I –нұсқа а деңгейінің есептері



Дата12.03.2023
өлшемі20,26 Kb.
#73551

Бақылау жұмысы. 7-сынып
I –нұсқа


А деңгейінің есептері
1. Адам суда 9 м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдікте адамға әрекет ететін судың қысымын есепте. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3.
2. Көлемі 10 дм3 гранит тас өзен түбінде жатыр. Оны суда, ауада көтеру үшін қандай күш жұмсау керек?
3. Көлемі 4 м3 бетон суға толық батырылған. Оған су тарапынан әрекет етуші Архимед күшін тап?


В деңгейінің есептері
1. Гидравликалық престің кіші поршеннің ауданы 10 см², оған 250 Н күш әрекет етеді. Ал үлкен поршень ауданы 200 см². Үлкен поршеньге әрекет ететін күштің шамасын есепте.
2. Керосинге батырғанда 160 Н күшпен кері итеретін мыс кесегінің көлемін анықтандар.
3. Күйтабаққа ине 0,27 Н күшпен әсер етеді. Егер ұшының ауданы 0,0003 см² болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?
С деңгейінің есептері
1.Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 78 Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95 м, ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын тап.
2. Таразының бір табақшасында массасы 2,5 кг шыны, екіншісінде массасы 2,1 кг күміс кесегі жатыр. Егер өлшеуді ауада, суда жүргізсек, таразының қай басы ауыр болады?
3. Сынап құйған ыдысқа темір бұранданы салса, ол бата ма? Неге?


II- нұсқа


А деңгейінің есептері
1.Көлемі 6 м³ гранит бағанасының табан ауданы 1,5 м² болса, ол жер қыртысына қандай қысым түсіреді?
2. Биіктігі 0,5 м керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді?
3. Көлемі 8м3 темір бағананың табан ауданы 2 м2 болса, ол жер бетіне қандай қысым түсіреді?


В деңгейінің есептері
1. Көлемдері бірдей 100 м3 ағаш білеуше мен темір білеушеге суда әрекет ететін кері итеруші күштері бірдей ме?
2. Өлшемі (3,5х1,5х0,2) м3 темірбетонды тақта толық суға батырылған. Тақтаға әркет ететін Архимед күшін есептеп шығарыңдар.
3. Табанының ауданы 300см2 кастролге 3,9 л су құйылса, столға қандай қысым түсіріледі.


С деңгейінің есептері
1. Гидровликалық машинаның кіші цилиндрінің диаметрі 5см, ал үлкен цилиндрінікі 60см. Бұл машина күштен қандай ұтыс береді?
2. Суға массасы 10 г мыс кубик және массасы сондай жұқа мыс пластина батырылған. Екі жағдайда кері итеруші күштер бірдей ме?
3. Суға толығымен батырылған денеге 3000 мН архимед күші әсер етеді.Егер осы денені бензинге батырса, қандай күшпен ығыстырар еді?
Бақылау жұмысы. 8-сынып
I-нұсқа

  1. Тізбектегі деректерді пайдаланып шамның қуатын есепте. Кернеуі 25 вольт, ток күші 0,25 ампер, токтың қуатын табу керек.

  2. Тізбектегі деректерді пайдаланып, токтың жылу мөлшерін есепте. Вольтметрдің көрсетуі 5,2 В, амперметрдің көрсетуі 2 А, кедергісі 2 Ом, уақыт 5 минут.

  3. Тізбектегі деректерді пайдаланып токтың қуатын есепте. Амперметрдің көрсетуі 0,3 А, вольтметр -120В.

  4. Тізбектегі деректерді пайдаланып токтың жұмысын есепте. Вольтметр – 100В, резистор -30 Ом, уақыт – 3 сек.


II-нұсқа
1. Егер қалта фонары шамының кернеуі 3,5В,ал ток күші 0,28 А болса,ондағы электр тогы 5 мирутта қандай жұмыс істейді
2. Егер резистордағы ток күші10мА,ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады.
3. Кедергісі 1кОм резисторды кернеуі 100В тізбекке қоссақ,онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады
4. Кернеуі 400В электр двигателіндегі токтың күші 92А.Электр двигателінің орамындағы токтың қуатын анықтаңдар

Бақылау жұмысы. 9-сынып
I- нұсқа
1) Математикалық маятник дегеніміз не?
2) Толқын дегеніміз не? Толқынның түрлері?
№3. 
Егер периоды 0,005 с тербеліс суда ұзындығы 7,175 м дыбыс толқының тудырса, онда осы дыбыстың жылдамдығы қандай?
№4.

Ай бетіндегі ұзындығы 1 м математикалық маятниктің тербеліс периоды қандай? Айдағы еркін тісү үдеуі 1,62 м/с2.


№5. 
Рояльдың жиілік диапазоны 90 Гц пен 9000 Гц аралығында. Дыбыстың таралуы жылдамдығы 340 м/с. Ауадағы дыбыс толқындар ұзындықтарының диапазондарын табындар.


ІІ – нұсқа
1) Тербеліс периоды, амплитудасы, жиілігі деген не?
2) Дыбыс дегеніміз не?Вакуумда дыбыс неге таралмайды?
№3. 
Аңшы мылтық дауысының жаңғырығын 4,5 с өткен соң естейді. Мылтық дауысын шағылдыратын бөгет одан қандай қашықтықта орналасқан? Дыбыстын таралу жылдамдығын 340 м/с деп есептендер.
№4. 
Судағы дыбыс толқынының ұзындығын анықтандар. Оның жылдамдығы 1480 м/с, ал жиілігі 740 Гц. 
№5. 
Массасы 40 г дене катандығы 100 Н/м серіппеге ілінген. Осы дене тербелісінің периоды мен жиілігін анықта.

Бақылау жұмысы. 10-сынып

1. 6 Ом кедергіге арналған мектептің сырғымалы тиекті лабораториялық реостаты ұзындығы 6,7 м, көлденең қимасының ауданы 0,5мм2 сымнан оралған. Сымның меншікті кедергісін анықтаңыз?


2. Суретте көрсетілгендей 120 В кернеу және 2 А ток кезінде әдеттегідей жанатын элетр шамын 220 В-тың электр желісіне қосу үшін қосымша кедергінің қандай шамасын алу қажет?
3. 220 В кернеуге қосқанда 10 мин ішінде 66 кДж жылу беретін қыздырғыштың кедергісі қандай болады?
4. 220 В кернеуге арналған қуаты 101 кВт электр қыздырғышының кедергісі қаншаға тең?
5. Элементтің ЭҚК-і 1,5 В және ішкі кедергісі 0,5 Ом. Сыртқы тізбек кедергісі 12,75 Ом болса, онымен жүретін ток шамасы қаншаға тең?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет