Совет–Хан Єаббасов



бет1/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   294





Совет–Хан Ғаббасов


ПЕДАГОГИКА мен ПСИХОЛОГИЯ
НЕГІЗДЕРІ



Педагогика мен психология
оқулығы,
ІІІ‑ші басылым.


АЛМАТЫ – 2007ж.
Совет–Хан Ғаббасов


ПЕДАГОГИКА мен ПСИХОЛОГИЯ
НЕГІЗДЕРІ
( ҚР Білім және Ғылым министрлігінің оқу құралы етіп қабылдаған )
монографияның толықтырылып ІІІ‑ші басылуы.





Педагогиканың түрлері мен тарихы
Эвропацентризм методологиясындағы қателіктер
Адам тәрбиесінің жаңа методологиясы,жүйесі, негіздері
Адам тәрбиесінің тарихи кезеңдердегі көріністері
Тұлғаны жетілдірудің педагогикасы мен психологиясы
Педагогиканың екі жүйесі мен жеті түрлі негіздерінің
сипаттары
Педагогикадағы инновациялық жетістіктер.


АЛМАТЫ – 2007ж.
Ғаббасов Совет-Хан –Педагогика мен Психология негіздері”
(оқулық, 3‑ші басылым)


Бұл еңбекте, жалпы педагогиканың адамзаттық сипаттарына зер сала отырып, оны тұңғыш рет инновациялы ғылыми негіздеуге және жүйелеуге тырысады. Оның жаңа көзқарастағы методологиясы мен теориясы ұсынылады. Автор кітабының Темірқазығы ретінде кезінде Білім министрлігі қабылдаған, өзінің “Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесі мен оқу-ағарту жүйесінің үлгісі” атты концепциясын бағдарға алған. Бұрыннан қалыптасып кеткен “Халық педагогикасы – ғылым емес…”‑ дейтін тұжырымға үзілді-кесілді қарсы айтылатын ғылыми дәлелдерді келтірумен қоса, қазіргі кездегі білім беру саласындағы көп айтылып жиі қолданып жатқан, “халық педагогикасы” мен “этнопедагогика” атты пәндердің өздеріне тән ерекшеліктері мен бір мақсатта үндесе де алатын сипаттарының аражігін ашып береді. Олардың – күн мен түн тәрізді, иә болмаса, медальдің екі бетіне ұқсас бірлікте екендігін айта отырып, бірақ бірін-бірі алмастыра алмайтындықтай ерекшеліктерін де дөп басып көрсетуге тырысқан. Сонымен қоса, педагогиканың алтын арқауларының бірі болып табылатын, өз заманында Әл-Фараби негіздерін қалап, Баласағұн, Дауани, Науаи, Абай тәрізді ғұламалар жетілдіре дамытқан – хауас, имани гүл, жәуәнмәрттілік – ілімдерімен алғаш рет сабақтастырылып, ұлы Абайдың педагогикалық еңбектерінің ерекшеліктеріне арнайы тоқталады. Сөйтіп, адамды ең әуелі – биологиялық индивид ретінде қарастырып, сонан кейін ғана қоғамдық тұлғаға көтеретін методологияны ұсынумен бірге, оның – “жүрек тәрбиесі” және “ақыл тәрбиесі” деп байыпталатын екі жүйесі мен жеті негіздері – тек, физиологиялық кезеңдермен қалыптасатындығын айқындайды. Мұның мәні бірте-бірте филогенетикалық тереңдіктен маржан теріп, адам тәрбиесінің шарықтай шырқап биіктеген сапасына жетпек. Былайша айтқанда, үзіліссіз ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық оқу-ағарту үлгісінің жаңа көзқарастарға негізделген ілімін ұсынады...

Жауапты редакторы — Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым


академиясының толық мүшесі, академик
ШМИД МҰСАҰЛЫ АЙТАЛИЕВ

Рецензенті — Х. Досмұхамедов атындағы Атырау


университетінің халық педагогикасы
кафедрасының меңгерушісі, профессор


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет