І қағида. Таңертең бар қуатыңызды үйден жап-жақсы күйіңізде шығуға жұмсаңыз. Түс кезінде айнаға қараңыз. Барлығы қалпында ма, соңғы рет-жатар алдында солай істеңіз



Дата06.01.2022
өлшемі32 Kb.
#11505

І қағида. Таңертең бар қуатыңызды үйден жап-жақсы күйіңізде шығуға жұмсаңыз. Түс кезінде айнаға қараңыз. Барлығы қалпында ма, соңғы рет-жатар алдында солай істеңіз. Күніге осы менің қалпым қандай күйде екен деген ой сізді мазаламауы керек.
ІІ қағида. Өз бойыңыздағы кемшілікке көңіл бөліп, қайталап айта бермеңіз. Ондай кемшілік әркімде де бар. Егер өз кемшілігіңізге көп көңіл аудара бермесеңіз, басқалар да оны байқамайды.
ІІІ қағида. Жұрт өзіңізге айдан анық нәрселерді байқамайды, оларға көз салмайды. Басқа бірнеше адамдар тұрғанда, сөйлегенде қызара бастайтындығыңызды сезесіз бе? Ал, оларға бетіңіздің қызарғаны жәй қызару сияқты, өзіңіз неден қысылып тұрғаныңызды білдірмейінше, оған олардың көңілін аудартпайынша, сіздің ол қысылыс күйіңізді ешкім біле алмайды.
ІV қағида. Басқаларды артық сынға алмаңыз, әйтпесе ертелі-кеш сіз де «келбетім мен мінезім сын садағына ілініп қалуы ықтимал» деп ойлай беретін боласыз. «Ешкімді сөкпе, мінеме, сонда сені де ешкім мінемейтін болады» - деп інжіл де айтылған.
V қағида. Басқаларды көңіл қойып тыңдаңыз, сонда олардың да сіз десе көңілі ерекше болып тұрады. Жұрт көбіне тыңдаушыларды жақсы көреді.
VI қағида. Өз төңірегіңізден сізді сәл де болса түсінетін жақсы адамды тауып алыңыз, жалғызсырамайтын боласыз. Ұялмаңыз, өзіңіз таңдап алған адамға барыңыз, бұл екеуіңізге де пайдалы.
VII қағида. Ағыңыздан жарылып тұрыңыз. Шыншыл, адал болыңыз. Пейіліңіз ақ болсын. Білмегеніңізді білемін деп әлек болып, қулыққа салынбаңыз. Егер де тамақ мәзіріндегі (меню) тағам аттарын білмесеңіз, осы арада білмейтініңізді айтыңыз. Біреудің қуанышы, шат көңілдері, жетістіктері, пікірлері, сізге әсер ете ме?. Осыны мойындайсыз ғой? Сіз адамға қуаныш сыйлаңыз. Сонда, сізге адамдар жақындай бастайды. Кейде көңіліңіз және сабырлы адамдарды сыйлауы мүмкін, ал бірақ оларды ешуақытта жақсы көрмейді, бірақ ешқашан да оларды сүймейді.
VIII қағида. Жасқаншақтығыңызды, қорқақтығыңыз

ды арақпен жеңемін деп ойламаңыз. Егер де, ашық ақ жарқын болсаңыз, арақ-шарапсыз да өзіңізді қоршаған адамдар арасында мерейлі боласыз.


IX қағида. Орынсыз жасқаншақтықпен немесе именшектіктің кейбір адамдарды жалықтырып жіберетінін де есте сақтаған жөн. Егер де біреу сізбен даусын көтеріп, өктем сөйлеп тұрса, оған өзім кінәлімін деп есептемеңіз. Кім біледі, бәлкім, ол адам үшін өз жігерсіздігін жеңудің бір амалы осындай да болар деген ойда жүрген шығар. Бірақ осындай «амалмен» сіз пайдаланудан сақ болыңыз, бұлай адам өз-өзінің мәртебесін көтеріп, орнын бекіте алмайды.
X қағида. Басыңызға бір жаман іс түсіп, жағдайсыздыққа ұрынсаңыз елдің көзінше, кейіп налымаңыз, намыстанбаңыз. Жұрт сізге ерекше ықыласпен қарайтын болады, өйткені сіз оларға өз артықшылықтарын сезінуге бір үлкен мүмкіндік бердіңіз.

Психолог кеңесі


• Балаңызға өз даму сатысынан сай керегін, қажетін беріңіз.

• Осы шақпен болашақты ұштастыра біліңіз.

• Мынаны ажырата біл: Өз тәніңмен өмір сүр және оны сырттай көре біл.

• Саналы әрекетпен санадан тыс әрекетті ажырата біл

• Өз ұстанымыңды өзгенікінен ажырата біл

• Жарты мен бүтінді ажырата біл

• Дағдарысты қорқыныш деп санаудан аулақ бол, керісінше оны даму, өсу мүмкіндігі деп сана

• Шынайы мен жалған өмірді ажырата біл

• Адам өмірі – бұл үнемі жамандықты жақсыға айналдыру құбылысы екенін түсін

• Батылды адам ғана бақытты бола алады



• Батыл адам ең алдымен, өзіне және өзгеге жақсылық жасай біл. Өзіне жақсылық жасай алған адам өзгеге де жамандық жасамайды

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет