Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары Білім беру министрлігі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Жобаның паспорты Жоба тақырыбының атауы: “Stresses in English”(Ағылшын тіліндегі екпін)
Жобаның мақсаты мен міндеттері:Ағылшын тілінде еркін,дұрыс сөйлеуді және сөздер мен буынға екпінді дұрыс қоюды үйрену.
Жобаның сипаттамасы:Ағылшын тіліндегі сөздерге екпінді дұрыс қоюға арналған нұсқаулық.
Түйінді сөздер:Екпін,дұрыс сөйлеу,зерттеу,шығармашылық,дыбыстық өзгерістер,дауыстық өзгерістер
Жобаны орындау мерзімі:22.05.2023ж-26.05.2023ж.
Жобаның ғылыми жетекшісі:Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педогогикалық Университетінің магистр-оқытушысы Сафарбаев Артықжан Батырханович.
Жобаны орындаушылар:Филология факультетінің Шет тілі- Екі шет тілі бағдарламасының студенттері: Меир Лаура,Маханбет Аяулым,Ізбасар Гаухар,Арынбаева Айсұлу,Умиртай Мадина
Тобы:1703-12
Түйіндеме Ағылшын тілін үйрену барысында сөздердің дұрыс екпінмен айтылуы маңызды болып табылады. Үйренушілер үшін бір-бірімен ауызша қарым қатынаста екпін маңызды рөл ойнайды. Және де үйренушілердің ынтасы мен зейінін ашу үшін осы тақырыпты кеңінен ашып түсіндіріледі. Бұл жобаның елеулі қызметі ағылшын тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету болып табылады.
Жобаның мақсаты:Ағылшын тіліндегі сөздің дұрыс екпінін нақты ережелер және қызықты тапсырмалар арқылы дұрыс түсіндіру.
Жобаның нысаны:Үйренушілердің ауызша қарым-қатынасын дамытудағы стратегиялық жол.Оқушылардың өзара ауызша әрекеттесудегі қиындықтарды теориялық жолмен шешу.
Жобаның мақсаты:Үйренушілердің ағылшын тілінде дұрыс екпінмен сөйлеудегі қиындықтарын оңай әрі қызықты жолдармен түсіндіру арқылы шешу. Жоба сонымен қатар өз оқырмандарына ағылшын тіліне және үйренуге деген жаңа жарқын көзқарастар қалдырады. Оқырманға пайдалы ақпараттар қалдыру.