Хаттама № С. Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің 8 «Б» сыныбында сынып жиналысы жүргізілді Барлығы 18 оқушы



бет1/7
Дата13.04.2023
өлшемі37,29 Kb.
#82359
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
8 б хаттамалар


Х А Т Т А М А №
С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің 8 «Б» сыныбында сынып жиналысы жүргізілді
Барлығы - 18 оқушы
Қатысқаны - 17 оқушы

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1.Оқушылар міндеттері.
2. «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»
3. Оқулық,оқу формасы.
4.Сынып белсенділерін сайлау.
Тыңдалды:
8«б» сыныбында 2022-2023 оқу жылындағы бірінші жиналысы
7- қыркүйек күні жүргізілді. Мен,сынып жетекші Асанова Әсел күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып өттім.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша оқушылар міндеттерімен таныстырып, талқыладық.
Екінші мәселе бойынша оқушыларға «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» тақырыбында түсіндіріп өттім. Оқушылар бағдаршам және жол белгілері туралы білетіндерін ортаға салды. Және балалар өз алтын ұя-мектептерін сағынғандарын айтып, ой бөлісті.
Үшінші мәселе оқулық туралы болды. Барлық оқушы толық оқулықпен қамтылды. Кітапты күтіп-ұстау ережелері қайта еске түсірілді. Оқулықты нашар ұстайтын оқушыларға ескерту жасалды. Оқу формасы – қыздар ақ кофта,қара көк түсті юбка,ал ұлдар ақ жейде,қара көк түсті шалбар. Форманы таза,үтіктеулі болатынын ескерттім.
Бесінші мәселе-сынып белсенділерін сайлау. Сынып белсенділерін сынып ұжымымен ойласа отырып, тағайындадық:
Сынып төрайымы - Досполова Каусар
•Сынып белсенділерімен жұмысты ұйымдастырады және сыныпты барлық істерге бастайды;
•Уақытша ауырып қалған мүшенің қызметін атқарады;
•Сынып намысын, беделін қорғап жүреді;
•Жоспарланған жұмыстарды іске асыруға шабыттандырады;
•Жүргізілген жұмыстардың нәтижесін сараптайды және сынып сағаттарында баяндайды.


Тәртіп секторы – Матенов Даулетхан
•Сабаққа келмегендерді белгілеп отырады;
•Сыныптағы тәртіп мәселесіне қарап отырады;
•Сынып және мектеп ережесін , тәртібін бұзушылармен сынып жиналыстарында әңгімелеседі.
Оқу секторы—Ілияс Нұрай
•Сынып жетекшісіне оқу процесінде көмек көрсетеді;
•Сабақ кестесіндегі өзгерістерді оқушыларға хабарлайды;
•Сынып жетекшісі, пән мұғалімімен келісіп, сыныпта білім сайыстарын өткізеді;
•Сынып жетекшісіне тоқсан, жыл аяғында табель толтыруға, күнделік соңына оқушы бағасын қоюға көмектеседі;
•Үлгірмеуші сыныптастарына көмек ұйымдастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет