Iii. Алфавит, орфография, терминология мәселелері



Pdf көрінісі
бет1/24
Дата20.08.2023
өлшемі0,67 Mb.
#105420
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


III. Алфавит, орфография, терминология 
мәселелері
 
 
 
ӘЛIППЕМIЗ БҰҚАРАШЫЛ БОЛСЫН
1
 
Төр-аға. 
Сөз ж
Жұбанұлына 
берiледi.

Жұбан ұлы.
– Кенеттен Ж. Омар ұлы туыс негiздi емлеге бейiмдiк көңiл 
бiлдiргендей болды. Сондықтан мен емленiң тек негiзi жайынан ғана сөз қыламын.
Емленiң бүге-шiгесiн мен талдап жатпаймын. Өйткенi ол жағын Константин 
Кузмич Юдахин толық жанап өттi. Күн бұрын бiз өзара ойласқан сөзiмiздi ол кiсi 
айтқан соң, мен оның сөзiне басқа қосарым қалмады.
Бiзге туыс негiздi (морфология) емле керек пе, дыбыс негiздi (фонетика) емле 
керек пе?
Менiңше, баяндамашы айтқандай, емле негiзiне қожа сол тiлдiң жаратылыс 
заңы болуы керек. Тiлiмiздiң жаратылысына қарасақ, емлемiз дыбыс негiздi болу 
керек. Әрине ол Шонан ұлы баяндамасында айтқандай дыбыс негiздi болу керек.
Бiзге дыбыс жүйелi емле неге керектiгiн Қазақстанның бiрiншi бiлiм съезiнде 
ең толық түсiндiрген адам Омар ұлы едi. Бiз туыс жүйелi емле жасасақ та бәрi бiр, 
оның өзi дыбыс жүйелi емлемiзден онша басқа болып кетпес едi. Өйткенi туыс 
жүйенi сөз негiзiнде қолданар едiк. Сөз негiзi бiзде өзгермейдi де, дыбыс естiлуiне 
сәйкес болады. Жалғауды бәрi бiр туыс негiзiмен жаза алмас едiк. Неге десеңiз, 
жалғауды туыс жағынан әлi ешкiм жете бiлмейдi. Жалғауды туыс жүйесiмен жазу 
үшiн оның тарихын, бұрын калай жазылып жүргенiн, қысқасы алғашқы түрiн бiлу 
керек. Жалғаудың қай түрi тұңғыш, қай түрi кенже екенiн бұл күнгi тiл бiлiмi бiле 
алмайды. Мәселен 
«лар»
көнерек пе, я 
«дар»
ескiрек пе, болмаса 
«тар»
кәрi ме, 
оны дәлелдеу мүмкiн емес.
Сондықтан, профессор Шобан-заданың ұсынысын мен керiсiнше ұстау керек 
дер едiм. Проф. Шобан-зада: «сөз-негiз дыбыс жүйесiнше, жалғау туысынша 
жазылсын», десе, мен сөз негiзi туысынша, жалғауы дыбыс жүйесiнше жазылу 
керек дер едiм. Сонда бiздiң емлемiз мiнсiз, әрi жеңiл болады. Себебi сөз түбiрi 
белгiлi жолмен кейде болмаса, тiптi өзгермейдi. Сондықтан, бiздiң дыбыс емлемiз 
бен туыс емлемiздiң арасында айырмашылық болмайды деймiн. Қопармалы 
тiлдерде бұл екi негiздi емлелердiң арасы жуықтаса алмайды. Сондықтан сөз 
тұлғасын бұзбау үшiн туыс жүйелi емленiң бiзге онша керегi жоқ. Бұл жайында 
баяндамада айтылған.
Проф. Шобан-зада туыс жүйелi емленi жақтағанда көздейтiнi – түрiк тiлдерiн 
бiрiктiру болса керек. Бұл – жай қиял. Омар ұлы тiлiмiздiң жазба тарихы ұзақ емес 
дедi. Менiңше тiлiмiздiң жазба өмiрi, орыс тiлiмен салыстырғанда да, едәуiр ұзақ: 
жазуымыз ұзақ өмiр сүрген. Түрiктерде VI–VIII ғасырда жазу болған. Славяндар 
(орыстардың аталары) X ғасырдан бастап жазулы болған. Орхон жазуын бұлай қоя 
тұрғанда да, бiзге жеткен белгiлерге қарағанда, түрiктер IX–X ғасырда ойғыр 
жазуымен жазып бiраз кiтап қалдырған. Мәселен, «Екi ханзада», «Езгiлiк және 
1
Қызылорда қаласында 1929 жылы шақырылған Бүкiлодақтық ғылыми-орфографиялық 
конференциясының стенограммасынан (үзiндi). 


жауыздық» деген ертегi ойғыр әлiппесiмен жазылған. Тiлшiлер бұл ертегi IX 
ғасырда жазылған деп ұйғарады.
Сол ғасырдан берi мың жыл ұдайынан бiз туыс негiздi емле ұстап келемiз. 
Онан түрiк тiлдерiнiң арасы қанша жақындасты.
Жазу арасы жақындау үшiн, ол жазу қалың бұқараға жеңiл болу керек.
Қалық бұқара қолына үкiметтi ұстағанға шейiн, жазу бұқарашыл бола 
алмады. Ж. Омар ұлы айтқан сияқты жазу тек жоғарғы таптың ғана еншiсi болды. 
Сондықтан ол жазу қалың бұқара арасына сiңе алмады. Қалың бұқара тiлiн 
бiрiктiре алмады. Мұнан былай, жазу бұқарашылданған соң, тiлдi бiрiктiруге 
болады. Бiрақ тiлдердi бiрiктiруге болмайды. Адам деген белсендi жануар, адам өз 
тұрмысын да, тiлiн де өзгерте алады. Бiрақ жалғыз жазумен емес, түрлi 
шаруашылық-әлеуметтiк шарттар арқылы өзгерте алады. Ол шарттар түрiк тiлдерi 
түгiл барлық адам баласының тiлдерiн бiрiктiруi де мүмкiн. Бiрақ ол қашан 
боларын ешкiм айта алмады. Ол ертерек. Әзiр бiз туыс жүйелi емленi алсақ, бiзде 
де англичандiкi және басқа елдердiкi сияқты жазу болады.
Бiзде 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет