«Хирургиялық аурулар» пәні бойынша диплом алды тәжірибеге арналған Бағдарлама



бет2/12
Дата09.06.2022
өлшемі59,23 Kb.
#36595
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Түсіндірме жазбасы
«Хирургия мен реанимациядағы мейргер ісі» пәні «Мейіргер ісі» мамандығы 0302000 бойынша диплом алды тәжірибенің бағдарламасы 2016 жылғы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде құрастырылды.
Мейірбике ретінде дипломға дейінгі тәжірибе VIII семестр соңында өткізіледі. Дипломға дейінгі тәжірибені өтуге «Хирургия мен реанимациядағы мейргер ісі» пәнінен тақырыптарын игерген, заңға сәйкес, болжамалы және мезгілді медициналық тексерістен өткен білімгерлер жіберіледі. Ұзақтығы 12 күн (72 сағат).
Диплом дейінгі тәжірибенің мақсаттары:

  • Оқу процесінде алған мамандыққа сай білімдерді мен дағдыларын бекіту.

  • Теорияда алған білімді кеңейту және жүйелеу

  • Медбикелік процесстің барлық кезендерін ұйымдастыруда білімдері мен дағдыларын бекіту.

  • Коммуникативтілік қасиетті жетілдіру.

  • Медицина этикасы және деонтология принциптерін бекіту.

  • Инфекциялық бақылауды ұйымдастыруда білімдері мен дағдыларын бекіту.

Диплом дейінгі тәжірибенің міндеттері:
Білімгерлер төмендегі дағдыларды, біліктіліктерді, қатынастарды/мінез-құлық/ қалыптастыру:
Жалпы хирургия негіздерін меңгеру Жеке хирургия негіздерін меңгеру
Хирургия бөліміндегі посттағы, егу бөлмесіндегі, қайта таңу бөлмесіндегі, ауруханадағы, емханадағы, ота бөліміндегі медбикелердің жұмысы мен құжат толтыруды меңгеру.

  • Пациентке тексеруді жүргізу;

  • Хирургиялық ауруларының және зақымданулардын белгілерін ажырата білу;

  • Анатомо-физиологиялық ерекшеліктері жөніндегі білімдерін қолдану;

  • Хирургиялық ауруларының және зақымданулардын негізгі клиникалық симптомдарын талдай білу;

  • Медбикелік араласуды жүргізу;

  • Науқастарды зертханалық және аспапты зертеу тәсілдеріне дайындау;

  • Шұғыл жағдайларда көмек көрсету іс-дағдыларын демонстрациялау;

  • Парентеральды араласуының барлық түрлерінің техникасын демонстрациялау;

  • Медбикелік іс-құжаттарды және жұмыс есептерін тиімді технологияларды қолдана отырып ұқыпты және толық толтыру;

  • денсаулықты сақтау және нығайту сұрақтары бойынша пациентті және оның жанұясының оқытуға қажеттілігін анықтау \

  • пациентке науқасына байланысты перспективаны баяндау және қолайсыз нәтиженің алдын алу іс-әрекетін жүргізу;

  • пациент жағдайының қолайлы болуы үшін коммуникация тәсілдерінің кең диапазонын қолдану (кеңес беру дағдыларын қолдану, мінез-құлық өзгерістерін анықтау және басқара білу, алаңдаушылықты, стрессті, депрессияны анықтау және басқару, эмоционалдық қолдау көрсету, өз кемшіліктерін сезініп, мамандардан көмек сұрау);

  • пациентке науқасына байланысты перспективаны баяндау және қолайсыз нәтиженің алдын алу іс-әрекетін жүргізу.

Дипломға дейінгі тәжірибе базасы ретінде бекітілген емдеу-алдын алу мекемелерде жүргізіледі.
Тәжірибелік бағдарламаны жүзеге асыру үшін базалық емдеу-алдын алу мекемесінде тәжірибеге жетекшілік етіп бақылайтын білікті медициналық кадрлармен және заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген болуы керек.
Тәжірибе өту әдістеме жетекшісімен қадағаланады. Әдістеме жетекшісі болып тәжірибелі оқушылар немесе тәжірибелі медбике – менеджер тағайындалады.
Әдістемелік жетекші және жалпы жетекші бірге отырып оқушылардың тәжірибе өту кестесін құрастырады, орында 1 – 2 оқушы болуы керек. Оқушылардың жұмыс ұзақтығы 6 сағат.
Тікелей жетекші күнделікті тәжірибе бағдарламасының орындалуын, оқушының жұмысын күнделікке тұрақты жазуын тексеріп, қол қояды.
Күнделікке студент істеген жұмысын, әр манипуляцияның есебін жазады. Тәжірибе аяқталған соң тікелей жетекші әр оқушыға жазбаша мінездеме беріп, орындалған манипуляция есебіне қол қояды.
Тәжірибе соңында оқушылар саралама сынақ тапсырады. Саралама сынақ құрамына ситуациялық есептерді шығару, тәжірибелік іс-дағдаларды көрсету, жеке теориялық сұрақтарға жауап беру кіреді.
Саралама сынақ әдістемелік, тікелей және жалпы жетекшілермен жүргізіледі.
Тәжірибе аяқталғанда оқушылар мед колледжге келесі құжаттарды әкелуі қажет. Тәжірибе жетекшісінің қолымен және мекеменің мөрімен расталған тәжірибе күнделігі, мінездеме, тәжірибе бойынша есеп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет