Хирургиялық операция (ота)



бет1/2
Дата04.09.2023
өлшемі28,02 Kb.
#105971
  1   2

Хирургиялық операция (ота)
Операция (немесе хирургиялық ота)- дегеніміз патологиялық өзгерістерге ұшыраған ағзаларды ашу және оларға әртүрлі емдік диагностикалық манипуляция жасау үшін тіндер мен ағзаларды ажырату мен олардың тұтастығын бұзу арқылы тіндерге механикалық әсер етумен жүретін емдеу шарасы.
Хирургиялық операциялардың жіктелуі
Хиругиялық операциялардың түрлері өте көп. Олардың классификациясының негізіне белгілі бір критерийлер салынған.
1. Операцияның алдына қойылған мақсатына сәйкес операциялар диагностикалық және емдік операциялар болып екіге бөлінеді. Диагностикалық операциялардың мақсаты – диагнозды дәлелдеу, дерттің сатысын анықтау. Диагностикалық операцияларды клиникалық зерттеу әдістері дәл диагноз қоюға мүмкіндік бермей, дәрігер науқаста емдеу тактикасы жүргізіліп жатқан емнен өзгеше ауыр дерттің (ісік, даму ақаулары, ауыр қабыну процестері) бар екенін жоққа шығара алмаған жағдайда қолданады. Бұған: биопсияның түрлері, арнаулы диангостикалық операциялар (лапароскопия, торакоскопия, артроскопия, лапароцентез, торакоцентез) және т.б жатады. Соңғылары науқас өміріне қауіпті сондықтан, барлық инвазиялық және аз инвазиялық әдістер мүмкіндіктері толық пайдаланылып болған соң ғана жасалуы тиіс. Бұл операция жоспарлы түрде де, шұғыл түрде де қолданылуы мүмкін. Кейде қатерлі ісікке жасалатын операциялар да, диагностикалы болып табылады.
Хирургияның дамуына, науқастарды тексеру қосымша әдістерінің жетілдірілуіне байланысты қазіргі кезде диагностикалық мақсатта жасалатын дәстүрлі хирургиялық операциялар сирек қолданылады.
Емдік операциялар науқасты сауықтыру немесе оның жағдайын жақсарту мақсатында жасалады.
Операциялар организмдегі патологиялық процеске әсеріне байланысты түбегейлі, паллиативті және симптоматикалық операциялар болып бөлінеді:
Түбегейлі операциялар деп науқасты дерттен сауықтыратын операцияларды атайды.
Паллиативтік операциялар науқастың жағдайын жақсартуға бағытталған, бірақ дерттен айықтырып жібермейді.
Симптоматикалық операциялар жалпы паллиативтік операцияларға ұқсас болғанымен, науқастың жалпы жағдайын жақсартуға емес, тек дерттің бір ғана қауіпті белгісін жоюға бағытталған.
2. Операциялардың орындалу мерзіміне байланысты жедел, шұғыл және жоспарлы операция болып бөлінеді.
Жедел операциялар науқас хирургиялық бөлімшеге түскен соң алғашқы сағаттар ішінде тез арада жасалады. Әдетте, жедел операция алғашқы 2 сағат ішінде жасалуы тиіс деп санайды. Жедел жасалатын операцияларға науқастар түскеннен кейінгі алғашқы минуттар ішінде науқас өмірін сақтау үшін реанимациялық шаралар да (трахеостомия, клапандық пневмотораксті ашық пневмоторакске айналдыру, сыртқы-ішкі қатты қан кетуді тоқтату) жатады.
Шұғыл операциялар науқас ауруханаға түскен соң алғашқы тәулік ішінде жасалады. Бұл операциялар, науқасқа диагноз қою, қосымша дерттерін анықтау және операцияға дайындау үшін қажетті, шектеулі мерзім ішінде жасалады. Осындай операциялар деструктивті-қабыну дерттеріне жасалған консевративтік ем нәтиже бермегенде, қан кету қайталанған кезде, механикалық сарғаю кезінде жасалады.
Жоспарлы операциялар – бұл операциялардың жасалу мерзімінің операцияның ақырына әсері жоқ және науқастың келісімі бойынша операция жасау мүмкіндігі бар болғанда жасала береді (обырды алып тастау, жарықты кесу).
3. Хирургиялық операциялар паталогияны жоюға қажетті мерзімге байланысты бір- көп мезеттік операциялар болып бөлінеді.
Бір мезеттік операциялар деп бірнеше этаптан тұратын бір операция арқылы науқасты айықтыруды айтады.
Көп мезеттік операциялар кезінде негізгі патологияны жою бірнеше этапқа бөлшектенеді.
Операцияны бұлай бірнеше этапқа бөлшектеудің негізгі үш себебі бар:
науқастың жағдайының қатаңдығы;
операция жасау үшін қажетті жағдайдың болмауы;
хирургтің санаттық дәрежесінің жеткіліксіздігі.
Қайта жасалатын операциялар – сол патология немесе оның асқынуларына байланысты қайта жасалатын операциялар. Операциядан кейінгі ерте, жуық кезеңдерде жасалатын операциялар атауына ре- деген қосымша жалғанады: ралапаротомия, реторакотомия, реампутация және т.б.)
4. Жасалатын операцияның көлемі мен сипатына және патологияның сипатына байланысты операциялар кеңейтілген, қабаттастырылған, симултандық операциялар болып бөлінеді.
Қатерсіз дерттерге жасалатын операциялар көлемі кесіп-жарумен, патологиялық өзгерісті алып тастаумен, табиғи қозғалыс жолдарды қалыпқа келтірумен ғана шектеледі.
Қатерлі ісіктерге жасалатын операциялар кезінде зақымданған ағзалар мен қатар байламдарды, аймақтық лимфа түйіндерін алып тастайды және бұл операциялар кеңейтілген операциялар деп аталады.
Қабаттастырылған операцияларға бір дерт пен оның асқынуларына байланысты бірнеше ағзаларға жасалатын операциялар жатады. Мысалы, асқазан рагі бауырдың сол бөлігіне немесе көлденең тоқ ішекке таралғанда гастрэктомиямен бірге бауыр резекциясы, көлденең тоқ ішек резекциясы жасалады. Яғни асқазан рагінің асқынуларына байланысты үш ағзаға операция жасалады.
Симултандық операция – әртүрлі ағзалардың әртүрлі дертіне байланысты бір мезетте жасалатын операциялар.
Мысалы, науқас асқазан мен ұлтабардың жара ауруымен, өттің тас ауруымен және өңеш тесігінің жарығымен ауырады (Сайнт триадасы). Хирург операция кезінде жараны кесіп алады, селективті проксималдық ваготомия, холецистэктомия және круроррафия жасайды. Патологияның орналасқан жері мен жасалатын операциялар әртүрлі анатомиялық аймақтарда орналасуы мүмкін: струмэктомия +холецистэктомия, сафенэктомия + струмэктомия, холецистэктомия + сафенэктомия.
5. Жарадағы инфекцияның дәрежесіне байланысты асептикалық, шартты түрде асептикалық, инфекция түскен және шартты түрде инфекция түскен операциялар болып бөлінеді.
Таза (асептикалық) операциялар. Бұл операцияларға жоспарлы түрде жасалатын, ішкі қуыс ағзалар қуысы ашылмайтын операциялар жатады (жарықты кесу, қан тамырларына, сүйектерге, жасалатын операциялар, қалқанша безге жасалатын операциялар). Операциядан кейінгі инфекциялық асқынулар жиілігі 1-2%.
Шартты түрде асептикалық операциялар (инфекция түсуі ықтимал таза операциялар). Бұл операциялар кезінде ішінде инфекция болуы мүмкін ағзалардың қуысы ашылатын операциялар (жоспарлы холецистэктомия, жатыр ампутациясы). Операциядан кейін мүлгіген инфекция бас көтерсе қайта операция жасау қажет болуы мүмкін. Операциядан кейінгі инфекциялық асқынулар жиілігі – 5-10%.
Шартты түрде инфекциялы операциялар (инфекция қаупі жоғары операциялар). Мүндай операцияларға операция кезінде микрофлорамен жанасу ауқымды болатын операциялар жатады (жоспарлы гемиколэктомия, флегмонозды аппендицитке жасалатын аппендэктомия). Инфекциялық асқынулар жиілігі – 10-20%.
Инфекциялы операциялар. Бұл операциялар қатарына іріңді перитонитке, тоқ ішектің тесілуі немесе жарақатына байланысты жасалатын операциялар жатады. Инфекциялық асқынулар жиілігі 50%.
6. Типтік және атипиялық операциялар. Хирургияда, белгілі бір дерттерге жасалатын типтік (стандарттық) операциялар бар. Мысалы, аяқты санның төменгі бөлігінен ампутация жасау, стандартты гемиколэктомия. Бірақ, кейде хирург патологиялық процестің ерекшеліктеріне байланысты операция техникасындағы стандарттық тәсілдерді өзгертуге мәжбүр болады. Яғни операцияға атипиялық элементтер енгізеді.
7. Аз инвазиялық хирургия қазіргі кездегі дамыған хирургияның жемісі. Дәстүрлі хирургиядан айырмашылығы тіндерді әдеттегідей кеспейді, үлкен жара болмайды, зақымданған ағза жалаңаштанбайды.
Хирургиялық операция кезінде арнаулы техникалық тәсілдер қолданылуы мүмкін. Мұндай операциялар арнаулы операциялар деп аталады. Оларға:
микрохирургиялық операциялар – операциялар микроскоп көмегімен 3 еседен 10 есеге дейін үлкейту арқылы жасалады.
эндоскопиялық операциялар – қуыс ағзалардың ішінде эндоскопиялық аспаптар көмегімен жасалатын операциялар, эндовидеохирургия.
Эндоваскулярлық операциялар – қантамыр ішінде рентген бақылауымен жасалатын операциялар жатады.
8. Операцияның көлемі мен жарақат дәрежесіне байланысты операциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
Жарақат дәрежесі мен көлемі шағын операциялар (аппендэктомия, жарық кесу, диагностикалық лапаро- торакоскопия).
Көлемі мен жарақат дәрежесі орта дәрежелі операциялар (өт жолдарына жасалатын операциялар, асқазанға жасалатын ағза сақтайтын операциялар, үлкен жарықтарға жасалатын операциялар).
Көлемі мен жарақат дәрежесі үлкен операциялар (өт жолдарына жасалатын қайта қалпына келтіру, қайта жасақтау операциялары, асқазанға, тоқ ішекке, өңешке жасалатын операциялар).
Операцияларды бұлайша бөлу шартты түрде. Бұл жерде хирургтің санаттық дәрежесіне көп нәрсе байланысты. Нашар дайындалған хирург жасағанда шағын операцияның өзі күрделі, жарақаты мол операцияға айналып кетуі мүмкін. Осы кезде инфекция түскен жағдайда, операциядан кейінгі асқынулардың ықтималдылығы арта түседі.
9. Барлық операциялар жамылғы тіндер мен олардың астындағы тіндердің жарақаттану дәрежесіне және қан кету дәрежесіне байланысты қанды және қансыз операциялар болып екіге бөлінеді. Тіндер мен ағзаларды кесу арқылы жасалатын операция кезінде қан кету болады, сондықтан бұл операциялар қанды операциялар деп аталады. Тіндер кесілмейтін, қан кету болмайтын операциялар, мысапы, сынықты, шығуды салу, қансыз операцияларға жатады. Дегенмен, сынған жердің, буын қабының айналасында қанталау, гематома болады.
10. Адам организмі мен тіндерінде патологиялық процестер нәтижесінде ауқымды бұзылыстар болады, операция кезінде науқастың өмірін сақтау үшін хирург ағзаны тұтас немесе оның бір бөлігін кесіп алуға мәжбүр болады.
Әрине, хирург емдік мақсатта ағзаның бұрыннан да бұзылған физиологиялық қызметін бұза түседі. Сондықтан, хирургтер хирургия хирургия болғаннан бастап-ақ ағзалар мен тіндердің жойылған қызметін қалпына келтіруге тырысты. Бұл хирургия қайта қалпына келтіру хирургиясы деп аталады. Қайта қалпына келтіру хирургиясында жасалатын операциялар 3 түрге бөлінеді: қайта жасақтау, қайта қалпына келтіру және пластикалық операциялар.
Реконструктивтік (қайта жасақтау) операциялар белгілі бір ағзалар жүйесінің бір ағзасына жасалған хирургиялық операциялар салдарынан бүзылған қызметінің физиологиялық мәнін қалпына келтіруге бағытталған. Осындай операциялар үлгісі ретінде өтті бауырдан үлтабарға өткізетін басқа жол жасауды – билиодигестивті операцияларды атауға болады.
Қайта қалпына келтіру операциялары ағзаны толық қалпына келтіруге (жарақат кезінде жүлынған ағзаны реплантация жасау), қызметі жойылған ағзаны басқа ағзамен алмастыру (трансплантация операциясы). Қайта қалпына келтіру операцияларының қатарына папиллосфинктеротомия операциясын жатқызуға болады. зйткені, билиодигестивті операциялардан гөрі, өт ағысын табиғи жолмен жүргізеді.
Пластикалық операциялар мақсаты – белгілі бір ағзаның пішіні мен қызметін немесе адам денесі бетіндегі сүрықсыз жерлерді қалыпқа келтіру. Пластикалық операцияларға ерін, мүрын, қүлақ жарғағы кетіктерін қалыпқа келтіруге немесе оларды өзгертуге, әжімдерді жоюға бағытталған косметикалық операциялар жатады.
хирургиялық операция
Хирургиялық операциялар алуан түрлі болады
Хирургиялық операциялардың кезеңдері
Хирургиялық операция үш этаптан тұрады:
Операция жасайтын ағзаға жету жолы.
Операцияның тәсілі.
Операцияны аяқтау.
Операция жасайтын ағзаға жету жолы – зақымданған ағзаны жалаңаштау үшін және жоспарланған хирургиялық манипуляция үшін қажетті жағдай жасау.
Операция жасайтын ағзаға жету жолдарына қойылатын талаптар мынадай:
жету жолы үлкен болмауы тиіс;
анатомиялық түрғыдан негізді болуы тиіс;
физиологиялық түрғыдан қолайлы болуы тиіс;
науқасқа косметикалық нүқсан келтірмеуі тиіс.
Операция тәсілі – операцияның негізгі кезеңі. Осы кезеңде қажетті емдік және диагностикалық манипуляциялар жасалады.
Операцияның емдік әсеріне байланысты операциялар мынадай типтерге бөлінеді:
ағзаны алып тастау (эктомия);
ағзаның бір бөлігін алып тастау (резекция);
бұзылған арақатынастарды қалыпқа келтіру.
Операцияны аяқтау – хирургиялық операцияның маңызы жоғарыдағы кезеңдерден кем емес кезеңі.
Табылған патология мен операцияның сипатына, инфекциялық ластану дәрежесіне байланысты операцияның аяқталуы әртүрлі болуы мүмкін:
жараны қабатына сәйкестендіріп жауып тігіп тастау.
жараны қабатына сәйкестендіріп дренаж қалдырып тігу;
жараны тампон қалдырып жартылай (ішінара) тігу;
жараны жоспарлы ревизия ықтималдығын ескере отырып тігу;
жараны тікпей ашық қалдыру.
Операция үстінде қандай асқынулар келесідей:
Операция үстінде қан кету.
Іргелес ағзалардың зақымдануы.
Операция үстінде хирург операциядан кейін болатын инфекциялық асқынулардың алдын-алу шараларын ұйымдастыруы тиіс. Олар мыналар:
қан кетуді сенімді түрде тоқтату;
жеткілікті түрде дренаждау;
тіндерге үнемділікпен қарау;
инфекциялық кезең өткеннен соң аспаптарды алмастыру, қолды қайта өңдеу;
патологиялық ошақты шектеу және түзілген экссудатты үздіксіз шығарып отыру;
Жараны операция кезінде антисептикпен өңдеу;
Антибиотикопрофилактика.
Операция алдындағы кезең
Хирургиялық операция – науқастарды емдеудің негізгі, маңызды кезеңі екені сөзсіз. Операцияның сәтті аяқталуы үшін операция алдында мұқият дайындық пен операциядан кейін санатты ем қажет. Анық диагноз қоюдың, операцияға көрсеткіш пен қарама-қайшылықтарды анықтаудың маңызы науқас үшін бірдей.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет