Хаттама №1 Қарғалы ауылы Қарғалы №4 орта мектебінеде 5 б сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс болып өтті



Дата05.02.2023
өлшемі64,5 Kb.
#65232
Байланысты:
Хаттама


Қарғалы 4 орта мектеп

Ата-аналар жиналысының хаттамасы


Сынып: 5 «Б»
Сынып жетекшісі: Касымкулова Б

2022-2023 оқу жылы


Хаттама № 1
«Қарғалы ауылы Қарғалы №4 орта мектебінеде 5 Б сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс болып өтті.
28.10.2022 ж.
Жалпы оқушы саны – 27
Қатысқаны – 13 ата-ана
Күн тәртібінде:

  1. Оқушылардың I тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.

  2. Балалардың жетістіктері туралы ата-аналарға хабарлау.

  3. «Қауіпсіздік ережелері» туралы.

  4. Мектептің ішкі ережесі

  5. Әр түрлі сұрақтар

Тыңдалды:
1 сұрақ бойынша сынып жетекші Балжан Омиралиевна сөз сөйледі. Оқушылардың 1-тоқсан бойынша қорытынды бағаларын мәлімдеп, «үздік» «екпінді» оқушылардың ата-аналарына рақмет айтылып, балалрға ары қарайда қадағалап сабаққа жақсы қатысуна себепкер болуларын жалғастыруды сұраады. «жақсы» деген бағадан «қанағаттандырарлық» бағаға түсіп кеткен оқушылардың сол пәндерге ынтасы мен қызуғышылығын мәлімдеді. Ата- аналар жиналысына шақырылған пән мұғалімдері Темиршинова А, Абеуова Д. оқушылар туралы айтты.

2 сұрақ бойынша сынып жетекші оқушылардың жетістіктері туралы айтты. «Ақ Бота» олимпиадасына қатысқаны туралы, 1 орынға ие болған оқушылар тізімі айтылды.Мектебімізде Құқық айлығына орай өткізілген 10 күндікте сынып сыныптан тыс іс-щараға қатысып 2 орын иеленді. Оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы баяндама жасап интелектуалды жарыс ойынында түсіндірме жұмысын жүргізді.


3 сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп қауіпсіздік ережелерімен ата-аналарды таныстырып, күзгі демалыс кезінде балалардың себепсіз кешке үйден шықпауын қадағалау, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата-аналарға үгіт-насихат жұмыстар жүргізіп, қол қойғызды.
4сұрақ бойынша бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе, әрі қиын, әрі күрделі үдеріс. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ел басымын десең, бесігіңді түзе» дегендей ұрпақ тәрбиесі бесіктенбасталатыны баршаға аян. Өйткені бала өміріміздің жалғасы, ертеңі, жарқын болашағымыз, ел мен жердің иесә. Олай болса бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі, міндеті көп. Ата-ана баланы оқытуға, сабаққа уақытында жіберуге, сабақтан кешіктірмеуге, себепсіз сабақтан алып қалмауға, ауырған жағдайда баланы дәрігерге қаратып, мектепке денсаулығы туралы анықтама анықтама әкелуге, бір жағдай болып баланы алып қалған жағдайда қол хат жазып, сынып жетекшісіне хабарлауға, баламын мектепке формамен жіберуге, Сабаққа әкеліп алып кетуге сабақтан соң міндетті екенін баса айтты.Сонымен қатар мектепке қымбат әшекей бұйымдар тағу болмйтындығы,ұялы телефон алып келмеу керектігі, алып келген жғдайда егер телефоны жоғалса мектеп әкімшілігі жауап бермейтіндігі ескертілді. Сонымен қатар арнайы ауыз судың жоқтығына байланысты әрбір оқушы өздерімен бірге құтыға құйып су әкелу керектігі айтылды.
Кешкі сағат 21.00 ден кейін ата-анасынсыз 18 жасқа толмаған балалар көшеге шығуға болмайтындығы, көңіл көтеретін орындарға бармау керектігі ата-аналарға ескертілді.

5.Әр түрлі сұрақтар бойынша ата-аналар комитеті сайланып, өздерінің ұсынысы бойынша және дауыс беру арқылы Адырбекова Асылжан тағайындалды.


Жиналыс қаулы етеді:

  1. 2 тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын көтеру.

  2. Қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.

  3. Сынып оқушыларының оқу сапасының көтерілуін сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері, ата-аналар бірлесіп жұмыс жасау.

  4. Оқушылардың тәртібіне және күнделіктеріне назар аудару.

Ата-аналар комитетінің
төрайымы: Адырбекова А
Хатшы: Касымкулова Б


Хаттама № 2
«Қарғалы ауылы Қарғалы №4 орта мектебінеде 5 Б сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс болып өтті.
30.12.2022 ж.
Жалпы оқушы саны – 27
Қатысқаны – 11 ата-ана
Күн тәртібінде:

  1. Оқушылардың IІ тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.

  2. «Отбасы – адам баласының алтын діңгегі» баяндама




  1. Әр түрлі сұрақтар

Тыңдалды

1.1 мәселе бойынша сыныптың ІІ тоқсандағы жалпы үлгерімі, үздіктер мен екпінділер саны туралы айтылды. Сыныптың жалпы білім сапасы 62%, үздіктер саны-4, екпінділер саны -13 оқушылардың білім үлгерімі жаман емес, алайда алда талай еңбек керектігі айтылды. Сабаққа кешігіп келетін оқушылармен қатар жиі қалатын оқушылардың ата-аналарына ескерту жасалды.


2 сұрақ бойынша Омарова айзада «Отбасы адам баласының алтын діңгегі » тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада Ата ананың басты қазығы куанышы бала, Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта екені туралы. Отбасында баланың жан жаұты қалыптасуына ата ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, ұйымшылдық қасиеттірі болуы қаншалықты маңызды екені де айтылып өтті.
3 сұрақ бойынша ата аналармен әр түрлі сұрақтар бойынша жұмыс жүргізілді. Ата аналар өздері сұрағы келіп ж.рген сұрақтарды қойды, және мардымды жауап алды.
Жарыс сөз: Асанбаева Бакыт: бүгінгі жиналыста айтылған сөздердің барлығы орынды деп ойлаймын, қазіргі таңда балаларға дұрыс тәрбие беру бірінші және маңызды мәселе болып отыр.Уйде балаларға көп тәрбиелік сөздермен ақыл кеңесімізді беріп отырумыз қажет.
Қаулы:
ІІІ тоқсанда сынып сапасын көтеру үшін қосымша жұмыстары жүргізілу жоспарлансын.
Ата аналар балаларының тәртібіне зейн қойып, көңіл бөлу тапсырылсын

Ата-аналар комитетінің


төрайымы: Адырбекова А
Хатшы: Касымкулова Б

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет