М.Х. Дулати атындағы тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының 3 курс студенті Бегалы МЕрей Мейіржанқызының ғылыми жетістіктеріне берілген
Мінездеме
«Студент-зерттеуші» біліктілігін алуға арналған байқау туралы Баптың негізінде толтырылған акпараттық сауалнамаға сәйкес, Бегалы Мерей Мейіржанқызы 182 ұпай жинады. Ол қазіргі таңда химия және химиялық технология кафедрасында білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат деңгейіндегі білімді сәтті игеруде. Оған дәлел өткен сессиялардың нәтижелерінің қорытындысынан және мониторинг нәтижелерінің қорытындысынан көруге болады. Университетте білім алған кезеңдегі GPA орташа баллы 3,92 құрап отыр. Бегалы Мерей Мейіржанқызы топтағы ең үздік білімгер. Президент степендиясы 2022 жылы тағайындалды. Оқуда белсенділігі, ғылымға қызығушылығы жоғары. Факультеттің қоғамдық жұмыстарына белсене араласа жүріп, кафедраның іс-шараларына, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысады. Факультет көлемінде спорттық жарыстарға қатысып, марапаттау қағаздарымен марапатталған. Білімгерлердің өзіндік жұмыс тапсырмаларын ықтияттылықпен, ұқыптылықпен орындайды. Кез келген тапсырманы орындауда үлкен жауапкершілік танытады. Сабақтан бос уақытын кітапханада білім, ғылым іздеумен айналысады. Сабақтан себепсіз қалмайды. Еңбекқор, қарапайым, адамгершілігі зор, зейінді, жауапты, ұқыптылығымен үнемі топтың алдында жүреді. Болашақта Мерей өз мамандығының білікті, білімді маманы боларына толық сенемін.
Оқу және ғылыми-зерттеу жетістіктерін ескере отырып, Бегалы МЕрей Мейіржанқызы «Студент-зерттеуші» біліктілігін алу конкурсына қатысуға ұсынылды
Мінездеме беруші
Куратор Нұрлыбаева А.Н.
Достарыңызбен бөлісу: |