Хрситиан дінінің сенімдік негіздері Діни сенім негіздерінің қалыптасуы



бет1/3
Дата06.11.2022
өлшемі481,5 Kb.
#47852
  1   2   3
Байланысты:
№2. Лекция, Христиандык (1) (1)

Хрситиан дінінің сенімдік негіздері

Діни сенім негіздерінің қалыптасуы

  • Христиандықтың алғашқы кезінде белігілі бір қасиетті кітабы болмағаны сияқты, барлық адам қабылдайтын сенім жүйесі де жоқ еді. Бұл жағдай христиандар ортасында сенім мәселесінде талас-тартыстар тудырды. Соның негізінде 325 жылы Никей соборы өткізілді. Бұл соборда 12 тармақтан тұратын сенім жүйесі бекітілді.

діни сенім негіздері

  • Мен құдайға, құдіретті әкеге;
  • Және оның жалғыз ұлы Исаға;
  • Қыз Мариям және қасиетті рухтан туғандығына;
  • Платос дәуірінде креске шегеленгендігіне, өлгендігіне, көмілгендігіне;
  • Өлгеннен соң 3 күннен кейін қайта тірілгендігіне;
  • Көкке көтерілгендігіне;
  • Әкесінің оң жағына отырғандығына;
  • Ол жерден өлілер мен тірілерді сұраққа тарту үшін қайта жерге түсетіндігіне;
  • Қасиетті рухқа;
  • Қасиетті шіркеуге;
  • Күнәлардің кешіретіндігіне;
  • Өлгеннен кейін қайта тірілуге және мәңгі өмірге сенемін.

Құдай сенімі

  • Христиандар яһудилер сенген құдаймен бірге Иса пайғамбар мен қасиетті рухтың да құдай екендігіне сенеді.осылайша христиандықта бір құдай бейнесін беретін Үштік сенім (Троица) қалыптасқан.
  • Христиан үштік сенімі Әкеден, баладан және қасиетті рухтан тұрады.

Үштік сенім

  • Үштік сенімдегі алғашқы және негізгі формасы әке яһудиліктегі құдайға христиандар қойған есім. Христиандарда құдай әке мәңгілік, жаратушы, мейірбан және кешірімді.
  • Үштік сенімінің екінші формасы Бала- әкенің адам денесіне енген сөздері. Осы себепті христиандықта Иса пайғамбар құдайдың жалғыз ұлы. Қазіргі таңда христиандардың көп бөлімі құдай сөзінің немесе құдайдың өзінің ет пен сүйектен жаралып, адам бейнесіне енгендігіне сенеді. Бұл сенімде құдай әкенің адмзатқа деген сүйспеншіліг мен қамқорлығы себепті, Иса мәсіх формасында адамдар арасында өмір сүреді. Құдай әке балаға соттау және өмір беру құдырет күшін берген.
  • Үштік сенімінің үшінші формасы-қасиетті рух. 381 жылы Стамбулда өткен соборда қасиетті рухтың да әке мен балаға ұқсас құдай формасында екендігі қабылданған. Ол жарытылмаған құбылыс ретінде, адам рухында, жаратылыста өмір сүретін құдайдың өзі. Құдай әке барлық істерін осы қасиетті рух арқылы істейді және өз құдыртін қасиетті рух арқылы көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет