Хасанов indd


Айнымалы және пассив лексикалық синтагматика



Pdf көрінісі
бет39/45
Дата06.01.2022
өлшемі2,5 Mb.
#12631
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
4.6 Айнымалы және пассив лексикалық синтагматика
Лексикалық синтагматиканың айнымалы сипатқа өтіп, кеңеюінің 
салдарынан  тілдің  лексикалық  жүйесінде  жаңа  қолданыстағы  сөз-
синтагмалар  пайда  болып,  бұрынғы  тіркестер  пассивтене  бастайды. 
Бұған әсер етуші басты төрт негізді шартты түрде былай жіктеуге бо-
лады:
а) саяси ахуалдың өзгеруі; 
б) экономикалық қалыптың, басқару жүйесінің өзгеруі, нарықтық 
экономиканың қалыптасуы
в) сыртқы тілдердің ықпалының күшеюі; 
г)  тілдің  пассивті  қабаттарының  қайта  түлеуі  және  төл  рухани, 
мәдени мәдениет нышандарының лексикалық құрамда жаңғыруы. 
Лексикалық синтагматиканың тіркесімдер құрап, кеңеюі мәтіндік 
мақсат және әр алуан стильдерге қатысты болады. Айнымалы синтаг-
матика өзінің тұрақсыз және қозғалғыш қасиеттерімен ерекшеленеді, 
сондықтан ол классикалық атрибутивті тіркестерде және етістіктердің 
семантикалық  валенттіліктерінде  жиі  байқалады.  осы  себептер-
ге  орай,  лексикалық  синтагматиканың  айнымалы  түрде  активтенуі 
мен  пассивтенуін  атрибуттық  және  семантикалық  валенттілі  сөз-
синтагмалар  бойынша  қарастырған  жөн  деп  санаймыз.  Лексикалық 
синтагматиканың  айнымалы  сипаты  сын  есімдерден  байқалуы  тура-
лы А.А.Уфимцева айтқан еді. «Прилагательным, как и другим харак-
теризующим  знакам,  свойствен  двучастный  характер  лексического 
значения;  подобно  глаголу,  прилагательное,  правда,  находящееся  на 
ранг ниже первого, формирует на основе старого опыта новые номи-
нативные,  расчлененные  относительно  друг  друга  лексические  еди-
ницы – свободные лексические сочетания слов. Поэтому лексическое 
значение,  семантику  прилагательного  можно  изучать  не  обязательно 
в рамках предложения, указывающего, прежде всего, на связь актан-
тов (субъекта и объектных членов) с глаголом (предикатом), а и в ми-
нимальных (не менее 2-х членов) и максимальных лексических син-
тагмах»  [80,  199].  Л.дүйсембекова  есімді  сөз  тіркестерінің  ресми-іс 
қағаздар стилінде жаңадан өзектенуіне көптеген мысалдар келтіреді, 
мәселен,  мемлекеттік  ұйым,  мемлекеттік  емес  ұйым,  коммерциялық 
ұйым,  өкілетті  ұйым,  жергілікті  ұйым,  атқарушы  ұйым,  мүдделі 
ұйым,  заңды  ұйым  [310,  164].  Айнымалы  синтагматика  негізінде 
тілімізде, саяси ахуалға, экономикалық өзгеріске т.т. себептерге бай-
ланысты сын есім + зат есім, етістікті валенттілік үлгілеріне құрылған 
сөз-синтагмалар  қалыптаса  бастады.  Енді  осыларды  мысалдармен 
нақтылай қарастыралық:
а)  Саяси  жағдайдың  өзгеруіне,  еліміздің  тәуелсіз  мемлекет  бо-
луына  байланысты  лексикалық  синтагматиканың  кеңеюінен  пайда 
болған  тіркесімдер.  Мәселен,  бейтарап  семалық  конфигурацияға  ие 
мемлекеттік билік, президенттік билік, тәуелсіз билік; демократиялық 
билік, мерзімдік билік, парламенттік билік, аралас билік, президентті-
парламенттік билік, енді осыдан тарайтын айнымалы синтагматикаға 
ұшыраған тіркесімдерді мысалға келтірелік, әділетті билік, сайланған 
билік,  сатулы  билік,  күшті  билік,  ақшалы  билік,  дәрменсіз  билік, 
бос  билік  т.т.  тіркесімдерде  жағымды-жағымсыз  бағалауыштық  эмо-
семалар бар. Мысалы, қалта сөзі бұрын жан қалта, төс қалта, күміс 


332
333
қалта, тері қалта, бөз қалта тіркесімдерімен келсе, тұрақталуға жақын 
бұл  синтагмалық  байланыс  айнымалы  сипатқа  еніп,  басқа  сөздерді 
тұрақтандыруға  жақын  қылады.  Мәселен,  үкімет  қалтасы,  мемле-
кет  қалтасы,  жекеменшік  қалта,  бюджет  қалтасы,  банк  қалтасы, 
азаматтардың қалтасы, қала қалтасы т.т. даму барысында бұлар сая-
си  не  экономикалық  терминдер  сатысына  өтуі  мүмкін  екенін  жоққа 
шығара алмаймыз. Айнымалы синтагматика өзектенген коннотаттық 
компонентке құрылғанда бөлек стильдік мақсатқа сай сөздердің өзара 
мәндік атаулары тууы және синекдохалық түрге өтуі мүмкін. Мыса-
лы, тесік қалта, бос қалта, томпиған қалта, ақшалы қалта, бітеу қалта, 
сондай-ақ, әй, тесік қалта! дегенде синекдохалық аталым болады. Бұрын 
революция  сөзі  өз  дефинициясынан  өзге,  тек  кеңестік  идеологияға 
қатысты болып, «шындық, күрес, езгіге төзбеу, өзгеріс, үлкен ерлік» 
т.б. сөздерімен ассоциативті қатар құрап, жағымды баға ие коннотаттық 
семалары бойынша сөздер тіркесімдерінде келетін еді және сол кездегі 
лексикалық  норма  бұл  сөзді  басқа  сөздермен  тіркестіруді  шектейтін 
еді.  Мәселен,  қызыл  революция,  ұлы  революция,  революциялық 
күштер,  революция  жасау,  революция  жаулары,  социалистік  рево-
люция, революциялық билік т.т. Енді бүгінде айнымалы лексикалық 
синтагматика  бейтарап  семаларға  негізделген  сөз-синтагмаларды  ту-
дыруда, мәселен, генеративті революция, сары революция, қызғалдақ 
революциясы, тыныш революция, мақпал революция, революциялық 
шегермелер, революциялық бағалар т.т. Бүгінде партия сөзіндегі, яғни 
қызыл  партия,  ұлы  партия,  коммунистік  партия,  Лениндік  партия, 
партия комитеті т.т. бұрынғы сигнификаттық бөлігі әлсіреп, айныма-
лы синтагматика байланысына көнген күйінде жұмсалуда: жасылдар 
партиясы, тауардың үлкен партиясы, т.т. Тіпті, Кеңес дәуірінде мүмкін 
болмайтын жағдай, бұл сөзге эмосема жамалып, экспрессиялы реңкте 
жұмсалғандықтан,  мәтелдік  сипатта  тұрақталып,  халық  арасына  та-
ралды: «құдағи, бір партия» (әртіс Б.Ибрагимов сөз қолданысы). Ал 
«партия»  сөзі  тілімізде  бұрыннан  бар  екенін  және  «партия  атауын 
Абай жиі қолданған», – дей келе Р.Сыздық: «19-шы ғасырдың екінші 
жартысында  «қазақ  елін  билеудің  1866-1867  жылдардағы  жаңа  си-
стемасына қатысты активтенген», – дейді. «Партия – сол ел билеудің 
жаңа тәртібінің нәтижесінде етек алған жаңа қарым-қатынастың аты. 
Бұл сөз Абай тұсында осы күнгі саяси ұйымның атауы мағынасында 
емес, одан тар мәнде қолданылған. Яғни бұл сөз қазақ лексикасында 
алғашқы пайда болған кезінде «бір-бірімен әкімшілікке таласқан қазақ 
феодалдарының  өзіне  жақтастардан  жиған  тобы»  деген  мағынаны 
білдірген:  Өз  басын  осында  таласпенен  кісі  көбейтеміз  деп  партия 
жинағандар...(2, 160). Барымта мен партия бәрі мастық жұрт құмар (1, 
141). Кейде бұл ұғымды Абай қазақша топ деген сөзбен де берген. Салы-
стыр: Партия жиып, мал сойса (1, 149), Топ жиып ең бір бөлек (1, 147). 
Жазушы бұл түбірден партияласу деген етістік те жасаған: Әрберден 
соң сыртымызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық (2, 159). 
Бұдан  партиялас  болу  деген  тіркес  те  жасалады:  Қай  көп  бергенге 
партиялас  боламын  деп...(1,  169)»  [238,  97].  Сонда  «партия»  бұрын 
тілімізде өз дефиниясында емес, Абай қолданған мәнде болып, кейін 
М.дулатұлы,  А.Байтұрсынұлы  т.б.  ағартушылар  тілінде  жалғасып 
келіп,  Кеңес  дәуірінде  жағымды  мәнге  өзгеріп,  бүгінде  өзіндік  ней-
тралды дефиниясына қайта келді.  
б)  Экономикалық  қалыптың,  экономикалық  басқару  жүйесінің 
өзгеруіне  қатысты  сөздердің  жаңа  сөздермен  лексикалық 
синтагматикаға түсуі  байқалып отыр. Бүгінде айнымалы синтагмалық 
сипатта  тіркесім  құраған  сөздерді  көптеп  кездестіруге  болады.  Мы-
салы, «ақша» сөзі жаңадан сөз-синтагмалар сыңары болады: ақшалы 
бизнес,  ақшалы  пайда,  ақшалы  аймақ,  ақшалы  отбасы,  ақшалы  кісі, 
ақшалы  кәсіп,  ақшалы  мамандық,  ақшалы  үй,  ақшалы  ел,  ақшалы 
ойын,  ақшалы  маусым,  таза  ақша,  қолма-қол  ақша,  заңсыз  ақша, 
заңсыз ақшаны легализациялау, ақшалы жұмыс. Сондай-ақ, коннектор-
лы сипаттағы айнымалы лексикалық синтагматика негізінде жұмысы 
жоқ жұмыс, капиталсыз бизнес, табыссыз мамандық, болашағы жоқ 
кәсіп, өлген маусым, біткен ойын, еңбексіз табыс, сатып алған орын т.т. 
лексикалық тіркесімдер жасалады. Айнымалы синтагматика негізінде 
құралған  кірме  элементтер  тұрақталу  сипатына  өтіп,  лексикалық 
құрамнан көптеп орын тебуде. Мысалға, «валюта» сөзінің синтагмалық 
қатарларын алайық: валютамен төлеу, шетел валютасы, заңсыз валюта, 
валюталық аударым, валюталы есеп-шот, валюталы депозит, валюта-
лы банк, валюталы бизнес, валюта айырбастау, валюта бөлімі,  валюта 
сату, сатып алу т.т. Енді «ақша, валюта» сөздерімен коннотаттық се-
малар бойынша айнымалы синтагматикаға түскен сөз-синтагмаларға 
мысал келтірелік: ақшаны айналымға салу, ақша сындыру, ақша құю, 
ақша шашу, ақшамен басу, айқай ақша, ақша айналдыру, өлген ақша, 
ағаш  ақша,  күйген  ақша,  жанған  ақша,  валюталы  пара,  валюталы 
жезөкшелік, күңгірт валюта, валюта өткізу, мықты валюта т.т. Тілімізге 
бұл  сипаттағы  сөздердің  көпшілігі  орыс  тілінен  калькалау  арқылы 
еніп,  БАҚ-нда  публицистикалық  стильде  тұрақты  қолданыла  баста-
ды, мәселен, твердая валюта//мықты валюта, отмывание денег//заңсыз 
ақшаны айналымға салу, крутить деньги//ақша айналдыру, деревянные 
деньги//ағаш ақша, мертвые деньги//өлген ақша,  т.т.
в)  Сыртқы  тілдер  ықпалының  күшеюі  еліміздің  тәуелсіз  ел  бо-
лып,  басқа  елдермен  тікелей  дипломатиялық  қатынастар  орнатуына 


334
335
байланысты болып отыр. Тіліміздің лексикасына айнымалы сипаттағы 
байланысқа  түскен  сөздердің  тұрақталып  сақталуы  сол  тілдердегі 
үлгілер  бойынша  көшірілуде  және  аударып  қолданысқа  енгізілуде. 
Мәселен, орыс тілінің ықпалынан жасалған сөз-синтагмалар: салықтан 
жалтару,  екі  елдің  азаматтығы,  экономиканы  диверсификациялау, 
инфрақұрылымды  дамыту,  тұтыну  себеті,  таратылмалы  маркетинг, 
инвестициялық  қор,  әлемдік  нарық,  кеден  одағы,  қаржы  институт-
тары, әлемдік сапа, көлеңкелі бизнес, ұйымдасқан қылмыс, сақалды 
құрылыс,  кластерлы  экономика,  үлескерлік  құрылыс,  элиталы  апар-
тамент, сұлулық салоны,  ресторандар жүйесі, көтерме бағамен сату, 
европаша жөндеу, тамшылатып суару, жарнамалы ролик т.т. Ағылшын 
тілінен  орыс  тіліне  сол  арқылы  тілімізге  ауысқан  тіркестер:  шенген 
визасы, наркотрафик каналы, қызу линия (ағыл. hot line), прайс-қағаз, 
лазерлі шоу, эксклюзивті костюм, фитнес орталық, бірінші анимация, 
танымал  ди-джей,  эконом  класс,  клип  түсіру,  гламурлы  жорнал,  та-
нымал  топ-модель,  ішкі  роуминг,  мәжіліс  спикері,  пейджмейкермен 
әзірлеу, флэш-карта алу, онлайн (қызу) технологиясы, на-на техноло-
гия, чартерлі рейс, интерактивті оқыту, имидж жоғалту, ресми дилер, 
бизнес-ланч бағасы, хот-дог жеу, отандық блокбастер, тамаша бестсел-
лер, ауыр триллер, әдемі креатив т.т. Жапон, араб, түрік т.б. тілдерінің 
әсерлерінен енген сөздердің тұрақты сөз-синтагмаларға айнала баста-
уы байқалады. Мәселен, халал шұжық, халал тамақ, халалдық өндіріс, 
зікір салу, діни мазғаптар, қажы операторы, суши бары, белгілі сенсей, 
саке ішу, тибет емі, қытай сылауы, кальян кафесі, донер-кебаб бұрышы, 
шаурма дайындау, сүйру лагман ішу, үш пұшпақ сату, тандыр самсасын 
алу т.т. Кірме элементтері арқылы коннотаттық семалары өзектенген 
сөз-синтагмалардың айнымалы синтагматикада тұрақталуы кездеседі. 
Мысалы, Бауыржан-шоу, Шымкент-шоу, күйген ақша (ағыл. hot money), 
қара ақша (ағыл. black money), жабайы бизнес, корпоративті кеш, орыс 
мафиясы,  қытай  сапасы,  айтыс  чемпионаты,  түнгі  клуб,  стриптиз-
шоу  көру,  күйген  турлар,  голливуд  актері,  қылмыстың  өкіл  әкесі, 
неміс  педанттылығы  т.т.  Мұнда  айырушы  коннотаттық  семалардың 
узуалды  семаға  өтіп,  айнымалы  синтагматиканың  өзге  дәрежелеріне 
көрсетулері орын алады. Мәселен, қанқұйлы баскесер сөз-синтагмасы 
бүгінгі  денотаттық  жағдайға  байланысты  жалдамалы  киллер  неме-
се аты-шулы қарақшы не банды дегеннің орнына криминалды авто-
ритет  сөз-синтагмасы  кеңінен  қолданылуда.  Сондай-ақ,  тіліміздің 
лексикалық құрамына табыскер жігіт дегеннен гөрі жақсы бизнесмен, 
тоқпағы мықты дегеннен гөрі сүйеніші мықты, ірі саудагер орнына ірі 
кәсіпкер, қомақты қарыз орнына ірі мөлшердегі несие, сауда жүргізу 
орнына бизнес басқару,  ұры-қары топтары орнына криминалды топ-
тар, орган газеті орнына орган (ұйым не мекеме) үні т.т. лексикалық 
тіркесімдері орнығуда. Бұнда бір-біріне будандасып, жерсініп кеткен 
әртүрлі жемістерше әр тілдердегі мағыналық үйлесімділікке түспеуге 
тиіс сөздердің өзара үйлесу жүзеге асып тұрғаны көрінеді. Лексикалық 
синтагматиканың айнымалы сипатын құраушы осы процесс негізінде 
лексикалық құрамның тоқтаусыз болатыны байқалады.
Басқа  тілдерден  сөз  алып,  оны  лексикалық  жүйемізді  байытуға 
жұмсау бұрыннан қолданылып келе жатқан процесс. Мәселен, Абайдың 
осындай қызметі туралы Р.Сыздық былай дейді: «Абай бір алуан араб-
парсы сөздеріне үстеме мағына немесе семантикалық реңк береді. Мы-
салы; қызмет сөзі – қазақ тілінде Абайға дейін-ақ 2-3 мағынаны білдіре 
бастаған сөз. Біреулерге ілтипат көрсетіп, белгілі бір міндет атқаруды 
қызмет,  қызмет  істеу,  қызметінде  болу,  қызмет  қылу,  қызмет  шегу 
тәрізді тіркестермен білдірген. Абайда қызмет сөзінің осы мағыналары 
да  кеңінен  қолданылған.  Әбдірахманның  әйелі  Мағыштың  аузына: 
Тым  болмаса  қызмет  қып,  Өткізбедім  қасымнан  (1,  190)  деген  сөзді 
салғанда,  қызмет  сөзі  «міндет»,  «күту»,  «бағып-қағу»  мағынасында 
келсе я байларға қызмет қыл (1, 52) деген тәрізді жерлерде күн көріс 
үшін жұмыс істеу мағынасын береді. Бұл екеуімен қатар Абай қызмет 
сөзін  3-мағынада  пайдаланады:  ол  қызмет  сөзінің  «әскери  және 
әкімшілік орын» деген ұғымы, орысша «служба» мағынасы: Баламды 
медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім (1, 
25) дегенінде қызмет қылу – «патша үкіметінің әкімшілік органында 
жұмыс істеу» дегенді білдіреді. ...Қызметке, болыстық, билікке тала-
су (2, 159), военный қызмет іздеме оқалы киім киюге (1, 52). Қызмет 
қылма  оязға  Жанбай  жатып  сөнуге  (1,  52)»  [238,  69-70].  осыдан 
шығатын қызметкер сөзінің XIX ғасырдың аяғында қолданылуы тура-
лы Б. Әбілқасымов: «Баспасөз материалдарында қызметкер сөзі «слуга, 
прислуга» дегенді ғана білдірген, қазіргі беретін «работник, служащий» 
мағыналары ол кезде әлі жоқ», – дейді [311, 167]. Сөз мағынасының 
кеңеюі лексикалық синтагматика аясын кеңейте береді, ал тарылса ол 
да тарылады. Мәселен, А.Айғабылұлы былай дейді: «жұмыс және іс 
деген сөздер – мағыналас, синонимдес. осы екі сөздің қолдануындағы 
жиілікті қарастырсақ, 30-40 жылдары жұмыс сөзінен гөрі іс сөзінің кең 
мағыналы болғанын, жұмыс сөзімен қатар қолданылғанын аңғарамыз. 
Іс сөзі қазір де қолданылады, бірақ жұмыс сөзімен бірдей деу қиын. 
Ал,  жұмыс  сөзінің  мағынасы  барған  сайын  кеңейіп  барады.  ол  қол 
еңбегінде  де,  ой  еңбегінде  де  бірдей  қолданылады.  Тіпті,  ғалымның 
жазған  еңбегін  де  білдіреді»  [312,  15].  А.Алдашева  аудармадағы 
сөздер  қолданысының  кеңеюі  туралы:  «синонимдер  басым  (доми-
нант)  сыңарын,  оның  тізбегіндегі  шеткері  сыңарларды  назардан  тыс 


336
337
қалдырмай,  барша  әлеуетін  игеру  нәтижесінде  қазақ  әдеби  сөздік 
құрамының жаңа номинациялармен толығуына жол ашылады, жаңа, 
туынды  тұлғалардың  өз  кезегінде  тіркесімділік  қабілеті  ұлғаяды», 
–  деп  жазып,  мынадай  мысалдар  келтіреді;  «баға  қағаз  (ценник), 
нарықтық  қоғам  (рыночное  общество),  өзіндік  құн  (себестоимость), 
тарихи құндылықтар (исторические ценности), құнды қағаздар (цен-
ные бумаги), сараптау бағдарламасы (аналитическая программа) т.т.» 
[270, 85-86]. Мысалы, Г. Смағұлова «мәселе» сөзі ауқымының кеңейіп, 
сөздермен тіркесім құрауының өрісі кең болуы туралы былай деп жа-
зады: «Мәселе сөзі қазақ тілінде өз шешімін керек ететін іс, міндет деп 
түсіндіріледі. Келелі мәселе – алда тұрған күрделі міндет; Көкейтесті 
мәселе – істі, міндетті қалайда орындау; Мәселе қойды – істі, міндетті 
қалайда орындау; өзекті мәселе – ең негізгісі келелі іс деп талданған 
(7-т. 166). Алайда мәселе, сөзінің ғылым тіліндегі қолданыс өрісі өте 
кең және ауқымды: ортақ мәселе, жалпы мәселе, ғылыми мәселе, зерт-
теу мәселесі т.б. тіркестер жалғасып кете береді» [291, 34]. 
г)  Тілдің  пассивті  қабаттарының  қайта  түлеуі  және  төл  рухани, 
мәдени  мәдениет  нышандарының  лексикалық  құрамда  жаңғыруы. 
Кезінде пассивті қабатта болған сөздер бүгінгі сөздермен синтагмалық 
байланысқа  түсіп,  тіліміздің  лексикалық  қорын  байытуда.  Бұлардың 
ішінде  ішкі  синтагмалық  және  сыртқы  синтагмалық  байланыстарға 
түсіп, әдемі үйлескен немесе әлі де үйлесімділікке түспеген, нормаға 
сай  келмейтіндей  дәрежедегі  сөз-синтагмалар  кездеседі.  Пассив 
қабаттағы сөздердің айнымалы синтагматикаға ұшырауында мәтіндік, 
ұлттық, стильдік себептер жатыр, сондықтан жаңа сөз-синтагмалардың 
көпшілігі  нормаға  сай  келіп,  лексикалық  жүйенің  айналымына  ену-
де. Мәселен, құран бағыштау, құрбан шалу, ораза ұстау, қажыға бару, 
сүндетке отыру, намазға жығылу, иман келтіру, қамқа тон, неке суы, 
таққа отыру, құнын өтеу, жөргекпұл төлеу, зейнетке шығу, перзентханаға 
түсу, күлтөбелік жиын, содырлар сойқаны, содыр топтары, асаба сөзі, 
ежелгі кәсіп, қайыршы өмір, арбакеш еңбегі, жол айрықтары, оққағар 
жұмысы, жылы жай, гүл шоғыры, қаралы азагүл, қазанама беру, бүркіт 
салу, құсбегі болу, аламан бәйге, аударыспақ біріншілігі, темір тұлпар 
тігу, күй жарыс, қалың мал, билер алқасы, ұялы телефон, есірткі зат-
тар, жеке шаруа, тәртіп сақшылары, әскери мерзім, төтенше жағдай, 
тұсаукесерін жасау, соңғы жолға шығару, құжаттарды ресімдеу, елдің  
рәміздері, әнұранды шырқау  т.т.          
Мәселен,  Ағаш  аяқ  пассивті  лексикалық  синтагматиканың 
атрибутивті-субстантивті  құрылымы  болса  («ағаш  аяқ,  сегіз  аяқ» 
ән,  өлең  атаулары),  тұрақталған  түрі  аяқ  ағаш  болды  болады.  Бұнда 
екі ұғымдық бөлік басты болып, «тоңу», «шаршау» мәнін береді де, 
біріктіруші  эмосема  «қатты»,  сонда  «қатты  тоңу,  қатты  шаршау» 
болады.  Тілімізде  соңғы  кезде  айнымалы  лексикалық  синтагмати-
ка  негізінде,  тіпті,  асемантикалық  сипаттағы  сұмдық  ақша  тіркесімі 
шықты, яғни бұның Шортанбайдың «ақша деген мал», Абайдың «пысық 
деген ант» тіркестерінен бөлектігі «өте көп ақша» деген бейтарап эмо-
семаны білдереді. Бұл айнымалы лексикалық синтагматикадан туған 
сөз-синтагма жарнамаларда қолданылып, орыстың «бешеные деньги» 
тіркесінің аудармасы орнында қолданылуда. Біздіңше, бұл аударма емес, 
тіліміздегі айнымалы лексикалық синтагматика негізінде жасалған сөз-
синтагма, егер аударма болса, «жынды ақша» болып, тіліміздің эколо-
гиясына нұқсан келтірер еді. Ал «жынды» сын есімі айнымалы сипат-
та жастардың тілінде сленг болып, «жынды машина, жынды телефон, 
жынды  қыз,  жынды  киім»  тіркестерімен  ауызекі  тілде  қолданылып, 
тіл нормаларын бұзуда. Н.в.Юдина орыс тіліндегі кейбір стильдердегі 
сөздердің айнымалы лексикалық синтагматикаға ұшырайтынын айтып, 
қылмыстық жаргон беспредел сөзі публицистикалық стильде бірқатар 
сөздермен синтагмалық қатынас құрап кеткенін айтады, мысалы, ад-
министративтный беспредел, правой беспредел, армейский беспредел, 
языковой беспредел т.б. [110, 181]. Мәселен, М.Сабыр астана сөзінің 
тарихи  ескерткіштерде  табалдырық  мәнінде  қолданатынын,  бүгінде 
«ел орда» мағынасында кеңейгенін,  Махамбет ақын өлеңдерінде аста-
на  жұрт  тіркесі  кездесетінін  жазады.  ол:  «Л.Будагов  «астана  жұрт» 
тіркесін «многочисленный, великий народ» деп көрсетеді. Бұл тіркес 
қазіргі  тілімізде  қолданылмаса  да  осы  күнгі  кең  мағынадағы  астана 
сөзімен семантикалық сабақтастығы бар», – дейді [310, 108]. Бірқатар 
сөздер айнымалы синтагматика күшейген кезде бірігіп кетіп отырады: 
«Қанжайлау,  қантөгіс,  баскесер,  жанашыр  «сөзжасамдық  уәждеме  + 
құрастырушы сыңарлардың арасындағы қатынастар мынадай белгілерге 
ие болады: екі сыңар да күрделі сөз жасауға қатысады; бір сыңардағы 
мағына толығымен екінші сыңардағы мағынамен мағыналық үйлесім 
жасап кірігеді, кіреді. Жүйесіз кез келген сөз тіркесе бермейді, тілдің 
барлық  қабаттары  белгілі  бір  тәртіпке,  заңдылыққа  бағынады»  [241, 
250]. Сол сияқты Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы: «Ас сөзінің жаңа сөз 
тудыруға  қабілеттілігін  лексика-синтаксистік  сөз  тудыру  жолымен 
жасалған: ас бұршақ, ас қазан, ас болу, ас беру, ас ішу т.б. күрделі сөздер 
дәлелдейді», – деп, бір сөздің басқалармен жүйелі тіркесуін жазады [30, 
140].  Синтагматиканың  кеңеюі  терминжасамда  да  көрінеді,  әсіресе, 
сын есімдер үнемі кеңейген қалыпта қолданылады. Ш.Құрманбайұлы: 
«Жай сөйлем (тіл білімі), қара өлең (әдебиеттану), сары дақ (физио-
логия), ащы ішек (медицина) деген терминдердің алғашқы сыңарлары 
сапалық сын есімдер де, жұқпалы ауру (медицина), қалыпты қысым 


338
339
(химия), тұрлаусыз мүше (тіл білімі) терминдерінің бірінші сыңарлары 
қатыстық сын есімдер болады», – деп жазады [314, 12]. А.Алдашева 
аудармада бұрынғы қолданыстағы сөздердің басқа сөздермен ауысуы 
жүретінін, оны тіркесім деңгейі нақтылайтынын, яғни «...жағдай де-
ген сөздің мағынасына ұштасатын бейтарап, «кітаби реңкті», жұмсалу 
жиілігі төмен ахуал сөзін айналымға түсіреді; оның әлеуметтік коннота-
циясын тіркесім деңгейі нақтылай түседі: саяси ахуал, кінаратсыз ахуал 
(здоровая атмосфера)» болатынын жазады [270, 85]. К.А.Левковская: 
«Кез  келген  неміс  тілін  білетінге  grun  сөзі  (орыс  тіліндегі  свежий 
сөзінің  мағынасында)  тек  натуралды  азық-түліктерге  қатысты  бола-
тыны белгілі, бірақ бұл сөзбен денсаулық пен күштілікті беруге бол-
майды, өйткені бұл жағдайда немістер frisch сөзін қолданады», – деп 
жазған болатын [12, 168].
Айнымалы  лексикалық  синтагматиканың  тұрақталу  негізінде 
және басқа тілдерден сол күйінде енген сөз тіркестерінің клишеленуі 
байқалуда. Айнымалылық не кеңеюден гөрі бұларда жылдам тұрақталу 
сипаты басым, себебі басқа тілдердің синтагмалық қатынастары бой-
ынша  сол  тілдердің  лексикалық  құрамында  тұрақтанған  да  ауысқан 
не әзір конструкция бойынша тілімізде сыңарларын тапқан. Бұларды 
мағыналарына қарай шартты түрде бөлуге болады: 
а)  саяси,  әлеуметтік  сферада:  президент  жолдауы,  президенттік 
сайлау,  президенттік  мерзім,  мәжіліс  тыңдаулары,  заң  жобасын 
ұсыну,  сенат  отырысы,  шекараны  демаркациялау,  евразиялық  ойлау, 
кеңестік  дәуірден  кейінгі  кеңістік,  аудан  әкімдерін  сайлау,  аудандық 
мәслихат,  халықтық  референдум,  жақын  шетелдер,  құқықтық  мем-
лекет, мемлекеттік хатшы, кедендік одақ, өкілетті елші, ресми сапар, 
халықаралық келісім т.т.
б)  экономикалық  сферада:  дисконтты  карта,  пластикалық  кар-
та,  жаңа  қазақ,  валюта  бағамы,  қалқымалы  курс,  орасан  шегерме-
лер, көтерме баға, пайыздық мөлшер, үстеме пайыз, қолма-қол ақша, 
ипотекаға  алу,  үлесті  қатысу,  өзінің  фирмасы,  өз  бизнесі  бар,  еркін 
аймақ,  қаржы  полициясы,  қаржылық  пирамида,  директорлар  кеңесі, 
жауапкершілігі шектеулі серіктестік, оңайлатылған төлем, әлеуметтік 
салық,  банкоматтан  аудару,  алғашқы  жарна,  несие  алу,  міндетті 
сақтандыру, маклерлік қызмет, риэлтор конторасы, генералды демеуші, 
төменгі баға, қаржы прессингі, бос нарық, ортаңғы баға, төлемсіз болу, 
нарық заңы, ортадағы қаржы т.т.
в) дін, мәдениет, білім, спорт, өнер сферасында: дінаралық келісім, 
ұлттар ассамблеясы, әртүрлі ұлттар мен ұлыстар, діни конфессиялар, 
бас  мүфти,  наиб  имам,  халық  емшісі,  мәдениет  күндері,  үміткерлер 
саны,  шығыс  жекпе-жектері,  футбол  легионері,  қолғап  түйістіру, 
кәсіпқой бокс, тибет сылауы, шоу-бизнес жаңалықтары, әннің клипі, 
«Тарлан» сыйлығының иегері, жеке концерт беру, жаңа ән жазу, жаңа 
альбом т.т.
г) білім, ғылым, техника сферасында: жаңа технологиялар, масс-
медиа  жүйесі,  интерактивті  оқыту,  бірыңғай  тестілеу,  тест  тапсыру, 
аралық  тест,  сапа  менеджменті,  грант  ұтып  алу,  «аксес»,  «тойфл» 
бағдарламалары,  президент  гранты,  магистерлік  диссертация,  PhD 
бағдарламасы,  «сары»  жинау,  «ақ»  жинау  (компьютер  шығаратын 
елдер),  оперативті  жады,  жеке  компьютер,  лазерлі  принтер,  анти-
вирус  салу,  блютуз  арқылы  сөйлесу,  ұялы  байланыс,  интернет-кафе 
т.т.  Мағыналық  байланысқа  түскен  сөздер  А.Алдашеваның  айтуын-
ша,  «дербес  лексикалық  единица  деңгейінен  сөз-морфема  деңгейіне 
қарай ығыса бастаған күрделі сөздердің біріктіріліп жазылуы норма-
лану үстінде. ...Түп негізі сөз тіркесі болған өзге де саналуан сөздер 
тіркесінің біріккен тұлғаға айналуы көзге түседі; мыс.: мүшелтой, ме-
рейтой, ақтаңдақтар, әулетбасы, ататек, газқағар, ғаламшар, елтаңба, 
төлқұжат, іссапар...» т.т. [270, 106]. Жеке сөздің мағынасының кеңеюі 
синтагмалық  аяның  да  кеңеюіне  өз  әсерін  тигізеді.  Қазақ  тілінің 
сөздігінде  құн  сөзінің  екі  түсіндірмесі  берілген  [ҚТС.,  422-423]. 
А.Б.Салқынбай «құн» сөзінің семантикалық дамуын былай көрсетеді: 
а) Құн – тонау, ұрлау, күш көрсету; 
б) өлген адамға құн төлеу, күш көрсету;
в) мал не адам құны; 
г) белгілі нысанның құны; 
д)  экономикалық  термин  [77,  130].  Сонымен  бірге,  активтенген 
сөздер тіркестері тілдің қоғамдық қызметіне байланысты пассивтеніп 
немесе мүлде қолданыстан шығып қалып отырады.
Бір кездегі қоғамдық құрылыс, басқару жүйесіне қатысты айныма-
лы лексикалық синтагматикаға құрылған тұрақталу дәрежесінде болған 
тіркесімдер пассивтеніп, сол күйінде лексикалық құрамның пассивті 
қабаттарына өте бастайды. Бұған сөз мағынасының тарылу заңы да өз 
әсерін тигізетіні анық. Р.Барлыбаев сөз мағынасы тарылуының басты 
себебі сыртқы фактор екенін дәлелдеп жазған болатын [253, 52]. Ал М. 
Сабыр кейбір сөздер мағыналарының тарылып, қолданыстан шығып 
отыратынын  жаза  келе  былай  дейді:  «Адамдар  өмір  сүріп  жатқан 
қоғам  үнемі  қозғалыс  пен  дамудан,  әлеуметтік-саяси,  шаруашылық 
құрылыстардың өркендеуінен, мәдениеттің дамуынан тұрады. осын-
дай өзгерістер қоғам мүшелерінің санасына жаңа ұғымдарды туғызуға 
итермелесе, келесі бір ұғымның санадан көмескіленуіне әкеп соғады» 
[313,  109].  Пассивтенген  тіркесімдерді  өз  ішінен  саяси  жағдайдың 
өзгеруі  және  экономикалық  қалыптың,  басқару  жүйесінің  өзгеруіне 
қарай шартты түрде екіге бөлуге болады. 


340
341
Бірінші,  бұрынғы  саяси  басқару  жүйесіне  қатысты  пассив-
тенген  сөз-синтагмалар.  Пассивтенген  атрибутивті  және  етістіктің 
семантикалық  валенттілігіне  құрылған  тіркестер  Кеңестік  кезеңнің 
саяси басқару жүйесіне қатысты болып, кеңестік идеологияның қаруы 
болған  тілде  көптеп  сананалатын  еді.  Кезінде  олардың  бірқатары 
семантикалық  үйлеспеу,  семантикалық  келіспеуге  құрылса  да, 
лексикалық жүйеге тұрақтап қалған болатын. 
Бұрынғы  саяси  басқару  жүйесіне  қатысты  пассивтенген  сөз-
синтагмаларды:
а) бағалауыштық коннотаттық семаларға ие болатын; 
б) сигнификаттық макросема «кеңестік идеология» болатын деп 
жіктеген жөн. 
Мысалы:  а)  бұнда  айырушы  коннотаттық  сема  социалистік 
құрылысты бағалауға орай өзектенеді: большевиктік сөз, большевиктің 
қайсарлық, жарқын болашақ, бақытты балалық шақ, жаппай сенбілікке 
шығу, пролетарлық достық, жұмыстан қорықпау, комсомолдық жүрек, 
социалистік  жарыс,  ауыспалы  қызыл  ту,  империалистермен  күрес, 
Американы  басып  озу,  коммунистік  берілу,  пионерлік  көмек,  халық 
әкесі,  социалистік  мүлікті  талан-таражға  салу,  гуманистік  мінез, 
арамтамақтыққа  төзбеу,  ұлы  көсем,  лениндік  үлгі,  энтузиазммен 
кірісу, белсенді әйел, ферма активі, қызыл идеология, гомо советикус, 
совхоздың сары плащы т.т. 
б)  бұған  өзектенген  сигнификаттық  узуалды  сема  немесе 
денотаттық  айырушы  және  узуалды  семалар  негізінде  құралған  сөз 
тіркесімдері жатады. Мәселен, жаппай колхоздастыру, қызыл кітапша, 
райком  бюросы,  колхоз  мүлкі,  лениндік  вахта,  пионер  қатары,  октя-
бряттар жұлдызшасы, ғылыми коммунизм, халық майданы, халықтық 
бақылау,  комсомолдық  семья,  қой  санағы,  ерікті  халық  дружина-
сы,  партиялық  ұйым,  еңбек  озаты,  стаханов  рекорды,  жұмысшылар 
кооперативі, партиялық бюро, партиялық нұсқау, озат шопан, партия 
үндеуін қолдау, коммунист моралі, партия активі т.т. Бүгінде партиялар  
болғанымен  бұрын  синтагмалық  байланысқа  түскен  партия  көсемі, 
партияға ұят келтіру, партиядан шығу, партия активі, партия сынағы, 
партиялық қатаң сөгіс, партия мақтанышы, партия шақыруы т.т. сөздер 
тіркесімдері  қолданылмайды.  Бұл  да  лексикалық  синтагматиканың 
айнымалы сипатын көрсетеді және осыдан туындаған ерекшелік деп 
білеміз.
Екінші,  экономикалық  қалыптың,  басқару  жүйесінің  өзгеруіне 
қатысты пассивтенген сөз-синтагмалар бұрынғы жоспарлы экономикаға 
қатысты болғандықтан қана пассивті қабатқа кетіп отыр. Соның өзінде, 
олардың  сыңарлары  сол  күйінде  басқа  элементтермен  лексикалық 
синтагматикаға түсуде. Мысалы: дотация беру, социалистік экономи-
ка, жоспарлы экономика, бесжылдықтың жоспары, мерзімінен бұрын 
орындау, совхоздың бордақы сиыры, миллионер колхоз, ауданның бас 
экономисі, шаруашылық есеп, бригадалық жалақы, кесімді еңбекақы, 
халық байлығына қол сұғушы, ет тапсыру, сүт жоспары, бесжылдық 
табысы,  партиялық  жарна  т.т.  Сөз-синтагмалардың  пассивтену 
құбылысы активтену сияқты тоқтаусыз болатындықтан, әр алуан тари-
хи, этнолингвистикалық сипаттағы мәтіндерде, айтылымдарда,  тілді 
қолданушының мақсатына қарай, қолданысқа түсіп, түрленіп, көрініп 
отырады.  Пассивтену  этнолингвистикалық  сипаттағы  лингвомәдени 
бірліктердің  қолданысынан  байқалады,  мәселен,  Р.Шойбековтің 
келтірген белбеу атауларын алайық, алтын белбеу, алтын емел белбеу, 
берен белбеу, бота белбеу, датқалық белбеу, зер белбеу, қамар белбеу, 
қаралы белбеу, сарала белбеу, шекетулі белбеу, шоқ белбеу дегендердің 
бүгінде  біреуі  қолданбайды  [315,  16-19].  Пассивтену  диалектизмдер 
қолданысынан жиі көрінеді, мәселен, «...ақ көбік, бәсең жел, құлама 
жел, қайтыс жел, ықтырма жел сөздерді Еділ бойы қазақтары тілінде 
өте көп кездестіреміз» [316, 37].
Айнымалы лексикалық синтагматика бойынша сөздердің әртүрлі 
мағыналары  бір  классема  не  жекелеген  семантемалардың  семалары 
арқылы қашанда тұрақталу сипатында болады. Кейбір тіркесімділікке 
түскен сөздер өзінің бірінші мағынасынан ауытқып, идиомалы және 
оксюморонды  сипатта  ене  бастайды.  д.Питт  пен  дж.Катц  бұларды 
композициялы сөйленіс пен идиома арасында болғандықтан «компо-
зиционды идиомалар» деп атайды [317, 423]. Айнымалы синтагмати-
ка кеңейгенімен фразеологизмдерді тудыра алмайды, тіпті, сөздердің 
асемантикалық байланысы да сирек туып отырады. Айнымалы син-
тагматика  сөздер  тіркесімдерінің  кеңеюінен  көрініп  отырады,  яғни 
лексикалық  синтагматика  бойынша  құралған  сөздер  тіркесімдері 
лексикалық  құрамда  көбейе  береді.  Сыртқы  факторлардың  әсерінен 
сөздердің  мағыналық  қатарлары  активтеніп  немесе  пассивтеніп  от-
ыруы  –  тілдегі  тоқтаусыз  процесс.  осы  үрдісте  әртүрлі  тілдердегі 
сөздер не аудармалары бір-бірімен тек лексикалық синтагматика бой-
ынша лексикалық тіркесімдер құрап, лексикалық құрамда сақталып 
қала береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет