Іі. Негізгі бөлім «Құмырсқалар да бал береді»



бет1/2
Дата19.06.2023
өлшемі41 Kb.
#102378
  1   2
Байланысты:
құмырсқа ғылыми жоба исмаил


Мазмұны
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім





    1. «Құмырсқалар да бал береді»

    2. «Құмырсқаның уы ем....»

    3. «Құмырсқаның көмегі»

    4. «Құмырсқалар сөйлесе ме?»

    5. «Қорытынды»

ІІІ. Зерттеу бөлімі


ІІІ. 1. Құмырсқаның пайдалы жақтарын зерттеу
2.Ұсыныстар
3.Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе: Табиғаттың тарылтпайық,
Мөлдір кәусар тынысын.
Пәк табиғат, әр жүректің
Тамылжыған жырысың.
Ей, адамзат! Ақылға сал,
Қатыгездік жасама,
Өзіңдағы содан тудың
Табиғаттың ұлысың.
Табиғат – тіршілік атауының құтты қоныс мекені. Алтын ұя қоршаған ортасы. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес байлығы. Тірі табиғат арасында неше түрлі қызықты байланыс бар. Бұл мыңдаған жылдан бері қалыптасып келе жатқан құрылыс.


Құмырсқалар да бал береді. Дүниеде бал беретін құмырсқалар да кездеседі. Олар да бал жинау кезінде аралар сияқты жер кезіп, нектар жинайды. Бірақ құмырсқа балы қышқыл болады. Бал беретін құмырсқалар Австралияда және Орталық Америкада кездеседі. Құмырсқа балынан салқын сусындар, емдік дәрі- дәрмектер жасалады. Тіпті осы бал беретін құмырсқаларды ауызға салып кәдімгі шекілдеуікше шағып жейтін де ел бар. Құмырсқа балды ара сияқты ұяда емес, өз бойларында жинайды. Сондықтан бал жинаған кезде құмырсқалар торсықтай болып, семіріп кетеді де, өте дәмді болады.


Құмырсқаның уы ем. Құмырсқаның емдік қасиеті де бар. Оның уы адамға қауіпті аурулардың көпшілігін жаза алады. Осы мақсатта Марио Паван деген Италияның бір профессоры көп еңбек еткен. Ол құмырсқа уын таза күйінде алып, оны адамның кейбір ауруына қарсы пайдаланып көрген. Сонда құмырсқа уы сүзектің, обаның, туберкулездің талшықтарын оп- оңай құртатындығын байқаған.
Осынау микро жәндіктің бойында адам ағзасына қажетті, адамның денсаулығын нығайтуға қажетті элементтер мен витаминдердің бәрін алуға болады. Оның тип- титтей денесінде өмірге, тіршілікке саулыққа қажетті барлық нәрсе түп-түгел сиып тұр. Олардың өміршеңдік қабілеті де осында. Адамдар өз бойына ауру дарытпаушылық (вакциналық) дәрілерден бастап, дене қуатын арттыруды қамтамасыз етуге дейінгі элементтер мен витаминдері бар құмырсқаны пайдаға асыра алып жүрміз бе?!
Құмырсқаны өңдеуден алынған препараттың ең басты пайдалысын бөле- жара айтайық: ол – нерв жүйесі бұзылған, жүйке дертіне шалдыққан адамдарға мыңда бір ем. Неге дейсіз ғой? Себебі құмырсқа тіршіліктегі жан- жануарлардың арасында ешуақытта өзара ұрсыспайтын, жанжалдаспайтын, шоқыспайтын, тістеспейтін, тартыспайтын аса «мәдениетті» һәм аса сабырлы тіршілік иесі. Міне, нақ осы себептен олардың нерв жүйесіне бір мысқал өзгеріс, күш түспеген. Сондықтан, мазасызданып, тынышсызданып ұйқысыздық меңдеген адамдарға құмырсқаның пайдасы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет