышу кезінде бір серіктес басқаға көпжақты əсер етіп, өзінің айтқанына көндіргісі 
келеді.  Екінші  серіктес  оның  ырқына  көнгісі  келмесе  де,  оған  бірінші  серіктес  жасаған  ықпалына 
бағынып, тойтарыс бере алмайды. Манипуляциялау психологиялық ықпалдың бір түрі, ол біржақтық 
ұтысқа жету үшін қолданылады. 
Манипулятивтік  ықпал  жасау  барысында  келесі  тəсілдер  қолданылады:  1)  ықпалдың 
көпбағыттылығы.  Манипулятивтік  ықпалдың  жасырын  түрі  бірнеше  мəселелерді  (адресаттың 
назарын басқа жаққа аудару, адресаттың сыншылдығын төмендету өзінің беделін арттыру, адресатты 
басқа  адамдардан  оқшаулау)  қатар  шешу  арқылы  қамтылады;  2)  психологиялық  қысымды  көрсету. 
Осындай  қысымды  көрсету  үшін  ықпалдың  барлық  түрлері  қолданылады  (өзіндік  бастаманы  іліп 
əкету,  өз  тақырыбын  ендіру,  шешім  қабылдау  үшін  қажетті  уақытты  қысқарту,  өзін  жарнамалау, 
отырғандардан жəрдем алу үшін өтінім жасау); 3) сұхбаттастық адресаттың мүддесін, мұқтаждығын 
ескере отырып, өзіне көмек беретін адам ретінде көрсету, қорғаушы, қанатының астына алушының 
рөлін ойнап, дегенін істету; 4) сұхбаттастық жеке қасиеттерін пайдалану (шешімді сұхбаттастың өзі 
қабылдаған сияқтандыру) [6, 100]. 
Төменгі  мысалда  сөйлеуші  (директор)  манипулятивтік  ықпалдың  көпвекторлық  тəсілін 
қолданумен қатар қарқындату жəне азайту, кеміту стратегияларын да пайдаланады. Ол залда отырған 
халыққа жақсы жұмыс істеген маманды жамандап, өз беделін көтеруге тырысады: «Жанаттың есебін 
талқылап,  сөз  сөйлеген  мал  өсірушілер  мен  орта  буын  мамандарының  бірінің  аузына  бірі  түкіріп 
қойғандай, осы табыстарымызға бас зоотехнигіміздің арқасында қол жеткіздік», – дегендерін естіген 
сайын  директордың  мазасы  кете  бастады.  Мыналардың  «бас  зоотехнигіміз»  деген  өрікпеген 
көңілдерін  қайтсе  де  басып  тастауы  керек.  Жан-дүниесі  қызғанышпен  қуырылған  қалпы  Тельман 
мінбеге шыққан. Тамағын бір қырнап алған Тельман Жанаттың атқарып келген бар істерін жоққа 
шығаруға келіскен. Мен де мал маманымын, – деген Тельман салған жерден. – Тəжірибем сіздердің 
бас  зоотехниктеріңізден  əлдеқайда  артық  жатыр.  Бір  ауданның  мал  шарушылығына  басшылық 
210


жасағанмын. Бұл шаруашылықтың бас зоотехнигі ірі қараның мүйізін кесіп, тұяғын жонудан басқа 
дəнеңені  білмепті,  –  деді  Тельман  бір  сөзінде.  –  Етті  молайту  үшін  шошқа  өсіру  жөніндегі 
жоғарыдан  беріліп  айтқан  нұсқауды  орындау  əлі  қолға  алынбаған.Жанат  үндемеді»(Ж.Ергалиев. 
Бұлтты  түнгі  толған  ай).  Бұл  үзіндіде  манипулятивтік  қауышудың  екінші  тəсілі  –  психологиялық 
қысым қолданған (өзіндік бастаманы қолына алу – мінбеге шығып сөйлеу); өзінің тақырыбын кіргізу 
(өзін-өзі мақтау, өзіне жарнама жасау). 
Манипулятивтік қауышудың бір түрі – соқтығыстық əрекеттесу. Бұл жағдайда бірінші серіктес 
сұхбаттасының  жетілмегенін,  кемшіліктерінің  бар  екенін  көрсетіп,  өзінің  артықшылығын 
айқындайды.  Сөйлеуші  сұхбаттас  екінші  адамның  санасына  жасырын  түрде  ықпал  жасап, 
психологиялық дискомфорт жағдайына келтіруге тырысады. Мəселен, 
Сұхбаттас  №1.  Қызметкер:  Жұмысқа  тұру  үшін  өмірбаянымды,  түйіндемемді  сізге  жібердім. 
Сіздің шешіміңізді білгім келеді. 
Сұхбаттас №2. Тəжірибеңіз бар ма? Ептіліктерің ше, дағыдларың ше? Мен бұл жұмысты талай 
жыл  атқарамын:  Тəжірибем  мол,  білімдерім  де  жеткілікті.  Жұмыста  менің  қадір-қасиетімді 
бағалап,  менеджер  жұмысын  атқаруға  бұйрық  берді.  Ал  сен  кімсің?  Кеше  ғана  ЖОО-ны  бітірдің! 
Тəжірибең жоқ, біліміңнің деңгейі жоғары емес, дағдыларың да, икемің де жоқ. 
Іскери  қауышуда  қабылдау  үдерісі  бірін-бірінің  сөзін  түсініп,  оны  бағалайтын  серіктестердің 
арасында  өтеді.  Тұлғааралық  қабылдаудың  ерекшелігі  бар:  1)  адам  жағымсыз  заттарды  қабылдау 
кезінде  белсенділігін  көрсете  алмайды.  Ал  тұлғааралық  қауышуда  адамдар  бірін-бірі  қабылдау 
барысында  бағалайды,  серіктесі  туралы  пікірді  құрастырады,  мінез-сипаты  туралы  түсінікті  жүзеге 
асырады;  2)  тұлғааралық  қауышуда  жансыз  заттарды  қауышу  барысында  іске  аспайтын  үдерістер 
өткеріледі:  идентификация  (өзін  біреулерге  ұқсату),  теңеу  (өзін  басқа  адамдармен  салыстыру), 
рефлексия (адам өзін басқа адамдардың қабылдауына қарап тани бастайды). 
Қабылдау  кезінде  серіктестер  бір-бірінің  мақсаты,  ниеттері,  қабілеттері  ұстанымдары,  мəдени 
құндылықтары  туралы  пікірді  қалыптастырады.Егерде  серіктестер  бір  мəдениеттің  өкілдері  болса, 
онда  олар  тіл  мен  мəдениеттің  құндылықтарын  білу  арқасында  теңесіп,  сəйкеседі.  Бірақ  шетелдік 
партнерді  қабылдаудың  ерекшелігіне  назар  аударған  жөн,  себебі  бұл  жағдайда  итермелеу, 
қабылдамау жүзеге асырылады. Шетелдік серіктес «өзімдікі» деген топқа жатпайды, ол бөтен топтың 
өкілі,  оның  тілі  де,  мəдениеті  де  басқа.  Басқа  елдің  өкілдері  бір-бірімен  сəйкесе  алмайды.  Тура 
қабылданудан  бас  тарту  серіктес  туралы  жағымсыз  пікірді  тудырып,  оны  бөтен  топтың  өкілі  деп 
санауға мəжбүрлейді. Бөтен: бейтаныс, жауыз, қауіпті. Ол «өзімдікі»: таныс, үйреншікті, қауіпсіз, 
жақсы  адам,  қандас,  рулас,  жерлес.  Бұл  жағдайда  «бөтенді»  қабылдау  аралық  эгоцентристік  əсер 
арқылы өткеріледі [7].Бөтен туралы теріс ұғым, жағымсыз пікір қалыптасады, қабылдау кедергілері 
пайда  болады.  Бұл  жағдайда  серіктестің  мінез-сипаты  туралы  ақпарат  туған  мəдениеттің  аралық 
этноцентристік  əсері  арқылы  қабылданады.  Ал  туған  мəдениеттің  мінез-құлықтық  таптауырлары, 
қауышу ережелері, құндылықтық бағдарлары тұлғаның санасында баяғыда құрылған.Мəселен, 
Мистер  Дженкинс:  Құрметті,Қалимолдаев  мырза!Мен  сіздің  жобаңызды  қарап  шықтым,  маған 
ұнады. Сізге спонсор бола аламын. 
Қалимолдаев  мырза  (ішінен):Мынау  пудинг  жеуші  не  деп  тұр?  Ұнады  дей  ме  жобаны?  Ақшаны 
шотқа  аударамын  деп,  алдап  кетпей  ме?  Өзіміздің  Отанымыздан  спонсор  шыға  келсе,  дұрысырақ 
болар еді. Шетелдіктер сыпайы сөйлесе де, сумаңдап кететіні бар. Сене алмай тұрмын, жау ғой – ол. 
Біз сияқты адал өз сөзінде тұратын адам емес сияқты. Іші-бауырыңа кіріп, тілі жылмаң-жылмаң етеді 
ғой. 
Калимолдаев мырза (дауыстап): Бірге жұмыс істеп көрейік, бірақ сіз айтқаныңызды орындаңыз. 
Іскери қауышу кезінде когнитивтік факторлар басымды қызметті атқарады. Олар да серіктестердің 
əрекеттесуіндегі  кедергілердің  себебін  тауып,  оларды  жою  үшін  тиімді  тəсілдерді  табуға 
мəжбүрлейді.  Осындай  психокогнитивтік  барьердің  біріне  когнитивтік  диссонансты    жатқызуға 
болады. Л.Фестингер когнитивтік диссонансқа:«Серіктестердің білімдерінің сəйкеспеуінен, олардың 
қарама-қайшылығынан туындайтын үйлеспеушілік», – деген анықтаманы береді [8]. 
Ал  Н.Н.Болдырев  осындай  феноменнің  себептеріне  келесілерді  жатқызады:  1)  «өзінің»  жəне 
«басқа  мəдениеттің»  құндылықтық  модельдерінің  қарама-қайшылығы;  2)  тілдік  жүйелердің 
айырмашылығы; 4) интерпретациялар мен ассоциативтік көріністердің соқтығыстары [9]. 
Серіктестердің білімдерінің қайшылығы түсінбестікке соқтырады. Қараңыз: «Қараңдаршы, барлық 
жерде  Констебльдер.  Əрбір  адым  сайын  Констебльдер  кездеседі!  Миссис  Аллейннің  қасында 
тұрғандардың  зəресі  ұшып  кетті.  Доктор  сəл  ғана  таңғала  сұрақ  берді:  «Сіз  полицияны  айтып 
тұрсыз  ба,  миссис  Аллейн?  Олар  қайда?  Мен  оларды  көріп  тұрған  жоқпын.  Миссис  Аллейн  былай 
түсіндірді. Мен əйгілі суретші Констебль туралы айтамын. Оның шығармаларындағы пейзажға осы 
жердің  пейзажы  ұқсап  тұр,  ал  сіз  полицияның  адамы  деп  ойлап  қалдыңыз  ба?»  (О.  Кайо.  Барлық 
жерде констебльдер, 38 б.). 
211


Өзара əрекеттесуде орын алатын когнитивтік-диссонанс серіктестердің мəдениеттік модельдерінің 
қайшылығынан да туындайды. Қараңыз:  
№1  серіктес,  қазақ:  Булкокс  мырза,  қазақ  жеріне  келгеніңіз  біздің  жұмысымыз  үшін  пайдалы 
болар. Сіздің іскерлік партнеріңіздің үйіне барып, əңгімені дастарқан үстінде жалғастырайық. 
№2 серіктес, ағылшын:Қалимолдин мырза мені шақырды ма үйіне? 
№1 серіктес, қазақ:Шақырмаса да бара береміз. Қазақ халқы – қонақжайлы халық «қонақ келсе – 
құт!»– дейді. Үйінің есігі үнемі қонақ үшін ашық. 
№2 серіктес, ағылшын:Бзде қонаққа шақырусыз бармайды. Ағылшындар «my house is my castle»– 
дейді. Біздің үй – қамал ешкім рұқсатсыз кіре алмайды. 
Сөйтіп, іскери қауышуды ойлармен, ақпараттармен, қылықтармен алмасатын, əрекеттік табиғаты 
бар  əрекеттестік  деп  қарастыруға  болады.  Оның  интерактивтік  сипаты  əртүрлі  əрекеттестіктердің 
түрлерін  (бірлескен,  соқтығыстық  іс-əрекеттестік,  манипулятивтік  іс-əрекетті)  жүзеге    асыруында, 
əлеуметтік 
қатынастарды 
құруда, 
əлеуметтік 
рөлдерді 
атқаруда, 
сонымен 
қоса 
коммуниканттардыңинтенциясын 
білдіруде 
əрекеттестердің 
нəтижелілігінде, 
когнитивтік 
стратегияларды пайдалануда көрініс береді. 
 
Əдебиет: 
1. Парыгин Б.Д. Анатомия общения. – СПб, 1999. 
2. Андреева Г.М. Социальная психология. – М., 2001. 
3. Практическая психология для менеджеров. – М.: ИИД «Флинь». 1996. 
4. Динаева Б.Б. Іскерлік хат алмасу тілі. – Астана, 2014. – 296 б. 
5.  Леонтьев  А.А.  Общение  как  объект  психолингвистического  исследования//Методологические  проблемы 
социальной психологии. – М., 1975. 
6. Мананникова Е.Н. Деловое общение. – М., 2009. – 208 с. 
7. Дейк ван Т.А. Язык. Познание. Коммуникация. – М., 1989. 
8. Фестингер Л. Теория когнитивного диссонанса. – СПб.: Ювента, 1999. 
9.  Болдырев  Н.Н.  Структурировние  опыта  и  интеграция  смысла  высказывания//Когнитивные  исследования 
языка. - Вып.ХІІІ. - Ментальные основы языка как функциональной системы. – М., 2013. 
 
 
Тымболова А. 
филол.ғ.д.,ҚазМемҚызПУ Қазақ филологиясы  
жəне əлем тілдері факультетінің деканы 
 
Мемлекеттік тілді меңгерту бағытындағы қазтест жүйесінің жетістігі 
 
Қазақ  тілін  екінші  немесе  шет  тілі  ретінде  оқытуда,  жалпы  қазақ  тілін  оқыту  əдіснамасын 
стандарттау жəне жүйелеудеқазтест тəжірибесіне тілді үйрететін мамандардың  баса назар аударып,  
нəтижелерін  пайдаланса,  еш  ұтылмайды  деп  ойлаймыз.  Себебі  қазақ  тілін  меңгеру  деңгейін 
бағалаудың отандық қазтест жүйесі бүгінде мемлекеттік тілді оқытудың əдіснамасын жетілдіру жəне 
стандарттауда, бағдарламалар мен оқу-əдістемелік кешендерді ұсынуда көш бастап тұр.  
Қазіргі  таңда  қазақ  тілін  меңгеру  бағытында  тіл  үйренушілерге  арналған  түрлі  əдістемелер 
бойынша  сан  алуан  оқулықтар  мен  оқу  құралдары,  сөздіктер,  грамматикалық  анықтағыштар,  тілді 
меңгеруді  бағалаудың  құралдары,  ақпараттық,  лингводидактикалық  т.б.  көптеген  материалдар 
жеткілікті  деңгейде  шығарылуда.  Алайда  сапа,  нəтижеге  қол  жеткізу,  мемлекеттік  тілге  ынтаны 
арттыру, тіл мəдениетін жетілдіру деген мəселелерге келгенде, шығып жатқан дүниелердің барлығы 
бірдей сұранысқа ие дей алмайтынымыз өтірік емес.   
Негізі тілді ересек азаматтарға үйрету оңай емес. Ересектерге қазақ тілін оқытуда андрагогикалық 
негіз  басты  бағыт  болуы  тиіс.  Андрагогика  гректің  андрос  –  ересек  адам,  аго  –  жетелеймін  деген 
сөзінен шыққан.  
Еліміз  егемендігін  алып,  қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл  дəрежесіне  көтерілмей  тұрып,  ересектерге 
қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі  арнайы  зерттеу  нысаны  болмады.  Соған  орай  қиындықтар  да  кездесті. 
Сондай  кедергілерді  жою  мақсатында  Тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  мемлекеттік  бағдарламасы 
жасалысымен-аққазтестжүйесі  осы  шаруаны  мықтап  қолға  алып,  нəтижеге  жетуге  ұмтылды. 
Алғашқы кезеңдерден бастап-ақ орталықтың тыныс-тіршілігі білім кеңістігінде қазақ тілін үйретудің 
бірегей  тұтастығын  қалыптастыру,  қазақ  тілін  оқытудың  мазмұнын  біріздендіріп,  жетілдіруді 
көздеген жұмыстармен қайнап жатты.  
Қазтесттің  халықаралық  жүйелермен  ұқсастығы  да  бар.  Қазтестжүйесі  тілді  үйретудің  əлемдік 
тəжірибелерін  зерделей  отырып,  ең  тиімді  бағыт  ретінде  сөйлеу  əрекетінің  түрлерін  өзара 
сабақтастықта,  белгілі  бір  жүйеде  деңгейлер  бойынша  оқытып  үйретудің  əдістемесін  жақсы 
қолданды.  
212


Республиканың түкпір-түкпірінен жоғары бағытта жазып шығатын тəжірибелі авторлардың басын 
қосып,  оларға  тілді  үйретудің  оңтайлы  жолдарын  қарастыруға,  сапалы  оқу-əдістемелік  кешендер 
жазуға тапсырыс береді. Осының нəтижесінде əлемде ағылшын тілін үйретудің ең оңтайлы əдістері 
ескеріліп, қазтест тарапынан тілдік дағдыны қалыптастыруға көмек беретін көптеген оқу-əдістемелік 
құралдар мен қазақ тілінен тест тапсыру жүйесінің кешендері жарық көре бастады. 
Қазтестжүйесі  ең  алдымен  ҚР  Ұлттық  стандарттарына  сəйкес  «Қазақ  тілін  оқытуға  арналған 
Бірүлгі  бағдарлама»[1]жасады.  Бүгінде  бұл  аталмыш  бірүлгі  (типтік)  бағдарламаның  мемлекеттік 
тілді  оқыту  əдіснамасын  жүйелеудің,  біріздендірудің  құралы  болып  отырғандығын  сеніммен  айта 
аламыз. 
Бұл  тілді  оқытуға  арналған  типтік  оқу-əдістемелік  кешен  ретінде  2011  жылы  жарық  көріп,  2016 
жылы  толықтырылып,  өңделіп  қайта  басылды.  Бағдарламаның  артықшылығы  тақырыптар  тіл 
үйренушілердің  сұранысына  орай  деңгейлер  бойынша  концентілі  бағытта  сабақтастықпен  жүйелі 
түрде  беріліп  отырады.  Яғни,  тілдік  материалдардың  берілуінде,  ең  алдымен,  тіл  үйренушінің 
коммуникативтік  діттемі  ескерілген.  Бағдарламада  қоғамның  əлеуметтік-мəдени,  əлеуметтік-саяси 
сипаты  қатаң  ескеріліп,  тіл  үйренушілердің  қазақ  тілін  ресми-іскери  мақсатта,  кəсіби  біліктілігін 
шыңдау мүддесіне байланысты тұрақты сөйлеу модельдері арқылы меңгерту көзделген. Бұл ұстаным 
тілдерді зерттеудің, оқытудың, бағалаудың жалпы еуропалық құзіреттілік талаптарына сай келеді.  
Тіл адам баласының қарым-қатынас құралы қызметін атқаратындықтан, ол əрекеттің ерекше түрі 
болып  саналады.  Тілді  əрекет  ретінде  санау  оқыту  үрдісінің  мақсатына  сай  келеді.  Сондықтан  тіл 
əрекет  теориясының  негізінде  қаралуы  керек.  Тілдің  əрекет  ретінде  қаралуы  оның  адамдардың  тіл 
арқылы қарым-қатынас жасауымен байланысты. Анығырақ айтсақ, тіл əрекет ретінде қарым-қатынас 
қызметін атқару үстінде қаралады.  
Демек, тіл үйреушінің басты мақсаты үйреніп жатқан тілінде өз ойын жеткізе алатындай дəрежеде 
игеру.  Ол  үшін  орталық  ең  алдымен  бес  деңгейгеарналған  «Қазақ  тілін  меңгерудің  тақырыптық 
лексикалық  минимумын»(2011)  шығарды.  Мұнда  қарым-қатынас  жасауда  белсенді  қолданылатын 
тілдік  бірліктер  мағыналық  тақырыптар  бойынша  топтастырылып  беріледі.  Тілді  оқытуда  маңызды 
компонент  болып  табылатын  сөздік  қор  сұрыпталғаннан  кейін  қазтест  мемлекеттік  тілді  оқытуға 
арналған бірүлгі оқу-əдістемелік кешендерді шығара бастады. 
Солардың  бірі  ретінде  қазақ  тілін  меңгеру  деңгейін  тестілеу  əдісімен  бағалау  емтиханына 
дайындық үшін жазылған оқу-əдістемелік «Тіл–құрал» (2011) еңбегін айрықша атар едік [2].  
Оқу құралында тілдік дағдыларды қалыптастарудың тиімді жолдары айқын берілген. Тапсырмалар 
таза тіл меңгеру деңгейлеріне байланысты күнделікті өмір мен адамзатты қоршаған ортаға негізделіп 
тілдік  ортада  тілді  қолдану  мүмкіндіктеріне  бағытталған.  Атап  айтқанда,  тыңдалым,  оқылым, 
жазылым,  лексика-грамматикалық  бөліктер  бойынша  тест  тапсырмаларын  талдау  арқылы  сөйлеу 
əрекетінің  түрлеріне  байланысты  дағдылардың  қалыптасуы  көзделген.  Сондай-ақ  тапсырмаларға 
қатысты  жаттығулар  берілген.  Бұл  жаттығулар  тіл  үйренушіге  сол  тілдің  ерекшеліктерін  түсінуге, 
қалыптасқан  дағдыларды  нақтылай  түсуге  көмектеседі.  Əсіресе  жаттығу  бөлігіндегі  тапсырмаларда 
тікелей жұмыс дəптері ретінде пайдалануға болатындай мүмкіндіктер қарастырылғандығы қолдануға 
ыңғайлы етеді. Өйткені бұл сол тілдегі орфоэпиялық нормалардың дұрыс қалыптасуына, негізгі мəн 
берілетін тапсырмаларды есте сақтау қабілеттерінің жетілуіне септігін тигізеді.  
Қазақ  тілін  ересектерге  оқыту  тəжірибесінде  акмеология  əдісі  көмекке  келеді.  Тіл  үйретудегі 
акмеологиялық тəсілдің ерекшелігі адамның тілді үйрену жолындағы өзінің жасаған қызметінің жəне 
жеке еңбегінің нəтижелерін көре білуі мен оны қажетті арнада пайдалануына жол ашады. Тілді осы 
əдіс  арқылы  меңгертуде  оқыту  академиялық  ереже  күйінде  қалмайды,  бірліктерді  коммуникацияда 
қолдана  білу  дағдысы  қалыптасады,  бастапқы  деңгейде  лексикалық,  грамматикалық  материалдар 
жаттамай  меңгеруге  əкеледі,  тілдік  құбылыстарды  түсіндіру  жаттығуларға  негізделеді,  үйренуші 
олардың  мағынасын  түсінеді,  тілдік  бірліктер  мазмұны,  қызметі  жағынан  топтастырылады, 
нəтижесінде сөйлеу қалыптасады. 
Ұжымдық авторлықпен жарық көрген «Қазақ тілі» (2016) А1 қарапайым деңгейге арналған оқулық 
үздіксіз  білім  беру  моделі  арқылы  қазақ  тілін  меңгерудің  бес  деңгейі  бойынша  əзірленген  [3]. 
Қарапайым деңгейді меңгертуге арналғандықтан, мұндағы тапсырмалар тіл үйренушінің материалды 
тыңдап түсіну, оқып түсіну, жаза білу, сөйлей білу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.  Оқулық 
мазмұны он екі бөлімнен, əр бөлім екі сабақтан тұрады. Мысалы, азық-түлік атты бесінші бөлімдегі 
1-сабақ «Дүкенде» деп аталады. Ондағы сабақтың тақырыптары «Бір келі қант беріңізші», «Алма үш 
жүз  теңге  тұрады»  деп  берілген.  Күнделікті  өмірмен  тығыз  байланысты  осындай  тақырыптар 
аясындағы тапсырмалар қызықты əрі тартымды берілген. Танымдық мəні жоғары тапсырмалар легі 
сөйлеу əрекетінің түрлері бойынша сөйлеу дағдысын ұштай түседі.  
Ал  А2  Базалық  деңгейді  меңгертуге  арналған  «Қазақ  тілі»  (2016)  оқу  құралында  лексикалық 
тақырыптардың  аясында  грамматиканы  меңгерту  қосылады  [4].  Қазақ  тілін  базалық  деңгейде 
меңгертудің түрлі əдіс-тəсілдері қамтылған А2 деңгейде тіл үйренушнің енді пікір білдіру, ойын ойға 
213


ұластырып  диалогқа  түсу  мүмкіндіктерін  арттыру  көзделген.  Қазақ  тілі  грамматикасының  негізгі 
элементтерін қатыстыра отырып, сөйлеу əрекетіндегі қызметі түсіндіріледі.  
Тіл үйренушіге ыңғайлы тəсілдер бойынша жылдар бойы жинақталған тəжірибені ескере отырып, 
ұсынылған оқу-əдістемелік құралдарда, алдымен кіріспе тест тапсыру арқылы тіл меңгеру дəрежесі 
анықталады,  содан  соң  əрбір  бөлік  бойынша  мазмұны  ұқсас  тапсырмаларды  бірнеше  рет  талдау 
арқылы  тапсырма  мазмұны  түсіндіріледі,  осы  арқылы  оқулық  тілдік  құрылымды  толық  түсінуге 
септігін тигізеді. 
Сондай-ақ 2012 жылы ұжымдық авторлықпен «Қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы» жарық 
көрді  [5].  Қазақ  тілін  шет  тілі  немесе  екінші  тіл  ретінде  оқытуда  грамматиканың  орны  ерекше 
екендігі  белгілі.  Қазақ  тілін  оқытуға  арналған  грамматикалық  анықтағыштың  негізгі  мақсаты  –  тіл 
меңгеруші  тұлғаның  бойында  қазақ  тілін  үйрену  барысында  грамматикалық  құрылымды  қамтитын 
минималды  грамматикалық  қорын  қалыптастыру  болып  табылады.  Тіл  үйренуші  тілді  үйренудің 
алғашқы  қадамында  негізгі  грамматикалық  құрылымдарды  үйрене  бастайды  жəне  айтайын  деген 
ойын  құрылымдық,  стилистикалық  тұрғыдан  дұрыс  құрылған  сөйлемдермен  жеткізуге  талпынады. 
Сондықтан  мұнда  негізгі  тілдік  бірліктерді  жəне  олардың  қолданылу  ерекшеліктерін  білу  басты 
мəселе болып табылады. 
Қазақ  тілін  үйренуде  сөйлеу  əрекеті  арқылы  үйрену  үрдісі  тиімді  жол  ретінде  таңдалып 
отырғандығы белгілі. Алғашқы қадамдарда, көбіне сөйлеу əрекетінің сөйлесім түріне көңіл бөлетіні 
анық.Тіл үйренуші тезірек қазақ тілінде сөйлегісі келеді. Алайда сөйлеу əрекетінің түрлерін меңгеру 
тіл үйренушінің түрлі дағдыларының қалыптасуына тікелей байланысты.  
Грамматикалық  материалды  əртүрлі  құрылымда  беру  жəне  жаттығулар  жүйесін  соған 
сəйкестендіру  арқылы  грамматикалық  дағдыны  қалыптастыруға  болады.  Мұндағы  негізгі  мəселе  – 
таңдалып  алынған  грамматикалық  материалды  мөлшермен  беру,  яғни,  қандай  көлемде  жəне  қай 
уақытта беру мəселесі. Тілдік бірліктердің түрленуін бəрін бірден жəне күрделі құрылымдармен бірге 
ұсыну  тілдің  грамматикасын  тиімді  үйренуге  кері  əсерін  тигізетіні  анық.  Осы  ретте  машықтануға 
арналған жаттығулар да тілдік дағдының қалыптасуына, белгілі сөйлеу үлгілерін ұқсас жағдайларда 
пайдалану  арқылы  сол  тілдік  құрылымның  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Бір  тақырыптың  аясында 
болатын  тілдік  құрылымның  бір  үлгісіне  дағдыланудың  мысалдары  мен  жаттығулары  дəл  сол 
тақырыпқа ұқсас жағдайларда сол үлгі мен тілдік құрылымды дұрыс қолдануға септігін тигізеді.Осы 
арқылы грамматиканың табиғатын түсінуге үлкен мүмкіндік туындайды.  
Грамматикалық  анықтағышта  алдымен  тілдік  құрылымның  ережесі  беріледі.  Ережелер  түсінікті 
тілде  баяндалады;  ережеге  сəйкес  мысал  келтіріледі;  əртүрлі  дағдылардың  қалыптасуына  ықпал 
ететін  жаттығулар  беріледі  жəне  жаттығулардың  үлгісі  орындалып,  көрсетіледі;  тілдік  құрылымды 
тиімдірек  түсіну  үшін  келтірілген  жағдаяттарға  байланысты  суреттер  мен  безендірулер  беріледі; 
жаттығуларды орындау барысында «осында жəне дəл қазір» қағидасы бойынша анықтағышты жұмыс 
дəптері  ретінде  пайдалануға,  яғни,  берілген  тапсырмаларды  осы  құралда  орындауға  мүмкіндіктер 
бар;  грамматикалық  материал  құрылымдық  жəне  функционалдық  тұрғыда  тілді  оқытудың 
халықаралық  тəжірибелеріне  негізделіп  ұсынылады;  тіл  үйренуші  ұсынылған  анықтағыштан  өзіне 
қажетті тақырыбынан бастап, тіл меңгеру деңгейін жетілдіре алады.   
Қазіргі  таңда  қазақ  тілін  оқыту  əдістемелерінің  тиімді  тəсілдері  айқындалып,  қолданысқа 
енгізілуде.  Инновациялық  технологиялардың  негізгі  қағидаларын  басшылыққа  алған  жоғарыдағы 
кешендердің барлығында  тілдідиалог арқылы үйрету/үйрену басты орында. Диалог – адам өмірінің 
мəні  мен  мақсаты;  диалог  –  адамгершілікті  иемденудің  негізгі  құралы;  диалог  арқылы  тұлғаралық 
қарым-қатынасқа жету басты мақсат етіп алынған.  
Бүгінгі  таңда  білім  беру  оқытушыдан  оқу  əрекетін  түбегейлі  ойластыруды  қажет  етеді.  Оқыту 
мақсатын  жоспарлаудың,  құрылымын  анықтаудың  өзіндік  моделі  бар.  Сондықтан  ЖОО-да  Блум 
таксономиясы  бойынша  бағалау  (Evaluation)  мəселесіне  баса  көңіл  бөлінеді.  Бағалау  мұнда  талдау 
ретінде  қарастырылып,  мониторингпен  (Assesment)  бекітіліп  отырады.  Бұл  оқытудың  əр 
кезеңдерінде мақсатты дұрыс қоя білуден бастап, əрбір сабағыңызды микрооқулық дəрежесіне дейін 
көтеруге жетелейді.  
 Ал  қазтест  жүйесі  бойынша  осы  қазақ  тілін  қарапайым,  базалық,  орта,  ортадан  жоғары  жəне 
жоғары  деңгейлер  дəрежесінде  тіл  меңгеру  деңгейлерін  бағалауға  болады.  Бұл  деңгейлер 
халықаралық тіл меңгеру деңгейлеріне сəйкестендірілген. 
Жоғарыда  көрсетілген  еңбектердің  барлығы  ҚР  Мəдениет  жəне  спорт  министрлігі  Тілдерді 
дамыту  жəне  қоғамдық-саяси  жұмыс  комитетінің  тапсырысы  бойынша  Қазақстан  Республикасында 
Тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының 
аясында  шығарылған.  Тест  тапсыру  үшін  өз  бетінше  дайындалуға  ықпал  ететін  оқу-əдістемелік 
кешендердің барлығының аудиожазбалары компакт-дискіде қосымша берілген. Бұл қосымша көмек 
оқу-əдістемелік құралдардың маңызын арттыра түседі.  
214


Қорыта  келгенде,  республика  көлемінде  тілді  үйрету  барысында  қазақ  тілін  меңгеру  деңгейін 
бағалаудың  отандық  жүйесі  –  қазтест  тарапынан  шығарылып  жатқан  еңбектердің  еліміздің  тіл 
саясаты мен тіл стратегиясының жүзеге асырылуына айрықша үлес қосып отырғандығын атап өткіміз 
келеді. 
 
Əдебиет:  
1.
  Қазақ тілін оқытуға арналған Бірүлгі бағдарлама. –Астана, 2011, 2016. 
2.
  Тіл – құрал.Оқу-əдістемелік құрал. –Астана, 2011.  
3.
  Қазақ тілі. А1 қарапайым деңгейге арналған оқулық. –Астана, 2016. 
4.
  А2 Базалық деңгейді меңгертуге арналған «Қазақ тілі» оқу құралы. – Астана, 2016. 
5.
  Қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы. –Астана, 2012.  
 
 
 
Шалабай Б. 
 филол. ғ. д., Ш.Уəлиханов атындағы  
Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры 
 
Синтаксистің жұмсалымдық аспектісі 
 
Тілдік таңбаның бір-бірімен байланысты формалық жəне мағыналық жағы бар екені белгілі. Соған 
орай зерттеу формадан мағынаға қарай жəне керісінше, мағынадан формаға қарай жүргізілуі мүмкін. 
ХХ  ғасырға дейінгі  дəстүрлі сипаттама  грамматика  тілдік құбылыстарды формадан  мағынаға қарай 
зерттеу жолын пайдаланды. Бұл ұстаным тілдің терең құрылымдарын ашуға бара алмады. 
Жұмсалымдық  тіл  ғылымында  мағынадан  формаға  қарай,  яғни,  семантикалық  құрылымдардан 
тілдік  құрылымдарға  қарай  зерттеу  тиімді  нəтиже  беретінін  көрсетті.  Əрине,  керісінше  бағытта 
зерттеу  теріске  шығарылмайды,  ол  бір  семантикалық  құрылымды  əртүрлі  тілдік  құралдардың 
бейнелеуі  тұрғысынан  қарастырғанда  пайдаланылады.  Сонымен  бірге  жұмсалымды  тіл  білімінде 
тілдің  функциясы  өте  кең  контексте  қаралатындықтан,  басқа  да  қолдануға  мүмкін  болатын 
жұмсалымдық əдістерді жоққа шығаруға болмайды.  
Тілдік құбылыстарды жұмсалымдық аспектіде зерттеу ХХ ғасыр аяғы, ХХІ ғасыр басындағы тіл 
ғылымының  басым  бағыты  болғанымен,  оның  бастауында  өткен  ғасыр  басындағы  О.Есперсен, 
Л.В.Щербак,  А.Байтұрсынов,  Қ.Жұбанов,  С.Аманжолов  т.б  көзқарастары  жатқандығын  айтуымыз 
тиіс. 
Грамматика саласында жұмсалымдық тіл ғылымының өзіндік концепциясы Петербург мектебінің 
өкілдеріне  тəн  (С.Д.Кацнельсон,  А.В.Бондарко  т.б)  [1].  Ол  концепция  тілдің  құрылымдық  жəне 
семантикалық  жақтарын  біріктіріп  зерттеуге  негізделеді.  Формадан  мағынаға  жəне  мағынадан 
формаға қарай талдау бағыттарының бірлігі жұмсалымдық-семантикалық өрістер жəне категориялық 
жағдаят  мысалында  толық  ашылады.  Бұл  жерде  семантикалық  категория  негіз  ретінде  алынады 
дабелгілі  бір  мағынаны  білдіретін  барлық  тілдік  құралдар  бірлікте  қаралады.  Сондай-ақ 
жұмсалымдық синтаксис саласында Г.А.Золотова, М.В.Всеволодова еңбектерінің орны ерекше [2,3]. 
Олар  функционалды  тəсілді  пайдаланып,  орыс  тілінің  кейбір  құбылыстарын,    атап  айтқанда  сөз 
таптарының  жұмсалымын,етістіктердің  топтасуын,  кеңістік,  уақыт  жəне  себеп-салдарлық 
қатынастардың бейнеленуін сипаттайды. 
Когнитивтік  грамматика  бағытындағы  зерттеулерде  де  функционалдылық  негізге  алынады.  Осы 
тұрғыдан  А.Е.  Кибрик  «Когнитивті  функционалды-семантикалық  парадигма»  терминін  енгізеді. 
Оның  ұсынған  тəсілінде  сөйлеуші  адамның  тілдік  мінез-құлық  механизмі  ерекше  орында  тұрады. 
Сөйлеуші адамның танымдық қызметі оның тілдік мінез-құлқы мен тілін ұйымдастырудың бастапқы 
себепкері ретінде танылады [4, 28]. 
В.А.Белошапкованың  пікірінше,  функционалды  синтаксис  –  тілдік  бірліктердің  жұмсалымдағы 
көрінісі əрі сөйлеу бірліктері мен тілдік бірліктердің өзара байланысы [5]. 
Сонымен, функционалды синтаксистік зерттеу семантикалық құрылымдардан тілдік құбылыстарға 
қарай  бағытталған  ұстанымды  басшылыққа  алады.Сөйлеуші  адам  айтайын  деген  ойының  (ол 
семантикалық  категориялар  арқылы  беріледі)  белгілі  бір  элементін  (модальділік,  шарттылық, 
мезгілдік  т.б.)  бейнелеу  үшін  сөзінің  мағыналық  бағытына  сəйкес  келетін  тілдік  құралдардың 
түрлерін  пайдаланады.  Демек,  функционалды  синтаксис  өзінің  ойын  жеткізу  үшін  соған  сəйкес 
келетін тілдік құралдарды пайдаланатын сөйлеуші адамның қалпын, жай-күйін бейнелейді. 
Бұл айтылғаннан функционалды синтаксисте сөйлеуші адамның қатынасын, жай-күйін білдіретін 
семантикалық құрылымдарды сипаттауға мəн берілетінін байқаймыз. Сөйлеуші адамның жай-күйіне 
сəйкес  белгілі  бір  семантикалық  құрылым  əртүрлі  синтаксистік  құрылымдармен  беріледі.  Сөйлеу 
үдерісінде  сөйлеуші  адам  өзінің  ойын  белгілі  бір  тілдік  формамен  береді.  Ол  тілдік  форма  соған 
215


эквивалент  болатын  көптеген  тілдік  формалардың  ішінен  таңдалып  алынады.Сөйлесу  кезінде 
сөйлеушінің сөзінің мақсатына (бейсана деңгейінде) тыңдаушы да көңіл бөліп, оның сөзінің қандай 
тілдік құралдармен берілгеніне назар аударады. 
Сөйтіп,  фукционалды  синтаксис  синтаксистік  қатарлар  мен  парадигмаларды  белгілі  бір  мəннің, 
жалпы  семантикалық  категорияның  бейнеленуі  ретінде  қарастырады.Функционалды    синтаксисте 
семантикалық  категория  сөйлемнің  мазмұнынан  жоғары  тұрады,  сөйлем  мазмұны  мағынаны 
дəлдейтін тек қосымша қызмет атқарады. Сондықтан функционалды синтаксистің міндеті жекелеген 
мағыналық  құрылымдарды  (сөйлемді)  емес,  олардың  құрылымдық  схемаларын  анықтау  болып 
табылады  [6,11].Сөйлеушіге кез келген жағдаят  сөйлеудің  себепкері  болуы  мүмкін жəне жағдаятты 
өзіне қажетті тұрғыдан бейнелеу үшін ол қажет бөлшектердің ішінен тек керегін ғана пайдаланады. 
Сондықтан əр жағдаят мəселені сөйлеушінің көзқарасы тұрғысынан бере отырып, субъективті болып 
келеді.  Белгілі  бір  жағдаятты  бере  отырып  сөйлеуші  əрдайым  сөйлемді  соған  сəйкес  құрады  (сөз 
сөйледі, сөз сөйленді). 
Егер  морфологиялық  парадигма  бір  ізге  түсіп,  тілдің  морфологиялық  жүйесін  таныстырудың 
бірден-бір  жолы  ретінде  қалыптасып  тұрақталса,  синтаксистік  парадигма  туралы  пікірлер  бір  ізге 
түсе  қойған  жоқ.Мазмұнды  түрлендіріп  беретін  синтаксистік  құрылымдарды,  олардың  туу 
себептерін,  қызмет  етуінің  алғышарттарын  зерттеу  жəне  олардың  қолданылу  мүмкіндіктерін  бір-
бірімен  салыстыру  жұмсалымдық  синтаксис  үшін  өте  мəнді  мəселелер.Қандай  да  бір  синтаксистік 
құрылымдардың  тууы  белгілі  бір  жағдайлармен  (алғышарттармен)  байланыста  болады:  не 
мағынаман, не басқа бір жағдайлардың əсерінен қалыптасады. 
Қатысымдық  грамматика  өкілдерінің  көзқарасы  бойынша  [7],  сөйлем  екі  тұрғыдан 
қарастырылады:  бірінші,  нақты  сөйлемнің  синтаксистік  өрістегі  орны  анықталып,  ол  тілдік  жүйеде 
белгілі грамматикалық тұлғадағы негізгі (базалық) үлгі (модель) ретінде, құрылымдық-семантикалық 
түр  ретінде,  синонимдік  не  экспрессивті  нұсқа  (вариант)  ретінде,  көп  субъектілі  құрылым  ретінде 
танылуы мүмкін; екінші, нақты мəтінішілік жағдайда алып қаралады. 
Мəтінді  жұмсалымдық-қатысымдық  аспектіде  талдауда  Н.К.Онипенко  сөздің  (сөйлеудің) 
қатысымдық  көрсеткіші  (коммуникативный  регистр  речи)  жəне  мəтіннің  субъектілік  көрінісінің 
үлгісі  (модель  субъектной  перспективы  текста)  ұғымдарын  басшылыққа алады  [8,178].Қатысымдық 
көрсеткіш – сөйлеушінің көзқарасы, интенциясы тұрғысынан шартталған, белгілі бір тілдік құралдар 
арқылы  мəтінде  берілген  сөйлеу  қызметінің  үлгісі,  яғни,  сөйленім  түрі.  Олардың  мəтінішілік 
байланыстізбегі  мəтіннің  синтаксистік  композициясын  құрайды.  Ал  синтаксистік  композицияны 
ұйымдастырушы автор бейнесінің өзіндік құрылымы болып табылады. 
«Автор бейнесі» идеясы қатысымдық грамматикада мəтіннің субъектілік көрінісінің үлгісі ретінде 
белгіленеді.  Ол  бес  субъектілік  аймақты:  негізгі  базалық  үлгі  субъектісі,  себепші-субъект,  автор-
субъект,  сөз  субъектісі  (сөйлеуші)  жəне  тыңдаушы-субъект  аймақтарын  біріктіреді,  сөйленім 
солардың əсерлесуінің нəтижесінде туады. 
Сөйлемнің  қандай  да  бір  базалық  үлгісінің  синтаксистік  өрісін  жинақтай  отырып,  нақты 
синтаксистік құрылымның  орнын  (орталық  не  шеткері аймақта  екенін) анықтап  қана  қоймай,  оның 
жұмсалымдық  мүмкіндіктерін  де  сипаттауға  болады.  Сол  үшін  де  синтаксистік  жүйенің  өрістік 
ұғымы  мəтіннің  қатысымдық  түрімен  ұштасады,  сөйтіп,  сөйлем  үлгілерінің  түрлері  сөйлеу  қызметі 
үлгілерінің түрленуімен, яғни, сөздің қатысымдық көрсеткіштерінің түрлерімен сəйкеседі. 
Қатысымдық  грамматика  əртүрлі  синтаксистік  парадигмаларды  (грамматикалық,  құрылымдық-
семантикалық, синонимдік) бір синтаксистік өріске – нақты бір сөйлем үлгісіне жинақтайды, ал бұл 
өрістер  жалпы  жүйеде  сөйлемнің  синтаксистік  өрісінің  орталық  жəне  шеткері  аймақтарын  бірлікте 
көрсетеді.  Сөйлем  үлгілерінің  орталыққа  не  шеткері  аймаққа  жататыны  көп  аспектілі  синтаксистік 
талдау нəтижесінде белгілі болады. 
Сөйлемнің  нақты  үлгісін,  мəтіндік  талдау  нəтижелерін  қорыту  арқылы  оның  жұмсалымдық 
мүмкіндіктері  анықталады,  жұмсалымдық  парадигмасы  жасалады.Сөйлемнің  кейбір  үлгілері, 
мысалы,  «Субъект  жəне  оның  іс-əрекеті»  типтік  мағынасындағы  үлгі  (Айбек  жұмыстан  келді) 
əртүрлі көрсеткіштік жағдайларда қызмет ете беруі мүмкін, ал кейбіреулері, мысалы, бағалауыштық 
сапалық предикатқа ие үлгідегісі (Əлияның мінезі ашық) тек ақпараттық-сипаттама көрсеткішке ғана 
арналған. 
Жұмсалымдық  парадигманың  көлемі  сөйлемнің  нақты  үлгісінің  жүйелік  мəртебесін  анықтаушы 
өлшемдердің бірі болады. Сөйтіп, қандай да бір синтаксистік құрылымның жүйелік мəртебесі, яғни, 
синтаксистік  өрістегі  орны  бір-бірімен  байланысты  бірнеше  белгілер  арқылы  айқындалады: 
компоненттік 
құрамның 
бөлшектену-бөлшектенбеуі, 
құрылымдық 
мүмкіндіктері 
(яғни, 
грамматикалық тұлғаларының, құрылымдық- семантикалық түрлену, синтаксистік  синонимдерінің, 
көппредикациялы бола алу (күрделену) мүмкіндіктері) жəне жұмсалымдық парадигмасы (яки,  нақты 
үлгінің  бір  не  бірнеше  қатысымдық  көрсеткіштерде  жұмсалуға  арналғандығы).Сол  арқылы 
айқындалатын  жай:  бір  үлгінің  грамматикалық,  құрылымдық-семантикалық,  экпрессивтік,  тема-
216


ремалық əртүрлі нұсқалы болуы сол үлгінің нақты мəтіндік жағдайға бейімделуінің нəтижесі болып 
табылады,  яғни,  дəл  сол  жағдайлардан  туындайды.Бұдан  құрылымдық  синтаксистегідей    сөйлемді 
жеке  алып  қарауға  болмайтыны  жəнесөйлемдегі  нақты  сөз  тұлғаларын,  сөздердің  лексика-
грамматикалық  топтарын,  морфологиялық  категорияларды  сөздің  қатысымдық  көрсеткіші  мен 
мəтіннің субъектілік көрінісінің моделі ұғымдарынан тыс  талдауға болмайтыны көрінеді. 
Сөйлемнің жəне оның құрамындағы синтаксемалардың сөйлеу тізбегіндегі орнын  айқындап қою 
ғана  жеткіліксіз.Сөйлемнің  қалай  жасалғанын  білу  үшін  нақты  сөйлеуші  адамның,  яғни,  бақылап-
байқаушы,  ойлаушы,  ұғынушы,  түсініп-білуші,  ерік-жігері,  эмоционалдық  қайтарымы  бар 
субъектінің  бейнесін  көру  керек.Сөйлемдегі  қандай  да  бір  өзгерістер:  базалық  моделдің 
құрылымдық-семантикалық  түрленулері  (толымсыз  болу,  атаулы,  вокативті  т.б.)  оның  (сөйлемнің) 
нақты  мəтіндік  жағдайларға  бейімделуінің,  автор  бейнесі  құрылымының  аясында  белгілі  бір 
көзқарасқа сəйкестенуінің нəтижесінде орын алады. 
Балалар шомылып жүр (базалық). 
Шомылуға көңіл кетіп (ауып) тұр (түрленген). 
Ол сабақтан кешікті. 
Сабақтан кешігу болып тұрады. 
Егер «Балалар шомылып жүр» субъект жəне оның іс-қимылы мағынасындағы еркін үлгідегі топқа 
жатса (яғни, оның құрылымдық-семантикалық жəне грамматикалық мүмкіндіктері жоғары, бір ғана 
мəтіндік  жағдаймен  шектелмеген),  «Шомылуға  көңіл  ауып  тұр»  деген  оның      модальдік  өзгерген 
түріне жатады. Бұл модальді түрленіс қосымша мағыналық компонентке ғана ие емес, сонымен қатар 
мəтіндік  қоршауы  жағынан  шартталған.Ол  ақпараттық  көрсеткішке  жəне  белгілі  бір  субъектілік 
көрініске  ие,  субъектілік  компоненті  жоқ  жағдайда  (менің,  оның),мұндай  құрылымдар  қалып-күй 
субъектісі мен сөз иесі субъектісінің қосындысын білдіреді. Екі құрамды бастауышсыз-бастауышты 
сөйлемдер: 
Жолға шығу керек (жолға шығуға болады). 
Жүру керек (жүруге болады). 
Келгені туралы хабар берілді (хабар берді). 
Бұл синтаксистік құрылымдар қатысымдық толықтыққа ие емес əрі олар еркін де емес. Біріншісі – 
Қонақтардың  жолға  шығуы  керек.  Қонақтарға  жол  жүру  керек.  Базалық  құрылымның  модальдік 
өзгерген  түрі  болса,  соңғысы  белсенді  емес,  себепкерлік  құрылымға  жатады.  Бұл  синтаксистік 
құрылымдар  субъектілік  аймақтарының  белгілі  бір  арақатынасымен  шартталған«Жолға  шығуға 
болады»  сөйлемі  үшін  ақпараттық  көрсеткіш  аясында  болашақ  іс-қимыл  иесі  мен  сөйлеуші-
субъектінің  сəйкесуі  мүмкін  болса,  «Кеттік»  сияқты  волюнтативті  сөйлемде  болашақ  іс  иесі  мен 
адресаттың  үйлесуі  мүмкін.Ал  «Келгені  туралы  хабар  берілді»  сөйлемінде  субъектілік  көрініс 
күрделірек.  
Коммуникативтік  толықтығы  айқын  мына  үлгіні  алайық:  «Сізге  рұқсат  берілген  жоқ».  Мұнда 
базалық  модельдің  субъектісі  –  іс-қимыл  иесі  (сіз),  оның  кіргізілуі-кіргізілмеуі  екінші  субъектімен 
(сөйлеуші)  шартталған.  Бұдан  басқа,  тағы  бір,  əлеуметтік  не  қызметтік  дəрежесі  жағынан  жоғары 
тұрған  субъекті  бар,  ол  айтылмаған,  алайда  ол  өзіне  екі  қызметті  біріктіреді:  субъект-рұқсат  етуші 
жəне  субъект-автор.  Мұндай  құрылым  сөйлеушінің  белгілі  бір  көзқарасымен  жəне  ақпарат  беруге 
арналған  мəтін  түрімен  байланысты  болып  келетін  көпсубъектілі  құрылымға  жатады.  Субъектілік 
компонент  айтылмаған  жағдайда  сөйлеуші  мүмкін  болатын  субъект  көрінісінің  бірінде  тұрады: 
Шегінуге бұйрық берілді – сөйлеуші бұйрықты орындаушылармен бірге; Сізге бұл жерден кету керек 
–  сөйлеуші  не  өзінің  ұсынысын  қайталайды,  не  ұсыныс  жасаушымен  бірге.Субъект  синтаксеманың 
болмауы  субъектілік  аймақтардың  арақатынасын  көрсетеді,  бұл  оның  синтаксистік  тұрғыдан 
шартталғанына айғақ болады. 
 
Əдебиет: 
1.
  Бондарко А.В.Функциональная грамматика. - Л., 1984 
2.
  Золотова Г.А.Коммуникативные аспекты русского синтаксиса. - М.,2007 
3.
  Всеволодова М.В.Теория функционально-коммуникативного синтаксиса.-М.,2000 
4.
  Кибрик А.Е.Константы и перемены языка.-СПб.,2003 
5.
  Белошапкова В.А.Современный русский язык.Синтаксис.-М.,1977 
6.
  Ашрапова  А.Х.К  вопросу  функционального  синтаксиса  в  разноструктурных  языках  //  Филология  и 
культура. – 2012. - №1(27) 
7.
  Золотова Г.А.,ОнипенкоН.К.,Сидорова М.Ю.Коммуникативная грамматика русского языка. - М.,1998. 
8.
  Онипенко Н.К.Синтаксическое поле русского предложения и модель субъектной перспективы текста // 
Коммуникативно-смысловые параметры грамматики и текста. - М.,2016 
 
 
 
 
217


Сəдуақасұлы Ж. 
филол.ғ.д., Қорқыт Ата атындағы ҚМУ профессоры 
Əбенова Г.  
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ докторанты  
 
Мeктeп оқулықтaрындaғы неологизмдер жəне жаңа терминжасау мəселелері 
 
Мeктeптe  оқытылaтын  қaзaқ  тiлi  кyрсының  лeксикa  тaрayы  тiл  бiлiмi  сaлaлaрының  iшiндeгi 
мaғынaлы  дa  мəндi  жəнe  өзгe  тaрayлaрмeн  тығыз  бaйлaныстa  үнeмi  қaйтaлaнып  отырaтын  өзeктi 
сaлaсы болып тaбылaды. Сeбeбi  бұл тaрayдa тiлдiң нeгiзi сaнaлaтын сөз тyрaлы, оның бaсты бeлгiсi, 
мaғынaсы  тyрaлы  жaн-жaқты  бiлiм  мeн  оны  күндeлiктi  өмiрдe  қолдaнyдың  түрлi  жолдaры 
көрсeтiлeдi.Мeктeп  оқyлықтaрындaғы,  соның  iшiндe  5-сыныптың  қaзaқ  тiлi  оқyлығындaғы, 
неологизмдердің  (жаңа  сөздердің)  берілуіне  көз  салсақ,  қолданылған  жаңа  сөздердің,  əсіресе, 
тeрминдeрдiң  басым  көпшiлiгiнің  Кeңeс  дəyiрiндeгi  оқyлықтaрғa  eнгeн  аталымдарға  қaрaғaндa 
қaзaқшa бaлaмaсымен ұсынылyын оқулықтың ұтымды жaғы дeп сaнayғa болaды. Мысaлы, 5-сыныпқа 
арналған  бұрынғы  оқyлықтaрда  «Нeологизмдeр»  дeп  aтaлғaн  тақырыптың    «Жaңa  сөздeр»  дeп 
ұсынылyы  жəне  оқyлықтa  оған  берілген:  «Сөздік  қорға  жаңадан  енген  сөздер    жaңa  сөздeр  дeп 
aтaлaды»,  –  дeгeн  aнықтaмaның  өзі  осыған  дəлел  бола  алады  [1,71].  Мұның  өзі  бұрынғы  қазақи 
қолданыстағы сөздердің жаңаша терминденуінің көрінісі болып табылады. 
Бұдан  əрі  осы  оқулықтағы  «Кəсiби  сөздeр  мен  тeрмин  сөздeр»  дeгeн  тaқырыпқа  назар  салсақ, 
онда: «Кəсiби сөздeр дегеніміз – жұрттың бəріне бiрдeй түсiнiктi болa бeрмeйтiн, бeлгiлi бiр кəсiппeн, 
шaрyaшылық  сaлaсымeн  шұғылдaнaтын  aдaмдaр  aрaсындa  айтылатын  сөздер»,  –  деген  анықтама 
беріледі  де  одан  əрі  термин  сөздердің  анықтамасы  жəне  олардың  түрлері  мен  мысалдары  былайша 
ұсынылады:  «Тeрмин  сөздeр  дегеніміз  –  ғылым  мeн  тeхникa,  өндiрiс  жəне  т.б.  сaлaсындaғы 
қолдaнылaтын aрнayлы зaттaр мeн ұғымдaрдың aтayы болaтын сөздeр. Қaзaқ тiлiндeгi тeрмин сөздeр 
eкi түрлi жолмeн жaсaлғaн. 
1.  Басқа  тілден  қазақ  тіліне  аударылған  терминдер  –  төл  терминдер:  1)  жeргiлiктi  жəнe  көнe 
сөздeрдeн жaсaлғaн тeрмин сөздeр: yнивeрсaл – əмбeбaп, yстaв – жaрғы, рынок – нaрық, комплeкс – 
кeшeн, aдминистрaтор – əкiм т.б. 2) тiлiмiздe бaр сөздeрдi бiрiктiрy aрқылы жaсaлғaн тeрмин сөздeр: 
сeмья – отбaсы, мyзeй – мұрaжaй, гeрб – eлтaңбa, гимн – əнұрaн, пaспорт – төлқұжaт т.б. 
2.  Басқа  тілден  өзгертілмей,  сол  қалпында  алынған  терминдер  –интeрнaционaлдық 
тeрминдер:коэффицeнт,  синyс,  кyб,  aзон,  aммиaк,  кaртa,  мaтeрик,  глобyс,  синтaксис,  диaлeкт, 
aнтоним  т.б.» [1, 84-85]. 
Осындағы мысалдардың көбісінің еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін тілге енген қазақи терминдер 
екені қуантады. Əрине, бұрыннан тілімізге шет тілдер арқылы еніп, қазақша баламасыз қолданылып 
жүрген терминдер де бар екені белгілі жəне олардың бірсыпырасы оқулықта көрсетілген. Бұлардың 
да  тіліміздің  терминдік  байлығын  арттыруда  маңызды  екеніне  сөз  жоқ.  Əсіресе,  қазіргі  жаһандану 
жағдайында бұл – болмай қоймайтын құбылыс. Сондықтан оқулықта кірме терминдердің тұрақталған 
атауларының  берілуін  құптамасқа  болмайды.  Бұл  тұста  осы  сияқты  терминдерді  түсіндіруде 
мұғалімнің  біліктілігі  аса  қажет-ақ.  Өйткені  қaзaқ  тiлi  оқyлықтaрындaғы  жаттығуға  арналған 
мəтіндерде лингвистикaлық  тeрминдeрмен  бірге  бaсқa  ғылым сaлaлaрының  тeрминдeрi  дe  молынан 
кeздeсeдi. Жаттығу барысында оқyшы тілге қатысты тeрминдeрмeн қосa өзге де ғылым тeрминдeрiн 
қосa мeңгeрyi қaжeт болады. Бұл, бiр жaғынaн, оқyшының сөздiк қорын молaйтсa, eкiншi жaғынaн, 
қазіргі  білім  берудің  жаңа  жүйесіне  сай  бірнеше  тілді  меңгеруіне  септігін  тигізеді,  үшіншіден, 
жоғарғы сыныптарда өтетін түрлі пəндерді игеруге бастама болады. Əрине, шeт тiлiнeн eнгeн сөздeр 
оқyшы  ұғымынa  ayыр  тиюi  əбден  мүмкiн,  бірақ  оларды,  сөз  жоқ,  ізденіске  жетелейді.  Осы  кезде 
мұғалімнің біліктілігі, əдіскерлік іскерлігі мен жетекшілік шеберлігі басты рөл атқарады. 
5-сыныптa  лeксикaлық  мaтeриaлдaрды  оқyшығa  мeңгeрткeндe  eскeрeтiн  бiр  жaйт  –  жeкe  сөз 
eшқaшaн өз бойындaғы бaр мүмкiншiлiктi толық бeрe aлмaйды. Лeксикaлық мaғынaсы бaр сөздeрдiң 
өзiн  бiр  мaғынaсымeн  шeктey  қиын.  Өйткeнi  тiлiмiздeгi  сөздeрдiң  əрқaйсысы  сөйлеу-сөйлесу 
барысында  aлyaн  түрлi  мaғынaны  бeрeдi.  Жаңа  сөздердің  пайда  болуының  басты  бір  жолы  болып 
табылатын  семантикалық  тəсіл  осындай  қолданыстар  кезінде  пайда  болады.  Осыған  байланысты 
сөздeрдiң  тyрa  жəнe  ayыспaлы  мaғынaсын,  көпмaғынaлы  сөздeрдi,  омоним,  синоним,  aнтоним 
сөздeрдi  оқyшылaрғa  мeңгeртy  –  олaрдың  тiлiнiң  қaлыптaсyынa,  ойын  нaқты,  əрi  көркeм  əсeрлi 
жeткiзyлeрiнe,  сөйлeсy  тiлiндe  бiр  сөздiң  бiрнeшe  қaйтaлaнyын  болдырмayғa,  нaқтырaқ  aйтқaндa, 
шeшeн сөйлeyгe, ойын дəл жeткiзyгe ықпaлын тигiзeдi. 
Оқyшылaрғa  жaңa  сөздi  мeңгeртyдe  грaммaтикaлық  дaғдылaрды  қaлыптaстырy,  дыбыстaрды 
дұрыс  aйтa  бiлy,  сөз  тiркeстeрiн  дұрыс  құрaстырa  бiлy,  жaңa  сөздeрдi  күндeлiктi  қолдaнa  бiлy, 
мaғынaсын  мeңгeрy,  жаңа  сөздерді  қaтыстырып  сөйлeм  құрy  қaбiлeттeрiн  дaмытy  жaңa  сөздeрдi 
мeңгeртyдiң басты шaрттaры болып тaбылaды. Жаңа сөздердің (неологизмдердің) ішінде жаңа пайда 
218


болған  терминдерді  оқытудың  өзіндік  пайдасы  мол:  оқушының  сөздiк  қоры  молaяды,  мeңгeргeн 
сөздeрдiң бeлсeндi сөздiк қорғa aйнaлyы iскe aсaды. 
Ғылым тiлi, əсіресе, термин бipiздiлiктi, нaқтылықты тaлaп eтeдi. Осы бағыттағы орыс ғалымдары 
мен  Қ.Жұбанов,  І.Кеңесбаев,  Т.Жанұзақов  тəрізді  қазақ  ғалымдарының  пікірлеріне  талдау  жасай 
келіп,  белгілі  терминтанушы  ғалым  Ө.Айтбаев:  «Сонда  термин  дегеніміз,  ең  алдымен,  негізінен, 
белгілі бір ғылым мен техника саласында қолданылатын арнайы лексика болып шығады. Оның басты 
белгілері: дəлдік, қысқалық, жүйелілік», – дей келіп, осы белгілерге түсініктер береді жəне «...Термин 
сөз  нақты,  қысқа,  тұжырымды,  дəлме-дəл  жəне  бір  мағыналы  болу  керек...»,  –  деген  тұжырым 
жасайды [2, 26-33]. Сондықтан осы шарттарға сай болу үшін, яғни, синoнимияғa, жapыcпaлылыққa, 
көпмaғынaлылыққа,  үндeciмciздiк  пен  жүйeciздiккe  жoл  бepмey  үшiн  сабақ  өту  кезінде 
тepминoлoгиялық жұмыcтap үнeмi жүpгiзiлiп oтыpуы тиіс.  
Opыc  тepминтaнyшылapының  eңбeктepiндe  бip  тepминнiң  бipнeшe  нұcқacы  қoлдaнылaтын 
жaғдaйлap  жиi  кeздeceдi.  Бiздiң  ғaлымдapымыз  кeйдe  ocы  тepминдepдiң  бapлық  нұcқaлapын 
қaбылдaп,  жapыcпaлылыққa  жoл  бepiп  aлып  жaтaды.  Қaзaқ  тілі  мен  əдeбиeтті  oқy,  пaйдaлaнy 
бapыcындa  көптeгeн  cинoним  тepминдep  бap  екеніне  көз  жеткізуге  болaды.  Oндaй  мaғынaлac 
тepминдep тepминтaнyшылaрдың өз apacындa дa қиындық тyғызaды. Aл бұл caлaны пəн peтiндe жaңa 
oқи бacтaғaндap мeн ayдapмaшылapды, ic жүpгiзyшiлepдi, тepминдi қызмeт бapыcындa пaйдaлaнyшы 
өзгe  дe  түpлi  мaмaндық  иeлepiн  мүлдe  жaңылыcтыpaды.  Мысaлы,  «aвтогрaф  –  қолтaңбa», 
«клaссификaция – тaптaстыру» тағы осы тəріздес бірсыпыра сөздердің қaзaқшaсы Терминологиялық 
комиссия арқылы бекітілгенімен, мектеп оқулықтaрындa кірме варианты қолдaнылғaн. 
Қaзaқ  тiлi  тeрминдерінің  құрaмы  қaзiр  Кeңeс  кeзiндeгi  өзгe  тiл  тeрминдeрiнeн  біршама 
тaзaртылды. Aлaйдa əлi дe тiлiмiздe тeрмин aлмaсy рeтiмeн кeлгeн шет тілдік тeрминдeр бaршылық 
жəнe  ол  тeрминология  сaлaлaрының  бəрiнe  қaтысты.  Мəсeлeн,    aквaрeль,  aктeр,  aктрисa,  aнонс, 
aншлaг, aссисeнт, бaлeт, гaрмония, гобeлeн, диaлог, дирeктор, дyблeр, интeрнeт, интeрвaл, кaбaрe, 
кaдр,  кaртинa,  клyб,  концeрт,  примa,  рeaлизм,  рeжиссeр,  экрaн,  эпилог,  эффeкт  т.б.  осы  сияқты 
тeрмин  aлмaсy  жолымeн  кeлгeн  шeтeл  тeрминдeрi  2000  жылғы  Мəдeниeт  жəнe  өнeр  сөздiгiндe 
бeрiлгeн.  Осылардың  бірсыпырасын  қaзaқ  тiлiнiң  бaйырғы  сөздeрiмeн  бeрyгe  болмaды  дeгeнгe 
сeнгiмiз кeлмeйдi. Ең болмағанда, кезінде А.Байтұрсынов айтқандай, «...жаншып, кеміріп, өз тілінің 
қалпына түсіріп алуға»[3, 395], яғни,«қазақы айтылу дəстүрі ыңғайында баламалауға болар еді ғой» 
деп  ойлаймыз.  Мысалы,  оқулықта  берілген  aквaрeль,  aктeр,  диaлог,  дирeктор,  кaртинa,  клyб, 
концeрт, эффeкт т.б. сөздердің хaлық aрaсындa қолдaнылып жүргeн бояy, əртiс,  пiкiрлeсy, бaстық, 
сyрeт, ойын-сayық үйi, əн-күй, күштi əсeр тағы сол сияқты баламалары кездеседі. Бұл жaғдaйлaрдың 
бəрi aлмaсқaн тeрминдeр жөнiндe əлi дe ойлaнaтын жaйлaр бaрын aңғaртaды. Бiрaқ бұл ойлaр тeрмин 
aлмaсy қaжeт eмeс дeгeндi бiлдiрмeйдi. Тeрмин aлмaсy қай кезде де болaды, тeк орынды болyы кeрeк. 
Орынсыз  тeрмин  aлмaсy  тiлдi  шұбaрлay  болaтыны  сөзсiз.  Осы  тұста  тағы  бір  алашшыл  ғұламаның 
пікірі туралы айта кету парызымыз деп ойлаймыз: «Пəн сөзді (алаш ардақтылары терминдіпəн сөзі 
деп  атаған  –  Г.Ə.)  өз  тілімізден  таба  алмаған  күнде,  йаурыпа  (еуропа)  қолданған  латынша  пəн 
сөздерді алуға болады. Бірақ ондай жат сөздерді алғанда, оны тіліміздің заңына келтіріп алу керек... 
Тілдің заңына келмейтін жат сөздер көбейіп кетсе, тіл бұзылады, тілдің негізгі қасиеттері, тұрлаулы 
заңдары  бұзылады...»,  –  деген  болатын  Елдес  Омарұлы  1925  жылы  Орынборда  өткен  «Қазақ 
білімпаздарының  тұңғыш  съезінде»[4,  97].  Бiз  бұл  жaғдaйды  Кeңeс  кeзeңiндe  бaсымыздaн  өткiздiк. 
Қaзiр орынсыз aлынғaн шeтeл тeрминдeрiнeн біртіндеп aрылy кeзeңiндeмiз.  
Осы бaғыттa көп томдық сeриялы сөздiктeр 2000 жылдaрдa шығaрылып, ол Мeмлeкeттiк сыйлық 
aлғaны  бeлгiлi.  Бұл  сөздiктeр  бiрсыпырa  тeрминдeрдi  бaйырғы  сөздeрмeн  ayыстырғaнын  дa  бaспa 
бeтiндe  пiкiр  aйтyшылaр  aтaп  жaтты.  Сонымeн  бiргe  кeмшiлiктeр  iшiндe  тiл  байлығының  толық 
пaйдaлaнылмaғaны дa көрсeтiлдi. 
Қазақ тілінің мoл байлығын opынды игеpе oтыpып терминжасамды дамыту кез келген ғылымдаp 
жүйеcіне  еш  кедеpгі  келтіpмеcі  анық.  Кеpіcінше,  тілде  еpкін  қoлданылатын  теpминнің  қазақша 
баламалаpы  түpлі  өзекті  мəcелені  ашып  беpу  жoлында  түcінікcіздікті  жoятын  мoл  пайданың  көзіне 
айналмақ.  Бұл  бағытта  Тіл  комитеті  жанындағы  Терминологиялық  комиссия  ғылым  салалары 
бойынша  жылма-жыл  жаңадан  енген  сөздердің  тізбесін  бекітуде.  Алайда  ертеректе  бекітілген  кей 
сөздердің кейін пайда болған варианттары да ел ауызында қолданылуда. Кезінде  Терминком «семья» 
сөзінің  аудармасын  «отбасы»  деп  қабылдаған,  ал  қазір  ел  ауызында    оның  орнына  «жанұя»  сөзі 
көбірек қолданылатыны байқалады жəне мұндай сөздер біреу ғана емес. 
Қaлaй  дeгeндe  дe  тepминдepдi  қaзaқшaлaндыpy  үpдici  жұpтшылық  cұpaныcы  тұpғыcынaн  кeң 
қoлдay  тaбyдa.  Еc  жиып,  еcейген  ұлттың  əлемдік  өpкениетіне  нендей  өзіндік  ерекшеліктерімізбен 
баpамыз,  coған  еpкін  апаpуға  тіліміздің  қауқаpы  жете  ме  деген  cаналы  тoлғаныcтан  туындайтын 
заңды  əpекет.  Теpмин  баламалаpының  төл  тілімізден    opнын  иемденуі  «мемлекеттік  тіл  мəpтебеcі 
үшін, əcіpеcе, oның негізгі таpмақтаpының біpі – ғылым тілінің қанат жаюы үшін аcа қажетті шаpа» 
екендігі халыққа кеңінен түcінікті. Оған дəлел – тiлiмiздe бұрын жaлпыхaлықтық сөз болғaн, aл қaзiр 
219


физикa  ғылымының  тeрминi  қызмeтiн  aтқaрып  жүргeн  (тeрминдeнгeн)  сөздeр.    Бұларға  бөлшeк, 
дыбыс,  жaрық,  кeдeргi,  көлeм,  күш,  қyaт,  өрiс,  сəyлe,  шaмa  дeгeн  сияқты  түбiр  сөздeр  мeн    aғын,  
aққыштық,  ayырлық,  бeрiктiк,  жылдaмдық,  кeңeстiк,  қaттылық,  қозғaлыс,  қондырғыш,  қысым, 
өткiзгiш,  сeрпiмдiлiк,  сұйық,  тaртылыс,    тaрaтқыш,    тeрбeлiс,  толқын,  тұтқырлық,  тығыздық, 
үйкeлiс  дeгeн  сияқты  тyынды  сөздeрдi  дe,  бaлқy,  бyлaнy,  жылy,  кeрнey,  қaйнay,  сығылy,    сынy,  
тұйықтaлy,    шaшырay,  үдey,  үйкeлyдeгeн  сияқты  eтiстiктiң  қимыл  aтay  формaлaрын  дa  жaтқызyғa 
болaды.  Бастапқы  мaғынaлaрын  өзгeртiп,  тeрминдiк  қызмeткe  көшкeн  бұл  сөздeр  елімізде  физикa 
ғылымының  өркeндeп  дaмyынa,  ол  ғылымды  жaстaрымыздың  оқып-үйрeнyiнe,  түсінyiнe  көмегін 
тигізіп  келе  жатқаны  дəлeлдeyдi  қaжeт  eтпeйдi.  Оның  үстiнe  бұл  сөздeрдiң    тiлiмiздiң    бaйлығын 
арттыра түскендігін де тeрiс дeй aлмaймыз.  
Ocы yaқытқa дeйiн oтaндық ғaлымдap тapaпынaн жapық көpгeн үлкeндi-кiшiлi тepминoлoгиялық 
əдeбиeттepдi,  cөздiктepдi  aлып  қapap  бoлcaқ,  oлapдa  кeздeceтiн  қaзaқшa  тepминдepдiң  caны 
бapшылық. Соның ішінде қазақ лингвистикасының да қалыптасқан мол терминдері бар екені белгілі. 
Мəселен, осыдан бір ғасыр бұрын қазақ терминологиясының атасы А.Байтұрсынұлы қалыптастырған 
терминдер осы күнге дейін қолданылып келе жатса, кейінгі зерттеулер мұны одан əрі байыта түсуде. 
Оған  бір  ғана  мысал:  Терминкомға  фонетика  саласындағы  қазіргі  терминжасам  үрдісін  көрсететін 
терминдер  қатарын  ғалым  Ə.Жүнісбек  ұсынады.  Олар:  жасалым  фонетика  –  сөйлеу  мүшелерінің 
дыбыс  жасауға  қатысын  зерттейтін  фонетика  саласы  (артикуляционная  фонетика);  айтылым 
фонетика  –  дыбыстың  ауа  кеңістігіндегі  табиғатын  зерттейтін  фонетика  саласы  (акустическая 
фонетика);  естілім  фонетика  –  дыбыстың  түйсінім  белгілерін  зерттейтін  фонетика  саласы 
(перцептивная  фонетика);  үндесім  фонетика  –  дыбыстың  əуез  құрылымы  мен  жүйесін  зерттейтін 
фонетика  саласы  (сингармоническая  фонетика);  құрақ  –  қазақ  тілінің  физиологиялық  айтылым 
бірлігі;  дыбыс  (буын,  сөз)  құрақ  –  құрақтың  дыбыс  құрамына  байланысты  түрлері;  сəн  құрақ  –  
салтанатты  сөйлеу  дағдысына  арналған  Тіл  –  құрал;  əуен  құрақ  –  əн  сөзін  қазақы  айту  дағдысына 
арналған Тіл – құрал; ем құрақ – тіл-құлақ мүсін емдеуге арналған Тіл – құрал; бедер құрақ – қазақ 
зағиптарына арналған əліпби [5, 23]. Міне, осы тəрізді жаңалықтар біртіндеп мектеп оқулықтарынан 
да орын алуға тиіс жəне мұнда жаңашыл мұғалімдердің белсенділігі қажет деп есептейміз. 
 Сонымен,  қазақ  тілінің  лексикалогия  саласы  орта  мектепте  арнайы  оқытылатын  болғандықтан 
жəне  халқымыздың  сөздік  қорын  байытудың  бір  жолы  термин  жасау  осы  салаға  тікелей  қатысты 
болғандықтан, мақаламыздың кіріспесін мектеп оқулығындағы терминология мəселесінен бастадық. 
Өйткені  осы  тақырыпты  орта  мектептің  алғашқы  сатысынан  бастаудың  маңыздылығы  жоғарыда 
айтылды.  Ал  кейінгі  теориялық  мəселелер  термин  жөнінде  оқушыларға  толық  та  жан-жақты  білім 
беру  үшін  мұғалімдерге  қажетті  мəліметтер  болып  табылады.  Тек  оны  оқушылардың  сынып 
ерекшеліктеріне қарай орынды пайдалана білсе дұрыс болады.  
 
Əдебиет: 
1. Қосымова Г., Дəулетбекова Ж. Қaзaқ тiлi. 5-сынып. – Aлмaты: Aтaмұрa, 2015. – 207 бет.  
2. Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мəселелері. – Алматы: Арыс, 2006. – 624 б. 
3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б. 
4. Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі. – Алматы, 2005. 144 б.  
5. Жүнісбек Ə. Ұсынған терминдер //Тeрминологиялық хaбaршы. - Астана, 2003. - №4 (6)
 
 
 
Қасым Б. 
филол.ғ.д.,Абай атындағы ҚазҰПУ  профессоры  
                                                              Нурбекова Г. 
РhD докторант 
 
Филология мамандықтарында түбірлес сөздерді оқытудың əдістемелік негізі 
 
Сөзжасамдық  тақырыптарды  тереңдете  оқытуда,  оның  морфологиялық  тақырыптардан 
ерекшеліктерін, өзіндік заңдылықтарын игеріп, машықтануға үйретуде тілдің «Сөзжасам» саласының 
өзіндік  мазмұндық  ішкі  ерекшелігін  ескеретін  болсақ  əрі  дамыта  оқыту  заңдылықтарымен 
біртұтастықта  алсақ  қана  оқушының  өзіндік  əрі  абстрактілі  ойлауын,  ой  қорытуын  қалыптастыруға 
болады.«Сөзжасам»  саласы  бойынша  теориялық  білім  мен  абстрактілі    ойлаудың  негізін 
қалыптастыру  үшін,  оны  оқытудың  тұтас  ғылыми  əдістемелік  жүйесінің  (тілдік  тақырыптарды 
тереңдете  оқытудың  ғылыми  теориялық  əрі  ғылыми  əдістемелік  негізі,  дидактикалық 
ұстанымдары, сабақ түрлері, оқыту əдістері, бақылау материалдары) жасалуы қажет.  
Қазіргі  уақытта  оқытудың  технологиясы  мен  модульдерінің  түрлі жіктеулері  бар.  Бірақ  олар  бір 
жағдайда  ұқсас  келеді,  қолданыста  олардың  барлығы  оқытудың  сынып-сабақ  жүйесіне  негізделеді. 
Бұл  педагогикалық  жүйелердің  барлығын  жалпы  білім  беретін  орта  мектептегі  тұлғалық  бағдарлы 
220


оқытуды  ұйымдастыруда  қолдануға  болады  деп  есептейміз.Осыған  орай,  еңбекте  оқу  жұмысын 
ұтымды ұйымдастырудың да өзіндік мəні сөз болады. Оқу жұмысын ұйымдастыру формасы дегеніміз 
– мұғалім мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылған белгіленген тəртіп пен режімде жүргізілетін 
оқу-таным іс-əрекетінің үдерісі. 
Оқу  жұмысын    ұйымдастырудың  негізгі  түрі  –  сабақ.  Тілдік  материалды  меңгерту  кезеңдеріне, 
міндеттеріне,  мазмұн,  мақсаттарына  қарай  қазақ  тілі  сабағының  мынадай  түрлері  бар:жаңа  сабақ, 
қайталау  сабағы,  бақылау  сабағы,  аралас    сабақ.Сабақ  педагогтік  шығармашылықта  құрылады, 
сондықтан  біртұтастық  жүйемен  оқшауланады.  Кіші  бөліктерінің,  яғни,сабақ  құрылымының  өзара 
іштей  байланысы  бірігіп,  оқушылар  мен  мұғалімнің  іс-əрекеті  дамуының  бір  тектес  логикаға 
бейімделуіне бағыт жасайды [1, 120].  
Сабақтың  талабын  орындау  мен  оны  түсіну  əлеуметтік  сұранымға  қатысты  анықталады.  Сабақ 
оқушылардың  жеке  басының  қажетсінуіне  орай  құрылады.  Оқытудың  мақсат-міндеттері,  заңдары 
мен  ұстанымдары  басшылыққа  алынып,  жоғарыда  сөз  болған  оқыту  үдерісінің  мазмұнын 
айқындайды.  Сөзжасамды  оқытуға  арналған  сабақты  ұйымдастыруда  (сабақтыңғылыми 
жетістіктерге,  жаңаша  озық  іс  тəжірибелерге,  оқу-тəрбие  үдерісінің  негізгі  заңдарына  сай 
құрылуы,  дидактикалық  ұстанымдар  мен  ережелердің  негізге  алынуы,  оқушылардың  санасын, 
өзіндік  əрі  абстрактілі  ойлауын  қалыптастыруға  əсер  етерлік,  пəнаралық,  тақырыпаралық  
байланыстардың  ескерілуі,  жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамытудың  белсенді    түрлерінің 
ойластырылуы,  оқушылардың  өзіндік  əрі  абстрактілі  ойлауын  қалыптастыру  мақсатында  білім, 
икем қабілетін тиімді пайдалануды қалыптастыруға үйрету сияқты) талаптар ескеріледі. 
Əрбір  сабақ  тұтас  педагогикалық  үдерістің  функциясын  жүзеге  асыруға  бағытталған  оқыту, 
дамыту,  тəрбиелеу  сияқты  мақсаттарға  негізделуі  керек.  Қазақ  тілі  сөзжасамын,  сөздің  жасалуына 
қарай түрлерін, сөз жасаудың амал-тəсілдерін дамыта, тереңдете оқытуда дəстүрлі емес сабақтарды 
ұйымдастырудың  мəні  ерекше.  Сөзжасамдық  тақырыптардың  теориялық  негізін  таныта,  тереңдете 
оқытумен байланыстырып, тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде «Баспасөздік конференция», «Ойыңды 
дəлелде» деген тақырыпта сын тұрғысынан ойлауға үйрету сабағын өткізу орынды. Бұл сабақ түрлері 
оқушылардың  өздігінен  жұмыс  істеуін,  сөйлеу  қабілетін  дамытып,  теориялық  материалдарды 
нақтылы  жұмыс  кезінде  саналы,  толық  түсінуіне,  абстрактілі  ойлауының  қалыптасуына  жағдай 
туғызады.  
Оқытудың мазмұнды болуы тиімді ойластырылған, іскерлікпен қолдана білген əдіс-тəсілдерге де 
байланысты.  Сөзжасамның  лингвистикалық  негізін  оқытуда  тұлғаның  білімдік-танымдық 
белсенділігін  арттыратын  жеке  тұлғаны  дамытуға  бағытталған  оқыту  əдістері  қолданылады.Қазақ 
тілін оқыту əдістерін тиімді қолдана білу, шығармашылық негізінде өз беттерімен жаңа əдіс-тəсілдер 
ойлап  таба  білудің  мəні  жөнінде  алғаш  сөз  еткен  ғалымдар  Ы.Алтынсарин,  А.Байтұрсынұлы  т.б. 
ғалымдар  тіл  білімі  ереже  жаттату  түрінде  үйретілмей,  сөздің  тұлға,  мағына,  қисын  жағын  таныту 
түрінде үйретілу керек,сөздің тұлға, мағына жағын тануға керегі жоқ нəрселер тіл білімінің сабағына 
кірмеске  тиіс  деген  қағиданы  ұстанады[2,  203].Сөзжасамдық  тақырыптарды  теориялық  тұрғыдан 
тереңдете оқытуда оқыту əдістерінің ең ұтымдысын таңдап алудың да мəні зор. 
Білім жүйесіндегі оқыту əдістері: 1. Ауызша оқыту əдісі: əңгіме, лекция, кітаппен жұмыс, əңгіме 
кеңес,  2.  Көрнекілік  оқыту  əдісі:  суретпен  жұмыс,  демонстрация.  3.  Практикалық  оқыту  əдісі: 
лабораториялық, практикалық жұмыстар: 
1) түсіндірмелі-иллюстративті əдіс: түсіндіру, сипаттау əдісі, əңгіме, лекция, оқулықпен жұмыс, 
жазба  жаттығулары;  2)  репродуктивті  əдіс:  қайталау,  жаттығу,  өз  сөзімен  қайталап  айту;  3) 
проблемалық  əдіс:  проблемалық  баяндау,  экскурсия,  демонстрация,  оқушының  дəлелді  түрде 
баяндауы;  4)  эвристикалық  əдіс:  ізденіс,    əңгіме,  байқау,  жоспар  жасау;  5)  зерттеу  əдісі:  тəжірбе 
жасау, сыныппен жұмыс, құжаттармен жұмыс, сурет салу сияқты əдіс түрлерін ұсынған. 
 Негізінен,  оқушылардың  білім  сапасын  арттыруда  мынадай  үш  деңгейді мақсатты  түрде  таңдап 
алуға  болады:  репродуктивті,  конструктивті,  шығармашалық.Репродуктивті  білім  деңгейінің 
əдістері:  əңгіме,  түсіндіру,  үлгі  бойынша  жаттығулар  жасау  т.б.  Оқушылар  оқу  ақпараттарымен 
танысады, оны айқындайды, «дайын» анықтама береді, өздеріне белгілі ойлау іс-əрекетінің тəсілдерін 
қолданады.  Конструктивтібілім  деңгейі  –  бірінші  деңгейдегі  білімдерді  араластырып,  қайта  құру 
барысында  алынған  білімдер  жүйесі.  Бұл  деңгейге  оқытудың  эвристикалық  əдісімен  қол  жеткізуге 
болады.Шығармашылықбілім  деңгейі  –  білім  алушылардың  өз  бетімен  іздену  іс-əрекетінде  пайда 
болатын  білім  мен  біліктіліктер  жүйесі.  Шығармашылық  деңгейдегі  білімдерге  білім  алушылардың 
бойында өз бетімен шығармашылық іс-əрекетін оятатын эвристикалық жəне зерттеу əдістері арқылы 
қол  жеткізуге  болады.  Осы  білім  деңгейін  қамтамасыз  ететін  ойлау  тəсілдері    де  шығармашылық 
болып  табылады:  білім  алушылар  жұмыстың  тақырыбын  жəне  мақсат-міндеттерін  айқындайды, 
болжамын жəне іздену жоспарын түзеді, ізденіс-зерттеу іс-əрекетін жүзеге асырады. 
221


Білімнің  тұлғаға  бағытталған  парадигмасы  мақсатты  болжаудың  өміршеңдігін,  олардың 
диагностикалық  құрылуын  белгілейді.  Мақсатты  диагностикалық  құрылым  білім  алушылардың 
əрекеттерімен бейнеленген, өлшеуге жəне тануға болатын оқыту  нəтижелері арқылы айқындалады. 
«Танымдық  алаң»  ойынының  мақсаты  –  оқушылардың  теориялық  материалды  еске  түсіріп,  тез 
арада жаңғырту негізінде білімді берік ету. Топ екі кіші топқа тең бөліне отырып, бəріне ортақ сұрақ 
беріліп, кезекпен жауабын табуы тиіс.«Сарапшы» белгіленген уақыт ішінде қай топ бұрын бітіргені 
жəне тапсырманың орындалу сапасын бақылайды. Мысалы, сұрақтар тізбегі: (5-6 сөзден атау)  

  дерексіз зат есімдерді атаңыз;  

  заттанған сөздерді атаңыз;  

  түбірлес зат аталымдарын атаңыз;  

  түбірлес қатыстық сын есімдерге мысалдар (5) келтіріңіз;  

  түбілес сөздердің семантикалық жағынан ұғымды білдіретін сөздерді атаңыз; 

  сабақты етістіктерге мысалдар келтіріңіз т.б.  
Іскери  ойындар.  Болашақ  маманның  кəсіби  əрекетінің  пəндік  жəне  əлеуметтік  мазмұнының 
жаңғыруының  формасы.  Мысалы,  «Туынды  түбірлес  сөздер»  тақырыбына  байланысты  өткізілген 
семинар  сабағында  студенттердің  педагогикалық  практика  кезінде  осы  тақырыпқа  сəйкес 
бейнетаспаға  түсірілген  үзінділерді  көрсете  отырып,  сөзжасамдық  тақырыпты  түсідірудегі  кеткен 
кемшіліктер  талқыланып  болған  соң,  бірнеше  студент  мұғалім  рөлінде  тақырып  төңірегінде  жаңа 
материалды  түсіндіру  сəтіненэлементтер  көрсетіліп  түсіндіріледі  [3,  80].  Мұндай  сабақтар  қазіргі 
заман  қойып  отырған  маманның  біліктілік  моделі  шеңберінде  жүзеге  асуын  қамтамасыз  етеді. 
Мысалы, «Шеберлікке талпыну» ойынында грамматикалық тақырыптардан білім, іскерлік, дағдыны 
тексеру  мақсатында  студенттің  бірі  мұғалім,  екіншісі  оқушы  рөлінде  болып,  студенттердің 
«оқушыны» тыңдап, қателерді түзете білу, ойын толықтыра білу, қосымша түсініктер беру, бақылау, 
бағалау секілді əрекетті орындай білуге дағдыландыруға болады. Сондай-ақ тіл ғылымының көрнекті 
өкілдерінің  ғылыми  еңбектерін  өз  бетімен  оқып,  талдап,  даулы  тұжырымдар  төңірегінде  бірнеше 
ғалымдардың  пайымдары  негізінде  пікірталас  ұйымдастыру  үшін  бірнеше  студент  сол  автордың 
рөлінде өз оқығанын ортаға салып дəлелдеуге ден қояды. Мысалы, грамматикалық тұлғалар туралы 
əртүрлі  көзқарастарды  талдаумен  байланысты  С.Исаев,  А.  Ысқақов,  М.Серғалиев,  көмекші  сөздер 
туралы Н.Оралбаева, М.Оразов, Р.Əміров, А.Ысқақов, қосымшаларды жіктеу жөнінде Ы.Маманов, 
А.Қалыбаева,  А.Ысқақов,  С.Исаев  т.б.  ғылыми  пайымдауларын  салыстыру.  Мұндай  жаттығулар 
студенттің  өздігінен  жұмыс  істеуіне,  сыни  ойлау  қабілетін  дамытуға,  пікірлерін  дəлелдеуге,  кəсіби 
сөйлеу  мəдениетін  қалыптастыруға  ықпалын  тигізеді,  сондай-ақ  студенттің  өзіндік  белсенді  ой-
əрекеті болашақ кəсібіне қызығу, ынталандыру қызметін атқарады [4, 55]. 
Семинар-жоба  сабағында  студенттер  екі  аптаға  созылған  ғылыми  жобаға  жоспар  бойынша 
тыңғылықты  даярланады.  Нəтижесінде  жобалар  бойынша  ғылыми  еңбектердің  библиографиясын 
жазады,  ғылыми  еңбектердің  жаңалықтарын  талқылайды,  бірнеше  ғалымнан  алынған  сұхбаттарын 
(бейнетаспа,  үнтаспа)  тындатады,  суреттерін,  еңбектерінің  тізімін  графопроектормен  динамикалық 
күйде  түсіндіреді,  бейнетаспадан,  үнтаспадан  үзінділер  көрсетеді  (С.Исаев  туралы,  оқулықтардағы 
мектеп  оқу  тапсырмалары,  оқулықтар  т.б.).  Нəтижесінде  студенттер  осы  тақырыптар  бойынша 
белсенді  түрде  білім  жинақтап  қана  қоймай,  оны  болашақ  кəсіби  қызметінде  қолданудың  амал-
тəсілдерін де меңгерді. 
Семинар-аукцион,  теледебаттүрінде  алдын-ала  бірнеше  тақырыптар  беріліп,  қажетті  əдебиеттер 
ұсынылып, жоспар көрсетіледі. Аукционға авторлық куəліктер қойылады. Куəлікті алушылар алдын-
ала  даярланған  «сұрақтарға»  жауап  береді.  Мұның  маңыздылығы  –  болашақ  мамандығын  игеруге 
жаттықтыру.  Сұрақтардың  мазмұны  жиі  қолданылатын  морфологиялық  категорияларға  құрылады. 
Сұрақтарға  жауап  беру  уақытпен  өлшенеді.  Сұрақтарға  жауап  беріп,  авторлық  куəліктерге  ие 
болады.Аталған  семинар  түрлерінен  басқа  тілдік  талдаулар,  жаттығулар  орындату  да  практикалық 
сабақтың  мазмұнына  кіреді.  Мұнда  теориялық  білімді  тəжірибемен  ұштастыру,  тілдік  бірліктерді 
таныту,  оларды  есте  сақтауды  қамтамасыз  ету  қажет.  Сөзжасам  сөзжасамдық  көрсеткіштерге  бай 
жəне  оларда  омонимдік  қасиет  күшті  болғандықтан,  бір-бірінен  дұрыс  ажырата  білуге  үйретудің 
маңызы өте зор, сондықтан семинар сабағында жаттығулар, түрлі тапсырмаларды орындау жұмысы 
да  орын  алады.  Ол  жұмыста,  көбіне,  жаттығулар  жинағы  қолданылатыны  белгілі.  Осы  жұмыс  түрі 
сапалы  орындалу  үшін,  сөзжасамдық  талдауды  студент  жақсы  білуі  керек.  Осымен  байланысты 
студентке  морфологиялық  талдаудың  түрлерін  үйрету  қажет.  Қысқаша  мəлімет  студент  үшін 
жеткіліксіз  жəне  сөзжасамдық  талдаудың  əр  түріне  студент  əбден  жаттығу  керек.  Сөзжасамдық 
талдау логикалық ойлауды қажет етеді. Ал бұл өз кезегінде білімнің жалпылық қасиетке айналуына 
мүмкіндік береді. 

  Жаттығу  түрлері  қазақ  тілінің  сөзжасам  модульге  енген  тілдік  тақырыптарға  сай  7топқа 
бөлінеді. 
Олар:  
222



  шығармашылық жаттығулар; 

  танымдық жаттығулар; 

  проблемалық жаттығулар; 

  тапқырлықты танытатын жаттығулар; 

  ойлау қабілетін дамытатын жаттығулар; 

  логикалық ойлау қабілетін дамытатын жаттығулар; 

  ойын жаттығулары. 
Сөзжасамдық  тақырыптарды  оқытуда  жүргізілетін  жаттығу  жұмыстары  мен  деңгейлік 
тапсырмалардың өзіндік ерекшелігі:  

  жаттығу мəтіні мен мазмұн-мақсатының тілдік тақырыпқа сəйкестілігі;  

  жаттығуда берілген тілдік тапсырманың айқындылығы; 

  жаттығу мəтіннің танымдық мəнінің болуы;  

  жаттығу мəтінінің тəрбиелік мəнінің болуы;  

  сөзжасамдық  тақырыптардың  оқушының  шығармашылығын  дамытумен  байланыстылығы 
сияқты ғылыми-əдістемелік талаптар ескеріледі. 
Жүйеленген  кешенді  жаттығулар,  деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  білім  алушының  қабілеті 
анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін арттыру жағы көзделеді. Сөзжасамдық тақырыптардың 
лингвистикалық негізін айқындап, білімді тереңдете оқытуға бағытталған кешенді жаттығулар жүйесі 
өтілген тақырыптарды қайталап пысықтауға арналып, студенттердің шығармашылық біліктіліктерін 
дамытуға  негізделіп,  сөзжасамдық  тақырыптардың  логикалық  байланысы,  жүйесі  ескеріліп, 
тапқырлыққа  үйрету  мақсатында,  қазақ  тілін,  тарихын  танып  білу,  тіл  мамандығын  игеру,  үйрету 
мақсатында жасалады [5, 45].  
Сөзжасамдық  ұғымды    тексеруге  арналған    бақылау  түрлерін  семинар,  зертханалық  СӨЖ 
жұмыстарының  түрлеріне  қолдануға  болады.  Бақылау-байқау  материалдары  білімді  меңгеруді 
ұйымдастыру  құрылымының  бірліктері  ретінде  саналады.  Олар  өтілген  материалдың  шоғырлануын 
қамтамасыз  етіп,  шығармашылық  сипатта  болады.  Бұл  оқыту  ісінің  жан-жақты,  тиімді 
ұйымдастырылуына  мүмкіндікбереді.  Оқу  материалдарының  əртарамын  өткеннен  соң,  бақылау-
байқау,тапсырмалар,  сынақ    материалдары  ұсынылып,  олардың  қысқа  əрі  айқын,  нақты  жұмыс 
түрінінің  мақсаттарына  сəйкес  ұйымдастырылады.  Бақылау,  сынақ  материалдарына  қойылатын  оқу 
материалының мазмұнына сəйкес болуы, білім алушылардың бағдарламалық материалды тиянақты 
меңгеруінің  қамтамасыз  етілуі,  оқытудағы  жетістіктердің  шешуші  біліктіліктің  сатылы  жəне 
жоғарғы  деңгейінде  қадағалануы,  білім  алушылардың  танымдық  ұмтылысы  мен  когнитивтік  іс-
əрекеті дамытылуы т.т. сияқты дидактикалық талаптар мақсат етіледі. 
Сөзжасамдық  тақырыптар  бойынша  қалыптасқан  білімді  тексеруде  бақылаудың  тиімді 
түрлеріөзара бақылау, ағымдық, аралық, тестік бақылау түрлері пайдаланылады. 
Мемлекеттің білім беру саясатының тұжырымдамасы міндеттерінің бірі – білім беру жүйесі мен 
оқытудың  сапасын  арттыру,  сабақтың  əдістері  мен  мазмұнын  жетілдіру,  əдіснамалық  жағынан 
дамыту:   

«Сөзжасам» пəнінің теориялық білім деңгейлерін, қазақ тілін оқыту бағдарламасы мен оқулыққа 
сəйкес сөзжасам саласына қатысты білім мазмұнын іріктей, жүйелей алу біліктілігі; 

  Оқытудың  біліктілік  модуліне  сəйкес  оқыту  үдерісінің  құрамдас  бөліктерінің  біртұтастықта 
жүзеге асуы; 

«Сөзжасам»  пəні  бойынша  қалыптасқан  білім-білік  дағдыларын,  сөзжасамдық  ұғымдарды 
теориялық, практикалық тұрғыда меңгеру деңгейлері;  

Жазбаша жұмыс түрлері, талдау жасау. 
Нəтижелері:  «Сөзжасам»  пəнінен  берілетін  білім  мазмұнының  соны  ғылыми  пікірлермен 
толықтырылуы,  сөзжасамдық  тақырыптар  бойынша  сауатты,  түсінікті,  нақты  білімдік  дағды 
қалыптастыруда білім алушының танымдық, шығармашылық іс-əрекетін арттыратын белсенді, тиімді 
əдістер жүйесінің  негізге алынуы тиіс [6, 28].  
Ғылыми,  бірізділік  жəне  жүйелілік  ұстанымдары  бойынша  сөзжасамдық  тақырыптардың  ішкі 
табиғи,  практикалық  мазмұны  өзіндік  ерекшелігіне  қарай  əрі  тақырыптардың  бір-бірімен 
байланысын, тарау, тарамаралық байланысты ескере отырып, жұмыс түрлерін, тиімді əдіс-тəсілдерді, 
сабақ түрлерін іріктеп алу, соған сəйкес оқу жұмыс жоспарынжасауда жинақтап бірізділікпен құру.  
Қай  тақырып  болмасын сөзжасамдық  заңдылықтар,  сөзжасамдық ұғымдардың  негізгі  қағидаларына 
негізделіп,  білім  алушының  игеруіне  мүмкіндік  жасау.  Сөзжасамдық  тақырыптардың 
лингвистикалық  негізін  ашатын    жаңа  технологиялармен  оқыту,  түрлі  жаңа  технологияларды 
сөзжасам  пəндік  қолдану,  жақсы  нəтижеге  жеткізеді  жəне  жаттығу  жұмыстарын,  тапсырмаларды 
бірлікте жүргізуде оқыту əдістерінің тиімділігі мен жүйелілігі ескерілуі тиіс [7, 107].  Сөзжасамдық 
тақырыптарды  оқытуда  əңгімелесу,  проблемалық,  жалқылау-жалпылау  əдістерінің,  ойын  əдісінің, 
сын тұрғысынан ойлауға үйрету стратегиясының, жаңа технологиялармен оқыту т.б. тиімді.  
223


Əдебиет:  
1.
  Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы: Мектеп, 1988,- 128-134-б. 
2.
  Аханов К., Кəтенбаева Б. Қазақ тілінің методикалық нұсқауы. - Алматы: Мектеп, 1982. - 239 б. 
3.
  Балақаев М. Тіл мəдениеті жəне қазақ тілін оқыту. - Алматы: Мектеп, 1989. - 95 б. 
4.
  Қалиев Ғ. Сөз  тудыру  -  қазақ  тілінің жеке  саласы  //Қазақстан мектебі.– 1984.- № 6.  - 57-60-б. 
5.
  Қазақстан  Республикасы  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты.  Негізгі 
ережелер. - Алматы: РОНД, 2002. – 88 б.  
6.
  Есенов Қ. Тереңдете оқыту мəселелері //Қазақ тілі мен əдебиеті. – 1994.- №11. – 112-б. 
7.
   Каптерев П.Ф. Избранные педагогические сочинения. - Москва, 1982. - С.170 
 
 
Исакова С.   
филол. ғ. д., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе 
өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры 
 
Когнитивтік терминтанымдағы  тіл мен білім мəселесі  
 
Терминтанымның  ғылыми-ұғымдық  аппаратының  толығу  фактілері  қазіргі  терминологиялық 
ғылымның  үздіксіз    даму  сипатын  айқындайды.  Тілдік  бірліктердің  арақатынасы  мен  оларда 
бейнеленген  кəсіби  (теориялық  жəне  практикалық)  білімнің  құрылымы  арасындағы  байланыс 
терминтанымның басты мəселесіне айналып отыр.  
Терминтанымда  когнитивтік  ұғымдар  мен  терминдердің  ықпалымен  пайда  болған  маңызды 
идеялар қатарына мыналарды жатқызуға болады:  
1.  «Концепт»,  «концептуалды    құрылымдар»,  «білім  форматы»  сияқты  ұғымдардың 
терминологиялық айналысқа түсуіне байланысты  термин мен ұғым арақатынасына деген көзқарастар 
өзгерді.  Дəстүрлі  құрылымдық-жүйелілік    зерттеу  үлгісінде  термин  дегеніміз  –  белгілі  бір  ғылым, 
білім, техника саласының заттары мен құбылыстарының атауы. Терминнің өзіндік белгілері: 
1. терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркестері болады; 
2. терминдер негізінен тілдік бірліктер (символ-сөз, сан, географиялық таңба түріндегі терминдер 
де бар. Бірақ терминологиядағы олардың үлес салмағы термин-сөздерге қарағанда əлдеқайда төмен); 
3. термин – белгілі бір терминологияның мүшесі; 
4. термин деген – ұғым аты; 
5. терминнің міндетті түрде анықтамасы (дефинициясы) болады; 
6.  терминдердің  негізгі  басым  бөлігі  жалпы  есімдер,  сөз  табына  қатысы  жағынан  зат  есімдер 
болады; 
7.  терминдер  атауыштық  қызмет  атқарып,  негізінен  ғылым  тілінде,  арнаулы  сала  шеңберінде 
қолданылады[1]. 
Терминге  берілген анықтамадан байқап отырғанымыздай,  терминнің ғылыми ұғым атауы екені, 
тілдік бірлік, белгілі бір терминология мүшесі, оның анықтамасының болатындығы, негізінен қандай 
сөз  таптарынан  жасалатыны,  атауыштық  қызметі,  арнаулы  салада  қолданылатынына  назар 
аударылған.    Ал  термин  арқылы  берілетін  білім  мазмұны,  оның  ғылыми  таным  арқылы  пайда 
болатыны,  белгілі  бір  ғалымның  немесе  маманның  ойлау  үдерісінің  нəтижесі  екендігі  туралы 
айтылмаған. Соңғы жылдары пайда болып, қарқынды дамып келе жатқан тіл білімінің жаңа зерттеу 
үлгісі  терминнің  аталған  қырларына  ерекше  назар  аударып  отыр.  Осымен  байланысты  термин  мен 
оның  анықтамасына,  жалпы  терминдік  жүйеге  деген  когнитивтік  көзқарас  қалыптасып  келеді. 
Когнитивтік тіл білімі тілдік құбылыстарды тіл сөйлерменінің танымы мен ойлау үдерісінің нəтижесі 
ретінде қарастырады.  Егер қарпайым жалпы қолданыстағы сөз тіл сөйлерменінің қоршаған ортаны 
танып,  оның  ерекше  белгілерін  негізге  ала  отырып,  күрделі  ойлау  үдерісінің  нəтижесінде  затқа 
немесе  құбылысқа  берген  атауы  болса,  термин  белгілі  бір  ғылым  саласындағы  ғалымның  немесе 
маманның  іс-əрекеті нəтижесінде пайда болған ғылыми ұғым атауы болып шығады. Терминге атау 
беруде де, оның анықтамасын белгілеуде де арнаулы сала маманының күрделі ойлау үдерісі маңызды 
орын  алады.    Мысалы,  қазақ  тіл  білімінде  құрмалас  сөйлем  туралы  алғашқы  түсінікті  А. 
Байтұрсынұлы  «Тіл  –  құрал.  Сөйлем  жүйесі  мен  түрлері»  атты  еңбегінде  береді.  Оны  сыйыса 
құрмаласу жəне қиыса құрмаласу деп бөліп қарастырады. Автордың сыйыса құрмаласу деп берген 
сөйлемдері  (Қарабай  мен  Сарыбай  аңға  шықты)  қазіргі  замандағы  тілдік  таным  тұрғысынан 
талдағанда  бірыңғай  мүшелі  жай  сөйлем  деп  танылғанымен,  аталған  сөйлемнің  оны  құрмалас 
сөйлеммен  барабар  ететіндей  əлдебір  тілдік  заңдылықтың  негізінде  қалыптасқандығын  жоққа 
шығара  алмаймыз  (салыстырыңыз:  Қарабай  да  аңға  шықты,  Сарыбай  да  аңға  шықты). Қиысқан 
құрмаластарды  салалас,  сабақтас  деп  жіктеп,  салаластарды  мағынасына  қарай  жиылыңқы, 
қайырыңқы,  айырыңқы,  сұйылыңқы  жəне  қойылыңқы  деп  бөлсе,  сабақтастарды  бастауыш 
бағыныңқы, анықтауыш бағыныңқы, пысықтауыш бағыныңқы деп бөледі[2,300-310].  
224


Берілген  мысалдан  А.Байтұрсынұлы  тіл  білімінің  синтаксис  саласының  негізгі  ұғымының  бірі 
болып табылатын құрмалас сөйлем туралы түсінік беріп, оның түрлерін ажыратуы –тілшінің ғылыми 
тəжірибесі  барысындағы  ойлау  үдерісінің  нəтижесі.  Тіліміздегі  күрделенген  ойды  білдіретін 
сөйлемдердің құрмалас екенін, олардың мағынасына қарай бірнеше түрлерге бөлінетіндігін айқындап 
беру  ғалымның  ғылыми  танымының,  ой-өрісінің,  тілдік  түйсігінің  жоғары  екенін  жəне  үздіксіз 
зерттеу нəтижесі екенін дəлелдейді.  Айтылғандардан шығатын тұжырым: термин – арнаулы, ғылыми 
білімнің  тілдік  таңбасы,  ол  ғылыми  танымның  вербалданған  нəтижесі,  шынайы  дүниенің  ғылыми 
бейнесінің  көрінісі  жəне  маманның  ойлау  үдерісінің  нəтижесіне  тəуелді  бірлік.  Термин  кəсіби 
дискурстың  негізін  құрайтын  арнаулы  тілдік  бірлік  болып  есептеледі.  Термин  –  арнаулы  білімді 
жеткізу құралы.  
2. Терминнің дəстүрлі атауыштық қызметі немесе білімді бекіту қызметімен салыстырғанда, оның 
когнитивтік  қызметінің  маңыздылығы  мойындалды.  Когнитивтік  қызметтердің  ішінде  барынша 
маңыздысы  терминнің  бағыт-бағдар  беру  қызметі  болып  есептеледі  [3,43-44].  Атауыштық  қызмет 
терминге  ғана  емес,  тілдегі  сөз  атаулының  бəріне  тəн  қызмет.  Сөз  болсын,  термин  болсын,өзі 
белгілеп тұрған ұғымды атайды. 
Атауыштық таңба ретінде терминдердің ерекшелігі олардың тек ерекше семиотикалық кеңістікте, 
яғни,  белгілі  бір  кəсіби  іс-əрекет  кеңістігінде  коммуникативті  жəне  когнитивті  маңызды  заттарды, 
құбылыстарды,  қатынастарды  белгілеу  үшін  жасалынатындығында  жатыр.  Терминді  бұлай 
түсінгенде  біз  Б.Н.Головиннің  анықтамасына  сүйенеміз:  «Термин  дегеніміз  –  нысандарды,  олардың 
арасындағы  қарым-қатынасты  белгілі  бір  мамандық  тұрғысынан  тану  жəне  меңгеру  процестерінде 
қолданылатын,  кəсіби  ұғымдарды  білдіретін,  жасайтын  кəсіби  мағынасы  бар  сөздер  мен  сөз 
тіркестері»  [4,218].    Ғалым  Ш.Құрманбайұлы  бұл  туралы  былай  деп  жазады:  «Кез  келген  ғылым 
саласында  жаңа  ұғым  пайда  болған  сайын  бір  жаңа  термин  дүниеге  келеді.  Ол  термин  сол  ғылым 
саласындағы ұғымдар жүйесінен тиісті орын алып, терминологияның мүшесі ретінде орнығады» [5, 
69].    Кəсіби  сала  шеңберінде  ғана  терминдер  жүйелі  болып,  өздерінің  басты  қасиеттерін  көрсетіп, 
оларға жүктелген көптеген қызметтерді атқарады.  
Егер  жалпы  қолданыстағы  тілдік  құралдармен  алынған  ақпараттың  негізінде  адамдардың  бір-
бірімен, ортамен өзара қарым-қатынасы, мамандық шеңберінен тыс алынған əртүрлі тəжірибе жатса, 
терминдерде,  ең  бірінші,  адамдардың  нақты  кəсіби  іс-əрекет  үдерісінде  қоршаған  дүниемен,  заттар 
мен  құбылыстармен  өзара  қарым-қатынас  тəжірибесінің  нəтижесінде  алынған,  тіл  арқылы 
бейнеленген ақпаратты, білімді бекіту қызметі атқарылады. 
Кəсіби тəжірибе – тұқым арқылы берілетін тəжірибе емес, ол тек саналы түрде ғана жинақталады. 
Бұл  тұлғаның  мақсатты іс-əрекет  үдерісінде  саналы  ойлау  арқылы  жинақталатын  тəжірибесі  болып 
табылады.  Аталған  үдерістің  қарқындылығы  адамның  белгілі  бір  кəсіби  салаға  деген 
қызығушылығымен  түсіндіріледі.  Кəсіби  тəжірибеге  өзіндік  сипат  тəн,  өйткені  тəжірибе  алынған 
жағдай əр мамандықтың өзіне ғана тəн болып келеді.  
Терминнің  аталған  қызметімен  бірге  соңғы  кездері  оның  когнитивтік  қызметін,  яғни,  арнайы 
білімді  алу,  өңдеу,  сақтау  жəне  оны  жеткізу  қызметін  атап  көрсетіп  жүр[6,  24-27].  Терминнің  бұл 
қызметі адамның менталды жүйесімен тікелей байланысты. Басқаша айтқанда, терминде  ғалымның 
немесе  маманның  ғылыми  ойлау  іс-əрекеті  қалай  бейнеленеді,  қалай  көрініс  табады  дегенге  саяды. 
Бұл  туралы  біз  В.А.Татариновтың    «Терминология  как  один  из  инструментов  научного  познания 
имеет наиболее тесную связь с мыслительными категориями, являясь одновременно как формой их 
бытия, так и способом их осуществления»[7], – деген пікірін құптаймыз.  
Терминнің  когнитивтік  қызметінің  ішінде  бағыт-бағдар  (ориентирующая)  беру  қызметін  ерекше 
атап  көрсетуге  болады.    Арнаулы  сала  тілінің  негізін  құрайтын  терминдерді  кəсіби  мамандар  іс-
əрекетінің когнитивтік-коммуникативтік кеңістігі тұрғысынан  қарастыру оның когнитивтік қызметін 
анықтауға ықпал етеді. Əрбір арнаулы когнитивтік-коммуникативтік кеңістікте терминдер маманның 
концептуалды  құралы  ретінде  қызмет  атқарады,  маманның  кəсіби  ойлауына  бағыт-бағдар  береді, 
кəсіби  іс-əрекет  пен  ойлау  үдерісіне  түрткі  болады,  соның  нəтижесінде  ғылымда  жаңа  ойлар, 
пікірлер,  ұғымдар  мен  түсініктер,  терминдер  қалыптасады.  Терминнің  бағыт-бағдар  беру  қызметі 
термин  алғаш  пайда  болған  кезден  көрініс  табады.  Мысалы,  А.Байтұрсынұлының  жоғарыда  атап 
көрсеткен  құрмалас  сөйлем  туралы  ғылыми  тұжырымының  пайда  болуына,  сөйлемнің  түрін 
ажыратуына, əрине, ғалымның тек қазақ тіл білімі емес, басқа тілдердің синтаксистік жүйесіне назар 
аударып, олардағы құрмалас сөйлемдердің жіктелуіне, анықталуына талдау жасауы, олар туралы ой-
пікірлерді қорытындылап, мысалдармен дəлелдеп, қазақ тілінде құрмалас сөйлем, оның түрлеріне т.б. 
терминдерге ғылыми  анықтама  беріп,   қалыптастырғаны  даусыз.  Ғалым аталған  терминдерді жасау 
барысында  тек  қана  өзі  зерттеп,  талдап,  қорытынды  жасап  қана  қоймай,  басқа  тілші  ғалымдармен 
пікір  алысып,  осы  мəселелерді  бірлесе  талқылап,  қазақ  тілінің  табиғатына  тəн  атауларды  термин 
ретінде  тұрақтандыруға  тырысты.  Демек,  ғалым  когнитивтік-коммуникативтік  кеңістікте  кəсіби  іс-
əрекет нəтижесінде күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан тіл білімі терминдерін жасады.  
225


3.Терминді  үнемі  даму,  толығу  үстінде  болатын  тілдік  бірлік    ретінде  қарастырады,  осымен 
байланысты оның анықтамасы  да қатып қалған нəрсе емес, шартты  болып табылады [8]. Мысалы, 
А.Байтұрсынұлы  қиысқан  құрмаластарды  салалас,  сабақтас  деп  жіктеп,  салаластарды 
мағынасына  қарай  жиылыңқы,  қайырыңқы,  айырыңқы,  сұйылыңқы  жəне  қойылыңқы  деп  бөлсе, 
сабақтастарды  бастауыш  бағыныңқы,  анықтауыш  бағыныңқы,  пысықтауыш  бағыныңқы  деп 
бөледі.  Құрмалас сөйлемді «күрделі сөйлем» деп атаған Қ.Жұбанов оны салалас жəне сабақтас деп 
жіктеп  қарастырады  [9,104].    1936  жылы  орта  мектептің  5-7  сыныптарына  арналған  «Қазақ 
тілінің  программасында»  құрмалас  сөйлемдердің  жасалу  жолдары  мен  амал-тəсілдері  көрсетіліп, 
мағыналық  түрлеріне  тоқталған.  Құрмаласты  жасайтын  амал-тəсілдер  салаласта:  алғашқы 
сөйлем  баяндауышы  құрамындағы еді көмекші  етістігі,  шартты  рай  тұлғасы,  көсемшенің -
п тұлғасы, да, жəне, сосын дəнекерлері, сол себепті, сондықтан, сөйтіп, бірақ сөйтсе де, я, əйтпесе, 
не  болмаса,  үйткені  неге  десең т.б. жалғаулықтары,  осы,  сол,  бұл есімдіктері,  сабақтаста, 
негізінен,  құрамында  қатыстық  сөздері  бар  шартты  рай  тұлғалы  етістіктерге  негізделген.  
Салалас құрмаластарды өз ішінде ыңғайлас, ереуіл, талғама, себеп-салдар, шарт жағдай деп бөледі 
де,  сабақтастарды  анықтауыш  бағыныңқылы,  толықтауыш  бағыныңқылы,  пысықтауыш 
бағыныңқылы деп саралайды [10, 359].  
Құрмалас  сөйлемді  зерттеуді  алғаш  рет  практикалық  мақсатта  емес,  ғылыми  тұрғыдан 
қарастырған  С.Аманжолов  құрмалас  сөйлемдерді  салалас,  сабақтас,  аралас  жəне  тиянақсыз 
сабақтас  деп  төрт  түрге  бөліп  қараса  [11,  359],  құрмалас  сөйлемдерді  арнайы  зерттеген 
Н.Сауранбаев бұл мəселеде бірнеше пікір ұсынды: алғашқы топтастыруда құрмаластарды салалас 
жəне сабақтас  деп жіктесе [12, 46],  кейінірек  салалас  құрмалас,  сабақтас  құрмалас  жəне іргелес 
құрмалас деп топтайды [13, 34-106], ал  соңғы топтастыруда құрмаластарды 4-ке бөледі: салалас, 
сабақтас, аралас, үйірлі мүшелі сабақтастар [14,520]. С.Жиенбаев құрмаластың тек салалас жəне 
сабақтас деген 2 түрі бар екенін, ал аралас құрмаластың «өз алдына бір бөлек заңдары жоқ» екенін 
айтады  [15,33].  Н.Сауранбаев  сөйлемнің   бұл  түрін  сабақтас,  салалас,  іргелес  деп  үш  үлкен  топқа 
бөледі.  Автор  құрмаластың  жалғаулықсыз  байланысқан  түрін  жеке  алып  «іргелес»  деп 
қарастырады. 
Берілген мысалдан ғылымның үнемі дамып, толығып, жаңарып отыратындығын аңғару қиын емес. 
А.Байтұрсынұлы жіктеген құрмалас сөйлемнің түрлері өзінен кейінгі тілші ғалымдарға ой салып, əрі 
қарай  тереңірек  зерттеуге  жетелегені,  соның  нəтижесінде  Қ.Жұбанов  «құрмалас  сөйлем» 
емес,«күрделі  сөйлем»  деген  терминді  ұсынып,  оны  «салалас»  жəне  «сабақтас»  деп  топтастыруға 
əкеледі. Одан кейінгі ғалымдардың осы мəселе бойынша ғылыми ойлау үдерістері мен когнитивтік-
коммуникативтік  кеңістіктегі  кəсіби  іс-əрекеттері  құрмалас  сөйлемнің  анықтамасына    көптеген 
толықтырулар  енгізгенін  байқау  қиын  емес.  Демек,  терминді  кəсіби  когниция  мен  кəсіби  қарым-
қатынастың өзара байланысы нəтижесінде пайда болған тілдік бірлік деп тануымыз қажет.  
4.  Терминді  талдауға  деген  көзқарастың  күрделенуі:  оны  жүйелілік-ұғымдықтан  категориалды-
матрицалық тұрғыдан түйсіну.   
5.  Терминді  гносеологиялық  (эпистемологиялық)  тұрғыдан  қарастырудан  бас  тарту,  термин 
арқылы тек қана ғылыми (теориялық) білім ғана беріліп қоймайды, сонымен бірге  кəсіби білім мен 
тəжірибенің нəтижесі бейнеленеді.  
6.  Терминнің  мазмұнының  дамуы  мен  қалыптасу  үдерісі  туралы  ғылыми  көзқарастардың 
тереңдеуі:  арнайы  білімнің  стихиялық  жиынтығы  ретіндегі  концептіден  оны    теориялық  тұрғыдан 
тұжырымдап, түсінуге жетелейді. 
7. Ұғым мен концептінің арасында  когнитивтік негіз ретінде тығыз қарым-қатынас болады:  ұғым  
концептінің  негізінде  құрылады,  уақыт  өткен  сайын  ұғымның  мазмұны    концептінің  мазмұнына 
қосылады, бұл өз кезегінде ұғымның əрі қарай дамуына ықпал етеді.   
Демек,  когнитивтік  лингвистиканың  əсерінен  терминологиялық  зерттеулердің  мақсаты  кəсіби 
таным,  кəсіби  қарым-қатынас  жəне  кəсіби  іс-əрекеттермен  байланысты  терминнің  тілдік  бірлік 
ретіндегі ішкі мағыналық табиғатынан терминологиялық жəне басқа арнаулы бірліктердегі білімнің 
берілу мəселесіне ауысты.  
Когнитивтік көзқарас жаһандану контексінде  арнайы білімнің дамуы мен пайда болуын талдауға 
адамдардың 
құбылмалы 
когнитивтік-коммуникативтік 
қажеттіліктерін 
ескере 
отырып, 
терминологиялық (кəсіби) атау беру үдерістерінің механизмдері мен себептерін анықтауға мүмкіндік 
береді.  Осылардың  барлығы  терминдік  жүйелердегі  тарихи  үдерістерді  тереңірек  түсінуге  ықпал 
етеді,  арнайы  білім  құрылымдары  (жəне  сана)  мен  тілдік  құрылымдардың    арасындағы  күрделі 
қатынастардың  дамуын    анықтайды.  Сонымен  бірге  терминтанушы  ғалымдар  атап  көрсеткендей, 
аталған көзқарас термин туралы толық жəне жан-жақты түсінік қалыптастыруға көмектеседі, өйткені 
дүниенің  қарапайым  тілдік  бейнесінде    көрінетін  прототиптік  категорияларды  ескере  отырып, 
терминді  «интеллектуалды»,  «толық  пісіп  жетілген»  таңба  ретінде  таниды  жəне    арнайы  қарым-
қатынас саласында өзінің айқын шекарасы бар ұғым ретінде анықтайды[16,45-48]. 
226


Сонымен,  қазіргі  тіл  білімінің  (антропоцентризм,  неофункционализм,  экспансионизм)  бейнесін 
айқындайтын жоғарыда аталған əдіснамалық қағидаттар қарқынды даму үстіндегі пəнаралық зерттеу 
саласы  болып  табылатын  терминтанымға  да  тəн.  Бүгінгі  таңда  терминдер  мен  терминдік  жүйелер 
өзімен-өзі  зерттелмейді,  олар  адамның  кəсіби  танымы  мен  кəсіби  іс-əрекетіндегі    орнын  ескере 
отырып,  онда  берілген  білімнің  түрлері  мен  қарым-қатынас  аясындағы  қызметтеріне  байланысты 
зерттеледі. Терминтанымда алғаш рет арнайы атаулардың кəсіби тілдік тұлға типімен жəне оған тəн 
когнитивтік стилмен байланысы мəселесі көтеріліп отыр [17, 16]. 
Термин  өзгермейтін  бірлік  ретінде  емес,  өзі  қолданылып  тұрған  дискурстың  сипатына  қатысты 
қарастырылады.  Дискурстың  əрбір  типі  онда  қолданылатын    тілдік  бірліктердің  мазмұны  мен 
формасына  өзіндік  шектеу  қояды.  Егер  бұрын  терминтаным  терминді  талдаумен  жəне  оны 
бейнелейтін  терминдік  жүйені  зерттеумен  шектелсе,  когнитивтік  бағыт  терминтанымды  кең 
көлемдегі пəнаралық  зерттеулерге «есігін ашты», яғни, терминдер мен терминдік жүйелерді мəдени 
контексте  зерттеуге  мүмкіндік  берді.  Осыған  орай  С.В.Гринев  когнитивтік  терминтанымды 
терминологиялық  зерттеулердің  болашағы  бар  бағыты  деп  атап  көрсете  келе,  оның  маңыздылығын  
«ғылыми  танымның  даму  ерекшелігін  зерттеуге  ғана  емес  <...>,  адамзат  мəдениетінің  жəне  жалпы 
өркениеттің даму жолдарын зерттеуде» деп көрсетеді[18, 31-34]. 
Қорыта  айтқанда,  бүгінгі  терминтаным  фактілер  мен  құбылыстарды  жай  ғана  сипаттап  қоймай, 
оларды  түсіндіруге  тырысады,  бұл  қазіргі  ғылыми  білімнің  көп  үлгілі  ерекшелігімен  байланысты 
түсіндіріледі.  Когнитивтік  көзқарас  терминшіге  ұғымдардың  қатаң  құрылымдық  жүйесінен  шығып, 
дүниенің  қарапайым  жəне  ғылыми  бейнесінің,  күнделікті  жəне  абстрактілі-логикалық  білімнің 
арасында болатын өзара байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді.Осыған байланысты когнитивтік 
терминтанымды жеке зерттеу бағыты ретінде емес, осы пəнаралық ғылымның  даму кезеңінің заңды 
жалғасы деп қарастыруға болады.  
 
Əдебиет: 
1. Реформатский А.А. Термин как член лексической системы языка// Проблемы структурной лингвистики. – 
М., 1968. 
2. Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002.- 687-695-б. 
3.  Кубрякова  Е.С.  В  поисках  сущности  языка//Международный  конгресс  по  когнитивной  лингвистике.  - 
Тамбов, 2008. - С.43-44.  
4. Головин Б. Н. Терминология // Березин Ф. М., Головин Б. Н. Общее языкознание. – М., 1979. – 347 с. 
5. Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминденуі – Алматы: Ғылым, 1998. – 208 б. 
6. Лотте Д.С. Основы построения научно-технической терминологии. – М., 1961. – 158  с. 
7. Татаринов В.А. Теория терминоведения. - Т.1. Теория  термина:  история  и современное состояние.  –М., 
1996. - 227 с. 
8. Лейчик В.М. Терминоведение: предмет, методы, структура.- М.: КомКнига,  2006.  – 256 с. 
9. Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мəселелері. - Алматы: Абзал-Ай, 2013. – 640 б. 
10. Жубанов К. Исследования по казахскому языку. - Алматы: Ғылым, 1966. -362 б. 
11. Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы, 1994 
12. Сауранбаев Н.Т. Грамматика казахского языка. Учебник для педучилищ. - Алма-Ата, 1944. 
13. Сауранбаев Н.Т. Система сложного предложения в казахском языке. - Алма-Ата, 1948. 
14. Сауранбаев Н.Т.Проблемы казахского языкознания // Избранные труды. - Алма-Ата, 1982. 
15. Жиенбаев С. Синтаксис мəселелері. - Алматы, 1941.  
16.  Лейчик  В.М.,  Шелов  С.Д.  Российское  терминоведение:  опыт  синтеза  «старой»    и    «новой»  
парадигмы//Научно-техническая терминология. – М., 2004. - Вып. 1. – С.45-48. 
17.  Голованова  Е.И.  Профессиональная  языковая  личность:  принципы  и  параметры  лингвистического 
описания//Языки профессиональной коммуникации. – Челябинск, 2009. - С.16. 
18. Гринев С.В. Терминоведение на пороге третьего тысячелетия//Научно-техническая терминология. - Вып. 
1. - М., 2000. – С. 31-34. 
 
 
Оңалбаева А. 
филол.ғ.д., ҚазМемҚызПУ профессор м.а. 
Оңалбаева К. 
филол.ғ.к., ААЭиС профессоры 
 
Қазақ тілінде көңіл күйді білдіретін бейвербалды амалдардың гендерлік сипаты  
 
Бейвербалды  амалдарды,  яғни,  тілсіз  қарым-қатынасты,   паралингвистика   зерттейді (гр.  «para»– 
жанында,  қасында  деген  мағынаны  білдіреді).  Паралингвистика    хабарланатын  ойдың,  пікірдің  
сөзбен  білдірумен    қоса,  бейвервалды  амалдармен  берілу  тəсілдер  жиынтығын  зерттейді.  Бұл 
терминді  алғаш  ұсынған  американ  ғалымы  А.Хилл  болса,  жаңа  ғылым  саласының  зерттеу  аясын 
227


белгілеген  зерттеуші  Дж.Трейгер.Бейвербалды    қатынастың  əрбір  элементі    маңызды,  өйкені  əрбір 
қимыл белгілі бір ақпаратты хабарлайды жəне басқа элементтерден ақпараттық, басқару, аффектілік 
қызметтерімен ерекшеленеді: жест қобалжуды білдіреді; мимика адамның ішкі жан дүниесінен хабар 
береді; көздің қозғалысына байланысты біз қатынастың сипатын айқындасақ, поза (адамның тұрысы) 
бір адамның екінші адамға деген көзқарасын байқатады. 
Бейвербалды  амалдар  арқылы  берілетін  ақпараттар  вербалды  ақпараттарға  қарағанда  шынайы, 
сенімді болады, себебі  бейвербалды тіл сана арқылы басқарылмайды, ол сөйлеу барысында көбінесе 
еріксіз  шығып,  түйсікте  шартты  түрде  туындайды.Бейвербалды  амалдар  коммуникативтік 
лингвистика  ғылымының  зерттеу  нысанына  айналып  отыр,  бұл  салады  жазылған  еңбектер  аз  емес: 
когнитивтік  лингвистика  бойынша  (Андреева,  Аристов,  Гоффманова,  Колокольцева,  Кормилицына, 
Мартынова, Пигрова); психолингвистикада (Залевская, Клестов, Корнилов, Кривоносов, Мечковская, 
Потапова); мəтін лингвистикасы бойынша   (Алексеев, Анисимова, Мисонжников, Пойманова т.б.). 
Сонымен  қатар  бұл  мəселені  Т.М.Николаева,  Г.В.Колшанский,  И.Н.Горелов,  Г.Г.Почепцов, 
Р.К.Потапова,  В.В.Богданов,  К.У.Геворкян,  Е.М.Верещагин,  В.Г.Костомаров,  Н.И.Смирнова, 
Ю.А.Сорокин,  Г.Е.Крейдлин  т.б.  ғалымдармен  қатар    отандық  лингвистикада      М.М.Мұқанов, 
С.Татубаев,  Б.К.Момынова,  М.П.Ешімов,  С.Б.Бейсембаева,  Ж.Нұрсұлтанқызы,  С.Мағжан, 
В.Д.Нарожная қарастырды. 
Таңбаның үш маңызды аспектісіне семиотика ғылымының үш тарауы сəйкес келеді: синтактика, 
семантика, прагматика. Ч.У.Моррис  таңбаның үш аспектісі нақтылы мəтінде белгілі бір мөлшерде 
кездеседі деп есептейді.   
Г.Е.Крейдлиннің  зерттеулері  бойынша    бейвербалды  семиотика  10    жеке    ғылыми  саладан   
тұрады. Олар:  
–  паралингвистика  –  бейбербалды  қарым-қатынастағы  дыбыстық  кодтарын  зерттейтін  ғылыми 
сала; 
– кинесика –жесттер мен дене қимылына байланысты бейвербалды амалдарды зерттейтін гылыми 
сала; 
–  окулесика  –  көз,  көру  немесе  визуалдық  қарым-қатынаста  қолданылатын  бейвербалды 
амалдарды зерттейтін ғылыми сала; 
–  аускультация  –  дыбысты  есту,  қабылдау  арқылы  берілетін  бейвербалды  амалдарды  зерттейтін 
ғылыми сала; 
– гаптика –  дене арқылы сезіну; 
– гастика – тамақ пен сусынның бейвербалдық қызметін зерттейтін ғылыми сала; 
– ольфакция – иіс арқылы берілетін ақпараттарды зерттейтін ғылыми сала; 
– проксемика – кеңістіктегі орын арқылы берілетін ақпаратты зерттейтін ғылыми сала; 
– хронемика – уақыт арқылы берілетін ақпаратты зерттейтін ғылыми сала; 
–  системология  –  адамды  қоршаған  ортада  кездесетін  заттар  арқылы  берілетін  ақпараттарды 
зерттейтін ғылыми сала [8].  
Сөйлеу  əрекетінде  вербалды  компоненттер  бейвербалды  компонеттермен  салыстырғанда  белгілі 
бір дəрежеде тəуелді  болып келеді. Ал бейвербалды  компонеттер əмбебап десе де болады, олар тек 
мəдениетке,  дəстүрге  тəуелді  болуы  ықтимал  сондықтан  жалпыға  ортақ  əлеуметтік  тіл  болып 
саналады.  Кейбір  бейвербалды  компоненттер  əртүрлі  халықтың  тілінде  кеңінен  таралған  жəне 
біртектес  заттар  мен  құбылыстарды  білдіреді,  бірақ  кейбір  ым,  ишаралар  түрлі  халықтарда  əртүрлі 
мағына  беретін  жағдай  да  болады.  Мысалы,  бет  шымшу  абхаз  халқында  немқұрайлықты  білдірсе,    
қазақ халқында бұл ым  – ұялуды, таң қалуды білдіреді.   
Қазақ  мəдениетінде  бейвербалды  амалдарға  үлкен  мəн  беріледі.      Тілдегі  бейвербалды  амалдар 
халықтың  рухани  мəдениетінен  хабар  береді.      Вербалды  жəне  бейвербалды  амалдар  тілдесімде 
белгілі  бір  дəрежеде  бір-біріне  тəуелді    болуы  да,  мүлдем  тəуелсіз  болуы  да  ықтимал.      Тіліміздегі 
бейвербалды  амалдар  дабыстық  тілмен  қатар  жүре  отырып,  вербалды  компоненттермен  үйлесімде 
қолданылып,  табиғи  тілдегі  сөйленімдерді  ауыстырады.  Қазақтардың  тіліндегі  бейвербалды 
компоненттердің  ішінде  жестер  (ым-ишаралар)  маңызды  рөл  атқарады,  олар  –  ұлттық 
ерекшеліктеріміз бен мəдениетіміздің көрінісі.  
Қазақ бейвербалды тілдің коммуникативтік-функционалдық талдауы көрсеткендей, саны бойынша 
ең үлкен топ – бұл адамның эмоциялық реакциясы туралы мəліметті беретін бейвербалды құралдар. 
Эмоцияның  спектрі  өте  кең:  қуану,  масаттану,  өкіну,  қамығу,  өкпелеу,  ашулану,  долылық  жəне 
т.б.Коммуникацияның 
бейвербалды 
құралдары 
ерекшеліктерінің 
сипаттамасы 
қазіргі 
лингвистиканың басты бағыттар қатарына жатады. Жалпы қимылдар, мимикалар, яғни, бейвербалды 
амалдар,    коммуникативтік  актінің  маңызды  бөлігі,  кейде  тіпті    міндетті  компоненті  болып 
табылады.Қазақ тіліндегі бейвербалды компоненттердің ішінде жестер (ым-ишаралар) маңызды рөл 
атқарады,  олар  –  ұлттық  ерекшеліктеріміз  бен  мəдениетіміздің  көрінісі.  Қазақ  бейвербалды  тілдің 
коммуникативтік-функционалдық талдауы көрсеткендей, саны бойынша ең үлкен топ – бұл адамның 
228


эмоциялық реакциясы туралы мəліметті беретін бейвербалды құралдар. Мысалы, қазақ мəдениетінде 
таңданулар  сезімі  аузын  тамсану  бейвербалды  амалымен    беріледі,  бұл  ым  орыстың  причмокнуть 
деген    бейвербалды  амалына    физиологиялық  ұқсас  болып  келеді.  Бірақ  орыс  мəдениетінде 
причмокнуть рахаттану мағынасын білдіреді.Ашулану, наразылықтар сезімдері жерге немесе жердегі 
кілемге  қамшыны  ұрумен  беріледі.Өкініш,  қамығу  сезімін  бармағын  тістеу  кинемасымен  (дəл 
айтсақ,  өз  саусағын  тістелеу)  білдіреді.  Ішкі  бейнелі  форма  бойынша  тура  солай  өкініш,  қамығу 
сезімін  білдіретін  орыстың  кусать  локоть  фразеологиялық  тіркесімен  параллельді  мағына  береді. 
Бірақкусать  локоть  фразеологизмі  ирреальді  кинемаға  негізделген  болса,  ал  қазақ  кинемасы  –  бұл 
нақты ишара, сондықтан оның семантикасында «біржолата жоғалған, іске аспағандық туралы» сема 
бар.Эмоциялық  күйді  білдіретін  бейвербалдық  құралдар  топтарында  гендерлік  фактор  əжептəуiр 
айқын  байқалады.  Ер  адамның  эмоциялық  коммуникациясы  бейвербалдық  құрал-əрекеттермен  жиi 
өрнектеледі. Осылайша, өкініш, қамығу сезімі санын соғу – ер адам кинемасымен беріледі (бөксені 
ұру),  масаттану  сезімі  –  аяғының  үстіңгі  жағын  бірнеше  рет  ұру  əрекетімен,  сөйлеушіге  тіл  тигізу, 
жасалған  зорлық  бойынша  ашулану,  долылық  сезімі  –от  басын  сабау,  ошақ  қамшылау  (избивать 
очаг) кинемасымен, қазіргі  мəдениетте біреудің  əрекеттеріне  масаттану,  қуану  сезімі  –  шапалақтау, 
қол алысулармен беріледі. 
Əйел  адамның  коммуникациясындағы  эмотивтік  бейвербалды  құралдар  қайғыру  (бетін  тырнау, 
шашын  жаю),  ұялу  сезімі  +  теріс  бағалаумен  қатарласқан  біреудің  жүрiс-тұрысы,  қылықтары  үшін 
қорқу,  намыстану  сезімдері  (бетін  тырнау,  бетін  шымшу),  жек  көру  сезімдері  (бетке  түкіру), 
қорқыту сезімі (етегін қағу, тұрып кету), қайғы сезімдерін (бүйірін таяну) білдіргенде қолданылады. 
А.М.Байғұтова  [1]  «қазақ  əйелі»  концептісі  туралы  арнайы  зерттеуінде  қазіргі  қазақ  мəдениетінің 
шеңберлерінде  ер  адам  коммуникациясының  типінде  келесі  кинемалар  жиі  кездеседі:  креслоға 
шалқайып  отыру  (нақты.  сидеть  развалившись  в  кресле),  аяғын  кең  ашып  отыру  (нақты.  сидеть, 
широко  расставив  ноги)  деп  белгілейді.  Əйел  адам  коммуникациясына  тəн  кинемалар  ретінде 
А.М.Байғұтова:  шешім  қабылдаудың  қиын  жағдайында,  жауап  іздеу,  шығу  жолдарын  іздестіруде 
саусақтарын  сыртылдату  (нақты. щелкать  пальцами),  көздерін  алақанымен  жабу  (нақты,    закрыть 
глаза руками) қорқуды білдіру, алақанымен бетін көлегейлеу (нақты. прикрыть лицо ладонью) ұялу, 
қымсынуда;  жүзігін  əрі-бері  айналдыруда  (нақты.  крутить  кольцо  на  пальце  в  затруднительной 
ситуации) көрсетеді [1, 28]. 
Сонымен,  гендерлік фактор  жəне  коммуниканттың  жас факторы  бейвербалды  қарым-қатынастар 
құралдарын  таңдауға  жəне  қолдануға  өте  күшті  əсер  етеді.Қорыта  келгенде,  бейвербалды  амалдар  
қарым-қатынастың маңызды элементі жəне ұлттың лингомəдениетімен тығыз байланыста екенін айту 
керек.Əрбір  қимылдың,  ишараның  өзінің  тұрақты  мағынасы  мен  лингвомəдени  коды    бар.  Олар  – 
ұлттық ерекшеліктеріміз бен мəдениетіміздің көрінісі.  
 
Əдебиет: 
1.  Байғұтова  А.М.  «Қазақ  əйелі»  концептісінің  этномəдени  сипаты:  филол.  ғыл.  канд.  …  дис.  :  10.02.02.  – 
Алматы, 2008. –141 б. 
2.  Оңалбаева  А.Т.  Бейвербалды  қарым-қатынас:  əлеуметтік  жəне  ұлттық-мəдени  контекст.  Монография.–
Алматы, 2010. –250 б. 
 
 
Жаңабекова А. 
филол.ғ.д., А.Байтұрсынұлы атындағы  
Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі  
 
Қазақ тілінің ұлттық корпусына енгізілетін метабелгіленімдер əзірлемесі туралы 
 
Корпустар  атқаратын функциясына қатысты  түрлі  шағынтоптарға (подкорпус)  бөлінеді.  Əсіресе, 
лингвистикалық  зерттеулер    үшін  лингвистикалық  белгіленімдер  қойылған  аннотацияланған 
корпустар  құрастыру  өте  маңызды  əрі  пайдалы.  Осындай  белгіленім  қойылу-қойылмауына  қарай 
корпустар белгіленім қойылған (аннотацияланған) жəне белгіленім қойылмаған (аннотацияланбаған) 
болып  екіге  бөлінеді.  Белгіленім  қойылған  корпустар  құрастыру  лингвистикалық  зерттеулер  үшін 
маңызды  болғанмен,  ең  алдымен,  корпусқа  енгізілетін  мəтіндерді  сұрыптан  өткізіп,  олар  туралы 
нақты ақпараттар беру қажет.  
Корпусқа қойылатын белгіленім түрлерін шартты түрде лингвистикалық жəне одан сырт түрі деп 
екіге бөліп қарастыруға болады. Белгіленімнің лингвистикалықтан сырт түріне мыналар жатады: 
1) мəтінді форматтау ерекшеліктерін бейнелейтін белгіленім (тақырыптар, абзацтар, бос жер жəне 
т.б.); 
2) автор мен мəтінге қатысты мəліметтерді бейнелейтін белгіленім. 
229


Сонымен бірге автор жайлы мəлімет тек оның аты-жөні ғана емес, оның жасын, жынысын, өмір 
сүрген жылдарын жəне т.б. болуы мүмкін. Ал мəтін туралы мəлімет, əдетте, тақырыптан басқа оның 
қай  тілде  жазылғаны,  жылы,  баспа  орны,  аты  жəне  т.б.  Мұндай  ақпараттың  корпуста  орын  алуы 
мəтіндер қорынан іздеу əрекетін тəптіштеп іздестіруге мүмкіндік жасайды жəне сонымен бірге, олар 
тиiстi  құжатты  теңестiру  əрекеті  үшін  де  қажетті  құрал  бола  алады.  Мұны  кейде 
экстралингвистикалық белгіленімдер деп те атайды, метамəтіндік белгіленім (метатекстовая разметка 
–  метаразметка)  деп  те  қолданылады.  Лингвистикалық  белгіленімдер  ішкі  белгіленім  деп  аталса, 
метамəтіндік  белгіленімдерді  сыртқы  белгіленім  деп  бөлетіндер  де  бар.  Олар:  мəтін  жəне  автор 
туралы  ақпарат:  автор,  атауы,  жылы,  шыққан  жері,  мəтіннің  жанры,  тақырыбы,  стилі,  көлемі 
т.б.  Оларды  библиографиялық,  типологиялық,  тақырыптық,  əлеуметтік,  формальдық  (мəтін,  тарау, 
бөлім,  абзац,  сөйлем  т.б.)  жəне  техникалық  (орындаушылар,  электрондық  нұсқа  алынған  дереккөз, 
өңделген күні, кодталған кезі т.б.) деп те бөледі. 
Метамəтіндік белгіленімдер корпустың қай түріне болмасын енгізілуге тиісті маңызды ақпараттар 
болып  табылады,  сонымен  қатар  лингвистикалық  белгіленімдер  қойылатын  корпустар  құрастыру 
жұмысынан бұрын, корпусқа əртүрлі стильдерден алынған мəтіндерді енгізу барысында атқарылады.  
Зерттеу  жұмыстарының  белгілі  бір  жүйе  бойынша  жүргізілетіні  белгілі.  Өйткені  тіл    –  қарым-
қатынас құралы, қолданыс аясы өте кең күрделі жүйе болғандықтан, тілдік зерттеулер белгілі автор 
шығармалары бойынша немесе белгілі бір кезеңде жарық көрген көркем не баспасөз немесе тарихи 
ескерткіштер  бойынша,  сол  сияқты  белгілі  бір  жанр,  стиль  немесе  белгілі  бір  тақырып,  мəселе 
бойынша  тарам-тарам  болып  жіктеліп  кете  береді.  Корпус  жадына  енгізілген  мəтіндерді  жүйелі 
құрылыммен  беру  метабелгіленімдер  қоюдың  теориялық  жəне  практикалық  əдіс-тəсілдерін 
меңгергенде  ғана  мүмкін  болады.  Сондықтан  корпустың  қайсібір  түрінде  болмасын, 
метабелгіленімдер қою мəселесі дұрыс жүргізілуі керек.  
Метабелгіленімдер  –  ғылыми-зерттеу  жұмыстарында  белгілі  бір  кезеңге,  стильге,  авторға, 
тақырыпқа  т.б.  қатысты  материалдар  жинаудың  таптырмас  дереккөзі.  Метабелгіленімдер  қойылған 
корпустардан зерттеушілер өзіне қажетті стиль, кезең, автор т.б. ақпараттар бойынша мəлімметтерді 
тез тауып алуына мүмкіндік алады. Ал бұл жетістік қазіргі дамыған еліміздің ғылыми-зерттеушілік 
əлеуетін, ғылым мен білімді жан-жақты дамытатын бірден-бір күш екендігі сөзсіз.  
Корпус  мəтіндеріне  метабелгіленімдер  қою  мəселесі  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі 
институтының  Қолданбалы  лингвистика  бөлімінде  2015-2017  жылдардағы  гранттық  жоба  бойынша 
зерттеліп  келеді.  Сонымен  қатар  2016  жылы  институт  А.Фазылжанованың  жетекшілігімен  «Қазақ 
тілінің  ұлттық  корпусын  əзірлеу  жəне  жасау»  атты  мақсаттық  жоба  бойынша  метабелгіленім 
əзірлемесін дайындады. Метабелгіленім енгізушілер үшін арнайы нұсқаулық жасалды жəне төмендегі 
тармақтарға негізделген əрбір стиль, корпус түрлеріне қойылатын ұяшықтар құрастырылды. Төменде 
метабелгіленімдер түрлеріне кеңірек тоқталмақпыз. 
Қайсыбір мəтін болмасын, оның авторы болады. Олар:а) мəтіннің нақты авторы болған жағдайда 
оның  аты-жөні  толық  көрсетіледі;  ə)  мəтін  авторлары  бірнешеу  болған  жағдайда  ұжымдық 
авторлардың  аты-жөні  беріледі.  Олар,  мəселен,  ұжымдық  монографиялар,  бірлесіп  жазылған 
мақалалар  т.б.;  б)    жалпылама  автор,  мұндай  мəтіндер  жеке  адамның  емес,  ұжымның,  мекеменің 
атынан кететін мəтіндер (яғни, құжаттар, хаттар т.б. мəтіндері); в) кейбір мəтіндер авторлары белгісіз 
де  болуы  мүмкін.  Бұл  əсіресе  газет-журналдар  мəтіндерінде  көп  кездеседі.  Мұндай  мəтіндер 
авторлары  кейде  шартты  есімдермен  де  көрсетіледі.  Авторы  анық  емес  мəтіндердің 
метабелгіленімдерінде автор деген ұяшық толтырылмай бос қалдырылады.  
Автордың аты-жөнін беруде атын, əкесінің атын, фамилиясын толық жазу керек пе, əлде аты мен 
əкесінің атын қысқартып жазу керек пе дегенді де метабелгіленім жасауда алдымен шешіп алу қажет. 
Сонымен қатар оны фамилиядан бұрын беру немесе соңынан беру жағы да метабелгіленім қоюдағы 
бірізділік  үшін  қажет.  Мысалы:  Автор:  А.Қайырбекова;  Автор:  Қайырбекова  А.;  Автор:  Айжан 
Қайырбекова т.б. 
Кейбір  мəтіндерде  авторға  қатысты  мəлімет  берілмейді.  Айталық,  фольклорлық  шығармалар 
ауызша тарағандықтан, белгілі бір авторы жоқ. Мұндайда автор туралы ақпарат берілетін кесте бос 
қалдырылады немесе авторы белгісіз деген сияқты белгіленім қоюға болады. Авторға қатысты кейде 
қосымша  тармақтар  енгізуге  тура  келеді.  Мəселен,  ертегілер  ауызша  тарағанмен,  яғни,  авторы 
болмағанмен,  ол  ертегілерді  жинақтап  құрастырушы  автор  болады.  Мұндайда  метабелгіленімге 
«құрастырушы»  деген  ұяшық  енгізуге  болады.  Сонымен  қатар  авторға  қатысты  ақпарат  мынадай 
жағдайда  өзгеріске  түседі.  Бұл  корпусқа  алынған  мəтін  аударма  болған  жағдайда  кездеседі. 
Аударылған  мəтінде  түпнұсқадағы  автормен  қоса,  оны аударған  аудармашы  аты  туралы да ақпарат 
беру қажет.  
Мəтін авторына қатысты  тағы бір  мəселе  газет-журналдарда берілген  авторы  жоқ  хроникаларды 
беруде де туындайды. Мұндайда кейде авторы ретінде газет-журнал редакторын алуға болады, яғни, 
газет-журналдағы  мəтін  авторы  болмаған  жағдайда,  газет  редакторының  аты  жəне  авторға  қатысты 
230


мəліметтер (жынысы, жасы) көрсетіледі.Метабелгіленімдер ұяшықтарында бір ғана авторға қатысты 
ақпаратты енгізуде əртүрлі стильдерге қатысты түрлі мəселе туындайды.  
Метабелгіленімдерде кейде авторлардың жынысына қатысты да ақпарат беріледі. Автордың əйел 
адам екендігі немесе ер адам екендігі немесе жынысы анық көрсетілмеуі де мүмкін. Əдетте автордың 
жынысы мəтін авторы біреу болған жағдайда көрсетіледі, ал ұжымдық мəтіндерде автордың жынысы 
көрсетілмейді. Автордың жынысы анық емес болған жағдайда, «белгісіз» деген белгіленім қойылады. 
«Жынысқа»  қатысты  ұяшықты  толтыруда  мəтін  авторының,  аудармашының,  редактордың, 
құрастырушының қайсысының жынысын көрсетеміз деген мəселе туындайды.  
Метаразметканың  авторға  қатысты  тағы  бір  түрі  –  автордың  жас  ерекшелігінің  де  көрсетілуі. 
Кейбір  корпустарда  автордың  шығарманы  жазған  кездегі  жас  шамасы  көрсетілсе  (Британ,  Чех), 
кейбір  корпустарда  автордың  туған  жылы,  күні  туралы  нақты,  дəл  мəліметтер  беріледі  немесе 
шамамен көрсетіледі (Орыс тілінің ұлттық корпусы). Яғни, автордың туған жылы, күні туралы нақты, 
дəл  мəліметтер  санмен  беріледі.  Ал  автордың  жасын  анықтау  қиын  болған  жағдайда  «белгісіз» 
екендігі  туралы  белгі  қойылады.    Ал  ұжымдық, жалпылама,  белгісіз  авторлар болған жағдайда жас 
ерекшелігі берілмейді немесе ұжымдық авторлар болған жағдайда «əртүрлі» деген белгіленім қоюға 
болады.Ал кейде күнделік, жеке хаттар сияқты жеке басқа тəн мəтіндер авторлары белгілі болғанмен, 
олардың аты-жөндері берілмей, шартты атпен беріліп, бірақ жынысы мен жасы көрсетіле береді.  
Автордың  жас  ерекшелігін  көрсетуде  оның  жасын  нақты  көрсетпей,  туған  күні,  айы,  жылын 
жазуға  да  болады.  Мысалы:  18.09.1973.  Ал  кейбір  мəтіндерде  авторды  алу  немесе  аудармашы, 
құрастырушыны  алу  мəселесін  шешіп  алмай,  олардың  жынысы,  туған  жылына  қатысты  да 
ақпараттарды  ұяшыққа  енгізуде  қиындықтар  туындайды.  Айталық,  кейбір  аударма  мəтіндерде 
авторды  да,  аудармашыны  да  көрсетуге  болады.  Алайда  жынысқа,    туған  жылына  қатысты 
ақпараттарды авторға қатысты береміз бе, əлде екеуіне да қатысты алу қажет пе дегенді де алдын ала 
шешіп  алу  қажет.Башқұрт  тілінің  зерттеушісі  З.А.Сиразитдинов  автордың,  информанттың  ұлтында 
көрсеткен [1, 32]. Ал орыс тілінің ұлттық корпусында ұлтқа қатысты белгіленім берілмейді.  
Корпусқа  енгізілген  мəтіннің  атауы  да  –  негізгі  метабелгіленімдердің  бірі.  Корпусқа  енгізілген 
мəтіндердің атауының, яғни, тақырыптарының бəрі болмауы мүмкін. Егер мəтінде тақырыптар атауы 
берілсе,  олар  метабелгіленімдер  жүйесіне  салынады,  ал  тақырыптары  берілмеген  мəтіндердің 
атаулары  көрсетілмейді.  Бұлар  əдетте  газеттер  мен  журналдардағы  бір  рубрика  ішінде  берілетін 
қысқа  мəтіндер,  демек,  корпусқа  салынған  мəтіндердің  барлығы  да  табиғи  тіл  қолданысын 
сипаттайтындықтан,  тақырыбы  жоқ  болса  да  алына  береді,  бірақ  метабелгіленімдер  жүйесінде 
көрсетілмейді немесе мақала атауы  жоқ жай хроника ғана болған жағдайда «жоқ» деген белгіленім 
қойылады.  Телеарна,  радиодан  алынған  (ауызша  не  жазбаша)  мəтін  болса,  телебағдарлама  аты 
жазылады.  Мəтін  атауы  дегенде  басын  ашып  алатын  мəселе  кітап,  жинақ  мəтіндеріне  қатысты  да 
туындайды.  Кітап,  жинақ  ішіндегі  тақырыптар  мəтін  атауы  ретінде  беріле  ме,  əлде  кітаптың, 
жинақтың  аты  мəтін  атауы  ретінде  беріле  ме?  Метабелгіленімдер  қоюда  мəтін  атауы  ретінде  кітап, 
жинақ  ішіндегі  тақырыпшалар  алынады.  Ал  кітаптың,  жинақтың  сыртқы  бетіндегі  атауы 
метабелгіленімдер  ішіндегі  дереккөз  (источник)  деген  ұяшықта  беріледі.  Бұл  əртүрлі  стиль 
мəтіндерінің  бəріне  ортақ  ұстаным.  Мəтін  оқулық  ішінен  алынған  тақырыптан  алынса,  тақырып 
атауы жазылады. Ал оқулық атауы дереккөзде көрсетіледі. Ғылыми мəтіндер мақала түрінде болса, 
мақала аты жазылады. 
Мəтін туралы метабелгіленімдердің бірі – мəтіннің жазылу уақыты. Əдетте мұндай белгіленімдер 
автордың  шығарманы  жазу  барысында  мəтіннің  соңында  қалдырған  мəліметтерінен  алынады. 
Көбінесе мəтіннің жазылу уақыты библиографиялық, өмірбаяндық зерттеулерден анықталады.  
Мерзімі (жазылған уақыты): 26.01.2016 жыл 
Ал  мəтіннің  жазылу  уақыты  туралы  нақты  ақпарат  болмаған  жағдайда  оның  мерзімі  5-10  жылы 
аралағында шамамен алынады.  
Мерзімі (жазылған уақыты): шамамен 1998-2000 жылдар 
Кейде мəтіндердің жазылу уақыты туралы нақты мəлімет болмаған жағдайда корпусқа салынған 
мерзімі  алынады.  Мəтіннің  корпусқа  салынған  мерзімі  жазу  кей  жағдайда  метабелгіленімдер 
қатарында арнайы жеке ұяшықта беріледі. Корпусқа енгізілу уақыты корпустың жасалу уақытымен 
бірдей болып келеді. Қазақ тілінің ұлттық корпусы қазіргі кездері ғана жасалып жатқандықтан, соңғы 
жылдар жазылады. Мысалы: 20.07.2016. 
Мерзімге  қатысты  мəтіннің  жазылған  уақытынан  басқа  жарық  көрген  уақытын  да 
метабелгіленімдердің арнайы ұяшығында беруге болады. Орыс тілі корпусында «Дата публикации» 
деген  атаумен  арнайы  ұяшық  берілген.    Кейбір  мəтіндер  (шығарма,  монография,  оқулық  т.б.) 
жазылған  уақытында  жарық  көрсе,  кейбірі  кейін  өңделіп  қайта  басылады.  Бұл  жерде  кітаптың 
жарыққа шыққан, яғни, қайта басылып шыққан уақыты көрсетіледі.  
Мерзімі (жазылған уақыты): 1963 жыл 
Жарық көрген уақыты: 1991 жыл 
231


Метабелгіленімдердің бірі – корпусқа енгізілген мəтіндердің əрбіріндегі сөзқолданыс саны туралы 
ақпарат.  Корпусқа  мəтін  енгізуде  стильдер  арасалмағы  негізінен  теңгерімді  болғанмен,  кейбір 
жанрларға қатысты мəтіндер көлемі əртүрлі болып келеді. Мысалы хабарландырулар, құттықтаулар, 
жаңалықтар  т.б.  өте  қысқа,  олардағы  сөзқолданыс  саны  да  он  шақты  сөзден  тұруы  мүмкін. 
Сондықтан  корпусқа  енгізілген  метабелгіленімдердегі  мəтіндердегі  сөзқолданыс  саны  оннан  он 
мыңдаған сөзқолданысқа жетеді. Сөзқолданыс саны өте үлкен болып келетіндері – көбінесе корпусқа 
тұтастай  енгізілген  романдар  немесе  монографиялар  сияқты  көлемді  еңбектер.  Бірақ  кейде  мұндай 
шығармалар  мен  монографиялардың  бəрі  алынбай,  белгілі  бір  тарауы  ғана  алынуы  да  кездеседі. 
Мəтіндердегі  сөзқолданыс  саны  оларға  берілген  метабелгіленімдер  жүйесінде  көрсетіледі.  Жеке 
файлда тұрған əрбір мəтінді ашқанда компьютер экранының астыңғы жағында сол мəтіндегі сөз саны 
шығып  тұрады,  осы  санды  метабелгіленімге  енгізу  керек.  Сөзқолданыс  санын  мəтінді  енгізу 
барысында  арнайы  компьютерлік  бағдарламалар  арқылы  анықтайды.  Кейбір  корпустарда 
мəтіндердегі сөйлемдер саны  туралы да ақпараттар берілген.  
Корпустарда  сөзқолданыс  терминінің  орнына  сөзформа  деп  қолдану  да  кездеседі. 
Метабелгіленімдердің  енді  бір  түрі  мəтіннің  қолданылу  саласыболып  табылады,  ол  мəтіннің  ең 
жалпы  типологиялық  сипаттамасы.  Мəселен,  орыс  тілінің  ұлттық  корпусында  8  функционалды 
қолданыс  саласы  көрсетілген.  Олар:  оқу-ғылыми,  өндірістік-техникалық,  ресми-іскери, 
публицистика, жарнама, діни, əдеби, тұрмыстық.  
Мəтіндерді  белгілі  бір  тақырыптық  топтарға  бөліп  беру  де  метамəтіндік  белгіленімдердің  біріне 
жатады. Мысалы, қоғамдық ғылымдар, физика, биология, саяхат, спорт, табиғат, өнер, саясат т.б. 
Алайда  бұлай  тақырыптық  топтарға  бөлу  кейде  шартты  болып  келеді.  Өйткені  кейбір  мəтіндер 
бірнеше  тақырып  аясында,  бірнеше  салаға  қатысты  қарастырыла  береді.  Сондықтан  белгілі  бір 
мəтіннің  тақырыптық  топқа  қатысын  көрсеткенде,  олар  бір  салаға  ғана  емес,  бірнеше  салаға  ортақ 
болып  та  келеді.  Əлемдік  корпустарда  (Браун  корпусы,  Орыс  тілінің  ұлттық  корпусы  т.б.)  көркем 
əдебиеттерде көбінесе тақырыптық топ көрсетілмейді.  
Метабелгіленімдердің енді бірі – хронотоп. Кейбір мəтіндерді тақырыптық топтар бойынша бөлу 
қиындық  тудыратындықтан,  кейбір  корпустарда  мəтіннің  жазылған  уақыты  мен  жазылған  жерін 
көрсету  де  қажет  болған,  яғни,  мəтіннің жазылған  жері  мен белгілі бір кезеңге  қатысы  көрсетіледі. 
Мысалы,  Алматы,  1998  жыл  немесе  Ресей,  1945-50  жылдары.  немесе  Қазақстан,  Кеңес  өкіметі 
жылдары  т.б.  Кейбір  мəтіндерде  мəтіндегі  оқиғаның  мерзімін,  яғни,  хронотопын  анықтау  мүмкін 
болмайды.  Оқиғағаға  құрылмаған  мəтіндер  де  болуы  мүмкін.  Мұндайда  метабелгіленімдер 
тармақтарындағы хронотоп ұяшығына «бейтарап» деген белгі қоюға болады немесе мəтінде (көркем 
шығармада) суреттелген оқиғаның мерзімі мен орнын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, «белгісіз» 
деген белгіленім қойылады. 
Келесі бір метабелгіленімдердің бір түрі – мəтін типі. Мұнда мəтіннің белгілі бір жанрға қатысы 
көрсетіледі.  Мысалы:  Ғылыми  стильдегі  мəтін  болса,  мынадай  типтері  көрсетіледі;  мақала, 
монография,  оқулық,  реферат,  оқу  құралы,  тезис,  аңдатпа,  түйіндеме,  баяндама,  пікір 
т.б.Публицистикалық  стиль  бойынша  публицистикалық  мəтіннің  белгілі  бір  жанрға  (типке)  қатысы 
көрсетіледі.  күнделік,  репортаж,  интервью,мақала,    бас  мақала,  ақпараттық  мақала,  сұхбат, 
жарнама, хабарландыру, газети очерк, хроника т.б.Ресми стиль мəтіндері болса, типтері көрсетіледі: 
өтініш,  арыз,  сенімхат,  қолхат,  түсініктеме,  мəлімдеме,  анықтама,  мінездеме,  шақырухат, 
хабарландыру,  жарнама,  қатынасқағаз,  акт  т.б.Ауызша  жазылып  алған  мəтіндер  немесе  ауызша 
дискурстан алынып, қағазға түсірілген əртүрлі стильдегі мəтіндер бейтарап стиль ретінде танылады 
да,  типтері  былай  беріледі:  жаңалықтар,  сұхбат,  əңгіме,  комментарий,  репортаж,  реплика 
т.б.Көркем  əдебиет  стилінде  көркем  мəтіннің  белгілі  бір    типке  қатысы  көрсетіледі.  Олар:  эпопея, 
новелла,  повесть,  роман  т.б.Көркем  мəтін  поэзия  жанры  болса,  оның  да  типтері  көрсетіледі.  Олар: 
өлең, баллада, поэма, арнау, жыр, айтыс, терме, əн, қара өлең т.б. 
«Жанр» деген термин əдебиет саласында да өзіндік мəнге ие болғандықтан, онымен шатастырмас 
үшін  корпус  құрастыруда  кейде  оны  «мəтін  типі»  деген  терминмен  де  қолданады.  Мəтін  стилін 
көрсету  арқылы  мəтіннің  тілдік  формасы,  əсіресе  мəтіннің  лексикалық  құрамы  анықталады.  Олар: 
əдеби,  əдеби  емес  стиль,  бейтарап  стиль,  ресми  стиль,  арнайы (ғылыми)  стиль  т.б.  Көркем  прозада 
мынадай стильдер: бейтарап, аймақтық, қарапайым, жеке-авторлық стильдерді беруге болады.Алайда 
мəтіндерге  осылайша  стилистикалық  сипаттама  жасау  корпустарда  көбінесе  берілмейді.  Оның 
орнына мəтін типі мен жанрына көбірек көңіл бөлінеді. 
Метабелгіленімдердің келесі түрі – аудиторияның жасын көрсету. Мəтіннің кімге арналғанын білу 
мəтіннің мазмұны мен онда қолданылатын тілдік құралдарды да айқындайды. Мəтіндерге мұндай жас 
ерекшелігіне  қарай  белгіленім  қою  балалар  əдебиетін,  белгілі  бір  жас  кезеңдеріне  арналған 
оқулықтарды табуға мүмкіндік береді. Балалар əдебиеті əдетте 1-10 жас, жасөспірімдік кезең 11-17, 
жастар əдебиеті 18-34  жас аралығы болып келеді. Немесе тек үлкен адамдарға арналғанын көрсететін 
белгіленім  қойылады.  Кейде  мəтіндер  жас  ерекшелігіне  қатысты  көрсетілмейді,  яғни,  аудиториясы 
232


бейтарап  болып  келеді.  Əсіресе  ересектерге  арналған  мəтіндерге  белгіленім  қойылмайды, 
аудиториясы  бейтарап  болып  келеді.  Мұндайда  «бейтарап»  деген  белгіленім  қойылады.  Аудитория 
жасына қатысты белгіленім қоюда да параметрлерді алдын ала ойластырып алу қажет.  
Метабелгіленімдердің  келесі  түрі  –  мəтіннің  кімге,  бұл  жерде  аудиторияның  білім  дəрежесіне 
қарайғы ерекшелігін көрсету. Бұл жерде мəтін аудиториясының жалпы білімі немесе арнайы білімі, 
сондай-ақ  жоғары  білімі  немесе  білімінің  төмендігі  сияқты  сипаттары  негізге  алынады.  Себебі 
арнайы  кəсіби  салада  жазылған  мəтіндердің  өзіне  тəн  терминологиясы  болады.  Ешқандай  кəсиби 
білімсіз  жалпыға  ортақ  мəтіндер  де  болады.  Сондықтан  аудиторияның  білім  дəрежесі  ескеріліп, 
пайдаланушы  ортаны  көрсететін    метабелгіленімдер  қоюға  болады.  а)  жоғары  білімді  ортаға 
арналған, ə) кəсіби білімді қажет ететін, б) кəсіби білімі жоқ, жоғары білімі жоқ ортаға арналған, 
в)  бейтарап  орта  мəтіндері.  Алайда  корпустардың  көпшілігінде  аудиторияның  білім  дəрежесі 
көрсетіле  бермейді.  Ол  бір  жағы  аудиторияның  білім  дəрежесін  анықтаудың  кейде  қиындық 
тудыруына байланысты. 
Метабелгіленімдердің  келесі  түрі  –мəтіндерді  пайдаланушы  ортаның  саны,  көлемі.  Кейбір 
мəтіндер  жалпы  көпшілікке  арналып,  яғни,  мыңдаған,  миллиондаған  адамға  арналса,  отыз  шақты 
адамнан  тұратын  топқа  немесе  бір  ғана  адамға  арналған  болуы  да  мүмкін.  Жалпы  көпшілікке 
арналған мəтіндер көбінесе баспа беттеріне шыққан мəтіндер, электронды қарым-қатынасқа арналған 
мəтіндер болса, топқа арналған мəтіндер оқу лекциялары, кеңсе құжаттары т.б., ал жеке аудиторияға 
арналған мəтіндер көбінесе жеке хаттар болып келеді. 
Метабелгіленімдердің келесі түрі – мəтін алынған дереккөздер болып табылады. Мəтін жинаудың 
түрлі  əдіс-тəсілдері  бар.  Электронды  кітапханалардан,  интернетке  салынған  сайттардан,  газет-
журналдар,  кітаптар  шығарылатын  баспалардан,  жеке  адамдардан  алуға  болады  немесе  қолдап 
сканир  жасалады  немесе  қолдан  теріледі.  Жарық  көрмеген  мəтіндер  қолжазба  ретінде  көрсетіледі. 
Интернеттен  алынған  мəтіндерде  сайт  аты  беріледі.  Жарық  көрген  газет-журналдардың  шыққан 
уақыты алынады. 
Метабелгіленім параметрлерінің ішіндегі ең көлемді ақпарат берілетіні де дереккөз ұяшығы болып 
табылады.  Онда  кітап,  жинақ  аты,  жылы,  баспасы,  жарық  көрген  жері  т.б  сияқты  толық  ақпарат 
беріледі. Мəселен, көркем шығарма мəтіні болса, дереккөзі ретінде ол туралы толық ақпарат (жинақ 
(кітап) аты, жері, баспа, жылы) жазылады.  
Дереккөзі: Əуезов М. Абай жолы. 2 том. – Алматы, Ғылым, 1947. 
Мəтін монография (ғылыми, іскери т.б.) ішінен алынған болса, монография туралы толық ақпарат 
(жері, баспа, жылы)  беріледі. 
Дереккөзі: Жаңабекова А. Функционалды грамматиканың метатілі. – Алматы, Дайк-пресс, 2012. – 
150 бет. 
Мəтіндер жарық көрген баспа атын да көрсету – метабелгіленімнің бір түрі. Бұл əсіресе кітаптарға 
(монография,  оқулық,  оқу  құралы,  шығарма  т.б.)  арналған.  Баспа  атына  қатысты  мəлімет  кейбір 
корпустарда  арнайы  жеке  ұяшықта  берілмейді,  дереккөздерінде  басқа  да  ақпараттармен  бірге 
көрсетіледі. 
Корпусқа  енгізілген  мəтіннің  корпусқа  енгізуге  дейін  қандай  формада  (электронды,  кітап,  газет-
журнал іскери құжат т.б.) болғанын көрсету де қажет. Мұны таралым типі деп атайды. Мəтін газет-
журналдан алынған болса, таралымы типі газет не журнал болады. 
Таралым типі: газет/журнал 
 Мəтін  интернет-басылым,  блок,  сайттардан  алынған  болса,  таралымы  типі  интернет-ресурс 
болады.  
Таралым типі: ғаламтор-ресурс 
Таралым  типіне  ұқсас  метабелгіленімнің  бірі  –  мəтін  көзі.  Корпусқа  жинақталатын  мəтіндер 
əртүрлі жолмен жинақталады. Мəтін (көркем шығарма, өлең, газет, журнал т.б.) интернеттен алынған 
болса, дереккөзі ретінде «интернет» (ғаламтор) деген белгіленім қойылады. 
Мəтін көзі: ғаламтор-ресурс 
Мəтін  (көркем  шығарма,  өлең,  газет,  журнал  т.б.)  баспадан    алынған  болса,  дереккөзі  ретінде 
«баспа аты»  көрсетіледі. 
Мəтін көзі: «Дайк пресс» баспасы 
Баспадан  алынған,  бірақ  баспа  атын  анықтау  қиындық  тудырған  жағдайда  «баспа»  деген 
белгіленім қойылады. 
Мəтін көзі: баспа 
Корпусқа  енгізілетін  мəтіндер  əртүрлі  пішінде  (ауызша,  жазбаша)    болуы  мүмкін.  Мұны  мəтін 
формасы деп атайды. Газет-журналдар, көркем шығарма, монография, оқулық т.б. мəтіндері жазбаша 
мəтіндер болғандықтан, «жазбаша» деген белгіленім қойылады. 
Мəтін формасы: жазбаша 
233


Видео/аудиожазбалар  болған  жағдайда  «ауызша»  деген  белгіленім  қойылады.  Мəтін  формасы: 
ауызша 
Мəтінді  сипаттауда  тағы  бір  берілетін  ақпарат  оның  қандай  қаріптермен  жазылғандығы  туралы 
ақпарат. Қазақ тіліндегі мəтіндер төте, латын, кирил əріптерімен жазылғандықтан, алынған мəтіннің 
графикасын көрсетіп отыру да қажеттік туғызады. Алайда қазіргі мəтіндер негізінен кирил қарпімен 
жазылған. Корпусқа негізінен осы кирил қарпімен алынған мəтіндер алынады. Ал тарихи корпустар 
үшін  төте,  латын  қаріптерімен  жазылған  мəтіндерді  де  алу  қажет.Орыс  тілінің  ұлттық  корпусында 
метабелгіленім  енгізуші  адамның  аты  да  ұяшықта  (разметчик)  берілген.  Қазақ  тілінің  ұлттық 
корпусын жасауда да белгілеушіадам туралы ақпарат беруге болады. 
Сонымен,  жоғарыда  метабелгіленімдердің  түрлері  туралы  қысқаша  сипаттама  бердік.  Бұлар 
алдағы  уақытта  Қазақ  тілінің  ұлттық  корпусын  құрастыру  барысында  негізге,  басшылыққа  алатын 
мəселелер  болып  табылады.  Корпус  жасауда  метабелгіленімдерді  енгізу  қажеттігі  дау  тудырмайды. 
Олар  корпусты  пайдаланушыға,  əсіресе  тілші-зерттеушілерге  кез  келген  қажетті  ақпаратын  тез  əрі 
оңай  тауып  алуға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  метабелгінемдер  енгізудің  теориялық  мəселелерін 
айқындап алу қажет. 
 
Əдебиет: 
1. Сиразитдинов З.А., Бускунбаева Л.А., Ишмухаметова А.Ш., Ибрагимова А.Д. Информационные системы 
и базы данных башкирского языка. – Уфа,  2013. – 116 с. 
 
 
Тамаева Б. 
филол. ғ.к., профессор, Құрлық əскерлері институтының 
кафедра  меңгерушісі 
 
Тілдің прагматикалық табиғаты 
 
Қандай болмасын тілдік қарым-қатынас барысында сөйлеуші мен тыңдаушының арасында белгілі 
бір прагматикалық мазмұнға сай əдеп нормасы көрініс табады. Жалпы əдеп мазмұны, тек, сөйлесім 
яғни,  тілдік  қарым-қатынаста  ғана  емес,  сонымен  қатар  əлеуметтік  қатынастың  барлық  саласында 
орын  алатын  адамзаттық  мəдениеттің  басты  ерекшелігі  болып  табылады.Адамға  тəн  əдеп  мазмұны 
адамзат  қоғамының  бірден-бір  мəдени  болмысы  ретінде  əлеуметтік,  тұрмыстық,  шаруашылық, 
экономиканың əр саласында, кəсіп түрлерінде сан түрлі үрдіспен қалыптасып, бүгінгі күнге жеткені 
белгілі.  Əдептің  бастапқы,  одан  соң  жаңа  тұрпатты,  келе-келе  қалыпты  сипат  алу  үрдісі  бар.  Əдеп 
аясы  кең    де,  сонымен  қатар  қарым-қатынас  аясында  белгілі  бір  шамада  ғана  орындалуы  да 
бар.Қандай  дəрежеде  болса  да,  ол  алдымен  көзге  көрініп  не  болмаса  сөзбен  дыбысталып  беріліп, 
психологиялық  тұрғыдан  қабылданып,  кейде  тіпті,  өз  деңгейіндегі бағасын  алып жатады.  Адамның 
күнделікті  əрекетінің  өзі  сан  түрлі  əдептердің  орындауын  қажет  етеді.  Өйткені  адам  əрдайым 
қозғалыстағы қоғамдық өмірді игеруші, дамытушы тұлға ретінде тіршіліктің адамға тəн белгісіне сай  
əрекет етеді. 
Белгілі ақын Уилям Вордсворт 1807 жылы «Əлемде біз өте көппіз» деп айтқан пікірі ХХ ғасырда 
мəдениеттанушылар  үшін  жаңа  мағынаға  ие  болды.  ХХ  ғасырдағы  ғылым  мен  техниканың  жаңа 
өркениеті  адамға  қызмет  ететін  машиналар,  сонымен  қатар  сол  машиналармен  тұтастай  қоғамдық 
қатынастар  игерілетін  машиналардың  жасалуы  адам  қарым  қатынасының  мазмұндық  қырын  оның 
ішінде  қатынас  əрекетінің  түрін  кеңейте  түсті.Адамзат  қоғамының  тарихында  қай  кезде  болмасын 
əдеп мазмұны қоғамдық формация мен əлеуметтік өмірде жан жақты толысып, ескінің орнына жаңа 
келіп  қалыптасып,  даму  үстінде  болғаны  белгілі.  Əрбір  дəуірдің  өзіндік  қарым-қатынастың 
сипаты(манера) сол кезеңнің өзіне ғана тəн белгілері болғанын білеміз. 
Күнделікті өмірде естіген бір жағымды жылы сөздің өзі адамның шаршамай сапалы өнімді еңбек 
етуіне  қызмет  етеді.  Тіпті,  ол  сөздің  мəндік  салмағы  жоғары  болса,  алдыңда  кезескен  талай  ірілі-
ұсақты  қиындықтарды  жеңуге  көмектесетіні  бар.  Өйткені  ол  сөздің  мəнінде  адамға  тəн  бағалау 
семасының барлығында болса керек.Қоғамда өзге адамды қадір тұтып сыйлау– ол адамның қадірін, 
қасиетін танып, түсіну болып табылады. Ал қадір қасиетке ие болған тыңдаушы сөйлеушіге де, жылы 
қабақ  танытатыны  белгілі.  Өйткені  тыңдаушы  өзі  қол  жеткізген  қоғамдық  дəрежені  ұстауға 
тырысатыны  белгілі.  Егер  күнделікті  тіршілікте  дүкенде  не  болмаса  тұрмыстық  қатынаста  аула 
сыпырушымен  немесе  трамвайдағы  билет  берушімен  жылы  қабақ  танытып  тіл  қатыссаң,  ол  сенің 
бағаңды күнде кездесетіндіктен, өз тұрғысынан бағалауға көшеді.  
Қоғамдық  өмірдің  күнделікті  тіршілігінде  əдептің  алар  орны  ерекше.  Ал  адамның  өзін-өзі 
сыйлауының  да  өзіндік  мазмұны  ол  көбіне  өзгені  сыйлап  жылы  сөйлесіп,  əдеп  танытуымен 
қалыптасады.  Өзіне  сенген  адам  ешуақытта  жөнсіз  мақтанып,  орынсыз  бəйек  болмайды.  Адам 
234


бойындағы ең бір құндылық – адамның абыройы мен мінезі.Əрине, жер бетіндегі əр ұлттың  ұлттық 
дəстүріне  сай  қалыптасқан  сол  ұлт  өкілдеріне  ортақ  əдеп  мазмұны  бар  да,  адамның    жеке  мінез 
құлқымен  біліміне  қатысты  əдеп  барып.  Осы  екеуі  де  қоғамдық  көріністе  танылатыны  белгілі. 
Сондықтан  күнделікті  өмірде  кездесетін  көпшілікпен  жұмыс  істейтін  қоғам  өкілдернің  əдебі  де 
белгілі  бір  прагматикалық  табиғатта  əдептің  озық  үлгісімен  танылады.  Əдептілік  мазмұнында 
адамның күнделікті  өміріндегі  қоғам  қатынасында  ең  қажетті əрекет  – көңіл  аудару.  Байқампаздық 
қасиетпен берілетін дағдыға айналар моральдық форманың бір түрі көңіл бөле білушілік.  
Айналадағы адамдарға көңіл бөлушілік, алдымен, адамның тəртіп мəселесін алға қоятындығымен 
байланысты,  екіншіден,  өзгеге  қамқорлықты  көрсете  білу  де  адами  озық  қасиеттің  белгісі  болып 
саналады.  Қазақ  тіліндегі  күнделікті  тіршілікте  кездесіп  жататын  тілектер  осындай  моральдық 
этиканы  білдерді.  Қазақ  арасында  қалыптасқан  «Туысыңды  жаттай  сыйла,  жат  жанынан  түңілсін» 
немесе  «Өзі  жақсы  адамға  қай  жерде  де  орын  бар»  сияқты  мақалдардың  пайда  болуы  қазақ 
қауымында  осындай  өзі  тұрып  өзгенің  жайына  көңіл  бөлген  адамдарға  айтылған  болса 
керек.Əрдайым өзгеге шын көңіл бөлген адам өзгеге арнап қандай лебіз арнасам, сөйтіп алдындағы 
адамның  көңілін  өсірер  не  айтсам,  деген  ойда  тұратыны  белгілі.  Осындай  табиғаттағы  адам 
қайырымдылықтың  биік  шыңына  жетеді.  Қайырымдылық,туысқа,  досқа,танысқа  ғана  емес,  кейде 
үлкендер тарапынан танымайтын бейтанысқа да көрсетіліп жатады.  
Қазақ  арасында  жасы  үлкен  қариялар  қоғам  өмірінде  маңызды  рөл  атқарады.  Ел  ішіндегі  іс-
шаралар  қарияның  рұқсатынсыз  өтпеген.Үлкенді  сыйлаудың  əлеуметтік  маңызы  діни-сенімнен  де 
жоғары  тұрған.Тіліміздегі  «көргенді  елдің  баласы»  деген  тіркес  осындай  үлкені  бар  ортаның 
тəрбиесін  алған  мағынадан  тарқатылған.  Қазақ  арасында  жасы  үлкен  қарияны  немесе  ақсақал  ер 
адамның  құрметке  бөленуінің  өзі  алғашқы  қауымдық  құрылыстағы  қауымның  тіршілік  ету 
дағдыларынан  өріс  алып,  қауымдық  құрылысты  басқарған  салттан  өрбіп  уəжделгенін  байқаймыз. 
Бұдан  қазақта  ер  адам  ғана  құрметтелген  деген  сыңар  жақ  пікір  тумауы  қажет.  Жоғарыда 
айтқанымыздай,  ердің  де  əйелдің  де,  жасы  мен  үлкеннің    өз  жолына  қарай  құрметке  бөленуі  бар. 
Қазақы  қоғамда  адамның  қарым-қатынастық  белгісі  –  оның  жасы,  ер  не  əйел  жолы.Сонымен  бірге 
қоғамдағы атқарар қызметі сияқты əлеуметтік сипаттармен байланысты болады.  
Əдеп  мазмұнындағы  ең басты  адамға  тəн  қасиет–  шындық.  Шындық  ұғымы  əдеп  мазмұнына  ең 
жақын  ұғым.  Егер  адам  шындық  өмірді  жасаушы  бір  сөзбен  айтқанда,  шындық  өмірдің  құрушысы 
болса,  адамның  өмір  сүру  мазмұнының  өмірге  шындап  танылуы  саналады.Адамның  мəдени 
болмысының  қоғамда  тұрақты  болуы  да  оның  ісі  мен  сөзінің  қабысып  жатуында.  Өтірік  сөйлеу  – 
мəдениеттің де, əдептің де шеңберіне жатпайтын анайы құбылыс. Ол адамның қалыптасқан мінезінен 
ауытқуы,  жасандылықтың тууына себепкер болады. Өз ісіне мығым жəне шынайы өмір сүретін адам 
əрдайым  ашық  түрде  ешқандай  бұлтақсыз  өзгемен  нақты  тіл  табысуға  жол  бастай  алады. 
Мысалы,«Меніңше,  сізге  бұрынғы  көйлегіңіз  жақсы  жарасады»,–  деп  жауап  қатуда  алдымен 
сөйлеушінің  шындығы  жатады.  Сондықтан  шынайылық  əдептің  ең  негізгі  озық  бірлігін 
танытады.Егер  «Бұл  көйлек  сені  толық  етіп  көрсетеді»,  –  деп  айтылса,    онда  сөйлеуші  тарапынан 
кемсітушілік білініп қалар еді. Сондықтан шындықты жариялау адам əдебінің ең басты бірлігі болып 
саналады. 
Қоғамда  адам  əдебінің  аясына  енетін  бір  жағдай  бар  ол  күнделікті  өмірде  қалыптасып  қалған 
стандартты  нормалар.  Мысалы,  күнделікті  өмірде  жұмыс  орнына  жетуде  біз  əрқашан  бүгінгі  күні 
кіммен жолығам, ол кісімен қандай лебізде тілдесем деген ойда боларымыз анық. Күнделікті жүріс-
тұрыс,  адамдардың  көмегі  не  болмаса  ер  адамдардың  есікті  ашуы,  есіктен  алдымен  əйел  адамды 
жіберуге  ілтипат  көрсетуі,  жол  беруі  секілді  сан  алуан  сипаттағы  əдептілік  белгілер  қалыпты  əдеп 
мазмұндарға  жатады.  Осы  əдеп  мазмұндары  тілде  қысқа  қайырымдармен  не  болмаса  сөз 
оралымдармен айшықталып жатады. 
Өзінің  ісіне  мəн  беріп  жүретін  адам  үшін,  мысалы,  ер  адам  өз  ұжымындағылармен  сыпайы 
қатынас  жасауға  дағдыланғанып,  сыпайылық  əдебінің  қалыпты  жағдайларын  іске  асырады.  Ер 
адамдар  тіліндегі күнделікті айтылатын  «Есікті  ашуға  рұқсат  етіңіз»  не болмаса,  «Ғафу  етіңіз?!» 
сияқты  сөз  оралымдары  сөйлеу  əдебі  мазмұнының  қалыптасқан  үрдісін  көрсетеді.  Адамдар 
арасындағы  мəдени  қарым-қатынас  оның  ішінде  жеке  адамның  əдеп-мəдениеті,  сыпайылығы  тіл 
арқылы  көрініс  табады.Мұндай  жағдай  əрбір  ұлттық  тілде  өз  ерекшелігімен  көрінеді.Сыпайылық 
жұртшылыққа құрмет көрсету, кішіпейілділік таныту, айналадағы адамдарға қарым-қатынас жасауға 
негізделген. 
Əрі  күнделікті  өмірде  тəлім-тəрбие  арқылы  дағдыға  енген  адам  мəдениетінің  озық  үлгісі. 
Сыпайылық  қатынаста  тілдік  бірліктермен,  түрлі  қимыл  əрекеттер  де  қосарланып  біртұтастанып 
беріледі. Ғылыми тілде сыпайылықты зерттеуші ғалымдар «сыпайылық категориясы» деген ғылыми 
терминді  де  тағайындады.  Мұның  себебі  жалпы  тілде  сыпайылық  мағынасын  беретін  түрлі 
қосымшалар мен жеке сөздердің көп мөлшерде болуынан деп түсіндіреді зерттеушілер. Ал енді бір 
ғалымдар  өзге  ұлттық  тілдерде  мұндай  тілдік  көрсеткіштер  аз  болғанымен  сыпайылықтың  берілуі 
235


тілде  əртүрлі  тəсілдер  арқылы  орындалатынын  айтады.  «Орыс  тілінде  жəне  басқа  да  тілдерде 
сыпайылықтың  арнайы  грамматикалық  көрсеткіштері  жоқ.  Бірақ  тілде  сыпайылықтың  берілу 
жолдары мен тəсілдері бар». Қазақ тілінде сыпайылық мағынасын беретін жеке сөздермен қатар, жақ 
категориясының тұлғалық көрсеткіштері /жекеше, көпше/ мен бұйрық райлы етістік пен есімдердің 
сөйлемдегі мағыналық ерекшеліктерін атауға болады. 
Сыпайылық пен сый-құрмет мағынасы дегеніміз не? Сыпайылық – айналадағы адамдарға құрмет 
көрсету,  кішіпейілдік  таныту.  Сыпайылық  –  субъекті  тарапынан  тыңдаушы  жаққа  бағытталған 
құрмет. Сыпайылық – адамның ішкі сезімімен, ой-санасымен қалыптасқан мəдени қасиет. Осы ішкі 
қасиет  сыртқа  көбіне  сөз  арқылы  танылады.  Яғни,  белгілі  бір  мағына  арқылы  беріледі.  Қазақ 
арасында  сыпайылықтың  жолы,  орны  бар.  Сыпайылықтың  тілдегі  көрінісі,  сөйлеуші  жақтың  сөз 
мəнеріндегі ізеттілік, кішіпейілділік мағынасымен беріледі.Жасы кішінің жасы үлкенге, жас шамасы 
бірыңғай  құрбылардың  арасындағы,  ұл  мен  қыздың,  ер  мен  əйел  адамдардың  арасындағы  тіл 
қатынасындағы сыпайылық көбіне осындай қарым-қатынас арқылы танылады. Қазақ рəсімінде жасы 
кішінің  жасы  үлкенге  сыпайылығы  ол  үлкенге  құрмет  етуге  негізделген.  Ол  жынысқа,  қызмет 
дəрежесіне  ғана  байланысты  бола  бермейді.  Сондықтан  жасы  кішінің  жасы  үлкенге  сыпайылығы  – 
жасы  кіші  жасы  үлкенді  көргені  көп,  тоқығаны  толық  деп  қадірлесе,  екіншіден,  жасы  үлкеннің 
абыройы еңбегіне орай құрметке лайықтылығын есепке алады. 
Жасы кіші жасы үлкеннен əрдайым адамгершілікке негізделген қасиетті істі күтеді. Ал егер жасы 
кіші жасы үлкеннің абырой дəрежесіне, адамдық қасиетіне лайық емес жағдайды көрсе, онда жасы 
кішінің  жасы  үлкенге  деген  құрметі  кеми  түседі.  Мұндай  жағдайда  жасы  кіші  қарсы  жақтың  жасы 
үлкендігін ескеріп, сыпайылық танытады.Сыпайылық, біріншіден, адамның жас ерекшелігін, қызмет 
шені  мен  қоғамда  атқарар  міндетін  есепке  ала  отырып,  екіншіден,  белгілі  бір  ұлттың  дəстүрлі 
мəдениетіне орайластырыла іске асырылады. Қазақ дəстүріндегі бұл жай сырт көз тарапынан бірден 
аңғарылады.  Өйткені  шығыс  халықтарының  ер  азаматты  немесе  əйелді  сыйлаудың  өз  алдына 
дəстүрлі  жолы  бар.  Дəстүрлі  мəдениетке  негізделген  бұл  жол  ұлттық  болмыстың  шынайы  белгісі 
болып  танылады.  Дəстүрлі  мəдениетке  негізделген  сыпайылық  пен  сый-құрметті  айшықтайтын 
мазмұнға  лайықталған  сөз  мағынасы  қазақ  тілінде  көптеп  саналады.Ал  енді  құрмет,  сый-құрмет 
дегенге келетін болсақ, құрметтілік жолдың орындалу мазмұн сипаты сыпайылықтан гөрі өзгеше. 
Сыпайылық  адамның  тіл  қатынасына  түскен  сөйлеуші  жақтың  өз  тарапынан  орындалатын 
мəдениеттіліктің,  саналылықтың,  тəрбиеліліктің,  жоғары  адамгершілік  қасиетінің  көрінісі.Құрмет  – 
сол  сөйлеуші  жақтың  сыпайылығымен  жалғасатын  тыңдаушы  жақтың  адамгершілік  қадір-қасиетін 
дəріптеу,  құрметке  лайық  дəрежені  сөз  арқылы  мəнін  көтеру.  Құрмет  дəрежесінің  сыпайылық 
дəрежесінен  ауқымы  кең.  Қоғамдық  ортада  құрметке  жету  үшін  əр  адамды  адамгершілігімен,  адал 
еңбегімен  басқа  да  құндылықтарымен  көпшілік  арасында  абыройға  ие  болуды  міндеттейді.  Бұл 
құрметке  лайықталған  адамның  дəрежесі,  дəріптеу  мазмұны  болып  саналады.Мысалы:  1.  Ойрат 
қолын  ойсырата  жеңіп,  Шаған  шатқалынан  айдап  шыққанда,  мана  ақбозға  мініп  дара  шапқан 
батырдың  Қабанбай  екенін  біліп,  Абылай  қатты  разы  болғанды.  –  Қайыраусыз  өтер  қара 
қылышым-ай! Даңққа жеткізген дара бозым сен екенсің ғой! Егер биікке бекініп алған жау қамалына 
калың  қолды  көтеріп  сен  шаппағанда,  бүгінгі  шайқастың  немен  бітері  неғайбыл  еді.  Бүгіннен 
бастап, қабанбай атың хан ұранына айналып, жорықтағы есімің Дарабоз болсын! – деп құшағына 
алып, үстіне алатын зерлі тонын жапқан. (Қ. Жұмаділов). 
Сонау  жаугершілік  заманда  ерен  батырлығымен  танылған  қанжығалы  Қабанбайдың  ерлігіне 
сүйсінген  Абылай  хан  өз  аузынан  батырын  дара  шапқан  «Дарабозым»  деп  құрметтеуі  осыны 
көрсетеді.  Берілген  мысалдағы  құрмет  мағынасының  туу  мазмұны  терең  екенін байқаймыз.  Құрмет 
мағынасы  сыпайылық  мағынадан  ажырамай  өте  тығыз  байланыста  жүреді.  Құрметке  лайықталған 
жанның қадір-қасиетіне, дəріптелу мазмұнына тиесілі құрметі сөйлеуші жағынан тілге тиек етілмесе, 
онда сөйлеуші жақтың сыпайылығы жетімсіз болғаны.Сол себепті құрмет көрсетудің басы адамның 
(сөйлеушінің)  сыпайылығымен  басталады.  Құрмет  пен  сыпайылық  мағынасының  тілде  берілуінде 
екеуі де бірдей реңкті тепе-тең ала бермейді. Кейде сыпайылықтың реңкі қалыңдау көрініп тұратыны 
бар.  Бұндайда  құрметтеу  мағынасы  мүлде  жоқ  деп  айтуға  болмайды.Өйткені  сөйлеуші  жақтың 
хабары  тыңдаушы  жақты  құрметтегендіктен  сөйлеуші  жақ  солай  сөйлеуге  хақылы.  Сыпайылық 
адамның ішкі сезім түйсігімен түрлі қоғамдық орталарда əртүрлі мазмұнға сай орындалатын əдеп. Ал 
құрмет  міндетті  түрде  екінші  жаққа  яғни,  құрмет  нысанасына  іліккен  жаққа  бағытталады. 
Сыпайылық  пен  құрметтің  тілдегі  орындалуын  кейбір  зерттеушілер  тек,  ауызекі  тіл  қатынасына 
негіздеумен,  сөйлеушінің  өз  мəдениетіне  ғана  байланыстырып  қарастырады.  Бұл  біздің 
пайымдауымызша  бір  жақты  ғана  болар  еді.  Тілдегі  жалпы  сыпайылық  пен  құрмет  мазмұнының 
сипаты қоғамдағы прагматикалық мазмұнмен өрістеледі. 
Қатынасқа іліккен екі жақтың да бүкіл əлеуметтік адами, қоғамдық болмысы сөйлеуші тарапынан 
да, тыңдаушы жақтан да қабылдар ой- мазмұны да есепке алынуы керек. Мысалы,құрметті ұсынушы 
жақ,  құрметті  қабылдаушы  жақ  (орыс  тілінде  адрессив,  адресат)  қатынасы  негіздері  деп 
236


қарастырылады.  Тілде  сөйлеу  мəдениеті  бар  жəне  сыпайылық  бар.  Сөйлеу  мəдениетінің  басты 
мақсаты  –  айтылар  ойды  дұрыс  əрі  дəлдік  мағыналы  сөзбен,  сондай-ақ  ойға  қатысты  тілдік 
бірліктермен тұлғаларды тілдің ішкі заңдылықтарына сай келтіріп, сөйлеудегі қалыптасқан тəртіппен 
бере білу. 
Сонымен,  сөйлеу  мəдениеті  –  жалпы  əдеп  ұғымының  қомақты  бөлшегі.  Жалпы  адамға  тəн 
сыпайылық əдеп өлшемінде белгілі бір қоғамдық ортада адамның дұрыс айшықты сөйлеу мəдениеті 
де  жалпы  адам  бойындағы  мəдениетпен  ұштасып  жатады.  Əдеп  –  сыпайылық  ұғымының  адам 
психиологиясымен ұштасып жатқан қасиеті. Сөйлеу мəдениеті адамның əдеп, əдет, сыпайыгершілік 
қасиетінен туындайды. Адамның о бастағы жаратылысымен біте қайнасқан адамгершілік қасиеттіің 
көрінісі  –  сыпайылық.Сыпайылығы  жеткен  əдебі  қалыптасқан  адамның  сөзі  ғана  екінші  бір 
тыңдаушы жақтың назарын өзіне аударуға жетеді. 
 
Əдебиет: 
1.
  Маслова В.А Введению в лингвокультурологию. - М.,1977.-272с. 
2.
  Формановская Н.И Речевой этикет и культура общения. - М.,1989. -159с. 
3.
  Чарыкова О.Н Менталитет и «образ мира»// Язык и национальное сознание. - Вып.1.– Воронеж,1998. - 
С.26-27. 
 
 
Иванова И.  
канд. филол. наук, младший научный сотрудник  
Сектора грамматики и диалектологии якутского языка 
Институт гуманитарных исследований и проблем  
малочисленных народов севера СО РАН 
 
Лексические средствавыражения длины, расстояния  
в якутском и казахском языках  
(функционально-семантический аспект) 
 
Одним из составляющих функционально-семантической категории количественности в якутском 
языке  является  микрополе  величины,  где  первым  можно  выделить  понятие  пространственного 
характера  –микрополе    длины  и  расстояния.  Длина  –  физическая  величина,  определяющая 
расстояние между двумя наиболее удалёнными точками одного предмета, измеренное горизонтально. 
Как  известно,  единицами  измерения  длины  являются  сантиметр,  метр,  километр,  дециметр, 
миллиметр,  микрометр  (международная  система  единиц),  аршин,  вершок,  сажень,  верста,  пядь, 
локоть (старые русские меры), дюйм, фут, ярд, миля (система английских мер) и т.д.  
Как  известно,  тюркские  народы  имеют  свои  исконные  единицы  измерения,  которых  частично 
можно услышать и по сей день. Систематизацию данных мер длин начнем с самых коротких длин и 
будем сопоставлять с казахскими аналогичными примерами. Единицами измерения короткой длины 
служат,  в  основном,  названия  частей  тела  человека,  как  у  многих  народов  [1]  одним  из  первых 
счетных приборов для человека были пальцы рук, ладонь, кулак.  
Илии  (тарбах)«палец»  –елі  (каз.  сұқ  саусақтың  еніне  тең  ұзындық  бірлігі,  ≈  2  см)  [2].  Ели–мера 
длины,  равная  ширине  указательного  пальца  (около  2  см).  Четыре  сложенных  рядом  пальца  (от 
указательного пальца к мизинцу) называется төрт елі–четыре ели(около 7-8 см). 
Бармақ / бармак (ширина большого пальца) –≈ 2,2-2,3 см. Толщина сала казы, ширина орнаментов 
измерялись  с  помощью  этих  мер  (ели,  бармак).  У  бармак  (бармақ)  есть  некоторое  сходство  с 
английской  мерой  дюйм:  бармак–  ширина  большого  пальца,  дюйм  –  расстояние,  равное  от  конца 
большого пальца до его первой фаланги.  
Тутум «мера длины, равная высоте сжатого кулака, или ширине четырех пальцев (7-9 см)».Слово 
образовано  от  глагола  тұт«держать»  и  «хватать»  при  помощи  общетюркского  аффикса  -м[3,  294-
302], имеет значение способа действия.   
якут. Тоҕус тутум уһуннаах толбоннурар уһун суһуохтаах  
«С длинной косой длиной в девять кулаков».  
В казахском языке тұтам (бес саусақпен тұтқандағы (қысқандағы) көлемге шамалас, ≈ 8-9 см [2]) 
– мера длины, равная ширине четырёх пальцев:бір тұтам – коротенький.  
Бөрсүөк«длина от верхнего сустава до нижнего сустава среднего пальца (3-4 см); вершок». Слово, 
заимствованное из русского языка.  
Сүѳм  «мера длины, равная расстоянию между концами большого и указательного пальцев (18-20 
см); пядь». Ср.: кумык. сюем, ног. суьем [4, 23]. Муҥур сүөм– мера длины, равная расстоянию между 
большим и согнутым средним пальцами (12-14 см).  
237


В казахском языке есть сүйем (кере созылған бас бармақ пен сұқ саусақ ұштарының арасына тең 
ұзындық өлшемі, ≈ 17-18 см) – расстояние между растянутыми большим и указательным пальцем (≈ 
17-18 см). Часто используется сынык суям (сынық сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны 
бүгілгендегі аралық, бір сүйемнің төрттен үш бөлігі, ≈ 14 см [2]) – расстояние от подогнутого сустава 
указательного пальца до большого пальца руки.  
Харыс «пядь» – мера длины, равная расстоянию между концами до отказа раздвинутых большого 
пальца и среднего ≈ 20-25 см. Ср.: кумык. къарыш, ног. карыс, кирг. карыш, башк. карыш, хак. харыс 
[4, 23].  
якут. [Сабы] 3-4 харыстан ордук уһун гымматтар.  
«Нитку не делают длиннее 3-4 харыс» [ХУ ХС 36].  
В  казахском  языке  карыс  (қарыс  –  бас  бармақ  пен  ортаңғы  саусақтың  аралығымен  өлшенетін 
ұзындық  өлшемі,  ≈  19-20  см)  –  мера  длины,  равная  расстоянию  между  широко  расставленными 
большим  пальцем  и  мизинцем  (около  19-20  см).  Широко  применяется  в  быту  и  при  строительных 
работах меры длины как жырта қарыс, кере қарыс, сере қарыс, қарыс сүйем, қарыс-қарыс, сүйем-
сүйем, қарыс жер, аузы алты қарыс, бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс). Кере қарыс – бас бармақ 
пен ортаңғы саусақтың барынша керіле созылуы. Сере қарыс – бас бармақ пен шынашақтың арасы 
[2]. 
Тоҥолох «от локтя до нижнего сустава среднего пальца (32-35 см)» 
Уллуҥах «мера длины, равная длине ступни ноги», каз. табан. 
Хары «от локтя до запястья», каз. қары (қар (қолдың қары) – кеуденің орта тұсынан кере созылған 
қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралыққа тең ұзындық бірлігі, ≈ 80-85 см [2]) – кары – 
мера длины, равная расстоянию от середины груди до конца указательного пальца (около 80-85 см). 
Иногда  для  промеров  кары  измеряли  расстояния  от  правого  плеча  через  всю  грудь  до  конца 
вытянутых пальцев левой руки (≈ 1 м) – Кейде оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, кере созылған 
сол қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралық та (≈ 1 м) қары ретінде алынады.  
Арсыын «мера длины от кончика среднего пальца до плеч (70-72 см); аршин» (арсыынай табаар; 
арсыыннаа). Ср.: кумык. ар, аршын, ног. аршын, карач.-балк. ар, хак. аршйн [4, 23].  
В казахском языке аршын называют кез (шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық [2]). Аршином 
измеряли привозные ткани, материалы для одежды. Такие ткани казахи называют кездеме. 
якут. Быhайын Хонооhой оҕонньортон үс арсыын сытыйбыт сарапыыҥканы кытта чэй, табах 
ылбыппыт ди 
«Прошлым  летом  у  старика  Хоносоя  заняли  всего-навсего  три  аршина  простого  ситца,  чай, 
табак» [ККТ, 20].  
Былас  «маховая  сажень,  размах»  1,76  м  –  старая  русская  мера  длины,  равная  расстоянию  между 
концами средних пальцев раздвинутых в стороны рук (150-180 см) [ТСЯЯ II 693]. В якутском языке 
термин  былас  имеет  много  значений  и  видов,  например,  обхват  чего-либо(например,  талии,  бедер 
человека),  дубук  былас  «чуть  меньше  маховой  сажени»,  кэбиһэ  былас  «чуть  больше  маховой 
сажени»,  нуучча  былаһа  «три  аршина»  –2,134  м;  уунар  былас    «мера  длины,  равная  расстоянию  от 
кончика  большого  пальца  левой  ноги  до  третьего  сустава  (основания)  среднего  пальца  вытянутой 
вверх правой руки» [5, 15] «косая сажень 2,48 м». 
якут. Аҕыс былас суhуохтаах Айталы Куо 
«Айталы Куо с восьмисаженной шелковой косой».  
В казахском языке он соответствует кулаш (құлаш – иық деңгейіне сəйкес кере созылған екі қол 
ұшының  арасына  тең  ұзындық  бірлігі,   ≈  165-175  см  [2])  –  мера  длины,  равная  расстоянию  между 
концами  пальцев  обеих  рук,  вытянутых  в  противоположные  стороны  на  уровне  плеч.  Широко 
применяется  в  быту  и    кере  құлаш  (иық  деңгейіңде  кере  созылған  екі  қол  ұшының  аралығы),  сала 
(көш) құлаш (үш құлаш – расстояние, равное 3 кулаш).  
Для  измерения  длинных  расстояний  используются  другие  термины.  Длинное  расстояние  между 
предметами  неудобно  мерить  частями  человеческого  тела,  поэтому  используются  следующие 
термины параметрии: 
Саһаан  «сажень»  –  старая  русская  мера  длины,  равная  2,134м,  сажень.  Бэчээтинэй  саһаан 
«полномерная, большая сажень (210-213 см)». В казахском языке – сажын (үш кезге парапар ұзындық 
өлшемі,  шамамен  2,13  м).  В  слове  сажень  присутствует  древний  праславянский  корень  *sęgъ, 
*sęžеnь, связанный с глаголом сягать «протягивать руку»[6, 110].  
якут.[Быыкаанныыр] үс сүүсчэкэ саһаан сиргэ баар ампаарга бэрт эрэйинэн тиийдэ 
«Быканныр еле-еле дошла до амбара, который находился в 300 саженей»[АА А 14]. 
Термин  саһаан  также  особенно  используется  при  измерении  длины  веревки,  нитки,  проволоки, 
салама и др.  
якут.  Ситиини  иккилиитэ  эрийэ-эрийэ,  устата  биир  саһаан  буолуо  диэри  ѳрүллэр«Веревку  из 
конской гривы плетут длиной в один сажень» [ХУ ХС 34]. 
238


Кѳс«якутская  мера  длины,  равная,  примерно,  10  км»  [ЯРС,  182].    Тыыллар  көс«самый  большой 
кёс»кӧч.  
Э.К. Пекарский в «Словаре якутского языка» пишет, что көс имеет несколько видов: сатыы көс, 
сатыы күннүк  – 7-8 км, ат көһө «конная миля  – 10 верст», сиэлэр ат көһө  – «миля бегущей рысью 
лошади»  –  13-14  км,  оҕус  көһө  «бычья  миля»,  тииҥ  көһө  «беличья  миля;  переезд,  который  делает 
тунгус во время кочевания при охоте на белку» [ЭКП СЯЯ I 1170 ст.]. В казахском языке көш (қозы 
көш жер –15 км, көктемгі көш жер – 20-30 км, жайлау көш жер – 40-200 км, күзгі көш жер – 50-60 км, 
қыстауға көш жер – 30-40 км, орта көш жер – 70-80 км) [2]. 
якут.  Туораахтаах икки Талкы оҕонньордоох икки ардылара икки кѳс  
«Расстояние между балаганами, где живут Туорах и старик Талкы, двое верст» [К КТ 16].  
Биэрэстэ  «верста»  –    старая  русская  мера  длины  примерно  1,06  км.  Ср.:  хак.  версга,  ног. 
шакырым,  башк.  сакрым,  кумык.  чакъырым  [4,  23].  В  казахском  языке  –  шақырым.  Шакырым 
(шақырым  –  дауыс  жетер  жердегі  қашықтық)  –  расстояние,  на  которое  может  быть  услышан  звук 
человеческого голоса.  
Аҕыйах биэрэстэлээх сир «Не далеко, всего несколько верст».Верста – это самая распространенная 
единица измерения больших расстояний в России и в ХIХ в. [6, 108-118].  
 Для  измерения  больших  расстояний  обычно  использовались  сочетания  названий  времени  и 
проходимого  пространства.  Особенно  большие  расстояния  измерялись  днями,  переходами, 
привалами.  Для  величины  день  пути  условно  применяли  расстояние  (или  35-40)  километров,  а  для 
конного дня пути  –  50-70 километров.  
Күннүк  сир    –    расстояние,  проходимое  путником  за  день  (примерно  с  7  часов  утра  до  7  часов 
вечера).  В  казахском  языке  данная  параметрия  используется  активно:  күндік  жер.  Также  можно 
определить  расстояние  по  слуховомуили  визуальному  восприятиям:  расстояние,  на  котором  можно 
услышать крик человека, животных, топот коня и др. Например: бір көш жер, қозы көш жер, қамшы 
салым жер, иек артпа жер, əудем жер, дауыс жетер жер, иттің үргені естілер жер, қара көрінім 
жер,  
көз  ұшындағы  жер,  тай  шаптырым  жер,  аяқ  жетер  жер,  құнан  шаптырым  жер,  ат  шаптырым 
жер, түстік жер, бір қыдыру жер, түстік жер [2].  
Таким  образом  определяли  расстояние  славянские,  финно-угорские,  тюркские  и  многие  другие 
народы [6].  
якут. Yс күннүк сиртэн үѳгүүтэ иhилиннэ [ОП ТА 71]. 
«Слышно, как кричит, из далека, до которого дойдешь через три дня». 
Периферийными средствами выражения микрополя длины, расстояния являются параметрические 
прилагательные и наречия с семой кылгас «короткий», уһун «длинный», кэтит «широкий», синньигэс 
«тонкий»,  ыраах  «далекий»,  чугас  «близкий»,  чиэски«немножко  далеко»,  с  частицами  соҕус, 
быһыылаах и др. В казахском языке алыс, шалғай, қашық, жырақ, шет, қиыр (далеко), таяу, жақын, 
жуық (близко). Например, тиіп тұрған жер, қол созым жер, қарға адым жер,  таяқ тастам жер, 
иек астындағы жер;  ит өлген жер, ит арқасы қиянда, түйенің табаны түсер жер, алты айшылық 
жер, жердің түбі, айшылық жол [7].Лексический пласт параметрических прилагательных и наречий 
считаются  средством  выражения  качественной  величины,  т.е.  данные  средства  являются  точками 
соприкосновения  двух  функционально-семантических  категорий,  категорий  количественности  и 
качественности.  
В число лексических средств выражения понятий длины или расстояния входят фразеологические 
обороты.  Например,  единица  бардар  бараммат  имеет  значение  беспредельное,  безграничное 
расстояние  для  ходьбы  (например,  о  дороге,  о  поле  и  др.):  Бардар  бараммат  суолунан  салгыы 
айаннаан иhэҕин [ОП ТА 57]. Идешь по этой длинной дороге, которая никогда не заканчивается. 
Данное ФЕ иногда используется для определения широкой площади. Бардар бараммат киэҥ ходуһа 
«Преширокое поле». 
саа  тэбиитэ  обозначает  расстояние  ружейного  выстрела,  примерно  не  дальше  50  м.  Бэҕэһээ 
кэлбит  оҕолор  дурдалара  миигиттэн  биэс-алта  саа  тэбиитэ  күөл  арҕаа  кытыытыгар  бааллара 
[ТСЯЯ VIII 64] «Укрытие приехавших вчера детей находится в западной стороне озера в расстоянии 
пяти-шести  ружейных  выстрела  от  меня».  Миэхэ  саа  тэбиитэ  да  чугаһаама!  «Не  подходи  ко  мне 
(даже на ружейный выстрел) или (даже на пушечный выстрел)». 
ФЕ  көстөөх  сир«далеко  находящееся  место»  [СТСДТ  45]  образно  выражает  довольно  далекое 
расстояние:  
Көстөөх сиртэн ытаҕын ди, доҕор 
«Дружок, целишься-то с далека» [СТСДТ 24-25]. 
А также в казахском языке есть и другие единицы измерения длины, расстояния:  
Ат шаптырым жер – расстояние, покрываемое скакуном.  
239


Буын  –меры  длины,  длина  двух  суставов  ср.  пальца  руки  (ортаңғы  саусақтың  ұшынан  оның 
ортаңғы буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық бірлігі), ≈ 5-6 см).  
Қадам // адым – мера длины, равная шагу человека (адамның бір адымына тең ұзындық бірлігі), ≈ 
60-70 см. 
Шынтақ  –  қолдың  ортаңғы  саусағының  ұшынан  шынтақтың  бүгілген  жеріне  дейінгі  аралық. 
Қазақстанда кең тараған Бұхар шынтағы ≈  40-41 см. 
Аттам – адымның созылыңқы шегі.  
Құрық бойы деген өлшем «құрықтың ұзындығындай ғана жер» дегенді білдіреді, ≈ 4-5 м. 
Тұсау бойы – жылқының алдыңғы екі аяғының арасы. 
Шідер бойы – жылқының алдыңғы оң аяғы мен артқы сол аяғының арасы.  
Түстік жер – ат жүрісімен шамамен 4-5 сағаттық жер. 
Сəскелік жер – сəскеге дейін жететін жер.  
Айлық жер – ат жүрісімен шамамен 28-30 күндік жер. 
Күндік жер – ат жүрісімен шамамен ≈  8-10 сағаттық жер. 
Əудем  жер  –  көшпелі  өмірдің  қажеттілігінен  туындаған  қашықтық  өлшемінің  ішіндегі  сирек 
қолданылатын  түрі.  «Əу»  деп  айқайлағанда  дауыс  жететін,  естілетін  жер,  яғни  жақын  жер  деген 
мағынаны аңғартатын тіркес, ≈ 100 м 
Дауыс жететін жер – ≈ 250-300 м. 
Ат шаптырым жер – ≈  25-30 км. 
Тай шаптырым жер – ≈ 15 км // в некоторых источниках – 4-5 шақырым 
Құнан шаптырым жер – ≈ 8-10 шақырым // в некоторых источниках – 3-4 шақырым. 
Таяқ тастам жер – тым жақын жер, яғни ≈ 10-15 м. 
Арқан бойы – ≈  7-8 м. 
Тепе – екі шақырым. 
Иек астында – 4-5 шақырым. 
Көз ұшында – 6-7 шақырым [7].  
Таким  образом,  выявлено,  что  в  якутском  и  казахском  языках  лексические  средства  выражения 
функционально-семантического    микрополя  длины,  расстояния  –  это,  во-первых,  основной  пласт, 
исконно-якутские параметрические термины. Сюда входят и исконно-якутские и заимствованные из 
русского  и  других  тюркских  языков  термины.  Второй  периферийный  пласт  представляют 
параметрические прилагательные и фразеологические обороты. 
 
Сокращения: 
АА А –  Аммы Аччыгыйа. Атаҕастабыл. –  Дьокуускай, 1995. - 116 с.  
К КТ – Кундэ –Иванов А.А. Кыыhар туҥат. – Якутскай: Кинигэиздательствота, 1979. - 296 с. 
ОП ТА – Ойунский П.А. Талыллыбыт айымньылар. - Үһүс том. – Дьокуускай, 1993. - 480 с. 
СТСДТ – Саха тылын сомоҕо домоҕун тылдьыта. Григорьев Н.С. - Якутск: Книжное изд-во, 1974. - 128 с. 
ТСЯЯ – Толковый словарь якутского языка. - Новосибирск: Наука, 1992.  
ХУ ХС – Алексеев И.Е. Холумтан сылааһа: саха үгэһэ, дьарыга. – Дьокуускай: Бичик, 2013. 
ЭКП СЯЯ – Пекарский Э.К. Словарь якутского языка. - Л., 1959.  
 
Литература:  
1.
  Шозимова  Т.Д.  Выражение  мер  длины  и  веса  в  шугнанском  языке  и  английском  языках.  Автореф.  ... 
канд. филол. наук. - Душанбе, 2012. 25 с. 
2.
  Сен білесің бе? Энциклопедия / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 
695 б. 
3.
  Севортян  Э.В.  Аффиксы  именного  словообразования  в  азербайджанском  языке.  Опыт  сравнительного 
исследования. – М.: Наука, 1966. – 437 с.  
4.
  Асадулаева  П.У.  Названия  старинных  мер  измерения  в  кумыкском  языке  //  Филологические  науки. 
Вопросы теории и практики. – Тамбов: Грамота, 2014. №12. Часть 2. – С. 22-24 
5.
  Алексеев А.Е. Некоторые проблемы развития якутской математической терминологии. – Якутск, 1992. – 
64 с. 
6.
  Лебединская В.Г. История русской метрологической терминологии. Дисс. ... доктора филол. наук. – М., 
2014. – 475 с. 
7.
  Қазақ сөздігі. – Алматы, 2013. - 1488 б.  
 
 
 
 
240


Сейтбекова А. 
филол.ғ. к., Санкт-Петербор Гуманитарлық  
кəсіподақтар университеті  
 
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы афоризмдер 
 
Қараханидтер  дəуіріндегі  түркі  тілдес  халықтарының  тілі  мен  əдебиетінен  орын  алатын  ең 
танымал  туындылар  ретінде  Махмұд  Қашқаридің  «Диуани  лұғат-ат  түрік»,  Жүсіп  Баласағұнның 
«Құтадғу білігі» мен Ахмет Иүгінекейдің «Хибатул хакайық» еңбектерін жатқызамыз. Бұл –  
көне  түркі  дəуірінен  кейінгі  XI-XY  ғасыр  аралығындағы  жазба  дүниелер  аралас  түркі  тілдері 
(тайпа тілдері) негізінде жазылғаны бүгінгі таңда нақтыланған мəселе. Сол кезеңдегі қоғамдық-саяси 
өмірінен,  ғылымы  мен  əдебиетінен,  тілінен,  əдет-ғұрпы  мен  наным-сенімнен  т.б.  аса  қырыуар  мол 
деректер беретін бірден-бір көркем туынды – Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның «Құдатғу білігі». Бұл 
тамаша  ортағасырлық  туынды  С.Е.Малов,  А.М.Щербак,  Г.Ф.Благова,  В.В.Бартольд,  В.В.Радлов, 
А.З.Валидов,  С.Н.Иванов  К.Каримов,  С.Муталибов,  Н.Келімбетов  т.б.  əлемдік  жəне  отандық 
түрколог  ғалымдардың  назарында  болып,  жан-жақты  зерттелді.  Аталған  дастанның  Вена,  Қаир 
Намангали нұсқалары белгілі. Оны Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс 
тіліне  (1983),  А.Егеубаев  қазақ  тіліне  (1986),  бір  топ  аудармашылар  ұйғыр  тіліне(1984) 
транскрипциялап, аударды. 
Қарахан əулеті билік жүргізген дəуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару 
тəртібін  белгілейтін  ережелер,  сондай-ақ,  қоғам  мүшелерінің  құқықтары  мен  міндеттерін 
айқындайтын  тиісті  заңдар  болмағандықтан,  елдегі  осы  олқылықтың  орнын  толтыру  мақсатымен 
Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» дастанын жазады. Демек, дастан сол кезеңдегі елдегі Ата заң 
(Конституция)  қызметін  атқарады.  Аталған  шығарма  –  дидактикалық  мазмұнда,  яғни  үгіт-насихат 
сипатында  жазылған.  Сондықтан  дастандаəртүрлі  тақырыптар  жөнінде  əңгіме  қозғалады. 
Патшалар мен уəзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, əскербасылар мен нөкерлердің, 
тəуіптер  мен  аспаздардың,  диқандар  мен  малшылардың,  т.б.  қоғам  мүшелерінің  мінез-құлқы,  білім 
дəрежесі,  ақыл-парасаты,  құқықтары  мен  міндеттері  қандай  болу  керектігі  жайында  жеке-жеке 
баяндалады.  
Дастанды тілдік тұрғыдан сарайлатын болсақ, ғылыми мəні ерекше. Түркологияда дастанның тілін 
қазіргі  түркі  тілдерінің  қайсы  тобына  жатқызуға  болатындығы  туралы  əрқилы  пікірлер  айтылып 
келеді.  Мəселен,  С.Е.Малов  көне  ұйғыр  тіліне,  А.М.Щербак  қарлұқ  тіліне,  Г.Ф.  Благова  қарлұқ-
қыпшақ тіліне жатқызады. Н.Келімбетов бұл еңбекті сол кезде Қашқардан бастап, сонау Амударияға 
дейінгі ұлан-ғайыр өлкелер мен уəлаяттарды өзіне қаратқан Қарахан мемлекетінде өмір сүрген түркі 
тайпаларының бəрін бірдей түсінікті, ортақ əдеби тілде жазғаны даусыз деген пікірге келеді [1,122]. 
Автор өз шығармасының кіріспесінде дастанның қайсы тілде жазғанын айта келіп, былай дейді: 
  Əрəбчə тажікчə китаблар үкүш 
  Бізнің тлімізгə бұ иұмғу окуш 
  Арабша, тəжікше кітаптар көп 
 
Ал, бұл – тіліміздегі тұнғыш даналық жинағы  
Əрине, бұл кезде Жүсіп Баласағұнға өз шығармасын араб не парсы тілінде жазу əлдеқайда жеңіл 
болар  еді.  Өйткені  осы кезде  араб  жəне  парсы  тіліндегі  шығыстың  классикалық  əдебиеті  мейлінше 
дамып,  көркем  образдар  жасаудың  ғажайып  үлгілерін  көрсетіп  жатты.  Оның  үстіне  бұл  тілдерде 
жазылған  поэзиялық,  прозалық  туындылармен  жан-жақты  таныс  болды.  Демек  автор  бұл 
шығармасын  орта  ғасырларда  бүкіл  түркі  əлеміне  түсінікті  болған  Карахан  əулеті  мемлекеті 
түріктерінің тілінде жазуды мақсат тұтқан.  
Дегемен шығармада ізгілікке құштарлық пен іңкəрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, əлем мен 
адам  сырына  терең  бойлауға  ұмтылушылық  белгілер  тəн.  Себебі,  исламдық  идеология  орта 
ғасырларда  мемлекеттік  дəрежеге  құлаш  жайып,  саяси-əлеуметтік  танымға  айналуы  Қарахан 
мемлекетінің іргетасын нығайтып, мəдениетін өрістетті. Бұл жайында А.Н.Романов пен С.Н.Иванов: 
«Жүсіп  Баласағұнның  «Құтты  білік»  поэмасы  –  ең  алғаш,  ең  көне,  əзірше  жалғыз,  мұсылман 
идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма», 
– деп баға береді [2].  
«Құтадғу  біліктегі»  кірме  араб  жəне  парсы  сөздері  жөнінде  Қ.Сейтжанов  былай  дейді:«Бұл 
поэмада  түркі  поэзиясының  жаңаша  дəстүрінде  қолданылуға  тиісті  араб-парсы  поэтикасы 
заңдылықтары  шектеулі  түрде  болса  да  көрініс  табады.  Ең  бастысы,  араб-парсы  поэзиясы  арқылы 
енген аруз өлең өлшемі тұңғыш рет осы поэмада қолданылады. Жүсіп Баласағұнның шығармасы ішкі 
мазмұнымен, дидактикалық бітімімен жалпы  түркі өлең дəстүрінде ағартушылық бағыттың іргесін 
қалып, негізін қалыптастырған. Араб-парсы поэтикалық «Құтты білікті» толықтай шығыстық үлгідегі 
шығарма  деп  бағалау  əбестік  болар  еді.  Құтты  біліктегі  араб-парсылық  əсер  негізінен  өлең 
241


фомасымен  жəне  кейбір  жанрлық  шарттылықтарымен  ғана  шектеледі.  Ал  ондағы  образдар  жүйесі, 
ақынның  сөз  саптау  салты  шығыстық  əсерден  ада»  [2].  Арузбен  жазылған  поэзиялық  туынды 
болғанымен, ақын кейінгі дəуір түркі тілді өлеңдеріндегідей өлшем, ұйқас мүмкіндігі үшін кірме сөз 
қолдану  тəсіліне  бармайды.  Тіпті  Алла  деген  сөздің  орнына  Тəңрі,  Тəңрі-тағала  сөздерінен  сирек 
қолданылған.  «Құтты  білік»  дастанындағы  образдар  жүйесі  шығыс  поэтикасындағы  дəстүрлі 
образдан  гөрі  таза  көшпелі  танымнан  туған  түркі эстетикасына  етене  жақын.  Мұндағы  троптардың 
басым  көпшілігі  ежелгі  түркілердің  нанымына,  дəстүріне,  көшпенді  жұрттың  санасына  жақын 
ұғымдардан туындайды [3].  
Поэмада  кейінгі  түркі  классикалық  поэзиясына  араб-парсы  өлең  дəстүрінен  енген  дəстүрлі 
образдар мен тұрақты бейнелі тіркестер кездеспейді. Сондықтан «Құтты біліктің» шығыстық сипаты 
оның  өлең  формасы,  өлшем  жүйесі  жəне  кейбір  жанрлық  шарттылықтарында  ғана  деп  айтуға 
толықтай  негіз  бар.  Түркітану  ғылымында  поэманың  шығыстық  сипаты  немесе  ұлттық  бітімі 
төңірегіндегі  дау-дамай,  пікір-талас  толастамағынымен,  «Құтты  білік»  түркі  өлең  тарихында 
түбегейлі бетбұрыстың, көркемдік жаңашылдықтың бастау болған бірігей туынды болып қала береді.  
Дастан  адамның  жақсы,  жаман  қасиеттерін  дəріптейтін  гумманистік  ойларымен  көрініс  табады. 
Ақын  «адам»  тұлғасын  қалыптастыратын  рухани  дүниесінің  тазалығын  өзек  етеді.  Өз  заманының 
қоғамдық-əлеуметтік  жағдайына  байланысты  адам  феноменін  құрайтын  негізгі  жақсылы-жаманды 
қасиеттерді  «билеушіге»  (билеуші  тап  өкілдеріне)  қатысты  айтады.  Себебі,  ақын  мəселені  əмірші-
патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі 
шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан 
болуы шарт екенін айтады.  
Билеушілердің қатыгездік, сараңдық, надандық секілді жағымсыз мінездерін сынға алып отырып, 
мейірімділік пен ізгілікке үндейді. Ел-жұртты басқаратын адам ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, 
сөзі  шырын,  өнер  мен  білімге  жетік,  қолы  ашық,  пейілі  кең,  əділ  билік  жүргізе  алу  керектігін  жыр 
жолдарының басты кредосы болып табылады. Осыған байланысты жазба мұрағатта адамның рухани 
байлығын құрайтын «сенім», «жомарт», «мейірім», «білім», «адалдық» микроөрістері «бақытқа» қол 
жеткізудің  негізгі  компоненттері  болып  табылады.  Ақын  жыр  жолдарында  а  д  а  м  г  е  р  ш  і  л  і  к 
аясында  шоғырланған  микроөрістер  көне  түркілік,  шығыстық  сарындағы  тілдік  бірліктермен, 
афоризмдермен, мақал-мəтелдермен, тұрақты теңеулермен репрезенттеледі. 
Афоризм – бірінші кезекте дидактикалық поэзияның жемісі. Афоризмдердің тууына түрткі болған 
ең  негізгі  себеп  қоғамдық  жағдай,  қоғамдық  қажеттілік.  Жазба  ескерткіш  тіліндегі  афоризмдердің 
басты тақырыбы – адам жəне қоғам болса, оның ішінде адамгершілік, білімділік т.б. адам бойындағы 
жақсы қасиеттерді насихаттайды.    
Жазба  ескерткіш  тілінде  кездесетін  афоризмдердіңденіадамгершілік  тақырыбында  жазылған. 
Мысалы,  ел  басқарған  əкімдерді  күншілдік,  ашкөздік,  сауық-сайранға  құштарлық,  қатыгездік, 
кекшілдік  сияқты  жаман  қылықтардан  сақтандырады.  Мысалы,  Екі  түрлі  ат  тілде  жүреді,  бірі  – 
жақсы,  бірі  жаман  болып  дүниеде  қалады,  –  деген  Ж.  Баласағұнның  өсиет  сөзі    мəңгілікке  жақсы 
атың қалсын десең, сүрінгенге қол ұшын бер.  
Əсіресе,  ақынның  қазақ  тілімен  мəндес  келетін  өсиет  сөздері  баршылық.  Мəселен,    Ұлұғ  болдұң 
əрсə  кішіг  тұт  көңіл,  ұлұғқа  кішіклік  йарашұр  оғұл  деп  келетін  нақыл  сөзі  тілімізге  ерксіз    «Ұлұқ 
болсаң,  кішік  бол»  тіркесі  оралады.  Сонымен  қатар  жазба  мұрадағы  Күміш  көрсə  йалнұқ  көңүл 
тұтмаса, йарағай аны шын фəріште тесə қазақ ұғымындағы «Алтын көрсе, періште жолдан таяр» 
дегенге сай келеді.  
Ақын сөзімен айтқанда, «Елші ердің төрт құбыласы тең болсын, елде – кісі, сыртта – бүтін ел 
болсын!»  –  дейді. Дастанда  осылайша  елдегі  барлық  лауазым, кəсіп  иелеріне  қойылатын  моральдік-
этикалық  талаптарды  ақын  өз  тарапынан  небір  түйінді,  тұжырымды,нақылға  бергісіз  қанатты 
сөздерді қалыптастырады. 
Ескерткіштер  тіліндегі  рухани-адамгершілік  тақырыбының  бірі  ретінде  білімді  насихаттауға 
бағытталған. Білім тақырыбы қай кезеңде болмасын өз мəнін жоғалтпаған. Ортағасыр ақындары адам 
баласының  қадір-қасиеті  білімді  болғанда  ғана  артады  деген  қорытындыға  келеді.  Мысалы,  Білігні 
бəдүг  біл  укушны  ұлұғ–  Білімді  биік,  ақылды  ұлық  деп  есепте.  Адамгершілік  қасиеттер  дегенде 
білімділіктен  кейін  сабырлыққа  көңіл  бөлу  керектігі  сөз  болады.  «Сабыр  түбі  –  сары  алтын»  деген 
халық даналығы өлең жолдарында негіз етілген. Жүсіп: «Сабыр етсең – іс байлыққа басады, шүкір 
қылсаң  –  байлық  асып  тасады,  шүкіршілік  қылғанның  ырысы  артады,  «Сабырлы  кісі  тілегіне 
жетеді», «Асығыс түбі – өкініш» деп жырлайды.  
Дастанның  тілге  арналған  тарауында  тіл  өнеріне,  тіл  мəдениетіне  терең  пайымдаулар  жасаған. 
Мысалы, «Біліп сөйле, сөзіңде сөл, өң болсын, сөзің түпсіз қараңғыға көз болсын», «Жамандық та, 
жақсылық та  тілден, тілді тыйып ұстап, орынды жұмсау – білімділік, тəртіптілік». «Тіл əдебі – 
барлық уақытта бар əдептің басы болып саналған», - деп ескертеді. 
242


Ақынадамгершілікті  отбасылық  тəрбиемен  ұштастырады.  Адам  бойындағы  жақсы  мінездің 
қаншалықты  мəнді  екенін  былайша  өрнектейді:  «Ақ  сүтпен  бірге  сіңген  жақсылық  айнымайды 
алғанша  ажал  қапсырып»  дегені  халқымыздың  «Сүтпен  сіңген  сүйекпен  өтеді»,  ал  «Бала  білім 
жолын қусын, бесігінде-ақ білім жолын көрсеңіз» дегені «Баланы – жастан» дегенмен үндес келетіні 
аңғарылады.  Осы  сияқты  «Құтты  білік»  дастанында  көрініс  тапқан  мақал-мəтелдердің, 
афоризмдердің қазақ халқының ауыз əдебиетінде қалай жалғасын тапқандығы, өзгеріске түскендігі, 
мағыналық үндестігі, сабақтастығы байқалады. 
Сонымен  заманы  басқа  дегенменөзі  өмір  сүрген  ортадағы  бұл  жазба  мұрағаттың  өн  бойында 
жалпыадамзаттық  рухани  байлықтардың  мəнін  саралауда  тəлім-тəрбиелік  маңызы  зор    асыл 
сөздермен өрнектелген қанатты сөздер мен мақал-мəтелдерді кездестіруге болады.Ақынның əрбір 
қанатты  сөздерінен,  мақал-мəтелінен  өмір  тұжырымдарын,  философиялық  ойларды  көруге  болады. 
Солардың  ішіндеқазіргі  қазақ  тілінде  қаз-қалпында  кездесетіндері де  бар. Қазақ  тіліндегі  бір  де  бір 
сөз,  не  фраза  кездейсоқ,  қалай  болса,  солай  жасала  салмаған.  Бəрінің  де  жүйесі  бар,  түпнегізі  бар, 
себеп-салдары  бар.  Қоғам  өміріндегі,  халық  тарихындағы  неше  алуан  əдеби,  мəдени,  рухани 
процестердің  ізі  көп  жерлерде  тілден  де  орын  тебеді.  Мұның  неше  алуан  дəлелін  қайсыбір 
фразалардан  да  табамыз.  Қазақ  тіліндегі  бірнеше  фразалардың  түптөркінін  зерттеген  ғалым  І. 
Кеңесбаев  бұл  ойымызды  былайша  өрбітеді:  «Əрқилы  əлеуметтік  факторларға  байланысты  туған 
көптеген  фразалардың  о  бастағы  мағынасы  əлденеше  жүздеген  жылдарды  артқа  тастаған  соң, 
көмескілене бастайды. Тіпті, қайсыбір компоненттері өлі мүше ретінде ғана тіркесіп, тірлік кешеді. 
Бұлар қай кезде, қандай жағдайға байланысты, қалай пайда болған деген мəселердің басын ашу оңай 
шаруа  емес.  Ал  осылардың  түптөркінін  тексеріп,  себеп-салдарын  анықтаудың  тіл  тарихы  мен 
мəдениеті  үшін  маңызы  ерекше»  [5,  75].  Бір  сөзбен  айтқанда,  Жүсіп  Баласағұнның  «Құтты  білік» 
дастаны орта ғасырлардаөмір сүрген халықтың сөз өнері мен сөз мəдениетінен мол дерекберетін  аса 
қажетті, құнды мұра болып табылады.  
 
Əдебиет: 
1.
  Қазақ əдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2010. - 509 б.  
2.
  Сейтжанов  Қ.  Алтын Орда  дəуірі  түркі классикалық  поэзиясының көркемдік ерекшеліктері жəне  қазақ 
əдебиетімен дəстүр сабақтастығы (Мұхаббат-нама, Хұсрау-Шырын поэмалары негізінде): филол. ғыл. канд. … 
дис.: 10.01.02. - Астана, 2003.  
3.
  Егеубаева А. Ежелгі дəуірдегі қазақ əдебиетінің көркемдік жүйесі. – Алматы: Айкос, 1999.- 204 б.  
4.
  Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2010. – 410 б.  
5.
  Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мəселелері. – Алматы: Арыс, 2008. – 608 б. 
 
 
Бекмағамбетов Ш. 
филол.ғ.к., Қорқыт ата атындағы  
Қызылорда мемлекеттік Университеті доценті  
 
Тілдік таңба-нышандардың пайда болуы жəне оқылуы (С.Қондыбай пікірлеріне орай) 
 
«Тілдік таным негіздері жəне тілдік символдар»(1999) деп аталатын монографиямызда тіл пайда 
болуы  мен  дамуы  мəселелерін  зерттеушілерді  екі бағытқа ажырата  көрсеткенбіз.  Олардың  бірі  таза 
тіл тарихын зерттеуші ғалымдар да, екіншісі мифологиялық бағыттағы ғалымдар болатын. Сонда біз 
тарихи  тіл  білімінің  мəселеге  құрылымдық  зерттеулер  тұрғысынан  ғана  келіп,  сол  деңгейден  аса 
алмай отырғанын, бұл бағыттың тіл философиясына бара алмайтын себептерін көрсете келіп, мифтік 
бағыттағы  зерттеулердің  кейбір  ілгері  кететін  тұстарына  тоқталдық  та  былай  деп  көрсеттік:  «Миф 
жəне  тіл  мəселесін  тілдің  (сөздің)  пайда  болуы  тұрғысынан  қарастыратын  авторлардың  бұл 
бағыттағы  басты  жетістігі  –  тілдің,  оның  құраушы  элементі  болып  табылатын  сөздің  түп  негізінде 
бейнелеу  амалдарының  жатқандығын  тап  басып  тануында  деп  білеміз.  Яки,  сөзді  мифологиялық 
тұрғыдан  қарастырушылар  оны  «метафоралық  ұқсатулар»  түрінде  елестетеді.  Мысалы, 
А.Н.Афанасьев: «Слово и выражение с начала были метафорическим уподоблением, имевшим лишь 
поэтический смысль» [1, 9], – дегенде, əрине, мəселенің байыбына толық көз жеткізіп отырған жоқ. 
Автор өзінің «метафоралық ұқсату», «сөз негізіндегі поэтикалық мағына» дегенін жалпылама түрде 
бұлдыр  елестетеді.  Өйткені  тілдік  символ  ұғымын  дұрыс  түсінбейінше,  сөз  пайда  болу  принципін 
толық ұғыну мүмкін емес. Солай бола тұра, автордың əлдебір сезімдік түйсік арқылы сөздің бейнелік 
негізін  аңғаруын  біз  тіл  табиғатын  түсінудегі  мифологиялық  бағыттың  озық  қадамы  ретінде 
бағалаймыз»[2, 10], – дей келіп, осы бағытта еңбек еткен А.Н.Веселовский, А.А.Потебня, М.Мюллер, 
А.Кун т.б. авторларды атап өткенбіз. Ал түркілік материалға қатысты бұл бағытта аса жемісті еңбек 
еткен  ғалымдар  ретінде  «Традиционное  мировоззрение  тюрков  Южной  Сибири.  Пространство  и 
243


время»  атты  еңбектің  авторларын  айтар  едік  [3]. Əрине,  бұл  бағыттағы  мұнан  өзге  ізденістер  де  аз 
емес. 
С.Қондыбай  еңбегіне  қатысты  айтқанда  да  біз  оның  сөз  табиғатын  түсінуге  мифтер  табиғатын 
тану  арқылы  келу  бағытында  еңбектенгенін  көреміз.  Автордың  қазақ  мифологиясының  жаратылыс 
табиғатына қаншалықты тереңдей енгені туралы мəселенің басын əзірге ашық қалдыра отырып, біз 
оның  тіл  тұрғысындағы,  жалпытүркілік  (бізде  ол  жалпыадамзаттық  деп  аталады)  ғаламтанымдық 
ойлау  жүйесі  туралы  көзқарастарына  қатысты  кей  пікірімізді  айтпақпыз.  Біздіңше,  осы  бағытта 
қаншама  еңбек  еткенін,  бірқатар  ізденістерге  барғанын  түсініп  отырсақ  та,  автордың  сөз  пайда 
болуына  қатысты  бірқатар  мəселелерге  мифологиялық  талдаулар  арқылы  жақындап  бару 
бағытындағы  ізденістері  əлі  де  тіл  табиғатын  толық  түсінуі  де,  түсіндіруі  де  бола  алмай  жатыр. 
Өйткені тілдің терең қабаттарын түсіну үшін зерттеуші ең əуелі тілші-ғалым болу керек жəне ең бері 
салғанда, тіл тарихының маманы болу керек. 
Автор:  «...Тіпті  бұл  жерде  қазақ  (жалпы  түркі)  сөзіне  сəйкес  келетін  шумер,  көне  грек,  латын, 
этруск, көне қытай немесе көне герман сөздерін тауып алудың өзі істі тындыра алмайды, ең алдымен, 
сөзге, сөздің астары мен төркініне мифтік сана, көзқарас тұрғысынан қарай білуіміз қажет. Тек сонда 
ғана  «сөздер  сөйлеп»  кетеді...»  [4,  198],  –  дейді.  Шынында  да,  қазіргі  бірқатар  зерттеушілер  түркі 
сөзіне өзге тілден дыбыстық материалы жағынан ұқсас келетін сөздерді жинаумен айналысып келеді. 
Бұл  кейде  дұрыс  мəлімет  болып  шығуы  да  мүмкін,  ал  көбіне  олай  болмай  қалатын  кездері  де  жоқ 
емес. Жалпы, бұл тұрғыдан келгенде, біз де С.Қондыбай пікірін толық қолдаймыз. Ал енді жоғарыда 
айтылған  пікірдің  екінші  жартысында  автордың  «...  сөздің  астары  мен  төркініне  мифтік  сана 
тұрғысынан...  қарағанда  ғана  «сөздер  сөйлеп  кетеді»,  –  дегенімен  келісу  қиын.  Яки,    мифтік  сана 
арқылы  көптеген  мəселелерге  өте  жақын  баруға  болғанымен,  тілдің  бүкіл  мəселелерін  мифтер 
арқылы  шешіп  тастауға  болмайды.  Біздіңше,  бұл  –  мəселеге  керісінше,  теріс  жағынан  келу  болып 
табылады. Теріс жағынан келу дейтін себебіміз – біздің түсінігімізде, сөз негізінде миф жасалған жоқ, 
мифтер сөз негізінде пайда болған.  
Енді  бұл  мəселенің  кейбір  теориялық  жайларының  қазіргі  ғылымда    қарастырылуына  келейік. 
Миф пен тілді салыстыра қараған кей орыс ғалымдары қазірде тілді (тілдік танымды) мифке (мифтік 
танымға)  қарағанда  кейінгі  орынға  қойып,  осыған  сəйкес  тілдің  орынын,  оның  ғаламтанымдық 
қызметін екінші орынға ығыстырып, ал мифтік танымды алдыңғы қатарға шығарып жүр: яки, əуелі 
адамзат  баласы  дүние-ғаламды  мифологиялық  таным  арқылы  таныған,  ал  тілдік  таным  кейінгі 
құбылыс  дегенге  саяды.  Тіпті  тілдік  танымды  ғылыми  таным  емес,  қарапайым  білім  деп,  ал  нағыз 
ғылыми  түсінік  негіздері  мифтік  танымда  жатыр  дегенді  айтады.  Мысалы,  Н.Б.Мечковская:  «По 
своему содержанию семантическая система языка ближе всего к обыденному сознанию... Язык – это 
с  р  е  д  с  т  в  о,  а  не  содержание;  семантическая  оболочка  общественного  сознания,  но  не  само 
содержание сознания... Если язык – это универсальная оболочка общественного сознания, то религия, 
точнее,  мифолого-религиозное  сознание  человечества  –  это  общий  родник  самых  глубоких  и 
жизненно важных смыслов общественного сознания. Из мифолого-религиозного сознания развилось 
все содержание человеческой культуры, постепенно приобретавшее семиотически различные формы 
общественного  сознания  (такие  как  обыденное  сознание,  искусство,  этика,  право,  философия, 
наука)»[5,  36],–  дейді.  Біздіңше,  тарихи-генетикалық  қалыптасуы  мен  қызметі  тұрғысынан  тілдік 
сананы  діни-мифологиялық  санадан  кейінгі  орынға  қою  –  тіл  табиғатын  тереңнен  тани  алмаудың 
көрінісі. Шынында, миф дегеннің бір парасы –  ежелгі тілдегі əбден ұмытылып қалған сөз мағынасын 
қайта тану бағытындағы ізденістерден туған халық шығармашылығының жемісі.  
А.А.Потебня:  «В  мифологий  мы  должны  отличить  два  совершенно  разные  области:  первая  есть 
продукт  мифологического  обьяснения  явлений  реального  мира,  вторая  –  продукт  забвения  смысла 
слов,  затемнения  речи.  Содержание  первой  –  реальный  мир,  изьясняемый  мифически, 
действительность  ненаучного  понятия  (анропоморфическое  миросозерцание),  содержание  второй  – 
фантастический  мир  мифических  образов,  сфера  сверхестественного,  поставленная  за  пределами 
чувственного  мира;  первую  мы  называем  мифическим  миросозерцанием,  вторую  -  мифологией»[6, 
226],  – дейді. Мысалы,  креске  таңылған Христос туралы  миф  белгілі.  Шындығында,  «Бұл  аңыздың 
(мифтің) шығуы немен байланысты?» – дегенде, біз «христ» сөзі мен «крест» сөзінің ұқсастығынан, 
деп білеміз. Шынында, Христос сөзінің шығу негізінде ҺУ «құдай, жоғарғы əлем» + ур «етістік» + ус 
«ЕС/СӨЗ»  ұғымдары  тұр.  Бұл  жағынан,  ол  біздің  қазіргі  тіліміздегі  «Құдай»,  «Құран»    сөздеріне 
ұқсас. Мысалы, «құран» сөзін құ «Һу – Жаратушы» +ур + ан/үн «сөзі», – деп түсіндіруге болар еді. 
Сондай-ақ,  «Бақ  қарасын,  Қыдыр  дарысын»  деген  тəмсілдегі  Бақ  туралы  мифтік  түсінік  те  осыған 
ұқсас: Бақтың екі көзін қалың қабағы жауып тұрады екен...   Бірақ мұндағы негізгі мотив те сөзден 
шыққан деп білеміз: Бақ – көз, қарау, – деген ұғымды білдіретін сөз. Мұндай мысалдар көп-ақ. 
Автордың  мифологиялық  əдіспен  түсіндіріп  отырмын  деген  сөздерінің  біразы  тіл  теориясы 
тұрғысынан  сын  көтермейді.  Бір  ғана  мысал:  ол  «Жұт»  жəне    «Кер  жұтпа»  сөздерін  дəлелдемек 
болады.    Алғашқы  сөзді  түсіндіргенде,  кіндікті  шеңбер,  яки,  «абақ»  таңбасын  жұтудың  бейнесі 
244


ретінде  түсіндіреді:  мұндағы  шеңбер  –  ауыз  екен,  ал  кіндік  нүкте«өңеш  тесігі»  екен,  ал  олардың 
дыбыстық негіздері «йұнт/жұнт» екен, осыдан келіп автор, қалай екені белгісіз, «жұту» ұғымы мен 
осы сөзді шығарады. Ал «кер жұтпа» туралы екінші мысалында: «Алтайлық түркілердің мифтерінің 
бірінде бас Тəңірие Өлгеннің (ШБ: Ульгэн, Еркэн...) «ғаламдық мұхитта мекендейтін Ақ Ененің (ұлығ 
Ана)» бұйыруымен ғаламды жасағандығы баяндалады. Міне, оның жасаған ғаламында «Кер тютпа» 
(Кер  тұтпа)  деп  аталған  балық  пішінді  екі  құбыжық  жерге  тіреуіш  болып  тұрады  екен  Ал 
В.Радловтың    жазбаларында  əлгі  «кер  тұтпа»  деген  бейненің  есімі  «кер  ютпа»  (кер  жұтпа)  түрінде 
берілген,  осы  есімдік  нұсқаны  (?-ШБ)  дұрыс  нұсқа  деп  есептеуге  болатын  сияқты...»,–  дей  келіп, 
мұндағы «кер» сөзіне кейін тоқталармыз, ... деп, жұтпа деп алған сөзін осының алдында ғана айтқан 
«жұту»  сөзімен  байланыстырады  [4,  198].  Бірақ  бұл  түсіндірме  мүлде  қисынға  келмейді.  Тарихи 
грамматиканың  қарапайым  түсінігінде  түркілік  «кер»  сөзінің  «жер»  ұғымын  білдіретіні,  ал  «тұту» 
сөзінің  «ұстау»  (бұл  жерде:  «көтеру»)  мағынасы  бар  екендігін,  яки,    əлгі  мифтік  бейненің  «жерді 
көтеріп тұрғандығы» туралы түсінік автордың қаперіне келмейді, оның орынына əлдебір өз қиялынан 
туған, бірақ ақиқатқа еш сəйкеспейтін пікірді алға тартады. 
Рас, мифолог ғалымдар айтқандай, тіл негізінде метафоралық бейнелер бар. Бірақ тіл негізіндегі 
осы  «метафоралық  бейнелер»  дегенді  мифолог  ғалымдардың    өздері  де  əртүрлі  түсінеді.  Сөз 
негізіндегі  метафоралық  бейнелер  дегенде,  біз  сөз  пайда  болуына  негіз  болып  тұрған  таңба-
нышандарды  түсінеміз.  Əдетте,  семиотика  ғылымының  зерттеу  обьектісі  болып  табылатын  таңба 
мəселесінің  əлі  де  түсініксіз  болып  келген  жайлары  көп.  Біздегі  таңба  ұғымы  орыс  жəне  батыс 
ғылымында  знак  немесе  sign  терминдері  арқылы  түсіндіріледі.  Ал  осы  знак  термині  мен  біз  айтып 
отырған  таңба  термині  өзара  мағыналық  жақтан  мүлде  сəйкеспейді.  Бұл  жайлы  біздің  еңбегімізде 
жан-жақты айтылған[7, 18]. Яғни,таңба сөзінің қазақ тілінде білдіретін ұғымы орыс не өзге тілдерде 
жоқ. Біздің түсінігіміздегі таңба қазіргі ғылымда қалыптасып отырғандай жай ғана знак-белгілеуші 
емес, аса терең мағыналы, сакральды сипаттағы ерекше құбылыс. 
Семиотика  ғылымы  –  өткен  ғасырдың  60-жылдарында  ғана  қалыптасқан  өте  жас  ғылым  деп 
есептеледі.  Сонан  да  болар,  қазіргі  семиотика  ғылымында  «знак»  туралы  ұғымның  жалпы  ғылыми  
анықтамасының  өзі  нақты  айқындалмаған.  Бұл  жердегі  мəселе  мынада  –  семиотика  ғылымы 
жаратылыс-болмыстағы,  қоғамдағы  барша  құбылыстарға  –    мəдениетке,  əдебиетке,  фольклорға,  
киноға т.б. салаларға – ортақ семиотикалық жүйені тапқысы келеді жəне осы жалпы семиотикалық 
жүйе арқылы тілдің де белгілер (знактар)  жүйесі ретіндегі сипатын анықтамақ болады. Бірақ мұндай 
жалпыға  ортақ  жүйені  белгілеу  мүмкін  болмай  отырғанын  семиотика  ғылымы  қазірде  өзі  де 
мойындайды. Тілдің таңбалық сипаты айқын анықталмаған соң, оның шынайы табиғатын түсіну де 
мүмкін болмайтыны белгілі.  
Тілге  қатысты  мəселеге  келгенде,  біз  знак  (белгі)  терминін  мүлде  қолданбаймыз,  тек  таңба 
терминін ғана пайдаланамыз. Өйткені жоғарыда айтып өткеніміздей, тілді «белгілер жүйесі» (қазіргі 
қолданыспен айтсақ, «таңбалық жүйе»)  ретінде қарастыру өз нəтижесін  берген жоқ. Сондықтанда 
қазіргі  тіл  біліміндегі  тілдік  таңба  деп  аталып  жүрген  мəселе  тіпті  түсініксіз  жағдайға  тап  болып 
отыр.  Өйткені  тіл  таңбалық  жүйе  ретінде  танылғанмен,  тілдің  осы  таңбалық  элементі  əлі  дұрыс 
айқындалмай  отыр.  Қазіргі  ғылымда  қалыптасып  отырған  «сөз  –  таңба»  (сөйлем  –  таңба,  мəтін  – 
таңба)  көзқарасы  тілдің  жаратылыс  табиғатына  қатысты  алғанда,  ешнəрсені  де  айқындай  алмайды, 
өйткені таңбалық сипат тілдің бүгінгі күнгі болмысынан емес, ең əуелі, тілдің пайда болу негіздеріне 
қатысты қарастырылуы керек. Сонда ғана ол тілдің жаратылыс-болмысын дұрыс таныта алмақ.  
Адамзат  баласының  барша  ақыл-ой  қазынасы,  ең  ежелгі  тілжасам  кезеңдерінен  бастап-ақ,  оның 
тілінде  бейнеленгені  бекер  емес.  Тіл  –  ойлаудың  шындығы.  Əрине,  ғылым  тарихында,  тіпте  күні 
бүгінге дейін бұған қарама-қайшы пікірдегілер де табылады. Егер тіл мен ойлау бірі мен бірі тығыз 
байланысты  дейтін  болсақ,  онда  ойлаудың,  яки,  біздіңше,  ғаламтанымдық  ойлаудың,  негізгі 
принциптері адамзат тілінде көрінуі керек. Бұл жерде «тығыз байланыс» дегенді де анықтай кетуіміз 
керек. Біз «тығыз байланыс» деп тіл мен ойлаудың арасындағы заңдылық жүйедегі байланысты, яки, 
«бірі  бірінің  нəтижесі  болатындай»  байланысты  түсінеміз.  Қазіргі  түсініктегі  «тілдік  таңба  (сөз)  – 
шартты белгілер ғана» дегенде мұндай тығыз байланыс жоқ. Бұл, шынына келгенде, «не болса сол не 
болса соны бейнелей береді» дегенге саяды.  
Біздің  «ғаламтанымдық  ойлау»  деп  отырғанымыз  –  қазіргі  түсініктегі  дүниетанымдық  ойлаудан 
мүлде  өзгеше,  яғни,  ғаламдық-жаратылыстық  болмыстың  құрылымдық-семантикалықь  жүйесі  мен 
заңдылықтарын  тану  бағытындағы  ойлау  болып  табылады.  Ал  «бейнелі  түрдегі  таңба-нышандар» 
дегеніміз  –  ең  ілкі  сөзжасам  негіздеріне  алынған  бейнелі  түрдегі  əмбебап  тілдік  таңба-нышандар. 
Олай  болса,  біздің  тіл  табиғатын  тереңдей  зерттеу  мүмкіндігіміз  де,  мифтік  материалдарға  емес, 
тілдік материалдарға ғана қатысты болады. Ал мифтік материалдардың тіл табиғатын түсінуге жақын 
болатын  себебі  –  мифтер  тіл  негізінде  жасалған.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  С.Қондыбайдың  сөз 
табиғаты  арқылы  мифологиялық  қазыналарды  игеру  талабын  түсінуге  болады,  дегенмен  мəселе 
өзінің қалыптасу жүйесі бойынша емес, қарама-қарсы бағытта алынған. С.Қондыбайдың мифтерден 
245


тауып  жүрген  таңбалары  əуел  бастан-ақ  тіл  негізінде  тұрған  таңбалар.  Мəселеге  тіл  арқылы 
келмегендіктен  де  автор  осы  таңба-нышандардың  жаратылысын  анық  түсіне  алмай,  бірқатар 
қателіктерге жол береді. Тілдің жаратылыс-болмысында адамзаттың барша ғаламтанымдық қазынасы 
сақтаулы. Олардың ішінде қазірде ғылыми деп танылып жүрген салалар да, ғылыми емес, қарапайым 
білім деп танылып жүргендері де – бəрі де бар.   
С.Қондыбай өзінің тілші ғалым емес екендігін өз еңбектеріне үнемі сөз арасында айтып отырады. 
Тілші  маман  болмағандықтан,  оның  бұл  мəселеде  талай  қиындықтарға  кезігуі  күмəнсыз,  біз  мұны 
автордың  еңбектерінен  жиі  аңғарып  отырамыз.  Автордың  «абақ  таңба»  туралы  көзқарасына  назар 
аударалық.  Шынында,  бұл  бейне-таңба  біздің  еңбегімізде  де  бар  [2,  186].  Бірақ  біз  оны  бұлайша 
атаған жоқпыз. Əдетте абақ сөзі кей ру атауларында (абақ керей т.б. ) кездеседі, сондай-ақ ол балық 
шаруашылығында қолданылатын жылым жеп аталатын үлкен ау-құралдың бір негізгі бөлігі. Абақ —
балық  аулайтын  жылым  деп  аталатын  үлкен  ау-құралдың  негізгі  бір  бөлігі.  Яки,  жылымның  орта 
тұсындағы  аузы  тарлау  келген  қуыс  «қалтасы»  əуелде  абақ  деп  аталды.  Абақ  –  ішіне  кірген  балық 
қайта шыға алмайтын етіп үлкен қап пішінінде жасалған бөлік. 
 
Яки, автордың абақ формасы деп отырғаны – шеңбер-қоршау формасы[сызбада]. Біз мұны шар-
қоршау  деп  атадық.    Бірақ  автордың    осы  сызба-бейнедегі  шеңбер  мен  нүктені  неден  шығарып 
алғаны түсініксіз. С.Қондыбайдың абақ таңбасы мен біздің шар-қоршау таңба-нышандық бейнемізде 
(таңбамызда) жазықтықта кескінделуі тұрғысынан еш айырма жоқ: 
                      
                                   
 
С.Қондыбайдың «абақ»таңбасы.         Ш.Бекмағамбетовтің«шар- 
 
 
 
 
 
 
 
 
              қоршау»таңбасы 
 
Бізде«шар-қоршау» ұғымы да, «кіндік нүкте» ұғымы да нақты сөздерден, яки, тілдік деректерден  
шығады:  УП  «шар-қоршау»  жəне  УН  «нəт/негіз»  ұғымдарының  арғы  тегінде  «Ғалам  жəне  Мен» 
ұғымы  тұрады.  Біз  бұл  таңба-бейнелерді  жалпы  адамзатқа  ортақ  бейне-нышандық  сипаттағы 
ғаламтанымдық  ойлаудың  жемістері  деп  білеміз  де,  ментальдық  тұрғыдан  келгенде,  мұндағы  УП-
қоршаудың  (шар-қоршау)  «Ғалам»  ұғымын  білдіретін  бейне  (таңба-нышан)  екенін,  ал  УН-нүктенің 
ғаламды  сана  арқылы  қабылдаушы  адам  –  антропос  («Мен»)  ұғымын  білдіретін  нышандық  бейне 
(таңба-нышан) екенін айтамыз. Ал материалдық тұрғыдан келгенде, УП-«шар-қоршау» бейнесі бүтін 
затты, ал УН-«нүкте» бейнесі сол заттың шығу тегін, нəтін білдіреді деп танимыз. Бұл түсініктерді біз  
тілдік  материалдарды  терең  зерттеулер  арқылы  айқындадық.  Бұл  –  адамзат  тілі  пайда  болуының 
негізінде жатқан ғаламтанымдық сипаттағы антропоөзектік жүйе көрінісі.  
С.Қондыбайда  нүктені«көрілмес»  (нұр,  абсолют,  иррационал  трансцендентті  дүние  дейді  де, 
шеңберді «көресін» (сəуле... жаралыс...) деп түсіндіреді. Жəне нүкте-абсолют туралы мəселеге өзінің 
бармайтынын да ескерткен. Ол:  «Мен осы доктринаның (Нұр) қандай екенін нақтылап жатпаймын. 
Оны  «көру»  пенде  баласының  пешенесіне  жазылмаған.  Сондықтан  да  мен  осындай  ақиқатты 
нақтылай  отырып, іс жүзінде осы  мəселені  өз  кітабымда  қарастырмаймын. Мен  үшін  маңыздысы – 
трансцентентті  –  яки,    құдайы  құдыретті  мойындау  ғана»  [4,39],  –  дейді.  Біздіңше,  «нəт/негіз»  деп 
аталатын кіндік нүктені қарастырудың маңызы зор. Ол – көрілмес емес, кез келген материалдық та, 
ментальдық та болмыстың нəті, негізі: алма болса – дəні, тіпті дəнінің де ішіндегі нано бөліктері. Ал 
ой  не  сезімді  алсақ,  оның  да  бастау  көзі  осы  УН-негізде  жатыр.  Яки,    нəтсіз,  негізсіз  ештеңе  жоқ. 
Тіпті  Абсолюттің  өзінің  біз  білмейтін  абсолюттік  негізі  бар.  Сондықтан  автордың  «көрілмес»  деп 
қарастырып отырған обьектісін Абсолют-Құдай деп қарастыру – өте шартты нəрсе, ол – жаратушы 
емес, жаралушы  негіз  – нəт/дəн –  на-на-на-на...    деп  тану  керек.  УН  – дəн,  нəт болғандықтан,  оны 
алуан  түрлі  ғылыми  тəсілдер  арқылы  тану  мүмкіндігі  зор,  тіпте  оны  танымай  УП-ты  тану  мүмкін 
емес. Ал екінші жағынан, УН элементінің ең түпкі негіздеріне барсақ, мүмкін, жаратушылық нəт те 
сонда болар деген тəрізді түйсікке жол беруге болатын шығар.  
Енді шеңбер дегенге келсек, оны біз  «шар-қоршау» деп танимыз дедік. Автор оны «Ғалам» деп 
атаған,  бізде  де  солай,  бірақ  ғаламның  бейнесі  шеңбер  емес,  «шар-қоршау»  түрінде  таңбаланады  – 
ойлауда да, тілде де солай. Ал шеңбер қоршау – «УҚ-қоршау», оның миссиясы өзгешелеу. Серікбол 
өзінің  «шеңберін»«нұршашу,  нұртөгім,  нұрғиса...»  деп  те  атайды.  Яки,    бұл  –  көресін  –  рационал 
жолмен  тануға  болатын  дүние.    Бұл  жерде  автордың  нүктені  (УН-ды)  рационал  жолмен  тануға 
болмайды деп білетіні айқындала түседі. Ал осындағы шеңберге келсек (бізде ол – «шар-қоршау) ол – 
шартты түрдегі ғана қоршау, өйткені ол – Ғалам, ол – біріншіден, тануға мүмкіндігі бар шектерден, 
екіншіден,  тануға  аса  қиындық  келтіретін,  тіпті  тану  мүмкін  болмайтын  шексіздіктерден  тұрады. 
Демек  иррационалдық  мұнда  да  бар,  яки,    бұл  тұрғыдан  келгенде,  нүктенің  ішкі  тереңдіктері 
қаншалықты  шексіз  болса,  шар-қоршаудың  да  сыртқы  мүмкіндіктері  сонша  шексіздіктерге  кетеді. 
Сондықтан  біз  УП  шар-қоршау  ұғымының  негізгі  мəні  –  Ғалам  деп  білеміз.  Ғалам  ұғымының  осы 
246


түсінігінде  Жаратушы ұғымы да  тұр:  ғалам –  бір,  тұтас;  Жаратушы  да  –  бір, бөлінбейтін  тұтастық. 
Жаратушы бір Алла дегенде біз екінші жағынан, осы ғаламдық біртұтастықты да түсінеміз.  
С.Қондыбай УН-ды Абсолют деп танитынын айтқанбыз, ал біз оны конкреттілік ретінде (обьект, 
бар нəрсе...) таныдық. Ал абсолюттілік оның түпкі шексіздігінде жатыр деуге болады. Шар-қоршауды 
біз абсолют дедік, екінші жағынан, ол – абстракт: адамзат баласы əуелде абстрактыны, яки,  жалпыны 
таныды – ғаламды тұтасымен таныды, жеке-жеке заттардан құрап ғалам жасаған жоқ, тұтас ғаламды 
тану  арқылы  оны  бөлшектерге  (тараптарға,  өзек  пен  нəтке/негізге...)  бөлді.    Бұл    бізде  – 
ғаламтанымдық  түсінік  деп  аталды  жəне  ол  қазіргі  ғылыми  танымдық  түсініктермен  бірдей,  тіпті 
қазіргі ғылым ол түсініктердің біразын енді ғана ашу үстінде деп айтуға да болатын тəрізді. Мысалы, 
қазіргі нанотехнологиялық бағытты айтуға болар.  
Шеңбер мен нүктені салыстыра келіп, автор: «Ғалам, оның шетсіздігімен, шексіздігімен, барлық 
тіршілігінің  жиынтығымен,  Баршылықтың  барлық  күйімен  қоса  алғанда,    –  бар  болғаны,  кіндік 
нүктенің,  яғни,  Нұрдың  универсал  жариясы,  көрінерлігі  ғана  болып  табылады.  Нұр  (кіндік  нүкте) 
болмаса,  Нұр  (кіндік  нүкте)  өз  нұрын  шашпаса  (өз  сəулелерін  таратпаса),  мына  Ғалам  да  (бүгінгі 
қазақтың келтіріміне сай айтқанда – Жалған, Пəни) болмас еді. Яғни, кіндік нүкте деп отырғанымыз – 
бақи, оның жариясы болған Ғалам – пəни» [2,42], – дейді. Автордың бұл салыстыруы да, біздіңше, 
нақты емес. Дəн болмаса, жеміс болмайтыны рас, бірақ екінші жағынан келгенде, дəн дегеннің өзі де 
белгілі бір тұрғыдан қарағанда, УП бүтіндік. Олай болса, біз олардың арасындағы байланысты дұрыс 
түсінуіміз керек. УН мен УП-ты біріне бірін қарсы қоюдың реті жоқ. Яғни, УН-ды бақи деп қарауға 
болмайды:  ол  да  фəни/пəни  –  «предметный».  Сол  сияқты,  шеңберді  (бізше:  УП  «шар-қоршауды») 
таза фəни деу де қисынсыз. Рас, ол – Ғалам – өзінің барша шексіздігімен ұлы ғалам, ол осынысымен 
де  УН-шексіздікпен  теңдеседі,  яки,    бақилық  та,  фəнилік  те  екеуіне  бірдей  қатысты:  жақын 
қашықтықта – екеуі де материалды, пəни, ал алыс қашықтықта екеуі де – бақи... УН жəне УП тілдік 
негіздерінің  бірі  мен  бірінің  өзара  байланысы  мен  ерекшеліктері  туралы  біздің  еңбегімізде  тілдік 
тұрғыдан тереңірек айтылған[2].  
«Абақ» таңбасы туралы айта отырып: «Осы таңбаның шығу уақыты адамзат тарихының ең түпкі 
бастауларына  кетеді»,  –  деп:  «Невозможно  зафиксировать  временное  происхождение  этого 
изображения, так как оно часто встречается на предметах доисторической эпохи; Несомнено, в нем 
нужно  видеть  прямое  восхождение   к  изначальной  традиции»,–  деген Р.Генон  пікірін  келтіреді.  Ал 
бізде бұл жалпы адамзат тілінің пайда болу негіздерімен  өте оңтайлы байланыстырылады. 
Символ  мəселесіне келгенде,  автор  нүкте,  шеңбер  дегендерді  символдар деп  біледі,  бірақ  Генон 
түсінігіндегі  символ  біздің  танымымызға  сай  емес.  Ол:  «Ең  қарапайым,  сонымен  бір  мезгілде,  ең 
универсал  жəне  ең  идеалды  геометриялық  символ  –  нүкте»  дейді  [4,  35].  Осы  «нүкте»  символы 
туралы айта отырып: «...символ өзінің символдап отырған затынан  (нəрсесінен, нысанынан) міндетті 
түрде  төмен  тұрады»  деген    Генон  пікірін  алға  тартады.  Біздіңше,  символ  мен  оның  символдап 
отырған затын бұлайша салыстыруға болмайды. Біздің түсінігіміздегі бір ғана символ бір затты ғана 
емес, мыңдаған заттарды символдай алады. Олай болса, оның қасиетін бұлайша пəс бағалаудың еш 
реті жоқ, қайта бұл жағынан келгенде, символ қандай да бір өзі символдаған затының барша мəнін 
бейнелей  алатынын  түсінуіміз  керек.  Айталық  УН-  «дəн/нəт»  (нүкте)  символының  бойында  кез 
келген  нəттің  (дəн,  атом,  клетка,  сана...)  ішкі  сипаттары  мен  қасиеттерін  сипаттай  алатын  ғажайып 
мүмкіндіктер бар: алманың дəнінен – алма, алмұрттың дəнінен – алмұрт шығады.  Жанды дүниенің 
генетикалық  тектері  нəтте  кодталған,  олар  бірнеше  ғасырлар  бойы,  тіпті    тарихқа  сыймайтын 
уақыттар бойы сақтала алады.  Яғни, символға екі жақты қарау керек болады: біріншіден, нақты затқа 
келгенде, ол сол нақты затқа, яки,  өзі символдайтын нəрсеге физикалық қасиеттері тұрғысынан емес, 
бейне-нышандық сипаты тұрғысынан балама болады, əйтпесе ол сол затты символдай алмаған болар 
еді.  Екіншіден,  нақты бір  ғана  затқа қатысты емес,  жалпы  символдық  сипатына келгенде,  ол  өзінің 
мағыналық ауқымдылығымен өте құдыретті, өте қабылетті болады, яки,  ол бірдей, ұқсас, біртектес 
(химиялық биологиялық не физикалық тұрғыдан емес) заттар мен құбылыстарды ғана емес, тіпті əр 
тектес, бірімен бірі мүлде ұқсамайтын заттарды да символдай алады. Мысалы, аталған монографияда 
УП «шар-қоршау» ұғымының 30-ға тарта логикалық ұғымдарын көрсеттік, солардың əрқайсысының 
өзінен біріне бірі ұқсамайтын сан алуан заттар бейнелене алатыны айқын көрінеді. 
Қорыта  келгенде,  таңба  атаулының  басы  –  тілдік  таңба-нышандарда  жатыр.  Тілдік  таңба-
нышандар  табиғатын  тереңнен  тану  арқылы ғана біз  жаратылыс-болмыстағы  (соның ішінде  мифтік 
болмыстағы да) барша таңбалар табиғатын түсіне аламыз. 
 
Əдебиет: 
1.
  Афанасьев А.Н. Поэтические воззрения славян на природу. - М., 1965.  
2.
  Бекмағамбетов Ш. Тіл генетикасы: тілдік таңба-нышандық жүйе. Алматы: Үш қиян, 2014.  - 319 б. 
3.
  Сагалаев А.М., Октябрьская И.В., Львова Э.Л., Усманова М.С. Традиционное мировоззрение тюрков 
Южной Сибири. Пространство и время. - Новосибирск, 1988. 
4.
  Қондыбай С. Арғы қазақ мифологиясы. – Алматы: Арыс, 2008. 
247


5.
  Мечковская Н.Б. Язык и религия. Учебное пособие. – Москва, 1998. - 349 с. 
6.
   Потебня А. Слово и миф. - М., 1989 
7.
 
Бекмағамбетов Ш. Тілдік таным негіздері жəне тілдік символдар. -  Алматы, 1999. - 218 б.
 
 
 
Ақбердыева Б. 
филол.ғ.к. Ш.Есенов атындағы Каспий  
мемлекеттік технологиялар жəне  
инжиниринг университетінің доценті 
 
Тілдегі ассоциациялық байланыстар мəселесі 
 
Өткен  ғасырдың  50-жылдары  лингвистика  мен  психологияның  түйісінде  жаңа  ғылым  – 
психолингвистика пайда болды. Бұл бағыт сөз мағынасының психологиялық жағымен шұғылданды. 
Яғни қабылдау, əңгімелесу, индвидтің жеке қасиеттері т.б. толып жатқан психологиялық мəселелер 
мен  семантикалық  ара  қатынасын  анықтаумен  айналысты.  Ауызекі  сөйлеу  актісіндегі  мағынаның 
құрылымдық  сипаты,  психологиядағы  мағына  рөлі  т.б.  мəселелер  бұл  ғылымның  маңызы  жоғары 
екенін  көрсетті.  Көбіне,  психолингвистика  жеке  адамдар  мен  əр  түрлі  деңгейдегі  адамдарға 
психолингвистикалық эксперименттер жасау арқылы мағына табиғатын анықтауға тырысты. Шетел 
писхолингвистикасының 
негізін 
салушы 
ғалымдар 
Т.Слама-Казаку, 
Г.Хауэс, 
И.Осгуд, 
М.Миллер,Р.Кейсли, Дж.Диз, У.Ламберт, Н.Моор, С.Ервин, Х.Поллио жəне  т.б. Психолингвистика 
негізінен  мағынаның  ассоциацияларын  эксперимент  арқылы  зерттеумен  айналысқандағы  мақсаты, 
сөздің  мағыналық  құрылымын  айқындау.  Бұл  саладағы  жұмыстар  тілдерді,  сол  тілдердің 
диалектілерін  өзара  салыстыру,  сұрақ-жауап  түрінде  анкета  жүргізу  т.б.  психологиялық 
эксперименттер арқылы жүзеге асты. Бұл бағытта мына екі аспектіде қаралды: мағына – объективті, 
психикалық  факт  ретінде  не  мағына  сөлеушінің  санасына  байланысты  субъективті  факт  ретінде. 
Сөздердің  мағыналық  құрылымының  компоненттеріне  жекелей  эксперименттер  жүргізе  отырып, 
олардың  психологиялық  ерекшеліктерін  ашты.  Адамның  психо-физиологиялық  сөйлеу  тіліндегі 
өзгерістерін  айқындады.  Бұл  бағыттың  негізгі  жұмысы  синтагматикада  жүзеге  асуда,  сол  себепті 
оның шұғылданатын мəселесінің ауқымы қазіргі таңда өте кең көлемде екенін айтқан жөн.  
Психолингвистика  –  бұл  экспериментальді  ғылым,  дəстүрлі  лингвистика  байқау  əдісі  арқылы 
дайын  мəтінді  тексерсе,  психолингвистика  сол  мəтіндердің  құрылымдық  жағынан  түзілу  үдерісін 
тəжірибе жүргізу арқылы анықтайды. Мұнда ең бастысы, тілді адамнан бөліп қарау емес, керісінше, 
тілдің адамның сөйлеу қызметінде қолданылуы [1,441].  
Психолингвистика  дəстүрлі  тілтанымда  жинақталған  теориялық  материалдарды  жоққа 
шығармайды,  керісінше,  оны  өз  тəжірибесінде  пайдаланады.  Ол  қарастыратын  басты,  маңызды 
мəселелердің  бірі  -  адамның  сөздік  қорының  түзілуі.  Ең  алдымен,  адамның  тілді  қолданудағы 
психологиялық іс-əрекеттердің жұмысын қарастыру, яғни адам не себепті сөзді түсінеді, неліктен кез 
келген сөзді айту арқылы оған сол мезетте жауап бере алады?Міне, осы сұрақтардың жауабын сөздік 
қордың  реттелуі,  тəртібі,  жүйесінен  іздеу  керек  [2,  8].  Сөздік  қор  (лексикон)  белгілі  бір  тəртіпке 
келтірілген жүйе, онда алынған ақпарат сұрыпталып, екшеліп, орын-орнымен орналасқан. Сондықтан 
қажетті ақпарат өте оңай алынады. Тілші-ғалым Е.С.Кубрякованың айтуына қарағанда бұл жүйенің 
негізінде ассоциациялар жатыр. Бірақ  ассоциациялар бір сөзде əртүрлі болуы мүмкін [3,99].  
Тілдегі  семантикалық  үдерістерді  психологиялық  жағынан  түсіндірудің  қажеттілігіне 
алғашқылардың  бірі  болып  ХІХ  ғасырда  көңіл  аударған  неміс  ғалымы  –  В.Вундт  болды.  Оның 
негіздемесінде  сөздердің  мағыналарының  ауысуының  төрт  түрлі:  тарихи,  логикалық,  этикалық, 
теологиялық  көзқараста  қарастыру  керек  дейді.  Ол  тілдегі  семантикалық  құбылыстарға 
психологиялық тұрғыдан қарау ең дұрыс сенімді, тексерілген түрі деп есептейді [4, 78].  
Сөздердің  мағыналарының  өзгеру  заңдарын  В.Вундт  жалпы  ассоциативті  байланыстар  заңы  деп 
есептейді.  Оның  үш  түрі  бар.  Біріншіден,  бұл  байланыс  ұқсастығына,  іргелестігіне  (кеңістік  пен 
уақыт)  жəне  қарама-қайшылықтығына  қарай  болып  бөлінеді.  В.Вундт  семантикалық  өзгерістерді 
регулярлық,  сингулярлық  (жеке)  деп  жіктейді.  Біріншісі  –  жалпыпсихологиялық  уəждермен 
шектеседі, бұған ассимилятивті өзгеру (ауысулар) жатады. Мысалы: дене мүшелерінің атауын басқа 
заттарға  теліп  айту  –  үстелдің  аяғы, домбыраның құлағы,  терезенің көзі  т.б.  компликативті  (белгілі 
бір  сезім  органдары  немесе  сезімдермен  байланысты  сөздердің  басқа  сезімдік  қабылдау  аумағында 
қолданылуы)  жарқын  дауыстар,  суық  түсті  бояулар  т.б.  яғни  адам  ыстық  оттың  жалыны  қызыл, 
қызғылт екенін, суық мұздың түсі көкшіл, жасыл, қара көк екенін бала күнінен біледі, тіліміздегі түсі 
суық,  өңі  жылы  деген  тіркестердің  төркіні  осыған  барып  саяды;  эмоционалды  (сөз  ұқсас  эмоция 
шақыратын затқа таңылады, сондай-ақ мағынаның ассоциациялық қоюлануы) – анықтағыш өзіне өзі 
бірге  жиі  қолданылатын  анықталғыш  мүшенің  мағынасын  таңдап  алады.  Екінші  типтегі  ауысулар 
248


жеке,  өзіндік  себептері  бар  семантикалық  үдерістерді  қамтиды.  Мысалы:  белгілі  бір  заттардың 
жасалған, шыққан жерінің атауымен аталуы жəне т.б.    
Дж.Диз, ассоциациялық байланыстарды лексиконның қалыптасуының негізі ретінде түсініп, жеке 
тұлғаның жеке сөйлеу тəжірибесіне сүйене отырып қарастыруды ұсынады. Ғалым ассоциациялардың 
пайда  болу  үдерісі  адамның  когнитивтік  қызметін  қамтамасыз  ететінін  ескертеді  [5,  53].  
Ассоциациялар  туралы  жаңа  көзқарастар  экспериментальді  зерттеулердің  пайда  болуына  əкелді. 
Мұнда  адамның  лексиконының  ішкі  құрылымын  тексеру,  айқындау  қолға  алынады.  Еркін 
ассоциацияларды  пайдалана  отырып  жүзеге  асырылатын  эксперимент  сөздердің  бір-бірімен 
байланысын,  адам  санасында  орналасу  тəртібін  зерттейді.  Оның  мəні:  адам  оған  берілген  стимул 
сөзге есіне бірінші түскен сөзбен немесе сөз тіркесімен, нақты айтқанда, реакция сөзбен жауап беру 
керек. Сол мезеттегі адам санасында болып жатқан байланыстар, құбылыстар ассоциациялық сипатқа 
ие болады.  
Тілдік  жүйедегі  сөз  өзінен  басқа  сөздермен  ассоциативтік  байланыста  болады.  Олар  тілді 
қолданушылардың  санасында  бір-бірімен  тығыз  байланысты  элементтердің  бірлігі  немесе  қарама-
қарсы мағынадағы қатынастар түрінде сақталады. Бұл бірлікке немесе тұтастыққа бір грамматикалық 
класқа кіретін сөздер жатады. Сөйлеушінің санасындағы сөздердің бір-бірімен қарым-қатынасының 
сипаты  парадигматикалық  ассоциациялардан  анық  байқалады.  Парадигматикалық  қатынастарға: 
синонимия,  антиномия,  гипперонимия,  гипонимия  жатады.  Ф.де  Соссюрдің  айтуынша 
ассоциациялық байланыс тек қана бір-бірімен парадигматикалық байланыстағы сөздердің қатарында 
туады  [6,43].  Келтірілген  сөздің  семантикасы  –  оның  синтагмалық,  парадигматикалық 
байланыстарының бірлігімен анықталатындығы белгілі болды.  
Парадигматикалық  байланыс  –  тілде,  ал  синтагматикалық  болса  сөйленімде  өмір  сүреді. 
Синтагматикалық байланысқа – сөйлеу қызметінің синтаксистік заңдылықтары жатады. Сөз-стимул 
сөз-реакциямен  синтаксистік  қатынасқа  түсіп,  сөз  тіркесін  немесе  сөйленімнің  негізін  құрайды. 
Синтагматикалық  ассоциацияны сөз табының категориялары бойынша бөлуге болады. Мысалы: зат 
есім-сын есім, зат есім-етістік т.б. дос-кездесу, дос-үш, дос-жақсы жəне т.б.Сөз-ассоциат – бұл тек 
қана заттардың, құбылыстардың атауы ғана емес, сонымен қатар олар адамды қоршаған əлемнің бір 
бөлігі,  адам  санасында  сəулеленуі  арқылы  олар  сол  халыққа  ғана  тəн,  сол  халықтың  мəдениетімен 
шектелген ерекше қасиеттерге ие бола бастайды [7, 64].    
Сонымен, ассоциация белгілі бір тілде сөйлеушінің рухани-танымдық игілігі болып саналады. Ол 
адамның сөйлеу қабілетін көрсететін тіл жүйесінің тереңінде жатқан мағыналардың байланыстарын 
бере  алады.    Сөзде  екі  мағына  бар:  біріншісі,  объективті-этимологиялық  жақын  мағына,  ол  заттың 
белгісін  көрсетеді,  екіншісі,  субъективті  алыс  мағына  мұнда  заттың  белгілері  көп  болады.  Сөздің 
бірінші мағынасы ойдың біздің санамыздағы мазмұны. Егер біз субъективті мағынаны алып тастасақ, 
сөзде дыбысталу, сыртқы форма жəне этимологиялық мағына қалады, ол да форма, яғни сөздің «ішкі 
формасы»  [8,  45].    Ол  ойдың  мазмұнының  санаға  қарым-қатынасын  білдіреді,  нақтырақ  айтсақ, 
адамның өз ойының өзіне қалай елестеуін көрсетеді.       
Ассоциациялық  қатарлар  əрбір  адамда  əр  түрлі,  яғни  адамның  дүниетанымы,  оның  тіл 
қолданысындағы  атаулар    құрылымы  мен  олардың  арасындағы  қарым-қатынастарға  байланысты 
жеке,  ерекше  болады.  Ассоциация  сипатына  сол  адамның  жасы,  жеке  басындағы  ерекшеліктері, 
географиялық  жағдайлары,  мамандығы,  жəне  т.б.  əсер  етеді.  Ал  ұлттық  ұжымдық  сана  немесе 
этностық  санада  ассоциация  тұрақты  болады,  өйткені  сөздер  арасындағы  байланыс  ұдайы 
қайталанып отырады.  
Қорыта айтқанда, сөйлеуші мен тыңдаушының ойлары тек сөзде ғана тоғысады. Белгілі бір сөзді 
айту үстінде сөйлеушілердің ойлары бірдей болмайды, себебі олар көз алдында тұрған бір затты өз 
таным-түсініктерінің деңгейінде ғана қабылдайды. Адамдар бір-бірімен заттардың белгілерін жеткізу 
арқылы  емес,  бір-біріндегі  түйсік,  елестерді,  ұғымдарды  қозғау  арқылы,  рухани  аспаптарының 
пернелерін дөп басу арқылы түсініседі. Соның өзінде бір нəрсе туралы əр адам əр түрлі ойлайды. Сөз 
тек ойлау құралы емес, адамның өзін-өзі тануының бірлігі, сондықтан ол адамдар арасында саналы 
байланыс  орнатады.  Адам  ойының  құдіретті  күші  сөздің  адам  санасындағы  бейнелерді  қозғауында 
емес, жандандыруында, адамның өз тарихи жадысының бай қорын пайдалануына жағдай жасауында 
деп  есептеу  керек.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  тілдің  терең  құрылымдарында  жатқан  ассоциациялық 
байланыстардың негіздерін анықтап, зерделеу жұмыстарын одан əрі жалғастырып, тереңдету қажет. 
 
Əдебиет:  
1.
  Лингвистический  энциклопедический  словарь.  Языкознание.    Под  ред.  В.  Н.  Ярцевой.  -  М.:  Советская 
энциклопедия, 1990.–683с. 
2.
  Сахарный Л.В. Введение в психолингвистику. - Л.: Изд-во Ленинградского университета,1989.–181с. 
3.
  Кубрякова E.С. Человеческий фактор в языке. Язык и порождение речи.-М.:Наука,1991.-240с. 
4.
  Вундт В. Проблемы психологии народов. - М.: Академический проект, 2010. - 136 с.  
249


5.
  Залевская  А.  А. Вопросы организации лексикона человека в  лингвистических и  психолингвистических 
исследованиях. - Калинин, 1978.-88с. 
6.
   Соссюр Фердинанд де Курс общей лингвистики. Пер. с французского. М.: Едиториал УРСС, 2004. - 256 
с.  
7.
  Залевская А.А. Проблемы организации внутреннего лексикона человека. – Калинин,  1977. - 83 с. 
8.
  Ғиздатов Ғ.Г. Тілдік жəне когнитивтік үлгілердің арақатынасы // ҚР ҒМ ҒА Хабарлары. - Тіл, əдебиет 
сериясы. - 1996.- №4.   
 
 
Аманбаева А. 
филол.ғ.к., А.Байтұрсынұлы атындағы  
Тіл білімі институты фонетика  
бөлімінің меңгерушісі  
 
Қазақ сөйленімін синтездеудің əдіс-тəсілдері 
 
Қазіргі  таңда  техниканы  адамның  қажеттілігіне  қарай  икемдеу,  яғни  компьютердегі  жазылған 
мəтінді  сөйлету  заман  талабына  сай  дамып  келеді.  Осы  орайда  қазақ  тіліндегі  мəтіндерді  сөйлету 
жəне оны компьютер бағдарламасының жадына енгізу қажеттілігі туындап отыр. Сөйленім синтезін 
құру үшін қазіргі таңда екі модель қарастырылған. Біріншісі – жеке дыбыстардың үлгісін диктордың 
дауыстап оқып, жазып алуы арқылы жүзеге асатын компилятивті синтездің моделі болса, ал екіншісі 
интонациялық тұрғыдан жүзеге асыратын формантты-дыбыстық модель. Осы екі модель сөйленімді 
синтездеу  үшін  қажет.  Осы  жазылған  дыбыстық  жазбалардың  қорын  пайдалану  арқылы  əрі  қарай 
модельдерді құрып, сөйленімді синтездеуге болады.  
Компилятивті модельді түзуде, ең алдымен, алдын ала шағын мəтінді дайындап алып, сонан соң 
синтезаторға  ұсынады.  Ол  үшін  жазылып  алынған  сөйленімнің  сапасы  өте  жоғары  болуы  керек. 
Сонымен қатар сапалы сөйленім синтезін алу үшін ең алдымен адамныңшынайы сөйлеген сөзі қажет. 
Өйткені  жазылған  мəтінді  оқыған  кезде  диктор  орфография  бойынша  оқып  шықса,  онда  ол  сəтті 
шықпайды. Осы орайда «тілдің ауызша формасында дыбыстар үндестік заңына сəйкес үнемі үйлесіп, 
жымдасып  қолданылады.  Егер  айтуда  осы  үндестік  заңы  сақталмай,  бұзылатын  болса,  мұның  өзі 
айтылу  мен  жазылу  арасын  парықтай  алмаудан  туады.  Өйткені  жазу  сөздің  айтылуын  дəл  бере 
алмайды.  Оның  үстіне  морфологиялық  принцип  басшылыққа  алынатын  қазақ  жазуында  түбірдің 
соңғы  дыбысы  көбіне  өзгеріссіз  жазылады.  Мысалы:  жан  етістігінен  өрбитін  жанды,  жанбады, 
жанған  жоқ  сияқты  формаларда  түбірдің  бастапқы  қалпы  сақталып  жазылады.  Алайда  осындағы  н 
əрпі  үш  сөз  формада  үш  түрлі  дыбысталады»  [1,  84].  Яғни  нд  тіркесімен  келгенде  жандысөзі 
айтылымда өзгеріссіз жандыболып айтылса,нб мен нғ тіркесіөзгеріскеұшырап, жанбады – жамбады, 
жанған  жоқ  –  жаңған  жоқ  болып  келеді.Оның  ғылыми  тұрғыдан  «қос  ерін  б  өзінің  алдында  тіл 
алды  н-ны  қос  ерін  м-ға,  ал  тіл  арты  ғ  тіл  арты  ң-ға  икемделеді.  Соның  нəтижесінде  нб  тіркесімб 
(жамбады),  нғ  тіркесіңғ  (жаңған)  болып  айтылады,  яғни  ң  дыбысы  бірде  м  бірде  ң  дыбысымен 
алмасады.  Ал  оны  алмастырған  м,  ң  дыбыстарының  да  осы  тұрғысында  (жамбады,  жаңған) 
ешқандай фонемалық мəні жоқ» деп негіздеуге болады [1, 84 б.]. Осы орайда қазақ тіліндегі вариант, 
вариация ережелерін де бағдарламаға дайындау қажеттілігі туындайды. Сондай-ақ қазақ тілінде қ – ғ, 
п  –  б,  б  –  п  дыбыстары  айтылу  кезінде  көрші  дыбыстардың  əсерінен  өзгерістерге  ұшырап  отырады. 
Мысалы,  жазылымда  ақ  ешкі,  ақ  жүн,  қара  қой,  жас  бала,  айтылымда  ағешкі,  ағжүн,  қарағой, 
жаспалаболып  айтылады.  Сондықтан  синтез  жасайтын  бағдарламаға  жазбаша  мəтінді  берген  кезде 
осындай  қазақ  тілінің  заңдылықтарын  ескере  отырып,  сөйленім  шынайы  шығу  үшін  орфоэпиялық 
заңдылықтарды  да  қоса  беру  қажет.  Яғни,  синтезатор  жазбаша  мəтінді  ауызша  сөйлеткен  кезде 
тілімізде болатын өзгерістерді ажыратуы үшін сөйленімнің траскрипциясын жəне түбір мен қосымша 
аралығында  болатын  өзгерістерді  компьютер  тіліне  икемдеп  берген  дұрыс.  Ол  үшін  компьютер 
бағдарламасына сөйлеу кезіндегі дыбыстардың əртүрлі өзгеріске ұшырауын жəне түбір мен қосымша 
аралығында  болатын  өзгерістерді,  яғни  морфонологиялық  (метатеза,  протеза,  эпентеза,  элизия, 
аферезис, гаплология т.б.) құбылыстарды ереже бойынша беру қажет. Мəселен, қазақ тілінде түбірге 
қосымша жалғанғанда дыбыстың өзгеріске ұшырайтын кездері де болады. Мұны дыбыс алмасу дейді. 
Оған мысал ретінде бақ – бағы, жақ – жағы, кек – кегі, кеп – кеуіп,қап – қауып, сақ – сағы, тарақ – 
тарағы, тап – тауып, тек – тегі, тақ – тағы,шап – шауып, шек – шегі, шеп – шебіт.б.Яғни осындай 
түбір  мен  қосымша  аралығында  болатын  өзгерістерді  де  синтезатор  бағдарламасына  ереже  ретінде 
берген дұрыс.  
Сонымен  қатар  қазақ  тілінде  көбінесе  қысаң  дауыстылар  əлсіреп,  көмескі  айтылып  редукцияға 
ұшырайды. Мысалы, адыраңдау, аңызақ, бадырақ, дəрігер, едіреңдеу, жадырап, жұмылу, жұдырық, 
иірім,  көбірек,  көбінесе,  көкірек,  қатынас,  қасірет,  құдірет,тəжірибе  сөзі  айтылымда  ад'раңдау, 
аң'зақ,  бад'рақ,  дəр'гер,  ед'реңдеу,  жад'рап,  жұм'лу,  жұд'рық,  и'рім,  көб'рек,  көк'рек,  көб'несе, 
250


қат'нас,  қас'рет,  құд'рет,тəж'рибет.б.  Яғни  сөйленім  синтезін  жасау  үшін  қазақ  тіліндегі 
редукцияға  ұшырайтын  сөздерді  жүйелеп,  синтезатор  бағдарламасына  енгізу  үшін  оның  ережесін 
беру қажеттілігі туындайды.  
Ал  енді  формантты-дауыстық  модельді  түзуде  нейронды  желі  жүзеге  асырылады.Сапалы 
модель  түзу  үшін  жəне  оның  күрделі  болуымен  байланысты  негізгі  тонның  жиілігі,  формант  саны, 
əрбір форманттың жиілігі сияқты негізгі параметрлері көрініс табады. Сөйлеу кезінде дыбыстардың 
өзгеріске  ұшырап  отыруымен  байланысты  бұл  параметрлер  де  (формант  саны  ғана  өзгермейді) 
өзгеріп  отырады  [2].  Сондықтан  сөйленім  синтезі  сапалы  болу  үшін  оның  əрбірінің  жеке-жеке 
моделін  түзу  қажет.  Ол  үшін  əрбір  дыбыс,  буын,  сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлем,  мəтін  бірліктерін  жіктеп 
шығу қажеттілігі туындайды.  
Микрофон  арқылы  жазылып  алынған  əрбір  дыбыс,  буын,  сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлем,  мəтін  осы 
сөйленім синтезін құрудың негізгі қоры болып табылады. Əрбір микрофон арқылы таспаға жазылып 
алынған  дыбыстан  сөйленімге  дейінгі  үлгілері  мен  компьютерде  терілген  жазбалары  сөйленім 
синтезін құрудың негізгі бастамы болып табылады. Сондықтан əрбір сөйлеу формаларының үлгілері 
модель  арқылы  көрсетіліп  беріледі.  Əрине  тілімізде  жазылым  (орфография)  бар  да,  оны  дыбыстау 
кезінде  əртүрлі  өзгерістерге  түсіріп  отыратын  айтылым  (орфоэпия)  бар.  Сондықтан  орфография 
бойынша терілген мəтіннің жазбасы мен оның аудиотаспаға жазылып алынған нұсқасын жазып алып, 
оның  қандай  өзгерістерге  ұшырайтынын  ең  алдымен  анықтап,  сол  бойынша  жұмыс  жүргізу  қажет. 
Яғни біз əрбір сөздің орфография бойынша жазылған мəтіні мен оның транскрипциясын қатар беріп, 
бағдарлама түсінетіндей ереже құрастырып беруіміз қажет.  
Қытай  елінің  тəжірибесіне  сүйенер  болсақ,  сөйленімді  синтездеу  үшін  бірнеше  ірі  Microsoft 
сияқты  корпорацияның  қолдауы  қажет,  оның  ішінде  арнайы  синтезаторға  мəтінді  енгізу  үшін 
дикторлардың сөйлеген сөзі үлгіге алынып, тағы да мыңдаған аламның сөйленімі жазылып алынып, 
синтезатор бағдарламасынаWord нұсқасында басылған мəтін мен оның аудиожазбасын қатар жинап 
отырады.  Сөйленім  синтезінің  бағдарламасы  жұмыс  істеу  үшін  ең  кем  дегенде  жүз  мың  сөйлем 
жазылу керек жəне оны фонетикалық корпус базасына енгізу қажет.Ең алдымен синтез жасап, сонан 
соң сөзді танытуға (распознавание) болады.  
Əрине біз сөйленім синтезін жасау үшін жекелеген дыбыстың өзін модельдеп, синтезаторға енгізе 
алмаймыз.  Өйткені  жекелеген  дыбыстарды  біріктіргенде  синтезатордан  шыққан  дыбыс  табиғи 
шықпай,  робот  сияқты  түсініксіз  сөйлейді,  өйткені  сөйлеу  кезінде  дыбыстар  əртүрлі  өзгерістерге 
ұшырап  отырады.  Сондықтанбіз  ең  алдымен  буын  аралығындағы  жəнетүбір  мен  қосымша 
аралығында  болатын  өзгерістерді  ажыратып  алуымыз  қажет.  Яғни  синтезаторға  сөйлеу  кезінде 
туындайтын  өзгерістерді  (элизия)  ажыратып  беру  қажеттілігі  туындайды.  Мəселен,  ала  алмады  – 
алалмады,  ала  ешкі  –  алешкі,  айта  алмайды  –  айталмайды,  жоғары  іл  –  жоғаріл,  жақсы  өнер  – 
жақсөнер,  жақсы  өлең  –  жақсөлең,  жиырма  алты  –жиырмалты,  қара  ала  –  қарала,  мына  адам  – 
мынадамт.б.Яғни  сөйлеу  кезінде  орфографияда  бөлек  жазылатын  сөздер  орфоэпияда  бір  деммен 
айтылып, арасындағы қатар келген дауысты дыбыстардың бірі түсіп қалады.  
Сонымен  қатар  элизияға  қарама-қарсы  құбылыс  аферезистің  (бунақта  қатар  келген  екі 
дауыстының түсірілмей айтылуы) де сөйленім үшін өзіндік орны бар. Яғни түбірін сақтау үшін қатар 
келген екі дауыстының түсірілмей бір деммен айтылуы. Қазақ тіл білімінде мұндай сөздер санаулы. 
Олар: де, же, бұ (л), о (л), не, шылау – да, де, та, те. Мəселен, не алдың?, не істейін? – деп жазамыз 
жəне  сөйленімде  де  солай  қалады.  Ал  бірақ  шылауда  басқаша.  Мысалы,  жазып  та  алды 
дегендіжазыпталды,  тұрып  та  ішті  дегенді  тұрыптішті,  мыс  па  екен  дегенде  мыспекендеп 
айтамыз. Яғни мағынасы сақталып, қатар келген екі дауыстының бірі түсіп қалады [1,82 б.].
 
Сондай-ақ, сөздің соңғы дыбысы с немесе з болып, оған с, ш дыбыстарынан басталатын қосымша 
жалғанғанда,  сөйлеу  кезінде  з  дыбысы  с-ға,  с-дыбысы  ш-ға  айналады.  Мəселен,  ауызша–  ауұшша, 
басшы  –  башшы,  жазсын  –  жассын,жұмысшы  –жұмұшшұ,  көзсіз  –  көссүз,сөзсіз  –  сөссүзт.б 
[3].Сондай-ақ,  сөздің  соңғы  дыбысы  н  болып,  оған  ғ,  г,  б  дыбыстарының  бірінен  басталатын 
қосымша жалғанғанда, алдыңғы дыбыстың өзгеретінін де ажыратып беруге болады. Мəселен, күнге – 
күңге, түнге – түңге, жанбайды – жамбайды, сөнбейді – сөмбейді,жанға –  жаңға т.б.   
Қазақ  тілінде  буындардың  тізбегінен  сөз  құралып,  мағыналық  жағынан  жымдасып  бунақ 
құралады.  Яғни  бірнеше  буынның  тұтасып  шоғырлануынан  бунақ  құралады.  Ғылыми  негіздерге 
сүйенер  болсақ,  «бір  бунаққа  енген  сөздердің  жапсарларында  (араларында)  қатар  келген  буындар 
(əсіресе дыбыстар) бірімен-бірі үндесіп, кейде сандық, сапалық өзгерістерге ұшырап, кей дыбыстар 
бір буыннан екінші буынға өтіп кетіп жатады [1,94 б.].Яғни қазақ тіліндегі алты түрлі буын (А, ВА, 
АВ,  АВВ,  ВАВ,  ВАВВ)  өзара  қарым-қатынасқа  түскенде  бастапқы  қалпын  кейде  сақтап,  кейде 
өзгеріске 
түседі. 
Мысалы: 
ВА+А=АВ:сар+ры+а+ла=са+ра+ла, 
ал+ты+е+лі=ал+те+лі, 
ал+ты+а+сық=ал+та+сық; 
ВА+АВ=ВАВ: 
е+кі+еш+кі=е+кеш+кі, 
е+кі+еу=е+кеу, 
ал+ты+ау=ал+тау,  е+кі+ал+ма=е+кал+ма,  е+кі+үй=е+күй,  е+кі+ай=е+кай;  ВА+АВ=ВАВВ: 
е+кі+айт+ты  =е+кайт  +ты,  қа+ра+ійт=қа+рійт;  ВАВ+А=ВА-ВА:  бар+мақ+е+дім  =  бар+ма+ 
251


ғе+дім  т.б  [1,  95].  Яғни  зерттеулерге  сүйенетін  болсақ,  сөйлеу  кезінде  бір  бунаққа  енген  сөздер 
күрделі  сөзге  айналғандықтан,  сөз  ішіндегі  буын  дауыстыдан  басталмай,  алдыңғы  буынның  соңғы 
дауыссызын өзіне қаратып, қосып айтуға мəжбүр болады жəне əр буын дауыссыздан басталады. Бір 
бунаққа  енген  сөздер  кірігіп,  тұтасып  бір  ырғақпен  айтылады.  Осы  орайда  синтезаторға  сөйлеу 
кезінде болатын осындай дыбыстардың жылысу процесін де ереже ретінде беруге болады. Мəселен, 
орфография бойынша жазылған бір елі, екі ішек, төрт үй, бес есе, алты алма, жүз үш, он ай, мың 
алты  т.б.  сөздерді  синтезатор  дыбыстағанда  бунақтың  арасын  жеке  бөліп  айтпай,  бір  деммен 
бі+ре+лі,  е+кі+шек,  төр+түй,  бе+се+се,  ал+тал+ма,  жү+зүш,  о+най,  мы+ңал+ты  деп  айтып 
шығады. Яғни, р, к, ш, т, с, л, з, н, ң дауыссыздары екі буынның арасын желімдеп, жымдастырып 
тұрады. Осы орайда дыбыстау мүшелері айтқанда жеңіл шығып,  жылдам сөйлеуге жағдай жасалады 
да тіл жəне ерін қатысына қарай əртүрлі реңкте айтылады. Мысалы, бі+рай (бір ай), бі+рəн (бір əн), 
бі+ре+лі  (бір  елі),  бі+ро+рұн  (бір  орын),  бі+рө+лөң  (бір  өлең),  бі+рұ+рұ  (бір  ұры),  бі+рү+кү  (бір 
үкі),  бір+ры+лақ  (бір  лақ),  бі+ріс  (бір  іс)т.б  [1,  95].  Бұдан  шығатын  қорытында  р  фонемасы 
дауыстының ыңғайына қарай əртүрлі реңкте айтылады.  
Сондай-ақ  орфография  мен  орфоэпиялық  жағынан  салыстырар  болсақ,  екіқабат  –  екіғабат, 
екісөзді  –  екісөздү,  екітілді  –  екітілді,  екіжақты  –  екіжақты[4]дегенде  і  фонемасы  сақталса,  ал 
екіойлы – ек'ойлұ, екіортада – ек'ортада,екіұдай – ек'ұдай, екіұшты – ек'ұштұ, екіарада – ек'арада   
болып,  айтылымдаі  фонемасы  түсіп  қалады.  Яғниқазақ  тіліндегі  осындай  заңдылықтар 
менөзгерістердің ережесін синтез бағдарламасына беру қажеттілігі туындайды. 
Қорыта  келгенде,  сөйленім  синтезін  түзу  үшін  тіліміздегі  орфография  мен  орфоэпиялық 
заңдылықтардың  ара-жігін  ажыратып,  ондағы  əртүрлі  өзгерістерді  компьютер  бағдарламасының 
жадына ереже ретінде беруге болады. 
 
Əдебиет:  
1.
  Қазақ грамматикасы.  - Астана, 2002. 
2.
  Фролов А., Фролов Г. Синтез и распознавание речи. – М.: Москва, 2008 . 
3.
  Орфоэпиялық сөздік. - Алматы, 2007. 
4.
 
Орфографиялық сөздік. - Алматы, 2013. 
 
 
Жұмабаева Ж. 
филол.ғ.к., А.Байтұрсынұлы атындағы  
Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері 
 
Қазақ тіліндегі сөйленім синтезі: дауысты фонемалардың берілуі 
 
Қазіргі  таңда  сөйленім  синтезі  тіл  білімінде  өзекті  мəселелердің  бірі  болып  табылады.  XVIII 
ғасырдың екінші жартысынан басталған сөйленім синтезі ең алғаш механикалық синтезатор ретінде 
жұмыс  жасады.  Кейін  жетілдіріліп  əртүрлі  əдістер  арқылы  толықтырылды.  Осымен  байланысты 
сөйленім синтезінің даму жолын екі кезең аралығында қарастыруға болады.  
I кезең – XVIII ғасырдың екінші жартысы (бұл кезде алғашқы синтезаторлар механикалық түрде 
жұмыс жасады. Мұнда жеке дыбыстар ғана айтылды). 
II  кезең  –  XX  ғасыр.  Бұл  ғасырда  синтезатордың  даму  жолын  үш  топқа  бөліп  қарауға  болады. 
Алғашқы  кезекте  синтезатор  акустикалық  жəне  артикуляциялық  екі  үлкен  əдіске  негізделді.  Келесі 
кезекте  конкатенативті  синтез  ұсынылды.  Бұл  əдісте  сөздерді  көптеп  сақтаудың  мүмкіндігі  туды. 
Оны  ғалымдардың  пікірімен  толықтыратын  болсақ,  «Конкатенативный  синтез,  называемый  также 
техникой  второгокомпьютерного  поколения  [Taylor  ,  2009],  смог  появиться  благодаря  тому,  что 
передсоздателями  систем  синтеза  уже  не  стояли  такие  жёсткие  ограничения  по  объемудоступной 
компьютерной  памяти  (как  в  70-е  и  80-е  годы)  и  появилась  возможностьхранить  большие  массивы 
речевых  данных»  [1].  Үшінші  кезекте  конкатенативті  синтезбен  бірге  селективті  синтез  негізге 
алынды.  Селективті  синтез  жасырын  Марков  модельдеріне  негізделген.  Жалпы  бағдарламаның 
алгоритмін құрудың төрт түрлі əдісі бар. Олар:         

 Байесов дискриминациясына негізделген дискриминантты анализ əдісі  

Жасырын Марков модельдері  

Жасанды нейрон желісі 

 Уақытша динамикалық алгоритм – динамикалық бағдарламалау. 
Осы    аталған  əдістердің  ішінде  селективті  синтезге  жасырын  Марков  модельдері  негіз  болады. 
Сөйлеуді  тану  үрдісі  екі  негізгі  фазаға  бөлінуі  мүмкін:  процессингалды  жəне  кері  кодтау.  ...Кері 
кодтау фазасында сөздердің жəне сөз орамының барынша бірізділігі фонетикалық модель, сөздік қор, 
252


тілдік  модель  базасында  құрылады.  Осы  мəселені  шешудегі  негізгі  құрал  жасырын  марков 
модельдеріне негізделген алгоритмдер болып табылады [2].     
Сөйленім синтезі жақсы əрі сапалы болу үшін оған фонетикалық ережелердің тізімі мен олардың 
қолданылу  реті  жасалу  керек  екені  белгілі.  Алайда  лингвистикалық  талдау  жүргізуде  ең  бірінші 
мəтіндегі  сөздер  жеке  алынады,  тыныс  белгілері  анықталады,  сөйлемдердің  аражігі  ажыратылады. 
Нақты  айтқанда,  «В  первую  очередь  синтезатор  речи  должен  определить  границы  слов,выделить 
знаки препинания, найти границы предложений, и, при необходимости,разделить текст на абзацы [1].  
Сөйленім синтезін фонетикалық деңгейде жасауда С.В.Кодзасов, О.Ф.Кривновалар жазылым мен 
айтылымның  жігін  ажыратып  алудан  бастауды  жөн  көреді.  Ол  үшін  олардың  ережесін  жасауды 
немесе  сөздердің  фонетикалық  транскрипциясын  оның  сөздік  қорына  енгізуді  ұсынады. 
Л.М.Захаровтың пікіріне де сүйенсек, «Необходимой частью систем синтеза и анализа речи является 
автоматический транскриптор – своеобразное связующее звено между буквами письменного текста и 
соответствующей  акустической  волной,  возникающей  при  озвучивании  данного  текста  (человеком 
или  машиной)»  деп  келтіреді.  Бізге  белгілі  қазақ  тілінде  транскрипция  фонетикалық  жəне 
фонологиялық  болып  екіге  бөлінеді.    Фонологиялық  транскрипция  сөздердің  дыбысталуындағы 
өзгерістерді  ескермей,  тек  фонемаларды  жазады,  дыбыстар  сөздің  айтылуына  жуықтап  беріледі. 
Мысалы,  ору  <орұу>,  қи  <қый>,  шикі  <шійкі>.  Фонетикалық  транскрипцияда  сөздердің 
айтылуындағы  дыбысталу  ерекшеліктері  дəлме-дəл  көрсетіледі:  қазан  қап  [Қазаңғап],  ортан  бел 
[ортамбел],  сейсенбі  [сейсембі].  Əрбір  жеке  тілдің  фонемалық  жүйесін  айқындауда  фонематикалық 
транскрипция жұмсалса, ал фонетикалық транскрипция барлық тілдердегі дыбыстық ерекшеліктерді 
түгел  көрсету  үшін  қолданылады.  Оқу  барысында  көбіне  фонологиялық  транскрипцияға  жүгінуге 
тура  келеді,  яғни  сөздер  мен  сөз  тіркестерін,  тұтас  мəтінді  айтылуына  біршама  жуықтатып  жазу 
қажеттігі туындайды (https://kk.wikipedia.org/).  
Ж.Əбуов  пен  А.Жүнісбековтердің  «Фонетическая  запись  казахского  текста»  атты  еңбегінде:  «В 
настоящее  время  в  тюркологии  нет  обще-  принятой  оптимальной  фонетической  транскрипции  для 
всех тюркских языков, где дифференцированно обозначался бы каждый звук в системе вокализма и 
консонантизма.  Намеченное  на  ближайшие  годы  создание  машинного  фонда  тюркских  языков 
требует  новой  унифицированной  фонетической  транскрипции  на  основе  МФА  (Международный 
фонетический  алфавит)»,  –  дей  келе,  «Советская  тюркология»  журналындағы  транскрипция  үлгісін 
қолданып, оны төмендегідей көрсетеді.  
жуан езулік үндестік əуенде белгі қойылмайды: « ». Мысалы, bala   
жіңішкелік белгісінде  дəйекші қойылады: « ' ». Мысалы, t'ıl'еk'  
жуан еріндікте  дөңгелек-шеңбер белгісі қойылады: « ͦ ». Мысалы, q
о
ul
o
un
o
 
жіңішке еріндікте  екі белгі қатар қойылады: «'o». Мысалы, t'
о
 ö s'
о
 t'
о
 ük'
о
 
қатаңдық белгісі: « ̭ ». Мысалы, bolaḓṷ  
ұяңдық белгісі: « ̬ ». Мысалы, k̬el  
жуысыңқылық белгісі: « ̳ ». Мысалы, b̳ız  
Осы фонетикалық транскрипция белгілері бойынша мəтін беріледі.   
er't'e zamanda / er'nazar d'eg'en' / k'ɩs'ɩb
o
ol
o
up
o
t
o
u // er'nazardyŋ öz'
o
ü / baj b
o
ol
o
up
o
t
o
u // t'
o
or'
o
t'
o
 t'
o
 ül'
o
 ük'
o
 
maly  /  saj    b
o
ol
o
up
o
t
o
u  //  q
o
ora  t
o
ol
o
gan  /  q
o
oj
o
lary  b
o
ol
o
up
o
t
o
u  //  k'el'e  k'el'e  t'
o
  üj'
o
  öl'
o
  ör'
o
ü  b
o
ol
o
up
o
t
o
u  // 
er'nazardyŋ s'eg'ɩz' ul
o
u b
o
ol
o
up
o
t
o
u // b'ɩr' dᴣyly / ül'
o
 k'
o
 ön'
o
 dᴣ
o
ut
o
 b
o
ol
o
up
o
 // el' malyn alysqa ӓk'et'ɩp't'ɩ.   
Орыс  тіл  білімінде  сөйленім  синтезін  жасау  үшін  фонологиялық  транскрипцияны  басшылыққа 
алады.  
Ендігі  кезекте  қазақ  тіліндегі  дауысты  фонемаларды  компьютер  бағдарламасына  икемдеу  үшін 
оның  позициясын  төмендегідей  икемдеп  беруге  болады.  Бұл  ретте  біз  профессор  Н.Уəлидің, 
профессор 
З.Базарбаеваның 
З.Баданбекқызының, 
Қ.Күдеринованың, 
А.Фазылжанованың 
зерттеулеріне сүйендік.  
1.
  <А>  фонемасы.  Сөздің  барлық  позициясында  кездеседі.  Барлық  дауыссыз  дыбыспен 
тіркеседі.  [Ш]  мен  [й]-дің,  [ж]  мен  [й]-дің  жəне  жіңішке  буыннан  кейін  [й]  мен  іргелес  жіңішке 
буынның  алдында  келгенде,  <а>    фонемасының  дыбыстық  репрезентанты  [ə]  түрінде  болады,  яғни 
палатализацияланады  [4].  Енді  осы  <а>  фонемасының  [ə]  вариантымен  келетін  сөздерді  тіземіз. 
Ж<а>й – ж[ə]й, ш<а>й – ш[ə]й, м<а>йсөк – м[ə]йсөк, бид<а>й – бид[ə]й, ауж<а>й – [ə]уж[ə]й, 
д<а>укес 
– 
д[ə]укес, 
д<а>укестік 
– 
д[ə]укестік, 
ж<а>йбарақат 
– 
ж[ə]йбарақат, 
ж<а>йбарақаттану  –  ж[ə]йбарақаттану,  ж<а>йбасар  –  ж[ə]йбасар,  ж<а>йғастыру  – 
ж[ə]йғастырұу,  ж<а>йғасу  –  ж[ə]йғасұу,  ж<а>йғату  –  ж[ə]йғатұу,  ж<а>йғызу  –  ж[ə]йғызұу, 
ж<а>йдақ  –  ж[ə]йдақ,  ж<а>йдарлы  –ж[ə]йдарлы,  ж<а>йдарман  –  ж[ə]йдарман,  ж<а>йдары  – 
ж[ə]йдары, ж<а>й-күй –  ж[ə]й-гүй,  ж<а>йқалу  –  ж[ə]йқалұу,  ж<а>йлы  –  ж[ə]йлы,  ж<а>йма – 
ж[ə]йма,  ж<а>йма-шуақ  –  ж[ə]йма-шұуақ,  ж<а>йсаң  –  ж[ə]йсаң,  ж<а>йша  –  ж[ə]йша, 
ж<а>йшылық – ж[ə]йшылық, ж<а>йсыз – ж[ə]йсыз, ж<а>йнау – ж[ə]йнау, ж<а>йт – ж[ə]йт. 
Сонымен қатар дауыссыз [қ] дыбысынан кейін дауысты <а> фонемасының дыбыстық репрезентанты 
253


[ə]  түрінде  болады,  яғни  палатализацияланады:  қ<а>дір  –  қ[ə]дір,  қ<а>дірлеп-қастерлеу  – 
қ[ə]дірлеп-қ[ə]стерлеу,  қ<а>дірлеу  –қ[ə]дірлеу,  қ<а>дірлі  –  қ[ə]дірлі,  қ<а>жет  –  қ[ə]жет, 
қ<а>жетсіз – қ[ə]жетсіз, қ<а>стерлеу – қ[ə]стерлеу, қ<а>стерлі – қ[ə]стерлі. ... [қ]-ның əдеттегі 
жуан  тембрінен  басқа  жіңішке  тембрлі  болып  келуі  түрленім  деңгейінде  үндесім  деуге  болады. 
Сондай-ақ қауесет дегендегі [ə] соңғы буындағы [е]-нің əсерінен жіңішке реңкпен айтылады. Бірақ 
бұл  дауыстының  естілімі  кəдімгі  [а]-мен  əдеттегі  [ə]-нің  аралығы  деуге  болады    (Орфоэпиялық 
сөздік).  Дауыссыз  [н]  мен  [с]  аралығында  <а>    фонемасының  дыбыстық  репрезентанты  [ə]  түрінде 
болады:              н<а>сихат  –  н[ə]сійхат,  н<а>сихатшы  –  н[ə]сійхатшы,  н<а>сихаттау  – 
н[ə]сійхаттау. 
Жіңішке  кірме  сөздердің  ІІ  буынында  <а>  фонемасының  дыбыстық  репрезентанты  [ə]  түрінде 
болады: ділд<а> – ділд[ə], тілм<а> ш – тілм[ə]ш, тілм<а> ш – тілм[ə]штық, дінд<а> р – дінд[ə]р 
[5].   
  Жіңішке  кірме  сөздердің  ІІІ  буынында  <а>  фонемасының  дыбыстық  репрезентанты  [ə]  түрінде 
болады: дүб<а>р<а> – дүб[ə]р[ə] [5].   
2. <О> фонемасының күшті позициядағы дыбыстық репрезентанты [о], ал белгілі бір позициядағы 
тəуелді  дыбыстық  репрезентанты  [уо]  вариациясы  түрінде  кездеседі  [4]:  [уо]  +тан,  [уо]  +рман,  [уо] 
+рта, [уо] +рамал, [уо] +рнау, [уо] +ртақ, [уо] +рын, [уо] +рташа, [уо] +сал, [уо] +тағасы, [уо] +тар, 
[уо] +тау, [уо] +тын, [уо] +тыз, [уо] +рындаушы, [уо] +рындау, [уо] +салдық. 
<Ө>  фонемасының күшті позициядағы дыбыстық репрезентанты [ө], бұл фонеманың сөздің ұшар 
басындағы  дыбыстық  репрезентанты  [үө]:  [үө]+кіл,  [үө]+лке,  [үө]+гіз,  [үө]+жет,  [үө]+згеше, 
[үө]+здік, [үө]+зек, [үө]+зен, [үө]+зектес, [үө]+згелік, [үө]+згергіш [4].       
<Е>  фонемасының  күшті  позициядағы  дыбыстық  репрезентанты  [е].  Аталмыш  фонеманың 
позицияға  біршама  тəуелді  вариациясы  [je].  [je]+  гін,  [je]+ден,  [je]+жегей,  [je]+желгі,  [je]+лорда, 
[je]+лтаңба, [je]+лік.  
М.Жүсіповтің тұжырымдауы бойынша <е>, <ы>, <і>  фонемаларының ерін əуезді буындардан соң 
келуі əлсіз позицияға жатады, ал бұлардың дыбыстық репрезентанттары [ө], [ұ], [ү] варианты түрінде 
болады [4]. <Е>, <ы>, <і>  фонемаларының [ө], [ұ], [ү] вариантымен келетін сөздерді мүмкіндігінше 
толық қамтылу керек. Себебі сөйленім синтезінде сөз жатық шығу үшін компьтер жадына мейлінше 
осы позициядағы сөздер кіруі керек.  
<Е>  фонемасының  дыбыстық  репрезентанты  [ө]  вариантының  екінші  буында  келуі:  жүг<е>рі  – 
жүг[ө]рі,    жүр<е>к  –  жүр[ө]к,  өкп<е>  –  өкп[ө],  өрм<е>кші  –  өрм[ө]кшү,  бөлш<е>к  –  бөлш[ө]к, 
сүй<е>к  –  сүй[ө]к,  көрп<е>  –  көрп[ө],  төкп<е>–  төкп[ө],  бөлм<е>  –  бөлм[ө],  сур<е>т  –  сүур[[ө]т, 
бөб<е>к  –  бөб[ө]к,  бөгд<е>  –  бөгд[ө],  бөг<е>т  –  бөг[ө]т,  бөл<е>  –  бөл[ө],  бөкт<е>р  –  бөкт[ө]р, 
бөл<е>к  –  бөл[ө]к,  бөлм<е>  –  бөлм[ө],  бөлш<е>к  –  бөлш[ө]к,  бөл<е>кше  –  бөл[ө]кше,  бөп<е>  – 
бөп[ө], бөт<е>н – бөт[ө]н, дөң<е>с – дөң[ө]с. 
<Ы> фонемасының дыбыстық репрезентанты [ұ] вариантының келуі:  атқаруш<ы> – атқарұуш[ұ], 
еңбекқорл<ы>қ  –  еңбекқорл[ұ]қ,  жағул<ы>  –  жағұул[ұ],  жағус<ы>з  –  жағұус[ұ]з,  жазғытұр<ы>  – 
жазғытұр[ұ],  жалқұйр<ы>қ  –  жалғұйр[ұ]қ,  жаншош<ы>рл<ы>қ  –  жаншош[ұ]рлық,  жарла<ы>т  – 
жарлау[ұ]т, жасау<ы>л – жасау[ұ]л, жор<ы>қ – жор[ұ]қ, жау<ы>ғу – жау[ұ]ғұу, жау<ы>з – жау[ұ]з, 
жау<ы>н  –  жау[ұ]н,  жау<ы>нгер  –  жау[ұ]ңгер,  жезмой<ы>н  –  жезмой[ұ]н,  желқұй<ы>н  – 
желғұй[ұ]н, бау<ы>рсақ – бау[ұ]рсақ, бау<ы>р – бау[ұ]р, бау<ы>рмал – бау[ұ]рмал, бау<ы>ршөп – 
бау[ұ]ршөп, бау<ы>рмүк –бау[ұ]рмүк.     
<І>  фонемасының  дыбыстық  репрезентанты  [ү]  вариантының  келуі:  аткөп<і>р  –  аткөп[ү]р, 
еңбексүйг<і>ш – еңбексүйг[ү]ш, жадыгөйл<і>к – жадыгөйл[ү]к, өрг<і>зу – өрг[ү]зүу, желбіреу<і>к – 
желбіреу[ү]к,  желкөң<і>л  –  желгөң[ү]л,  желпу<і>ш  –  желпүу[ү]ш,  желсəу<і>р  –  желсəу[ү]р, 
желімдеу<і>ш – желімдеу[ү]ш, жеңуш<і> – жеңүуш[ү], өкшелік   
Қорыта  келгенде,  келгенде  сөйленім  синтезін  жасау  үшін  сөздердің  транскрипциясын  жəне 
фонемалардың позициясын ереже түрінде икемдеп беру керек.  
 
Əдебиет:  
1.
  Сорокин  В. Н. Синтез речи. - М.: Наука, 1992. - 392 с.  
2.
  Бөрібаева Ə.К., Шəріпбаев А. Қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесін сөйлеу технологияларын жүзеге асыруда 
пайдалану  //  «Қазіргі  қазақ  тіл  білімі:  қолданбалы  лингвистиканың  өзекті  мəселелері»  халықаралық  ғылыми-
теориялық конференция материалдары. - Алматы, 2012. - 30-34-б. 
3.
  Абуов Ж., Джунисбеков А. Фонетическая запись казахского текста. - Алма-Ата: Наука, 1991. - С. 84. 
4.
  Баданбекқызы З. Қазақ тіліндегі фонемалардың дыбыс қорлары. - Алматы, 2001.  
5.
  Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. - Алматы, 2006.  
 
 
 
254


Қайырбекова Ұ.  
филол.ғ.к., Қазақстан инженерлі-педагогикалық  
Халықтар достығы университетінің доценті 
Исаева Ұ. 
Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар  
достығы университетінің магистранты 
 
Күнтізбе жүйесіндегі космонимдер мен табиғат құбылыстарының бейнеленуі 
 
Аспан денелері – əлемдегі барлық денелердің кеңістіктегі жиынтығы. Аспан денелеріне Күн, Ай, 
ғаламшарлар, жұлдыздар, сондай-ақ кометалар мен метеориттер, астероидтар жатады. Аспан əлемін 
Тəңіріге санаған қазақ күнді, айды, кейбір жүлдыздарды мифке айналдырған. Мысалы, Күн – қазақта 
қасиетті  зат.  Аспанның  күркіреуін  қазақ  «күн  күркірейді»  деп,  оны  Күн  тəңірінің  даусына  балаған. 
«Күн  астында  Күнсұлу»  ертегісіне  қарағанда,  Күннің  де  бақылаудан  босатпайтын  қызы  бар.  «Ай 
астында Айсұлу» да сондай. Шығыс елдерінде, оның ішінде, араб пен түркілерде, Айдың қызының 
аты – Зуһра. Ол – Жердің қорлығын көріп, айға қашқан қыз. «Үркер» аталатын шоғыр жұлдыздардың 
қызын  «Жетіқарақшы»  аталатын  жұлдыздар  қоршай  аңдып,  олардан  қашқан  Үркер  аспан  бойында 
жылжып  қашып  жүреді-міс.  «Шолпан»  да  –  қыз.  Ол  да  қашып  жүріп,  жылына  бір  рет  айдың 
бауырына  паналайды.  Мұны  қазақтар  «Шолпанның  айға  тоғысуы»  дейді.  Шолпанның  сенімді  сақ 
күзетшісі  –  «Темірқазық».  Ол  –  бір  орыннан  жылжымайтын  жұлдыз.  Түнде  жолаушылаған  немесе 
көшкен қазақтар жүрер жолын, уақытын Темірқазыққа қарап немесе Үркерге қарап айыратын болған. 
Жұлдызға  қарап  бағыт-бағдар  ажырату  əдеті  малшылардың  күнделікті  тіршілігінде  əлі  күнге  дейін 
сақталған. 
Космогониялық  мифтердің  өзегінде  де  көне  сюжеттер  бар,  əйткенмен  мифтің  бұл  түрі  байырғы 
тайпаларда сирек кездеседі, себебі аспан денелерінің сыр-сипатын тану – дамыған сананың көрінісі. 
Сондықтан бұл мифтерде халық астрономиясының  жетістіктері, яғни белгілі дəрежеде ғылыми ойлау 
бой көрсетеді, сол себептен олар бірізге түскені, циклденгені байқалады. Алайда осы үлгілер бертінгі 
дəуірлердің  тумасы  болғанымен,  өзінен  көне  қабатта  тұрған  этиологиялық  мифтермен 
салыстырғанда,  əжептəуір  қасиетті  сипатта.  Оның  себебі  –  халықтың  аспан  денелері  мен  табиғат 
құбылыстарын ұдайы тылсым күшпен байланыста түсінетіндігінде. 
Космогониялық  үлгілерге  көне  мифтік  түсініктер  (мəселен,  құбылу  сарыны)  тірек  болып 
тұрғанымен, аспан денелерінің қимыл қозғалысына  көшпелі халықтың аңшылық-малшылық тұрмыс-
тіршілігі  телінген.  Сарындар  бір-бірімен  желілес,  сабақтас,  басқа  мифтермен  салыстырғанда, 
əжептəуір  циклденген,  тұтастанған.  Себебі  аспан  денелерінің  құбылысы  мен  өң-түсін  сан  ғасырлар 
бойы бақылаған есепшілер  ұрпақтан  ұрпаққа өз мұрасын  көркемдеп, шымыр жеткізуге  құлшынған, 
осы  мақсатына  сай  мифтік  сюжеттерді  өңдеп,  əрлеп  пайдаланған.  Демек,  бұл  тараптағы  үлгілерде 
белгілі дəрежеде  ғылыми ойлау да бой көрсетеді. Қазақ, монғол, бурят Күн мен Айды «ерлі-зайыпты 
ғашықтар»,  кейде  «апалы-сіңлілер»,  кейде  «бақталасып,  бірінің  бетін  бірі  тырнаған  қыздар»  деп 
ұққан. Ай  –  түнгі  аспан  шырақтарының  ішіндегі  ең  үлкені.  Оны  адамзат  баласы  басқа  аспан 
денелерімен үнемі салыстырулар жасап, тəжірибе түйген. Бұл тұрғыдан келгенде, ол Күннен мəнді, 
маңызды  қызмет  атқарған.  Сондықтан  да  халықтың  есінде  Күнге  қарағанда,  Ай  мен  жұлдыздар 
туралы  ескі  əңгімелер  мол  сақталған.  Түрік-монғол  халықтары  Ай  мен  Үркердің  тоғауын  есептеп, 
күнтізбе жасаған. Айға жанама ат қоюдың уəжі табиғат құбылысымен байланысты. Мəселен, наурыз 
айында қар еріп, жаңбыр жиі жауа бастағандықтан, халық арасында оны Жылауық ай деп атайды. 
Көне  ай, жұлдыз атауларын еске алсақ, ол туралы аңыз-əңгімелер немесе ырым-тыйымдар  еске 
түседі.  Мысалы,  Қаңтарда  үйленбе:  қаңтарылып  қаласың,  Қаңтарда  қатқан  мұздай  сіресіп  отыр 
(ашулы  мінез  көрсетіп  отырған  кісіге  айтылады),  Мамыр  асып,  бай  болдық,  Айдың  тік  туғаны  –  
халыққа  жайлы,  шалқасынан  туғаны  –  өзіне  жайлы  деген  ел  арасындағы  осы  күнге  дейін  мəнін 
жоймай  келе  жатқан  қолданыстардың    негізгі    қалыптасу  көзі,  сонау  ата-бабалардың  дала 
көшпенділері  болған  кезеңінде,  қыс  демей,  жаз  демей  көшіп-қонып  жүріп,  жыл  мезгілдерінің  қыр-
сырын  ұғып,    өз  тəжірибелерінен  түйген  қорытындыларын  осылайша  сөз  нақышымен  жеткізуге 
тырысқан.  Демек,  ел  аузында  жүріп  жеткен  ай,  жұлдыз  атауларының  мəнін  анықтауда  халықтың 
байырғы  өмірлік  болмысына  үңілу  керек.  Оған  негіз  болатын  –  ел  арасында  сақталған  ауыз 
əдебиетінің үлгілері, т.б. мəдени-əдеби мұралар.  
Қазақ  тіл  білімінде  этнолингвистикалық  зерттеулер  нəтижесінде  біршама  көне  сөздердің 
ұмытылған  мағыналары  жаңғыртылып,  ұмыт  болған  төл  атаулар  қайтадан  сөздік  қордың  қатарына  
еніп  жатыр.  Этнолингвистиканың  негізгі  мақсаты  да  –  сол,  яғни,  төл  сөзіміздің  қатарын  молайту, 
оларды жаңғырту, қолданымдық аясын кеңейту. Ай бетіндегі дақты да халық қиялы əртүрлі жағдайға 
байланыстырып  түсіндірген. Түрік-монғолда  ортақ  кездесетін  «Ай  бетіндегі  жетім  қыз»  туралы 
сюжет əлемнің  көптеген  халықтарында  болса,  «Күн  мен  Айды  жауыз  рух  тұтқындайды,  содан  ол 
255


тұтылады»  деген  түсінік  те  мол  таралған.  Тұтқындалған  Ай  мен  Күнді  қазақта  жəне  түрік-монғол 
халықтарында  кейде  ақылды  би  Кірпік  шешен  (жарты  жасампаз  қаһарман)  құтқарады.  Жауыз 
рухтың монғол-буряттағы  аты  – Раху, Алха, ол санскритше graha, яғни, «ұрлау, жұту, жалмау» деген 
мағынада.  Демек,  Раху  туралы  түпкі  сарын  монғолдарға  үнді-тибеттен  келген,  ал  түрік  сюжеті 
төлтума күйде. Жетіқарақшы жұлдызын түрік халықтары Жетіген, Жетіхан, монғолдар  Жетіқарт, 
Жетіқұдай деп атаған.  
Түрік  халықтары  (қырғыз,  өзбек,  тува)  шарапатты  жеті  кейіпкердің  жұлдызға  айналғанын 
аңыздаса,  монғол,  бурят,  алтайлықтар  Таусоғар,  Желаяқ  т.с.с.  ертегілік  жеті  ғажайып  қаһарманның 
жұлдызға  айналғанын  айтады.  Олар  осы  жеті  жұлдызды  киелі  санап,  табыну  рəсімін  жасаған. 
Керісінше,  қазақ  оны  «жеті  ұры»  деп  түсінеді.  Біздегі  жетіқарақшыны  баукеспе  деп  түсіндіретін 
сюжеттің  пайда  болуына  əу  баста  мифтік  тұрпаттағы  «айлакер  ұры»  сарыны  баспалдақ  болады 
(Айталық,  Үркердің  қызын  ұрлайтын  космос  ұрысы  –  Жетіқарақшы  туралы  сюжет  түрік-монғолда 
жиі  ұшырайды).  Кейінгі  кезеңдерде  бақташылардың  барымта-сырымта  оқиғасы  аспан  денелерінің 
қозғалысына телінеді. Бір сөзбен айтқанда, бұл  сюжетте космостық кеңістік пен көшпелі халықтың 
қарабайыр  тұрмыстық  кеңістігі  тоғысып  кеткен.  Сол  себептен  де  жеті  жұлдыз  туралы  қазақ  мифі 
қасиетті  сипатынан  ада  болған.  Ал  монғол,  алтай  халықтарында  жұлдыздарға  айналған  жеті 
қаһарман  туралы  сюжет  кəдімгі  қиял-ғажайып  ертегіге  (Қазақтағы  «Ер  Төстік»,  «Күн  астындағы 
Күнікей»  т.с.с.)  əлдеқашан  айналған.  Галактиканы  түрік  халықтарының  дені  –  Құс  жолы  десе, 
диқаншы  түріктер,  өзбектер,  тəжіктер  Сабан  жолы  деп  атайды.  Құс  жолы  туралы  ұғым  мордва, 
марий,  фин,  эстон,  коми,  мажар,  литва,  т.с.с.  халықтарда  кездеседі.  Қытайдағы  қазақтар,  кейде 
монғолдар,  оны  «Көш  жолы»,  қырғыздар  «Қой  жолы»  деп  те  атайды. Оны  ежелгі  гректер  «Сүт 
жолы»  деп  атаған,  сол  түпкі  негізге  Еуропа  халықтары  да,  орыстар  да  иек  артқаны  мəлім.  Тіпті 
осындай ұғымның бурят, монғол, қазақ халықтарында ұшқыны бар. Мəселен, бурятта «Құс жолы – 
Гэсэрдің  анасы  Манзан  Гурмэн  Отоодэй  кемпірдің  омырауынан  аспанға  шашқан  сүті»  деген  ұғым 
бар.  Ал  қазақта  кездесетін  жеке  бір  сюжетте  «Құс  жолы  Ай  анасының  аспанға  шығып,  қызын 
іздегенде аққан сүті» деп есептеледі. Əзербайжанда Сүт жолы деген атау кездеседі. Кейбір деректе 
монғолдар  Құс  жолын  «Тəңір  ананың  омырауынан  аққан  сүт  жолы»  деп  түсіндірген. Əйткенмен 
монғолда  оны  «Аспан  тігісі»,  қазақта  Құс  жолы  деу  түбегейлі  орныққан.  Үшарқар  (Үшмарал) 
жұлдызына  байланысты  космос  аңшылығы  туралы  сюжет  Еуразия,  Солтүстік  Америкаға  дейін 
таралған.  
Зерттеушілер түрік-монғол халықтарындағы аңшының есімі –  Көгалдай, оның қуған аңы – марал 
(арқар), атылып қызарған оғы – Бетельгейзе жұлдызы, мергеннің көкшақпағы – Ригель жұлдызы деп 
асқан  дəлдікпен  ұқсас  кепте  айтатындығын  бірауыздан  мақұлдаған.  Түрік-монғол  аспанның 
солтүстігінде  бір  орында  қозғалмай  тұратын  жарық  жұлдызды  ат  байлайтын  қазыққа  теңеп, 
Темірқазық  немесе  Алтынқазық  деп  атаған.  Монғолдар  оны  Көгедай  мерген  қос  құлагер  атын, 
буряттар  бас  құдай  Хормуст  құлагер  атын,  құла  биесін  байлайтын  қазық  деп  ұққан.  Тұлпарларды 
Жетіқарт (Жетіқарақшы) жұлдызы күзетеді-мыс. Монғолда «Алтынқазық жұлдызы əлем тауы Сүмэр 
ууланың дəл төбесінде қозғалмай тұр, ол ауса, ақырзаман болады» деген ұғым бар.  
«Темірқазық  жұлдызы  ауса,  ақырзаман  болады»  деген  эсхатологиялық  түсінік  қазақта  да 
кездеседі.  Үркер  жұлдызының  түрік халықтарындағы  атауы  негізінен  ортақ  болса,  монғолдар  мен 
алтайлықтар, кейде тувалар оны  мичин (мешін) деп атайды. Жерде жатқан он екі үркерді сиыр баса 
алмай  айырылып  қап,  содан  алты  ай  қыс,  алты  ай  жаз  болғаны  туралы  сарын  көшпелі  халықтарға 
ортақ  таралған [1,  25].  Жалпы,  түрік-монғол  халықтары  сиырды  суықпен  байланыстыратыны 
айқындалды. Мысалы,  сахада  қыс  бұқасы  бар,  оның  демі  –  аяз,  мүйізі  –  мұз.  «Қаңтардың  аяғында 
аспан перзенті – алып бүркіт келіп шақырады. Соның даусынан қаһарлы бұқаның мүйізі шарт сынып, 
аяздың беті қайтады», – дейді олар. Сонымен бірге «алғашқы сиыр көлден шыққан» деген ұғым да 
бар.  Ал  тува  ұғымы  да  осыған  жуық:  «Көл  бұқасы  адамның  көзіне  көрінбейді,  ызғарлы  қарашада 
азанда,  іңірде  мөңіреп,  ауық-ауық  өкіреді,  сол  кезде  өзен-көлдің  мұзы  толық  қалыңдап  қатады»,  – 
дейді  олар.  Бұл  жайттардан  байқайтынымыз:түрік-монғол  халықтары  Үркер  мен  сиырды  суықпен 
байланыстырады екен. Мəселен,  тувада «Үркер сооқ иесі», яғни «Үркер суық иесі» деген түсінік бар. 
Ал  терістік  суық  өлкеде  өмір  сүретін  сахалар  Үркер  ғана  емес,  «Кішіқарақшы  (Малая  Медведица) 
мен Шолпан жұлдыздары ерте заманда өте үлкен болғандықтан, жерге ызғар шашатын, оны бақсылар 
арбап,  сындырып,  кішірейткен»  деп  ұққан.  Əдетте,  жұлдыздар  қыстыгүні  аяз  күшейгенде 
бақылаушыларға  бадырайып,  айқын  көрінетін  болғандықтан,  солай  түсінген  болу  керек.  Ал  халық 
«Үркерлі айдың бəрі қыс» деп бекер айтпаған. Ол аспанға көтерілген сайын күн суыған, керісінше, 
мамыр, маусым айларында көзден тасаланып, «жерге қырық күн түскенде» ауа райы жылынып, көк 
қаулап  шыққан.  Табиғаттың  осындай  құбылысын  бақылаған  малшы  қауым  «Үркер  жерде  жатса, 
мəңгі  жылы  болады  екен»  деп  қиялдаған.  «Осы  қиялды  аспан  денелерінің  ұзақ  жыл  бақылаған 
тəжірибесі  мен  біліміне  біріктіріп,  біз  талдап  отырған  мифті  шығарған»,  –  деп  түйін  жасаймыз. 
Əлбетте,  есепшілер  үшін  Үркер  Айға  тоғайтын  практикалық  маңызды  аспан  денесі  болғандықтан, 
256


оны  ұзақ  ғасырлар  бойы  бақылап,  қажетке  жаратып,  ол  туралы  бірегей  мифтік  сюжеттер 
туғызған.  Венера  планетасын  қазақтар  əр  мезгілде  көріну  сипатына  байланысты  əртүрлі  мінездеме 
беріп,  Шолпан,  Шопан,  Зуһра,  Керуен  жұлдызы,  Өмірзая,  Тұлқатын  деп  əрқилы  атаған.  Таңда 
көрінгенде  таң  хабаршысы  –  Шолпан,  азанда  қой  өргізетін  сағатты  білдіретін  қойшының  қоңыр 
жұлдызы  –  Шопан  немесе  сапарға  аттануға  бағдар  беретін  Керуен  жұлдызы  деген.  Іңірде  көрінсе, 
қарапайым халық оны танымай, жамандыққа жорып, Өмірзая, Тұлқатын деп атаған.Зуһра деген араб 
тілінен  енген  атауды  қазақтар  аз  қолданған.  Сондықтан  да  зұлым  патша  ғашық  болған  соң  одан 
қашып,  Құдайға  жалынып,  Зуһра  жұлдызына  айналған  қыз  туралы  аңыздар  қазақта  некен-саяқ, 
керісінше, əзербайжан, түрікмен, өзбек, татар, ұйғырларда  мол. 
Монғолдар таңғы Цолмонды (Шолпанды) қадірлеген, ал іңірдегі Шолпанды  жек көріп, «Қомағай 
кемпір»  немесе  «Шет  жұлдыз»  деп  атаған  [2,  204]. Кешкі  Цолмонды  «Худалч  Цолмон»,  яғни, 
«Өтірікші Шолпан» деп те атаған. Буряттар «Ухаа Солбон», яғни «Аққұба Шолпан» аспан падишасы 
– Эсэгэ Малан тəңірінің қалың қойының бақташысы» деп ойлаған. Əрине, бұл қазақтағы қойшының 
қоңыр  жұлдызы  –  Шопан  деген  түсінікпен  үндес.  Буряттар  кейде  оны  жылқы  түлігінің  қамқоршы 
иесі ретінде де түсінеді.  Сахаларда Чолбон (Шолпан) жұлдызын аязбен байланыстырады 
 Əлбетте,  табиғат  құбылыстарын  да  халық  тылсым  рух-иелермен  байланыста  түсінген.  Қазақ 
күннің күркіреуін «көк айғырдың кісінеуі» деп ұқса, монғолдар «жауын-шашын иесі – айдаһар» деп 
түсінген.  Монғолдардағы  айдаһардың  бейнесі  үнді-тибет  мəдениетінің  ықпалымен  қалыптасқан. 
Қазақ  пен  бурят  құйынды  тірі  кейіпкер  ретінде  елестетеді  [3,  45-46].  Ал  қазақ-монғол 
«кемпірқосақты аспандағы бай кемпірдің қойының қосағы» деп ұққан [1, 127]. 
Əрбір  мəдени-тілдік  ұжымның  ақиқат  дүние,  өзін  қоршаған  орта,  табиғат,  жаратылыс 
құбылыстары  туралы  өзіндік  түсінігі,  ойлау  жүйесі,  логикалық  қисыны,  танымы  болады.  Бұлардың 
қайсыбірі сол этномəдениет (халық, ұлт, тіл, социум) үшін аса маңызды болса, екінші бір мəдениет 
(халық, ұлт, тіл) үшін елеусіздеуі болуы ықтимал. Бұлардың соған сəйкес тілдік репрезентациясы да 
əрқилы  болады.  Ақиқат  дүниедегі  құбылыстардың,  объектілердің  этнос  өміріндегі  алатын  орнына 
қарай, олардың маңыздысы міндетті түрде тілдік таңбалармен вербалданып отырады. 
Қазақ  этномəдени  қоғамдастығында  есепшілер  өзін  қоршаған  табиғатты,  күн  райының 
құбылыстарын,  аспан  əлемін,  ондағы  жұлдыздар  «қозғалысын»,  айдың  өзгеру  циклдарын,  күннің 
шығуы мен батуын, жыл мезгіліне орай Күн қай тұстан шыққанын, қай тұстан батқанын жиі бақылап 
отырған. Қазақ есепшілері (күнтізбе жасаушылар жəне оны күнделікті өмірде қолданушылар) табиғат 
құбылыстарын, аспан əлемін жай ғана бақылаушы емес, яғни, пассив субъект емес, əрқилы табиғат 
құбылыстарынан  ақпараттар  ала  білген,  сол  ақпараттарды  санада  тоқи  отырып  жүйелеген, 
категорияландырған.  Алынған  ақпараттарды  санада  «сақтап»  қана  қоймай,  қайта  өңдеп,  білімдер 
жүйесін  жасаған,  сол  білімдерді  əрі  қарай  басшылыққа  алып,  табиғат  құбылыстарын  өмір 
тəжірибесінде  қолданған.  Табиғат  құбылыстарының  тосын  (стандартты  емес)  жағдайларынан  мал-
жанын, егін жайын аман алып шығып отырған. Сөйтіп, табиғат құбылыстарын танып білу жолында 
жинақтаған білім жүйесінен төлтума күнтізбесін жасаған. 
 
Əдебиет: 
1
 . Потанин Г.Н. Казахский фольклор в собрании Г.Н. Потанина. – Алматы, 1972. – 512 с.  
2
 . Самойлович А.Н. К вопросу о 12-летнем животном цикле у турецких народов. - Том 1. – Л., 1927. – 268 с. 
3
 . Струве В.В. История древнего Востока. – Москва, 1941. – 457 с. 
 
 
Аширова А.  
филол. ғ. к.,Əл-Фараби  
атындағы ҚазҰУ доценті 
 
Газет мəтініндегі тақырыптардың синтаксистік құрылымы 
 
Қазіргі заманда ғұлама Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «газет дегеніміз – халықтың көзі, құлағы 
һəм тілі» ғана емес, қазіргі жаңа заманда газет дегеніміз – халықтың басты ұстазы. Əйгілі қолбасшы 
Наполеон өзінің бір сөзінде «менің елім үшін қарсы  шығар төрт жүз мың əскерден гөрі, қарсы сөйлер 
төрт  газеттің  редакторы  қауіптірек  болады»  деген  екен.  Ал  саясаткер  Уинстон  Черчиль  «кімнің 
қолында газет болса, соның иелігінде бүкіл əлем бар» деген екен. Біз бұл мысалдардың бəрін тегіннен 
тегін келтіріп отырған жоқпыз. Газет – əлемдегі ең үлкен əрі ең қауіпті қару. Бүгін біз газеттен көрген 
дүние жадымызда мəңгілік сақталып қалады. Бұл сөздердің барлығы газеттегі жазылған əрбір сөзге 
мəн беру керектігінің тағы бір айқын дəлелі іспеттес.  
Қазіргі  біздің  жаһандану  заманын  ақпарат  алмасусыз  іс  бітпейді,  тіпті  ас  батпайды  деуге  де 
болады. Ал ақпараттың ең сенімді көзі газет болып келген жəне алдағы уақытта да солай болып қала 
257


бермегі айдан анық. Демек, қазіргі заманда газет – жай ғана қару емес, жай ғана бұқаралық ақпарат 
құралы емес, ол болашақ ұлтты тəрбиелейтін ұстаз іспеттес. Ондағы жазылған материалдардың терең 
мағыналылығы,  тəлім-тағылымы,  əдебі  күллі  қоғамды  тəрбиелеуі  тиіс.  Жəне  адам  газет  бетінен 
қажетті  ақпаратты  таба  алатындай  жан-жақты  болуы  шарт.  Бұл  газеттің  адамға  беретін  рухани 
байлығы.  Енді  тағы  бір  өзекті  мəселені  қозғап  өтейік.  Газет  бетінде  жазылған  материалдардың 
сауатты  жазылуы  қоғамдық  сауаттылыққа  өз  əсерін  тигізеді.  Соның  ішінде  əсіресе  газет  бетіндегі 
тақырыптардың сауатты қойылуына баса назар аудару қажет. Себебі адам психологиясы бойынша біз 
бірінші газеттегі материалдың құрылымына қарамаймыз. Біз бірінші тақырыптың дұрыс қойылуына, 
тартымдылығына  қараймыз.  Мақалаларды  да  сол  тақырыпқа  байланысты  оқимыз.  Біз  осы  газет 
мəтініндегі тақырыптардың синтаксистік құрылымына тоқталып өткіміз келіп отыр. 
Газет  мəтініндегі  тақырыптардың  синтаксистік  құрылымындағы  ұқсастықты  жəне  олардың 
қайсысы  дұрыс,  қайсысы  бұрыс  екендігін  көрсетіп  өтейік.  Алдымен  газеттерде  жиі  қолданылатын 
сызықшаның  қойылу  ретін  көрсетіп  өтейік.  Алдымен  дұрысына  тоқталайық.  «Бүгінгі  реформа  – 
ертеңгі  бағытымыз»(«Заң»  газеті,  24.02.2017),  бұл  жердегі  сызықша  бүгінгі  жəне  ертеңгі сөздеріне 
байланысты қойылып тұр. Яғни, осы екі уақыт аралығын көрсету мақсатында қойылған. 
«Тəуелсіздік  –  тірегім»(«Қазақ  əдебиеті»  газеті,  13.01.2017),  бұл  жерде  тəуелдік  жалғауының 
бірінші  жатағындағы  «менің»  сөзі  түсіп  қалғандықтан  оның  орнына  сызықша  қойылып  тұр. 
«Араағайын  –  Астана  –  Араағайын»  Қазақстан  ұстанымы»  («Қазақ  əдебиеті»  газеті,  02.02.2017), 
«Сот  беделі  –  мемлекет  беделі»(«Алматы  ақшамы»  газеті,  01.10.2016),  «Жемқорлық  –  мемлекетке 
төнген  қауіп»(«Заң»  газеті,  17.01.2017),  «Инвестициялық  жобалар  –  Алматының  даму  негізі» 
(«Алматы  ақшамы»  газеті,  11.10.2016),  «Шахандағы  апат  –  шағын  қалалардың  барлығында  бар 
қауіп»(«Заң» 
газеті,  06.01.2017)  бұл  жағдайлардың  барлығында  сызықша  бастауышпен 
баяндауыштың арасында қойылып тұр. Яғни, бастауыш та баяндауыш та зат есімнен болғандықтан 
қойылып  тұр.  «араағайын»,  «сот  беделі»,  «жемқорлық»,  «инвестициялық  жобалар»,  «апат»  сөздері 
бастауыш  есебінде,  ал  «Астана»,  «мемлекет  беделі»,  «қауіп»,  «беделі»,  «қауіп»  сөздері  баяндауыш 
орнында  тұрған  зат  есімдер.  Бұл  туралы  Профессор  Сауранбаев  өзінің  «Синтаксистік  қатынастар 
көріну  тəсілі»  туралы  дəрісінің  сегізінші  бөлімінде  «Баяндауыш(предикат)  категориясының  көрініу 
тəсілінің  тағы  бір  жолы  –  бастауыш  бастауыш  пен  баяндауыштың  орын  тəртібі  болады  екен, 
баяндауыш болатын сөз сөйлемнің соңында тұруы шарт», – деп түсіндіріп өтеді. Кейде тақырыптағы 
ең  негізгі  сөз(зат есім) сөйлемнің  соңында берілуі  арқылы  тақырыпқа көркемділік береді.  Мəселен, 
«Дара  жолдың  даңғылы  –  Дəуітəлі»(«Қазақ  əдебиеті»  газеті,  27.01.2017),  мұндағы  ең  негізгі  сөз 
«Дəуітəлі»  болып  тұр.  Алайда  егер  автор  оны  керісінше  «Дəуітəлі  –  дара  жолдың  даңғылы»  деп 
қойса,  тақырыптың  əсерлілігі  кетіп  қалар  еді.  Негізгі  зат  есім  сөзді  сөйлемнің  соңына  қою  арқылы 
оған  анықталғыш  орынын  беріп  отырмыз.  Ал  «дара  жолдың  даңғылы»  сөзі  анықтауыш  сөз  ретінде 
қолданылып тұр. Бұл тақырыпта көркемдік қате бар. Бірақ оны кейінірек талдап өтерміз. 
Енді  сызықшаны  дұрыс  қолданбаған  қателіктерге  келейік.  «Тəжин  –  Президент 
əкімшілігінде»(«Қазақ  əдебиеті»  газеті,  13.01.2017),  бұл  жердегі  қателік  «Тəжин»  сөзі  «кім?»  деген 
сұраққа жауап беріп, зат есім бастауыш болып тұр. Ал «Президент əкімшілігінде» сөзі «қайда?» деген 
сұраққа  жауап  беріп,  пысықтауыш  қызметін  атқарып  тұр.  Ал  ереже  бойынша  пысықтауышпен 
бастауыштың  арасында  сызықша  қойылатын  жағдайлар  жоқ.  Демек,  бұл  жердегі  сөйлем  мүшелері 
арасындағы байланысқа сызықша қажеті жоқ.«Байлық – бардың малын шашса, қайырымдылық қайда 
қалады?»(«Қазақ əдебиеті» газеті, 13.01.2017), «байлық» сөзі «не?» зат есім бастауыш, ал сөйлемнің 
сызықшадан  кейінгі  бөліміндегі  «бардың  малын  шашса»  сөзі  «бардың»«кімнің?»  сұрағына  жауап 
беріп,  анықтауыш  қызметін  атқарып  тұр.  «Малын»  сөзі  тəуелдік  жалғауының  үшінші  жағындағы 
«несін?» сұрағына жауап беріп, анықтауыш болып тұр. Ал «шашса» сөзі «қайтсе?» сұрағына жауап 
беріп, етістік баяндауыш болып тұр. Демек, бұл жерде де сызықшаның еш қажеті жоқ. 
Енді сызықша қойылуы тиіс, бірақ қателік салдарынан қойылмай қалған жағдайларға тоқталайық. 
«Ана алтын қазық, алтын бақ» («Заң» газеті, 07.03.2017), мұндағы «ана» сөзі зат есім бастауыш, ал 
«алтын»  сөзі  «қандай?»  сұрағына  жауап  беріп,  анықтауыш  болып  тұр.  Тиісінше  «қазық»,  «бақ» 
сөздері  баяндауыш,  ал  ол  сөздер  «не?»  сұрағына  жауап  беретін  зат  есімдер.  Дəл  осындай  тағы  бір 
қателік  «Ұлттық  басылымдарға  ортақ  мұң  –  таралымның  аздығы»(«Заң»  газеті,  17.03.2017),  «мұң» 
сөзімен, «таралымның аздығы»  тіркесі – екеуі де зат есімнен болып тұр, бірі – бастауыш, екінішісі 
баяндауыш. 
Енді  синтаксистің  тағы  бір  маңызды  бөлігі  сөз  тіркестеріне  көшелік.  Көбіне  газет  мəтініндегі 
тақырыптардың  авторлары  өзіндік  сөз  тіркестерін  ойлап  тауып.  Болмаса  бұрыннан  бар  тіркестерді 
орынсыз өзгертіп қолданып жатады. Сол жағдайларға тоқталайық. «Тарихты қызыл тілмен жазып, 
өткеннен кек ала алмайсың» («Қазақ əдебиеті» газеті, 13.01.2017), біріншіден, тақырып тым ұзақ. Екі 
бірдей сөйлемнен құралған тақырыпқа оқырманның қызығушылығы арта қоюы беймəлім. Екіншіден, 
«қызыл тілмен жазып» делінген, əрине, автор «бос сөз жазып» деген тіркестің орнына осындай тіркес 
ұсынып  отыр.  Алайда  бұл  қисынсыз  теңеу  тіркес  тілдің  көркемдігін  кемітеді.  Оқып  отырған  адам 
258


«қызыл тілмен» ешнəрсе жазылмайтынын түсінеді. «Ұмтылыс ұрандаудан тұрмайды»(«Заң» газеті, 
10.01.2017)тақырыбы  оқығанға  жеңіл  болсын  деп,  ондағы  сөздерді  бір  əріптен  бастау  бұрыннан 
қалған  тəсіл.  Алайда  оның  қисынсыз  қолданылатын  осындай  тұстары  да  болып  тұрады.  Автордың 
айтпақ  болған  ойы  толық  ашылмай  қалған.  «Болатын  ел  бірін-бірі  батырым  дейді»(«Алматы 
ақшамы»  газеті,  06.10.2017),  қазақтың  «болатын  елдің  балалары  бірін-бірі  батыр  дейді»  деген 
мақалының өзгертілген түрі. Мақалда негізгі бастауыш «балалары» сөзін алып тастағаннан кейін ол 
мүлдем  жұтап  қалды.  Бəлкім,  автор  жауыр  болып  болып  айтыла  беретін  сол  мақалды  қайталағысы 
келмеген шығар. Алайда егер оны қойса толық қою керек еді. Болмаса, мүлдем басқа тақырып қою 
керек.  «Дəуір  дауысы,  қоғамның  жүрек  лүпілі»(«Алматы  ақшамы»  газеті,  04.10.2017),  бұл  жерде 
жоғары  да  айтылған  қателік  қайталанып  отыр.  Яғни,  сөздерді  бір  əріптен  бастау  мақсатын  қойып, 
бірақ қисынсыз сөз тіркесін ойлап тауып отыр. «Дəуір дауысы» деген сөз тіркесі болмайды. Бəлкім, 
бұл жерге «заман зары» делінетін бабалардан қалған тіркесті қоя салса, көркемдірек болар еді. «Дара 
жолдың  даңғылы  –  Дəуітəлі»(«Қазақ  əдебиеті»  газеті,  27.01.2017),  мұндағы  қателік  «дара  жол» 
сөзімен  «даңғыл»  сөзінің  беретін  мағынасы  бір  болғандығында  болып  тұр.  Яғни,  бір  мағыналы  екі 
сөзді қатар қойып, бірін анықтауыш, екіншісін бастауыш етіп, сөз тіркесін жасап қойған. 
Тағы бір үлкен қателік – ойдың аяқталмай қалатын тұстары. Яғни, құралған сөз тіркесінің толық 
болмауы.  Мəселен,  «Асартоғайдан  ассаңыз»(«Қазақ  əдебиеті»  газеті,  20.01.2017),  негізінде  кез 
келген тақырыптың көркін кіргізетін сөйлем мүшесі – бастауыш. Ал бұл жерде бастауыш жоқ. Бəлкім 
бастауыштың орнын баса алатын тыныс белгілерін қою керек пе еді. Мəселен, осы сөйлемнен кейін 
көп  нүкте  қоя  салсақ,  ойдың  əрі  қарай  жалғасы  бар  екендігі  білініп  тұратын  еді.  «Қазыналы 
қарттары»(«Алматы ақшамы» газеті, 04.10.2016), тақырыпты жай ғана «қазыналы қарттар» деп қою 
қажет  еді  немесе  «қаланың  қазыналы  қарттары»  деп  қою  керек  еді.  Бұл  мақаладағы  ойдың  дұрыс 
жетуіне септігін тигізер еді.  
Газет  мəтініндегі  тақырыптардың  синтаксистік  құрылымында  кездесетін  тағы  бір  үлкен  қателік 
қазақ  тілінде  кездеспейтін  сөздерді  жазу.  Яғни,  ойдан  құрап  сөз  жазу.  Ол,  əсіресе,  тақырыпты 
əсірелеу  кезінде  кездесіп  жатады.  Мəселен,  «Шаруаға  қырсыз,  жазуға  епті  қиялгер»(«Қазақ 
əдебиеті»  газеті,  24.02.2017),  мұндағы  «қиялгер»  сөзі  тіліміздегі  «саудагер»,  «кəсіпкер»  сөздері 
секілді  жолмен  жасалмақ  болған.  Алайда  сөз  түбірі  «сауда»,  «кəсіп»  сөздері  адамның  нақты 
айналысатын саласын көрсетеді. Ал «қиял» сөзі адамның айналысатын ісін анық көрсетпейді. Қазақ 
тілінде  «Қиялшыл  адам»,  «қияли»  деген  сөздер  кездеседі.  Осы  сөздердің  бірін  қою  қажет  еді. 
Əрине,«қиялгер»  сөзі  тақырыпты  қысқа  əрі  оқуға  жеңіл  етіп  тұр.  Алайда  ол  оқырманның  тілдік 
сауаттылығына кері əсер ететіні айдан анық. 
«Жақсы  тақырып  –  жарты  мақала»  ұғымына  сай,  газет  мəтініндегі  тақырыптардың  көркемдігі 
оқырманның оқуға деген ынтасын арттырады. Алайда оқырманның көңілінен шығуым керек екен деп 
тілдің  қалыптасқан  ережелерін  бұзуға  болмайды.  Барлығы  тілде  қалыптасқан  ережеге  сай  болуы 
керек.  Сонда  ғана  газет  халыққа  ұстаз  бола  алады  жəне  ол  жай  ғана  рухани  ұстаз  болмайды,  ол 
сауатты  ұрпақ  тəрбиелейтін  ұстаз  болады.  Егерде  автор  тақырыпты  тілдік  ережелерге  сай  қойса, 
оқырманның  автор  сауаттылығына    деген  құрметі  артады.  Қисынсыз  ұйқас  қуып,  қисынсыз  теңеу 
сөздер ойлап тауып, орынсыз сөз тіркестерін шығару арқылы оқырман тарта алмаймыз. Себебі қазіргі 
оқырман сауатты. Ал келешек оқырманның сауатты болуы үшін бүгінгі жазуымыз түзу болуы керек. 
Ол  үшін  газеттегі  тақырыптардың  мəйегі  мен  мағынасы,  түсініктілігінен  бөлек,  тілдік  нормаларға, 
синтаксистік ережелерге сай келгені нұр үстіне нұр. 
 
Əдебиет: 
1.
  Сайрамбаев Т.  Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Рауан, 1991 
2.
  Сағындықұлы Б., Сайрамбаев Т. Синтаксис мəселелері. – Алматы: Қазақ университеті, 2008 
3.
  Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің мəселелері. - Алматы, 2010 
4.
  Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. – Алматы: Мектеп, 1981 
5.
  Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1992 
6.
  Сайрамбаев Т. Қазақ тіліндегі синтаксис мəселелері // Қазақ тілі мен əдебиеті. – 2003. - №2.  
7.
  http://writers.kz/ 
8.
  http://almaty-akshamy.kz 
9.
  http://zanmedia.kz/ 
 
 
 
259


ЖунисоваМ.  
филол.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ доценті 
 
Ғылыми грамматикадағы лингвистикалық терминдердің қолданысы 
(Ə.Құрышжанұлының еңбегі бойынша) 
 
Ғылыми  мақаламыздың  мақсаты  –  профессор  Ə.Құрышжанұлының  1956  жылы  орыс  тілінде 
жазылған  жоғарыда  аталған  тақырыптағы  кандидаттық  диссертациясы[1]  тілінде  кездесетін 
лингвистикалық терминдерді қарастыру, септік категориясының «Кодекс Куманикус» ескерткішінің 
тіліндегі  түрлерінің  сол  кезеңдегі  ғылыми  атауларымен  таныстыру.  Қазақ  тілінің  ғана  емес,  түркі 
тілдерінің,  соның  ішінде  қыпшақ  тілінің  тарихын  зерттеген  ғалымның  ғылыми  жұмыстарының 
алғашқыларының  бірінен  саналатын  осы  еңбектің  тілінде  қаншама  ақпараттар  мен  қазақ  тіл  білімі 
тарихына қатысты зерттеулер мен танымдық мағлұмат бар?! Ғылыми жұмыстың авторы: жұмыстың 
үш  бөлімнен  тұратынын:  алғашқы  бөлім  –  сол  кезеңдегі  куман  халқының  тарихына,  «Кодекс 
Куманикус»  ескерткіші  қай  уақытта  жазылғаны,  Ю.Клапрот,  Г.Кун,  В.В.Радловжəне  К.Грёнбек 
басылымдары жөнінде мəліметтер беріледі дей келе, ескерткіш тілінен мысалдар келтіріп, куман тілі 
мен  қазақ  тілінің  сөздік  қорын    салыстыратынын  айтады  [1,  5].  Еңбектің  екінші  бөлімінде  автор: 
«септіктердің  грамматика-морфологиялық  сипатына  арналып,  əрбір  септік  түрлері  жалғауларының 
дыбыстық нұсқалары берілгенін жəне солтүстік-батыс немесе қыпшақ тілдерінің ұқсас деректерімен 
салыстырмалы-тарихи  тұрғыдан  қарастырылғанын»  айтып  өткен.  Үшінші  бөлімінде  септіктердің  
үстейтін  мағыналары  мен  олардың  жалғанатын  сөздермен  сəйкес  келуі  табиғатын 
қарастырған.Ғылыми  мақаламызға  арқау  етіп  отырған  тілдік  материал  осы  диссертациялық 
жұмыстың барлық бөлімдерінде қолданылатын, əсіресе, екінші бөліміндегі септіктің лингвистикалық 
атаулары мен оның мəн-мағыналары, яғни, осы еңбектегі лингвистикалық терминдер, терминдердің 
семантикалық өрісі мен қолданыс аясы.Мақаламыздың дереккөзі ретінде еңбектің 68-94 беттеріндегі 
терминдер жəне олардың тұжырымдалуы қарастырылды. 
Жалпы,  кез  келген  ғылыми  жұмыстың  ақпараттылығы  оның  ғылыми  аппаратыны,  тірек 
терминдеріне қатысты. Олай болса, аталған жұмыстағы қолданылған септік категориясының түрлері 
жеке-жеке  қарастырылып,  оның  жасалу  жолдары  арқылы  мазмұнды  ғылыми  тұжырым  ұсынылады. 
Ə.Құрышжанұлының аталған еңбегі тұнып тұрған куман қыпшақтарының тіліндегі элементтер ғана 
емес, оны дəлелдеуі мен ұсынуы табиғи, əрі өте қарапайым түсінікті ғылыми стилде жазылған еңбек. 
Ғылыми  жұмыстың  65-66  беттерінде  ғалым  былай  дейді:  «Нами  куманские  падежи  обозначены 
традиционными латинскими терминами потому, что они имеют место и воригинале «Кодекса» и в 
различных  его  изданиях,  в  которых  перечисляются  6  падежей:  номинатив,  генетив,  датив, 
аккузатив,  аблатив  и  вокатив.  Мы  со  своей  стороны,  во-первых,  придерживаемся  мнения 
А.Самойловича[2],  который  пишет,  что  особого  звательного  падежа  в  тюркских  языках  вообще  не 
существует,  2  потому,  что  он  выражает  обращение,  а  не  отношение  существительного  к  другим 
словам  в  предложении.  Во-вторых,  список  падежей  дополняем  локативом  и  инструментальным 
падежом»[1, 65]. 
Лингвистикалық  ұғымдардың  қалыптасу  тарихы  Азия  жерінде  арабтың  үш  бірдей  ірі 
лингвистикалық  мектептерінен  бастау  алғаны  мəлім.  «Басты  тілдік  мектептер  қазіргі  Ирак 
территориясын  арабтар  рухани  жаулап  алғаннан  кейінгі  Басрий  мектебі  –  барлық  мектептердің  ең 
көнесі,  Куфий  жəне  Бағдат  мектептері  болған»  [3,  20].Лингвистикалық  терминдердің  қалыптасу 
тарихы  қазақ  топырағында,  алдымен  Орхон-Енисей,  Талас  жазба  ескерткіштерінен,  Əл-Фараби 
еңбектерінен  бастау  алатынын,  ал  салыстырмалы-тарихи  тіл  білімі,  яғни,  компаративистика 
ғылымының  негізін  салушы,  «Диуани  лұғат-ат  түрк»  (Түркі  тілдерінің  сөздігі)  еңбегінің  авторы 
М.Қашқари екені белгілі. 
 
Лингвистикалық терминдер теориясын қалыптастыруда 1930 жылдардағы Алаш зиялыларының да 
өзіндік үлесі бары терминтану саласы ғалымдарының ғылыми жұмыстарынан танылып келеді[4, 93]. 
Ə.Құрышжанұлының  1956  жылы  ғылыми  ортаға  ұсынылған  осы  еңбегінің  қазіргі 
лингвистикамыздағы терминдер жүйесіне қосар үлесі, алатын орны ерекше.Ғалым номинатив – атау 
септіктерминін  былай  түсіндіреді:  «Интересно  отметить,  что  Г.Кун  на  стр.75  и  СІV  своего  издания 
СС  для  номинатива  приводит  примеры  в  нулевой  форме  слова,  напр.:  аt(лошадь)  и  в  форме 
множественного  числа,  напр.:  аtlar(лошади).  Притяжательная  форма  слова  тем  не  указывается, 
очевидно,  Г.Кун  ее  считал  не  характерной  для  номинатива.  Итак,  отсутствие  какого-нибудь 
падежного окончания в куманском языке, как и в других тюркских языках, означает номинативный 
падеж» [1, 67]. 
Қазіргі қазақ тіліндегі атау септік тұлғалы сөздерді зерттей келе, ғалымдар атау септігінің нөлдік 
формада келуінің өзі атаулық мағына беретіні туралы С.Исаевтың, Н.Оралбай еңбектерінен белгілі [5, 
6].Ə.Құрышжанов ілік септігінің жасалу жолында оның қосымшаларына тоқталады: «Второй падеж в 
260


Кодексе в простом и притяжательном склонении имеет окончаниening/ning и ing/ing. Они образуют 
закрытый слог. В нем узкий гласный і может быть переднего ряда при мягкой основы и заднего ряда 
при  твердой  основе.  Последний  звук  окончания  считается  заднеязычным  носовым  согласным»[1, 
68].В.А.Богородицкий:  «в  куманском  языке  новообразовавшееся  именное  окончание  ның/нің 
вытеснило собой в именах основное ың/ің и стало в этом языке единственным для данного падежа». 
Қазіргі  ауызекі  тілімізде  сақталғансіздің  үйіңіз  –  осы    деген  сөйлемді,  сізің  үй  –  осы  деп  айту 
кездеседі:сіздің //сізің. 
Ғалымның  тұжырымдауынша:  «Сравнительная  таблица  вариантов  окончания  генетива  в 
некоторых тюркских языках: 
Куманский -ның/нің. 
Кашгарский -ның/нің. 
Мищярский -ның/нің. 
Узбекский -ниң/ниң. 
Чагатайский -ның/нің, -нуң/нӱң. 
Крымский -ның/нің,-нуң/нӱң /редко -ны,ы/. 
Караимски -ның/нің, -нуң/нӱң. 
Татарский -ның/нің, -ноң/нöң. 
Орхонский -ның/нің,-ың/ің. 
Турецкий -ның/нің, -ың/ің. 
Кипчакский -ын/ін. 
Кумыкский -ны/ни. 
Ногайский -ның/нің,-дын/дин,-тын/тин. 
Каракалпакский -ның/ниң,-дын/диң,-тың/тиң. 
Казахский -ның/нің,- дың/дің,-тың/тің. 
Башкирский  -ның/нең,  -дың/дең,  -тың/тең,  -ноң/нең,  -доң/дең,  -тоң/тең,  -зың/зең,-зоң/зең  [1,  72-
73]. 
Датив, яғни,барыс септігі туралы Ə.Құрышжанұлы былай дейді: «Окончаниями датива считается 
ка/кä, ga/gä в простомсклонении, ga/gä, a/ä в притяжательном склонении» [1, 73].Куман қыпшақтары 
тіліндегі табыс септікті ғалым былай сипаттаған: «Аккузатив в языке СС оканчивается на ni и n. n 
образует  открытый  слог,  в  котором  узкий  гласный  в  зависимости  от  характера  основы  может  быть 
гласным  переднего  и  заднего  ряда»[1,  77].Қарастырылып  отырған  ескерткіш    тіліндегі  жатыс 
септікті  ғалым  былай  сипаттаған:  «Локатив  в  куманском  языке  имеет  окончания  ta/tä  и    da/dä»[1, 
80]. 
«Кодекс  Куманикус»  ескерткішінің    тіліндегі  жатыс  септікті  ғалым  былай  сипаттаған: 
«Окончание  аблатива  dan/dän,tan/tänподобно  окончаниям  генетива,  образуют  закрытыйслог»  [1, 
82].Сонда ескерткіштің түпнұсқаларымен танысып, таныстырып қана қоймай, əрі қарай əрбір септік 
жалғауының  жалғану  ерекшеліктеріне  арнайы  тоқталған,  мысалы:  «Приведем  сравнительную 
таблицу вариантов окончания аблатива в некоторых тюрских языках. 
Кипчакский -дан/дäн. 
Узбекский -дан/дäн. 
Куманский -дан/дäн, -дан/тäн. 
Орхонский -дан/дäн, -тан/тäн, -дин/дін. 
Кумыкский -дäн/ден, -дин/дін, -тин/тін. 
Турецкий -дан/ден, -тан/тен. 
Караимский -дан/дäн, -тан/тäн. 
Мищярский -дан/дäн, -тан/тäн, -нан/нäн. 
Казахский -дан/ден, -тан/тен, -нан/нен. 
Татарский -дан/дəн, -тан/тəн, -нан/нен. 
Ногайский -дан/ден, -тан/тен, -нан/нен. 
Каракалпакский -дан/ден, -тан/тен, -нан/нен. 
Кашгарский -дан/дан, -дын/дін. 
Чагатайский -дын/дін, -тын/тін. 
Башкирский -дан/дəн, -тан/тəн, -нан/нəн, -зан/зəн[1, 87]. 
Көмектес  септікті  инструментальный  падеж  деп  терминдік  атау  береді  де,  оның  жеке  сөзден 
пайда болғанын атайды. 
«В  куманском  языке  инструментальный  падеж  функционируется  при  помощи  послеслога  bile, 
напр.,  atasi  bile«атасымен»  (с  его  отцом);    congulu  bile«көңлімен»  (с  его  настроением);  cstus  bile 
(христосом); azam bile«азаматпен» (с человеком); iazuk bile«жазықпен» (с виной); taz bile«таспен» (с 
камнем);  kolim  bile«қолыммен»  (с  моей  рукой);  ating  bile  «атынмен»  (с  твоим  именем);  balalarimiz 
bile«балаларымызбен» (с нашими сновами)»[1, 87-88]. 
261


Қорыта  келгенде,Ə.Құрышжанұлы  аталған  еңбегінде  септік  жалғаудың  жіктелуіндегі  түрлерін 
латын  тіліндегі  күйінде  атап  қоя  салмай,  оның  мағыналарына,  жасалуындағы  ерекшеліктері  мен 
қолданыс  табиғатына  терең  мəн  беріп  қарастырған.  Ғалым  қолданған  лингвистикалық  термин 
атаулары, ғылыми нысан еткен септік жалғауларының тұлғалары мен мағыналарының мəні əлемдік 
грамматикада да орны ерекше. 
 
Əдебиет: 
1.
  Курышжанов А. Формы и значения падежей в языке CodexCumanicus. - АКД. - 1956. - С.225. 
2.
  Самойлович А.Опыт краткой крымско-татарской грамматики. СПб.,  1916. - С.95. 
3.
  Жүнісова М. Əлемдік лингвистика. Оқу құралы. -  Қарағанды, 2016. -125 б. 
4.
  Оразбаева  Ф.Ш.,  Жиренов  С.А.,  Кенжебаева  Г.М.,  Мазибаева  Ж.О.  Лингвистикалық  терминдер 
теориясы. Оқу құралы. - Алматы: Ұлағат, 2012. – 96б. 
5.
  Богородицкий В.А. Введение в татарское языкознание. – М., 1952. -  С. 152. 
6.
  Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. - Алматы: Рауан, 1998. -304 б. 
7.
  Оралбай Н. Қазақ тіл білімінің мəселелері. – Павлодар, 2011. -424 б. 
 
 
Ережепова С.  
филол.ғ.к.,  Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ доценті 
Бакиева А.  
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқытушысы 
 
Техникалық жоғары оқу орнында қазақ, орыс тілдерін оқытудың жаңа мазмұны 
 
Қазіргі таңда техникалық жоғары оқу орындарында қазақ, орыс тілдерін оқыту тұлғалық-бағдарлы 
технологияларды  қолдануға  негізделеді.  Бұл  ретте  білім  алушының  жеке,  танымдық  тұлға,  өзінің 
жеке  көзқарасы  бар  екендігі,  оқу  үрдісіне  деген  қарым-қатынасы,  топта  жұмыс  істей  алуы,  білім 
алуына  жауапкершілікті  өзі  көтере  алатыны  өзекті  болып  табылады.  Студент  өз  жұмысын 
ұйымдастыра  жəне  жоспарлай  алуы,  пəнді  үйренуде  мақсат  қоя  білуі,  өздік  жұмысы  дағдыларын 
игеруі  жəне  де  ең  маңыздысы,  өзін-өзі  бақылау  жəне  өз  оқу  қызметін  өзі  бағалай  алуы  қажет. 
З.А.Малькова  білім  беруде  «үрдіс  мазмұнын»  қайта  бағдарлау  қажет  екендігін  ескертті[1]. 
Оқытушыларға  жұмыстарында  білім  алушыдардың  тұлғалық  мотивін  жəне  өмірлік  маңызы  бар 
коммуникативтік  құзыреттіліктің  қалыптасуын  қамтамасыз  ететін  педагогикалық  технологияларды 
қолдану маңызды. 
Тұлғалық-бағдарлы 
технология 
студенттердің 
интеллектуалдық, 
тілдік 
құзыреттілікті 
қалыптастырып  жəне  дамытатындығы  бəрімізге  белгілі  болғанындай,  адамның  интеллектуалды 
дамуына  қайта  бағыттауда  сыни  жəне  шығармашылық  ойлауына  əсер  етеді.  Осы  тұрғыдан,  біздің 
көзқарасымызша, диалогтық оқытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Диалогтық қарым-қатынас үрдісінде 
білім  алушылар  өз  ойларын  жеткізу  барысында,  жаңа  құндылықтарды  меңгеруде  жəне  оны  еске 
сақтау  кезінде  əртүрлі  тəсілдерді  іздейді.  Сабақта  диалогтық  оқытуды  қолдану  дағдыны 
қалыптастыруға,  өз  позициясын  анықтай  алып,  өз  сөзінде  тұра  алуға,  шешендік  өнеріне  жəне 
лидерлік  қасиеттеріне  ықпал  етеді.Е.Л.Мельникованың  «диалогтық  оқытуында»  оқу  мəселесін  қоя 
біліп,  жəне  де  арнайы  оқытушы  тарапынан  ұйымдастырылған  диалог арқылы  білім  алушының  оны 
шешудің жолдарын іздестіре алуын жүзеге асырады [2]. 
Диалог  түрлеріне  мыналарды  жатқызуға  болады:  мотивациялық  (қарым-қатынастың  диалогтық 
түріне,  қатысушылардың  тақырыпқа  қызығушылығын  білдіреді),  сыни  (диалог  мазмұны  негізінде 
сыни  тұрғыдан  ойлау  мен  пайымдауды  сипаттайды,кез  келген  мəселені  шешуде    гипотетикалық 
тұрғыда қарастыру), шиеленіс (мəселе тудырған жағдайға тұлғаның қарсы əрекетімен ерекшеленеді), 
өзін-өзі  презентациялайтын  өзін-өзі  таныстыру  (өз  имиджі  үшін  тұлғалық  таныстырылым), 
автономдық (тұлғалық жеке қорғаныс реакцияларын жүргізетін ішкі диалог), рефлексивті (тұлғаның 
өз-өзіне  талдау  жасай  алу  қабілетін  көрсетеді),  өздігінен  жүзеге  асыра  алатын  (жекелей  тұлғаны 
өздігінен  ашыла  алуы),  шығармашыл  (тұлға  құндылықтарын  іздеумен  сипатталады),  рухани 
(мазмұнға, бір-біріне терең ену).Е.Л.Мельникова диалогты жетектеуші жəне жеткізуші деп екі түрге 
бөледі.  Олар  əртүрлі  құрылымды  құрайды,  əртүрлі  оқу  қызметін  қамтамасыз  етеді  жəне  білім 
алушының психикасын əр жақта дамытады[2]. 
Біз жетектеуші қарым-қатынаста проблемалық жағдаят туғызамыз, сонан кейін арнайы репликалар 
келтіру  арқылы  студенттердің  проблемаға  қарсы  шыға  алып,  оны  қалыптастыра  алуын  қамтамасыз 
етеміз. Соңғы кезеңде оқытушы білім алушыға нəтижені жеткізу барысындаоны ары қарай жетектеп, 
болжамды  тексереді,  яғни,  білімнің  толық  ашылуына  жағдай  жасайды.  Жетектеуші  қарым-қатынас 
арқылы студенттер сұрақтар мен тапсырмаларды орындау кезінде белсенді əрекет жасайды, сонымен 
қатар  олардың  логикалық  ойлауының  жан-жақты  дамуына  ықпал  етеді.Диалогтық  оқыту 
262


студенттерге  оқу  мəселесін  анықтауға  көмек  береді,  яғни,  сабақ  тақырыбын  құрап  немесе  зерттеу 
жүргізу үшін сұрақтар құрай алуына жағдай туғызады[3]. 
Осылайша студенттердің жаңа материалға қызығушылығын туғызып, танымдық мотивацияларын 
қалыптастырады.  Одан  кейін  оқытушы  жетектеуші  жəне  жеткізуші  диалог  арқылы  шешім  табуды 
ұйымдастырады,  яғни,  білім  алушының  білімін  ашады,  оны  анықтайды.Диалог  деңгейлерін  де  есте 
сақтау қажет. Бірінші деңгей – жекелей Мен диалогы, өз-өзімен, жеке ойымен қарым-қатынас жасау – 
бұл  тұлғалық  деңгей.  Екінші  деңгей  –  əртүрлі  құнды-интеллектуалдық  позицияның  сапалы  өзара 
əрекеттесу процесі. Үшінші деңгей – шағын диалог – бір уақыттағы көптүрлі (жан-жақты) диалог, ол 
5-7 адамнан тұратын шағын топтарда белгілі бір мəселені талқылауда туындайды. 
Жалпылай  алғанда,  оқыту  əдістемесінде  оқу  мəселесінің  үш  негізгі  əдісі  бар:  проблемалық 
жағдаяттан  жетектеуші  диалог;  тақырыпқа  əкелетін  диалог;    мотивациялық  қабылдаумен  берілетін 
тақырыптық  хабарлама.  Диалогтық  оқытуда  рефлексия  жүргізу  қажет.  Өйткені  студент  өзінің 
дəрісханалық  жəне  дəрісханадан  тыс  əрекеттерінің  нəтижелерін  тіркей  алуды  үйренуі  тиіс.  Сонда 
ғана диалогтық оқыту технологиясын қолданудың жоғары тиімділігі жайлы айтуға болады. 
Рефлексияның  келесі  функциялары  бөлінеді:  диагностикалық  функция  –  педагогикалық  үрдістің 
қатысушылары  арасындағы  өзара  əрекеттестіктің  деңгейін,  берілген  өзара  əрекеттестіктің  тиімділік 
деңгейін,  жекелей  педагогикалық  құралдарды  анықтау;  қызметтің  мақсатын  анықтау; 
ұйымдастырушылық  –  өнімділік  қызметінің  жəне  өзара  əрекетестіктің  құралдарын  ұйымдастыруды 
жəне  тəсілдерін  анықтау;  коммуникативтік  –  педагог  пен  тəрбиеленуші  арасындағы  қатынастың 
рефлексия  шарты  ретінде;  шығармашылық  мағынасы  –  педагогикалық  үрдіске  қатысушылардың 
санасына жеке іс-əрекеті мағынасын қалыптастыру; мотивациялық – бағытты анықтау жəне мақсатты 
іс-əрекетті  құру;  коррекциялық  –  педагогикалық  үрдіске  қатысушылардың  өзара  əрекеттестікті 
жүзеге  асырып,  өз  іс-əрекетіне  түзетулер  енгізе  алуы[4].  Сабақта  рефлексияны  ұйымдастырудың 
əртүрлі тəсілдері бар. Бұл, мəселен, сабақты қорытындылау кезінде мынандай сұрақтар қою арқылы: 
Не білдің? Неге үйрендің? Не түсіндің? Қиындық қай жерде туындады? Сабақта маған ең ұнағаны не 
болды?  Мен  нені  орындай  алдым  жəне  неге?  Мен  өз  мақсатыма  жете  алдым  ба?  Менің  ең  басты 
нəтижем қандай? Қай тапсырмалар қызығушылық (қиындық) тудырды жəне не себепті? 
Сабақта  студенттің  қанағаттану  сезімін  білдіретін  немесе  психологиялық  жағдайын  көрсететін 
сигналдық карточка-смайлдарды («көңілді», «бейтарап», «көңілсіз»), «кластер» құру (бақылау жүйелі 
ұғымдар арқылы оның құрамдас бөліктері), «Синквейн» қабылдауы, тезис, афоризмдер таңдау жəне 
т.б.  қолдануға  болады.Əдетте  сабақтың  ең  соңғы  кезеңінде  жұмыстың  мынандай  түрлері 
қолданылады: шағын-сауалнама,  «қошемет  сөз»,  түйіндеме,  шағын-шығарма,  «рефлексивтік  нысана 
техникасы»,  «бағалау  парағы»,  «алгоритм-сұрақ»  сияқты  студенттердің  интелектісі  деңгейіне  сай 
келетін  жəне  топтағы  лидерді  анықтайтын  жұмыс  түрлері.Мысалы,  білім  алушылар  топта 
қатынастың қай түрі басым болғанын,  студенттер тапсырмалар орындау кезінде қандай қиындықтар 
туындағанын айтады. Барлық жағдайда да топтың бірлігі сақталды ма, əлде қандай да бір сұрақтар 
кезінде  даулы  жағдайлар  пайда  болған  уақытта  келіспеушіліктердің  болғандығын  əңгімелейді. 
Рефлексия    оқу  материалының  мазмұнын  оқытуда  өтілген  тақырыпты  түсіну  деңгейін  анықтауға 
қолданылады.  
Рефлексияны жүзеге асыруда оқытушы өз іс-əрекетінің, алдына қойған мақсатының қаншалықты 
тиімді  де  дұрыс  болғанын,  күтілген  нəтиженіңқай  деңгейіне  жеткендігін  анықтайды.Педагогикалық 
үрдістегі рефлексия – бұл субъектінің педагогикалық өзара əрекеттестікке туындаған педагогикалық 
жағдаймен  өзіндік  сəйкестендіру  үрдісі,  ол  педагогикалық  жағдай  келесілерден  тұрады:  оқушылар, 
педагогтар,  педагогикалық  үрдістің  қатысушыларын  дамыту  шарттары,  қоршаған  орта,  мазмұны, 
педагогикалық технологиялар[5]. 
Проблемалық-диалогтық  оқыту  –  бұл  оқытушы  тарапынан  арнайы  ұйымдастырылған  диалог 
арқылы  студенттердің  шығармашылық  дағдысының  қалыптасуын  қамтамасыз  ететін  оқыту  түрі. 
Екіжақты  үрдісте,  толыққанды  жұмыс  арқылы  студенттер  материалды  толықтай  түсіне  алады. 
Нормативтік  дамуға  ықпал  ететін  құзыреттілік  (өз  қызметін  ұйымдастыру,  мəселелерді  шеше  алу), 
танымдық  (мəліметті  таба  алу,  логикалық  шешімдер  жасау),  коммуникативтік  (адамдармен  өзара 
қарым-қатынас жасау), тұлғалық (жағдайға моральдық баға беру, моральдық таңдауды жүзеге асыра 
алу)  жағдай  туындайды.Сабақта  диалогтық  оқытуды  қолдану  студенттердің  сыни  тұрғыдан  ойлау, 
талдау, баламалы пікір айта алу, топпен бірге ойластыра əртүрлі шешімдер шығара алу, бір-бірімен, 
оқытушымен пікір алмаса алуына көмектеседі. 
 
Əдебиет: 
1.
  Малькова З.А. США: поиски решения стратегической задачи школы// Педагогика. – 2000. – №1.- С. 91. 
2.
  Мельникова  Е.Л.  Проблемно-диалогическое  обучение:  понятие,  технология,  предметная  специфика// 
Образовательная система «Школа 2100»– качественное образование для всех. - М.: Баласс, 2006. - С.144-180. 
3.
  Мельникова  Е.Л.  Проблемно-диалогическое  обучение  как  средствореализации  ФГОС.  Пособие  для 
учителя. - М., 2013.  
263


4.
  Кашлев С.С. Интерактивные методы обучения педагогике. - Минск: Высшая школа, 2004. - 176 с. 
5.
  Суворова Н.Г. Интерактивное обучение: новые подходы//Учитель (Россия). – 2000. - № 1. - С. 25-27.  
 
 
Жүнісова М.  
филол.ғ.к., Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды  
мемлекеттік университетінің доценті 
Смаилова А. 
п.ғ.м., Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды  
мемлекеттік университетінің аға оқытушысы 
 
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі 
 
Қазақстан  Республикасының  «Тілдерді  дамытудың  2001-2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасының» негізгі талабы – мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу. Өзге 
ұлт өкілдері бөлімдерінде оқытылатын қазақ тілі сабақтарының мақсаты – тіл үйренушілердің сөздік 
қорын  дамыту,  оқу  техникасын  қалыптастыру,  дұрыс  сөйлеуге,  сауатты  жазуға  үйрету,  сөйлем 
құрылысын  меңгерту,  қазақ  тіліне  тəн  дыбыстарды  айтып,  сөз  ішінен  ажырата  білуді  үйрету.  Тіл 
үйренушілердің білімін арттыру үшін сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолдана білу керек.  
Атап  айтқанда,  М.М.Жанпейісованың  «Модульдік  интерактивтік  оқыту  технологиясын»  өз 
тəжірибемізде жиі пайдаланамыз. Бұл технологияның ерекшелігі – оның білімді меңгеруі, тұлғаның 
танымдық  қабілеттерін  жəне  танымдық  үдерістерді,  яғни,  жадының  алуан  түрлерін  (есту,  көру, 
қимыл  т.б.)  ойлауды,  ынтаны,  қабылдау  қабілетін  арнайы  жасалған  оқу  жəне  танымдық  жағдайлар 
арқылы дамытуға, сондай-ақ, тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық 
жəне шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. 
«Модуль  дегеніміз  –  қандай  да  бір  жүйенің  біршама  дербес  бір  бөлігі»    (С.И.Ожегов). 
Ал«технология» гректің «шеберлік» деген сөзінен шыққан. Модуль – міндетті түрде студенттің білімі 
мен  біліктерін  тексеру  элементі  бар  оқу  материалының  логикалық  аяқталған  бөлімі.  Модульді 
құрастырған кезде  оның мазмұнының байланыстылығы,  логикасы,  элементтерінің  бір-бірімен  өзара 
байланыстылығы жəне олардың бір-бірінен даралануы, ажыратылуы, ерекшелігі негізге алынады.  
Модульдік  оқытудың  өзегі  –  оқу  модулі.  Модульдік  оқыту  –  бұл  тіл  үйренушінің  өз  бетінше 
жұмыс істей алу мүмкіндігі.  
Бұл технологияның мақсаты: 
1.
  Тіл  үйренушінің  өзін-өзі  дамытуына  қолайлы  жағдайлар  туғызу.  Өз  бетінше  білім  ала  білуі, 
өзін-өзі басқара алуы; 
2.
  Өзін-өзі анықтай алуы; 
3.
  Өзін-өзі реттей білуі; 
4.
  Өзіне-өзі сенімді болуға тəрбиелеу; 
5.
  Өзіне-өзі баға бере білуі. 
Міндеттері: 
1.
  Тіл үйренушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, кешенді жұмыс жүргізу; 
2.  Тіл  үйренушілерге  өзіне  сын  тұрғысынан  қарау  түсінігін  қалыптастыру.  Əңгіме,  пікірталас, 
іскерлік ойындарды, тəрбиелік жұмыстарды кеңінен пайдалану.  
Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері: 
1. Модульдік оқытудың мақсаты – студенттің өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту;    
2.  Кіріспе  бөлімінде  оқытушы  модульдің  құрылымы  мен  оны  таныстыру  бағыттарының 
мақсаттарына, не үшін керек деген  мəселелерге назар аударады. 
3. Диалог кезеңі тəрбиелік мəні бар мəселелерді кешенді түрде игеруге арналады. 
4. Диалог  бөлімінде  қайта  оралу  қағидаты  ұсталады.  Ол        қайталау  емес,  əр  қайта  оралғанда 
тəрбиелік тақырыптардың     мазмұны күрделенеді. 
М.М.Жанпейісованың технологиясында модуль 3 құрамды бөліктен тұрады: 
1. Кіріспе 
2. Сөйлесу 
3. Қорытынды 
Кіріспе бөлімінде оқытушы тіл үйренушілерді оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-
міндеттерімен  таныстырады.  Сонан  соң  тіл  үйретуші  осы  модульдің  барлық  уақытында  есептелген 
оқу  материалын  қысқаша  (10-20  минут  ішінде),  сызба,  кесте  жəне  т.б.  белгілік  үлгілерге  сүйене 
отырып  түсіндіреді.  Тақырып  мазмұны  (тұтас  тақырып  немесе  тарау  бойынша)  «өсу»  бағытымен  – 
қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, 
зерттеушілік  қызмет  элементтеріне  қарай  бірнеше  мəрте  қайта  оралып  отыру  əр  оқушыға  оқу 
264


материалымен  жұмыс  істей  отырып,  өз  қабілеттерін,  жадын,  ынтасын,  ойлауын,  ауызша  жəне 
жазбаша  тілін  дамытады.  Психологтардың  пайымдауынша,  əрбір  дербес  тарауды  оқып-үйрену  үш 
негізгі  кезеңнен  тұрады:  кіріспе-қызықтырушылық,  танымдық  жəне  рефлексиялық-бағалау 
кезеңдерінен тұрады.  
Сөйлесу  бөлімінде  əр  тіл  үйренушімен  оқу  материалдарымен  жұмыс  істей  отырып,  олардың  өз 
қабілетін,  ынтасын,  ойын  (қабылдауын)  ауызша,  жазбаша  тілін  дамытуға  мүмкіндік  беріледі. 
Студентердің  танымдық  үдерісін  арттыру  үшін  топты  5-6  адамнан  тұратын  шағын  топтарға  бөлу 
арқылы  негізінен  студенттердің  өзара  əрекет  етуіне  бағытталып  құрылған.  Тіл  үйренушілердің 
танымдық  қызметі  əр  сабақта  үш  күрделік  деңгейде  берілген  оқу  материалын  тыңдау,  жазу,  көру 
жəне айту мүмкіндігі болатындай етіп дайындалған. Оқытудың ойын түрінде ұйымдастырылуы жəне 
əртүрлі белсенді формаларды қолдану оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде 
алғашында  оқу  материалын  қайта  жаңғырту  жəне  қарапайым  білік  пен  дағды  қалыптастыру 
мақсатында кейіннен алынған білімді талдау, жинақтау жəне бағалау мақсатында оқытудың белсенді 
формалары қолданылады. Оқу модулінің бұл бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші  танымдық 
кезеңін іске асыру болып табылады. 
Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда оқытушы оқу материалының негізгі  мазмұнын бөліп 
құрастырмайды. 
Мұнда тіл үйренушілер оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның əр сабақта жеке 
бөліктермен берілетіні есепке алынуы керек, бұл бөліктерде қысқаша сыйымды түрде тұтас тараудың 
мазмұны  беріледі.  Пысықтауды  қажет  ететін  материалды  мұғалім  үш  күрделілік  деңгейінде 
дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын əр студент өзі шешеді.Мысалы, 3-деңгей төменгі, 
2-деңгей  орташа,  1-деңгей  білімі  жоғары  білімді  студенттерге  арналады.  Сөйлесу  бөліміндегі  білім 
дəрежесін  бағалауда  өзін-өзі  бағалау,  топтық  бағалау,  бірін-бірі  бағалау  əдістері  пайдаланады. 
Дарынды балалар сабақта міндетті түрде, үнемі аса жоғары күрделілік деңгейінде жұмыс істейді, бұл 
олардың интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді. Көшбасшылық (лидерлік) қабілеттері 
бар  студенттер  «кеңесшілер»  немесе  «топ  жетекшісі»  рөлдері  арқылы  өздерін  танытады.Жақсы 
оқитын  студенттердің  көпшілігі  1  немесе  2-деңгей  тапсырмаларын  таңдап,  оны  жақсы  орындайды. 
Білім  деңгейі  орташа  топтарда  3,  2,  кейде  ғана  1-деңгей  тапсырмалары  таңдалады.  Білім  деңгейі 
төмен  студенттер  əдетте  3-деңгей  тапсырмаларымен  жұмыс  істеуден  бастайды.  Сөйлесу  бөлімінің 
барлық  сабақтарында  сөйлесуді  қамтамасыз  ету  үшін  тілдік  орта  жағдайларын  жасап,  тіл 
үйренушілердің  қызығушылықтарын  арттыру  мақсатында  оқыта-үйрету  ойындары  жүргізіледі.  Бұл 
бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда оқытушы тіл үйренушілердің өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге 
баса көңіл аударады. 
Қорытынды  бөлім.  Бұл  бөлім–  тарауды  немесе  тақырыпты  оқытудың  тұтас  циклін  анықтайтын 
соңғы бөлімі. Ол тіл үйренушілердің сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан 
білім,  білік,  дағдыларын бақылауға,  тексеруге жəне  бағалауға  арналған.  Осы  бөлімде студенттер  өз 
қызметін талдайды, яғни, баға алады, бұл соңында əр тіл үйренушінің танымдық қызметінің жалпы 
оқу  нəтижесін  анықтайды.  Оқу  модулінің  қорытынды  бөлімі  –  бақылау.  Қорытынды  бөлімінде 
бақылаудың  бірнеше  түрі  бар.  Біріншісі,  міндеті  –  тестілеу.  Екіншісі,  оқытушының  өз  тандауы 
бойынша  сынақ,  бақылау  жұмысы,  диктант.  Бұл  модуль  бойынша  екі  немесе  одан  да  көп  бақылау 
түрлерін  қолданған  дұрыс,  өйткені  оқу  материалын  игеру  дəрежесін  бір  ғана  тестілеу  арқылы 
анықтау мүмкін емес. Білім деңгейін тексеру жəне бақылау тəсілі ретінде тестілеу оқыту нəтижесінің 
мөлшерлік  көрсеткіші  болып  табылады,  бұл  аса  маңызды.  Сонымен  қатар  тестілеу  тұлғаның 
психологиялық қорғауын қамтамасыз етеді, ішкі кедергілерін жояды, өйткені бақылаушымен қатынас 
жанама  түрде  жүреді.  Бұл  осындай  бақылау  түрінің  жағымды  жағы.  Тестілеу  бақылаудың  қажетті 
түрі, бірақ ол бақылаудың басқа түрін қайталап қолдануды керек етеді. Оның мақсаты:  
 а) білім деңгейін əділ бағалау;  
 б) бағасын жақсартуға мүмкіндік беру.  
 Егер бақылаудың бір түрінен нашар баға алынса, бақылаудың басқа түрі оны жөндеуге мүмкіндік 
береді. Ал сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, 
түрлі  ғылыми  көздерді  пайдалануы  құпталып  келсе,  енді  қорытынды  бөлімінде  студент  өзінің 
сөйлесу  бөлімінде  алған  білімін,  білігі  мен  дағдыларын  ешкімнің  көмегінсіз  көрсетуі  тиіс.  Оқушы 
білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма 
немесе диктант оқу пəнінің ерекшілігіне орай қолданып, оқу модулінің осы бөлімінде беріледі. 
 Жалпы оқытудың модульдік технологиясын жоғарғы оқу орындарында көптілді бөлімінде оқитын 
студенттеріне қолдану өте тиімді. Осы модульдік оқытуда оқытушы қандай жұмыстар атқарады? 
1.
  Оқу  модулінде  сабақтың  мақсаттары  мен  міндеттеріне  қатысты  əрбір  студенттің 
қабілетіне,түсінуіне ерекше көңіл бөледі. 
2.
  Тақырыпқа сай жаңа сөздерді тіл үйренушілерге меңгертеді. 
3.
  Сөздер,сөз тіркестері арқылы сөйлем құратады. 
265


4.
  Грамматиканы тірек сызба арқылы түсінікті етіп үйретеді. 
5.
  Деңгей бойынша студенттердің қабілетіне сай тапсырма береді. 
6.
  Тақырып бойынша өз ойларын дұрыс жеткізе білуге баулып,сауатты жазуға дағдыландырады. 
7.
  Тіл үйренушілердің бір-бірімен диолог құру арқылы сұхбаттасуына көмектеседі. 
Алтіл үйренуші өтілген модуль бойынша нені меңгеруі қажет,қалай жұмыс жасауы керек? 
1.
  Тіл үйренушілер өтілген модуль бойынша тақырыпты өз қабілеттеріне қарай əңгімелеп беру. 
2.
  Сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс пайдалану. 
3.
  Өтілген грамматиканың жасалу жолдарын есте сақтап,сөйлесімде дұрыс пайдалана білу. 
4.
  Сызба арқылы сөйлем құрып,сөйлем арқылы əңгімелеу. 
5.
  Сұрақтарға жауап беру. 
Модуль  жалпы  мазмұнға  кіретін  негізгі  мəселелерді  жүйелі  түрде  көрсетіп,оны  оқытушы  үшін 
де,студент  үшін  де  нақтылы  түрде  айқындап  береді.Оқытушы  модульдерді  қандай  тəртіпте  оқыту 
керектігін білсе,тіл үйренуші модульден нені білуге,қандай жұмысты жасау керек екенін біледі. 
М.М.Жанпейісованың модульдік интерактивтік оқыту технологиясының тиімділігі: 
-
  тіл үйренушінің танымдық қабілетін дамыту; 
-
  танымдық үдерісті дамыту; 
-
  оқуға қызығушылық таныту; 
-
  белсенді сөздік қорын, ауызша жəне жазбаша тілін дамыту; 
Қазақ  тілін  оқыту  процесін  жандандыратын,сапасын  арттыратын  əдістің  бір  түрі  осындай 
технологиялық  оқу  құралдары.  Сонымен,  қорыта  айтқанда,  қазіргі  қоғам  талабына  сай  оқыту 
процесін  тиімді  ұйымдастыру  үшін  жаңа  технологияларды  қолдану  керектігі  сөзсіз.  Оқытушының 
əдістеме  түрлерін  əр  сабақтың  қоятын  мақсатына  сай  талғап,шеберлікпен  тиімді  қолдануы 
студенттердің қызығушылығын арттырып, тілге қабілетін, өзіндік ізденістерін дамытуға ықпал етеді. 
Жаңа  технологияларды  қолдану  барысында  студенттердің  пəнге  ынтасы,  белсенділігі  артып,  білім 
сапасы тереңдейді. Ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды. 
 
Əдебиет: 
1.
  Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушының дамыту құралы ретінде. – Алматы, 2006 
2.
  Қазақ тілін оқыту əдістемесі. - Алматы: Атамұра, 2007. 
3.
  Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2010.  
 
 
Өмірзақова А.  
филол.ғ.к., Қ. Сəтбаев атындағы  
ҚазҰТЗУ сениор-лекторы 
Татиева С. 
Қ. Сəтбаев атындағы ҚазҰТЗУ лекторы  
 
 
Техникалық ЖОО-да кəсіби қазақ тілін оқытудың қиыншылықтары 
 
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесі бірталай жаңа реформаларды басынан кешуде. Білім беру 
талаптары  өзгертіліп,  білім  беру  бағдарламалары  жетілдіріліп,  шетелдік  жоғары  оқу  орындарының 
тəжірибелері  басшылыққа  алынуда.  Білім  беру  жүйесіндегі  бұл  үрдістер  –экономика  жəне  еңбек 
нарығында жаһандану    құбылысының  нəтижесі.Еліміздегі  «Үштұғырлы  тіл»  саясатының  мақсаты – 
елімізді  бəсекеге  қабілетті  отыз  дамыған  өркениетті  елдер  қатарына  қосу.  Демек,  болашақ  жас 
мамандарға қойылатын талап та жоғары болмақ. Елбасы Н. Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі 
болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді»,–деп,баса айтқан 
[1]. Сондықтан мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. 
Бүгінде  инженер  мамандарға  қойылатын  талаптарүнемі  өсуде.  Мəселен,  соңғы  онжылдықта 
ЮНЕСКО  «ХХІ  ғасыр  инженеріне»  қойылатын  талаптарды  əзірлеген  болатын.  Олар  беделді 
халықаралық  FEANI    жəне  ABET  ұйымдарымен  құрастырылған.  Талаптарды  саралай  отырып, 
олардың төмендегі техникалық емес қырларын байқауға болады. Яғни, болашақ маманның: 
-
 мамандығына,  таңдап  алған  қызметіне  деген  тұрақтылығы,  саналы  жəне  позитивтік  қарым-
қатынасы,  тұлғалық  жəне  кəсіби  жетілдіруге  əрі  өзінің  интеллектуалды  əлеуетін  дамытуға  деген 
талпынысының болуы; 
-
 жоғары  кəсіби  құзыреттілік,  қызметіне  қажетті  фундаменталды  жəне  арнайы  білімдер    мен 
практикалық дағдыларының болуы; 
-
 кəсіби  міндеттерді  шешудегі  шығармашылық  көзқарасы  ерекше  жəне  төтенше  жағдайларға 
бейімделе алуы, қажетті іс-əрекеттерді жоспарлап, өздігінен əзірлеп, оны жүзеге асыра алуы; 
266


-
 кəсіби  (өндірістік,  ғылыми-техникалық,  ақпараттық)  жəне  əлеуметтік  ортада  жұмыс  істеуге 
жоғары коммуникативтік дайындығының болуы жəне т.б. [2]. 
Өз ісіне шебер маман – белгілі бір саланың маманы ғана емес, ұжымда жұмыс істей алатын жəне 
үнемі  даму  үстінде  жүретін,  өзін-өзі  жетілдіруге  дайын  тұлға.  Мысалы,  Швецияның  Өндірістік 
Федерациясы  өкілдерінің  баяндамасында  былай  делінген:  «өндіріске    білімді  ғалымдар  мен 
инженерлер  көптеп  керек.  Бірақ  олардың  саны  маңызды  емес,  маңыздысы  –  мамандардағы 
құзыреттілік.  Бір  жағынан,  керемет  ғылыми  білім  керек,  бірақ  ол  жеткіліксіз.  Əлеуметтік 
құзыреттілік  пен  басқа  да  қасиеттерсіз  мүмкін  емес.  Ынтымақтаса  алу,  шығармашылық  ойлау, 
жауапкершілік  дағдылары  қазіргі  заманның  негізгі  талаптары  болып  табылады.  Үздіксіз  тұлғалық 
даму білікті мамандарға өте қажет» [2].Бұл аталған əлеуметтік құзыреттілік ішінде қызметтесе білуі, 
коммуникативтік шеберлігі, тілді меңгерудің жоғары деңгейі ерекшеленеді. 
Бүгінгі  таңда  техникалық  жоғары  оқу  орнын  бітіруші  жас  маман  тиімді  қарым-қатынас  жасауға 
қажетті  əлеуметтік  құзыреттіліктің  жеткілікті  деңгейін  меңгермеген.  Техникалық  салада  қазақ  тілді 
қарым-қатынасты сəтті жүзеге асыру үшін болашақ мамандарға тыңдалым, сөйлесім жəне жазылым 
дағдыларын  жетілдіру  керек.  Сонымен  қатар  инженерге  қажетті  қасиет  ретінде  əртүрлі  деңгейде 
(мəдениаралық)  қарым-қатынас  жасай  алуы  қажет.  Мəселен,  Ұлыбритания  инженерлер  Кеңесі 
«Инженерлердің  кəсіби  құзыреттілігі  стандарттарын»  əзірленген.  Берілген  құжатта  «қарым- 
қатынаста коммуникативтік жəне тұлғааралық дағдыларды тиімді пайдалану құзыреттілігі кездеседі». 
Бұл дағдыларды тəжірибеде қолдану «талқылау жүргізе алуы; презентация жасай алуы; құжаттардың 
əртүрлі  түрлерін  жаза  алуы  керек».  Сондай-ақ,  қарастырылған  стандартта  инженерлердің  мінез-
құлық əдебі де берілген. Мысалы, «барлық адамдарға əділ, құрметпен қарауы керек... Мүмкіндігінше 
қызығушылықтардың қақтығысын болдырмауы...» [3]. 
Қазіргі заман талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру кез келген сала маманы үшін міндетті болуы 
тиіс.  Өйткені  қазіргі  заманның  маманы  мəдениаралық  ғылыми  байланыстарды  орнатуға,  іскерлік 
қарым-қатынас  жасауға  дайын  болуы  керек.Осыған  орай,  техникалық  жоғары  оқу  орындарында 
кəсіби қазақ  тілін  оқыту мəселесі  өзекті  болып  табылады.  Себебі білім беру  болашақ  мамандардың 
шығармашылық бастамасына, студенттердің дербестігіне, бəсеге қабілеттілігіне бағытталуы керек. 
Техникалық  жоғары  оқу  орындарында  кəсіби  қазақ  тілі  коммуникативтік  бағдарланған  жəне 
кəсіби  бағытталған  сипатқа  ие.  Кəсіби  қазақ  тілінің  негізгі  мақсаты  –  коммуникативтік 
құзыреттіліктің  қажетті  деңгейін  меңгерген  жас  маман  тұлғасын  қалыптастыру,  жетілдіру  жəне 
дамыту.Сонымен  қатар  кəсіби  қазақ  тілін  оқыту  таңдап  алынған  мамандық  бойынша  мəтіндермен 
жұмыс  істеу  процесінде  лингвокəсіби  бағдарды  қалыптастыру  негізінде  болашақ  мамандардың 
танымдық дербестігін дамытуға бағытталады. 
«Бүгіндекəсіби салада оқыту негізінен сұхбат түрінде жүргізіледі, яғни, студент  курс соңында  өз 
саласына  қатысты   сұрақ-жауапты  игеруі,  сала  терминдерін  пайдаланып  сөйлей  білуі,  өз  саласына 
қатысты туындаған мəселелер бойынша сұрақтар қою жəне өз саласындағы барлық құжаттарды қазақ 
тілінде  жүргізе  білуге  үйренеді.  Студент  кəсіби  сөйлеу  бағытында  оқытылады  жəне  оқу,  тыңдау, 
сөйлеу, жазу тəсілдерін толық игереді, оқу-түсіну, ойын түсінікті етіп жаза білу, мəселеге қатысты өз 
ойын дұрыс жеткізу , өз саласына қатысты алған құжатты дұрыс түсіне білу, ол туралы өз ойын айту, 
сөйлеу   барысында  өз  саласына  қатысты  күрделі  сөзді  қолдану   арқылы  ойын  толық 
жеткізубағытында  оқытылады.   Оқу  материалына  негізінен  өз  мамандығына   байланысты   мəтіндер 
алынады»[4].Бірақ  тəжірибе  көрсетіп  отырғандай,  техникалық  жоғары  орындарында  студенттердің 
қазақ  тілінде  ойларын  баяндау    қиындық  тудырып  жатады.  Өйткені  бұл  лингвистикалық  та,  əрі 
психологиялық  тұрғыдан  күрделі  процесс  болып  табылады.  Көпшілік  алдында  (топ  алдында)  сөз 
сөйлеу  кезінде  студенттер  өздерінің  ойларын  жинақтап,  жеткізе  алмай  жатады.  Қажетті  тілдік 
бірліктерді таңдай ала алмайды. Олар өздеріне деген сенімсіздікке бой алдырып, қатты қобалжиды. 
Бұл,  əрине,  сөйлеу  нəтижелеріне  кері  əсер  етеді.  Студенттердің  көпшілік  алдында  қазақ  тілінде 
сөйлей  алмау  қорқынышы  олардың  коммуникативтік  дағдыларының  жəне  ана  тілдерінде  көпшілік 
алдында сөз сөйлеу дағдыларының болмауынан деп санаймыз.  
Алайда  техникалық  жоғары  оқу  орындарында  қазақ  тілінде  қарым-қатынас  жасауға  оқыту 
бірқатар шектеулермен байланысты. Алдымен: 
1.
  оқу орындарындағы кəсіби қазақ тіліне берілетін сағат сандарының аздығы; 
2.
  оқыту мерзімінің қысқалығы (15 аптада 30 сағат); 
3.
  практикалық қарым-қатынастың жоқтығы; 
4.
  қазақ тілінде қарым-қатынас сабақ аясында ғана жүзеге асуы т.б. 
Меңгертіліп  жатқан  тілде  қарым-қатынас  жасау  қажеттілігі  болмаған  кезде  «қарым-қатынас» 
кейбір  типтік,  жағдаятқа  негізделген  тілдік  штамптарды  түсіну  мен  оларды  жаңғырту  ғана  болып 
қала  береді.  Яғни,  белсенді  күнделікті  тəжірибенің  жетіспеуі  қазақ  тілін  тиімді  меңгеруде  негізгі 
кедергі  болып  табылады.  Өкінішке  орай,  техникалық  жоғары  оқу  орындарында  қазақ  тілін  оқыту 
267


белгілі  бір  білім  көлемін  жинақтау  мен  дағдыларды  қалыптастыру  ретінде  қарастырылады.  Яғни, 
тілдің үнемі даму үстінде болатын көпдеңгейлі жүйе ретіне қарастырылмайды.  
Орыс  тілді  аудиторияда  кəсіби  қазақ  тілін  оқыту  көптеген  күш  жігерді  жəне  күнделікті,  жүйелі, 
уəжделі  жұмысты  қажет  етеді.  Сондықтан  студенттердің  қазақ  тілін  меңгеруге  деген  жеке 
қызығушылықтарын арттыру олардың пəнге деген уəждемесінің қалыптасуына  əсер етеді. Осы уəжді 
қалыптастыра білу оқытушының алдында тұрған міндет деп санаймыз.  
Қазіргі  таңда  кəсіби  қазақ  тілін  меңгерудегі  кедергі  келтіретін  нəрсе  –    тақырыптардың  дұрыс 
ұйымдастырылмауы,  тақырыптардың  күнделікті  өмірден,  яғни,  практикадан  алшақтығы.  Біздің 
ойымызша, тілді үйрену кезінде студенттер өздерінің ойларын айтып, пікірлерін дəлелдей алатын, бір 
сөзбен  айтқанда,  қажеттіліктерін  қанағаттандыра  алатын  тақырыптар  алынуы  керек.  Кəсіби  қазақ 
тілін  оқыту  студенттердің  мамандықтарына  бейімделген  əрі  практикалық  мақсатта  жұмсауға 
бағытталған материалдардан тұруы тиіс. Бұл студенттердің коммуникативтік-танымдық əрекеттерін 
белсенді етеді, пəнге деген қызығушылығын арттырады жəне студенттердің өзіндік ізденістеріне жол 
ашады.  Бірақ  сабақтарды  қарым-қатынастық  тұрғыда  ұйымдастыру  үшін  студенттердің  сөйлеу 
əрекеттерін  дамыту  жеткіліксіз.  Қарым-қатынастың  табиғи  тілдік  жағдаяттарын  жасау  студент 
тұлғасының,  яғни,  оның  интеллектуалды,  моральдық,  жігерлі  жəне  басқа  да  қасиеттерінің 
қалыптасуына əсер етуі керек.  
Психологиялық  компонент  жас  мамандарды  даярлау    кезінде  қалыптасатын  дағдылар  мен 
икемділікпен  анықталады.  Бұл  дағдыларға  орфографиялық,  грамматикалық,  лексикалық,  сөйлеу 
дағдылары,  сонымен  қатар  оқу  мен  жазутехникасының  негізінде  дамитын  тыңдалым,  сөйлесім, 
оқылым  жəне  жазба  тіл  дағдылары  жатады.  Білімдер,  дағдылар  мен  икемділіктерден  басқа 
психологиялық компонент студенттің эмоционалды- бағалаушы қатынасын, басқа линговомəдениетті 
тану барысында қалыптасатын психикалық үрдістер де жатады [5]. 
Кəсіби  қазақ  тілін  оқытудағы  психологиялық  компоненттің  маңызды  қыры  тек  қазақ  тілінде 
сапалы қарым-қатынас жасауды меңгеру ғана емес, сондай-ақ, қазақ мəдениетін терең тану мен сол 
тілде сөйлейтін адамдармен еркін қарым-қатынас жасау деңгейіне жеткізу. Олай болса, студенттердің 
психикалық  əрекеттеріне  əсер  ету  оқу  үрдісінің  шынайы  компонентті  болып  табылады.    Яғни, 
оқытушының  іс-  əрекеті  студенттің  тілді  меңгерудегі  кездесетін  қиыншылықтарын  жеңу  үшін 
қолайлы  сыртқы жəне  ішкі жағдайларды   жасау  арқылы  болашақ  жас  маманның  тұлғалық  əлеуетін 
ашуға бағытталған болуы керек. Демек, тілді меңгерту процесінің психологиялық компоненті білім 
беру  үрдісінің  субъектілер  арасындағы  бірлескен  келісілген  əрекеттерінің  өнімді  өзара 
ұйымдастыруын білдіреді.  
Қазақ  тілінтиімді  меңгерту  студенттің  қажеттілігін,  оның  уəждемесін,  жеке  жəне  психологиялық 
ерекшеліктерін  білу  арқылы жүзеге асуы  тиіс. Біздің  ойымызша, егер  студент  тіл  үйренудегі  өзінің 
өсуі мен дамуын  сезіне білсе ғана, онда ол үлкен жетістіктерге жетеді. Кəсіби қазақ тілін оқытуда 
уəждеменің  маңызы  зор.  Тілді  оқыту  кезінде  бірқатар  психологиялық  кедергілер  кездестіреміз: 
жетістікке жетуге деген сенімділіктің болмауы, үрейдің басым болуы, аса ауыр міндеттерді орындау 
алдындағы  қобалжулық,  студенттердің  өз  мүмкіндіктерін  төмен  бағалауы,  болашақта  қазақ  тілін 
қолдану  қажеттілігінің  төмен  болуы.  Олай  болса,  оқытушының  міндеті  –қазақ  тілін  меңгертуде 
студенттердің уəжін көтеру.  
Оқыту  процесінде  студенттің  өзін-өзі  бағалауы  өте  маңызды.  Коммуникативтік  құзыреттіліктің 
жоғары  деңгейін  қалыптастыру  студенттің  өзін-өзі  бағалауына  əсер  етеді.  Өзін-өзі  жоғары 
бағалайтын  адамдар  тілді  тез  əрі  сəтті  меңгереді.Олай  болса,  кəсіби  қазақ  тілін  тиімді  оқыту 
лингвистикалық  қабілеттерді  жетілдіру,  тілдік  əрекеттерді  күрделендіру  мен  тұлғаны  жан-  жақтан 
дамыту арқылы жүзеге асады. 
 
Əдебиет: 
1.
  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  «Үштұғырлы  тіл»  саясаты  //Егемен 
Қазақстан.- 2006. 
2.
  Гребнев З., Кружалин В., Попова Е. Модернизация структуры и содержания инженерного образования // 
Высшее  образования в России. – 2003. - №4. 
3.
  Технический стандарт технического специалиста. Технический совет Великобритания. – Лондон, 2005. 
4.
  Нурмухамбетова  К.Т.  Қазақ  тілін  кəсіби  салаларға  бағыттап  оқыту  [Электронды  ресурс]  //http://group-
global.org/kk/publication/3620-kazak-tilin-ksibi-salalarga-bagyttap-okytu 
5.
  Валеев А.А., Баранова А.Р. Психологический компонент обучения иностранному языку на неязыковых 
факультетах вуза. // Современные проблемы науки и образования. – 2015.- № 2. 
 
 
 
268


Əбілғазыұлы Ə. 
Қытай Халық Республикасы,  
Шинжиаң университеті гуманитарлық  
институты қазақ тіл-əдебиет кафедрасы 
 
Қазақ тіліндегі етістіктің осы шағы туралы зерттелімдер  
 
 
Қазақ  тіліндегі  етістіктің  үш  шағы  бар.  Соның  бірі  –  осы  шақ.  Қазақ  тіл  білімінде  осы  шақтың 
түрлері,  жасалу  жолдары  туралы  пікір  əртүрлі.  «Қазақ  тілінің  грамматикасы»  атты  еңбекте  [1]  осы 
шақ дəл сөйлеу үстінде болып жатқан іс-əрекет ретінде сипатталған. Осы шақтағы етістіктер кейде 
істің,  қимылдың  сөйлеуші  хабарлап  тұрған  кезеңнен  бұрын  басталып,  үзіліссіз  болып  тұрғанын  да 
білдіре  алады.  Осы  шақ  мағыналық  ерекшеліктеріне  қарай  нақ  осы  шақ,  ауыспалы  осы  шақ  болып 
екіге  бөлінетіні  көрсетілген.  Осы  бөлімді  жазған  Қ.Неталиева  нақ  осы  шақта  іс-əрекет,  жай-күйдің 
дəл  сөйлеу  үстінде  болып  жатқаны  баяндалатынын  айта  келе  осы  шақтың  бірнеше  жасалу  жолын 
атап  өтеді:  1)  отыр,  тұр,  жатыр,    жүр  етістіктері  жіктеліп,  дара  күйінде  (мысалы:  отырмын,  
отырсың  /отырсыз,  отыр)  жұмсалады;  2)  осы  төрт  етістік  -іп/іп,  -а/-е/-й  тұлғалы  көсемшелермен 
тіркесіп  айтылады.  Мұндайда  отыр,  тұр,  жатыр,  жүр  етістіктері  екінші  орында  тұрып  (мысалы: 
айтып отырмын, айтып отырсың / айтып отырсыз, айтып отыр) жіктеліп қолданылады; 3) жатыс 
септігіндегі  -у  тұлғалы  қимыл  есімдері  (мысалы:  ізденудемін,  ізденудесің  /ізденудесіз,    ізденуде) 
баяндауыш  қізметінде  келіп  те  нақ  осы  шақ  мағынасында  жұмсалады.  Бұдан  басқа  -улы/-улы 
етістіктер жеке де, отыр, тұр, жатыр,  жүр етістіктерімен тіркесіп те ІІІ жақтың нақ осы шақ мəнін 
(мысалы:  сүйеулі  тұр,  байлаулы  тұр)  білдере  алады.  Автор  «байлаулы  тұр»  дегеннен  «ізденуде» 
дегенің айырмасы барын, соңғысы дəл сөйлеу үстінде болып жатқан, сондай-ақ бұрын басталып, осы 
кезде  болып  жатқан  іс-əрекет,  жай-күйді  де  білдіре  алатынын  ескертеді.  Ал  ауыспалы  осы  шақ 
бұрыннан болып келе жатқан, сонымен қатар сөйлеп тұрған тұста болып тұрған іс-əрекетті білдіреді, 
бұл  шақ  -а/-е/-й  тұлғалы  көсемшелердің  жіктеліп  айтылуы  арқылы  (мысалы:  барамын,  барасың  / 
барасыз,  барады)  жасалады,  бұл  тұлға  ауыспалы  осы  шақ  мағынасында  дара  да,  -ып/іп  тұлғалы 
көсемшелермен  тіркесіп  те  (мысалы:  айтып  барамын,  айтып  барасың  /  айтып  барасыз,  айтып 
барады)  жұмсала  беретінін  айтады.  Мұндай  етістіктердің  келер  шақ  мағынасында  да  жұмсала 
беретінін, сол себепті «ауыспалы осы шақ» деп аталатынын ескертеді. Формалық өзгешелігі жоқ бұл 
тұлғалардың  ауыспалы  осы  шақ  немесе  ауыспалы  келер шақ  екендігі  мəнмəтінде (контексте  语境 ) 
белгілі болады.   
2002 жылы жарық көрген «Қазақ грамматикасы» (бұл – сипаттамалы жəне нормативті грамматика) 
атты  еңбекте  Сейілбек  Исаев  осы  шақ  сөйлеп  тұрған  сəтте  іске  асып  жатқан  қимыл,  іс-əрекетті 
білдіретінін  айта  келіп,  осы  шақ  болатын  етістіктердің  екі  түрлі  мағыналық  ерекшелігін  көрсетеді: 
бірі  сөйлеп  тұрған  іс-əрекетті  білдірсе,  енді  бірі, əрдайым қайталанып  тұратын  дағдылы  іс-əрекетті 
көрсететінін  айтып,  осы  шақтың  жасалу  ерекшеліктеріне  тоқталады.  Қалып  етістіктерінің  (отыр, 
тұр, жатыр, жүр етістіктері)  [2,120] қатысын сипаттайды.   
Отыр,  тұр,  жатыр,  жүр  жетекші  (негізгі)  етістік  мəнінде  немесе  жетекші  (негізгі)  етістіктің 
қалып етістіктерінің көсемше -іп/іп, -а/-е/-й) тұлғалы етістіктерге көмекші етістік ретінде тіркесуінен 
де жасалатынын сөз етеді. Бұлар грамматикаларда «нақ осы шақ» деп беріледі. Демек, осы шақтың 
бұл  түрі  қазіргі  кезде  арнайы  грамматикалық  тұлғалар  арқылы  жасалмай,  қалып  етістіктерінің 
негізінде  немесе  көмекші  етістік  мəнінде  жіктеліп  келуінен  жасалады.  Шақтық  мəн  отыр,  тұр, 
жатыр,  жүр  қалып  етістіктерінің  өз  семантикасында  бар.  Сондықтан  қосымша  түсіп  қалса  да, 
қосымша  білдіретін  мағына  түбірге  ауысқан  қалып  етістіктері  (отыр,  тұр,  жатыр,  жүр)  осы  шақ 
көрсеткіші ретінде қалыптасқан. Автор осы шақтың екі түрін (нақ осы шақ пен ауыспалы осы шақ) 
атап, жасалу жолдарын көрсетеді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң жəне күрделі болып 
бөлінеді:  1)  нақ  осы  шақтың  жалаң  түрі  отыр,  тұр,  жатыр,  жүр  қалып  етістіктерінің  жіктелуі 
арқылы  (мысалы:  отырмын  /  отырмыз,    отырсың  /  отырсыз  /  отырсыңдар,  отырсыздар,  отыр) 
жасалады.  Болымсыз  түрі  қалып  етістіктерінің  есімдік  тұлғасында  (-ған/ген)  келіп,  жоқ  сөзімен 
тіркесуі  арқылы  (мысалы:  отырған  жоқпын,  отырған  жоқсың  /  отырған  жоқсыз,  отырған  жоқ) 
жасалады;  2) нақ осы шақтың күрделі түрі етістіктің -іп/іп, -а/-е/-й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, 
тұр,  жатыр,  жүр  деген  қалып  етістіктерінің  көмекші  етістік  мəнінде  тіркесінен  (мысалы:  тыңдап 
тұрмын,  тыңдап  тұрсың  /  тыңдап  тұрсыз,  тыңдап  тұр)  жасалады.  Болымсыз  түрі  екі  жолмен 
жасалады: 1) есімше (-ған/ген) тұлғалы қалып етістіктерінің жоқ сөзімен тіркесуі арқылы (мысалы: 
отырған  жоқпын,    отырған  жоқсың  /  отырған  жоқсыз,  отырған  жоқ)  жасалады;  2)  күрделі 
етістіктің құрамындағы жетекші етістікке -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе  жұрнақтарының жалғануы арқылы 
(мысалы:  тыңдамай  отырмын,  тыңдамай  отырсың  /  тыңдамай  отырсыз,  тыңдамай  отыр) 
жасалады.  Ауыспалы  осы  шақ  -а/-е/-й  тұлғалы  көсемшенің  жіктелуі  арқылы  (мысалы:  айтамын, 
269


айтасың  /  айтасыз,  айтады)  жасалады.  Болымсыз  түрі  етістікке  -ма/-ме,  -ба/-бе,  -па/-пе  
жұрнақтарының  жалғануы  арқылы  (мысалы:  білмеймін,  білмейсің/білмейсіз,  білмейді)  жасалады. 
Сондай-ақ  процессуалдық  (程序)мəнді  білдіретін,  баспасөз  тілінде  ІІІ  жақта  жиі  қолданылып 
жүрген  -уда/-уде  тұлғасы  (жатыс  септіктегі  тұйық  етістіктің  баяндауыш  қызметінде  келуі)  да  осы 
шақтың  грамматикалық  көрсеткіші  ретінде  беріліп  жүр.  Сейілбек  Исаев  [3]  «қимыл  есімі  -у 
тұлғасына  жатыс  септік  жалғауы  қосылып  (-у-да/у-де)  баяндауыш  қызметін  атқаруы  –  совет 
дəуіріндегі баспасөз беттерінде жиі кездескенін айтады. Бұл тұлғаның  қолданылуы негізінен совет 
дəуіріндегі əдеби тілімізде, əсіресе газет-журнал тілі арқылы қалыптасқанын байқай 
мыз. 
Ғалым:  «етістіктің  осы  шағын  білдіріп,  баяндауыш  қызметін  атқаратын  жаңа  тұлға  –  -уда/-уде 
тұлғасы  өскелең  өмірдің  қажетіне  сай  ...  тілімізде  бұрыннан  бар  үлгілердің  негізінде  туғанын 
көреміз», – деп жазады. Т.Қордабаев: «Бұл форма синтаксистік жаңа рөлге ие болумен бірге тұрақты 
шақтық көрсеткіш болып та қалыптасып отыр. Мұның шақтық мəні – болған үстіне үстемелеп болып 
жатқан  қарқынды  іс-əрекетті  білдіру.  Біздің  байқауымызша,  сөз  болып  отырған  форманың  жаңа 
функциясын  (қызметін)  туғызған  алғашқы  қажеттіліктің  өзі  совет  адамдарының  дамыған  үстіне 
дамып отыратын өршіл қарқынды еңбегін, өскелең өмірін көрсету мүддесі сияқты», – дейді. Ахмеди 
Ысқақов  «Қазіргі  қазақ  тілі»  [4,  3]  атты  еңбегінде  өткен  шақ  пен  осы  шақтың  жігін  ажырату  үшін 
сөйлеу кезі, демек, сөйлеушінің тыңдаушыға сөйлеп отырған сəті (мезгілі) шек, өлшеу етіп алынады. 
Яғни, осы шақ формасы сөйлесіп отырған (диалог) уақытта болатын я болып жататын амал-əрекетті 
суреттейді.  Ал  сөйлеу  үстінде  істеліп  жататын  əрекет  əдетте  азды-көпті  бұрын  басталған  процесс 
(үдеріс)  болғанымен,  кейде  ол  процесс  түрлі  кедергі-кідіріске,  тоқырауға  ұшырағанмен,  біржола 
тоқтап  қалмай,  үздік-создық  болатын  процесс  болғандықтан,  осы  шақ  ұғымы  да  мезгіл-мерзім 
жағынан үзіліңкі, созылыңқы, тынбай жүріп жатқан амал-əрекетті білдіреді.  
Қазақ  тілінде  осы  шақ  категориясының  арнаулы  морфологиялық  көрсеткіші  жоқ.  Бірақ  етістік 
жүйесінде оның қилы-қилы мағыналарын білдіруге икемделіп, замандар бойы сол қызметтерді атқару 
нəтижесінде  əбден  орнығып  қалыптасқан  грамматикалық  амал-тəсілдер  бар.  Осы  шақ  жалпы 
грамматикалақ  (категориялық)  сипатынан  туатын  мағыналық  ерекшеліктеріне  жəне  оларды 
білдіретін  амал-тəсілдерінің  қызметтеріне  қарай  жалпы  осы  шақ,  нақ  осы  шақ,  неғайбіл  осы  шақ 
болып бөлінеді: 1) жалпы осы шақ етстік негізіне -а/-е/-й жұрнағы жалғануы арқылы жасалады. бұл 
форма  көнтекістегі  (манматын)  қізметіне  қарай,  сөйлеп  отырған  кезде  болатын  амал-əрекетті  де, 
үнемі  істелетін  кəсіби  жəне  басқа  күнбе-күн  əрекетті  де,  адамзатқа,  ғаламзатқа  тəн  үйреншікті, 
дағдылы  жалпы  қимыл,  қозғалыс,  амал,  əрекет,  істі  де  білдіреді.  бұл  форма  тек  жалпы  осы  шақ 
мағынасында ғана емес, жалпы іс-əркетті тыңдаушының көз алдына бұрын болғандай, қазыр болып 
жатқандай жəне келешекте  шүбəсіз  болатындай  етіп  сүреттеп көрсету  үшін  жұмсала  береді.  екінші 
сөзбен  айтқанда,  -а/-е/-й  жұрнағы  жалғанған  етістіктер  үшінші  жақта  тұрып  өткен  шақ  мəнінде  де, 
осы  шақ  реңкінде  де  жұмсалады.  бұл  форма  осы  шақ  мағынасын  ауызба-ауыз  (дялөг)  жағдайда 

,Ⅱ,Ⅲ жақ түрлерінде тұрып та атқарады. ал ол ертең ерте келеді, кешкісін екеуміз теəтрғə барамыз 
дегеннен,  əрине,  келершəқ  мағынасы  түсініледі.  2)  нақ  осы  шақ  көсемшенің  өткен  шақ  -іп/іп  жəне 
осы шақ -а/-е/-й түріндегі етістік формасына отыр, тұр, жатыр, жүр деген жай-күй етістіктерінің 
біреуі  тіркесуі  арқылы  (мысалы:  айтып  отырмын  /  көріп  тұрмыз  /  оқып  жүр  /  келе  жатыр) 
жасалады.  3)  неғайбіл  осы  шақ  екі  түрлі  аналитикалық  формант  арқылы  жасалады.  Біріншісі  – 
көсемшенің келер шақ -ғалы /-гелі формасындағы етістікке (барғалы /келгелі) отыр, тұр, жатыр, 
жүр  етістіктерінің  бірі  тіркеседі  де  соңғы  көмекшіге  жіктік  жалғау  жалғанып  (мысалы:  барғалы 
отырмын  /  барғалы  отырсың/барғалы  отыр)  жасалады.  екіншісі,  -йын  деп/  -йін  деп  форманты 
жалғанған  етістікке  отыр,  тұр,  жатыр,  жүр  етістіктерінің  бірі  тіркеседі  де  оған  жіктік  жалғауы 
қосылу арқылы (барайын деп отырмын / жүрейін деп тұрсың / құлайын деп тұр) жасалады. -уда/-
уде тұлғасының қатысуымен жасалған өсуде, дамуда  сияқты етістіктер оқулықтарда осы шақ ретінде 
танылып жүр. Бұл формада ешқандай вербалдық (口头) мағына болмайтындықтан əрі оған етістікке 
тəн  қосымшалар  қосылмайтындықтан,  ол  етістіктің  шақ  формасы  ретінде  қаралмауға  тиіс. 
Ы.Маманов  [5,  244]  бұл  тұлғаның  ауызекі  тілімізде  де,  көркем  шығармаларда  да  көп  кездесе 
бермейтінін айта келіп, «қазақ тілінің табиғатына үйлеспейтін жасанды» форма ретінде сипаттайды. 
Жаң  Диңжиң  (张定京)  «Қазіргі  қазақ  тілінің  практикалық  грамматикасы»  (автор  аталған  еңбегін 
дəстүрлі  грамматика  мен  құрылымдық  грамматика  үйлестірілген  сипаттық-практикалық  мектеп 
грамматикасы» деп атайды) [6] атты еңбегінде осы шақтың төрт түрі көрсетеді:  
1.  Нақ  осы  шақ  (现在进行时  дегенді  қазірше  осылай  алып  отырмыз.    Бұл  –  əрине,  соншалық 
принципті мəселе емес, терминтануда шартты түрде алынатын ұғымдар бола береді. – Ə.Ə.). «Етістік 
негізі + -іп/іп + отыр / тұр / жатыр / жүр + жіктік жалғауы» үлгісінде (мысалы: оқып отырмын, 
оқып  отырсың/оқып  отырсыз,  оқып  отыр)  жасалады.  Болымсыз  түрі  екі  жолмен:  1)  «болымсыз 
етістік  негізі  +  -й  +  отыр  /тұр  /жатыр  /жүр  +  жіктік  жалғауы»  үлгісінде  (мысалы:  оқымай 
отырмын, оқымай отырсың / оқымай отырсыз, оқымай отыр), 2) «етістік негізі + -іп/іп + отырған / 
270


тұрған / жатқан / жүрген + жоқ + жіктік жалғауы» үлгісінде (мысалы: оқып отырған жоқпын, оқып 
отырған жоқсың / оқып отырған жоқсыз, оқып отырған жоқ) жасалады. Жаң Диңжиң қазіргі осы 
шақтың  болымсыз  екі  түрінің  мағыналық  жақтан  əнтек  айырмашылығы  бар  екенін:  бірі  объектінің 
(主体)  іс-қимылды  орындауға  пейілі  соқпай,  іс-қимылдың  орындалмай  жатқанын  аңғартатынын, 
екіншісі іс-қимылдың орындалмай жатқанын жай баяндайтынын ескертеді.  
2. Қарқынды осы шақ (持续现在时 дегенді шартты түрде қазірше осылай алып отырмыз. – Ə.Ə.). 
«Етістік негізі + -у + -да/-де (үстінде) + жіктік жалғауы» үлгісінде (мысалы: ізденудеміз, ізденудесің / 
ізденудесіз, ізденуде) жасалады.  
3.  Қазіргі  осы  шақ  (存在现在时  дегенді  қазірше  осылай  алып  отырмыз.  –  Ə.Ə.).  «Отыр  /  тұр  / 
жатыр  /  жүр  +  Ø  (нөлдік  форма)  +  жіктік  жалғауы»  үлгісінде  (мысалы:  отырмын,  отырсың  / 
отырсыз,  отыр) жасалады.  Болымсыз  түрі  «отыр  /  тұр/  жатыр  /  жүр  +  -ған/-ген  +  жоқ + жіктік 
жалғауы» үлгісінде (мысалы: отырған жоқпын, отырған жоқсың / отырған жоқсыз, отырған жоқ) 
жасалады.  
4. Дағдылы осы шақ (现状现在时 дегенді де қазірше солай алып отырмыз. – Ə.Ə.). «Етістік негізі + 
-а/-е/-й + жіктік жалғауы» үлгісінде (мысалы: оқимын, оқисың / оқисыз, оқиды) жасалады. Болымсыз 
түрі  «болымсыз  етістік  негізі  +  -й  +  жіктік  жалғауы»  үлгісінде  (мысалы:  жақтырмаймын, 
жақтырмайсың / жақтырмайсыз, жақтырмайды) жасалады.  
Көріп  отырғанымыздай,  қазақ  тіліндегі  етістіктің  осы  шағының  түрлері,  грамматикалық 
мағыналары,  сондай-ақ  олардың  көрсеткіштері  туралы  тілгерлердің  грамматикалық  ұстанымының 
əркелкі.  Ғалымдардың  көзқарастарында  ортақтықтармен  қатар  айырмашылықтары  да  барын 
байқаймыз.  Демек,  осы  шақ  тұлғаларының  қайсысы  норма,  қайсысы  норма  емес  екенін  ішкерілей 
қарастырып, қазақ тілін оқыту, оқулықтар жасауға бірізді, ортақ ережелер дайындау қажет.  
 
Əдебиет: 
1.
  Қазақ тілінің грамматикасы. - Алматы: Ғылым, 1967. 
2.
  Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 783 б.   
3.
  Исаев С. Қазақ тіл білімінің мəселелері. – Алматы: Арыс, 2008. – 624 б.  
4.
  Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 382 б. 
5.
  Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мəселелері. – Алматы: Арыс, 2007. – 488 б.   
6.
  张定京. Қазіргі қазақ тілінің практикалық грамматикасы. – Бейжің, 2004.  
 
 
Ислам Д.  
филол.ғ.к., А.Ясауи атындағы ХҚТУ доценті 
Сатылханова Г. 
Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты 
 
Прозадағы көркемдік деталь қолданысының авторлық мақсаттағы орны 
 
Көркемдік  деталь жайында  қалыптасқан  белгілі  тұжырымдар  бар.  Сол тұжырымдар  аясында  кез 
келген  прозалық  туындылардағы  деталь-штрихтарды  табуға  болады.  Ал  солардың  автор  идеясын 
берудегі  көркемдік  кілт  ретінде  алынып,  тіпті  шығарма  фабуласын  құраушы  көркемдік  құрал 
орнындағы  қызметін  таныта  алдық  па?  Көркемдік  деталь  шығармадағы  шеберліктің  шарты 
болатынын туындыларды талдау барысында көз жеткіздік. Деталь қолданысындағы автор мақсатын 
айқындау  да  шығарманың  көркемдік  табиғатын  тереңінен  таныта  түсері  анық.  Осы  орайда 
Д.Исабековтің  «Қарғын»,  Т.Нұрмағанбетовтің  «Бөрібайдың  тымағын  ит  алып  қашқан  қыс» 
шығармаларындағы  көркемдік  деталь  қолданысының  философиялық  түйіндер  мен  суреткерлік 
шешім жолындағы маңыздылығын атап өтсек. «Қарғын» шығармасындағы бас кейіпкер Жасын мен 
Бағила  əуелі  поезд  купесінде  ұшырасады.  Купеде  болған  жəйт  Жасын  мен  Қаратайдың  болмыс-
бітімін  хабарлап  өткендей  ғана.  «Сіздерге  жаным  ашыған  соң  ғана  көндім»  [1,  140],  –  деп  вокзал 
бастығы соңынан шығып кетуі Жасынның кім де болса тəкаппар, паң екендігін аңғартса, Қаратайдың 
дегені  болмаса,  жай  таппайтын  «бастық»    мінезінен  сыр  алдырады.  Бейтаныс  жігіт  төсегінде  бір 
парақ  қағазды  ұмытып  кетуі  автордың  мақсатты  түрде  ендіріп  отырған  деталі.  Бұл  –  бас  кейіпкер 
психологиясын ашудағы алғашқы бүтіннің бөлшекті заттық көрінісі. Сондай ақ,  бір парақ қағаз – бір 
парақ  қағаздағы  жазу  Жасын  характерін  ашудағы  көркемдік  деталь.  Осы  бір  парақ  қағаз  сюжетті, 
фабуланы  дамытудағы  тірек  іспетті,  бір  парақ  қағаздағы  жазу  жас  қызды  Жасынның  жұмбақ 
табиғатына  ынтықтыра  түссе,  Жасынның  Бағиланы  іздеуіне  апаратын  жол.  Бір  парақтағы  жазу  – 
жазушының тағдырлар философиясы арқылы айтқысы келген концепциялық түйіндерінің көркемдік 
кілті.  Купеде  болған  жəйттен  Қаратай  болмысы,  бастық  біткеннің  əлеумет  санасына  орныққан 
сыртқы бейнесін əдемі танытқан. Қаратайдың бейтаныс жігітке жасаған үстемдігі өз дəуіріндегі билік 
271


пен  халық  арасындағы  теңсіздіктің  де  бір  көрінісі.  Сол  кезгі  ұлт  интелегенциясы  мəдени 
көрсеткішінің бір барометрі. Бірақ Қаратай секілді бастық бейнесінің ішкі дүниесі жайлы ойлау əлі 
ертерек.  Есесіне  Қаратайдың  көмекшісі  Тұрғаттың  Бағиламен  диалогы  арқылы  адамзат  өресіндегі 
Қаратай, Тұрғат орындарының биік өлшем бола алмайтыны Бағила санасындағы сұраулар ағымымен 
ойландырады.  Жазушы  поезд  купесіндегі  ситуацияны  Бағиланың  сана  ағымы  талқысына  салып, 
өміртанымдық идеяларды бейнелейді. Елеусіз детальдың бірі жолаушыларды күтіп алып, бір дауыс 
атымен  танылатын  Сəргел  кейіпкердің  портреттік  штрихы.  Осы  бір  елеусіз  штрих  Сəргел 
характеріндегі  жағымсыз  əрекеттердің  қанық  бояуына  айналып  толыса  береді.  Сəргел  мінезі 
адамгершілік  ұғымдарын  кез  келген  уақытта  аттап  өте  беретін  тоғышарға  тəн.  Бағиланың  қонақ 
бөлмені кітапханаға ұқсатуы, кітапханада шай ішкендеріне іштей жымиып, қонақтардың кітаптарды 
сыйламауы суреттелетін деталь – штрихтың да романның композициялық тұтастығын құрауда орны 
бар. Бұл балғын Бағила мен  жазушы Жаcын арасындағы болашақ оқиғаның сабақтастығына дəнекер 
предмет.  Бағиланың  жатын  бөлмесіндегі  кітап  сөресі  де,  жоғарғы  жағындағы  бұғының  басы  да 
тұрмыстық детальдар. Жазушы бұғының басына «Оның көздері сарғыш торшерден түскен сəуледен 
жылт-жылт  етіп,  мына  шағын  дүниенің  көзге  көрінбейтін  арғы  түбінен  ерекше  бір  құбылысты 
байқағандай  аңтарылып  қарап  қапты...  Оған  ең  маңызды  нəрсе  –  осылай  кірпік  қақпастан  тар 
дүниенің көрінбейтін алыс көкжиегінде болып жатқан белгісіз бір құбылысқа аңтарылып қарап тұра 
беруі» [1,163], – деп сипаттама береді. Сонымен қатар Мəликенің «Лили Иванова, Софя Ротару, Луки 
Маринеску  Арсел  Дедич,  Бисер  Киров,  Муслим  Магомаев,    Дин  Рид,  Попура  Фукуда...»  [1,163] 
секілді əншілер пластинкаларын ұсынуы да сол дəуір мəдениетінен хабардар етсе керек. Бағиланың 
бұл  үйдегі  кітаптардың  білім  ретінде  емес,  мүлік  ретіндегі  қызметін  аңғаруы,  кітап  беттерінің 
беймезгіл  мазасын  алғанға  наразылығы,  бұғының  басына  қайта  жанары  түскенде  көлеңке  тұстағы 
көзі  бұған  ұрлана  қарауы,  Бағиланың  денесі  тітіркеп,  жүрегі  мұздауы  жəйдан-жай  айтылмайды. 
Бағиланы  да,  оқырманды  да  романның  басты  фабуласына  психологиялық  дайындау  тəрізді. 
Кітаптардың Сəргел үйінде мүлік ретінде тұруы Сəргелдің білім мəдениетінің айғағы. Бұғының басы 
мен көкжиекке қадалған көзі Жасынның дүниетанымдық кеңістігімен параллелизмде беріліп тұр. 
Туындыда  біршама  портреттік  детальдар  да  кездеседі.  Бағиланың  кескін-келбетін  «...қою  түннің 
жасымақтай  бір  түйірін  ойып  алып,  мəрмəр  беттің  сол  жақ  етегіне  мең  етіп  жабыстыра  қойыпты. 
Қарсы  көрінген  қара  шағаланың  қанатындай  шашаусыз  біткен  имек  қас  ширек  шеңбер  тəрізді 
біркелкі  жұмылған  кірпіктермен  ерекше  үйлесім  тауып,  табиғаттың  шебер  суреткер  екенін  осы 
үйлесімдік  арқылы  маңайға  паш  етіп  тұрған  секілді.  Екі  қастың  ентелеп  кеп  қосыла  алмай  қалған 
тұсынан  əдемі  қыр  мұрны  ұстасаң  үгітіліп  кетердей  бір-бірімен  болар-болмас  қиюласып  жатқан 
томпиған  балаң  еріндерге  бағыт  сілтеп  тұр.  Ақ  кофтасын  аздап  кере  бастаған  кеудесінің  көтеріліп 
басылғаны  болмаса  оның  демалып  жатқаны  да  сезілмейді»  [1,  164],  –  деп  қанық  береді.  Бағилаға 
таңылған  портреттік  детальдар  оның  жан-дүниесіндегі  тазалыққа  да  тəн  сипаттарды  аша  түседі. 
Жазушының адам бойындағы адалдық, тазалық белгілеріне көзқарасы Бағила характеріне сіңірілген. 
Бағиланың купедегі жəйтті еске алып, əкесінің жалған намысты иеленгені, студенттер тізімінде өзін 
көре  алмаған  қыздың  ебіл-дебіл  жылауы  қоғам  психологиясын  айыптаудың  бір  тəсіліндей 
жаңғырады.  Бағиланың  жан  мен  тəніндегі  сұлулықты  тереңінен  таныту  үшін  де  медеудегі 
ресторанның  таңдап  алынуы,  суретші  жігіттің  Бағила  əлеміне  үңілуі  мақсатсыз  детальдар  емес. 
Медеу  рестораны  шығарманың  мекендік  орнын  ғана  емес,  сол  кездегі  қоғамның  əлеуметтік 
психологиясының  да  сан  қатпарларынан  сыр  тартады.  Ақ  плавкасы  көрінгенше  секең  қаққан,  ақ 
денесімен таласқан ақ шашты қыздың билеген биі де, билеткен əн де оқиғаның мекендік, мезгілдік 
орнын да аңғартып тұр. Бағилаға суретшіні жолықтыру қыз сұлулығын асқақтата көрсетіп сезіндіру 
ғана  емес,  өнер  адамы  болмысы  мен  бағалануының  өмірлік  көріністе  берілуі  деп  те  қараған  жөн. 
Суретші Бағиланың кескін-келбетін салып Сəргелдің үйіне апарғанда Сəргел, Малике суретті эскиз 
түрінде емес, біткен сурет деп ойлап шошына қарауын Бағиланы қорғаштау ғана деп қабылдаймыз 
ба?  Бəлкім  Сəргел  мен  Малике  секілді  ересек  адамдардың  өзі  суреттің  эскиздік  нұсқасын  ажырата 
алмауынан  қоғамның  да  өнер  биігінен  пəсейіп  кеткенін  танытатын  шығар.  Бұл  Сəргел  секілді 
зиялылар санаты арқылы этно-мəдени сипатының жеткен деңгейін танытып өту болса керек. 
Шығармадағы кейіпкерлер жан-дүниесінің біріне-бірі ұқсамауы, əртүрлі типтегі адамдар бейнесін 
ашады.  Олардың  өміртанымдағы  қайшылықтары  контраст  арқылы  айқындалады.  «Деталь  –  бүтін 
дүниеге меңзеп тұрар түймедей бөлшек. Есесіне, деталь - көркемдік кілті, шеберлік шарты. Детальді 
игерген жазушы шын жазушы, шебер жазушы. Ол баяндаудың шырайын кіргізуден бастап, характер 
жасауға  дейін атқармас  қызметі жоқ  оның.  Шығарманың  бар болмысы,  тұтас  табиғатына əсер  етіп, 
шешуші  роль  атқаратын  кішкене  ғана  деталь  жазушы  үшін  қолға  оңайлықпен  түсе  бермейтін 
шеберлік  кілті»[2,  239].  Деталь  жөніндегі  осы  бір  тұжырымды  шығармадағы  Мəликенің  өмір 
жайындағы ішкі толғанысымен де дəйектеп беруге болады. Адам туады, өседі, өледі сол-ақ екен ғой 
деген  ой  келеді  Мəликеге.  Сол  аралықта  бар  мен  жоқты  түгелдеп  жүргенде  уақыт  шіркін  өз 
патшалығын  құрады  екен.  Қартаясың,  ешкімге  керегің  болмай  қалады.  Өліммен  емес,  кəріліктен 
272


қорқады  Мəлике.  Себебі  бұрынғы  үйінің  қасында  тұрған  кəрі  кемпірдің  күнін  көрген  Мəлике. 
Балаларының бəрі есейіп түзге қашқан «...сол байғұс айына жиырма тоғыз сом ғана пенсия алатын. 
Ойлап қарашы, жиырма тоғыз-ақ сом! Несіне жетеді? Күніне бір сомнан жұмсағанда жиырма тоғыз 
күнге созар, ал айына отыз бір күн бар ғой» [1, 175].  Мұнда юмор да, сарказм да бар. Қартайған ата-
ананы қарттар үйіне тапсырарлардың қарасы қазақ арасында да барына налыған көңілдің үні де бар. 
Бейнетінің  зейнетін  көруге  жағдай  жасай  алмаған  өкіметтің  өтірігіне  меңзеу  де  бар.  Маликенің 
осындай толғаныстары характер табиғатын ашуға жұмсалған деталь – штрихтар деп тануға болады. 
Шығармада Маликенің мүгедек сіңлісі Мəнсия дейтін эпизодтық кейіпкер бар. Осы Мəнсия сіңлісін 
ауылдан алдыртып Сурды өз қолында тұруына көндіріп, оқуға түсіруінің өзі Маликенің адамгершілігі 
көз жеткен жерден де алысырақ екенін меңзейді. Жазушы Сур мен Мансты  диалогқа түсіретін тұсы 
бар. Сюжетті өрбітуде Бағила мен жаны жаралы Мəнсияны контрасқа түсірудің не қажеттілігі болды 
екен  деп  қынжыласың.  Себебі  бойжеткен  Мəнсияның  жүрек  түкпіріндегі  жан-жарасы  ашылып  кеп 
бергенде жаның ауырады. Жазушының позициясы қандай болды екен деп сан түрлі ойға шомасың. 
Əлде, сұлулығымен Сур атанған Бағиланың Жасынға еліккен көңіліне бейтарап позиция ұстана ма? 
Бағила ақылымен ұстамдылық танытады. Осы бір контраст Бағила характерін ашу үшін керек болды 
ма  екен?  Бейтарап  позицияда  қалған  жазушы  Бағиланың  Жасынға  ынтығуын  ұлттық  менталитет 
тұрғысынан оқырманның өз ойының талқысына қалдыруды меңзер тұсы ма? «Сенбеймін! Пальтоңды 
ұстап  көрдім,  жып-жылы  міне  сумкаңды  көрейін,  ол  да  жып-жылы!  Бағана  келгенсің  де,  биімді 
тамашалап тұрып, мені іштей аяғансың ғой! Аядың, күлдің, мазақтадың! Енді кеп кітап оқыған боп 
отыра қапсың! Сұлу! Сұлулардың бəрі залым, бəрі қу, бəрі екіжүзді! Мен оларға сенбеймін»[1, 216]. 
Мəнсияның (Манс) мына сөздерінен кейін Бағиланың Жасынға деген ынтық көңілін құптап отырған 
оқырман  кенет  сілкіне  оянары  анық.  Бағиланың  бұл  сезіміне  ақыл  көзімен  қарай  бастар  ма  қалай? 
Жазушы оқырман көңіліне екі ұдай сезім қанатын қақтыра түседі. Шығармадағы эпизодтық кейіпкер 
Серботаның  Бағилаға  деген  көңілі  оқырманның  дүдəмəл  күйдегі  сезімін  шегелей  түсері  де  белгілі. 
Бағиланың екі баласы бар Жасынға елігуінен Серботаға қарағанын құптар еді. Жазушының Бағиланы 
Серботамен  жолықтыруының  өзінде  нендей  тəлім  бар  екенін  ойланайықшы.  Бағиланың  жасындағы 
қыздың,  заты  əйел  қауымы  психологиясының  тым  күрделілігін  оқырманына  ескерту  ме?  Махаббат 
дейтін  адам  болып  ардақтар  асыл  қасиеттің  тағдыр  жазуында  таңбаланатынын  меңзей  ме?  Жоқ, 
Серботаның бойындағы жасықтықты ишаралап Жасынның биік болмысындағы күштің көшін таныту 
ма? Серботаның сергелдеңге түсуін көрсетуде де авторлық мақсат жатқаны айқын. Сербота арқылы 
автордың  меңзер  ойын  тауып  көрелік.  Бағила  мектепті  енді  бітірген  асқан  сұлу  əрі  ақылды  қыз. 
Жасынның  отбасылы  екендігін  біле  тұра  онымен  кездесуді  неге  тоқтатпады?  Қанша  махаббат 
дегенімізбен қазақ қызына тəн ұлттық тəрбие қайда? Бағиланың жүріс-тұрысынан, киім киісінен тіпті 
сезім  жайындағы  ашық  ойынан  орыс  мəдениетіне  тəн  белгілерді  байқаймыз.  Автор  Бағила  образы 
арқылы  жастар  арасындағы  этно-мəдени  деңгейімізді  аңғартқысы  келе  ме?  Ұлт  санасының  мəдени 
экспанциялануы  əдебиет  тарихында  бар  үрдіс.  Ж.Аймауытовтың  Ақбілегі  қалада  оқып  келген  соң, 
туған  ауылын  менсінбей,  киіз  үйге  жиіркене  қарайтынын  еске  түсірсек.  «Күнікейдің  жазығы» 
хикаясында    салт-сананы  аттап  өтіп,  махаббат  деп  оңбай  алданатын  Күнікейдің  ісін  ойланайықшы. 
Б.Майлиннің  Раушаны  да  қалада  алғаш  ішімдіктен  дəмденіп,  орысша  киініп  қайтқанында  күйеуін 
танымай  күлкі  тудыратыны  бар.  М.Жұмабайұлының  Шолпаны  «Құдайдан  бала  тілемей»    тəн 
қызығына түсіп есімізді шығарған. М.Əуезовтің «Кінəмшіл бойжеткен» əңгімесінде ұлттық тəрбиенің 
өшіп,  сананың  өзгеріске  түскенінен  шошынған  едік.  Аталған  шығармалардың  басты  идеясы  ұлт 
санасы  бұзылуына  əсер  етуші  факторларды  таныту  еді.  Д.Исабековтің  Бағиласынан  сананың 
өздігінен  мобилизациялануын  көреміз.  Яғни,  ХХ ғасыр  басында  ұлттық  сана    өзгерісіне  əсер  еткен 
зорлық-зомбылық амалдары болса, Бағила кезеңінде мұның бірі де жоқ. Бағиланың батыс мəдениетін 
өздігінен қабылдауы бар.  Орыс, батыс əуенін тыңдауы да этно-мəдениетіміздің өзгерісін көрсететін 
деталь.  Автор  этно-мəдени  сипатымыздың  жеткен  деңгейін  меңзейді.  Мұны  Бағила  сынды  жас 
оқыған  ұрпақтың  типажы  арқылы  береді.  Бағиланың    Серботаны  менсінбеуінен  ұлттық  сананың 
теңсіздігі  мен  мəдени  талғамның  алшақтығын  байқаймыз.  Бағила  –  орыс  ұлтының  этно-мəдениетін 
бойына  сіңіріп  үлгерген  ұрпақ.  Жасын  –  өзге  мəдениет  құрбанына айналған  ұрпақты  сақтап қалуға 
ұмтылған шын зиялы. «...Жігіттің басқа біреу емес аты шулы Жасын боп кездесуі оның ар алдындағы 
ұятын  қоюлата  түсті»  [1,  209],  –  дейді  автор.  Жасын  –жазушы.  Жазушының  ұрпақ  алдындағы 
жауапкершілігін  түсіндіріп  жатудың  өзі  артық.  Жазушы  –  əуелі  ұлт  санасын  ағартушы.  Жасынның 
ағартушылық мақсатын Бағиламен əуелгі кездесуінен-ақ сезінеміз. «Сонау поездағы оқиғадан бастап 
сіздің таңдамай, талғамай мойныңызға іле салған тарихшының қамытына шейін айтпақ едім. – Менің 
тарихшы болуым орынсыз ба? – Жылқының Ахалтеке деген тұқымын білесіз бе? – Оқығам. Көргенім 
де  бар.  –  Ең  сұлу  жылқы.  Сол  Ахалтеке  мойнынан  қамыт  көрсеңіз  қандай  күйде  болар  едіңіз?  Ол 
қандай  күйде  тұрар  еді?»  [1,  210].  Жасынға  айналған  жазушы  концепциясын  кейіпкер  көзімен 
жеткізген.  Мұнда  оқырман  ойлануы  тиіс  екі  деталь  бар.  Бірі  Бағиланың  тарих  мамандығына  түсуі. 
Оқуға  түсірген  Сəргелдің  де  тарихшы  болуы  кездейсоқтық  емес.  Бұл  –  қазақ  тарихына  түскен 
273


бұғауды  аңғарту.  Сəргелге  тарих  емес  атақ,  мансап  керек.  Ғалым  тарихшының  сиқы  осы  болса, 
тарихымыз  қалай  болмақ  деген  сауал  тұр.  Сəргелдің  білімді  қыздың  орнына    Бағиланы  түсіруі  де 
тарихқа көзқарасымыздың осы қалыпта ұрпаққа ауыса беретінін айту. Қоғамның білім саласындағы 
жіберген  кемшіліктері  де  сыналып  отыр.  Сəргел  мен  Бағиланың  тарихшы  болуының  өзі  тарихи 
дамуымыз  бен  тарихи  сана  деңгейін  айқындайтын  этно-деталь.  Себебі  тарихқа  енжарлығымыздан 
Ахалтеке  мойнына  қамыт  кигізілген.  Тарих  жазушы  концепциясына  орай  этно-деталь  қызметін 
арқалап  тұр.  Ахалтеке  –ұлттық    дүниетаным  философиясының  символы.  Ахалтеке  –  этно-мəдени 
сипатымызды  танытатын  этно-деталь.  Ахалтекенің  мойнындағы  қамыт  ұлт  басындағы  трагедия.  
Адамды Ахалтекеден жаратар едім дейтін Жасын ұлт трагедиясының себеп-салдарын  ашады. «...Мен  
тоқ адамды жек көрем. Өйткені тоқ адамның көзі соқыр, құлағы керең келеді. Оларға өнер де, ұлт та, 
ертеңгі күн де, дүниедегі өзгерістер де   қажет емес,оларға қарын ғана қажет. Отырған орны, мінген 
көлігі ғана қажет. Бітті, басқаның керегі жоқ, өмірден түк сезінбей осылай өтеді. Солай өтерін өздері 
сезбейді соны сезініп оларға жаның ашиды» [1, 211]. Жасынға айналған Д.Исабековтің суреткерлік- 
философиялық концепциясының бір байламы осы. Жасын –жазушы-ағартушы миссиясын арқалаған 
автор  Бағиланы  тəрбиелеуден,  ұлтқа  ой  салудан  танбақ  емес.  Бағиланы  парасат  биігімен 
таңғалдырған  Жасын  «...Мен  сізді  арзан  ортаға  қимаймын.  Неге  екенін  өзім  де  білмеймін,  білсем 
білетін де шығармын... бар білетінім тұғырға сұңқар боп жаратылып, қарға мен жапалақтарға ілесіп 
бұтаққа қонып қала ма деп қимадым. Адамның тұлға боп қалыптасуы үшін оның жаратылыс берген 
қабілеті аз, ол қасиет араласар ортаңа байланысты» [1, 242], – деп ақылын айтады. Мұндағы сұңқар–
текті халықтың болмысын танытушы этно-деталь. Характерді терең ашуға автор қазақтың тұрмыстық 
ғүрпы  мен  дүниетанымынан,  мəдениетінен  хабар  беретін  детальдарды  да  шебер  пайдаланады. 
«Аспанды ботана бұлт түгел жапқан, жуық арада ашыла қоятын түрі жоқ», «Лағы өлген киіктей ол 
қиялым  да  суалып  бітті»,  «Мына  жанар  бүгінгі  таныс  бейтаныстың  жанарына  ұқсайтын  сияқты. 
Жебедей    өткір,  сүңгідей,  шөлдің  құдығындай  терең»,  «...суы  тартылған  бассейнге  сарғайған 
бұрымын  бəз-баяғысынша  жая  төккен  екі  түп  сəмбі  тал  сары  уайымға  салынып  қимылсыз 
қапты»,»тұнық  көлдің  бетіндегі  қалтқыдай  тып-тыныш»  [1,  208-211].  Мұндай  теңеулердің  өзегі  
қазақы тұрмыс пен дүниетаным биігінде жатқаны сөзсіз.  
Қазақтың өмір сүру тіршілігінен бой көтерген тұрмыстық этно-детальдар жазушы мақсатына орай 
пайдаланылған.  Бас  кейіпкердің  Жасын  аталуында  да  авторлық  мақсат  бар.  Қазақтың  этно-мəдени 
санасының    бұзылуына  тосқауыл  қоярлық  жалғыз  жол,  көктен  түсер  найзағайдай  əрекет  ету. 
Жасынның ағартушылығы  арқылы ұлттық санасы қозғап, рухын ояту автор философиясы. «Жазушы 
сөз бояуларын да оқиғаға орай, кейіпкерінің сол сəттегі күйіне қарай таңдап, талғап қолдана білген» 
[3,  133].  Романда  Бағиланың  əкесі  Қаратай  бейнесі  бірден  ашыла  қоймайды.  Медеу  ресторанында 
отырған  Бағиланың  ой  ағымымен  Қаратайдың  бақытты  шаңырағы  мен  қызметіндегі  алғашқы 
тартыстар  бой  көтеріп  қалады.  Қаратайдың  жастау  кезіндегі  өткерген  қызметтегі  кедергілерін 
баяндауда  Қаратай  характеріне  авторлық  сипаттама  беру  ғана  бар.  Сірə,  автор  Қаратай  мінезін 
даралап көрсетуді шығарманың негізгі желісі Бағила мен Жасын арасындағы қатынастың шарықтау 
шегіне  жақындаған  тұсына  қалдырған.  Қаратай  қандай  адам?  Бастық  бейнесіндегі  Қаратайдың 
адамгершілігі қай деңгейде? Бұл сауал оқырманды екі жағдайда қызықтырады. Бірі Бағиланың əкесі 
ретінде,  екіншісі  Жасын  мен  Бағила  махабаты  мəлім  болғанда  Қаратай  қандай  əрекет 
танытатындығымен.  Автор  оқырман  психологиясының  осы  талаптарын  қанағаттандыру  райында 
Қаратай  характерінің  ашылуына  жағдай  туғызады.  Ол  ауданның  алыс  аймағындағы  малшылардың 
ауыр  жағдайын  басшы  ретінде  көріп  қайтуы  тиіс.  Қасына  орынбасары  Тұрғатты  алады.  Осында 
Тұрғат  бейнесіне  де  шегініс жасап  өтейік.  Купе  дəлізінде Бағила  мен Тұрғаттың  диалогы  естеріңде 
болса,  сол  диалогтан  Тұрғат  білімінің  таяздығы,  кітап  оқымайтындығы  мəлімденеді.  Тұрғаттың 
белгілі ақын-жазушылардың кітаптары тұрмақ, аттарын білмеуі Бағиланың əкесі жайында да алғаш 
солай  ойлауын  білдіретін  деталь-штрих  бар.  Қаратай  мен  қойшы  əйелі  Теңге  арасындағы  диалогта  
балаларға  ат  қоюдағы  этно-мəдени  негіздің  бұзылуын  аңғартатын  деталь  бар.  Сопия,  Мария 
кыздарының есімі жайлы Теңге: «Ана миы ашыған шалдың койып жүрген аттары ғой... біреуі химия 
дей ме, физика дей ме соны шығаратын екі қатын бопты  ғой. Ана алжыған шал екі қызына солардың 
атын  таратып  берген»[1,  272].  Күлкі  тудырарлық  диалогтан  қазақтың  этно-мəдени  болмысының 
жаттануын  түсінуге  болады.  Автордың  қоғам  психологиясын  ашудағы  этно-деталь  қолданысының 
бұл  да  бір  көрінісі.  Автор  туғызған  ситуацияда  Қаратай  мен  Тұрғат  характерлерінің  ара-жігі  өмір 
көрінісінен-ақ жалқылана түседі. Қаратай осы сапарында бір аяғы үсіп қалған грейдерші Кенжетайды 
құтқарады.  Осында  тағы  бір  деталь  бар.  Кенжетайдың  тонының  сыртқы  қалтасындағы  қылтиып 
тұрған  кітапты  байқауы.  Қаратай  кітапты  алып  көргенде  автордың  таныс  бейнесі  əрі-сəрі  күйге 
түсіреді.  Бұл  кездейсоқтық  па?  Автордың  айдалада  Қаратай  мен  Жасынды  жолықтыруында  не  сыр 
бар? Бұл детальды не мақсатта кіргізді? Біздіңше, Жасын қарапайым еңбек адамдарының да сүйікті 
жазушысы  екендігін  білдіру.  Осы  деталь  арқылы  Қаратайдың  ішкі  толғанысынан  хабар  беру. 
Кенжетайдың  Қаратаймен  қоштасарда:«Жүрегіңізде  ақын,  көзіңізде  ақыл  жатыр.  Батыл  айтқаныма 
274


кешіріңіз»  [1,  278],  –  дейтіні  бар.  Бұл  Қаратай  характерін  өзінің  қол  астындағы  еңбек  адамдары 
ойымен бағалату тəсілі.  Осы  сапары жайлы Қаратайдың өзімен-өзі сөйлесуінен азаматтық болмысы 
танылады.  «Қанша  дегенмен  ел  ырысын  жасап  жатқан  солар  ғой,  қайран  жаны  таза  жандар  ай  ... 
балалары  да  ерте  пысыған,  ересек  адамдардай,  біздің  балалармен  салыстырудың  өзі  ағаттық. 
Олардың бала болуы керек еді ғой, ол қасиеттері қайда? Жаздың аптабы мен қыстың бораны ұрлап 
кеткен бе? Көздері қандай ойлы, сөздері қандай мағыналы! Даланың табиғатындай таза  жүрек, таза 
көңіл...  Əке-шешесі  де  солай,  көңілі  түссе  қиналып  отырып  ердің  құнын  кешуге  бар...  Ақын,  ақыл. 
Менің  ойыма  келмейтін  сөздер.  Маған  айтылғандығынан  емес,  сөзді  тере  білуін  айтам.  Есті  жігіт 
болуы  керек.  Мұндай  мінездің  адамдары  жаман  болуы  мүмкін  емес.  Директор  оған  неге  зекіді,  ол 
неге бəріне зекиді? Ол не сол совхоздың орта ғасырлық қожайыны ма? Ұзата бермей мəн-жайды тез 
анықтау керек» [1, 280]. Қаратайдың осы бір ішкі монологы арқылы характер ашар қаншама деталь 
көрінісі  барын  аңғарамыз.  Осындағы  Қаратай  характерін  ашуға  да,  этно-мəдени  болмысымыздың 
табиғатын  танытуға  да  қызмет  етіп  тұрған  этно-деталь,  дала  образымен  берілуінде  философиялық 
толғаныс  бар.  Таза  жүрек  пен  көңілдің  дала  табиғатындай  болуын  қазақы  болмыс  иесі  болмаса, 
мұндағы метафоралы оймен өрілген концепцияны өзге ұлт өкілі түсіне қоюы неғайбыл. Көңілі түссе 
ердің  құнын  кешіре    салар  қазақтың  дархан  мінезін  қайда  қоясыз.  Ердің құны  дейтін  түсініктің  өзі 
дала  заңына  бағынған  елдің  дүниетанымын  ұғындыратын  этно-деталь  емес  пе?  Қаратай  –  өз  дəуірі  
интелегенциясы  өкілінің  бірі  бола  тұра  ішкі  қайшылығы  мол  тип.  Ол  Көлбайдың  баласы  кеңес 
заңымен  қасақана  күйіп,  басына  іс  түскенде  партия  пəрменінен  қорқып  көмек  көрсете  алмады. 
Онысына кейін өкінді де. Сын сағатта азаматтығын  таныта алмады.  Адам азаматтығы сынға түсер 
сəтті  таңбалайтын  детальда    Қаратай  мінезін  ашудан  да  биік  мақсат  тұр.  Ол  мақсат  этно-мəдени 
сипатымыздың  құлдырауына  бірден-бір  себеп  азаматтық  жауапкершіліктің  жоғалуын  сезіндіріп 
өту.Туындының бас  кейіпкері  –  Жасын  образы. Жасын  –  қоғамға оппозициялық бейне. Тіпті,  оның 
дүниені түсінуі өз ортасындағы интеллегенциялардан ерек. Жасын бейнесі жазушының суреткерлік 
концептуалдық  шешімі  көрініс  беретін  типтік  тұлға.  «Жазушы  сөз  бояуларын  да  оқиғаға  орай, 
кейіпкерлерінің  сол  сəттегі  күйіне  қарай  таңдап,  талғап  қолдана  білген»  [3,  133],–  деген  пікірді 
Жасын характері дараланатын көркемдік детальдың бəріне тəн деп қабылдаймыз. Романдағы санаулы 
характерлер  табиғатына  ортақ  көркемдік  шындық  шығарма  соңында  берілетін  Жасынның 
монологына сыйып кетеді. Бұл – роман идеясы бейнеленуіне қатысты жазушы қолданған бір деталь. 
Жасынды  шығарып  салуға  келген  Мəликенің  көзіндегі  екі-үш  тамшының  үзіліп  түсуі:  «Өзін 
шығарып  салуға  келген  əйелдің  көзінен  моншақтай  домалап  түсе салған жас  тек  қимастық,  достық 
парыздай ғана емес, ешқашан айтылмастай, көкірегінде қамауда жатып қартаяр, шілдеде жүріп шірір 
ерекше бір сезім толқыныстарынан екенін Жасын да байқап қалды. Бұл байқағанын да ол ешқашан 
сыртқа шығармайды. Осылай жүрек пен сана түбінде еріксіз сақтап жүре береді. Ол да сөзбен айтсаң 
сəні  кетер  қырық  қатпар  адам  өмірінің  бір  қыры  боп  қала  бермек»  [1,  327].  Бұл  –  Жасынның 
автордың кейіпкерге айналған, бүкіл шығарма идеясының философиялық түйінін берер сөз. Бұл – сөз 
əр  характердің  ішкі  дүниесіндегі  жан  толқынысының  тебіренісі.  Оның  негізі  этно-мəдени 
болмысымызды  сақтауда  жатыр.  Ішкі  арпалыс  толқыны  қай  жағаға  апарары  беймəлім.  Автордың 
психологиялық тағдырлар философиясы арқылы оқырман санасына орныққан сан түрлі сұраулардың 
шешіміоқырманның  қабылдау  психологиясынан  табарын  емексіткен  деталь.    Туындының 
аяқталмаған секілді əсер қалдыруының өзі философиялық-концептуальды түйіннің астарында жатыр.     
 
Əдебиеттер: 
1.
  Исабеков  Д.  Жеті  томдық  шығармалар  жинағы.  -  1-том.Роман,  эссе,  повесть.-Алматы:  Атамұра,  2012.-
408б.  
2.
  Ергөбек Қ. Қарасөз.Қазақ прозасы туралы ойлар.-Алматы: Ел-шежіре, 2013.-600-б.  
3.
  Ақшолақов Т. Көркем шығарманың эстетикалық табиғаты. – Алматы, 2001. – 338б. 
 
 
Оразова Р. 
ст. преподаватель КазНПУ имени Абая  
Кундузбаев Ж.  
магистрант КазНПУ имени Абая 
 
Языковая политика в Казахстане: история   
 
Универсальность  языка  как  средства  коммуникации  и  его  национально-специфические  черты 
делают его уникальным явлением в общечеловеческой истории, и история каждого языка неотделима 
от  истории  народа,  им  владеющего.  Появление  единых  национальных  языков  тесно  связано  с 
образованием и расцветом государственности, и всякое изменение, связанное с динамикой развития 
или упадка государства, не может не сказаться на состоянии языка. Общество, высоко оценивая язык 
275


как  важнейшее  средство  общения  в  социальной  жизни,  пристально  следит  за  его  изменение  и 
развитием. Являясь одним из общественных явлений, он как в зеркале отражает явление социальное. 
Все,  что  присходило  и  присходит  в  обществе,  находит  свое  место  в  языке,  поэтому  через  лексику 
можно представить жизнь народа, а в развитии общества увидеть развитие языка.  
Через развитие общества происходит и развитие языка. Однако уровень развития отдельных слов 
языка  не  одинаков.  Некоторые  из  них  не  подвергаются  большим  изменениям  (например, 
грамматические  категорииязыка,  звуковая  система).  Рассматривая  язык  с  этой  точки  зрения, 
приходишь  к  убеждению,  что  одним  из  показателей  развитости  языка  является  расширение  и 
развитие социальной функции языка. Значительные изменения в развитие языка, в том числе и в его 
терминологический пласт вносят коренные преобразования в жизни народа, например, борьба против 
неграмотности,  открытие  новых  учреждений,  начальных  школ,  издание  газет  и  журналов,  красные 
уголки, красные юрти и т.д. дали толчок развитии новой лексики в казахском языке. В этот период 
наблюдается  не  только  усиление  и  развитие  собственно  казахской  лексики,  но  и  расширение 
международной  в  казахском  языке.  В  словарный  состав  казахского  языка  вошли  многочисленные 
заимствование,  ортазившие  социальные  реалии:  социализм,  коммунизм,  интернационал  совет, 
министр, комитет, радио и т.д. [1,6].  
Последние  три  века  казахской  истории  наглядно  отражает  языковое  состояние  и  языковую 
ситуацию,  связанную,  в  первой  очередь,  с  утерей  суверенитета.  30-40  годы  XVIII-столетия 
характеризуются  отношениями  вассальной  зависимости  Казахстана  от  России,  как  одной  из 
начальных  форм  колониальной  зависимости  слабого  государства  от  сильного.  Внешние  факторы 
сушествования  казахского  языка,  как  политические,  идеологические,  социальные  –  были  явно  не  в 
пользу последнего.  
Языковая политика царизма, направленная на принижение роли казахского языка, проявлявшаяся 
в  целенаправленном  сужении  ареала  применения  языка  коренной  нации  в  административной, 
общественной,  социальной,  художественной  и  бытовой  сферах  все  же  не  могли  коренным  образом 
повлиять  на  его  развитие.  Будучи  связанным  с  мышлением  и  психологией  человека,  его 
каждодневной  жизнью  и  общественным  сознанием,  а  также  преобладающей  устной  формой  его 
реализации,  казахский  язык  породил  таких  титанов  как  Абай,  а  также  сотни  безвестных  жыршы, 
акынов, создавших тысячи произведений народного фольклора.      Однако  в  советский  период 
казахский  язык  существенно  стал  сдавать  свои  позиции,  и  в первую  очередь,  в  сфере  его  делового 
применения.  Вся  совокупность  мер,  осуществленных  в  казахстане  при  советской  власти, 
направлялась  на  изменение  действующего  функционального  распределения  казахского  и  русского 
языка в пользу последнего. Введение новых языковых условий приводило к заметному увеличению 
русских  языковых  образований  в  казахской  речи.              Такая  же  попытка  консервации  значения 
русского языка в суверенном Казахстане, имперские амбиции российских языковедов продолжаются 
и  по  сей  день.  В  «Лингвистическом  энцикловедческом  словаре  (1990)  утверждается:  литературный 
казахский язык сложился в XIX- веке на базе общенародного языка. Письменные памятники с XIX-
века.  Письменность  до  1930  года  на  основе  арабской  графики.....»  [2,78].  Хотя  и  здесь  нет  ничего 
удивительного. В советский период лингвистика и литературоведение основывались на непреложной 
аксиоме:  есть  древнетюркские  алфавиты,  но  казахи,  узбеки,  уйгуры,  кыргызы  к  ним  никакого 
отношения  не  имеют.Между  тем,  в  Российской  Академии  Наук  хранится  4228  древнетюркских 
рукописей,  8  тысяч  единиц  хранения  имеется  в  германской  коллекции.  Известно,  что  существуют 
коллекции лондонская, парижская, японская, шведская, финская, пекинская и другие.  
Древнетюркское  письмо  стало  аванпостом  европейского  способа  изложения  мысли  на  Востоке, 
поскольку  было  распространено  от  Туркестана  до  Байкала,  и  одновременно  –  представителем 
Востока  в  европе,  так  как  зафиксировало  тюркскую  речь  о  Волги  (Едиль)  до  Дуная.  Более  того, 
учитывая  такую  пространственно-временную  глубину  тюркской  письменности  и  тюркского 
книгопроизводства, доктор филологических наук М.Барманкулов подтверждает вывод лингвистов о 
том, что слово «Книга» перешло в славянский из .....древнетюркского.  
Древнетюркский рунический алфавит возник в тюркской среде не позднее первой половины VII-
века,  имея  огромный  ареал  распространения  от  Орхона  до  Дуная,  от  Якутии до  Гоби  и  Тибета.  На 
нем  написаны  Орхоно-Енисейские  тексты  VIII-века,  «Ырк  битиг»Xвека.  Среди  древнейших 
тюркских  текстов  называют  фрагмент  по  минералогии,  найденный  экспедицией  А.Лекока  (1905-
1906г.г.) на берегу реки Туюк. В Пещере тысячи будд, замурованной в 1002 году, обнаружен самый 
древний  сборник  тюркских  пословиц  руническим  письмом.  Два  деловых  документа  рунического 
письма,  один  из  которых  обнаружен  в  Дуньхуане,  а  другой  –  на  раскопках  цитадели  Миран, 
свидетельствуют о наличии военно-интендантского делопроизводства на тюркском языке в тюркской 
среде.  Жанровое  разнообразие  находок  подтверждает  мысль  о  широком  использовании  руники  в 
разных сферах – военной, деловой, религиозной, а также записи фольклорно-культурного характера.  
276


Однако московские авторы в таком капитальном труде как «Восточный Туркестан в древности и 
раннем  средневековье.  Этнос,  язык,  религии»  (М.,  1992)  вновь  отсекает  тюркскую  литературу  от 
современных  казахов,  узбеков,  кыргызов,  татар  и  уйгуров  [3,81].  В  год  празднования  на  уровне 
ЮНЕСКО 1000-летия Манаса, в разделе «Киргизский язык»«Лингвистического энциклопедического 
словаря»  (1990),  читаем:  «Национальная  письменность  создана  в  1924  году  на  основе  арабского 
алфавита»,  в  разделе  «Уйгурский  язык»  утверждается:  «Продолжением  дренеуйгурского  языка 
уйгурский язык не является»[2,96]. Таким образом, уже не остается сомнений в том, что эти выводы 
московских ученых являются логическим продолжением языковой политики в отношении тюркских 
языков, утвердившихся в советское  время.  
Период  образования  казахской  автономии  в  составе  РСФСР  вызвал  в  среде  казахской 
интеллигенции ограмные надежды на укрепление статуса казахского языка. Этот этап, с 1921 года по 
1926  год  можно  назвать  «романтическим».  Документы  тех  лет  отражает  конкретные  шаги 
государственных органов по укреплению статуса казахского языка, составлению и выпуску первых 
учевников  при  активном  участии  А.Байтурсынова,  внедрению  казахского  языка  в  исполнительное 
делопроизводство, подготовку национальных кадров, широкое вовлечение их в работу госаппарата.      
Однако довольно скоро, начиная с 1926 года наблюдается несколько иная тенденция в языковой 
политике.  Акценты  смещаются  на  проблемы  государственного  двуязычия  (казахского  и  русского). 
Упорно  и  настойчиво  муссироется  наобходимость  перехода  с  арабского  на  латинизированный 
алфавит. Начиная с отдельных дискуссионных предложений о преимуществах  латинского алфавита, 
с предложении о качествах алфавитов, претендующих на обслуживание казахского языка, эти меры 
закончились прямым призывом к «похоронам арабского алфавита» [5,4].  
Сейчас  трудно  подсчитать  тот  урон,  нанесенный  всем  тюркским  языкам  в  целом,  так  как  и 
морфология  и  синтаксис  арабо-графических  тюркских  языков  были  взаимоприемлемы  как  для 
чтения, так и для записи текстов на любом из этих языков. Теперь же стояла проблема замены ряда 
букв, а также введение новых латинизированных обозначений звуков, присущих казахскому языку. 
Одновременно  терялась  связь  и  взаимопроникновение    между  тюркскими  языками,  резко  сузилось 
влияние изданных на арабской графике произведении печати XIX-начала XX века. Борьба за новый 
алфавит  была  поставлена  на  идеологическую  классовую  основу.  Об  этом  свидетельствуют 
документы 1928-1929 г.г.[4,81].  
Следующим  этапом  в  языковой  политике  в  Казахстане  можно  считать  короткое  десятилетие 
существования  латинизированного  алфавита.  Коренизация  аппарата  в  начале  30-х  годов,  введение 
льгот  для  специалистов,  владеющих  казахским  языком,  внедрение  обязательных  обозначений  на 
казахском  языке  наименований  учреждений,  организаций  и  предприятий  породило  известный 
интерес  к  языку  титульной  нации  даже  со  стороны  представителей  нетюркских  народов,  в  т.ч. 
русского, украинского и других. Думается, этот короткий этап либерального отношения к казахскому 
языку  вызван  последствиями  опустошительного  голода  1931-1933  г.г.  унесшего  около  половины 
казахской  нации  (около  3-х  миллионов  человек),  главным  образом,  людей  преклонного  и  детского 
возрастов,  с  потерей  которых  теряется  живая  преемственность  любого  языка.  Однако  этот  период 
длился недолго. Уже в 1938 году выходит постановление ЦИК СНК Казахской ССР об обязательном 
изучении  русского  языка  в  казахских  школах,  который  положил  начало  новому  направлению  в 
языковой  политике, направленному на доминирование в Казахстане русского языка.  
Документы 1938-1940г.г. раскрывают ряд подготовительных мероприятий, свидетельствующих о 
новых тенденциях в языковой политике. Уже в апреле 1938 года выходит постановление Совнаркоме 
Казахской  ССР  «о  реорганизации  национальных  школ»,  а  13  декабря  1940  года  был  опубликован 
закон «о переводе казахской письменности с латинизированного на новый алфавит на основе русской 
графики» [4, 163,189]. С этого момента языковая политика круто изменилась в отношении характера 
и  способов  разрешения  языковых  и  лингвистических  проблем  на  превалирование  в  Казахстане 
русского  языка,  выразившаяся  в  первую  очередь  в  силовых  методах  внедрения  кириллического 
алфавита.  Тон  в  этих  мероприятиях  задавали  партийные  органы.  Кроме  того,  после  массовых 
политических  репрессий  1937-1938г.г.  вся  интеллектуальная  элита  была  практически  истреблена, 
ввиду чего не было никакой оппозиции политике насильственной русификации.  
Характерно,  что  СНК  Казахской  ССР  постановлением  от  14  мая  1941  года  отменил  упомянутое 
ранее  постановление  ЦИК  и  СНК  от  1  сентября  1933г.  «О  льготах  специалистов,  владеющих 
казахским  языком».  В  декабре  1941г.  был  ликвидирован  Государственный  терминологический 
комитет при СНК Казахской ССР. Следующий этап в языковой политике в Казахстане, связанный с 
уходом  с  политической  арены  И.В.  Сталина,  охватывает  период  Великой  Отечественной  войны  до 
начала  известной  «хрущевской  оттепели».    В  годы  войны  закономерно  усилилась  роль  русского 
языка,  как  основного  средства  межнационального  общения.  Казахи-фронтовики,  вернувшиеся  с 
войны, прекрасно освоили русский язык и ими же пополнялись кадры опустевших за годы репрессий 
и войны аппаратов наркоматов, советских и партийных учреждений, колхозов и совхозов. Казахский 
277


язык, особенно в глубинке, не уступал своих позиций, шел естественный процесс словотворчества и 
словообразования,  заимствования  из  других  языков.  Для  регулирования  этими  процессами 
правительство  вынуждено  было  в  феврале  1945  года  возродить  ликвидированный  Терминком.  С 
июня 1955 года было официально отменено изучение казахского языка в русских школах Казахстана.  
Однако уже с этого времени начинается новый этап в языковой политике. За годы предвоенных 
репрессий,  массовой  депортации  вКазахстан  немцов  Поволжья,  корейцев  с  Дальнего  Востока, 
чеченов,  ингушей,  турков-месхетинцев,  курдов  с  Кавказа,  крымских  татар  в  республике  сложилась 
сложная языковая ситуация.  
Развенчение  культа  личности,  оживление  демократических  начал  в  национальной  политике 
государства,  а  также  объективные  предпосылки,  связанные  с  интернационализацией  Казахстана, 
вследствие подъема целины, объявления всвсоюзных строек и т.д. породили надежду на развитие не 
только  казахского,  но  и  других  языков  народов,  проживавших  в  республике.    В  феврале  1958  года 
принято постановление правительства «О мерах по улучшению делопроизводства на казахском языке 
в  государственном  аппарате,  в  общественных  и  кооперативных  организациях  республики».  
Предпоследним  этапом,  отражающим  новые  тенденции  в  языковой  политике  в  Казахстане  можно 
считать  начало  60-х  до  конца  80-х  годов.  Именно  в  этот  период  появляются  новые  подходы  в 
языковой  политике  партии  и  государства  усиливается.  В  среде  подрастающего  поколения  тяга  к 
изучению  иностранных  языков.  Видимо,  не  случайно  в  октябре  1961  года  выходит  постановление 
Совета  Министров  Казахской  ССР  «Об  улучшении  изучения  иностранных  языков  в  республике». 
Документы  того  периода  представляют  перечень  мер  по  изданию  учебников,  улучшению 
преподавания  казахского,  русского,  немецкого,  английского,  арабского  и  других    языков. 
Несомненно,  в  этот  период  русский  язык  стал  доминирующим  в  республике,  стала  заметна 
вспомогательная,  второстепенная  роль  казахского  языка,  общественный  статус  которого  упал  до 
бытового уровня. Приемные комиссии высших учебных заведений принимали экзамены  только на 
русском языке, из-за чего талантливые юноши и девушки из сел и аулов, как правило, не попадали в 
престижные  учебные  заведения.  Делопроизводство,  за  исключением  казахских  районов,  по  всей 
республике  велось  только  на  русском  языке.  Эта  ориентация  на  превалирование  социально-
политической  роли  и  значения    русского  языка  привела  к  появлению  в  городах  целого  поколения 
казахской  молодежи,  пренебрегающей  родным  языком.  Появилась  целая  плеяда  русскоязычных 
ученых,  поэтов  и  писателей  из  среды  городской  казахской  молодежи.  Эти  тенденции  усиливались 
выдвитуной  партийными  идеологами  доктриной  о  неизбежном  слиянии  нации,  о  появлении 
мифического «советского человека», говорящего на едином для всех русском языке.  
Просчеты  в  языковой  политике  советского  государства  стали  одной  из  составных  причин  столь 
быстрого распада СССР. Последний этап в языковой в Казахстане представляют документы с 1987 по 
1995г.г.  именно  декабрьские  события  в  Алматы  стали  детонатором  своеобразия  «цепной  реакции» 
открытых выступлений против тоталитаризма.  
Новый  этап  языковой  политики  в  Казахстане  связан  с  обретением  республикой  подлинного 
суверенитета  и  приданием  казахскому  статуса  государственного  языка.  Русский  язык,  в  настоящее 
время имеющий конституционный статус официального языка, как основного из мировых языков. В 
интернациональном  Казахстане  его  роль  никогда    не  будет  снижаться,  так  как  многовековое 
соседство  с  казахским  языком,  несмотря  на  имперскую  языковую  политику  периода  царизма  и 
казарменного социализма, пустил русский язык глубокие корни как универсальное средство познания 
окружающего мира и общения между людьми.     
 
Литература.  
1.
  Айтбаев О. Основы казахской терминологии. – Алматы, 2000.  
2.
  Лингвистический  энциклопедический словарь. - М.,1990.  
3.
  Восточный Туркестан в древности и раннем средневековья. - М., 1992.  
4.
  Языкова политика в Казахстане (1921-1999 г.). Сборник документов. – Алматы, 1997.  
5.
  Жумабекова А.К. Лексика как система. – Алматы, 2003.   
 
 
Алдашева К.  
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  
мемлекеттік университеті 
 
Жаңа сөздердің менталды лексиконда репрезентациялану үдерістері  
 
Адамның  дамуы  –  аса  күрделі  құбылыс;  даму  үдерісі  адамның  бір  жастан  келесі  жасқа  қарай 
үздіксіз өтуімен ерекшеленеді. Қазақ ұғымында балалық шақ (13 жасқа дейін), жастық шақ (25 жасқа 
дейін),  есейген  шақ  (37  жасқа  дейін),  кемел  шақ  (49  жасқа  дейін),  аталық  шақ  (73  жасқа  дейін), 
278


қарттық жас (97 жасқа дейін) деген шартты бөліністер кездеседі. Осы ажыратуларға сүйенсек, адам 
баласында білім қорының нақты қалыптасатын мерзімі – жастық шақ (25 жасқа дейін), бұл кезеңде 
жеке адам орта жəне жоғары білім алу сатыларынан өтеді. Белгілі психолог Г. Крайг адам өміріндегі 
жеткіншек  кезең  шамамен  12  жастан  18-21  жасқа  дейінгі  аралықты  қамтитынын  көрсетіп,  оған 
«жеткіншек» (подросток) терминін қолданған [1].  
Қазақ халқының ұғымында жасөспірім / жеткіншек / өрен / жас ұлан / балғын жас / ержеткен 
мағыналары  синонимдес  қолданылады  [2].  Қазақтың  ұлттық  дүниетанымына  байланысты 
көзқарастар бойынша жеткіншек – 15-17 жас аралығындағы адам; жоғары мектепте білім алатын жас 
мөлшері. Сол себепті біздің тарапымыздан осы жас кезеңіндегі субъектіні сипаттау үшін жеткіншек 
термині қолданылды. 
Жеткіншек  кезеңді  адамның  қалыптасуындағы  жас  ерекшелігінің  айрықша  бір  сатысы  ретінде 
бөліп  қарау  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  басталды.Жоғары  мектеп  жасы  –  белсенді 
дүниетанымдық ізденіс кезеңі, осы кезеңде жеткіншектің алдында аса маңызды мəселе өмірді тану, 
оған  болжау,  жоспар  жасау  тұрады.  Бұл  жайт  жеткіншектің  өзін-өзі  бағалап,  өзін-өзі  анықтауын 
қажет  етеді  жəне  бұл  мектептің  соңғы  жылдарындағы  білім  алудың  сипатына  да  əсер  етеді.  Осы 
кезеңде  айналадағы  барлық  ақпараттарды,  мағлұматтарды  екшеуден  өткізу,  саралап  қабылдау 
қалыптаса  бастайды,  рухани-мəдени  құндылықтарды  танып-білу  жəне  бағалау  пайда  болады.  Осы 
жайтпен  байланысты  жеткіншек  тілдегі  өзгерістердің  айқын  көрінісі  ретінде  тілдің  өз  мүмкіндігі 
арқылы жасалған жаңа сөздерді осыған ұқсас басқа құбылыстардан айырып, оның артықшылықтарын 
дəйектей алады.  
Жоғары сынып оқушылары ересектер сияқты «қызмет ету үшін көп оқып, еңбектену қажет екенін, 
өз бетімен өмір сүріп, игіліктерді өндіру оңайға түспейтінін сезе бастайды. ...табиғат пен қоғамдық 
өмірдің  құбылыстарының  мəнін  ұғуға,  олардың  өзара  байланысын  жəне  бағыныштылығын 
түсіндіруге  ұмтылады.  Əр  уақытта  да  қоғамдағы  болып  жатқан  құбылыстарға  өздерінің 
көзқарастарын  білдіруге,  өздерінің  бағасын  беруге  бейім  тұрады»  [3].  Осы  тұрғыдан  алғанда, 
жеткіншек  жастағы  оқушы  тілді  қоғамдық  құбылыс  ретінде  қабылдай  отырып,  оның  шынайы  мəні 
мен қызметін түсіне алады. Қоршаған ортада орын алып жатқан əрбір өзгерістің тілге тигізетін əсері 
жайында  өзіндік  пікірін  қалыптастырып,  оны  тұрақтандырады.  Бұл  əсіресе  тілдегі  жаңа  сөздер 
құбылысына қатысты айқын көрініс табады, себебі жаңа сөз тілдің қоғам өмірімен тығыз байланысын 
таныта отырып, оны тұтынушылар мен тіл арасындағы қарым-қатынастың өзегін айқындайды. Тілдік 
қауымдастықтың  толыққанды  мүшесі  ретінде  өзіне  қажеттісін  таңдай  отырып,  жеткіншек  өз 
ұстанымын көрсетеді. Бұл ретте біздің тарапымыздан ұсынылып отырған таңдау пəні жоғары мектеп 
сатысындағы  оқушының  жаңа  сөз  құбылысы  туралы  дұрыс  əрі  жан-жақты  көзқарасын 
қалыптастыруды көздейді. Сондықтан да аталған мақсатты жүзеге асыру жəне оң нəтиже алу осы жас 
кезеңіне сəйкестендіріліп отыр.  
Лингвистикалық  ілім  қалыптаса  бастағаннан  бері  белгілі  бір  халықтың  тілін,  жалпы  тіл  білімі 
мəселесін  зерттеушілер  тілдің  философия,  логика,  биология,  нейрофизиология,  психология 
салаларына  қатысы  бар  екендігін  мойындап  келеді.  Өйткені  адамның  кез  келген  іс-əрекеті  оның 
жүйке жүйесінің жұмысына барып тіреледі. Демек, тілші-ғалымдар үшін бұл арада сөйлеу əрекетіне 
байланысты мидың қозғалысында қандай мəліметтер болып жататындығын анықтау маңызды болып 
саналады.  Ми  жүйесінің  жəне  жүйке  тамырларының  жұмысы  арқылы  жеке  адам  қоршаған  ортаны 
танып, біліп, алған ақпаратын сөйлеу əрекетіне қосады.  
В. Гумбольдттің  еңбектерінде  лингвистиканың  нысанасы  адамның  жан  дүниесімен,  рухымен 
байланысты болу керектігі көрсетілген болатын [4]. Тілді адамның ойлау қабілетінен тысқары, оқшау 
қарастырудың мүмкін еместігі басқа ғалымдар тарапынан да тұжырымдалған. Шындығында да тіл – 
белгілі  бір  халықтың  ұлттық  ойсанасын,  қоршаған  ортадағы  пайымдауы  мен  қабылдауынан 
қалыптасқан  дүниетанымын,  осы  дүниетанымды  логикалық  тұрғыдан  қорытуын  көрсететін,  ішкі 
дүниесіндегі  психикалық,  рухани  қозғалыстардың  табиғатын  танытатын  рухани  жеміс.  Алайда  осы 
тұтастай дүниетанымды, логиканы, барша рухани қозғалыстарды тіл арқылы бейнелеуде адамдардың 
ойлауы мен жеткізу қабілеті бірдей емес. Аталғандар адам өмір сүретін қоғамның кезеңіндегі барлық 
жағдайларға,  адамның  əлеуметтік  белгілеріне,  қоғамның  тікелей  əсеріне,  сондай-ақ  қоғам 
мүшелерінің жас ерекшеліктеріне байланысты. Осы себепті тілде пайда болған жаңа сөздердің қоғам 
мүшелерінің  менталды  лексиконындағы  көрінісі  психолингвистикалық  тұрғыда  қызығушылық 
тудырады. 
Жеке адамның сөйлеу, өз ойын жеткізу қызметінде, оның рухани дүниесі мен ақпаратты жеткізу 
қызметінің арасындағы байланысты танытатын басты тілдік бірлік – сөз болып табылады (бұл ретте 
жеке  адам  ретінде  зерттеу  нысанына  байланысты  мектеп  оқушысы  қарастырылады).  Ал  сөзге 
қатысты мəселеге тоқталатын болсақ, бұл – тілдің негізгі категорияларының бірі ғана емес, сонымен 
қатар  адамдардың  көзқарастарына,  кəсібіне,  сенім-нанымына  қарамастан  тікелей  пайдаланатын 
қарым-қатынас құралы. Жеке адам ретінде оқушы өз ойын жəне сезімдерін сөз арқылы жеткізеді, сөз 
279


арқылы ақпарат алады, жаңа сөздерді жəне басқа тілдерге тəн сөздерді үйренеді, сөз үйрену арқылы 
білімін  жетілдіреді.  Сөз  –  материалдық  (дыбыстар  жəне  нысандар)  жəне  идеялдық  (мағына) 
факторлардың  күрделі  бірлігі.  Міне,  сондықтан  да  қазіргі  кезде  тілші-ғалымдар  кез  келген  тілдегі 
жеке сөзді басқа ғылыми салалармен, əсіресе психолингвистика аспектісімен тығыз қарым-қатынаста 
қарастырудың маңыздылығын мойындайды.  
Жаңа  сөздерді  психолингвистикалық  аспектіде  қарастыру  барысында  ең  алдымен  əлеуметтік 
лингвистиканың статистикалар бойынша бүгінгі таңда қазақ тілді қоғам мүшелерінің екі тілді қатар 
меңгергендігін,  нақты  айтқанда,  кез  келген  коммуникативтік  жағдаятта  екі  тілді  қатар  пайдалана 
беретіндігін атап өту керек [5]. Бұл көрсеткіштердің құрамында мектеп оқушылары да қамтылған. Ал 
нейролингвистика тұрғысынан қарасақ, жоғарыда көрсетілген пайыздық мəлімет қазақы тілді қоғам 
мүшелерінің  санасында  белгілі  бір  ұғым-түсініктік  атауын  айтуда  екі  тілдегі  ақпарат  қатар  жүріп 
отыратындығын  көрсетеді.  Бұл  арада қалай  болғанда  да  орыс  тілін білетін  тілдік құзыреті 93%-дан 
асатын  қазақы  тілді  қоғам  мүшелерінің  коммуникативтік  актіде  өз  ойын  шапшаң  жеткізу  үшін 
бұрыннан  қалыптасқан  тілдік  бірлікті  қолдануы  дəлелді  болып  саналады.  Мысал  ретінде  қазақ 
тіліндегі  баламалары  бола  тұра,  тіпті  олардың  кейбіреуі  əбден  нормаланған  болса  да,  сотовый 
телефон,  зонт,  квартплата,  проездной  билет,  остановка  сияқты  сөздердің  қолданысы  осыны 
дəлелдейді.  Бұл  ерекшелікті  ересектермен  қатар  оқушылардың  сөйлеу  тілінен  де  айқын  байқауға 
болады. Жаңа сөздерді меңгертудің психолингвистикалық аспектісін зерделеуде мектеп оқушылары 
Қазақстандағы тілдік қауымдастықтың елеулі бөлігі ретінде қарастырылады.  
Индивидуалды  лексиконға  жаңа  сөздердің  енуі  адамның  қоғамдағы  өмірінің  өн  бойында  жаңа 
білімді  меңгеруімен  қатар  жүреді.  Бұл  реттегі  түбегейлі  ұстаным  –  лексиконның  үздіксіз  дамуын 
оның үнемі өзгеруі ретінде қарастыруға болады. Лексиконның үздіксіз өзгерісі, толығуы ең алдымен 
мектеп  қабырғасындағы  оқушыларға  тəн  құбылыс.  Лексиконға  енген  əрбір  жаңа  сөз  оқушылардың 
сөздік қорындағы жай ғана бірліктердің тек сандық арақатынасын өзгертіп қоймай, нақты бір уақыт 
сəтінде  лексикондағы  барлық  деңгейдегі  байланыстарға  түрліше  əсер  етеді.  Бұл  əсер  лексикондағы 
басқа бірліктердің мазмұндық жағында да көрініс береді. Болмашы өзгеріс болып көрінгенімен, əрбір 
сөздің шынайы мəні сол сөзбен берілетін санадағы барлық байлық арқылы анықталады. Лексиконның 
əрбір  жаңа  күйі  –  «аралық»  –  бұл  «білмеуден»«білуге»  қарай  өтетін  көпір  сияқты.  Осы  тұрғыдан 
алғанда,  мектептегі  тілді  оқыту  үдерісінде  оқушылардың  сөздік  қорын  дамыту  жаңа  сөздерді 
меңгертумен тікелей байланысты.  
Осы  көзқарас  тұрғысынан  индивидуалды  лексиконға  тəн  құбылмалылықтың  ұдайылығын 
индивидке  тəн  «əлем  бейнесін»,  «əлемнің  суретін»  толық  көрсететін  жəне  кез  келген  соңғы 
өзгерістерді  сезінетін,  динамикалық  өзін-өзі  ұйымдастырушы  жүйе  ретінде  қарастыруа  болады. 
Уақыт  ағынымен  жəне  индивидуалды  лексиконның  дамуымен  бірге  кең  периферия  бойынша 
бірліктердің  ауысуы  орын  алады,  яғни,  бірліктердің  бірқатары  лексикон  ядросынан  алыстаса,  енді 
басқалары белсенділікке ие болып, тағы бір лексикон бірліктері басқа бір мəнді иеленеді, сондай-ақ 
маргиналдық (шектеулі) бірліктер пайда болады, түрлі перифериялық қабаттар мен деңгейлер пайда 
болады, адамның шынайы вербалды жəне басқа да əрекеттеріне байланысты бірліктердің бірқатары, 
мəселен,  екінші  немесе  үшінші  тілді  меңгеруде  лексикон  ядросының  бағытына  орын  ауыстыруы 
мүмкін.  Бұл  ерекшелік,  əсіресе,  оқушылардың  лексиконына  да  тəн.  Оқушының  индивидуалды 
лексиконының  дамуы  білім  алу  үдерісінде  жаңғырып,  толығып  отырады.  Жоғарыда  айтқан 
«құбылмалылық» сипат  жоғары сынып оқушыларының ерекшелігін танытады. Мидағы психикалық 
үдерістер  осы  жас  кезеңінде  өте  сезімтал  өзгеріске,  атап  айтқанда  жаңаны  тез  қабылдауға,  оны 
орнықтыруға өте бейім болып келеді. Осы тұрғыдан білім алушылардың менталды лексиконына жаңа 
сөздерді бейіндік мектеп кезеңінде орнықтыру оңтайлы нəтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.  
Жоғары сынып оқушыларының индивидуалды лексиконына тəн дамуды зерттеу когнитивтік жəне 
вербалды  аспектілердің  арақатынасы  мен  өзара  байланысы  туралы  тұжырым  жасауға  мүмкіндік 
береді,  бұл  білімді  кеңейтуші  барлық  аялар  туралы  түсінікке  негізделеді.  Жүзеге  асырылған 
коммуникацияның  табыстылығы  оқушының  индивидуалды  санасында  нысаналардың  атауын  бекіту 
үшін  шешуші  мəнге  ие;  бұл  үдерістің  креативтік  жағы  онтогенездегі  индивидуалды  лексиконның 
дамуында ерекше маңызды. Осы тұрғыдан жаңа сөздердің ерекшелігі ең алдымен индивидке бұрын 
таныс  емес  бірліктің  онда  бұрыннан  қалыптасқан  əлем  бейнесімен,  сəйкесінше  адамның  менталды 
лексиконындағы басқа бірліктермен өзара байланысы арқылы анықталады.  
Индивидуалды  лексиконның  жəне  сөйлеу-ойлау  тетіктерінің  қалыптасуы  адам  тарапынан  түрлі 
деңгейдегі  білім  жүйесін  меңгеру  негізінде  жəне  түрлі  əрекеттің,  соның  ішінде  коммуникативтік-
танымдық  əрекеттің  практикалық  тəжірибесін  игеру  негізінде  жүретін  екі  өзара  кіріккен  үдеріс 
ретінде  онтогенезде  орын  алады.  Оқушының  өзі  өмір  сүріп  отырған  қоғамдағы  дамуы  сыртқы 
əлемнің оған тікелей əсері арқылы жүреді; бұл үдерістің түрлі параметрлермен константты (тұрақты) 
байланысын ескеру керек жəне индивидтің дамуын бірыңғай тұтастық ретінде қарастыру қажет. Олай 
280


болса, аталған ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа сөздердің оқушылардың менталды лексиконында 
репрезентациялануы бірнеше үдерістерді қамтитындығы туралы айтуға болады.  
Адам  санасында  ақпараттар  белгілі-бір  жүйе  негізінде  сақталады.  Қарым-қатынасқа  түсу 
барысында  қолданылатын  тілдік  бірліктердің  санадағы  көрінісіне  –  орналасуына,  сақталуына  да 
белгілі бір қалыпқа түскен, жүйелі сипат тəн. Жаңа сөздердің оқушылардың менталды лексиконына 
тұрақталуына  да,  оның  тілінде  көрініс  тауып,  қарым-қатынас  барысында  жұмсауына  да, 
нормаландыруына  да  осы  сипат  тікелей  ықпал  етеді.  Коммуникацияға  түскенде  жұмсалатын 
қатысымдық  бірлік  ретіндегі  сөз,  сөз  тіркесі,  морфологиялық  құрылымдар,  сөйлем  жəне  мəтіннің 
адам санасындағы көрінісі жаңа ғылыми парадигманың зерттеу нысаны ретінде танылады. Бұл ретте 
жаңа сөздердің индивид санасындағы көрінісі де осы салалардың аясында зерттеуді қажет етеді.  
Барлық  гуманитарлық  ғылымдар  жəне  жаратылыстану  ғылымдарының  басым  денінің  зерттеу 
аспектілері мен зерттеу əдістері сана ұғымына сүйенеді. Дегенмен сана ұғымы мен адамның ойлауы 
терминдерінің  аражігі  ғылымда  əлі  де  ажыратыла  қоймаған.  Оқушының  санасындағы  немесе 
менталды лексиконындағы жаңа сөздердің көрінісі немесе репрезентациялануы туралы айтқанда, ең 
алдымен  жалпы  сана,  когнитивтік  сана,  тілдік  сана,  коммуникативтік  сана  ұғымдарын  анықтап, 
одан кейін тіл бірліктерінің, соның ішінде лексикалық инновациялардың санадағы көрінісін бірқатар 
əдістер арқылы анықтауға болады. 
Классикалық  ғалымдар  –  В. фон  Гумбольдттің  «тілдік  сана  –  ақылдың  интеллектуалды  түйсігі» 
[4];  Ф. де Соссюрдің  «сөйлеу  əрекетінің  жүзеге  асуы  бізге  табиғаттан  берілген,  олай  болса  тіл 
игерілген  жəне  шартты  нəрсе»  [6,  с.  105-107],  –  деген  пікірлерінің  негізінде  қазіргі  əлемдік 
лингвистикада  жоғарыда  аталған  сана  түрлері  біршама  анықталған.  Зерттеу  пікірлерге  қысқаша 
тоқталу  жаңа  сөздердің  қазіргі  қоғам  мүшелерінің  санасында  орнығуы  жəне  осы  орнығу  арқылы 
қолданысқа  түсуі  туралы  тұжырымдар  айту  үшін  маңызды.  «Тілдік  сана»  ұғымы  И.А. Бодуэн  де 
Куртенэнің  қолданысында  –  «тілдік  сезгіштік»  («языковое  чутье»),  Е.В.  Ухмылинада  –  «тілдік 
түсінушілік» 
(«языковая 
сознательность»), 
Л.В. Щербада 
– 
«лингвистикалық 
түйсік» 
(«лингвистический инстинкт») деп қолданылған. 
Сонымен  қатар  қазіргі  зерттеушілер  жеке  адамның  тілдік  санасы  дегенді:  а)  «тілдік  сана  –  тілді 
меңгеру  қабілеті;  ə)  тіл  туралы  білімдердің  жиынтығы»  [7];  б)  «тілдік  кеңістікте  коммуникативтік 
қарым-қатынаста тілде орныққан стериотипті тілдік бірліктерді қолдану»  [8]; в) «күнделікті қарым-
қатынаста  тілдік  білімге  қажеттіліктің  болуы»;  «тілге  деген  қоғамдық  сұраныстың  болуы  арқылы 
тілге саналы көзқарастың қалыптасуы» [9]; «тілдік сана – тілдік құралдар – сөз, еркін жəне тұрақты 
сөз тіркестері, сөйлем, мəтін жəне ассоциативті өрістің көмегімен қалыптасқан санадағы бейнелердің 
жиынтығы» [10]; «тілдік сана – тілді иеленушінің түйсігіндегі ерекше тілдік құрылымдар» [11], – деп 
түсіндіреді.  Бұл  пікірлер,  біздің  байқауымызша,  қазіргі  ұлт  тілдерінің  сипаттарын  зерделеудің 
нəтижесінде  қалыптасқан  жəне  осы  зерттеушілер  когнитивтік  сананы  біртұтас  қарастырады.  Осы 
пікірлер қазақ тілін, оның ішінде жаңа сөздерді жан-жақты анықтауда маңызды.  
Қазіргі  пайда  болып жатқан жаңа сөздер  қоғам  мүшесінің, соның бір  мүшесі ретінде  оқушының 
тілдік  санасында  қалай  орнығады  деген  сұрақ  пайда  болады.  Өйткені  ұлттың  когнитивтік 
санасындағы  өзгерістер,  қоғамның  саяси-əлеуметтік  құрылымындағы  жаңа  сипаттар  жеке  адамның 
тілдік санасына тікелей əсер етпей қоймайды. Тілдік сана да өзгереді. Қазіргі жағдайға байланыстыра 
айтқанда, тұтас қазақстандық қоғам мүшелерінің, соның ішінде мектепте білім алушылардың тілдік 
санасында  қазақ  тілінің  қоғамдық  маңыздылығын  түсіну,  қарым-қатынас  үшін  қажеттілігін 
мойындау,  қазақ  тілін  меңгерудің  қажеттілігін  мойындау  сияқты  параметрлер  бар.  Қазақстандық 
қазіргі қоғам мүшелерінің тілдік санасын одан əрі бекіте түсу, қазақ тілінің қажеттілігін мойындату 
мақсаттарында пайда болған жаңа сөздерді түсіндіру, насихаттау, білім жүйесіне енгізу арқылы қазақ 
тіліне деген жоғары саналылықты қалыптастыру керек.  
Егер  қоғам  мүшесінің  –  жеке  адамның  тілдік  санасын  нақтылай  түсетін  болсақ,  онда  жеке 
бірліктердің  семантикасын  (семантикон)  жəне  тілдік  бірліктердің  образды-прагматикалық  қызметін 
(прагматикон)  қамтитын  білім  болуы  керек.  Бұл  жиынтық  əрбір  жеке  адамда  əртүрлі  деңгейде. 
Өйткені  жалпы  сана  жəне  тілдік  сана  онтогенезде  жəне  филогенезде  тілдің  қатысуы  арқылы 
қалыптасады,  мұнда  таңбалар  санадағы  концептілердің  жасалу  үдерісінде  қорытудың  материалдық 
сүйеніші ретінде қызмет етеді, алайда сана қызмет ету үшін тілге бағынышты емес, сана өз қызметін 
əмбебап  кодтар  арқылы  жүзеге  асырады.  Тілдік  сана  –  жеке  адамның  психикасына  байланысты 
сөйлеуді  жүзеге  асыратын  тетіктердің  жиынтығы  жəне  лексикон,  семантикон,  прагмтатикон 
жиынтықтарының  тілдік  санада  сақталуы;  коммуниканттардың  сөйлеу  хабарламаларын  айту  жəне 
қабылдау кезінде пайдаланылатын білімі. 
Қазіргі  психолингвистика,  сондай-ақ  коммуникативтік  лингвистика  немесе  қатысымдық 
лингвистика жəне когнитивтік лингвистика үшін коммуникативтік сана категориясын анықтау жəне 
зерттеу өзекті болып отыр.Тілді тұтынушының менталды лексиконында жаңа сөздердің тұрақталуын 
көрсету  үшін  аса  маңызды  категория  ретінде  коммуникативтік  сана  –  адамның  коммуникативтік 
281


қызметінің  барлық  кешенін  қамтамасыз  ететін  коммуникативтік  білімдер  мен  коммуникативтік 
тетіктер  жиынтығы.  Бұл  –  сананың  коммуникативтік  ұстанымдары,  менталды  коммуникативтік 
категориялардың  жиынтығы,  сондай-ақ,  қоғамда  қабылданған  коммуникацияның  нормалары  мен 
ережелерінің жинағы. 
Тілдік жəне коммуникативтік саналардың аражігін ажыратып көрелік, мысалы: 

 
тілдік  сана  белгілі  бір  салаға  қатысты  жаңа  сөздерді  немесе  олардың  бірнеше  тілдегі 
баламалары  туралы,  сондай-ақ  олардың  жіктелген  мағыналары  туралы  ақпаратты  (яғни,  кей 
концептілерді беруде қолданылатын тілдік бірліктер туралы) қамтиды: төлемақы, өсімақы, кепілдеме 
т.б.немесе диета –емдəм, маскировка – алдамша жəне т.б. Бұл ретте жалпы қатысымдық бірліктерге 
қатысты ұлттық ерекшеліктер де көрініс беруі мүмкін;  

 
коммуникативтік санада қай сөзді қолдану туралы ақпарат қамтылады. 
Бұл  ретте  қарым-қатынас  қолданысқа  енетін  жаңа  сөздер  танымдық  санадан  тілдік  санаға  өтіп, 
коммуникативтік  санада  сүзіледі.  Демек,  жаңа  сөздердің  индивидтің  менталды  лексиконында 
орнығып,  тұрақталуы,  оның  сөйлеу  тілінде  жұмсалуы  танымдық,  тілдік,  коммуникативтік 
саналардың қызметімен тікелей байланысты.  
Демек, кез келген таным арқылы қабылданған білім, соның ішінде жаңа сөздер когнитивтік санада 
«материал» түрінде сақталып, тілдік санада тілдік бірліктер арқылы кодталады жəне тілдік білімнің 
жиынтығы ретінде орнығады, тілдік санада кодталған бірліктер коммуникативтік санада сараланып, 
қатысымда  жұмсалады.  Тілге  енген  жаңа  сөзді  таныту,  тілдік  санада  орнықтыру,  коммуникативтік 
санада  дұрыс  сүзгіден  өтуді  қалыптастыру  осының  айқын  дəлелі.  Бұл  психолингвистикалық  үдеріс 
сатылары мектептегі білім беруде жаңа сөздерді меңгерту үшін өзекті болып саналады. 
 
Əдебиет: 
1.
  Крайг Г., Бокум Д. Психология развития. - СПб.: Питер, 2005. - 940 с.  
2.
  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - Алматы: Ғылым, 1978. - Т.3. – 735 б. 
3.
  Сейталиев Қ. Педагогиканың жалпы негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Өлке, 2009. – 232 б.  
4.
  Гумбольдт В. Язык и философия культуры. – М.:Прогресс, 1985. – 450 с. 
5.
  Сулейменова  Э.Д.  Языковая  компетенция  и  полиязычие  //  Динамика  языковой  ситуации  в  Казахстане. 
Монография. – Алматы, 2010. – С. 204-241.  
6.
  Соссюр Ф. Труды по языкознанию. - М.: Прогресс, 1977. – 695 с. 
7.
  Тубалова  И.В.  Показания  языкового  сознания  как  источник  изучения  явления  мотивации  слов:  дис.  ... 
канд. филол. наук. – Томск, 1995. – 249 с. 
8.
  Карасик В.И. Языковой круг: личность, концепты, дискурс. –Волгоград: Перемена, 2002. – 477 c. 
9.
  Белобородов  А.А.  Языковое  сознание:  сущность,  статус  //  Современная  наука  и  закономерности  ее 
развития. – Вып. 4. – Томск, 1987. – С. 131-147. 
10.
 Тарасов Е.Ф. Язык как средство трансляции культуры // Язык как средство трансляции культуры. –М., 
2000. – С. 45-53. 
11.
 Каспранский P.C. Языковые представления и языковое сознание // Тезисы IX Всесоюзного симпозиума 
по психолинвистике и теории коммуникаций. – М., 1988. – С. 84-85. 
 
 
Набидуллин А. 
Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты 
 
Лингвистикалық дүниетаным ұғымы: шектес категориялар vs. негізгі аспектілер 
 
Қазақ тілі ғасырлар бойы қазақ ұлтының тұтастығының, халықтығының айрықша белгісі ретінде 
танылып келеді. Жаһандану дəуіріндегі түрлі кедергілерге қарамастан, ұлт тілін сақтап қалу ұлттың 
ең  өзекті  мəселесіне  айналып  отыр.  Тəуелсіз  Қазақстан  халқының  ұлттық  құндылығы  ретінде 
бағаланатын қазақ тілінің ұзақ мерзімді келешегін қамтамасыз ету – мемлекет саясатының алдыңғы 
міндеттерінің бірі.   
Қазақстан  Республикасындағы  тіл  саясаты  мен  тіл  стратегиясының  аясында  жүзеге  асырылатын 
«барлық іс-шаралар жалпыұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді 
дамытудың басымдығына негізделген жəне азаматтардың рухани-мəдени жəне тілдік қажеттіліктерін 
толық қанағаттандыруға бағытталған» [1].Осы аталған міндеттерді жүзеге асырудың маңызды тетігі – 
білім  беру  үдерісі.  Жалпы  орта  білім  беру  жүйесінде  білім  алушы  өзі  өмір  сүріп  отырған  тілдік 
қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде мемлекеттік тілді дамытуға үлес қоса алады. Бұл – оқу 
үдерісінің тиімді жүзеге асырылуымен байланысты мəселе.  
Қазақ  тілінің  «мəңгілігі»,  кепілді  келешегі  –  ұрпақтың  қолында.  Жоғарыда  аталған  мемлекеттік 
тілдің  қолданыс  аясын  кеңейту,  тіл  мəдениетін  жəне  қазақ  тілін  оқытудың  əдістемесін  жетілдіру 
міндеттерін  жүзеге  асыру  білім  беру  жүйесінде  оқушылардың  лингвистикалық  дүниетанымын 
қалыптастыру  мəселесінің  өзектілігін  айқындайды.  Адамзат  дамуының  қазіргі  жағдайы  тілді 
282


тұтынушылардан  өзі  өмір  сүріп  отырған  ортада  болып  жатқан  құбылыстарға  саналы  қарым-
қатынасты, əлемдік дамудың перспективалық қырын көре білуді талап етіп отыр. Адамның осындай 
түсінігі ең алдымен оның дүниетанымен байланысты.  
Дүниетаным  –  объективті  болмыс  туралы  идеялар  жиынтығы,  адамның  түсінігі  мен  білімі. 
Аталған  категориялар  адамда  дүниеде  болып  жатқан  құбылыстар  мен  оқиғалар  туралы  біртұтас 
түсінік  қалыптастырып,  дүниедегі  орны  мен  рөлін,  өмірлік  ұстанымын,  мақсаты  мен  мұратын 
анықтауға  мүмкіндік  береді.  Дүниетаным  жинақталған  сезімдік,  интуициялық  түсініктер  жүйесін 
құрайды.  Осымен  байланысты  дүниетаным  теориялық,  логикалық,  объективті  біліммен  қатар 
адамның сезімдік-эмоционалдық, болмысты бейнелі түрде меңгеру қабілетін танытатын субъективті 
тəжірибеге негізделген білімді де қамтиды. Демек, күрделі категория ретінде дүниетаным құрылымы 
дүниені  сезіну,  яғни,  сезімдік,  эмоционалды-психикалық  аспектісінде  жəне  дүниені  түсіну,  яғни, 
рационалды, зияткерлік-танымдық аспектіде зерделенеді.       
Дүниетанымның  негізі  –  білім.  Ал  лингвистикалық  дүниетаным  –  тілдік/лингвистикалық  білім 
қоры,  зияткерлік-лингвистикалық  білім  капиталы.  Сондықтан  да  лингвистикалық  дүниетаным  – 
ғылыми  дүниетанымның  маңызды  тармағы.  Білім  дүниетанымдық  мəн-маңызға  ие  болуы  үшін 
тəжірибемен  бекітіліп,  сенімге  айналуы  тиіс.  Сенім  –  зияткерлік  ұстаным,  тұрақты  психологиялық 
нұсқау,  өз  көзқарасы  мен  мұратының,  өмірлік  ұстанымының  дұрыстығына  сенімнің  беріктігі. 
Дəстүрлі  түрде  дүниетанымның  негізгі  бес  формасын  көрсету  қалыптасқан:  мифологиялық,  діни, 
көркем,  ғылыми  жəне  философиялық.  Бұндай  жіктеуге  генетикалық-тарихи  сипат  тəн.  Осы 
аталғандардың  қатарында  лингвистикалық  дүниетаным  үшін  өзіндік  маңызға  ие  ғылыми  жəне 
философиялық формалар болып саналады.  
Философия,  дін,  ғылым  –  дүниетаным  емес.  Философия,  ғылым,  дін,  өнер  –  қоғамдық  қызмет, 
таным саласы. Ал дүниетаным деп əдетте индивидуалды əлем бейнесі аталады. Сондықтан да таным 
мен  дүниетаным  категорияларының  үлкен  айырмашылығы  бар,  басқаша  айтқанда,  біреуі  «баста», 
екіншісі қоғамда. Айталық, дін туралы сөз болғанда діни дүниетаным жеке адамға тəн, ал  қоғамдық 
əрекет  ретінде  дін  –  танымның  формасы.  Ғылымды  философиямен  байланыстыру  –  қалыптасқан 
түсінік.  Мəселен,  дүниені  жəне  адамды  объективті  жəне  анық  тануға  деген  ұмтылыс  бар.  Алайда 
екеуінің  айырмашылықтары  мен  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Философия  ғылымға  қарағанда 
анағұрлым  жалпы,  болмыстың  ауқымды  заңдарын  қарастырады.  Мұндай  таным  дүниетанымдық 
мəнге  ие,  яғни,  дүниеге  жəне  тұтастай  адамзатқа  қатысты  түсініктер  жүйесін  қалыптастырады. 
Ғылым – адамзат  қызметінің саласы. Ғылымдағы басты мақсат – табиғаттағы, қоғамдағы нəрселер 
мен  құбылыстарды,  олардың  қасиеттері  мен  қарым-қатынасын,  даму  заңдылықтарын  зерделеу. 
Осымен байланысты ғылым – қоғамдық сананың формасы.  
Жоғарыда аталғандай, дүниетаным – жеке адамдағы əлемді қабылдауы, түсінуі, яғни, əлем бейнесі 
болса, лингвистикалық дүниетаным – жеке адамның тұтастай күрделі əрі бірегей феномен ретіндегі 
тіл  туралы  түсінігі,  индивидум  санасындағы  əлем  бейнесінен  алатын  лингвистикалық  білім  қоры. 
Тілдің  адамның  дүниетанымын  қалыптастырудағы  қызметі  мен  маңызын  анықтау  –  бөлек  мəселе. 
Айталық,  британдық  зерттеушілердің  пайымдауынша,  адамның  сөйлеу  тілі  оның  ойлауына  шын 
мəнінде əсер етуі мүмкін. Psychological Science журналында жарияланған зерттеуде мамандар неміс-
ағылшын тілдері бойынша қостілді адамдарды монотілді, яғни, бір тілде сөйлеушілермен салыстыра 
қарастырған. Зерттеудің мақсаты – түрлі лингвистикалық паттерндер оларды ақиқатты қабылдауына 
қалайша əсер ететіндігін анықтау. Еріктілерге түрлі сюжеттегі бейнебаяндар көрсетілген. Тапсырма 
бойынша  респоненттер  көрген  нəрселерін  сипаттап  беру  керек.  Нəтижесінде  неміс  тілін  меңгерген 
біртілді қатысушылар бейнежазбадағы нысанның əрекетін ғана емес, əрекеттің мақсатын сипаттауға 
бейім болған. Ал ағылшын тілін меңгерген біртілді респонденттер тек əрекетке ғана назар аударып, 
анағұрлым қарапайым сипаттауға ұмтылған.  
Зерттеушілердің  пайымынша,  неміс  тілінде  сөйлеуші  адамдар  оқиғаға  кешенді  түрде  қарайды, 
яғни,  олардың  дүниетанымы  анағұрлым  тұтас  сипатқа  ие  болса,  ағылшын  тілділерде  сипаттау 
ауқымы тар. Бұдан шығатыны, қатысушылардың бірінші тобы адамдар əрекетіндегі мүмкін болатын 
нəтижелерге  назар  аударуға  ұмтылған,  ал  екінші  топтағылар  əрекеттің  өзіне  көбірек  көңіл  бөледі. 
Қостілді  қатысушыларға  қатысты  зерттеу  нəтижесінде  олардың  сипаттаудың  бір  түрінен  екінші 
түріне  ауысуы  байқалған.  Билингвтер  пайдаланып  отырған  тілге  байланысты  түрлі  эмоциялық 
резонанс  көрсеткен.  Сонымен  қатар  қостілділер  тəуекелділікті  бағалауда  екінші  тілде  анағұрлым 
ұтымды  экономикалық  шешім  қабылдауға  бейім  болған.  Бұл  ретте  адамға  сөйлеу  тілінің,  соның 
ішінде  жекелеген  тілдердің,  біртілділік  пен  қостілділіктің  дүниетанымның  қалыптасуына 
айтарлықтай ықпалы дəлелденген [2].    
Дүниетаным  мен  тілдің  арақатынасын  анықтаудағы  тағы  бір  маңызды  жай  –  тіл  мен  танымның 
арасалмағы.  Бұл  мəселеде  таным  жеке  индивид  шегінде  ғана  емес,  ұлтқа  тəн  құбылыс,  белгі, 
ерекшелік  ретінде  қарастырылады.  Тіл  кең  шеңберде  коммуникативтік-танымдық,  таңбалық  жүйе 
ретінде  танылады.  Тіл  қоршаған  ортаны  танудың  құралы  бола  отырып,  үйлесімді  жəне  тұтастай 
283


жүйені  құрайды.  Тіл  –  адамдардың  қарым-қатынас  құралы,  ал  адамдардың  ақпарат  алмасу  үшін 
пайдаланатын  құралы  таңбалық  жəне  семиотикалық  сипатқа ие.    Семиотика  (грек.  Sema  –  таңба)  – 
графикалық  таңбалар  туралы  жəне  таңбалық  формалар  қатары  туралы  ғылым;  барлық  таңба  – 
сигнификат, яғни, ол қандай да бір нəрсені белгілейді, бірақ денотат ретінде жұмсалуы міндетті емес, 
яғни, оған қандай да бір мағына сəйкес келуі міндетті емес. Ұрпақ сабақтастығымен таралған білім 
тілсіз  сақталуы  мүмкін  емес.  Бұл  тұрғыда  лингвистикалық  дүниетанымды  қалыптастырудың 
концептуалды-əдіснамалық 
негізін 
қазіргі 
атропоөзектік 
парадигма 
шеңберіндегі 
жаңа 
лингвистикалық тұжырымдардың тармағында қарастырылуы аса маңызды. 
Адамның  тілі  арқылы  жинаған  қоғамдық-тарихи  тəжірибесіне  ұлттық  сипат  та,  сонымен  қатар 
жалпыадамзаттық  ерекшеліктер  де  тəн.  Алайда  ұлттық  тəжірибе  əрбір  жеке  тілдің  спецификалық 
ерекшелігін танытады. Тілді тұтынушы өз тілі арқылы белгілі бір əлемнің тілдік бейнесін иеленеді. 
Ал əлемнің тілдік бейнесі адамның əлемге (өзіне, айналасындағы адамдарға, табиғат құбылыстарына 
жəне  т.б.)  деген  қатынасын  қалыптастырады.  Адамның  ортаға  деген  қатынасын  анықтай  отырып, 
əлемнің тілдік бейнесі сол əлемдегі мінез-құлық нормаларын жасап береді. Əрбір тіл əлемді өзінше 
концептуалдайды.  Осылайша  бірыңғай  көзқарастар  жүйесі,  тілді  тұтынушылардың  ұжымдық 
философиясы  пайда  болады.  Олай  болса,  тіл  тек  ақпаратты  жеткізу,  қарым-қатынас  қызметімен 
қатар, ұлттық/жалпыадамзаттық деңгейдегі маңызға ие.      
Заманауи  ғылыми  мүдде  үшін жай  ғана  адам  емес,  тұлға  маңызды  орынға  ие.  Бұл  ретте  тұлға  – 
сана,  тіл  иесі,  күрделі  ішкі  əлемі  бар  нақты  адам.  Адам  –  табиғаты  жағынан  əлеуметтік  мəнге  ие 
жаратылыс, адамда адамзатқа тəн нəрселер оның өмірінде қоғамдық шарттарға байланысты, адамзат 
мəдениетінің  шеңберінде  туындайды.  Лингвистикалық  дүниетаным  мəселесінің  орталығында  жай 
ғана  адам  емес,  тілдегі  адам.  Себебі  тіл  –  бізге  жасырын  менталды  дүниеге  енуге  көмектесуге 
қабілетті жалғыз құрал. Тіл адамның өзі ойламаған адам туралы нəрселерге жеткізеді. В. Гумбольдтің 
«тілді зерттеудің мақсаты адамзаттың өзіне жəне көзіне көрініп тұрғанмен жасырын айналаға қарым-
қатынасын тану» дегені осыған келіп саяды.   
«Əлем бейнесі» терминіне түсініктеме беруде М. Планк практикалық жəне ғылыми əлем бейнесін 
жіктейді.  Алғашқысы  адамның  өзіндік  бастан  өткеру  нəтижесінде  біртіндеп  қалыптасқан  қоршаған 
əлем  туралы  тұтастай  түсінігін  қамтыса,    ғылыми  əлем  бейнесі  –  жекелеген  тұлғалар  мен 
бүкіладамзат ойлауынан тəуелсіз шынайы əлем моделінің абсолютті мəні [3]. Бұл ретте əлем бейнесі 
ұғымының төмендегі аспектілерін атап өту маңызды:   
– əлем бейнесі екі полюс арасындағы аралық қалыпқа ие: ғылым мен дүниетаным немесе ғылым 
мен философия;  
– əлем бейнесі əлеуметтік практика түріндегі дүниетаным;  
–  əлем  бейнесі  философиялық  рефлексияның  түрі  ретінде  танылады  (ғылыми  əлем  бейнесінің 
неонатуралистік тұжырымдамасы); 
– əлем бейнесі ғылыми білімнің түрі ретінде танылады (ғылыми əлем бейнесінің сциентистикалық 
тұжырымдамасы).   
Біздің  тарапымыздан  жүргізілетін  зерттеу  жұмысы  үшін  бұл  аталған  категориялар,  ұғым-
түсініктер  лингвистикалық  дүниетаным  мəселесінің  қай  аспектілерде  зерделенуі  тиіс  екендігін 
бағдарлауда  аса  маңызды.  Жалпы  орта  білім  беру  жүйесінде  оқушылардың  лингвистикалық 
дүниетанымын  қалыптастыру  осы  мəселенің  концептуалды,  əдіснамалық  жүйесін  айқындап  алуды, 
осыдан кейін əдістемелік жүйесін ұсынуды қажет етеді.  
Лингвистикалық  дүниетанымды  қалыптастырудың  концептуалды  негізі  жоғарыда  аталған 
категориялардың түрлі аспектілердегі сипаты мен өзіндік арақатынасын ғылыми-теориялық тұрғыдан 
айқындауды талап етсе, əдіснамалық аспектіде жалпы орта білім беру жүйесінде білім алушылардың 
лингвистикалық  дүниетанымын  қалыптастырудың  философиялық  мəні,  ұлттық  мəселе  деңгейіндегі 
маңыздылығы  көрсетіліп,  дəйектелуі  керек.  Сонымен  қатар  дүниетаным  категориясының 
индивидуалдық  ерекшелігін  ескере  отырып,  білім  алушылардың  психологиялық  жəне  жас  кезеңіне 
тəн белгілерінің аталған мəселеге қатысын зерделеу де əдіснамалық аспекті үшін маңызды.    
Аталған  категорияларды  ғылыми,  əдіснамалық  жəне  əдістемелік  тұрғыдан  негіздеу 
лингвистикалық  дүниетанымды  қалыптастырудың  өзектілігін  дəйектей  түседі.  Осымен  байланысты 
егер қазақстандық қоғамның, тілдік жəне білім кеңістігінің елеулі мүшелері ретінде лингвистикалық 
дүниетанымын  қалыптастырудың  теориялық  жəне  əдіснамалық  негіздері  айқындалса,  қазақ  тілін 
оқыту  үдерісіне  лингвистикалық  дүниетанымды  қалыптастырудың  жаңа  технологиялық  əдіс-
тəсілдері  енгізілсе,  қазақ  тілі  бойынша  оқу  бағдарламалары  жаңа  əдіс-тəсілдермен  толықтырылса, 
лингвистикалық дүниетаным қалыптастырудың əдістемелік моделі құрылса, онда білім алушылардың 
лингвистикалық  əлеуеті  көтеріледі,  тіл  мəдениеті  артады,  тілдік  білім  деңгейі  жоғарылайды, 
Қазақстандағы  тіл  саясатының  негізгі  міндеттерін  жүзеге  асыруға  үлес  қосады,  өз  ұлтының  тіліне 
деген  құрметі  артады,  өйткені  лингвистикалық  дүниетанымы  қалыптасқан  оқушы  лингвистикалық 
тұрғыдан толық құзыретті тілдік тұлға дəрежесіне жетеді.  
284


Қорыта  келе,  ұлттық  мəдениеттің  бөлінбес  бөлшегі  ретінде  қазақ  тілі  қазақстандың  білім  беру 
кеңістігінде білім алушылардың лингвистикалық дүниетанымын қалыптастырудың негізгі құралына 
айналуы  тиіс.  Дүниетаным  –  адамның  қоршаған  ортасы  туралы  көзқарасының  қалыптасуы,  ал 
лингвистикалық  дүниетаным  –  тіл  туралы  философиялық,  ғылыми-теориялық  (əлеуметтік,  мəдени, 
психологиялық, педагогикалық жəне т.б.) жан-жақты білім.  
 
Əдебиет: 
1.
  Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы // http://adilet.zan.kz
 
2.
  https://www.moya-planeta.ru 
3.
  Макс П. Единство физической картины мира. – М.: Наука, 1966. - С. 73. 
 
 
Қасымбекова А.  
Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты 
 
Қазақ-ағылшын ертегілеріндегі мифологиялық сипаттағы кейіпкерлер 
 
Құрылысы жағынан əрі ықшам  əрі көркем  ертегілермағынасы  жағынан терең ой,  кең мазмұнды 
қамтитындығымен ерекшеленеді.  Айтылмақ  ойды  астарлап  жеткізу  ертегілер  мен  аңыздарға  
тəн.Ағылшын, қазақ ертегілері  бірдей болады деп айту мүмкін емес. Өйткені екі халықтың тұрмысы 
мен тіршілігінде, даму тарихында ұқсастықтарымен қатар, ерекшеліктер де аз емес.  Кейде екі  тілдегі 
ертегілер бір-бірімен  тек алынып отырған тақырып, білдіретін мағынасы жағынан ғана ұқсас болуы 
мүмкін.  Екіншіден,  ағылшынша,  қазақша,  орысша  ертегілердің  баламасы,  түпнұсқасы  ұқсас  болуы 
мүмкін.  Бұл  ұқсастықтар  тіларалық  қарым-қатынас  негізінде  ауыздан-ауызға  тарап  қалыптасуына 
байланысты  болады.  Кейде  ертегілер  тек  образдармен  ерекшеленеді,  кейде  мағынасы  жағынан 
үндесіп, ұқсас болады. Бұған дəлел, қазіргі замандағы ертегілер, мысалы: «Күлше қыз»– «Cinderella»  
ертегісін  естімеген  ел  жоқ  десек  қате  айтқандық  емес.  Бұл  ертегі  кез  келген  қоғамдағы  жетім  қыз 
өмірімен  байланысты  өрбіп,  оның  қиыншылықта  өмір  сүруі,  рухани  байлығының  бай  болуы 
арқасында,  өмірінде  кездескен  қиыншылықты  жеңуі  жəне  оған  мифтік  себептердің  көмекші  болуы 
арқылы арман мақсатына жету, жамандықты жақсылықтың жеңуі сияқты толып жатқан идеялардан 
пайда болуы көптеген халықтар арасында ұқсас келеді.   
Ертегілерді негізінен екі түрде қарастырып келеді:  
а) халық ертегілері; 
ə) əлем халықтары ертегліері.  
Ертегілерді  бірнеше тілде білу өзімізге де пайдалы. Олар да түрлі тарихи жағдайларда құрылған, 
бірақ сонда да халықтың арманын, мақсатын, қиялы мен сезімін көрсетеді. Белгілі бір ойдың əртүрлі 
халықтардың,  яғни,əртүрлі  тілдегі  қалай   айтылатындығын  есту   қызықты.  Тегінде,  ертегілер  –  қай 
халықтың  болсын  жан  дүниесінің,  мінез-бітімінің,  тыныс-тіршілігінің  айнасы;  ол  сол  халықтың 
сөздік қорының  байлығын  танытып  қана қоймай, оның  уақыт  санын  құны артпаса,  арзымас  қазына 
екенін  сездірер  белгісі.  Сондықтан  қай   тілде   болсын  ертегілерді  оқып,  үйрену  керек.  Өйткені  тіл 
өзгерсе  де,  сөз   өзгерседе  ертегілер  түпкі  мағынасы,  айтайын  деген  ойы  өзгермейді.  Бірақ,   ең 
алдымен, өз тілімізді, əркім өз   халқының рухани байлығын білу керек. «Ана тілін ұмытқан адам өз 
халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» (Ғ.Мүсірепов). 
Ұлт  тарихындағы  негізгі  оқиғалар  тілдің  құжаттық,  мəдени  танымдық  қарекетінің  негізінде 
фразеологиялық,  паремиологиялық  жүйеде,  ескі  мəтіндерде  тарихи  есімдер  арқылы  таңбаланып, 
халық  санасында  жатталады.  Өзгеше  ұлттық  мазмұндық  бейнедегі,  мəдени  ақпараттық  мазмұны 
басым  бұл  атаулар  лингвистикада «прецеденттік»деп  анықталып,  тіл  мен  мəдениет  байланысында 
қарастырылады. 
Қазақ тілінде прецеденттік есімдер халықтың шалымды ойы мен кемеңгерлігінен туған бай ауыз 
əдебиеті  мен  тарихынан  алынған  фольклорлық  мəтіндерде  тұрмыс-салт,  əдет-ғұрып,  наным-сенімге 
қарай бірнеше топқа бөлініп зерделенеді. Мысалға, мифтік образдар: Əзірет əли, Қожанасыр, Алдар 
Көсе,  Қамбар  батыр  жəне  т.б.,   пайғамбарлар (Қорқыт  ата,  Дəуіт,  Мұса,  Сүлеймен),  Қанбақ  шал 
Қыдыр ата жəне т.б; 
Қасиетті пірлер жəне əулиелер: Бибі Фатима, Қожа Ахмет Иассауи, Ұмай ана; 
Тарихта болған тұлғалар: Абылай хан, Қасымхан, Қабанбай мен Бөгенбайлар,  Есет батыр жəне 
т.б; 
Əдеби  мəтіндердегі  кейіпкерлер:   Дайрабай,  Мырқымбай   (Б.Майлин),   Судыр  Ахмет 
(Ə.Нұрмифтік есімдерйісов)  жəне  т.б.  Осы  секілді   бұндай  ертегі  кейіпкерлерін  мақал-мəтелдерде, 
жұмбақтарда, қанатты сөздерде, бата сөздерде, нақыл сөздерде молынан кездестіруге болады. 
Мысалы: Түгел сөздің түбі бір, 
285


Түп атасы – Майқы би.                                 
Ағылшын тілінде ең танымал діни мифтік тұлға Adam екендігі анықталды: 
Since Adam was a boy (бағзызамандардан). 
Old as Adam (ескі – старокакмир). 
The old Adam («тозғанАдам»; адамтабиғатыныңкүнəһарлығы). 
Adam`s apple (Адамалмасы; жұтқыншақ). 
Келесі ағылшын сөз тіркесінде екі сөз тіркестері  бір емес тіпті екі мифтік есімдер кездеседі: When 
Adam delved and Eve span who was then a gentleman? 
Қазақ  тілінде  көптеген  діни  мифтік  ұғымдар  Алла  атымен  байланысты  болса,  ағылшын  тілінде 
Адам атымен байланысты  кездеседі: 
 1. Аллаға шүкіршілік қылуы; 
 2. Алланың жазған парманы; 
 3. Атымтай [-дай] жомарт; 
Мұнда құдіреті күшті Алла тағаланың мифтік есімдеріне деген жақсылығы мен кеңдігін көрсетеді. 
Сонымен қатар аты жомарттығымен танымал болған Атымтай бейнесі тура мағынасында берілген. 
Бұндай  есімдерге мысалдар көптеп кездеседі: 
 Атымтайдай жомарт бол, 
Наушарбандай əділ бол. 
Наным-сенімдегі мифтік тұлғада: 
Ассалаумағалейкум, Адыраспан! 
Бізді сізге жібереді емдік үшін Омар, Оспан. 
Омар,  Оспан бейнелері  барша  мұсылман  қауымына  қасиетті  тұлғалар,  жəрдем  етуші  образында 
қолданылады. Сөйтіп, автор прецеденттті есімдерге Алла, пайғамбар, құрмет тұтатын есімдер қазіргі 
кезде  де  шығармаларда,  фразеологизм,  мақал-мəтел,  наным-сенімдерде  жиі  қолданылады  деген 
қорытындыға  келеді.  Профессор  Е.Жұбанов  қазақ  ертегілеріндегі  осы  секілді  прецеденттік 
антропонимдерді  дəстүрлі  атауыштық  формулалар  деп  атап,  солардың  арасындағы  кісі  аттарына 
қатыстыларын дəстүрлі  атауыш  формулалар деп  жіктейді  [2].Бұл  фразеологиялық  бірліктер 
шығуына тарихи жағдайлар тікелей əсер еткен. Оның прототипі У.Тайлер баскаруымен болған (XIV) 
шаруалар  көтерілісінің  Джон  Боллға  тиесілі  ұраны  болған.  1380-1381  жылдар  Англия  халқын 
қанаудың ең сорақы кезеңі болған: Damon and Pythias («Дамон жəне Пифиас», айнымас, айырылмас 
достар). 
Кез  келген  атауды  қалай  болса,  солай  атай  беруге  болмайды.  Егер  халық  құптап,  бойына  сіңіре 
алса  ғана  дұрыс  атау  дей  аламыз.  Уақытша  аталған  атаулардың  маңызы  аз,  елеулі  əлеуметтік 
оқиғамен  байланысты  атауларды,  халық  қоштайды.  Əлеуметтік  оқиға  жəне  сол  оқиғадағы  тарихи 
тұлғаларға ұқсатып кісі есімдерін қояды.Прецедентті есімдер, біріншіден, əдеби туындыға түсмифтік 
есімдер  бұрын  миф,  аңыз,  əңгімелерде  қолданылған,  екіншіден,  қазіргі  кезде  əдеби  туындылармен 
қатар  діни,  халық  əдебиеті  жəне  тарихи-пəлсапалық,  мифтік  есімдер,  саяси-публицистикалық 
шығармалар  да  мəтін  санатында  жүреді.  Осыған  айғақ  С.Иманбердиеваның  мақаласындағы 
поэтикалық  шығармаларға,  мақал-мəтелдерге,  наным-сенімдерден  келтірген  прецедентті  есімдерге 
мысалдары [1, 90]:  
Ал қазақ ертегілеріндегі кісі аттары өзінің мəдени-танымдық қызметіне байланысты қиындығымен 
ерекшеленеді: Ерназар, Бекторы, Шойынқұлақ, Ер Төстік, Керқұла атты Кендебай, Күн астындағы 
Күнікей  қыз т.б.  Сонымен  қоса  эпостық  жырларда  кезігетін Қара  қыпшақ  Қобыланды,  Қамбар 
батыр, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Қыз Жібек т.б. этнотанымдық ерекшеліктің көріністері [3, 264]. 
Осындай  прецеденттік  мəтіндердің  мəнінің  астарында  тарихи  тұлғалардың,  мифтік  бейнелердің 
есімдерінде, яғни, антропонимдерде ұлттық болмыс мифтік есімдер мəдениет сақталған. Осы сияқты 
атаулардың тағы бір тобы – поэтонимдер деп аталады. Яғни, бас-көз, бет-ауыз, тіл-жақ мұрын, қол-
аяқ  т.б.  атаулардан  Г.Қортабаеваның  зерттеу  нəтижесінде  250-астам  сатиралық  юморлық 
поэтнонимдер  жасалған  [5,  75].  Ағылшын  прецеденттік  есімдерінің    фразеологиялық  сөздігінен 
талдаулар жүргізілді [6, 175]. 
Ағылшын  тіліне  келетін  болсақ,  5-8  ғасырда  табылған  қолжазбалардың  өзінде  миятік  есімдер 
кездеседі.  Castor  and  Pollux (Əулие  Эльм  алауы.  Рим  мифологиясынан,  Кастор  жəне  Поллукс  – 
Юпитер  мен  Леданың  егіз  ұлдары. Теңізшілер  олардың аттарын  «алау»  деген).Bacchus  has  drowned 
more  men  than  Neptune  (Шарап  адамды  тоздырады  –  Вино  погубило  больше  людей  чем 
море).Мифологиялық  сипаттағы  прецеденттік  есімдер  тобына Othello,Achilles, Cleopatra, Pandora, 
Penelope, Mahomet жəне т.б. аттар кірді. 
Мифтік сипаттағы сөз тіркестері  тек жеке жалқы есімдерден тұрады. Əйел аттары мифтік есімдер 
арасынан 20% ғана құрайды. Бұл аттармен жасалған сөз тіркестері  іс-əрекет, шарасыздық, адамдар 
мінез-құлқы мен мақсаттарын, заттарды көрсеті мақсатында қолданылған. Мысалы: Bend the bow of 
Ulysses. («Одиссей  садағын  майыстыру»  яғни,  өте  қиын  нəрсе  жасау).Ағылшын  сөз  тіркестерінің   
286


көп бөлігі антикалық мифологиямен де байланысты. Бұл сөз тіркестерінің басым бөлігі халықаралық 
сипатқа ие, себебі бірнеше тілдерде кездеседі. 
Антикалық мифологиямен байланысты сөз тіркестері  төмендегілерді жатқызуға болады: 
the apple of discord – керісалмасы; 
the  golden  age  – алтын  ғасыр  (тіркес  алғаш  рет  грек  ақыны  Гесиодтың  «Еңбектер  мен  Күндер 
(Трудыидни)»  поэмасында  Сатурн  ғасырын,  адамдар  Құдайша  еш  мұң-қайғысыз,  ұрыс-керіссіз, 
соғыссыз жəне еріксіз еңбектенусіз өмір сүрген кезді суреттеуде қолданған); 
a labour of Hercules (the labours of Hercules; a Herculean labour немесе Herculean labours) –геркулес 
еңбегі; 
Lares  and  Penates  – ларалар  мен  мифтік  есімдер  наталар, берекелі,  жайлы  ошақ  жасау 
(ларалармен  мифтік  есімдер  наталар  ежелгі  рим  мифологиясы  бойынша  –  ошақ  жайлылығының 
Құдайлары). 
Гомерлік «Илиада» жəне «Одиссеймен» байланысты тіркестер: 
between Scylla and Charybdis – Сцилламен Харибда арасы, шешімі жоқ жағдайда болу; 
on the knees of the Gods – бірҚұдайғааян (бір Аллаға аян); 
Penelope`s web – «Мифтікесімдернелопажоспары», созутактикасы. 
Гомер «Илиадада» жəне кейінірек Вергилия «Энеидада» ақындар Троя қаһармандарының ерлігін 
мадақтайды.  Осыдан  like  a  Trojan  – ерлік,  ержүректілік,  батырлық тіркесі  шыққан. Троя  соғысы 
жайлы қалыптасқан тағы бір тіркес the Trojan horse – троя жылқысы, жасырын қиындық. 
Ағылшын  тіліндегі  ертегілерде  кездесетін  тіркестер  көбі  Ежелгі  Риммен  тығыз  байланысты. 
Мысалы,  a  bed  of  roses  – «райхан  гүлі  төселген  төсек  (ложе  из  роз)», бақытты,  уайым-қайғысыз 
өмір. (Тіркес  əдетте  болымсыз  мəнде жиі  қолданылады  life  is  not a  bed  of roses – өмір жолы  –  қиын 
жол. Тіркес  Ежелгі  Рим  байларының  төсектерін  райхан  гүлімен  көмкеруімен  орайластырылған 
салттан  туған.  Сонымен,  мифтік    есімдер  –  əдеби  туындылардағы,  ертегі,  аңыздарда  келтірген 
кейіпкерлердің  аттары.  Прецеденттік  –  мифтік    есімдер  халық мəдениетінде,  ауыз  əдебиетте,  тарих 
мифтік есімдерн күнделікті өмірде де ерекше орынға ие.  
Қорытындылай келе,  жоғарыда  айтылған   мəселелерге сүйене  отырып,  келесі  тұжырыммен 
шектелмекпіз. Ертегілерді 
зерттеу барысында  
өмірден алынған қарым-қатынас  
қызметке 
байланысты  фактілері  жəне де олардың көп сатылы семантикалық кеңістіктегі орнын анықтау үшін 
жаппай  зерттеудің   ыңғайлы  əдістемесі   қолданылуы  қажет.  Екітілдегі  ертегілердің  ұқсастығы 
мен айырмашылықтары бар.  Ертегілердің  айырмашылығы  екі тілдің  формаларының  сыртқы 
белгілеріне байланысты. Сонымен бірге мағынасын анықтау үшін  ертегілер мен аңыз əңгімелердің 
көлеміне  де  назар  аудару  қажет.    Ертегілер  мен  аңыз  əңгімелер  арқылы  біз  əр  елдің  мəдени 
ерекшелігімен,  салт-дəстүрімен  жəне  тілдік  байлығымен  танысамыз.  Ертегілер  мен  аңыз  əңгімелер 
арқылы біз əр елдің тек өзіне ғана тəн ерекшеліктерін байқай отырып, барлық елге мынадай ортақ бір 
заңдылықты  аңғарамыз:  мақал-мəтел  –  əрбір  халықтың  рухани  қазынасы,  ұмытылмай 
ұрпақтанұрпаққа жаттала  тарайтын   өнеге,  үлгі-өсиет  жəне де  адам  пікірінің  дəнекері, аталы  сөздің 
жемісі. 
 
Əдебиет: 
1.
  Иманбердиева С. Прецедентті атаулардың мен сонимдерде қолданылуы // Тілтаным. -  2002. - №2.- 90-
94-б. 
2.
  ЖұбановЕ. Эпостілініңөрнектері. -Алматы: Ғылым, 1978. 
3.
  Нурекешова  Г.Р.    Ағылшын  жəне  қазақ  тілдеріндегі  мифтік  сипаттағы  прецеденттік  есімдердің 
лингвомəдени ерекшеліктері // Молодой ученый. - 2015. -№8. -С. 57-58. 
4.
  Батырлар жыры. – Алматы: Жазушы, 1986. - 264 б. 
5.
  Қортабаева Г.Қ. Соматикаға қатысты сатиралық юморлық поэтноимдердің тілдік табиғаты // Академик 
Ə.Т Қайдар жəне тіл білімінің мəселелері. - Алматы: Дайк-Пресс, 2004. 
6.
  Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. - Алматы,1968. – 79 б. 
 
 
Ерсултанова Г. 
Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты 
 
«Тілдік тұлға» ұғымының құрылымдық мəні 
 
Тілдік  тұлға  ұғымын  талдап,  тану  үшін  жүйелі  түрде  жаңа  бағыт  бойынша  ғылыми  зерттеу 
жұмысын жүргізу қажет. Тілдік құбылыстарды тану жолында күрделі үрдісті дамыта отырып, басқа 
да  ғылым  салаларымен  (психология,  филосоия,  логика,  антропология,  мифология  т.б.)  тығыз 
байланыстыра отырып зерттеу – тіл ғылымының негізгі мақсаты болып табылады.  Тілдің өзінің ішкі 
заңдылықтарының  негізінде  ғана  танып  білу  жеткіліксіз.  Қазіргі  таңда  ұлттық  тіл  мəселесі  жиі 
287


қозғалып, ұлттық мəдениет, ұлттық болмыс, діл мен дін сияқты ұғымдарды тоғыстыру арқылы ғана 
ұлттық  тілдің  табиғатын  ашу  мүмкін  болып  отыр.  Тілді  халықтың  тарихымен,  мəдениетімен,  ой 
танымымен бірлікте зерттеп, тану арқылы тіл білімі саласында жаңа бағыттар пайда болып, өріс алып 
келеді. Тіл мен танымның бірлікте қарастырылуы – тіл иесіне қатысты тұтастықта зерделеніп, тілдік 
тұлғаны танып, білуге негіз болады. 
Жалпы алғанда, құрылымдық тіл білімінде тіл– дүниетанымның құралы, ойлаудың ұғым, түсінік, 
пайымдау  тəрізді  түрлерінің  обьектенуі  деп  сипатталатыны  белгілі.  Осыған  орай  тілдік  жүйенің 
құрылымына  тереңдеп  барудың  ұлттық  тілдің  табиғатын  шынайы  танудың  бір  жолы  тілдік 
таңбаларды,  оны  құрайтын  элементтерді,  олардың  мазмұндық  жағы  мен  тұлғалық  жағын  тілдің  өз 
заңдылықтары  негізінде  қарау  болса,  екінші  жолыоларды  тілдік  емес  мəнділіктермен,  яғни,  ақиқат 
өмір, ойлау, танымдық тұрғыда бір-бірімен тығыз байланыста қарау болмақ [1]. Кез келген автордың 
шығармашылық  табиғатын  тану  қазақ  тіл  білімінде  соңғы  жылдары  қалыптасып  келе  жатқан  жаңа 
бағыттың  бірі  «тілдік  тұлға»  ұғымымен  тығыз  байланысты.  Аталған  ұғым  өз  кезегінде 
лингвистиканың бір саласы ретінде танылған «ғаламның тілдік бейнесі» теориясымен сабақтасады. 
«Тілдік тұлға» ұғымының тарихына тоқталып өтсек, В. фон Гумбольдттің еңбектері тілдік тұлға 
ұғымын қалыптастыруда  маңызды рөл атқарды. Тіл мен ойлауды саралай келе, ол ойлауды белгілі 
бір  тілге  байланысты  болады  деген  қорытындыға  келеді.  В.  фон  Гумбольдт  теориясының 
маңыздылығы  ұлттық  танымда  жəне  ол  өз  еңбектерінде  «Weltbild»  терминін  («əлемнің  бейнесі») 
қолданды  (Гумбольдт  1984,  78).  Л.Вайсгербер  В.  ФонГумбольдтің  идеясын  əрі  қарай жалғастырып, 
«sprachliches Weltbild» терминін («əлемнің тілдік бейнесі») енгізеді (см. [Вайсгербер 2004]). Э.Сепир 
мен  Б.Уорфтың  еңбектерін  атап  өтпеуге  болмайды,  олар  «əлемнің  бейнесі»  мен  «əлемнің  тілдік 
бейнесі» ұғымдарын ашуда өз үлестерін қосты.  
Əлемнің тілдік бейнесін зерттеуде Л. Вайсбергер есімімен тығыз байланысты тағы бір жаңа ұғым, 
«тілдік тұлға» ұғымы, қалаптасты. Г.И. Богин «sprachliche Personlichkeit»,«сөйлеуші тұлға» термині, 
Л.Вайсбергер еңбектерінде ең алғаш қарастырыла бастады десе, Ю.Н.Караулов болса, тілдік тұлғаны 
А.А.Шахматов  алғаш  болып  синтаксистік  құбылыс  пен  құрылымды  психологиялық  тұрғыдан 
зерттеді  дейді.  В.В.Виноградов  болса,  К.Фосслер  тілдік  тұлғаны  стилистикалық  аспектіде  тілді 
зерттеуді мақсат етеді деп тұжырымдаған [Виноградов 1963, 27].  
«Тілдік  тұлға»  құбылысына  ХХ  ғасырдың  соңғы  жылдарынан  бастап  ерекше  назар  аударыла 
бастады. «Тілдік тұлға» мəселесін зерттеуде Воркачёв, 2001; Воробьёв, 1998; Канчер, 2000; Карасик, 
2002; Караулов, 1987; Седов, 2000 тілдік тұлғаны адамның сөйлеу қабілетімен байланыстыра отырып, 
оны шығарма тілін қабылдау мен жасаудың əлеуметтік жəне жеке тұлғаның сипаттамалық тұтастығы 
ретінде  анықтайды.  Ресей  лингвистикасында  В.Виноградов  тілдік  тұлғаны  «автор  тұлғасы»  жəне 
«кейіпкер  тұлғасы»  ретінде  қарастырып,  екі  түрлі  ұғымды  қаллыптастырды  [2],  А.Леонтьев  оны 
«сөйлеуші  тілдік  тұлға»  ретінде  сипаттайды  [3].  Г.Богин  [4]  «сөзді  өзі  шығарып,  айтуға  жəне 
қабылдауға  дайын»  адамды  тұлға  деп  қарастырып,  оған  өзінше  анықтама  берді.  Ол  тілдік  тұлғаны 
лингводидактика үшін актуалды  моделін ұсынды. 
Кесте 1. Г.И.Богиннің тілдік тұлға моделі И.Богиннің тілдік тұлға моделі тілді меңгеру деңгейіне 
қарай жіктелген. «Лингводидактикалық модель» аталатын бұл деңгейлер былайша сипатталады: 
1)  жеткілікті  лексикалық  қоры  бар,  тілдің  негізгі  құрылымдық  заңдылығын  білу,  белгілі  бір 
нормаға  сəйкес  пікір  білдіре  алатын,  мəтінді  қабылдай  алатын  деңгейі  анықталатын  –  түзулік 
(дұрыстық) деңгей;  
2)  сөйлеу  əрекетінің  ішкі  жоспарына  (ойша  жасалған)  сəйкес  сөйлесе  алатын,  естігенін  түсініп, 
қабылдай алатындай білік-дағдыны анықтайтын – интериоризация деңгейі (қоршаған орта əсері); 
3) фонетикалық, грамматикалық, лексикалық нормаларды сақтап, тілдің көркемдегіш құралдарын 
шебер пайдаланатын қанықтық деңгейі (уровень насыщенности); 
4) сөйлесу барысында (айтылымда, пікір білдіруде) қолданылатын тілдік құралдардың қызметіне 
қарай бағаланатын –адекватты (сəйкес) таңдау деңгейі; 
5)  тілдік  тұлға  туғызған  мəтіннің  мазмұнына  жəне  коммуникативті  міндеттің  барлық  кешеніне 
сəйкестігі ескерілген –сəйкес синтездеу деңгейі[4, 31]. 
Дегенмен тілдік тұлға мəселесін орыс ғалымдары арасында Ю.Н.Караулов кеңінен зерттеп, термин 
ретінде  ғылымға  енгізді.  Өзінің  «Русский  язык  и  языковая  личность»  атты  еңбегінде  тілдік  тұлға 
теориясына  қатысты  тəсілдерді  жинақтап,  В.В.  Виноградов  жəне  Г.Богиннің  еңбектерінде 
қарастырылған  «тілдік  тұлға»  ұғымын  толықтырды.Ю.Караулов  тілдік  тұлғаны  «мəтін  түзіп, 
қабылдай алатын күрделі тілдік құрылым деңгейі; ақиқат дүниені терең жəне нақты бейнелей алатын; 
анық  мақсатты бағыты  бар  адам»  деп  анықтайды [5].  Ю.Караулов  көркем мəтінді  тірек  ретінде  ала 
отырып, тілдік тұлғаның үш деңгейін атап өтті:  
1) вербальды-семантикалық деңгей;  
2) лингвокогнитивтік деңгей;  
288


3)  прагматикалық  (мотивациялық)  деңгейді  көрсетеді  [5,  63].  Кейінгі  кездері  жарық  көрген 
ғылыми жұмыстардың барлығы да осы Ю.Карауловтың деңгейлеріне сүйене отырып, жеке тұлғаның 
тілдік тұлғасын, тілдік ерекшелігін аша білді. 
Ф.Қожахметова өз жұмысында, «тілдік тұлға» жəне «адамның тілдік үлгісі» екі терминнің ғылыми 
əдебиетте қатар қолданылып келе жатқанын атап өтіп, бұлардың бір құбылысты білдіретіні даусыз, 
бірақ осы арады терминдерді нақтылауды ұсынды. Себебі тілдік тұлға – тілді нақты қолданушының 
жіктеме белгілерінің ғана жиынтығы емес, жалпы аялық білімнің де көрінісі, ғаламның тілдік бейнесі 
негізіде  анықталатын  суреткердің  əлем  үлгісі.  Демек,  тілдік  тұлғаның  жалпы  аялық  біліміне  қоса 
оның дүниетанмы, білімі, рухани негізі, яғни, оған тілден тыс факторлар да əсер етеінін атап өтті [1, 
11]. 
Жалпы, тілдік тұлға дегеніміз ұлттық тіл ортасында, ұлттық құндылықтар арасында тəрбиеленген, 
ұлттық рух пен ұлттық тілді толық меңгерген жеке адам, бүкіл ұлттық болмысты бойына жинақтаған 
индивид.  Тілдік  тұлға  мəселесіне  қатысты  шетел  жəне  ресей  ғалымдарымен  қатар,  қазақтың  тілші 
ғалымдары да нəтижелі жұмыс  атқарып келеді [2].Белгілі ғалым Н.Уəли тілдік тұлға жайлы құнды 
пікірлер  ұсынды:  «Тілдік  тұлға  тек  тілдің  ғана  емес,  адресант  жəне  адресат  ретінде  сөздің  де 
субьектісі;  Тілдік  тұлға  ұлттық  тілді  тұтынушы  ғана  емес,  ұлттық  мəдениетті  де  тұтынушы;  тілдік 
тұлға – сөз мəдениетінің түпқазығы» [1, 16-17]. Филология ғылымдарының докторы А.Ислам тілдік 
тұлғаны  былайша  сипаттайды:  «Тілдік  тұлға  дегеніміз  –  ұлт  тілі  мен  мəдениетінен  толық  ақпарат 
меңгерген тілдік-мəдени құзірет иесі. Ол ұлттық, аймақтық, əлемдік мəдениет ақпаратын меңгеруіне 
байланысты  деңгейлерден  тұрады.  Тілдік  мəдениет  құзірет  иесі  (сатылы  деңгейіне  сəйкес)  ұлттық 
реңктегі  тілдік  белгілер  мағынасын  арнайы  сараптама  көмегінсіз  жалпы  мағынасын  түсінуге 
қабілетті»,  –  десе,    [5].  Г.Мұратова:  «Өзі  меңгерген  ұлт  тілі  мен  мəдениетін  өзгеге  таныта  отырып, 
тілді  тұтынушы  ретінде  əрі  тілді  жасаушы  ретінде,  тұтастай  алғанда,  тіл  тарихына  (синхронды, 
диахронды  күйіне),  тілдің  дамуына  қандай  үлес  қосқанын  айқындау  мəселесі  –  тілдік  тұлға 
мəртебесін  одан  əрі  бекіте  түсетін  немесе  оның  тағы  бір  қырын,  яғни,  толыққанды  тілдік  тұлға 
болмысын ашатын ұстаным болуға тиіс», – дейді [1]. Тілдік тұлға – тілдік дəстүрдің қалыптасуына 
үлес қоса алатын, өзіндік көзқарасы бар, өз ойын адресатқа  жеткізе  алатын, өзіне дейінгі тұлғалар 
қалдырып кеткен байлықты меңгерген, соны иеленіп, өзінше жеке тілдік құбылыстар тудыра білетін 
тұлға деп түйіндейміз [5, 63].  
Тілдік  тұлғаның  даралық  сипатын  оның  шығармаларының  ерекшелігін  танытатын  мəтіндер 
негізінде  зерттеуге  арналған  еңбектер  қатары  көбейе  түсуде.  Осы  тұрғыда  тілдік  тұлға  мəселесі 
қазіргі  орыс  тіл  білімі  мен  қазақ  тіл  білімінде  төмендегідей  бағыттарда  қарастырылып  келеді  деп 
шартты  түрде  белгілейміз:1) нақты  тұлғаның  тілін  оның  когнитивтік  жəне  прагматикалық 
интенцияларын  назарға  ала  отырып  талдау; 2)  көптеген  ғылыми  еңбектерде тарихи  тұлғалар  тілін 
диахрониялық  тұрғыдан  сараптау орын  алған;  3) бөлек-бөлек  мəтіндер  негізінде  тілдік  тұлғаны 
модельдеуге  арналған  зерттеулер де  пайда  бола  бастады;  4) шығармадағы  кейіпкерлердің  тілдік 
тұлғасын  ашу  арқылы  шығарма  авторының  тілдік  тұлғасына  шығуды  мақсат  тұтқан  зерттеулер де 
кездеседі;  5) тілдік  тұлға  бойындағы  қасиеттерді  оның  ұлттық  болмысына  сай  қарастырған 
еңбектер [2]. 
Тілдік тұлға мəселесін зерттеудегі бағыттар бойынша түрлі көзқарастар қалыптасқан, бірі, тілдік 
тұлға мəселесіне зерттеуші үш бағытта карастыра алады дейді: 
А) психолингвистикалық тұрғысынан; 
ə) лингводидактика тұрғысынан; 
б) филологиялық тұрғысынан [4, 15]. 
Екіншісі, тілдік тұлғаны екі бағытта зерттеу үдерісі бар дейді, бірі – лингво-мəдени бағыт, екіншісі 
–  лингводидактикалық  бағыт.    Осы  екі  бағыт  шеңберінде  келесідей  аспектілерді  қарастыруға 
мүмкіндік бар: когнитивтік, прагматикалық,коммуникативтік, ұлттық. 
Тіл  білімінде  тілдік  тұлға  типологиялары  айқындалған:  жалпы  (полилектная),  жеке 
(идиолектная)  тұлға  (В.Нерознак);  этносемантикалық  тұлға  (С.Воркачев);  элитарлы  тілдік  тұлға 
(О.Сиротина,  Т.Кочеткова);  семиологиялық  тұлға  (А.Баранов);  орыс  тілдік  тұлғасы  (Ю.Караулов); 
тілдік жəне сөйлеу тілі тұлғасы (Ю.Прохоров, Л.Клобукова); шығыс жəне батыс мəдениеті тілдік 
тұлғасы  (Т.Снитко);  сөздік  түзілімнің  тілдік  тұлғасы  (В.Карасик);  эмоциятанушы  тілдік  тұлға 
(В.Шаховский) жəне т.б. [3, 23].       
Тілдік тұлға – құрылысы күрделі құбылыс. В.А.Маслованың көрсетуінше, тілдік тұлғаға мынадай 
компоненттер  енеді:1)құндылық,  дүниетанымдық,  тəрбие  мазмұны  компоненті,  яғни,  құндылықтар 
жүйесі жəне өмірдің мəндері; 2) мəдениеттану компоненті, яғни, тілге деген қызығушылықтың тиімді 
құралы  ретінде  мəдениетті  игеру  деңгейі;  3)  жеке  тұлғалық  компонент,  яғни,  əр  адамда  бар  терең 
жекелік қасиеттері. Т.Имашева «тілдік тұлға құрылымы мен шынайы тұлғалық келбеті оның барлық 
қырын зерделеу арқылы аңғарылады», – деген көзқарасты ұстанды[4,  21].   
Тілдік тұлғаны түсіндіруге бірнеше бағытта келу үрдісі қалыптасқан: 
289


1) тілдік тұлға болып табылатын жеке адам қалыптасуының негізгі жүйелерін анықтау (тегі, өмір 
сүрген ортасы, əдеби жəне тілдік, ұлттық-мəдени ықпал жəне т.б.); 
2) жеке адамның тілдік тұлғалық болмысын құрайтын жеке қасиеттерін танытатын ерекшеліктерді 
көрсету,  яғни, оны  өз  бетінше  білім  алу,  өзін-өзі  жетілдіру,  тəрбиелеу,   өз  тілдік  тəжірибесін 
ұрпақтарына  мұра  етіп  қалдыруда  жеке  жауапкершілігін  сезіну,  білім  дағдыларын  игеру,  шеберлік 
дағдыларын  меңгеру,  игерген  білімдері  мен  тəжірибесін  болмысты  өзгерту  үшін  қолдану т.б. 
қасиеттерден  тұратын  күрделі,  көпсатылы  зерттеу  нысаны  ретінде оның  тілінің  ассоциативтік-
вербалдық,  лингвокогнитивтік,  прагматикалық  деңгейлерін  сипаттаудан  тұратын  деңгейлік  талдау 
арқылы қарастыру қажет екені айқындалды [2, 13]. 
 
Тілдік  тұлғаның  қалыптасуына  мынадай  алғышарттар  болуы  тиіс:  1)  ұлттық  тəрбие 
(отбасылық  тəрбие);  2)  ұлттық  тілдегі  өлшемдер  (қабылданған,  қабылданбаған  құндылықтар);  3) 
мəдени ақпарат (салт-дəстүр, əдет-ғұрып); 4) рухани сана (дін қағидалары); 5) үлгі тұтатын тұлғалар 
(Абай,  Шоқан  т.б.);  6)  озық  білім  жүйесі;  7)  тектілік  интеллектісі.  Міне,  осы  қасиеттерді  бойына 
жинаған индивид, саналы адам дəрежесінен тұлға, одан əрі тілдік тұлға дəрежесіне көтеріле алады. 
Тілдік  тұлғаның  өзінің  болмысына  сəйкес  қалыптастырған,  енгізген  сөз  саптауы,  көзқарасы 
эталондық  сипат  дəрежесіне  көшеді  де  оның  тілі  зерттеу  арқауы  бола  бастайды.  Бұл  көбіне  тілдік 
тұлғаның дəстүрлі вербальды-семантикалық деңгейінде байқалады[7]. 
Қорыта келгенде, мəтінде де, дискурста да – тілдік тұлға мəселесі басты орын алатыны сөзсіз. Кез 
келген мəтінді тілдік тұлға жазғаны белгілі. Дискурсқа да тілдік тұлға түсетіні айқын. Кейінгі кездері 
зерттеу  жұмыстарына  негіз  болып  келген  тілдік  тұлға  ұғымы  кейіпкер  мен  жазушы  тілдік  тұлғасы, 
автор мен аудармашы тілдік тұлғасы арасындағы айырмашылығы мен толық шешілмеген мəселелері 
бар  қарама-қайшылықты  құбылыс.  Антропоөзектік  бағытта  ұлттық  мəдени  құндылық  ретіндегі 
ұлттық  ділді,  ұлттық  тілдік  мұраны,  ұлттық  психологияны  терең  меңгерген  жеке  тұлғаны  зерттеу 
арқылы əлемнің тілдік бейнесін ашуда түрлі тұжырым жасауға мүмкіндік туады.                   
 
Əдебиет: 
1.
  Қожахметова Ф. Т.Ізтілеуовтің тілдік тұлғасының дискурстық сипаты: филол. ғыл. канд.  ...   автореф: 
10.02.02.- Алматы, 2004. – 35-б. 
2.  Мұратова Г. Абайдың тілдік тұлғасы: филол. ғыл. док.  ...   автореф:    10.02.02. – Алматы, 2009. - 303 б. 
3. Ермекова Ж. М.Жұмабаевтің тілдік тұлғасы: филол. ғыл. канд. ... дис.: 10.02.02. - Алматы, 2010. – 141 б. 
4.  Караулов  Ю.Н.  Предисловие.  Русская  языковая  личность  и  задачи  ее  изучения.  Язык  и  личность.  –  М.: 
Наука, 1989. – 263 с. 
5. Маслова В.А. Лингвокультурология: учебное пособие. – М.: Академия, 2001.  - 208 с. 
6.  Kushkimbayeva  A.S.,  Tumbolova  A.O.,  Precedent  texts  as  the  basis  of  a  pragmatic  level  of  M.  Auezov»s 
linguistic personality // The Rectnt Trends in Science and Technology Management.  L., 2013, may 9-10.  Р. 150-162. 
7. Кушкимбаева А.С. М.Əуезовтің тілдік тұлғасы: филол. ғыл. док.– Алматы, 2015. 
 
 
Жұмабайқызы Ұ.  
ҚХР, Бейжіңдегі Орталық Ұлттар  
университеті қазақ тіл-əдебиет  
факультетінің магистранты   
 
«Күлтегін» құлпытасындағы дауыссыз дыбыстардың емле ережесі 
 
1889 жылы Орхон өзенінің бойынан табылған «Күлтегін», «Білге қаған» құлпытастары – ІІ Түрк 
қағандығынан қалған бірден-бір тарихи  жазба мұра. Бұл тарихи ескерткіштердің табылуы ғылымда 
үлкен  дүмпу  қозғап,  түркітанушылардың  назарын  аударды.  Ғалымдар  бұл  ескерткіштерді  оқу 
жұмысына кірісті. 1893 жылы 12-айдың 15-күні Дания ғалымы – В.Томсон жұмбақтың сырын ашты 
[1]. Ол құлпытас 38 таңбадан құралған, мұндағы 8 дауысты дыбыс 4 таңбамен көрсетілген, яғни a мен 
ä  a  таңбасымен;  ï  мен  i  I  таңбасымен;  o  мен  u  U  таңбасымен;  ö  мен  ü  ö  таңбасымен  белгіленеді. 
Ескерткіш  тілінде  19  дауыссыз  дыбыс  бар,  мұндағы  b,  d,  l,  n,  r,  s,  t,  y  қатарлы  8  дауыссыз  дыбыс 
үндестік  заңы  бойынша  əрқайсысы  жуан-жіңішке  болып  екі  таңбамен  таңбаланады.  Мұнан  тыс  J 
(nt), v (lt), C (nč) сияқты қатар келген екі дауыссыз дыбысы бір таңбамен көрсетіледі. 
1.
  Көне түркі тіліндегі дауыссыз дыбыстардағы ең үлкен ерекшелік – b, d, l, n, r , s, t, y қатарлы 8 
дауыссыз дыбыс ұқсамаған екі түрлі таңбамен көрсетіледі. Яғни, B (b
1
), D (d
1
), L (l
1
), N (n
1
), R (r
1
) , S 
(s
1
),  T  (t
1
),  Y  (y
1
)  қатарлы  8  дауыссыз  дыбыс  тек  жуан  дауысты  дыбыс  a,  o,  u,  ï  -лардың  алды-
артында  ғана  жазылады.  Aл  b  (b
2
),  d  (d
2
),  n  (n
2
),  l  (l
2
),  r  (r
2
)  ,  s  (s
2
),  t  (t
2
),  y  (y
2
)-лер  тек  жіңішке 
дауысты дыбыс ä, ö, ü,i-лермен бірге келген сөздерде ғана жазылады. Бірақ мұндағы бір ерекше жайт 
– жіңішке дауыстылармен қатар келетін S (s
2
), Y (y
2
), N (n
2
)-лер ішінара сөздерде ережеден ауытқып, 
290


жуан дауысты дыбысты сөздермен жазылады. Төменде «Күлтегін» құлпытасындағы мұндай ережеге 
бағынбайтын сөздер  көрсетіледі.  
 
Жіңішке  дауысты  дыбыспен  келетін  y
2
  дауыссызының  жуан  дауысты  дыбысты  сөздердің 
арасында  келетін  жағдайы  түбір  сөздерде  жəне  оларға  жалғанған  жуан  дауысты  дыбысты 
қосымшаларда үнемі кездеседі, «Күлтегін» ескерткішінде ережеге бойсынбайтын 8 сөз бар. Олар:  
 
транскрипциясы  мағынасы  таңбасы 
транскрипциясы  мағынасы 
таңбасы 
y
2
ïš 
тау 
Liy 
y
2
ïšd
1

орманда 
aDciy 
y
2
ïlï 
жылы 
iLiy 
y
2
ïr
1
ay
1

солтүстікте 
aYRiy 
y
2
ïl
2
qa 
жылда 
aKLiy 
y
2
ïr
1
γar
1

солтүстікке 
uRGRiy 
y
2
ïl
1
sïγ 
жылды 
GsLiy 
y
2
ïmšaq 
жұмсақ 
KcMiy 
 
 
Жіңішке  дауысты  дыбыспен  бірге  келетін  s
2
  дауыссызы  жуан  дауысты  дыбысты  сөздердің 
арасында  келуі  «Күлтегін»  құлпытасында  біршама  жиі  кездеседі.  Бұл  –  түбір  сөздерде,  өткен  шақ 
жалғауы -mïs
2
 жалғанған сөздерде, үшінші жақ тəуелдік жалғауы -s
2
ï жалғанған сөздерде, екінші жақ 
баяндауыштық  жіктік  жалғауы  -s
2
ïz  жалғанған  сөздерде  жəне  болымсыз  сын  есім  жалғауы  -s
2
ïz 
жалғанған сөздерде кездеседі. Мұндай 33 сөз кездеседі. Олар:  
1)
  Түбір сөздер 
 
транскрипциясы  мағынасы 
таңбасы 
транскрипциясы  мағынасы 
таңбасы 
s
2
ïm
1
a- 
естіме- 
iDMis 
s
2
ay
1

сайын 
uYis 
s
2
ïγït
1

сықта- 
TGis 
ačs
2
ïγ 
аш 
KsÇa 
b
1
as
2
ïqd
1
ï 
басты 
iDKsB 
ulus 
ұлыс 
sLu 
b
1
at
1
s
2
ïqïŋa 
батысында 
aHPKsTB 
 
 
 
 
2)
  Өткен шақ жалғауы -mïs
2
 жалғанған сөздер 
 
транскрипциясы  мағынасы 
таңбасы 
транскрипциясы  мағынасы 
таңбасы 
b
1
ošγur
1
mïs

басқарған 
smRuGcuB  qop al
1
mïs

барлығын алған
 
smLiK 
b
1
armïs

барған 
smRB 
qon
1
t
1
ur
1
mïs 
қондырған 
smJuq 
b
1
ol
1
mïs

болған 
smLuB 
qaγans
1
ïr
1
at
1
mïs

қағансыраған
 
amRSNGK 
t
1
ut
1
mïs

ұстаған 
smTuT 
qub
1
r
1
at
1
mïs

жинаған
 
smTRBuK 
t
1
ašïqmïs

сыртқа 
шыққан 
smKcT 
s
1
ïγt
1
amïs

сықтаған(жылап-
сықтау)
 
smaTGiS 
y
1
oγl
1
amïs

жоқтаған 
smaLGuY  ol1ur1mïs

отырған
 
smRLu 
y
1
ar
1
at
1
mïs
2
 
жаратқан 
smTRY 
ïd
1
mïs
2
 
жіберген 
smDi 
qïl
1
mïs
2
 
істеген 
smLiK 
ïčγïn
1
mïs
2
 
бағынды 
smNGÇi 
qïl
1
ïn
1
mïs

туылған 
smNLiK 
 
 
 
 
3)
  Үшініші жақ тəуелдік жіктік жалғауы (-s
2
ï ) жалғанған сөздер  
 
транскрипциясы  мағынасы 
таңбасы 
транскрипциясы  мағынасы 
таңбасы 
aγïs
2
ï 
нəрсесі 
isiG 
aγïs
2
ïŋa 
нəрсесін 
aHisiG 
at
2
ïs
2
ï 
əкесі 
isiT 
or
1
t
1
us
2
ïŋar
1

ортасына дейін 
uRHisuTRu 
y
1
aγïs
2
ï 
жауы 
isiGY 
 
 
 
 
4)
  Екінші жақ баяндауыштық жіктік жалғауы (-s
2
ïz) жалғанған сөздер 
 
транскрипциясы  мағынасы 
таңбасы   
 
 
y
1
aŋïl
1
t
1
ačïs
2
ïz 
жаңыласың 
ZisicvHY   
 
 
 
5)
  Басқа сөздер 
 
транскрипциясы  мағынасы 
таңбасы 
транскрипциясы  мағынасы  таңбасы 
ar
1
maqčïs
2
ïn

алдамақ 
болғандарды 
nisiÇKmR 
y
1
aγs
2
ïz 
жаусыз 
zisGY 
y
1
ïl
1
sïγ 
бай, ауқатты 
GsLiy 
 
 
 
 
291


«Күлтегін»  құлпытасындағы  жіңішке  дауыстылармен  біргекелетін-n
2
жуан  дауысты  дыбысты 
сөздердің  арасында  келгенде  түбір  немесе  туынды  сөздерге  көмектес  септік  жалғауы  -ïn
2
мен  ілік 
септік жалғауы -n
2
uŋ жалғанады. Мұнда ережеге бағынбайтын 17 сөз кездеседі.   
 
1)
  Көмектес септік жалғауы (-ïn
2
) жалғанған сөздер 
 
транскрипциясы  мағынасы 
таңбасы 
транскрипциясы  мағынасы 
таңбасы 
at
1
ïn

атымен 
niTa 
y
1
aγïzïn

қоңырымен 
nizGY 
t
1
ašïn

сыртымен 
nicT 
qaγan
1
ïn

қағанымен 
niNGK 
 
2)
  табыс септік жалғауы (-ïn

) жалғанған сөздер 
 
транскрипциясы  мағынасы 
таңбасы 
транскрипциясы  мағынасы 
таңбасы 
aqïn
2
 
ағын 
niK
 
oγl
1
ïn
2
 
баласын 
niLGu
 
ud
1
l
1
ïqïn
2
 
жылқысын 
niKLDu
 
b
1
ul
1
γaqïn
2
 
жаманын 
niKGLuB
 
y1aŋïl1t
1
uqïn2 
жаңылғанын 
niqLHY 
y
1
or
1
ïčïn
2
 
жүргенін 
niÇRuY 
qaŋïn
2
 
əкесін 
niHK 
 
 
 
 
3)
  Басқалар 
 
транскрипциясы
 
мағынасы 
таңбасы  транскрипциясы
 
мағынасы 
таңбасы 
ar
1
maqčïs
2
ïn

алдағаның 
nisiÇKmR  y
1
oŋšur
1
t
1
uqïn

жарастырмағаның  niqTRucHuY 
uruγs
1
ïr
1
at
1
ay
1
ïn

ұрпақсыз 
етейін 
niYTRSGRu  qon
1
ay
1
ïn

қонайын 
niYNiq 
al
1
mat
1
ïn

алмадың 
niTML 
b
1
ay
1
ur
1
qun
2

 
байырғының 
HnuqRYB 
 
Ескерткіште s
2
, y
2
, n
2
-ден тыс жіңішке дауысты дыбыспен бірге келетін t
2
,d
2
, мен r
2
 дауыссыздары 
aLHit 
(t
2
ïŋl
1
a-, тыңда), idGTK (qat
1
ïγd
2
ï, қатты, жақсы), riTuGY (y
1
aγut
1
ïr
2
- жақындастырар-) деген үш 
сөзде  жуан  дауыстылармен  бірге  жазылған.  Бұл  –  тасқа  қашаушының  (бəдізшінің)  ағаттығы  болуы 
мүмкін [2]. 
 
2.  Көне  түркі  тіліндегі  oq,  uq,  qo,  qu,  q-ларды  таңбалайтын  q  таңбасы  тек  жуан  дауысты 
дыбыс  o,  u-ның  алды-артында,  kü,  kö, kü,  kö, k-ларды  таңбалайтын  X  таңбасы  тек  жіңішке  дауысты 
дыбыс ö, ü-ның алды-артында жəне ïq, qï, q ларды таңбалайтын Q таңбасы жуан дауысты дыбыс ï-ның 
алды-артында  келеді.  Мұндай  жағдайда  бұл  таңбалардың  алды-артындағы  дауысты  дыбыс  көп 
жағдайда  түсіріліп  жазылады.  Алайда  «Күлтегін»  құлпытасындағы  бірнеше  сөзде  бұл  таңбалардың 
алды-артында келген дауысты дыбыстар түсірілмей, толық жазылып, ережеге қайшы келеді.  
Дауысты дыбыс – o, u-лар дауысты дыбыстардың емле ережесі бойынша сөздің басында немесе 
сөздің  бірінші  буынында  келгенде  көбінде  түсірілмей,  толық  жазылады.  Бірақ  бұлар  q-ның  алды-
артында  келгенде  көп  жағдайда  түсіріліп  жазылады.  «Күлтегін»  ескерткішіндегі  q-ның  алды-
артындағы o, u түбір, туынды жəне кейбір қосымшаларда түсірілмей жазылады Құлпытаста мұндай 
ережеге бағынбайтын 21 сөз бар. Олар :  
 
транскрипциясы  мағынасы 
таңбасы 
транскрипция
сы 
мағынасы 
таңбасы 
qop 
көп 
Puq 
qut
1
um 
құтым 
mTuq 
qony 
қой 
Fuq 
qub
1
r
1
at
1
d
1
ïm 
құрадым 
MDTRBuq 
t
1
oquz 
тоғыз 
zuqT 
qur
1
ïpan

құрып 
NKiRuq 
qušu 
Құшұ(адам аты) 
ucuq 
qul
1
l
1
uγ 
құлды 
GLLuq 
qunčuy

қанша 
YFuq 
qon
1
t
1
uqd
1

қонғанда 
aDqJuq 
qut
1
ay 
қытай 
YTuq 
qon
1
ay
1
ïn

қонайын 
niYNuq 
qun
1
čuy
1
uγ 
қаншаны 
GuYCuq  qar1
1
1
1
uquγ 
қарлықты(ру аты) 
GuqLRK 
qur
1
γar
1

батыста 
uRGiRuq  b
1
ay
1
ïr
1
qu 
байырғы(ру аты) 
uqRYB 
y
1
oq 
жоқ 
quY 
qut
1
ïŋa 
құтыңды 
AHTuq 
oqun
1
 
оғын 
Nuq 
qul
1
ad
1
mis 
құлатқан 
smDLuq 
qur
1
ïd
1
ïn

батыста 
NDRuq 
 
 
 
 
Дауысты  дыбыс  ö,  ü-лердің  емле  ережесі  бойынша,  сөз  басындағы  немесе  сөздің  бірінші 
буынындағы  ö,  ü  түсірілмей  жазылады,  бірақ  бұлар  X  таңбасымен  қатар  келгенде  көп  жағдайда 
түсіріліп  жазылады.  Мысалы:  (rJÜXy)  (y
2
üküntïr
2
)  деген  сөздегі  k-ның  алды-артындағы  ü 
292


ықшамдалып  жазылған.  «Күлтегін»  ескерткішіндегі  бірнеше  түбірсөзде  k-ның  алды-артындағы 
ü,öтолық жазылған. Мұндай 10 сөз кездеседі. Олар:  
 
транскрипциясы  мағынасы 
таңбасы 
транскрипциясы  мағынасы 
таңбасы 
kök 
көк 
kÜX 
s
2
üŋük 
сүйек 
XÜHÜs 
kün

күн 
nÜX 
s
2
üŋüküŋ 
сүйегің 
HÜXHÜs 
küč 
күш 
ÇÜX 
kül
2
t
2
egin

Күлтегін 
ngitlÜX 
küs
2
ü 
көп 
ÜsÜX 
y
2
üküntür

жүгіндір 
rJÜXy 
küčüg 
кішкене 
gÇÜX 
küzädü
 
күзетті 
ÜdzÜX 
 
«Күлтегін» құлпытасындағы kül
2
t
2
egin
2
сөзі мəтіннің көп жерінде ngitlÜk таңбасымен беріледі, бір 
ғана жерінде ngitlÜX таңбасымен таңбаланып, X-ның алды-артындағы жіңішке дауысты дыбыс – ü 
түсірілмей жазылады да ережеге бағынбайды.  
Көне  түрік  тіліндегі  дауысты  дыбыстардың  емле  ережесі  бойынша,  сөзбасында  немесе  сөздің 
бірінші буынындағы жуан дауысты дыбыс – ï үнемі түсірілмей, толық жазылады. Бірақ Q таңбасы qï, 
qï,  q-лардың  орнына  жұмсалатындықтан,  Q  таңбасы  келген  жерде  дауысты  дыбыс  ï  түсіріліп 
жазылады.  «Күлтегін»  құлпытасындағы  Q  таңбасының  алды-артында  келген  ï  дыбысы  бірнеше 
түбірсөзде түсірілмей жазылады. Ондай 8 сөз бар. Олар:  
 
транскрипциясы  мағынасы 
таңбасы 
транскрипциясы  мағынасы 
таңбасы 
qïz 
қыз 
ziQ 
ïqïd
1

ықтау-, 
далдалау- 
DiQ 
qïr
1

қырық 
KRiQ 
qïl
1
ïč 
қылыш 
ÇLiQ 
qïr
1
qïz 
қырғыз 
zKRiQ 
bal
1
ïq 
қала 
QiLB 
qït
1
any 
қытай 
FTiQ 
batsïqïŋa 
батыста 
aHiQSTB 
 
Жоғарыда көрсетілген дауыссыз дыбыстардың ережеге сай келмейтіндерінің басым көп сандысы 
түбірсөздерде көрінсе, аз сандылары жалғаулар арасында келген. Жіңішке дауыстылармен келетінs
2
 
дауыссызы өткен шақ формасында келіп, жуан дауысты дыбысты түбір етістікке жалғанғанда көбінде 
s-
мен таңбаланады[3]. Гың Шымин мырзаның «Көнетүркі ескерткіштерінің зерттелуі» атты еңбегінде 
[4]  пайдаланылған  С.Е.Маловтың  транскрипциясында  өткен  шақ  жалғауы  -mïs
2
  негізінен  cm(-mïš) 
түрінде  транскрипцияланған,  мен  пайдаланған  нұсқада  бұл  қосымша  sm  (-mïs
2
)  түрінде  жалғанып, 
арада парықтар болды.  
Ескерткіштегі тағы бір таңқаларлық жайт – q, X, Q таңбалары сөз басында келгенде одан кейінгі 
түсіп  қалуға  тіиісті  дауысты  дыбыстар  түсірілмей  жазылған.  Нақтылап  айтар  болсақ,  «o,  u,  ö,  ü,  ï 
дауыстылары сөздің басында немесе сөздің бірінші буынында келсе де, түсірілмей жазылады» деген 
дауысты дыбыс ережесіне бойсынып, дауыссыз дыбыс ережесіне бағынбаған. Бұл сөздерде екі ереже 
қатар  қолданылып,  мұндағы  сөздердің  басым  көп  сандысы  дауысты  дыбыс  ережесіне  бойсынып, 
дауыссыз дыбыстың ережесінен бағынбағанын байқауға болады. Мысалы, zuqT (t
1
oquz) деген сөзде q 
таңбасының  алдындағы  o  дыбыс  ықшамдалған  да  дауыссыз  дыбыс  ережесіне  бағынған,  екінші 
буынындағы u дыбысы түсірілмеген. Бұл – дауысты дыбыс ережесіне қайшы.  
Ескерткіштердің емле ережесінде бұдан тыс басқа да ерекшеліктер болуы мүмкін. Радлов, Малов, 
Орхон,  Текін  [5]  қатарлы  түркітанушылардың  транскрипцияларын  өзара  салыстыра  отырып, 
араларындағы  парықтарды  айқындау  қажет.  Көне  түркі  жазуының  емле  ережесін  кемелдендіру  – 
алдағы міндетіміз. 
 
Əдебиет:  
1.
  Cengiz Alyilmaz Orhun Yazitlarinin Bügünkü Durumu . – Ankara, 2005 (Kül Tigin 7-101) 
2.
  Ауғалиұлы Е., Бидоллақызы Б. Көне түркі тілі лексикасының қазіргі қазақ тіліндегі өзгерісі. – Бейжің, 
2015.  
3.
  Гің Шымин Көне түркі тілі грамматикасы. – Бейжің, 2010.  
4.
  Гің Шымин Көне түркі тілі құлпытастарын зерттелуі. – Бейжің, 2005.  
5.
  Текін Т. Орхон түркі тілінің грамматикасы. – Индиана, 1968.    
 
 
 
293


Оралқызы Ж.  
ҚХР, Бейжіңдегі Орталық Ұлттар  
университеті қазақ тіл-əдебиет  
факультетінің магистранты   
 
 
Тілекті қалау райдың қолданылуы мен жасалу жолдары  
 
 
Етістіктің  семантикалық-грамматикалық  құбылысының  ең  тармақты,  ең  аумақты  түрі  –  рай 
категориясы.  Рай  категориясының  негізі  –  етістіктегі  істің  болмысқа,  шындыққа  қатынасы  туралы 
сөйлеушінің түсінігі. Етістіктің субъектімен жəне басқа жағдаймен байланысты жаққа, шаққа, шартқа 
байланысты  түрленіп  құбылуы  рай  болады.  Қытайда  жарық  көрген  грамматикаларда  қазақ  тілінде 
рай  бұйрық  рай,  ашық  рай,  шартты  рай,  тұйық  рай,  қалау  рай  болып  беске  бөлінеді  [1].  Қазақ 
тіліндегі етістіктердің рай категорияларының ішінде қалау райдың орны ерекше. Қалау рай адамның 
ниетіне, ықыласына байланысты. Басқа райлармен салыстырғанда, экспрессивтік бояуы басым болып 
келеді. Қалау рай мағыналық   ерекшелігі мен жасалу тəсіліне қарай ерікті қалау рай жəне тілекті 
қалау рай болып жіктеледі.  
Тілекті  қалау  рай  істің,  оқиғаның  болуын  біреуден  тілейтіндігін  көрсетеді.  Тыңдаушыға  немесе 
басқа бір адамға деген тілегін сыпайы жеткізу негізінде тілекті қалау рай көп қолданылады.  
Тілекті қалау райдың жасалу жолдары:  
1.
  негізгі  етістікке  -ғай  /-гей  (-қай  /-кей)  жұрнағы  қосылып,  оның  үстіне  жіктік  жалғаулары 
жалғану  арқылы  жасалады.  Мысалы:  жазған  хатыңды  ертерек  тапсырып  алғаймын,  жазған 
хатымызды  ертерек  тапсырып  алғайсыз,  жазған  хатты  ертерек  тапсырып  алғай  т.с.с.  Кейде 
тілекті қалау райдың бұл түрінің үшінші жағына еді етістігі тіркеседі: ойлаған армандары іске асқай 
еді.  
Тілекті  қалау  райдың  бұл  түрі  ауызекі  тілде  де,  жазба  тілде  де  көп  қолданылады.  Ол  көбінесе 
салтанаты  жиналыстарда,  басқосуларда  қолданылады.  Əсіресе  жиын-тойлардағы  бата-тілекте 
тілектің қалау райдың осы түрі жұмсалады: шаңырағыңыз биік болғай,  ғұмыр жасы ұзақ болғай, сау 
денелі, атпал азамат болғай, сəлемімді қабыл алғай,  сəлемдемені тапсырып алғайсыз,  уағында хат 
қайтарғайсыз,  жиі  хабарласып  тұрғайсыз.  Бата-тілектер  негізінен  етістіктің  түбіріне  -ғай  /-гей 
жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғау нөлдік формада келуі арқылы жасалады. Мысалы: орта 
көңілді  болғай,    той  думанды  болғай,    бүгінгі  кеш  көңілді  болғай,    басқосу  сəтті  болғай,  жастар 
бақтытты  болғай,    күніміз  көңілді  болғай,    аспанымыз  ашық,  істеріміз  ілгері  болғай,    сапарыңыз 
сəтті болғай т.с.с. Сондай-ақ өлең жолдарында көптеп кездеседі.  
Тілекті  қалау  райдың  бұл  түрі  Жаратушыдан  тілек  тілегенде  немесе  көңілінде  жүрген  істері 
туралы  өтінішін,  тілегін,  қалауын  білдіргенде  қолданылады:  Алла  тағала  тілегіңді  қабыл  қылғай! 
Құдайдың өзі жар болғай! Алла ісіңді оңдағай!  
Онда негізінен -ғай /-гей тұлғалы етістіктермен қатар сөйлемде лайым (илайым) сөзі де қатысады. 
Мысалы: Илайым Жаратушым тілегімді қабыл қылғай!  Лайым Жаратушымыз істерімізге жеңілдік 
бергей!    Лайым  Алла  бар  істеріңді  сəтті  қылғай!  Бұған  да  шүкірлік  еткейсің!  Илайым  басымыз 
аман, шаңырағымыз биік болғай!  
Сонымен қатар -ғай /-гей тұлғалы етістіктерден кейін еді көмекші етістігі тіркеседі: Арманымыз 
іске асқай еді! Еліне аман-есен оралғай еді!  
Тілекті қалау райдың бұл түрінің қолданысында -ғай /-гей тұлғасынегізінен етістіктің екінші жəне 
үшінші  жағына  жалғанады:  Жауап  қайтаруға  асықпағайсың.  Басыңа  бақыт  құсы  ұялағай!  Мəңгі 
бақытты болғайсыздар! Елінің үмітін ақтағай! Халқының қалаулы азаматы болғай!  
Етістіктің  бірінші  жақ  тұлғасында  келуі  өте  сирек.  Бұл  -ғай  /-гей  формасының  мағыналық 
ерекшелігіне, қызметіне байланысты болса керек. Мұндай ерекшелік етістіктің басқа тұлғаларында да 
кездеседі. Мəселен,  бұйрық райдың  І  жағында  бұйрықтық  мағына жоқтығына  байланысты  бірқатар 
зерттеушілер  қалау  райға  жатқызады.  Мəселен,  П.М.Мелиоранский  «Краткая  грамматика  казак-
киргизского языка» деген еңбегінде бұйрық райдың І жақ көрсеткішін қалау рай деп түсіндіреді [2]. 
Сол сияқты Қ.Кемеңгерұлы да «Оқу құралында» бұйрық райдың І  жағын «желательное наклонение в 
повелительной форме» деп береді [3]. 
Бұл  мəселе  қазақ  тіл  білімінде  де  қызу  талас  тудырды.  А.Ысқақов,  М.Томанов  т.б.  еңбектерінде 
бұйрық  райдың  І  жағының  мағыналық  ерекшеліктері  болатыны  туралы  айтылады.  Мəселен‚ 
А.Ысқақов: «І жақ формалары (мен бар-айын, біз бар-айық, бар-алық)амалды жүзеге асыруды біреуге 
(ІІ  жаққа)  бұйырудан  гөрі,  сөйлеуші  орындауды  өз  міндетіне  алғаны,  оны  істеуге  өз  ынтасы 
барлығын,  оны  істеуге  бекігені  анығырақ  аңғарылады  (сөйлеуші  өзіне-өзі  бұйырмаса  керек,    тек 
тыңдаушыға бұйрық берсе керек-ті). Өйткені бұл формалар (-йын, -йық, -лық) іске қозғау салмайды, 
294


біреуге сілтемейді, сөйлеушінің амалды өзі істейтінін, яғни оны жүзеге асыруға өзі ынталанатынын, 
өзі бел байлағанын білдіреді», – дейді [4, 329].    
Бұйрық  райдың  І  жағының  осындай  мағыналық  реңктеріне  байланысты  А.Н.Кононов, 
Н.К.Дмитриев, А.А.Юлдашев сияқты түркітанушы ғалымдар бұйрық райдың І жағын қалау райдың І 
жақ формасы ретінде таныған [3]. 
А.Байтұрсынұлы  -ғай/-гей  жұрнақтары  жалғанған  етістіктің  түрін  сенімді  райға  жатқызған  [5]. 
1966 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі. (Етістік)» атты оқулығында Ы.Маманов райдың 6 түрін 
көрсетіп, қалау райды өз ішінен ерікті қалау рай (-ғы кел)жəне тілекті қалай рай (-ғай) деп жіктейді 
[6].   
Адамның  өз-өзіне  бұйыра  алмайтыны  сияқты,  өз-өзіне  бата  да  бере  алмайды.  -ғай/-гейтұлғалы 
етістіктер  көбінесе  бата-тілектерде  қолданылады.  Оның  ІІ,  ІІІ  жақта  жиі  қолданылғанмен,  І  жақта 
қолданылмайтыны (болса да, сирек) осыған байланысты сияқты.   
2. Тілекті қалау рай негізгі етістікке -са/-се жұрнағы жалғанып, одан кейін игі сөзі мен еді көмекші 
етістігі  тіркесуі  арқылы  жасалады:  Істеріміз  сəтті  болса  игі  еді!  Жастар  бақытты  болса  игі  еді! 
Қараңғы түспей жетіп алса игі еді!  
Тілекті  қалау  райдың  бұл  түрі  Қытайдағы  қазақтардың  тілінде  жиі  қолданылмағанмен, 
Қазақстандағы  қазақтардың  тілінде  -са  игі  еді  тұлғасы  мүлде  қолданылмайды.  Грамматикалар  мен 
оқулықтарда тілекті қалау райдың (-са игі еді) тұлғасы жиі көрсетіледі.  
Ауызекі  тілде  қолданылатын  бұл  форма  нағайбылдық,  дүдəмал  мəнді  білдіру  үшін  жұмсалады. 
Мұнда сөйлеуші талап-тілегін, қалауын ашық айтпай, көмескілендіріп, сыпайылықпен жеткізеді.  
Тілекті қалау райының жасалу жолдарының қолданысын салыстыра келіп, жұмсалу өрісін бірдей 
еместігін байқауға болады.  
-ғай/-гейтұлғалы  жəне  -са  игі  еді  тұлғалы  етістіктердің  жұмсалуын,  экспрессивтік  мəнін  өзара 
салыстыра, байыптай отырып, -ғай/-гейтұлғалы тілекті қалау райда (Істеріміз сəтті болғай!) қандай 
да  бір  іс-əрекеттің  болуын,  орындалуын,  жүзеге  асуын  тілеу  мəні  басым  болса,  са  игі  еді  тұлғалы 
қалау  райда  істің  орындалуын  тілеумен  қатар  соның  сəтті  болуына,  орындала  қоюына  күмəн, 
сенімсіздік мəн бар.  
Екеуі де тілекті қалау райының көрсеткіштері болғанмен, біріні орнына бірі қолданыла бермейді. 
Тойда Жастар бақытты болғай! Лайым жолдары ашық болғай! деген сияқты тілектер айтылғанмен, 
Жастар  бақытты  болса  игі  еді!  Лайым  жолдары  ашық  болса  игі  еді!  түрінде  айтылмайды.  Себебі 
мұндай  сөз  іс-əрекеттің  солай  болуына  сенімсіздікті,  олай  болмай  қалуына  алаңдаушылықты 
білдіреді. Əрине, екі қолданыста да солай болуын қалау мəні бар, бірақ экспрессивті мəні бөлек. Сол 
сияқты Ертең ертерек келгейсің деген сөйлем мен Ертең ертерек келсең игі еді деген сөйлемді өзара 
салыстыратын  болсақ,    дегенде  Ертең  ертерек  келгейсің  сөйлеушінің  тілегі,  солай  болуын  (ерте 
келуін) талап етуі бар. Яғни, сөйлеуші тыңдаушыға тапсырманы міндеттейді, солай боларына сенімді. 
А.Байтұрсынұлының райдың бұл түрін «сенімді рай» деп атауы да содан болса керек. Ертең ертерек 
келсең  игі  еді  деген  сөйлемде  сөйлеушінің  солай  болатынына  сенімсіздігі,  алаңдаушылығы, 
дүдамалдығы байқалады.  
Сонымен, тілекті қалау райының тіл біліміндегі танылуын, жасалу жолдарын сөз ете келіп, райдың 
бұл  түрінің  экспрессивтік  бояуы  тең  түсе  бермейтінін  байқауға  болады.  Олардың  жұмсалу  өрісі, 
семантикалық жүгі əр алуан екені аңғарылады. Сонымен қатар соңғы жылдары қалау райдың түрлері 
оқулықтар  мен  грамматикаларда  көрсетілгенмен,  қолданыс  өрісі  шектеліп  бара  жатқанын  көреміз. 
Қалау  райдың  жұмсалу  өрісін  əлі  де  дендей  зерттеп,  қай  кезеңде  қай  түрі  қаншалық  жиі 
қолданылғанын,  кейінгі  кезеңдердегі  қолданысы  не  себепті  шектеліп  бара  жатқанын  жан-жақты 
талдап, əрқайсысының ерекшелігін аша түсу қажет.  
 
Əдебиет: 
1.
  Қазіргі қазақ тілі. – Үрімжі, 2002.  
2.
  Краткая  грамматика  казак-киргизского  языка.  Фонетика  и  этимология.  Составил  П.М.Мелиоранский. 
СПб. Часть І‚ 1894‚ Часть ІІ‚ 1897. –С.15. 
3.
  Жұбаева О. Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму жолдары. -  Алматы: Дайк-Пресс, 2011. -  272 б.  
4.
  Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 382 б. 
5.
  Ахмет Байтұрсынов. Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992. - 448 б.  
6.
  Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мəселелері. – Алматы: Арыс, 2007. – 488 б.   
 
 
 
295


Əбілемет А. 
ҚХР, Орталық ұлттар университеті  
қазақ тіл-əдебиет факультетінің магистранты 
 
Қазақ тіліндегі айқындауыштың зерттелуі жəне айқындауышты тіркес туралы пікір 
 
Сипаттамалы грамматиканың жалпы міндеті – белгілі бір тілдің кемелді грамматика жүйесін құру, 
осы  тілдің  грамматикалық  мағына  берудегі  тілдік  құрылымын,  оның  қалай  жұмыс  істейтінін 
түсіндіру.  Кемелді  грамматика  жүйесі  грамматиканың  формалық  жүйесі  мен  мағыналық  жүйесінен 
құралады.  Грамматиканың  формалық  жүйесі  мен  мағыналық  жүйесі  белгілі  бір  талапты  ғана 
қанағаттандыра  алады,  əсте  бір  мезгілде  түсіну  мен  бейнелеудей  екі  жақты  талапты  бірдей 
қанағаттандыра  алмайды.  Сондықтан    грамматиканың  формалық  жүйесі  мен  мағыналық  жүйесі 
бірлікте  өмір  сүріп,  бірін  бірі  толықтағанда  ғана  кемелді  грамматика  жүйесін  құруға  болады. 
Грамматикалық  форманың  түркімі  –  грамматикалық  тəсіл,  грамматикалық  мағынаның  түркімі 
грамматикалық  категория  болған  соң,  грамматиканың  формалық  жүйесін  (түсіну  грамматикасы) 
«грамматикалық тəсілдер жүйесі», ал грамматиканың мағыналық жүйесін (бейнелеу грамматикасын) 
«грамматикалық  категориялар  жүйесі»  деуге  болады.  Осы  мақаладағы  айқындауыштық  қатынасты 
білдіретін  сөздердің  тіркесі  орын  тəртібі  (грамматикалық  тəсіл)  тəсілімен  құрылымдық  қатынас 
(грамматикалық  категория)  негізінде  жасалған  сөздердің  тіркесі  болып  табылады.  Сондықтан 
айқындауыштық қатынасты білдіретін сөздердің тіркесін зерттеудің маңызы өте зор.    
«Айқындауышты  сөз  тіркесі»  деп  айқындауыштық  қатынасты  білдіретін  сөздердің  тіркесін 
атауымызға болады. Қазақ тіліндегі айқындауыш мүше С.Жиенбаев, М. Балақаев, О. Күлкенова, Ш. 
Əуелбаев,    Р.  Сыздықова,  Ан  Шыңшан,  Жаң  Диңжиң,  Кəрібай  Əбдікəрімұлы,  Жау  Яан  т.  б. 
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. С.Жиенбаев «Сөйлемнің оңашаланған мүшелері туралы» 
мақаласында  қазақ  тіліндегі  айқындауыш  мүшелердің  құрылымдық,  мағыналық,  функционалдық 
табиғатын ашуға негіз қалады.  
«Сөйлемнің  оңашаланған  мүшелері  (оңашаланған  айқындауыш)  –  көбінесе  дағдылы  орнынан 
тыс тұрған сөздер. Ондай оқшауланған сөздердің қызметі – бір затты я бір істі əдейілеп айту арқылы 
анықтау.  Сөйлемде  анықтау  қызметін  атқаратын сөздер  –  анықтауыштар. Олай  болса,  оңашаланған 
сөздердің  функциясы  да  анықтауыштардың  функциясымен  бірдей.  Бірақ  оларды  жай 
анықтауыштармен  салыстырғанда,  тұрған  орны  жағынан  болсын,  айтылу  интонациясы  немесе 
анықтап тұрған сөзімен байланысы жағынан болсын өзгешелігі көп. Бұлардың «оңашаланған мүше» 
атану  себебі  де  осындай  ерекшелігі  барлығынан»,  –  деп  көрсетеді  С.  Жиенбаев  [1,  21].  Бұл 
құрылымды  онан  соң  сөз  еткен  ғалымдарымыз  да  осы  тұжырымға  келіседі.  Мəселен,  М.  Балақаев: 
«Айқындауыш – анықтауыштың ерекше бір түрі. Ол анықтайтын сөзінің заттық не пысықтауыштық 
сапасын  қосымша,  жанама  қасиет  ретінде  айқындайды.  Бұл  жағынан  анықтауышқа  ұқсас 
болғанымен,  одан  кейбір  өзгешеліктері  бар,  яғни  анықтауыш  анықтайтын  сөзінің  алдында  тұрып, 
оның өзіне тəн, басқа заттан ерекше сынын, сапасын білдірсе, айқындауыш анықтайтын сөзінен кейін 
тұрып,  көбінесе  оның  лексикалық  мағынасын,  мүшелік  қызметін  басқа  сөздермен  дəлдеп 
толықтырады немесе қосымша, көлденең сапасын көрсетеді» [2, 70], – дейді. Бұл тақырыпты арнайы 
сөз  еткен  О.  Күлкенова:«Айқындауыштардың  табиғатында  анықтау  –  сипаттау  қасиеті 
жататындықтан, анықтауыштарға ұқсас, соның бір түрі болып келеді. Айқындауыш туралы айтылған 
пікірлердің  көбі  де  осы  негізден  шыққан.  Бірақ  айқындауыштар  анықтауышқа  бұл  жағынан 
ұқсағанымен,  анықтауыштар  емес,  олардан  көптеген  грамматикалық  жағынан  елеулі  өзгешеліктері 
бар,  басқа  мүше.  Біріншіден,  айқындауыш  жасалатын  сөз  табы  анықтауыштан  басқа.  Екіншіден, 
құрылысы  жағынан  да  анықтауыштан  өзгеше;  Үшіншіден,  байланысу  формалары  анықтауышқа 
ұқсамайды, қабысу, кері қабысу, интонациялық қабысу, қиысу түрінде келеді» [3, 55], – деген пікірін 
мысалдар арқылы дəлелдеп береді.  
С. Жиенбаевтың аталған құрылымдарды жіктеудегі ерекшелігі – оларды орын тəртібіне сай, яғни 
анықталатын  сөз  бен  айқындауыштың  орналасуына  сай  екіге  жіктеу.  Біріншісі,  оның  өз  сөзімен 
айтсақ,  «дағдылы  түрі  –  анықтайтын  сөзінен  кейін  келетін  айқындауыш».  Мысалы,  «Біздер,  19-
мектеп оқушылары, балалар газеттерін үзбей оқып тұрамыз. Ғалым «анықталатын сөз түрленгенде, 
сол  ыңғайда  айқындауыш  та  өзгереді»  деп  санайды  (біздерге,  19  мектеп  оқушыларына).  Ал 
анықтауыш мұндай өзгеріске түспейді, бұл олардың ерекшеліктерінің бірі (үлкен кісі – үлкен кісіге), 
тұлға  жағынан  өзінің  алдыңғы  анықталатын  сөзімен  түрлес  болуы  айқындауыштарға  тəн  жалпы 
ерекшелік деп қарастырған.   
Айқындауыштың  екінші  түрі  деп  «анықтайтын  сөздің  алдында  тұрып  оқшауланатындарды» 
атайды. Мысалы:   
Одағымның бір гүлі, құс дауысты бұлбұлы –  
Күлəш сынды қызым бар (Жамбыл) .   
296


Бұлардың  ерекшелігі  ретінде  айқындауышы  бір  сөз  болғанымен  (гүл,  бұлбұл),  олардың  жанына 
анықтауыш  сөздер  (Одағымның,  құс  дауысты)  ере  жүретінін  ескерткен.  Соған  сəйкес  бұлар 
анықтауыштарға  айналуға  бейім,  «анықтайтын  сөзінің  алдында  келетін  жалаң  айқындауыштар 
дағдылы  анықтауышқа  айналады».  «Колхозшы  Мергенбай  келді,  пионер  Жəнібек  модел  жасады» 
дегендердегі асты сызылғандарды дағдылы анықтауышқа айналғанын ескертеді.  
С.  Жиенбаев  еңбегінде  оңашаланған  (айқындауыш)  мүшелердің  мынадай  негізгі  белгілерін  атап 
өткен  (терминдер  С.  Жиенбаевтікі):  «Оңаша  мүше  сөйлемнің  басқа  бір  мүшесін  ерекше  түрде 
айқындау үшін айтылады. Оңаша мүше сөйлем мүшесінің дағдылы орнында тұрмайды жəне бөлекше 
паузамен  айтылады.  Оңаша  мүшенің  тағы  бір  белгісі  –  сөйлем  мүшесімен  қиындасу  (тіркесу), 
меңгеру,  меңгерулі  жөніндегі  өзгешелігі.  Оңаша  айқындауыш  кейде  айқындауыштың  дағдылы 
орнында  да  тұрады  (анықтайтын  сөзінің  алдында).  Бірақ  онда  жай  анықтауыштың  сұрағына  жауап 
бермей,  оқшауланып  тұрады,  біраз  паузамен  айтылады.  Оңаша  сөздердің  өздері  анықтауыш  сөздер 
ертіп  жүре  алады.  Оңаша  мүшелер  сызықшамен,  үтірмен  бөлінеді,  кейбіреулеріне  ешбір  тыныс 
белгісі қойылмайды» [1, 21]. 
С. Жиенбаевтың ғылымдағы бұл жаңашылдығын Ш. Əуелбаев ерекше атап өтіп:  «Қазақ тіліндегі 
алғы  позицияларды  атау  тұлғалы  оңашаланған  айқындауыштар  туралы  кезінде  дарынды  ғалым  С. 
Жиенбаевтың сөз қозғағаны белгілі. Бірақ бұл соны пікір ілгері дамытылмай, ескерусіз қалды. Қазіргі 
қазақ тілі оқулықтары мен пунктуациялық əдебиеттерде тек соңғы позициялы тұлғалас оңашаланған 
айқындауыштар  ғана  танылып,  алғы  позициялы  атау  тұлғалы  оңашаланған  айқындауыштар  мен 
бірыңғай  мүшелерден  жасалған  алғы  жəне  соңғы  позициялы  оңашаланған  айқындауыштар  туралы 
сөз болмайды» [4, 88], – дейді.    
Шындығында  да,  бұл  тақырыпта  əңгіме  еткендердің  барлығы  да  «дара  сөз  немесе  сөз  тіркесі 
өзінен  бұрынғы  сөздің  мағынасын  дəлелдеңкіреп,  анықтай  түсіп  тұрса,  оңашаланған  айқындауыш 
болады»  [5,  46],  «айқындауыш  –  анықтауыштың  ерекше  бір  түрі.  Ол  анықтайтын  сөзінің  заттық  не 
пысықтауыштық сапасын қосымша, жанама қасиет ретінде айқындайды. Бұл жағынан анықтауышқа 
ұқсас  болғанымен,  одан  кейбір  өзгешеліктері  бар,  яғни  анықтауыш  анықтайтын  сөзінің  алдында 
тұрып,  оның  өзіне  тəн,  басқа  заттан  ерекше  сынын,  сапасын  білдірсе,  айқындауыш  анықтайтын 
сөзінен  кейін  тұрып,  көбінесе  оның  лексикалық  мағынасын,  мүшелік  қызметін  басқа  сөздермен 
дəлдеп толықтырады немесе қосымша, көлденең сапасын көрсетеді» [2, 170], «Тілімізде өзінен бұрын 
айтылатын  мүшені  басқа  сөзден  айқындап  түсіндіретін  тұлғалар  да  жиі  кездеседі.  Мұндай  сөздер 
«айқындауыш  мүше»  деп  аталады»  [6,  80].  «Айқындауыш  –  өзінің  анықтайтын  сөзімен  тең 
грамматикалық  байланыста  тұратын  сөйлемнің  шартты  мүшесі.  Айқындауыш  анықталатын  сөздің 
жетегінде кейде қосарланып, кейде оңашаланып айтылып, өзінің алдындағы сөздің мазмұнын ашып, 
дəлелдеп, анықтап тұрады» [7, 681] деген анықтамаларды ұсынғанымен,барлығы да айқындауышты 
анықтайтын сөзінің соңында келетін анықтауыштың ерекше түрі деп қарастырған.  
Айқындауыш  Қазақстандағы  қазақ  тіл  білімінде  сөйлем  синтаксисі  құрамында  қарастырылып 
келеді. Ал Қытайдағы қазақ тіл білімінде соңғы жылдары сөз тіркесі синтаксисі туралы жинақталып, 
теориясы бір ізге түсіріліп, соңғы жаңалықтарды сараптап, сұрыптап берген еңбектер көптеп жарық 
көруіне  байланысты  айқындауышты  сөз  тіркесі  синтаксисі  құрамында  қарастыру  керектігі  жөнінде 
алғашқы  пікірлер  ұсынылып,  бірлі-екілі  ғалымдарымыз  өз  пікірлерін  ұсынды.  1998  жылы  Қытайда 
тұңғыш рет Ан Шыңшан  «Қолданбалы қазақ грамматикасы» [8, 25] деген ғылыми мақаласында екі 
немесе  одан  да  көп  сөздің  тіркесіп,  белгілі  бір  затты  көрсету  үшін  тіркесуін  ерекше  түрдегі 
(айқындауышты) сөз тіркесінің қатарында түсіндіреді. Сонымен қатар 2002 жылы баспадан шыққан 
«Қазіргі  қазақ  тілінің  құрылымдық  ерекшелігін  зерттеу»  [9,  133]  атты  еңбекте  қайталап  нұсқау 
ретіндегі  сөз  тіркесі  деп  түсіндірмелі  сөз  тіркесі  қатарына  енгізеді.  Ал  Жаң  Диңжиң  2004  жылы 
«Қазақ  тілінің  қолданылмалы  грамматикасы»  [10,  738]  атты  еңбегінде  сөз  тіркесінің  құрылымдық 
түрлерінің  сегіз  түрін  көрсетіп,  айқындауыштың  сөз  тіркесі  синтаксисі  саласында  қарастырылуына 
теориялық  жəне  практикалық  жақтан  негіз  қалады.  Осыдан  кейін,  2006  жылы  Кəрібай  Əбдисаұлы: 
«Қазақ  тіліндегі  сөз  тіркестері  жəне  оның  түрге  бөлінуі»  [11,  15]  деген  ғылыми  мақаласында  қазақ 
тіліндегі  сөз  тіркестерін  еркін  тіркес,  тұрақты  тіркес  жəне  күрделі  тіркес  деп  үш  түрге  жіктеп, 
айқындауыштық  қатынасты  білдіретін  сөздердің  тіркесін  еркін  тіркестің  бірі  ретінде  қарап, 
«түсіндірмелі  тіркес»  (айқындауыштық  тіркес)  деп  атады.  Жау  ян  Жаң  Диңжиңнің  «Қазақ  тілінің 
қолданылмалы грамматикасы» атты еңбегі негізінде «Қазақ тілі сөз тіркестерінің ішкі құрылымдық 
түрлеріне  талдау»  [12,  13]  деген  еңбегін  жариялап,  қазақ  тіліндегі  сөздердің  тіркесін  құрылым 
тəсіліне,  ішкі  құрылымдық  түрлеріне,  сыртқы  функциясына  қарай  жіктеп,  айқындауыштық 
қатынасты білдіретін сөздердің мағыналық түрлерін атап өтті.    
Айқындауыш  –  өте  жиі  қолданылатын  ситаксистік  бірлік.  Айқындауыш  өзінің  айқындайтын 
сөзімен  тең  грамматикалық  байланыста  тұрып,  айқындайтын  сөздің  жетегінде  кейде  қосарланып, 
кейде оңашаланып айтылып, екі немесе одан да көп зат есім жəне заттанған есім тіркесінен жасалып, 
екі  заттың  бір-біріне  тəн  сапасын,  заттық  белгісін  айқындап  беріп  отырады.  Тұлға  жағынан  өзінің 
297


айқындайтын  сөзімен  түрлес  болады  да  мазмұн  жағынан  өзі  айқындайтын  жалпы,  жалқы  ұғымды 
дəлдеп, нақтылап, айқындап көрсетеді. Айқындауыш айқындауыштық қатынас арқылы жүзеге асады. 
Ал  айқындауыштық қатынасты білдіретін сөздер бір-бірімен қабыса байланысады. Қабысу бойынша 
тіркескен  сөздер,  біріншіден,  жалғаусыз,  екіншіден,  сөздердің  орын  тəртібі  арқылы  байланысады. 
Демек, сөздердің орын тəртібі қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық тəсілі саналады. 
Қабыса  байланысқан  сөз  тіркестерінің  құрамындағы  сыңарлардың  орны  ауысса,  сөз  тіркесінің 
білдіретін  мағынасы бүтіндей  өзгеріп кетеді. Бұдан  сөздердің  орын  тəртібінің  мəні  айрықша  екенін 
көруімізге болады.   
Қабысу  формасындағы  айқындауыштық  қатынас  қазақ  тілінде  үш  түрлі  формада  көрініс  тауып 
отырады.  Яғни  дағдылы  бөлініп  келе  жатқан  үш  түрін  атауымызға  болады:  қосалқы  айқындауыш, 
қосарлы айқындауыш, оңашаланған айқындауыш. 
Қосалқы  айқындауыш  дегеніміз  –  атрибутивтік  реңктегі  зат  есімдердің  абстрактілі  зат 
атауларына  (жалқы  есімдерге)  тіркесіп,  көбінесе  зат  атауының  қосымша,  көлденең  сапасын,  яғни 
заттық  сапасын  көрсететін  сөз.  Қосалқы  айқындауыш  сөйлемде  айқындайтын  сөзімен  ұласып,  ол 
екеуі  сөйлемнің  біртұтас  күрделі  мүшесі  болып  жұмсалады.  Тиісті  грамматикалық  қосымшалар 
айқындауыш сөздерге ғана жалғанады. Мысалы: Құнанбай мырза, Хасен молда, Жұмағұл атшабар, 
Масақбай биешіні аруақтай сыйлайтынын көрсетті (Əуезов). 
Қосалқы айқындауыш сөйлемде орналасу қағидасы бойынша үш түрлі формада көрінеді. Бірінші, 
айқындауыш анықтайтын сөзінен кейін келеді. Мысалы, Масақбай биешіні аруақтай сыйлайтынын 
көрсетті.  Екінші,  айқындауыш  анықтайтын  сөзінің  алдында  тұрып,  анықтауыш  ертіп  жүрсе,  бірде, 
интонация  арқылы  байланысады,  енді  бірде  тыныс  белгілерінің  (үтір  мен  сызықша)  арқылы 
байланысады.  Мысалы:  Семейдің  үлкен  саудагері  Тінібек  бай  Қарқаралыға  келді.  Құнанбай  аға 
сұлтан болды. Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне шəкірт бала жанын салды. Тобықты ішіне ең 
алғаш кірген арба осы Зеренің – Құнанбайдың кəрі шешесінің көк арбасы десе де болады (Əуезов). 
Қосарлы  айқындауыш  дегеніміз  –  семантикалық  бірлестіктегі  мағыналас,  мəндес  –  синоним 
сөздер болып келеді, өзара мағыналас жалпы есімдердің бірі – заттың атауы, екіншісі – оның сапасы 
ретінде  тіркесіп,  күрделі  бір  атау  жасайтын  сөздер.  Сөздердің  əрқайсысында  лексикалық  мағына 
сақталады да жеке-дара қолданыла береді. Тіркестің əрбір сыңары – өзаратеңдігін, дербестігін сақтай 
отырып,  мағыналық  жəне  грамматикалық  жақтан  тығыз  байланысқа  түскен  сөздер.  «Қосарланған 
айқындауыш  қазақ  тілінің  синтаксистік  құрылысына  тəн  емес  бірлік»  деп  санауға  болады.  Өйткені 
қазақ тілінде мəндес сөздер қос сөз сияқты күрделі сөз жасайды. Ал қос сөз сыңарлары бір-бірімен 
айқындауыштық-айқындалушылық қатынасқа түспейді, тепе-тең қатынаста тұрады. Мысалы: Жалғыз 
ұйдың  қолындағы  бары:  жиырма-отыздай  ешкі,  лақ,  қой-тұяқ  пен  бір  бұзаулы  сиыр,  екі  торпақ 
болатын (Əуезов).Инженер-технолог, би-концерт, батыр-ұшқыш. 
Қосалқы  айқындауыш,  қосарлы  айқындауыш  бір  зат  есімді  айқындауыштар  тобынан  жасалып, 
заттың  аты  мен  сапасының  қатынасын  білдіріп,  күрделі  атау  мағынасында  қолданылатын  сөздер 
болса,  оңашаланған  айқындауыштар  –  белгілі  бір  ұғымды  ерекшелеп  көрсету,  оны  күшейту,  соған 
назар аудару мағынасында жұмсалатын айқындауыштық қатынастағы сөздер тіркесі.    
Оңашаланған  айқындауыштар  анықтайтын  сөзінен  кейін  келіп,  айқындайтын  сөзімен  тұлға 
жағынан,  мағына  жағынан  біркелікті  сақтап,  үтір  не  көмекші  сөздер  арқылы  (деген,  əсіресе  т.  б.) 
тіркесіп келеді. Мысалы: Өйке апа деген – біздің қатын. Өзге балалардан гөрі басқа бір ермек, бөлек 
бір дос тапты. Онысы – əсіресе, əжесі (Əуезов). 
Тіліміздегі айқындауыштар құрылысына қарай жеке сөздер, сөз тіркестері, жеке сөйлемдер болып 
келеді.  Тіл құрылымы құрылым мүшесі мен құрылым тəсілін қамтиды. Құрылым мүшелері белгілі 
құрылым тəсілі арқылы ғана түрлі тілдік құрылымдарды құрай алады. Құрылым мүшесі ұқсас болған 
жағдайда  құрылым  тəсілінің  ұқсамауынан  білдіретін  мағына  да  ұқсас  болмайды.  Бұл,  алдымен, 
əрқандай тілдің сөз тіркесінен көрінеді. Өйткені бір тілде қамтылатын барлық құрылымдық қатынас 
сол тілдің сөз тіркесі аясында көрініп отырады. Сондықтан қазақ тілінің кемелді грамматика жүйесін 
жасауда,  ең  алдымен,  тілдік  материалдарды  сұрыптап,  сөздердің  байланысу  түрлерін  анықтап 
алуымыз  керек.  Бір  тілдің  грамматика  жүйесі  сол  тілдің  барлық  грамматикалық  бірліктерінің 
топталуынан қалыптасады. 
Айқындауыштар «анықтауыштардан лексика-семантикалық жағынан да, морфологиялық жағынан 
да жəне синтаксистік белгілері мен структурасы жағынан да елеулі айырмасы бар дербес мүше» [3, 
55]  болса,  айқындауыш  құрылымдарын  қайталай  тануымыз  қажет  болады.  Айқындауыштар 
айқындауыштық  қатынаста  қүрылып,  зат  есім  жəне  заттанған  есімдерден  жасалып,  зат  пен  заттың 
қатынасынан  туындайтын  заттық  сапаны  білдіріп,  сөйлемде  түрлі  морфологиялық  өзгеріске  енеді. 
Яғни  екі  зат  өзара  қатыстылығы,  ұқсастығы  жағынын  бірін-бірі  толықтап,  түсіндіріп  отырады. 
Сөйлемде  бір  сүрауға  жауап  беріп,  сөйлемнің  бір  ғана  мүшесі  қызметін  атқарады.  Орны  жағынан, 
айқындауыш анықтайтын сөзінің алдында түрып қосалқы айқындауыш жасалады. Мысалы, Үлгілі ана 
Ұлжанды  да  мақтасатын  (Əуезов).  Қосалқы  айқындауышта  анықтайтын  сөзінің  алдынан 
298


анықтауыш  келетін,  анықтауыш  пен  айқындауыштың  орны  ауысатын  жағдайларда  кездеседі,  бірақ 
орны  ауысқан  жағдайда  предикативтік  қатынас  орнайды.  Анықтайтын  сөзімен  тең  түрып  келгенде 
қосарлы  айқындауыш  жасалады.  Мысалы,  Құнанбаев  мырза  (Əуезов).  Бұл  арада  екеуі  де 
айқындауыш болып келеді. Яғни мағыналас екі  сөздің тіркесі болып, бірін бірі толықтап түсіндіріп, 
зат  атауын  не  нəрсені  көрсетеді.  Анықтайтын  сөзінен  алшақ  тұрғанда  оңашаланған  айқындауыш 
жасалады.  Мысалы,  Тіпті,  былтыр  боқырауда,  күзем  үстінде,  қалаға  оқуға  кеткенде  дəл  осы 
қоныстан,  Есембайдан  кеткен  болатын  (Əуезов).Үтір,  көмекші  сөздер  арқылы  (деген,  əсірісе,  т.б.) 
байланысады.
 
Қорытындылай  келгенде,  біріншіден,  сөз  тіркесі  сөйлемге  талдау  жасаудағы  ең  негізгі  бірлік 
болып саналады. Бір тілде қамтылатын барлық құрылымдық қатынас сол тілдің сөз тіркесі аясында 
көрінеді.  Сөз  тіркесі  де,  сөйлем  де  сөздердің  тіркесіп  қолданылуынан  жасалады.  Сөз  тіркесінің 
жасалуы  үшін  оның  құрамындағы  сөздер  мағыналық  жəне  грамматикалық  жақтан  байланыста 
айтылуы  шарт.  Сөз  тіркесі  мəселесі  оның  қай  сөз  табынан  жасалуын  анықтаумен  шектелмейді, 
өйткені  сөз  тіркесі  құрамындағы  сөздердің  байланысу  тəсілдері  мен  формаларын,  олардың 
арасындағы  синтаксистік  қатынас  түрін  ажыратуымызды  қажет  етеді.  Сондықтан  айқындауыштық 
қатынасты білдіретін сөздердің тіркесін сөз тіркесі аясында зерттеудің маңызы зор деп айтуымызға 
болады.  Қазақ  тіліндегі  айқындауышты  сөз  тіркесі  туралызерттеулер  негізінен  дəстүрлі  грамматика 
негізінде  жүргізілді.  Сондықтан  айқындауышты  сөз  тіркесінің  құрамдық  бөлегіне,  құрылым 
заңдылығына, мағыналық түрлеріне ішкерілей зерттеу қажет.       
 
Əдебиет: 
1.
  Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері.  - Алматы, 1941.  - 27 б. 
2.
  Балақаев М., Сайрамбаев Т.Қазіргі қазақ тілі: Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. - Алматы: Санат, 
1997.  - 240 б. 
3.
  Күлкенова О. Айқындауыштардың анықтауыштардан жəне ұқсас мүшелерден өзгешеліктері // Қазақ тілі 
мен əдебиеті. Мақалалар жинағы. 6-шығуы. - Алматы, 1975. -55-58-б. 
4.
  Əуелбаев Ш. Пунктуацияның қиын мəселелері. Мұғалімдеріне арналған көмекші құрал. - Алматы, 1977. - 
88 б. 
5.
  Сыздықова Р., Неталиева Қ. Қазақ пунктуациясының ережелері // Халық мұғалімі. - 1961. - 46 б. 
6.
  Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы: Ғылым, 1967. - 80б. 
7.
  Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. - 681 б. 
8.
  Ан Шыңшан Қолданылмалы қазақ грамматикасы. – Үрімжі: «Шынжаң университеті» баспасы, 1988. – 25 
б. 
9.
  Яң  лин  Қазіргі  қазақ  тілінің  құрылымдық  ерекшелігі.  –  Үрімжі:  «Шыңжаң  жастар  өрендер»  баспасы, 
2002. – 133 б. 
10.
  Жаң Диңжиң. Қазақ тілі қолданылмалы грамматикасы. – Үрімжі: «Орталық ұлттар университеті», 2004. 
- 772 б. 
11.
 Кəрібай Əбдиса Қазақ тіліндегі сөз тіркестері жəне оның түрге бөлінуі // Шыңжаң университеті ғылыми 
журналы. – Үрімжі, 2006. - 15-19-б. 
12.
 Жау Ян Қазақ тілі сөз тіркестерінің ішкі құрылымдық түрлеріне талдау // Іле педогикалық университеті 
ғылыми журналы. – Іле, 2009.  - 13-20-б. 
13.
 Əміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. - Алматы: Мектеп, 1983. - 168 б. 
 
 
Султанова Н.,Кожанова К., Рыспанова А. 
С.Аспандияров атындағы  
Қазақ Ұлттық медицина университеті 
 
Медициналық оқу орнында шет тілі сабағында қолданылатын аутенттік мəтіндер жəне 
олардың сипаттамалары 
 
Жаңа заманның талаптарына орай,бəсекеге қабілетті, мəдениетаралық қарым-қатынас құзіреттілігі 
қалыптасқан,кəсіби  маман-дəрігер  даярлау  бүгінгі  білім  беру  жүйесінің  басты  да  негізгі  мақсаты 
екені  даусыз.Осы  мақсатты  іске  асыруда,ең  алдымен,  медициналық  жоғарғы  оқу  орнында 
медициналық  мəндегі  аутенттік  мəтіндерді  кəсіби  түрде  оқыту  арқылы  студенттердің 
мəдениетаралық  қарым-қатынас    құзіреттілігін  қалыптастыру  басты  назарда  болуы  тиіс.Зерттеу 
жұмысының өзектілігі де осы айтылғандарға  байланысты айқындалады. 
Медициналық  жоғарғы  оқу  орнында  студенттер  прагматикалық  мəтіндерді  (телехабар 
бағдарламалары,  тілін  оқып  отырған  елдің  картасы,  қала  жоспары,  сабақ  кестесі,  күнтізбек, 
кулинарлық рецепттер, афишалар, билеттер жəне т.б.), эпистолярлық мəтіндерді (жеке хат, əсемхат, 
газетке  хат  жəне  т.б.),    газет  жəне  журналдан  алынған  мəтіндерді  (хабарландыру,  публикация, 
интервью, үзінді, проспектілер, очерктер, статистика жəне т.б.), көркем əдеби шығармалар (өлендер, 
299


əңгімелер,  ертегілер,  қысқа  өңгімелер,  тақпақтар  жəне  т,б.),  сонымен  бірге  елтанушылық  жəне 
мəдениеттану  сипаттағы  публикацияларды,  жеке  тұлғалық  қатынастар  мəселелері    бойынша 
мəтіндерді жəне ауру  парағы,науқастың жеке карточкасы,рецепт,дəрігердің тағайындаулары сияқты 
мамандыққа байланысты мəтіндерді жетік түсіне білуі керек.  
Оқуға үйретуге арналған аутенттік мəтіндердің түп нұсқалық мəселесіне тоқталатын болсақ, соңғы 
кездері  шетел  тілін  оқыту  əдістемесінде  түп  нұсқалық  мəселесіне  көп  көңіл  бөлінуде.  Жалпы  түп 
нүсқалық  жəне  мəтіндік  материалдардың  түп  нұсқалығы  жайындағы  мəселе  бойынша,  пікірталас 
шетелдік жəне отандық əдістемеде 80-жылдың басынан бері жүргізіліп келеді. Шетел тілін оқытудың 
түп  нүсқалық  мəселесіне  ғалымдар  мен  педагог-практиктер  көп  көңіл  бөліп,  осы  ұғымды  əртүрлі 
тұрғыдан  карастырады.  Ағылшын  тілінен  аударғанда  бұл  сөз  «шын,  нағыз,  нақ»  дегенді  білдіреді. 
Шетел  ғалымдары  «шын»  деп  тілдің  оқу  мақсатында  емес,  сонымен  бірге  оку  процесінде 
қолданылуын есептейді. 
Оқу  процесінде  мұғалім  аутенттік  мəтіннің  коммуникативтік  функциясын  ескере  отырып 
пайдалануы  маңызды.  Мəтіннің  түп  нұсқалық  мəселесіне  келетін  болсақ,  коптеген  шетел 
зерттеушілерінің  еңбектерінде  аутенттік  мəтіндерге  байланысты  əртүрлі  терминдерді  кездестіруге 
болады.  Атап  айтсақ,  жартылай  түп  нұскалы  мəтіндер  (semi  authentic  texts),  редакциялық  өңдеуден 
өткен түп нұсқалы мəтіндер (edited authentic texts), оқуға бейімделген түп нұсқалы мəтіндер (roughly-
tuned  authentic  texts),  түп  нұсқалы  мəтіндерге  жақын  мəтіндер  (near-authentic  texts),  түпнұсқалы 
мəтіндерге  ұқсас  мəтіндер  (authentic-looking  texts)  жəне  т.б.Бұл  аталған  мəтіндердің  кейбіреуінің 
анықтамаларына тоқталсақ, мысалы, жартылай аутенттік мəтіндер – ол оқу мақсатына сай (қысқарту 
жəне компиляция жолымен) бейімделген мəтіндер. Бұл мəтіндердің көмегімен окушыларды сол тілде 
сойлеушілердің аутенттік сойлеу манерасына үйретуге болады. 
Редакциялық  өндеуден  өткен  аутенттік  мəтіндер-күрделі  грамматикалық  құрылымдары 
жеңілдетілген, түсінуді жеңілдету үшін жеке элементтері бар, таныс емес сездері көп емес мəтіндер 
жəне  т.б.  Сонымен,  аутенттік  мəтіндердің  негізгі  сипаттамаларына  келетін  болсақ,  əдістемелік 
өдебиеттерде  аутенттік  мəтін  қүрылымдық,  лексикалық-фразеологиялық,  грамматикалық, 
функционалдық түп нүсқалық белгілері бойынша ажыратылады  
Құрылымдық  түпнұскалық  мəтіннің  құрылу  ерекшеліктерімен,  логикасымен,  мазмүндық  жəне 
формальдық  тұтастығымен  байланысты.  Мəтінде  жеке  сөйлемдер  бір-бірімен  байланысты,  олар 
бірін-бірі  толыктырып  отырады.  Сөйлемдер  арасында  логикалык-грамматикалық  байланыстар 
орнатьшады,  тема-ремалық  тізбектер  мəтіннің  коммуникативтік  тұтастығын  көрсетеді.  Сонымен 
бірге  мəтіннің  тақырыбы  нақты  ақпаратты  түсінуге  жəне  болжауға  көп  көмегін  тигізеді.  Оқу 
мəтінінің  құрылымдық  түпнұсқалығы  мазмұндық,  формальдық  тұтастық  жəне  логикалық-
грамматикалық байланыстарымен сипатталады.  
Мəтіннің құрылымдық түпнұсқалығы онымен жұмысты, ең алдымен, тақырыптан бастауға, мəтін 
мазмұнын  алдын-ала  болжауға  жақсы  мүмкіндік  туғызады,  сондыктан  екінші  шетел  тілінде  окуға 
үйретуде  алдын-ала  болжауға  байланысты  əртүрлі  жаттығулар  жасалуы  тиіс.  Сонымен  бірге  оқуға 
үйретуде  маңызды  лингвистикалық  ерекшеліктердің  біріне  жататын  коннекторлар  аутенттік 
мəтіндерде көп кездеседі. Олар қарама-қарсы, себеп-салдар жəне басқа да логикалық байланыстарды 
көрсетеді.  Ол  мəтіннің  логикалық  тұтастығын  құрайтын  сөйлемдерді  біріктіріп,  автордың  ойын 
байқауға  комектеседі.  Тақырып  белгілі  бір  ақпаратты  қабылдауға  назар  аудартып,  болжам  жасауға 
көмегін тигізеді.  
Аутенттік  мəтін  оқушыларды  сол  тілдің  лексикасымен,  фразеологиясымен  таныстыруға  жəне 
онымен жүмыс жасауға жақсы мүмкіндіктің бірі екені белгілі. Əсіресе, нақгы мысалдармен тіларалық 
айырмашылықтарды  көрсеткен  жөн.  Лексика  мен  фразеологияны  іріктеудің  негізгі  критерийлері 
болып  кез  келген  бірліктің  түпнұскалығы  жəне  оның  жиі  қолданылуы  табылады.  Окушыларды 
əртүрлі  тематика  мен  əртүрлі  стильге  жататын  аутенттік  лексикамен  таныстыруға  болады.  Тілдің 
ерекшеліктері  болып  анықгалатын  фразеологиялық  тіркестердің  ұлттық  өзгешелігі  бар,  сондықтан 
оны түсіну қиынға түседі, дегенмен, оку мəтінінің мəнерлілігін, өзіндік бір сипатын көрсету үшін ол 
аса қажет. Мəтіндердің түпнұсқалығын жоғалтпау үшін фразеологизмдерді дүрыс іріктеудің маңызы 
зор.  Макал-мəтелдермен,  фразеологизмдермен  таныс  болу  окушылардың  аутенттік  тілдік  мінез-
құлық дағдыларын қалыптастырады, ал ана тілі немесе бірініші шетел тілін салыстыру пəнге деген 
қызығушылығын арттыра түседі. Екінші шетел тілін оқытуда ана тілі, бірінші шетел тілі жене екінші 
шетел тілінің ұлттық өзгешеліктерін аутенттік мəтіннің лексикасы, фрезеологиясы арқылы салыстыра 
отырып  окуға  үйретуге  жақсы  мүмкіндіктер  бар.  Тіл  ерекшеліктерін,  ұлттық  өзгешеліктерді 
көрсететін фразеологиялармен жұмыс ерекше ұйымдастырылуы керек. Ана тілі, ағылшын жəне неміс 
тілдерінің  жалпы  жəне  ерекше  белгілеріне  окушылардың  назарын  аудара  отырып,  мұғалім 
окушылардың  шетел  тіліне  аналитикалық  тұрғыдан  карауын  əдетке  айналдырады.  Тұрақгы  сөз 
тіркестері, фразеологиялық бірліктер мəтінге ұлттық өзгешелік пен түпнұсқалық өң береді. 
300


Аутенттік  мəтіннің  функционалды  түпнұсқалығы  лингвистикалық  қүралдарды  іріктеудің 
шынайылылығын көрсетеді. Шетел тілін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі белгілі бір жағдаятта 
окушылардың  өз  ойын  айтуда  қажетті  сөзді  немесе  сойлемді  тандау  қабілеттілігін  меңгеру  болып 
табылады. Орынсыз қолданылған сөз немесе сөйлем түсінуге кедергісін тигізбесе де, шетел тіліндегі 
сөзді немесе сөйлемді түп нұсқасыз етеді.      Оқулықтарғаəртүрлі стильдегімəтіндер енгізілуі тиіс. 
Аутенттік  ауызекі  сөйлеуде  толық  айтып  жеткізбеушілік,  қысқартылған  формаларды  қолдану  оның 
шынайылылығын анықтай түседі, сондықтан функционалды аутенттік мəтінмен жұмыс оқушыларды 
тілді шынайы жағдайларда қолдана білуге үйретеді. 
Мəтіннің  түпнұсқалығы  айтылымдардың  лексикалық-фразеологиялық  жəне  грамматикалық 
түпнұскалық  сипаттамаларына  сай  келуін  ескеріп  қоймай,  сонымен  бірге  мəтіндердің  мазмұндық 
жағына, яғни, ақпараттың жаңалығы мен практикалық құндылығына баса назар аударылуы тиіс. Бұл 
міндетті  шешу  үшін  əртүрлі  мəтіндерді  қолдану  керек,  яғни,  елтанушылық,  көркем  əдеби жəне  т.б, 
өйткені  окушылар  мұндай  мəтіндерді  үлкен  қызығушылық  таныта  отырып  құлшыныспен 
қабылдайды.  Ақпараты  мол  мəтіндер  кең  танымдық  міндеттерді  шешуге  бағытталған,  əсіресе, 
жоғары  сынып  окушылары  оқитын  елтанушылық  мазмұндағы  мөтіндер  өзінің  ақпараттылығымен 
ерекшеленеді. 
 
 
Зарлықова Қ. 
Қ.Сəтбаев атындағы ҚазҰТЗУ лекторы 
 
 «Адам» ұғымының өзектелуі  
 
Тілдік  санада  адамның  біртұтас  бүтін  болмысы  рационалды  ұғымдар  аясындағы  материалистік, 
идеалистік, нақты əрі бейнелі, ғылыми, тұрмыстық, реалистік жəне қарабайыр, аңғал (қиял) таным-
түсініктердің  кешені  ретінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  адамдардың  этномəдени  бірігуі  негізінде 
қаланған  субъективті-бағалауыштық,  бейнелі,  экспрессивті  мəндердегі  адам  туралы  ұғымдардың 
кешені  ретінде  түсініледі.    «Адам  туралы  бүтін  ұғым  қалыптастыру  ол  туралы  ақпараттардың 
үйлесімділігі  мен  үйлесімсіздігінің  бірігуіне  байланысты.  Бүтінділіктің  басты  белгісі  –  бірліктің 
қарама-қайшылығы.  Бүтінділік,  біртұтастықтың    қарама-қайшы  болуы  мүмкін  емес,  себебі  екі 
дүниені бір-бірімен теңестіретін, өзара байланыстыратын нəрсе – қарама-қарсы полюстер».  
Адам бейнесінің бүтіндігі уақыт пен кеңістік аясында жиналған идеялар мен сезімдер, ойлар мен 
таным-түсініктер тоғысының мөлшерінен жоғары болады, оны түсінудің, ұғынудың үйлесімдігі мен 
тұтастығы туындайды. Адам бейнесін қалыптастыратын көптеген параметрлер мен қасиет-белгілерді 
айқындауға  негізделген  көпаспектілі  тəсілдер  Н.Д.Арутюнова,  Ю.Д.Апресян,  А.А.Уфимцева, 
Г.В.Колшанский, Г.А.Золотова, М.П.Одинцова, Л.Б.Никитина, Г.Н.Скляревская, В.В.Морковкин т.б. 
еңбектерінде көрініс береді.  
Адам  бейнесін  барынша  кең,  жаһанды  сипатта  таныту  үлгілері  М.П.Одинцованың  жəне  оның 
ізбасарларының (Л.Б. Никитина, Н.А. Седова, Н.Д. Федяева, О.В. Коротун) еңбектерінде ұсынылған. 
Олардың  тұжырымдамаларында  адам  өздігінше  дамитын  жүйе  ретінде  жəне  одан  да  жоғары 
деңгейдегі өздігінше дамитын басқа жүйенің элементі ретінде суреттеледі. Адам туралы рационалды 
ұғымдар  ол  туралы  мифопоэтикалық  таным-түсініктерден  (субъективті-бағалауыштық,  бейнелі, 
экспрессивті  мағыналардан)  туындайды.  Демек,  адам  əлемнің  бір  бөлшегі  бола  отырып,  өзін  соған 
теңестіре  таниды;  қарапайым  санада  жəне  тілдік  менталитетті  адам  бүкілəлеммен  өлшенеді  жəне 
ассоциаланады,  яғни,  оның  негізгі  орталығы  болып  теңеледі.  Бұған  қоса,  «адам,  болашақ 
универсумның  кіші  бөлігі,  өзін  өзі  субъективті  жəне  объективті,  күтілген  жəне  кездейсоқ,  тұрақты 
жəне  ауыспалы,  ішкі  жəне  сыртқы,  түрлі  деңгейде  таралған  кеңістіктер  байланысы    аясындағы 
ғаламдық  бүтін  адам  болмысына  тəн  детальдардың,  қасиеттер  мен  белгілердің,  мінездер  мен 
параметрлердің, қызметтер мен ипостасьялардың күрделі жиынтығы» ретінде таниды. Демек, адам – 
субъект – екі əлемнің орталығы – физикалық (сыртқы) жəне рухани (ішкі)» ретінде танылады». 
Адамның тілдік бейнесі мəселесі ұлттық жəне мəдени құндылықтардың көрінісі ретінде дүниенің 
тілдік бейнесі (ДТБ) ұғымымен тығыз байланысты.Бұл тіл біліміндегі когнитивтік-антропологиялық 
бағыттың  іргелі  ұғымдары  болып  табылады.  Лингвоантропологияның  негізгі  пəні  –  адамның  тілдік 
бейнесі жəне оның түрлі деңгейде, түрлі рөлде, түрлі болмыста көрінуі. Ал оның негізгі əрі маңызды 
орталығы – дүниенің тілдік бейнесі (ДТБ). Адамның тілдік образы –  белгілі бір тілдің құрылымымен, 
ерекшеліктерімен,  бүкіл  семантикалық  бірліктер  жүйесімен  объективтенген  адам  туралы  таным-
түсініктердің  сұрыпталған  маңызды  мəндерінің  жиынтығы.  Ол  басқа  дүние  бейнелеріне  қатысты 
образдардың  көмегімен  концептіленеді,  оның  ішінде  дүние  бейнесінің  техникалық  мəндегі 
үзіктерінен туындайтын техницизмдер арқылы да танылады.   
301


Когнитивті-антропологиялық 
бағыт 
(лингвоантропология) 
В.фон 
Гумбольдтің 
мына 
тұжырымдамасынан туындаған болатын: «Тіл тек қарым-қатынас көрінісінің өнімі ғана емес, сондай-
ақ  ол  адамның  тілдік  санасын,  ұжымның  тілдік  санасын  қалыптастыратын  сөйленіс  əрекет  болып 
саналады». Тілдің бойында дүниетанымдық ақпарат, ой жүйесі жатыр. Сонымен қатар ол сол дүниені 
танытуда  белсенді  рөл  атқарады  əрі  оны  жүзеге  асырады.  Себебі  əрбір  бірлігінің  бойындағы 
семантикада  (мағынада)  осы  ақиқат  дүние  ақпаратын  сақтайды  жəне  дүниеге  деген  əртүрлі 
«көзқарасты»  ұрпақтан  ұрпаққа  тасымалдайды.  Ал  көзқарас  ретінде  жиналған  ақиқат  дүниенің 
бейнелері  сол  тілді  тұтынушы  не  сөйлеуші  адамның  балалық  шақтан  жинақтаған  жетістігі  деп 
танылады.  Демек,  тіл  «халық  рухының  сыртқы  көрініс  болмақ»  [1].  «Тіл  –  адам»  екі  негізгі  ұғым 
төңірегіндегі  зерттеулер  аспектілерінің  өзара  байланысын  танытатын  терминологиялық  анықтама 
мынадай  бағытқа  негізделеді:  тілдік  тұлға  (Ю.Н.Караулов)  тілдік  бірліктер  мен  оның  құрылымы 
арқылы адамды танытушы əрі тілдегі адами фактор ретінде, дүниенің тілдік бейнесі ретінде, ДТБ-гі 
адам  бейнесі  ретінде  ұғынылады    (Ю.Д.Апресян,  Б.А  Серебренников,  Н.Д.Арутюнова,  В.Н.Телия, 
Э.Бенвенист, В.В. Колесов, М.П.Одинцова, Е.В.Урысон и др.), себебі тілдік тұлға адамның дүниені 
қабылдау, тану, ұғыну, сезіну, ой елегінен өткізу, тəжірибе алу нəтижелерін көрсетеді.  
«Дүниенің тілдік бейнесі» жəне «адамның тілдік бейнесі» деген ұғымдарды логикалық тұрғыдан 
алғанда  когнитивтік  категориялар  мен  оның  құрылымы  ретінде  таным  құралдары  мен  тəсілдері 
ретінде  қарастырған  дұрыс.  Сондай-ақ  дүние  бейнесін  танытатын  тіл,  яғни,Гумбольдтің  айтуынша 
«халық  рухын»,  халықтың  (ұлттың)  дүниетанымын  жаңғыртатын  тіл  осындай  зерттеулерде  қай 
қырынан  танытатынын  зерттеген  дұрыс.  Бұндай  зерттеулер  когнитивтік  лингвистиканың  негізгі 
қағидаларына  келіп  тіреледі      (А.Н.Баранов,  Д.О.Добровольский,  А.А.Кибрик,  B.C.Кубрякова, 
Р.И.Розина,  З.Д.Попова,  И.А.Стернин  и  др.),    себебі  «тілдік  форма  –  когнитивтік  құрылымдардың 
көрінісі,  яғни,  адами  сананың,  адами  мен  ойлау  мен  таным  құрылымдарының  айқын  көрінісі»  [2, 
126]. Ал осы когнитивтік құрылымдар дүние туралы біздің білімімізді модельдей отырып, тіл арқылы 
жарыққа  шығуын  реттей  отырып,  когнитивтік  процесстер  мен  тетіктердің  (механизмдердің)  еркін 
жүзеге асуына мүмкіндік береді [3].   
Өзекті мəселелерді ұсына отырып, оны шешудің теориялық ережелеріне назар аударамыз. Қазіргі 
таңда аталмыш мəселені оңтайлы шешу үшін мынадай міндеттерді орындау қажет: 
– ДТБ-дегі адам бейнесі ұғымының «қарапайым» анықтамасын айқындап алу; 
–  тілші-ғалымдардың  еңбегінде  қарастырылған  адамның  семантикалық  өрісі  туралы 
анықтамаларға сүйене  отырып, ДТБ-дегі адам  бейнесінің  басты  параметрлері  мен  белгі-қасиеттерін 
белгілеп алу; 
– оның жүйежасаушы, айқындаушы оппозициясын нақтылау.  
Таным  нысаны  ретінде  адам  ұғымының  өзектелуі  туралы  Тейяр  де  Шарден  былай  деп  жазады: 
«адам екі себепке байланысты ерекшелене алады: біріншіден, адам өзін жеке тұлғалық, əлеуметтік, 
яғни,  синтетикалық  күйді  танытады,  осы  белгісі  арқылы  оның  универсум  екенін  аңғарамыз, 
екіншіден,  осы  универсум  тіндері  (тканьдері)  арқылы  адам  қалыптасады»  [4].  Оның  ойынша,  осы 
себептердің  күшімен  «адамды  танып  білуге  болады,  адам  əлемі  қалай  қалыптасады,  ол  əрі  қарай 
қалай дамуы керек деген сұрақтарды анықтауға мүмкіндік туады», себебі «адам бойында біз танып-
білген ақиқат дүниенің барлығы сақталады, тіркеледі , сондай-ақ адам «əлемнің статикалық орталығы 
емес, эволюцияның осі, шыңырау шегі» [4, 19].  
«Адам»  ұғымын  білдіретін  құбылыстар  эмпирикалық  сипатта,  бірақ  оған  анықтама  беру,  яғни, 
эмпирикалық  мəндеріне  шектеу  қойып  көрсету  өте  қиын.    Осы  тұрғыдан  алғанда,  адамның  өзі 
анықталуы  шексіз  болмыс  деп  танылады.  Адамның  қазіргі  ғылыми  тұжырымдамасы  үш  негізгі 
ережеге  сəйкес  анықталады,  сол  ережелер  арқылы  адамның  шынайы  болмысы  айқындалады:  а) 
əлеуметтік;  б)  заттық-əрекеттік;  в)  əмбебаптық.  Адам  мəнін  білдіретін  осы  философиялық 
анықтаманың  екіжақты  байланысы  адамның  бүтін  болмысын,  яғни,  адамзаттық  əлемнің  бүкіл 
қасиеттері  мен  белгілерін  жинақтап  көрсететін  тұтас  адам  бейнесін  құрайды.    Адам  деген  не  деген 
сұраққа  келетін  болсақ:  Адам  –  бұл  триада,  яғни,  тəнді,  тəнге  қарама-қарсы  ұғымда  қолданылатын 
жанды,  жеке  тұлғаның  ішкі  рухын,  яғни,«адамның  тек  материалды  əлеммен  ғана  емес,  сондай-ақ 
идеялық мазмұнымен байланыстыратын» құрайтын үштік.  
Адам  сан  салалы,  əржақты,  сан  алуан  байланыстар  мен  қатынастарға  сіңіскен  жəне  ақиқат 
болмыспен тікелей қарым-қатынасқа түскен, бірақ ол жеке дара біртұтас дүние ретінде өмір сүреді, 
яғни,  бүкіл-əлемдік-тарихи  процестің  субъектісі  ретінде  тіршілік  етеді.  Оның  тіршілік  етудегі  мəні 
шексіз жəне    өзін  өзі  таныту  əрекеті де еркін. Тілші-ғалымдардың  ойынша,  тілдегі  адам бейнесінің 
сипатты  белгілері  оның  концептуалды  дүние  бейнесіне  қарағанда,«қарабайыр,  аңғал»  дүние 
бейнесіне жақын келуінде. өйткені адам санасындағы шынайы таным-түсініктер оның ішкі қияли ой 
əлемімен  байланысып  жатады.  Адамның  тілдік  бейнесі  –  ДТБ  басты  үзігі.  Бұл  белгілі  бір  тіл 
ережелері  мен  құрылымы,  семантикалық  бірліктер  жүйесі  арқылы  объективтенген  адам  туралы 
барлық таным-түсініктердің бір ортаға шоғырлануы, сондай-ақ ол сөздікте белгіленген концептуалды 
302


ақпараттармен ғана анықталып қоймайды, мысалы, адам ойлай алатын, сөйлей алатын, қоғамда өмір 
сүру құралын өндіре алатын жəне оны пайдалана алатын тірі болмыс деп түсініліп қоймайды.  
Əлемнің  бір  бөлшегі  ретіндегі  адамның  мəдени  құндылығы  ол  адамды  қай  қырынан  зерттеу 
қажеттілігі  тұрғысынан  анықталу  негізінде  өлшенеді  (параметрленеді).  Мəдени  тұрғыдан  зат 
маңызды болған сайын, оның параметрлері де көп болады. Бұл жерде адам ең жоғары дəрежелі биік 
орынға ие: əлемдегі еш бір зат адам секілді өлшенген  (параметрленген) емес. Əрбір тілдегі жүздеген 
сөздің  өзі    «адам»  ұғымының  атауын  білдіреді,  бірақ  əрқайсысы  əртүрлі  параметрде  бейнеленеді; 
параметр (өлшем) əр деңгейде көрініс беріп, өзінің сан алуандылығымен ерекшеленгенмен, ол үнемі 
жүйелі жəне иерархиялы сипатта танылады: осылайша анықтаушы, жүйежасаушы оппозициялардың 
қатарын  анықтауға  болады,  біріншіден,  ұлттық  ұжымдық  ойлау  əрекетінің  дихотомиялық  сипатта 
болуы жəне екіншіден, ДТБ-дегі адам бейнесінің көпқырлы болуы: субъект – объект, физикалық – 
рухани,  сыртқы  –  ішкі,  материалды  –  идеалды,  көзге  көрінетін  –  көрінбейтін,  биологиялық  - 
əлеуметтік,  əлеуметтік  –  индивидуальді,  интеллектуалды  –  эмоционалды,  табиғи  –  жасанды, 
кеңтаралымды  –  таралмаған,  тұрақты  (абсолютті)  –  уақытша  (қатыстық),  жоғарғы –  төменгі, 
оң  –  сол,  хаосты  –  жүйелі,  мейірімді  –  қатыгез,  өзім  –  өзге  т.б.    Бұнымен  қоса  параметрлер  өзара 
жалпы жəне жалқы деп сəйкестендіріледі жəне əрбір параметрге  адамның бойындағы қасиеттер мен 
белгілердің жиынтығы үйлеседі. Мысалы, биологиялық параметрге адамның сыртқы дене бітімі мен 
ағза  мүшелерінің  сыртқы  жəне  ішкі  бөліктері  сəйкестендіріледі,  əлеуметтік  параметрге  –  адамның 
мамандығы мен кəсібіне қатысты белгілері (геолог, дəрігер) сəйкестендіріледі, туысқанды жəне басқа 
да қатынастарына қарай (қызы, əкесі, бастығы)  параметрлері анықталады. Бұл жерде жүйежасаушы 
оппозициялар бүтін – бөлшек, «сыртқы» жəне «ішкі» құрылымдарға негізделіп тұр. Осы параметрлер 
адам  бейнесін  жасаудағы  аса  маңызды  өлшеуіш  белгілер  болып  саналады.  Негізгі  тірек  сөз-
ұғымдардың,  яғни,  біріншіден  –  параметр  ұғымы,  екіншіден  –  ипостась  (белгі)  ұғымдарының 
семантикалық қатыстылығын анықтауға ерекше көңіл бөлейік. Сондай-ақ семантикалық кеңістік пен 
«адам» деген семантикалық өріс ұғымдарын да анықтап алған жөн. 
«Параметрлер»  деп  біз  адамның  жалпылама,  жіктелінген  белгілерін  атаймыз,  ал  ипостась  деп 
белгілі бір əлеуметтік рөлін, адамның басқа қырынан танылған қасиетін «бетпердесін» атаймыз. Ал 
белгілі  бір  бүтін  дүниенің  бөлшегі  деген  ұғымның  мазмұны  кең  əрі  терең:  ол  бөлшектің  (бөліктің) 
өзін  танытады,  ал  параметр-бөліктер  мен  ипостась-бөліктерін  түсіндіретін  болсақ,  адамның  жалпы 
ішкі  немесе  сыртқы  бөліктерін  түгелдей  сипаттап  танытуға  болады,  тіпті  адамның  ойы  мен 
сөйленісіндегі  бөліктерді  де,  əрекеті  мен  қызметіндегі  бөліктерді  де  атауға  болады.  Демек,  тілдің 
семантикалық  кеңістігін  анықтайтын  З.Д.Попова  мен  И.А.Стерниннің  тұжырымдамасына:  «бұл 
белгілі бір тілдік жүйенің тілдік таңбаларымен берілетін мағыналардың реттелген жиынтығы» сүйене 
отырып жəне жоғарыда аталған  анықталамалрды ескере отырып, «адам» деген тілдік семантикалық 
кеңістікті  біз  былайша  қарастырамыз:  «ол  тілдің  барлық  семантикасымен  объективтенген  адамның 
бүкіл  қоршаған  əлемі  жəне  ақиқат  дүниені  адами  деңгейде  танып  білу  кеңістігі.  Бұл  кеңістік 
лексикалық  сондай-ақ  грамматикалық  мағыналармен  жүзеге  асады,  яғни,  тілдік  жəне  сөйленіс 
құралдары  арқылы  –  семантикалық  бірліктер  мен  категориялар,  ережелер  мен  тəсілдер,  тіл  мен 
мəтіннің  құрылымдары  мен  стереотиптері  арқылы,  айтылмақ  ойды  жарыққа  шығаратын  барлық 
типтенген  құралдар  арқылы    жəне  тілдік  жүйе  деңгейіндегі  адам  ұғымын  сипаттаушы  құралдар 
арқылы  бейнеленеді.  Сондай-ақ  семантикалық  өріс  арқылы  (біздің  ойымызша  зерттелетін  өріс 
бірлігінің  сандық  құрамын  көрсететін  макроөріс  терминін  қолданған  дұрыс)  анықталады.  Өзінің 
барлық өрістік жүйесімен, сипаттамаларымен, критерияларымен ерекшеленетін семантикалық өрістің 
негізін бірқатар ғалымдар қалаған болатын».  
«Адам» ұғымының жоғары деңгейдегі өрісінің құрамы көп жəне ішкі құрылымы да біржақты емес, 
яғни,  түрлі  деңгейдегі  лексика-семантикалық  топтар  мен  ішкі  топтар  жиынтығы  ретінде  көрініс 
табады,  ол  ядролы  жəне  перифериялық  құрылымда  анықталады.    Біз  осы  макроөрістің  əбден 
толыққан  жəне  аяқталған  құрылым  үлгісін  ұсынып  отырмыз;  бұл  жерде  біз  үшін  ең  бастысы  оның 
сыртқы  шегі  мен  ішкі  шегі  лексико-семантикалық  топтағы  (ЛСТ)  айырым  (дифференциалдаушы) 
семалар  негізінде  қалай  көрініс  беретінін  жəне  ол  техницизм  көмегімен  ЛСТ  құрамында  қалай 
өлшенетінін (параметрленетінін) анықтау.  
Өріс  ядросы    «адам  немесе  адамның  бір  бөлшегі»  деген  интегральді  семаны  эксплицитті 
танытатын  кең  қолданыстағы  сөздерден  құралады.  Бұл  атау  денотативті  бір  нысандар  класына 
жататын, яғни,«адам» денонтативті нысанын тура жəне жанама бейнелейтін  ақиқат дүниеге жатады. 
Жалпыдан  жекеге  түрлі  деңгейде  бағытталу  жолдарын  мынадай  көптеген  субөрістер  мен 
микроөрістер арқылы бөлуге болады, олардың құрамында бүтін адам немесе оның ипостасін жарыққа 
шығаратын  айырым  компоненттер  көрініс  береді:  «бүтін  адам»  ЛСТ  құрамына  адам  атауын 
жалпылама толықтыра түсетін ақпараттар мына белгілермен анықталады, мысалы, жынысына қарай: 
еркек,  əйел;  жас  ерекшелігіне  қарай:  қария,  бала,  əлеуметтік  мəртебесіне  қарай:  мұғалім,  оқытушы 
303


т.б.  ал  оған  қарама-қарсы  қойылатын  «жеке  адам»  ЛСТ    мағынасы  «физикалық»  жəне  «физикалық 
емес» семалармен анықталады.  
ЛСТ  құрамындағы  «адамның  физикалық  бөлігі»,  біріншіден,  адамның  физикалық  мүшелерінің 
жалпылама  атаулары:  дене  (тəні),  дене  терісі,  тері,  ағза,  екіншіден,  адамды  сипаттайтын  биолог-
физиологиялық параметрлер: бойы, салмағы, қан қысымы, жүрек соғысы, тынысы, көру қабілеті т.б. 
үшіншіден,  адамның  дене  мүшелері  мен  ағзалары.  Оны  Ф.О.  Вакк  еңбегінде  соматикалық  атаулар, 
соматизмдер  деп  атайды  (грек  тілінен  алғанда  Soma  -  «тело»).  Соматизмдер  «ағзалар»  ЛСТ-на 
бөлінеді,  онда  адам  ағзаларының  мүшелері,  яғни,  адамға  қажетті  арнайы  қызметтерді  атқаратын 
орган атаулары енгізілген: өкпе, ауыз жəне адам ағзасына жатпайтын, бірақ адам тəнінің бір бөлшегі 
болып саналатын атаулар жатады: 1) адамда болуы аса міндетті емес мүше атаулары: секпіл, таз, мең, 
қал иегіндегі ойық ұя; 2) адам тəнінде міндетті түрде болатын жəне бола бермейтін өсінділер: сақал 
мұрт, қас, кірпік, шаш, шаштың бірнеше үлгілері: бұрым, кекіл; 3)  нормадан ауытқыған адам тəнінің 
сыртқы  бөліктері  мен  болуы  аса  міндетті  емес  патологиялық  мүшелер  атауы:  жара,  бүкір,  сүйел, 
ноғала, ақ дақ.  Одан əрі қарай, «ішкі-сыртқы» сема негізінде мынадай мүшелер атауы жіктеледі: 1) 
«сыртқы  физикалық  мүшелер»  ЛСТ:  құлақ,  көз,  қол,  аяқ;  2)  «ішкі  физикалық  мүшелер»  ЛСТ:  тіл, 
жүрек,  асқазан,  өкпе,  ми;  3)  «сыртқы  физикалық  мүшеге  жатпайтын  белгілер»  ЛСТ:  бел,  иек,  бет, 
мойын;  4)»ішкі  физикалық  мүшеге  жатпайтын  белгілер»  ЛСТ:    өт,  қан,  сілекей,  қантамырлары. 
Аталмыш  соматизмдердің  ерекшеліктері  олардың  метонимиялық  қолданысы  болып  табылады, 
мысалы, оларды былайша атауға болады: 1) мүше ретінде де немесе мүше емес ретінде де (кеуде); 2) 
ішкі ағза ретінде немесе адам тəнінің ішкі «бөлігі» ретінде (бет сүйегі). Бұл төрт ЛСТ біріге отырып « 
нақты  сыртқы  физикалық  мүшелер/мүше  еместер»  ЛСТ  құрайды.  Ол  «ішкі  кейпінің  жалпылама, 
абстрактілі  атауы»  ЛСТ-на  қарама-қарсы  қойылады.  Олардың  құрамына:  кейпі,  бейнесі,  сыртқы 
пішіні, бітімі, көлеңкесі, дене пішіні т.б. атаулары енеді.  
«Физикалық  емес  мүшелер»  ЛСТ-на  идеалды  табиғаты  бар  мүше  атауларын  былайша  шартты 
түрде  енгізуге  болады:  1)  психика:  жүрек, жан,  сана,  ішкі  сана,  ақыл,  зерде,  пайымдау,  жады,  ерік, 
рух,  ар-ождан;  2)  фантомды:  мүйіз,  қанат  т.б.  жəне  мүше  еместер:  1)  адамның  физикалық  емес 
жалпылама,  абстрактілі  мүшелері:  іш,  құрсақ,  ішкі  əлем;  2)  психикалық  тұрақтылық  атаулары:  (ой, 
сезім,  эмоционалды  күй  мен  қасиет,  көзқарас,  мінез  белгілері):  қорқыныш,  сағыныш,  үрей,  өкініш, 
қуаныш,  ж.үрек  айну,  ауырсыну,  интеллект,  шыдам,  əділдік  т.б.  3)  заттанған  əрекеттер  мен 
белгілердің атауы: қадам, жүріс, сөйлеу, ым, ишара, күлкі, көзқарас, манера, құлық, қылық, сұлулық, 
келбет  т.б.  4)  заттанған  жады,  түсі,  қиял  бейнелері,    қиялдан  туған  жəне  адамның  ішкі  əлемінде 
қалыптасқан тірі заттар мен құбылыстардың  атауы; 5) адамның əлеуметтік тұрақтылығын білдіретін 
атаулар  (есімі,  ипостасі,  құқығы,  міндеті);  6)  адамның  уақытша  тұрақтылық  белгілерін  білдіретін 
атаулар: уақыт, махаббат, жастық, кəрілік, жас, өмір.  
Адамның  метариалды  емес,  ішкі  əлемінің  тілдік  бейнесін  сəтті  қалыптастырудың  оңтайлы 
жолдарын  ашу  төңірегінде  көптеген  басы  ашылмаған  сұрақтар  қалып  отыр.  Себебі  бұл  жайында 
тілші-ғалымдардың  біржақты  концептуалды  бірлігі  болмай  отыр.  Отандық  лингвоантропология 
тəжірибесін  сараптай  отырып,  Е.В.Коськина  адамның  ішкі  əлеміндегі  тілдік  бейнені  зертетудің  үш 
қосымша  тəсілін  ұсынады:  «бұл  дүниенің  бейнесі  былайша  танылады:  1)  «анатомия»  мен 
«физиологияның»  қарабайыр,  аңғал  бейнесінің  үзігі  ретінде»;  2)  микрокосм  ретінде;  3)  «өзге 
санадағы бейнелі грамматика ретінде» [5, 68-89]. Бірінші тəсіл адамды «оның сыртқы бейнесіне қарай 
отырып» ішкі əлемін зерттеуге бағытталады, бұл жерде көзбен көру (визуальді) арқылы қабылданған 
ұқсастықтар  басты  рөл  атқарады.    «Бұл  жерде  адамның  «ішкі  əлемі»  оның  күрделі  ағза  жүйесінің 
«рухани» өмірін» танытады (жүйе жəне ішкі жүйе).  
Макрокосм  ретіндегі  адамның  «ішкі  əлемін»  зерттеп,  талдай  отырып  (екінші  тəсіл  бойынша), 
Е.В.Коськина  мынадай  бейне-метафоралар  қатарын  ажыратып  көрсетеді  (олардың  көмегімен  біз 
абстрактілі ұғымдарды түсінеміз)   жəне «физикалық ақиқат аналогы ретіндегі» адамның ішкі əлемін 
танытатын модельдер типін ажыратып көрсетеді:  Физикалық əлем нысандарының тобын анықтайды: 
əлемнің  негізгі  құбылыстары,  адам,  ас-тамақ,  су  т.б.  үшінші  тəсілді  талдай  отырып,  автор  «өзге 
сананың  бейнелі  грамматикасын»  кең  тұрғыдан  қарастыру  керек  дейді:  агенс,  кеңістік,  пациенс 
категорияларымен шектелмей, психиканы қалыптастыратын концептуалдау көздерін де: адамзаттық, 
жануар, өсімдік əлемін де қоса анықтау керек.   
Бүтін адам бейнесінің параметрлерін логикалық негізде толықтай анықтап берген Н.Д.Арутюнова: 
«адамның  ішкі  қасиеттері  мен  белгілерін,  ипостасін  таңбалауда  тіл  аса  мұқияттылықпен 
қолданылады»  [6,  5];  бұған  «адам»  сенатикалық  өрісі  мен  одан  туындайтын  «ішкі  адам»  жəне 
«сыртқы адам» семантикалық өрістерінің жеке қарастырылуы дəлел бола алады. Бұл жерде ядролық, 
перифериялық  шектерін  есептемегенде.    Егер  ядролық  лексемалар  тілдің  сөздік  қорына  енген  адам 
туралы  физикалық  (тəн  мүшелері,  ағзалары)  жəне  идеалды,  рухани  мəндерін  (квазимүшелерін) 
танытатын лексемалар болса,  онда жақын  периферияларға    «адам»,  «сыртқы келбеті»,  «ішкі  əлемі» 
сияқты  семаларды  танытатын  лексемалар  жатады.  Бірақ  бұлар  коннотативті  сипатта  болады.  Бұл 
304


сөздер  бағалауыштық-ауызекі  сөйленіс,  пейоративті  коннотациялар  болып  табылады.  Сондай-ақ 
периферия  құрамына  метафоралық,  перифраздық,  стилистикалық  маркерленген  (таңбаланған) 
жалпықолданыстағы эквивалент сөздер жатады. Бұндай жағдайда адамның айналақ қоршаған əлемді 
тану деңгейі мен бақылау, қабылдау қабілеті  айқын көрініс береді. Көп жағдайда адам немесе оның 
мүшелері ұғымының екінші атауының орнына заттық атаулар, өсімдік пен жануар əлеміндегі атаулар 
«кірігіп» қызмет атқарады.  
Сонымен,  бейнелі  лексемалар,  екінші  аталым  техницизмдерге  қарағанда  ұлттық-мəдени  ойлау 
нəтижесін сапалы əрі тура бейнелей алады. Адам мен оның мүшелері ұғымын  техницизмдер арқылы 
концептілеу – бұл ДТБ-дегі адам бейнесін танытатын аспектілердің бірі болып саналады. Дегенмен, 
бүгінгі күнге дейін бұл мəселе тіл білімінің зерттеу нысаны бола алмай отыр.  
 
Əдебиет: 
1.
  Гумбольдт Вильгельм фон. Избранные труды по языкознанию. - М.: Прогресс, 1984. — 397 с. 
2.
  Кибрик А. А., Плунгян В. А. Функционализм // А. А. Кибрик, И. М. Кобозева, И. А. Секерина 
(ред.). Фундаментальные направления современной американской лингвистики. Сборник обзоров. —
 М.: Издательство МГУ, 1997. - С. 276-339. 
3.
  Кубрякова Е.С.  Основы морфологического анализа. – М., 2007. – 320.  
4.
  Тейяр де Шарден П. Феномен человека. - М.: Наука, 1987 
5.
  Коськина Е.В. Внутренний человек в русской языковой картине мира (Образно-ассоциативный и 
прагмастилистический потенциал семантических категорий: дисс. ... канд. филол. наук : 10.02.01. - Омск, 2004.- 
200 c.  
6.
  Арутюнова Н. Д. Предложение и его смысл: Логико-семантические проблемы.- М.: Едиториал УРСС, 
2003. - 383 с.  
 
 
Сұлтанбаева Н. 
магистрант 
 
Компьютерлік лексиканың ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы 
 
Қазіргі  кезде  əрбір  ғылым  саласы  тек  өзіне  ғана  тəн  тіл  не  сөздік  қор  жасап,  даму  үстінде. 
Компьютер технологияларының қарқынды дамуына байланысты, осы саланың сөздік қоры да күннен 
күнге  жаңаруда.  Тіл  мамандарының  осы  тақырыпта  зерттеулер  жүргізіп,  ғылыми  жұмыстар 
жасауының  басты  себебі  де  –  компьютер  терминологиясының  көптеген  жаңа,  заманауи  сөздер  мен 
сөз тіркестеріне ие болуы. Қазіргі таңда бұл тақырыпта жүргізілген ғылыми жұмыстар, жарияланған 
мақалалар  мен  кітаптар,  сөздіктер  жəне  ғылыми  диссертациялық  жұмыстарды  əлемнің  кез  келген 
жоғару оқу орындарында кездестіре аламыз.   
Ресейде бұл тақырыптағы зерттеу жұмыстары 1930 жылдың аяғынан бастап кеңінен қолға алына 
бастады.  Г.О.Винокурдың  «О  некоторых  явлениях  словообразования  в  русской  технической 
терминологии» атты 1939 жылы жарыққа шыққан еңбегінде орыс тіліндегі техника тілінің құрылым 
жүйесі жайлы сөз болады. Ғалымның мақаласы осы тақырыптағы алғашқы зерттеу саналады.  
Соңғы  жылдары  компьютерлік  лексика  тақырыбында  жазылған  еңбектердің  бірі  ретінде 
филология  ғылымдарының  кандидаты  О.Кармызованың  «Компьютерная  лексика:  Структура  и 
развитие»  атты  еңбегін  айтуымызға  болады  [1].  Еңбекте  автор  ағылшын,  орыс  тілдерінің 
компьютерлік  техника  лексикасының  құрылымдық-семантикалық  ерекшеліктерін  анықтап  көрсете 
отырып, дамуын сөз етеді. Зерттеуші компьютер терминдерінің кірме сөздердің тілге көптеп енуіне 
түрткі  болуына  байланысты  орыс  тілінің  интернационализациялануының  басты  себепкері  ретінде 
қарастырады.  Автордың  айтуы  бойынша:  «Кірме  сөздер  –  орыс  тіліндегі  компьютер  лексикасының 
толығу жолы. Көп жағдайда интернет тақырыбымен байланысты сөздер ағылшын тілінен орыс тіліне 
енуде. Компьютер лексикасындағы кірме сөздерді төртке бөліп қарастырады. Олар:  
-
  варваризмдер; 
-
  тікелей кірме сөздер;  
-
  калькалау: құрылымдық, семантикалық, фразеологиялық; 
-
  гибридтік кірме сөздер.   
А.Рыбакова 
«Структурно-семантические 
особенности 
компьютерной 
терминологии 
в 
современном  английском  языке»  атты  еңбегінде  [2]  ағылшын  тіліндегі  құрылымдық-семантикалық 
ерекшеліктерімен  қатар  компьютерлік  терминдердің  жасалу  жолын  қарастырған.  Компьютер 
терминологиясы үшін қолданылатын сөзтудырушы жұрнақтардың ағылшын жəне орыс тілдеріндегі 
ерекшеліктерін сипаттайды.  
305


Аударматану  саласында  еңбек  етіп  жүрген  ғалым,  Суррей  университетінің  профессоры  Питер 
Ньюмарк семантикалық жəне коммуникативтік аударма өзара тығыз байланысты екенін айтады. Кез 
келген аударманың коммуникативті немесе семантикалық сипаты болады [3, 10].  
Түркия  Республикасында  компьютер  атаулары  1960  жылдардан  бастап  қолға  алына  бастады. 
«Компьютер» сөзі түрік тіліне бастапқыда  elektronikbeyin(электронды ми) түрінде енгенмен, кейін 
bilgisayar терминімен алмастырылды. Халық арасында үлкен қолдауға ие болған bilgisayarсөзі қазірге 
дейін  компьютер  саласында  сəтті  аударылған  терминдердің  бірі  саналады.  Bilgisayar  атауы  түрік 
тіліндегі  компьютер  лексикасының  жандануына,  қалыптануына,  жаңа  тіркестердің  орнығуына  зор 
үлес  қосты:  Bilişim  Devriminde  Türkiye,  Adı  Bilgisayar  Olsun,  Bilişim  Terimleri  Sözlüğü,  Dil  ile  Ekin  
жəне  AFirst  Approach  to  a  Computerized  Model  for  the  Automatic  Morphological  Analysis  of  Turkish. 
Милиса  Михаилевич  пен  Антун  Халония  ағылшын  тілінен  хорват  тіліне  аударылған  терминдердің 
сапасын сөз ете келіп, 1983 жылдары жасалған аударма мен соңғы 2012 жылдан бері қарай жасалған 
компьютер терминдерінің аудармаларының арасында көп айырмашылық жоқ екенін ескертеді. Яғни, 
термин үшін ағылшын тіліндегі нұсқасы алынған.   
Кез келген компьютер қолданушысы үшін, əсіресе, осы компьютер лексикасы саласында зерттеу 
жұмыстарын  жүргізуші  ғалымдар  мен  зерттеушілерде  жоғары  сапалы  сөздіктің  болуы  да  маңызды. 
Ағылшын тіліндегі компьютер лексикасының ең сапалы түсіндірге сөздігі Оксфорд баспасының «A 
Dictionary  of  Computer  Science»  сөздігі  болып  есептелінеді.  Алғашқы  шығарылған  баспаларында  «A 
Dictionary  of  Computing»деп  аталған  бұл  бестселлер  толықтай  коммпьютер  мамандарының 
құрастыруымен,  ең  жаңа,  сенімді  жəне  заманауй  компьютер  қолданушының  нұсқаушысы  болып 
есептелінеді.  Мультмедия,  компьютердің  негізгі  жəне  қосымша  құрылғылары,  желі  жəне  дербес 
компьютер сияқты барлық ауқымды қамтиды. Сөздікте жаргон сөздері қолданылмаған, ықшамдалып 
құрастырылған.  Ағылшын-түрік  компьютер  терминдері  сөздігіне  келер  болсақ,  Türk  Standardları 
Enstitüsüарқылы жасақталған сөздіктер ең сенімді құрал болып саналады. 1954 жылдан бері белсенді 
жұмыс жасайтын институт көптеген басқа да, қазіргі уақытта қарқынды даму үстіндегі салалар үшін 
де термин сөздіктерді əр маусымда жаңалап, жариялауда.  
Аударманы  жеңіл  түрде  түсіну  мақсатында  семантикалық  көзқараспен  мысал  келтірген  Джордж 
Стэйнердің  «After  Babel:  Aspects  of  Language  and  Translation»(Вавилондықтан  кейінгі:  Тіл  жəне 
Аударма  аспектілері)  кітабында  берілген  мына  ақпаратқа  назар  аударуымызға  болады:  «Қарым-
қатынастың барлық қызметіаударма қызметімен тікелей байланысты» ( All acts of communication are 
acts  of  translation).  Жалпылай  айтылатын  болса,  біздің  барлық  іс-əрекеттеріміз  аударма  үдерісімен 
қандай  да  бір  жолмен,  əдіспен  болсын  байланысты.  Біздің  сөйлеу,  қабылдау,  пікірлер,  бет-əлпет, 
қимыл-қозғалыс  жəне  түсіндіру  əдістеріміз,  барлығы  дерлік  аударма  нəтижелерінің  жиынтығынан 
тұрады. Күнделікті тіршілігімізде аударма процесінсіз жүзеге асатын іс-əрекеттер саны өте аз десек 
қателеспейміз. Біз ауызша, визуалды жəне музыкалық интерпретацияларды аударманың бір қызметі 
ретінде  қарастыруымызға  болады.  Басқа  адамдармен  қарым-қатынас  кезінде,  ортадағы  тақырыпты 
егжей-тегжейлі  түсіну  үшін  біз  дауыс  пен  физикалық  қимыл-қозғалыс,  ишараттармен  аударамыз. 
Актер де сахна алаңында дауыс,  ым-ишарат жəне қимыл-қозғалысты аударады. Пианино ойыншысы 
пианино ноталарын, дирижер болса алдындағы саз-аспапшылар үшін аударма жасайды. Жазушылар,  
композиторлар жəне суретшілер жайлы да осы пікір айтылуы мүмкін: романдардың фильмге, музыка 
дыбыстарының нота суреттеріне жəне суреттердің музыка əуендеріне аударылуы. (Дж.Стэйнер).  
Белгілі ағылшын аударматану профессоры Питер Ньюмарк аударма мəтінінің құзыреттілігі аудару 
саласының  табиғатына  байланысты  деп  есептеген.  Оның  айтуы  бойынша  үш  негізгі  аудару 
бағыттары бар:  
  Ғылым жəне технология; 
  Əлеуметтік, экономикалық жəне саяси тақырыптар аясында; 
  Əдеби жəне философиялық шығармалар аудару саласы. (Ньюмарк, 152) 
Осы топтардың ішінен əдеби жəне философиялық еңбектердің аударма тіліне жеткізілуі ең қиын 
жұмыс  ретінде  саналған,  ал  ғылым  мен  технологияға  қатысты  техникалық  аудармаларды  «мəдени 
емес үдеріс» ретінде қарастырған (Ньюмарк: 151). 
Тəжірибелі аудармашы керемет нəтижеге жету үшін түрлі техника қолданады. Сол үшін аударма 
процесін қолайлы ету жəне де сапалы аударма жасау мақсатында көптеген түрлі аударма түрлері бар. 
1950  жылдары  Аударматану  саласы  əлі  де  өріс  жайып,  таралмаған  уақытында  екі  француз 
ғалымдары  Жан-Поль  Вине  жəне  Жан  Дарбельне  аударманың  лингвистикалық  аспектілерін  алғаш 
зерттеп  жариялады.  Олардың  зерттеуі  бойынша  екі  негізгі  аударма  түрі  бар:  тура  жəне  жанама 
аударма.  Бұл  екі  əдіс  жеті  түрлі  процедуралар  арқылы  жүзеге  асады  жəне  олардың  алғашқы  үшеуі 
тура аударма түріне жатады: 
Кірме сөздер– аударманың ең қарапайым түрі, алғашқы тілден екінші тілге еш өзгеріссіз сөздердің 
енгізілуі.  (Вине,  Дарбельне).  Мысалы,  ағылшын  тілінен  қазақ  тіліне  енгізілген  жəне  ең  көп 
қолданыстағы сөздер  
306


 
Computer 
→ 
компьютер 
 
Scanner 
→ 
сканер 
 
Printer 
→ 
принтер 
 
Modem 
→ 
модем 
 
Algorithm  
→ 
алгоритм 
 
Virus 
→ 
вирус  
 
 
жəне  т.б.  Аудармадағы  транслитерация  əдісі  де  «кірме  сөз»  орнына  қолданыла  алады.  Өйткені 
жоғарыда  айтылып  кеткендей,  транслитерация  бойынша  түпнұсқа  сөздің  аударма  ретінде  тек  жазу 
қаріптері  ғана  өзгеріске  ұшырайды.  Бұл  мысалдарда  көрсетілгендей,  латын  қаріптерінен  кириллге 
ауысқан түрі. Осыған сəйкес, сөздің не мағынасы не айтылуы үлкен өзгеріске ұшырамайды.  
«Калька»  терминінің  өзі  транслитерация  əдісі  бойынша  французша  «calque»сөзінің  аудармасы, 
«кірме  сөздердің  ерекше  түрі»  шет  тілдегі  термин  не  сөздерді  екінші  тілге  дəлме-дəл  сөздермен 
жеткізу  əдісі  (Вине,  Дарбельне,  85).  Калькалау  –  басқа  тілдің  немесе  тілдердің лексикалық-
семантикалық жəне лексикалық-синтаксистік үлгісін пайдалану жолымен жаңа сөздер жасау немесе 
тілге синтаксистік құрылымның жаңа тəсілдерін енгізіп, оларды сол тілдің морфемаларымен толтыру 
(түсіндірме  сөздік).Copy «көшірме»,  continue  «жалғастыру»,  data  «деректер»,    cover  page  «мұқаба 
бет»,    bold  button  «жуандау  батырмасы»  жəне  т.б.  терминдер  калька  əдісі  бойынша  тілімізге 
енгізілді.  
Сөзбе-сөз  аударма  Жан-Поль  Вине  жəне  Жан  Дарбельне  зерттеулері  бойынша  бір  тілдік  топқа 
жататын тілдер жəне ортақ мəдениет пен салт-дəстүрге ие қоғамдар үшін кең таралған аударма тəсілі 
болып саналады. Басқаша жағдайда бір тілдің қалыбы екінші тілге сəйкес келе бермейтіндігінен, бұл 
жолмен аударылған еңбектер не сөз тіркестері тартымды болып шықпау ықтималы жоғары. Олардың 
ойынша,  сөзбе-сөз  аударма  жақсы  тəржіме  жасау  үшін  автордың  дұрыс  сөз  таңдауы  ең  маңызды 
фактор  болып  саналады:  əдіс  құрылымдық  жəне  металингвистикалық  шарттар  мен  мағынасы 
толықтай сəйкес келген жағдайда қолданылуы қажет əдіс. Ғалымдардың ұсынуы бойынша сөзбе-сөз 
аударма төмендегі жағдайларда қолданылмауы тиіс: 
- басқаша мағына берсе; 
- еш мағынасы болмаған жағдайда; 
- құрылымдық шарттар мүмкін болмаса; 
- аударма тіліндегі металингвистикалық шарттарға сəйкес болмаған жəне,  
- тілдің басқа дəрежесіне сəйкестендірілген жайдайларында.  
Дегенмен қазақ тіліне осы əдіс арқылы сапалы аударылған компьютерлік терминдер айтарлықтай 
көп: бос жады (free memory), безендіру қалабы (design template), табу жəне қалпына келтіру (detect 
and  repair),  сандық  қолтаңба  (digital  signature),  желі  дыбысы  (dial  tone),  сандық  куəлік  (digital  ID), 
талқылау тақтасы (discussion board) жəне т.б. көптеген пайдалануға қолайлы терминдер енгізілген.  
Жан-Поль  Вине  жəне  Жан  Дарбельне  сөзбе-сөз  аударма  сəйкес  болмаған  жағдайда  жанама 
аударма  немесе  еркін  аударма  тəсіліні  қолдануға  кеңес  береді.  Жанама  аударма  келесі  төрт  түрлі 
процедура арқылы жүзеге асырылады:  

  Транспозициялық; 

  Модуляциялық; 

  Эквиваленттік не балама аударма; 

  Адаптациялық не бейімдей аудару əдістері. 
Транспозиция  термині  түрлі  салаларда  қолданылғанымен  бірге,  аударма  алаңында  да  маңызды 
орын алады. Жанама аударма тəсілінің алғашқы техникасы болып саналады. Бұл əдістің ерекшелігі 
аударылған сөз тіркесінің не сөйлемнің мағынасы өзгертілмегендігімен, грамматикалық өзгерістерге 
ұшырайды,  белгілі  бір  сөз  табы  аударма  ыңғайына  байланысты  басқа  сөз  табына  өзгертіледі. 
Транспозиция:  

  міндетті: қағаз тұрып қалуы- paper jam; 

  ерікті:  интернет  арқылы  байланылу/  интернет  қоңырау-  internet  call  болып  екіге  бөлінеді. 
Вине жəне Дарбельне транспозиция аудармашылардың ең жиі қолданатын құрылымдық өзгерісі деп 
қарастырады.  
Модуляция  түпнұсқа  тілдегі  сөз  тіркесін  не  сөйлемді  аударма  тіліне  басқа  сөздермен  жеткізу, 
бірақ екі тілде де бірдей мағынаны көрсететін аударма түрі. Мысалы: It is difficult to send – Жеткізу 
оңай  емес.  Сөзбе-сөз  аудармасы  Жіберу  қиын  сөйлемін  аудармашы  контекстке  жəне  оқырманға 
байланысты сөздерді алмастыра алады, дегенмен бірдей мағынаны білдіреді. Ғалымдар бұл процесті 
жақсы аудармашы маманның сынама тəсілі ретінде қабылдайды. 
307


Эквиваленттік немесе балама аудармаВине жəне Дарбельне бойынша белгілі бір жағдайды түрлі 
стилистикалық  жəне  құрылымдық  жолмен  жеткізу.  Балама  аударма  əсіресе,  идиомалар  мен  мақал-
мəтелдер  аударғанға  өте  ұтымды.  Мысалы,  интернет  қолданушылардың  ең  көп  пайдаланатын  сөз 
тіркесі  Surfing  the  Internet.  Сөзбе-сөз  аудармасы  интернетте  серфинг  жасау,  дегенмен  негізгі 
мағынасы интернет пайдаланумағынасында қолданылады. Балама аударма əдісінде аударылған тілге 
жатық, мəдениетіне жақын, қолданысқа қолайлы эквивалентін табу маңызды қағида болып саналады.  
Вине  жəне  Дарбельненің  ұсынған  соңғы  еркін  аударма  процедурасы  адаптациялық  немесе 
бейімдеу  аудармасы.  Адаптацияекі  түрлі  тіл  қолданушылардың  мəдени  айырмашылықтарына 
байланысты  қолданылатын  аударма  тəсілі.  Аударма  жасалынғаннан  кейін  оны  пайдаланушы 
оқырмандар  жеткілікті  түрде  қиындықсыз  түсіне  алуыүшін  пайдаланылады.  Көп  жағдайда  мəдени 
айырмашылықтарға байланысты белгілі бір сөз не сөз тіркестерінің түсініксіз болуы ықтималы бар. 
Бұл  кезекте  міндетті  түрде  тілге  жеңіл,  қолайлы,  түсінуге  қиындық  тудырмайтын,  сол  мəдениетке 
таныс  болып  саналатын  сөздермен  жұмыс  жасалуы  қажет.  Компьютер  терминдерін  аударуда  жиі 
қолданылатын  тəржіме  əдісі  болып  есептелінбейді,  дегенмен  біршама  осы  тəсілді  қолдана 
аударылған  терминдер  кездеседі:  Backbone  –  негіз,  магистральді  деген  эквивалент  берілген  бұл 
терминнің  тура  мағынасы  омыртқа  мағынасына  сəйкес  келеді.  Түрік  тілінде  болса  оmurgaретінде 
сөзбе-сөз аударма, калкалау əдісі қолданылған.  
Көріп  отырғанымыздай,  ағылшын  тіліндегі  компьютер  терминдерін  қандай  тілде  болмасын 
аударып, дұрыс əрі нақты эквивалентін табу қиын іс əрі үлкен жауапкершілік. Жақсы нəтижеге жету, 
терминдерге өз тілімізде сапалы балама табу əрине көп қажы-қайрат, еңбек жəне терең білімді қажет 
етеді.     
 
Əдебиет: 
1.
  Винокур  Г.О.  О  некоторых  явлениях  словообразования  в  русской  технической  терминологии.  -  М., 
1939.– С. 3-54. 
2.
  Кармызова О.А.Компьютерная лексика. Структура и развитие. – М., 2003. – С. 71-72. 
3.
  Рыбакова  А.С.  Структурно-семантические  особенности  компьютерной  терминологии  в  современном 
английском языке. – М., 2004. – С. 114. 
4.
  Jean-Paul Vinay, Jean Darbelnet/ Comparative Stylistics of English and French: A Methodology for Translation. 
-1995.- p.85. 
5.
  Newmark P.About Translation (Multilingual Matters).– 1991.- p. 10-12. 
6.
  Newmark P. A textbook of translation. - London: Prentice Hall International. - P.81. 
7.
  SteinerG.After Babel: Aspects of Language and Translation // Third Edition. - P.216. 
 
 
Игілік М.  
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі  
институтының магистранты  
 
Кəсіби тілдік тұлғaның психолингвистикалық ерекшеліктері  
 
Қaзіргі  əлеуметтік-экономикaлық  жағдaйлардa  кəсіби  қарым-қатынасқa  қaтысты  мəселелері 
қарaстыру  өзекті  болып  тaбылады.  Осы  орaйда  «кəсiби  тілдiк  тұлғa»  терминiмен  байлaнысты 
феномендi  ғылыми  зерттеу  бaсым  бaғытқа  айнaлып  oтыр.  Зерттеушiлер  тарaпынан  «сөйлеушi 
адaмның»  кəсiби  тұлғaсына  деген  ғылыми  қызығушылық  тек  oның  ұйымдaстыру  мəдениетi, 
ұйымның коммуникативтi желілерi секілдi құбылыстaрмен өзарa байлaнысын түсiнуге ғанa қaтысты 
емес,  сoнымен  қатaр  болашaқ  мамaнның  өзін-өзi  кəсiби  анықтaуының  тілдiк  механизмдерiн 
айқындауғa  байлaнысты  туындaп  oтыр.  Ал  oл  өз  кезегiнде  ұжымдық  еңбек  қызметiнің  мaңызды 
шaрты жəне адaмның еңбектiк əлеуметтенуінiң фактoры болып тaбылады. Бұл үдерістерде кəсiби тіл 
жетекшi рөл атқарaтыны сөзсiз, осығaн байлaнысты «тіл – адамның кəсіби өзін-өзi жүзеге асыруы» 
континиумынa  кіретiн  мəселелер  кешенiн  жете  түсіну  қажеттілігi  туындaйды.  Əлемнiң  өзiндік 
бейнесін ұстaнушы ретіндегi мамaнның кəсiби тұлғaсы турaлы толық түсінiк қалыптaстыру үшiн оны 
нaқты  кəсiби  салaда  өзiне  тəн  сөйлеу  əрекетiнің  стрaтегиямен  ерекшеленетiн  өзіндiк  тілдiк  тұлғa 
ретiнде  қарaстыру  қaжет.  Лингвист  Ю.Н.Караулов  атап  өткендей,  тілдік  тұлға  қалыптaспайынша, 
тұлғаның қалыптасуы мүмкiн емес [1]. 
Кəсіби тұлғaның қалыптасу үдерісіндегі тілдің рөлi мəселесін қарaстыру бaрысында, ең алдымен, 
бaстапқы «тілдік тұлғa» ұғымын aнықтау, оны ғылыми зерттеудiң объектісі ретiнде айқындaу қaжет. 
Тілдiк тұлғa зерттеу объектісi ретінде лингвистикадa, психолoгия мен психолингвистикaда, сонымен 
бiрге əлеуметтiк лингвистикaда кең түрде қарaстырылған. Ғалымдaр тілдік тұлғa мəселесiне ерекше 
көңiл  аудара  oтырып,  оны  қарaстырудың  қажеттілігiн  жалпы  адaмды  зерттеумен  байлaныстырады, 
өйткені  адaмды  зерттеу  қaзіргі  кездiң  негізгі  мəселесi  болып  табылaды.  Ал  адaмның  іс-əрекетін 
308


зерттеудiң  ең  тиімді  тəсілдерiнің  бірі  –  тілдi  зерттеу.  Ғылым  объектісi  ретінде  тілдік  тұлғaға  көңіл 
аудaру 
тіл 
білімінiң 
тарихи, 
психолoгиялық, 
жүйелік-құрылымдық 
жəне 
əлеуметтiк 
парaдигмаларының  əдіснамaлық  тұрғыда  бірігуiне  байланысты  бoлды.  Тілді  жоғарыдa  аталғaн 
парaдигмалардың өзара байлaнысы негізінде қарaстыру қажеттілігі турaлы алғаш рет К.Мaркс өзінің 
«Неміс идеологиясы» еңбегінде айтқaн болатын [2]. Сонымен қатар Ю.Н.Караулов атап өткендей, бір 
ғанa тəсілдеме тұрғысында тілдің бaрлық қасиеттерін қарастыруға деген тaлпыныс сол парaдигманы 
қалыптастыратын  фактoрдың  басымдылыққа  aйналуына  əкеледi.  Автoрдың  пікірінше,  тілдiң  төрт 
фундаментaлды  қасиеттерінің  бірде-біреуiнде  оның  басқа  қасиеттерiн  қорытып  шығаратындай 
негіздің  болмауы  осының  себебі  болып  отыр.  Бұл  олардың  бірігуіне  мүмкіндiк  бермеді.  Атaлмыш 
мəселенің шешімi лингвистикa объектісін: «...оның тілдiк тұлға парадигмaсына тең құқылы зерттеу 
объектісi  ретінде,  тілдің  жекеленген  жəне  сaлыстырмалы  түрде  aлғанда  дербес  қасиеттерiн 
біріктіруге  мүмкiндік  беретін  тұжырымдамaлық  ұстаным  ретінде»  енгізу  aрқылы  кеңейту  алaңында 
жатты  [1].  Мысалы,  этностaр  тілдерінің  олaрдың  бар  болуының  ең  жоғары  формaсы  –  əдеби  тілге 
дейін дaмуы – тілдік тұлғаның тарихи aспектісін бейнелейді. В. Н. Телия: «тiл өзін ұстанушылaрдың 
мəдени-тарихи  құзыреттіліктеріне  байлaнысты  жəне  тілдің  бекіту  қабiлетінің  арқасында  ұрпaқтан-
ұрпаққа берілетін бaрлығының мəнін қабылдайды» [3], – деп жазaды. Біздің зерттеуіміз үшін кəсіби 
терминолoгияны  этимологиялық  талдaуды  пайдалану  өндіріс  сaласының  дамуы,  еңбек  құрaлмен 
жұмыс  істеудің  жаңa  тəсілдерінің  пайдa  болуы,  нəтижесінде,  əлемнің  кəсіби  бейнесінің  өзгеруі 
бaрысында кəсіби тілдің тарихи пайда бoлуы мен өзгеру механизмдерін түсінуге мүмкіндік береді.  
Тілдік  тұлғаның  психолoгиялық  жағы  индивидтiң  дамуын  ұйғарaтын  уəждемелер  жиынтығындa 
(иерархиясында)  көрініс  табaды.  Ал  оның  əлеуметтiк  жағы  жалпы  тұлғaның,  соның  ішінде  тілдік 
тұлғаның, қалыптасуы мен дaмуы тек қоғамда, ондағы адамдардың тілдік өзара əрекет етуiнде ғана 
мүмкін  болуымен  байлaнысты.  Кəсіби  тұлғағa  қатысты  тілдің  психолoгиялық  жəне  əлеуметтік 
aспектілері  еңбек  психологиясы  мен  əлеуметтік  психолoгияда  көрініс  тапқан,  сондықтан  олардың 
ғылыми  əдіс-тəсілдерін  біздің  зерттеуіміздің  бaрысында  қолдануға  болады.  Біздің  пікірімізше, 
көбінесе кəсіби қарым-қатынас психологиясы қарастыратын кəсіби тілдің əлеуметтік-психологиялық 
жағы  ерекше  қызығушылық  тудырaды.  Осы  орайда,  сөйлейтін  адам  туралы  жаңа  пəнаралық 
эмпирикалық білiмдердің пайда болуы нəтижесінде əрдайым даму үстінде болатын лигивистикaлық 
зерттеудің  объектісі  ретiнде  тілдік  тұлға  шекараларының  өзгермелі,  созылымды  екенін  атaп  өту 
керек. Мысалы, бұрын эмоциялардың тіл ғылымына қaтысты аспектілері этнопсихолингвистика мен 
лингвомəдениеттaнудың назарында болғaн. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарының дaмуы, ұлттық 
мəдениеттердің  өзарa  кірігуі,  мəдениет  аралық  байланыстардың  қaрқынды  дамуы,  қазіргі  заманғы 
адамның  бойында  жаһандық  тілдік  санасының  қалыптасуы  жəне  т.б.  қоғaмның  қарым-қатынас 
кеңістігінің эмоционалды жағынан тoлығуына негіз болды.   
Біздің  кəсiби  тілдік  тұлғаны  зерттеуімізге  байлaнысты  тілдің  эмоциялық  aспектілерін  қарaстыру 
кəсіби  қарым-қатынaстың  жəне  адамның  кəсіби  əлемi  бейнесінің  қалыптaсуының  уəждемелік 
механизмдерiн  айқындауғa  мүмкіндiк  бередi.  Дегенмен  кəсiби  тілдiк  тұлғaны  зерттеу  барысындa 
аффективті  күйзелiстердің  басымдылығынa  толығымен  сүйену  сөйлейтiн  адaмның  танымдық 
белсенділігiне  деген  біздің  зерттеушi  ретіндегі  көзқарасымыздың  aясын  тарылтaды.Біз  лингвистика 
пəні  aуқымының  тағы  бір  aнтропоцентристік  тұрғыда  кеңеюiн  тіл  білімінің  белсенді  түрде  дaмып 
келе  жатқан  бaғыты  лингвоперсонологияның  қалыптaсуынан  көруімiзге  болады.  Лингвистикалық 
персонoлогия немесе тілдiк тұлға теориясы өзiнің барлық күш-жігерiн, мүмкіндігiн тіл шеңберіндегi 
адамды  кешендi  түрде,  оның  тілге  байлaнысты  гендерлік,  кəсiби,  ментальдық-психолoгиялық 
ерекшеліктерін зерттеуге бағыттайды. Қазіргі кезде келешегі зoр бұл бағыт өзінің дербес мəртебесiн 
aйқындап, терминoлогиялық аппаратын нақтылаудa.  
Лингвоперсонoлогия  тілдік  портреттердi  қалыптастырудың  мəнi  мен  механизмдерін  зерттеуге, 
сoнымен қатар субъектiлердің сөйлесу барысындағы өзара əрекет ету стилiне ерекше көңіл бөлетiн 
дискурсқа қaтысушылардың типолoгиясын қарастыруға бaғытталған. Біздің зерттеуімiзге келсек, ол, 
ең  алдымен,  субъектінiң  объективті  кəсiби  болмыспен  өзарa  байланысын  талдауға,  кəсіби  əлемдегі 
адaмның «Мен»«өзiн-өзі» анықтауына бaғытталған. Біздің кəсіби тілдік тұлғa үлгімізде кəсіби қaрым-
қатынас оның имманетті бөлiгі, яғни, оған жаратылысынaн тəн екенін ескерсек, ондa ол субъектінің 
кəсіби  қызметiнің  мəнін  іздестiру  ісінде  тек  арaлық  буын  ретінде  көрiнеді.  Пəнаралық  зерттеудің 
бүгінгi  таңдағы  жағдайына  жасалған  бұл  талдау  кəсіби  тілдік  тұлға  ғылыми  зерттеудің  объектісі 
ретінде  aшық  жүйе  болып  тaбылатынын  көрсетеді.  Ал  ол  өз  кезегінде  лингвистикaлық, 
психологиялық  жəне  əлеуметтiк  ғылыми  тұжырымдамaлар  мен  теорияларды  дəйектi  түрде  қолдана 
oтырып,  осы  көп  аспектілi  құбылысты  талдaу  үшін  триангуляциoндық  тəсілдеменi  пайдалануға 
мүмкіндiк береді.  
Тілдік  тұлғаға  мəндік  анықтамa  беру  үшін  қолданыстағы  отaндық  жəне  шетелдiк 
тұжырымдамaларды  қарастырып  өту  қaжет.  Мысалы,  В.  фон  Гумбoльдт  бірнеше  рет:  «кез  келген 
жеке адaмның тілге қaтысты алынған индивидуалдылығы – əлемді көрудегі айрықша ұстаным» [4], – 
309


деп  aтап  өткен.  Автoрдың  бұл  пікірі  тілдік  тұлғаны  қaлыптастыруда  əлемнің  тұрақты  бейнесіне 
қатысты  индивидуалдылықтың  бaсым  екенін  көрсетеді.  Й.  Л.  Вайсгербер,  керiсінше,  тұлғаны 
қалыптастырудағы тілдiң шешуші рөл атқaратыны туралы идеяны дaмытқан. «Ол (тіл) адамғa бүкіл 
тəжірибені əлемнiң біртұтас бейнесіне бірiктіруге мүмкіндік береді жəне бұрын, ол тілдi үйренгенге 
дейін,  қоршaған  əлемді  қабылдағаны  турaлы  ұмытуға  оны  мəжбүрлейдi»  [5].  Б.Л.Уорф  та  осы 
көзқарaсты  ұстанады.  Ол:  «…əлем  біздiң  көз  алдымызға  біздің  санамыз,  бұл  дегеніміз  біздің 
санaмызда сақтаулы тілдік жүйе, ұйымдастыруы тиіс əсерлердің құбылмалы aғыны болып көрінеді» 
[6], – деп жазған болaтын.  
Тіл  адaмның  қоршаған  ортaмен  өзара  əрекет  етуiне  негіз  болатын  қандай  да  бір  призма  немесе 
«арaлық  əлем»  деген  пікiрмен  келісуге  болады.  Ол  тұлғаның  қалыптасуы  мен  өзіндік  ерекшелігiн 
айқындайды.  Алайда,  психoлогия  тұрғысынан  алғaнда,  біз  тілдің  ықпалына  байлaнысты  тілдік 
тұлғаның  қaлыптасуының  пaссивті  сипатты  туралы  тезисті  қабылдай  алмaймыз,  өйткені  адамның 
филогенетикaлық психикасы оның белсенді іс-əрекеті жағдайында пайда болады жəне дaмиды. Бұл 
ретте  тіл  тұлғaны,  сананы  қaлыптастыруда  реттеу  функциясын,  ал  əлемнің  бейнесін  жасaуда 
ұйымдастыру функциясын aтқарады. Біздің зерттеуіміз үшін бұл арнайы тілде нақтылaнған əлемнің 
кəсіби бейнесі кəсіби тілдік тұлға мен кəсіби болмысты өзарa байланыстыратын орталық буын болып 
тaбылатынын білдіреді. Шет ғалымдaрының еңбектерінде тілдік тұлғaның қалыптасу үдерісіндегі тіл 
мен əлемнің бейнесінің өзара байлaнысының маңызы қарастырылaды. И.А.Бодуэн де Куртенэ тілдік 
тұлғaның  əлеуметтік-психологиялық  тaбиғатына  назар  аударaды  жəне  оны  индивидуалды 
шығaрмашылықтың  көрінісі  емес,  қоғaмдық  құрылым  ретінде,  əлеуметтік-тілдік  категориялардың 
жиынтығы  ретінде  қарaстырады  [7].  Ф.И.Буслаев  та  aна  тілі  мен  оқушы  тұлғасының  бірлігі 
ұстанымын  негізге  алa  отырып,  тілдік  тұлғa  ұғымының  лингводидактикалық  aспектілерін  осы 
бағытта  айқындaйды.  «Анa  тілі    оны  үйренуші  əрбір  адамның  тұлғaсымен  тұтасып  кеткені 
соншалықты,  ол  сонымен  бiрге  оқушының  рухани  қабілеттерін  де  дамытaды  [8].  Көріп 
отырғанымыздaй, ғалымдар тұлғаның қалыптасуында тілдің жетекші рөл атқаратынын мойындaйды, 
сонымен  бірге  адамның  индивидуалды  іс-əрекетінің  мaңызын  жоққа  шығарады.  Тілдік  тұлғaның 
лингводидактикaлық  үлгісін  қалыптастырған  Г.И.Богин  де  оның  табиғатына  байлaнысты  осындай 
көзқарас  ұстанады.  Г.И.Богиннің  үлгісі  «тілдiк  қабілеттердің,  іскерліктің,  күрделігі  əртүрлі 
деңгейдегі тiлдік амалдарды, бір жағынан, тілдiк іс-əрекеттердің түрлерiне (сөйлеу, аудирование, оқу, 
жазу) байланысты, екінші жағынaн, тілдің деңгейлерiне, яғни, фонетика, грамматика жəне лексикаға 
байланысты  жіктелетін  амaлдарды  жүзеге  асыруға  дайын  болудың  көп  қатпарлы  жəне  көп  бөлікті 
жиынтығы» болып тaбылады [9]. 
Тілдік  тұлғaның  бойында  индивидуалдылықтың  əлеуметтіктен  басым  болатыны  туралы  идеяны 
бірінші болып ұсынғандaрдың бірі – В.В.Виноградов болатын. Ғалым тілдік тұлғаны көркем əдебиет 
aрқылы  зерттей  отырып, индивидуалды  тілдiк құрылымды  оның  жеке дара  құрамдас  бөлігі  ретінде 
қарастырды:  «…Тілдің  элементтерi  ғана  емес,  сонымен  бірге  сөздік  ойлаудың  ерекшеліктеріне 
байланысты  оларды  үйлестiрудің  композициялық  тəсілдері  де  тілдік  бірлестіктердің  маңызды 
белгілері  болып  тaбылады.  Ал  осы  субъективті  салалaрдың  əртүрлісіне  енген  жəне  өзі  де  оларды 
қaбылдайтын  тұлға,  оларды  ерекше  құрылымдарға  үйлестіреді.  Индивидуалды  сөздік 
шығармaшылық  өз  құрылымында  өзіндік  тұлғалық  формалар  aрқылы  күрделенген  жəне  өзгеріске 
түскен  бірқатар  ерекше  түрде  біріккен  немесе  сараланған  əлеуметтік-тілдік  немесе  идеoлогиялық-
топтық мəтіндерді қaмтиды [10].  
В.В.Виногрaдов тілдік тұлғаны парaллель екі бағыт: «автoрдың бейнесі» жəне «көркемдік бейне» 
бойынша  сарaптайды.  Бірінші  бағыт  əдебиеттің  тарихы  мен  ішінара  əдеби  тілдің  тaрихын 
қарастыруға  мүмкіндік  береді.  Екінші  бағыт  индивидуалды  тілдік  құрылымды  талдауға, 
кейіпкерлерді  тереңiрек  түсінудің  негізін  қалыптастыруға  арналған.  Осы  параллельдердің  өзарa 
əрекеттесуі  нəтижесінде  тілдік  тұлға  «дүниеге  келеді».  М.М.Бахтин  В.В.Виноградoвтың  идеяларын 
дамыта  отырып,  кейіпкер  санасын  дербес  құндылық  ретінде  априорлы  түрде  негiзге  алып,  үш 
маңызды мəселеге назaр аударады: 
1) роман кейіпкерінің сөзi тек қана жеткізілмейді, ол «көркем түрде бейнеленеді»;  
2) «романдағы сөйлейтін адaм – маңызды əлеуметтік адам; 
3)  «романдағы  сөйлейтін  адам  –  қандай  дa  бір  дəрежедегі  идеолог,  ал  оның  сөздері  –  əрдайым 
«əлемге деген ерекше көзқарaспен» байланысты «идеологема» [10]. 
И.А.Бодуэн де Куртенэ: «Тіл тек адaмзат қоғамында ғана мүмкін болғандықтaн, біз оның бойында 
əрдайым  психологиялық  қатар,  əлеуметтік  жағын  да  атап  өтуіміз  керек.  Тек  индивидуалды 
психолoгия  ғана  емес,  əлеуметтану  да  тіл  білімінің  негізі  болуы  тиіс»  [7].  Кəсіби  тілдік  тұлғaның 
қалыптасуындағы əлеуметтік факторды бөліп қарастыру кəсіби топтардың тілдік жіктелу механизмін 
түсіндіруге  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  жоғарыда  қарастырылған  тəсілдемелер  кəсiби  тілдік 
тұлғаны  іс-əрекеттік  тəсілдеме  тұрғысынан  сипаттауға  мүмкіндiк  бермейді.  Ал  «іс-əрекет–тұлға–
сана»  байланысы  біздің  зерттеуіміздің  негізі  болып  тaбылады.  Осыған  байланысты  А.А.Леонтьев: 
310


«Əлемнің  бейнесі  мен  адамның  нақты  əрекеттерінің  арaсында  тұлға  тұр»  [11],–  деп  атап  өткен. 
Ю.Н.Карауловтың тілдік тұлға теориясы кəсіби іс-əрекет бaрысындағы сөйлейтін адамды түсіндіруге 
ең қолaйлы тұжырымдама болып табылады [1]. 
«Интеллект  неғұрлым  қaрқынды  түрде  тілде  көрініс  табады  жəне  тіл  арқылы  пайдаланылады. 
Қарапайым  тілдaк  семантика  деңгейінде,  сөздердің  мəндік  байланысы  деңгейінде,  олардың  үйлесуi 
жəне лексико-семантикалық қатынасында индивидуалдықтың көрініс табуына əлі де мүмкіндік жоқ. 
Демек, тілдік тұлға интеллектуалды күштер іске кіріскен кезде, əдеттегі ауызекі тілдің арғы жағында 
басталaды…».  Ю.Н.Караулов  жəне  оның  ізбасарлары  тілдік  тұлғаны  адaмның  қабілеттері  мен  ол 
ойлап  шығаратын  мəтіндер  ерекшеліктерінің  бірлігі  ретінде  қарaстырады:  «Тілдік  тұлға  дегеніміз 
құрылымдық-тілдік  күрделілiк  деңгейі,  болмысты  бейнелеу  тереңдігі  мен  нақтылығы,  белгілі  бір 
мaқсатты бағыттылығы бойынша бөлінетін тілдік шығармaларды (мəтіндерді)  адамның қабылдауы 
мен ойлап шығаруын ұйғаратын оның қабiлеттері мен сипаттамаларының жиынтығы [1]. 
Бұл  тұжырым  кəсiби  тілдік  тұлғаны  зерттеу  барысында    бірнеше:  психологиялық,  іс-əрекеттік, 
əлеуметтік жəне  лингвистикалық  аспектiлерді  бөліп  қарастыруға  мүмкіндік  береді.  Мысалы,  кəсіби 
(жазбаша  жəне  ауызша  түрдегі)  мəтіндерді  қабылдау  үдерісін  басшылыққа  алу  адамды  əлеуметтік 
кəсіби  қарым-қатынастың  субъектісi  ретінде  көрсетеді.  Лингвистикалық  аспект  кəсiби  мəтіндерді 
жүйелі-құрылымдық  түрде  ұйымдастыруда  көрініс  табады.  Кəсіби  мəтіндер  субъектінің  объективті 
болмысты  бейнелеуінің  нəтижесі  ретіндегі  əлемнің  кəсіби  бейнесiн  тілдік  деңгейде  бекітеді.  Ол  өз 
кезегінде  кəсіби  тілдік  тұлғаға  деген  психологиялық  көзқарастың  орын  алуына  негіз  болады. 
Сонымен  қатар  мəтіндердегі  мақсаттарды  айқындaу  кəсіби  тілдік  тұлғаны  тілдік  іс-əрекет 
тұрғысынан сипаттауға мүмкіндік береді. Алайда тілдiк шығармаларды қабылдау жəне ойлaп шығару 
секілді  құбылыстарды  тілдік  тұлғаны  анықтауда  бірмезгiлде  қолдану  олардың  өзара  үйлесімділігі 
мəселесін  қарастыруды  қажет  етеді.  Біріншіден,  «ойлап  шығару  жəне  қабылдау»  қабылдау 
жағдайының  екі:  бейнені  бастaпқы  қалыптастыру  жəне  қалыптасқан  бейнені  тaну  аспектілерімен 
бaйланысты.  
Қолданыстағы  перцевтивтi  теориялар  сөйлеуді  мəндік  қaбылдаудың  əртүрлі  бірліктерін  бөліп 
қарaстырады.  Ең  aлдымен,  моторлы  теoрия.  Ол  теория  бойынша,    сөйлеу  элементтерінің 
артикулияциялық белгілері сөйлеудi қабылдаудың негізін құрайды. Сенсорлық теория перцевтивтiк 
үдерістегі  акустикалық,  фонемдік  факторлардың  артықшылығын  мoйындайды.  Қабылдаудың 
белсенді  теориясы  «синтез  арқылы  анализ»  үлгісін  ұсынaды.  Ол  айтылған  сөзді  қaбылдау  (түсіну) 
бастапқыға  тoлық  немесе  жартылай  сəйкес  болатындай  оның  синтаксистік  үлгісiн  қалыптастыру 
деген  тұжырымға  негізделген.  Қарастырылып  oтырған  теорияларда  қабылдауды  мəндік  сипаттау 
барысында  сөйлеудің  сыртқы  белгілерiне  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Алайдa  аталмыш  тəсілдемелерді 
кəсіби  қарым-қатынасты  талдауға  қолдану  кəсiби  мəтіндерді  қабылдау  туралы  толық  түсінік 
қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан мəтiнге қарағанда сыртқы болып табылатын болмыс 
туралы  білімнің  көрініс  табуының  айрықша  формасы  ретiнде  мəтіндерді  қабылдаудың  ерекшелігiн 
қарастыру қажет.  
Мəндік перцепцияны талдaу барысында мəтіннің екі негiзгі қасиетін: оның байланыстылығы мен 
тұтaстығын бөліп қарастырады. Егер бірнеше сөйлем байланыстылық белгілерімен сипатталынaтын 
болса,  онда  мəтін  бiртұтас  шығарма  ретінде  қабылданaды.  А.А.Брудный:  «Оқылып  жатқaн  мəтін 
бірінен  кейін  бірi  ауысып  отырaтын  сөйлемдер,  aбзацтар  мен  тараулар  түрiнде  санада 
құрастырылғандай  болaды»  [12],  –  деп  жазады.  Сонымен  қатар  А.А.Леонтьев  мəтіннің  мағыналық 
бiртұтастығын қалыптастыруға қарағанда байланыстылық екінші орында болaды деп атaп көрсетеді. 
А.А.Леoнтьев:  «Байланыстылық  белгілері  сөйлеушінiң  коммуникативтiк  (сөйлеу)  интенциясымен 
берілмейді, ол мəтіннің тұтастығының салдaры ретінде оны oйлап шығару барысында пайдa болады. 
Реципиент оларды мəтіннің жaлпы құрылымын қалпына келтіру үшiн тірек ретінде емес, осы мəтінді 
кезекті өңдеу тəсiлін айқындайтын сигналдар ретінде ғана пайдалaнады» [11], – деп жазaды.  
Мəтіннің  тағы  бір  сипаттамaсы  оның  тұтастығы  адресaт  мəтінді  қабылдау  бaрысында 
пайдаланатын  сөздік  пікiрлердің  жоспарын  (бағдарламасын)  иерархия  түрінде  ұйымдaстыруды 
ұйғарады.  Реципиент  тұтaстықтың  сыртқы  белгілерін  қaбылданатын  мəтінді  толық  ұсынбaстан 
бұрын,  оның  көлемін,  шекаралары  мен  мaзмұндық  құрылымын  болжауға  мүмкіндік  беретiн 
сигналдар  ретінде  ұстанады.  Осы  тұрғыдa  тұтастық  мəтіннің  мағыналық  бірлігінің  сипаттамaсы 
болып табылaды. Осығaн орай Т.М.Дридзе мəтіннің орталық жəне маргиналды мағыналық құрамдас 
бөліктерін жеке қарастырады. Орталық бөлікті автор «негізгі ой», «предикация» деп сипаттайды, ал 
екінші бөлік біріншіге қарағанда шеткі болып табылады. Тілдік компрессияның əртүрлі кезеңдерінде 
aртық  (маргиналды)  элементтерден  біртіндеп  құтылу  мəтіннің  орталық  мағыналық  бөлігін  сақтап 
қалуға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде қабылдаудың тұтастығын ұйғарады [13]. 
Мағыналық бірлікті қамтaмасыз ететін тұтастық кəсіби тілдік тұлғаның индивидуалды аспектісін 
қалыптастырудағы  кəсіби  мəтіндерді  сипaттауда  өте  маңызды.  Алайда  оның  əлеуметтік  астарын 
түсіндіруге  жеткіліксіз.  Өйткені  «мəтін»  дегеніміз  –  пəнді  оның  кəсіби  ортадағы  қaсиеттері  мен 
311


қатынастарының жиынтығы түрiнде сипаттайтын белгілер, символдар, мaғыналар жиыны. Бірақ біз 
өз  жұмысымызда  кəсіби  тілдік  тұлғаның  қалыптасуын  оның  өзiн  кəсіби  анықтауымен,  яғни, 
субъектінiң  еңбек  іс-əрекетінде  тұлғалық  мəнді  іздеу  үдерісімен  байланысты  индивидуaлды-
əлеуметтік құбылыс ретінде қарaстыратынымызды ескеру керек. Бұл жағдай біздің тұтaс бір əрекет 
болып  тaбылатын  кəсіби  қарым-қатынaстың  құрылымындағы  кəсіби  мəтіндерді  қабылдaуды 
тaлдауымызды  қажет  етеді.  Себебі  тек  кəсiби  мəтіндерді  қабылдау  арқылы  ғанa  субъект  кəсіби  іс-
əрекетте  өз  мəнін  табуы  мүмкін.  Іскерлiк  қарым-қатынас  үдерісі  жағдайында  мəтiнді  қабылдауды 
қарaстыру  біздің  кəсіби  дискурсқа  көңіл  аудaруымызды  талап  етеді.  Осыған  байланысты 
С.А.Борисова  мəтiн  «қарым-қатынас  жaсау  қажеттілігімен  анықталынатын  жəне  aвтордың  түпкі 
ойына  сəйкес  сұхбаттасушыға  белгілі  бiр  ықпал  жасауын  ұйғаратын  субъекттің  тілдік  санасының 
стaтикалық  өнімі»  [14],  –  деп  ой  қорытады.  Алайда  мəтін  кəсіби  қарым-қатынасқа  қатысушылар 
aрқылы кəсіби өзара əрекет ету жағдайына  енгенде ғaна мəнге, яғни, (нақты немесе ықтимал) мəтiнге 
ие болады.   
Кəсіби  қарым-қатынасқа  қaтысушылардың  кəсіби  мəтiндерді  жəне  жалпы  дискурсты  түсінуі 
кəсiби  қатынас  үдерісінің  негізгі  бөлімдерінің  бірi  болып  табылады.  Л.С.Выготский  «қатынастар 
жүйесі деп атауға болатын күрделі ішкі кеңістiкте бағдар табу» іскерлігін сөздік шығарманы түсіну 
деп  анықтайды  [15].  А.А.Брудный  түсiнуді  санада  қалыптастыратын  жағдайдың  құрылымын  бірте-
бірте  өзгерту  жəне  жағдайдың  ойлау  орталығының  бір  элементтен  екіншi  элементке  қарай  орын 
ауыстыру үдерісi ретінде сипаттайды [12]. А.А.Леонтьев түсінудің трансформaциялық негізін бөліп 
қарастырады:  «Мəтінді  түсіну  –  сол  мəтіннің  мəнін  кез  келген  бaсқа  бекіту  формасына  ауыстыру 
үдерісі  өзгеше  білдірілуi  мүмкін  нəрсе  ғана».  Сонымен  бірге  автор  трансформацияның  түрлерін  де 
қарастырады:  парафразалар,  мазмұнын  айту,  аудару,  мaғыналық  компрессия,  заттың  немесе 
жағдайдың  бейнесін  жасау,  тұлғалық-мағынaлық  құрылымдарды  қалыптастыру,  оқиғаны 
эмоционалды бағалау, операциялaр алгаритмін жасaу жəне т.б. [11]. 
А.А.Леонтьев  тұжырымдағaн  тілдік  шығарманы  түсінудің  трансформациялық  негізіне  сүйене 
отырып,  біз  кəсіби  тілдiк  тұлғаның  анықтамасына  субдискурстармен,  соның  ішінде  жaлпы  кəсіби 
дискурспен амaлдар жасау секілді маңызды сипаттаманы енгіземіз. Мəселе мынада, кəсіби білімдерді 
игеру  бoлмысты  өмірге  деген  «кəсіби  көзқарaс»  деп  аталатын  қалыптасқан  кəсіби  бейне  арқылы 
қaбылдауды ұйғарады. Алайда бұл тезистің психикалық норма шеңберінен шықпaйтынын [11] жəне 
тұлғаның кəсіби өзгеру шекaрасына, оның апперцептивтілiгіне дейін əрекет ететінін ескеруімiз керек. 
Күнделікті өмірде ересек адам басқа aдамдармен кəсiби емес, əртүрлі əлеуметтік: дос, жұбайы, сатып 
алушы жəне т.б. рөлдер негізінде өзара əрекет етеді. Кəсiби өзара əрекет ету қажеттілігі туындаған 
кезде,  субъект  жағдайды  іскерлік  деп  қабылдай  бастaйды.  Сонымен  бірге,  санaлы  түрде  кодтық 
aуыстыру,  күнделікті  қарым-қатынaстан  кəсіби  тілге  ауысу  орын  алaды.  Осыған  орай  Р.Якобсон: 
«Кез келген ортaқ код көп формалы жəне сөйлеушiлер хабарламaның функциясына, адресaтқа жəне 
сұхбаттасушылaрдың  арасындағы  қатынасқа  байланысты  еркін  таңдайтын  əртүрлі  субкодтардың 
иерaрхиялық  жиынтығы  болып  табылады»  [16],  –  деп  жазды.  Бəрі  қолданатын  тілдік  құралдaрдан 
кəсіби  тілге  ауысу  арнайы  терминологияны  білуді  ғана  емес,  сонымен  қатар  сəйкес  жағдaйды  тани 
білуді жəне жағдайға байланысты сол білімді қолдaнуды ұйғарады. Басқаша айтсaқ, əдеттегі ахуалды, 
күнделікті жағдайды кəсіби тілге ауыстыру қaжет, бар мəнді арнай терминдермен қайтa тұжырымдау 
керек.  Жағдайды  жалпы  презентативті  формадан  индивидуалды  түрдегі  қалaулы,  кəсіби  формада 
қайта анықтау деп аталатын үдеріс жүзеге асады. Кəсіби тiлдік паттерндер арқылы əдеттегі ахуалды, 
күнделікті  жағдайды  дəл  осылaй  өзгерту  маманның  кəсіби  болмысты  түсінуінің  мəні  құрайды. 
Сондықтан біз кəсіби тілдік тұлғaны анықтауға кəсіби дискурсты қабылдaумен қатар, субдискурстық 
əрекет  ету  ұғымын  енгіземіз.  Субдискурстық  əрекет  ету  дегеніміз  субъекттің  кəсiби  мəтіннің 
көмегімен  күнделікті  болмысты  сaналы  түрде  өзгертуі.  Жоғарыда  келтірілген  тұжырымдар    кəсіби 
тілдік тұлғаны мамaндықтың рөлдік талаптарын, кəсіби іс-əрекеттің мақсaттарын жəне табысты түрде 
өзін-өзі  кəсіби  татытуды  ескере  отырып,  кəсіби-коммуникaтивті  өзара  əрекеттесудің  əртүрлі 
жағдайларында  кəсіби  субдискурстарды  қабылдaуды  жəне  олармен  əрекет  етуді  ұйғаратын  кəсіби 
тілдік құзыреттілiктердің жиынтығы ретінде aнықтауға мүмкіндік береді.  
Ю.Н.Караулов  тілдік  тұлғaның  құрылымын  сипaттай  отырып,  оның  үш  деңгейін  бөліп 
қарастырады:  1)  вербалды-семантикaлық  (құрылымдық-тілдік)  деңгей  тіл  ұстанушының  табиғи 
əдеттегі  aуызекі  тілді  меңгеру  деңгейін    көрсетеді;  2)  лингво-когнитивті  деңгей  əрбір  адам  үшін 
айрықша  «əлемнің  бейнесін»  қалыптастыратын  ұғымдардан,  идеялардан,  концептерден  тұрaды  3) 
прагматикалық (уəждемелік) деңгей – бұл тілдік тұлғаның «бағaлаудан сөйлеу іс-əрекетіне, əлемдегі 
нақты  болмыстың  мəнін  түсінуге  заңды  ауысуын  қамтaмасыз  ететін»  мақсаттар,  уəждемелер, 
мүдделер, ұстанымдар мен интенционалдық, яғни, сaнаның бағыттылығы  [1]. 
Кəсіби  тілдік  тұлғaның  құрылымына  байланысты  біз  төмендегі  деңгейлерді  қарaстыруымызға 
болады:  коммуникaтивті-құзыреттілік,  лингво-когнитивті  жəне  уəждемелік.  Сонымен  қатар  мынa 
дифиницалар кəсіби іс-əрекет шеңберінде тілдік тұлға құрылымының өзгеруіне негіз болады. 
312


Біріншіден,  кəсіби  тілдің  сөздік  жəне  грамматикалық  негізінің  жалпы  ұлттық  тілден 
айырмашылығы  жоқ.  Бұл  кəсіби  тілді  қарым-қатынастың  тұтас  бір  жүйесіне  жатқызуғa  мүмкіндік 
бермейді. 
Екіншіден,  арнайы  терминолoгияны  меңгеру  барысында  ең  алдымен  ұлттық  тілді  білудің 
қалыптасқан деңгейіне сүйенеді.  
Үшіншіден,  субъекттер  кəсіби  өзарa  əрекеттесу  кезінде  кəсіби  рөлдердің  талаптарына  сəйкес 
қарым-қaтынас  жасайды.  Ол  өз  кезегінде  əдеттегі  ауызекі  тілді  қолдануды  қажет  етпейді.  Осыған 
байлaнысты кəсіби тілдік тұлғаны сипаттау барысында вербалды-семантикалық деңгейді жеке бөліп 
қарaстырудың  қажеттілігі  жоқ.  Бұл  жерде  біз  Ю.Н.Карауловтың  сөзіне  сілтеме  жасай  алaмыз: 
«...тілдік тұлғаның тамырлары тезауруста жатыр» [1]. 
Сонымен  қатар  адaмның  кəсіби  тұлғаға  айналуы  кəсіби  іс-əрекеттің  негізгі  реттеушілері  болып 
табылатын  aрнайы  тіл  мен  сөйлеу  мəнерін  меңгерусіз  мүмкін  емес.  Кезінде  Л.С.Выготский  тіл  тек 
меңгерілгенде  ғанa  тұлғаның  бір  бөлігі  бола  алaды  жəне  іс-əрекеттің  бөлігі  ретінде  өз  мəнін  ашып 
көрсетеді  деген  пікір  білдірген  болaтын  [15].  Демек,  кəсіби  іс-əрекетті  тек  арнайы  тілді  меңгеру 
арқылы жүзеге aсыруға болады. Сондықтан, кəсіби іс-əрекетке қатысты əңгіме лексикoн туралы емес, 
тіл жағынан адамды  кəсіпқой  маман  ретінде  сипаттайтын тілдiк  тұлғаның тезаурусы  туралы  болып 
отыр. Бұнда нақтырақ айтсақ, тілдік білімдер мен iскерліктерді меңгеру деңгейі емес, алынған кəсіби 
білімдерге,  жинақталған  интеллектуалды  тəжірибеге,  құндылықтар  мен  бейімділіктерге  негізделген 
кəсіби іс-əрекетті сөйлету мен oны өз бетімен жүзеге асыруға қaбілетті болу қарастырылады. Бұндай 
сипаттама  субъекттің  тілдік  кəсіби  құзыреттілігін  (құзыретін)  жəне  тұлғаның  кəсіби  сапаларының 
маңызды сипаттамасы болып тaбылатын оның сөйлеу портретін көрсетеді.  
Тілдік  (коммуникативті)  құзыреттілікті  қaлыптастыру  тұрғысында  кəсіби  тілдік  тұлға  туралы 
айтaтын  болсақ,  онда  құзыреттілік  адамның  білімі  мен  тəжірибелiк  іс-əрекетінің  арасындағы 
қатынастар  саласына  қaтысты  категория  ретінде  қарастырылады.  Бұл  кəсіби  қарым-қатынас 
құзыреттілігін  қол  жеткiзген  арнайы  білімдер,  іскерліктер  мен  дағдылардың  негізінде 
орындaлынатын  кəсіби  іс-əрекеттің  мақсаттары  мен  міндеттеріне  сай,  кəсіби  қарым-қатынасты 
табысты  жүзеге  aсыратын  қабілеттіліктердің  жиынтығы  ретiнде  қарастыруға  мүмкіндік  береді. 
Осыған  орай  кəсіби  тілдiк  тұлғаның  құрылымына  коммуникaтивті  құзыреттілік  деңгейін  енгізуге 
болaды.  Келесі  лингво-когнитивті  деңгей  тезаурус  арқылы  берілетін  əлемнің  кəсіби  бейнесінде, 
сонымен  бірге  субъекттiң  жеке  кəсіби  топқа  қатысты  болуын  сипaттайтын  оның  кəсіби  əлемінiң  
бейнесінде  көрініс  табады.  Кəсіби  тілдік  тұлғаның  уəждемелiк  деңгейі  объективтi  болмысты 
субъектінің  кəсіби  тілдiк  санасының    біржақтылығын  ұйғаратын  қозғаушы  факторлар  жүйесiн 
білдіреді.  
Сонымен, кəсіби тілдік тұлғаны талдау нəтижесінде төмендегiдей тұжырымдар жасауға болады: 
1)  Ғылыми  зерттеудің  объектісі  ретінде  тілдік  тұлғaның  ашық сипаты  бұл  құбылысты  кəсіби іс-
əрекет құрылымында зерттеуге мүмкіндік береді.  
2) Əлемнің кəсiби бейнесі кəсіби тілдік тұлға мен кəсіби болмыстың өзара байланысының орталық 
буыны  болып  табылады,  ал  мəтіндер  мен  оларға  сəйкес  мəнмəтіндер  жиынтығы  ретіндегі  кəсіби 
дискурс оның объективтi көрініс табу түрі.  
3)  Кəсіби  тілдік  тұлға  –  мамaндықтың  рөлдік  талаптарын,  кəсіби  іс-əрекеттің  мақсаттарын  жəне 
табысты  түрде  өзін-өзі  кəсiби  татытуды  ескере  отырып,  кəсіби-коммуникативті  өзара  əрекеттесудің 
əртүрлі  жағдайларында  кəсіби  субдискурстарды  қабылдауды  жəне  олармен  əрекет  етуді  ұйғарaтын 
тілдік  құзыреттіліктердің  жиынтығы.  Бұл  жерде  қабылдау  жаңа  бейнелерді  қалыптастыру  жəне 
дайын  бейнелерді  белгілеу  болып  табылады,  ал  субдискурсты  əрекет  ету  субъекттiң  кəсіби-
коммуникативті өзара əрекеттесу жағдайының қажеттіліктеріне сəйкес кəсіби мəтіндерді өзектендіру 
арқылы күнделікті болмысты саналы түрде өзгертуiн білдіреді. 
4) Кəсіби тілдік тұлға құрылымы үш деңгейді қaмтиды:  
 а)  коммуникативті  құзыреттілiк  –  коммуникативті  жағдaйдың  қажеттіліктері  мен  кəсіби 
қызметтің  мақсаттарына  сəйкес  кəсіби  қарым-қатынасты  жүзеге  асыру  үшін  қалыптастырылған 
іскерліктердің жиынтығы;  
б)  лингво-когнитивті  тезaурус  арқылы  берілетін  əлемнің  кəсіби  бейнесінде,  сонымен  бірге 
субъекттің жеке кəсіби топқа қатысты болуын сипаттайтын оның кəсіби əлемінің бейнесінде көрініс 
табады;  
в) уəждемелік – объективтi еңбек əлемін тұлғалық мəндерге сəйкес бейнелеуде субъекттің кəсiби 
тілдік санасының біржақтылығын ұйғарaтын қозғаушы факторлар жүйесi. 
 
Əдебиет: 
1.
  Караулов Ю.Н. Русский язык и языковая личность. - М.: Наука, 1987. - 262 с. 
2.
  Маркс К., Энгельс Ф. Немецкая идеология.- М.: Политиздат, 1955. – 689 с. 
3.
  Телия В.Н. Русская фразеология: семантико-прагматический и лингвокультурологический аспекты. - М.: 
Языки русской культуры, 1996. 
313


4.
  Гумбольдт В. фон. Язык и философия культуры. - М.: Прогресс, 1985. - 451 с. 
5.
  Вайсгербер И.Л. Язык и философия // Вопросы языкознания.- 1993. - №2 
6.
  Уорф Б.Л. Отношение норм поведения и мышления к языку // Зарубежная лингвистика. - 1999. - Т. 1. - 
106 с. 
7.
  Бодуэн де Куртене И.А. Избранные труды по общему языкознанию. –М., 1963. - Т. 2. 
8.
  Буслаев Ф.И. История изучения византийского и древнерусского искусства в России. - М., 1985. – 183с. 
9.
  Богин Г.И. Модель языковой личности в ее отношении к разновидностям текстов : автореф. дисс. докт. 
филол. наук. - Л., 1984. - 31 с. 
10.
 Виноградов В.В. О художественной прозе. -М.-Л., 1930.  
11.
 Леонтьев А.А. Основы психолингвистики. - М., 2003. 
12.
 Брудный А.А. Феномен понимания: когнитивный анализ. - Фрунзе: Илим, 1990. – 227 с.  
13.
 Дридзе Т.М. Язык и социальная психология. -М.: Высшая школа, 1980. – 224с. 
14.
 Борисова С.А. К вопросу о семантическом пространстве политического дискурса. - М., 2000. 
15.
 Выготский Л.С. Собрание сочинении. - М., 1984.   
16.
 Якобсон Р. Часть и целое в языке //Избранные работы. - М., 1985. - С. 301-305. 
 
 
Əбсаттар Ə. 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі  
институтының магистранты  
 
Қазақтың халық əндерінің лингвомəдени əлеуеті 
 
Соңғы  жылдары  тіл  білімінде  антропоөзекті  парадигманың  жандануына  байланысты  тіл  мен 
мəдениеттің  өзара  байланысы,  арақатынасы  туралы  мəселе  өзекті  болып,  тіл  адаммен,  оның  ой-
санасы,  қызметімен  тығыз  байланыста  зерттеле  бастады.  Л.Н.Мурзин  осы  уақытқа  дейін 
мəдениеттанушылар  мен  лингвистер  тіл  мен  мəдениетті  оқшау,  жеке-дара  қарастырып  келгенін, 
мəдениеттанушылар  мəдениетті  тілмен  байланыстырмай,  бөлек  сипаттаса,  лингвистер  «тілді 
мəдениеттің  қатысынсыз  зерттеу  керек,  тілге  мəдениеттің  қатысы  жоқ»  деген  ұстанымда  болғанын 
ескертеді [1, 160]. Антропологиялық бағыттағы зерттеулердің жандануының нəтижесінде ғана адамға 
ерекше  мəн беріліп,  адамның  тікелей  қатысы бар,  адам  тұтынатын  тіл  мен  мəдениет  сабақтастыққа 
қарастырыла бастады.  
Тіл  мен  мəдениеттің  өзара  сабақтастықта  зерттеуге  деген  қызығушылықтың  артуының  өзіндік 
себептері бар:  
1)
  халықаралық қатынастардың кеңеюі, əлемдегі саяси-əлеуметтік ахуалдың өзгеруі;  
2)
  түрлі  халықтардың  ортақ  жəне  өзіндік  ерекшеліктерін  айқындауға,  олардың  мəдени 
құндылықтарын зерттеуге деген құлшыныстың артуы;  
3)
  гуманитарлық  ғылымдардың  тоғысуы,  тілдің  психология,  əлеуметтану,  этнография, 
мəдениеттаным т.б. ғылым салалармен байланыста зерттелуі;  
4)
  тіл  білімінде  антропологиялық  бағыттағы  зерттеулердің  пайда  болуы,  тілді  əлем  туралы 
білімдер мен түсініктерді концептуалдайтын құрал ретінде тану (қабылдау).  
Тіл  мен  мəдениеттің  сабақтастығы  XVIII-XIX  ғасырларда  В.  фон  Гумбольд  еңбектерінен  бастау 
алады.  Ғалымның  тұжырымдары  кейін  Ф.И.Буслаев  пен  А.А.  Потебняның  еңбектерінде  жалғасын 
тапты.  Кейінгі  жылдары  антропоөзекті  парадигманың  дамуына  байланысты  тіл  мен  мəдениеттің 
арақатынасын  зерттеу,  лингвистиканы  тілдегі  адам  бейнесі,  адамның  тілді  тұтынуы  тұрғысынан 
зерделеу  Н.Д.  Арутюнова,  А.Н.  Баранов,  Ю.Н.Караулов,  Ю.С.Степанов,  Б.А.Серебренников,  В.Н. 
Телия, В.Н.Топоров, А.Д. Шмелев т.с.с. ғалымдардың еңбектерінде ерекше үрдіс алды.  
Тіл мен мəдениеттің өзара қатысын зерттеуде бірнеше бағыт қалыптасты:  
1)
  Тіл  –  мəдениеттің  көрінісі,  онда  шынайы  болмыс  бейнеленеді,  ал  мəдениет  –  болмыстың  бір 
бөлшегі  ғана.  Тіл  мен  мəдениеттің  байланысы  біржақты»  деген  ұстанымды  негізге  алған 
зерттеушілер: Г.А.Брутян, Л.Витгенштейн, Э.С. Маркарян. 
2)
  «Адамдар əлемді өзінің ана тілінің негізінде, лингвистикалық сəйкестік арқылы ғана таниды» 
деп танушылар: Э.Сепир, Б.Уорф, Д.Хаймс. 
3)
  «Тіл – мəдениеттің өнімі болумен қатар оның маңызды құрамдас бөлігі, мəдениеттің көрінісі, 
мəдени  кодтардың  қалыптасуының  алғышарты»  деп  танушы  зерттеушілер:  Н.Д.  Арутюнова,  А. 
Вежбицкая, В.В.Воробьев,  В.В.Красных,  В.И.Карасик, В.А.Маслова, И.Г.Ольшанский, Е.О.Опарина, 
Б.А.Серебрянников, Ю.С.Степанов, В.Н. Телия, Е.В.Урысон т.б.  
Тіл  мен  мəдениеттің  өзара  байланысын  зерттеу  нəтижесінде  лингвоелтаным,  этнолингвистика, 
лингвофольклористика, əлеуметтік лингвистика, психолингвистика, поэтика сияқты ғылым салалары, 
когнитивті лингвистика, лингвомəдениеттаным, медиалингвистика, саяси лингвистика сияқты пəндер 
пайда болды. Қазақ тіл білімінде бұл бағыттағы зерттеп жүрген ғалымдардың қатарында Ə.Қайдар, 
314


М.Копыленко, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, К.Хұсайын, Н.Уəли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, А.Ислам, 
А.Сейілхан, Қ.Қайырбаева т.б. атауға болады.  
Тіл  мен  мəдениетті  сабақтастықта  зерттеу  ерекшелігі  туралы  профессор  Ж.Манкеева:  «Ұлттық 
рухымыз  жаңғырып,  салт-дəстүрлеріміз қайта  жанданып  жатқан қазіргі қазақ  қоғамындағы  рухани-
əлеуметтік құбылысты дұрыс бағалап, негізін түсіну үшін ұлттық тілдің дамуының ішкі формасынан 
туындайтын жалпы заңдылықтарды жеке адам, ерекше тұлғалардың психикасымен (рухымен) жəне 
оның  жалпы  ұлттық  санаға  əсерімен  байланысты  түсіне  білудің  маңызы  зор...  Антропоөзектік 
бағытта жүргізіліп жатқан зерттеулердің барысы тіл мен мəдениеттің байланысы тіл білімінің қазіргі 
лингвомəдениеттану  саласында  ерекше  мəнге  ие  екенін  көрсетіп  отыр.  Бұл  екі  фактордың  тоғысуы 
нəтижесінде  пайда болған  тілдік  деректер  ұлт  мəдениетін  немесе  ұлт  тарихын,  халықтың қоғамдық 
өмірін бейнелеп қана қоймай, ана тілінің сөздік қоры байлығының көрсеткіші ретінде де танылады», 
– деп жазады [2, 15]. 
Тіл  мен  мəдениеттің  тоғысында  лингвомəдениеттанымдық  тұрғыдан  зерттелуі  қажет  тілдік 
нысандардың  бірі  –  қазақтың  халық  əндері.  Халық  əндерінде  халықтың  дүниетанымы,  тарихы,  сан 
ғасырлар  бойғы  тəжірибесі,  мəдени  жетістігі  сақталған.  Халық  əндері  тіл  тарихынан  мол  ақпарат 
береді,  ұлттық  тілдің  эстетикалық  сипатын  танытып,  тарихи  семиотиканың,  семиотиканың  да 
қызметін атқарады. Профессор Н.Уəли тіл де, мəдениет те семиотикалық жүйеге жататынын, олар əр 
басқа болғанмен, ортақ белгілері де барын ескерте келіп:  
- мəдениет те тіл сияқты, адамның дүниетанымын бейнелейтін сананың формасы болып табылады; 
- мəдениет пен тіл өзара қарым-қатынаста (диалогте) болады; тілсіз мəдениет жоқ, мəдениетсіз тіл 
жоқ; 
- мəдениет пен тілдің субъектісі – индивид, социум, жеке тұлға, қоғам; 
- мəдениетке де, тілге де нормалық тəн; 
- тарихилық мəдениет пен тілдің мəнді қасиеттерінің бірі», – дейді [3, 48].  
Тіл  мен  мəдениеттің  өзара  сабақтастығы  тілдің  кумулятивтік  қызметімен  байланысты,  яғни,  тіл 
ғасырлар  бойы  жинақталған  мəдениетті  кейінгі  ұрпаққа  жеткізеді.  Бұл  орайда  академик  Ə.Қайдар: 
«Кез  келген  тілдің  қоғамда  өзара  байланысты  үш  түрлі  қызметі  бар.  Оның  басты  қызметі: 
коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірін түсінуі, пікір алысуы 
үшін қажетті қызметі. Оның екінші қызметі – көркем шығарма тіліне тəн, адам баласына тəн образ 
арқылы  ерекше  əсер  ететін,  лəззат  сыйлайтын,  эстетикалық  қызметі.  Тілдің  бұл  қызметі,  əрине, 
қаламгердің шеберлігіне, сөз саптау мəдениетіне байланысты. Ал тілдің үшінші бір қызметі ғылыми 
терминмен айтқанда, аккумулятивтік қызметі деп аталады. Яғни ол – тілдің ғасырлар бойы дүниеге 
келіп, қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сақтап, оны келешек ұрпаққа асыл мұра 
ретінде  түгел жеткізіп отыратын  игілікті  қасиеті.  ... Тіл  фактілері  мен  деректері  –  тұла бойы  тұнып 
тұрған тарих. Сондықтан этностың өткендегі тарихы мен этнографиялық байлығын біз ең алдымен, 
содан іздеуіміз керек [4, 19 б.], – деп жазады.  
Қазақтың  халық  əндеріндегі  ұлттық  кодты  сақтайды.  Халық  əндерін  лингвомəдениеттанымдық 
тұрғыдан  зерттеуде  мəдени  кодты  айқындау  мақсат  етіледі.  Тіл  мен  мəдениеттің  өзара  қатысын 
зерттеуде лингвомəдени құндылықтардың маңызды орын алады. Лингвомəдени құндылық дегеніміз – 
халықтың эстетикалық құндылығы көрініс табатын, мəдени коннотациясы бар тұрақты тілдік жүйе. 
Бұл  орайда  қазақтың  халық  əндері  лингвомəдени  құндылыққа  жатады.  Лингвомəдени  құндылық 
ретінде тану үшін:  
-
 онда мəдени коннотация болуы керек;  
-
 тілдік материалда эстетикалық, жалпыадамзаттық, маңызды мəдени ұғым болуы керек;  
-
 мəдени маңызы жоғары аямен сəйкес келуі керек;  
-
 халықтың мəдени жадында жүйелі түрде орныққан тұрақты сипаты болуы керек.  
Қазақтың  халық  əндері  бұл  талаптарға  толық  сəйкес  келеді:  халық  əндері  қазақтың  ұлттық 
қазынасына, мəдени қорына жатады. Халық əндерінің тілі эстетикалық құндылыққа толы. Сондықтан 
əн  мəтіні  көркем  құндылыққа  жатады.    Қазақтың  халық  əндері  мəдени  коннотацияға  бай,  онда 
денотативті,  бейнелі  қолданысты  тілдік  бірлік  көп.  Халық  əндері  мəдени,  стильдік,  бейнелі, 
эмоционалды-экспрессивті  компонентке  бай.  Халық  əндерінде  қазақ  халқы  үшін  ерекше  маңызды 
саналатын  ұғымдар  мен  түсініктер  «Өмір»,  «махаббат»,  «табиғат»,  «жастық»  т.с.с.  концептілерде 
көрініс  тапқан.  Халық  əндерінің  құндылығы,  жасампаздығы  халықтың  санасында,  мəдениетімізде 
түбегейлі  орныққан.  Халық  əндерін  көпшілік  қауым  сүйсініп  тыңдайды,  қайта  жаңғыртып,  көненің 
көзіндей  сақтап  қалуға  тырысады.  Яғни,  халық  əндерін  бағалау  тəсілдері,  оның  критерийлері 
қоғамдық  санада  түпкілікті  орныққан. Халық əндерінде  «жақсылық  пен жамандық»,  «ақ  пен  қара», 
«жомарттық  пен  сараңдық»  т.с.с.  өзара  қарсы  қойыла  отырып,  тыңдаушысының  жақсысын  алып, 
жаманнан жиренуіне түрткі болады.  
Қайғысыз қара жүрек зарламайды 
Екі дос бірін-бірі алдамайды. 
315


Қара тас ұйқың келсе болар мамық, 
Шын ғашық сұлулықты таңдамайды («Жиырма бес»).  
 
Алды-артын ойлайтын ер-азамат 
Дүниеге мастанып отырмайды («Абай көк»).  
 
Қыз емес, қыздың аты — қызыл өрік, 
Баршасы бірдей келсін мінез, көрік («Қызыл бидай»).  
 
Қазақтың халық əндерінен дүниенің өткіншілігі, жалғандығы туралы ойы, танымы көрінеді:  
 
Аха-хау, жалған, 
Жиырма бес қайта айналып, 
дүние-ау, келмес саған («Жиырма бес»). 
 
Ойнамайын, күлмейін десем дағы, ахау, 
Өтіп барады жас дəурен арманменен. 
Бетер деймін ендеше, бетер деймін. 
Осы бүгін коңіліңді көтер деймін. 
Осы бүгін көңіліңді көтермесең 
Ойнағаның, күлгенің бекер деймін («Қалқатайдың дауысы-ай!»).                   
 
Өлең деген немене білген құлға, угай-ай, 
Ақ теңгесін кім қимас алар пұлға, угай-ай. 
Оралыңның барында ойна да күл, угай-ай, 
Өлгеннен соң адыра қалар тұлға, угай-ай («Угай-угай»).  
 
Келтірілген өлең жолдарындағы жастық шақтың зымырап өте шығатыны, өмірдің уақытша екені, 
жас  кезде  ойнап-күлу  керектігі  туралы  ойдың  терең  астары  бар.  Бірнеше  өлеңге  тəн  мұндай 
сарынның философиялық мəні зор.  
Халық  əндерінің  дəстүрлі-поэтикалық  лексикасы  тұрақтылығымен,  халықтың  мəдени-тілдік 
жадында бекітілген сөз орамдарының қолданылуымен ерекшеленеді.  
 
Айналайын көзіңнен 
Күлімдеген, 
Басқан ізің ешкімге 
Білінбеген, 
Замандас, 
Кездескенде есіңе алып амандас («Замандас»).   
 
Аралаймын аулыңды тарланменен, 
Қарамайсың қасыңа барғанменен. 
«Ойнамайын, күлмейін», - десем-дағы, ахау, 
Өтіп барады жас дəурен арманменен («Сусамыр»). 
 
Халық  əндерінің  көбінде  өмірдің  қызығына,  дүниеге  бой  алдырып,  көрсеқызар  болмауға 
шақырады:   
 
Айналайын, қарағым, хал жақсы ма? 
Сала берме көзіңді əр жақсыға. 
Сала берсең көзіңді əр жақсыға, 
Бəрі жақсы көрінер алғашқыда («Сусамыр»).  
 
Қарағым, айналайын, қал жақсы ма?! 
Көзіңді сала берме əр жақсыға. 
Көзіңді сала берсең əр жақсыға, 
Көрінер бəрі жақсы алғашқыда («Ала қарға»).  
 
Сондай-ақ  «жүзіңді көрмегелі көп болды», «көрмегелі көп айдың жүзі болды» т.с.с. қолданыстар 
əн мəтіндерінде жиі кездеседі: 
316


Көрмегелі жүзіңді көп күн болды, 
Құмарланған көңілім қашан тынар?! («Көкем-ай»). 
 
Айналайын, қарағым, алтыным-ай, 
Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай. 
Көрмегелі көп айдың жүзі болды, 
Есен-аман жүрмісің, жарқыным-ай 
Ғашық жарым. 
Ахау, керім, бұраң белім, 
Күнде жиын, күнде той  
Жүрген жерің («Ахау, керім»).  
 
Қызға қатысты ақ тамақ, бұраң бел, күлім көз, оймақ ауыз, қызыл ерін, өмірдің гүлі, айдын көлдің 
қоңыр  қазы    деген  атауларды  қолдану,  жігітті  лашынға,  қыран  құсқа  теңеу  –  халық  əндерінде 
қалыптасқан дəстүр. Мысалы:  
 
Сен де сері сəулем-ай, мен де сері, сəулем-ай, 
Шын сүймесен көңліңді бермес едің, сəулем-ай. 
Томағасын алдырған лашындаймын, сəулем-ай, 
Сен болмасан бұл жерге, келмес едім сəулем-ай («Сəулем-ай»). 
 
Боз жорға жорғаңа бас, алдыңда ел жоқ, 
Ішетін шөлдегенде айдын көл жоқ. 
Алыстан ат терлетіп келгенімде, 
Ат ұстап, қарсы алатын бұраң бел жоқ («Боз жорға»).  
 
Айналайын, қарағым, қиылған қас, 
Сені ойласам көзіме келеді жас. 
Өзіңе арнап хат жазып жіберейін, 
Сағынғанда оқы да бауырыңа бас («Ақ кербез»).  
 
Ағашы займкенің селдіреген, 
Қалқаның екі көзі мөлдіреген. 
Əн салып кешке таман жүргенінде, 
Бүрмесі ақ көйлектің желбіреген («Келіншек»).  
 
Бұлар – нағыз қазақы танымға тəн қолданыстар болса, Шығыс поэзиясының əсерімен қызды гүлге, 
бау-бақшаға, жігітті бұлбұл құсқа балау да кездеседі:  
 
Ай қараңғы аспанда түн емес пе, угай-ай, 
Жақсы əйелдер өмірде гүл емес пе, угай-ай. 
Қыздар гүл-гүл болғанда, жігіт бұлбұл, угай-ай, 
Бұлбұл қонып гүліне түнемес пе, угай-ай («Угай-угай»).  
 
Бау ішінде гүлімсің, 
Айым менен күнімсің, 
Тырнағым саған ілінсін («Бау ішінде гүлімсің»). 
 
Сондай-ақ  қасты  қаламға  теңеу,  тілді  шекерге,  тісті  науатқа  балау  да,  қызды  «пері»,  «перизат» 
сияқты қолданыстар да – Шығыс поэзиясының ықпалынан туған. Мысалы:  
 
Аққұмның бір қызы бар Іңкəр атты, 
Сөзі бар алуа, шекер, балдан тəтті. 
Адамның өзім көрген абзалы екен, 
Айтайын өлең қылып перизатты... («Аққұм»). 
 
Қасың сұлу қағаздың қаламындай, 
Туылғансың, жаным-ау, қалай мүндай, қалқам-ай. 
Əкең сұңқар болғанда, шешең — пері, 
317


Бір кісіден тумайды бала мұндай, сөйле, қалқам-ай. 
  
Тауға шықсам сайрайды тау кекілік, 
Қар жауғанда қалады жол бекіліп, сөйле, қалқам-ай. 
Тісің науат болғанда, тілің — шекер, 
Қабағыңнан тұрады нұр төгіліп, сөйле, қалқам-ай («Сөйле, қалқам-ай»). 
 
Сұлу  қызды  сипаттауда  халық  əндерінде  жаугершілік  заманның  белгілері  орын  алған.  Қызды 
жалаулатқан найзадағы жалауға теңеу де кездеседі:   
 
Еркем-ай, дəнекерсің айнадағы, 
Шашақсың жалаулатқан найзадағы. 
Жаратқан ақ боз аттай сылаң қағып, 
Бейуақыт сейілге шық жайна-дағы («Алқоңыр»).  
 
Мұндай  айшықты  бейнелер  халық  əндерінің  қай  кезеңде  пайда  болғанынан  да  мол  ақпарат  бере 
алады.  
Қазақтың  халық  əндерінде  қызды  айдын  көлде  шомылған  ақша  балыққа,  су  бетінде  ойнаған 
шабаққа теңеп, жігітті сол суға қармақ салған балықшыға балау да жиі кездеседі:  
 
Ақша балық шомылған 
Айдын көлден, 
Алтын қармақ салса да 
Ілінбеген. 
Замандас, 
Жолыққанда есіңе алып амандас («Замандас»).  
 
Көзіңнен айналайын қырғи қабақ, 
Ойнаған су бетінде сен бір шабақ. 
Салсам да алтын қармақ ілінбейсің, 
Қайтейін қылығыңды, ей, ақтамақ («Əсем əнім сырнайдай»).  
 
Қазақтың  халық  əндеріндегі  мұндай  бейнелі  айшықтар  –  кездейсоқ,  ойламаған  жерден  пайда 
болған  қолданыс  емес.  Мұндай  тұрақты,  дəстүрлі  сөз  қолданыстары,  теңеу,  эпитет  т.с.с.  айшықты 
қолданыстар халықтың мəдени жадының көрінісі. Сондықтан халық əндерінде қайталанатын мұндай 
бейнелі қолданыстар арқылы ол туынды халыққа етене жақын болады. Ол – халық əндерінің мəдени 
тетігі (механизмі) деуге болады. Ұжымдық мəдени-тілдік жад бейнелі қолданыстар кеңістігі іспетті. 
Бейнелі  қолданыстардың  тіркесімінде  де  белгілі  бір  заңдылық  сақталады:  бұраң  бел,  қиғаш  қас,  ақ 
тамақ, күлім көз т.с.с.  
 
Шөбі шүйгін төменгі көк қабақтың, 
Қызы сұлу болады Көксадақтың, угай-ай. 
Өлең, даусын сағынып жүргенімде, 
Дауысы қайдан шығады ақ тамақтың, угай-ай. 
 
Тау басында аршасы, 
Басына бұлбұл қонсашы. 
Оймақ ауыз, күлім көз, 
Жарым сіздей болсашы («Угай-ай»).  
 
Бір қамшым бар-ей қолымда жез бауырдан-ей, 
Кірсем шыққым-ей келмейді қызды ауылдан-ей, бұраң бел. 
Аулың алыс кеткендей-ей, қарағым-ай, 
Жақсы көрдім-ей өзіңді бауырдан-ай, бұраң бел. 
 
Қара-ай көз-ай, қыпша бел, 
Мені ойласаң-ай мұнда кел. 
Еш кетпейсің-ай ойымнан, 
Ұзақ таңға-ай, бұраң бел («Бұраң бел»).  
 
318


Бұраң бел, көкем-ай, 
Қасы, көзі қиылып 
Қай жерде отыр екен-ай. 
  
Көзімнің жанарындай сəулем едің, 
Көңілімнің қуанышты дəурені едің. 
Ойымнан жатсам-тұрсам еш кетпейсің, 
Басымды не сиқырмен əуреледің?! («Аққұм»).  
 
Күлім көз, оймақ ауыз бір сұлуды, 
Тағы да алсаң тауып айдын көлдің қоңыр қазы («Аңшының əні»). 
 
Угай-ай, 
Əн салшы-ай, 
Бір бала-ай. 
Қос етек, бұраң бел, 
Қуалай соғар қоңыр жел («Бір бала»).  
 
А.Вежбицкая  мұндай  тілдік  бірліктерді  өзек  сөзге  жатқызып,  мəдениеттің  негізгі  құндылығы 
ретінде сипаттайды:  «Они могут привести нас в сердцевину целого комплекса культурных ценностей 
и  установок...,  раскрывающих  целую  сеть  культурно  специфичных  культурно-обусловленных 
сценариев» [5, 38]. Мұндай сөз қолданыстарды Ю.С.Степанов «константа» (лат.: constans (constantis) 
– «тұрақты») [6, 77] деп атаса, Титкова «рекурренттілік» (лат. Recurrete – «повторение») деп атайды 
[7, 85]. 
Қазақтың  халық  əндерінің  бір  ерекшелігі  –  ол  бейнелі  қолданысқа  толы  болады,  айтылатын  ой 
астарлап  жеткізіледі.  Мұндай  көркем  айшықтар  эстетикалық  қызмет  атқарады.  Профессор 
Ж.Манкеева  этномəдени  атауларды  талдап,  тіл  мен  мəдениеттің  сабақтастығы  туралы  айта  келіп: 
«Кез келген ұлттық мəдениеттің негізі – ортақ тілде сөйлеп, ортақ мүдде мен қағидаларға сай өмір 
сүріп,  əрекет  ететін  этноұжымда  қалыптасқан  шындық  дүниенің  тұтастығы,  этностың  материалдық 
жəне  рухани  кеңістігі.  Олай  болса,  «тіл  –  ұлттың  тірегі,  ұлт  мəдениетінің негізі»  деген  қағидаларға 
сəйкес тіл мен мəдениет арасындағы байланыстың арқауы сан ғасыр өтсе де бар асылын өз бойында 
сақтап, еш шашаусыз  жиып,  болашаққа  жеткізетін  тілдің  құдіреті  –  кумулятивтік  қызметі  негізінде 
шешіледі... Демек, əр этностың өмір сүру сипаты ұлттың рухани ерекшеліктері, ойлау ұғымдары мен 
бағыт-байламдарын сипаттайтын тілдік жүйесі арқылы ана тілінде сақталады», – деп жазады [2, 14].  
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласында: 
«Əжептəуір  жаңғырған  қоғамның  өзінің  тамыры  тарихының  тереңінен  бастау  алатын  рухани  коды 
болады.  Жаңа  тұрпатты  жаңғырудың  ең  басты  шарты  –  сол  ұлттық  кодыңды  сақтай  білу...  Ұлттық 
салт-дəстүрлеріміз,  тіліміз  бен  музыкамыз,  əдебиетіміз,  жоралғыларымыз,  бір  сөзбен  айтқанда, 
ұлттық  рухымыз  бойымызда  мəңгі  қалуға  тиіс»,  –  деген  болатын.  Ұлттық  рухани  кодты  ұрпақтан 
ұрпаққа  жеткізетін  қазақтың  халық  əндерін  тіл  білімінде  қалыптасқан  жаңа  бағыттарға  сəйкес 
зерттеудің маңызы зор деп білеміз.  
 
Əдебиет:  
1.
  Мурзин Л.Н. Язык, текст и культура // Человек - текст - культура. -Екатеринбург, 1994.-С. 159-167. 
2.
  Манкеева Ж. Қазақ тіліндегі этномəдени атаулардың танымдық негіздері. – Алматы, 2010. – 382 б.  
3.
  Уəли Н. Қазақ сөз мəдениетінің теориялық негіздері: филол. ғыл. докт... дис.: 10.02.02. – Алматы, 2007. – 
329 б. 
4.
  Қайдар Ə. Этнолингвистика // Білім жəне еңбек 1985. №10. –18-26-б. 
5.
  Вежбицкая  А. Понимание культур через посредство ключевых слов / Пер. с англ.  А.Д. Шмелева.  - М.: 
Языки славянской культуры, 2001.-288 с.  
6.
  Степанов Ю.С. Язык художественной литературы // Лингвистический энциклопедический словарь. Под 
ред. В.Н. Ярцевой. - М.: Большая Российская энциклопедия, 2002. - С. 608-609. 
7.
  Титкова  О.И.  О  перспективах  лингвистического  исследования  рекуррентных  единиц  лексикона  // 
Филологические науки. - 2003. -№ 2. -С.79-86. 
 
 
 
319


Бураханова А. 
«Қайнар» академиясының магистранты 
 
Қазақ тілінің терминологиялық лексикасын байыту 
 
Қазақ  тілінің  конституциялық  мəртебе  алғанына  біраз  жыл  өтсе  де,  мемлекеттік  тілдің  қазіргі 
ахуалы,  қоғамдық  пікірге  құлақ  қойсақ,  көпшіліктің  көңілін  көншітерліктей  емес.  Бұл  тұрғыда 
түйіткіл  мəселелердің  бірі  мемлекеттік  тілдің  қолданыс  аясын  кеңейтуге,  заңның,  ғылымның  жəне 
жаңа технологиялардың тілі ретінде дамытуға байланысты болып отыр. Мемлекеттік тілдің қолданыс 
аясын  кеңейту  –  тек  бір  ғана  тілге  байланысты  шаралардың  жиынтығы  емес,  ол  жалпы  ұлттық 
келбетімізді қалыптастыруға қатысты өріс алатын іргелі бағыт. Конституциялық мəртебесі бола тұра, 
басқару,  ақпарат,  ғылым-білім  саласындағы  əлеуметтік  беделі  аса  жоғары  қарым-қатынастық 
міндеттерді  атқару  мемлекеттік  тілдің    еншісіне  толық  тимей  отыр.    Ал,  мемлекеттік  тілдің  1) 
басқару,  2)  ақпарат,  3)  ғылым-білім  саласындағы  үш  тағаны  мықтап  орнықпай,  қоғам  мен  əлемдік 
қауымдастық  алдындағы  абыройы  көтерілмейді.  Егер  ғалымдар  ана  тілінде  жазбаса,  азаматтардың 
жұмыс тілі қазақ тілінде болмаса, ол өзге ұлттың жыртысын жыртатын бейұлтты тұлғаға айналады 
[1]. 
Қазіргі кезде қоғамда болып жатқан саяси-əлеуметтік өзгерістермен қатар тілдің демократиялануы 
да  орын  алып,  оның  өзгеруі  жиі  кездесетін  құбылысқа  айналып  отыр.  Қазақ  тілі  сөздерінің 
стилистикалық  тұрғыдан  бейтараптануы,  мағынасы  ескірген  көне  сөздердің  (архаизмдердің) 
жасампаздық  қасиетінің  күшеюі,  терминологиялық  лексиканың  жаңа  қарқынмен  игерілуі, 
терминдердің  жалпы  қолданысқа  көшуі  сияқты  көптеген  жаңалықтар  тілдің  демократиялануынан 
хабардар етсе керек [2]. Бұл мəселенің өзектілігі – тілдің демократиялануын пайдалана отыра, дəлірек 
айтсақ, терминологиялық лексика қорын байыту арқылы тілдегі артық шетелдік терминдер мен кірме 
сөздерді ығыстыру, ғылым тілін дамыту, тілдің қолданыс аясын кеңейту.Мысалы, «объект» терминін 
«нысан» деп аударып, «субъект» терминін сол күйінде қалдырдық өйткені оны «нысан» деп аударсақ, 
тіпті, күлкілі жағдай болар еді. Осы сөздерді аудармай-ақ солай, халыққа етене боп, үйреніп калған 
күйінде қолдана берсек қазақ тілінің орасан байлығы ойсырап қалмауға тиісті деп санаймыз [3]. Бұл 
жерде  айтпағымыз  келесі  мəселе,  «Қазақ  тілі  терминологиясы  мен  жалпы  күнделікті  қолданыстағы 
сөздерді қалайша қазақыландыра аламыз?» 
Қазіргі қолданысымыздағы қазақ терминологиясы, ғылым тілі бір күнде қалыптаса қалған жоқ. Ол 
өзінің  қалыптасу  тарихында  бірнеше  кезеңдерден  өтті.Кезінде  Ахмет  Байтұрсынұлы  төраға  болған 
«термин кемесиесінен» бүгінгі терминкомның құрылымы мен жұмыс жүргізу тəртібінің айтарлықтай 
айырмашылығы жоқ. Терминология комиссиясының құрамында бес-алты сала маманы қызмет етіп, 
қыруар  іс  тындырған,  мыңдаған  қазақша  терминдерді  жасап, қолданысқа  енгізген.  Өткен  ғасырдың 
басынан  бастап,  ғылымның  түрлі  салалары  бойынша  қазақ  тіліндегі  жекелеген  зерттеу  еңбектер, 
түрлі  оқулықтар  жазылып,  қазақ  баспасөзінің  ел  арасына  ғылым-білімді  кеңінен  насихаттауы  – 
қазақтың  ғылым  тілінің,  ұлттық  терминологиялық  қорының  қалыптасуына  негіз  қалады.  Қазақ 
білімпаздары аталған  мақсаттарына сəйкес жұмыстар  атқарды [3].  Оны ең  алдымен, ғасыр басында 
(20-30жылдары) Алаш оқығандарының қаламынан туындаған оқулықтар мен оқу құралдарынан анық 
көруге болады. А.Байтұрсынұлының «Тіл – құрал», «Əліппе», «Əдебиет танытқыш»; Е.Омарұлының 
–  «Пішіндеме  (Геометрия)»  Х.Досмұхамедұлының  «Жануарлар»,  «Адамның  тəн  тірлігі», 
«Табиғаттану», 
Ж.Аймауытұлының 
«Психология», 
Ж.Күдериннің 
«Өсімдіктану», 
М.Жұмабайұлының  «Педагогика»,  М.Дулатұлының  «Есеп  тану»  сынды  оқулықтары  мен  оқу 
құралдарындағы  терминдердің  орта  есеппен  90  пайызы  қазақ  тілінің  төл  сөздері  немесе  солардың 
негізінде  жасалған  жаңа  атаулар  болып  келеді.  Кірме  атаулар  10-15  пайыздан  аспайды  екен  [3]. 
Олардың дені тіліміздің дыбыстық ерекшеліктерін ескеріп, үндестік заңын сақтай отырып өзгертіліп 
алынған. Сөз болып отырған кезеңде «Орысша-қазақша əскерлік атаулары», «Пəн сөздері», «Атаулар 
сөздігі»  сияқты  қазақ  тіліндегі  алғашқы  терминологиялық  сөздіктер  де  жарық  көрді.  Сөздіктерге 
жəбірленуші  (потерпевший),  ұғым  (понятие),  өкіл  (представитель),  үкім  (приговор),  қосымша 
(приложение),  тозаң  (пыльца),  ерітінді  (раствор),  буын  (слог),  сөгіс  (выговор),  баяндама  (доклад) 
сынды  сан  түрлі  саланың  терминдері  енгізілді.  Алайда,  30-жылдары  көптеген  терминдер 
шеттетілгеніне  қарамастан,  90-жылдары  қайтадан  қажетімізге  жарата  бастадық.  Мысалы,  мына 
төмендегі  терминдер  соңғы  он-он  бес  жыл  көлемінде  терминқорымызға  қайта  қосылған  атаулар: 
хаттама  (протокол),  көшірме(выписка),  арыз  (заявление),  жарнама  (объявление),  төраға,  алқа 
(коллегия), салым, кепіл (залог), талапкер (истец), жасақ (отряд), кеңес (совет) [3]. 
Өткен  ғасырдың  20-жылдарында  қазақ  ағартушылары  өзге  тілден  қабылданған  сөздерді  «жат 
сөздер»,  «кірме  сөздер»,  «бөгде  сөздер»,  «қотыр  сөздер»деп  атап,  бұл  сөздердің  тілімізге  көптеп 
кіруін  тілімізді  шұбарлау  ретінде  қабылдады.  Ал  30-жылдардан  бастап  бұл  атауларға 
«интернационалдық терминдер», «халықаралық терминдер» деген ат беріп, көптеген  халықтардың 
320


тілдеріне  ортақтығын,  ғылым-білім  саласындағы  қарым-қатынасты    жеңілдететіндігін  айта  бастады 
[3]. Жалпы, қазақ тіліндегі терминологияны жүйеге келтіру мəселесін ең алғаш 1925 жылы Жүсіпбек 
Аймауытұлы  «Ақ  жол»  газетінде  жарық  көрген  «Пəн  сөздері  қалай  табылады?»  атты  мақаласында 
көтерген  болатын.  Онда халық  зиялысы:  «Тіл»  деген  нəрсе  –  біліммен  бірге  өсетін,  өрбитін жанды 
нəрсе...  Мəдениетіміз  күшейсе,  тіліміз  өзінен-өзі  күшейеді.  Қалай  күшейеді?  Жаңа  сөздерді  қайдан 
алады?» – деп, бірқатар сұрақтардың басын шалған. Ғылыми лексика қорының қай тілде болмасын 
көбіне  шет  тілдердің  есебінен  байып  отырғаны  айтпаса  да  белгілі  [3].  Тілдер  арасындағы  өзара 
сөзалмасу, терминалмасу – қашанда болып отыратын табиғи құбылыс. Өзге тілден сөз қабылдамай, 
тек  өз  ішінен  байып  отыратын  тілді  кездестіру  қиын.  Əлем  халықтары  тілдерінің  қай-қайсысы  да  
сөзалмасу құбылысынан тыс қала алмайды. Қазақ тілі де солай. Біздің лексикалық қорымызда да əр 
кезеңде  түрлі  халықтардың  тілдерінен  қабылданған  сөздер  едəуір.  Мəселен,  араб-парсы,  моңғол, 
орыс, қытай т.б. тілдерден енген сөздердің үлесі де, тілімізге қабылдануына себеп болған факторлар 
да əркелкі. Алайда басты мəселе, жоғарыда айтқандай, «халықаралық» тілдердің аясы кеңіп, ұлттық 
тіл  өз  қадір-қасиеті  мен  əдемілігін  жоғалтып  алмаса  болғаны.  Өзге  тілдерден  сөз  қабылдамай,  сөз 
алмасу, термин алмасу процесіне мүлде тосқауыл қойып тастау мүмкін де, қажет те емес. Шет тілдері 
терминқор  қалыптастырудың  сыртқы  көзі  ретінде  орнымен  пайдаланылса  дұрыс,  ал  ұлт  тіліндегі 
термин шығармашылығын шектеп, өзге тілдерден термин қабылдауға жаппай жол беріп қарап отыру 
–  шарасыздық.  Ұлт  тілінің  бағын  байлайтын,  мүмкіндігін  шектейтін  ондай  əрекетсіздіктің  жалғаса 
беруіне немқұрайды қарауға болмайды.  
Арнаулы  ұғымдарға  ат  қою  кезіндеатаудың  ықшам  болуы,  бір  мағыналылығы  жəне  ұғым 
мазмұнын  қамтуы  сияқтыерекшеліктер  міндетті  түрде  ескерілуі  қажет.  «Тілдің  міндеті  –  ақылдың 
аңдауын  аңдағанынша,  қиялдың  меңзеуін  меңзегенінше,  көңілдің  түюін  түйгенінше  айтуға  жарау. 
Мұның  бəріне  жұмсай  білетін  адамы  табылса,  тіл  шама  қадырынша  жарайды.  Бірақ  тілді  жұмсай 
білетін  адам  табылуы  қиын.  Сондықтан  сөзден  жасап  сөз  шығару  деген  əркімнің  қолынан  келе 
бермейді жəне шығарғандардың да сөздері бəрі бірдей жақсы бола бермейді», – деп тілдің міндетін 
терең түсініп, терминология саласында ұшан-теңіз еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынұлы да атап өткен 
[3].  Осындай  талаптарды  мүлтіксіз  орындаудың  қиындығы  терминдерді  ана  тілінде  жасаудан  гөрі, 
көп  жағдайда,  өзге  тілдерден  дайын  қалпында  ала  салуға  мəжбүр  етеді.  Алайда,  жаңадан  жасалып 
жатқан терминдердің арнаулы ұғымды дəл бере алатындарын іріктеп алып, ресми бекітуге ұсынған 
жөн.  Өз  кезегінде  өзге  тілден  енген  терминологияларды  қабылдауды  түркі  тілдерінен  ғылыми 
ұғымды  атауға  лайықты  сөз  табылмаған  жағдайда  ғана  қабылдау  керек  деген  шешімге  біз  де 
қосыламыз.  
Соңғы  жылдары  елімізде,  өз  тіліміздегі  терминология  қорын  дамытудың,  біріздендірудің  түрлі 
жолдарын  ұсынып  жүрген  Ш.Құрманбайұлы  түркі  халқы  бірігіп,  терминологияны  көршілес, 
бауырлас халықтардың тілі арқылы толықтыруды ұсынып жүр. Түркі тілдерінің терминдер жүйесін 
жақындастыру,  ортақ  терминдер  қорын  молайту  кеше  көтеріліп  отырған    тақырып  емес.  Бұл 
мəселінің  қозғалғанына  бір  ғасырға  жуық  уақыт  болды.  1924  жылы  Қазақстанның  сол  кездегі 
астанасы  Орынборда  қазақ  ғылыми  қызметкерлерінің  бірінші  съезі  өтіп,  онда  терминологияны 
дамыту мəселелері сөз болды. Оған Ə.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, Н.Төреқұлұлы, 
Е.Омарұлы, Т.Шонанұлы бастаған бүкіл Алаш зиялылары мен Ишанғали Арабайұлы бастаған қырғыз 
оқығандары  қатысты.  Съезд  бекіткен  қағидаттардың  бірі  –  «Қазақтың  өз  тілінен  табылмаған  пəн 
сөздер  басқа  түрік  халықтарынан  ізделсін;  басқа  түріктер  тіліндегі  пəн  сөздер,  жалпы,  түрік  сөзі 
болып,  жат  тілдің  əсерінен  аман  болса,  ондай  сөздер  жатырқамай  алынсын»  деген  қағидат 
қабылданды. 1926 жылы Баку қаласында Бірінші Бүкілодақтық түркология съезі өтіп, оған көптеген 
түркітілдес халықтардың ғалымдары қатысты. Бірақ Бакудегі түркология съезінен кейін көп ұзамай 
қазақ зиялылары қуғындала бастады.Осылайша түркі халықтарының өзара термин алмасу мəселесін 
жолға қоюға бағытталған жұмыс 30-жылдардан кейін жалғасын таппай қалды.  
1996-1997  жылдары  қазақ-түрік  лингвист-ғалымдарының  ұйымдастыруымен  Қазақстанның 
Түркістан  қаласындағы  Қазақ-түрік  университетінде  түркітілдес  елдердің  терминологиясына 
арналған  мəжіліс  өтті.  Бұл  жиынға  Қазақстан,  Түркия,  Əзірбайжан,  Өзбекстан,  Қырғызстан, 
Түрікменстан,  Татарстан,  Башқұрстан,  Қарақалпақстан  елдерінің  тілші-ғалымдары  қатысты.  Бірақ 
күні  бүгінге  дейін  түркі  халықтары  терминдер  қорын  тіларалық  біріздендіру  мəселесін  шешудің 
тиімді тетігі қалыптаса қойған жоқ.  
Лингвист ғалымдар зерттеулерінің нəтижелері қазіргі заманда кез келген тілдің лексикалық қорын 
байытып  отырған  жаңа  сөздердің  80  пайыздан  астамын  неонимдер  (жаңадан  жасалған  терминдер) 
құрайды екен [4]. Бұл – «егер біз ұлт тілінде термин жасайтын болсақ, өз тіліміздің табиғатын сақтай 
отырып  оны  байытамыз,  керісінше,  қай  тілден  көбірек  сөз  қабылдасақ,  сол  тілге  жақындаймыз, 
онымен  ортақтығымыз  арта  түседі»  деген  сөз.  Осы  қағиданы  негізге  ала  отыра  терминологиялық 
қорды  байытудың  тағы  бір  ұтымды  жолы  бар  деп  ойлаймын.  Бұл  мақсатта  бізге  əлемнің  көптеген 
мемлекеттерінің  бұрынғы  жəне  қазіргі  кезеңде  жүргізіп  отырған  саясаттары  үлгі  бола  алады. 
321


Мəселен,  Ататүріктің  билік  басына  келуімен  түрік  тілі  өз  тіліндегі  терминдермен  толығып,  30-шы 
жылдары  Чехословакия,  60-70  жылдары  ҚХДР  термин  тілдерін  «қотыр  сөздерден»  тазарту 
жұмыстарын  жүргізіп,  соның  жемісін  осы  таңда  көріп  отыр  [5].  Тарихқа  көз  жүгіртсек,  ХVІІІ-ХІХ 
ғасырларда Ресейде француз мəдениетінің дəуірі орнады. Зиялы қауымның барлығы француз тілінде 
сөйлеп,  тіпті  əдебиетте  де  кірме  сөздер  кеңінен  қолданылды.  Ата-аналар  балаларына  француз  тілін 
үйретіп,  француз  тəрбиешілерін  жалдау  сол  кездегі  қоғамдағы  дəстүрге  айналы  десе  де  болады. 
Алайда  Кеңес  өкіметі  құрылғаннан  кейін  тілдегі,  ол  аз  десеңіз  əдебиет  пен  мəдениет  тіліне  кіріп 
кеткен  «бөтен  сөздерді»  шығару  іс-шаралары  қолға  алынды.  Осы  жерде  айта  кеткен  жөн  болар, 
Ресей,  Корея,  т.б.  шет  елдерде  «орталық  тіл»  деген  ұғым  кеңінен  тараған.  Яғни,  сол  елдің 
астаналарындағы  қолданылатын  тіл  барлық  нормаларға  сай  «негізгі»  тіл  болып  саналып,  оқулық, 
газет-журнал, əдебиет, саясатта қолданылады. Өткен ғасырда көрші Ресей осы қағиданы ұстанды, ал 
орталық Мəскеу тіліндегі жоқ сөздерді ұлан-байтақ жердің іске жарамды деген диалект (аймақтық) 
сөздерімен  толтыра  отыра  сөздік  жасап  шығарған  болатын.  Біздің  айтпағымыз,  қазіргі  таңда  осы 
саясатты ұстанғанымыз жөн болар. Яғни, қазақ тілінің лексикологиялық қорын ішкі көздер: диалект, 
аймақтық,  диаспора  тіліндегі  сөздер  арқылы  байыту.  Қала  берді,  жыр-дастандар,  ақын-жазушылар 
шығармаларынан,  көне  жазба  ескерткіштерден  тілімізді  түлетуге  жарайтын  сөздерді  іздеп  тауып, 
қажетімізге  жаратсақ  болады.  Мəселен,  айдауыл  –  конвой,  торуыл  –  засада,  құжат  – 
документ(Кеген, Нарынқол аудандары), үрдіс – тенденция(Ақтөбе, Қызылорда), түнек – лежка, төп 
–  барда(малға  жем  ретінде  пайдаланылатын  спирт  өндіргенде  қалатын  қоймалжың  қалдық), 
айырмашылық,  парық  –различие,  қаулы,  бұрыштама,  бұйрық,  нұсқау  –  рапорт,  приказ,ұжым  – 
коллектив  (ШҚО),  алқа  –  коллегия,  егемендік  –  суверенитет,собық  –  початок,  қандауыр  – 
скальпелт.б.  [5]  көптеген  аймақтық  сөздерді  ыждахаттылықпен  жинақтап,  талғаммен  пайдалана 
білсек, «қазақи» сөздік қорымызды толықтырып алуға болады. Сонымен қатар, ЖОО-да жоғары курс 
студенттеріне  оқытылып жүрген  Байынқұл  Қалиұлының  «Қазіргі  қазақ  тілі»  атты  пəнінде  көптеген 
термин сөздер қазақ тілінде жазылған. Мысалы, дыбыстаным – фонетика, тұлға – форма, үдеріс – 
процесс,  сөзтаным  –  лексикология,  түрпет  –  вариант, мəндес  сөздер –  синоним,  тұлғалас  сөздер – 
омоним, қарсымəндес сөздер – антоним, сыпайы сөздер – эвфемизм, тұрпайы сөздер – дисфемизм, 
елтаным  сөздер  –  этнографизм,  пейілдік  жəне  сезімдік  (пейілдік-сезімдік)  –  экспрессивті-
эмоционалды,  басқыншы  (сөздер)  –  варваризм,  сөз  төркіні  –  этимология,  түйдектаным  – 
фразеология,  түйдек  –  фразеология,  т.б.[6].  Екіншіден,  шетелдегі  қандас  бауырларымыздың  тілі 
арқылы байыту. Бізге Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Алтай қазақтарының тілдерінде бар 
сөздерді  сұрыптап  пайдалану  жетіспейді.Сұрыптау  арқылы  кімде  не  бар  екенін  бағамдай  отырып, 
бірімізде жоғымызды екіншімізден ала аламыз.  Тіл мəселесіне келгенде қазақ диаспоралары бірігіп 
жұмыс  істегені  дұрыс.  Мəселен,  2002  жылы  шыққан  «Информатика  жəне  компьютерлік  техника» 
түсіндірме  сөздігінде  «мышка»  сөзін  орыс  тілінен  тікелей  аударып  «тышқан»  деп  алсақ,  бір 
сөздіктерде  əлі  күнге  дейін  ағылшынша  нұсқасы  сақталған.  Дəл  осы  терминнің  баламасы  ретінде 
Қытайдағы қазақтардың тіліндегі «тінтуір» сөзін алуға əбден болады [6]. Техникаға қатысы бар карта 
памяти деген сөзді де ҚХР-да қазақтар жады деп атап жүр. Өйткені, компьютер, ұялы телефонның 
сымдары,  жалпы  құрылысы  адамның  миқап  пен  миды  жалғастыратын  тамырларына  ұқсайды.  Өз 
кезегінде  адам  миы  кез-келген  ақпаратты  өз  жадында  сақтамай  ма?  Төрағалар  алқасы  мен  «Алма-
Арасан демалыс орталығы» сияқты сөздерді жиі еститініміз рас. Осылардың арасын «алқа, Арасан» 
сөздерінің  не  мағына  беретінін  ойлап  жатқан  адам  шамалы.  Арасан  деп  Алтай  өңіріндегі 
бауырларымыз минералды жылы суды атайды. Бірақ қазір бұндай сулар табиғи жолмен емес, қолдан 
жылытылып  жасанды  арасандар  жасалынып  жатыр.  Оны  қол  арасан  дейді  екен.  Алқа  сөзі  бізге 
Түрікменстан, Өзбекстан қазақтарынан келген. Бұл сөздің түп тамырының өзі «шеңбер, ортаға алу» 
дегеннен шыққан. Қазір қазақ тілінде болса «жиын, топ» ұғымының қызметін атқарып жүр. Дəл сол 
сияқты  осы  аймақтарда  айлам  деген  сөз  ипподром  сөзінің  аударма  нұсқасы  ретінде  қолданылады. 
Тіпті  диалектологиялық  сөздікте  айлам  дегеніміз  –  «бəйге  аттарының  айналма  шабысындағы  жол» 
деп жазылған. Түрікменстан аумағынан бөлек ОҚО кей аймақтарында цинк сөзін ақзон темір дейді. 
Бұл  дегені  ақ  темір  деген  сөз.  Біз  бұрыннан  бері  марля  сөзін  дəкі/дəке  деп  атап  үйренсек,  Иран, 
Ауғанстан  қазақтары  болса  тормата  деп  атап  жүр.  Орыс  тілінде  порядок  работы,  режим  работы 
деген  тіркестер  бар.  Біз  оларды  қазақ  тілінде  жұмыс  тəртібі  деп  аударып  алдық.  Бірақ  ойланып 
қарасақ «порядок» пен «режім» сөздерінің арақатынасы тең емес қой. Неге режім-ді Моңғолиядағы 
бауырларымыздың тіліндетүзімдеп атамасқа? Қазақ тілінде қабырға суретін əдемілеп салатын рамка 
сөзінің  аудармасын  кім  айта  алады?  Моңғолияда  суретке  арналған  бұл  құралды  жазы  деп  атайды. 
Қазіргі таңда, тіптен, күнделікті «сметана, творог, брынза, сыр» сияқты атауларды жиі қолданғанның 
кесірінен  ірімшігіміз  бен  қатығымызды  айыра  алмайтын  жағдайға  жеттік.  Ал,  брынза  Түркімен, 
Ашхабад  қазақтарының  тілінде  пендір  екен.  Ташкентте  подносты  леген,  инструкцияны      көрсетпе 
дейді [6]. 
322


Басымдықты  біз  өзіміздің  халыққа,  басқа  аймақ  тілдеріне  беруіміз  қажет.  Ғылымтанушылардың 
мəліметіне сүйенсек, əрбір жиырма бес жылда ғылыми пəндердің саны екі есеге артып отырады екен 
[3]. Осы жаңа салалардың бəрінің терминологиясын жасауда бізге бірлесе жұмыс атқару керек. Біздің 
тіларалық  біріздендіру  жұмысымыздың  болашағы  да  –  осында.  Қазақстан  аймағындағы  диалект 
сөздер  мен  қандас  бауырлармыздың  тілін  қолдану  жайдан  туындап  отырған  ой  емес  жəне 
терминологияны байыту деген тек мəселенің бір ұшы ғана. Қытайдағы қазақтардың тілдері жергілікті 
қазақтарға  қарағанда  өзгеше  екенін  байқамау  мүмкін  емес.  Салыстырмалы  түрде  қарасақ  олар 
басқаша  мақаммен  сөйлейтіндей  болып  та  көрінеді.  Қазақстан  мен  қазақ  диаспоралары  арасында 
атау,  терминдегі  алшақтық  ұлғаюда.  Термин  сөздерді  дамыту  жұмыстарын  қолға  алған  кезде, 
шетелдегі қазақ диаспораларындағы тіл мамандарының пікірін, зерттеулерін ескерген жөн. Біздің де 
басты  мақсат  –  ортақ  тіл  жасау.  Өз  кезегінде,  тілдегі  бірлік  халыққа  сенімділік  пен  өміршеңдік 
сыйлайды.  
Қорыта  айтқанда,  заманның  дамуына  орай  тілдегі  ұғымдар  жүйесінің  ұлғайып  отыруы  табиғи 
құбылыс.  Ғылымды  игеру  де  сол  тілдегі  негізгі  кілт  болып  табылатын  терминдерді)  жұмбақ 
атауларды  жаттаудан,  жадыңа  тоқудан  басталатыны  белгілі.  Егер  белгілі  бір  ұлттың  тілі  қоғамдық 
өмірдің қандай да бір саласындағы қызметін  атқара алмай жатса, ол үшін тілді кінəлау мүлде дұрыс 
емес. Оның себептерін сол тілдің дамуына мүмкіндік бермей отырған қоғамнан іздеу немесе өз тілін 
қажетті деңгейде дамытып,  тиісті салада қолдана алмай отырған ұлт зиялыларының өзінен көргені 
жөн.  Сондықтан  мемлекеттік  мəртебеге  ие  болған  қазақ  тілін  термин  шығармашылығында  тиімді 
пайдаланып, оны шын мəніндегі ғылым мен техниканың тілі ете білу өзімізге тікелей байланысты.  
 
Əдебиет: 
1.
  Тіл жəне қоғам. Альманах. – 2011. -№ 1(25) 
2.
  Құрманбайұлы Ш. Терминдерді біріздендіру // Ана тілі. 2011, 24 қараша. 
3.
  Құрманбайұлы  Ш.  Қазақ  терминологиясы  дамуының  ғылыми  қағидаттары.  –  Алматы:  Сөздік-словарь, 
2004. 
4.
  Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 2011. 
5.
  https://egemen.kz/2014/?p=43735 
6.
  Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. - Алматы, 2007. 
 
 
Кайракбаева Г., Кыдырмолдина Э., СайыноваМ. 
С.Аспандияров атындағы Қазақ  
Ұлттық медицина университеті 
 
Жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану 
 
Жаңа  ақпараттық  технологияларды  ағылшын  тілі  сабағында тиімді  пайдаланудың  мақсаты  – 
ағылшын  тілі  сабағында жаңа ақпараттық  технологияларды  пайдалана  отырып,  студентердің  сөздік 
қорын  молайту,  сөйлеу  тілінің  грамматикасын  қалыптастыру,  дыбыстарды  дұрыс  айту,  диалогтік 
сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін 
кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу.Елімізде 
білім  беру  саласында  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану  басты  мақсат  болып  отыр.Ол  тек 
қана  техникалық  құрал  емес,  сонымен  бірге  жаңа  ақпараттық,  коммуникациялық  технология  жəне 
білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша əдісі болып отыр. 
Елбасымыздың  Қазақстан  халқына  жолдауында  ХХІ  ғасырда  ақпараттық  қоғам  қажеттілігін 
қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: 
Компьютерлік 
техниканы, 
интернет, 
телекоммуникациялық 
желі, 
электрондық 
жəне 
телекоммуникациялық құралдарды,  мультимедиялық  электрондық  оқулықтарды  оқу  үрдісіне  тиімді 
пайдалану  арқылы  білім  сапасын  көрсету.  Сонымен  қатар  тəуелсіз  еліміздің  болашағы  -жарқын, 
білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, 
мəдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді. 
Компьютерлік  телекоммуникациялар  бүгінгі  қоғамда  үлкен  қолданысқа  ие.  Мəселен  бизнесте, 
ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде. 
Қазіргі  заман  талабына  сай  əрбір  маман  өз  пəнінің  терең  білгірі  болу  емес,  тарихи-танымдық, 
педагогикалық-психологиялық 
сауатты, 
саяси-экономикалық 
білімді 
жəне 
ақпараттық-
коммуникациялық  білімді  жəне  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  жан-жақты  меңгерген 
ақпараттық  құзырлы  маман  болу  керек.Ағылшын  тілі  бүгінгі  заманымыздың  кілті,  компьютер 
технологиясының  кілті  екені  белгілі.  Ағылшын  тілі  –  ұлы  əдебиет  тілі.  Бұл  тілде  əлемге  əйгілі 
Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген. 
323


Біздің  мемлекетімізде жаңа  телекоммуникациялық  құралдың дамып  келе жатқаны  сөзсіз.  Қазіргі 
заман педагогтарына компьютер жəне мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында 
өте тиімді тəсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне 
жаңа  əдістермен  бірге  əлемдік  ойлаудың  жаңа  идеологиясы  (шығармашылығы)  енгізілді. 
Компьютерлік  жəне  ақпараттық  технологиялар  заман  талабы.Бұл  жұмыстың  басты  мақсаты 
компьютер  желісін  жəне  мультимедиялық  –  электрондық  құралдарды  шет  тілі  сабағында  тиімді 
қолдану,  нақтылап  айтқанда,  ағылшын  тілі  сабағында  презентацияларды  жəне  мультимедиялық  – 
электрондық 
құралдарды 
мектеп 
қабырғасында 
жəне 
білім 
беру 
процесінде 
терең 
қолдану.Интерактивті  тақтамен  презентацияны  бірге  қолдану  студенттердің  сабаққа  деген 
қызығушылығын  ерекше  арттырады.  Ағылшын  тілі  сабағында  компьютерді,  мультимедиялық  жəне 
электрондық оқулықтарды жəне интерактивті тақтаны пайдаланғанда: 

  лексиканы оқып үйретеді; 

  сөйлеу ырғағын; 

  диалог, монолог жəне рөлдік ойындарды; 

  хат жазуға үйретеді; 

  грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп,  студенттердің есінде сақтауға көмектеседі. 
Қазіргі  кезде  ағылшын  тілімен  компьютер,  телекоммуникациялық  құралдарды  меңгеруді 
уақыттың  өзі  талап  етеді,  тіпті  кейінгі  жылдары  олардың  рөлі  жоғарлай  түсуде.Студенттердің 
ағылшын  тілі  пəніне  деген  қызығушылығын  арттыруда  көп  ізденіп,  жаңа  ақпараттық 
технологияларды  меңгеруді,  əр-түрлі  əдіс-тəсілдерді  білуді  қажет  деп  санаймын   жəне  өз 
сабақтарымда қолданамын. 
Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нəтижелер: 

  студентердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады; 

  сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады; 

  студенттердің шығармашылығын арттырады; 

  студентерді жеке жұмыс істеуге үйретеді; 

  грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі; 

  студенттердің есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады; 

  пікірталас, талдау жасау мүмкіндіктерін арттырады; 

  үлгерімі төмен  студентерге көмектеседі. 
Көбіне  мен  ағылшын  тілі  пəнінде  компьютерді  жаңа  сабақ  түсіндіргенде,  грамматикалық 
құрылымдарды өткенде жəне қорытынды сабақта қолданамын. 
Шетел  тілін  оқытудың  басты  мақсаты  –  студентерге  шетел  тілінде  қарым-қатынас  жасауды 
базалық деңгейде игерту. Осыған сəйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, 
қажетті жағдайда ауызша жəне жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мəдени қарым-қатынас 
процессінде  қолдана  алу  қабілеттілігі  мен  дайындығын  қалыптастыруды  қамтамасыз  ететін  тілдік, 
сөздік, əлеуметтік-мəдени білім, білік дағдылар енеді. 
Шет  тілді  білу  өмірдің  өзекті  мəселесіне  айналды.  Сондықтан  өскелең  ұрпақты  шетел  тіліне 
оқытуда əртүрлі əдістемелік жаңа əдістерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр. 
Əрине,  тілді  меңгертуде  əлі  де  көптеген  қиыншылықтар  жетерлік.  Соның  бірі  сөйлеу  əрекеті. 
Бəрімізге мəлім шетел тілін меңгерудің негізгі мақсаты – коммуникативтік қатынасты дамыту. Тілді 
меңгертудің  негізі–  есту,  көру  қабілеттілігінің  байланысын  түрлі  жаттығулар  арқылы  дамытып, 
оқушымен  жеке  жұмыс  дағдысын  қалыптастыру.  Яғни,  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  жолы.  Шетел 
тілін оқытуда жеке тұлғаны қалыптастыру гуманитарлық бағытқа негізделген. Бұл принциптің негізі: 
оқытуда  ең  бірінші  негізгі  түйін  –  студент  ,  ал  ұстаз  –  оқытушы  ғана  емес  –  ол  тану  əрекетінің 
дамытушысы.  Студент  көбінесе  шынайы  қиындыққа  қарағанда  психологиялық  қиындықты  жиірек 
кездестіреді.  Сол  себепті  көбінесе  үнсіз  қалады.   Яғни,    студент  өз  ойын  білдіру  үшін  көмекші 
сөздерді,  тілдік  құралдарды  таба  алмағандықтан  үндемейді,  оқытушы  мен  топ  алдында  сөйлеуге 
қысылғандықтан   үндемейді,   өз  білім  дəрежесінің  төмен  екендігін  көрсеткісі  келмегендіктен 
үндемейді.  Мұндай жағдайда  студентті сөйлеу үшін қысым көрсетпей, оған сөйлеу үшін ыңғайлы, 
қолайлы мүмкіндік туғызылуы керек, оқушыны өз əрекеттерін тыңдай білуге үйрету керек. Оқытушы 
алдымен  студентерді    сөйлеуге  үйретуде,  соның   ішінде  тілді  қарым-  қатынас  құралы  ретінде 
меңгеруге  ұмтылуын,  студентерде    өз  іскерлігі  мен  дағдысын  қалыптастыру  үшін  оған  сай  ниетін 
оятып əрі оқу атмосферасын орната білу керек. 
Шетел   тілін   жаңаща   оқыту   соңғы   жылдары   жоғары   қарқынға   ие  болды.  Ұстаздардардың 
сабақты   жобалаудағы    жауапкершілігі    студенттердің   шетел   тілінде   нəтижелі   тілдік   қарым-
қатынас   жасауына   мүмкіншіліктер   туғызады.   Олар   аз   уақытта   жаңа  технология   жəрдемінде 
үлкен  жетістіктерге  жете  алады.  Оқудың  дəстүрлі   үрдісіне  инновациялық технологияны  ендіру, 
оқытушылар  мен  студенттерге дəстүрлі  формаларды  жəне əдістерді жетілдіруге  мүмкіндік береді, 
324


сонымен   қатар   жаңаларды   да,  атап   айтқанда:  тренингтер,  дөңгелек  үстелдер,  пресс-
конференциялар  жəне  т б .  Оқытушылардың  біліктілігі  олардың  педогогикалық  қарым-қатынаста  
жағдаят  жасауда  көрінеді, онда оқытушылар  да, студенттер  де таңдау жəне  бақлау мүмкіншілігіне  
ие  болады.   Инновация  дегеніміз – тек ғана жаңалық енгізу емес, сонымен  қатар жаңаны дəстүрлі  
оқу-тəрбие  үрдісіне  қолдана  білу. 
Білім   беру  үрдісінде  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану  мəселесі  өзектімəселелердің 
қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мəдениетаралық  қарым-қатынас  
біліктілігін қалыптастыру  десек, онда  сол шетел  тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды 
қолдану  шетел  тілін  оқытудың  мақсатынан  туындап  отырған  қажеттілік  болмақ.Білім  беру  үрдісін 
ақпараттандыруда  төмендегідей əдістемелік, педагогикалық міндеттерді шешуге болады: 

 білім  беруде  көлемді  ақпаратқа  қол  жеткізе  алу;  білім  алуға  мотивацияның  жоғарылауы;  өз 
бетінше жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау жəне  т. б.; 

 жеке  тұлғаны  жетілдіру  (  түлғаның  ой-өрісі,  эстетикалық  тəрбие,  зерттеу  жұмысымен  
шұғылдану іскерлігін дамыту, ақпараттық  мəдениетін қалыптастыру жəне  т. б.); 

 əлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір сала 
бойынша маман дайындау жəне  т. б.); 

 оқу-тəрбие  жүмысын  жетілдіру  (білім  берудің  сапасы  мен  тиімділігін  арттыру,  танымдық 
əрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пəнаралық байланыстарды тереңдету  жəне т. б.). 
Сөз  арқауы  компьютерлік  технологияны   пайдалана  отырып,  шетел  тілі  сабағында  интернет 
жүйесін  қолдану  мəселесі  болмақ.Жаһанданған   интернет  жүйесін  қолдану  негізінде,тіл 
үйренушілердің  сөз  əрекетінің  төрт  түрінде  де  біліктілігін  қалыптастыруға  болады,жүйе  
материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға , сөздік 
қорын  байытуға  мүмкіндік  туады. Интернет  жүйесін  пайдалана  отырып,  тілін  үйренуші  елдің 
өкілдерімен  байланысқа  түсе  алады.Студенттердің  шетел  тілін  үйренуге   деген   ынтасын   арттыру 
олардың  төмендегі  шараларға  қатысуы  негізінде  жасалынады:диспуттар,байқаулар,олимпиядалар 
жəне  т.б.  «Интернет»  деген  термин  ағылшынның  «international  net»  деген  сөзінен,  аудармасында 
«халықаралық байланыс» деген ұғымды береді.  Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен 
тура,  тікелей  байланысқа  түсе  алады,  шетел  тілі  сабағында  Интернетке  қосылу  арқылы  шынайы 
қарым-қатынас  үлгісін  жасауға  болады.Табиғи  тілдік  ортада  тілді  қарым-қатынас  құралы  ретінде 
қолдана  отырып,  тіл  үйренушілер  айтылымдарға  спонтанды   түрде,  түрлі  тілдік  формулаларды 
қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады. 
Интернет  жүйесінің  келесі  ақпараттық  қоры  мен  ресурстарын  шетел  тілі  сабағында  пайдалану 
бірден-бір тиімді болмақ: 

 электрондық пошта( e-mail), телеконфереция, видеоконференция; 

 жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web 

 серверге  жеке шығару; 

 ақпараттық каталогтар ( Yahoo,  InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, 
Open Text), жүйе ішіндегі əңгіме( Chat). 
Шетел тілі сабағында компьютермен жұмыс жасай отырып, студенттер психологиялық тұрғыдан 
да  жеңілдіктерге  ие  болады.   Атап  айтқанда,  студенттердің  жасаған  əрбір  жұмысына  берілетін 
бағаның,олардың  жасаған  қатесін  қайталаулар  негізінде  көрсете  отырып,  яғни,  жұмыс  нəтижесін 
мақұлдап немесе белгілі бір дəрежеде қоштамай, өз пікірін білдіріп отыратын оқытушының тікелей 
қатыспауы, студенттерге өз бетінше жұмыс жасап, өзіне сенімділік болуын қамтамасыз етеді.  Бұдан 
оқытушының  шетел тілі сабағындағы  орнын жоққа шығару деген түсінік туындамауы керек. 
Керісінше, оқытушы тіл үйренушілердің жеке тұлға  ретінде өз тапсырмаларын орындап, жұмыс 
қортындысын  белгілейтін  əлеуметтік-психологиялық  жағдай  туындата  алатын,  олардың  жүмысына 
бағыт-бағдар  беретін  бірден-бір  субъект.Қазіргі  уақытта  шетел  тілін  оқытудың   коммуникативтігі, 
интерактивтілігі,  аутенттігі  тілді  үйрену   үрдісінің  мəдени  контексте  болуы  үстемдікке  ие  болуда.  
Аталған  ұстанымдар   коммуникативтілік   қабілетінің   компоненті   ретінде   мəдениетаралық  
біліктілікті дамытудың  алғышартын жасайды.  Шетел тілін дəстүрлі оқытуда тіл үйренушілер тілдік 
жаттығуларды   жасап,  қажетті  материалды  жаттаумен  ғана  шектеледі.   Яғни,ол  төмендегідей 
көрініске  ие болады: «сөздік қор + қажетті құрылым =  тіл». Алайда, тілдік құрылымды жаттаумен 
шектелу, тілді қарым- қатынас  құралы ретінде меңгеруге толық мүмкіндік бермейді.  Шетел тілінде 
тілдік  қарым  –  қатынасқа  үйрету  үшін  шынайы,  өмірлік  жағдаяттар  туындату  қажет.  Ол 
студенттердің  қажетті  материалды  меңгеруіне   жəне  соған  сəйкес   мінез-құлқын   қалыптастыруға  
жағдай жасайды.  Аталған мəселені шешуде  Интернет жүйесі  айтарлықтай маңызға ие. Біз дəстүрлі 
шетел тілі сабағынатағы да сипаттама жасайық.  Көп жағдайда шетел тілін оқыту үрдісінде оқытушы 
студент ойын басқарады, яғни, бағыт беру немесе жетекшілік етуден гөрі, ол басшылық қызметіне  
ауысады.  Бұл  əрекет,  психологтар  көрсеткендей,  студенттердің  ойлау  процесін  тежейді.  Мысалы, 
325


дөңгелек  үстел,  пікірталас  мəселесін  оқытушы  өзі  дайындап,  жоспарды  беріп,  студенттен  сөйлеу 
барысында тек соған сүйенуін талап етеді.  Яғни, өз ойын айтуда тұлғаға  еркіндік берілмейді. 
Студент мəселені түсінбей, өзіне қажетті ақпаратты ала алмай, мəселені шешуге шығармашылық 
тұрғыдан  келу  мүмкіншілігінен  айырылып,  өзінше  ой  қорытып,  оны  тұжырымдау  жəне  қызықты 
пікірлер  айта  алу  қабілетіне  ие  бола  алмайды.  Ал  мəселені  шешуде  жаңа  ой,  құнды  пікір  айту  өте 
маңызды.  Жəне ол міндетті түрде қортындыланып, көрініске  ие болар болса, оның нəтижесі жоғары 
болмақ. Шетел  тілін оқыту технологиясының  тиімділігінің  көрсеткіштері мыналар: 

 Студенттердің  моральдық  психологиялық, интелектуалдық жəне  жас ерекшеліктерін  ескеру; 

 Оқуға жағымды көңіл күй  қалыптастыру; 

 Ұстаз  бен  студент   арасында  сөз  алмасу,  ғылыми   қарым-қатынас  жəне  əріптестік  принципін  
орнықтыру; 

 Студенттердің   еске  сақтау  қабілеті мен  творчестволық   деңгейін  көтеру  арқылы  белсенділігін 
арттыру; 

 Оқуды  игеруге  мультимедиялық жəне басқа да техникалық  арсеналды кең іске қосу. 
Білім  беру  технологиясының   үш   түрлі  типі   бар.    Олар  дəстүрлік,  инновациялық   жəне 
Ақпараттық.   Бастысы  – технологияның   жиынтығы   емес,  оның   дəрежесі.Студенттің   əртүрлі  
ақпарат   көздерін,  ресурстарын  пайдалану   арқылы  компьютерлік  технологияның   көмегімен  
өздерінің   дербес  ізденуі  арқылы  тілді   игеруге   кəсіби  шеберлігін   шыңдайды.   Жаңа  ақпараттық 
технологияға əртүрлі  ақпараттарды электрондық əдіспен енгізу, сақтау жəне  беру болып табылады.  
Оларды   оқу  процесінде   пайдалану  ерекшелігіне   сай   мына  төмендегідей  топтастыруға   болады: 
компьютерлік   оқу  бағдарламалары   (электрондық   оқулықтар,  тренажерлар,  тьюторлар, 
лабораториялық   жаттығулар,  тест   жүйесі).  Мультимедиялық  технологияға  сай   оқу  жүйесі  
компьютер,  видеотехника,  оптикалық   дискінің   жиындысын  пайдалану  арқылы   жүргізіледі. 
Интеллектуалдық   жəне   эксперттік   жүйе.  Ақпарат   жиынтығы   базасының   қалыптасуы. 
Электрондық   пошта,  телеконференция  ,  шоғырлы  не   аймақтық   байланыс   жүйесін   біріктіретін 
телекоммуникациялық   қондырғылар.   Электронды   кітапханалар.  Бұл   технологиялар   білім 
саласында  оларды  пайдаланудан   гөрі  тезірек  дамиды.   Жоғары  оқу   орындарында   көбіне-көп  
электрондық почталар жиі  пайдаланылады.   
Қазіргі   кезде   аудиоақпарат   алмасу,  видеоақпарат  алмасу,  виртуалды  аудиторлық 
тақта,тақырыптық   ақпарат  енгізілген   клавиатуралар,   файлды  алмасу,   көпжақты  конференциялар  
өткізу  кеңнен   таралған   көпке   белгілі  компьютерлік  видеоконференц  байланыстың  əдістемесіне 
жатқызылады.Бұл   технологиялар   ағылшын   тілін   біршама  меңгерген   студенттің  еншісі  болып  
табылады.  Өйткені  бұл  материалдар тек ағылшын  тілінде  ғана  беріледі.  Компьютер  жүйесі оқу  
процесін  жетілдіру  құралы  болып  табылады.   Дегенмен,   Интернет   жүйесіндегі  оқуға  байланысты  
ақпараттар  сирек,  аз,  жүйеленбеген.  Оқу процесін  аралық  байланыс  арқылы   басқару   электрондық 
почта   арқылы  материалдар  қабылдау,  жіберу,  курс  жəне  диплом   жұмыстарын  көшіру,  
интерактивтік  хабарлар алмасу  арқылы жүргізіледі. Бүгінде  бұл технологиялар  оқытудан гөрі жаңа 
дамушылық  маңызға  ие.   Дегенмен,  түрлі  ақпараттық   ағымды   пайдалану   арқылы   шет  тілін 
меңгеруге   талпыныс   келешек  медик-студенттерге   өздерінің  жан-жақты  дамып,  сауатты  маман 
ретінде   қалыптасуына   игі  ықпал   етеді.  Студенттердің   техникалық  білімінің   кəсіби  бағдарламаға 
сəйкес   шет  тілін  меңгере   отырып  игеруі,  олардың  осы  мақсатта  жүйелі   түрде  технологиялық 
ақпараттарды   жəне   педагогикалық   технологияны  пайдалана   отырып   үнемі дайындығын 
арттыруына,  ізденуіне байланысты.  Жаңа   педагогикалық   технология студенттерді шет тілін 
меңгеруге жеке бағыттап,  даярлық   кезінде олардың қарым-қабілетін  ескеруге   мүмкіндік береді. 
Технологияның   методикаға    қарағанда   айырмашылығы   мынада:  оқуды  жобалау  тəжірибені  
қортындылау  негізінде  емес, оқуды  ғылыми  тұрғыдан негіздеуге  бағытталған. 
Технология  нəтиженің  тұрақтылығына  негізделген.  Оқудың  жағдайы  мен түрлі факторларына  
қарамайды    Жеке  іскерлік  тұрғысынан  педагогикалық   технология   жоғары      нəтижеге   жету  үшін 
оқу  процесіне   эмперикалық   инновацияны   пайдалану   арқылы   ғылымды   игеруге   дидактикалық  
білімнің  қасиетін  нақтылау.    Ол   үшін  оқудың   мазмұнын,  əдісін,   оқу  процесін   ұйымдастыру  
формасын,  оқу  құралын  жетілдіру қажет. 
Интернет  технологияның   мəселелерін   зерттеушілер   кез   келген  педагогикалық   технология  
ақпараттық  екенін  баса  көрсетеді.  Ақпараттық  технология  оқу процесіне кеңінен  компьютерлік  
технологияны   пайдаланумен   ерекшеленеді.   Оқуда  жаңа  ақпараттық   технологияны   пайдалану  
негізгі   педагогикалық  технологияның   негізгі   принциптерін   қанағаттандырады.    Шет  тілін  кəсіби 
бағдар  ретінде оқып  үйренуде жаңа педагогикалық  жəне  телекоммуникациялық технологияларды  
пайдалану   бүгінгі   күнгі  білім  жетілдірудің   инновациялық   түрі   болып   табылады.Педагогикалық  
технология  деп оқудың  сапасын  жақсарту жəне   жобалық  қортындыға жету  мақсатында оқытушы  
мен студенттер  біріккен  технологиялық  іс- қимылын  айтады. 
326


Қорыта   айтқанда,  ағылшын  тілі  сабағында  компьютер  жəне  т.б.  жаңа  ақпараттық  құралдарды 
пайдалану  заман  талабы.  Жаңа  замандағы  жаңа  Қазақстанымыздың  дамып  келе  жатқан  қадамында 
оқу  процессіне  жаңа  ақпараттық  технологияларды  енгізілуі  де,  келешекте  компьютер  заманы 
болатынына  көз  жеткізеді.Инновациялық   технологияларды  сабақта   қолдану  –  бұл  оның 
нəтижелігіне   қолайлы   жағдайды   жасаудың  бірден-бір   жолы,  ал  ол  өз  кезегінде   бірлесе   жұмыс  
жасауға,  адами   қарым-қатынастарға   себепкер  болады. Оқытуға  жаңашыл  көзқарасты   қолдану, 
тəжірибеге   бағытталған   оқытудың   үлкен   жетістігі  болып   табылады  ,  сондай-  ақ   оның   сапасы  
алынған   білімнің  нақты   жағдайда  мақсатқа  жетумен  қатар  өмірдің   сапасын   көтеруде   үлкен  
сұранысты   қанағаттандыруды   қамтамасыз  етеді.Менің  айтарым,  бүгінгі  таңда  университет 
қабырғасынан шығатын қазіргі заманғы буын бұрынғыдай бүкіл еңбек іс-əрекетінің ағымында өзіне 
бар  болғаны  бір  кəсіпті  иелік  етуге  мүмкіндік  бермейді.  Болашақ  əркімнен  жан-жақты  болу 
дайындығын  жəне  ғұмыр  бойы  оқуды  жалғастыруды  талап  етеді.  Адамдардан,  ағылшын  мəтелінде 
айтылғандай, «to think globally and act locally» ауқымды түрде ойлау мен жеткілікті əрекет етуді талап 
ететін  болады.  Болашақ  маманның  тұлғалығын  қалыптастыру үздіксіз  білім  беруді,  кəсіптік  іс-
əрекеттің білімдерін, мазмұны мен құрылымын тұрақты дамытуды қамтамасыз ететін процесс болуы 
тиіс. 
 
Əдебиет: 
1.
  Китайгородская  Г.А.    Новые   подходы   к   обучению   иностранным   языкам  //  Вестник   МГУ.  Серия 
«Лингвистика».– 1998. 
2.
  Білім технологиялары. – 2006. - №2. 
3.
  Бəсекеге қабілетті тұлға тəрбиелейік // Қазақстан мектебі. – 2006. - №3.  
4.
  Назарбаев Н.Ə. Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан. 2007, 28 ақпан 
5.
  Əдіскер жаршысы.– 2006. - №5. 
 
 
Құлабаева Р.  
Қазақстан-Ресей медициналық университеті 
 
Түркі тілдерін зерттеудің негізгі кезеңдері 
 
Сaн  ғaсырлық  тaрихы  бaр  түркі  тілдері  осы  кезеңге  дейінгі,  қaзіргі  жəне  болaшaқ  ғaлымдaрдың 
зерттеyлеріне  aрқay  болғаны  сөзсіз.  Бұл  зерттеy  ғылымның  түркітaнy  немесе  түркология  деп 
aтaлaтын  іргелі  сaлaсындa  қaрaстырылaды.  Түркітaнy  (түркология)  –  түркі  тілдерінде  сөйлейтін 
хaлықтaрдың  тілін,  əдебиетін,  мəдениетін,  тaрихын,  этногрaфиясын  зерттейтін  гyмaнитaрлық 
пəн.Түркітaнy  ғылымы  aлғaш  рет  Орхон-Енисей,  көне  ұйғыр,  мaнихей  т.б.  жaзбa  ескерткіштерінің 
зерттелyіне  бaйлaнысты  еніп,  дaми  бaстaды.  Түркітaнy  ортa  ғaсырдaғы  aрaб,  пaрсы,  түркі  тілінде 
жaзылғaн тaрихи жылнaмaлaрды, филологиялық жəне геогрaфиялық шығaрмaлaрды зерттеy негізінде 
дaми түсті. 
Түркітaнy ХІІІ ғaсырғa дейін шығыстaнy ғылымының бір сaлaсы ретінде зерттеліп, ХІІІ ғaсырдың 
екінші  жaртысынaн  бaстaп  дербес  ғылым  ретінде  қaлыптaсты.  Түркітaнy  жеке  түркі  хaлықтaрынa 
жəне олaрдың тілдеріне қaтысты ғылыми тұжырымдaрдың, ой пікірлердің жиынтығы болғaндықтaн, 
жеке түркі тілдері тyрaлы ғылымды түркітaнyдың бір сaлaсы, тaрмaғы деп aтaймыз. Түркі хaлықтaры 
тyрaлы  aлғaшқы  мəліметтер  Еyропaдa  ортa  ғaсырдың  бaсындa,  Шығыс  Рим  империясының 
шекaрaсындa  ОртaAзиядaн  көшкен  тaйпaлaрдық  пaйдa  болyнын  бaстaлaды.  Көне  түркі 
хaлықтaрының  тұрмысы,  мəдениеті,  тaрихы  тyрaлы  пікірлер  Визaнтия  дипломaттaры  мен 
тaрихшылaрының  грек,  лaтын  тілінде  жaзылғaн  еңбектерінде  кездеседі  деген  мəлімет  бaр.  Түркі 
тілдерін  сaлыстырмaлы  тaрихи  əдіске  сүйене  отырып  зерттеyмен  Еyропaның  шығыстaнyшылaры  
ХҮІІІ  ғaсырдa  aйнaлысa  бaстaды.  Түркітaнyдaғы  бұл  əдістің  бaстaмaсы  орыс  швед  соғысының 
тұтқыны, швед aрмиясының офицері И.Тaбберт-Стрaленберг еңбегімен бaйлaнысты. И.Стрaленберг – 
күні  бүгінге  дейін  түркологтaр  aрaсындa  ғылыми  aйтыс  тyдырып  жүрген  Орaл-Aлтaй  теориясын 
ұсынғaн  ғaлым.  И.Стрaленберг  –  Енисей  өзені  бойынaн  тaбылғaн  рyникaлық  жaзy  тyрaлы  aлғaшқы 
пікір aйтқaн, Əбілғaзы Бaһaдүр хaнның «Шежіре түрік» еңбегін орыс, неміс тілдеріне ayдaрғaн aдaм. 
Сөйтіп түркі тілдерінің зерттелy тaрихы тереңнен тaмыр aлaды. Х ғaсырғa  тəн «Повести временных 
лет»  деп  aтaлaтын  шығaрмaдa  бұлғaр,  хaзaр,  печенег  тəрізді  түркі  тaйпaлaрының  aтayлaры 
ұшырaсaды. Ғaлымдaрдың пікірінше, өзге хaлықтaрдың түркілер тyрaлы aлғaшқы тaнымдaры  тілді 
меңгерyге дегене ұмтылыстың aйнaлaсындa болғaн  [1, 7-8].  
Көптaрмaқты  түркітaнy  ғылымының  ayқымды  бір  сaлaсы  –  түркі  тілдерін  зерттеy.  Түркі  тектес 
тілдердің  лексикaлық-грaммaтикaлық  құрылымының  ортaқтығы  мен  aйырым  белгілері,  түркі 
тілдерінің  шоғырлaнyы,  сaны,  aймaқтық  орнaлaсyы,  көне  түркі  тілдері  мен  қaзіргі  жaңa  түркі 
тілдерінің  жaй-күйі,  көне  түркі  жaзбa  ескерткіштерінің  қaзіргі  жеке-дaрa  түркі  тілдеріне 
327


қaтыстылығы тyрaсындaғы көлемді моногрaфиялық еңбектер, энциклопедиялaр мен aнықтaмaлaр дa 
бaр.  
Ғaлымдaрдың пікіріне қaрaғaндa, түркітaнyдың іргелі ғылым ретінде қaлыптaсyы ХҮІІІ ғaсырдaғы 
Ресей  зерттеyшілерінң  есімдерімен  тығыз  бaйлaнысты.  Бірнеше  ғaсырлaр  бойы  зерттеy  объектісі 
болып келе жaтқaн түркітaнyдың тaрихы, əдетте, төрт кезеңге бөлінеді. 
І  кезең  –  ХҮІІІ  ғaсырдың  екінші  жaртысынa  дейінгі  кезең.  Бұл  мерзімге  шығыс  тілдерін,  оның 
ішінде  түркі  тілдерін  үйренy,  жaзбa  нұсқaлaрды  ayдaрy,  этногрaфиялық  жəне  эпигрaфиялық 
жұмыстaрды жүргізy тəн. 
ІІ  кезең  –  ХҮІІІ  ғaсырдың  екінші  жaртысы  мен  ХІХ  ғaсырдың  бірінші  жaртысын  қaмтиды.  Бұл 
кезеңді  ғылыми  түркітaнyдың  бaстaмaaсы  деп  aтayғa  болaды.  Aлғaшқы  еңбектің  бірі  – 
П.С.Пaллaстың  «Бaрлық  тілдер  мен  нaречиялaрдың  сaлыстырмaлы  сөздігі»  (1797)  деген  еңбегінде 
орыс тілінің  сөзі екі жүз тілге ayдaрылaды, ондa түркі сөздері де қaмтылғaн. Осы кезеңде көптеген 
түркі тілдерінің грaммaтикaлaры жaзылaды. Мəселен, «Чyвaш тілі грaммaтикaсынa қaтысты ойлaр» 
(1769),  С.Хaлиевтің  «Тaтaр  тілі  aзбyкaсы»  (1778),  «Орысшa-тaтaршa  сөздік»  (1785),  И.Гигaновтың 
«Тaтaр  тілі  грaммaтикaсы»  (1801)  жəне  т.б.  ХІХ  ғ.  aлғaшқы  жaртысындa  жекелеген  мектептер  мен 
гимнaзиялaрдa  ғaнa  түркі  тілі  оқытылсa,  бұл  жұмыс  Қaзaн  yниверситетінде  aкaдемиялық  дəрежеге 
көтерілді. Түркітaнyшы мaмaндaрды дaйындay жұмысын ғылыми негізде дaмытy үшін шетелдерден 
шығыстaнy ғылымының мaмaндaры шaқырылды. Немістің aтaқты шығыстaнyшы ғaлымы Х.Д.Френ 
Қaзaн yниверситетінің шығыс тілдері кaфедрaсын, сондaй-aқ Петербyргтегі «Aзия мyзейі» (1881) деп 
aтaлaтын  ғылыми  мекемені  бaсқaрaды.  1805  ж.  осын  күнге  дейін  aтын  жоғaлтпaғaн  Қaзaн 
yниверситеті  ХІХ  ғ.  aлғaшқы  жaртысындa  Ресейдегі  түркологиялық  ортaлық  болды.  И.Хaлфин, 
И.Кaзaм-Бек,  Н.Н.Березин,  Л.Д.Бyдaгов,  Н.И.Ильминский,  С.Е.Мaлов,  Ф.Е.Корш  т.б.    түркологтaр 
осы yниверситеттің түлектері, кейіннен оқытyшылaры болғaн.  
ІІІ кезең – ХІХ ғaсырдың екінші жaртысынaн Кеңес революциясынa дейінгі дəyір (ХХ ғасырдың 
бaсы).  Бұл  кезеңде  шығыстaнy  ортaлығы  Петербор  қaлaсынaayысты.  Осығaн  дейін  шығыс  тілдерін 
зерттеy прaктикaлық сипaттa болсa, aтaлғaн дəyірден бaстaп ол ғылымдық, aкaдемиялық сипaтқa ие 
болaды.  Елеyлі  лингвистикaлық  зерттеyлер,  грaммaтикaлық  тaлдayлaр  мен  іргелі  сөздіктер  жaрық 
көреді. Бұл тұстa В.Рaдлов, О.Бетлинг, Н.Aшмaрин, В.Богородицкий сияқты ғaлымдaрдың еңбектері 
aйрықшaaтaлaды. 
ІҮ  кезең  –  1917  жылдaн  бaстaлaды.  Бұл  дəyірде  жеке  түркі  тілдері  өз  дaмy  жолдaрынa  түсті. 
Жекелеген  тілдерге  қaтысты  түркітaнy  (қaзaқ,  қырғыз,  ұйғыр,  өзбек,  түрікмен,  əзірбaйжaн  т.б.) 
бірнеше бaғыттa дaмыды: 
  түркі тілдерінің фонетикaсы мен грaммaтикaсы; 
  жеке түркі тілдерінің тaрихы мен грaммaтикaсы; 
  түркі жaзбa ескерткіштерін зерттеy жəне жaриялay; 
  диaлектогрaфия жəне диaлектология; 
  лексикогрaфия жəне лексикология; 
  түркі хaлықтaрының ұлттық тілдерінің дaмyы мен тaрихы; 
  түркі тілдерін жіктеy мəселелері; 
  қaзіргі кезеңдегі түркі тілдерінің дaмy мəселесі; 
  Aлтaистикa теориясы; 
  кітaпхaн қорындa сaқтaлғaн қолжaзбaлaрды зерттеy мен жaриялay; 
  отaндық түркітaнy ғылымының сaлaлaры мен тaрихын зерттеy; 
  қостілділік пен əлеyметтік тіл білімі мəселелері; 
  түркі филологиясының библиогрaфиясы мəселелері жəне т.б. [ 1, 10-12] 
Түркітaнy  ғылымының  тіл  сaлaсындa  қол  жеткізген  тaбыстaры  өте  зор.  Олaр  грaммaтикa, 
фонетикa,  лексикa,  диaлектология  т.б.  сaлaсындa  aйқын  көрінеді.  Мəселен,  лексикология, 
лексикогрaфия, этимология сaлaлaрындa қол жеткен тaбыс ретінде, əсіресе, үш еңбекті – бұдaн 140 
жыл  бұрын  aлғaш  дүниеге  келген  венгр  ғaлымы  A.Вaмберидің  «Түркі  тілдерінің  этимологиялык 
сөздігі» (1861) aтты еңбегін, содaн тyрa жүз жылдaн aстaм yaкыт өткеннен кейін орыс ғaлымы проф. 
Э.В.Севортянның  осымен  aттaс  көп  томдық  этимологиялык  сөздігін,  бұдaн  35-40  жыл  бұрын  көне 
түркі  жaзбa  ескерткіштерінің  тiлі  бойыншa  aғылшын  түркологы  проф.  Г.  Клayсон  «XIII  ғaсырғa 
дейінгі түркі ескерткіштері тілінің этимологиялық сөздігін» атауға болады.  
ХІХ  ғaсырдa  түркітaнyдың  дaмyы  одaн  əрі  өркендеy  сипaтындa  болып,  Шығыстaнy  ғылымынaн 
дaрaлaнып, өз сүрелеyіне түскенменен əлі де болсa ХҮІІІ ғaсырдa зерттеy жүргізіле бaстaғaн сaлaлaр 
толық  қaмтылмaды.  Шығысты  зерттеген  орыс  ғaлымдaрының  еңбектеріне  шолy  жaсaй  келіп, 
В.В.Бaртольд:  «бұл  тaрaптaн  орыс  ғылымы,  əсіресе  XIX    ғaсырдa  едəyір  тaбысқa  қолы  жетсе  де, 
бірaқ, өз мүмкіндігінен деңгейі əлі де төмен, Ресейдің геогрaфиялық жaғдaйын, хaлықтaрдың құрaмы, 
Ұлы Петрден бaстaлғaн caнұрпaқтың еңбегін ескергенде, бұдaн қомaқты болсa керек еді» деп жaзды. 
Əрине, пaтшaлық Ресей жaғдaйындa Түркітaнyдың жүйелі де жоспaрлы зерттеyін күтy мүмкін емес 
328


еді. Дегенмен XIX ғaсырдa, одaн кейін де, əсіресе түркі филологиясы сaлaсындa өте құнды зерттеy 
жүргізген  орыс  түркітaнyшы  ғaлымдaрының  еңбегін  aтaмaсқa  болмaйды.  Осы  кезеңде  (ХІХ  ғ.) 
Түркия  түркітaнyшылaры  ортaғaсырдaғы  жaзбa  ескерткіштер  мен  жылнaмaлaрды  зерттеп, 
жaриялayмен  көбірек  aйнaлысты.  Бұл  жұмыстaрды  Стaмбyл  yниверситетінде  жəне  «Осмaн 
тaрихының қоғaмындa» (1910 ж. құрылғaн) түрік ғaлымдaры жүргізді. Мұндa түріктердің өз тaрихы 
ментілін  зерттеyмен  қaтaр  жaлпы  түркітaнyды  зерттеy  проблемaсы  дa  мaқсaт  етілді.  1930  жылдaн 
бaстaп  Түркиядa  түркітaнyдың  ортaлығы«Түрік  тілі  қоғaмы»,  «Түркі  əдеби  қоғaмы»  жəне  «Түркі 
тaрихы  қоғaмдaры»  болып  отырды.  Сонымен  кaтaр,  Стaмбyл  yниверситетінің  əдебиет  фaкyльтеті, 
осы  yниверситеттің  түркітaнy  жəне  ислaм  зерттеy  инститyты,  Aнкaрa  yниверситетінің  тіл,  тaрих, 
геогрaфия  фaкyльтеттері  жəне  соның  жaнындaғы  Түркітaнy  инститyты,  Эрзyрyм  yниверситеті  т.б. 
ортaғaсырдaғы  қолжaзбaлaр  мен  Түркияның  көне  тaрихы  жəне  кaзіргі  тaрихын  зерттеyде  ерекше 
орын aлып келеді. 
Түркияның  тaрихын,  тілін,  əдебиетін  зерттеyге  Еyропa  ғaлымдaрымен  қaтaр,  соңғы  ғaсырдa 
отaндық түркітaнy дa белсенді aйнaлысyдa. XIX ғaсырдa Ресейдегі түркітaнy ғылымының өзіне тəн 
ерекшелігі  –  Ғылым  Aкaдемиясы  мен  жоғaры  оқy  орындaрындa  зерттелyмен  қaтaр,  сырттaн 
шaқырылғaн  ғaлымдaр  (Г.Клaпрот,  Х.Френ,  Б.A.Дорн,  A.О.Мyхлинский,  В.В.Рaдлов,  К.Г.Зaлемaн 
т.б.)  мен  Н.И.Ильминский,  Н.М.Ядренцев,  П.М.Мелиорaнский,  A.Н.Сaмойлович,  Ф.Е.Корш, 
В.В.Кaтaринский,  В.В.Бaртольд,  С.Е.Мaлов  т.б.  түркітaнyшы  ғaлымдaрдың,  шығыс  зерттеyшілері, 
оның  ішінде  түркі  тілдес  хaлықтaр  мен  т.б.  хaлықтaр  yəкілдерінің  (Ибрaгимов  Хaлфин,  Aлексaндр 
Кaзембек,  Мaгомед  Оспaнов,    Ш.Уəлихaнов,  Ы.Aлтынсaрин,  A.К.Нaсыров,  Н.Ф.Кaтaнов  т.б.) 
еңбектерінде  болды.  Бұл  ғaлымдaрының  еңбектерімен  қaтaр  жеке  түркі  тілдерінің  ғылыми 
грaммaтикaлaры  жaзылды.  (О.Н.Бетлинг  –  сaхa  тілі,  В.В.Рaдлов  –  шығыс  түркі  тілдерінің 
фонетикaсы,  Ф.Е.Корш  –  Жетісyжaзбaлaрының  тілі,  бірнеше  aвторлaрaлтaй  тілдері,  A.Кaзембек  – 
«Түрік-тaтaр  тілдерінің  грaммaтикaсы»,  Н.И.Ильминский  –  «Қырғыз-қaзaқ  тілін  зерттеyге  қaжет 
мaтериaлдaр»,  П.М.Мелиорaнский  –  «Қaзaқ-қырғыз  тілінің  қысқaшa  грaммaтикaсы»  т.б  сөздіктері), 
(И.Н.Aшмaрин  –  чyвaш  тілінде,  В.В.Рaдлов  –  түркі  тілдерінде,  В.В.  Вельяминов-Зернов  –  шaғaтaй-
түрік тілінде, Л.З.Бyдaгов – «Түрік-тaтaртілдерінің сaлыстырмaлы сөздігі» т.б. жaзылды). Өте кұнды 
фольклорлық-тілдік  мaтериaлдaр  мен  хрестомaтиялaр  жинaқтaлып,  бaсылды  (В.В.Рaдлов  –  «Түркі 
тaйпaлaры хaлық əдебиетінің үлгілері», И. Н. Березин –  «Түрік хрестомaтиясы»,  В.М. Вербицкий – 
«Түркі тілдерінің aлтaй, aлaдaғ нaречиесі ерекшеліктерінің сөздігі», Ы.Aлтынсaрин – «Қырғыз (қaзaқ) 
хрестомaтиясы»),  жекелеген  түркі  хaлықтaры  мен  түркі  тілдес  aймaқтaрдың  aзaмaттық, 
генеологиялық, этникaлық тaрихы зерттелді. Мұрaжaйлaрдa мəдени-этногрaфиялык мaтериaлдaр мен 
ежелгі кұнды зaттaр жинaлды [2, 240-245]. 
Нaқтылы бір түркі  тілі бойыншa, aтaп aйтқaндa, қaзaқ тіл білімі сaлaсындa еңбек еткен, еңбек етіп 
жүрген  тілші  ғaлымдaр:  A.Бaйтұрсынов,  Қ.Жұбaнов,  І.Кеңесбaев,  Н.Т.Сayрaнбaев,  М.Бaлaқaев, 
С.Aмaнжолов,  Ғ.Мyсaбaев,  A.Ысқaқов,  Ə.Т.Қaйдaров,  Р.Г.Сыздықовa,  Ш.Ш.Сaрыбaев,  Р.С.Əміров, 
Т.Қордaбaев,  М.Томaнов,  Ə.Құрысжaнов,  Ғ.Aйдaров,  Н.Орaлбaевa,  A.Қaлыбaевa,  С.Исaев,  Т.Исaев, 
Т.Сaйрaмбaев, Т.Жaнұзaқов, Ө.Aйтбaев, Б.Əбілқaсымов, К.Aхaнов жəне т.б. aтayғa болaды.  
Түркі  тілдеріне  қaтысты  мaғлұмaттaрды  соңғы  жылдaры  жəне  қaзіргі  тaңдaғы  зерттеy 
еңбектерінен  де  aлyғa  болaды.  Бұл  сaлaдa  aянбaй  еңбек  етіп  жүрген  ұстaздaрымның  еңбектерін  де 
aтaп  өткім  келеді.  Профессор  Б.Сағындықұлы  ғылыми  еңбектерінің  басым  бөлімін  түркологияға, 
оның ішінде түркі тілдерінің фонетикасы мен лексикасына арнады. Тілші ғaлым Г.Қосымовa өзінің 
«Тілдің  тaрихын  дəyірлеyдің  теориялық  негіздері:  Шyмерология  жəне  түркі(қaзaқ)тaным 
мəселелері»aтты моногрaфиясындa қaзaқ тілінің тaрихын түркі тілдерінің дaмy тaрихындa қaрaстырa 
отырып,  қaзaқ  тілінің  сөздік  қорындaғы  тaрихи  сөздердің  сипaты  aрқылы    өзіндік  дaмy  жолын 
aйқындayды  мaқсaт  етеді  жəне  қaзaқ  тілінің  түркі  тілдеріндегі  aлaтын  орнын  aнықтay  өте  өзекті 
екендігін  aлғa  тaртaды.  Профессор  Қ.Қaлыбaевa  «Түркі  тілдерінің  сaлыстырмaлы  фрaзеологиясы» 
aтты  еңбегінде  түркі  тілдеріндегі  тұрaқты  тіркестерге  тaлдay  жaсaсa,  Г.Рaевa »Түркі  тілдеріндегі 
сингaрмониялық  вaриaнттaр  мен  пaрaллельдер»«Түркі  тілдеріндегі  жyaн  түбірлердің  жіңішке 
түбірлерге aйнaлyы» aтты моногрaфиясындa түркі тілдерінің фонетикaлық мəселелелеріне бaсa нaзaр 
ayдaрaды.  Сондай-ақ  осы  салада  жазылып  жатқан  түрлі  докторлық,  кандидаттық  диссертациялар 
түркологияны жаңа қырынан зерттеуге үлес қосатынына сеніміміз мол. 
 
Əдебиет: 
1.
  AлдaшевaA.,  Сүлейменовa  Э.,  Aвaковa  Р.  Түркі  тілдері.Хрестомaтия-оқyлық.  –  Түркістaн,  ХҚТУ 
бaспaсы, 2004. – 382 б. 
2.
  Қaйдaр Ə. Түркітaнyғa кіріспе.Оқyқұрaлы.- Aлмaты:  Aрыс, 2004. – 360 б. 
 
 
 
329


Бекқали А. 
педагог-психолог 
 
Тəрбиедегі ата-ана мен бала қарым-қатынасының маңызы 
 
 
Баланың  мектеп  жасына  дейінгі   кезеңі   өте  сақтықты,  қателеспеуді,  сауатты  тəрбиелеуді   қажет 
ететін жəне бала эмоциясының нəзік кезеңі болып саналады. Мектепке дейінгі ерте жас шамасындағы 
балаларға  ерекше  қарым-қатынастар  талап  етіледі.  Олар  өте  мейiрiмдi,  нəзік,  сенгiш  келеді. 
Сондықтан  бұл  жас  шамасындағы  балдырғандарды  қамқорлыққа  алу,  мейіріммен    тəрбиелеу  өте 
маңызды.  Мұндай  кезеңдегі  сəбиді  тəрбиелеуде  ешкім  де  анасын  алмастыра  алмайтыны  туралы 
ұмытпау керек.Отбасы – адам өмір, тіршілік негіздерін алатын қоғамның бір бөлігі, шағынəлеуметтік 
топ.  Бала  отбасы  мүшелерімен  тікелей  эмоциялық  қарым-қатынастабола  отырып,  тек  сөйлеу  мен 
ойлау, нысандық іс-əрекеттер мен тұлғаралық өзарақатынастар дағдысын ғана алып қоймай, қаласын-
қаламасын  үлкендердің  мінез-құлық  үлгілерін  де  бойына  сіңіреді.  Ата-аналары  бала  үшін  оның 
отбасыныңөмірі,  бір  бөлшегі  болып  табылатын  мəдениеттің  шынайы  əлемін  білдіреді.Ата-ананың 
махаббаты мен қамқорлығы, баланың ата-анасынапсихологиялық тəуелділігі (олар оның көз алдында 
тек  қана  оған  тиесілі)  балағаерте  жастан  білім  мен  дағдылар  беруге  оңтайлы  жағдай  туғызады. 
Мектепке  дейінгі   балалық  шақ  –  денсаулықты  қалыптастыру  жəне  жеке  тұлғаның  дамуындағы 
адамның өмiрiндегi ең маңызды кезеңі. Сонымен қатар, бұл кезде бала айналасындағы ересектерге, 
яғни,  ата-аналары  мен  тəрбиешіге  тəуелді.  Келеңсіз  жағдайлар,  жүрiс-тұрыс,  əлеуметтiк  жəне 
эмоционалдық  мəселелер  зардаптары  баланың  болашағына  тікелей  əсерін  тигізеді.  Баланың  іс-
əрекетін  сипаттайтын  ең  маңызды  салалардың  бiрi  негiзiнде  нормалар  жəне  ережелердi  меңгеруi 
оның əлеуметтiк дамуы болып табылады: бiр жағынан, баланың заттық əлемнің қағидаларын түсінуі 
қажет.   Екінші  жағынан,  адамдарға  деген  қарым-қатынастың  ережесi.  Бала  бақша  тəрбиешілері, 
педагогтар  мен  психологтар   осыған  байланысты  балалардың   өмірге  деген  сүйіспеншілігін 
арттырып, қоғамда жəне жеке адам басындағы қорқулар, үрей,қуанут.б адамдардың сезiмiнде үлкен 
жауапкершілікпен  қараулары  керек.  Өз  эмоцияларын   басқара  білу  –  мектепке  дейiнгi  жастағы 
балалардың  ең  басты  жетістігі.  Баланың  өмірінің  алғашқы  күнінен  бастап  енетін  отбасындағы 
саналуан  əлеуметтік  рольдері  (ол  бірмезгілде  немере,  ұл,  іні,  қарындасқа  аға,ініге,  аға,  жиен,  ағай 
т.с.с.), сондай-ақ отбасы тіршілігінің басқа дажағдайлары өмірдің ең саналуан жағдайларына беріктік 
пен  икемділіккебейімделуді  дамытады.  Бұл  қасиеттер  қазір  адамға  ең  қажеттілері.  Ертеңгікүннің 
бұлыңғырлығы,  негізгі  əлеуметтік  институттардың  дағдарысы  жекетұлғаға  деген  ерекшеліктік 
(бəсекеге  қабілеттілік),  интерналдылық  (өз  бетіндік,  белсенділік),  коммуникабельділік  жəне  басқа 
көптеген талаптардықалыптастырады[1, 105]. 
«Ата-ана-бала»  жұбындағы  кез  келген  қарым-қатынас  түрінің  тəрбиелік  маңызы  бар.  Тұлғаны 
қалыптастырудың  маңызды  факторы  бола  отырып,  қарым-қатынас  үлкен  педагогикалық 
мүмкіндіктерге  ие. Тəрбие  мақсатына  жету  үшін  ата-аналар  əртүрлі  əсерлерге  жүгінеді:  мадақтау 
жəне  жазалау.  Балаларды  саналы  түрде  мадақтау  нəтижесінде  баланың  тұлға  ретінде  дамуын 
жеделдетуге болады. Егерде жазалау қажеттілігі туындаса, онда оны тек қана қажетті жағдайда ғана 
қолдану керек. Өте қатал жаза нəтижесінде балада қорқыныш немесе өшпенділік болуы мүмкін. Кез 
келген физикалық əсер нəтижесінде балада өзіне ұнамаған жағдайды күшпен шешуге болады деген 
ұстанымды  туындатады  [2,  2].  Ата-ана  мен  бала  арасындағы  қарым-қатынас   мектепке  дейінгі 
жасынан бастап баланың психикасында сақталады.    Осымен ұрпақтан ұрпаққа қарым-қатынас жасау 
стилі  ауысып,   əлеуметтік  мұраға  жетеді:  көбінесе  ата-аналар  өздерін  бала  кезінде  қалай 
тəрбиелегендей, балаларына да сондай тəрбие береді. Сонымен бірге балаларымызбен қарым-қатынас 
жасау  тəсілі  қоғамдағы  педагогикалық  көзқарастарға  бейімделген  сəнге  байланысты  болып,  бізді 
қоршаған  туыстарымыз бен достарымызбен, отбасы мүшелерімізбен  қарым-қатынас жасау стиліне, 
ата-аналардың жасына,  олардың  тұрмыстық жағдайына жəне  басқа  себептерге  байланысты болады. 
Бірақ  та  баламен  қарым-қатынас  жасау  оңай.  Өйткені   баламен  қарым-қатынас  жасау  процесі 
көбінесе қуаныш əкеледі. Бала мен ересектердің қарым-қатынастары оңай жəне қызықты болу үшін 
бірнеше ережелерді қолдануға болады[3, 2]. 
Отбасындағы  жалпы  қарым-қатынас,  үйдегілердің  бір-біріне  деген  сый  құрметі  немесе 
басқалармен болған байланысы, сөз шеберліктері, яки,  болмаса, жағымсыз қылықтары жас баланың 
қалыптасуына  үлкен  əсер  етеді.  Өсіп  келе  жатқан  бала  отбасындағы  үрдісті  тез  жəне  өзіне  жақын 
қабылдайды. Отбасындағы кез келген жағдаятта ата-ана мен үйдің үлкендері бала алдындағы сөздері 
мен іс-əрекеттерінде əдептілік танытқаны жөн. «Əкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді 
дана  халқымыз.  Осы  айтылған  халық  даналығына  келсек,  бала  кішкентай  кезінен-ақ  əр  нəрсеге 
əуестеніп,  үлкендерге  көмектескісі  келіп  өседі.  Сондықтан  балаға  тəлім  ретінде  ата-ана  өз  іс-
əрекеттері мен қарым-қатынасын, əдепті сөйлеу үлгілерін көрсеткені құптарлық жайт. 
330


Ғалымдар  əдіскерлер  мен  психолог  мамандарға  отбасымен  жұмыстарда  бірнеше  қағидаларды 
басшылыққа алуды ұсынады: 
1. Отбасын зерттеудің объективті сипаты; 
2. Отбасының барлық мінездемелерін зерттеуге кешенді ұстаным; 
3.  Отбасының  өзіндік  ерекшеліктерін  анықтау  жəне  оларды  оның  тəрбиелікəлеуетін  күшейтуге 
пайдалану; 
4. Шынайы ахуалды талдау; 
5. Отбасын зерттеудің екіжақты сипаты; 
6.  Баланың  жеке  тұлғасын,  оның  тəрбиелілігін  бірдей  зерттеу  арқылыотбасындағы  тəрбие 
қызметін зерттеу; 
7. Отбасына оптимистік ұстаным жасау; 
8. Отбасы мен қоғамның тəрбиелік мүмкіндіктерін іс жүзіне асырудыңзерттеумен бірлігі; 
9. Отбасы тəрбиесінің пайдаланылмаған резервтерін анықтау[3]. 
Тəрбиелеу  мен  оқытудың  міндеттері  баланың  осы  іс-əрекет  түрлерін  қалыптастыру  жəне  оны 
белгілі бір мақсатқа бағыттап отыруды көздейді. Ойнау, еңбек ету, жəне білім алу барысында ақыл-
ой, адамгершілік, физикалық жəне көркем тəрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі 
дəрежеде  үйренеді,  іскерліккөрсетеді,  өзін  қоршаған  ортамен  қарым-қатынас  жасауға,  қоғамдық 
өмірдің  əдет  дағыларын  игеруге  бейімделеді.  Іс-əрекеттің  тап  осы  түрлерін  ғана  дамыту  арқылы 
тəрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік 
туады. Жақсы ойнап, сергек, əр нəрсеге ынталы баланы ересек адамдар мен балалар қоғамында өмір 
сүруге  қажетті  қасиеттерді  толық  игеріп  келе  жатқан    тəрбиелі  бала  деп  атауы  мүмкін.  Жоғарыда 
аталып  өткен  іс-əрекеттің  əрқайсысы  бала  дамуына  өзіндік  жіне  өзіне  тəн  үлесін  қосады.  Мысалы, 
тəрбиенің  ең  маңызды  міндеті  саналатын  ақыл-ой  тəрбиесінің  өзі  бала  ойының:  еңбегін  жəне 
балалардың  оқуын  үнемі  бағыттап  отыру  арқылы  жүзеге  асатыны  бізге  балаларды  тəрбиелеу 
тəжірибесінен  таныс.  Адамгершілікке  тəрбиелеу  міндеттері  жөнінде  де  осыны  айтуға  болады.  Бала 
өзін-өзі  көрсете  білсе,  ендеше  ойын,  оқу  еңбекте  адамгершілікке  тəрбиеленеді  деген  сөз.  Өйткені 
мұнда  олардың  өзара  ересек  адамдармен  қарым-қатынасы  қалыптасады.  Іс-əрекеттің  əрбір  түрінде 
осылайша  өзара  ұштасып  жататын  педагогикалық  мүмкіндіктерді  ескере  отырып,  мектепке  дейінгі 
ұйымдарда  балалардың  тіршілік  əрекеттерін,  тəрбиелік  мақсатқа  сай  ұйымдастыра  аламыз.  Ойын, 
еңбек,  оқу  арқылы  біз  балаларға  белгілі  бір  тұрғыдан  ықпал  жасай  аламыз.  Бірақ  біз  іс-əрекеттер 
ойын,  еңбек,  оқыту  өзара  ұштасқан  жағдайда  ғана  баланың  жеке  басын  дамытудатолық  нəтижеге 
жете аламыз.  
Балабақшаның  негізгі  міндеті  –  баланың  жеке  басының  бастапқы  қалыптасуын  қамтамасыз  ету. 
Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы кезең. Осы кезеңде бала оқу мен 
тəрбиені  қалыптастыруға,  өз  қызметін  білуге,  тілдік  қатынастың  қарапайым  тəжірибесінде  өзін-өзі 
таныта білуге, мінез-құлық мəдениетіне, жеке гигиеналық жəне салауатты өмір салтының негіздеріне 
бағдарланады.И.Г.Песталоцци:  «Бала  тəрбиесі,  оның  дүниеге  келген  күнінен  басталуы  керек. 
Баланың  дүниені  түсінуі  отбасында  басталып,  мектепте  əрі  қарай  жалғастырылуы  шарт»,  –  деген 
қағиданы  ұсынды.  Француздың  ұлы  ағартушысы  Ж.Ж.Руссо  бала  тəрбиесінің  көзі  еңбекте, 
сондықтан баланы жан-жақты жетілген азамат етіп тəрбиелеуді отбасында еңбекке үйретуден бастау 
керек деп қараса, əйгілі орыс педагогы К.Д.Ушинский бала тəрбиесіне тоқтала келе: «мектеп жасына 
дейінгі бала тəрбиесінің негізгі ортасы – отбасы», – деген пікірді айтқан болатын. 
Жалпы баланың тұлға болып қалыптасуында шешуші рөлді қоршаған адамдармен қалыптасатын 
қатынастар жүйесі атқарады. Бұл жүйеде баланың ересектермен қатынастары үлкен рөлге ие екен.Ал 
бала тəрбиесінде қолданылатын басты əдістер, бұл – үлгі-өнеге, бірлікті еңбек, əңгіме-сұхбат, баланы 
қолдау мен қуаттау жəне қорғау. Бала ата-аналар арасындағы байланысқа, басқа адамдармен қарым-
қатынас  орнатуына,  отбасы  ішіндегі  тұрмыс-тіршілігіндегі  жағдайларға,  барша  отбасылық  іс-
əрекеттерге қатысады. Сондықтан да баланы тəрбиелеу үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті 
де қажеті жоқ, тек қана ата-ана мен отбасы мүшелері тарапынан дұрыс, инабатты, адамгершілік əдебі 
сақталған қарым-қатынас арқылы баланы тəрбиелеп, өз болашағында осы қасиеттерді басты ұстаным 
етіп алуын ұғындырған жөн.   
 
Əдебиет: 
1.
  Бодалев А.А. Психология общения. - М., 2002. 
2.
  Исакаев Ж.Ата-анаменбалаарасындағықарым-қатынас// www. massaget.kz.2015. 
3.
  Токанова М.Баламен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек?– Алматы, 2014. 
 
 
 
331


Төрəлиева А. 
 
Дидактикалық ойындардың бала ой-өрісіне əсері 
 
 
Ойын  мектепке  дейінгі  жастағы  балалар  үшін  оқу  да,  еңбек  те  болып  табылады.  Ойын  – 
айналадағы  дүниені  танудың  тəсілі.  Ойын  балаларға  өмірде  кездескен  қиыншылықтарды  жеңудің 
жолын  үйретіп  қана  қоймайды,  ұйымдастырушылық  қабілетін  қалыптастырады.  А.С.Макаренко: 
«Ойын – балалар өмірінде өте маңызы зор нəрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай 
маңызды  болса,  балалардың  ойыны  да  сондай  маңызды.  Ойында  бала  қандай  болса,  өскен  кезде 
жұмыста  да,  көбінесе,  сондай  болады.  Сондықтан  болашақ  қайраткер,  ең  алдымен,  тəрбиені  ойын 
арқылы алады»[1],– деп балалар ойынын жоғары бағалаған.Сол сияқты А.М.Горький «Ойын арқылы 
бала дүниені таниды»,– десе, А.С.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ жəне 
болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге сарай ашылған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани 
сезімі  жасампаз  өмірмен  ұштасып,  қоршаған  дүние  туралы  түсінік  алады.  Ойын  дегеніміз–  ұшқын, 
білімге  құштарлық  пен еліктеудің  маздап жанар  оты»,  –  дейді.  Шынында да  бала  үшін  ойын–  өмір 
сүрудің  белсенді  формасы,  сол  арқылы  ересектерге  еліктейді,  олардың  іс-əрекетін,  қарым-
қатынастарын үйренеді, еңбектің мəнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, əлеуметтік рөлдер 
атқарады. 
 
  Жеке тұлғаны дамытудағы ойынның   тəрбиелік маңызы: 
 
- баланың эстетикалық сезімін дамытады; 
 
- балаға адамгершілік тəрбие берудің негізгі құралы; 
 
- баланың бойында еңбек тəрбиесін сіңіреді;  
- баланың ақыл-ой тəрбиесін дамытады; 
- қоршаған орта туралы білім беру құралы[2, 3]. 
Ал дидактикалық ойынның мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа ақпаратты немесе өткенді 
берік  меңгерту  болып  табылады.  Дидактикалық  ойындардың  ережесі  балалардың  түсінуіне  оңай, 
қарапайым  əрі  қысқа  болуы  шарт.  Дидактикалық  ойынды  сабақта  қолданғанда  оның  мынадай 
шарттарға сəйкес болуын қатаң ескеру қажет: 
 
  - ойынның балаларға беретін білімдік жəне тəрбиелік мəні болуы; 
 
  - 
баланың 
жан-жақты 
дамуына, 
танымдық 
қызметінің 
артуына 
əсер 
етеді; 
  - өтіліп отырған материалдарға қызығушылығын туғызуы; 
 
  -  сабақтың  мақсатын  іске  асыруда  балаларға  қажетті  білік  пен  дағдыны  қалыптастыруға 
көмектесетіндей болуы тиіс;   
  - тілдік материалдарды салыстыра алуы жəне қорытынды жасай білуі;   
  - балалардың қоршаған ортамен таныстырудағы рөлі болуы. 
 
Балабақша бүлдіршіндерінің негізгі əркетіойын десек, оқу-тəрбие 
үрдісінде 
олар 
біртіндеп 
ойын əрекетінен оқу-əрекетін  үйренуге,  оқуға  бейімделе  бастауы  қажет.    Ол  сабақ  барысында 
пайдаланатын  дидактикалық  ойындар  арқылы  жүзеге  асыралады.Дидактикалық  ойындар  арнайы 
мақсатты көздейді жəне нақты міндеттерді шешеді. 
Дидактикалық ойынбағдарламада анықталған білім, білік, дағдыларын жəне түсінік беру, оларды 
қалыптастыру  тиянақтау  жəне  пысықтау  немесе  тексеру  сипатында  болады.Балаларға  бағдарлама 
бойынша  сабақ  өткендеойынның  міндеттірін  ескеруді  қажет  етеді.  Балалардың  қызығушылығын 
оятып,  белсенділігін  арттыру  мақсатында  іріктеліп  алынған  нақты  мазмұнмен  анықталады. 
Дидактикалық  ойындар  –  балабақша  бүлдіршіндері  үшін  өзіне  тəн  жүру  барысы,  мақсаты,  маңызы 
бар əрекет.  
Дидактикалық ойындар ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді: 
-  танымдық, яғни, балалардың тану, іздену əрекетін дамыту; 
 
 
- тəрбиелік,  яғни,  үлкендермен  немесе  өз  қатарластарыменқарым-қатынас  жасағанда  қажетті 
негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. 
Дидактикалық  ойындарды  ұйымдастырудың  өзіндік  маңызы  бар.  Тəрбиеші  ұстаздың  іріктеп 
қолданған  ойындары  сабақ  жүйесінде  баланы  дамытушылық  əрекеттерімен  ерекшеленуі  тиіс. 
Лайықты қолданған дидактикалық ойындардың мынадай маңыздылығы бар: 
1.
  Дидактикалық  ойын  балалбақша  бүлдіршіндерінің  қоршаған  дүние  туралы  түсінігін 
кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі. 
2.
  Əрбір  дидактикалық  ойын  балабақша  бүлдіршіндерін  ойнай  білуге  баулып,  сөздік  қорын 
молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады. 
3.
  Дидактикалық ойын адамгершілікке тəрбиелеу құралы болып табылады жəне ұстамдылықты, 
тəртіпті қажет етеді. 
Балабақшадағы қолданылған  ойындар ойлауға, тілді дамытуға, баланың шығармашылық əрекетін 
байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым-
332


қатынастағы  пайымдаулары  өзіндік  таным-түсінік,  мінез-құлық əдептерін  бекітуіне əсер  етеді.  Бала 
ойын  арқылы  бір  əрекеттен  екінші  əрекетке  ауыса  отырып,  өзіне  түрлі  ақпараттар  алады,  дүние 
сырын ашады.  
Мектепке  дейінгі  тəрбиеленушілерде  педагогикалық  процестер  барысында  баланың  көңіл-күйін 
анықтап,  психологиялық  мотивтерді  туындатып,  жағымды  мінез-құлық  дағдыларын  қалыптастыру 
көзделеді.  Психологиялық  жаттығулар  баланы  үлкендермен  жəне  достарымен  қарым-қатынас 
мəдениетіне  тəрбиелеп,  өз  пікірлерін  айтып  жеткізе  білуге  көмектеседі.  Ойын  жаттығулар  арқылы 
баланың  білімділік  дағдыларын  күнделікті  іс-əрекетте  қолдана  білу  мүмкіндіктері  қарастырылады.  
Психологиялық  ойын-жаттығулар  баланың  жан  дүниесінің,  рухани  жай-күйінің  үйлесімді  дамуына 
ықпал  етеді.  Баланың  сезім  əрекетін,  əсерленушілік  деңгейін  анықтау  үшін  қолданылады.  
Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, 
ой-өрісі,    қабылдауын  дамытуғы,  икемділікті  арттыруға,  өзінің  жеке  құрбыларының  іс-əрекетін 
бағалай,  құрметтей,  өз  ісінің  дұрыстығын  дəлелдей  білуін  анықтау,  қалыптастыру  [1,  56].  Мейлі 
қандай  ойын  болсын,  ойнау  кезінде  сол  ойындардан  үлкен  де  мəнді,  мағыналы  істер  туындап 
өрбитінін  байқаймыз.  Өйткені  ең  алдымен  не  нəрсенің  болсын  жөн  бастар  қайнар  көзі  болатыны 
белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз. 
Ойынның  өзін  əдіскер    ғалымдар  бірнеше  түрге  бөліп  қарастырады. Олар:дидактикалық 
ойындар,сюжетті-рөлді  ойындар,  қимыл-қозғалыс  ойындары,құрылыс  ойындары.  Осылардың 
ішіндегі  біз  қарастырып  отырған  дидактикалық  ойындарбалабақша  бүлдіршіндерінің  ақыл-ой 
белсенділігін  қалыптастырудың  маңызды  құралы  бола  отырып,  олардың  бағдарлама  материалының 
негізгі  тақырыптары  бойынша  алған  білімдерін  тереңдете  түсуді,  əрі  пысықтауды  көздейді.  Бұл 
дидактикалық  ойындар  балабақша  бүлдіршіндерінің  сабақ  үстіндегі  жұмысын  түрлендіре  түседі. 
Себебі  ойын-оқу,  еңбек,  іс-əрекеттерімен  бірге  балалардың  өмір  сүруінің  маңызды  бір  түрі. 
А.С.Макаренконың  айтуынша,  ойында  баланың  физикалық,  психологиялық  қасиеттерінің  сапалары 
да  өзгеріп  отырады.  Ойын  баланың  сабаққа  ынтасын  аудартуға,  көңіл  қойғызуға,  сондай-ақ 
қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі. 
Балалардың ой-өрісін дамытатын «Санамақ» ойынын алар болсақ, оның басты ерекшелігі баланың 
ойлау  қабілетін  жетілдіру.  Атау  ұйқастарын  санау  арқылы  бала  сан  үйренеді,  санға  аты  ұйқас 
заттарды танып біледі. Ребустар шешудің ой ұшқырлығын дамытуға əсері мол. Баланы ұшқыр ойға, 
тапқырлыққа  жетелейтін  жұмбақтарды  əр  сабақ  сайын  жүйелі  пайдалану  керек.  Жұмбақ  ойыны 
балалардың  өздігінен  ойлауына  мүмкіндік  жасайды,  оларды  дерексіз  ойлаудан  нақтылы  ойлауға 
жетелей  түседі.Ұлттық  ойындарды  да    қолдану  сабақ  мазмұнын  байыта  түседі  жəне  баланың 
қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. Математика сабағында «аз», «көп» ұғымдарын баланың 
зердесіне ұялату оңай нəрсе емес.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан əрі үлкен мəні бар 
мəдени  шығармашылық-саусақ  ойыны.  Саусақ  ойынын  ойнай  отырып,  балалар  қоршаған  ортадағы 
заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей 
алады.  Мысалы,Арқан түюойыны. 
Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар жүргізуші топ арасынан шығады да:– Ойын 
басталды!  –деп  дауыстайды.Сонан  соң  арқанның  түйілмеген  басын  ұстап  шеңбер  бойымен 
айналады,арқанды  балалардың  аяқтарының  астынан  жібереді.  Балалар  арқан  үстімен  секіріп 
тұрады.Кімде-кімнің  аяғына  арқан  ілініп,секіре  алмай  қалса,  ол  бала  ойынды  тоқтатып  өнер 
көрсетеді,тақпақ,өлең айтады немесе билеп береді.Ойын осылай жалғаса береді.   
Допты қуып жет! 
Ойын  мақсаты:  балаларды  шыдамды,сабырлы  қалыпта  берілген  белгіні  тыңдауаға,  тез  жүгіруге, 
түстердің түрін ажырата білуге баулу. Ойынның  шарты:бұл ойынға 5-6  бала, тəрбиеші басқаруымен 
қатыса  алады.Тəрбиеші  доптарды  себетке  салып  алып,балалардың  алдына  домалатып 
жібереді.«Допты қуып жет» деген белгі бойынша,балалар допты ұстап алып тəрбиеші ұстап тұрған 
себетке салуы керек. Ойынға қажетті көрнекі құралдар: түрлі-түсті,үлкен-кішілі доптар. 
Тышқан мен мысық 
Ойын  мақсаты–  балаларды  шапшаң  əрі  шыдамды,  ұйымшылдыққа  үйрету.Ойын  шарты:  Бұл 
ойынға  топ  балары  бəрі  тегіс  қатыса  алады.Балаларды  (қақпа  қалың)  дөңгелене  тұрғызып,ортаға 
тəрбиеші  көмегімен  тышқанмен  мысық  сайланады.Мысық  тышқанды  қуып  ұстап  алуы 
керек.Дөңгелене  тұрған  балалар  тышқанды  яғни,  мысықтан  құтқару  үшінқақпадан  тышқанды 
шығарып  жіберіп,  мысықты  шығармауға  тырысады.Мысық  тышқанды  ұстау  үшін  шапшаңдық 
керек.Мысық  тышқанды  ұстап  алса,ойынға  келесі  жаңа  балалар  қатысып,  алмаса  береді.  Көрнекі 
құралдар: мысық,тышқан бетперделері. 
Мұндай балалар қимылды ойындарды балалар жақсы көреді, бірақ балаларды дер кезінде жылдам 
жинап  ойынға  жұмылдыра  қою  оңай  бола  бермейді.  Баланың  ойы  басқа  дүниеге  ауған  болса,  ол 
соның əсерінен шыға қоймауы мүмкін немесе қолындағы ойыншығын қимайды. Сондықтан оларды 
ойынға тарту үшін қолайлы уақытты таңдай білу керек. Қолайлы уақыт деген балалардың көңіл күйі, 
333


шаршамауы,  қимыл  қабілеті  т.б.  жағымды  жағдайлар  кіреді.  Балалар  өздерінің  ойынында  негізінен 
айналасында көргенін бейнелейтіндігі жəне ол ойындар балалардың өмір сүрген кезеңіне дəл келетіні 
ақиқат.  
Сонымен,  психологиялық  жаттығулар  баланы  үлкендермен  жəне  достарымен  қарым-қатынас 
мəдениетіне  тəрбиелеп,  өз  пікірлерін  айтып  жеткізе  білуге  көмектеседі.  Ойын  жаттығулар  арқылы 
баланың  білімдік  дағдыларын  күнделікті  іс-əрекетте  қолдана  білу  мүмкіндіктері  қарастырылады. 
Ойнай  отырып  ойлануға  бағыт  беріледі.  Баланың  өсіп  жетілуіне  ықпал  ететін  басты  құрал-ойын. 
Ойын  арқылы  бала  өседі,  жетіледі,  ой-өрісі  дамиды.Дидактикалық  ойындар  балабақша 
бүлдіршіндерінөз бетінше жұмыс істей білуді дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын 
арттырады, сөздік қорын молайтуға көмектеседі. 
 
Əдебиет: 
1.
  Дүйсенова Ж., Нығметова Қ. Балалар психологиясы.- Алматы, 2012.  
2.
  Қалабаева А.Ойын – баланың жан серігі. – Алматы, 2014. 
 
 
Күлбарақова Ж. 
 
Ертегілер арқылы бала шығармашылығын қалыптастыру 
 
 
Еліміздегі  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  алғашқы  кезеңі  –  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқыту. 
Заман  ағымының  көшіне  ілесіп,  өркениетті  елдер  қатарынан  көріну  саясаты  білім  беру  жүйесімен 
тікелей  байланысты  болып  келеді.  Қазіргі  талап  əлемдік  деңгейге  көтерілуге  бет  бұру  кезеңіндегі 
ұлттық  мəдени-тарихи,  рухани  құндылықтарымызды  бойына  сіңірген  азаматтарды  тəрбиелеп,жан-
жақты дамыған тұлға қалыптастыру жолында  озық елдердің білім деңгейіне көтерілу қажеттігін алға 
тартады. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз 
қазақ  халқының  санғасырлық  дəстүрін,  тілі  мен  мəдениетін  сақтап,  түлете  береміз.  Сонымен  қатар 
ұлтаралық жəне мəдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз 
етеміз»[1],– деп атап көрсеткен. Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ететін –білім саласы. 
Бүгінгі  таңда  білім  саласының  алдында  репродуктивті  білімді,  дағдыларды  қайталайтын  ғана  емес 
шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңашыл идеяларды əкелетін, өзіндік тұжырым жасай 
алу қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл айтылған мақсаттың бəрі – 
өскелең    ұрпақтың  оқу,  тəрбиесіне  тікелей  қатысты  үрдіс.  Балалардың  шығармашылық  əрекетін 
дамытуда маңызды мəселе екендігін дəлелдейді.  
Мектепке  дейінгі  балалардың  жан-жақты  жетілдіре  тəрбиелеудеауыз  əдебиеті  үлгілерінің  ертегі 
жанры  түрін  қолданудың  білімдікте,  тəрбиелік  те  мəнінің  зор  екені  сөзсіз.  Ертегі  арқылы  адам 
бойына  адамгершілік  жақсы  қасиеттерді  қалыптастыруға  болады[2,  4].Балғындарды  жақсы  істерге 
ұмтылдыру, жаман қылықтардан аулақ жүру, өнегелі құндылықтарды  дəріптеп, адамгершілікке кір 
келтіретін мінездер,əдепсіздік, жеңілтектік, екіжүзділік, көрсеқызарлық, опасыздық, өркөкіректіктен 
қашанда аулақ болу балалардың жастайынан санасына сіңірілген жағдайда, олардың дұрыс бағытпен 
өсуіне  үлкен  септігін  тигізеді.  Ал  сыйластық,  жасы  үлкенді  сыйлау,  сəлемдесу,  үлкеннің  сөзіне 
жөнді-жөнсіз  араласпау,  кісінің  алдынан  кесе  өтпеу,  көп  алдына  дарақыланып  күлмеу,  есінемеу 
сияқты  қылықтарды  жас  ұрпақ  санасына  отбасы  тəрбиесінен  басталып,  балабақша  тəрбиесінде 
жалғасын  тауып,  ақырындап  сіңіріліп  отырады.  Адам  баласы  қоғамда  өзінің  адамгершілік 
қасиеттерімен,  қайырымдылығымен,  адалдығымен,  əділеттілігімен  ардақталады.  Жақсылық  пен 
жамандық,  зұлымдық  пен  махаббат,  əділеттік  пен  əділетсіздік,  борыш  пен  намыс,  ар  мен  ождан 
адамның  іс-əрекеті  арқылы  өлшенеді.  Осындай  құндылықтарды  бүлдіршіндердің  бастап  игеруі 
балабақшадағы  оқу-танымдық  іс-əрекеттер  арқылы  сіңіріледі.  Бұл  орайда  ертегінің  алатын  маңызы 
үлкен.  
Ертегінің  атқаратын  қызметі  кең:  ол  əрі  тəрбиелік,  əрі  əдеби  қазына.  Сондықтан  ертегілік 
прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, əрлеп баяндау. Балабақшада 
балғындардың  рөлде  ойнап,  ертегі  кейіпкерлерінің  кейпіне  еніп,  ойнауы  –  балалар  үшін  қызықты 
əрекет.  Рөлге  ену  арқылы  кейіпкердің  мінезін  сезінеді.  Жақсы  қылықтарды  жаны  сүйіп,  жаман 
қылықтардан бас тартуға дайын болады. 
Қазақ  ертегілерінің  не  үшін  қажет  екенін  əдебиет  зерттеушісі  ғалым  А.Байтұрсынов  «Ертегінің 
қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары: 
1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нəрсе. 
2. Бала əдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тəрбиелеуге зор 
кедергі бар нəрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді. 
334


3. Бұрынғылардың сана – саңлау, қалып-салты жағынан дерек беруші үшін керегі бар нəрсе» [3], – 
деп айтқан болатын. Қазақ халық ертегілерімейірімділікке, адалдыққа, əділеттікке, еңбек сүйгіштікке, 
тазалыққа,  достыққа,  əдептілікке  үйретеді.  Жамандықтан,  қулықтан,  өтіріктен,зұлымдықтан  аулақ 
болуға  тəрбиелеу  жолын  алға  қояды.  Əрдайым  татулық,  бірлік,  ынтымақ  жеңетінін  көрсетеді  жəне 
жас ұрпақты елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тəрбиелейді.  
Балалар  тілі  мен  шығармашылығын  дамытуда,  олардың  өмірге  деген  көркемдік  көзқарастарын 
қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай 
отырып, олардың іс-əрекеттері мен мінез-құлықтарын көрсетеді жəне ойын арқылы тілдерін дамыта 
отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша 
тəрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес. 
Балабақшада  балалармен  ертегілер  мен  əдеби  шығармаларды  рөлмен  ойнау,  қойылымдар  қою 
жұмыстары  жақсы  жүргізілуде. Театрландырылған  қойылымдар  арқылы  мектепке  дейінгі  жастағы 
балалардың  тілін  дамыту,  байланыстырып  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыру,  өмірлік  оң 
көзқарастарын тəрбиелеу жəне шығармашылыққа баулу мақсаты көзделеді. 
Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында  бірнеше міндеттер қамтылады: 
• 
театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту; 
• 
сөздік қорларын байыту; 
• 
ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету; 
• 
кейіпкерлердің іс-əрекеттері мен дауыс ырғақтарын сəйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу; 
• 
байланыстырып  сөйлеуге  дағдыландыра  отырып,  шығарма  барысын,  мазмұнын  ұғынуға, 
рөлдерді түсініп ойнауға үйрету; 
Ертегілер   дүниесіне  сапар  шегу  балалардың  қиялдау,  елестету,  тіпті  өздері  ойдан  шығару 
қабілетін  дамытады.  Əдебиеттің  ең  озық  үлгілерінің  адамгершілік  рухында  тəрбие  алған  балалар 
өздерінің ойындарындаөздерінің шығармашылығымен ойдан құрастырылған кейіпкерлермен сөйлесе 
жүріп,  шығарған  ертегілерінде  немесе    əңгімелерінде  өздерін  əділетті  көрсетіп,  əлсіздермен 
жəбірленгендерді  қорғап  жауыздарды  жазалауға  тырысады.  Өйткені  халқымыздың  тəлім  тəрбиелік 
мұрасы  адамгершілікті,  қайрымдылықты,  мейірбандылықты  дəріптейді.  Жас  ұрпақты  жастайынан 
тəрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз 
тəрбиенің  небір  оңтайлы  əдістерін  бесіктен  бастаған.  Əңгімелер,  ертегілер  бала  қатынасының  ең 
нəтижелі құралы болып табылады[4, 12]. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он 
екі  жасқа  дейінгі  аралықта  əр  адам  өзінің  рухани  дамуына  қажетті  нəрсенің  бəрін  де  ертегіден 
алады»[5,  36],–  деп  атап  айтқанболатын.  Жас  балалардың  өз  ойынан  ойын  шығарып,  ертегі  немесе 
əңгіме құрап, рөлде өзі ойнап отыруының өзі осының дəлелі секілді.  
«Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын,əйтеуір бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған 
адамның  жан  дүниесі  жөнді  жетілмейді»[3],–  деген  Ж.Аймауытовтың  бұл  пікірі  белгілі  психолог 
А.Н.Леонтьевтің адам психологиясы тек іс-əрекет үстінде дамып отырады дейтін қағидасына жақын 
тұжырым деп есептейміз. 
Ғылыми  зерттеулерге  сүйенетін  болсақ,  бала  шығармашылығын  дамытуда  «шығармашылық 
тапсырмалар»  үлкен  рөл атқарады.  «Шығармашылық  тапсырмалар»  атауы  педагогикада  белгілі,  екі 
құрамдас бөліктен тұрады: 
-біріншіден, бала дербес,өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады; 
-екіншіден,  жағдай  тудырушы  материалдар  даярлап,  шығармашылыққа  икемдейтін  ересек 
адамның қатысуы қарастырылады. 
Баланың шығармашылығын дамытуда педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нəтижесі оның 
іскерлігіне  байланысты.  Шығармашылықты  қалыптастыру  жолдарын  зерттеу  тапсырмаларды 
күрделендірудің үш кезеңін аңықтауға мүмкіндік туғызады. 
Халық  ертегілері  ішінде  балалар  арасында  кең  тарағаны,  əсіресе  сүйіп  тыңдайтын  хайуанаттар 
жайындағы  ертегілер.  Табиғат  жайында  ең  бай  материалдар,  кең  түсініктер  балаларға  алғаш  осы 
хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы берілген  «Бармақтай бала»,  «Қотыр торғай»,  «Мақта қыз 
бен мысық». Хайуанаттар жайында айтылатын ертегілер кейіпкерінің өзі қызық. Сол күлкілі, қызық 
кейіпкерлердің  өмір  сүру  өмірге  икемді  болуы  жолындағы  қақтығыстармен  қарым-қатынастар 
олардың  айла-тəсілдері  жас  өспірімдерге  өмір  жолын  танытады.Кішкентай,  болымсыз  тіршілік 
иелерінің өмірге икемділігін, жеңгіштігін көрсету тақырыбы балаларға арналған қазақ ертегілерінің 
барлығына  да  ортақ.  Бұл  ертегілер  балалардың  ой-санасын  оятып,  олардың  өздерінің  күш-жігеріне 
сене  білуге,  тапқырлыққа  баулиды,  мақсат  жұртына  жетуге  үйретеді.  Хайуанаттар  жайындағы 
ертегілердің  қай  түрін  алсақ  та  балалардың  ұғымына  сай,  түсінуі  жеңіл,  күлкілі,  қызық  болып 
айтылады. Хайуанаттар жайындағы ертегілерде балаларды қызықтырарлық жəне оларға ой саларлық 
екі түрлі сипат бар, бірінші олардың мінез өзгешеліктерін, сырт көріністерін, күн көрісін байқайды. 
Есіту  арқылы  олар  енді  тікелей  білуге,  біле  түсуге  құштарланады.  Екінші,  хайуанаттар  жайындағы 
ертегілер арқылы соны мысал ете отырып, адамдар арасында болатын жақсы мен жаманды байқайды. 
335


Сондықтан халықтың шығармалары ішіндегі хайуанаттар жайында айтылатын ертегілер түгел дерлік 
балалар  фольклорының  мұрасы  деп  қараймыз.  Бұған  «түлкі  мен  тауық»  деген  ертегіні  мысал  етіп 
көрейік.  Бір  түлкі  жортып,  тамақ іздеп  келе жатып,  биік ағаш  басында  отырған  тауықты  көреді  де, 
бұл тауықты алдап, қақпаныма түсірейін деп ойлайды. 
Түлкі: 
– Тауығым, биікте неге отырсың? Тілімді алсаң, жерге түс, дос болайық, осы жерде намаз оқып 
алайық, ойнап-күлейік-дейді. Тауық: 
– Рас айтасың, түлкім, бесін намазының мезгілі болып қалды, анау жерде имам жатыр, оята ғой –
дейді.  Жердегі  тауықты  жеймін  ғой  деп  жүгіріп  барса,бір  тазы  ұйықтап  жатыр  екен,  тұра  түлкіні 
қуады.  Түлкі  қаша  жөнелді.  Тауық  оны  намазға  шақырады  «Байтал  түгіл  бас  қайғы»,  тазы  түлкіні 
қуып жетіп, алқымынан алады. –«Біреуге ор қазба, өз басыңа келер» деген апырмай, тауық қандай, 
түлкі қандай, түлкіні тауық па еді алдағандай [6]. Осының өзі балаларға үлгі өнеге боларлық терең 
ойлар айтылған. 
 
         Өзіміз  көп  үміт  күтіп  отырған  жас  ұрпақ  ата-бабамыздан  қалған  мəдени  мұра  халық  ауыз 
əдебиетінің  өн  бойындағы  мəнділігі  мен  маңыздылығынан,  ойшылдығы  мен  қиялшылдығынан, 
тапқырлығы  мен  шешендігінен,  əсемдігі  мен  алғырлығынан  тəлім-тəрбиесі  мен  үлгі-өнегесінен  нəр 
алары анық. Ертегі арқылы айнала қоршалған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын 
сезіне  біледі,  халықтың  əдемілік  жəне  əдептілік  жайлы  ұғымдарын  бойына  сіңіреді,  ұлттық  салт-
дəстүр,  əдет-ғұрып  туралы  түсінік  алып,  адамгершілік  тəрбиесінің  бастауларына  ден  қояды.  Ертегі 
əрбір  баланың  жеке-дара  ой  дүниесінің  ең  нəзік  белгілерін  жанып  тегістейтін  жанғыш  болып  
табылады, ал сонымен бірге ол балалардың бірінің жүрегін біріне айқара ашады, балалар ұжымында 
нəзік интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды тудырады.  
Ертегінің  осы  бір  саласы  –  тұрмыс-салт  ертегілері  жəне  хайуанаттар  туралы  ертегілерінде  
көбінесе  елдің  тұрмыс-тіршіліктері  суреттеледі.  «Түлкі  мен  ешкі»  ертегісінде  айлакер  түлкі  ешкіні 
құрығына оп-оңай түсіре қояды. Апанға абайсызда түсіп, шыға алмай шарасызданған түлкі су іздеп 
шөліркеп жүрген  ешкіні сол  апанға  алдап  түсіреді.  Қу  түлкі  «ешкі  мүйізіне  шығып»  зытады,  аңқау 
ешкіні алдап ұрады. Осы арқылы халық керемет ойын кемеңгерлік түйін жасаған: «Өтірікке алданба, 
басың  бəлеге  душар  болар»,–    деп  аңқау  жандарды  сақтандырған.  Ертегілерде  түлкі  қу,  айлакер. 
Оқушылар  ертегілердегі  əрбір  кейіпкерлердің  жаман  əдетінен  аулақ  болуға,  жақсы  кейіпкерлерге 
қарап қайырымды, мейірімді болуға талпынады. 
Ертегілер  арқылы  шығармашылыққа  баулу  ісінде  тəрбиешінің  ұйымдастыру  əрекеті  маңызды 
болып келеді.  
• 
балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау; 
• 
қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау; 
• 
қойылымдарға  керекті  көрнекіліктер  мен  құрал-жабдықтарды  дайындау  (ширма,  атрибуттар, 
кастюмдер т.б.) 
• 
ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы папкалар 
шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу. 
Жұмыстың нəтижесінде балғындар дамушылық үрдісін бастан кешіреді жəне бұл істі орындауда 
олдардың  қуана  бар  ынтасымен  орындайтыны  айқындалады.Жұмысты  жүйелі  жүргізу  негізінде 
төмендегі нəтижелерге қол жеткізіледі: 
• 
балалар тілі дамиды; 
• 
сөздік қорлары толығады; 
• 
байланыстырып сөйлеуге дағдыланады; 
• 
дұрыс дыбыстау, мəнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады; 
• 
театр өнеріне деген қызығушылықтары артады. 
Мектепке дейінгі жастағы оқушыларды адамгершілікке тəрбиелеуде  қазақ халық ертегілеріндегі 
ұнамды  кейіпкерлердің  жақсы  қасиеттерін  балалар  бойына  сіңіру,  ұнамсыз  кейіпкерлердің  жасаған 
зұлымдықтарынан  аулақ  болуға  үйренеді.  Ертегілерді  оқытып,  рөлдерде  ойнау  арқылы  балалар 
қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді  қалыптастырады.  
Ертегі арқылы  жас  бүлдіршіндердің  шығармашылығын  қалыптастыру  адамгершілік  тəрбиесінің 
негізгі  нормаларымен  қатар  өріледі.  Қызықты  да  тəрбиелік  маңызды  жанрдың  баланың  құнды 
қасиеттерінің жағымды қалыптасып, болашақта жан-жақты азамат болуына тікелей септігін тигізеді. 
 
Əдебиет: 
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. - 2006 жылғы 1 
наурыз. 
2. Алпысбаев Т. Қазақ халық əдебиеті. – Алматы: Жазушы, 1975. - 135-184-б.    
3. Ахмет Байтұрсынов Ақ жол.  Өлеңдер мен тəржімелер, публицистикалық мақалалар жəне əдеби 
зерттеулер. -  Алматы: Жалын, 1991. - 464 б. 
4. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз əдебиеті.– Алматы: Мектеп, 1991. - 3-37-б.  
 
336


5. Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы: Мектеп, 1980. 
6. Қазақ ертегілері. – Алматы, 2003. - 34-53- б.  
 
 
Шалабаева М. 
 
Ұлттық ойын – ұрпақ тəрбиесі   
 
 Бала тəрбиесі қай кезеңде де өзекті мəселелер қатарынан саналады. Балабақшада берілетін тəрбие 
–  барлық  тəрбиенің  бастауы    əрі  жан-жақты  тəрбие  мен  дамыту  ісінің  түпкі  негізін  қалаушы.  Бала 
бойындағы  жақсы  қасиеттер  мен  мүмкіндіктерді  ашып,  олардың  өнегелі,  тəрбиелі  болып  өсуіне 
балабақша  ошағының  тигізер  əсері  мол.  Балабақша  олардың  қуанып  келіп,  еркін  демалып,  рухани-
патриоттық тұрғыдан білім алып, тəрбиеленуіне барлық жағдай жасалған екінші үйіне айналуы тиіс. 
 Халқымыз:  «Тəрбие    тал  бесіктен  басталады»,  –  деп  бекер  айтпаған.  Еліміздің  болашағы  –  жас 
ұрпақты  тəрбиелеуде,  бірінші  бесік  –  отбасы,  ата-ана  тəрбиесі  болса,  екінші  бесік  –  білім  беру 
мекемесі.  Мектепке  дейінгі  кезеңдегі  тəрбие  –  адам  қалыптасуының  алғашқы  баспалдағы. 
К.Д.Ушинскийдің:  «Тəрбие  дəрменсіз  болмауы  үшін  ол  халықтық  болуы  тиіс»,  –  деген  мағыналы 
сөзінің  астарында  үлкен  мəн  жатыр.  Өсіп  келе  жатқан  бүлдіршіндерімізді  халықтық  педагогика 
негізінде сусындатып, мақал-мəтел, жұмбақ, жаңылтпаш жаттатып, халықтың ұлттық ойындарымен 
бойын  жаздырып,  қазақтың  сал-дəстүрімен  ойын    дамытудың,  оларға  танымдық  тұрғыда  ұлттық 
құндылықтарды бойына сіңіре  өсірудің маңызы зор екендігін айтқымыз келеді. Сондықтан балалар 
фольклорын,  салт-дəстүрлерді,  ойындарды,  халықтық  өнерді  тиімді  қолданса  жəне  санамақ,  өтірік 
өлең,  ертегі,  балалар  айтыстарын  оқу-тəрбие  үдерісінде  жиі  пайдалану  баланың  дүниетанымын 
кеңейтіп, зейінін ашып, ұлттық құндылығымызды жетілдіре түседі. 
Қазақтың  қайсар  ұлы–  Бауыржан  Момышұлы  бала  тəрбиесінің  болашағына      алаңдаушылық 
білдіріп:  «Менің  үш  қорқынышым  бар:  біріншісі  –  бесік  жырын  айта  алмайтын  келіндердің 
көбеюінен, екіншісі – немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын əжелердің көбеюінен, үшіншіден – 
салт-дəстүрін сыйламайтын ұрпақтың көбеюінен қорқамын», – деген екен. Зиялы бабамыздың ойын 
саралап,  қазіргі  ата-аналар  мен  ата-əжелердің  жанұядағы  рөлін,  бала  тəрбиесіне  қаншалықты 
уақытбөлетінін ескерсек, заманның тездігі, қарбаластығы, ата-аналардың жұмысбастылығы, ата мен 
əженің  зейнеткерлікке  шығу  мерзімінің    ұзақтығы  т.б.  толып  жатқан  себептерді  тізбелей  аламыз. 
Сондықтан  үйде  бесік  жыры,  ертегі  көп  айтылмаса,  оның  орнын  толтыратын  бірде  бір  орынның 
балабақша  екенін  сеніммен  айта  аламыз.  Б.Момышұлы:  «Халықтық  тəжірибе  –  бүгінге  ғана  емес, 
ертеңге  де  керек  қазына»  [1,  170],–  дегеніндей,  сонау  ертеден  ата-бабамыздан  алтын  көпір  іспетті 
жалғасып  келе  жатқан  ұлттық  тəрбиенің  болашақта  үзбей  жалғасын  тауып,  жаңғыртып,  одан  əрі 
дамытудың маңызы зор. Сондықтан заман талабына лайық тəрбие мен білім беру жұмысын кешенді 
ұйымдастыру жаңа  технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты 
қажет етеді.   
Балабақшадағы тəрбие бала табиғатына ерекше əсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. 
Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мəселесі толассыз, күн сайын өзгермелізаманауи үдеріспен бірге 
жүріп отырады.  Еліміздің ертеңі бүгінгі бүлдіршіндерімізді ана сүтімен бірге бойына дарыған қазақи 
болмысын одан əрі дамытып, ұлттық рухта тəрбиелеу ісінде тəрбиеші көп ізденуі қажет. Осы орайда 
бала  тəрбиесінің  бастауы  балабақшадан  ұлттық  ойындар  арқылы  бүлдіршіндерді  тəрбиелеудің 
маңызы  зор.  Ұлттық  ойындарды  оқу-тəрбие  жұмысына  пайдалану  педагогикалық  жүйенің  жалпы 
заңдылықтарына  бағынады.  Ұлттық  ойындар  өзінің  табиғатында,жаратылысында  ұлттық  өнегені 
бойына сіңіріп,бүкіл ұлтқа тəн қасиеттерді өз бойына дарытып,толығып, жетілу арқылы өзінің жан-
жақты  тəрбиелік  қасиетін  шыңдай  түседі.  Ұлттық  ойындар  –  қазақ  халқының  ерте  заманнан 
қалыптасқан дəстүрлі ойын-сауықтарының бір түрі. Ұлттық ойындар негізінде əр халық түрлі-түрлі 
жаттығулар  жасау  жолымен  дене  шынықтыру  ісінің  негізін  салды.  Бертін  келе  шынайы  спорт 
ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсартуда пайдалы аса күшті екені 
баршаға  аян.  Балалар  тек  ойнап  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  ойлайды,  аңғарады,  көп  нəрсені 
білуге,  зерттеуге  талпынады.  Яғни,  қазіргі  заман  ағымына  қарай  белсене  қатысады.  Ұлттық 
ойындарымыз балаларға тəрбиелік мəнімен, дене бітімінің əсем де сымбатты болып бітуге пайдасы 
зор. Бір-ақ мысал ретінде: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, 
тіл  байлығын  жетілдіруге,  көңілін  көтеруге  қолдануға  болады.  Балаларды  қазақ  халқының  ұлттық 
ойындарымен ойната отырып жан-жақты тəрбиелейміз. 
М.Жұмабаев тəрбиені төрт бөлікке бөледі: дене тəрбиесі, ақыл тəрбиесі, сұлулық тəрбиесі, құлық 
тəрбиесі  [2,  150].  Осы  тəрбие  түрлері  балаға  жүйелі  берілгенде  ғана  бала  тəрбиесі  жүйесіндегі 
мақсатты іс-əрекеттер мен еңбектердің педагогикалық бағыттың дұрыс жүзеге асқаны.Мамандардың 
да басты мақсаты – баланы даму əлеміне енгізу, баланың денсаулығын сақтау, нығайту, олардың жан-
337


жақты  дамуына  жағдай  жасау.  Мемлекеттік  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқыту  ережелерінің  жаңа 
стандартының  талаптарына  сай,  ата-бабамыздың  асыл  мұрасын,  өнер  мен  өнегедегі  үлгілерін  бала 
бойына сіңіре отырып, жан-жақты тəрбиелеу мақсатында жұмыс жүргізіледі. 
«Педагогика ғылымында бір-бірімен тығыз байланысты педагогикалық жүйеде алты құрылым бар. 
Олар:  1.оқушылар;  2.  тəлім-тəрбиелік  мақсат;  3.  оқыту;  4.  тəрбиелік  мазмұн;  5.  дидактикалық 
процесс;  6.  мұғалім.  Педагогикалық  жүйенің  бағдарлық  негізі  қоғамның  мақсатына,  білім-тəрбие 
беретін  мекеменің  мүддесіне,  оқытылатын  пəннің  талабына  үйлесімді  құрылады»  [3,  56],–  деген 
теория    ғалымдар  еңбегінде  көрсетіледі.  Осы  аталған  педагогикалық  жүйедегі  құрылымдардың 
барлығы тұлғаның қалыптасуына қызмет етеді. Тұтас педагогикалық үдерісте тəрбиеленушілердің іс-
əрекеті  мен  қарым-қатынасының  өзара  байланысты  болу  сипаты  –  тəрбиенің  ең  негізгі 
заңдылықтарының  бірі.  Осыған  орай,  тəрбие  процесіндегі  əр  салалы  іс-əрекеттерді  əсіресе,  таным 
əрекетінің,  сонымен  қатар  ойын  мен  еңбек  түрлерінің,  көркемөнердің,  спортпен  шұғылданудың, 
табиғатпен  қарым-қатынас  жасаудың  ықпалы  зор.Балалардың  жағымды  мінез-құл  ықтары  мен 
қарым-қатынастары  ең  алдымен  олардың  əртүрлі  іс-əрекеттері  педагогикалық  тұрғыдан  дұрыс 
ұйымдастырылған жағдайда ғана қалыптасады. 
Ойын барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі. Əртүрлі ойынның өтілу барысында, оның 
ережесін сақтап, яғни, 3 кезеңнен    тұратынын ескеруіміз керек: 
1.
  ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс; 
2.
  ойынның басталуы мен ойналу барысы; 
3.
  ойынның аяқталуы. 
Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты : 
• 
балалардың денсаулығын нығайту; 
• 
денені шынықтыру; 
• 
мəдениетін қалыптастыру; 
• 
өзін-өзі тəрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру. 
Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері: 
• 
қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру; 
• 
қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру; 
• 
денсаулықты  нығайтуға  бағытталған  қозғалыс  əрекеттерімен  дене  жаттығуларының  негізгі 
түрлерін балаларға меңгерту; 
• 
қызығушылығын қалыптастырып дамыту; 
Тəрбие процесін табысты, нəтижелі ұйымдастыру тəрбиешілерге  алдымен тəрбие заңдылықтарын 
жете түсінуді қажет етеді.  
Тəрбие заңдылықтары: 
1.
  баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық; 
2.
  баланың өзінің түрлі əрекетінсіз жəне оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс 
тəрбиенің болмауы жағдайы; 
3.
  тəрбие мен дамудың бірлігі жəне  өзара байланыстылығы; 
4.
  тəрбие мен өзін-өзі тəрбиелеудің бірлігі жəне өзара байланыстылығы; 
5.
  тəрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы жəне оны қолдану мүмкін еместігі; 
6.
  қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған əрбір жеке адамның күш-қуатымен 
өмірлік ұстанымына тəуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тəрбиесі, бұл заңды құбылыс[4, 26]. 
Балабақшада  балалардың    əртүрлі  болуы,  яғни,    бірі  тілалғыш,  бірі  айтқанды  істемейтін,  бірі 
көңілшек, бірі ашық жайдарлы, бірі ерке болады. Олардан осындай аралас орта құралады. Тəрбиеші 
олардың  жеке  ерекшеліктерін  ескереді.    Осылардың  əртүрлілігіне  мəн  беріп,  жалпы  ортақ  тəрбие 
адамгершілік тəрбиесі беріледі. Əртүрлі ойындар, шүйіркелесу, достасу, бірге отыру, бірге тамақтану, 
бір-бірін  құрметтеу,  ұрмау,  жылатпау,  көмектесу  сияқты  жан-жақты  тəрбие  беру  тəрбиешінің 
қатысуымен  іске  асады.  Баланың  ойын  кезіндегі  белсенділігі,  өзара  қатынастар  жасауы  оның 
дамуына  ықпал  етеді.Адамгершілікке,  еңбекке  тəрбиелеу  күнделікті  ұйымдастырылған  оқу  іс- 
əрекеттерінде, іс-шараларда жүзеге асады. 
Ұлттық  ойындардың  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  лайықтары  «Көкпар»,  «Орамал  алу», 
«Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – көк сандық», «Ақ 
сүйек»,  «Теңге  алу»  т.б.Ойын  баланың  көңілін  өсіріп,  бойын  сергітіп  қана  қоймай,  оның  өмір 
құбылыстары  жайлы  таным-түсінігіне  де  əсер  етеді.  Балалар  ойын  арқылы  тез  тіл  табысып  жақсы 
ұғысады,  бірінен-бірі  ептілікті  үйренеді.  Ойын   үстінде  дене  қимылы  арқылы  өзінің  денсаулығын 
нығайтады.  Олар  өз  қатарластары  арасында,  өзара  жарысып  түрлі  мінез-құлық  тəжірибесін  игеріп, 
адамгершілік  қасиеттерді  дамытады.  Жарыс  ойындарын  ұйымдастыру  –  олардың  психологиясын 
білуді  талап  ететін  күрделі  іс.  Жарыстың  мақсаттары  мен  міндеттерін  алдын-ала  анықтап, 
бағдарламасын  құрастырып,  оның  нəтижелерін  бағалаудың  шарттары  мен  көрсеткіштерін 
қалыптастыру қажет.  
338


Күнделікті  тəрбиеге  арналған  бағдарлама  бойынша  жүргізілген    іс-əрекеттер  мен  сабақтардағы 
əдіс-тəсілдер жəне жұмыс түрлері түрлендіріп отыруды қажет етеді. Тəрбиелеудің мұндай əдістемесі 
балаларды  бірлескен  іс-əрекетке  тарту  болып  табылады.  Бірлескен  іс-əрекет  оларды  топтастырып, 
еңбектену  барысындағы  бірлігі  нығайып,  ынта  жігері  өрістейді.  Болашақта  жалғастық  табады.  Ол 
үшін мына мəселелерге мəн беру керек: қойылатын талапты орындау баланың қолынан келетіндігіне 
сенім  білдіріп,  жүзеге  асырылатын  міндетке  байланысты  ережелер  мен  онын  деңгейін  ұқтырып, 
иландыра білу басты шарт. Тіпті төменгі топтарда да үлкенірек топтар да атқарылатын жұмыс немесе 
ойын  əрекеті  түсіндіріліп  əрі  көрсетіледі.Топтағы  балалардың  барлығына  əсерлі  ықпал  етерлік  
активист, яғни, лидер балаларды шығарып үлгі көрсетіп барып, іске асырылып отырады. Бұл топтағы 
балалардың  жеке  психикалық  ерекшелігіне  байланысты  бірдей  уақытта  жүзеге  аспауы  мүмкін. 
Сондықтан      оларды  психологиялық  жағынан  демеп,  кеңес  беріп,    бағдар  сілтеп,  атқарған  істерін 
қадағалау  қажет.  Ұйымдастыру  ісіне  ертеңгі  үмітке  былайша  айтқанда  перспективаға  назар 
аударылуға тиіс мұның теориялық негіздері мен практикалық жолдары А.С.Макаренко еңбектерінде 
жан-жақты сипатталған.  
Ұжымның  дамуын  ұйымдастыру  жүйесі  бүгінгі,  ертеңгі,  болашақтағы  əрекет  нəтижесіне 
негізделсе, тұлғаны ынталандырып, іс- əрекетке деген олардың кұлшынысын жебеп жігерлендіреді. 
Əсіресе  жасы  жеткен  топтар  үшін    мектепке  дейінгі  тəрбие  бағдарламасы  олардың  мектепке  деген 
дайындығын  қарастыруда  əдіс-тəсілдердің  озық  тəжірибеден  сұрыпталған,  тиімділігін  танытқан 
түрлері  іріктеліп  қолданылады.  Олардың  мектеп  табалдырығын  аттағанда  тиісті  жинаған  білім 
қорының белгілі деңгейінің болуы басты талап. Дайындық тобында жүргізілетін сабақтардың сапасы 
мектепке қадам басқан бүлдіршіннің білім деңгейінен танылады. Олардың өзіндік білім қоры оның 
əрі қарай қиналмай білім алуына мүмкіндік туғызуы шарт.   
Сонымен,  Қазақстанның  əлемдік  білім  беру  кеңістігіне  ену  кезеңінде  мектепке  дейінгі 
мекемелердің алдына салмақты жауапкершілік тұр.  Мемлекеттік бағдарламаны  сəтті жүзеге асыру 
негізінде бүлдіршіндердің ана тілінде сөйлеп, ұлттық құндылықтармен есейіп мектеп табалдырығын 
аттауы  –  біз  үшін  абыройлы  іс.  Балабақша   есігін  ашқан  əрбір  жас  ұланға  қазақтың  ұлттық 
құндылықтарымен  қатар,  отансүйгіш,  елжанды  жеке  тұлға  етіп  қалыптастыру  –  ынтымақты 
балабақшаның басты мақсаты. 
 
Əдебиет: 
1.
  МомышұлыБ. Қазақ афоризмдері. - Алматы, Алматыкітап, 2009.  
2.
  Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы, 1992.  
3.
  Қалиев Қ. Этнопедагогика. – Астана, 2003. 
4.
  Сейталиев К. Тəрбие теориясы. - Алматы, 1986. 
       
 
Бисенбаева М. 
Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты 
 
«Тіл-этнос-мəдениет» арақатынасын зерттеудің жаңа бағыттары 
 
Қазіргі  тіл  ғылымының  негізгі    бағыты  антропоөзектік  зерттеулерде  Адам  сөйлеуші,  тілді 
жаратушы,  өзіндік  əлемі,  дүниетанымы  бар  саналы  жан  ретінде  анықталады  [1,  5]. Философтардың 
айтуынша: «Дүниедегі ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат 
игілігіндегі  барлық  материалдық  жəне  рухани  жетістіктер,  зəулім  құрылыстар,  түрлі  техникалық 
табыстар,  өнер,  дін,  əдебиет,  философия,  ғылым  –    осының  бəрі  сол  сананың  құдіреті.  Обьективті 
дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тəн» Ақыл-парасат, сезім иесі ретіндегі саналы 
адамның ең басты қасиеті –  өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше құштарлығы. Дүниені 
танып-білудің негізінде зат, құбылыстардың адам санасында бейнеленуі жатады. Адам санасындағы 
заттар  мен  құбылыстардың  бейнесі  арқылы  қабылданған  ақыл-ой  ол  заттардың  өзі  емес,  солардың 
əсерінен  пайда  болған  білім,  ақпарат.  Осыған  орай,  «таным  дегеніміз  –  сыртқы  заттар  мен 
құбылыстардың,  олардың  қатынастарының  адам  санасында  идеалды  образдар  жүйесі  ретінде 
бейнеленуінің  қайшылыққа  толы  күрделі  процесі»  [1,215].Сананың  пайда  болуы  екі  факторға 
байланысты:  біріншісі  –  еңбек,  екіншісі  –тіл.  Тіл  –  сананың  (ойдың),  материяның  көрінісі,  негізі. 
Тілсіз сана жоқ, ал санасыз (ойсыз) адам да болмайды. Сана əрдайым тілдік негізде өмір сүреді, ол 
тілмен  бірге  дамиды.Тілге  байланысты  сана  қоғамдық  құбылыс  ретінде  дамып,  қоғамдық  рухани 
жеміске айналады [2,151]. 
А.Байтұрсынұлының  пайымдауында:  «Сөз  өнері  адам  санасының  үш  негізіне  тіреледі:  ақылға, 
қиялға, көңілге. Ақыл ісі – аңдау, яғни, нəрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі 
–  меңзеу,  яғни,  ойдағы  нəрселерді  белгілі  нəрселердің  тұрпатына,  бейнесіне  ұқсату,  бейнелеу, 
суреттеп  ойлау;  көңіл  ісі  –  түю,  талғау.  Тілдің  міндеті  –  ақылдың  аңдауын  аңдағанынша,  қиялдың 
339


меңзеуін  меңзегенінше,  көңілдің  түюін  түйгенінше  айтуға  жарау.  Мұның  бəріне  жұмсай  білетін 
адамы табылса, тіл шама-қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. Ойын 
ойлаған  қалпында,  қиялын  меңзеген  түрінде  көңілдің  түйгенін  түйген  күйінде  тілмен  айтып, 
басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек» [2,242]. 
Сөйтіп, сөз өнері адам санасының үш тағанына негізіне тіреледі. Адамның осы танымдық əрекеті 
ақиқат  болмысты  тануға,  қоршаған  ортаны  түйсініп,  жинақтаған  білімдер  негізінде  əлемдегі  орнын 
түсінуге бағытталады. Адам қашан да əлемді танып, ондағы өз орнын айқындауға талаптанады. Тіл – 
сөйлермендердің  дүниетаным  ерекшеліктерін  бейнелейтін  құрал  ерекше  ұлттық  ділдің  көрсеткіші, 
мəдениеттің  негізі.  Адамның  когнитивті  қызметінің  нəтижесінде  тіл  қоршаған  орта  туралы  əсерді 
ғана  жинақтап  қоймайды,  сонымен  қатар  халықтың  зерттеушілік  ойларын  да  жеткізіп,  халықтық, 
ұжымдық  этномəдени  санасында  қалыптасқан  ғалам  бейнесін  сақтайды[3,12-13].  Осыған  орай, 
Ə.Т.Қайдардың  тұжырымдауынша,  антропоөзектік  бағытта  зерттеудің  мақсатына  қарай  «этнос» 
терминін «этнос болмысы» ұғымымен, ал «тіл» дегенді «тіл əлемі» терминдерімен атау дұрыс,өйткені 
Ə.Қайдар мұнда аталған бағыттағы зерттеулер этностың жеке мəселелері емес, оның тұтас бейнесін, 
барша болмысын анықтайды, ал осы этнос туралы толық мағлұмат оның тіл қазынасында сақталады 
деген ойды тілге тиек етеді. «Этнос болмысы» – этностың сонау балаң кезінен бүгінгі есейген шағына 
дейінгі  кешірген  өмір  тіршілігінің  айнасы,  оның  тілі  арқылы  қалыптасып,  жадында  сақталып, 
ұрпақтан нəсілге мирас болып ауысып келе жатқан бай рухани- мəдени қазынасы. Этнос тарихында 
археологиялық қазба деректері, көне ескерткіштер өте маңызды, бірақ олар этнос өмірінің бір бөлігі, 
бір елесі, «Этностың шынайы бейнесі, болмысы оның тілінде ғана, тілі арқылы ұрпақ жадында ғана 
сақталады екен», – деп, тілдің этнос өмір-тіршілігін бейнелеудегі ролін ерекше көрсетеді, этностың 
əр қырын танытатын деректердің басын біріктіріп этнос бітімі, табиғаты туралы тұтас бейне жасау, 
«тіл» атты құбылыстың  үлесіне тиген құдірет, тіл – этностың өзі, өз суреті, сондықтан Ə.Қайдар «тіл 
əлемі» дегеніміз – этнос болмысына қатысты мыңдаған, тіпті, миллиондаған мағыналық бірліктердің 
жиынтығы, синтезі»[4,11], – дейді.   
Қазіргі тіл біліміндегі жаңа бағыттілдегіқозғалыс пен өзгеріс нəтижесін тең, қатар ұстайды, тілдің 
қалыптасып,  ұлттың  байлығына,  құндылығына  айналған  дүниелерін  тіл  иесінің  өзінің  игілігіне 
жаратады,  яғни,  оны  нақты  қарым-қатынастағы  күйі,  қызметі,  қолданысы  т.б.тұрғыдан  жан-жақты 
зерделейді. Адам –  əлемнің тілдік бейнесін жасаушы, əр кезеңдегі тілдегі өзгерістердің көзі. Өмірдегі 
жаңаның бəрі тілге жеке индивид арқылы келіп, қоғамдық сананың қабылдауынан өтеді.  
ХХ  ғасырдың  басында  осы  кезге  дейінгі  ғылыми  ойлар  толымды  тұжырымдалып,  тұтас  идеяға 
айналды:оның  бірі  –  тілдің  құрылымын,  ішкі  жүйесін,  яғни,  субстанционалды  қасиетін  зерттеу; 
екіншісі  –  оны  тіл  иесінің  өмір  сүріп  отырған  ортасымен  байланыстыра  зерттеу,тілдіктуындыларды 
тіл иесінің  ақыл, ой-санасының жемісі деп қарау идеясы еді. Осы екі идея тіл ғылымындағы жетекші 
бағыт – структурализмнің іргесін берік қалады, антропоцентризмнің негізін салды. Тіл ғылымы осы 
ежелгі мəселеге ХХ ғасырда қайта оралды [5, 66-67].  
Тіл  ғылымы  тарихында  тілді  зерттеудің  бағытын  жаңа  арнаға  бұрып,  адамзат  тіліне  қатысты 
көптеген  мəселелердің  сырын  ашқан  В.  фон  Гумбольдт  еді.  В.Гумбольдтің  тіл  философиясында, 
алдымен: адам – өзін қоршаған əлемнің бөлшегі, осыған орай, адам өзінің мінез-құлық ерекшелігін 
айқындап,  адамшылық  табиғатын  ізгілендіру  үшін  өзінің  адами  табиғатына  терең  үңіліп,  жете 
зерттеуі  қажет,  «...физическая  и  моральная  природа  человека  составляют  одно  великое  целое  и 
подчиняются  одним  и  тем  же  законам»  [6,  144].  Өз  ойы  мен  іс-əрекетінің  бірізділігі  сақталуын 
қажетсінетін Адам өз əрекетін құрайтын заттарды анықтау мен оның құралдарын таңдауда олардың  
ауқымы, өлшем мөлшері, қасиеті жайындағы үстірт келетін шартты түсінікті қанағат тұта алмайды, 
өйткені  ол    заттар    əуел  бастан-ақ,  өзге  заттарға  қатысты  алғанда,  құндылыққа  ие.  Ал  Адам  өзінің 
ішкі  табиғатына  сай,  тікелей  жақын  туыстық  байланыста  болатын  біртұтас  жəне  абсолютті  түпкі 
мақсатты көздеуі қажет. Алайда Адам мұны тек өзінен ғана таба алады, бүкіл заттың ішкі қасиеті тек 
оның өзіне қатысты. Адамға тəн  ұлықтың бəрінің таңбасы болады, ол таңба –  нағыз ұлы адамшылық 
таңбасы;  осы  таңбаны  тауып,  оның  қасиетін  танып  үйрену  зерттеушінің  басты  мақсат  санайды. 
В.Гумбольдт,  шынымен,  бұған  жетудің  екі  жолын  көрсетеді:  тəжірибе  жолы  жəне  ақыл-парасат 
жолы.  Нағыз    адам  –  аса  зор  қуат  жəне  шексіз  кең  ауқымда  адамшылық  идеясын  бойына  сіңірген, 
адамшылық  шыңына  көтерілген  жəне  өзгені  бағалай  білу  қабілетіне  жеткен  Адам.В.Гумбольдтің 
пайымдауынша,  адамшылық  идеясы  –  адам  бойындағы  рухтың  жасампаз  күші.  В.Гумбольдт 
қолданысындағы  метафораланған  «рух»(дух)  термині  тіл  ғылымына  адамшылық  идеясы,  адам 
бойындағы жасмапаз күш мағынасын білдіретін термин ретінде енген [6, 337-343]. 
В.Гумбольдтің  бастапқыда  эстетикалық  еңбектерінде  сөз  болған  «халық    та  жеке  адам-индивид 
тəрізді «организм» делінетін ойлары кейіннен тарих философиясында жалғастығын тауып, көне жəне 
жаңа тілдерді салыстыра зерттеуге арналған еңбегінде тіл тек халықты түсіну құралы ғана емес, өзге 
мəдениетті  таныту  құралы  деп  түйінделеді.  «Язык  –  это  не  просто,  как  принято  говорить, 
отпечатокидей  народа,  так  как  множество  его  знаков  не  позволяет  обнаружить  никаких 
340


существующих отдельно от него идей; язык – это объединенная духовная энергия народа, чудесным 
образом  запечатленная  в  определенных  звуках,  в  этом  облике  и  через  взаимосвязь  своих  звуков 
понятная  всем  говорящим  и  возбуждающая  в  них  одинаковую  энергию»,  сол  себепті  де  адам  өз 
тілінің  шеңберіне  сыймайды,  адам  «энергиясы»  оның  сөз  арқылы  жеткізілетін  мазмұннан  асып 
кетеді[6,348-349].В.Гумбольдтің  пайымдауынша,  тілді  туғызған  да  осы  адамның  ішкі  əлемінің 
қажетін қанағаттандыру болатын, тіл тек қоғамдағы адамдар арасындағы байланысты сақтап тұратын  
қатынас құралы ғана емес, тіл рухы адамның өз табиғатына тəн, тіл адам рухы күшінің дамуы мен 
дүниетанымын  қалыптастыру  үшін  өте  қажет,  ал  адам  бұған  өз  ойын  қоғамдық  санамен 
байланыстыра алғанда жетеді [6,50-53]. В.Гумбольдтің тұжырымдарында, тілдің көптүрлілігі арқылы 
адамзат алдында əлем байлығы, оның көптүрлі қырлары ашылады; адамның болмысы мен тұрмысы 
кеңейеді,  себебі  тілдер  ойлау  мен  қабылдаудың  анық  та  тиімді  тəсілдерін  көрсетеді.  Тіл  қашан  да 
тұтас халықтың ерекшелігін нақты таныта алатын құрал болып табылады.В.Гумбольдт өз дəуіріндегі 
ойшылдардың  алғашқысы  болып,  тілдің  ішкі  құрылымын,  оның  тіл  иесінің  рухани  өмірімен,  ой-
санасы  жəне    мəдениетімен,  тарихымен  байланысы  дəрежесін  анықтап,  жан-жақты  талдау  жасады. 
В.Гумбольдтің  пайымдауынша,  тіл  –  үздіксіз  даму  үстіндегі    құбылыс,  даму  –  тілдің  өмір  сүру 
формасы. Тіл сөйлеу арқылы  өмір сүреді, дамиды. Тіл – ойлау əрекетінің шығармашылық синтезі, 
ойлау  əрекетінің  құралы.  Тіл  –  əрекет.  В.Гумбольдтің  «тіл  –  адам  мен  қоршаған  ортаны 
жалғастырушы буын, тілге «халықтық рух» пен мəдениеттің белгісі ішкі форма тəн» деген қағидасы 
оның философиялық лингвистикалық бағдарламасының негізін құрайды. 
В.Гумбольдтің  «тіл  –    халықтың  рухы»  идеясын  қолдап  дамытушылардың  бірі  əлеуметтік 
психологизм бағытының өкілі Г.Штейнталь болатын. Г.Штейнталь тілді индивудумның əрекеті жəне 
халықтық психологияның көрінісі, ал халықтық  психология халық рухы жөніндегі ілім деп түсінді. 
Тілдің  индивидуальділігі  халық  рухының  бірлігі  мен  ерекшелігінде  деп  есептеді.  Г.  Штейнталь 
индивидтің  тілі мен ойлауының пайда болуын, дамып қалыптасу жолын түсіндіргісі келді, ғалымның 
пайымдауынша,  адам  қоғамындағы  тілдің  пайда  болуы  мен  дамуының  заңдары  бірегей  [7,  127-
135].Психологизм бағытының енді бір өкілі В.Вундт, индивидуальді психологизм идеяларын теріске 
шығара  отырып,  халықтық  психология  нысаны  жалпы  рухани  даму  нəтижесі  болу  керек  деп 
есептейді. Бұл қатарға В.Вундт: тіл, миф, салт-дəстүр т.б. жатқызады. В.Гумбольдтан бастау алатын 
Г.Штейнтальдің    «тіл  –  халық  рухының  бірден-бір  көрінісі»  дейтін    пікірін  қолдамайды,  керісінше 
тілдің  əлеуметтік  табиғатын  ерекшелеп,  «тілді  адам  қоғамының  даму  үдерісінде  пайда  болған 
ұжымдық рухани əрекеттің маңызды жемісі» ретінде айқындайды [8,170-174].Осыдан бастап халық 
тілін  зерттеудің,  халықтың  рухын,  табиғатын,  болмысын  танып  білудің  «кілті  –  тіл»  деген  түсінік 
лингвистикада  маңызды  бола  бастайды.  Оны  зерттейтін  таза  тіл  ғылымы  екені  анықталды,  тек 
лингвистика  ғана    тілді  индивидуальді  жəне  қоғамдық  аспектіде  зерттей  алады  деп  есептелді.  Бұл 
антропоөзекті бағыт парадигмасының кеңеюіне негіз болды. 
Тілдің  мəдениетті  таныту  құралы  екендігін  көрсеткен  идеялардың  туындауы  тілді  тіл  иесі 
этностың  мəдениетімен  байланыстыра  зерттеу  қажеттілігін  айқындады.Осындай  идеялардың 
туындауы  тілді  оның  иесі  халықтың  мəдениетімен  байланыстыра  зерттеуге  бағыттады,  бұл  –  ХХ 
ғасырдың  алғашқы  жартысы.  Лингвистика  тарихындаоның  көрнекті  өкілдері  –  Ф.Баос 
пенЭ.Сепирсаналады.М.М.Копыленко  Б.Л.Уорфтың  этнография  мен  социологияның  шегіндегі 
лингвистиканың  ерекше  саласын  қалыптастыру  жайындағы  үндеуінің  жерде  қалмағанын, 
американдық ғалымдар тарапынан қолдау тапқанын айтады [9,15]. Аталған теория бойынша, əр тілде 
сөйлейтін адамдардың əлемді көріп тануы да əртүрлі, сол себепті əр тілге тəн өзіндік ойлау логикасы 
бар.  Сөз  –  адамның  ішкі  əлемі  мен  сыртқы  құбылыстар  арасындағы  белгі,  сонымен  қатар  ерекше 
мазмұн [10,81]. 
ХХ  ғасырдың  соңына  таман  бір  арнаға  тоғысып  келе  жатқан  антропоөзекті  бағыт  салаларының 
алғашқысы этнолингвистика болатын.  О.С.Ахманова этнолингвистика ұғымына: «Этнолингвистика 
–  тілдің  өмір  сүруі  мен  даму  барысында  оған  тіл  мен  халықтың  арақатынасы  мен  лингвистикалық, 
этникалық факторлардың əсерін зерттейтін макролингвистиканың саласы» [11,529],– деген анықтама 
берген,  ғылымның  бұл  саласының  қарастыратыны  –  этнос  жəне  оның  тілі.Кеңестік  кеңістіктегі 
этнолингвистика бағытының өкілі Н.И.Толстой этнолингвистиканы кең жəне тар көлемде қарастыру 
мүмкіндігі  туралы  айтады.Кең  көлемде  этнолингвистика  диалектология,  фольклор  тілі,  тарихи 
диалектологиясияқты  салаларды  қамтиды,ал  тар  көлемде  тілмен  этнос,  тіл  мен  мəдениет, 
тілменділ, тілмен мифология т.б. мəселелерді қарастырады [12,399], осының өзі этносты жан-жақты 
танып  түсінуге  мүмкіндік  беретін  этнопсихология,  этносоциология,  лингвомəдениеттану  сияқты 
салаларды этнолингвистиканың айналасына топтастырады, сонда ғана этнос болмысы, оның тіл əлемі 
туралы  толық  сурет  пайда  болады.  Этнолингвистиканың  синхрондылығы  мен  синкреттілігі  – 
осында[13, 9-10]. 
Этнолингвистиканы тар көлемде қарастыру мүмкіндігі ғылымды тілді мəдениет феномені ретінде 
зерттейтін  саланың  қалыптасуына  жол  салды.Бұл  –    қазіргі  жаңа  бағыттың  бірі  лингвистикамен 
341


мəдениеттанудың  тоғысында  қалыптасқан  лингвомəдениеттану  саласы.  Лингвомəдениеттануда 
халық мəдениетінің тілдегі көріністері айшықталады, сондықтан басты назар ұлттық ментальділікке 
аударылады [14, 13]. Лингвомəдениеттану – мəдениет пен филологияны үйрететін ғылымдар шегінде 
пайда болған аралық ғылым.Ол теориялық ғылым ретінде тіл мен мəдениеттің байланысы мен өзара 
əсерін  қарастырады.  В.В.Воробьевтің  пікірінше,  тіл  мəдениетпен  тығыз  байланысты,  мəдениет 
топырағында көктейді, мəдениетті танытып, бірге дамиды. Бұл тұрғыдан алғанда, тіл қарым-қатынас 
пен ойды жеткізу құралы ғана емес, мəдениет жайындағы білімді жинақтап,сақтап жеткізу құралы да 
саналады. Ұлттың басты белгісі – тіл ұлттық мəдениетті танытудың негізгі формасы жəне оның өмір 
сүруінің  көрінісі  болып  табылады  [15,42].  Тіл  –  халық  мəдениетінің,  психологиясының  жəне 
философиясының айнасы, сонымен қатар халық тарихы мен рухының бірден-бір дереккөзі саналады. 
Осығанорай, В.И. Поставалова  «Язык – зеркало культуры, отображающее лики прошедших культур, 
интуиции и категории миропредставлений»[16,30], – деп түйіндейді. 
Жалпы  мəдениет,  ұлттық    мəдениет  көптеген  ғылымдардың  нысаны  болып  табылады,  осыған 
орай, 
Н.Ф.Алефриенко 
лингвомəдениеттануды 
пəн 
ретінде 
мəдениеттанымдық 
жəне 
лингвистикалық тұрғыда түсінуге болады деп есептейді. Мұның алғашқысында лингвомəдениеттану 
мəдениеттанудың  саласы,  сондықтан  этнография,  мəдени  антропология,  мəдениет  философиясы 
мəдениеттану  тарихы  тəрізді  салалармен    тығыз  байланыста  қарастырылады.  Бұлардың  əрқайсысы 
мəдениетті  өз  нысандарының  мақсатына  қарай  зерделейді.  Бұл  бағыттың  тұжырымынша, 
лингвомəдениеттану  зерттейтін  лингвомəдени  құзіреттілік  тіл  феномені  емес,  мəдениет 
феномені,сондықтан  да  лингвомəдениеттану  –  мəдениеттану  саласы.  Мəдениетті  лингвистикалық 
тұрғыда  түсінушілер:  В.  Гумбольдт,  В.Вундт,  Г.Шухардт,  А.А.Потебня  т.б.  ғалымдардың 
лингвистикалық  доктриналарының  пайда  болуымен  ұштастырады.Бірінші  бағыт  өз  зерттеулерінде 
мəдениеттанымдық əдістерді қолданса, екіншісі лингвистикалық əдістерді қолданады [17,36].  
 Лингвомəдениеттану назарын тілдегі адам мен қоғамның рухани күйіне аударады.Аталған ғылым 
салаларының  деректерін  ғылыми  жағынан  зерттеп,  саралап,  лингвомəдениеттанудың  даму 
заңдылықтарын  көрсетіп  отырады,  сонымен  қатар  оларға  теориялық жəне  эмпирикалық бағыт,  жол 
сілтеуші  болып  табылады.Тіл  –  этнос  –  мəдениет  арақатынасының  тереңдігі  мен  жан-жақтылығы 
оны  зерттеудің  де  жаңа  бағыттары  мен  жолдарын  қарастыруды  қажет  етеді.  Бұл  мəселеге  қатысты 
В.В.Воробьев  «тіл  мен  мəдениетті»зерттейтін  əртүрлі  бағыттардан  Е.М.Верещагин  мен 
В.Г.Костомаров негізін салған лингвоелтаным бағытын атап көрсетеді [15,43]. Аталған ғалымдардың 
тұжырымдарына қарағанда, өзге тілді үйренуші алдымен тілдік қатынастың жаңа біреуін меңгеруге 
ұмтылады.Тілді  меңгерумен  қатар,  сол  тілде  сақталған  жаңа  ұлттық  мəдениет  əлеміне  еніп,  мол 
рухани  байлықтан  нəр  алады  [18,4].  «Тіл  –  ұлт  –  мəдениет»үштігі  лингвомəдениеттану  саласының 
өзегі  болып  табылады  да,  тіл  мен  мəдениеттің  өзара  əсерін  тілдің  өмір  сүру  жағдайында  зерттейді, 
сондықтан  аталған  салалармен  қатар  лингводидактика,  этнопсихология  т.б.  салаларымен  де 
сабақтасып жатады. 
Сөйтіп,  ғылым  арнасына  «жаңғырып»  келген  антропоөзекті  бағыт  бірінші орынға  тілдік  қоғам 
(қауымдастық)  мен  тілдік  тұлғаны  шығарады.  Тілді  этностың  əлеуметтік  қоғамдық  танымының 
жемісі деп түсіндіреді. Антропоцентризм тілді адамның саналы əрекетінің құралы, таным нəтижесін 
қалыптастырушы  құрал  ретінде  қарастырады,  адамның  қоғамдық  қызметінің,  өмір  сүру  ортасының 
барлық  саласымен  байланыста,  тұтас  жан-жақты  зерттейді,  сондықтан  бұл  бағыт  салалары 
антропоцентристік  парадигма  атауына  ие  болып  отыр.  Тіл  біліміндегі  заманауи  бағыт  бойынша 
зерттеулерінде  Қ.Ө.Есенова:  «Қазіргі  тіл  ғылымына  əртүрлі  бағыттардың  тоғысуы,  ұштасуы  тəн. 
Осымен байланысты ХХ ғасырдың соңында ғылымдағы қалыптасқан үрдісті өзгертіп, күн тəртібіне 
жаңа мəселелерді қою жəне оларды шешуге қатысты амал-тəсілдер жиынтығын айқындау қажеттілігі 
туындайды. Осы үрдіспарадигма ұғымымен сəйкеседі» [14, 7],– деп есептейді  
Тіл  мен  таным  нəтижесінде  пайда  болатын  заттық  жəне  рухани  мəдениет  деректері 
күрделіқұбылыс,өйткені  олар  –  этностың  ақыл-ойы  мен  дүниетанымының  жемісі,  «этнос 
болмысының»  бейнесі,  сондықтан  оны  зерттейтін  ғылым  салаларының  өзіндік  зерттеу  нысаны  бар, 
жекелей алғанда да, синкретті де, ал «этнос болмысын» оның «тіл айнасында» зерделегенде, бірімен-
бірі тығыз байланыстыкешенді құрылым болып табылады. 
 
Əдебиет: 
1.
  Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия.- Алматы, 2008.- 360 б. 
2.
  Байтұрсынұлы А. Шығармалары: өлеңдер, аудармалар, зерттеулер.-Алматы: Жазушы, 1989.-320 б. 
3.
  Жұбаева О. Қазақ тілінің когнитивті грамматикасы.- Алматы: Қазығұрт, 2014.- 392 б. 
4.
  Қайдар Ə. Қазақ тілінің өзекті мəселелері. - Алматы: Ана тілі, 1998. – 304 б. 
5.
  Карлинский А.Е. Принципы, методы и приемы лингвистических исследований.- Алматы, 2003.- 184 с. 
6.
  Гумбольдт  В.  Язык и философия культуры. - Прогресс, 1985.-451 с. 
7.
  Штейнталь Г. Грамматика, логика и психология (их принципы и их взаимоотношения)// История 
языкознания ХІХ и ХХ веков в очерках и извлечениях.-М.: Просвещение, 1964. - С.127-135 
342


8.
  Вундт  В.  Проблемы  психологии  народов  //  История  языкознания  ХІХ  и  ХХ  веков  в  очерках  и 
извлечениях. – М.: Просвещение, 1964.- С.170-174.  
9.
  Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. - Алматы,1997.-178 б. 
10.
 Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологии. - М.: Наследие,1993.-656 с. 
11.
 Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов.-М.:Наука,1966.-607 с.  
12.
 Толстой  Н.И.  О  предмете  этнолингвистики  и  ее  роли  в  изучении  языка  и  этноса  //Ареальные 
исследования в языкознание и этнографии:язык и этнос.-Л.: Наука, 1983.- С. 181-190. 
13.
 Атабаева М.  Қазақ  тілі  диалектілік  лексикасының этнолингвистикалық  негізі. –  Алматы: Білім, 2006.  - 
288 б. 
14.
  Есенова  Қ.  Медиалингвистика:  мерзімді  баспасөз  тілін  зерттеудің  прагматикалық  аспектісі.-Алматы: 
Елтаным, 2015.-352 б. 
15.
 Воробьев В. О понятии культурологии и ее компонентах//Язык и культура. - Киев,1993.- С.42-48. 
16.
 Постовалова  И.В.  Картина  мира  в  жизнедеятельности  человека//Роль  человеческого  фактора  в 
языке:Язык и картина мира.-М.:Наука,1988. - С.8-70 
17.
 Алефриенко  Н.Ф.  Лингвокультурология:  ценностно-смысловое  пространство  языка.-М.:Флинта:  Наука, 
2016.-288 с. 
18.
 Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура. - Москва: Русский язык, 1976. - 248 с. 
 
 
Аманжолова А. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу  
мемлекеттік университетінің докторанты 
 
Оқушының тілдік тұлғасын  қалыптастырудағы мектеп сленгінің қызметі  
 
ХХ ғасырдың екінші жартысы əдеби тілдің əлеуметтік қоры мен құрылымындағы өзгерістерімен 
ерекшеленеді.  Өзгерістер  тілдік  фактілерін  бағалау  мен  жалпы  принциптерінде  көрініс  тапты.  Осы 
күнге дейін негізгі белгілері ретінде кеңістіктегі сипаттамалары маңызды болса (қайда, қай аймақта 
немесе  қандай  əлеуметтік  топта  солай  сөйлейді),    қазіргі  таңда  оның  қызметтік  сипаттамасы    (не 
үшін, қандай жағдайда солай сөйлейді) маңызды болып табылады.Əлеуметтік диалектілердің қызметі 
түрлі  кезеңдерде  алуан  түрлі  болатын.  Əлеуметтік  диалектілер  түрлі  қызмет  атқарады.  Сондықтан 
біздің пікірімізше, жалпы жəне жеке қызметті анықтау керектігі туындады.  
Əлеуметтік диалектілер (социолект) – лексикалық жүйе, олар номинативті қызметке  тəн болады, 
мектеп сленгінің пайдаланушылары үшін маңызды заттар мен құбылыстарды атау/қайта атау үрдісі 
анықталады.Коммуникативтік  қызметі  барлық  əлеуметтік  диалекттерге,  сондай-ақ  жалпы  тілдің  
жүйелеріне ортақ болады.   
Əлеуметтік диалектілерге тəн жеке қызмет екіге бөлінеді: 
1)
  жасырын,  құпиялық,  белгілі  бір  ақпаратты  құпия  сақтауға,  бөгде  адамдардың  алдында  пікір 
білдіруге, достарын қауіп туралы ескерту ниетіне байланысты; 
2)
  эмоционалды-экспрессиялық,  көптеген  жаргонизмдер  мен  аргонизмдердің  эмоционалды-
экспрессивтік реңкімен байланысты [1, 4]. 
Жаргонның  пайда  болуының  маңызды  себептерінің  бірі  –  құпия  сақтау,  бөгде  адамдарға  тілін 
түсініксіз жасау ниетінен туған. Қазіргі таңда конспиративтік қызметі екінші кезекте қарастырылып 
отыр, одан маңызды конспирацияның басқа түрі болады: жаргон эвфемизм қызметін атқаруда, яғни, 
жағымсыз шындықты жасыру мақсатында. Сөйтіп, жаргон туралы «кейде шындық талабына сəйкес 
келмейтін прагматикалық дəлелдің құралы» ретінде айтуға болады [2, 4]. 
Дегенмен криптолалиялық қызмет сленг емес, арго мен жаргонға тəн.  Осы тұста «криптолалия» 
ұғымына  түсінік  беру  қажеттілігі  туындайды.Криптолалия(крипто.  греч.  lalia  –  сөйлеу)  –  ауруға 
шалдыққандардың  ақылға сыйымсыз  «сөйлеуі». Ол сөздер түгелдей дерлік неологизмдерден құрала 
отырып,  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  құралы  бола  алмайды.  Мұндай  сөздер  шизофрения 
ауруына шалдыққан науқастардан байқалады [4]. 
Экспрессивті-эмоционалды  қызметі  арго  үшін  тəн  емес,  ал  сленг  пен  жаргон  үшін  ол  маңызды  
болады.  Жаргонизмдер  арасында  «жағымсыз  төмендету  номинациясы  басым  болады»  [3,  13].  Ал 
мектеп  сленгі    бірліктерінің  эмоционалды-эксперссивтік  реңкі  сленгтің  пайдалану  ерекшеліктерін 
сипаттайтын  тілдік  ойындарымен  байланысты  болады.  Сленгтің  өзін  мектеп  оқушылары  ойын, 
коммуникативтік жəне тілдік нормаларынан ауытқу  ретінде қабылданады.  
Мектеп  сленгінің  пайда  болу  себебі  –  жасөспірімдерің    өздерін  ешкімге  тəуелсіз  еместігін, 
өзіндігін  көрсету,  белгілі  бір  топқа:  спорт  жанкүйерлер,    рок  музыканы  ұнататындар  қатарына 
жатқызу  ниеті. Бұл əлеуметтік диалектілеріне тəн қызметті белгілейді – əлеуметтік ынтымақтастық 
қызметін:  сленг  бірліктерін  пайдалану/пайдаланбау  арқылы  əңгімелесушілерден  бөгде  адамдарды  
анықтау. Психологтардың айтуынша,  «сленг ортақ қарым-қатынас жасау белгілердің көмегімен топ 
мүшелерін    өзара  сəйкестендіріп  арақатынастарын  қысқарту    арқылы  «Біз»  деген  ұғымын  сезінуге 
343


мүмкіндік  береді.  Осы  арада  балалардың    сөйлеу  тілінде  5-7  сөз  ғана  пайдаланғаны,  немесе  толық 
сленг  сөздерінен  құралғаны  –  маңызды  емес,  ең  бастысы  осындай  сөздер  қарапайым  этиканың 
нормаларын    бұзып,  топта  пайдаланып,  диалогта  топ  мүшелеріне   белгілі бір еркіндік беріп,  оның  
бар  болуы»  [4,  367].  Бұл  жағдайда  жаргон  сөйлеушінің  арнайы  əлеуметтік-коммуникативтік 
мəртебесінің  «белгісі»  ретінде  қарастырылады,  Е.Гуц  осындай  қызметті  белгілеуші  функция    деп 
анықтайды.  Оның  айтуынша,  интенция  болған  жағдайда  жаргонизмдерді  пайдалануда  дəл  осы 
қызмет басым болып, «бағалау жəне номинативті семантикасын басып кетеді» [5, 19]. 
Мектеп  жаргоны,  нақтырақ  айтқанда,    кейбір  оқу  орындарына  тəн  мектеп  жаргондары  да 
əлеуметтік    ынтымақтастық  қызметін  атқарады.  Бірақ  жаргонизмдерді    пайдалану    тіл 
тұтынушылардың  шағын  тобына  жататынын  көрсетеді,  сондықтан  «бөгде  адамдарға»  қатысты 
агрессияны  көрсету  үшін  қызмет  етеді.  Мектеп  сленгі,  кең  таралу  ерекшелігіне  сəйкес,  басқа 
əлеуметтік топ  адамдарына танымал жəне ашық болғандықтан,  агрессиялық реңкі төмен болады. 
Жаргонға  қарағанда  кəсіби  шектеуі  жоқ  сленгтің  пайдалануы  сөйлеушінің  белгілі  мəдени 
ұстанымын  анықтайды.(Мектеп оқушылары – жұмыс түрі бойынша бірігетін адамдар тобы емес, бұл 
үлкен    əлеуметтік  топ).  Яғни,  сленг  жоғарыда  аталған  қызметтермен  қатар  көзқарастық, 
идеологиялық  қызмет  атқарып,  «ерекше      көзқарасының  құбылысы»  болып  табылады  [6,  34].  Сол 
себептен  өмір  философиясын  білдіретін    келесі сленг клишелары-афоризмдары  пайда болады:  «Тек 
алға!», «Өмір – кайф!», «Базар үшін жауап беру керек!» т.б. 
Сонымен,  мектеп  сленгі  мен  мектеп  жаргоны,  басқа  да  əлеуметтік  диалектілер  жəне  жалпы    тіл 
үшін  келесі қызметтер тəн: 
1)
  номинативтік (атауыштық қызмет); 
2)
  коммуникативтік (қарым-қатынас қызметі; 
3)  көзқарастық, идеологиялық; 
4)  эмоционалды-экспрессивтік; 
5)  эвфемистік қызметтердің орындалуы  тəн.  
Сондай-ақ  мектеп  жаргонына  6)криптолалиялық  жəне  7)  əлеуметтік  ынтымақтастық  қызметтері  
тəн. Қызметтердің мəн-мағынасы əртүрлі бағаланады. Мысалы, В.Ф.Лурье  «сленгте əзіл бірте-бірте 
жоғалып,  сленг  сөзі  номинативті  бірлік    ретінде  қалады»  [7,  401].  Жоғары  айтылғандай,  Е.Н.Гуц 
белгілеушілік  қызметін  бірінші  орынға  қойса,  ал  Л.П.Крысин  бірінші  орынға    эмоционалды-
экспессивтік қызметін қояды [8, 77], ал жас ерекшеліктерінің психология маманы В.С.Мухина сленг 
мағынасын  ойын  сипатымен  байланыстырып  отырады  [4,  383].  Біздің  ойымызша,  белгілі  бір 
қызметтің    басымдылығы  туралы  айтпай,  мектеп  жаргоны  мен  мектеп  сленгінің  айырмашылығын 
ерекше атап кеткен жөн. 
Қазіргі таңда жаргон лексикасының əлеуметтік немесе кəсіби қатыстылығына, жасына, қолданыс 
аясына қарамастан барлық халық арасында кең етек жайып бара жатқандығы аян.Жаргон түрлерінің 
ішіндегі тілдік тұрғыдан ең қызықтысы жастар жаргоны немесе сленгі болып табылады. Оның себебі 
жастар  тілінен  біз  қоғамда  болып  жатқан  өзгерістерді  айқын  көреміз.  Олар  тіпті  арготизмдерді  де 
жалпықолданыстағы  сөз  ретінде  қабылдайды.  Ал  олардың  сөйлеу  тілінде  ұры-қарылардың  тілінен 
шыққан  сөздердің  болу  мүмкіндігін  білмеуі  де  ықтимал.Осы  кезекте  «арго»  жəне  «жаргон» 
терминдерінің анықтамаларын  салыстырып  көруді  жөн санадық:  «Арго  (франц.argot)  –  адамдардың 
белгілі  бір  əлеуметтік  жəне  кəсіби  шағын  топтарына  ғана  түсінікті  тіл.  Мəселен,  ұрылар  мен 
саудагерлердің, оқушылар мен спортшылардың, əскерлер мен дəрігерлердің т.б. жасанды тілі. Арго 
халықтың  сөйлеу  тілінен  ерекше  сөз  жəне  сөз  орамдарымен  ерекшеленеді;  өзіне  тəн  фонетикалық 
жүйесі, грамматикалық құрылысы болмайды; өзіндік сөз жəне сөз орамдарының жалпыхалық тілінде 
баламасы  болады.  Арго  кейде  жаргонға  синоним  ретінде  қолданылады.  Арго  қазақ  тілінде  жете 
дамымаған» [9,32]. 
«Жаргон (франц. iargon) – шағын əлеуметтік топ қолданатын, ешқандай жеке тілдік дербестігі жоқ 
жалпыхалықтың  тілдік  тармағы.  Ұрылар  жаргоны.  Дворяндық жаргон. Мектеп жаргоны.  Солдаттар 
жаргоны  т.б.  түрі  кездеседі.  Жаргонның  жалпыхалықтық  тілден  айырмашылығы  –  оның  лексикасы 
мен  фразеологиясында.  Жаргон  аргомен  мағыналас,  оның  аргодан  айырмасы  жаргон  жағымсыз 
(қорлау,  жақтырмау)  ұғымында  қолданылады.  Мысалы:  супен  (сүйкімсіз),  ылай,  көк  мойын,  ащы 
(арақ),  телик  (теледидар),  т.б.»  [9,30].  Сленг  терминінің  анықтамасы  бұл  сөздікте  берілмеген. 
Аталмыш терминнің анықтамасын орыс сөздігінен келтіреміз: «Сленг (англ. slang): 1. Яғни, жаргон, 
көбіне ағылшын тілді мемлекеттерде қолданылады. 2. Əдеби тіл нормасына сəйкес келмейтін ауызекі 
сөйлеу тілінің (сонымен бірге осы тілдің экспрессивтік реңкі бар элементтері) бір нұсқасы» [10,457].   
Бұл  орайда  ғалым  Н.Уəлидің  пікірін  айта  кеткен  жөн:  «Жаргон,  арготизмдер  деп  аталатын 
бейəдеби топқа жататын тілдік бірліктер белгілі бір əлеуметтік жіктің, топтың тілінде кездеседі. Олар 
жалпақ жұртқа түсінікті бола бермейді. Байырғы кездегі қазақ қоғамында барымташылардың өздері 
ғана қолданатын жасырын сөздері болған. Мысалы, салық – «зат, мүліктерін қоятын жасырын жер» 
дегенді  білдірсе  (Ш.Уəлиханов),    мас  –  бұйрық  мəндегі  етістігі  «тұтқиылдан,  көзіне  көрінбей  бас 
344


сал»,  жошыбайлау  –  барымташылардың  ұраны  дегенді  білдірген»  –  деп  көрсеткен  екен  [11,  176].  
Осы кезекте айта кететін бір жайт, ғылыми əдебиеттер мен сөздіктерде «сленг» терминіне қарағанда 
«жаргон»  термині  жиі  қолданылады.  Ал  жаргон  жастар  тілінде,  оның  ішінде  жоғары  сынып  
оқушыларының  сөйлеу  тілінде  көптеп  кездесетіндігі  байқалады.  Бұл  топ  қолданатын  сөздерге  тəн 
ерекшеліктердің бірі – ол оның заман ағымына орай өзгеріп отыратындығында. Мұның себебі мектеп 
оқушылары  бір  мезгілде  əртүрлі  қоғамдық  ортада  болады.  Осыған  орай  олардың  сөйлеу  тілі  де 
сəйкесінше  өзгеріп  отырады.  Айталық,  оқушы  мектепте,  сыныпта    жəне  кітапханада  болғанда 
оқушының  жаргонына  тəн  сөздерді  қолданады:  алгеброид,  амеба,  истеричка,  физичка,  училка,  бас 
қатырушы – мұғалім, кірпіш – оқулық жəне т.б. 
Ал мектеп ғимаратынан  алыстаған кезде ол өзінің қатарластарымен немесе өзіне етене жақын топ 
мүшелерімен кездеседі. Ол топ мүшелерінің өзіндік сөйлеу мəнері болады. Мысалы,  инетке барамыз 
ба?дейді, яғни, ол дегеніміз интернет орталығы, хавчик əкел –  тіске басар əкел, құлаққа лапша ілді 
–  өтірік  айтты  дегенді  білдіреді.Өздері  қолданатын  сөздерді  жастар  түзетуге  тырысып  бақпайды. 
Тіпті  осындай  сөздерді  олар  білім  ордасында  да  күнделікті  қарым-қатынастарында  қолданады.  Бұл 
жаңа жаргон сөздердің кең етек жаюына алып келетіні айдан анық.  
Сонымен  қатар  көптеген  сөздер  бірнеше  жылдар  бойы  өзгермей  келеді.  Осы  лексемалар  мектеп 
сленгінің  негізін  құрап,  оның  тұрақтылығын  қамтамасыз  етеді.  Бағалау  сөздер  мен  оқу  пəндері 
атауларының  топтары  өзгерістерге  өте  аз  ұшыраған.  Мысалы,  пятак  –  бестік  баға,    тройбан  –  
үштік  баға,  инглиш  –  ағылшын  сабағы,  литра  –  əдебиет,  матеша  –математика  сабағы.  Мектеп 
оқушыларының лексикасында формалды емес топтардың жаргонын  жəне арго сөздерін  пайдалануы   
«жастар  арасында  жиі  кездесетін  қылмыс  түрі  –  бұзақылықпен,  күш  пен  зомбылыққа  табынуға 
байланысты болады» [12, 81]. Мектеп  жаргонында, əсіресе, бастауыш мектеп оқушылары арасында, 
осындай  сөздердің  пайдалануы  үлкен  алаңдатушылық  туғызады.  Өйткені  сөйлеу  деңгейіндегі 
зомбылықты көрсетеді: аталаған сөздерді қолдану фактісі вербалды деңгейдегі төбелестің басталуын 
анықтайды.  Аталған  топ  лексемалары  өзгеріске  көп  ұшырап,  мектеп  жаргонының  ауыспалы 
компоненті болады. 
Мұғалімдер мен оқушыларға қатысты атаулар тобының құрамы көп өзгереді, өйткені бұл сөздер 
атап  қана  қоймай,  сөйлеушінің  сөйлеу  нысанына  көзқарасын   білдіруге арналып,  үлкен  əсерлігімен 
ерекшеленеді.  Сөздердің  жиі  қолданылуына  байланысты  əсерлілігі    төмендейді,  сонда  аталған  
топтың құрамы жаңарады. Ең əсерлі, ең экспрессивті окказионализмдері осы топ сөздерінің арасында 
кездесті.  Сленг  лексикасының  жаңаруына  танымал  мультипликациялық  фильмдер  мен 
кинофильмдері    өз  үлестерін    қосуда.  Мəселен,  Томпақ,    Алдаркөсе,  байеке(бастауыш  сынып 
оқушылары, сондай-ақ, сыныптастарының аттары),  т.б.  
Сонымен  қатар  мектеп  оқушыларының  қолданатын  сленгінің  қатары  заманауи  жоғары 
технологияларға  да  қатысты  жаңа  сөздер  көптеп  сіңіп  келеді.    Сондай  технологиялардың  бірі  – 
компьютер саласы. Бұл жол арқылы еніп отырған сөздер қазақ тілінің сөздік қорын дамытатын өнімді 
жолдардың бірі. Бірақ алаңдататын жайт та жоқ емес. Өйткені енген терминдердің басым көпшілігі 
кірме  сөз  түрінде  қолданылып  жүр.  Бұл  дегеніміз  туған  тілімізде  аудармасы  бола  тұра,  шұбарлап 
сөйлейтіндердің  қатары  молайып  келеді  дегенді  білдіреді.  Мысалы,  «зависать  етіп  қалды,  память 
жоқ, сохранить ет, инет»сияқты сөздерді көптеп келтірсек болады.  
Шет  тілден  енген  сөздер  де  жастар  тілінің  сленгін  құрайды.  Кірме  сөздердің  жастар  тіліне  енуі 
түрлі жолмен жүзеге асады. Жастар жаргонын тасымалдаушылардың бір бөлігі көркем фильмдерден, 
əндерден,  кітаптан  т.б.  мəліметтер  жинайды.  Олар  өлең  жолындағы  бір  ғана  сөзді  қолданбай, 
керісінше, толық фраза не тіркестерді пайдалантынын байқауға болады. Мысалы: «май лав»–«менің 
махаббатым», «гуд бай»–«сау бол», «мэйкап»–«бетті əрлеу», «бойфренд»–«жігіт». 
Қазіргі таңда ағылшын тіліне, сəніне еліктеу жастар арасында белгілі бір өмір сүру кезеңдерінде 
кірме сөздердің ықпалы қызығушылық арттырып отыр. Ағылшын тілінен басқа шет тілдерінен енген 
сөздер  саны  көп  емес.  Оған  мысал  ретінде  мына  сөздерді  келтірсек  болады:  «чао»–«сау  бол», 
«парфюм»–«жағымды иіс», «миссие»–«мырза» жəне т.б. 
Қорыта келе, жеке адам үшін де, қоғам үшін де тілдің маңызы мен мəні қымбат. Тілдің ең басты 
қызметі  –  оның  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  жасаудың  құралы  екендігі.  Қазіргі  жоғары 
сынып оқушылары өз ойларын бөгде адамдар түсінбеу үшін не жасырын сөйлеу мақсатында сленгті 
қолданады.  Ол  сөздер  жастардың  сөйлеу  мəдениетін  қалыптастырады.  Сонымен,  жоғары  сынып 
оқушыларының  тілдік  тұлғасының  қалыптасуына  мектеп  сленгінің  маңызы  зор.  Өйткені  олардың 
басты ортасы – мектеп.  
Сондықтан: 
  Жоғары  сынып  оқушыларының  ауызша  сөйлеу  тілінде  тіл  тазалығының  сақталуын  бақылау 
керек. 
  Олардың сөйлеу мəдениетінің қалыптасуына əсер ететін факторларды анықтау қажет. 
345


  Мектеп  сленгіні  тілдің  қосымша  формасы  ретінде  емес,  жастардың  сөйлеу  тілін 
қалыптастырудағы маңызды факторлардың бірі ретінде қарастыру қажет. 
  Жасырын,  құпия  сөйлеу  мақсатында  қолданатын  сөздердің  тілдік  тұлғасына  əсерін  бақылау 
керек. 
  Ауызша сөйлеу тілінде сленгтердің рөлін анықтау. 
  Балаларға арналған көркем еңбектердегі тілдік тұлғаға əсер ететін факторларды зерттеу. 
 
Əдебиет: 
1.
  Бондалетов В.Д. Социальная лингвистика. – Москва,1987.- 160 с. 
2.
  Томашевская К.В. Лексическое представление ЯЛ в современном экономическом дискурсе. – СПб, 
1998.- 134с. 
3.
  https://slovar.cc/med/psih/. 
4.
  Химик В. С. Возрастная психология: феноменология развития, детство,  отрочество. - М.: Академия, 
1999. - 456 с. 
5.
  Мухина В.С. Возрастная психология: феноменология, развития,  детство, отрочество. - М.: Академия, 
1999.- 456 с. 
6.
  Гуц Е. Н. Ненормативная лексика в речи современного городского  
    подростка (в свете концепции языковой личности). - Барнаул,  
1995. - 23 с. 
7.
  Лихачев Д.С. Арготические слова профессиональной речи развитие  
    граматики и лексики современного русского языка. - М., 1964. –С. 311-349. 
8.
  Русский школьный фольклор. От «вызываний» Пиковый дамы до семейных рассказов.- М., 1987.– 744с.  
9.
  Крысин  Л.  П.  О  речевом  поведении  человека  в  малых  социальных  общностях  (постановка  вопроса) 
//Язык и личность. - М.: Наука, 1989. - С. 78-86. 
10.
 Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-словарь, 2005. – 440б. 
11.
 Большой энциклопедический словарь. - М., 1991. 
12.
 Уəли Н. Қазақ сөз мəдениетінің теориялық негіздері: филол. ғыл. докт... дис.: 10.02.02. – Алматы, 2007. – 
329 б.  
13.
 Грачев М.А. Арготизмы в молодежном жаргоне//РЯШ. - 1996. - №1. С.78-85. 
 
 
Тұрарова Ж. 
 
Заң тілі ерекшеліктерін жəне тілдік норма талаптарын сақтау мəселесі 
 
Мемлекеттіміздегі  түрлі  қоғамдық  қатынастарды  құқықтық  реттеу  мен  қорғаудың  тетігі  ұлттық 
заңнама.  Ол  еліміздің  қоғамдық-саяси,  экономикалық  жəне  өзге  де  қарым-қатынас  салаларын 
реттеуге  арналған  нормативтік  құқықтық  актілердің  үлкен  ауқымын  құрайды.  Оларға  қоғамдық 
қатынастардың  даму  үрдісіне  қарай  түзетулер  енгізіліп  не  жаңа  актілердің  қабылдануы  арқылы 
арқылы  үнемі  жетілдіріліп  отырады.Ұлттық  заңнаманы  жетілдіруге  байланысты  заң  əзірлеу 
жұмыстарының үйлестіруші органы Əділет министрілігі, ал осы жұмыста Əділет министрлігімен заң 
жобаларын  əзірлеуді  бірлесе  атқарып  отырған  Қазақстан  Республикасы  Заңнама  институты  болып 
табылады. Құқық шығармашылығы қызметінде 24 жылдық тарихы бар бұл мекеме алғаш «Қазақстан 
Республикасындағы  құқықтық  реформаның  тиімділігін  арттыру  жөніндегі  шаралар  туралы» 
Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 16 маусымдағы Жарлығымен жабық акционерлік 
қоғам  болып  құрылып,  кейін  1998  жылғы  сəуірде  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік  болып,  2010 
жылы 22 қаңтардағы № 19 қаулысымен мемлекеттік мекеме мəртебесін алды [1, 3-4]. 
Заңнама  институтының  қызметі  қоғам  өмірінің  барлық  сала  бойынша  заң  жобаларын  əзірлеу 
бойынша  консультациялық  қызмет  көрсету,  қорытындылар  дайындау,  заң  жобаларының 
тұжырымдамаларын əзірлеу, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс топтарына қатысу, 
заңнамаға құқықтық мониторинг жүргізу, сонымен бірге халықаралық шарттар мен заң жобаларының 
теңтүпнұсқалығын қамтамасыз ету бөлігінде лингвистикалық сараптама жүргізу болып табылады [2, 
11-13].  
Мемлекетіміздің  қызметтін  құқықтық  қамтамасыз  етудің  осындай  маңызды  бағытында  жұмыс 
атқарып    отырған  Заңнама  институты  заңнамаға  қатысты  құқық  салалары  бойынша  іргелі  жəне 
қолданбалы зерттеулер жүргізіп, ғылыми зерттеулердің нəтижесі бойынша құқықтық-ғылыми баспа 
өнімдерін шығарып, ғылыми жарияланымдарды Заңнама институтының құрылғанына биылғы жылы 
10 жыл толып отырған Ғылыми-құқықтық журналда талқылауға шығарып отырады.  
Институт  құрылымында  2011  жылдың  қыркүйек  айынан  бастап  жұмысын  бастаған 
Лингвистикалық  орталықта  қолданыстағы  заңнамадағы  тілдік  олқылықтарды  анықтау  бойынша 
талдау  жүргізу  жəне  олардың  нəтижелері  бойынша  мақалалар  жариялау,  заң  салалары  бойынша 
анықтама  сөздіктер  əзірлеу  жұмыстарын  жүгізілді.    Сонымен  бірге,  халықаралық  шарттар  мен  заң 
346


жобаларының  теңтүпнұсқалығын  қамтамасыз  ету  бөлігінде  жүргізілетін  лингвистикалық  сараптама 
барысында халықаралық шарттар мен нормативтік құқықтық актілер жобалары олардың өзіндік стилі 
ерекшеліктерін  қамтитын  заң  техникасының  талаптарына  сай  болуына,  орыс  жəне  мемлекеттік 
тілдегі жоба мазмұнынның теңтүпнұсқалығына жəне терминдерді дұрыс қолданылуына тексеріледі. 
Сарапшылар  жоба  мəтіннің  құрылымын,  стильдік  жəне  логикалық  олқылықтарын  анықтап, 
анықталған  олқылықтарды  əзірлеуші  орган  пысықтаудан  өткізіп  түзеткен  жағдайда  оң  қорытынды 
беріледі.  Сарапшы  жоба  мəтінінің  теңнұсқалығын  анықтау  кезінде:  1)  нормативтік  құқықтық  акті 
жобаларының  баяндау  логикасынының  сақталуы;  2)  нормативтік  құқықтық  акті  жобаларында 
қайшылықтардың жоқ болуы, əсіресе өзгерістер мен толықтырулар енгізу  жəне өзге де ресімдеудің 
дұрыс  болуы;  3)  нормативтік  құқықтық  актіні  əзірлеу  кезінде  терминдердің  анық,  дұрыс,  бірізді 
қолданылуы; 4) заң стилі талаптарының жəне тілдік норманың сақталуын тексереді [3, 2]. 
Сараптама    барысында  жиі  кездесетін  олқылық  –  нормативтік  құқықтық  акті  жобаларында 
стильдік, грамматикалық олқылықтарды айтпағанда, олардың мəтінін түсініксіз ететін артық сөздерді 
пайдалану,  сөздерді  мағынасына  сай  жазбау,  сөздер  мен  терминдерді  əртүрлі  жазу,  терминдердің 
жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілермен тұтастығын сақтамау, түзетулерді дұрыс енгізбеу,  
енгізілетін  өзгерістерді  «Əділет»  ақпараттық-құқықтық  жүйесі  бойынша    қажетті  нормативтік 
құқықтық актілерді пайдаланып ресімдемеу жағдайларының жиі кездесетіндігі. 
Көріп  отырғанымыздай  нормативтік  құқықтық  актілерді  əзірлеу  əрбір  маманың  заң  лексикасын, 
əсіресе,  салалық  заңдарда  қолданылатын  терминдердің  сыртқы  жəне  ішкі  мəнін  танып  дұрыс 
пайдалануды,  оған  қоса  грамматикалық,  стильдік  нормаларды,  заң  техникасы  талаптарын  сақтауға 
мəн беру қажеттігін талап етеді. 
Заң  техникасының  сақталмауына  мысал  ретінде  қолданыстағы  заңдарға  жүргізілген  мониторинг 
барысында  да  анықталған  олқылықтарды  атауға  болады.  Мəселен,  «Қазақстан  Республикасындағы 
вексель  айналысы  туралы»  Қазақстан  Республикасының  1997  жылғы  28  сəуiрдегі        №  97  Заңы 
мəтінінде мынадай кемшіліктер анықталды:  
1)  сөздердің  дұрыс  қолданылмауы,  мысалы,  Заңда    пайдаланылған  ұғымдарда  «ничем  не 
обусловленный»  –  «төлеуге  ешқандай  шарт  қойылмаған»  деген  сөз  «ешнəрсеге  негiзделмеген»  деп 
жазылуы керек;  2-бапта «особого указания» деген сөз «Арнайы көрсету» деп емес, «Ерекше нұсқау»  
деп жазылуы керек; 5-бапта «может обусловить, ... будут начисляться проценты»–«процент есептеуге 
шарт  қоя  алады»  деген  сөздер  –«пайыз  есептелетіндігін  негіздей  алады»  деп  жазылуы  керек; 
«Процентная ставка»–«проценттiк  ставка» деп, «Проценты»–«проценттер» деп аударылған; 6-бапта 
«в  случае  разногласия»–«қайшылықтар  болған  жағдайда»  деп  жазылған  сөздер  «келіспеушіліктер 
болған жағдайда» деп жазылуы керек; 10-бапта «последствиями обыкновенной цессии» деген сөздер 
«жай  цессия  нəтижелерiмен»  деген  сөздермен  жазылған,  оны  «жай  цессия  салдарымен»  деп  жазу 
керек;  11-бапта  «ничем  не  обусловленным»–«ешқандай  шарт  қойылмаған»  деген  сөз  «ешнəрсеге 
негізделмеген» деп жазылуы керек; 15-бапта «обязано отдать» – «қайтаруға мiндеттi» деп жазылған 
сөзді  «беруге  мiндеттi»  деп  жазу  керек;«недобросовестно»–«дұрыс  алмаған»  деп  емес,  «жосықсыз 
алған» деген сөзбен ауыстырылып   жазылуы керек; 16, 17-баптарда «в ущерб»–«зиян» деген сөзбен 
жазылған, оны «залал» деген сөзбен жазу керек; 21-бапта «может обусловить, что»– «тиiстiлiгiн шарт 
етiп  қоя  алады»  деген  сөздер  «тиiстiлiгiн  негіздей  алады»  деп  жазылуы  керек;  36-бапта  «иные 
правила» деген сөз «өзге бiр ережелердi» деп емес,  «өзге бiр қағидаларды» деп жазылуы керек; 42-
бапта  сөздер    «может  реализовать»–«жүзеге  асыра  алады»  деген  сөз  «іске  асыра  алады» 
деп;«обстоятельство» деген «жағдаяты» деген сөз –«мəн-жай» деп ауыстырылуы керек; 44-бапта «за 
ущерб»  деген  «зиян  емес»,  «залал»  деп  жазылуы  керек;  45-бапта    «обстоятельство»  деген  сөз 
«жағдаятқа»  деп  емес  «мəн-жайға»  деп  жазылуы  керек;  47-бапта    «были  обусловлены»–«егер  шарт 
қойылмаса» деген сөз «егер негізделген болса» деп жазылуы керек.  
2) тең нұсқалықтың сақталмауы, мысалы, 19-бапта   бірінші абзацта «Индоссамент, совершенный 
после срока  платежа,  имеет  то же  последствие»–«Төлем  мерзiмiнен  кейiн  жасалған  индоссаменттiң 
нəтижесi  алдыңғы  жасалған  индоссаменттегi  сияқты  болады»  деп  емес,«индоссамент  алдыңғы 
индоссаментте  жасалғандай  салдарға  ие»  деп  жазылуы  керек;  43-бапта  «сот  органдарының»  деген 
сөздің орысша нұсқасы  жоқ. 
3)  бірізділіктің  сақталмау,  мысалы,  мазмұнда  «формула»–«анықтама»  емес,«тұжырым  сөз»  деп  
жазылуы  керек,  өйткені  30-бапта  «равнозначной  формулой»  деген  сөздер  «бара-бар  ...  тұжырым 
сөздермен»  деп  жазылған;  мазмұнда  «плательщика»–«төлеушiнiң»  деген  сөз«төлеушiнiң»  деген 
сөзбен  ауыстырылып  жазылуы  керек,  сондай-ақ  «плательщик»  сөзі  əрі  қарай:  10,  91,  54,  64,  88-
баптарда  «төлемші»,  20,  21,  23,  24,  27,  28,  30,  38,  39,  43-баптарда  «төлем  төлеуші»,  76-бапта 
«төлеуші»,  83,  94-бапта  «төлем  жасаушы»  деп  əртүрлі  нұсқада  берілген;  18-бапта    «содержит 
оговорку»  деген  сөз  «ескертiлсе»  деп  емес,«ескертпе  болса»  деп  жазылуы  керек,  өйткені  17-бапта 
«оговорку»–«ескертпесі»  деп  жазылған;  43-бапта    «в  реестр»  деген  сөз  «тізілімдемеге» 
емес,«тізілімге» деп, «с действующим законодательством» – «қолданылып жүрген заңдарына» деген 
347


сөздер  «қолданыстағы  заңнамасына»  деп  жазылуы  керек;  82-бапта    «законодательством»  деген  сөз 
«заңдарда»  емес,«заңнамасында»  деп  жазылуы  керек;  90-бапта  «законодательством»  деген  сөз 
«заңдарымен»  емес,  «заңнамасымен»  деп  ауыстырылуы  керек;  48-бапта  «процент»–«проценттердi» 
деген  сөз  «пайыздарды»  деп  жазылуы  керек;  53-бапта  «правила»  деген  сөз  «ережесi»  деп 
емес,«қағидасы» деп жазылуы керек; 62-бапта «Правила»–«ереже» емес «қағида» деп жазылуы керек.  
4)  грамматикалық  кемшіліктер,  мəселен,  көптік  не  жекеше  жалғауларын    дұрыс  пайдаланбау, 
мысалы,  мазмұнда,  «банктерде»  деп  көпше  түрде    жазған,  оны    «банкте»  деп  жекеше  түрде    жазу 
керек,  «переуступку  прав»–«иелену  құқығының»  деген  сөздер  «құқықтардың  ...  берілгенін»  деп 
көпше  түрде жазылуы керек; 76-бапта «процентах»–«проценттер» деп емес,«пайыздар» деп жазылуы 
керек, «полномочий»«өкiлеттiгiн» деген сөз  «өкiлеттiктерін» деген сөзбен ауыстырылуы керек; 22-
бапта  «индоссантами»–«Индоссанттардың»  деген  сөз  «Индоссанттар»  деген  сөзбен  ауыстырылуы 
керек; 
5) орфографиялық кемшіліктер, мысалы, мазмұнда «(почтовый адрес)»– (почта мекен-жайы) деп 
емес,«(почта  мекенжайы)  деп  бірге    жазылуы  керек;  26-бапта  «адрес»–«мекен-жайды»  деген  сөз 
«мекенжайды» деп жазылуы керек; 
Сонымен  бірге,  əріптердің  көлемін  əртүрлі  жазу,  мысалы,  1,  2    бөлім,  2,  3,  8  тарау  атауы  орыс 
тіліндегі  нұсқасында  үлкен  əріптермен  жазылған  болса,  қазақ  тіліндегі    нұсқада  кіші  əріптермен 
жазылған; 
6)    заң  техникасының  ресімдеу  талаптарына  сай  келтіру  қажет  ететін  сілтемелердің  дұрыс 
ресімделмеуі  бойынша    олқылықтар,  мысалы,  мазмұнда  сілтемеде  «Сноска»–«Ескерту»  деп, 
«дополнения»  –  «өзгерту»  деп  қате  аударылған.  Дұрысы  –  Сілтеме.  Мысалы,  «Сноска.  Внесены 
дополнения  Законом  РК  от  24  декабря  2001  года  N  276;  Законом  Республики  Казахстан  от  9  июля 
2003 года N 482.»  деген сөздерде  сан есімдер сөзбен толық жазылған болса, қазақ тілінде «Ескерту. 
Ұғымдарға  өзгерту  енгізілді  –  Қазақстан  Республикасының  2001.12.24.  N  276,  2003.07.09.  N  482 
Заңдарымен» цифрлар реті дұрыс жазылмаған. Дұрысы: «Сілтеме. Ұғымдарға толықтырулар енгізілді 
–  Қазақстан  Республикасының    2001  жылғы  24  желтоқсандағы  N  276  Заңымен;  Қазақстан 
Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 482 Заңымен». Осы сияқты кемшіліктер 37, 79, 80, 82, 
83, 83-1, 85, 86, 87, 89, 16-1, 93, 94, 95, 97-баптарда кездеседі. 96-бапта орыс тіліндегі нұсқада сілтеме 
берілген болса, қазақ тіліндегі нұсқада сілтеме көрсетілмеген [4]. 
Қолданыстағы  нормативтік  құқықтық  актілердегі  кездесетін  мұндай  олқылықтарды  мониторинг 
нəтижелерінің  ұсыныстарын  нормативтік  құқықтық  актілерге  түзетулер  енгізу  туралы  заңдарды  не 
жаңа  заң  жобаларын  əзірлеу  барысында  ескеру  қажеттігін  көреміз,  бұл  да  қолданыстағы  занаманы 
жетілдіру үшін қажетті  шара.  
Нормативтiк  құқықтық  актiлер    құқықтық  ережелерді  қамтитын,  қоғамдық  қатынастардың 
құқықтық реттеушісі болса, оның дəл болуы,  қолдану үшін  маңызды, өйткені ол заңдық күші бар 
ресми  құжат.Сондықтан  нормативтiк  құқықтық  актiлерді  əзірлеуде  заң  мəтінінің    айқын  жəне  дəл, 
баяндау  тілінің  түсінікті,  жинақы  болуы,  құрылымдық  ресімдеуі  дұрыс  болуымен  қатар  тілдік 
нормаға сай жазылуы  аса  маңызды.  Нормативтiк құқықтық  актiлерді  тек  заңнама  қоры ғана  емес  – 
ұлттық  тілдік  сөздік  қорымызды  толықтыру  көздерінің  бірі.  Мұнда  сөздік  қорымызға  еніп, 
қолданысқа түсіп жатқан сандарған атау сөздер, терминдер мен ұғымдар қамтылады. Ал олардың өз 
функцоналдық талабына  болуы заң сапасының кепілі. 
Жалпы  алғанда,  тілдік  норманы  сақтау  мəселесінде  сөз,  термин  қолдану,  сөзжасам  мəселелері, 
қазіргі кезде ғана емес, мемлекетіміздің өткен тарихи кезеңдерінде де өзекті мəселе ретінде көтеріліп, 
əркез  назардан  тыс  қалмаған.Биылғы  жылы  145  жылдығын  атап  өткен  қоғам  мемлекет  жəне  қоғам 
қайраткері,  көрнекті  ғалым,  қазақ  тіл  білімінің  негізін  қалаушы,  əдебиет  зерттеуші,  түркітанушы, 
педагог,  аудармашы  А.Байтұрсынұлы  өз  еңбектерінде  терминология,  тілдің  қолданылуы,  тіл 
тазалығы мəселелеріне қатысты құнды пікірлер қалдырғандығын білеміз.  
Ол «Тіл тазалығы дегеніміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Басқа тілден сөз 
тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, мағынасы түсінікті сөздерді алу қажет», – деп, ұғым мағынасына 
мəн  беруді  ескертеді.  Сондай-ақ  көбінесе  а)  ескірген  сөздерге,  б)  жаңадан  шыққан  сөздерге,  п)  өз 
тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан, т) жергілікті сөздерді, яғни, бір жерде айтылып, 
бір жерде айтылмайтын сөздерді пайдаланудан аулақ болуды ұсынған. Терминдердің ұлт тілінде, тіл 
заңдылықтарын бұзбай жазылуы керектігін, тілде жат сөздердің көбеюі тілді түсініксіз етіп, норманы 
бұзатынын атап көрсеткен [5, 255-256].  
А.Байтұрсынұлы  кезінде  «Сөз  талғау»  өз  еңбегінде  сөз  қолдануға  мынадай  бес  талапты  қойған, 
бұл қазір де өз өзектілігін жойған жоқ, шығарма сөзі өңді, ұнамды болуына қоятын шарттар ретінде 
ол:  сөз  дұрыстығы,  тіл  тазалығы,  тіл  анықтығы,  тіл  дəлдігі,  тіл  көрнекілігі  деп  бес  негізгі  шартты 
атайды.  Сөздің  дұрыстығына  қойылатын  талап:  1)  сөздің  тұлғасын,  мағынасын  өзгертетін  түрлі 
жалғау,  жұрнақ,  жалғаулық  сияқтыларды  өз  орнымен    қолдану,  2)  сөйлем  ішіндегі  сөзді  дұрыс 
септеп,  дұрыс  көптеп,  дұрыс  ымыластыру,  3)  сөйлемдерді  бір-біріне  дұрыс  орайластырып,  дұрыс 
348


құрмаластырып,  орналастыру»,  –  деп  көрсетеді.  Ол  «Əдебиет  танытқышқа»  енген  «Тіл  қисыны» 
еңбегінде «тілді қолдана білу деп – айтатын ойға сəйкес кететін сөздерді таңдап ала білуді жəне сол 
сөздерді  сөйлем  ішінде  орын-орынына  дұрыстап  қоя  білуді,  сөздің  келісті  болатын  заңдарын, 
шарттары болатынын атап өтеді. [5, 255 -256]. 
Қазір  өзіміз  атап  отырған  заң  техникасы  міндетінің  де  осы  шарттармен  сабақтасатындығын 
ескерсек,  бүгінгі  күнгі  заң  жобалау  жұмысын  жетілдіруге  қажет  əдістемелік  қағидаларды  осы 
А.Байтұрсынұлы еңбектерінен табуға болады.  
Əсіресе,  ол  бүгінге  дейін  өзекті  терминдерді  пайдалануда  басшылыққа  алуға  болатын 
қағидаларды,  терминжасамның  негізін  салған  сонау  А.Байтұрсынұлы  еңбектерінен  бастап  қазақ 
терминологиясын  қалыптастырушы  профессор  Қ.Жұбановтың,  академик    Ə.Т.  Қайдаровтың,  
Ө.Айтбаевтың жəне өзге де ғалымдардың ғылыми тұжырымдарын ескерумен, бірінші, салалық жəне 
күрделі терминдерді қолдануда лексикалық қорымызды кеңінен пайдалану, екіншіден, халықаралық 
тілдегі терминдерді аудару, пайдалану, біріздендіруге қатысты талаптарды қамтитын терминжасамға 
байланысты тəжірибені негізге алу  маңызын жойған жоқ [6, 507, 535-537]. 
 Тілдік  нормаға  қатысты  талаптарды  басшылылық  алу,  заң  техникасын  жетілдіру,  оның  ішінде, 
заңнамадағы терминдерге қатысты мəселелер,  кеңестік заман кезеңінде де  көтерілген, мəселен, заң 
жинақтарын  əзірлеу  жұмыстарында  тұрақты  тіркестерді,  ескірген  терминдерді  ауыстыру, 
нормативтік құқықтық актілердегі пайдаланылатын терминдердің жоғары тұрған актілерге сай бірізді 
пайданалуы  туралы,  заң  терминологиясын  құқықтық  реттеу  қағидаларын  қамтитын  ережелерді 
заңдық тұрғыда бекіту туралы ұсыныстармен тұжырымдалса [7, 25, 29, 31], қазіргі кезде ресейде заң 
жобаларына  жүргізілетін  лингвистикалық  сараптама  тəжірибесінің  негізінде  қалыптастырылған 
əдістемелік ұсынымдар да айқындалған.   
Аталған нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын əзірлеу жəне оның теңтүпнұсқалығы сапасын 
жетілдіру  мақсатында  оларға  лингвистикалық  сараптама  жүргізу  барысында  басшылыққа  алуға 
болатын əдістеменің  қажеттігі  мамандар  арасында  үлкен  сұранысқа  ие  болып  отыр.  Сонымен  бірге 
заң  техникасы  ерекшелігін  қамтитын  жазу,  емле,  термин,  оның  ішінде  заң  стиліне  қатысты  өзге  де 
көптеген мəселелер жөнінде бағыт-бағдар беретін ғылыми-əдістемелік ұсынымдар жəне практикада 
қолдануға  қажет  құралдарға  деген  сұранысты  туындатып,  мамандарға  арналған  əдістемелік 
тағылымдама  не  үйрету  курстары  сабақтарын    үйлестіру  мəселесін  алға  қойып  отыр.Заң 
шығармашылығын,  заң  жобаларын  əзірлеу  ісін  жетілдіру  мамандардың  кəсіби  білімімен  қоса  тіл 
заңдылығын жақсы білуімен тығыз байланысты.  
Сонымен,  қорыта  айтқанда,  қарастырған    тұжырымдардың  қайсысы  болмасын    тілдік  норманы 
сақтаудың  маңыздылығын  көрсетеді.Ал  нормативтiк  құқықтық  актiлер  мен  халықаралық  шарт 
жобаларын  əзірлеу  жəне  олардың  теңтүпнұсқалығы  сапасын  жетілдіру  негізінен  заңнамада 
белгіленген  заң  техникасы  талаптарын  сақтаумен,    əдістемені  жетілдірумен  тікелей  байланысты 
екендігін көреміз.  
Сондықтан, əзірлеуші маман нормативтік құқықтық жобаларын əзірлеуде: 
-  жарыспалы  терминдердің  қолданылуы  (нақтылығы  жағынан  талқылауды  қажет  ететін  сөздер 
мен  сөз  тіркестерін,  дəл  атауы  бола  тұрып  орынсыз  шет  тілінің  сөзімен  алмастырылып 
пайдаланылуы,  дұрыс  аударылмаған  терминдер  мен  мағынасы  жағынан  жуық  əртүрлі  сөздердің 
пайдаланылуы); 
- сəтсіз жасалған терминдердің орын алуы (ресми стильге тəн емес, ұғым мазмұнын дəл бермейтін 
терминдердің,  мəніне  қайшы,  анық  емес  не  заңнамада  орнықпаған  сөздер  мен  сөз  тіркестердің 
пайдаланылуы); 
-  ұлт  тілінің  лексикологиялық  қабаттары,  сөзжасам,  терминжасам  тəсілдерінің  дұрыс 
пайдаланылмауы (жаңа пайда болған арнайы техникалық (белгілі сала бойынша), арнайы заң (ерекше 
құқықтық  мəнге  ие)  терминдерінің  дұрыс  пайдаланылмауы)  сияқты  кемшіліктерді  анықтап, 
терминдерге қойылатын: бірмəнділік, тұрақтылық, терминнің əрбір жаңа актіде өзінің ерекше мəнін 
сақтауын,  терминологияның  біртұтастығын,    терминдердің  басқа  да  нормативтік  құқықтық  актіде 
қамтылған  терминге  қайшы  болмауын,  заң  жобасын  нормаларының  түсінікті  болуы    үшін 
қайталауларға жол берілмей айқын, дəл, нақты, қысқа əрі толық баяндалуын, логикалық байланыстың 
сақталуын,  құрылымдық  дұрыс  ресімделуі  талаптарын  сақталуына    мұқият    болу  қажет.  Ал  бұл 
талаптарды  сақтамау  нормативтік  құқықтық  акті  жобаларын  сапасыз  əзірленуіне  əкеп  отырғанын 
тəжірибе көрсетіп отыр. 
Сонымен,  заң  жобалау  қызметіне  қажетті  əдістемені,  əсіресе  заң  мəтіндеріндегі  тілдік  норманы 
сақтаудың тəсілдерін жетілдіру жəне оны тəжірибеде қолдану, заңнаманың сапасын арттыруға негіз  
болатындығы  сөзсіз.    Жəне  де  заңның      сапалы    əзірленуі  маманның  əдістемені  білуіне,  мекеменің 
жұмысты  дұрыс  үйлестіріп,  əзірлеу  жұмыстарына  жауапкершілікпен  қарауға  тікелей    байланысты 
екендігін көреміз. 
 
349


Əдебиет: 
1.
  Заң шығару институтына 20 жыл. - Астана, 2013. - 166 б. 
2.
  Актуальные  проблемы  совершенствования  законодательства  Республики  Казахстан  в  условиях  нового 
политического курса // Материалы международной научно-практической конференции, посвященной 20-летию 
Института законодательства РК. - Астана, 2013. - 451 б. 
3.
  Рекомендации 
по 
лингвистической 
экспертизе 
законопроекта 
//http://law.tmbadm.ru/wp-
content/uploads/2013/03/B5.pdf (11.04.2017г.) 
4.
  «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 
сəуiрдегі  № 97 Заңы мəтіні бойынша 2016 жылы  ақпан айында жүргізілген анықтамалық талдау  
5.
  Байтұрсынұлы А. Қазақ тіл білімінің мəселелері. - Алматы, Абзал-Ай, 2013. – 640б. 
6.
  Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мəселелері.– Алматы: Арыс, 2007. - 624 б. 
7.
  Рахманина Т.Н. Вопросы унификации терминологии нормативно-правовых актов // Проблемы 
совершенствования советского законодательства. - М., 1986. -  65с. 
 
 
Балапанова Қ. 
п.ғ.м., Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды 
мемлекеттік университетінің аға оқытушысы 
Саяжанова А. 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды 
мемлекеттік университетінің студенті 
 
«Қазақ тілі» пəнінде  жаңа педагогикалық технологияны  
пайдалану əдістері 
 
Қазіргі  замандағы  мемлекетіміздегі  қозғалып  отырған  негізгі  мəселелердің  бірі  –  білім  беру 
жүйесінде, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желелерге шығу, 
білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану, жетістіктері мен жеке тұлғаларды қалыптастыру 
жəне  қазіргі  заман  талабына  сай  білім  алуға  қажетті  жағдайлар  жасау.  Білім  берудің  жаңа  жүйесі 
жасалып,  оның  мазмұнының  түбегейлі  өзгеруі,  дүниежүзілік  білім  кеңестігіне  енуі  бүкіл  заманауи  
əдістемелік  жүйеге,  оқытушылар  алдына  жаңа  талаптар  мен  міндеттер  қойып  отыр.  Қазіргі  кездегі  
ақпараттану  жағдайында  ақпараттық  технологиялардың  қарқынды  дамуы  адам  өмірінің  əртүрлі 
кезеңдері  біртіндеп  өзгерістер  енгізуде.  Қазіргі  білім  беру  саласында  өзгерістерді  дұрыс  қабылдап, 
оқытудың  жаңа    технологияларын  меңгермейінше  сауатты,  бүгінгі  заман  талабына  сай  ұстаз  болу 
мүмкін  емес.  Қазақстанның  білім  беру  жүйесінің  даму  жолына  да  ықпалын  тигізуде.  Ақпараттық 
технологияның  дамуына  сəйкес  электрондық  оқыту  деп  аталатын  оқытудың  жаңа  технологиясы 
қалыптасқан.  
Мемлекеттік  тілді  интерактивті  өзін-өзі  оқытудын    əдістемелік  жүйесін  жасауда  оқытудың 
тұлғалық-бағдарлық қырының барлық талаптары тұлғаның нақты оқу міндетін шешуіне бағытталған 
болуы  керек.  Бұл  жерде  кез  келген  мемлекеттік  тілді  үйренушінің  оқу-коммуникативтік  міндеті 
белгілі  бір  оқу  тақырыптық,  көмекші  əрекеттердің  жүзеге  асуы  керектігін  толық  түсінуі  қажет. 
Мысалы,  оқу-коммуникативтік  əрекет  мынадай  болуы  мүмкін:  «қажетті  тілдік  құралдарытандау», 
«айтылымды грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастыру», «өзінің сөйлеушісіне адекватты түрде əсер 
ету  шарасын  дайындау»,  т.с.с.  Ал  көмекші  əрекет  ретінде  «қажетті  сөздерді  мəтіннен  оқу»,  «теріп 
жазу», «астын сызу» сияқты болуы мүмкін. Сондықтан да интерактивті өзін-өзі оқытудын негізі оқу 
материалдары əрекеттің бағдарлық сызбасы негізінде жинақталуы керек. 
Мемлекеттік  тілді  оқып  үйренуші  əрекетінің  бағдарлық  сызбасы  дұрыс  айтудын,  дұрыс 
құрастырудын  əңгімелесушімен  кері  байланыс  құруға  арналған  түрлі  айтылымдар,  т.с.с.  тілдік 
құралдарды меңгеруге жəне оларды қолдана білуге, игеруге арналған материалдар болып табылады, 
ал  бұл  материалдардың  жалпы  интерактивті  өзін-өзі  оқытудың  теориясын  салушылардың  бірі 
Ю.Г.Репьев  былай  дейді:  «Только  совместная  интактная  работа  двух  полушарий  двухканальной 
системы  обработки  информации  двуполушарным  мозгом  в  условиях  полимодельностей 
(мультимединости)  предъявление  учебной  информации  при  полноценном  участии  логического  и 
образного мышления обеспечивает эффективность, качество познавательного процесса» [1,35]. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаев  Қазақстан  халқына  жолдаған:  «Жаңа 
онжылдық  –  жаңа  экономикалық  өрлеу  –  Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Жолдауында  ел 
дамуының  манызды  басылымдықтарының  бірі  ретінде  білім  беру  мəселесін  көрсетті.  Қазақстан 
Республикасының  білімді  дамытудың  2010-2020  жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдарламасында 
білім беру саласында мемлекеттің саясатты өткізудің стратегиясы, негізгі бағыттары, міндеттері мен 
механизмдері  анықталды.  Берілген  құжаттардың  аясында  жаңа  тұрпатты  мамандарды  даярлау 
педагогтардан  білім  беру  үрдісінің  оқу-əдістемелік  жəне  ғылыми  қамсыздандыруын  үнемі 
350


жетілдіруді,  білім  алушыларға  ғылыми  білім  мен  кəсіби  дағдының    əдістерін,  құралдарын  түрлерін 
қолдану негізінде оқу үрдесін жүзеге асыруды мақсат етеді. 
Қазіргі  білім  берудің  стратегиялық  мақсаты  өз  жауапкершілігін  сезіне  алатын,  өздігінен 
шығармашылықпен  жұмыс  жасауға  қабілетті,  сауатты  да  салауатты  тұлғаны  қалыптастыру  болып 
табылады.Жеке тұлғаны қалыптастыру үшін əр білім алушының қабілетін танып, біліп, шындап, жол 
сілтеп жоғарғы дəрежесіне көтеру керек. Ол үшін қазіргі оқу орындары қазіргі заманауи талаптарға 
жауап  беретіндей  болуы  шарт.  Сондықтан  ұстаздар  қауымы  жаңашыл  жұмыстарға  бет  бұрулары 
қажет. 
Дəл  қазіргі  кезеңдегі  педагогика  теориясы  елеулі  өзгерістерге  түсіп,  білім  беру  мазмұны 
жаңғырып,  білім  беру  құрылымында  жаңа  технологиялар  пайда  болып,  іс-тəжірибеде 
пайдалануда.Педагог-ғылым  В.Кларин:  «Педагогикалық    технология  –  педагогикалық  мақсатқа  қол 
жеткізу  жолындағы  қолданылатын  барлық  қисынды  ілім  амалдары  мен  əдіснамалық  құралдардың 
жиынтығы»,  –  деп  түсініктеме  береді.  Жаңа  педагогикалық  технологияларды  оқыту  үдерсінде 
пайдаланатын  болсақ,  онда  білімді  демократияландыруға  жəне  ізгілендіруге,  басқару  сапасын 
жетілдіруге,  білім    алушыларды  дамуына  бақылау  жасауға,  соған  сəйкес  бағалауға  ғылыми  негізде 
жетістікке жете аламыз. 
Оқыту орындары жүргізіліп отырған тəжірибелік сынақ жұмыстарының басты міндеті оқытудың 
педагогикалық  технологиясын  оқыту  үдерісіне  енгізу  болып  табылады.  Мəселен,  В.В.Давыдов, 
Л.В.Замков,  Д.Б.Элькониннің  бірлесе  жасаған    «Дамыта  оқыту  жүйесі»  бір-бірімен  тығыз 
байланыста, əрі мынандай ұстанымдардан құралады: 
1.
  Жоғары қиындықтағы деңгейде оқыту; 
2.
  Теориялық білімнің жетекші рөлі; 
3.
  Оқу материалдарын жеделдете оқыту; 
4.
  Оқу үрдісін білім алушының сезінуі; 
5.
  Барлық білім алушылардың бірдей деңгейде дамуы үшін жүйелі жұмыс жүргізу. 
Л.В.Замковтың  оқыту  технологиясында  білім  алушы  өзін  еркін  сезінеді,  оның  əлеуметтік 
мүкіндігінің  дамуына  жағдай  жасалады.Осы  жүйеде  білім  алушы  мен  оқытушының  арасындағы 
жаңаша  қарым-қатынастың  іргетасы  түсіндіруші  тұлғасында  емес,  білім  алушының  іс-əрекетін 
ұйымдастырушы, бағыттаушы делінеді. 
Адамзат тəжірибесі жинақтаған білімді жеке тұлға  өзінің  өрелік күші арқылы ғана меңгеріп ішкі 
психикалық  жоспарына  енгізе  алады.  Нақты  бір  тілді    меңгертуде  де  көрсетілген  тұжырымға 
байланысты  көптеген  ізденістер  жасалуда.  Оны  И.А.Зимняяның,  Б.Ц.Бадмаевтың,  И.С.Яки, 
манскаяның,  Қ.Қадашаеваның,  К.Мухлистың  т.б.  еңбектерінен  көруге  болады.И.А.Зимняя  тілді 
оқытудағы  тұлғаның  рөлін  былай  көрсетеді:  «Тұлға  қызмет  субъектісі  болып  табылады.  Ол  өз 
қызметінде өзге адамдармен қарым-қатынас жасай отырып дамиды жəне де ол үрдістің өту сипатын, 
ерекшелігін  өзі  айқындайды»  [2,63].  Интерактивті  өзін  өзі  оқытудын  тұжырымдамасына  жүгінсек, 
оқытудан  оқудың  басымдылығына  бағытталған  жəне  жеке  тұлға  бағдарланған  əдіс  жүйесі  жасауы 
тиіс екен [1,100]. 
Мемлекеттік  тілді  интерактивті  өзін  өзі  оқыту  əдісінің  тұжырымдамасы,  біріншеден,  жалпы  оқу 
қызметінің  функциясына  сүйене  отырып  жасалуы  тиіс.  Ол  функциялар:  оқу,  ұйымдастыру, 
коммуникатив, өзін-өзі бақылау.Бұл жерде оқу функциясы – мемлекеттік тіл бойынша білімді игеру 
жəне дағды мен білік деңгейіндегі іс-əрекет пен қызметті меңгеру, ал ұйымдастыру-субъектінің жеке 
оқу  қызметін  өзі  жасай  алуы,  коммуникативтік-субъектінің  белгілі  ортада  мемлекеттік  тілде  ойын 
жеткізе білу жəне қарым-қатынас жасай алу əрекеті, өзін-өзі бақылау- мемлекеттік тіл бойынша алған 
оқу  ақпаратын  меңгеру  жəне  игеру  деңгейін  субъектінің  өзі  тексеруі.  Кез  келген  оқу  қызметінің 
жетекші  функциясы  оқу  болып  табылады.  Білімнің  игерілуі  мен  дағды,  біліктің  меңгерілуі 
субъектінің ішкі уəжінен туындайтын үрдіс екені де мəлім. Ал уəжділік – нақты бір қызмет индивид 
үшін  тұлғалық  мəнге  айналу  нəтижесінде  болатын  үрдіс,  сонымен  қатар  ол  үрдіске  деген 
қызығушылық пайда болып, оның қызметінің сырттан берілген мақсаттары оның ішкі қажеттілігіне 
айналады [3,97]. 
Қажетті деңгейде интерактивті өзін-өзі  оқытудын əдістемелік базасын жасауда негізге алынатыны 
оқудын  еркін  қызмет  екенін  ескере  отырып,  оқудың  белгілі  дағдысы  мен  білгін  қалыптастыратын 
əдістемелік  жүйенің    жасалуын  айтуға  болады.  Бұл  жерде  міндетті  түрде  «объективті  жəне 
субъективті  шарттарға  байланысты  жүріп  жататын  екі  деңгейлік    танымның  психикалық  үрдісіне 
байланысты оқу үрдісінің екі типі: ақпараттық, ойлау үрдістері»[3,35] есепке алынған жөн. Өйткені 
мемлекеттік  тілді  интерактивті  өзін  өзі  оқыту  əдісінің  психологиялық  негізін  тек  қана  көрсетілген 
тұжырымға сүйене отырып жасауға болатынын да атап өтпекпіз. 
Жалпы  кез  келген  интерактивті  оқытудың  негізі  де  осы  аталып  отырған  əрекеттің  бағдарлық 
сызбасы  ретінде  жасалады.  Осы  ретте  Б.Бадмаев  əрекеттің  бағдарлық  сызбасының  жалпы  оқудағы  
рөлін былай көрсетеді:«Қалай істеу керек екенін білмей, қызметті атқару мүмкін емес; нақты бір іс 
351


əрекет  немесе  оның  элементі  –  операция;  ал  операцияны  дұрыс  жасамай  əр  бір  əрекетінді  дұрыс 
бағалай  алмайсың  жəне  де  алдағы  əрекетінді  бағдарлау  мүмкін  емес,  сонымен  қатар  ешқандай  іс-
əрекетіңді жалғастыра алмайсың» [4, 26]. 
Интерактивті оқыту нгізінде жасалатын мультимедиялық құралдардың тілдік материалдар жалпы 
өзін-өзі оқытудың дидактикалық құралдарына қойылатын талаптарға сəйкес тандалуы керек: 
  өзін-өзі оқытудың диктатикалық құралдары оқу субъектісі мен оқытушы арасындағы диалогты 
жүзеге асыру керек; 
  өзін-өзі оқытудың диктатикалық құралдары оқушыға ойлау əрекетін қалыптастыру жəне оның 
оөу біліктілігін дамытуға тиіс; 
  өзін-өзі оқытудың диктатикалық құралдарының мазмұны жақсы құрылымдалған болуы керек. 
Интерактивті  өзін-өзі  оқытудың  оқыту  құралдарын  жасау  оның  ақпараттық  ортасын  құрудың 
негізі  болып  табылады[1].Интерактивті  оқытулардың  тиімділігі  онда  берілетін  оқу-əдістемелік 
материалдың  құрылымына  тиімді  болады.  Сондықтанда  оқу  материалдарын  жасауға  мына 
əдістемелік тəсілдерді қолданған жөн: 
-
  мемлекеттік  тілде  сөйлеу  үлгілерін  меңгеруде  аудиовизуальды  басқару  бағдарламаларының 
болуы; 
-
  «диктор оқушы» жүйесіндегі ауызша сөйлеуді өзара қарым қатынасының болуы; 
-
  Ұсынылатын проблемалық жағдайлардың көрсетілуі; 
-
  Кəсіби-іскери жəне əлеуметтік-тұрмыстық ойында. 
Енді жоғарыда айтылған əдістемелік тəілдердің əркайсысына қысқаша тоқтала кетейік. Сонымен 
мемлекеттік  тілде  сөйлеу  үлгілерін  жүзеге  асыруда,  əдетте,  арнайы  түсірілген  диалогтар,  көркем 
фильмдерден үзінділер алынады. Бұл сөйлеу үлгілері көрсетілгеннен кейін оқытушы-диктордың оған 
комментарий беруіне болады. Мемлекеттік тілде сөйлеу үлгілерін меңгеруде аудиовизуальді басқару 
бағдарламалары  машиналық  бағдарламалар  сияқты  болады.  Диктор  тапсырмаларды  орындалу 
бойынша  нұсқаулар  береді,  сонымен  қатар  білімін  тексеру  үшін  түрлі  кейіннен  дұрыс  жауаптар 
көрсетілуге тиіс.Ал «диктор оқушы» жүйесінде ауызша сөйлеу өзара қарым-қатынасы  имитациялау 
арқылы  жүзеге  асады.  Диктор  мен  оқушының  арасындағы  əңгіме  əртүрлі  болуы  мүмкін.  Мұндай 
жағдайлар  тілді  үйренушіге  ұйымдастырылмаған  сөйлеудің  дағды  білігін  қалыптастыруға  септігін 
тигізеді.Біз  мемлекеттік  тілді  интерактивті  оқытудағы  телевидение  қолдануға  қысқаша  тоқталық 
өттік,  яғни,  телевидениенің  белсенді  жəне  орынды  қолданылуы  тілді  оқыту  мазмұны    мен  үрдісін 
басқаруды оңтайландыруға маңызды əсер ететін көрсетіп отырмыз. Ал жалпы алғанда, мемлекеттік 
оқытудағы  интерактивті  өзін-өзі  оқытуда  тек  қана  телевидениенің  мүмкіндіктерін  қолдану  емес, 
сонымен қатар қазіргі кездегі жүйе екенін атап өту керек. 
Сонымен,  мемлекеттік  тілді  оқытудағы  интерактивті  өзін-өзі  оқытуды  жүзеге  асырудын  негізгі 
жолдарын былай көрсетуге болады: 
-
 
Мемлекеттік  тілді  оқытуағы  интерактивті  өзін-өзі  оқытудың  тұлғалық-бағдарлық  қырының 
нақты оқу міндетін шешуге бағытталған əдістемелік жүйені жасау; 
-
 
Интерактивті  өзін-өзі  оқыту  міндетін  шешуде  маңызды  болып  табылатын  мультимедиялық 
құралдар  мемлекеттік  тілді  үйренушінің  нақты  əлеуметтік  сұранысына  жауап  бере  алатындай 
деңгейде дайындалуы тиіс. 
Мемлекеттік  тілді  оқытудағы  интерактивті  оқытудың  жүзеге  асырылуы  кең  көлемді  зерттеуді 
қажет  етіп  отырған  өзекті  мəселе.  Мемлекеттік  тілді  оқытудағы  интерактивті  оқыту  жолдарының 
жалпы  ғылыми-əдістемелік  негізін  айқындау,  солардың  негізінде  мемлекеттік  тілді  оқытудағы 
электрондық  оқулықтар мен  мультимедиялық  құралдардың құрылымдары мен  мазмұндарын  талдау 
жəне оларға қойылатын талаптар жүйесін жасау сияқты мəселелер əлі де болса өз шешімін күтуде. 
 
Əдебиет: 
1.
  Репьев Ю.Г. Интерактивное обучение. -Москва, 2004. 
2.
  Зимняя И.А. Психология обучения. – Москва, 1991. 
3.
  Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии.– Москва, 1989. 
4.
  Бадмаев Б. Психология и методика обучения. – Москва, 2002. 
 
 
Айтмаганбетова Ш. 
преподаватель университета КИМЭП, МВА 
 
Проблемные вопросы перевода на государственный язык официальных текстов 
 
С  периода  приобретения  независимости  Казахстаном,  выхода  в  свет  Закона  «О  языках»,  где 
казахскому  языку  был  присвоен  статус  государственного  языка,  законотворчество  и 
делопроизводство  перешло  на  казахский  язык.  На  начальном  этапе  для  оформления  официальных 
352


текстов  не  было  достаточно  терминов.  Неоценимый  вклад  в  деле  формирования  словаря  деловой 
лексики  сыграли  ученые  Академии  наук  Республики  Казахстан,  практики-переводчики 
государственных органов, организаций, специалисты-профессионалы разных отраслей экономики.Но 
до  сегодняшнего  дня  встечаются  трудности  при  создании  текстов  на  государственном  языке  от 
недостаточности  терминов  на  казахском  языке.  Вторая  проблема  возникает  при  переводе  текстовс 
русского  языка  на  государственный  язык.  Эта  трудность  возникают  прежде  всего  при  написании 
падежных  окончаний  у  существительных,  где  допускаются  ошибки  под  влиянием  грамматики 
русского языка. Например, в официальных текстах на казахском языке, которые были переведены с 
русского языка,при употреблении имен существительных, отвечающих на вопрос «қайда?»,в разных 
предложениях  в  одной  и  той  же  позиции  с  одним  и  тем  же  глаголом  допускаются  ошибки.  Эти 
словаупотребляются  то  в  форме  барыс  септік,  то  в  форме  жатыс  септік,  то  в  форме  шығыс  септік. 
Например:Эмблема, логотип или товарный знак (знак обслуживания) воспроизводится на бланке в 
соответствии  с  учредительными  документами  организации.  -  Эмблема,  логотип  немесе  тауар 
белгісі 
(қызмет 
көрсету 
белгісі) 
бланкіге 
ұйымның 
құрылтай 
құжаттарына 
сəйкес 
орналастырылады. 
В данном предложении слово «бланк» употреблено в форме барыс септік. Эмблема, логотип или 
товарный знак (знак обслуживания) не размещается на бланке с изображением Государственного 
Герба  РеспубликКазахстан.  –  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Елтаңбасы  бейнеленген 
бланкіде эмблема, логотип немесе тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі) орналастырылмайды. В 
этом предложении слово «бланк» употреблено в форме жатыссептік (это – ошибка, которую разберем 
ниже). 
Проекты  распорядительных  документов  и  другие  документы  по  их  подготовке,  изменения  к 
планам,  основания  к  приказам  помещаются  в  номенклатуре  дел  вслед  за  соответствующими 
основными  документами.  -  Өкімдік  құжаттардың  жобалары  жəне  оларды  дайындау  жөніндегі 
басқа  да  құжаттар,  жоспарларға  өзгерістер,  бұйрықтарға  негіздемелер  істер  номенклатурасына 
тиісті  негізгі  құжаттардың  соңынан  орналастырылады.  В  этом  предложении  вспомогательное 
слово «соңынан» употреблено в форме шығыс септік. 
В  трех  предложениях  глагол  «орналастырылады»,  от  которого  задается  вопрос  «қайда?  –  где?» 
управляет тремя разными падежами. Такое смешение происходит от того, что слова русского языка, 
отвечающие  на  вопрос  «где?»при  переводе  на  казахский  язык  отвечают  на  вопрос  «қайда?»  и 
«қайдан?».  В  казахском  языке  вопрос  «қайда?»  имеет  два  значения.На  вопрос  «қайда?»отвечают 
слова  в  форме  барыс  септік  и  жатыс  септік.  Данные  падежные  формы  различаются  по  значению. 
Слова в форме барыс септік имеют значение «направление действия», отвечают на вопрос «қайда?», 
имеющее 
значение 
«куда?».Слова 
в 
форме 
жатыс 
септікимеют 
значение 
«место 
выполнениядействия»,  которые  также  отвечают  на  вопрос  «қайда?»,  но  имеютзначение  «где?».  На 
вопрос  «қайдан?/қайда?»  -  «откуда?  где?»  отвечают  слова  шығыс  септік,  имеющие  значение 
«откуда/где выполняется действие». 
Употребление глаголов, отвечающих на вопрос «где?» - «қайда? 
Разберем на примерах какие же глаголыупотребляются со словами в форме барыс септік, а какие 
употребляются со словами в форме жатыс септік и шығыс сепік. Примеры приведены из «Типовых 
правил  документирования  и  управления  документацией  в  государственных  и  негосударственных 
организациях»  (далее  –  Типовые  правила),  утвержденные  приказом  Министра  культуры  и  спорта 
Республики  Казахстан  от  22  декабря  2014  года  №  144[1].  В  скобках  обозначены  номера  пунктов 
Типовых правил. 
Употребление глаголов с существительными в форме жатыс септік 
1. Баяндалу 
В  констатирующей  части  (преамбуле)  кратко 
излагаются  цели  и  задачи,  факты  и  события, 
послужившие 
основанием 
для 
издания 
приказа(44). 
Айқындаушы  (кіріспе)  бөлікте  бұйрықты 
шығаруға  негіз  болған  мақсаттар  мен  міндеттер, 
фактілер мен оқиғалар баяндалады (44). 
2. Бейнелену 
Государственный  Герб  Республики  Казахстан 
изображаетсянабланке 
документа 
государственной  организации  в  соответствии  с 
требованиями, 
установленными 
законодательными актами Республики Казахстан 
о 
государственных 
символах 
Республики 
Казахстан(18). 
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік 
Елтаңбасы 
ұйымның 
құжат 
бланкісінде 
Қазақстан 
Республикасының 
мемлекеттік 
рəміздері  туралы  Қазақстан  Республикасының 
заңнамалық  актілерінде  белгіленген  талаптарға 
сəйкес бейнеленеді(18). 
3. Дайындалу  
Письма  организации  готовятсяна  бланке:4) 
Ұйымның хаттары бланкіде: 
353


как  сопроводительные  письма  к  различным 
документам(94). 
4)  əртүрлі  құжаттарға  ілеспе  хат  ретінде 
дайындалады 
(94). 
4. Жасалу 
Внутренние документы, за исключением 
распорядительных документов, составляются на 
белых листах бумаги(17). 
Өкімдік құжаттардан басқа, ішкі құжаттар ақ 
қағазда жасалады(17). 
Заголовок к тексту документа менее 10 строк, 
а также к документу, оформленномуна бланке 
формата А5, не составляется(31). 
10  жолдан  аз  мəтінге,  сондай-ақ  А5 
форматтағы 
бланкіде 
жасалған 
құжатқа 
тақырып қойылмайды (31). 
6. Жүзеге асырылу 
Выдача 
бланков, 
подлежащих 
защите, 
производится  под  расписку  в  соответствующих 
регистрационных 
учетных 
формах, 
предусмотренных 
ведомственными 
инструкциями организаций(94). 
Қорғауға 
жататын 
бланкілерді 
беру 
ұйымдардың  ведомстволық  нұсқаулықтарында 
көзделген  тиісті  тіркеу-есепке  алу  нысанында 
қол қойылып жүзеге асырылады (94). 
7. Жүргізілу 
Учет 
печатно-бланочной 
продукции, 
подлежащей защите, в том числе с изображением 
Государственного Герба Республики Казахстан, и 
выдача  ведется  в  журнале  учета  и  выдачи 
печатно-бланочной 
продукции, 
подлежащей 
защите,  по  форме  согласноприложению  14  к 
настоящим Типовым правилам(93). 
Қорғауға  жататын,  оның  ішінде  Қазақстан 
Республикасының 
Мемлекеттік 
Елтаңбасы 
бейнеленген  баспа-бланк  өнімдерін  есепке  алу 
жəне оларды беру қорғауға жататын баспа-бланк 
өнімдерін есепке алу мен беру журналында осы 
Үлгілік  қағидалардың  14-қосымшасына  сəйкес 
нысанда жүргізіледі(93). 
8. Қалыптастырылу 
Трудовые  договоры  формируются  в  составе 
личных  дел  или  отдельно  в  алфавитном  порядке 
фамилий работников(141). 
Еңбек  шарттары  жеке  істердің  құрамында 
немесе  қызметкерлер  тегінің  əліпбилік  ретімен 
жеке қалыптастырылады(141). 
9. Қолданылу 
Термин  «документы»применяется  также  в 
заголовках  дел,  содержащих  документы  – 
приложения к какому-либо документу(124). 
«Құжат»  термині  қандайда  бір  құжаттың 
қосымшасы 
бар 
істер 
тақырыптарында 
қолданылады
(124). 
10. Көрсетілу 
На 
документах, 
не 
требующих 
дополнительных 
указаний, 
предписываемых 
действий и имеющих типовые сроки исполнения, 
в резолюции указывается исполнитель, подпись 
автора резолюции, дата(30). 
Қосымша нұсқауларды, тапсырмаларды қажет 
етпейтін  жəне  орындалуының  үлгілік  мерзімдері 
бар  құжаттардың  қарарларында  орындаушы, 
қарар  авторының  қолтаңбасы,  күні  көрсетіледі 
(30). 
11.Сақталу 
После 
завершения 
в 
делопроизводстве 
документы  до  передачи  в  архив  организации  в 
течение  одного  года  хранятся  в  делах  по  месту 
их формирования(160). 
Іс  қағаз  жүргізу  аяқталғаннан  кейін  құжаттар 
ұйымның 
архивіне 
тапсырылғанға 
дейін 
қалыптастырылған  орны  бойынша  істерде  бір 
жыл бойы сақталады(160). 
Употребление глаголов с существительными в форме барыс септік 
1. Басылып шығарылу 
Документ  на  казахском  языке  и  создаваемый 
аутентичный  документ  на  русском  или  ином 
языке  печатаются  каждый  на  отдельных 
бланках  (отдельных  листах)  и  оформляются 
едиными реквизитами(8). 
Қазақ  тіліндегі  құжат  жəне  орыс  тілінде 
немесе  өзге  тілде  жасалатын  теңтүпнұсқалы 
құжаттың  əрқайсысы  жеке  бланкiге  (жеке 
параққа) 
басылып 
шығарылады 
жəне 
бірыңғай деректемелермен ресімделеді (8). 
2.Қойылу 
Резолюция  располагается  в  верхней  части 
первого листа документа на свободном от текста 
месте
(30). 
Қарар  құжаттың  бірінші  парағына,  оң  жақ 
жоғарғы  бөлігіндегі  мəтіннен  бос  орынға 
қойылады
(30). 
 
Употребление однокоренных глаголов с существительными в форме барыс и жатыс септік 
1. Жазу (управляет формой барыс септік) 
Делопроизводитель  записывает  на  обложке 
дела 
название 
организации, 
название 
структурного подразделения и другие данные. 
Іс  қағаз  жүргізуші  істің  мұқабасына 
ұйымның  атауын  жəне  құралымдық  бөлімшенің 
атауын тағы басқа деректерді жазады. 
2. Жазылу (управляет формой жатыс септік) 
354


В  совместных  приказах  указывается  полное 
наименование 
должностей 
совместно 
подписывающих лиц (44). 
Бірлескен  бұйрықтарда,  бірлесіп  қол  қойған 
тұлғалардың  лауазымдарының  атаулары  толық 
жазылады
(44). 
Сокращенное  наименование  организации, 
филиала  (представительства)  приводится  в  том 
случае,  когда  оно  закреплено  в  учредительных 
документах,  и  размещается  в  скобках  ниже 
полного наименования(20). 
Ұйымның, 
филиалдың 
(өкілдіктің) 
қысқартылған  атауы  ол  құрылтай  құжаттарында 
бекітілген  жағдайларда  ғана  келтіріледі  жəне 
толық атауынан төмен жақша ішінде жазылады 
(20). 
3. Орналасу ( управляет формой жатыс септік) 
Реквизиты  на  бланках  располагаются  в 
определенной 
последовательности 
в 
соответствии 
со 
схемой 
расположения 
реквизитов  документа  согласно  приложению  1 
к настоящим Типовым правилам (9). 
Бланкіде  құжат  деректемелері  осы  Үлгілік 
қағидалардың 
1-қосымшасында 
көрсетілген 
құжат  деректемелерінің  орналасу  схемасына 
сəйкес орналасады (9). 
Внешнее 
согласование 
документа 
оформляется  грифом  согласования,  который 
располагается 
в 
левом 
нижнем 
углу 
последнего листа документа (36). 
Құжаттысырттайкелісукелісугрифіменресімде
леді,  ол  құжаттың  соңғы  парағының  сол  жақ 
төменгі бұрышында орналасады (36). 
4. Орналастырылу (управляет формой барыс септік) 
Гриф  ограничения  доступа  проставляетсяв 
верхнем правом углу первого листа с указанием 
номера экземпляра (27). 
Қол  жетімділікті  шектеу  грифі  құжаттың 
бірінші  парағының  жоғарғы  оң  жақбұрышына 
орналастырылады (27). 
Отметка  об  исполнителе  документа  включает 
сокращенное  слово  «Исп.»,  инициал  имени  и 
фамилию  исполнителя  документа,  номер  его 
телефона, в том числе внутреннего, при наличии 
-  адрес  электронной  почты  и  располагается  на 
лицевой или оборотной стороне последнего листа 
документа в левом нижнем углу (39). 
Құжаттың 
орындаушысы 
туралы 
белгі 
«Орынд.»  деген  қысқартылған  сөзді,  құжатты 
орындаушының  атының  бас  əрпін,  тегін,  оның 
телефон  нөмірін,  оның  ішінде  ішкі  нөмірін,  бар 
болған  жағдайда  электрондық  поштасының 
мекенжайын  қамтиды  жəне  бұл  құжаттың  соңғы 
парағының оң немесе сыртқы бетінің төменгі сол 
жақ бұрышына орналастырылады 
(39). 
5. Ресімдеу (управляет формой барыс септік) 
Протокол, составленныйвнутри организации и 
не 
выходящий 
за 
ее 
пределы, 
может 
оформляться не на бланке 
(45). 
Ұйым  ішінде  жасалған  жəне  оның  шегінен 
шықпайтын  хаттаманы  бланкіге  ресімдемеуге 
болады (45). 
Первые 
руководители 
организаций, 
их 
заместителимогут  оформлять  резолюцию  на 
отдельном  бланке  (фишке)  с  указанием  под 
подписью  лица,  наложившего  резолюцию, 
входящего  регистрационного  номера,  даты 
поступления и отметки о реквизитах документа, к 
которому 
относится 
резолюция 
(автор, 
исходящий номер и дата документа) (30). 
Ұйымдардың  бірінші  басшылары,  олардың 
орынбасарлары  қарарды,  қарар  қойған  тұлғаның 
қолтаңбасының астына кіріс тіркеу нөмірін, келіп 
түскен  күнін  жəне  қарарға  тиесілі  құжаттың 
деректемелері  туралы  белгілерді  (авторды, 
құжаттың  шығыс  нөмірі  мен  күні)  көрсете 
отырып  жеке  бланкiге  (фишкаға)  ресімдей 
алады
(30). 
6. Ресімделу ( управляет формой жатыс септік) 
В  случае  оформления  таблицы  на  двух  и 
более страницах, графы таблицы нумеруются, со 
второй  страницы  указываются  только  номера 
этих граф (33). 
Егер  кестелер  екі  жəне  одан  да  көп 
парақтаресімделсе, 
кестелердің 
бағандары 
нөмірленеді,  екінші  парақтан  бастап  осы 
бағандардың нөмірлері ғана көрсетіледі (33). 
7. Тіркеу (управляет формой барыс септік) 
Делопроизводительрегистрирует  обращения 
физических  и  юридических  лиц  (предложения, 
заявления,  жалобы,  отклики  и  запросы)  в  РКФ 
(регистрационно-контрольных формах) в день их 
поступления в организацию (57). 
Іс  қағаз  жүргізуші  жеке  жəне  заңды 
тұлғалардың 
өтініштерін 
(ұсыныстарын, 
арыздарын,  шағымдарын,  лебіздерін  жəне  сұрау 
салуларын)  ұйымға  келіп  түскен  күні  ТБН-ға 
(тіркеу-бақылау нысанына) тіркейді 
(57). 
8. Тіркелу (управляет формой жатыс септік) 
Приказы  по  основной  деятельности,  по 
личному  составу  регистрируются  отдельно  в 
соответствующих  журналах  (базах  данных) 
(44). 
Негізгі қызмет бойынша, жеке құрам бойынша 
бұйрықтар тиісті журналдарда (дерекқорларда) 
жеке тіркеледі (44). 
Документы, 
поступающие 
в 
адрес 
структурных 
подразделений 
организаций, 
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің атына 
келіп  түсетін  құжаттар,  құрылымдық  бөлімше 
355


переписка 
за 
подписью 
руководства 
структурного  подразделения  регистрируетсяв 
соответствующих  структурных  подразделениях 
(73). 
басшылығы  қол  қойған  хат  алмасулар  тиісті 
құрылымдық бөлімшелерде тіркеледі (73). 
Употребление глаголов с существительными в форме шығыс септік 
1. Нумероваться 
Фотографии,  чертежи,  диаграммы  и  другие 
иллюстративные  и  специфические  документы, 
представляющие  самостоятельный  лист  в  деле, 
нумеруютсяна  оборотной  стороне  в  левом 
верхнем углу(4)-151). 
Істе  жеке  парақты  құрайтын  фотосуреттер, 
сызбалар,  диаграммалар  жəне  иллюстративті 
жəне  ерекше  құжаттар  сыртқы  жағынан  сол 
жақ жоғары бұрышынан нөмірленеді (151- 4)). 
2. Располагаться  
При  этом  заголовки  дел,  содержащих 
постановления 
и 
приказы 
вышестоящих 
организаций, 
располагаются 
перед 
заголовками
 дел с приказами организации (125). 
Бұл  орайда  жоғары  тұрған  ұйымдардың 
қаулылары  мен  бұйрықтарын  қамтитын  істердің 
тақырыптары  ұйымның  бұйрықтары  бар  істер 
тақырыптарының алдынан орналасады (125). 
Проекты  распорядительных  документов  и 
другие документы по их подготовке, изменения к 
планам,  основания  к  приказам  помещаются  в 
номенклатуре  дел  вслед  за  соответствующими 
основными документами (125). 
Өкімдік  құжаттардың  жобалары  жəне  оларды 
дайындау 
жөніндегі 
басқа 
да 
құжаттар, 
жоспарларға  өзгерістер,  бұйрықтарға  негіздер 
істер 
номенклатурасында 
тиісті 
негізгі 
құжаттардың соңынан орналасады (125). 
 
Употребление глаголов с существительными в форме көмектес септік 
Печататься  
Текст  документа  печатается  на  пишущей 
машинке через полтора межстрочных интервала 
или  при  помощи  устройств  компьютерной 
техники  размером  14  шрифта  Times  New  Roman 
через один межстрочный интервал (33). 
Құжат мəтіні жазу машинкасымен бір жарым 
жоларалық  интервал  арқылы  немесе  компьютер 
техникасының  құрылғылары  көмегімен  мөлшері 
14  Тіmеs  New  Roman  қарпімен  жоларалық  бір 
интервал арқылы басылады(33). 
Нет необходимости в тексте на казахском языке такие сочетания как «на 3 листах, в 1 экземпляре» 
употреблять  в  форме  жатыс  септік.  Это  сочетание  не  передает  значение  «место  выполнения 
действия», которое присуще словам в форме жатыс септік. Они употребляются в форме атау септік. 
Например: 
Приложение: на  3  листах  в  1  экземпляре  на 
казахском языке(34). 
Қосымша: 3 парақ, 1 дана, қазақ тілінде (34). 
Если  обнаруживается  некомплектность  или 
повреждение  документа,  то  на  нижнем  поле  его 
последнего листа, а также в РКФ проставляются 
соответствующие  отметки  и  составляется  акт 
произвольной формы в трех экземплярах (53). 
Егер  құжат  түгел  болмаса  немесе  бүлінгені 
анықталса,  оның  соңғы  парағының  төменгі 
жиегіне,  сондай-ақ  ТБН-ға  тиісті  белгілер 
қойылады  жəне  еркін  нысанда  үш  дана  акт 
жасалады(53). 
Опись  дел  составляется  в  двух  экземплярах, 
один  из  которых  передается  вместе  с  делами  в 
архив  организации,  а  второй  –  остается  в 
качестве 
контрольного 
в 
структурном 
подразделении (171). 
Істер  тізімдемесі  екі  дана  жасалып,  оның 
біреуі істермен бірге ұйымның архивіне беріледі, 
ал  екіншісі  –  бақылау  ретінде  құрылымдық 
бөлімшеде қалады(171). 
Перевод прилагательных 
В официальных текстах возникают трудности не только при написании падежных окончаний, но и 
при переводе русских прилагательных на казахский язык. 
Возникает  это  от  того,  что  русские  прилагательные  на  казахский  язык  переводятся  четырьмя 
способами:  
1. в форме ілік септік,  
2. с суффиксом -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік, 
3. с суффиксом -лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті, 
4. без суффикса, без окончаний. 
Например,  как  перевести  словосочетание  «тендерная  документация»:  тендер  құжаттамасы, 
тендерлік құжаттама, тендерлі құжаттама или тендер құжаттама? 
Ответ: тендер құжаттамасы. 
Нужно  разграничить  значения  прилагательных,  чтобы  выбрать  нужную  форму  при  переводе  на 
казахский язык. 
Разберем на примерах. 
356


Например,  словосочетания  «штатное  расписание,  печатно-бланочная  продукция»  имеют 
предметное  значение:  это  -  расписание  штата  организации,  бланки  для  печати,  поэтому  при 
переводе данных словосочетаний используется форма ілік септік. 
Например: 
В 
организации, 
в 
которой 
штатным 
расписанием  не  предусмотрено  структурное 
подразделение,  осуществляющее  функции  по 
документационному  обеспечению  управления, 
эти  обязанности  возлагаются  на  ответственное 
должностное лицо(4) . 
Штат  кестесінде  басқаруды  құжаттамалық 
қамтамасыз  ету  жөніндегі  функцияларды  жүзеге 
асыратын  құрылымдық  бөлімше  көзделмеген 
ұйымда  бұл  міндеттер  жауапты  лауазымды 
тұлғаға жүктеледі(4). 
Планы,  отчеты,  сметы,  лимиты  и  штатные 
расписания  формируются  в  соответствующие 
дела  того  года,  на  который  или  за  который  они 
составлены,  независимо от  даты  их  составления, 
утверждения или поступления(143). 
Жоспарлар, есептер, сметалар, лимиттер жəне 
штат кестелері олар жасалған, бекітілген немесе 
түскен күніне қарамастан, қай жылға немесе қай 
жыл  үшін  жасалған  болса,  сол  жылдың  тиісті 
істерінде қалыптастырылады (143). 
Учет 
печатно-бланочной 
продукции, 
подлежащей защите, в том числе с изображением 
Государственного Герба Республики Казахстан, и 
выдача  ведется  в  журнале  учета  и  выдачи 
печатно-бланочной 
продукции,  подлежащей 
защите,  по  форме  согласно  приложению  14  к 
настоящим Типовым правилам (93). 
Қорғауға  жататын,  оның  ішінде  Қазақстан 
Республикасының 
Мемлекеттік 
Елтаңбасы 
бейнеленген  баспа-бланк  өнімдерін  есепке  алу 
жəне оларды беру қорғауға жататын баспа-бланк 
өнімдерін  есепке  алу  мен  беру  журналында  осы 
Үлгілік  қағидалардың  14-қосымшасына  сəйкес 
нысанда жүргізіледі (93). 
Относительные 
прилагательные 
«нормативный, 
правовой, 
банковский, 
финансовый, 
административный, территориальный, типовой» имеют предметное значение с оттенком признака, 
поэтому употребляются с суффиксами: -лық/-лік, -дық/-дік,-тық/-тік. Например: 
Словесно-цифровой  способ  написания  даты 
используется  в  нормативных  правовых  актах, 
правовых  актах,  протоколах,  банковских  и 
финансовых 
документах, 
документах 
касающихся прав и законных интересов граждан, 
при  ссылке  на  нормативные  правовые  акты  и 
оформляется  следующим  образом  «05  апреля 
2014 года» (23) . 
Күнді 
сөз 
бен 
цифртəсілімен 
жазу 
нормативтік  құқықтық,  құқықтық  актілерде, 
хаттамаларда, 
банктік 
жəне 
қаржылық 
құжаттарда, 
азаматтардың 
құқықтары 
мен 
мүдделерін 
анықтайтын 
құжаттарда, 
нормативтік 
құқықтық 
актілерге  сілтеме 
жасағанда  қолданылады  жəне  «2014  жылғы  05 
сəуір» деп ресімделеді (23). 
Если  содержание  дела  касается  одной 
административно-территориальной 
единицы 
(населенного 
пункта), 
ее 
(его) 
название 
указывается в заголовке дела (7)-124) 
Егер  істің  мазмұны  бір  əкімшілік-аумақтық 
бірлікке (елді мекенге) қатысты болса, онда істің 
тақырыбында оның атауы көрсетіледі(124-7)). 
В  словосочетании  «законные  интересы»  прилагательное  «законные»  имеет  значение  признака, 
используется с суффиксами: -лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті. Например: 
Словесно-цифровой  способ  написания  даты 
используется  в  документах,  касающихся  прав  и 
законных
 интересов граждан(23). 
Күнді  сөз  бен  цифр  тəсілімен  жазу 
азаматтардың  құқықтары  мен  заңдымүдделеріне 
қатысты құжаттарда қолданылады (23). 
Прилагательные  «входящая,  исходящая,  графитовый»  словосочетаний  «входящая  документация, 
исходящая  документация,  графитовый  карандаш»  в  казахском  языке  являются  прилагательными 
без  суффиксов«шығыс,  кіріс,  графит»,  такими  как  в  сочетаниях  «күміс  қасық,  металл  шкаф,  ағаш 
есік».  Поэтому  существительные  «құжат,  хат-хабар,  қарындаш»  в  сочетании  с  данными 
прилагательными употребляются без всяки, х окончаний. Например: 
Не допускается употребление в заголовке дела 
неконкретных 
формулировок 
(«разные 
материалы»,  «общая  переписка»,  «исходящая 
корреспонденция»«входящие  документы»),  а 
также вводных слов и сложных оборотов(2)-124). 
Істің 
тақырыбында 
нақты 
емес 
тұжырымдарды  («əртүрлі  материалдар»,  «жалпы 
хат  алмасу»,  «шығыс  хат-хабарлар»,  «кіріс 
құжаттар» жəне басқалар) сонымен қатар кіріспе 
жəне оралымы күрделі сөздерді қолдануға рұқсат 
етілмейді (124-2)). 
Прохождение  внутренних  документов  на 
этапах  их  подготовки  и  оформления  должно 
соответствовать 
прохождению 
исходящих 
документов,  на  этапе  исполнения  –  входящих 
документов(68). 
Ішкі  құжаттардың  өтуі  оларды  дайындау  мен 
ресімдеу  сатыларында  шығыс  құжаттардың 
өтуіне, 
ал 
орындалу 
сатысында 
кіріс 
құжаттардың өтуіне сəйкес болуға тиіс (68). 
Листы 
нумеруются 
черным, 
мягким, 
графитовым 
карандашом

цифры 
Парақтар 
қара, 
жұмсақ, 
графит 
қарындашпен
  нөмірленеді,  цифрлар  парақтың 
357


проставляются  в  правом  верхнем  углу  листа 
(150). 
оң жақ жоғарғы бұрышына қойылады (150) . 
Выводы 
При  переводе  предложений  с  русского  языка  на  казахский  язык  для  определения  падежного 
окончания  существительного  недостаточно  задать  вопрос  от  русского  глагола,  так  как  не  всегда 
вопросы  падежных  форм  двух  языков  совпадают.  Необходимо  еще  определить  значение 
глаголаиспользуемое  в  казахском  преложении.  Так,  например,  от  глаголов:  баяндалу,  бейнелену, 
дайындалу,  жасалу,  жүзеге  асырылу,  жүргізілу,  қалыптастырылу,  қолданылу,  көрсетілу,сақталу 
задается  вопрос  «қайда?  –  где?»  со  значением  «место  выполнения  действия»,который  требует 
употребления существительного в форме жатыс септік. 
От  глаголов:  басылып  шығарылу,  қойылузадается  вопрос  «қайда?  –  где?»  со  значением 
«направление  выполнения  действия»,  который  требует  употребления  существительного  в  форме 
барыс септік. 
Вызывают  сомнения  и  трудности  употребление  существительных  с  глаголами:  жазылу, 
ресімделу,тіркелу.  
При  употреблении  в  предложении  глаголов  «ресімдеу,  тіркеу,  жазу»  в  форме  основного 
залогаподразумевается  субъект  (или  он  есть),  который  выполняет  действие,  направленное  на 
объект.  Объект-существительное  употребляется  в  форме  барыс  септік.  Здесь  сомнений  быть  не 
может.  Например,  Оформите  приказ  на  бланке.  -  Бұйрықты  бланкіге  ресімдеңіз.  Зарегистрируйте 
акт  в  журнале.  -  Актіні  журналға  тіркеңіз.  Напишите  фамилию  в  анкете.  -  Тегіңізді  анкетаға 
жазыңыз. 
Но при употреблении глаголов»ресімделу, тіркелу, жазылу» с суффиксами страдательного залога 
«-л-/-ыл-»  где  в  предложении  нет  и  не  может  быть  субъекта  выполнения  действия,  который 
направлял бы свои действия. Значение глаголов меняется на «действие, которое выполняется само по 
себе в определенном месте», требующее употребления существительного вформе жатыс септік. 
Например:Акт  оформляется  на  бланке.  -  Акт  бланкіде  ресімделеді.  Приказ  регистрируется  в 
журнале. - Бұйрық журналда тіркеледі. Персональные данные работника записываются в анкете. - 
Жұмыскердің дербес деректері анкетада жазылады. 
Но  здесь  еще  кроется  и  другое  значение:  действие,выполняется  само  по  себе  в  определенном 
месте,  при  специальном  направлении  его  в  это  место.  Сомнение  вызывает  именно  этот 
дополнительный оттенок направления в значении, который требует употребления существительного 
в форме барыс септік.  
Например:  Акт  оформляется  на  бланке.  -  Акт  бланкіге  ресімделеді.  Приказ  регистрируется  в 
журнале. - Бұйрық журналға тіркеледі. Персональные данные работника записываются в анкете. - 
Жұмыскердің дербес деректері анкетаға жазылады. 
Таким  образом,  с  глаголами  «ресімделу,  тіркелу,  жазылу»  в  форме  страдательного  залога 
существительные могут употребляться и в форме барыс септік и форме жатыс септік. 
Такой пример мы можем встретить и в Типовых правилах. Например: 
 
В 
целях 
обеспечения 
сохранности 
и 
закрепления  порядка  расположения  документов, 
включенных  в  дело,  все  его  листы,  в  том  числе 
резолюции,  составленные  на  отдельном  листе 
(фишки) нумеруются (150). 
Іске 
енгізілген 
құжаттардың 
сақталуын 
қамтамасыз  ету  жəне  орналасу  тəртібін  бекіту 
мақсатында  оның  барлық  парағы,  оның  ішінде 
жеке 
парақтарға 
ресімделген 
қарарлар 
(фишкалар) нөмірленеді (150). 
(в форме барыс септік) 
Подпись документа включает: 
1) 
наименование 
должности 
лица, 
подписавшего 
документ, 
официальное 
наименование  структурного  подразделения  или 
организации  (если  документ  оформлен  не  на 
бланке) (35). 
Құжатта қойылған қолға: 
1)  құжатқа  қол  қойған  тұлға  лауазымының 
атауы, құрылымдық бөлімшенің немесе ұйымның 
ресми 
атауы 
(егер 
құжат 
бланкіде 
ресімделмеген  болса)  (35).  (в  форме  жатыс 
септік) 
Глагол  «орналасады»  имеет  значение  «место  выполнения  действия»,  поэтому  требует 
употребления существительного в форме жатыс септік (см. пример выше).  
А  глагол  «орналастырылады»  с  суффиксами  өзгелік  етіс  «-тыр-»  и  ырықсыз  етіс  «-ыл-»  имеет 
значение «направление выполнения действия» и поэтому требует употребления существительного в 
форме барыс септік (см. пример выше).  
Глаголы,  употребляющиеся  с  вспомогательными  словами  «басы,  алды,  ортасы,  аяғы,  соңы» 
управляют формой шығыс септік (см. пример выше). 
При переводе прилагательных русского языка на казахский язык опять же необходимо обращать 
внимание на значение прилагательного. 
358


Существуют четыре способа перевода русских прилагательных на казахский язык: 
1)  предметное  значение  прилагательного  передаетсяпри  помощи  формы  ілік  септік:  штатное 
расписание -штат кестесі; 
2) предметное значение с оттенком признака при помощи суффикса «-лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-
тік»: нормативный документ - нормативтік құжат; 
3) значение признака с помощью суффикса «-лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті»:законные интересы – заңды 
мүдделер; 
4) чистое прилагательное без суффиксов, без окончаний: исходящий документ –  шығыс құжат. 
Все  перечисленные  трудности  возникают  от  того,  что  официальные  документы  являются 
аутентичным переводом с русского языка. При составлении официальных текстов на казахском языке 
предложения  так  бы  не  стpоились,  для  передачи  мысли  использовались  бы  совершенно  другие 
глаголы  и  не  было  бы  смешения  падежных  форм.  На  примерах,  приведенных  выше,  можно 
убедиться, что система склонения в казахском и русском языках не идентичная. 
Согласно  пункту  8  Типовых  правил  текст  официального  документа  должен  составляться  на 
казахском языке, с которого создается аутентичный перевод на любой другой язык. 
 
 
Еркегалиева Г.  
Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты 
 
Синтаксистік синтагма – білім беру философиясындағы  
филологиялық герменевтиканың  құрамдас бөлігі 
 
Қазақстан  егеменді  ел  болып,  тəуелсіздігіміздің  ширек  ғасырына  аяқ  басқан  тұста  қоғамдағы 
мəдени,  əлеуметтік  өзгерістер  жаңа  деңгейге  көтеріле  бастады.  Қоғамдағы  кез  келген  өзгеріс  білім 
беру  саласында  да,  ұрпақ  санасында  да  көрініс  тауып,  өз  əсерін  тигізері  анық.  Сол  себептен  білім 
беру  мазмұнында  жаңа  бағыттар,  жаңа  көзқарастар  мен  парадигмалар  пайда  болып,  оларды  жүзеге 
асырудың тиімді жолдары іздестірілуі – заңды құбылыс. Осыған орай оқыту-тəрбиелеу ісін таңдаған 
ЖОО студенттері болашақ мұғалімдерге де заман талабы артып отыр. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың 
2017  жылдың  31  қаңтарында  жарияланған  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бəсекеге 
қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге 
тиіс.  Біздің  міндетіміз  –  білім  беруді  экономикалық  өсудің  жаңа  моделінің  орталық  буынына 
айналдыру.  Оқыту  бағдарламаларын  сыни  ойлау  қабілетін  жəне  өз  бетімен  іздену  дағдыларын 
дамытуға бағыттау қажет», – делінген[1]. Яғни, ЖОО-да маман даярлауда ескеретін жайттардың бірі 
–жаңашыл  идеялар  бастамашысы  бола  алатын,  бəсекелестікке  қабілетті,  жан-жақты,  өзін-өзі 
дамытуға дайын, шығармашылық қабілеті шыңдалған, кəсіби құзіретті тұлға қалыптастыру. 
ХХІ ғасырда білім беру ұғымына деген көзқарас əлем бойынша өзгеріп, білім беру ісі мемлекеттің 
өркендеуінің негізгі қозғаушы күшінің біріне айналып отыр. Сол себептен бұрын тек педагогикалық 
категория  болып  саналған  «білім  беру»  ұғымы  бүгінгі  таңда  əлеуметтік  құбылыс  ретінде  де 
қарастырылып  зерттелуде.  Білім  беру  əлеуметтану,  психология,  экономика,  мəдениеттану, 
философия сияқты көптеген ғылымдардың ортақ зерттеу нысанына болып отырғаны да белгілі.  
Қазіргі  білім  берудегі  негізгі  мақсат  –  білім,  білік,  дағдыларды  қалыптастырып  қана  қою  емес, 
жеке тұлғаның əлеуметтік маңызды іс-əрекетке қатысуы үшін қажетті қабілеттерін дамыту. Осыған 
орай  қазіргі  отандық  педагогикалық  парадигмалар  «білімді  адам»  парадигмасынан  «өмірге 
бейімделген,  шығармашылық  тұрғыдан  ойлай  алатын,  белсенді,  өзін-өзі  дамытуға  қабілетті 
адам»парадигмасына  ауысты.  Бұл  адамға  білім  беріп,  білік,  дағдыны  меңгерту  жеткілікті  деген 
көзқарастың орнына адам тек дайын білімді меңгеріп, оны шығармашылықпен практикада  қолдана 
алмаса, өзін-өзі үздіксіз жетілдіруге бейім болмаса, қоғам талабына жауап бере алмайды деген түсінік 
қалыптастырып  отыр.    Сондықтан  білім  беру  процесі  үнемі  мақсаттан  нəтижеге  бағытталуы  керек, 
яғни, білім алушыға дайын білім бермей,  игерген білімін өмірде қолданудың жолдарын меңгертіп, 
оны өздігінен əрі қарай дамыта білу дағдысын қалыптастыру керек.  
Білім  беру  –  күрделі  процесс.  Біз  оқытатын  білімнің  мазмұны  мен  өмір  сүру  жағдайының 
арасында  алшақтық  болмауы  керек.  Алынған  білім  шынайы  өмірде жан-жақты  қолданылғанда ғана 
оқыту,  білім  беру  ісі  нəтижелі  болғаны.  Осы  орайда  ЖОО-да  қазақ  тілі  сабақтарында  синтаксисті 
меңгертуде  синтагманы  оқыту  арқылы,  соның  нəтижесінде  сөйлеу  əрекеті  кезінде  білім  алушының 
синтагмалық  кідірістерді  дұрыс  тауып,  дұрыс  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыруға  болатындығына 
назар аудартқымыз келеді. Өйткені тіл сабақтарының негізгі мақсаттарының бірі – білім алушының 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыру,  тілдік  қатынасын  дамыту.    Яғни,  ауызша  жəне 
жазбаша  тілде  сөйлем  құрау,  сөзді  дұрыс  таңдау  тəсілдерін  үйрету,  оқу  материалдары  бойынша 
дискурсқа  қажетті  дағдыларды  меңгерту.  «Ана  тілі  сабақтарын  оқытуда  тек  тіл  жүйелерін,  құрғақ 
359


грамматиканы білдіруді ғана көздемей, оларды дұрыс сөйлеуге, көрікті ойды көркем, ұтымды айтуға, 
мəнерлеп оқуға баулу керек. Тілдің коммуникативтік қызметін дұрыс түсініп, оған қоғамдық өмірдің 
жоғары  талаптары  тұрғысынан  қарап  білім  бергенде  ғана  тіл  мəдениетін  арттыруға  көмектескен 
боламыз»[2].  
Педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор  Ф.Ш.Оразбаева  тілдік  қатынастың  негізгі  мəні, 
мазмұны болып табылатын хабарға қатысушылар екенін айта келіп, олар: баяншы, қабылдаушы жəне 
олардың  арасындағы  ақпаратты  жеткізетін  тілдік  бірліктер  деп  жіктейді.  Сондай-ақ  ғалым  тілдік 
қатынастың  бірнеше  кезеңнен  тұратынын  атап  көрсетеді.  Олар:  хабардың  пайда  болуы,  хабардың 
сыртқа  шығуы,  хабардың  жеткізілуі,  хабардың  қабылдануы,  хабардың  жауабы.  «Тілдік  қатынасты 
жүзеге  асыратын  сөйлеу  əрекетіне  қажетті  сыртқы  дүниедегі  жайттар  адам  санасына(баяншының) 
əсер етіп, ойда қорытылып, хабар пайда болады, одан соң санадағы пайымдау, ой, хабар тіл арқылы 
ауызша  не  жазбаша  түрде,  сөйлемдер  арқылы  сыртқа  шығады.  Сөйлеу  əрекетінің  келесі  сатысы  – 
хабардың  қабылдануы,  келген  хабарды  түсіну  есту,  көру,  оқу,  тыңдау  арқылы  жүзеге  асады»[3]. 
«Сөйлеушінің  коммуникативтік  діттемін  тыңдаушының  аңғара  білуі  диалогтің  ойдағыдай  өтуін 
қамтамасыз  етеді.  Коммуникативтік  интонация  мəтінге,  яғни,  вербалды  деңгейге  дейін,  сөз 
тыңдаушыға  жеткенге  дейін  қалыптасады.  Əдетте  тыңдаушы  айтылып  жатқан  сөз  ағымынан 
қалыспай,  айтылған  сөздің  мəнін  ой  елегінен  өткізіп  үлгереді  де,  сөйлеушінің  коммуникативтік 
тұспалын (интенциясын) «шешеді». Бұл жерде тілдік, психологиялық, биологиялық, физиологиялық 
процестер асқан шапшаңдықпен қатарлас жүреді»[4,45]. 
Н.Уəли  автордың, яғни, баяншының «нені айтсам», «қалай айтсам», «кімге айтсам» деген мəтіндік 
құрылымға дейінгі ой жүзіндегі сөзі тілдік таңбалар арқылы объективтеніп, мəтін түзілетіндігін, бірақ 
коммуникация  аяқталмайтындығын  айта  келе:  «Коммуникация  мəтінді  оқырман  қабылдаған  соң, 
автордың идеясын, нені айтқанын, қалай айтқанын, кімге айтып отырғанын, не мақсатпен айтқанын 
игерген  соң  аяқталады»,  –  дейді[4,33].  Сондай-ақ  тілдік  қатынастың  мақсатына  жетуінде  маңызды 
рөл  атқаратын  нəрсе  баяншының  тіл  бірліктерін  орынды  жұмсай  білуі  десек  қателеспейміз.  Тілдің 
жүйелік  табиғатын  тап  басып  тани  білген  А.Байтұрсынұлы:  «Ауыздан  шыққан  сөздің  бəрі  сөйлем 
бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық дəрежеде түсінікті болып айтылған сөздер ғана 
сөйлем болады», – деген болатын[5].  
Көңілдегі көрікті ойды көркем тілмен жеткізе білу де, өзгенің айтқанын түсіне білу де, түсінгенін 
баяндай біліп, қарым-қатынас орната білу де –  философиядағы мəтіндерді талқылаудың теориясын 
зерттейтін  филологиялық  герменевтиканың  қарастыратын  өзекті  мəселелері.  Ғалымдар 
герменевтиканың  негізгі  басты  əдіснамалық  ұстанымдарының  бірі  ретінде  Шлейермахер,  Гегель 
сияқты  философтар  негізін  салып  кеткен  герменевтикалық  шеңберді  атап  көрсетеді.  Оны  былай 
түсіндірген  жөн:  бүтінді  түсіну  үшін  бүтіннің  жекелеген  бөлшектерін  тауып,  түсіну  керек,  алайда 
жекелеген  бөлшектерді  түсіну  үшін  бүтіннің  мəн-мағынасынан  хабарымыз  болуы  шарт.  Яғни,  сөз 
фразалық контекст шеңберінде, фраза абзац көлемінде, ал абзац мəтін шеңберінде түсінікті болады. 
Ал мəтіннің толық мазмұны осы аталған сөз, фраза, абзацтар арқылы түсініледі. Мəтінді оқушы осы 
шеңбердің  аясында  хабарды,  ойды  қабылдағанда  ғана  филологиялық  герменевтиканың  басты 
феномені  болып  саналатын  тіл  мен  ойлаудың  байланысы  жүзеге  асады.  Кез  келген  сөйлем,  мəтін, 
шығарма  қабылдаушы  (оқырман  не  тыңдарман)  оның  бөлшектерін  түсінген  кезде  ғана  толық 
интерпретацияланады десек, қателеспейміз.  
 
Герменевтикалық  шеңбер  сөйлемді,  мəтінді  интерпретациялау  барысындағы  үздіксіз  процесс 
болса,  «герменевтикалық  үштік»  деп  аталатын  автор-мəтін-қабылдаушы  арасындағы  байланыс  осы 
шеңбердің  қозғаушы  негізі  болады.  Филологиялық  герменевтикадағы  басты  тұжырым  –  мəтінді 
толық  түсіну  оның  бөлшегін  түсініп  алмай  мүмкін  емес  деген  қағида.  Ал  герменевтикада 
қарастырылатын  басты  мəселе  –  мəтінді  түсінбеу.  Бұл  жағдай    жоғарыда  аталған  қағиданы 
ескермеген  кезде  орын  алады.  Мəтін  талдаудың  теориялық  жəне  практикалық  мəселелерін 
қарастыратын  филологиялық  герменевтика  саласын  зерттеуші  ғалымдардың  пікіріне  сүйенсек, 
түсініксіз мəтін болмайды, тек мəтінді түсінбеуші ғана болады. Герменевтикадағы осы мəселенің бір 
шешімі  –  мəтіндегі  синтаксистік  синтагмаларды  дұрыс  тауып  оқу.  Ғалымдардың  пікіріне  сүйене 
отырып,  қосарымыз:  хабарды  жеткізу  мақсатында  баяншының  санасындағы  ауызша  не  жазбаша 
түрде жарыққа шыққан тілдік бірліктерді қабылдаушы естіп немесе оқығанымен,  автордың айтайын 
деген  ойын  түсініп,  қабылдау  үшін  сөйлемдердегі  синтаксистік  синтагмаларды  дұрыс  таба  білудің 
маңызы  жоғары  деп  ойлаймыз.  Сондықтан  қазақ  тілі  сабақтарында  сөйлем  мен  мəтін  туралы 
теориялық  мəлімет  берумен  шектеліп  қана  қоймай,  білім  алушыларға    сөйлемдегі,  мəтіндегі 
синтагмаларды таба білуді үйреткен жөн. Өйткені сөйлемдегі синтагмаларды  дұрыс тауып, олардың 
автор(баяншы)
мәтін
оқырман(қабылдаушы)
360


ара жігін ажырата білу автордың айтар ойын дұрыс ұғуға, идеясын жете түсінуге көмектеседі. Қорыта 
келе  айтарымыз,  филологиялық  герменевтиканың  əлеуметтік  мақсаттарының  бірі  –  адамдардың 
əртүрлі  жағдаяттағы  коммуникациясына  көмектесу.  Олай  болса,  филологиялық  герменевтиканың 
құрамдас  бөлігі  болып  саналатын  синтаксистік  синтагманы  оқыту  бүгінгі  күні  кезек  күттірмейтін 
өзекті тақырып болып қала бермек. 
 
Əдебиет:  
1.
  http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-nnazarbaevtyn-kazakstan-
halkyna-zholdauy-2017-zhylgy-31-kantar 
2.
  Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. - Алматы, 1971. – 340б 
3.
  Оразбаева Ф. Тіл əлемі. - Алматы, 2009. – 368б. 
4.
  Уəли Н. Қазақ сөз мəдениетінің теориялық негіздері: филол. ғыл. докт... дис.: 10.02.02. – Алматы, 2007. – 
329 б.  
5.
  http://ikitap.kz/reader/axmet_bajtursynuly_alty_tomdyq_shyharmalar_zhinahy_iii   _tom# 
 
 
Шормақова А. 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі  
институтының докторанты 
 
Қазақ тіліндегі өсімдік əлемінің зерттелуі 
 
Адам  баласы  ерте  заманнан-ақ  табиғаттың бір  бөлшегі  өсімдіктер дүниесімен  тығыз  байланыста 
өмір  сүріп  келеді.  Дəрілік  шөптерді  жинап,  оны  халықтық  медицинада  қолданудың  тарихы  өте 
тереңде жатыр. Зерттеушілердің анықтауынша, адамның ауруға, аштыққа төзімділігін арттыру үшін 
Шығыс Азия халықтары шай ішсе, Орталық Америка халықтары какао, Оңтүстік Америка халықтары 
мате жапырақтарын, ал ондағы Амазонка тұрғындары гуараны пайдаланған. Біздің дəуірімізге дейінгі 
460-377  жылдары  өмір  сүрген,  медицинаның  атасы  саналатын  əйгілі  грек  дəрігері  Гиппократтың 
еңбегінде  230  дəрілік  өсімдіктің  атауы  келтірілген  екен.   Біздің  дəуірімізден  4000  жыл  бұрын 
мысырлықтар  дəрілік  өсімдіктердің  80-нен  астам  түрін,   3000  жыл  бұрын  қытайлықтар   230  түрін 
білген.  Б.з.д. 2600  жылдары жазылған Қытайдың алғашқы дəрілік шөптер туралы кітабында (Бень 
Цао)  900  дəрілік  өсімдік  сипатталған.  Кейін  Əбу  Əли  ибн  Сина  өз  еңбегінде  900-дей  дəрілік  затты 
пайдалану  жолын  жазған.  Испандық  Ибн  Байтер  оны  ары  қарай  толықтырып,   1400  өсімдік  түрін 
сипаттап көрсеткен[1].  
Біздің халқымыздың өмірі өсімдіктермен тығыз байланысты, себебі қазақтың тарихи қалыптасқан  
дəстүрлі  шаруашылық  көшпелілікке  негізделген  мал  шаруашылығы  екені  белгілі.  Мал  жағдайына 
байланысты  шығысы  мен  батысына  ұшқан  құстың  қанаты  талатын  ұлан-байтақ  жерде  көшпенді 
ғұмыр кешкен қазақ қауымы осы өлкелердегі өсімдіктерді де жақсы білгенін айта келіп, орыс ғалымы 
Ф.Щербина былай деп жазады: «Казах – превосходный ботаник: у него существует довольно сложная 
и  разнообразная  наменклатура  для  обозначения  разного  рода  растений  и  широкое  знакомство  с 
кормовым  значением  каждого  растения  для  разных  видов  скота  и  в  разные  времена  года...  Казахи 
вообще  умеют  превосходно  пользоваться  не  только  разными  видами  растений,  но  и  различными 
частями  степи  [2].  Малының  бабы  жер  түгіне  байланысты  болғандықтан:  шаруа  құлағы  жусанда;  
қараматау  болса,  тоқты  егіз  табар  т.с.с.  тұрақты  тіркестерді  қалыптастырған.  Табиғаттың  тепе-
теңдігін толық сақтап, оның əрбір құбылысы ғана емес, барлық жанды-жансызына ат қойып, айдар 
тағудағы тапқырлық таңдай қақтырмай қоймайды. Жердің төсін еміп, жемісін теріп жеген халықтың 
өсімдіктер əлемін зерттей бастауы қай уақыттан басталады? Биология, зоология секілді өсімдіктердің 
құрамын,  құрылысын  зерттейтін  салалар  өз  алдына,  қазақ  тіліндегі  өсімдік  атаулары  қалай 
жинақталды? 
1388-1476  жылдарда  өмір  сүрген  шипагер  Өтейбойдақ  Тілеуқабылұлының  «Шипагерлік  баян» 
атты атақты еңбегінде өсімдіктерден алынған 854 түрлі шипалық қасиеті бар емдік дəрілердің тізімі 
беріледі[3].  Бұл  кітап  –Шығыс  медицинасының  үлгісімен  жазылған,  бірнеше  ғылымдардың  басын 
біріктіретін, адам баласының ең басты байлығы денсаулықты сақтап, сырқаттарды емдеудің негізін 
қалаған  терең  де  тарихи  ғылымнама.  Қазақтың  халық  шипагерлігінің  осыдан  600  жылдай  бұрын 
сонау ХV  ғасырда Қазақ хандығы туын тіктеген кезден бастап-ақ ілім-ғылым  негізі қаланғанын қара 
үзген  шипагер  Өтейбойдақ  Тілеуқабылұлының  «Шипагерлік  баян»  атты  медициналық 
энциклопедиялық еңбегі айқындап берді.Шипагерлік баян халықпен қауышқанға дейінөсімдіктердің 
қазақша  атаулары  жөнінде  ақпарат  беретін  еңбек  Н.И.Анненковтың  1878  жылы  жарық  көрген 
 «Ботанический словарь» деген кітабы делініп келді. Өсімдіктердің қазақ тіліндегі халық атауларын 
жинап,  жариялауға  алғашқы  кезде  шетелдік  ботаник-ғалымдар   көп  еңбек  сіңірген.  Мəселен, 
И.В.Ларин  (1930),  Н.В.Павлов  (1947)   еңбектерінде  300-ге  жуық  өсімдік  атаулары  берілген.  Одан 
361


кейін оның саны «Орысша-қазақша сөздікте» (1954) жəне С.Арзымбетов (1955) пен Т.Мұсақұловтың 
(1959,  1960)  сөздіктерінде  толықтырыла  түскен.  9  томдық  «Қазақстан  флорасы»  (1956-1966)  деген 
кітапқа енген 5630 өсімдік   түрлерінің  350-нің  ғана  қазақша  атаулары  келтіріліпті.  Ал   1977 жылғы 
С.А.Арыстанғалиев  пен  Е.Р.Рамазановтың  «Қазақстан  өсімдіктері»  атты  кітабында   республикада 
өсетін  126  тұқымдастың,   1024  туыстың  жəне   5685  түрдің  қазақ  тіліндегі  атаулары  келтіріліп,  64 
тұқымдасқа  халық  атаулары  қабылданып,  25  тұқымдасқа  жаңа  атау  ұсынылған.   Одан  кейін  2002 
 жылы  С.Арыстанғалиев  «Қазақстан  өсімдіктерінің  қазақша-орысша-латынша  атаулары  сөздігінде»  
гүлді  өсімдіктердің   1022  туысы  мен  5647  түрінің  қазақ  тіліндегі  халықтық  жəне  ғылыми  атаулары 
келтірілген  [1].   30  томдық  «Қазақша-орысша,  орысша-қазақша  терминологиялық  сөздікте»,  15 
томдық «Қазақ əдеби тілінің сөздігінде», 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» жəне өзге де 
ғылыми  еңбектерде  өсімдіктердің  қазақ  тіліндегі  атаулары  біршама  жүйеленген.  Өткен  ғасырдың 
алғашқы жартысында жазылған Ілияс Жансүгіровтің «Жер түгі» деп аталатын 54 жолдық өлеңінде 30 
түрлі ағаш, 60-қа жуық шөптесін өсімдіктің атаулары кездеседі. Өздерінің туып-өскен жерлеріндегі 
өсімдіктер  дүниесін   К.Əзірбаев  «Шөп  аттары»,  Ж.Шантөбетов  «Қызылқұм  көрінісі»,  С.Мұсабеков 
«Шөлдің түгі» деген өлендерінде, ал Дулат Исабеков «Дермене» повесінде  жан-жақты жазады. 
Өсімдіктер əлемін терминологиялық тұрғыдан зерттеп, олар туралы сүбелі еңбектер жазып жүрген  
халық  емшісі,  тамыршы  Сейітқамза  Қалиевтың  Қазақ  тіліндегі  өсімдік  атаулары(1989),  Өсімдік 
атаулары. Орысша-қазақша сөздік (1993),Емдік рецептер энциклопедиясы (2010) т.б. еңбектері қазақ 
тіліндегі өсімдік атауларынан көп ақпарат береді. С.Қалиев: «Ботаник ғалымдарымыздың есептеулері 
бойынша, республикамыздың аумағында алты мыңнан астам өсімдік түрі бар делінеді. Оның 760-ы 
басқа ешбір жерде өспейтіні де дəлелденген. Демек, қазақ жерінде өсетін барлық өсімдіктің қазақша 
атауы бар деген сөз», – дейді. 
Жоғарыда  аталған  еңбектер  өсімдіктердің  атаулары  мен  олардың  емдік  қасиеттерінен  мол 
мағлұмат  береді.  Ал  өсімдіктердің  тілдік  сананың  терең  құрылымдарына,  тілдің  ғасырлар  бойы 
қордаланған  терең  қатпарларына    еніп,  төл  мəдениетімізбен  сіңісіп  кеткен  танымдық  қасиеті 
түгелдей  танылып  болды  деп  айта  алмаймыз.  Ұлттық  мəдениетіміздің  тіл  арқылы  сақталған 
«хабаршыларын»    этнолингвистикалық  арналардан    іздеп,  тауып,  лингвомəдени  тұрғыдан  талдап, 
зерделеп, зерттеудің қажеттілігі «тіл мен ұлт»«тіл мен мəдениет» сабақтастығындағы қағидаға сəйкес 
кешенді зерттеу қазіргі тіл білімінде аса өзекті.  
Біздің  ата-бабамыз  жер  бедеріндегі  өсімдік  дүниесіне  тым  ерте  кезден  көңіл  бөліп,  əрбір  шөпті 
танып, біліп қана қоймай, оның малға жұғымды-жұғымсыздығын, жарамды-жарамсыздығын ажырата 
білудің  өмірлік  мəні  болғанын  зерделей  білген.  Бұл  халықтың  ұлттық  танымын  көрсетеді.  Ұлттық 
мəдениеттің ерекшелігін, құпия-сырын, табиғатын ашу тіл жайындағы онтологиялық көзқарасты  сол 
халықтың  жан  дүниесімен,  тарихымен,  ой-танымымен,  мəдениетімен  тығыз  байланыста  қарауды 
қажет етеді.  Тіл мен мəдениеттің өзара байланысы тіл ғылымында ерекше мəнге ие. Екі фактордың 
тоғысында  пайда  болған  тілдік  деректер  ұлт  мəдениетін  немесе  ұлт  тарихын,  халықтың  қоғамдық 
өмірін бейнелеп қана қоймай, сол халықтың сөздік байлағының көрсеткіші бола алады. Мəдениеттің 
мəні  тілдің  ішкі  мазмұнында  сипатталады.  Ол  –  адам  еңбегінің  нəтижесі  арқылы  қоғамда  тілдің  əр 
деңгейінде көрініс тауып, өзіндік зор мазмұнға ие болады. Тіл – тек қарым-қатынас пен ойлау құралы 
емес, мəдениеттің өміршеңдігін танытатын кумулятивті қызметі бар құрал. Тілді мəдениеттің негізгі 
бір категориясы ретінде танып, қазақ лексикасындағы заттық мəдениет атауының сипатын сөз еткен 
ғалым  Ж.Манкеева:  «мəдениетті  тілден  бөліп  алып  қарамаймыз.  Тіл  мəдениеттің  бір  көрінісі.  Ол 
екеуінің  арақатынасы  ерекше  де  маңызды.  Кез  келген  мəдениеттің  түрлері,  атаулары  тіл  арқылы 
бейнеленіп,  кумулятивтік  қызмет  арқылы  көрінетіні,  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізілетіні    белгілі»  [4],  – 
деп көрсетеді.  
Өсімдік атауларында халықтың  сан ғасырлық тарихы, ұлттық танымы көрініс тапқан: бетегеден 
биік,  жусаннан    аласа;  кендірмен  байлама,  жыңғылмен  айдама,  кендірмен  байласаң,  жыңғылмен 
айдасаң, мал бітер деп ойлама; қарағайға қарап тал өсер, құрбысына қарап бала өсер; т.б. да аталы 
сөздер  –  осының  дəлелі.  Демек,  «өсімдіктер  əлемін»  ұлттық  мəдениетіміздің  ерекше  бір  көрініс 
беретін,  «қазақ  даласын»  танытатын  сүбелі  саласы  деп  толықтай  айта  аламыз.  Өйткені  əр  тілдің 
өкілдері əлемді өз тілі арқылы танып, қабылдайды.  Əлемнің бейнесі – адамның дүниетанымындағы 
негізгі  элемент,  адамның  шынайы  əлемді  қабылдауы,  оның  тілдік  əрі  шынайы  бейнесі,  адамның 
өмірлік іс-əрекетінің белгісі. Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша тілдік сана халықтың тарихи-
мəдени, рухани тəжірибесі мен салт-дəстүрін өзіне сіңіреді. Онда  белгілі бір халықтың немесе тілдік 
топтың  ұлттық  ерекшелігі  тұжырымдалған.Тілдің  танымдық  қасиетін  тіл  табиғатынан,  тіл 
болмысынан, тілдік бірліктердің астарынан көруге болады. Мəселен қазақ тіліндегі мақал-мəтелдер, 
фразеолизмдер,  қанатты  сөздер,  дисфемизмдер,  табу  сөздер  т.б.  тілдік  бірліктердің  лексика-
семантикалық  мазмұнының  астарында  қазақ  халқының  сан  ғасырлық  дүниетанымы  мен  өмірлік 
тəжірибесіне  қатысты  танымдық  ақпараттар  берілген.  Əсіресе,  тілімізде  қалыптасқан  тұрақты 
тіркестер  халықтың  саяси-əлеуметтік  өмірінің,  дүниетанымы  мен  кəсібінің,  тарихының  айнасы 
362


іспеттес.  Мысалы  ағаш  атауларынан  қалыптасқан:  қара  емендей  қасқаю;  емендей  мықты;  қияда 
өскен  шынардай;  шынардай  тік;  көк  шыбықтай  солқылдау;  кескен  теректей  құлады;  мүйізі 
қарағайдай т.б. тіркестер, немесе бұталы өсімдіктердің атауларынан қалыптасқан: мойны ырғайдай; 
тауға біткен ырғайдай; көзі қарақаттай; тобылғыдай берік т.б. тіркестер, сонымен қатар шөптесін 
өсімдіктер атауларынан қалыптасқан: кəрі қыздай жабысты; бетегеден биік, жусаннан аласа; гүлді 
өсімдік  атауларынан  қалыптасқан:  аршыған  жауқазындай;  меңдуана  жегендей;  шытыр  жеген 
сиырдай т.б. тұрақты тіркестер тілімізде өте көп.  
Əсіресе,  халықтық  дүниетанымды  тілдегі  алғыс  пен  қарғыс  мəнді  сөздерден  айқын  аңғаруға 
болады. Қазақ тілегінде: көсегең көгерсін; қадамыңа гүл бітсін; өркенің өссін; құшағың гүлге толсын 
десе,  қарғысында:  көктей  солғыр;  жүрген  жеріңе  шөп  шықпасын;  жолыңа  жуа  бітсін;  жуадай 
солғыр дейді. Бұл да халықтық танымда өсімдіктердің зор мəнге ие екендігінің бір көрсеткіші болса 
керек.  Тек  соларды  этнолингвистикалық  арналардан    іздеп,  тауып,  лингвомəдени  тұрғыдан  талдап, 
зерделеп,  зерттеп,  концептілік  талдау  жасау  арқылы,  өз  халқымыздың  дүниетанымдық  əлеміндегі 
ақпараттармен  танысуға  мүмкіндік  аламыз.  Өйткені  тіл  əлемнің  ұлттық  мəдени  көрінісін  жүзеге 
асырады, вербалдандырады, сақтайды, ұрпақтанұрпаққа жеткізуді қамтамасыз етеді.  
 
Əдебиет: 
1.
  Ержанұлы Е.Өсімдіктердің төл атауын қалпына келтіруге бола ма? // Qazaq Alemi. 
2.
  Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы Шипагерлік баян //Wikipedia ашық энциклопедиясы. 
3.
  Щербина Ф. Киргизская народность в местах крестьянских поселений. - СПб., 1905. – С. 26-28. 
4.
  Манкеева Ж. Қазақ тіліндегі этномəдени атаулардың танымдық негіздері. – Алматы, 2010. – 382 б. 
 
 
Абиыр Қ.  
Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты 
 
Жер-су атауларының қызметі 
 
Жалқы есімдерге тарихтың қатынасы – олардың адам өмірімен жан-жақты байланыста болуында. 
Бұл тарихи дамудың алғашқы кезеңінен бастап-ақ, өмірге деген қажеттіліктен туындаған. Сондықтан 
болса керек, дəуір жəне адам танымының деңгейі атаулардан көрінеді. Жер-су аттары-ғасырлар бойы 
жасалып,  лингвомəдени  сипатқа  ие  болады,  географиялық  атаулар  да  тілдегі  мақал-мəтел,  тұрақты 
тіркестер  тəрізді  даяр  күйінде  жеткен  бірліктер.  Қоғамда  топоним  жасауға  деген  қажеттілік 
болғанымен, халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған атаулары өзгертуге келе бермейді, өйткені ол 
атауларда  сол  жердің  айрықша  белгілері    жайында  ұлттық  дүниетанымдық  ақпарат  сақталады. 
Т.Жанұзақовтың пайымдауынша: «Жеріміздегі мыңдаған атаулардың шығу, пайда болу, дамып өсуі – 
бір ғана дəуірге тəн емес, талай ғасыр, тарлан дəуірлердің куəсі, біздің заманға жеткен бай қазына, 
асыл  мұрасы.  Қазіргі  қазақ  жерінде  сақталған  сан  қилы  тарихи  оқиғалардың  болып  өткені,  бұл 
қасиетті  де  құдіретті  жерімізді    талай  ұлыс,  тайпа,  ел,  халықтың  жайлап  мемлекет  құрып,  ғұмыр 
кешкендігі  тарихтан  мəлім»  [1,  140].  Осыған  орай,  Г.Б.Мадиева  қазіргі  тіл  ғылымында  жер-су 
атауларының  табиғатын  тану  мен  оны  теориялық  жақтан  ұғыну  үшін  олардың  атқаратын  қызметін 
анықтау маңызды болып отыр деп есептейді [2, 93].  
Жалқы есімдер, оның   жер-су  атаулары  жүйесі бойынша  зерттеулерге қарағанда,  топонимдердің 
атқаратын қызметі туралы бірегей пікір байқалмайды. А.В. Суперанскаяның пайымдауынша, жалқы 
есімнің арнайы ерекше қызметі жоқ. Олардың негізгі грамматикалық қызметі – сөйлемде бастауыш 
пен  толықтауыш  болу,  негізгі  лексикалық  қызметі  –  атау.  Бұл  функциялар  қолданылу  аясы  мен 
ерекшелігіне  қарамастан,  жалпы  есімдер  тəрізді  жалқы  есімдерге  де  тəн  [3,  276].  Жалқы  есімнің 
«арнайы  қызметі»  болмағанымен,  оның  басты  қызметі  атауыштық  қызмет  екені  жайында 
зерттеулердің  бəрінде  дерлік  айтылады.  «Сөз  затты  немесе  құбылысты  атайды,  ұғымды  білдіреді, 
онда  белгілі  мағына  болады.  ...  Сөздер  заттар  мен  құбылыстарды,  сапа  мен  белгіні,  іс-əрекет  пен 
қимылды  жəне  т.б.  атайды,  солардың  атаулары  ретінде  қызмет  атқарады.  Сөздің  бұл  қызметі  – 
номинативті (атау болу) қызметі» [4, 63]. К.Д.Каймулдинованың пайымдауынша, адамзат қоғамының 
дамуы  барысында  адам  өзін  қоршаған  ортадағы  географиялық  нысандарға  ат  беруге  тырысты.  Бұл 
адамның  жергілікті  мекен  ортасына  бейімделуінің  бір  көрінісі  болатын.Уақыт  өте  келе,  қойылған 
атаулар тұрақтанған, ал кейбіреулері тарихи жағдайларға байланысты жойылып, ұмыт болып кетеді. 
Осылайша,  географиялық  нысандардың  сипатын  бейнелейтін  атау  сөздердің  тобы  оқшаулана 
бастайды, яғни,топонимдену (топонимизация) үдерісі жүреді [5, 10]. 
Географиялық  атаудың  пайда  болуы  жалпы  түсініктің  нақтыланғандығын  көрсетеді,  өйткені 
бұрын  Су  деп  атап  жүрген  өзенді  Сарысу,  Ұзынсу,  Қызылсу  деп  атау  өзеннің  жеке  ерекшеліктерін 
байқатып, объект туралы неғұрлым нақты түсінік қалыптастырады. Сонымен, топонимнің пайда болу 
себебінің  өзі  күнделікті  қажеттіліктен  келіп  туындайды.  Атауларда  адамның  өмір  сүру  ортасын 
363


шаруашылық жағдайына қарай игеруі мен кеңістікте бағдар алуы үшін ондағы нысан туралы қажет 
білім жинақталады. Белгілі аймақта ұқсас нысан болған жағдайда оларды ажырату үшін нақтылау да 
қажет. Олай болса, топонимнің басты қызметі бірегей нысанды оған ұқсас нысаннан бөліп көрсету 
болып табылады [5,10-11]. Белгілі нысанға берілген атау – номинация,ол көптеген факторларға əсер 
етеді.  Нақтылы  нысанға  берілген  атау  екіншілік  номинация,  енді  ол  жалпы  есімге  тəн  сипаттан, 
жалқы  есімге  тəн  жаңа  қасиетке  ие  болады.  Мысалы,  көл  –  халықтық  термин,  апеллятив,  көл 
апеллятиві арқылы жасалған: Алакөл, Жаркөл, Шөптікөл, Көлбастау, Бескөл, Көлащы, Құбыкөл т.б. 
–əрқайсысы сол өзі атау болған нысанның ерекшелігін танытып, нақты ақпарат береді. В.А.Никонов 
топонимнің бұл қызметін адрестік қызмет деп атайды [6].     
Н.В.  Подольская  топонимдердің  жоғарыда  аталған:  атау-салыстыру-жекелеу  қызметтерін  бөліп-
жармай біртұтас қарастыру керек деп есептейді [7, 145]. Бұл қызметтердің əрқайсысы ономастикалық 
қызмет  болғанымен,  бірінен-бірі  туындайтыны  анық,  олардың  бəріне  тірек  –номинативті  қызмет. 
А.В.Суперанская  географиялық  объектіні  əлеуметтік  сипаты  мен  қажеттілігіне  қарай  тіркеуді 
топонидердің  ерекше  қызметі  санайды[3].  Географиялық  нысанды  əлеуметтік  тіркеу–  олардың 
қоғамдық  қолданысы,  белгілі  нысан  түріне  қатысы,  оған  сілтеу  т.б.  Əлеуметтік  тіркеу  –  жалқы 
есімнің  туысқандық  қатынас,  шығу  тегі,  нысанның  əлеуметтік  деңгейі  туралы  дерек  береді  [2,  94].  
«Оңтүстік  Қазақстанның  топонимиялық    кеңістігі»  еңбегі  авторлары:  «Аймақтық  топонимдердің 
өзіндік  ерекшелікпен  қалыптасуына  мынадай  негізгі  үш  фактор  əсер  етеді:  географиялық, 
этномəдени,  тарихи  əлеуметтік.  Осы  үшеуі  диалектілік  процесс  үстінде  бірлікте  болады»  [8,  211],– 
деп  есептейді.  Этномəдени  фактор  географиялық  фактормен  тығыз  байланысты,  себебі  этностың 
негізгі кəсібі оның шаруашылығына қатысты пайда болады жəне соларға қатысты салт-дəстүр, əдет-
ғұрып  белгілі  географиялық  ортада  қалыптасады,  географиялық  орта  оларға  алғышарт  жəне  негіз 
болады.  Сол  себепті  жер-су  атаулары  этнос  дүниетанымының  көрінісі,  этнотаным  туралы  ақпарат 
жиынтығы  болып  табылады.  Жер-су  атауларының  семантикасы  туралы  сөз  болғанда  зерттеушілер, 
алдымен, атау мазмұны арқылы берілген энциклопедиялық дерек туралы айтады. Мұны нысандардың 
экстралингвистикалық байланысына негізделген жəне қатысым əрекетінде атауды қатыстыруға қажет 
болатын  нысан  туралы  деректер  жиынтығы  деп  түсінуге  болады  [9,  328].  Ю.В.Бромлей  халықтың 
қалыптасуы  мен  дамуына,  оның  материалдық  мəдениетінің  саларымен  қатар,  жер-су  атауларының 
пайда  болуына  географиялық  ортаның  тікелей  де  жанамалай  да  əсер  еткен  көріністерін  атаулардан 
байқаймыз деп есептейді [10, 170]. Жер-су атауларын қалыптастырушы этномəдени фактордың бірі – 
жергілікті  халықтың  наным  сенімдері,  бұның  аймақтық  топонимиядағы  нақты  көрінісі  əулие 
саналатын  жер-су  нысандары.  Агиотопоним  аталатын  мұндай  атаулар  қазақ  жерінің  əр  аймағында 
кездеседі де, аңыздармен байланысып жатады. Осындай атаулардың бірі – Жетісу гидронидерімдері 
жүйесіне қосылатын Сексенбай бұлағы. «Сексенбай ата бұлағы» Ақсу ауданында Молалы ауылдық 
округінің  Алажиде    станциясынан  өткенде,  жолдың  оң  жағында,  халыққа  жасалған  əділетсіздікпен 
күресіп  өткен  батыр  атына  қойылған.  Халықтың  түсінігі  бойынша,  адал  ниетімен  тəуіп  етіп 
келушілерге көмектеседі, сондықтан келушілер ақтық байлап аттанады [11, 19]. Наным-сенімдердің 
негізінде  туындаған  микротопонимдер  жергілікті  халықтың  мифологиялық,  діни,  этнотанымдық 
көзқарастары  мен  түсініктерінен  хабардар  етеді,  сонымен  қатар  аймақтық  топонимиялық  ғалам 
бейнесінің  бір  үзігі  болып  табылады  [12.  67].  Бұл  тұрғыдан  алғанда,  топонимдердің  қызметі  тілдің 
магиялық жəне реттеуіштік қызметтерімен байланысып жатады. 
Сөйтіп,  тіл  адам  баласының  қарым-қатынас  қажеттілігі  үшін  жаратылса,  топоним  сол  қарым-
қатынас құралы қажетіне байланысты пайда болған. Мұндағы қажеттілік белгілі нысан туралы білім 
алу,  ол  білім  нысанға  таңылған  атау  мазмұнында  болады.  А.Байтұрсынұлы:  «Сөз  өнері  адам 
санасының үш негізіне тіреледі: ақылға, қиялға, көңілге. Ақыл ісі – аңдау, яғни, нəрселердің жайын 
ұғыну,  тану,  ақылға  салып  ойлау,  қиял  ісі  –  меңзеу,  яғни,  ойдағы  нəрселерді  белгілі  нəрселердің 
тұрпатына,  бейнесіне  ұқсату,  бейнелеу,  суреттеп  ойлау;  көңіл  ісі  –  түю,  талғау.  Тілдің  міндеті  – 
ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға 
жарау» [13, 242], – деп, тілдің қарым-қатынас құралы болумен қатар, дүниетаным қызметіне де назар 
аудартады. Когнитивтік бағыттағы зерттеулер тілдің ақиқат болмыс туралы білімді сақтап, жеткізуші 
қызметін  ескере  отырып,  тілдік  категориялар  мен  олардың  құрылымдарын  жаңаша  сипаттауға 
мүмкіндік  береді.  О.Жұбаева  грамматикалық  категориялардың  антропозектілігіне  байланысты 
зерттеуінде:  «Тіл  –  таным  құралы  болса,  таным  –  ақиқат  болмыстың    ойдағы  көрінісі  болып 
табылады,  сол  арқылы  білім  қоры  жинақталып,  ақпарат  қабылданады.  Тіл  таным  нəтижесінде 
түзілген  əлем  туралы  біліммен,  оның  адам санасындағы  көрінісімен  тығыз  байланысты  болады.  Ой 
сөз  арқылы  көрініс  табады»[14,12-13],–  дейді.  Адамның  осы  танымдық  əрекеті  ақиқат  болмысты 
тануға,  қоршаған  ортаны  түйсініп,  жинақтаған  білімдер  негізінде  əлемдегі  орнын  түсінуге 
бағытталады.  Адам  қашан  да  əлемді  танып,  ондағы  өз  орнын  айқындауға  талаптанады.  Тіл  – 
сөйлеушілердің  дүниетаным  ерекшеліктерін  бейнелейтін  құрал  ерекше  ұлттық  ділдің  көрсеткіші, 
мəдениеттің  негізі.  Адамның  когнитивті  қызметінің  нəтижесінде  тіл  қоршаған  орта  туралы  əсерді 
364


ғана  жинақтап  қоймайды,  сонымен  қатар  халықтың  зерттеушілік  ойларын  да  жеткізіп,  халықтық, 
ұжымдық этномəдени санасында қалыптасқан ғалам бейнесін сақтайды[14,12-13].  
Ежелгі  өркениет  иелері  өз  тіршілігін  өмір  сүрген  кеңістікті,  қоршаған  ортаны  танып,  зерделеп, 
қоғам мүшелерінің қажеттілігіне сай игеріп отырған. қандай да бір кеңістікті танып, онда қоныстану 
қай  халықтың  болмасын  ұлттық  менталитетін  қалыптастыруда  айрықша  роль  атқарады.  Ақиқат 
геокеңістікті  қабылдау  туралы  адам  түсінігі  де  ерте  замандардан  бастап  қарапайым-тұрмыстық, 
архаикалық  көрнекті  сипаттан  эволюциялық  даму  арқасында  ғылыми,  жоғары  абстрактілі  деңгейге 
дейін  жетіп  отыр.  Жер-су  атауындағы  лингвистикалық  жəне  экстралигвистикалық  факторлардың 
үйлесім  табуы  тіл  мен сананың,  тіл  мен  кеңістіктің  байланысын  айқын байқауға  мүмкіндік   береді. 
Адамзат  санасының  оянып,  қоршаған  ортаны  танудағы  алғашқы  қадамдары  оның  өзі  қоныстанған 
қоршаған ландшафтағы дала, тау, өзен, сай, ормандардың алдымен бір бөлшегін танып игеріп, барған 
сайын  кеңейте  түскендігінен  көрінеді.  Қоршаған  ортаны  игеруді  адам  алғаш  сол  жерді  өз 
қажеттілігіне сай пайдаланып, ат беріп, бірінен-бірін айырып, жіктеуден бастаған. Б.Тілеубердиевтің 
тұжырымынша,  «Топонимдерді  этнос  дүниетанымының,  психологиясының,  рухани  жəне 
материалдық  дүниесінің  тілдік  қөріністері  арқылы  ғаламның  тілдік  бейнесін  жасайтын,  «кеңістік» 
концептісін құрайтын ононмастикалық бірлік деп тану керек» [15, 139]. 
 Қ  Рысберген  «Жалпы  топонимиялық  деректерді  географиялық  кеңістік  туралы  халықтық 
түсініктерді  білдіретін  дискретті  кеңістікте  «шашыраңқы»  орналасқан  тілдік  бірліктерден  құралған 
мəдени мəтін ретінде қарастыру қажет» [16, 16], – деп есептейді. Топонимдік ақпараттың түрлеріне: 
тілдік, ғылыми, этномəдени, əлеуметтік, тарихи деректік ақпарат жатқызылады.  
Мекен-жайлық ақпарат  –  кез  келген  атаудың  ең басты  тілдік  əрі  əлеуметтік  қызметі.  Елді  мекен, 
қала,  көше  аты,  теңіз,  көл,  ауыл  т.б.  топонимдік  нысанның  Жер  шары  кеңістігінде  орналасуын 
білдіретін тілдік белгі –идентификатор деп аталады.  
Тілдік  ақпарат–    топонимдердің  семантикалық  құрылымы,  сөзжасамдық  (топонимжасамдық)  
құрылымы, фонетикалық сипаты, этимологиясы, уəжі т.б.  
Этномəдени ақпарат – атау уəжіндегі этностың қоршаған ортаны игеру барысында қалыптасатын 
дүниетанымы, кəсібі, шаруашылық типі, наным-сенімдері мен салт-дəстүрлерінен көрініс табуы. Бұл 
топқа жер-су атауларына қатысты аңыз-əңгіме мен мифтік мазмұндағы ақпарат түрлерін жатқызуға 
болады [16,16]. Топонимдердің қызметі осы ақпараттарға сүйенеді деуге болады.  
 Г.Б.Мадиева  топонимдердің  қызметі  ғана  емес,  жалпы  тіл  қызметінің  көлемі  толық  анықтала 
қоймағанын айтады [2,242]. Қазіргі лингвистика тілдің коммуникативтік, экспрессивтік, атауыштық, 
танымдық  қызметтеріне:  кумулятивтік,  магиялық,  ақпараттық,  фатикалық,  реттеуіштік, 
прагматикалық, эмотивті т.б. қызметтерін қосып жүр. Белгілі жағдайда бұл қызметтерді топонимдер 
де  атқарады.  Жалпы  алғанда,  топонимдердің  қызметі  тілдің  атқаратын  қызметі  мен  топонимдерді 
қалыптастыратын  факторлардан  туындайтыны  көрінеді.  А.Байтұрсынұлы  айтқандай,  «Тіл  қаруы– 
сөз», ал топоним– атау-сөз, сондықтан сөзге тəн қызмет атқарады. 
«Жер-судың  аты  –  тарихтың  хаты»  демекші,  жер-суға  қойылған  атаудың  қай-қайсысының  да 
себебі бар, ол халықтың дүниетаным деңгейімен, тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысып жатады. 
 
Əдебиет: 
1.
  Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы.- Астана, 2006.-Т.1.-400 б. 
2.
  Мадиева Г.Б., Иманбердиева С.Қ., Мадиева Д.Б. Ономастика: теориясы мен практикасы.-Алматы:Қазақ 
университеті, 2016.-192 б. 
3.
  Суперанская  А.В.  Семантика  собственных  имен//Общая  теория  имени  собственного.-М.,  1973.-  С.250-
255. 
4.
  Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-Алматы: Мектеп,1978.-494 б. 
5.
  Каймулдинова К.Д. Топонимика.- Алматы: Дəуір, 2011.-336 б. 
6.
  Никонов В.А. Имя и общество.-М.: Наука, 1974.- 278 с. 
7.
  Подольская Н.В. Словарь русской ономастической терминологии.-М., 1978.-198 с. 
8.
  Керімбаев  Е.А.,Тілеубердиев  Б.М.,  Дүйсенбі  Қ.Т.  Оңтүстік  Қазақстанның  топонимиялық  кеңістігі.-
Шымкент:Кітап, 2007.-352 б. 
9.
  Ратникова И.Э.Антиномия узуса и возможностей языка в ономастической семантике.-Минск:БГУ,1999.-
24 с. 
10.
 Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса.-М., 1973.-264 с. 
11.
 Сарбасова Қ.Б., Чукенаева Г.Т. Жетісу гидронимдері.-Талдықорған, 2011.-86 б. 
12.
 Тасполатов Б.Т. Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты: филол.ғыл. канд. ...дисс.- 
Алматы, 2010.- 148 б. 
13.
 Байтұрсынов А. Шығармалары: өлеңдер, аудармалар, зерттеулер.-Алматы: Жазушы,1989.-320 б. 
14.
 Грамматикадағы дүниенің тілдік бейнесі.-Алматы:Қазығұрт, 2014.-400 б. 
15.
 Тілеубердиев Б.М.Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік аспектілері.- Алматы: Арыс, 2006.- 280 б.
 
 
16.
  Рысберген Қ. Ұлттық ономастиканың лингвокогнитивтік негіздері.- Алматы:Дайк-Пресс, 2011.- 328 б. 
365


Бекназарова Ұ. 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда  
мемлекеттік университетінің докторанты  
 
Қазақ елін əлемге таныту жолы – көркем аударма 
 
Қазақ  көркем  əдебиеті  мен  оның  жан  жүрегі  болып  табылатын  тілінің  жүріп  өткен  жолы  аса 
мағыналы,  жемісті  жол  деуге  болады.  Өйткені  өз  тəуелсіздігімен,  егемендігімен  қайта  қауышқан 
қазақ  елі  туған  тілі  жəне  əдебиетінің  кешегі  тарихы  мен    бүгінгі  тағдырына  деген  көзқарастың 
арасында  жатқан  тарихи  жауапкершілікпен  елдік  мұраттың  айрықша  салмағын  саралай  білді.  Осы 
арқылы  біз  ұлттық  құндылықтарымыздың  бағасын  таразылаған,  мəңгілікке  қызмет  ететін  ұлттық 
идеяның өміршеңдігін аңғартқан туындыларды қазақ көркем əдебиетінің аса құнды мұрасы ретінде 
қабылдауға  тиіспіз.  Тілде  ұлттық  діл  болатыны  өз-өзінен  түсінікті,  дегенмен,  əлемдік  өркениетке 
қосылу үшін кез келген ұлт өз рухын басқа бір ұлтқа жеткізуге, түсіндіруге мүдделі болады. Ал ол 
əрекет сол тілдегі əдебиеттің өзгі тілге аударылуы арқылы орындалады. Бұл жөнінде: «Тəуелсіз елдің 
қай-қайсысында болсын линвомəдениетаралық қарым-қатынас ең алдымен мемлекеттік мəселе болып 
саналады. Осы қатынастың басты құралы – аударма», – дейді белгілі ғалым Ж.Жақыпов [1]. 
Аударма  іс-əрекетінің  өмір  сүруі  ұлт  тарихының  көне  қойнауымен  астарласып  жатады. 
Ғалымдардың пікіріне зер салсақ, өзге тілде жазылған шығармаларды түркі тіліне (оның ішінде қазақ 
тілі де бар) аудару жəне түркі тіліндегі шығармаларды өзге тілге аудару мəселелері орта ғасырдағы 
араб  түркітанушыларының  еңбегінен  бастау  алатын  көрінеді.  Сол  замандағы  түркі  тілдерін 
зерттеушілер  кей  сөздерді,  сөз  өрнектерін  араб  тіліне  қалай  жеткізу  керек  деген  мəселеге  кезі 
келгенде  назар  аударып  отырыпты.  Орта  ғасырда  өмір  сүрген  Араб  халифаты  тұсындағы 
ғалымдардың  басты  мақсаты  –  түркі  тілдерін  басқа  тілдермен  қарым-қатынасқа  түсіру,  араб  тілін 
түркі тілдеріне немесе керісінше қалай аударуға болады деген мəселеге із салу болса керек. Ресейге 
қосылмас  бұрын  Ұлы  Жібек  жолының  керуендері  басып  өткен  қазақ  жері  өзге  мəдениеттерден  де, 
тілдерден  де  хабардар  болған.  Делдалдар,  яғни,  тілмаштар,  осы  мəдениеттердің  арасындағы 
байланысты іске асырған. Сөйтіп, сол бір кездерден басталған бұл іс тарихи жолында дами келе осы 
күнгі халықаралық байланыстың, əсіресе Тəуелсіздікке кеше ғана қол жеткізген біздің еліміз үшін ең 
зəру құралына айналып отырған аударма мəселесіне тіреліп отыр. 
Аударма  –  бір  тілде  бейнеленген  мазмұнды  екінші  бір  тілге  əрі  дəл,  əрі  толық  қайталай 
бейнелейтін  тілдік  қыймыл[2].Тіл  ғалымдарының  деректерін  негізге  ала  отырып,  қазіргі  таңда 
дүниеде  2796  тіл  бар  екенін  ескерсек,  аударма  қызметінің  маңызды  екенін  білеміз.  Аударма 
əрқашанда  адамдар,  қауымдар,  халықтар  арасындағы  тəжірибе  алмасудың  дəнекері.  Аударма  сөз, 
əдебиет,  публистика ғылымдарының  ажырамас  бір  бөлігі,  əрі  халықты  рухани  жағынан дамытудың 
күшті  құралы.  Аударма  халықтың  мəдени  өмірінің  бір  саласы,  халықтар  арасындағы  үзілмейтін 
үрдістің  бірі.  Адамзат  аударма  арқылы  араласып  құралады.Аударма  бар  да,  оны  зерттейтін  ғылым 
бар. Бұның біріншісін екіншісінен бөліп алып қарауға болмайды жəне бұл – халықтың əдебиетін де, 
тілін де ортақ қамтитын, екеуінің бірінсіз жүзеге аспайтын ғылым.  
Қазақ тіліне жəне қазақ тілінен аудару заңдылықтары туралы жекелеген қарапайым топшылаулар 
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  «Түркістан  уалаятының  газеті»  мен  «Дала  уалайатының 
газетінде»  елеусіз  болса  да  бой  көрсете  бастаған.  Қазақ  зерттеушілері  аударма  тарихын  бірнеше 
кезеңдерге  бөліп  қарастыруды  ұсынады.  Соның  бірі  –  З.Тұрабеков  ұсынған  қазақ  аудармасының 
жіктелуінде: алғашқы дəуір VIII-XIV ғасырлар деп белгіленген, яғни,«қазақтардың əлі де жеке халық 
ретінде  қалыптаса  қоймаған,  олардың  түркі  халықтарының  құрамындағы  ру-тайпалық  одақтар 
ретінде өмір сүру кезеңі». Екінші кезең – қазақ тіліндегі алғашқы аудармалардың «Шығыстағы əдеби 
туындыларды  аударудың  басты  қағидасы  –  назира»  əдісімен  аударылу  кезеңі.  Үшінші  кезең  – 
Қазақстанның  Ресейге  қосылған  кезеңінен  ХХ  ғасырдың  басына  дейінгі  мерзім.  Төртінші  кезең  – 
қазақ аудармасы қарқынды дамыған Кеңестік кезең[3].   
ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  аудармада,  əсіресе  орыс  классикалық  əдебиеті  үлгілерін  қазақ  тіліне 
аудару ісінде едəуір тəжірибе жинақталған еді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Абай мен Ыбырай 
тəжірибелеріненбасталған  бұл  игі  дəстүр  жаңа  ғасырда  Ш.Құдайбердиев,  М.Сералин,  Б.Өтетілеуов, 
М.Құнанбаев  аудармаларымен,  басқа  да  оқыған  зиялы  азаматтардың  газет-журналдардағы 
тəржімаларымен толыға түскен еді.  
Абай  аудармаларының  тарихи-əлеуметтік  мəні  үлкен.  Өйткені  ең  алдымен  қазақ  жұртшылығы 
А.Пушкин,  М.Лермонтов,  А.Толстой,  Салтыков-Щедрин  тəрізді  дүниежүзілік  əдебиеттің  ірі 
тұлғаларымен  бірінші  рет  Абай  арқылы  танысты.  Өзінің  зор  талант,  асқан  шеберлігінің  арқасында 
орыстың  ұлы  ақындарының  еңбектеріндегі  идея,  əдеби  сұлулықты  қазақ  оқырмандарының  ой-
сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға қазақ халқының жүрегінен жылы орын əперді. Ал Абайды орыс 
тіліне аударуда»өз дəрежесінде аударылды десек, қателескен болар едік» дейді зерттеушілер. Өйткені 
366


ақынөлеңдеріжанрлық ерекшеліктеріне қарай түрліше көркемдік бейнелеу құралдарының қызметімен 
ерешеленеді.  Қайсы  бір жанрдағы  өлеңдер  тобында  көркемдік  бейнелеу  құралдары күрделі,  ұлттық 
реңі  бай  болып  келсе,  бір  жанрлық  топтағы  өлеңдердің  тілі  қарапайым,  нақты.  Алғашқы  жанрлық 
топтағы өлеңдерді басқа тілге аудару аудармашыдан үлкен еңбекті, көп ізденісті талап етеді.   
Революцияға  дейінгі  кезеңде  Асанқайғы,  Шалкиіз  жəне  халық  арасындағы  басқа  да  атақты 
ақындардың шығармалары орыс тіліне аударылған.Бұл қазақ жəне орыс халықтарының өзара қарым-
қатынастарын  дамытуында  жақсы  материал  болды.  Басқа  ұлт  өкілдерінің  қазақтың  халық  ауыз 
əдебиеті  шығармашылығының  үлгілерімен  танысуы  олардың  қазақ  мəдениетіне  деген 
қызығушылығын оятқаны сөзсіз.  
Осы  кезеңде  А.Байтұрсынов,  Ж.Аймауытов,  М.Жұмабаев,  М.Дулатов  тəрізді  т.б.  ақын-
жазушыларШығыс пен Батыс елдерінің əдебиет үлгілерін, орыс классиктерінің шығармаларын қазақ 
тіліне  аударып,  көркем  қазынаның  бұл  саласын  байытуға  көп  қызмет  етті.Солардың  ішінде  ерекше 
атап  өтуге  тұрарлық  қазақ  халқының  аялы  азаматы,  қызыл  империяның  құрбаны  болған,  арада  елу 
жылдан астам уақыт өткен соң ғана саяси жағынан да азаматтық тұрғыдан да толық ақталып, туған 
халқымен қайта табысқан қоғам қайраткерлерінің бірі – Ахмет Байтұрсынов. Демократтық бағытты 
ілгері  жалғастырушы  ірі  ғалым  –  тілші,  əдебиет  зерттеушісі,  дарынды  ақын-аудармашы  Ахмет 
Байтұрсынов  қалдырған  бай  мұраның  бір  саласы  –  оның  көркем  аударма  дамуына  қосқан  үлесі, 
өйткені ол ақын ретінде ең əуелі аударма арқылы танылды. Ақын орыстың классикалық жазушылары 
И.А.Крылов пен А.С.Пушкин  мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» жəне 
«Маса» деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Бұл орыс шығармаларының қазақ тілінде, тіпті Орта 
Азияда десе де артық емес, тұңғыш жеке кітап болып бастырылуы еді. Айтушысы И.А.Крылов пен 
Пушкин  болғанда,  жеткізушісі  А.Байтұрсынов  болғандықтан  да  «Қырық  мысал»  сияқты 
жинақтардағы  аудармалар  қыр  еліне  қыдыр  болып  дарып,  қазақ  санасына  қырық  түрлі  кеселдің 
даруындай сіңді.    
Ахмет  Байтұрсынов  аудармаларында  сюжет  көбінесе  сақталмайтынын,  еркіндік  басым  екенін 
байқаймыз.  Қазақ  тұрмысына  жақын  идеялар,  заман  тынысын  танытатын  жаңа  ойлар  айтылады. 
«Жарлы  бай»  деген  мысалда  қолында  дəулет  жоқ  кезде  жомартсынып,  өзі  сол  байлыққа  ие  болған 
күні  дереу  ойы  бұзылып  кететін  тойымсыздықты  суреттегенде,  оның  əсерін  күшейте  түсу  үшін 
аудармашы оқиға желісін қазақ оқырманы түйсігіне төл мəтіннен де гөрі жақындатып береді. Крылов 
кедей адамның «бай болсам бүйтер едім» деген қиялын былай жеткізеді:  
«Нет, если мне далось богатство не удел, 
Не только бы рубля – я бы тысячь не жалел.  
Чтоб жить раскошно, пышно,  
И о моих мерах далеко б было слышено» 
Ал А.Байтұрсыновта ол былай беріледі:  
«Дариға! Мен бай болсам жұрттан асқан, 
Үйлерді салдырар ем қандай тастан! 
Сол түгіл мыңын бірден жұмсар едім, 
Аямай нелер киім, ішер астан. 
Жылқымды, қымызымды, қойымменен,  
Жұмсар ем қонағыма тойымменен.  
Жұртымның жабықтырмай көңілін ашып,  
Күнде той, қызық ойынменен». 
Мұнда  ақын  нағыз  қазақ  ұғымындағы  шалқыған  тұрмысты  малмен,  қымызбен,  ағыл-тегіл 
қонақасымен,  той-томалақпен  суреттейді.  Аудармашы  негізгі  түпнұсқа  текстіне  орайластырып, 
көркем ойға ой, суретке пікірді ұштап, жаңа сарын əуез қосып отырады.  
Уақыт өткен сайын аударма жасау арқылы тілімізде сөз құраудың, ойды бейнелеудің неше алуан 
жаңа тəсілдері туды, жазу шеберлігі артты. Əсіресе, күрделі ойды күрделі сөйлеммен беру жағынан 
аударманың  əкелген  жаңалығы  өте  көп.  Осындай  көкейтесті  мəселелерді  көптеп  зерттеулердің 
нəтижелеріне қарап,біз аударма теориясы Қазақстанда ғылыми пəн ретінде қалыптасты деп күмəнсіз 
айта аламыз.  
Еліміз  тəуелсіз  болғандықтан,  дүниежүзілік  қоғамдастыққа  дербес  мүше  болғандықтан,  қазақ 
əдебиетін дүние жүзінің басқа да көптеген тілдеріне аудару мəселелеріне ой жүгіртетін уақыт жетті 
деп  ойлаймыз.  Əдебиет  деген  алып  байтеректің  сандаған  бұлақтардан  құралатыны  даусыз.  Олай 
болса  қазақ  əдебиеті  деп  аталатын  ұлы  ұғымды  Қазақстан  көлемімен  ғана  шектесек  сыңар  жақты 
көзқарас болар еді. Қазақ əдебиеті əлемдегі қазақ қоныстанған барлық елде өз өркенін жайып келеді.  
Қазақ  елін  əлем,  негізінен,  экономикалық  өсуі,  пайдалы  қазбалары  арқылы  жəне  рухани 
құндылықтарымызды  төрткүл  дүниеге  паш  етіп  жүрген  өнер  мен  спорт  майталмандары  арқылы 
таниды.  Біздіңше,  қазақтың  елін,  тегін,  мəдениетін,  рухани  байлығын,  тарихын,  өнерін  өзгеге 
танытудың тағы бір қажетті де маңызды жолы əдеби аударма екенін ешкім де жоққа шығара алмаса 
367


керек.  Мысалы,  біздің  Бальзакты  оқымай  француз  тұрмысын,  Юкио  Мисиманы  оқымай  жапон 
тіршілігін, Толстойды оқымай орыс өмірін, Шекспирді оқымай  ағылшынның махаббатқа беріктігін 
білемін  деуіміз  қалай  болады.  Кеңес  дəуірі  кезінде  басқа  ұлт  өкілдері  аударма  арқылы»Абай 
жолындағы»  аға сұлтан Құнанбай қажымен, Абай хəкіммен, Зере, Ұлжан тəрізді аналар бейнесімен, 
жалпы сол замандағы қазақтың өткен тыныс-тіршілігімен, қайғы-қуанышымен, арман-мақсаттарымен 
танысқан еді. Сол тұста«Абай жолын» оқыған Бенжамин Матип: «Қазақ неткен ғажайып халық», – 
деп  таңырқаса,  Константин  Федин  «өзінің  қалай  қазақ  болып  кеткенін  білмей  қалған».  Бір  кездері 
əлем  жұртшылығы  Габриель  Гарсия  Маркесті  де  білмеген.  Оның  шығармалары  ағылшын  тіліне 
аударылғаннан кейін оны бүкіл əлем білетін болды.  
Ы.Алтынсаринді  шет  тілдеріне  аудару  арқылы  қазақ  елінде  тұңғыш  мектеп  ашқан,  қазақ 
балаларын алғаш  ретоқу-білімге шақырғанұстаз  екенін білдірсек,  А.Байтұрсынов  еңбектерін аудару 
арқылы  қазақ  тілінде  алғашқазақ  мектебіне  арнапоқулықтар  жазып,оны  оқытудың  əдіс-тəсілдерін 
үйреткен, қазақ тілі мен əдебиеттік терминдердің негізін салушы, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, жағрафия, 
шаруа-кəсіп, жаратылыс, тағы басқа ғылым салалары жайынан пайдалы мағлұматтар беруші алаштың 
ардақтысы екенін танытар едік. 
Сонымен,  қазақты,  қазақтың  рухани  жан  болымысын  əлемге  танытудың  бірден-бір  жолы 
əдебиетіміздің  шетел  тіліне,  соның  ішінде  əлемнің  барлығы  сөйлейтін  ағылшын  тілінде  сөйлетудің 
қажеттілігін  айта  отырып,осы  уақытқа  дейін  де  ағылшын  тіліне  аударылған  қазақ  ақын-
жазушыларының туындылары бар екенін жəне олардың санаулы-ақ екенін айта кеткіміз келеді. Біздің 
ізденісіміз бойынша олар: Abai Kunanbayev ‘Selected poems’ to Mark the 125
th
 anniversary of his birth 
(1970); Abai ‘Book of words’ (2009); Abai ‘Book of wisdom’ (2011); Mukhtar Auezov ‘Abai’; Beksultan 
Nurzhekeyev ‘Sinful love’ a story (2009); Abish Kekilbaeyev ‘Ballad of forgotten years’ (2008); Mukhtar 
Shahanov  ‘The  errors  of  civilization.  The  cosmo-formula  of  chastening  memory’;Yerlan  Sydykov 
‘Shakarim.  The  life  of  Kazakh  poet’;  Mukagali  Makataev  ‘Selected  poetry’;    Dulat  Issabekov  ‘The  little 
pearl  and  other  stories’,  ‘The  Transit  Passenger’;  Berdibek  Sokpakbayev  ‘My  name  is  Kozha’  (2015); 
Historical novel of Ilyas Yesenberlin ‘The Nomads’ (2000);  Abni-Jamil Nurpeisov ‘Blood and sweat’ and 
‘Final respect’ (2013), Liberty publishing house, New york; Смағұл Елубай «Ақ боз үй» - «Lonely yurt».  
Осы аудармалар арқылы АҚШ пен Европа оқырмандары біздің еліміздің белді ақын-жазушыларының 
туындыларымен  танысу  мүмкіндігіне  ие  болды.  Байқап  отырсақ,  бұлардың  басым  көпшілігі  еліміз 
егемендік алғаннан бергі аудармалар. Тағы бір қуанарлық жайт, 2013 жылы шет ел оқырмандарына 
қазақ  батырларының  отаншылдық  сезімі,  туған  халқының  азаттығы  жолындағы  күрестерін  жырға 
қосқан  батырлық  эпостарды  проза  жанрына  өңдеп,  жырдың  негізгі  мазмұнын  сақтай  отырып,  тілге 
жеңіл,  жүрекке  жылы  тиерліктей  ықшамдаған,    балалар  жазушысы  Шəкен  Күмісбаевтың 
жетекшілігімен «Алматы баспасы» арқылы қазақ-ағылшын тілдерінде «Ер Тарғын – Er Targyn batyr», 
«Алпамыс батыр – Alpamys Batyr», «Қобыланды батыр – Koblandy Batyr» (2013) деген шығармалар 
оқырманға жол тартты.   
Əрине, жоғарыдағы аудармалардың басым көпшілігі əуелі орыс тіліне, осы тілден ағылшын тіліне 
аударылған.  Зерттеушілер  кей  шығармалардың  орыс  тілінің  өзіне  дəл  аударылмайтынына  назар 
аударады. Мысалы, Абай шығармаларының орыс тіліне аудармасы, беделді аудармашылардың пікірі 
бойынша,  түпнұсқаға  қарағанда  нашар.  Мұның  себебін  аудармамен  айналысқан  Г.Бельгердің 
бақылауларына  сəйкес  А.С.Базарбаева  былайша  түсіндіреді:  «Абай  поэзиясы  ойының,  кейпінің, 
метафорылығының,  афористігінің  нығыздалуы;  терең  ұлттық  діл,  ұлттық  рух;  əрбір  Абай  сөзінің 
дерлік  көпмəнділігі,  көпжоспарлылығы;  тарихи-тұрмыстық  нақтылықтың  молдығы»  [4].  Осыған 
қарағанда, қазақ халқына тəн мол тілдік байлықты, сан қырлы, көп қатпар-қыртысты қолданыстарды 
басқа  тілде  жеткізе  беру  мүмкіндігі  бола  бермейтін  көрінеді.  Олай  болса,  аудару  кезінде  шет 
тілдерінің  тіл  байлықтарымен, қолданыс  ерекшеліктерімен  таныс  болудың  мəні  зор жəне,  біздіңше, 
аударма аралық тілдер арқылы емес, тура болуы керек деп ойлаймыз. 
Аударма  екі  ұлт  өкілдерін  қалай  байланыстырса,  түрлі  тілде  сөйлейтін  елдер  арасын  да 
байланыстыруға  солай  қызмет  жасайды:  бірінде  жоқ  нəрсені,  екіншісі  біледі,  яғни,  біздің 
мəдениетімізді,  тұрмысымызды,  əдет-ғұрпымызды,  дəстүрімізді  өздерінің  төлсалт-дəстүрімен 
салыстырады,  жақсысынан  үйренеді,  тіпті  қабылдап  алатындары  да  болады.  Өз  еңбектерінде 
С.Абдірахманов:  «Көркем  аударма  арқылы  бірін  бірі  тану,  этностың  этноспен,  цевилизацияның 
цевилизациямен танысуы арқылы бір-бірімен тұрақты байланыста болады», – дейді[3]. Яғни, тілдер 
арасындағы  мұндай  байланыстырушы  жүйенің  ең  қарапайым  шешімі  –  аударма.  Біздің  АҚШ  пен 
еуропалық  əдебиеттің  деңгейінен  бір  елі  кем  түспейтін  шығармаларымыз  жетерлік.Атап  айтар 
болсақ: Ұлы даланың таудай тарихы, көлдей терең көркемдік əлемі бар екенін оқырманға жеткізген 
қазақ тарихи прозасының хас шебері – Дүкенбай Досжанның шығармалары;Рахымжан Отарбаевтың 
прозалық жинақтары,  пьесалары;  қазақ  əдебиетінің  көрнекті  өкілі  Мағжан Жұмабай  əңгімелері  мен 
поэмалары;  Оралхан  Бөкейдің  трилогия  романы  мен  пьесалары;  Қалихан  Ысқақұлының  драмалық 
пьесалары  мен  романдары;  Түменбай  Қуандықтың  шығармалары,  тағы  да  басқа  көптеген  қазақ 
368


əдебиетінің  түрі  мен  мазмұнын  байытқан  көрнекті  жазушыларды  əлі  де  танытуды  тоқтатпасақ,  сол 
əдебиет арқылы əлем қазақты бар қырынан таныр еді.  
Ə.Нұрпейісовтің  «Қан  мен  тер»  жəне  «Соңғы  парыз»шығармаларын  ағылшын  тілінде  оқып 
шыққан  оқырман  Н.М.Каранзиинөз  ойын  мынадай  сөзбен  жеткізген:  «Адам  жан  дүниесінің 
батылдығын сезіну үшін, ашық теңізде өлімнен ажырататын жұқа тақтайдай мұздың үстінде болып 
көруің керек»[5].  
 Қорыта келгенде, қазақ тілінен аударылған шығармалар арқылы шет ел оқырмандары табиғатпен 
астасып,  дəстүрлі  мəдениетімен  өмір  сүрген  көшпелі  қазақ  елінің  небір  ел  бастаған  ақылды  да, 
көреген  көсемдерімен,  «от  ауызды,  орақ  тілді»    шешендерімен,  ел  қорғауда  «қар  жастанып,  мұз 
төсенген» ерлігімен даңқы шыққан батырларымызбен, өзгелерді өзіндей көріп құшағын жайған кең 
қолтық, қарапыйым халқымызбен, оның тұрмыс-тіршілігімен таныса алады.  
 
Əдебиет:  
1.
  Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. Оқулық. – Алматы: InnoPRESS, 2004. - 3 б. 
2.
  https//kk.m.wikipedia.org>wiki> 
3.
  Абдырахманов С. Перевод поэзии и поэзия перевода. - Астана: Аударма, 2008. – 90 б. 
4.
  Базарбаева А.Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы. Монография. - Алматы, 2016. – 236б.  
5.
  Abni-JamilNurpeisov ‘Blood and sweat’ and ‘Final respect’. Liberty publishing house.- New York, 2013 
 
 
 
Демеуова А. 
Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты 
 
«Махаббат» концептісінің қазақ-ағылшын тілдеріндегі лингвомəдени көрінісі  
 
Қазіргі  тіл  білімінің  құрылымдық-танымдық  бағыты  сияқты  мəденитанымдық  негізін,  яғни,  тіл, 
ойлау мен мəдениетті тығыз қарастыру мен  зерттеу парадигмасының маңыздылығы зор. Тіл дамыған 
сайын  оны  жаңаша  бағытта  қарастыру  қажет  болуда.  Оның  ішінде,  тілді  мəдениетпен  өзара  тығыз 
байланыста  антропоцентристік  қағида  негізінде  зерттеу  бүгінгі  таңда  өзекті  болып  отыр. 
Қарастырылып отырған  «махаббат» концептісінінің  қазақ-ағылшын тілдер санасындағы қолданысы 
мен  қолданыс  ерекшелігін  жəне  ұқсастықтарын  тілдік  бірліктер  арқылы    айқындауға  мүмкіндік 
береді. 
Қазақ  тілінде  тіл  мен  танымдық  концептілер  байланысы  тұрғысынан  зерттеген  еңбектер  тапшы, 
оның  ішінде  осындай  танымдық  концептілерді  салыстырмалы-тарихи,  салғастырмалы  шеңберде 
қарастыраған  еңбектер  жоқтың  қасы.  Жалпы,  тіл  білімінде  тіл  мен  мəдениеттің  өзара  байланысы 
мəселесін  алғаш  рет  ғылыми-теориялық  деңгейде,  неміс  ғалымы    В.фон  Гумбольдт  зерттеген 
болатын.  Тілдік  концептілердің    материалды  жəне  рухани  мəдениеттің  ұлттық  сипатының  тілде 
көрініс  табатыны,  тілдік  белгіге  ішкі  форманың  тəн  екендігі  жəне  тілдің  адам  мен  қоршаған  орта 
арасын байланыстыратын дəнекерші қызметі туралы басты ғылыми негіздемелері мен ұстанымдары 
А.Потебня,  Ш.Балли,  Ж.Бандриес,  Р.Якобсон  еңбектерінде  өз  жалғасын  тапты  [1,  2].Бүкіл 
дүниетанымдық  ұғымдар  тілде  тілдік  бірліктер-сөздер  мен  сөз  тіркестері  арқылы  көрініс  табады. 
Тілдік  бірліктердің  ұтымды  қолданылуы  сөйлеушінің  менталитеті,  мəдениеті,  ойлауы  мен  жеткізу 
шеберлігіне байланысты туады. Бұл туралы В.фон Гумбольдт идеясының актуализациялануы, яғни, 
адамды  адам  ететін  тіл,  тілді  адам  санасымен,  ойлауымен,  рухани  тəжірибиелік  əрекетімен  тығыз 
байланыста зерттеу В.фон Гумбольдт идеясының өзектілігін əлдеқашан анықтаған болатын.  
Қазіргі тіл білімінде осы бағытта əртүрлі лингвомəдени қауымдастықтағы ұғымдарды салғастыру 
заман  талабы  болып  отыр.  Тіл  білімінің  қазіргі  дамуы  кезінде  лингвистика  ғылымы  тілді 
салғастырмалы  зерттеуге  баса  көңіл  бөледі.  Осындай  салғастырмалы  зерттеулерде  маңызды  орын 
алатын қазіргі лингвистиканың бір саласы-лингвомəдениеттану саласы [3]. Біз қарастырып отырған 
«махаббат» концептісінің мəдени-лингвотанымдық негізі өте күрделі сала. Өйткені адам сезімдерінің 
ішіндегі ең асылы мен пəк бөлігі – ол «махаббат» ұғымы. Қай заманда болмасын сезімнің ең пəк, таза 
саналық ұғымы өз қадірі мен қасиетін жоғалтпаған. Осы бағытта халық əдебиеті мен классикасының 
–  ең  ауқымды    бір  тақырыптық  саласы  болып  келді  жəне  болып  қала  береді.  Сан  ғасыр  бойы 
ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп  келе  жатқан  танымның,  мəдениеттің  тілдегі  көрінісі  уақыт  өте  келе  тіл 
қолданысынан  шығып,  немесе  мағынасы  күңгірттене  бастаған  тілдік  белгілермен  қатар,  заман 
ағымымен  өзгеріске  ұшыраған  ұлтымыздың  салт-дəстүрі,  əдет-ғұрпы,  тарихы,  этнографиясы  тілші 
мəденеиеттанушы ғалымдар тарапынан нақты ізденістерді талап етеді [4].  
Лингвомəдени-танымдық  тілдік  мəселелерді  басқа  ғылым  салаларымен  байланыстыра  қарастыру 
ауқымы кең зерттеулерге жол ашып, ғылыми нəтижелерге қол жеткізді. Тіл күрделі құбылыс ретінде 
адамның  ойлауымен,  мəдениетімен  бірге  қарастырылуы  шартты  жайт.  Осындай  интегративті, 
пəнаралық  бағыттың  бірі–  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  пайда  болған  лингвомəдениеттану 
369


ғылымы.  Жалпы,  тіл  мен  мəдениет  арақытынасы  мəселелері  түрлі  деңгейлерде  философтардың 
Платон, И.Гердер, Э.Кант, т.б.еңбектерінде қарастырылған. Бертін келе В.фон Гумбольдттен бастап,  
Э.Сепир, Б.Уорф, Кассирер, Л.Вайсгербер зерттеулерінде ғылыми іздніс дəрежесінде көрініс тапты. 
Кеңестік  дəуірде  орыс  ғалымдары:  А.Потебня,  Н.Топоров,  В.В.Иванов,  А.Толстой  еңбектерінде, 
қазақстандық ғалымдар академик  Ə.Қайдаров,  Р.Сыздық  (салыстырмалы диахроникалық  (мəтіндік), 
Е.Жанұзақов, Ж.Манкеева т.б. ғылыми еңбектерінде этнолингвистикалық бағытта зерделенді. 
Адамның  тұлға  ретінде  дамуы,  оны  басқа  орта  адамдарынан  ерекшелейтін  де  оның  санасы  мен 
мəдениетінің басқалардан ерекше жəне жоғары тұруымен сипатталады. Жалпы «мəдениет» ғымының 
тілмен  байланысын  «мəдениет»  ұғымының  анықтамасымен  бірге  қарастырып  көрелік.    Бүгінде 
«мəдениет»  сөзіне  мынадай  екі  түрлі  анықтама  беріліп  жүр:  мəдениет-адамзаттың  өзіндік  даму 
тарихында  жаратқан  барлық  рухани  жəне  заттық  байлығының  жиынтығы.  «Мəдениет»  ұғымы 
күрделі ұғым. «Мəдениет» ежелгі заманнан ақ тілде, адамның əртүрлі іс-əреткеті мен басқа адамдарға 
қарым-қатынасынан    көрініс  тапқан.    Бүгінгідей  дамыған  мəдениетті  емес,  адамзаттың  ең  ертедегі 
мифологиялық, аңыздық ертегілерінен бастап, оның қазіргідей озық ғылыми техникалық жетістіктері 
мен мəдениеттерін тұтастай қамтиды. Бұл «мəдениет» ұғымының  кең мағынадағы анықтамасын ғана 
беріп  қоймай  қоғам  дамуының  əрбір  басқышы  мен  кезеңдеріндегі  адамдардың  идеологиясы  жəне 
соған сəйкес заңдары, тəртібі мен ұйымдық құрылымы бола алады [5]. 
Тілмəдениеттің  өмір  сүру  формасы  болса,  мəдениет–  оның  ішкі  дүниесі.   Осы  тұрғыдан алғанда 
тіл мен мəдениетті бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын тұтас бір дүние деуге болады. Осыған орай, 
тіл  мəдениет,  сөйлеу  мəдениеті    арнай  тіл  білімінің  бір  бөлігі  ретінде  жеке  қарастырылып,  ондағы 
тілдік құралдар мен экспрессивті сөйлеу, жазу тілін зерттейді.   Тіл қоғаммен бірге өмір сүреді жəне 
тіл-қоғамдық  өмірдің  сəулесі.    Одан  қоғамдық  өмірдің  кез  келген  өзгерістері  мен  ерекшеліктері 
айқын  көрініс  табады.  Əсіресе,  тілдегі  лексика  бұл  жағында  өте  сезімтал  болып,  қоғамның  саяси, 
экономика,  мəдениет,  ағарту,  өнер,  идеология,  мораль  т.б.  жақтарындағы  өзгерістер  сөз  жоқ 
лексикада бейнеленеді [2]. Адамдар тіл ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, өзге ғылымдар 
саласында  қөрнекті  табыстарға  қол  жеткізуде.  Мұның  басты  себебі  тілдің  өзіне  тəн  сəйкестік, 
жалпылық қасиеттерінен деуге болады.  
Осындай  тіл  мен  мəдениет  көрінісі    қазақ,  ағылшын  тілдеріндегі  махаббат  концептісіне 
лингвомəдени  талдау  жүргізу  мақсатында  көптеген  тілдік  бірліктерге  тоқталсақ.  Қазақ-ағылшын 
тілдеріндегі  көркем  шығарма,  фразеологизмдер  мен  паремиядағы  махаббат  концептісіне 
салғастырмалы  тұрғыдан  лингвомəдени  талдау  жүргізіп  көрелік.    Қазақ,  ағылшын  тілдерінде 
махаббат концептісі төмендегі тақырыптарға бөлінеді:  
а) жек көру - hatred 
Ағылшындар: «Hatred is blind, as well as love» десе, қазақ тілінде «Махаббат жек көрудің арасы 
бір-ақ  қадам»,  «Жек  көре  білмеген,  сүйе  де  білмейді»,  «Сүйіспеншілік  бар  жерде,  жеккөрушілік  те 
бар»,  деп  екі  сезімнің  жақын  тұратынын  білдірген.  Сонымен  қатар  ағылшын  тілінде:  They  that  too 
deeply  loved  too  deeply  hate;  Love  and  hate  are  blood  relations;      He  that  cannot  hate  cannot  love;  The 
greatest  hate  springs  from  the  greatest  love  сияқты  сөз  тіркестері  арқылы  жалпы  махаббат  пен  жек 
көрудіңқарама-қарсы ұғымдар бола тұра, бір біріне аралас, туыс сезімдер екенін, шын жақсы көретін 
адам жек көріп, оған ашулана алатынын білдірген.  
ə) қызғаныш -jealousy 
Махаббат деген сүйіспеншілік, ынтызарлық, ғашықтық деген сөздердің баламасы ретінде айтыла 
береді.  Адамзат  баласын  еріксіз  құдретне  табндрған,  бас  идірген  махаббатың  ұлылығы  туралы 
ақындарымыз  коп  жырлаған.Осы  себепті  махаббат  қызғаныш  сезімімен  өте  жақын  келеді.  Өйткені:  
«Махаббат  біреуге –жұбаныш, екеуге – қуаныш, үшеуге – қызғаныш», . 
Мысалы, ағылшын тілінде: «Love is never without jealousy»; «Love being jealous, makes a good eye 
look asquint» сияқты ұғымдар барлық тілге тəн универсалдарға жатады деуге болады. 
б) тұтанған от–an old flame 
Кезінде əйгілі ақын Мұқағали Мақатаев махаббаттың от ұшқынын былай жырласа: 
О, махаббат, сен əлі тірі ме едің? 
Көзімнен ғайып болған күнім едің! 
Гүлім едің,  
Елтіген түнім едің. 
О, махаббат сен əлі тірі ме едің?!,  
Махаббат  концептісінің  лингвомəдени  астарын  туыс  жəне  туыс  емес  тілдер  контексінде  ұлттық 
дүниетанымдық  құндылықтар  көзі  арқылы  айқындалады. Осы  тұста:  Абай  атамыз  «Махаббатсыз 
дүние бос, хайуанға оны теңеңдер», – деп жырлаған.  
Осындай  махаббат  сезімін  отпен  теңеп,  асыл  сезімге  балаған  нақыл  сөздер  қазақ  тілінде  көптеп 
кездеседі:  «Ыстық  сезімнің  тууы,  шырпының  тұтанғанындай»,  «Сезім  от  болып  жандырады,  су 
болып сөндіреді», «Өзіңдікі өзіңе оттай ыстық көзіңе» жəне т.б. 
370


Ағылшын тілінде де бұндай қанатты сөздер махаббатты жаңа пайда болған, тұтанған оттай болып 
жаңа сезімнің пайда болатындай  көрініске  балайды: «The new love drives out the old love»;«One love 
expels another»;  «Old love will not be forgotten»;«It is best to be off with the old love before you are on 
with the new»; «Old love does not rust» 
с) достық - friendship 
Қазақ тілінде ата бабамыздан қалған:  
Екі жақсы қосылса, 
 
Ай мен күндей жарасар. 
 
Екі жаман қосылса, 
 
Ырылдасар, таласар, – деген тамаша теңеуі бар.  
Ағылшын тілінде де махаббаттың мəңгілік достықтың символы ретінде анықтайтың сөз тіркестері 
бар: «Love and lordship like no fellowship»; «When love puts in, friendship is gone»жəне тағы басқалар. 
Міне осындай тақырыптық топтар, махаббат концептісінің көптеген көріністерін бере алады.  
Зерттеліп отырған концептің қазақ, ағылшын лингвомəдениетіндегі жалпы жəне ерекше сипаттағы 
қолданысын  ашып  көрсететін  болса:  «Махаббат  ешкімнің  қорасында  өспейтін,  ешкімнің  қолына 
түспейтін»  баға  жетпейтін,  ақшаға  сатылмайтын  асыл  қазына,  мəңгілік  əдемілік  символы. 
«Махаббатты сатуға, аққуды атуға болмайды»: «Love is the true reward of love»; «Love begets love»; 
«Love is the loadstone of love»; «The love of money is the root of all evil; Love without end has no end»; 
«Love is neither bought nor sold; Love is not found in the market»; «Love is the true price of love». 
Салыстыру    нəтижесінде  екі  түрлі  лингвомəдениеттегі  ұқсастықтар  айқындалады.  Қазақ  тілінің 
фразеологиялық  жəне  паремиологиялық  қабаты  махаббат  мағынасындағы  тіркестер  мен  мақал-
мəтелдерге  бай  емес.  Ағылшын  тілінде  «love»  концептісі      соңғы  кезде,  махабатты  асыл  қазына 
ретінде көретін концептілер көптеп кездеседі:    
в) Құнсыздық – priceless 
«Love lasts as long as money endures»«; Money is the sinews of love as well as of war»;  »When poverty 
comes in at the door, love flies out of the window»; «Love does much, money does everything /but money 
goes all». 
 г) махаббат соқыр, көрмейді - love is blind  
Мысалы:«Love is lawless»; « Affection blinds reason»; « Lovers are madmen»; «Love and knowledge 
live not together»; «Of soup and love the first is the best»; « Though love is blind, yet 'tis not for want of 
eyes». 
Қазақ тіліне келетін болсақ, махаббат асыл сезім ретінде оны жасырын, пəк, құпия сезім ретінде, 
құдайдың берген бақытының ең бір биігі ретінде бағалаған.  
Ағылшындар  махаббатты  «Love  is  blessed  by  God»десе  Ұлы  Абай:«Сұлуды  сүю  –  пайғамбар 
сүннəті», – деп өте жоғары қойған. 
Қожа Ахмет Йассауи  бабамыздың көрегендігі:  
« Жеңіп кетпей жеңілтек құр құмарлық, 
Аллаға  аусын  ғашықтың  ырқы  барлық»    немесе  «Ғашықтың  күйіп-жануы  –  қалауы  дейді 
құдайдың», – дей келе, махаббатты құдадың берген асыл қазынасына балаған.  
ғ )  Махаббат – үнсіз  
 Қазақ, ағылшын тілдеріндегі «махаббат» концептісінің тағы бір қыры –«Love hearts feel each other 
without any sign or language», яғни,:«Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, көзбен көр де, ішпен біл» (Абай 
Құнанбаев) немесе «Ғашық адам белгі берер түспен де, ол білінер көзі көзге түскенде» (Ж. 
Баласағұн) махаббаттың үнсіз ұғысып, түсінісе алатын қасиетін де қалдыруға болмайды.  
Жалпы,«махаббат» концептісі сияқты  эмоциональды концептерді туыс емес тілдерде салғастыра 
зерттеу  дүниенің  тілдік  бейнесінің  табиғатын барынша  тереңірек  зерттеуге  мүмкіндік  береді.  Яғни, 
тілдік  бірліктердегі    эмоцияны  концептуализациялау  теориясына  өзіндік  үлес  қосады.  Бұндай 
зерттеулер  мен  талдаулар  нəтижесі  салыстырмалы    лингвомəдениеттану  ғылымының  əрі  қарай 
дамуына  өзіндік  үлесін  қосады.  Осы  зерттеу  жұмысымызда,  махаббат  концептісін  соңғы  жылдары 
ғылымдар  тоғысуында  пайда  болған  лингвомəдениеттану  шеңберінде  қарастыру  –  жаңаша 
көзқарастың  дəлелі.  Сондай-ақ,  «махаббат»    концептісін  туыс  емес  тілдермен  салғасытра  зерттеу  
талдау  ұлттық  тілдік  сананың  ерекше  сипаттарын  ашып  көрсетуге  мүмкіндік  туғызады.  Қазақ-
ағылшын тілділер санасындағы махаббат концептісінің жалпылама сипаты мен ұлттық ерекшеліктері 
үұсас  деуге  толықтай  негіз  бар.  Оған  дəлел,  екі  тілдегі    «махаббат»  концептісінің  лингвомəдени 
талдауы  қанатты сөздер, өлең шумақтар мен тұрақты тіркестер мен мақал-мəтелдердегі «махаббат» 
концептісінің логико-семантикалық сипаты ұқсастығы.  
 
Əдебиет: 
1.
  Павиленис Р. Проблемы смысла: Современный логико-философский анализ языка.  - М, 1983. -286 с. 
2.
  Красных В.А. Этнопсихолингвистика и лингвокультурология.-  М., 2002.- 284 с. 
371


3.
  Есембекова Ш.T.Қазақ-ағылшын тілдеріндегі махаббат концептісі.  -Қызылорда, 2013. 
4.
  Love A Relevant Concept in Nursing and Caring Science Novia Publications and Productions, series A: Articles, 
2/2010 
5.
  Merton  T.  (1985).  Love  and  Living:  (N.  Stone  and  P.  Hard.  ed.).  San  Diego:  Harcourt,  Brace  and  Jovanich 
Publishers.  
6.
  Oord T. J. (2005). The Love Racket: Defining Love and Agape for The Love–and– Science Research Program. 
Zygon, 40 (4). 
 
Аязбекова Қ. 
п.ғ.м., Қ.Сəтбаев атындағы ҚазҰТЗУ лекторы 
 
Отбасылық салт-дəстүрдің көркем шығарма өзегіндегі орны 
 
Этнография  мен  əдебиеттің  арақатынасын  ғылыми  зерделеудің  өзі  күрделі  мəселе.  Оның  басты 
мəні қарқынды қоғам дамуындағы руханиятымызда жедел өтіп жатқан процестердің жалпы сипатын 
саралау, тұрмыстың, өмір тəжірибесінде қолданудан қалғанымен, халық тəжірибесінде қалыптасқан 
қағидалар  мен  салт-дəстүрлерді  жас  ұрпақ  санасында  қайта  жаңғырту.Қазақтың  салт-дəстүр,  əдет-
ғұрыптарына қайта оралудың рөлі туралы Елбасы Н.Ə.Назарбаев өз еңбегінде былай деп жазған: «Əр 
халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани негіздерге, дəстүрлерге назар аудару керек. Оның 
халық өміріндегі рөлі еш даусыз. Мəдени дəстүрлер қашан да əлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі 
болып келді. Өзінің тарихи-мəдени тамырларына қайта оралу – бұл, əрине оң процесс».  
Қазақ    халқының    табиғатындағы  əңгімешілдік  тарихи  жадының  мықтылығы.Көркем  прозаның 
күні бүгінге дейінгі асыл арналарының бірі. Қандай проза түрін алсақ та, ондағы  дəстүр мен салттың, 
танымның ежелден бергі  үзілмеген арқауы  əрбір қаламгер шеберлігіне  байланысты əрқилы көрініс 
тауып    отырады.    Бұл  əсіресе  өмір  мен  өлім  мəселесін  қозғауда    айқын  көрінеді.Көркем 
туындылардағы марқұмды аттандыру, азалау шараларының ұлттық ұғымға сай өрнектерін Т.Əбдіков 
сынды қаламгерлер кеңестік əдебиет тұсында да жан-жақты көрсете білген. Науқас адамның көңілін 
сұрау  өмірге  үміттендіріп,  көңілін  аулаудан  бастап,  жерлеуге  дейінгі  аралықтағы  дəстүрлі  рəсімдер 
жүйесін қаламгерлік шеберлікпен қиюластырған Т.Əбдіковтің «Əке» əңгімесі [2, 146]. Шығармадағы 
əке  жайлы  толғаныстар  перзент  ой-көзқарасымен  беріледі.  Халі  ауырлаған  қарт  əкені  қаумалаған 
ауыл адамдарының жанашыр пейілі мен ықыласы біраз үміт отын жаққандай болғанмен, науқастың 
есін  жиып,  ел-жұртымен  араздасуы  –  оқиғаның  мұнан  арғы  өрбуінің  кілті.  Ал  əр  шығармада  əр 
белесінен көрінер, тағдыр жолы бұралаң бір адамның тіршілік соқпақтарын  сабақтастырып жатқан 
сыршылдық  желісін    сүйсіне  мойындамасқа    болмайды.  Əр  əңгіме  өз  алдына  басы  бүтін  дүние 
ретінде  қабылдана береді.  
Түрлі əдеби шектеулер мен  қысымдарға қарамастан қазақ  қаламгерлері  қай  заманда да ұлттың  
ой мен өрнегін жоғалтпаған. Осы шығарма  соның бір дəлелі. Перзенттің  əке алдындағы парызы мен 
қарызы    дүниеден  өтетін  жанның    тіршілікпен      қоштасуы,  тірілерге  аманаты  бүтін  
шығарманыңарқауына    айналған.    Онда  көңіл  сұрай  келген    жұртпен    марқұмды  жерлеп,    артын  
күткен қалың жұрттың  бүкіл іс-əрекеті  этнографиялық  дəлдікпен берілген.Салт бойынша, мəйітті 
алып  шығар  алдында  дəстүрлі  əдет-ғұрыптар  сақталады.  Мəселен,  киім  үлестіру  рəсімі.  Өткен 
ғасырдың  70-інші жылдарына  дейін  марқұмның  киімдерін  (аяқ  киімі,  костюм,  плащ,  пальто,  жейде 
жəне  т.б.,  тек  шалбар,  іш  киімі  емес)  бірінші  кезекте,  сүйекке  түсушілерге  берілген.  Кейде 
сүйекшілерге  дененің  қай  тұсын  жуса,  сол  тұсының  киімдерін  берген.  Қазір  сүйекшілер  ез 
«жұмыстарына»  жаңадан  сатып  алынған  киімдер  алады  (сырт  киімдер,  жейделер).  Ал  марқұмның 
киімдерін  туыстары  мен жақындарына  береді.  Берілген  «иісі  бар»  киімді киіп  тоздыру  керек. Бұны 
сауап  болады  деп  есептеген.  Өйткені киім  аяғына  дейін  киілсе,  марқұмға жеңіл  болады деп  сенеді. 
Қазақтарда жаңа киім кигенге: «Өзің киіп, өзің тоздыр», – деген тілек айтылады. Бұл сөздің бойында 
адамға ұзақ ғұмыр сүріп, киімін басқа біреудің киюіне тура келмеуіне деген тілеу байқалады. 
Əртүрлі аймақтың қазақтарында бұдан басқа жерлеу ғұрыптарында ата жолы (атасының киіті) деп 
аталатын  əртүрлі  заттар  мен  мата  қиындыларын  тарататын  рəсім  кездеседі.  Бұрын  өткен  ғасырдың 
60-ыншы  жылдарына  дейін  бұл  дəстүр  жерлеуге  катысушы  рулардың  өкілдеріне  бір-біріне  шапан 
беруге  байланысты  шыққан.  Қазіргі  күнде  бұл  əдет-ғұрып  «шапаны»  деген  жолмен  сатып  алынған 
мата  қиындыларынан  тұрады.  «Ата  жолын»  сақтаушылардың  негізінен  тек  қазақ  тұрғындарынан 
тұратын ауылдар екенін атай кеткеніміз жөн. Бірақ оны беру отбасының материалдық мүмкіндігіне 
байланысты. 
«Сүйекке  салатын  киімдерді  бөлек  салдырып  қойғанмын.  Былтыр  Хасеннен  келген  саптама  етік 
бар, оны да салыңдар. Өткен айда магазиннен алдырып қойған екі пальто, бір плащь бар... 
Жетпесе, тағы да магазиннен аламыз ғой, – деді жиен ағам. 
Бір айтарым – Айтбай өлгеніндей жұрттан жылу сұраушы болмаңдар. Сандықта 600 сом ақша бар. 
Жетпей бара жатса, сиырды саларсыңдар. 
372


Жылуы құрысын, – деді Смағұл апама қарап. – Бірақ енді өзіміз қарап қалмаймыз ғой. 
–  Сүйегімді  өзіміздің  ескі  қорымға  қойыңдар  деген  сөзім  бар  еді...  –  деді  əкем  ауыр  күрсініп.  – 
Оған  енді  əуре  болып  қайтесіңдер...  Шалғай  жер...  Елдің  жиналуына  қиын  болар.  Осында-ақ  қоя 
беріңдер... [2, 94]. Өмірден өтер алдындағы аманат киелі саналып, ол міндетті түрде орындалған. 
Жанның  мəңгілік  өлмейтіндігі  туралы  көне  сенім  дами  келе  күрделеніп,  жан-жақты  жетілу 
нəтижесінде  дербес  өмір  сүруге  қабілеті  бар  мəнге,  аруақтар  туралы  ілімге  дейін  жетті  [3,  276]. 
Аталар аруағына дейінгі жан əлсіз, əрекеті шектеулі деп ұғынылса, аталар аруағы белсенді əрекет пен 
күш иеленіп, екі түрлі жағдайда көрсетілді: жақын-жуығын қолдап, қамқорлық көрсетеді я болмаса 
өштесіп,  залал  келтіреді.  Мұның  барлығы  тірілердің  оған  деген  қарым-қатынасының  сипатына 
байланысты  деп  түсіндірілді.Бұл  жөнінде  Ш.Уəлиханов:  «Өлген  адамның  о  дүниедегі  хал-ахуалы 
жерленгендегі,  жерленгеннен  соңғы  ырым-жоралардың  салт-санаға  тəн  бұзылмай  орындалуына 
байланысты  еді.  Егер  өлімнен  кейінгі  ырым-жоралар  дұрыс  орындалса,  өлген  адамның  рухы 
жайбарақат  күйге  түсіп,  өз  үрім-бұтақтары  мен  туған-туысқандарына  шапағатын  тигізіп,  жебеп 
жүреді, ал олай болмаған жағдайда жауығып, аруағы қарғап-сілейді», – дейді [4, 174]. 
Ең алдымен, салт бойынша өлім халіне жақындаған жасы келген я сырқат адамның алыс-жақын 
ағайын-туғандарына  хабар  беріліп,  көзі  тірісінде  арыздасып,  қоштасуға  мүмкіндік  тудыру,  оның 
соңғы  тілегін,  тірілерге  айтар  аманатын  естіп  қалу  парыз  саналған.  Осы  сəттен  бастап,  адамды  о 
дүниеге  жөнелтудің  дəстүрлі  шарттары  қатаң  сақталып,  бұлжытпай  орындалуы  қадағаланған.  Ең 
алдымен, иман калималары айтқызылып,  жанның тəннен шығуы үшін қолайлы жағдайлар жасалған 
(аузына су тамызу, жастығын алу, көзін жабу, оқшаулау, т.б.).Өлімге байланысты, адам эмоциясының 
сыртқа  шыққан  ең  алғашқы  формасы  дауыс  болса,  оның  сөзбен  толығуы  –  жылау  өлеңдерін,  дами 
келе  жоқтауды  туғызған.  Жерлеу  ғұрпының  жүйесінде  əрбір  рəсім  мен  деталі  белгілі  бір  наным-
сенімге  негізделіп,  өлім  зардабын  жеңуге  бағытталса,  ол  көркем  əдебиетте  кейіпкердің  ішкі  əлемін 
ашудың əдісінде көрінеді.  
Қайғыдағы  дауыс шығару  адам    қасіретінің  ауыр салмағын бірте-бірте серпілтеді.  Өлім  тұсында 
қысқа ғана тіл қатысып, қабақпен ғана ұғысу басты міндет саналған. Өйткені «шер мен қайғы үстінде 
кісі  ұзақ  сөйлесіп  тұруға  əлсіз  болады.  Сондықтан  шын  қайғы  қысқа  сөзбен  көп  мағынаны  тізіп, 
тиімді  қып  айтады»[4,  78].  Бұрын  азалы  үйге  көңіл  айта  келген  əрбір  адам  қатты  айғайлап,  жылап 
келуі  міндетінің  мəні:  марқұмның  тірілердің  даусын  естиді  деген  көне  түсінікпен  байланысты 
(сүйекті шығарғандағы жəне көміп келгендегі айғайдың мəні де осымен өзектес). Шығармадағы осы 
салттық  рəсім  əрі  қарай  тереңдетіле  көрсетіліп,  қайғы  тартқан  жанның  ішкі-сыртқы  сипатын 
суреттеуге жұмсалған. 
Халық дəстүрінде жыл бойына азалы үй назардан тыс қалмай, жерлеуге келмегендер келіп, көңіл 
айтып,  жұбатып  отырған.  Дүниеден  озған  адамның  жасына,  жынысына,  қоғамдағы  орнына 
байланысты  естіртудің,  көңіл  айтып,  жұбатудың  мазмұнында  өзгешеліктер  болады.  Көңіл  айту, 
жұбатудың  мəні:  əркім  өзінің  сөз  шеберлігіне  қарай  жылы  сөйлеп,  марқұмға  иман  тілеп, 
артындағыларға жақсылық, тіршілік тілеу. Онда тірлікке таяныш боларлық тұжырымдар түйінделіп, 
қаралы  көңілге  жұбаныш  етерлік  мəні  бар  ойлар  ғана  айтылады.  Яғни:  «Ауыр  хабар  алғашқы  рет 
естілетін  жерде  құр  қайғының  бірін  айтып,  жараның  аузын  ашып  қоймай,  қазақтағы  бауырмалдық, 
туысқандық, жан күйерлік жолымен соның емі сияқты жұбату да айтылады» [1, 69]. Сейсен қарттың  
құрдасының  айтқан  көңіл жұбату  сөзі – шығарманың   көркемдік  қуатын арттыратын тұс қана емес, 
адам өліміне  байланысты  ұзақ-сонар рəсімнің  түйінделер тұсы. 
  Ш.Уəлиханов: «Адам өлгенде аруағына арнап, қырқына дейін қырық күнде, əр күн бір шырақтан 
қырық шырақ жағады немесе əр күнде он шырақтан төрт күн шырақ жағады»[3, 123], – дейді. Шырақ 
жағу  себебі  «өлген  кісінің  аруағы  қырық  күнге  дейін  үйіне  келіп,  балаларының  жай-күйін  біліп 
жүреді дегені. Сондықтан күн батып, қараңғы түскенде, есікті айқара ашып, босағаға ақ киіз төсеп, 
бір тостаған қымыз қояды, осылайша өлген адамның аруағын күтеді». Бұл – қырқына дейінгі жағдай. 
Ал  қырқынан  жылына  дейінгі,  одан  соңғы  жасалатын  салттық  рəсімдер  де  осы  аруаққа  табынуға 
негізделген. 
Шығармада  марқұмға  жасалған  жөн-жосық,  салт-дəстүрдің  қаншалықты  қарбалас  күрделі  іс 
екендігіне назар аударылған: 
Төрт-бес күннен кейін əкемнің жетісін бердік. Тағы да мал сойылып, нан пісіріліп, бүкіл көрші-
көлем  абыр-сабыр  болып  жүр.  Көрші  ауданнан  да  бата  қылып  келіп  жатқандар  да  бар.  Біз  тіпті 
уайым-қайғыны  ұмытып,  бүкіл  ынта-ықыласымыз  жұртты  шақыру,  тамақты,  шайды  үлгерту,  азаға 
келгендерді бөлме-бөлмеге орналастыру, тағы да сол сияқты толып жатқан шаруашылықтарға ауып 
кетті,  –  дей  отырып,  жазушы  марқұмды  аттандырудың  ұзақ  рəсімдерден  тұратын  күрделі  жүйе 
екендігін көрсетеді.  
Себебі  қазақ  халқы  ғасырлар  бойы  «Өлі  риза  болмай,  тірі  байымайды»  деген  қағидаға  сəйкес, 
ұрпақтан-ұрпаққа жеткен жөн-жосықтың кісі қайтыс болғанда сақталуына ерекше мəн берілген. Осы 
түсінік  негізінде  қалыптасқан  жерлеу  ғұрпы  өзегінде  көне  түсініктердің  сарқыншақтары 
373


сақталғанмен, кейінгі мұсылмандықтың басымдық алуына байланысты бір ізге түсіп, жалпыға  ортақ 
заңдылықтар ретінде қабылданған.  
Оқиғаны диалог арқылы өрбітетін жазушы өмір шындығын терең дəл бере де біледі. Жəне қалам 
тілі  өте  қарапайым,  шағын  жанрда  ықшамдап,  аз  сөзге  көп  мағына  сыйдыруға  төселіп  қалған 
суреткер роман өрісі кең бола тұра көлем қумайды, сөзге сақ əрі сараң. Əсте бұл жерде қарапайым 
тілді қарабайырлықпен ұштастыруға болмайды. Бұл жазушының тілді меңгеруіндегі үлкен жетістігі, 
өзіндік өзгермейтін қолтаңбасы. 
Жалпы,  қорыта  келгенде,  қазақ  халқының  ұлттық  негізі:  түп-тамыры,  нəр  алар  бастауы  ауылда 
жатыр  десек,  бұра  тартқанымыз  емес.  Біздің  ұлттық  ерекшелігіміз:  əдет-ғұрып,  салт-дəстүр, 
менталитетіміз  ауылда  қалыптасып,  сақталған.  Қаламгерлердің    шығармаларын  оқып  отырып  та, 
кейіпкерлерінің  аузынан  шығатын  əрбір  сөз  бен  шағын  штрихтарды  берудегі  автордың  ұлттық 
сипатқа ерекше ден қоятыны аңғарылмай қалмайды. Шығармасы талданған автор халықтық тіл мен 
əдет-ғұрыптарды,  салт-дəстүрлерді  өте  жақсы  біледі.  Бұл  қасиет  шығарманың  ұлттық  бояуының 
əбден  қанығуына,  нағыз  халықтық  сипат  алуына  барынша  септігін  тигізетіні  айдан  анық.  Жазушы 
ауылдағы бүгінгі өзгерістердің мəн-сипатын, күнгейі мен көлеңкесін жете тани талдауда ішкі сезіміне 
сүйенеді.  Қаламгер  ең  бастысы,  уақыт  тынысын  суреттеп  отырып,  жазушы  халықтық  рухани 
қазынаға 
бой 
ұрады, 
ұлттық 
мінез-болмысты 
қазақы 
салт-дəстүрмен 
сабақтастыра 
мазмұндайды.Дəстүр,  дəстүр  мен  жаңашылдық  мəселесін  қоғамдық  əлеуметтік,  философиялық 
тұрғыдан қараумен қатар əдебиет пен өнердегі көрінісін тексеру, зерттеу əдебиеттану мен өнертануда 
ертеден келе жатқан сала.  
 
Əдебиет: 
1.
  Əбдікұлы Т. Əке. – Алматы: Қайнар, 2005. 
2.
  Уəлиханов Ш. Таңдамалы шығармалар. - І том. – Алматы, 1985. – 320б. 
3.
  Пірəлиева Г. Ішкі монолог. – Алматы, 1994. – 226б. 
 
 
Магнурова Р. 
Қазақстан-Ресей медицина университеті 
 
Кəсіби қазақ тілін деңгейлеп оқытудың тиімділігі 
 
Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі білім берудің қазіргі 
жағдайында оқытудың жаңа мазмұны мен қалыптарын іздестіру өзекті мəселелердің бірі болып отыр. 
Осыған орай əртүрлі педагогикалық технологиялар жасалып, мұғалімдердің тəжірибесіне енгізілуде. 
Ана тілімізді ұлттық құндылық ретінде дəріптеуде осы пəнді үйретуші əрбір ұстазды оқытудың жаңа 
үрдістері  мен  өзекті  мəселелері  ойландырмай  қоймайды.  Осыған  орай,  қазіргі  таңда  жиі  қолданып 
жүрген  технологияларының  бірі  –  Ж.Қараевтың  саралап-даралап  оқыту  технологиясы.  Деңгейлеп 
саралап  оқыту  педагогикалық  технологиясы  –  нəтижеге  бағытталған  білім  беру  құралы.  Саралап 
білім беру қабілеті жəне мақсаты əртүрлі оқушылардың дамуына жағдай жасайды. 
Жоғары  мектепте  мамандарды  кəсіби  негізде  даярлаудың  мазмұнын  қайта  құрумен  байланысты 
қоғамның қазіргі дамуының өзекті қажеттіліктері Қазақстанда кəсіптік білім беру саласының алдына 
күрделі  міндеттер  қойып  отыр.  Жоғары  кəсіптік  білім  беруді  жаңартудың  басты  құжатарында  ең 
негізгі мақсат білікті маман даярлу деп көрсетілген. Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша 
халықаралық  стандарт  деңгейінде  тиімді  іс-əрекетке  қабілетті  болуы,  кəсіби  деңгейінің  өсуіне 
ынталы болуы, əлеуметтік жəне кəсіби бейімділігі жоғары, қазақ тілін еркін меңгерген тқлға болуы 
тиіс.  Қазақ  тілі  мемлекеттік  мəртебеге  ие  болғалы,  қазақ  тілін  жан-жақты  үйрету,  тілдің  барлық 
байлығын игерген болашақ жастарды тəрбиелеу мəндеті қойылып отыр.  
Бүгінгі  жастарымыздың  қазақ  тіліне  деген  ынтасын  арттыру,  алған  білімдерін  тəжірибемен 
ұштастыра білуге үйрету үлкен міндет болып табылады. Бүгінгі студент – ертеңгі маман, қызметкер. 
Ол өз мамандығы бойынша мемлекеттік тілде сөйлесе алуы, жаза білуі қажет. Сондықтан лексикалық 
тақырыптарды  тіл  үйренушінің  мамандығына  қарай  іріктеген  ыңғайлы.  Студенттің  таңдаған 
мамандығына  қарай  мəтіндерді,  терминдерді  беріп,  тіл  дамыту  сабақтары  жүргізіледі.  Бұл  –  тіл 
үйренушінің ынтасын арттырудың ең тиімді жолы. Яғни, əр саланың өкілдері мен мамандық иелерін 
өздеріне қажетті, жиі қолданыстағы лексикасы арқылы сөйлетуге, жаздыруға болады. Грамматикалық 
материалдарды да мамандыққа байланысты тақырыптарға бейімдеу керек [1, 38]. 
Кəсіби  қазақ  тілін  студенттерге  халықаралық  стандарттарға  сай  деңгейлеп  оқыту  жүйесінің 
мақсаты – қазақ тілінде еркін сөйлей алатын тілдік тұлға қалыптастыру. Деңгейлеп оқыту əдістемесі 
кəсіби  қазақ  тілін  үйренушінің  танымдық  қызметін  ынталандыратын,  өзектендіретін  ұстанымдарға 
374


негізделіп,  жеңілден  күрделіге  қарай  бағытталып,  қазақ  тілін  коммуникативтік-прагматикалық 
дəрежеде  меңгерген тілдік тұлға қалыптасыруды көздейді.  
Жоғары  оқу  орындарында  оқытылатын  кəсіби  қазақ  тілінің  міндеттері  белгілі  мамандықтар 
бойынша  даярланатын  маман  қадрларының  коммуникативтік  жəне  танымдық  қажеттіліктерімен 
анықталады  [2,  84].  Жалпы  деңгейлеп  саралап  оқыту  технологиясы  1998  оқу  жылынан  бастап 
мектептің  барлық  сатысына,  барлық  пəндерге  еніп,  оқу  үрдісін  жандандыруға  үлкен  үлес  қосып 
келеді.Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен 
оқушылардың  өздігінен  танып,  іздену  іс-əрекеттерін  меңгертуді  талап  етеді.  Бұл  технологияда 
бірінші орында оқушы тұрады жəне өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды. 
Деңгейлеп-саралап  оқыту  технологиясында  жұмыс  міндетті  үш  деңгейлік,  қосымша 
шығармашылық  деңгей  талаптарынан  тұрады.  Оның  басты  мақсаты  –  сынып  оқушыларын 
«қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Бұл технология бойынша сабақта барлық 
оқушы тапсырманы І деңгейден бастап орындайды. 
I.Репродуктивтік  деңгей.  І  деңгей  тапсырмаларын  орындау  мемлекеттік  білім  стандарты 
талаптарының  орындалуына  кепілдік  береді.  Барлық  оқушы  бірінші  деңгейлік  тапсырмаларды 
орындауға  міндетті,  ал  жоғары  деңгейлік  тапсырмаларды  да  орындай  алуы  қажет.  Оқушылар 
жұмысты бір мезгілде бастап, білім игерудегі өз қабілеттерін анықтайды. 
II.Алгоритмдік  деңгей.  Үйренушілік  деңгейдегі  білімін  толықтыра  отырып,  оқушының  ойлау 
қабілетін  жетілдіруге  берілетін  екінші  деңгей  тапсырмаларын  орындау  кезінде  күрделі 
материалдарды реттеуі жəне жүйелеуі керек. 
III.Ізденіс  (эвристикалық)  деңгейінде  оқушылар  тақырып  бойынша  меңгерген  білімдерін 
жетілдіріп,  тереңдетумен  қатар,  ой  қорытуға  арналған,  дағды  қалыптастыратын,  əртүрлі  əдіс-
тəсілдермен  орындалатын  тапсырмалар  орындайды.  Оқушы  өзі  ізденіп,  материалды  саналы  түрде 
меңгеруі керек. 
IV.  Шығармашылық  деңгей.  Оқушы  өзіндік  шығармашылық  деңгейін  көрсетеді.  Шығармалар, 
шығармашылық  тапсырмалар  оқушылардың  біліктілігі  мен  дағдысын  қалыптастыру  жəне  оны 
бағалау  деңгейі  болады.  Өз  бетімен  талдау  жасау  арқылы  шығармашылық  тұрғыдан  зерттеу 
жұмысын жүргізуге баулу.  
Осылай  бір  деңгейден  келесі  деңгейге  өту  үшін  өз  білімін,  білік  пен  дағдысын  толықтырып 
отырады.  Нəтижесінде  жоғары  деңгейлік  тапсырмаларды  орындау  əр  оқушының  мақсатына 
айналады. 
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг, ұпай,  балл жинау əдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың 
деңгейлік  сабақ  өткеннен  кейін  де  сол  тапсырмаларда  жіберген  қателіктеріне,  тапсырмаларын 
орындауда  қолданған  тəсілдеріне  анализ  жасап,  қателіктері  мен  кемшіліктерін  анықтай  білуге 
мүмкіндік  береді.  Келесі  тапсырмаларда  оқушы  неғұрлым  көбірек  ұпай  жинау  үшін  ізденіп 
оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды. 
Деңгейлеп  оқыту  технологиясының  мақсаты  болып  білім  алушының  жеке  басының  дара  жəне 
дербес  ерекшеліктерін  ескеріп,  олардың  өз  бетінше  ізденуін  арттырып,  шығармашылығын 
қалыптастыру  табылады.  Əрбір  білім  алушы  өзінің  даму  деңгейінде  оқу  материалын  меңгергенін 
қамтамасыз  етуі  керек.  Деңгейлеп  оқыту  технологиясы  деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  іске  асады. 
Себебі сабақтың ерекшелігі жəне оның тиімділігін арттырудың негізгі тəсілдерінің бірі – оқушыларға 
арналған деңгейлік тапсырмалар орындау. Оларды өздік жұмыстар, үлестірмелі материалдар, тестік 
жəне  үй  тапсырмалары  түрінде  беруге  болады.  Əр  тарау  бойынша  дұрыс  құрастырылған  деңгейлік 
тапсырмалар  сапалы  білім  негізі  бола  алады,  өйткені  ол  оқушының  білім  сапасының  дамуын, 
логикалық  ойлауын,  дағдысын  қамтамасыз  етеді.  Бұл  технологияда  бірінші  орында  оқушы  тұрады 
жəне өз бетімен білім алудағы студенттің белсенділігіне аса назар аударылады. 
Оқу-əдістемелік кешен кəсіби қазақ тілінде сөйлейтін тілдік тұлғаға қойылатын талаптарын тілді 
меңгерту  деңгейлерінің  құрылымдары,  білім  мазмұны,  сағат  көлемі,  сөйлеу  іс-əрекеті  түрлері 
бойынша  ір  деңгейдің  дидактикалық  талаптарына  сай  таңдалып,  іріктелген  тапсырмалар  мен 
коммуникативтік  жағдаят талаптарын қамтиды. 
Кəсіби қазақ тілін деңгейлеп оқытудың мақсаты: 
-
 студенттердің кəсіби қазақ тілін меңгеруіне қажетті оқу материалдарын іріктеу, таңдау; 
-
 3 деңгейдегі тіл материалдары арасындағы логикалық байланыстың сақталуы, сабақтастығы. 
-
 Мамандығы бойынша ақпараттық жəне лексикалық-грамматикалық минимумдарды баяндау; 
-
 Осы арқылы дағды мен ептілікті қалыптастыру; 
-
 Тілдік өрнектерді сараптау; 
-
 Үйренушінің  өз  мамандығына  сəйкес,  тілді  коммуникативтік  қарым-қатынаста  қолдана 
алатындай дəрежеде біліп шығуын қамтамасыз ету; 
-
 Сөйлеу іс-əрекетінің төрт түрінің негізі қамтылатын мəтіндерді беру; 
-
 Елтануға қатысты материалдарды үйренушінің өз қажетіне қарай пайдалану; 
375


-
 Сөйлеу  жағдаятын  үйренушінің  мамандығына  қарай  бейімдеу;  арнаулы  терминологияның 
берілуін қарастыру; 
-
 Кəсіби  тілдік  құзіретін  қалыптастыру.  Яғни,  негізгі  мақсат,  студенттерге  қажетті  пəн  тілін 
меңгерту.  Қазіргі  уақытта  студенттерді  мамандығына  қарай  бейімдеп  оқытуға  талап  та,  сұраныс  та 
көбейіп отыр               [1, 46]. 
Студенттерге  кəсіби  қазақ  тілін  меңгеруде  қойылатын  қорытынды  талаптар  –  студенттердің 
коммуникативтік,  кəсіби  құзіреттілігін  қалыптастыру.Коммуникативтік  құзіреттілік  –  білім 
алушылардың қазақ тілінде еркін сөйлесіп, түрлі жағдаяттарда қарым-қатынас орнатып, қолдай алу 
мүмкіндігі.    Бұл  тілдік,  əлеуметтік  лингвистикалық,  дискурстық,  мəдени-лингвистикалық,  кəсіби 
білік-дағдылардың  жиынтығы.Лингвистикалық  құзіреттілік  мазмұнына  коммуникативтік,  кəсіптік 
қарым-қатынаста 
тіл 
жүйесінің 
дыбыстау, 
лексикалық-фразеологиялық, 
грамматикалық 
ерекшеліктерін білуі, қолдана алуы жатады.Дискурстық құзіреттілік – білім алушылардың белгілі бір 
əлеуметтік  (тұрмыстық,  бейресми)  қарым-қатынасты  белгілі  бір  коммуникантпен  оның  ниетіне  сай 
орнатып,  жалғастыра  алу.  Мəдени-лингвистикалық  құзіреттілік  –  тіл  үйренушілердің  қарым-
қатынасты  қазақ  халқының  ұлттық-мəдени  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  белгілі  бір  жағдаятта 
тиімді  құруы.Кəсіби  құзіреттілік  сабақ  үдерісінде  түрлі  кəсіби-əлеуметтік  білік  дағдылардың 
жиынтығын  іске  асыру  арқылы  қалыптастырылады,  яғни,  оқу  үдерісіндегі  жағдаяттық  тапсырма 
үлгілері ақиқат қарым-қатынас үлгісіне мейлінше ұқсас, жақын болуы шарт. 
 Қорыта  айтар  болсақ,  сабақты  деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  оқытудың  тиімділігі:  Сабақтың 
мазмұны мен сапасы артады. Студент өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып,шеберлігі шыңдалады; 
Жауапкершілігі артады, шығармашылығы қалыптасады; жүйелі оқыту принциптері арқылы студент 
өзінөзі  дамытып,  өзін-өзі  бағалап,  білім  деңгейін  өсіреді;  студент  өз  қызметіне  талдау  жасайды, 
қорытынды  шығарады,  жаңалыққа  ұмтылады.  Деңгейлік  тапсырмаларды  пайдалану  оқу  процесін 
ізгілендіру  жəне  демократияландыруды  қамтамасыз  ете  отырып,  білім  алушылардың  ойлау,сөйлеу 
қабілетін көтеруге көмегін тигізеді.  
 
Əдебиет: 
1.
  Қадашева Қ. Қазақ тілі: оқытудың тиімді əдістемелері. – Алматы: Мектеп, 2000. – 514 б. 
2.
  Оразбаева Ф. Тілдік қатынас теориясы жəне əдістемесі. – Алматы: Атамұра, 2001. – 130 б. 
 
 
Шамшен Н. 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі  
институтының магистранты 
 
Қазақ тіліндегі фитонимдердің лексика-семантикалық жіктемесі 
 
Жер  бетiндегi  тіршілік  атаулының  маңызды  бір  факторы  болып  табылатын  фитонимдер  – 
тақырыптық,  семантикалық  жəне  семиотикалық  тұрғыдан  көп  аспектiлi  мəселе.  Ол  ойлау  мен 
танымның, сананың образды, эмоционалды-экспрессивтi ерекшелiктерiне ие, сондықтан фитонимдік 
лексика  тiлдiк  құбылыстардың  ішіндегі  номинациялық  жəне  семиотикалық  модельдер  барынша 
қалыптасқан  тiлдiк  бiрлiктер.Фитоним  –  адамзат  өміріне  қажетті  ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп  келе 
жатқан, күнделікті тіршілікке пайдаланылатын табиғаттағы органикалық құбылыстардың атауы. 
Қазақ  тіліндегі  фитонимдерді  жинауға  арналған  алғашқы  еңбектерде  өсімдіктердің  орысша, 
латынша  атауларынан  кейін,  жақша  ішіне  кейде  біразының  қазақша  атаулары  да  келтірілген. 
Мəселен,  Н.В.Павловтың  еңбектерінде  300-ден  аса  қазақша  атаулар  беріледі  [1].Қазақ  тіліндегі 
фитонимдер  əртүрлі  сөздіктерде  де  беріледі.  Мысалы,  С.Арзымбетовтың  сөздігінде  668  фитоним 
қамтылған.  Оның  559-ы  –  өсімдік  тұқымдасының,  109-ы  олардың  түрлерінің  атаулары 
[2].С.Арыстанғалиевтің  анықтама  сөздігінде  Қазақстан  жерінде  табиғи  түрде  өсетін  гүлді 
өсімдіктердің 1022 тұқымдасы мен 5647 түрінің қазақ тіліндегі халықтық жүйеге түсірілген ғылыми 
атаулары  келтірілген.  Бұл  сөздіктің  ерекшелігі  –  қазақ  фитонимдерімен  қатар  олардың  орысша, 
латынша атауларының да берілгендігі [3]. 
Өсімдік атауларын жинастырушылардың тағы бір тобы – жергілікті сөз ерекшеліктерін зерттеуші 
қазақ диалектологтары. Мысалы, О.Нақысбеков 120-ға жуық өсімдік атауын келтіреді [4].Профессор 
Б.Қалиевтің келтірген дерегі бойынша, 1861 жылы шыққан Н.И.Ильминскийдің сөздігінде небəрі 91 
өсімдік атауы кездессе,одан кейінгі жарық көрген Л. Будаговтың сөздігінде  –  113, В.В.Радловтың 
сөздігінде  –  125  өсімдік  атауы  бар  [5].М.Бимағамбетов  фитонимдерді  ең  алдымен:  1)  екі  түбірден 
біріккен шөп атаулары; 2) қосымшалы (жұрнақты) шөп атаулары, 3) жалаң түбірден тұратын атаулар 
деп  үшке  бөледі  де,  екі  түбірден  біріккен  шөп  атауларын:  а)  екі  зат  есімніқ  бірігуінен  жасалған 
(балықкөз,  қоянсүйек,  текесақал)  жəне  ə)  сын  есімдер  мен  зат  есімдердің  бірігуінен  жасалған 
376


(ақтікен, қарабарақ, қоңырбас) шөп атаулары деп екіге бөліп қарастырады [6]. 
Өсімдік  атауларына  құнды  зерттеулерін  арнаған  профессор  Б.Қалиев  мақалаларында  өсімдік 
атауларын  жинастыру  мəселесінен  бастап,  оларды  морфологиялық  құрылымы  жағынан  əртүрлі 
топтарға бөлу (түбір түлғалы өсімдік атаулары, туынды тұлғалы өсімдік атаулары, біріккен тұлғалы 
өсімдік  атаулары  жəне  т.б.),  əрқайсысына  лексика-грамматикалық  сипаттама  беру,  өсімдік 
атауларының ішіндегі əдеби, ғылыми, халықтық, жергілікті, диалектілік сыңарлары (дублеттері) мен 
фонетикалық варианттарының басын ашып, олардын ара жігін айқындау жəне өсімдік атауларының 
түсіндірме  сөздікте  берілуі,  оларға  анықтама  беру  жолдары,  өсімдік  атауларының  орфографиялық 
сөздіктегі жазылуы деген сияқты  мəселелерге тоқталған[7]. 
Сонымен  қатар  фитонимдерді  қазақ  тіл  білімінің  түрлі  салаларында  зерттеген  бірқатар 
диссертациялар бар. Мəселен, Г.Ұйықбаева ономасиология мен мотивация «уəждеме» теориясының 
жалпы  жақтарын;  өсімдіктердің  халықтық  жəне  ғылыми  атауларының  айырмашылықтарын; 
өсімдіктердің  халықтық  атауларының  мотивациялануын;  қазақ,  орыс,  латын  тілдеріндегі  өсімдік 
атауларының мотивациялану жүйесіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтардықарастырады [8]. 
Зерттеуші  Ш.Сейітова  өсімдік  атауларына  байланысты  тұрақты  тіркестердің  тілдік  табиғатын 
зерттеу  негізінде  олардың  ұлттық  болмыс-мазмұнын  анықтауға  тырысады  [9].Ш.Күркебаев 
өсімдіктер  мүшелерінің  атауларына  қатысты  терминдерді  түгелдей  жиып,  оларды  терминология 
тұрғысынан  қарастырып,  олардың  жасалу  жолдарын,  дамуын  жəне  қалыптасуы  мен  қолданылуын 
көрсетіп,  əдеби  тіліміздегі  алатын  орнын  айқындайды  [10].Зерттеуші  М.Күштаева  қазақ  тіліндегі 
«тары»  жəне  оған  қатысты  атаулар  мен  терминдерді,  лексика-фразеологиялық,  паремиологиялық 
бірліктер  мен  қанатты  сөздерді  жіті  зерттейді  [11].Қазақ  жəне  неміс  тілдеріндегі  фитонимдерді 
салғастырмалы 
тұрғыда 
зерттеген 
Г.Омарбекова 
олардың 
құрамдық, 
сөзжасамдық, 
ономасиологиялық  жəне  танымдық  сипаттарын  аша  отырып,  фитонимдерге  түрткі  болған  уəждік 
белгілердің «дүниенің тілдік бейнесін» жасаған аталымдық рөлін анықтауға тырысады [12]. 
Біз  бұл  мақаламыздақазақ  тіліндегі  1000-ға  жуық  фитонимді  лексика-семантикалық  тұрғыдан 
жіктеуді  мақсат  етіп,дерекқорымыздағы  фитонимдерді  төмендегідей  бірнеше  тақырыпқа 
(Ə.Қайдардың жіктемесі бойынша) жинақтап беріп отырмыз. Олар: 1) ағаштар; 2) бұталар; 3) шөптер 
мен шөптесіндер; 4) қурайлар;5) гүл-шешектер; 6) дəнді дақылдар; 7) техникалық дақылдар; 8) бау-
бақша, көгөніс; 9) жеміс-жидектер, саңырауқұлақтар. 
1)  Ағаштар:  абрикос,  ақтал  ақтерек,  алқоры,  алша,  анар,  арша,  асай-мұса,    əулиеағаш  // 
керімағаш,  бадам,  бадамша,  бақа  терек,  балашық,  балқарағай,  барқыт  ағашы,  бəйтерек,  бозарша, 
дарақ,  даршын,  долантопшы,  долана,  ерен,  емен,  жаңғақ,  жігірдек,  жиде,  жөке,  зəйтүн  ағашы, 
кегей терек, көк терек, күжім ағаш, қайың, қандыағаш, қара арша, қарағай, қарағаш, қара тал қара 
терек,  қызыл  қайың,  тал  темір  ағаш,  терек,  тораңғы,  тұя,  тұт  //  тұт  ағашы,  тығын  ағашы, 
үйеңкі, шаған, шамшат, шаттауық, шегіршін, шетен, шеттік, шынар, шырғанақ, шырша. 
2)  Бұталар:  ақтікен,  ақшатай,  ақ  шілік,  аю  бадам,  балауыз  ағаш  //  балауыз  шырмауық,  балғын, 
баялыш, бетіқышық, бозқараған, бөрі жөке, бөрікөз, бөріқарақат, бүрген // бүрлен, біршабар, дүзген, 
ешкісабақ,  жам  отын,  жүзген  //  жүзгін,  жыңғыл,  зерек,  итмұрын,    көкбұта,  қандым,  қарабарақ, 
қарабарқын,  қараған,  қара  зерек,  қарамала,  қара  сексеуіл,  қара  ырғай,  қызылбұта,    қызыл  зерек, 
сарағаш, тасжарған, ұшқат, шаттауық, шəңгіш, шеңгел, шеркез, шеттік, шілік, ырғай. 
3) Шөптер мен шөптесіндер: адыраспан,  ажырық // əжірек, айбалдырған, айғыр жуа, айдаршөп, 
айқайың,  айлауық,  ақбақай,  ақбас //  ақбасшөп,  ақбас  беде,  ақбас жоңышқа,  ақ жапырақ,  ақжүрек, 
ақ изен, ақмамық, ақ мия, ақ от, ақселеу, ақ сораң, ақсырттан, ақтаспа, ақтық, ақтікен, ақшатау, 
ақшоқан  //  шатыршалы  теңгебас,  ақшуақ,  ақшұнақ,  алабота,  аласын  шөп,  алғы,  алғый,  алқа, 
алтығана,  алшын,  андыз,  арала,  арам  сояу,  арам  таран  //  түкті  таран,  аран,  арқароты,  арпабас, 
арпабоз,  арпаған,  арпашөп,  арықжалбыз,  атқонақ,  атқұлақ,  атшоқай,  атшоңқай,  ашуатшөп, 
аюбалдырған,  аюжүн,  аюқұлақ,  аютабан,  əйбатмия,  əректікен,  əсия,  бабажапырақ,  бағырлай, 
бадиян,  бақаоты,  бақбақ,  балдыр,  балдырған,  балжапырақ  //  балатыжапырақ,  балжуран, 
балқаңбақ,  балқаш,  балшықшөп,  балықкөз,  балықоты,  балпанақ,  балшөп,  балшырыш,  барқын, 
барқыт  жапырақ,  барқыт  шөп,  барсазан,  батпақ  аққанаты,  баттауық,  бауырмүк,  бəрпі,  беде, 
бедебас,  бессаусақ,  бетеге,  бидайық,  биебау,  биеемшек,  бозбұға,  бозғыл,  боз  жусан,  боз  изен, 
бозкілем,  боз  от,  бозтікен,  бозшөп,  бозінген,  бойдана,  бойқалақай,  борсылдақ,  борық,  ботташық, 
бошақай, боян, бояулы ойран, бояушөп, бөдене шөп, бөлтірік, бөрте жусан, бөріжөке, бұзар-түзер, 
бұзаубас,  бұйражапырақ,  бұйырғы,  бұлдырықшөп,  бұтақты  бидайық,  бүйрекшай,  бүлдіргі, 
бүрметікен,  гүлкекіре,  делбешөп,  дермене,  дермене  жусан,  домалатпа,  доңызоты,  доңызөлең, 
доңызсырт,  дүңгіршек,  ебелек,  егінек,  екпе  жоңышқа,  екпе  шөп,  елекшөп,  ем  шырмауық,  еңлік  // 
еңлікгүл,еркек  //  еркекшөп,  ермен,  ермене,  есекмия,  ешкімия,  жалбыз,  жалбызтікен,  жалмаңқұлақ, 
жанжабіл,  жантақ,  жапақ,  жапырақтеңге,  жарықдəрі,  жасаң  //  жасаңшөп,  жасыл  от, 
жаужапырақ,  жаужұмыр,  жауқияқ,  жаушалғын,  жауылша,  жауынша,  жебежапырақ,  жебілген, 
жекен,  жеміл,  жерсабын,  жерсағыз,  жолжелкен,  жебір  //  жебіршөп,  желайдар,  желбас,  желбас 
377


жусан,  желбіртас,  желкек,  жержаңғақ,  жалманқұлақ,  жоңышқа,  жуа,  жусан,  жұлдызшөп, 
жұмыршақ, жұпар // жұпарбас, жұңқаш, жүлкеуір, жыланбас, жыланбасты жалбыз, жыланқияқ, 
жылантамыр,  жылаңқышөп,  жылбурын,  жындышөп,  жыңғыл,  зағыпыран,  зере  //  зире,    зерен, 
зерендік, изен, илан, иманжапырақ // бақажапырақ, ит желек, ит жуа, иткөсік, итқұлақ, итқонақ, 
итошаған,  итсигек,  иттабан,  иттеген,  иттікен,  итшомырт,  итшу,  иір  //  иіртамыр,  кəреней, 
кəріқыз,  кəулен,  кекек,  кекіре,  кекіребас,  келімдəрі,  келіншекбоз,  кемпіршаш,  кендір,  кенен, 
кереңқұлақ,  кермек,  кермексабын,  кермексап,  кестежусан,  кеуел  //  кеңіл,  кеурек,  киізкиік,  киікжүн, 
киікоты, киікшөп // киікоты, көбенқұйрық, көде, көкбас, көкбас беде, көкбасшөп, көкбиік, көкемарал 
көкекоты т.б. 
4)  Қурайлар:  айрауыққурай  //  кендір,  аюқурай,  балқурай,    ешкісасыр,    қалуен,    қурай,  уқурай,  
шайқурай. 
5)  Гүл-шешектер:  айылқияқ  //  құртқашаш  //  құртқагүл,  ақгүл,  ақжұпар,    аққурай,    ақтамақ, 
ақшешек, баршынгүл,  бозғалдақ, ботакөз, бөртегүл // мамыргүл, гүл, гүл-бəйшешек, еңлік // еңлікгүл, 
ерінгүл,    жалынгүл,  жанаргүл  //  гүлзардақ,    жарықгүл,  жауқазын,  жаушүмілдік,  жаушымылдық,  
запыран,  зəмбілгүл,  көкғалдақ,  көкшегүл,    қалампыр,  қалтагүл,  қарғалдақ  //  бəйшешек  //    қожашөп,  
қоғажай,  қозыгүл  //  бəйшешек//наурызшешек  //  наурызек  //  сиягүл,    қой  қызғалдақ,  қызғалдақ, 
қырмызыгүл,    мамыргүл,    меруертгүл  //  інжугүл,  намазшамгүл,  нəркес,    өмірзая,    райхан,    раушан,  
сарғалдақ, сепсегүл,  талгүл, таугүл, тұңғиық,  түймедақ, шегіргүл, шұғынық, ымыртгүл. 
6)  Дəнді  дақылдар:  айғабақ  //  айқабақ  //  күнбағар  //  күнбағыс  //  пісте  //  шекілдеуік  //  шемішке, 
ақбауыр  тары,  ақ  бикеш,  аққобаң,ақтоқалатбұршақ  //  атбасбұршақ,  алабүйрек  тары,алағарын 
тары,  арпа,  арыс // қарабидай, асбұршақ,  əлбидім, бадана, байдербіс, бақал // бақалақ, балбидай, 
балжүгері,  бидай,  боз  жүгері,  боз  тұмсық,  борми  //  порми,  бұршақ,  бойдақ  бидай,  бой  жүгері,  
бөрібұршақ,  дүмбе,  ешкі  бұршақ,  жаздық  арпа,  жасымық,  жауша,  жүгері,  көкзеңгір,    көкнайза, 
көмбеқонақ,  күздік  бидай,  күріш,  қарабидай,  қарақұмық,  қобаң  бидай,  қодыраң  //  қодырең, 
қонақтары,  қоянаяқ,  құмық  //  қарақұмық,  қызыл  тұмсық,    маш,  мақсары,  мəйекті  тары,  меке 
жүгері,  мекей  жүгері,  мекеті,    нарқызыл,  ноғаштық,  ноқат,  нұт  //  ноқат,  поштабай  тары,    сүт 
бидай,  тары,  тектек,  төл  тары,  түйе  бұршақ,    тікен жүгері,  ұшық  тары,  шарлы  бидай,  шаржау 
тары, ши сабақ тары. 
7) Техникалық дақылдар: апиын // көкнар, арыш, дүбек, зығыр, көкнəр, күнжіт, қызылша, қылша 
// қызылша // лəблеме, қыша, мақсары, соя, темекі. 
8) Бау-бақша, көгөніс: айуан кеді, айуан қарбыз, ақжелек, ақжелиек, аққұрық, ақнауат, ақұрық, 
аскеді, аскөк//əшкөк, əбінауат // ақнауат, əміре, əмір қауын, əңгелек, балдыркөк, басыпалды, бəдірен 
// қияр, бəйендек, бəреңгі // картоп, болболды, ботташық, бұрыш, гүрбік, данияр, діңке, жамбылша // 
жəмбілше, жəмше, жегелек, жералмұрты // жернəк, жуа, иттүйнек, картоп, кəді // кеді // асқабақ 
//  кеткеді  //  кəуе,  кəмек,  кемпір  қауын,    көкдөнен,  көксерке,  көктүйнек  //  кəмек,  көкше,  көк 
шыртылдақ,    күлəбі,  күлəсəн,  қабақ,  қазақы  қара  қауын,  қам  қауын  //  көктүйнек,  қара  бұрыш, 
қарамойнақ,  қарбыз  //  дарбыз,  қауын,  қойшы  қауын,  қызғанақ,  қызыл  бұрыш,  қызылұрық, 
қырыққабат, қыш қауын, май қауын, манты кəуе, мəлек, нас қабақ, ожау қабақ, өзбек қауын, палау 
кəді, патсайы // күлəсан, пияз, су қабақ, сəбіз,  тарна, тас кəді // тасқабақ, торлама, тұрма // тұрна 
// тұрып// шомыр, шалғам, шалқан, шаржоу қауын, шекерпара қауын, шөмішқабақ, шыртылдақ.  
9) Жеміс-жидектер, саңырауқұлақтар: ақсұлтан, алма, алмұрт, алхоры, алша, анар, баяншырын, 
беже // беһе, бөріқарақат, бүлдірген, жауыазақ, жүзім, зірік // бөріқарақат // сарағаш, итбүлдірген, 
итжидек,  кереңқұлақ,  көксұлтан,  көмбелек,  қайыңқұлақ,  қан  шие,  қара  бүлдірген,  қара  қарақат, 
қарақат,  қара  өрік,  қарлыған,  қасқыржидек,  қожақат,  қозықұйрық,  қойбүлдірген,  қойқарақат, 
қызыл қарақат, мейіз, нəк // алмұрт, орман бүлдіргені, өрік, саңырауқұлақ, сарымсақ, сиырбүлдірген, 
таңқурай,  тас  бүлдірген  //  қойбүлдірген,  түйе  бүлдірген,  тұшала  //  тошала  //  қарлыған,  шабдал  // 
шабдалы, шие, шиесабақ, інжір. 
Қазақ  тіліндегі  фитонимдердің  лексика-семантикалық  жіктемесін  жасау  барысында  мынадай 
тұжырымдар жасаймыз: 
-  қазақ  тіліндегі  фитонимдер  ағаштар,  бұталар,  шөптер  мен  шөптесіндер,  қурайлар,  гүл-
шешектер,  дəнді  дақылдар,  техникалық  дақылдар,  бау-бақша,  көгөніс,  жеміс-жидектер, 
саңырауқұлақтарсияқты тақырыптық топтарға бөлінді; 
-  қазақ  тіліндегі  фитонимдерді  əртүрлі  сипаттарына  қарай  əрі  қарай  жіктеуге  болады,  мысалы, 
ағаштарды  іштей  жабайы,қолдан  өсірілген;жеміс-жидекті,жеміссіз,  өсімдіктерді  адамның 
тамағына,  малдың  жеміне  жарамды,  жарамсыз,  яғни,ащы  (улы)  жəне  тұщы,  жай  жəне  шипалы 
(емдік) қасиеті бар шөптер жəне т.б. деп бөлуге болады; 
-қазақ  тіліндегі фитонимдер  негізінен  төл  атауларболып  табылады жəне  олар  қазақтың  ғасырлар 
бойғы  дүниетанымына,  дəстүрлі  шаруашылығына,  салт-санасына,  əдет-ғұрпына  байланысты 
қалыптасқан; 
378


-  қазақ  тіліндегі  фитонимдер  бір  сөзден,  бірнеше  сөздің  бірігуінен  немесе  кірігуінен,  екі  немесе 
одан да көп сөз тіркестерінен құралып,бір атауды білдіреді; 
- қазақ тіліндегі кейбір фитонимдер бірнеше нұсқада болып келеді:  
а)  əдеби  тілде  қолданылатын  лексикалық  нұсқалар:  мыңтамыр  //  иманжапырақ  //  шайыр, 
ақшоқан // шатыршалы теңгебас, көкекоты // жауынгүл, тəуіпдəрі // иманжапырақ, айрауыққурай 
//  кендір,  бөртегүл  //  мамыргүл,  жанаргүл  //  гүлзардақ,    меруертгүл  //  інжугүл,  арыс  //  қарабидай, 
апиын // көкнар, нұт // ноқат, құмық // қарақұмықжəне т.б.; 
ə) фонетикалық нұсқалар:бүрген // бүрлен, ажырық // əжірек, зере // зире,  сарсазан // сарысазан, 
шалпы  //  шампы,  борми  //  порми,  қодыраң  //  қодырең,  қарбыз  //  дарбыз,  беже  //  беһе,  шабдал  // 
шабдалы,  қазтаңдай  //  қазтаңлай,  сіргеқара  //  сіркеқара,  аскөк  //  əшкөк,    əбінауат  //  ақнауат, 
жамбылша // жəмбілше, саркүйік // сарыкүйікжəне т.б.; 
б)  əдеби  жəне  аймақтық  нұсқалар:  əулиеағаш  //  керімағаш,  шыбынқуғыш  //  қалақай,  қылша  // 
қызылша  //  лəблеме,  нəк  //  алмұрт,  шағыртікен  //  ошаған,  бəдірен  //  қияр,    бəреңгі  //  картоп, 
жералмұрты // жернəк, патсайы // күлəсан, жүзген // жүзгін // түзгінжəне т.б.; 
в) ағаш, шөп, гүл, бас, тамыр, жусан жəне т.б. сөздердің қосылып қолданылған нұсқалар: тұт // 
тұт  ағашы,  ақбас  //  ақбасшөп,  еңлік  //  еңлікгүл,  еркек  //  еркекшөп,  жасаң  //  жасаңшөп,  жебір  // 
жебіршөп,  жұпар // жұпарбас, иір // иіртамыр, көтібос // көтібосшөп, майқара // майқара жусан, 
өлең // өлеңшөп, тарғақ // тарғақшөп жəне т.б.; 
г)  құрамындағы  сыңарлар  ұқсас  нұсқалар:  балауыз  ағаш  //  балауыз  шырмауық,  арам  таран  // 
түкті таран, балжапырақ // балатыжапырақ, киікшөп // киікоты, тауықбас // ақбас,  атбұршақ // 
атбасбұршақ,  тас  кəді  //  тасқабақ,  тас  бүлдірген  //  қойбүлдірген,  иманжапырақ  //  бақажапырақ 
жəне т.б.; 
д) аралас нұсқалар: зірік // бөріқарақат // сарағаш, айылқияқ // құртқашаш // құртқагүл, тұрма // 
тұрна // тұрып // шомыр, айғабақ // айқабақ // күнбағар // күнбағыс // пісте // шекілдеуік // шемішке, 
қарғалдақ // бəйшешек //  қожашөп, қозыгүл // бəйшешек // наурызшешек // наурызек // сиягүл, кəді // 
кеді  //  асқабақ  //  кеткеді  //  кəуе,  көктүйнек  //  кəмек  //қам  қауын  тұшала  //  тошала  //  қарлыған, 
майкене // үпілмəлік // кенедəнжəне т.б. 
 
Əдебиет: 
1.
  Павлов Н.В. Флора Центрального Қазахстана. - Кзыл-Орда, 1927. - Ч. 1. 
2.
  Арзымбетов С. Орысша-қазақша ауылшаруашылық сөздігі. – Алматы, 1955. 
3.
  Арыстанғалиев С. Қазақстан өсімдіктерінің қазақша-орысша-латынша атаулар сөздігі. – Алматы: Сөздік-
Словарь, 2002. – 288 б. 
4.
  Нақысбеков О. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. –Алматы, 1972. 
5.
  Қалиев Б. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары. – Алматы: Ғылым, 1988. – 159 б. 
6.
  Бимағамбетов  М.  Некоторые  вопросы  названий  трав  в  казахском  языке  //  Ученые  записки.  Кзыл-
Ординский педагогический институт им. Н.В.Гоголя. - Серия гуманитарных наук. - Т 4. - Кзыл-Орда, 1958. - С. 
155-171. 
7.
  Қалиев  Б.  Өсімдіктердің  бес  түрлі  белгісі  //  Қазақстан  пионері.  –  1971,  5  июнь;  Қалиев  Б.  Сіз  өсімдік 
атауларын жақсы білесіз бе? // Оңтүстік Қазақстан. – 1972, 6 октябрь. 
8.
  Уюкбаева Г. Народные наименования растений. Рукопись диссертации. - Алма-Ата, 1982.  
9.
  Сейітова Ш.  Өсімдікке байланысты тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамасы: филол.ғ.к. 
... дис. – Алматы, 1999. - 168 б. 
10.
  Күркебаев Ш. Өсімдік мүшелері мен олардың құрылым-құрылысына қатысты терминдер: филол.ғ.к. ... 
дис.– Алматы, 1994. – 146 б. 
11.
  Күштаева  М.Т.  «Тары»  концептісінің  семантикалық  құрылымы  мен  лингвомəдени  мазмұны: 
филол.ғыл.канд. ... дис.– Алматы, 2002. – 192 б. 
12.
  Омарбекова Г.Ə. Неміс жəне қазақ тілдерінде фитонимдерді құрылымдық, ономасиологиялық зерттеу: 
филол.ғ.к. ... дис. – Алматы, 2004. – 200 б. 
 
Молдашева А. 
Ясауи атындағы Халықаралық 
Қазақ-Түрік университеті 
 
Латын əліпбиі мен қазақ тілінің оқу-құралдарындағы əліпби 
 
Қазақ  тілінің  оқулықтары  мен  оқу-құралдарын,  анықтағыштары    мен  сөздіктерін  ақтарып 
қарағанда кірме таңбалардың жазылым реті бірден көзге түседі. Оқулықтар мен оқу-құралдары қазақ 
əліпбиінің  түзіліуін  42  таңбаға  жеткізіп  отырса,  анықтағыштар  мен  сөздіктер  сол  42  таңбаның  сөз 
құрамындағы жазылым  ретін  міндеттеп  беріп отырады.  Соның  нəтижесінде  таңба  мен  оның  дыбыс 
мəні  бір-біріне  сəйкес  келмей  жатады.  Кірме  таңбалардың  жазылымын  реттеп  отыратын  икемсіз 
емле-ережелер  қаптап  жатыр.  Əзірге  оларды  жөнге  салудың  амалын  қарастырып  жатқан  не  оқу-
379


əдістемелік  орталықтар,  не  құзырлы  басшы  мекемелер  жоқ.  Сондықтан  да  білім  беру,  сауат  ашу 
құралдары сол 42 таңбаны сапырыстырумен келеді.  
Мəселені  мысалдан  бастайық.  Кез  келген  қазақ  сөздігін  алсаңыз,  өзінің  орнын  таппай  «адасып» 
жүрген сөздердің саны мол. Ондай сөздер кей жағдайда санаулы  ғана болса (аби – 4 сөз, ақи – 20 сөз, 
аю–  16  сөз  т.б.),  енді  бір  жағдайда  ондап-жүздеп  кетеді  (ая  –  146  сөз,  би  –  134  сөз,  бу  –  151  сөз,  
су – 145 сөз,  и – 239 сөз т.б.). Бұл тек бас буынға байланысты мысалдар, ішкі буынға тəн кездесетін 
мысалдардың  шегі  жоқ.  Тіптен  басы  бірікпейтін  бұ(у)-бү(у),  бы(й)-бі(й)  буындарының  іргелес 
тұрғанын қайтерсіз [1]. Мəселе олардың санында да тұрған жоқ. Мəселе қазақ сөзінің тізілім ретінің 
бұзылғанында жəне оны қолдан бұзып отырғанымызда болып отыр.  
Қазіргі кезде ғылыми-теориялық жəне əдістемелік (практикалық) тұрғыдан қазақ тілі оқулықтары 
мен  оқу-құралдарындағы  қазақ  тілі  дыбыстарының  жайы  жиі  пікір-талас  тудырып  келеді.  Өйткені 
ғылыми  тұрғыдан  анықталған  қазақ  тілінің  дыбыс  құрамы  мен  қазіргі  мектептерге  арналған  оқу 
бағдарламаларының арасында едəуір алшақтық бар. Оқу бағдарламасы жəне сол бағдарламаға лайық 
құрастырылған мектеп оқулықтары (мысалы, мектептегі бастау оқулық болып табылатын «Əліппе») 
қазақ əліпбиін 42 таңбадан тұрады деп көрсетеді. Оқу/əдістеме жұмыстары да осы құрамға негізделіп 
жүргізіледі. Соған қарап «қазақ тілінде 42 дыбыс бар» деген пікір тек оқушылардың ғана ұғымында 
емес,  ересектердің  санасында  əбден қалыптасып алды.  Оған  «қазақ  тілінде  қанша  дыбыс бар?»  деп 
сұрай қалсаңыз, алатын жауабыңыз біреу-ақ [2]. 
Қазіргі қазақ жазуының емле/ережесі бойынша қазақ əліпбиіндегі бір топ əріптер екіұшты, яғни, 
екі  түрлі  оқылады.  Мысалы,  и,  у,  я,  ю  əріптері  қазақ  сөздерінің  құрамында  бір  түрлі,  ал  орыс 
сөздерінің құрамында екінші түрлі оқылуға тиіс. Соған қарамай, «Əліппе» оқулығында сол əріптердің 
айтылу  үлгісінің  бір-ақ  түрі,  яғни,  орыс  тіліндегі  үлгісі  үйретіледі.  Өйткені  олар  қазақ  тілінің 
дауысты дыбыстарының құрамында жүр, сондықтан да олар бір дауысты дыбыс ретінде танылады. 
Жоғарғы  оқу  орындарының  болашақ  қазақ  тілінің  мұғалімдерін  дайындайтын  филология 
факультеттеріне арналған оқу бағдарламалары мен оқулықтарының жайы да дəл осындай. Сондықтан 
болар жоғары оқу орнын бітіріп, мектепке баратын болашақ қазақ тілінің мамандарының өзі дауысты 
дыбыс  пен  дауысты  əріптің  арасын  (дыбыс  мəнін)  ажырата  алмай  шығады.  Мысалы,  қазақ  тілінің 
оқулықтары  мен  оқу-құралдарында  «и–  дауысты  дыбыс»  деген  ереже  əбден  қалыптасып  қалған, 
сөздіктерінде арнайы реестр тобы берілген. 
Қазақ  тілінің  теориялық  фонетикасы  мен  практикалық  фонетикасының  арасындағы 
қайшылықтардың  салдары  қазақ  сөзінің  төл  айтылымына  (орфоэпиясына)  тікелей  зиянын  тигізіп 
жатқанын  зерттеушілер соңғы кезде жиі мəселе етіп көтеріп жүр: «...мектептен бастап «мынау –и» 
деп орыс тіліндегідей жіңішке айтқызып үйретіп, сонан соң жартыкеш емлеге сүйеніп, қазақ сөзін ми 
деп  жазып  қоямыз.  Сөйтіп,  қазақтың  ый,  ій    деген  дыбыс  тіркесін  орыстың  и    деген  дауысты 
таңбасына байлап беріп, ми деп жазып, кейінгі ұрпақты мый  деп айтқыза алмай əлек болып келеміз. 
Осыдан кейін баланың қазақтың мый  деген сөзін ми деп жіңішке айтпасқа амалы жоқ» [3]. Ал сауат 
ашу  «Əліппеден»  басталатынын  ескерсек,  «Əліппе»  құрамындағы  дыбыстардың  жазылым  жəне 
айтылым ережелеріне өте мұқият болу керек болады. 
Балабақша  жəне  бастауыш  сынып  оқушылары  үшін  əртүрлі  суретті  оқу  құралдары  (кітапшалар, 
плакаттар, кестелер т.б.) шығып жатыр. Олардың мазмұн желісі қазіргі қазақ əліпбиінің тізілім реті 
бойынша  құрылады.  Сондықан  да  əр  таңбаға  (əріпке)  берілетін  сөздер  мен  мысалдар  əліпби  ретін 
сақтайды:  а  əрпінен  басталып,  я    əрпімен  аяқталып  жатады.  Бұл,  əрине,  жалпы  сауат  ашу 
саласындағы қабылданған дəстүрлі амал болып табылады. Əрбір таңбаға берілетін мысалдардың да 
ауқымы белгілі. Мысалы, а таңбасына алма, ай немесе ата  тəрізді сөздер алынып отырады. Əрине 
оқу-əдістемелік тұрғыдан бұл əдістің пайдалы екеніне күман жоқ. Қажетті дыбыстың айтылым жəне 
естілім  моделін  оқушы  санасына  сіңірудің  төте  жолдарының  бірі  –  осы.  Алайда,  осындай  оқу 
құралдары оқу бағдарламасына лайық қазіргі 42 таңбаны түгел қамтитын болғандықтан, қазақ тілінің 
төл  дыбыстарының  орны  ауысып  кетіп  жатыр.  Өйткені  қазіргі  емле  тəртібі  бойынша  қазақ  сөзінің 
құрамында бөгде əріптер кездесіп отырады. Сол бөгде əріптердің əсерінен қазақ сөзі де өз орнынан 
ауысып кетеді. Сөйтіп өзіне тəн емес басқа бір таңбаның қарамағына еніп кетеді. 
Орны ауысып жүрген қазақ сөздері мол [1].  
1)Қазақ  сөзінің  əдеби  айтылым  үлгісі  сақталатын  болса,  онда  ит,  ине    т.б.  сөздер  и    таңбасына 
емес, і  таңбасына қатысты берілу керек. Өйткені ит, ине сөздерінің төл айтылымы ійт, ійне  болып 
табылады.  Ендеше  і    таңбасының  айтылымына  мысал  ретінде  берілетін  сөздер  и  таңбасының 
айтылымына лайық мысал ретінде амалсыз беріліп отыр. Өйткені сөз и  таңбасынан басталып тұр. 
2)Қазақ сөзінің айтылым үлгісі сақталатын болса, онда уық, уақыт, уыс т.б. сөздер  у  таңбасына 
емес,  ұ  таңбасына  қатысты  берілу  керек.  Өйткені  уық,  уақыт,  уыс  сөздерінің  төл  айтылымы  ұуық, 
ұуақыт, ұуыс  болып табылады. Ендеше ұ  таңбасының айтылымына мысал ретінде берілетін сөздер 
у    таңбасының  айтылымына  лайық  мысал  ретінде  тағы  да  амалсыз  беріліп  отыр.  Өйткені  сөз  у  
таңбасынан басталып тұр. 
380


Қазақ  əліпбиінің  құрамында  я,  ю  таңбалары  да  жүр.  Сөз  басында  кездеспегенімен,  əліпби 
желісіндегі сөздердің орнын олар да ауыстырып жіберуге тікелей себеп болады. 
1)Көрнекі  құралдардағы  я    таңбасына  берілген  сия,  ұя    т.б.  сөздердің  қазақы  айтылым  үлгісін 
ескеретін болсақ, онда ол сөздер  а немесе й  таңбаларының мысалы ретінде берілу керек. Өйткені  
сия, ұя  сөздерінің қазақша айтылымы сыйа, ұйа  болып табылады. Ендеше й немесе а  таңбасының 
айтылымына мысал ретінде берілетін сөздер я  таңбасының айтылымына лайық мысал ретінде тағы 
да амалсыз беріліп отыр. Өйткені сөздің құрамында я  таңбасы тұр. 
2)Көрнекі  құралдардағы  ю  таңбасына  берілген  аю,  ою  т.б.  сөздердің  қазақы  айтылым  үлгісін 
ескеретін болсақ, онда ол сөздер  ұ, у немесе й  таңбаларының мысалы ретінде берілу керек. Өйткені  
аю, ою  сөздерінің қазақша айтылымы айұу, ойұу болып табылады. Ендеше й, ұ немесе у  таңбасының 
айтылымына мысал ретінде берілетін сөздер ю  таңбасының айтылымына лайық мысал ретінде тағы 
да амалсыз беріліп отыр. Өйткені сөздің құрамында ю таңбасы тұр. 
Оның  үстіне  қазақ  тілі  əріптерінің  атауы  орыс  үлгісімен  эм,  эн,  эс  т.б.  болып  жүр,  балаларды 
осыған дағдыландырудамыз. Бала тілін бұзудың басы осы екенін əзір аңғармай келеміз. Тіптен «й» 
таңбасын  «й  қысқа»  деп  жаттықтырып  жатқан  оқу-құралын  да  кездестіруге  болады.  Қазақ  тілінде 
созылыңқы/қысқа дыбыстар жоқ екені əзірге қаперімізге ілінбей келеді. 
Мұндай  қазақ  тілінің  айтылым  емле-ережесіне  кереғар  келетін  əліпби  желісі  сауат  ашуды  жаңа 
бастаған баланың тілін бұзары сөзсіз. Өйткені бір таңбамен берілген дыбыс тіркестерін бір дыбыс деп 
қабылдау  қаупі  бар.  Сондықтан  да  көрнекі  оқу  құралдырын  құрастырғанда  қазақ  сөзінің  айтылым 
үлгілерін қатаң ескеріп отырған дұрыс.  
Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциясын дұрыс айтып жаттықтыру, сөзді буынға бөлу, тасымал 
жасау  үстінде  туындайтын  қиыншылықтармен  қатар,  мектепке  арналған  қазақ  грамматикаларында 
дыбыстардың артикуляциялық сипаттамасын бергенде де үлкен үйлесімсіздікке ұрынып жатамыз. 
Егер  бұл  таңбалар  орыс  сөздерінің  құрамында  келтірілсе,  онда  сөз  жоқ.  Ал  қазақ  сөздерінің 
құрамында  олардың  бір  дауысты  ретінде  оқытылып,  балаларға  бір  дауысты  ретінде  айтқызып 
жаттықтырудың,  бір  дауысты  əріп  ретінде  жазғызып  дағдыландырудың  жөні  жоқ  екендігін  əзірге 
оқулық  авторлары,  əсіресе  бағдарлама  авторлары,  ескермей  келеді.Əрине  бұл  бағытта  ешнəрсе 
істелмей жатыр деуге болмайды. Академиялық еңбектерде [4] қазақ тілінің төл дыбыс құрамы ақиқат 
анықталып, артикуляциялық сипаттамалары мен жіктелім кестелері берілген 
Ендеше,  теориялық  фонетика  мамандары,  теориялық  əдістеме  мамандары  жоғары  оқу 
орындарының  оқытушылары  жəне  практик  мұғалімдер  болып  бас  қосып  шешетін  күрделі  мəселе  – 
мектеп  оқулықтарындағы  қазақ  тілінің  дыбыс  құрамын  оңтайлау,  яғни,  əрбір  əріпке  қатысты 
дыбыстың  айтылым  анықтамасын  дұрыс  беріп,  бала  тілін  дұрыс  қалыптастыру.  Оқу-əдістеме 
саласының  мұндай  маңызды  шарасы  «Əліппеден»  басталу  керек.    Олай  болмаған  жағдайда  қазақ 
сөзінің айтылым үлгісінде көп ұзамай-ақ үлкен өзгерістер болуы мүмкін.  
Төмендегі  салыстырма  кестеден  қазақ  тілі  дыбыстарының  қаншалықты  күрделеніп  кеткенін 
байқаймыз.  Мұны қазақ əліпбиінің  тізбек  көлемінен  де  байқауға  болады. Қазақ  тілі  дыбыстарының 
құрамы 28 дыбыс болса, қазіргі əліпбиіміз  42-ге жеткізіп отыр. 
 
 
 
 
 
Ең бастысы таңба ұқсастығына қарап дыбыс та ұқсас екен дегеннен аулақ болу керек. Қазақтың 
барлық  дыбысының  өзіндік  айтылым  үлгісі  мен  естілімі  бар.  Тіптен  «а»  дауысты  дыбысының 
айтылымы қазақ тілінде өзінше, орыс тілінде өзінше. Тағы мысал: ортақ «к» əрібін қазақ тілінде бір 
түрлі  (тіл  ортасы),  орыс тілінде  екінші  түрлі  (тіл арты) дыбыстаймыз.  «У»  таңбасының  атауы  «ұу» 
[uw] болып, естілім жағынан орыстың дауысты дыбысына ұқсап кетеді. Содан барып қазақ тіліндегі 
«у» [w] дауысты деген түсінік пайда болған. Ал шын мəнінде, жағдай басқа-басқа: орыс тілінде қазақ 
тіліндегідей дауыссыз «у» [w] дыбысы жоқ. 
  Ендеше, таңба ұқсас болса, дыбыс та ұқсас болады деген жалған ұғым тумау керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақ тілінің төл дыбыс құрамы 
 
Аа  Əə  Бб  Ғғ  Гг  Дд  Ее  Жж  Зз  Йй  Ққ  Кк  Лл  Мм  Нн  Ңң Оо  Өө  Пп  
Рр  Сс  Тт  Уу[w]  Ұұ  Үү  Шш  Ыы  Іі 
Қазақ тілінің аралас дыбыс құрамы 
 
Аа  Əə  Бб  Вв  Ғғ  Гг  Дд  Ее  Ёё  Жж  Зз  Ии  Йй  Ққ  Кк  Лл  Мм  Нн  Ңң  
Оо  Өө  Пп  Рр  Сс  Тт  Уу  Ұұ  Үү  Ээ  Фф  Хх  Hh  Цц  Чч  Шш  Щщ  Ъъ  Ьь   
Ыы  Іі  Юю  Яя 
381


 
 
 
 
 
 
Бұл құрамға араб-парсы дəстүрімен жалғасып келе жатқан «Һһ» таңбасын қосу керек. Сонда қазақ 
əліпбиін көпіртіп жүрген кірме таңбалардың саны шыға келеді. 
Сонымен, ең бастысы – əріп таңбаларының тұрқы өзара ұқсас екен деп олардың дыбысталуы да 
бірдей  деген  ұғым  тумау  керек.  Сондықтан  қазақ  жəне  орыс  дыбыстарының  жасалым/естілім 
(артикуляция/перцепциялық)  ерекшелік-терінің  басын  ашып  алып,  оқу-əдістеме  құралдарын 
құрастырғанда жəне сауат ашу үстінде қатаң ескеріп отырған жөн. 
Төл  əліпби  құрамы  мен  аралас  əліпби  құрамын  салыстырып  қарағанның  өзінде  көлем 
айырмашылығы бірден көзге түседі. Ендеше латын əліпбиін қабылдау үстінде төл дыбыстарымыз бен 
кірме дыбыс/таңбалардың белгілену ретіне мұқият қарау керек болады. 
 
Əдебиет: 
1.
  Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. –Алматы: Арыс, 2004. – 781 б. 
2.
  Жүнісбек Ə. Қазақ фонетикасы. –Алматы: Арыс, 2009. –308 б. 
3.
  Мырзабектен  С.  Қазақ  тілі  фонетикасы.  –Алматы:  Қазақ  университеті,  2004.  –247  б.;  Кеңесбаев  І., 
Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. –Алматы: Ғылым, 1975. –304 б. 
4.
  Қазақ грамматикасы. – Астана: Елорда, 2002. – 783 б. 
 
 
Bukharshina  A. 
Teacher of  English language  
Sayazhanova A.Zh. 
Student of  Karaganda State University  
named on E.A.Buketov   
 
Trilingual is a lifetime warranty at profession 
 
At present, the approach to the Kazakhstani higher education is drastically changing. It is due to many 
reasons, the basic one being the 2030 Kazakhstan development program. In his 1998 Presidential Address, 
President Nursultan Nazarbaev stated the accomplishments and problems of the country and announced the 
priorities of the country’s development for the period up to 2030. He expressed his belief that each citizen of 
Kazakhstan  «has  ripened  a  profound  awareness  of  the  fact  that  one  can  no  longer  live  for  the  day  only, 
merely in an incessant turmoil of settling present day tasks» and they had to well remember that «apart from 
the goals set for the period of today, our generation bears tremendous responsibility to future generations, 
which is, in fact, responsibility of parents and grandparents to their children and grandchildren.» Speaking 
about building a new state, a new market economy and a new democracy, the necessity to honestly analyze 
both external and internal factors of the country’s development and to identify priorities and elaborate the 
relevant strategy on the basis of the people’s general consolidation, on the basis of Kazakhstani history and 
unique  circumstances  was  mentioned.  The  long-term  priorities  of  the  country,  mentioned  in  the  Program, 
were national security, country's political stability and consolidation of the society economic growth based 
on  an  open  market  economy  with  high  level  of  foreign  investments  and  internal  savings  to  gain  realistic, 
stable and steadily growing rates of economic growth, power resources, health, education and well-being of 
Kazakhstani citizens [1]. 
To accomplish the above-mentioned goals exploiting only the country’s richest natural resources – vast 
land  areas,  arable  lands  and  natural  resources  of  enormous  wealth  –  is  not  enough  as  it  cannot  promote 
development  of  the  country’s  economy  without  good  human  resources.  The  President  remarked  that  «we 
may be proud of a highly educated population with a pretty high standard of scientific and creative potential. 
This indeed is a tremendous achievement of our people... and of the former system for that matter. We must 
do  our  utmost  to  further  develop  this  invaluable  asset  of  ours  and  grant  it  ever  new,  ever  civilized 
opportunities  of  development».  But  to  do  it,  it  is  necessary  to  transform  mass  consciousness.  Given  this, 
support should be sought in the younger generation, which is more flexible in adapting to the new system of 
values and has a fresh vision of the future. 
The ideas were further developed in other programs and addresses. In the 2007 Presidential Address New 
Kazakhstan in the New World [2], President of the Republic of Kazakhstan Nursultan Nazarbayev stated it 
that to ensure the competiveness of the country and its people, the gradual implementation of the cultural 
program  should  be  realized.  This  objective  should  be  approached  with  the  development  of  Kazakh  as  the 
Кірме таңбалардың құрамы 
Вв, Ёё, Ии, Ээ, Фф, Хх, Цц Чч, Щщ, 
Уу, Ъъ, Ьь, Юю, Яя 
Һ һ 
382


official  language,  Russian  as  the  language  of  communication,  and  English  as  a  means  of  successful 
integration into the global economy. 
Since then trilingualism as the main country’s cultural program has been implemented. We should note, 
however,  that  the  concept  of  multilingualism  was  not  new  for  the  country  then.  Kazakhstan  has  long 
prioritized  learning  languages  of  different  peoples  of  the  country.  In  schools,  vocational  schools  and 
universities education is provided in both Kazakh and Russian. Moreover, foreign languages were taught in 
all educational institutions. It speaks to the effect, that in       Kazakhstan bilingual education was established 
and  trilingual  education  as  a  trend  was  appearing.  However,  for  many  reasons  Kazakhstani  educational 
institutions did not ensure good language proficiency in the languages taught, so a new approach to language 
teaching  and  learning  had  to  be  introduced.  The  current  program  states  it  that  the  Kazakhstani  education 
should become high quality to enable Kazakhstani people to become competitive at the global labor market, 
to give them an opportunity to enter best world universities, to be mobile and able to learn all life. Doing 
that, one should not forget about the importance of developing a harmonious person with high moral values 
and national identity, a person who is world-minded, but never forgets his «roots» [3]. 
The  program  is  very  ambitious  and  many  efforts  have  been  made  to  achieve  its  goal,  therefore,  we 
consider it relevant to briefly review its main achievements and challenges. The article briefly summarizes 
the  main  steps  taken  and  focuses  on  introduction  of  trilingualism  in  Kazakhstani  higher  education 
institutions. 
In 2012, the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan and some universities that 
had  made  experiments  in  introduction  of  polylingual  education  developed  the  Concept  of  Polylingual 
Education  Development  [4]  in  which  the  current  state  of  the  Kazakhstani  educational  system  and  the 
possibility  of  introducing  trilingual  education  were  analyzed  and  priorities  in  trilingual  education 
development  were  stated.  The  concept  required  a  review  of  the  language  education  content,  developing  a 
new strategy in teaching languages in Kazakhstani education institutions, as well as the language content, 
which should be scientific based, and correspond to the overall trilingual education program. 
Among  the  main  objectives  of  the  program  are  training  university  lecturers  able  to  give  courses  in 
trilingual education programs; enhancing prestige of using the Kazakh language; maintaining the system of 
language  diversity  in  Kazakhstan;  ensuring  functioning  of  the  Russian  language  in  the  communicative 
sphere; provision of systematic scientific and methodological support to teaching English and other foreign 
languages; development of polylingual education infrastructure; development of intercultural component of 
language  education;  and  ensuring  the  intellectual  growth  in  Kazakhstan  by  acquainting  its  people  with 
cultural values. 
The education principles in the Kazakhstani trilingual system are as follows: 
¾Kazakh – Russian – English; 
¾Languages are learnt separately; 
¾Learning of the languages is based on the native language; 
¾Teaching  a  foreign  language  is  teaching  how  to  express  thoughts  in  a  foreign  language,  teaching  its 
culture;  
¾Development of trilingual personality; 
¾Speech development algorithm: subvocalization – oral speech - written speech;  
¾Communicative ability [5]. 
Thus, currently a most important objective of an education institution is teaching students global cultural 
values enabling them to successfully communicate and interact with people of other cultures on the global 
level. When studying foreign culture, history, geography, literature, arts and science students will get better 
understanding  of  their  own  culture  and  language.  Research  and  practice  of  interconnected teaching  native 
and foreign languages prove its impact on the harmonious development of personality [6]. 
The tactics of implementing trilingual education in Kazakhstani higher education institutions include: 
¾ development of regulations on implementation of trilingual education programs; 
¾ training teachers for trilingual education programs; 
¾ utilization of world experience, which can be adapted to trilingual education; 
¾ review of level model of foreign language teaching and learning in order to develop similar models of 
teaching  and  learning  the  Russian  and  Kazakh  languages,  which  will  develop  standards  in  teaching  the 
languages. 
¾ establishment of the national coordination center of trilingual education [5]. 
We  can  already  state  some  visible  results  of  the  program.  The  Ministry  of  Education  and  Science  has 
promoted  publishing  trilingual  dictionaries  of  terms  (English-Kazakh-Russian),  textbooks,  workbooks;  it 
monitors  the  implementation  of  the  national  budget  program  of  professional  training  and  retraining  of 
teachers in public education institutions. The Daryn National center holds seminars and workshops, national 
English Olympiads, participates in developing English courses for schools with intensive English learning. 
Realization of Bologna Process principles in the Kazakhstani higher education is monitored which enables 
383


one to state the main achievements and gaps and develop a strategy for improvements. Regional programs of 
developing  trilingualism  have  been  designed.  Links  of  universities  with  Kazakhstani  and  foreign 
organizations, enterprises and educational institutions have been reinforced. The number of English-speaking 
guest lecturers and professors who work in higher education institutions is rapidly increasing. More students 
participate  in  academic  mobility  and  work  programs  abroad.  In  universities  trilingual  education  centers 
which  coordinate  university  policy  in  trilingual  education  and  provide  for  the  training  and  professional 
development of trilingual specialists, have been established. Several schools and universities of Kazakhstan 
have  developed  trilingual  education  programs  and  a  number  of  integrated  courses  taught  in  English.  New 
school textbooks are published in six languages: Kazakh, Russian, Yigur, Uzbek, Turkish, and German. 
The  implementation  of  trilingualism  in  Kazakhstani  higher  education  institutions  has  been  further 
enhanced by the A Hundred Steps to Realize Five Institution Reforms Plan of the Nation (20.05.2015) [7] 
and the Plan of Enhancement of Trilingual Education for 2015-2016, as of October 30, 2015 [8]. 
In  Part  III  of  the  A  Hundred  Steps  to  Realize  Five  Institution  Reforms  Plan  of  the  Nation  a  gradual 
transition to English language education in high school and higher education institution education (Article 
79) was stated, in Part IV Identity and Unity – development and implementation of the «Nurly Bolashak» 
National  Program  and  development  of  the  mangilik  el  values  in  the  school  education  programs  were 
mentioned (Article 89). The Plan of Enhancement of Trilingual Education for 2015-2016, approved by the 
State  Secretary  of  the  Republic  of  Kazakhstan  G.  Abdylkalikova  [8]  is  a  set  of  organizational  and 
informative measures taken in order to motivate Kazakhstani people of all age to learn Kazakh, Russian and 
English languages. 
It is of great significance that the concepts of the Trilingual education are being realized on the regional 
level.  Thus,  in  August  2015,  in  East  Kazakhstan,  the  program  of  trilingualism  development  in  East 
Kazakhstan  region  for  2015-2018  was  adopted  [9].  The  goal  of  the  program  is  to  establish  the  necessary 
organizational,  methodological,  pedagogical,  and  financial  support  to  enhance  development  of  language 
competences in Kazakh, English, and Russian. The Program has three stages. During the first stage (2015-
2016 academic year) the number of English lessons is to be increased and academic groups of 10-12 students 
are  to  be  formed.  All  secondary  schools  of  the  region  are  to  start  using  the  same  English  and  Kazakh 
textbooks and teaching materials. The second stage (2016-2017 academic year) integrated English, Kazakh 
(for secondary schools with instruction in Russian) and Russian (for secondary schools with instruction in 
Kazakh)  courses  in  Geography,  Biology,  Physics,  Mathematics,  etc.  are  to  be  developed.  The  system  of 
bonuses  for  the  teachers  of  English,  Kazakh  (for  Russian-speaking  students)  and  Russian  (for  Kazakh-
speaking students) who will provide for high final grades of their students will be introduced. The final stage, 
2017-2018 academic year, presupposes introduction of assessing communicative competence of students in 
four language skills in English, Kazakh, and Russian in accordance with the European standards А1, А2, В1. 
The Program stipulates assistance of the British Council and Nazarbayev University and the establishment of 
three training centers for English teachers where 79 English native speakers will work. Though the program 
concerns secondary education, as a result we will get entrant students with better language proficiency, who 
will be ready to take trilingual education programs. 
Achievements  in  implementation  of  trilingual  education  cannot  be  underestimated,  however,  there  are 
some  things  that  can  hamper  the  accomplishment  of  the  goals,  one  of  them  being  modification  of  higher 
education in accordance with Bologna principles. The SWOT-analysis made by the Center of the Bologna 
Process  and  Academic  mobility  [10]  states  it  that  the  state  provides  support  for  all  Bologna  political  and 
educational  aims,  the  content  of  graduate  and  post-graduate  programs  is  changed  in  accordance  with  the 
Bologna Process in the majority of Kazakhstani universities, education programs are modified in accordance 
with  the  labor  market  and  needs  of  the  society,  development  of  international  links  and  partnership  with 
foreign higher education institutions is possible, as well as greater access to European education and research 
facilities.                The  Bologna  Process  enhances  innovations  in  the  Kazakhstan  higher  education  system, 
however,  the  process  is  hampered  by  insufficient  methodological  and  organizational  support  and  law 
regulations  on  implementation  of  Bologna  principles  and  parameters  in  Kazakhstani  universities,  low 
interaction  of  the  universities  and  the  society,  difference  between  Kazakhstani  and  European  educational 
systems, lack of regulations in free academic mobility of students, and few highly-qualified specialists, who 
could provide for effective cooperation with foreign education institutions. Besides, Kazakhstani academic 
community  is  not  well  informed  of  changes  in  higher  education  system  in  accordance  with  the  Bologna 
Process, as well as of its concept. The situation is worsened by lack of institutions, which would do regular 
monitoring of implementation of Bologna principles in foreign higher education institutions. Therefore, to 
improve  the  situation  with  academic  mobility  of  Kazakhstani  students,  which,  in  general,  can  enhance 
development  of  trilingual  education  in  the  country,  implementation  of  the  Bologna  Principles  should  be 
accelerated  and  made  systematic  not  only  on  the  level  of  the  Ministry  of  Education  and  Science  of  the 
Republic of Kazakhstan, but on the university level. We do think it will only be realized if universities are 
384


given  more  autonomy  which  is  already  provided  for  in  the A  Hundred  Steps  to  Realize  Five  Institution 
Reforms Plan of the Nation . 
A real problem in designing and developing courses for trilingual education programs is in lack of precise 
requirements as to the skills and competencies a trilingual specialist should have on the completion of the 
education program. Without filling this gap it is impossible to properly design any course of the program. Of 
even greater concern is the focus of those who are in charge for the realization of the Program on its social 
and  organizational  aspects.  We  cannot  deny  the  importance  of  motivating  people  to  learn  languages,  the 
necessity  to  form  closer  links  with  the  world  leading  universities  or  provide  professional  development 
programs for teachers of English, however, many efforts may be in vain, if the methodology is not proper. 
Here  there  are  still  many  problems  to  solve,  one  of  which  appears  to  be  with  the  development  of  lingual 
personality. It is well-known that many problems with acquisition of a foreign language are connected with 
insufficient development of language skills in the native tongue. At the initial stage of language acquisition it 
is  vital  to  properly  develop  phonetic  skills,  that  is,  phonemic  hearing  as  well  as  connected  with  it  word 
analysis and synthesis. Otherwise, it will result in numerous spelling mistakes, more difficulties in learning 
how  to  read  and  write  not  only  in  one’s  native,  but  also  in  a  foreign  language  the  person  may  study. 
Similarly, poor vocabulary, lack of knowledge in combinatory potential, stylistic stratification of words, and 
word-building limit the person’s ability to speak and write properly in any language he/she may use. Poor 
knowledge  of  one’s  native  language  structure  not  only  results  in  gross  mistakes  in  the  person’s  mother 
tongue,  but  can  make  the  learning  grammar  of  a  foreign  language  and,  consequently,  development  of 
speaking and writing in a foreign language quite difficult. At times, it is practically impossible, as lack of 
knowledge of the native tongue’s structure will lead to language interference which cannot be compensated. 
Over twenty years of teaching experience in higher education institutions have shown significant decrease in 
first-year students’ language proficiency in both their native and English languages which may be connected 
with  the  changed  school  program.  In  our  opinion,  successful  realization  of  the  Trilingual  Program  in 
Kazakhstan  is  only  possible  if  thorough  learning  of  a  native  tongue  is  provided  at  school.  Another  issue, 
which requires consideration, is design and development teaching materials for Kazakh, Russian and English 
courses. At present, in an attempt to develop new language textbooks, educators tend to copy the structure 
and the content of some best-selling course books without taking into consideration the fact that the majority 
of them are not designed with consideration of the native tongue of the learners, which can make the process 
of  grammar  acquisition  more difficult.  Practice  shows  it that  university  students  who  are  learning  English 
with high quality Longman, Oxford University Press and McMillan textbooks (A1, A2, B1, B2 levels) get 
good  everyday  vocabulary  and  enough  listening  practice,  however,  their  grammar  skills  are  not  properly 
formed. Thus, learning foreign language teaching and learning from the world experience is necessary, but 
only on condition that we remember the goals of language learning in our country, the specifics of the native, 
Kazakh/Russian,  languages  of  the  learners,  and  are  ready  not  just  to  use  the  already  existing  world 
experience but improve it in accordance with our ambitious aims. 
Another  challenge  is  design  and  development  of  integrated  courses as for  that not  only  good  language 
proficiency, but teaching techniques used in the formation of language skills are required. Therefore, school 
and  university  teachers  who  are  to  give  integrated  courses  should  be  trained  both  in  the  language  and  in 
methods of teaching a foreign language as it is the only way to make a language integrated course effective. 
These are only some of many challenges Kazakhstani educators face, yet there is hope that support of the 
state,  greater  autonomy  of  the  universities  and  competence  of  educators  will  help  realization  of  trilingual 
higher education in the Republic of Kazakhstan. 
 
 References 
1.
  Долгосрочная стратегия развития Казахстана «Казахстан-2030» 
2.
  Назарбаев Н.А. Новый Казахстан в новом мире // Казахстанская правда. -№ 33(25278). - 2007.  
3.
  Государственная программа развития языков в Республике Казахстан на 2011-2020 годы // edu.gov.kz . 
4.
  Государственная  программа  развития  образования  в  Республике  Казахстан  на  2011-2020  годы  // 
ru.government.kz/resources/docs/doc18.  
5.
  Есетова Е.М. Межкультурная парадигма – новая онтология современного образования. Межкультурное 
обучение: истоки,содержание//htpp://www.adastra.2005.narod.ru/esetova.doc . 
6.
  Галеев В.Н., Нигматов З.Г. Полилингвальное обучение и глобальная информатизация//htpp//ito.bitpro.ru/.  
7.
  Распоряжение государственного секретаря Республики Казахстан №11 от 30.10.2015.  
8.
  http://www.inform.kz/rus/article/2777943.  
https://www.kt.kz/rus/society/v_vostochnom_kazahstane_razrabotana_programm  
10.
 a_razvitija_polijazichija_na_20152018_godi_1153609471.html . 
11.
 http://naric-kazakhstan.kz/kz/home/o-tsentre/strategiya-razvitiya . 
  
 
 
385


Құнанбай А. 
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті 
 
Айтыс жанры мен ақын типінің пайда болу 
 
Айтысты «қазақтың төл сөзі, төл өнері» дейміз, ауыз əдебиетінің өзіндік ерекшелігі мейлінше мол 
түрі деп əспеттейміз. Айтысты ақын типі жеткізетінін де білеміз. Ел іші – өнер кеніші дегенімізбен, 
сол айтыс пен ақын сияқты жанр һəм типтер қайдан шықты, бастауы қайда, тарихы мен тағылымы 
нешік, осы біздің айтып жүргеніміз қай айтыс немесе қай түріне жатады екен деген сауалдарға жауап 
бере алуымыз əсте күмəнді (əдебиетші ғалымдарымызды қоспағанда). Айтыс, айтыс деп бер жағынан 
ғана  қайтып,  ішкі  мəні  мен  мазмұнына  барып  жатпаймыз.  Рухани  мəдениет,  əлеуметтік  өмірмен 
байланысы бар ма, бар болса қандай? Оның тап пен түр, тип пен миф процестерінде қаншалықты 
əсері мен үлесі бар дегенге тіл мен əдебиет маманы ретінде аз сөз қосқанды борыш көрдік. 
Ақындықтың жөні бір бөлек. Айтыс ақындары – тобы тіптен бір бөлек этнографиялық мəнге ие 
фольклорлық тип. Бұның табиғи сипаты, ежелгі түп арнасы, мəдени рөлі өзгелерге қарағанда, тағы да 
басқашалау.  Неге  басқа  емес,  дəл  айтыс  туралы  айтудамыз,  себебі:  айтыс  өлеңдері  –  қазақ  ауыз 
əдебиетіндегі  ең  мол,  ең  ауқымды  жанрдың  бірі  де  бірегейі.  Сонымен,  айтыс  пен  ақын  жайлы 
кішігірім зерттеу жүргізсек, айтыстың мифтік, мəдени жағын, ежелгі арнасын, қайдан пайда болғаны 
жайлы.  
Айтыс – қазақ халқының бай ауыз əдебиетінің құнарлы бір арнасы ретінде бағзы замандарда туып 
қалыптасқан көне жанр. Айтыс қарсылас екі ақынның немесе топтың жиын-тойда кезектесіп қолма-
қол, жолма-жол əдемі шығарып айтылған ұйқасты өлеңіне құралады. Айтыс – сөз барымтасы. Айтыс 
– өмірлік мəні бар оқиғаларды тартыс арқауы ете отырып, соны  ақынның жеңіске жету жолындағы 
өз  мақсаттарына  орай  тілге  тиек  етіп,  белгілі  бір  көркемдік  деңгейде  кезектесе  сипаттауы  арқылы 
жасалатын  кең  тынысты  туынды.  Өзінің  мəнерлі  де  айшықты  тіл  кестесімен  саф  алтындай  күні 
бүгінге  дейін  ұмытылмай,  халық  жадында  сақталып  келуі  де  сондықтан.  Ал  енді,  айтыстыс  ең 
алғашқы  түріне  келсек,  ол  елдің  байырғы  тұрмы-салтына  байланысты  айтылып  келген  «Жар-жар», 
«Бəдік» айтысына, яки,  жеңіл-желпі қайымды қағысулар, əзілді шекісулерге талапкер жұрттың бəрі 
де өз қадарынша қатысқан. Жалпы, айтыстың негізгі ерекшелігін академик Мұхтар Əуезов дəл басып 
көрсеткен  болатын:  «Ру  жігіне  бөлінген  ел  кей  кезде  ұранмен  бас  құрасып,  ұран  атымен  тіршілік 
еткенде рудың бəйгеге қосқан атын қызықтаса, күреске түскен палуанын қызықтап намыспен сүйсе, 
мынау өлеңдердің тұсында сол сияқты ру таласы, ру намысы, ру бəйгесіне сөз жүйрігін қосқандай 
болып  жік-жікке  бөлініп,  солардың  тілеуін  тілесіп,  қызығын  қызықтасады.  Талас-тартыс  тек  екі 
ақын  арасында  ғана  емес,  бəсеке  тілеулестік  екі жарылған  жиында  да  болады».  Басқаша  айтсақ  – 
тапқыр сөз, тамаша ұйқас, əсем əуен, нақышты ырғақтардан мол эстетикалық лəззат алып, көңілдерін 
көтеріп, рухтарын бір серпілтіп, жақсылықтарын үйреніп, жамандарынан жиреніп, тыныш, орнықты, 
мəдениетті  қоғам  құруға  құлшынады.  Сол  себепті  қазақта  «айтыс  болады  екен»  десе,  жеті  жасар 
баласынан  жетпістегі  шал-кемпірге  дейін  желпінбейтіні  жоқ.  Жоғарыды  айтқанымыздай,  айтыстың 
ең ескі түрі, түп бастауы сол топ-топ болып өзінше хормен айтылатын көне салт өнерінен басталады, 
содан  бері  келе  жатқан  ақындар  айтысына  өрістеп  ауысқандай.  Бұл  пікірді  С.Мұқанов, 
Ə.Рақымжанов қостайтынын айта кеткен жөн. 
М.Қаратаев  ақындар  айтысын  ырыми  жанрлармен  ғана  емес,  үлкен  этнографиялық  тағылымға, 
шешендік  сөз  өнеріне  орайлас  құрылғандығын  айтады.  Əр  ғалым  айтыс  жанрларын  əртүрліше 
топтайды.  Мысалы,  С.Мұқанов  айтыстың:  жар-жар,  қайымдасу,  жұмбақ  айтсы,  дін  айтысы  (оның 
ішінде  бəдік  айтысы  мен  шариғат  тақырыбындағы  айтыс).  Міне,  айтыстың  шаманизмге  де 
байланысты қыры бар екенін осы тұста аңғарып қаламыз: «Шаман дінін қолданып жүрген адамдар: 
малға,  адамға  тиетін  індет  ауруының  иесі,  құдайы  бар  деп  түсінген  жəне  «бəдік»деп  атағанын 
көрсетеді.  Айтыс  қазақта  ғана  емес,  сонымен  қатар  біршама  түркі  тектес  халықтармен  қоса  шет  ел 
əдебиетінде  ұқсас  жанрлар  бар.  Бұл  туралы  ғалым  Е.Тұрсынов  айтыстың  түп-тамырын  зерттеп, 
фольклор  үлгілерін  жасап  сақтаушы  əрі  таратушылардың  типтерін  көне  заман  белгілерімен 
салғастыра отырып, əдемі топшылаған.  
Əртүрлі  халықта  айтыстың  алуан  формалары  кездеседі.  Осылардың  бəріне  ортақ  сипаттар 
төмендегідей айтыстың дамуына орай беріледі: 1)Айтысқа бір ру немесе бір ауылға жататын адамдар 
түспейді  (қазір  де  сол);  айтыстың  негізгі  мазмұны  қарсылас  жақ  руының,  ауыл  адамдарының 
кемшіліктерін айтып, əшкерелеу болып келеді. Демек, айтысқа түскен адамдар өздерін жеке атынан 
ғана  емес,  бүкіл  ру,  ауылдарының  атынан  сөйлейді;  2)əке  жағынан  туыстас  қыз,  келіншектермен 
айтысқа түспейді; айтысқа тек рулары (ауылдары) бөлек жігіттер мен қыз-келіншектер жəне құдалар 
(экзогамия салты бойынша, үйленетін жігіт пен қыздың рулары бөлек болуы шарт) түседі. Мысалы, 
дəстүрімізде де үйлену салтында қызды алып келеген жігіттің қасында арнайы айтысуға дайындалған 
ақындар келеді екен. Бірақ айтыс осымен шектелмейді. Қыз жағынан адамдарды жігіт жағын кемітуге 
386


тырысып,  неше  түрлі  амалдар  жасайды,  жігіт  жолдастарының  бет-пішіндерін,  киген  киімдерін, 
мінген көліктерін, сыйға тартуға алып келген заттарын т.б. тілге тиек етіп мазақ етеді, келеке қылады. 
Екі жақ арасында қызу сөз жарысы басталады. Бұл не деген сөз? Айтыстың түпкі мақсаты – ұту, 
қарсыласын  қисында  да,  уəжді  сөзбен  қапысын  тауып,  еріксіз  тізе  бүктіру.  Міне,  осыдан  кеп 
айтысушылардың  қай-қайсысы  болса  да  өз  шама-шарқынша  ұтудың  алуан  амал-жолдарын, 
бұлтартпас  айла-тəсілдерді  қарастырады.  Демек,  қазақтың  айтыс  өлеңдері  халықтың  қоғамдық 
өміріне, тұрмыс-тіршілігіне байланысты жəне жазу өнері болмаған кезінде туып, қалыптасқан. Айтыс 
жанрының  шығу  төркінін  анықтауда  мынадай  мəліметтерді  мəні  зор  болмақ:  функциялық  құрылыс 
жағынан  құдалар  айтысына  қыз  бен  жігіттің  айтысы  жақын.  Олай  дейтініміз:  екеуінде  де  айтысқа 
түсушілер – потенциалды жағдайда бір-бірімен неке қатынасына түсе алатын адамдар. Бір-бірімен 
туыс  қыз  бен  жігіттің  өзара  айтысқа  түсетін  фактілер  біз  білетін  халықтардың  ешқайсысында 
кездеспейді.  Бұл  экзогамия  қатынастары  нəтижесі.  Қыз  бен  жігіт  айтысы  қазақ,  қарақалпақ, 
қырғыздан басқа қарашай, балқарларда бар. 
Қарашайлар оны «ийнар» жəне сүймеклік жырла» деп атайды екен. Олардың екеуінде де өлеңнің 
алғашқы  екі  жолы  өзгермей  қайталана  берді  де,  айтысушылар  тек  соңғы  екі  жолды  өзінің  ойнан 
шығарып отырған.  
Тағы  да  қазақтың  үйлену  дəстүріндегі  айтысқа  ұқсас  «хорызбехер»  деп  аталатын  адыг 
халықтарында:  өлең  түрінде  емес,  қара  сөз  түрінде  өтетін  айтыс  бар.  Бұл  үйлену  фольклорына 
жатады.Бір ерекшелігі əрі ұқсастығы айтыс көңілді, қағытпа қалжыңға толы түрде өтеді. Тайландтың 
негізгі  халқы  –  таилерде  «плең»  деп  аталатын  айтыс  бар:1)Əн,  əуен;  2)белгілі  бір  əуенмен  табан 
астында шығарылған өлең. Плеңнің де бірнеше түрі, өту əдебі, əуен-мақамы бар. Еркек пен əйелдің 
немесе еркектер мен əйелдер тобы арасында өтетін айтыс «лен плең» деп аталады. Лен плең екі топқа 
бөлінеді,  олар:  «сакава»  (екі  кісіяки, екі  топ  арасындағы  айтыс).  Айтысқа  түсушілер өлеңді  белгілі 
бір аспапқа не болмаса шапалақтап, əйтеуір бір ырғаққа сүйемелдеп табан астында өлеңдеп айтады. 
Өлеңі келіспеген адамды отырған жұрт мазақ қылып, күлкінің астына алады. Демек, бұл жағынан да 
қазақ  айтысына  ұқсас  келеді.Көңіл  аударатын  бір  жайт:  айтыстың  шығу  тарихында  эндогамды 
байланыс жатыр. Демек, еркектер мен əйелдер арасындағы айтыстың түп негізі екі ру арасындағы 
айтыс болып шыға келеді (Е.Тұрсынов бұны неолит дəуірмен байланыстырады). Жиын тойларда сөз 
жарыстыру,  күш  сынасу,  ат  жарыстыру  қатар  өрбіп  жатады,  яғни,  бұлардың  бəрі  ата-
бабаларымыздың 
ырыми 
өмірінде 
дуальдық 
мифтерді 
иллюстрациялау 
мақсатымен 
ұйымдастырылған  ырымдар  комплексінің  бөлшектері.  Түрлі  халықта  айтыстың  түрлі  формалары 
кездеседі.  Судан  халықтарының  «сананкуы»,  фульберлердің  айтысы,  зұлыстардың  «г
,
убушеласы», 
ұйғырдың «лапы», қабардылардың «хорызбехері», халха, дөрбеттердің айтысы прозалық сықақ, əзіл-
қалжың, мазақ түрінд өтеді. Алтайлардың «тамыры», қарашай, балқарлардың «ийнары», «сүймеклік 
жырлары», қазақтың қайым айтысы кезінде айтысушылар жаттанды шумақтарды пайдаланып, соңғы 
бір-екі жолын ғана өз ойынан шығарып қосып отырады. Айтыс өнерінің ең жетілген түрі, биік шыңы 
– табанасты өлең шығарып айтысу, яғни, ақындық айтыс. Ғалымдар:«айтыс өнерінің түпкі тамырын 
жар-жар,  бəдіктен  де  бұрынырақ  барып,  фатриялардың  ырым-салттарына,  алғашқы  қауымның 
əлеуметтік-экономикалық тіршілігінен іздеуіміз керек», –дейді.  
Сонымен,  ақын  типінекөшпестен  бұрын  айтысты  алуан  түріне  байланысты  бөлген 
зерттеушілердің  классификациясын  аз-маз  шолып  өтелік.  С.Мұқанов  зерттеулерінде  қазақ 
айтыстарын:  «1.Əдет-ғұрып;  2.Қайымдасу  айтысы;  3.Жұмбақ  айтыс;  4.Дін  айтысы;  5.Ақындар 
айтысы»  деп  топтастырады.  Қ.Жұмалиев  айтысты:  «1.Бəдік  айтысы;  2.Жар-жар;  3.Мал  мен 
адамның айтысы; 4.Өлі мен тірінің айтысы; 5.Жұмбақ айтысы; 6.Салт айтысы: қыз бен жігіт, ру 
айтыстары;  7.Осы  күнгі  айтыстар»  деп  жеті  топқа  бөледі.  Қазақ  айтысындағы  кейбір  даулы 
мəселерді  М.Омарханұлының  зерттеулерінен  нақты  əрі  дұрыс  шешімін  көреміз.  Ғалым  айтысты: 
«1.Əдет-ғұрып  айтысы;  2.Ақындар  айтысы  деп  топтайды.  Автор  əдет  айтысына  «Бəдік»  пен 
«Жар-жарды», ал ақындар айтысына рушылдық, жұмбақ, дін айтыстарын» жатқызады.Сондай-ақ 
ақындар айтысын түре, сүре деп екіге бөледі де, бір-бір ауызсөзбен шектелетін түре айтыстың өзін 
«қайым  өлең,  қара  өлең»  деп  тағы  ажыратып  береді.  Ал  төселген, суырыпсалма ақындар айтысына 
сүре айтысты қосады. 
Алғашқы  əлеуметтік  таптардың  қалыптасу,  даму  процесі  бүкіл  əлеуметтік-экономикалық  өмірде 
болып жатқан мамандалу процестерімен астасып жатты. Ақын болсын, бақсы, дəнекерші, не жыршы 
болсын, жалпы өнер дəстүрінің мыңдаған жылдар бойында сатылап дамып, жетіліп, сала-сала болып 
бөлінуінің жемісі. Біз фольклорлық дəстүрді тереңірек зерттемесек құрғақ баяндаушылыққа, жай 
ғана  ой-жобамен  айта  салушылыққа  ауып  кетуіміз  ғажап  емес.  Қазақ  ауыз  əдебиетінің  күрделі 
мəселелерін  талқылап,  топтастырған  еңбектерде  сөз  өнерін  жадында  жаттап,  дамытып,  ұрпақтан 
ұрпаққа мұра қылып қалдырушылардың типтерін шығу төркініне қарай анықтама беріп, бөлген біраз 
дерек бар.Бұл мақаланың негізгі мақсаты – фольклор үлгілерін сақтап, дамытып таратушылардың ең 
көне  типтерінінің  шығу  тегін  тексеру,  зерттеу,  əлі  де  болса  беті  ашылмай  жатқан  кейбір  мəселе 
387


фольклор үлгілерін сақтап таратушылар типтерінің арғы негізін, қалай пайда болғандығын əлеуметтік 
жағдаяттармен тексеру.  
Кезек  –  ақын  типінде.  Көптеген  ғалымдар  пікіріне  сүйенсек  «ақын»  сөзі  қашан,  қайдан,  қалай 
пайда  болды  деген  сұраққа  екі  жақты  жауап  алады  екенбіз.  Парсыша  «ахунд»  («оқыған,  білімді, 
құрметті,  ақылгөй  адам»)  сөзінен шыққан.  Бұл  атаудың  шығу  төркініне  алғаш  назар  аударған  орыс 
ғалымдары  Л.Будагов  пен  В.Радлов,  Самойлович  пен  Смиронова  еді.  Ғалымдар  сөздігінде:  «Ақун, 
ақын (парсының ахунд  сөзінен)  –  тумысынан  суырып  салмалық  қасиеті  бар  импровизатор»,  –  деген 
анықтама берілген. 
Əдебиетшілердің зерттеуінде М.Əуезов пен С.Мұқановтардың пайымына қосыла отырып «ақын» 
сөзін ақынның өлеңі ағынын күшті судай тасып жатады, сондықтан да «ақын» сөзін «ағын», «ағылу» 
сөздерімен  байланыстырған  жөн»  дейді,  Е.Ысмайыловпен  бірігіп  жазған  еңбегінде  Е.Тұрсынов 
ойлары  да  осыған  саяды.  Дегенмен  аталған  екі  пікірдің  де  даулы  тұстары  жоқ  емес...  Ақындарды 
жыраудан  да,  жыршыдан  да  айыратын  негізгі  өзгешелік  бар.  Ол  қандай  өзгешелік?  Ол  –  айтысқа 
түсу.  С.Мұқанов:  «Шынында,  айтыс  жанры  ақынның  жазба  əдебиет  тумаған  кезде  ақынға  «ақын» 
деген  атақ  əперетін  ең  басты  поэзия  «айтыс»  болған»,  –  дейді.  Сөз  таласы  деген  қашанда  қиын, 
қызықты, аса қырағылықты танытатын өнер. Дəл сол сөз таласына түспеген адам ақын бола алмайды. 
Ақындарды  ауыз  əдебиетінің  өзге  де  өкілдерінен  оқбойы  ажыратып  тұратын  да  өзгешелік  осы. 
Р.Бердібаев өз зерттеуінде: «Айтыс – көп жағдайда ақындыққа аттестат беретін бірден-бір сын еді», – 
деуі дəлел бола алады. 
«Ақын»  сөзінің  түпкі  тамырын  түсінуге  бірқатар  түркі  тілдерінде  сақталған,    ағышмақ  – 
«шабуылға  шығу»,  «бірін-бірі  қорғау»нұсқалар  бар.  Осыларға  қоса  «ақын»  сөзі:  «барымта»,  «ойран 
салу»,  «шапқыншылық  ету»  деген  сөздерге  арқау  бола  алатындай.  Кей  ғалымдардың  пікірінше 
«ақын» сөзі «барымталау», «ойран салу», «шабуылға шығу» мағынасын білдіреді. Себебі ретінде, бір 
руға  жататын  ақындардың  бір-бірімен  сөз  жарысқа  түспейтіндігін,  рулары  бөлек  ақындардың 
(«ақун»,  «еқин»,  «ахын»)  ғана  түсетінін  алға  тартады.  Өз  елін  барымталамайды,  өз  еліне  шабуыл 
жасамайды деп ой түйеді. М.Əуезов : «...Ол айтыс үстінде сол атсыз ақын, бала ақын, қыз ақын, қыз 
өзімен таласушы, жарысушы əріптесіне қандайлық қатты сөз, ащы мысқыл, тіпті бас мінесу сияқты 
айтыстарда болатын тұрпайы ауыр сөздер айтса да ол кіне болып, айып болып саналсмайды. Қайта 
«сөз  тапқанға  қолқа  жоқ»  дейтін,  айтыс  турасындағы  халық  құптаған  нақыл  бойынша,  сө  тауып, 
қарсы ақынды жеңсе сол жеткілікті... Міне, бұл айтылғандардың бəрі де айтыста шынды айтысу, ащы 
сөйлеу, туралап соқтығу дəстүрлерінің молдығын білдіреді»,-деп жазады. Негізігі мəселемізге келсек, 
ақын типі жырау типінен кейін пайда болған. Қалай? Қашан? 
С.Мұқанов:  «Ақындардың  ең  көне  –  түрі  жыраулар»  десе,  Е.Ысмайылов  ақындарды  жыраулар 
салған  сара  жолдың  негізінде  пайда  болғанын  айтады.  Ал  Н.Смирнова  бұған  қатысты:  «Қазақтың 
ақын деген – жыраудың кейінгі кезде шыққан атауы», – деген тұжырым ұстанады. Осыған қарағанда, 
ақын  типі  жырау  типінен  кейінгі  дəуірде  пайда  болғанға  ұқсайды.  Енді  жырау  мен  ақын  типтерін 
салыстырсақ: 1) Ақындар арасында ерлер де, əйелдер де бар. Тіпті, қыз бен жігіттің айтысы қызсыз 
өтпейді.  Жыраулар  болса,  тек  ер  кісілер  арасынан  шығатыны  баршаға  мəлім.  Мұның  өзі 
патриархаттың əдбен нығайған кезінде пайда болғандығын көрсетеді. 2)Ақын – рудың өкілі. Айтыста 
ақын руы үшін сөйлейді. Ру атынан бəсекеге шығады.  
Ал жырау ше? Жырау – бүкіл дүйім жұрттың, яки,  тайпалар одағының (жүздік, хандық) өкілі. Ел 
атынан түседі. Осыдан біз ақындық типтің бірте-бірте бірігіп жыраулыққа ауысуын көреміз.  Осыған 
дейінгіні  қорытсақ:  ақын  –  көне  дəуір  өкілі  де,  жырау  бертін  пайда  болған,  кейінгі  дəуір  тұлғасы. 
Жоғарыдағы  пікірлерге  қарама-қайшы  тұжырым.  Қызық,  əрине.  3)Ақын  –  ырыми  рəсімдерді 
атқарады, қатысатын əрі сол ырыми түрлі-түрлі рəсімдерді басқаратын адам. Ол қандай рəсімдер? Ең 
көне  деп  саналатын:  үйлену  той,  (беташар  айту,  тойды  өлеңмен  бастау),  кісі  өліміне  байланысты 
рəсімдердің  бəрін  де  ақын  атқарады.  Ал  жыраулар  ше?  Бұлардың  ешқайсысы  да  оларға  тəн  емес. 
Əрине,  кейде  мақтау  өлеңдер  айтады,  алайда,  ақынның  бойында  синкреттілік  сипат  басым.  Міне, 
ақырындап  ақын  типінің  қыр-сыры  анықталып,  нақтылына  түсуде.  4)Ақындарға  тəн  көне  сипаттар 
осымен шектелмейді. Халық ұғымы бойынша, ақындық адамға тылсым күштердің əмірімен дариды. 
Бұл  магиялық  ұғыммен  астасып  жатыр.  Ар  жағын  өзіңіз-ақ  пайымдай  беріңіз.  Тағы  бір  жайт  бар: 
ақындар өнері туралы ұғымдардың ішінде тотемдік ұғым кездеседі. Ал сол тотемдік ұғымдар ең көне 
наным-сенімдер  қатарына  жататыны  мəлім.  Мысалы,  Жамбылдың  айтуынша,  «əр  ақынның  аң 
кейпіндегі  жебеушісі»  болады-мыс.  Бұл  жебеуші  тек  ақын  көзін  көрінеді,  өзге  ешкімге  көрінбейді. 
Жамбылдың  жебеушісі  оның  көзіне  «арыстан»  кейпінде,  ал  Сүйінбайдың  жебеушісі  «көк  қасқыр» 
кейпінде көзіне көрінеді екен. Ал жырауларда ше? Оларға тотемдік ұғым, тіпті тəн емес. 
Дəнекершілер – ақын типінің түп негізі. Қарастырып отырғанымыз – əр типтің, əр фольклорлық 
ұғымның  пайда  болуы.  Өйткені  фольклор  өкілдерінің  кейбір  типтерінің  терең  тамырлары  ерте 
дəуірлердің  тұңғиығында  жатқанымен,  олар  жеке-жеке  тип  болып  кейінгі  дəуірлерде  қалыптасуы 
мүмкін.  Ақын  типіне  жататын  фольклор  өкілдерінің    репертуарлары  мен  функциялары  синкреттік 
388


сипатқа ие дедік. Бұл жалпы ақындарға тəн сипат. Көркем шығармашылықтың ырыми рəсімдермен 
байланыстығы  –  көнеліктің  белгісі.  Н.Смирнова:  «Ақындардың  репертуары  фольклордың  барлық 
жанрларын:  əндерді,  ертегілерді,  аңыздарды,  жырларлы,  айтыстарды,  ырыми  жəне  насихат 
поэзиясын  қамтыған»,  –  деуі  бекер  емес.  Осы  айтылған  жағдайлар  қазақ  ақындарына  ғана  емес, 
сонымен  қатар  ақын  типіне  жататын  өзге  де  халықтардың  фольклор  өкілдеріне  де  ортақ.  Байқасақ, 
қазақ  ақындарының  репертуарлары  мен  функциялары,  түрікмен  «шахырларының»,  қарақалпақ 
«бақсыларының» функциялары өте ұқсас болып шыққан. Ақындардың дəнекершілікпен байланысын 
кейбір халықтарда кейінгі кездерге дейін байқауға болады. Мысалы, алтайдың аңшылары аң аулауға 
шыққанда  өзімен  бірге  əнші-домбырашылар  мен  жыршылардың  батырлар  жыры  мен  түрлі  əндерін 
тыңдаған  екен.  Бұл  табиғат  иелері  əнші-домбырашылар  мен  жыршылардың  айтқанын  сүйсініп 
тыңдайды да риза болып, аңдарды аңшыларға қарай айдап əкеп береді. 
Алайда айтыскер ақындардың негізгі функциясы ырыми фольклор мен ырыми рəсімдерді атқару 
емес,  өзге  ақындармен  айтысқа  түсіп,  өмірді  түрлендіріп,  жақсылыққа  қарай  насихаттап,  халық 
көңілін алдарқату, яки,  жақсылыққа үміттендіру болса керек. Тағы бір қосарымыз: айтыс өлеңдерінің 
идеялық бағыты біркелкі болмауы сияқты, оның көркемдік дəрежесі де əртүрлі. Айтыс өлеңдерінің 
ішінде  олпы-солпы  құрала  салғандары  да  көркемдігі  төмендері  де  бар.  Мұнымен  қатар,  айтыс 
өлеңдерінде  нағыз  ақындық  шабыттан  туған  асылдары,  əсерлі-əдемілері,  жазба  поэзияға  пара-пар 
келетіндері  жетерлік.  Оларды  шын  мəніндегі  көркем,  хас  шебердің  ақындық  қиялының  асыл 
қазынасы деп қабылдауға болады. Сонымен, қорыта келсек: айтыс – ақындардың негізгі жанры һəм 
функциясы болып табылатынына толық көз жеткіздік. Ақын типінің қалыптасуы – айтыс жанрының 
қалыптасуымен  жүйелі  əрі  өте  тығыз  түрде  өрбуі  заңды  құбылыс.  Нақтыласақ,  осы  қос  өзекті  һəм 
өткір мəселені бір-бірінен ажыратып, бөле-жара қараудың қажеттілігі жоқтығын пайымдадық. 
 
Əдебиет:
 
1.
  Əуезов М. Əдебиет тарихы. - Алматы,1991. 
2.
  Жармұқамедов М. Айтыстың  даму жолдары. - Алматы,1976. 
3.
  Тұрсынов Е. Қазақ ауыз əдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. - Алматы,1976. 
4.
  Рахымжанов Ə. Айтыстар. - Алматы,1972. 
5.
  Мұқанов С.  Халық мұрасы.  - Алматы,1974. 
6.
  Уəлиханов Ш. Шығармалар жинағы. – Алматы, 1994. 
7.
  Айтыс. – Алматы, 1965. 
8.
  Қазақ əдебиетінің тарихы. - І том. - Алматы, 1960. 
9.
  Ғабдуллин М.  Қазақ халқының ауыз əдебиеті. - Алматы, 1958. 
10.
 Сейфуллин С. Қазақ əдебиеті. - І кітап. - Қызылорда, 1932. 
11.
 Ысмайылов Е. Ақындар. - Алматы,1956. 
389


МАЗМҰНЫ  
 
 
Алғы сөз (Е.Қажыбек).....................................................................................................................................3 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚТЫҢ  
ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ 
 
Р.Сыздықова  Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлттық ғылымының  көшбасшысы...............................4 
Ө.Айтбаев  Ұлт мəдениетінің Хантəңірі........................................................................................................9 
Б.Əбілқасымов  Ахметтану саласының өткені мен бүгіні...........................................................................20 
Т.Жұртбай  Ахмет Байтұрсынұлы жəне біртұтас алаш идеясы................................................................22 
Ф.Оразбаева  Мəңгілік тұғыр .......................................................................................................................26 
З.Базарбаева  Ахмет Байтұрсынұлы – суперсегментті фонетиканың көшбасшысы...............................28 
Д.Қамзабекұлы  Ұлттық аты-жөн: А.Байтұрсынұлынан С.Батыршаұлына дейін....................................31 
А.Ісімақова  Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ  əдебиеттануының реформаторы..........................................35 
З.Бисенғали  А.Байтұрсынұлы жəне абайтану..............................................................................................40 
Ə.Жүнісбек  Тағы да А.Байтұрсынұлы мен қазақ тілінің дыбыс құрамы жайлы.....................................43 
Ж.Манкеева  А.Байтұрсынұлы терминдерінің лингвомəдени мəні...........................................................47 
Г.Смағұлова  А.Байтұрсынұлы қазақтың шешендік сөздері жайында......................................................49 
Hüseyin Kahraman Mutlu  Ahmet Baytursınov’unhayatı vedilaraştırmaları hakkında düşünceler.................52 
М.Джусупов  А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі фунционалдық стиль мəселесі.......................................55 
А.Салқынбай  Əліпби – таңба жұмағы..........................................................................................................59 
Г.Қосымова  А.Байтұрсынұлы – мəтін теориясының негізін салушы.......................................................61 
М.Атабаева  А.Байтұрсынұлы септік жалғауларының емлесі жайында..................................................65 
Ш.Құрманбайұлы  Ахмет Байтұрсынұлының аудармаларындағы балама сөздер  
     («Қырық мысал» негізінде).......................................................................................................................70 
Т.Ермекова  А. Байтұрсынұлы  мұрасына заманауи көзқарас....................................................................74 
Н.Асқарбекова  ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек қорындағы Ахмет Байтұрсынұлының  
ғылыми мұрасы..........................................................................................................................................77 
З.Күзекова  А. Байтұрсынұлының  сөйлем мүшелерін топтастыруы туралы..........................................79 
Б.Момынова  «Қазақ» газеті – өз заманының рухани үдерістері мен əдеби тілге ықпал етуші  
     ақпараттық құрал.......................................................................................................................................82 
Д.Ысқақұлы  А. Байтұрсынов – қазақ терминологиясының атасы............................................................86 
Б.Жахина  Ахмет Байтұрсыновша, жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір əдіс жоқ... ............................89 
Р.Шаханова, Ж.Сейсенбаева  Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінің бүгінгі қазақ тілін  
     оқытудағы манызы....................................................................................................................................92 
Э.Оразалиева  Тың ойлардан бастау алған тілтаным (А.Байтұрсынұлы еңбектері негізінде)..............94 
М.Сабыр  А. Байтұрсынұлы көтерген білім беру саясаты: кеше жəне бүгін...........................................99 
С.Əлісжан   А.Байтұрсынұлы жəне қазіргі лингвистикалық парадигмалар...........................................101 
Н.Ильясова  А.Байтұрсынұлының қазақ грамматикасын анықтап-белгілеудегі 
    ұстанымы əлемдік лингвистика деңгейінде...........................................................................................103 
Ш.Шарапатұлы  Ахмет Байтұрсынұлының көсемсөздеріндегі тіл мəселесі.........................................106 
Қ.Күдеринова  А.Байтұрсынұлының емле ұстанымы, орфограммалау тəсілдері..................................110 
М.Жолшаева  А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі  «тіл – сөйлеу – оқыту» 
    мəселелерінің сабақтастығы....................................................................................................................115 
Р.Имаханбет  Ахмет Байтұрсынұлы мұрасының зерттелуі: дерек пен дəйек.......................................118 
А.Шаяхмет  Араб таңбасы – Ақаң «Əліпбиінің» негізі............................................................................123 
О.Жұбаева  Қазіргі қазақ тіл біліміндегі инновациялық бағыттардың А.Байтұрсынұлы 
     еңбектерімен сабақтастығы.....................................................................................................................126 
А.Ойсылбай  «Əдебиет танытқыштағы» пəн сөздерінің жүйеленуі.........................................................132 
Г.Мамырбекова  А.Байтұрсынұлы əліпбиіне қатысты қоғамда орын алған пікірталастар...................136 
А.Қобланова  А.Байтұрсынұлы – қазақ грамматикасының негізін қалаушы..........................................139 
А.Қайыров  А.Байтұрсынов жəне қазақ тілі грамматикасының мəселелері............................................143 
Г.Сəдуақасова  А.Байтұрсынұлы – сөйлем мүшелері ілімінің негізін салушы......................................147 
Р.Бақбергенова  Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілін оқыту əдістемесінің реформаторы......................151 
390


А.Кушкимбаева  Əлемнің тілдік бейнесін түзудегі А.Байтұрсынұлы өлеңдеріндегі 
     сентенция құбылысының ерекшелігі.....................................................................................................154 
Ш.Əуелбекова  Аhmet Baytursinuli alfabesindeki milli değerler.................................................................157 
Ж.Ибраемова   А.Байтұрсынов – қазақ əдеби тілінің негізін салушы....................................................162 
Н.Сайбекова   А.Байтұрсынұлы  жасаған əліпбидің негізділігі...............................................................164 
Ж.Əнесұлы  Ұлтына  ғұмырын арнаған ұлы тұлға....................................................................................168 
А.Юсуп, П.Юсуп  Алаш зиялыларының еңбектеріндегі ана тілі мəселелері...........................................171 
М.Иманқұлова  А.Байтұрсынұлы еңбектері – тілдік танымның бастау негізі........................................173 
Н.Танкиева  Значение газеты «Қазақ»и ее влияние на становление терминологии  
     казахского языка......................................................................................................................................178 
Е.Маралбек  А.Байтұрсынұлының географиялық танымы жəне географиялық атаулар......................181 
А.Хасанова, Г.Рахымжан  Ұлттық жазудың ұлы жаршысы....................................................................186 
С.Өмірзақ  Ахмет Байтұрсынұлының сөз өнері жайлы тұжырымдары туралы таным.........................190 
 
 
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 
А.Жұбанов, Б.Карбозова  Метамəтіндік белгіленімдер негізінде салалық пəндердің 
     терминологиялық қорын құрастыру......................................................................................................192 
Қ.Рысалды  Қазіргі тіл білімінің когнитивтік-дискурсивтік парадигмасында  
     семантикалық категорияларды зерттеу үрдісі туралы.........................................................................195 
Д.Əбділəшімұлы  Қытай архивтерінен табылған Көгедай гүңнің бір парша хаты туралы  
     тарихи дерекнамалық ізденіс..................................................................................................................199 
А.Алдаш  Əскери іс атауларының тарихи бастаулары...............................................................................202 
З.Ахметжанова, А.Баймурзина  М.Қойгелдінің «Күрескер» мақаласына интерпретациялық  
     талдау........................................................................................................................................................205 
К.Абишева  Іскери қауышудың интерактивтік сипаты.............................................................................208 
А.Тымболова  Мемлекеттік тілді меңгерту бағытындағы қазтест жүйесінің жетістігі.........................212 
Б.Шалабай  Синтаксистің жұмсалымдық аспектісі..................................................................................215 
Ж.Сəдуақасұлы, Г.Əбенова  Мeктeп оқулықтaрындaғы неологизмдер жəне жаңа  
     терминжасау мəселелері.........................................................................................................................218 
Б.Қасым, Г.Нурбекова  Филология мамандықтарында  түбірлес сөздерді   
     оқытудың əдістемелік негізі...................................................................................................................220 
С.Исакова  Когнитивтік терминтанымдағы  тіл мен білім мəселесі........................................................224 
А.Оңалбаева, К.Оңалбаева  Қазақ тілінде көңіл күйді білдіретін бейвербалды амалдардың  
     гендерлік сипаты .....................................................................................................................................227 
А.Жаңабекова  Қазақ тілінің ұлттық корпусына енгізілетін метабелгіленімдер  
     əзірлемесі туралы.....................................................................................................................................229 
Б.Тамаева  Тілдің прагматикалық табиғаты..............................................................................................234 
И.Иванова  Лексические средства выражения длины, расстояния в якутском и казахском  
     языках (функционально-семантический аспект)..................................................................................237 
А.Сейтбекова  Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы афоризмдер...................................241 
Ш.Бекмағамбетов  Тілдік  таңба-нышандардың  пайда болуы жəне оқылуы 
     (С.Қондыбай пікірлеріне орай)...............................................................................................................243 
Б.Ақбердыева  Тілдегі ассоциациялық байланыстар мəселесі.................................................................248 
А.Аманбаева  Қазақ сөйленімін синтездеудің əдіс-тəсілдері....................................................................250 
Ж.Жұмабаева  Қазақ тіліндегі сөйленім синтезі: дауысты фонемалардың берілуі...............................252 
Ұ.Қайырбекова, Ұ.Исаева  Күнтізбе жүйесіндегі космонимдер мен табиғат  
     құбылыстарының бейнеленуі.................................................................................................................255 
А.Аширова  Газет мəтініндегі тақырыптардың синтаксистік құрылымы................................................257 
М.Жунисова  Ғылыми грамматикадағы лингвистикалық терминдердің  
     қолданысы (Ə.Құрышжанұлының еңбегі бойынша)............................................................................260 
С.Ережепова, А.Бакиева  Техникалық жоғары оқу орнында қазақ,  
     орыс тілдерін оқытудың жаңа мазмұны................................................................................................262 
М.Жүнісова, А.Смаилова  Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі.............................................264 
А.Өмірзақова, С.Татиева  Техникалық ЖОО-да кəсіби қазақ тілін оқытудың қиыншылықтары.......266 
Ə.Əбілғазыұлы  Қазақ тіліндегі етістіктің осы шағы туралы зерттелімдер ...........................................269 
391


Д.Ислам, Г.Сатылханова  Прозадағы көркемдік деталь қолданысының авторлық  
     мақсаттағы орны......................................................................................................................................271 
Р.Оразова,  Ж.Кундузбаев  Языковая политика в Казахстане: история..................................................275 
К.Алдашева  Жаңа сөздердің менталды лексиконда репрезентациялану үдерістері ...........................278 
А.Набидуллин  Лингвистикалық дүниетаным ұғымы: шектес категориялар vs.  
     негізгі аспектілер......................................................................................................................................282 
А.Қасымбекова  Қазақ-ағылшын ертегілеріндегі мифологиялық сипаттағы кейіпкерлер...................285 
Г.Ерсултанова   «Тілдік тұлға» ұғымының құрылымдық мəні................................................................287 
Ұ.Жұмабайқызы   «Күлтегін» құлпытасындағы дауыссыз дыбыстардың емле ережесі.......................290 
Ж.Оралқызы   Тілекті қалау райдың қолданылуы мен жасалу жолдары ...............................................294 
А.Əбілемет  Қазақ тіліндегі айқындауыштың зерттелуі жəне айқындауышты  
     тіркес туралы пікір...................................................................................................................................296 
Н.Султанова, К.Кожанова, А.Рыспанова  Медициналық оқу орнында шет тілі сабағында  
     қолданылатын аутенттік мəтіндер жəне олардың сипаттамалары......................................................299 
Қ.Зарлықова  Адам ұғымының өзектелуі ..................................................................................................301 
Н.Сұлтанбаева  Компьютерлік лексиканың ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы.......................305 
М.Игілік  Кəсіби тілдік тұлғaның психолингвистикалық ерекшеліктері ...............................................308 
Ə.Əбсаттар  Қазақтың халық əндерінің лингвомəдени əлеуеті.............................................................314 
А.Бураханова  Қазақ тілінің терминологиялық лексикасын байыту........................................................320 
Г.Кайракбаева,Э.Кыдырмолдина, М.Сайынова  Жаңа ақпараттық технологияларды  
     ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану...........................................................................................323 
Р.Құлабаева  Түркі тілдерін зерттеудің негізгі кезеңдері.........................................................................327 
А.Бекқали  Тəрбиедегі ата-ана мен бала қарым-қатынасының маңызы..................................................330 
А.Төрəлиева  Дидактикалық ойындардың бала ой-өрісіне əсері..............................................................332 
Ж.Күлбарақова  Ертегілер арқылы бала шығармашылығын қалыптастыру .........................................334 
М.Шалабаева  Ұлттық ойын -ұрпақ тəрбиесі............................................................................................337 
М.Бисенбаева  «Тіл-этнос-мəдениет» арақатынасын зерттеудің жаңа бағыттары....................................339 
А.Аманжолова  Оқушының тілдік тұлғасын  қалыптастырудағы мектеп сленгінің қызметі ..............343 
Ж.Тұрарова  Заң тілі ерекшеліктерін жəне тілдік норма талаптарын сақтау мəселесі.........................346 
Қ.Балапанова, А.Саяжанова  Жаңа педагогикалық технологияны қазақ тілі пəнінде  
     пайдалу əдістері........................................................................................................................................350 
Ш.Айтмаганбетова  Проблемные вопросы перевода на государственный язык  
     официальных текстов..............................................................................................................................352 
Г.Еркегалиева  Синтаксистік синтагма – білім беру философиясындағы филологиялық  
     герменевтиканың  құрамдас бөлігі.........................................................................................................359 
А.Шормақова  Қазақ тіліндегі өсімдік əлемінің зерттелуі........................................................................361
 
Қ.Абиыр  Жер-су атауларының қызметі.....................................................................................................363 
Ұ.Бекназарова  Қазақ елін əлемге таныту жолы – көркем аударма ........................................................366 
А.Демеуова 
 «Махаббат» концептісінің қазақ-ағылшын тілдеріндегі лингвомəдени көрінісі..............369 
Қ.Аязбекова  Отбасылық салт-дəстүрдің көркем шығарма өзегіндегі орны..........................................372 
Р.Магнурова  Кəсіби қазақ тілін деңгейлеп оқытудың тиімділігі............................................................374 
Н.Шамшен  Қазақ тіліндегі фитонимдердің лексика-семантикалық жіктемесі.....................................376 
А.Молдашева  Латын əліпбиі мен қазақ тілінің оқу-құралдарындағы əліпби........................................379 
A.Bukharshina, A.Sayazhanova  Trilingual is a lifetime warranty at profession...........................................382 
А.Құнанбай  Айтыс жанры мен ақын типінің пайда болуы......................................................................386 
392


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Елтаным баспасы»-ның баспаханасында басылды. 
050052 Алматы қ-сы, Садовый бульвар к-сі, 1 үй. 
E-mail: eltanym@mail.ru. 
Тел.: +7 701 698 25 49 
+7 777 246 91 21 
 
 
Көлемі 24,75 б.т. Офсетті қағаз. Пішімі 60х84/8. 
Таралымы 100 дана.
 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет