І аналитикалық топ катиондарына сапалық реакциялар мен бақылау жұмысы



бет1/3
Дата19.09.2023
өлшемі20,13 Kb.
#108569
түріСабақ
  1   2   3

КАТИОНДАРДЫҢ САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРЫ
Тақырып: І аналитикалық топ катиондарына сапалық
реакциялар мен бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты: Аналитикалық химия пәні және оның
қолданбалы мәселелерімен, І аналитикалық катиондар
тобының сапалық реакцияларымен, олардың қоспасын талдау
әдістерімен танысу.
Сабақ жоспары:
1. Зертханалық жұмыстарды орындау:
1) К+ катионына сапалық реакциялар
2) Na+катионына сапалық реакциялар
3) NH4+ катионына сапалық реакциялар
4) І аналитикалық катиондар тобының қоспасына бақылау
жұмысы.
2. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.
3. Блиц - тест.
4. Зертханалық жұмысты қорытындылап, қорғау.
Қажетті құрал - жабдықтар мен реактивтер:
Пробирка, заттық әйнек, шыны таяқша, конус пробиркалар,
нихром сымы, спиртшам, микроскоп, сүзгі қағаз, Na+, К+, NН4+
катиондарының тұздары, NaHC4H4O6,
Na3[Cо(NO2)6], Na2Pb[Cu(NO2]6, КН2SbO4, UО2(СН3СОО)2
NH4СІ , NаОН, К2[НgJ4] ерітінділері.
Жұмыс барысы:
К+ катионына сапалық реакциялар
1. Натрий гидротартраты NaHC4H4O6 калий тұзы
ерітінділерімен ақ кристалдық тұнба түзеді:
КСІ + NaHC4H4O6 → КНС4Н4О6↓ + NaСІ
К+ + HC4H4O6- → КНС4Н4О6 ↓
Тәжірибе.
Конус пробиркаға 4 – 5 тамшы калий тұзы (КСІ немесе КNO3) ерітіндісін және сол мөлшерде NaHC4H4O6 ерітіндісін құяды. Шыны таяқшамен араластырғанда ақ кристалл тұнба түзіледі.
2. Натрий гексанитро- (ІІІ ) кобальтаты Na3 [Cо (NO2)6] К+
катионымен калий – натрий гексанитро(ІІІ) кобальтатының сары
тұнбалы комплексті тұзын түзеді.
2КСІ + Na3 [Cо (NO2)6 ] → 2NaСІ + К2Na [Cо (NO2)6 ]↓
2К+ + Na+ + [Cо (NO2)6 ]3- → К2Na [Cо (NO2)6 ]↓
Тәжірибе. Калий тұзы ерітіндісінің тамшысына 1-2 тамшы
натрий гексанитро-(ІІІ) кобальтаты ерітіндісін құяды. Күшті қышқылда ерігіш ашық жасыл түсті тұнба түзіледі. Натрий гексанитро-(ІІІ) кобальтаты тез ыдырап, қызғылт түске айналады. NH4+катионы да осындай тұнба түзеді.
3. Микрокристаллоскопиялық реакция. Натрий қорғасын гексанитро(ІІ) купраты Na2Pb[Cu(NO2]6 К+катионымен кубты кристалды қара және қоңыр түсті қосылыс К2 Pb [Cu (NO2)6 ]түзеді:
Na2Pb [Cu (NO2)6] + 2КСІ → К2Pb [Cu (NO2)6 ] ↓ + 2NaСІ
2К+ + Pb2+ + [Cu (NO2)6]4- → К2Pb [Cu (NO2)6] ↓
Тәжірибе.
Заттық әйнекке калий тұзы ерітіндісін тамызып,құрғағанша жалында қыздырады. Суыған соң натрий – қорғасын гексанитро(ІІІ) купраты реактивін тамызады, нәтижесінде кубты кристалдар түзіледі.
4. Жалын түсінің өзгеруі.
Тәжірибе.
Платиналы немесе нихромды сымтемірді тұз қалдықтарынан әбден тазалайды. Ол үшін концентрлі тұз қышқылына батырып, жалында ұстап қыздырады (жалынның түсі түссізденгенге дейін). Тазаланған сымтемірді калий тұзына батырып, жалында қыздырады. Калий тұзына тән солғынкүлгін жалын байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет