Қылышсыз Самурай



Дата26.02.2022
өлшемі1,09 Mb.
#26472


Әлемдік көркем әдебиет бестселлері Китами Масаоның «Семсерсіз Самурай» еңбегі негізінде мәселелерді шешу және шешім қабылдау тәсілдерін талдау және көшбасшылық дағдыларын анықтау.

Бұл кітапты оқып, әзірге өміріме жеті жақсарту(улучшение) енгіздім.

Бірінші. «Қылышсыз Самурай» кітабынан алып, өміріме енгізген жақсарту: «адамдарға алғыс» күнделігін жүргізу. Менің жетістікке жетуіме себептер- адамдар. Соны есте сақтау үшін және санада бекіту үшін күнделік жүргізу маңызды. Жай ойда ұстайиын десең, ұмытып кетесің. Ал жазып отырсаң, бойыңда адамдарға алғыс айту әдетін қалыптастырасың.

Екінші. Сізге қызмет ететіндерге қаншалықты көп ақша берсеңіз, соғұрлым бай боласыз. Сізге жақсы қызмет ететіндерден ақша аямаңыз. Біреуге іс тапсырғанда, көбі өзіне көп алып қалуға және басқаларға аз беруге тырысады. Сол үшін де олардың қалтасы жұқа. Саған бай болуға көмектесетін адамдар да бай болуы керек.

Үшінші. Өзіңе деген қоғамның оң көзқарасын қалыптастыр: сені жақтайтын адамдар неғұрлым көп болса, арам пиғылды адамдар жасайтын кедергілерден соғұрлым оңай өтесің. Сен жақсы болсаң, жақсы ойлар ойлап жүрсең, оны көрсетуің керек. Жұрт сені тануы керек. Ол үшін әлеуметтік желіде белсенді болып, өзің, өмірің, ісің жайлы айтасың. Подкаст, сұқбаттарға қатысасың. Жастармен кездесулерге барасың. Бір шарт бар: ниетің қоғамға қызмет ету болуы керек. Адамдап оны сезеді. Саған тілекші адамдардығ саны артқан сайын өмірің жеңілдей береді. Бірақ өмірде сені көре алмайтын, аяқтан шалғысы келетін арам пиғылды адамдар да болады. Сол кезде сенің артыңда сені жақтайтын халқың тұрады. Орыстарда «Береги честь смолоду» деген сөз бар. Сен жас кезіңнен бастап ар-намысыңды сақтап, өзіңді үлгілі тұлға ретінде тәрбиелеуің керек. Жастық шақта жасаған үлкен күнәң өмір бойы дақ болып қалуы мүмкін. Жас кезіңнен ешкімді алдамайтын, ешкімді лақтырмайтын, уәдесіне берік, адамдарды сыйлайтын, қарапайым һәм шынайы тұлға ретінде танылсаң, сені халық міндетті түрде жақсы көреді және кейн басыңа іс түскенде, саған болысады.

Төртінші. Бір нәрсеге ықпал еті үшін артық жауапкершілік алып, соны абыроймен атқар. Жауапкершілік кімде, билік те, байлық та сол кісіде. Себебі ақша көп және ауыр жұмыс істеумен келмейді. Ақша үлкен жауапкершілік алумен келеді. Билік- нақты біп ситуацияға сенің ықпал ету мүмкіндігің. Кез келген ортада көшбасшы болғысы келетін адам үлкен жауапкершілік алып, соны абыроймен атқаруды үйренуі керек. Егер үлкен жауапкершілктен қорықсаңыз, басында кішігірім бірақ артық жауапкершілік алып, соны аз-аздан үздіксіз үлкейтіп отырған дұрыс.

Бесінші. Ерекше жұмысымен көзге түскен жандарды ерекшелеп марапаттаудың, оларға деген қарым-қатынасыңызды көрсетудің ең жақсы тәсілі-марапат хатын өз қолыңызбен жазу. Былайша айтқанда, өз қолыңмен жазған хаттың өз энергетикасы болады. Оны ешқандай электрондық құралдар алмастыра алмайды.

Алтыншы. Істі бірінші аяқтау үшін бірінші баста немесе бірінші болудың құпиясы. Былайша айтқанда, бір оқиға болатыны анық, бірақ оны кім бірінші болып жүзеге асыратыны белгісіз.



Жетінші. Ықпалды адаммен кездесу танысу үшін ақша жұмсау-инвестиция. Асылында бұл-ықпалды адаммен кездесіп, танысып, оның көзіне түсудің, сол арқылы өз мүмкіндіктеріңнің аясын кеңейтудің бірден-бір жолы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет