І нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз». Ер Төстік Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінің ішіндегі ең бір қызықтысы – «Ер Төстікті»



Дата08.04.2023
өлшемі20,64 Kb.
#80450

Өздік жұмыс


І Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
Ер Төстік
Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінің ішіндегі ең бір қызықтысы – «Ер Төстікті» көпшілік біледі. Онда жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, махаббат пен зұлымдық арасындағы қиян-кескі күрес бейнеленеді.
Ертегінің басты кейіпкері – Ер Төстік. Ол халық қиялынан туған, жердің асты мен үстін бірдей кезіп жүретін ғажайып батыр, ақылды ер. Өзі туа сала ер жетеді: бір күні – бір апта, бір аптасы – бір ай, бір айы – бір жылға татады.
Ер Төстікке қарсы қара күш иелері де осал емес. Олар: перінің қызы Бекторы, тауды қаңбақтай ұшырып, тасты бұршақтай жаудыратар жалмауыз кемпір, жанын басқа жерде сақтайтын Шойынқұлақ.
Бұларды жеңіп, мерейі үстем болу үшін Ер Төстіктің бір басының батырлығы мен ақылдылығы аздық етуі мүмкін ғой. Сондықтан халық қиялы оған ғажайып алыптар мен өнерпаздарды жолдас етеді. Олар адамша сөйлейтін ат – жел жетпес жүйрік Шалқұйрық, екпінін тежеу үшін аяғына қара қазандай төс байлап жүгіретін Желаяқ. Жердің асты-үстінің сыбырын естіп қалт жібермейтін Саққұлақ, Қақпақыл қылып ойнататын Таусоғар, бір көлдің суын бір-ақ рет ұрттайтын Көлтаусар сияқты Ер Төстіктің адал достары. Ер Төстік осы серіктерінің және өзінің ақылдылығы мен ғажап батырлығының арқасында зұлымдық өкілдерін жеңіп, еліне аман-есен оралады. 
1.Ертегінің басты кейіпкері
А) перінің қызы Бекторы
В) Таусоғар
С) Ер Төстік
Д) Көлтаусар
2.Ер Төстік нелердің арқасында зұлымдық өкілдерін жеңді.
А) серіктерінің
В) ақылдылығы
С) ғажап батырлығының
Д) барлық жауап дұрыс
3. Сенімді серігі Шалқұйрыққа байланысты мақал-мәтел
A) Жылқы – ер қанаты
B) Жақсы сөз – жарым ырыс
C) Жүйрік ат аяғынан қалады
D) Мәуелі ағаш – майысқақ

4. «Ер Төстік» ертегісінің түрін анықта
A) жан-жануарлар туралы
B) қиял- ғажайып
C) шыншыл
D) тұрмыс-салт

5. Ер Төстіктің достары
A) жалмауыз кемпір, Саққұлақ, Таусоғар, Шалқұйрық, Желаяқ
B) Бекторы, Кенжекей, жалмауыз кемпір, Көлтаусар, Саққұлақ
C) Шалқұйрық, Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтаусар
D) Шойынқұлақ, Таусоғар, Бекторы, Желаяқ, Көлтаусар, Таусоғар



ІІ Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
Домбыра
Қазақтың музыка мәдениеті тарихында домбыра – ел ішіне кең таралған екі, кейде үш ішекті, шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалык аспап ретінде ертеден белгілі болған. Қазақ жерінің әр өлкесінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі сияқты ағаштар пайдаланылған. Домбыраның шанағын бөлшек-бөлшек ағаштардан қиыстырып немесе сом ағаштан ойып жасайды. Шанақтың қақпағына қос ішекпен дыбыс беретін тиек орнатылады. Ал ұзынша мойнына иірген ішекпен екі немесе үш оралған пернелер тағылады. Алғашқы кезде перне саны бес-жеті болса, кейін оның саны тоғыз-он тоғызға жетті.
Қазақстанның әр өлкесінде домбыра шанағының сыртқы пішіні түрлі-түрлі болады. Мысалы, оңтүстік пен батыс өлкелерінде ол сопақшаланып немесе дөңгеленіп келсе, орталық, солтүстік және шығыс өлкелерінде көбіне домбыра шанағының бұрыштары үшкірленіп жасалған. Аспаптың сапасы қолда бар ағаштардың қиыстырылуына және домбырашының тарту шеберлігіне байланысты болды. Бірде оң бұрау, енді бірде сол бұрау әдістері арқылы домбыраның құлақ күйін келтіреді.
Домбыра халқымыздың тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Ол халық әндерін сүйемелдеуге және күйлер тартуға қолданылады. Атақты күйшілер Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей және Дина өздерінің терең тебіреністі күйлерін осы домбырамен шығарған. Қазақ халқының көне музыка аспабының бірі саналатын бұл домбыра күйші композиторлардың күмбірлеген «көмейі», боздаған «үні» мен сұңқылдаған «тіліне» айналып отырған.
1.Атақты күйшілерді тап.
А) Құрманғазы
В) Тәттімбет
С) Дәулеткерей және Дина
Д) Барлық жауап дұрыс
2. Қазақстанның әр өлкесінде домбыра шанағының сыртқы пішіні қандай болады?
А) дөңгелек
В)әр түрлі
С) түрлі-түрлі
Д)ұзын
3. Домбыраның бөлшектері
A) түймесі, құлағы, тиегі, таяқшасы
B) қоңырау, ішек,тиегі, басы
C) сылдырмақ, таяқшасы, тиегі
D) шанақ, тиек, перне, ішек, құлағы

4. Ел ішіне кең таралған екі, кейде үш ішекті, шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап
A) жетіген
B) дауылпаз
C) қобыз
D) домбыра

5. Автордың домбыраны күйшілердің күмбірлеген «көмейі», боздаған «үні», сұңқылдаған «тіліне» теңеу себебі
A) домбырашының тарту шеберлігіне байланысты
B) терең тебіреністі күйлерін домбырамен шығарған
C) домбыраның құлақ күйін келтірген
D) домбыраны шертіп немесе қағып ойнайтын


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет