Қан кету кезінде Артериялық қан кету кезінде қан алқызыл түсті болады. Артериялық қан кету ең қауіпті жағдайдың бірі. Себбебі адам аз уақыт ішінде көп қан жоғалтуы және бұл өлімге әкелуі мүмкін. Тез арада қан кетуді тоқтату шараларын қабылдау керек.
Артериалық қан кету кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету барысында мыналарды орындау қажет:
жарақаттан сәл жоғары тұстағы тамырды үлкен саусақпен басу арқылы қанды тоқтатуға немесе қан ағуын баяулатуға тырысу керек;
резеңке немесе қолдан жасалған кез келген бұраумен (мысалы, белдік, арқан және басқа) жараның жоғарғы жағындағы артерияны байлау керек, бұл қан жоғалтуды төмендетеді;
зардап шеккен адамға көмек көрсеткеннен кейін оны мамандандырылған медициналық мекемеге (аурухана немесе емхана) жеткізу керек.
Ал көктамырдан қан кеткенде қанның түсі қою қызыл болады. Алайда ірі көктамырдан қан кетсе және дер кезінде көмек көрсетілмесе, бұл да адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Көктамырдан қан кеткенде алғашқы көмек көрсету барысында мыналарды орындау керек:
зақымдалған қантамырдың жұмсақ қабырғаларын қысып тұратын таңғыш байлау;
зардап шеккен адамды денсаулық сақтау мекемесіне жеткізу.
Сүйек сынғанда Барлық сынық кезінде алғашқы көмек бірдей болады және сүйектің тұтастығын қалпына келтіруге, қан кетуді тоқтатуға, жараны антисептикалық өңдеуге, аяқ-қолды иммобилизациялауға бағытталған. Науқасқа көмек көрсету кезінде мыналарды қамтамасыз ету қажет:
Алғашқы көмек көрсеткенде науқастың қосымша ауырсынуына жол бермеу керек. Науқасты медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге өте мұқият жеткізу қажет.