Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін гимназия Қысқа мерзімді жоспар



Дата06.04.2022
өлшемі71,42 Kb.
#30069

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін гимназия

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім:

2-бөлім: Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика

Мұғалім аты-жөні :

Айтжан Наргүл Қалдыбайқызы

Күні:

27.09.2021 жыл

Сынып: 6 «В», «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Отбасы тәрбие мектебі. Екпін. Сөз екпіні

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.4.1 мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;

6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазу;




Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Оқыған мәтін бойынша негізгі ойын анықтайды.Екпін түрлерімен танысады.

Оқушылардың басым бөлігі: Оқыған мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді.Екпін түрлерін атайды.

Кейбір оқушылар: Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып , құттықтау құрастырып жазады;

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

12 минут


1. Амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау,үй жұмысы тексеріледі
Данышпан ата түсіндіреді:Балалар, алдымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын , яғни, « Екпін» сөзінің мағынасын ашып алайық. Мысалы: Бар екпінімен құлап түсті, екпіндетіп сөйледі, екпіні қатты жел соқты, оқу екпіндісі.Даусы ерекше шықты. Даусы ерекше шықты. Даусы екпінді шықты. Біз екпін сөзін аз қолданбайды екенбіз. Екпін ... күшті, көтеріңкі, қатты, ерекше. Мысалдарға қарағанда екпін мағына жағынан қандай сөз? - Көп мағыналы сөз - Ал тіл ғылымында қолданылуы қандай сөз болады? - Тіл ғылымында термин сөз болады. - Термин сөз



Үй жұмысын оқиды

Оқушылар өз пікірлерімен бөліседі.




Презентация

Ортасы

25 минут



  Жаңа сабақ түсіндіріледі .

Тілдің сөйлеу нормасына тән ендігі бір фонетикалық құбылыс – екпін.Сөйлеп тұрғанда,бір сөз басқа сөздерге,бір буын басқа буындарға,бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті,көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.
   Екпін сөз екпіні,ой екпіні,тіркес екпіні,дыбыс екпіні болып бөлінеді.
  Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады.Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны тиянақты болады: екпін сөздің ең соңғы бөлігіне түседі.Мысалы: Үзді’к оқушыларға’ бағалы’ сыйлықта’р беріледі’.
1-тапсырма Екпін түспей тұрған ұқсас қосымшаларды табыңдар.
Оқушымын

Айтайын


Мұздай

Айтпа
Баласың

Көрелік

Оқтай


Барма
Адамбыз

Айтшы


Тастай

Сызба
2 -тапсырма. Сөйлемдерді екпін қойып оқы.

Мұралардың ең қымбаты - сөз (Ғ. Мұстафин). Біз соңғы асуға келіп тірелдік. Бұл асудың арғы жағында өзіңе талай айтқан Жетісу жері жалпақ ел бар. Ол – сенің атамекенің! (С. Жүнісов) Қазақ халқының салт-дәстүрлері — ел қазынасы (С. Кенжеахметұлы). Тама-ша-а! Бұл бір ке-ре-мет хабар болды!


Ережені мұқият тындап , жазып алады

1 – тапсырма орындайды. Екпін түспей тұрған қосымшаларды табады.

2 – тапсырма

Сөйлемдерге екпін қойып , көтеріңкі көңіл – күйде оқиды



Дескриптор арқылы бағаланады

Әр дұрыс жауап 1 балл


Дескриптор арқылы бағаланады

Әр дұрыс оқылған сөйлемге 1 балл



Оқулықпен жұмыс


Аяқталуы

8 минут



Кері байланыс

Бүгінгі сабақта

Мен білдім......

Мен үйрендім.....

Маған ұнады.......

Мен үшін қиын болғаны .....



Менің көңіл – күйім..........




Мұғаліммен кері байланыс орнатыды




Рефлекция

Бағалау

Дескриптор арқылы бағаланады

  • Екпін түспей тұрған сөзді табады;

  • Ережені еске түсіреді ;

  • Сөзге екпінді дұрыс қойып оқиды;

  • Екпін түрін ажыратады;


Жалпы: 10 балл

Оқушылар критерий бойынша бағаларын біледі

Қалыптастырушы бағалау





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет