ТАҚЫРЫБЫ: Ы.АЛТЫНСАРИН – БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ АТАСЫ. Ы.АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ. «ТАЗА БҰЛАҚ» ӘҢГІМЕСІ.
Ыбырай Алтынсарин –қазақ халқынан шыққан халық ағартушыларының бірі, ірі жазушы, тамаша ұстаз, қазақ балалар әдебиетінің атасы.
Ол 1841 жылы 20 қазан да қазіргі Қостанай облысы, бұрынғы Аманқарағай болысы, Затабол ауданында дүниеге келді. Ыбырай өзәкесі Алтынсарыдан 4 жасында жетім қалды. Әкесі қайтыс болғаннан кейін Ыбырай атасы Балқожаның тәрбиесінде болады.
Балқожа кішкентай немересі Ыбырайды 1850 жылы, 23 тамызда Орынбор қаласында жаңадан ашылған мектепке оқуға берген. Ыбырай жас кезінен-ақ өте зерек болып, сабақты үнемі үздік оқиды. Атасы Балқожаның оқушы Ыбырайға өлеңмен жазған мына бір өсиет сөздерін ол бұлжытпай орындаған еді.
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақтағалам .
Атаң мұнда, анаң мен есен- аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған .
Шырағым мұнда жүрсең не етерсің ,
Қолыңа құрып алыпкетер едің ,
Тентіреп екі ауылдың арасында .
Жүргенмен не мұратқа жетер едің ?
Атаңа сағындым деп асығарсың ,
Оқуға көңіл бөлсең басыларсың,
Ата-анаңды өнер білсең асығарсың.
Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың, - дейді. Жас шәкіртке оқудағы мақсат не екенін түсіндіреді. Атасының өсиетн бұлжытпай орындаған Ыбырай мектепте оқып жүрген кезінің өзінде- ақ, орыстың атақты жазушыларымен еңбектерімен танысып, олардың шығармаларын көп оқитын болған. Ыбырай бұл мектепте жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді. Мектепті бітірсімен халық ағарту ісімен айналысады. Әкімшілік қызметке, шен-шекпенге қызықпайды. Ғылыммен қаруланған, әсіресе дұрыс көзқарасы бар оқушылар қазақ арасында көбейіп бүкілхалыққа әсер ете алады деп Алтынсарин өз халқына дұрыс бағыт сілтеді.
Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы.
Н.Ильминский-Ыбырай туралы тұңғыш естелік еңбек жазып қалдырған адам. Оның “Ы.Алтынсаринді еске алу” деген көлемді кітабы бар. Бұл кітап-Ыбырай творчествосын тануда маңызы зор, алғашқы биографиялық естелік, әрі қазақ жазушысы туралы тұңғыш жарияланған еңбектердің бірі.
Ыбырай шығармаларын талдау орта мектеп оқулықтарынан бастау алады. Оның педагогтік қызметі мен ағартушылық идеялары туралы Ә.Садықов, Т.Тәжібаевтың кітаптары бар. Қоғамдық әлеуметтік көзқарасы туралы Қ.Бисембиев пен Б.Сүлейменов, М.Ақынжанов зерттеулер жүргізді. Ал шығармалары туралы М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Дербісалиндер еңбектер жазды. Бұларға қоса, орта мектепке арнап оқулық жазған авторлардың бәрі де Ыбырай шығармашылығына талдау жасап, оның еңбектеріне тиісті бағаларын беріп келеді.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Затобол ауданында (бұрынғы Арақарағай болысы ) туып өсті. Болашақ ақынның балалық шағы ру басы, ірі феодал Балқожа бидің отбасында өтті. Балқожа-қазақтың белді биінің бірі. Ол өз кезіндегі билерге тән шешендік өнерді меңгерген сөзге орамды, тілге ұста адам ретінде айналасындағыларға әмірін жүргізіп отырған-ды.
Ыбырай, ең алдымен, мұсылманша оқып сауатын ашады. 1850 жылы 9 жастағы Ыбырайды Орынборда қазақ балаларына арналып ашылып жатқан жеті жылдық мектепке апарып берген.
Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүрсе де Ыбырай оқуда аса ыждағаттылық көрсетеді.Өзі қатарлас отыз баланың алды болып көзге түседі. Мектеп оқуындағы діншілдік пен патшашылдық тәрбиенің басымдылығына қарамастан Ыбырай ғылымға құштар жас болып шығады.Мектеп жылдарында Ыбырайдың орыс халқы мен Батыс, Орта Азия мен Шығыстың аты шулы ақын-жазушыларының шығармаларын оқуға қолы жетеді.
Ыбырайдың Орынбор сияқты қалада оқуы, өз бетімен ізденуі, орыс интеллегенциясымен араласуы оның ой-өрісінің өсуіне, өмірге көзқарасының қалыптасуына көп жағдай жасайды. Осындай ұзақ та, тұрақты ізденіп оқу арқылы ол өз мақсатын айқындай алады. Тілмаш болып кеңсе қызметінде қалып қоймай, халқына қызмет етуді арман етті. Сол арманының алғашқы қадамы 1861 жылы Торғайдан мектеп ашуға рұқсат алып аттанған сапарынан басталады. Ыбырай бұл мектепті тек 1864 жылы ғана аша алды.Оған дейін өз үйінде 4-5 баланы жинап оқытып, болашақ мектеп оқуының негізін сала берді. Өзінің тәжірибесін арттырды. Осылайша 1864 жылы салынып біткен тұңғыш мектепке үлкен даярлықпен жеткен Ыбырай оқыту жұмысына құлшына кірісті.
Ыбырайдың педагогтік жұмысының ілгері басып, қыза түскен кезі оның Торғай облыстық мектептерінің инспекторы болып тағайындалған (1879) жылдардан басталады. Әрбір уездік қалалардан орыс-қазақ балалары бірге оқитын училищелер ашуды да қолға алады. Ол үшін елден қаражат жиып, ақыры бірнеше алты жылдық уездік училищелерді ашады.
Ыбырай мектеп тәрбиесін жоғары бағалап, оның оқытушыларының сапасына да ерекше көңіл аударды. Жақсы мұғалімді дүниедегі ең қымбат көретін адамы санайды.
Балаларды тәрбиелеуде тағы бір қажет нәрсе – оқу құралы. Ол балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз ету жолында да біраз еңбек етеді. Мектеп кітапханасын ұйымдастырып, оқулықтар алдырып, орыс тіліндегі құралдарды аударып, қазақ тілінде оқулық жазып, бұл салада да тынымсыз іс қылады.
Балаларды оқыту әдістері жағынан Ыбырай – белгілі өзіндік жүйе-әдісі бар педагог. Ол қазақтың тұңыш бұқарашыл педагогикасын, халықтық мектептерін негіздеуші. Өзінің дидактикалық көққарасынан ол — ұлы ағартушылардың озық идеяларына сүйенген, бұқарашыл педагогикасын жаңа жағдайда іске асырған ізгі ниетті адам. Белинский, Добролюбов, Чернышевскийлердің озық идеялары, ағартушылық, педагогтік оқулары Ыбырай жүрегінен нық орын тепті. Ушинский, Толстой, Паульсон сияқты педагогтерді ұстаз тұтты. Ыбырай осындай ұлы адамдардан тәлім алып өсті.
Ыбырайдың педагогтік қызметі осы айтылғандармен ғана шектелмейді. Ол қазақ мектебін керекті құралдармен жабдықтай білді.
Ыбырай – көрнекті ақын, талантты жазушы. Оның қаламынан бойындағы тамаша талабын танытқандай маңызы зор көркем шығармалар туды. Ол өзінің бар күш-қуатын халықты ағарту, жастарды тәрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырайдың жазушылық қызметінің түпкі қазығы да сол оқу-өнер, білім мәселесімен сабақтас. Оның ақындық шабытына дем беріп, жазушылық қиялына қанат бітіретін зор нысанасы-қараңғы қазақ халқының көзін ашу, көңілін ояту, оны озық мәдениетті елдердің қатарына қосу.
Ұлы педагог-ақын өзінің өлеңдері арқылы оқудың, өнер-білімнің маңызын түсіндіріп, надандыққа қарсы шықты. Ол қазақ балаларын білімге баулып, олардан болашақтың иелерін даярлауды бірінші мақсатым деп санады.
Өнер-білім – бәрі де
Оқуменен табылған…
Кел, балалар, оқылық!-деп жар салды.
Ыбырай өлеңдері тек оқу, өнер, білім тақырыбы шеңберінде қалып қоймайды. Оның көп өлеңдері әлеуметтік, гуманистік идеяны нақтылы мәселелер төңірегінде көтеріп, өз кезінің шындығын аша түседі.
Ақынның “Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен” деген өлеңінің мәні де терең. “Әй, достарым!” деген өлеңінде “Қолыңнан келсе қыл қайыр!” деп, қайырымды , кең пейіл, адал азамат болуға шақырады.
Достарыңызбен бөлісу: |