Химия пәнінен Бақылау жұмыстар жинағы 9- сынып Арбиген 2014 жыл Түсінік хат



бет1/7
Дата14.09.2022
өлшемі135 Kb.
#39127
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7

Әйтімова А.С. Арбиген ЖОББМ
Химия пәнінен
Бақылау жұмыстар жинағы
9- сынып

Арбиген 2014 жыл


Түсінік хат

Бұл « 9-сыныпқа арналған бақылау жұмыс жинағы» атты оқу құралы мектептің химия пәнінің 9- сынып оқу бағдарламасына сәйкес сандық химиялық есептердің негізгі типтерін шығарудың әдістемесін қарастырады. Бағдарлама талабына сай жазылған бұл құралдағы нұсқаулар мұғалім жұмысында кездесетін қиыншылықтарды ескере отырып, сабақты тиімді ұйымдастыруға, оқушылардың химиялық біліктілігін, арттыруға көмектеседі. Әр сабақтың қорытындылау


бөлімінде оқулықта кездеспейтін күрделілігі әр түрлі есептер мен жаттығулар берілді. Оларды орындату барысында мұғалім оқушылардың химиялық формулалар және теңдеулер бойынша есеп шығару икемділіктерін қалыптастырады.


Оқу жылының басындағы тексеру бақылауы.
9-сынып
Мақсаты: химия пәні бойынша оқушылардың мемлекеттік стандарттың міндетті деңгейіне жетуін, өткен тақырыптарды есте сақтап, толық меңгерілуін тексеру.
І- нұсқа
1.есеп Мына өзгерісті жүзеге асыруға мүмкін болатын химиялық реакция теңдеуін құрастыр.
Na → NaOH→Na2CO3→ NaCl→ AgCl

CO2
2. №13, № 6, № 14 элементтердің атомының құрылысын анықтап, электрондық сызбанұсқасын сыз.
3. 1 моль натрий гидрокарбонатын қыздырғанда (қ.ж) көмірқышқыл газының қандай көлемі түзіледі?
4.Массасы 200г темір сульфидіне FeS массасы 150г HCl тұз қышқылы ерітіндісімен әсер еткенде неше литр (қ.ж.) Н2S газ бөлінеді.
5. 4,9 г темір (ІІІ) хлориді мен 2,3 г натрий гидроксиді әрекеттескен кезде түзілген тұнбаның массасын есепте.
ІІ- нұсқа
1.есеп Мына өзгерісті жүзеге асыруға мүмкін болатын химиялық реакция теңдеуін құрастыр.
Fe → FeCl2→Fe(OH)2→ Fe(NO3)2
↓ ↓
FeCl3 FeO
2. №10, № 5, № 27 элементтердің атомының құрылысын анықтап, электрондық сызбанұсқасын сыз.
3. Құрамында 16г мыс (ІІ) сульфаты және 10 г натрий гидроксиді бар екі ерітіндіні бір-біріне құйғанда, неше грамм тұнба түседі?
4.1 т әктасты сұйылтылған азот қышқылымен өңдеп, шығымы 85% болатын кальций селитрасы алынды.Силитраның массасы қандай?
5. 4,9 г темір (ІІІ) хлориді мен 2,3 г натрий гидроксиді әрекеттескен кезде түзілген тұнбаның массасын есепте.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет