Нарық экономикасында экономиканы нығайту мен өркениетті елдермен қарым – қатынасты жақсартуға байланысты әрбір өркениетті мемлекет өзінің сыртқы экономикалық іс - әрекетін жүргізу керек. Сыртқы іс-әрекеттің негізгі түрлеріне тауарлардың экспорты мен импорты жатады. Экспорт – тауарды ҚР-ның территориясынан шығарып, басқа елге сату және бұл жерде құқық шетелдегі сатып алушының заңды және тұлғалардың құқығына ауысады. Импорт – Басқа шетелдерден тауарларды қайта сату мақсатымен әкелінуі. Экспорт және импорт операциялардың түрлеріне реэкспорт және реимпорт жатады. Реэкспорт – бұрын ҚР-сы сатып алынған тауарлар шетелге қайтадан шығарылады, бұнда кеден төлемдері төленбейді және салық салынбайды. Реэкспорт еркін айналыстағы тауарларға қолданылады.
Реэкспорт төмендегі жағдайды сақтағанда қолданылады:
еркін айналымға шығарылған тауарлар 6 ай ішінде
бұл тауарлар ҚР-да пайдаланылмаған.
Реимпорт 3 жыл ішінде жасалынуы мүмкін және салық, кеден салымдарынан босатылады. Экспорт және импорт операцияларын қадағалайтын негізгі құжат – «Кеден кодексі» (5 сәуір 2003 жылы қабылданған).
«ҚР-ның лицензиялау туралы жарлығы» 17 сәуір 1995 жылы және 30 маусым 1997 жылы толықтырылды. Осы жарлыққа сәйкес лицензияның 2 түрі болады. Бас лицензия және импорттық операцияларды жүргізу үшін бір күн тізбелік жылда беріледі. Бас лицензия бойынша экспорт және импорт операциялары бір контракт және бірнеше контрактілер бойынша пайданылады және лицензияда мәмленің сипаттамасы көрсетілуі керек.
Бір жолғы лицензия бір мәмлені экспорт – импорт операциялары бойынша жүзеге асыру үшін қолданылады. Берілген лицензия басқа заңды тұлғаға қолдануға берілмейді. Ол үшін лицензия берілген тиісті органға қайтарудан жасалынады. Лицензияда экспорт – импорт операцияларын жүзеге асыру мерзімі көрсетіледі және кедендік органдарда рәсімделуге негіз болады.
Тауарды шетелге шығару аукциондар арқылы өткізіледі. Ашық аукциондар арқылы жеңімпаздарға лицензия беріледі. Экспорт – импорт операцияларын рәсімдейтін негізгі құжат – контракт. Экспорттық және импорттық операциялар келісім шарт негізінде сату мен сатып алуды жүзеге асырады. Бұл келісім шарттар контрактілер деп аталады. Контракт тауардың кедендік сомасын анықтауға және кедендік баж алымдарын есептеуге және өзара есеп айырысуға негіз болады. Заңды тұлғалар шаруашылық қаржылық операцияларды бухгалтерлік есепте экспорт – импорт мәмлелері бойынша бухгальерлік есепті ҚР-дың Ұлттық валютада теңгеде жүргізеді. Сондықтан шетел валютамен көрініс тапқан операция нарықтық курс бойынша теңгемен көрініс табады.
Мысалы: контракт бойынша шетел мекемесіне субъект 100000 АҚШ доллармен аванс төледі. Аударған уақытта доллардың курсы 130 тг болатын:
Дт 1030 – кт 1210 – 13000000тг.
Салық кодексінің 65 бабына сәйкес шетел валютасы салық салыну мақсатында ұлттық валютаға курс бойынша қайтарылуын есептеп беріледі. Салық кодексінің 10 бабына сәйкес бағамдық айырма болып шетел валютасы бойынша орындалатын операциялардың айырмасы. Бұл айырма оң немесе теріс болуы мүмкін. Бағамдық айырма 9 стандартқа сәйкес бухгалтерлік есепте көрініс табады. Валюта ұйымның шотына ақша түскен күннен бастап есептелінеді.
Мысалы: жеткізілген тауар үшін 2000 доллар төленді. Төленген күні бағам – 132 тг. Шетел компаниясына көрсетілген қызмет үшін 2000 доллар түсім алынды. Банкідегі шотқа төлем келіп түскенде бағам – 132 тг болды:
Дт 1610 – кт 1030 – 264000, дт 1030 – кт 1210 – 264000.
Экспорттық – импорттық операциялар, сондай-ақ импорттық мақсатқа теңгедей немесе шетел валютасын пайдалануы «ҚР-ның экспорттық – импорттық бақылауды ұйымдастыру туралы нұсқауында» берілген.
Тауарлардың импортты бойынша жасалатын операциялардың есебі. Шетелден тауарларды импорттауға байланысты операциялардың есеп айырусыдың есебі 3310 шотта жүргізіледі. Ол келесі аналитикалық тұрғыда топтастырылады: шетелдік жабдықтаушымен есеп айырысу, есеп айырысу алдында инкассалық тәртіпте есептеледі, содан соң акцептеу, аккредитив шотын ашу, сондай-ақ аванстық төлем жасау шаралары бойынша жүреді.
Екінше суб шот – коммерциялық несие бойынша есеп айырысу. Бұл есеп айырысуда аударма векселінің акцизделген және акцизделмеген жағдайында импорттық тауарлар жеткізіледі.
Келіп түскен импорт тауарларын есепте көрсету кезінде олардың сатып алынған құны дұрыс көрсетілуі қажет. Келіп түскен импорт тауарларының сатып алынған құнының құрамы: контракт бойынша сатып алу бағасы, баж салығы, комиссиондық марапаттау, жабдықтау, дайындау, транспорттық шығыстары.
Келіп түскен импорт тауарлары тек қана теңгемен ғана көрсетіледі, яғни ҚР-ның Ұлттық банкі белгілеген баға бойынша операцияның болған күніне сәйкес шетелдік валютадан теңгеге ауыстырады. Шетелден әкелінген тауарларға тиісті кеден төлемі мен салығын төлегне соң олар ҚР-ның аймағында еркін айналысқа шығады. Келіп түскен импорт тауарлары бойынша кеден төлемі мен салығынан басқа ҚҚС пен акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлейді. Келіп түскен импорт тауарларына кеден заңдарына сәйкес акцизделетін тауарлардың объектісі болып құн немесе натуралдық көлем негізге алынады.
Импорт тауарлары бойынша ҚҚС-ты анықтау үшін келесі формуланы қолданамыз: кедендік құг + импорттық кедендік баж салығы + кедендік алымдар + акциздер* ҚҚС мөлшерлемесі.
ҚҚС-ты және акцизді импорттаушы немесе кедендік төлемді қосып төлеген тұлғалар төлейді және оған зачетқа немесе төлемі кейінге қалдырылған ҚҚС қосылмайды. Төлем кейінге 3 айға қалдырылады. Кедендік процентін рәсімдеу кезінде төленген ҚҚС-ғы зачетқа жатқызылады.
Мысалы: ҚР-дың аймағында 2006 жылы 10 ақпанда тауар импортталды, бұл тауар өндеу өнеркәсібіне арналған. Осы тауарға салынатын ҚҚС-ғы салық төлеушінің өтініші бойынша 3 айға кейінге қалдырылған, оның кейінге қалдырылған сомасы 160000 тг. құраған. Егер салық төлеушінің бұған дейін және 3 ай барысында ҚҚС бойынша артық төлемдері болса, кейінге қалдырылған ҚҚС-ғы зачетқа жатқызылады. Ал егер 3 ай барысында ҚҚС бойынша төлеген сомасы 100000тг. болса, онда кәсіпорын 11 мамырдан бастап 60000 теңгеге айыппұл төлей бастайды.
Кедендік төлемдердің және салықтардың есеп айырысу базасы болып кедендік құн саналады. Ал жабдықтаушымен есеп айырысуды көрсету үшін фактуралық құн пайданылады. Фактуралық құн жабдықтау бағасын білдіреді. Ал кедендік құнның деңгейі есептеу жолымен шығарылады. Тауардың кедендік құнын анықтау бірнеше әдістері бар:
кедендік құнды импорттап әкелінетін тауарға жасалған мәмленің бағасын анықтау
нақты төленген немесе ҚР-ның кедендік шекарасынан өткен кезде төленуге тиісті баға ҚР-ның аумағына әкелінетін тауардың кедендік құны болып табылады.
Бұл әдіс келесі 5 жағдайды сақтағанда қолданылуы мүмкін:
тауар ҚР-да экспорт үшін сатылса
сату немесе мәмле бағасы белгілі бір жағдайларды сақтағанда байланысты болмаса
кеден құны құжаттармен расталуы керек
мәмлеге қатысушылар тәуелді тұлғалар болмауы тиіс.
Импорт тауарлар бойынша ҚҚС есептеу.
Мысалы: 1-ші партия тауардың негізі парағы бойынша жүк кеден декларациясы бойынша 5000 доллар. 2-ші партия тауардың қосымша парақтары 3200 доллар, курс – 131, 5тг., евро – 165тг кедендік баж 1-ші партия – 10 пайыз, ҚҚС 15 пайыз, негізгі бет – 50 евро, қосымша бет – 20 евро.
Дт 1330 – кт 3350 – тауар қабылданды
1330 – 3140 – баж салығы
1330 – 3210 – кедендік рәсімдеу
1330 – 3140 – кедендік акция
7110 – 3310 – тасымалдау шығындары
7210 – 3210 – банк қызметі
1610 – 1030 – тауарға аванс аударылды.
Кедендік мөлшерлемелер түрлері:
адвалорлық – салық мөлшері салынатын тауардың кедендік құнына пайызбен есептеледі.
ерекше – салық мөлшері салынатын тауар бірлігінің белгілеген мөлшерімен есептейді.
аралас – салық мөлшері кедендік салық түріне екеуіне де үйлестіреді.
Халықаралық практикада сауда кәсіпорында келесі есеп айырысу нысандары қолданылады:
аванстық төлемдер (1610,3510)
инкасса (4110,1030)
аккредитив (1060)
вексель (302)
клиринг – төлем тапсымалар арқылы мемлекеттердің өзара есеп айырысулары.
Уценка – дт 7110 – кт 1330 немесе дт 7210 – кт 1330.
Тауар жөнелтілгенге дейін шетел компаниясынан аванстық төлем келіп түсті: дт 1040 – кт 3510, дт 3510 – кт 1210.
Шетел компаниясынан ақша келгенде: дт 431 – кт 301.
Импортталған тауар үшін: дт 3310 – кт 1040.
Оң курстық айырма: дт 1210 – кт 6250.
Теріс курстық айырма: дт 7430 – кт 1210.
Аккредитив ашқанда: дт 1060. шетелдегі аккредитив – кт 1040.
Аккредитивтен төлем жүргізілсе: дт 3310 – кт 1060, жт 4010 – кт 1060.
Импортталған тауардың кедендік құны 7 стандартқа сәйкес шетелден тауар алынғанда оның құнының шығындар құрамы:
сатып алу бағасы + әкелу бажы + комиссиялық сыйақы + көліктік шығындар
Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі.
Экспорттауға арналған тауарлардың қозғалысын рәсімдейтін негізгі құжаттар:
жабдықтаушылардың шоттары (инвойстары)
тауарлы-көліктік накладной
сертификаттар
спецификатциялар
коноссаменттер
тауарларды қабылдауға жасалған тауарлардың станция жаңындағы және басқа қалаларға келіп – түскендігін куәландыратын актілері
тауарлардың келіп түскен артық шыққан, бүлінген немесе табиғи кему фактілерін куәландыратын коммерциялық актілері
сақтандырылу полисі
контрактілер
контракт бойынша қарастырылған басқа да құжаттар.
Тауарды жабдықтаушыға шетел компаниясымен контракт жасар алдында экспорттер мәмлені 2 данада рәсімдейді және онда түсімді бақылап отыратын банкі көрсетіледі. Сол банкте валюталық шот ашылады. Банк мәмленің дұрыс жасалғаның тексеріп, қол қояды. Жасалған мәмленің бір данасы экспортерда, екіншісі банкте сақталады. Экспорттер кедендік рәсімдеу кезінде кедендік жүк декларациясын және мәмленің төл құжатын (паспорт сделки) рәсімдейді. Мәмле төл құжаты 3 дана жасалады. Оның бір көшірмесі кеден органдарында қалады, бір данасы өзіңде қалады және қалғаны банкіге тапсырылады. Салық кодексінің 1330 бабына сәйкес экспортталатын тауарлар ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесімен салық салынады.
Шетел сатып алушыға тауар жөнелтілді 1600000тг: дт 7010 – кт 1330 – 1600000
Контракт бойынша 19000 доллар осы тауар алынған. ҚР-ның Ұлттық банкінің бағамы 131тг, ал сатылған тауарлардан түскен түсімді валюталық шотқа аударған күнгі бағам – 130,8 тг: дт 1210 – кт 6260 – 2471900
Кеден алымы 0,2 пайыз: дт 7110 – кт 4430 – 4943,8.
Кеден төлемі төленді; дт 4430 – кт 1030 – 4943,8
Сатылған тауарлар үшін шетел компаниясына төлемі келіп түскен: дт 1040 – кт 1210 – 2485200
Тауарлардың сатылған күні мен тауарлардың төленген күнгі арасындағы айырма: дт 7430 – кт 1210 – 13300тг.