Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері Фотосинтез – (гр.фотос - жарық және синтез) - жасыл жапырақ органоидтері, яғни хлоропласт арқылы Күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі.Фотосинтез нәтижесін-де жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бөледі.
Фотосинтез аппаратының негізі– жасуша ішіндегі органелла-хлоропластар (көк жапырақ жасушасында 20-100 болады). Балдырлардың көпшілігінде фотосинтездік аппарат – жасуша ішіндегі арнайы органелла-хроматофорлар, ал фотосинтездеуші бактериялар мен көк-жасыл балдырларда тилакоидтер. Өсімдік фотосинтез процесінің негізі – тотығу-тотықсыздану.
Су
Органикалық заттар
Көмірқышқыл
газ
Көмірсу
Май
Нәруыз
Ағзалар тыныс алғанда қоректік заттар толық ыдырау үшін оттегі қажет екендігі баршамызға белгілі. Тынысалудың ең соңғы өнімі – көміртегі оксиді, су жене бос энергия. Бұл соңғы өнімдер — фотосинтезге қажеттi негiзгi қосылыстар болып табылады. Сондықтан, тынысалу фотосинтез кезiндегi энергияны жоққа шығарады. Алайда, тынысалу кезiнде жұмсалған пайдалы энергия фотосинтез кезiндегi алынған күн энергиясынан аз болады.
Энергияның ең көбi — күн сәулесiнiкi, қоректiк заттар одан аз, ең азы көмiртегi оксидi, су жене оттегi. Фотосинтез көпсатылы күрделi әрекет. Мұнда күн сәулесi энергиясын химиялыұ байланыс энергиясына айналдыруда басты рөлдi хлоропластар атқарады. Пластиттердiң үшеуiнiң де негiзi — строма деп аталатын ақуыз. Ал, фотосинтез әрекетi хлорофилл пигментi (жасыл түс беретiн) бар хлоропласт жасушасында жүредi.
Хлоропластың құрылысы Биологиядағы барлык органоидтар сияқты, хлоропластың құрамы оның қызметiне сай күрделi болады. Хлорофилдер көк және қызыл түсті сәулелерді жұтып, жасылды шағылыстырады. Ол сәуле хлоропласт жасушасын жасыл етіп көрсетеді.
Хлоропластарда хлорофилдерден басқа сары, қоңыр, кызғылт сары түстi каротиноидтар болады. Ол пигменттер ұзындығы баска толқындағы сәулелердi шағылыстырып, өз энергиясын хлорофильдерге берiп, фотосинтездiң жүрiсiн тездетедi. Каротиноидтар жасыл хлорофилдермен бүркенiп, көрiнбейдi, бiрақ күзде, хлорофилдер бұзылганнан кейiн, оның жарқыраған түсi көрiнедi. Сондықтан да күзде жапырақтардың түсi сары жене қызғылт көрiнiс бередi. Хлоропластағы хлорофилл пигментi граналарда орналасқан. Граналар бiрiнiн үстiне бiрiн жинап қойған күмiс ақша сияқты тақташалардан тұрады. Тақташалар өзара шұрықтармен байланысады да, ал фотосинтез әрекетi бүкiл хлоропласт жасушасында емес осы граналарда жүредi.