Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет52/124
Дата22.09.2022
өлшемі1,45 Mb.
#39819
түріҚұрамы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   124
Байланысты:
ІІ. Затты сапалы рамын аны тау сапалы анализді жіктелуі

2. Натрий гидрофосфаты Na2HPО4 Mg2+ катионымен аммоний гидрок-сиді мен аммоний хлориді NH4OH + NH4Cl қатысында ақ кристалды тұнба магний-аммоний фосфатын MgNН4РО4 түзеді:
MgSО4 + Na2HPО4 + NH4OH → MgNH4PO4↓ + Na24 + H2О
Mg2+ + HPО42- + NH4OH → MgNH44↓+ H2О
Mg2+ катионы натрий гидрофосфатының реакциясын NH4OH + NH4Cl қоспасы қатысында жасамаса, MgHPO4↓ магний гидрофосфатының ақ аморфты тұнбасы түзіледі.
MgNH4PO4↓ тұнбасы минералды қышқылдарда және сірке қышқылында ериді:
MgNH4PO4↓ + 3HCl MgCl2 + H3PO4 + NH4Cl
MgNH4PO4↓ + 2CH3COOH NH4H2PO4 + Mg(CH3COO)2

Mg2+ катионының натрий гидрофосфатымен Na2HPО4 реакциясын микро-кристаллоскопиялық реакция ретінде де жасауға болады.


Тәжірибе 1:
2-3 тамшы магний хлоридінің ерітіндісіне 2 тамшы аммоний гидроксиді мен аммоний хлориді ерітіндісін қосады NH4OH + NH4Cl және тамшылатып Na2HPО4 ерітіндісін қосады. MgNH44 магний-аммоний фосфатының кристалдық тұнбасы түзіледі.
Тәжірибе шарттары:
1) реакция аммиакты ортада рН = 8 жүргізіледі;
2) NH4+ шектен тыс көп болса MgNH44 тұнбасының түсуіне кедергі келтіреді;
3) 1-ші аналитикалық топтан Li+ және басқа барлық аналитикалық топ катиондары реакцияның жүруіне кедергі жасайды.
Тәжірибе 2:
Сынауыққа магний тұзының ерітіндісінен 1 тамшы алып, оған 1 тамшы аммоний хлоридін NH4Cl және 1 тамшы концентрлі аммиак ерітіндісін қоса-ды. Осы қоспаның бір тамшысын заттық шыныға тамызып жанына 1 тамшы Na2HPО4 ерітіндісін тамызады да, ақырындап араластырып, 1-3 минуттан кейін түзілген мөлдір кристалдарды – MgNH4PO4∙6H2O микроскоппен көpуге болады (6,7 суреттер).





6-Сурет.Сұйытылған 7-сурет. Концентрлі ерітінді-
ерітінділерінен түзілген кристалдар лерінен түзілген кристалдар
MgNH4PO4∙6H2O –MgNH4PO4∙6H2O




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет